Жаңалықтар
Қ.Ысқақов: Мерзімінде жүзеге асырылмаған индустриялық жобалардың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылады 14.04.2025
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен «Индустриалды даму» бағытында партиялық тыңдау өтті. Аталмыш бағдарлама аясында Қызылорда, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.Қармақшы ауданында бағдарламаның бірінші бесжылдығында «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» жобасы жүзеге асқан. Аталмыш жоба 2013 жылы пайдалануға берілген. Орталықтың жылына 1500 туристті қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын ашу» жобасы іске асырылуда. « І және ІІ бесжылдықтарда индустрияландыру картасына ауданнан 1 жобадан енгізілген, көрсеткіш төмен. Сонда 10 жылда екі ғана жоба. Биылғы жылдың басында «Дорстрой» серіктестігі «Қорқыт ата» кешенін жеке кәсіпкерге жалға берген. Бұл кәсіпорында жоспарға сәйкес 15 жұмыс орны құрылу керек болса, қазіргі таңда кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес 3 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, екінші жоба бойынша кәсіпорынның 6 жыл бұрын ашылғанын, жобалық қауаттылықты игергенін ескере отырып, қалған жұмыс орнының ашылуын бақылауға алыңыз»,- деп нақты тапсырма берді аймақ басшысы.Шиелідегі индустрияландыру бағытындағы атқарылған жұмыстар турасында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы баяндама жасады. Бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында картаға 2 жоба енгізілген. ЖК «Палжанов» - кірпіш өндірісі, 2012 жылы іске қосылған, кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді. Ал, екінші жоба «Алтын бала-08» ЖШС – қамыс тақтайлар өндірісі. Құрылтайшылар арасындағы дау дамайға байланысты жұмыс уақытша тоқтатылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған. Бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында ауданда құны 149,2 млрд.теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. «Неліктен бағдарлама аясында екі ғана жоба мақұлданған, басқа жобалар неге ұзақ қаралуда? Жеңіл және жиһаз өнеркәсіптері саласында мүлдем жоба қамтылмаған. Биыл 9 айдың қорытындысымен ауданда жеңіл өнеркәсібі саласында төмендеу байқалған. Осы кемшілікті жою үшін неге бағдарлама аясында жеңіл өнеркәсіп жобаларының қаржыландырылуы қамтамасыз етілмеген? Аудан әкімі бұл мәселені басты назарға алуыңызды тапсырамын»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34564?lang=kk
Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы 14.04.2025
11 қараша күні «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысы мен депутаттық фракцияның бірлескен кеңейтілген отырысы өтті. Жиынды қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Балқаш қалалық филиалының төрағасы Ораз Тәуірбеков ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Қ.Тейлянов, қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, коммуналдық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - Балқаш қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Шлыкова баяндады.Баяндамашының айтуынша, биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 158 нысаналы индикатордың 133-не қол жеткізілді. Балқаш қаласы әкімігінің стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу көрсеткіші 84 балды құрады. Бұл орташа деңгейде екенін көрсетеді. 2019 жылға мұндай бағалау көрсеткіші 2020 жылдың мамыр айында жүргізіледі. Қазіргі уақытта дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу бойынша жұмыстар аяқталуда. Осы жұмыс аясында нысаналы индикатолрларға айтарлықтай қысқартулар жүргізілетін болады. Оның ішінде 70 % жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне тікелей байланысты. Бұл ресурстық қамтамасыз етуге және нәтижеге жетуде жауапкершілікті арттырады деген сөз. Аталмыш жұмыстың аяқталу мерзімі 1 желтоқсан деп белгіленді.Екінші мәселе бойынша фракция жетекшісі А.Күлембаева қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәлім етті. Бұл жөнінде Айнагүл Күлембаева кеңейтілген мәлімет берді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын іске асыру барысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Карамурзин, сайлау окургтері бойынша тұрғындармен кездесу жұмыс топтарын бекіту және 2020 жылы партияның қоғамдық қабылдау кестесін бекіту туралы «Nur Otan» партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Секербекова ақпарат берді.Қала әкімі Ораз Тәуірбеков халыққа мемлекеттік бағдарламаларды оның ішінде салалық және жалпы қалалық бағдарламаларды түсіндіре отырып партия жұмысын қайта жаңғырту қажеттілігін айтты. Яғни, халыққа жақын болып, шалғайдағы ауылдық елдімекендерге барып қабылдау өткізуді, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалалардың өтініштерін уақытылы қарау керек екенін жеткізді.Жиын қорытындысында Бюро мүшелері мен қатысушылар тыңдалған есептерді жан-жақты талқыға салып, жобалардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Ұсыныстар, толықтырулар мен бастамалар бірауыздан қабылданып, қолдау тапты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/34560?lang=kk
8 наурыз мерекені қарсанында 14.04.2025
2019 жылдың 7 наурызы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында Халықаралық әйелдер күнi-8 Наурызына арнаған салтанатты жиналыс өткiзiлдi. Оған басқарманың зейнеткерлерi шақырылды. Басқарма басшысы Қ.М. Дүзелбаев басқарманың барлық әйелдердi кележатқан мерекесiмен шын жүректен құттықтап, жемiстi жұмыс, ұзақ өмiр тiледi.Мереке қарсанында басқарма қызметкерлерi бiрiншi тобының мүгедегi, екi баланы тәрбиелеп жатқан Бақытгүл Рымбекқызы Әбдiлдинаға материалдық көмек көрсеттi.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34558?lang=kk
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ТАЛҚЫЛАДЫ 14.04.2025
13 ҚАРАША КҮНІ ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ШАҺАР БАСШЫСЫ ОРАЗ ТӘУІРБЕКОВТІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.Күн тәртібінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия жұмысы туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Карамурзин баяндады.Оның ақпаратына сүйенсек, 2019 жылы көлік апатын болдырмау, көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын, жол қозғалысы жағдайының техникалық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 46 млн. 319 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер «А.Р.Кульчуковпен» келісімшарт жасалып, жұмыстар атқарылуда.Яғни, 870 дана жол белгісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп (сүрту, сырлау және тіреулерді тегістеу), жоспарға сәйкес 50 дана жол белгісінің 46 данасы орнатылып, жұмыстың 92 %-ы орындалған. Қала жолдарын бояумен белгілеу көлемі – 1320 шаршы метр, термопластикпен белгілеу көлемі – 4800 шаршы метрді құрады. 8 дана синхронды-дыбыстық құрылғы монтаждалды. Оның ішінде, Ленин көшесі және Қараменде би көшесінде автокөлік жолдарын қайта жаңарту аясында 12 бағдаршам заманауи бағдаршамға ауыстырылды. Қалған 7 бағдаршам жоспарлы түрде ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, Ағыбай көшесі мен Желтоқсан көшесінде 2 бағдаршам заманауи бағдаршамға ауыстырылып, жаңартылды.Биылғы жылы автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына жалпы 187 824 мың теңге бөлінген. Оның 70 035 мың теңгесі жергілікті бюджеттен болса, 117 789 мың теңгесі облыс бюджетінен бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазы – «Тастемір» ЖШС. Бүгінгі таңда жоспарланған 6 көшенің (Уәлиханов, Байсейітова, Молдағұлова, Қоңырат ықшамауданындағы Алтынсарин, Балхашская, Зайцева көшелері) жұмыстары сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған.Бұдан өзге, баяндамашы қаланы жарықтандыру бойынша ақпарат берді. Биылғы жылы көшені жарықтандыру жұмыстарын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 28 204,1 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «ЗАВОД ЭЛЕКТРОМОТОР» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде, қаладағы Жұмысшылар кентіндегі бірқатар көшелер жарықтандырылды. Атап айтсақ, Школьная көшесі, Гоголь көшесі, Тоқтамысов көшесі және 64 орамдағы Сары-Арқа көшесіне жарықдиодты шамдар орнатылды.Баяндаманы талқылау барысында Ораз Қайсаұлы тұрғындар тарапынан келіп түскен мәселелерді қозғады. Соның ішінде, Әлімжанов көшесінде жаяу жүргіншілер жолағы мен көзі нашар көретіндерге белгі орнату мәселесі, жол көлік оқиғасы жиі орын алатын Ағайынды Мусиндер көшесі мен Қараменде би көшесінің қиылысына жылдамдықты бәсеңдеткішті орнату мәселесін талқылады. Ағайынды Мусиндер көшесінің қиылысы тар болғандықтан бағдаршам орнату әзірге аса маңызды емес деп танылды. Дегенмен, бұл мәселені қала әкімі аталмыш көше бойынша жылдамдық режимін бұзғандар санын анықтап, оны бақылауға алып мониторинг жүргізуді тапсырды. Тапсырылған жұмыс қорытындысында бағдаршам орнатудың қажеттілігін анықтап, шешім қабылдауды жүктеді.Сондай-ақ, жиын барысында Балқаш қаласының полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подпоковнигі Қайырбек Рахимбеков статистика туралы хабардар етті. Оның айтуынша жол қозғалысының ережесін бұзғандар саны, жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендердің саны азайған. Бұл бағытта жол полициялардың күшімен бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша қала басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, олардың орындалу барысын өз бақылауына алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/34557?lang=kk
Алғыс айту күні 14.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев Алғыс айту күнi мерекенi құру ұсынысын енгiздi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен 2016 жылдың 14 қантарында 1 наурыз күнi мерекенiң ресми тойлау күнi бекiтiлдi.Алғыс айту күнiн мерекелеу аясында Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында салтанатты жиналыс өткiзiлiп, басқарма басшысы құттықтау сөз сөйледi, онда Алғыс айту күнiнiң мәнi мен негiзгi мiндеттерiне ерекше назар аудардылғанын хабарлайды.Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейiрiмдiлiгiнiң ұмытылмайтынын бiлдiредi.Алғыс айту күнi — ортақ тарихымызға көрсетiлген құрметтiң, бүкiл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелi қазақ жерiне деген ризашылықтың белгiсi.Қазақстан халқы Ассамблеясының "Сыбаға" қайырымдылық акциясын өткiзу шеңберiнде басқарма қызметкерлерi үш баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Б. Жетписоваға, азық-түлiк пакетi және шаруашылық тауарлары түрiнде қолдау көрсеттi. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34556?lang=kk
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 14.04.2025
2018 жылдың 14 желтоқсанда экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк күнiне арнаған салтанатты шара өткiзiлдi. Басқарма басшысы Қ.М. Дүзелбаев тәуелсiздiк жылдарында қол жеткiзген табыстары туралы айтып бердi.Ақмола облысының әкiмi М.К. Мырзалиннiң құрмет грамотасымен бiлiм, туризм, спорт, мұрағат және бұқаралық ақпарат құралдары бөлiмiнiң басшысыФ.Т. Байманова марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34555?lang=kk
IX облыстық «Отан» спартакиадасы 14.04.2025
2018 жылдың 8 желтоқсанында өткен мемлекеттiк қызметшiлер арасында IX облыстық «Отан» спартакиадасында Экономикажәне бюджеттiк жоспарлау басқармасының жүзу командасы бiрiншi орынға ие болды.Жеке жарыста ерлер арасында бiрiншi орынға бас маман Н.К. Сердалин ие болды, әйелдер арасында үшiншi орынды бас маман-заңгер Л.С. Бекмағанбетова алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34554?lang=kk
Шатырлы лагерь 14.04.2025
Орталық 12-15 тамыз күндері аралығында "Шопан ата" және "Қызылқұм" демалыс орындарында, Жаңаөзен қалалық және Қарақия ауданының білім беру бөлімдерімен бірлесіп, 2 күндік туристік шатырлы лагердің екінші маусымын ұйымдастырды. Мамандарымыз бағдарламаға сәйкес, оқушыларға 2күндік туристік шатырлы лагердің ашылуын және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен әндер айтып, «Мина», «Қамал», «Қолменен футбол», «Қызыл мен Көк ту», «Эстафеда» "Арқан тартыс" танымдық ойындарына қатысып, маңғаз Маңғыстаудың ғажайып жерлерінде естелікке суретке түсті. Шаттығы мол шатырлы лагерімізге барлығы 80 адам қамтылды. Сонымен қатар Қарақия ауданының білім беру бөлімінің жетекшілерімен «Қызылқұм» демалыс орнының қызметкерлеріне орталықтың атынан алғыс айтамыз, сіз бен біз болып алдағы уақытта да осындай шараларымыз өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Жас туристеріміз табиғатты аялауды, демалыс орынындағы біраз танымдық білім-біліктіліктерін іс-тәжірибиеде арттырғандарын айтып, осындай шаралар жиі өтсе деген ниетпен, жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне қайтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34527?lang=kk
Ұлттық валюта күнi 14.04.2025
2019 жылдың 15 қарашасында экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күнiне арналған салтанатты iс-шара жүргiзiлдi.Басқарма басшысының орынбасары Д.Қ. Қуанышбаев, ивестициялық саясат бөлiмiнiң басшысы А.Қ. Нурмагамбетова.Басқарманың бас мамандары А.С. Байкуанышев, Г.С. Махамбетова Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қ.М Ыдырысов алғыс хатымен марапатталды.Басқарманың бас маманы Н.А. Хайдар басқарма басшысы Қ.М. Дүзелбаев алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34524?lang=kk
Қала әкімінің қаржыгерлер күнімен құттықтауы 14.04.2025
Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен және кәсіби мереке – Қаржы қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қазақстандық валютасының қолданыс уақытында, өз тарихының әртүрлі сатысынан өтіп, құнды ақшалай бірлік ретінде қатыптасты және Қазақстан Республикасының ұлттық төлемді жүйесі ретінде өз бетінше қызмет ете алатынын дәлелдеді.Жинақталған көп жылдық тәжірибе, қажырлы еңбек, сенімді кадрлық әлеует біздің қаламыздың банк жүйесінің алдағы уақытта дамуына, сондай-ақ экономикалық және саяси маңызы бар бәсекеге қабілеттілікті нығайтуда орасан зор үлес ретінде қызмет ететініне сенемін. Осы айтулы күні, Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, қаржылық береке және қаржылық қызметте табысты және жемісті еңбек етуді тілеймін!Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі Қ. АхметовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34493?lang=kk
Профессор Жаумбай Қараевтың облыс педагогтарымен кездесуі 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 11 қазаны күні Ақтау қаласындағы химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, білім беру ісінің үздігі, п.ғ.д., профессор Жаумбай Қараевтың Маңғыстау облысы педагогтарымен кездесуі өтті.Кездесуге өңіріміздің мектеп, колледждерінің мұғалімдері мен оқытушылары, «Өрлеу» БАО, НЗМ, білім басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.Еркін форматта өткен кездесуде қазіргі таңда өзекті болып отырған жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысындағы мәселелер талқыланды.Жаумбай Амантұрлыұлы «Педагогикалық технология – ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастырудың басты құралы» тақырыбындағы лекциясын оқыды.Шара барысында мұғалімдерге «Ұстаздар күніне" ҚР Президентінің алғыстары мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының марапаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34452?lang=kk
«Nur Оtan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті 14.04.2025
Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті. Конференцияны «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы және аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, кент пен ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, еңбек және партия ардагерлері, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіне алты мәселе ұсынылды: «Nur Otan» партиясының алдында тұрған міндеттері туралы «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы баяндама жасады. Сондай - ақ «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы, аудандық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссияның 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы, Қармақшы аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық Фракциясының 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарламалар жасалды. «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы болып Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы сайланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/34444?lang=kk
Қазақстан Республикасында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды туралы 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Көкшетау қаласында Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды түсiндiру және жергiлiктi деңгейде ТБО-ны оқшаулау тәсiлдерiн талқылау бойынша аймақтық семинар өткiзiлдi.Семинардың ұйымдастырушысы БҰҰДБ, АДБ, ҚР Ұлттық экономика министрлiгi, Ақмола облысының әкiмдiгi қолдауымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ болды.Семинарды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Стратегиялық әзiрлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Хамбар Бақытгүл ашты.Семинар жұмысына жергiлiктi атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның, жастардың, жеке сектордың, академиялық топтардың өкiлдерi қатысты.Практикалық семинар Босния және Герцеговина БҰҰ сарапшылары әзiрлеген "Миссия 2030" iскерлiк ойыны форматында өткiзiлдi.Семинарға қатысушылар өңiр үшiн өзектi ТБО-ны анықтады: ТБО-3 "Жақсы денсаулық және амандық", ТБО-4 "сапалы бiлiм", ТБО-8 "лайықты жұмыс және экономикалық өсу", ТБО-6 "Таза су және санитария".Ақмола облысы бойынша семинар нәтижелерi Қазақстандағы ТБО-ны iске асырудың одан әрi кезеңiн өткiзу кезiнде ескерiлетiн болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34441?lang=kk
Семинар 14.04.2025
2026 жылдың 18 наурыз күні Шелек ауылында Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлер арасында семинар өтті. Оқыту семинарда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бойынша қызметкерлермен оқу жүргізілді. Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1185162?lang=kk
«Жас геолог» облыстық байқауы 14.04.2025
«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 17 қазан күні Ақтау қаласы, Туризм колледж базасында оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында облыстық «Жас геолог» байқауы өткізілді.Байқауға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, яғни жалпы орта білім беру ұйымдарының барлығы 70 білім алушылары қатысты.Облыстық байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушылар «Мен неге-Геологпын!», «Минералогия және кристаллография»,«Петрография және пайдалы қазбалар», «Жалпы геология және инженерлік геология», «Геоэкология және Маңғыстау геоэкологиялық өлкетану», «Суреттер және тастардан түрлі бұйымдар жасау» кезеңдері бойынша жасаған жұмыстарын қорғады.Қазылар алқасы қатысушылардың еңбегін 6 геологиялық бағыт бойынша бағалады:I орын - Маңғыстау ауданы, «Азимут» тобы;II орын - Мұнайлы ауданы «Жалын» тобы;II орын - Түпқараған ауданы, «Түпқараған геологтары» тобы;III орын - Жаңаөзен қаласы, «Жаңаөзен жас геологтары» тобы;III орын - Ақтау қаласы, «Ұлу тас» тобы;Бейнеу ауданы Болашақ тобына, Ақтау қаласы Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының «Маңғыстау» тобына, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен қалалық Білім-инновация лицейінің «ЖБИЛ» тобына сертификаттар табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34439?lang=kk
Облыстық «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» байқауы 14.04.2025
Ә. Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мұғалімдер арасында 2019 жылы 22 қазан күні Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінде облыстық «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауы өткізілді.Байқау заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын, оның көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.Байқау екі кезеңнен (аудандық/қалалық және облыстық) тұрды. 2019 жылдың 16 қазанына дейін өткен аудандық, қалалық байқаулардың жеңімпаз ұжымдары облыстық кезеңге жолдама алдыЕрежеге сай, Ә.Кекілбайұлының шығармаларын сахналау үшін байқауға 8 ұжым (52 мұғалім) қатыстыОлар:Ақтау қаласынан №23 орта мектебі ұжымы; Жаңаөзен қаласынан №4 орта мектебі; Бейнеу ауданынан Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебі; Мұнайлы ауданынан Ш.Мұңалұлы атындағы орта мектебі; Қарақия ауданынан Қашаған орта мектебі; Түпқараған ауданынан Ақшұқыр мектеп-лицейі; Маңғыстау ауданынан С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаты және «Дарын» облыстық мектеп-интернаты.Байқаудың қазылар алқасының шешімдеріне сәйкес, қатысушы ұжымдар облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының арнайы дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталдыІ орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицей ұжымы;ІІ орын – Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымы;ІІІ орын – Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 орта мектеп ұжымы.«Үздік сахналық интерьер» номинациясымен – Бейнеу ауданы, Ә.Жанкелдин атындағы орта мектеп ұжымы;«Үздік қойылымды ұсынушы» номинациясымен – Қарақия ауданы, Қашаған орта мектеп ұжымы;«Үздік шығармашылық ұжым» номинациясымен – Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымы.«Үздік орындаушылық шеберлік» номинациясымен – Оспанов Шерхан Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі;«Үздік әртістік бейнені сомдаушы» номинациясымен – Арғын Қосай, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің ДТІЖО;«Үздік әйел адамның рөлі» номинациясымен – Өтегенова Алтынгүл, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі;«Үздік ер адамның рөлі» номинациясымен – Таңатаров Қалам, Ақтау қаласы, №23 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.Ұстаздық пен өнерді қатар алып жүрген ізденімпаз, өнерлі мұғалімдеріміз көбейе берсін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34438?lang=kk
Оқушылардың білімін бағалаудың критериалды жүйесі 14.04.2025
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ ҚАЛАДЫ, БІРАҚ ӨЗГЕРЕДІҚазіргі уақытта Білім және ғылым министрінің тапсырмасымен министрліктің жанынан жұмыс тобы құрылды, онда критериалды бағалау жүйесін жетілдіру жолдары талқыланады.Талқылаулар жүріп жатыр, ұсыныстар түсуде. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасады, келіседі, дәлелдейді, толықтырады. Әріптестерімен формативті бағалауды өткізу кезінде балдарды есепке алу мәселелері, БЖБ мен ТЖБ жиілігі және мұғалімдер көтерген басқа да мәселелер талқылануда.Бірақ мұғалімдер – ескі жүйеге яғни 3 балдық жүйеге оралуға болмайды деп келісті.Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті. Сондықтан біз критериалды жүйеден бас тартпаймыз.Түсіндірейін.Білім беру мазмұнын жаңарту оқу нәтижелерін қадағалаудың жаңа нысандарын талап етті, критериалды бағалау жүйесі енгізілді.Бұған дейін стандарт фактологиялық білімді меңгеруге баса назар аударды, олардың деңгейі сабақтарда шағын фрагменттерді қайталау, тестілеу және бақылау кесіндері жүйесі арқылы бағаланды. Мұндай тәсіл оқушыларға өңделген және дайын материалдар ұсынылған кезде ақпараттық оқытуға сәйкес болды.Бағалаудың жаңа жүйесінде объективтілікті қамтамасыз ететін бағалау құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Әзірленген өлшемдер мен тапсырмалар білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары мен білімін қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік береді (оқушы қалай сөйлейді және пайымдайды, бастысы бөліп бере алады және қорытынды жасай алады ма, шешім қабылдай алады ма, алынған білімді өмірде қолдана алады ма). Бұл дәстүрлі бағалардың объективті еместігін жоюға мүмкіндік береді және талаптардың бірлігін, стандарттауды және рәсімдердің теңдігін қамтамасыз етеді.Іс жүзінде БЖБ – бұл бұрын пайдаланылған тақырыптық бақылау жұмыстары, ал ТЖБ – бұл төртінші бақылау жұмыстары.Ескі және жаңа бағалау жүйесінде орындалатын бақылау жұмыстарының санында елеулі айырмашылық жоқ.Мысалы, 2013 жылы «Қазақ тілі»/»Орыс тілі» пәндері бойынша Типтік оқу жоспарларында (ҮОЖ) бақылау жұмыстарының келесі түрлері белгіленген: диктант, баяндау, шығарма, тестілеу, бастауыш мектепте жылына 13-15-ке дейін бақылау диктанты (2 сыныпта - 15, 3 сыныпта-14, 4 сыныпта - 13).Жаңартылған мазмұн аясында осы сыныптардағы ТЖБ мен БЖБ саны аз және жылына 12 жұмысты құрайды. «Математика» пәні бойынша ҮОЖ - 2012 жылы 5 сыныпта бақылау жұмыстарының саны 13, ал БЖБ және ТЖБ саны - 14 жұмысты құрады. Ал 6 сыныпта жаңа бағдарламалар бойынша БЖБ және ТЖБ саны 2012 жылы «Химия» пәні бойынша бағдарламаларға қарағанда аз.Өзгерістер тек оқу тапсырмаларын құрастыру және оқушылардың жұмыстарын бағалаудың нақты критерийлері бойынша тексеру процестеріне қатысты болды. Бұл бағалаудың сапасы мен объективтілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ оқушы өзі неге жеткенін және одан әрі жұмыс істеу қажеттігін түсінуі тиіс екендігіне негізделген.Бұрын бақылау жұмысында баға шегеру әдісімен қойылды, яғни жіберілген қателер мен түзетулердің саны нәтижеге әсер етті (мысалы, нормаларға сәйкес қатесіз - 1 қателік – «5», 1-2 қателік – «4», 3-4 қателік – «3», 4-5 қателік және одан артық – «2»).Бағалаудың жаңа жүйесі оқу тапсырмаларын орындаудың әрбір кезеңін ескереді, бұл балл жинауға мүмкіндік береді. Жинақтау жүйесі оқушылардың өзіндік қызметін ынталандырады және оқу бағдарламасын меңгеруді қамтамасыз етеді, яғни білім сапасын арттыруға ықпал етеді.Мұғалімдерге қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері ескі жүйеде күн сайын дәптерлерді тексерді, бұл олар үшін үйреншікті іс болды. Күн сайын олар бірнеше пән бойынша 25 оқушының жазбаша жұмыстарын тексеріп, келесі күні сыныпқа түсініктеме беріп, тексерілген тапсырмалар берді.Қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін орта және жоғары сыныптардағы жазбаша жұмыстар, зертханалық және практикалық жұмыстар болды.Бүгін БЖБ мен ТЖБ тексеру кезінде бұл мұғалімдер қиындықтарға тап болмайды.Әрине, ескі жүйеде жазбаша жұмыстар болмаған және оқушылардың ауызша жауаптарын ғана бағалауға үйренген пән мұғалімдеріне қиындайды.Оқушыларға қатысты. 2016 жылы жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша 1 сыныпқа барған балалар бірден формативті және жиынтық түрде бағаланып, жаңа жағдайларға белсенді түрде енді. Олар «жаман» белгілерді алуға қорықпайды, олар оны білмейді де. Олар үшін өз жауаптарына мұғалімнің жақсы болғанына, ал не істемегені туралы түсініктерін естуге үйренеді.Жаңа жүйемен бағалауға алдымен ескі жүйеде оқыған және бағаланған, қазір жаңасына көшкен балалар баяу бейімделуде. Олардың қиындықтары психологиялық тұрғыдан бір-біріне үйреніп қалуларында, енді оларға қайта бейімделуге тура келеді.Ата-аналарға қатысты. Бүгінгі ата-аналар-кешегі мектеп оқушылары, олар өздері ескі бағдарлама бойынша оқып, баға алды «3», «4», «5». Олар үшін кез келген бағалар өздімен ғана байланысты. Басқаны елестету оларға қиын. Сонымен қатар, бұрынғысы ыңғайлы. Және бұл түсінікті.Бұл ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ережелерінде БЖБ мен ТЖБ саны күніне 3-тен аспауы тиіс, оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін БЖБ мен ТЖБ тапсырудың икемді кестесі және т.б. бар екендігін атап өту қажет.Сонымен қатар, біз курстар, семинарлар, тренингтер арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бізге объективті, ең бастысы, оқушыларды оқыту процесін қолдауға және ынталандыруға бағытталған бағалаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктерін педагогтарға, ата-аналарға түсіндіру маңызды.©️ Шолпан Каринова - Білім және ғылым вице-министрі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34407?lang=kk
"Электрондық үкімет" порталының артықшылықтары 14.04.2025
2019 жылғы 12 қараша күні басқарма қызметкерлері арасында "электрондық үкімет" порталының артықшылықтары және электрондық қызметтер үлесін арттыру бойынша белгіленген міндеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-til-udalen/press/news/details/34404?lang=kk
«Туризм ісіндегі қауіпсіздік шаралары» қашықтық сабақ 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ұйымдастыруымен Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінде «Туризм ісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбындағы онлайн режимдегі қашықтық сабағы өтті.Қашықтық сабағына білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық қатысушы қатысты. Орталықтың туризм-өлкетану бөлімінің жетекшісі Сұлтан Қазыбек қашықтық сабағын ашып, туризм ісіндегі қауіпсіздік шараларының маңызы туралы айтты.Сабақта М.Горький атындағы мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Б.Джумашев баяндама оқыды. Баяндамада туризм туралы жалпы түсініктер, туризмде және туристік жорықтарда сақталу керек қауіпсіздік шаралары, дәрежелі және категориялық жорықтардың нормативтері, спорттық көпсайыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы, туристік құрал-жабдықтарды қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде сөз қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34402?lang=kk
Д. Садуақасов атындағы халықаралық шахмат турнирінің қатысушыларына арналған саяхат 14.04.2025
Орталық 29 қазан күні «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садуақасов кубогы» Халықаралық шахмат турнирінің қатысушыларына қала бойынша экскурсия ұйымдастырды.Экскурсияға еліміздің әр облысынан және көршілес Қырғызстан, Ресей елдерінен 175 бала қатысты.Орталық қызметкерлері қатысушыларға облысымыздың тарихын және қаламыз жайында қызықты деректерін түсіндірді.Ақтау қаласының көрікті жерлері: Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейімен, «Амфитеатр»,«I love Aktau» инсталляциясы, Жартасты соқпақ жағалауымен танысып, естелік суретке түсіп және алған әсерлерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34400?lang=kk