Жаңалықтар
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді 10.04.2025
Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылының солтүстігіне, Б.Момышұлы көшесінің шығысына қарай салынатын 13 жеті қабатты үйдің жобасы бекітілді, мұнда аула кеңістігінде көлік тұрағы, коммерциялық бөлмелер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі болады. Су қорғау аймағы балалар және ойын алаңдары ретінде пайдаланылады. Құрылысты жүргізуші бала бақша мен мектеп салынатын жер учаскесін коммуналды меншікке өткізеді.Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы бір қабатты өндірістік нысанды екі қабатты ғимарат етіп қайта жасау, оны халыққа қызмет көрсететін ғимаратқа айландыру жобасы да бекітілді. Оның 1-ші қабатына шоурум, тамақтану аймағы, қызмет көрсету бөлмелері бар автосалон, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, көлік жуу, техникалық бөлмелер орналасады. 2-ші қабатында сауда алаңдары, кафетерий, әкімшілік бөлмелер болады. Абаттандырылатын аймаққа газондар,тротуарлар жасалып, ағаш пен бұтаұқтар отрығызылады, жарық көздері орнатылады.Айта кетерлігі, жобаларды бекіту барысында энерготиімділікке, сыртқы әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, фасадттарды түнгі жарықтандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуына, алаңды жасылдандыруға, көлік легінің жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға және басқаларына айрықша назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11725?lang=kk
ТДҰА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ 10.04.2025
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірігіп инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Бұл жайында «ТДҰА» АҚ-ның басқарма бастығы Марат Омаров ОКҚ-нің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Инновациялық гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның www.natd.gov.kz. ресми сайтында да беруге болады.«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» - деп «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров ескертіп өтті.Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант берудің жаңа ережелері бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 400 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы/заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 66 шарт жасалды.Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсететінін айта кеткен жөн. Сонда, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін, грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылды, 7,6 млрд. теңгеден артық салық қаражаттары төленді, жалпы сомасы 131,4 млрд.теңге өнім шығарылды.Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған.ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11698?lang=kk
Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтты.«Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімнің алғашқы жұмыс сапарым бойынша өңірдің жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таңдадым. Қолға алынған бастамалардың барлығы қаланы жоғары деңгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, білім және мәдени бағдарламалардың қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердің барлығын жұмсаймын», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың,Индустриалды аймақтың, АЭА «Инновациялық технологиялар паркінің» әлеуеті көрсетілді.Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11672?lang=kk
Егістік күні 10.04.2025
Ақтоғай ауданында дәстүрлі Егістік күнін атап өтті. Мереке шеңберінде «Ақтоғай-Агро» ЖШС-ің базасында облыстың ірі шаруа қожалықтары бас қосқан жиын өтіп, ауыл шаруашылық жәрмекесі ұйымдастырылды. Көрмеде егіншілерге “Ростсельмаш”, “Кировец”, “John Deere” зауыттарының ауыл шаруашылық техникасы көрсетілді. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қазіргі кезде шаура қожалықтары машина паркін жоспарлы түрде жаңартып жатқанын әрі мемлекет оларға қолдау көрсететінін айтты. – Біздің фермерлердің алдында таңдау бар, – деді аймақ басшысы. – Көрмеде орналасқан техниканың кей түрін олар осы жерден сатып алатынына сенімдімін. Біз фермерлерге инженерлік коммуникациялар тартуға да жәрдемдесеміз. Мәселен, «Ақтоғай-Агро» ЖШС-нің суармалы алқаптарына қажетті инфрақұрылым тартылатын болады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның суармалы егістік көлемін 2,5 мың гектарға дейін ұлғайтып, 1200 бас малға арналған сүт фермасын ашуға мүмкіндік береді.Көрмеде «Ақтоғай-Агро» ЖШС-ің басшылығы өздері өсіретін картоп пен жүгерінің жаңа сұрыптарын көрсетті. Қазіргі кезде кәсіпорында картоптың голландтық сұрыптарымен қатар қазақстандық түрі де өсіріледі. Сонымен бірге, аграрийлер жүгерінің гибридті сұрыптарын өсірумен де айналысады.– Бұрын біз жүгерінің ұзақ уақыт пісіп-жетілуіне байланысты оны өсіре алмайтынбыз. Үйткені, ол қауыз жарып, дәні толысқанша ауа райы суытып кететін еді, – дейді ЖШС-ің басшысы Игорь Головашов. – Қазір жүгерінің түрлі сұрыптарын тәлімдеп, солтүстік өлкенің ауа райына төзімді әрі тез өсетін түрін шығардық. Былтыр түскен өніммен «Победа» ЖШС-ін қамтамасыз етсек, биыл өз қажеттілігімізді де өтей аламыз. Сонымен бірге, көрмеде арамшөпке қарсы препараттар, биолгиялық тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық техникасын басқаруға арналған құрылғылар таныстырылды. Анықталғандай, олардың біразы біздің облыста жасап шығарылады екен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11615?lang=kk
Дін істері комитетінің төрағасын Кембридждегі «Вульф» институтының жұмысымен танысуға шақырды 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев Британдық қоғамдық өмір Дін және сенім жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Вульф институтының директоры Эдвард Кесслермен кездесті.Кездесу барысында дінаралық диалог пен келісімді нығайтудағы көпжақты ынтымақтастық, сондай-ақ діни салада тәжірибе алмасу, оның ішінде діни радикализмнің алдын алу мәселелері талқыланды.Дін істері комитетінің төрағасы Е.Оңғарбаев елдегі діни ахуал мен діни қызмет туралы жаңа заң жобасының негізгі нормалары туралы хабардар етті.Айта кетейік, Вульф институты өкілдерінің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және Вульф институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.Е.Оңғарбаевтың айтуынша, бұл меморандум жүйелі негізде ақпарат алмасу, зерттеу жұмыстары мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ діни салада өзекті мәселелер бойынша консультациялар, бірлескен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, комитет басшысы Вульф Институтының бастамасымен қолға алынып отырған «Қазақстан мен Ұлыбританиядағы диалог және инклюзивтілік» жобасын қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Аталған жоба Қазақстан мен Ұлыбританияның мұсылман мәдениетін және ислам әдет-ғұрыптарын салыстырмалы зерттеуге арналған.Эдвард Кесслер этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы қазақстандық тәжірибені зерттеуге ерекше қызығушылық танытты. Ол Дін істері комитетінің төрағасын мұсылмандар, христиандар және иудейлер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін Кембридждегі Вульф институтына келіп, оның жұмысымен танысуға шақырды. Кездесу соңында тараптар тәжірибе алмасу және діни саладағы өзара іс-қимыл жөніндегі сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/11586?lang=kk
Қостанай облысында «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды. 10.04.2025
Қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік мекемелеріне бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында өңірде «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде, ел экономикасына инвестиция салу процесін жеңілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен жемқорлық фактілерін жою мақсатында мұндай кеңселер желісі республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс атқаруда.Заңгерлік және басқа да көмек қажет болса, Әл-Фараби көшесі, 95, 1010 кабинет, тел. 522-520, 391-120 немесе электрондық пошта арқылы protectinvestment.kostanay@gmail.com өтініш білдіре аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/11568?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕТРОЛОГТАР КЕҢЕСІНІҢ 9-ШЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ 10.04.2025
6 сәуірде Маңгыстау облысының Актау қаласында қаланы құрушы кәсіпорындар - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ негізінде Қазақстан Республикасының Метрологтар кеңесінің 9-ші отырысы өтті.Метрологтар кеңесі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығымен, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстар және нұсқауларды шығару үшін құрылған.Осы отырысты Ақтау қаласында өткізу кездейсоқ емес. Маңғыстау өңірі республикамыздың экономикасы үшін маңызды стратегиялық плацдармалардың бірі болып саналады. Бүгінгі таңда өңір Қазақстанның жалпы экономикалық өсуіне әсер ететін инвестициялық және өндірістік белсенділіктің өсімін көрсетті. Таңдалған стратегияға және рейтингтік агенттіктердің оңтайлы болжамдардың арқасында, ірі шетел компаниялары Батыс Қазақстанға өз инвестициялық жобаларын кеңейтуге және инвестициялық үлесімдерін арттыруға шешімдерін растады.Облыс басшылары өз кезегінде, жеке инновациялық желісін құрып жатыр, бұл өз кезегінде азаматтардың өмірін жақсартуда. Өңірдің негіздік стратегиялық дамуында ерекше орынды «Морпорт Актау» арнайы экономикалық аумағы алады. Облыста, ел бойынша Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы іске асыруда.Отырыс ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Б.Қанешевтың басшылығымен өткізілді.Отырыста Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әміржанов Р.М., өңір әкімдігінің басқарма басшылары, ҚР Энергетика министрлігі, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан метрология институты», «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, сондай-ақ республиканың 17 метрологиялық қызметтерінің мамандары қатысты.Отырыста бүгінгі күнде өзекті мәселелер талқыланды, оның ішінде:- «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы;- мұнайгазды және энергетикалық салалардың кәсіпорындарында өлшем бірлігін калибрлеу сұрақтары;- «МАЭК-Казатомпром» ЖШС және мұнайгазды саласының кәсіпорындарын метрологиялық қамтамасыз ету;- «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы» 27.06.2015ж № 484 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы туралы;- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай өнімдерін метрологиялық есебінің сұрақтары және т.б.Отырыс аяқталған соң нақты шешімдерден тұратын хаттама ресімделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11562?lang=kk
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА «КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. 10.04.2025
Петропавл каласында 2016 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы және «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ бірлесіп «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында өңірлік семинарды ұйымдастырып өткізіді.Семинардың мақсаты: 2015 – 2019 жж. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын, 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру кешенді жоспарын, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру щеңберінде менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуге насихаттау жұмыстарын жүргізу, атап айтқанда ISO 14001-2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдануға арналған талаптары мен басшылығы» және ISO 22004-2014 «Азық-түлік қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдануға арналған басшылығы» стандарттарының негізгі ережелерімен таныстыру.Семинарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Чепухин В.И. ашты. Семинардың бірінші бөлігі қолданыстағы экологиялық менеджмент жүйесін дамытуға тырысатын, немесе ISO 14001 стандарттын енгізуге шешім кабылдаған, қайта сертификаттауға өтуге дайындық үстіндегі, немесе басқа басқару жүйелеріне экологиялық менеджмент жүйесін біріктіру қажеттілігі туындаған кәсіпорындар үшін пайдалы болды.Дәріскер, СМЖ эксперт-аудиторы Исина Р.А. экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігінің, кәсіпорынның экологиялық ортаға ықтимал әсер факторларын (экологиялық аспектілері) анықтау, талдау және бағалау туралы егжей-тегжейлі таныстырды.Семинардың екінші бөлігінде дәріскер HACCP – ISO 22004:2014 «Азық-түлік қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдануға арналған басшылығы» халықаралық стандарттын негізгі ережелерін ашып айтты.Cолтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындары мен ұйымдарының мамандары үшін семинардың өтуі, жоғары білікті сарапшы-аудиторлардан ақпаратты қабылдау, отандық кәсіпорындарға менеджмент жүйелерін енгізу бойынша отандық және шетелдік нарықтарға әкімшілік кедергілерді азайтуга, отандық өндірушілерінің бәсекелестігінің жоғарылатуына, сондай-ақ қолданыстағы менеджмент жүйелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Аталған іс-шараға облысымыздың 70 кәсіпорын түрлерінің өкілдері қатысты, сонымен қатар «СҚО Кәсіпкерлікті қолдау Картасына кіретін» Кахалонг ЖШС, «Bartec Kazakhstan» ЖШС, «РимКазАгро» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар қатысты. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға қолдарына сертификаттар тапсырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11550?lang=kk
«ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ (КО ТР 018/2011) ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ 10.04.2025
2016 жылдың 31 наурызында Алматы қаласында «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) Қолдану тәжірибесі. Проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология Комитетінің демеуімен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-мен ұйымдастырылды. Іс-шараға Еуропалық экономикалық комиссия өкілдері, Қырғыз Республикасының мемлекеттік басқару органдары, Қазақстан Республикасы (ҚР ИДМ, ҚР ІІМ, ҚР ҚМ), Белорусь Республикасының стандарттау бойынша мемлекеттік комитеті, КО ТР 018/2011 әзірлеуші - ФМБК «НАМИ» РФ МҒИ, ҚР «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, ҚР көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институты өкілдері, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет-мүшелерінің бизнес-қауымдастықтары (бұдан әрі – мүше-мемлекет), ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынышты мекемелері Алматы қаласы бойынша ТРМКД, «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК және «ҰСО» ЖШС өкілдері қатысты.Іс – шара барысында мемлекет-мүшелерінің өкілдері дөңгелек үстел қатысушыларына техникалық регламентерді қолдану бойынша және жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар бойынша ақпарат берді. Панелді пікірталас форматында көлік құралдарына жедел оперативті қызметін шақыру жүйесін (құрылғысын) орнатудың мерзімен байланысты, автокөлік құралдарына берілетін ұлттық сәйкестік сертификатының мерзімін ұзарту мәселелері, КО ТР 018/2011 техникалық реттеу нысандарына арналған бөлек қосымша талаптар және шет елдік әзірлеушілердің шешімімен әр мүше-мемлекетте мақылдау процедурасын өткізу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар КО ТР 018/2011 тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету техникалық регламентті қолдану бойынша бірыңғай позициясын жасап шығару, ақпарат беру бойынша және бизнес-қауымдастыққа кеңестік демеу көрсету бойынша, сонымен қатар КО ТР 018/2011 тәжірибелік қолдану мәселелері бойынша мемлекет-мүшелерінің мүдделі мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастықты дамыту үшін мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарымен күш салу координациясы болып табылатындығын есепке алды Мамандарды жақ барлық ынталы адам регламенттiң бiр мезгiлде техникалық талаптарының мүлтiксiз орындауымен техникалық регламенттiң өткiзуiнiң жанында айқындалған жеке сұрақтарын кешендi шешiм сызып көрсеттi, шығарылатын өнiмнiң сапасын жоғарылаудың пәрмендi құралын болып көрiнедi.Дөңгелек үстелді «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және «Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11507?lang=kk
«ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНДАРТТАР, ӨНІМДЕРДІҢ, ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ СТАНДАРТТАРЫ» 18 СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ «ЖАСЫЛ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ НОРМАЛАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ» ШАҒЫН КОМИТЕТІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ 10.04.2025
2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының алаңшасында «Ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық стандарттар, өнімдердің, процестердің және қызметтердің стандарттары» 18 стандарттау жөніндегі Техникалық комитетінің «Жасыл құрылыстағы нормалау және сертификаттау» шағын комитетің бірінші отырысы өтті.Кездесуде елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, адам тіршілік ортасының жайлылығын және энергетикалық және су ресурстарын үнемдеуін жақсартуға бағытталған мемлекеттік міндеттерді шешуге ықпал ететін жасыл ғимараттарды салуға арналған нормативтік-құқықтық қорын қамтамасыздандыру өзекті мәселелері қаралды. Қазақстан жасыл құрылыс кеңесінің директоры (KazGBC) Данияр Әзімханов Қазақстандағы осы өнеркәсібтің қазіргі дамуы туралы ақпаратпен бөлісті. Astana Innovations бас талдаушысы Александр Чуприн, энерготиімді және экологиялық таза ғимараттар ақылды қала ажырамас бөлігі болып табылады, деп атап өтті. «Стройдевелопмент» ЖШС компаниясының өкілдері жобалау сатысында BIM технологиясын (ғимаратарды ақпараттық модельдеу) пайдалану айтарлықтай, құрылыс үшін ресурстарды құнын төмендетуге дамыту уақыты бағалаулар мен нысандар пайдалануға сенімділігін арттыруға болады деп атап өтті.Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты жасыл ғимараттар құрылысын нормалау жөніндегі ұлттық стандартың жобасын жұмыс тобының мүшелеріне таныстырды. Қолданыстағы экологиялық және құрылыс заң шығару саласында нормативтік құжаттарды есепке ала отырып, жоба ең танымал жасыл ғимараттарды BREEAM және LEED жүйелерінде бағалау негізінде әзірленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11504?lang=kk
28 МАРТА 2016 ГОДА В Г. КОСТАНАЙ СОСТОЯЛСЯ РЕГИОНАЛЬНЫЙ ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ПО ТЕМЕ: «ВНЕДРЕНИЕ СИСТЕМ МЕНЕДЖМЕНТА НА ПРЕДПРИЯТИЯХ» 10.04.2025
28 марта 2016 года в г. Костанай состоялся региональный обучающий семинар по теме: «Внедрение систем менеджмента на предприятиях».Организаторы:- Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;- РГП «Казахстанский институт стандартизации и сертификации».Цель семинара: Реализация Плана мероприятий по реализации Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы, Комплексного плана по совершенствованию системы технического регулирования и метрологии до 2020 года, Стратегического плана Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан на 2014-2018 годы.На семинаре рассмотрены актуальные темы по разъяснению международных стандартов по системам менеджмента. В ходе регионального обучающего семинара рассмотрены международные стандарты:- ISO 14001-2015 «Системы экологического менеджмента. Требования и руководство по применению»;- ISO 22004:2014 «Системы менеджмента безопасности пищевых продуктов. Руководство по применению ИСО 22000».Лектор в лице Исиной Р.А. – ведущего специалиста Павлодарского филиала РГП «КазИнСт», эксперта-аудитора по подтверждению соответствия систем менеджмента качества, эксперта-аудитора по подтверждению соответствия энергетического менеджмента, менеджера по качеству Европейской Организации Качества на высоком профессиональном уровне.Слушателям был предоставлен раздаточный материал, по окончании семинара слушателям вручены сертификаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11491?lang=kk
АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 10.04.2025
Бүгін Құрылысшылар күні қарсаңында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев барлық автожол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Ол өз сөзінде барлық автожол саласы қызметкерлерінің еңбегімен жеткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы автожол саласының даму жетістіктеріне тоқталды.Айталық, Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңыздағы 10 мың шақырым автожол реконструкцияланған. Алғашқы Астана-Щучинск (221 км) автобаны салынды. Астана-Қостанай-Челябинск, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Омбы және Атырау-Бейнеу автомобиль жолдары реконструкцияланды.2009-2016 жылдар кезеңінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (2 452 км) халықаралық транзиттік дәлізі мега-жобасы сылынды.2013 жылдан бері Астананы еліміздің барлық өңірімен байланыстыратын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты «Еңбек ардагері» медалімен «Госэкспертиза» РМК сектор басшысы Александр Соколов, «Госэкспертиза» РМК сектор сарапшысы Наталия Заиченко марапатталды.Сонымен қатар, «Госэкспертиза» РМК бөлім бастығы Елена Рихтер, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Қасымқұмар Ибраимов, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Галина Шарапова, «Ирмаст-А» ЖШС директоры Айдар Жүнісов, «Жан-Бота Транс Сервис» ЖШС директоры Жаныспай Сәрсенов «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапатталды.Ал, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ департаментінің директоры Дмитрий Бессоновке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасы берілді. «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Әдемі Қонаева, «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Қанат Қалменов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас маманы Мұрат Мықтыбаев төрағаның Құрмет грамотасымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11414?lang=kk
СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ 10.04.2025
2016 жылдың 29 наурызында, «Эатлон орталығы» ғимаратында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен, Қазақстан метрология институтымен бірлесе отырып, Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана қаласының кәсіпкерлік палатасы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ қатысушылары, Астана қаласының аккредиттеу субъектілері өкілдерінің қатысуымен, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң жобаларын талқылау жөніндегі Астана қаласының кезекті Өңірлік штаб отырысын өткізді. Өңірлік штаб отырысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төраға орынбасары Дұғалов Ғалымжан Тілектесұлының төрағалығымен өтті.Аталмыш іс-шараны өткізу мақсаты, бизнес өкілдеріне стандарттау саласындағы Қазақстан Республикасының жаңа заң жобасы талаптарын, өзгерістер енгізілетін «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заң талаптарын жеткізу болды.Күн тәртібінде Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының бас директорымен, стандарттау саласындағы жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін «Стандарттау туралы» заң жобасының мақсаты түсіндірілді. Бұдан әрі, Қазақстан метрология институтының бас директорының орынбасары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтыруларды, және де ол бекітілгеннен кейін қандай мақсаттарға жететінімізді атап айтты.Отырыс соңында қызу пікір алмасулар болып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қатысушыларға келешекте туындаған мәселелер бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына немесе Қазақстан метрология институтына хабарласуға ұсыныс берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11411?lang=kk
Дархан Қалетаев имамдармен бірлескен жұмыс бойынша алты діни бағытты атады. 10.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.Сапар аясында министр облыс орталығынан 220 шақырым жерде орналасқан Кеңқияқ және Шұбаршы ауылдарында болып, жергілікті халықпен кездесті. Дархан Қалетаев діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын түсіндіріп, тұрғындармен пікір алмасты.Кездесу барысында министр Діни қызмет туралы заң жобасына адамды жасырған киім киюге тыйым салатын нормаларды енгізу себептері туралы айтты."Адамды жабу қазақ халқына тән. Бұл біздің тарихымызда, мәдениетте болған жоқ. Қоғамда осы мәселе бойынша халыққа кең қолдау көрсету бар", - деді Д. Қалетаев.Мектепте орамал тағуға өз көзқарасын білдіре отырып, министр мектеп ережелерін сақтау қажеттілігі туралы мәлімдеді.Дархан Қалетаевтың айтуынша, осы ережелермен қатар балама нұсқалар бар. Олардың бірі-үйде қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқыту. Ол бұл мәселе Білім және ғылым министрлігімен пысықталып, осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатынын хабарлады.Аймақ бойынша жұмыс сапары барысында министр Темір ауданының орталығында аудан активімен, теолог-имамдармен, сондай-ақ терроризмнің алдын алу жөніндегі аудандық комиссия мүшелерімен кездесті.Содан кейін Бестамақ ауылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарымен кездесті.Министр өз сөзінде "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңға өзгерістер енгізу уақытпен аяқталғанын атап өтті."Кейбір топтар бұл заң жобасының дін мүдделеріне қайшы келетіні туралы жалған мәліметтерді тарататынын жасыруға болмайды. Бұл мәліметтер мүлдем негізсіз", - деді Д. Қалетаев.Осыған байланысты министр имамдарды жоғарыда аталған заң жобасына жан-жақты қолдау көрсетуге, халық арасында оның басымдықтарын түсіндіруге қосылуға шақырды.Дархан Қалетаев діни саладағы имамдармен бірлескен жұмыстың алты бағытына тоқталды. Олар:-деструктивті діни ағымдардың қызметіне қарсы әрекет ету;-деструктивті діни ағымдармен жұмыс істейтін имамдар мен теологтардың біліктілігін арттыру;-діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына халықтың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету;-жастардың радикалдық идеяларға нөлдік төзімділікті қалыптастыру;-"Уағыздаудың бірыңғай тәртібінде" белгіленген қағидаттарға сәйкес мешіт имамдарының уағыздарын жүргізу;-мешіттердің ішкі тәртібінің ережелерін жетілдіру.Дархан Қалетаев ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы филиалына деструктивті діни ағымдармен жұмыс істейтін имамдар мен теологтардың "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде біліктілігін арттыру мақсатында имамдар мен теологтардың резервін құруды ұсынды.Ақтөбе өңірі бойынша жұмыс сапары аясында министр Темір аудандық орталығындағы "Досжан ишан" мешітінің және Алға ауданындағы "Ақтөбе медресе" колледжінің жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/11400?lang=kk
Алматы әкімі ҚІСО «Атакенттің» жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырды 10.04.2025
«Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақтты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ештеңе атқарылмаған», - деді Бауыржан Байбек.Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналар және басқаларын қоюды тапсырды. Бұлардан өзге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы алынады және ҚІСО «Атакент» аумағына көліктің кіруіне тыйым салынады.Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11375?lang=kk
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘУЕ КӨЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨЛІК САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Астана қаласында өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысында 2018-2020 жылдары бірінші үшжылдық мерзімге арналған Әуе көлігі бөлімі бойынша Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары («Жол картасы») бекітілді.Аталған іс-шаралар жоспары Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.Көлік саясаты бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық принциптерді, экономикалық интеграцияны жүйелі және кезең-кезеңімен бірыңғай көліктік кеңістікті, жалпы көлік қызметтерінің нарығын қамтамасыз етуге бағытталған.Іс-шаралар жоспары әуе көлігін дамытудын ерекшеліктерін талдамалық және зерттеу сипатындағы бірінші үшжылдық мерзімде (2018-2020 жж.) іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қарастырады.Екінші деңгейде (2021-2023 жж.) бірінші үшжылдық мерзімде іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қамтиды (үндестіру, заңға тәуелді актілер, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және т.б.), және үшінші деңгейде (2023-2025 жж.) жалпы көлік қызметтерінің нарығына және бірыңғай көліктік кеңістікке қол жеткізу үшін әуе көлігінде тасымалдарды орындау кезіндегі шектеулерді алып тастау тәсілдерін орнықтыруды көздейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11361?lang=kk
ҚР ҰЭМ «on-line» режимінде қоғамдық талқылауға шақырады 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ерікті өзін-өзі реттеу және брокерлер мен дилерлерді тауарлық биржаларда аккредиттеу жолымен тауарлық биржа саласындағы брокерлік және дилерлік қызметті лицензиялаудан алып тастауға реттеушілік әсерін талдау жүргізу мәселесі бойынша «on-line» режимінде қоғамдық талқылау жүргізеді.Қоғамдық талқылау 2018 жылғы 12 қазаннан 16 қазанды қоса алғанда «Ашық НҚА» порталында жүргізіледі.Қоғамдық талқылауда барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.Анықтама мына телефон бойынша: 8 (7172) 743312.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/11347?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЭКСПОРТЫ 20%-ҒА ӨСТІ 10.04.2025
Биыл экспорттың оң тенденциясы сақталуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінде өткен отырыста мәлім етті.«2017 жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсіп экспорты 7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға жоғары. Бұл ретте, шет елдер нарығында Қазақстанның дайын өнімдеріне деген сұраныстың артып келе жатқанан атап өткен жөн»,-деді Жеңіс Қасымбек.Қазақстандағы өңдеу өнеркәсіп экспортының үлесі 2010 жыл мен 2016 жыл арасында 28 %-дан 35 %-ға дейін өсті. Өңделген тауарлар экспортының географиясы 120 мемлекетті құрайды. Қазақстандағы шикізат емес экспорт қазіргі уақытта 114 тауар түріне артты (899 -дан 1013 дейін).Жаңа тауарлар қатарына локомотивтер, мотор майлары, киімдер, шыныдан жасалған бұйымдар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтары, картридждер және т.б. енгізілген.«Экспорттың оң диманикасы және Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бойынша дүниежүзілік нарықтағы конъюнктура ескеріле отырып, биыл өңдеу өнеркәсіп экспорты 2015 жылдың деңгейіне жетеді, деп күтілуде (14 млрд. АҚШ доллары)», - деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11337?lang=kk
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2016 жылдың 25 наурызында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бiрiншi орынбасары Н.А. Сақтағановтың төрағалығымен Техникалық реттеу мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - ШҚО) Аймақтық штабы отырысы өткізілді. Отырыс шеңберінде мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша Қағиданың талаптары түсіндірілді. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша «Қазақстан метрология институты» Шығыс Қазақстан филиалы РМК директоры Л.М. Антропова сөз сөйледі.Мүдделі тараптар үшін отырыста Кеден одағының, Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттерінің дәлелді базасы бойынша мәселелер қарастырылды, атап айтқанда 2015 жылы түскен техникалық регламенттердің тізім ұсыныстары, сондай-ақ ас өнеркәсібі саласында жаңа мемлекетаралық стандарттармен танысу жүргізілді.2016 жылға Техникалық реттеу мәселелері бойынша ШҚО Аймақтық штабының мақсаттары мен жаспарлары, ағымдағы жағдайы туралы ақпаратымен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Қ. Құнафиянов сөз сөйледі.Сонымен қатар, Аймақтық штабы отырысының аяқталуы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары Т.Е. Барабанова мен А.Е. Муқановаға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө. Исекешевтің құрмет грамоталары табыс етілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11314?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА ЖАЛПЫ АЛАҢЫ 6,2 МЛН. ШАРШЫ МЕТР БОЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың және «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асу барысы туралы брифинг өтті.Биыл 7 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 млн. шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (54 мың баспана). Яғни, «Нұрлы жер» бағдарламасы жылдық жоспарының 61%-н құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көрсеткішті жоғарылатты. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, «2017 жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд. теңге бағытталды. Оның 75,8 млрд. теңгесі мемлекеттік инвестиция. Мемлекет қажысы есебіне 8829 пәтер (541,3 мың.кв.м) салынды. Жыл соңына дейін қосымша 16176 пәтерді (948,2 мың кв. м) тапсыру жоспарланып отыр».«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әкімдік 25 млрд. теңге бөліп, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 6 мыңға жуық арендалық пәтерлердің құрылысы басталды, олардың жартысы жыл аяғына дейін іске қосылатын болады.«Екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының екінші міндеті аясында жоспарланған 60 мың жер телімінің 23,5 мыңы қазірдің өзінде инженерлік желілермен қамтамасыз етіліген. 4 облыс орталығында жекеменшік үйлердің құрылысы қанатқақты жобалары бірыңғай сәулет стилінде іске асырыла бастады»,-деді Роман Скляр.Кредиттік тұрғын үй құрылысының үшінші міндеті бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдікте кезекте тұрғандар үшін бүгінгі күні жоспарланған 15 мың пәтердің 6140 кредиттік пәтері салынды. Жеке құрылыс салушыларды қолдау бағдарламасының аясында құрылыс компаниялары 50 млрд. теңге субсидияланған займ алу үшін 24 жобамен банктың қарауына өтінім жасады. Олардың қазіргі уақытта 7,4 млрд. теңгеге 2 жобасы мақұлданды.«Республиканың 11 өңірінде халықтың ипотекалық займдары бойынша нарықтық ставкаларды төмендету үшін халықты 10 пайыздық жеңілдетілген ставкамен несиелеу басталды. Бүгінгі таңда 10 банк Бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр. 3 банк (БанкЦентрКредит,АТФБанк, Сбербанк) ипотеканы белсенді түрде іске асыруда. Осы күні олар азаматтардан ипотека алу үшін 145 өтініш қабылдады(1,5 млрд. теңге)»,-деп атап өтті вице-министр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11310?lang=kk