Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Астанада бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС сараланған мөлшерлемесі талқыланды 14.02.2025
ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады.Кездесу «Атамекен» ҰКП қолдауымен ұйымдастырылды, оған бизнестің, қауымдастықтардың, қоғамдық және салалық бірлестіктердің 150-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының, өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының өкілдері, Астана кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің және өңдеу және фармацевтика, медицина өнеркәсібі комитеттерінің, «Атамекен» ҰКП, «Alageum Electric» компаниялар тобының, «Petro mining» қауымдастығының мүшелері және басқалар бар.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесі теңгерімді болуы тиіс екенін атап көрсетті. Бұл нақты нұсқау болды. Ол бизнес пен мемлекеттің мүдделерін ескеруі керек. Бүгін біз басты мәселелердің бірін талқылау үшін жиналдық, бұл қосылған құн салығына қатысты. Біз өңірлерде Экономика, Қаржы министрліктерінің, «Атамекен» палатасының өкілдері қатысатын көптеген кездесу өткіземіз. Жұмыс үлкен және жан-жақты. Біздің мекен-жайымызға келіп түскен барлық ұсыныстар тыңдалады. Біз бірыңғай ұстанымды қалыптастырамыз, өйткені Салық кодексі өте қарапайым, түсінікті, нақты болуы тиіс»,— деп атап өтті Мәди Такиев.ҚҚС – бұл бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістеріне тәуелділігін азайтуға және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсыныстарын айтты.«Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал бірқатар салалар үшін – 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша, Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелерді саралау: 16%, 10%, 0% және босату»,— деп түсіндірді Азамат Әмрин.Қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ын төлейтіні атап өтілді. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлері бизнеспен әлі де талқылануда.Сондай-ақ кездесуде жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін, оның мәні – кіріс шегін жылына 600 мың АЕК (2 млрд 359 млн теңге) мөлшерінде сақтай отырып, қайта қарау бойынша ұсыныстар айтылды. Негізгі өзгеріс – бұл режимді тек B2C сегментінде (бөлшек саудада) жүзеге асыру. Жұмысшылар саны бойынша шектеуді алып тастау ұсынылды. Кәсіпкердің сатудан түскен табысы жылына 100 млн теңгеден асатын болса, салық салынатын табысты еңбекақы қоры (еңбекақы төлеу қоры) сомасына азайту мүмкіндігі көзделген. Осылайша, 100 млн теңге шегі жалақыны ақтауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бөлшек салықтың 4% мөлшерлемесі (мәслихаттардың 50%-ға төмендету мүмкіндігімен) сақталады.Салық реформасын іске асыру кезінде ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жыл сайын 4-5 трлн теңгеге артады деп күтіледі. Бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға; мемлекеттік қарыз деңгейін төмендету және инвестициялық жобаларды несиелеуге, даму институттарын нығайтуға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты, жылу-энергетика жүйесін жаңғыртуға қосымша ресурстарды бағыттауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/935215
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ 14.02.2025
Шымкент қалалық онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне орай Ашық есік күні өтті. Дәрігерлер 96 пациентті қабылдап, кеңес берді.Тексерулер кезінде 4 пациенттен ісікке күмән табылды. Қатерсіз ісік 29 пациенттен, басқа да ауру түрлері 37 тұрғыннан анықталды. Ал ультрадыбыстық зерттеуден 21 пациентке, компьютерлік томаграфия мен магниттік резонансты томаграфиялық зерттеуге 8 адамға жолдама берілді. Маммографиялық зерттеуден және ренгенографиялық зерттеуден 15 пациент өткізілді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934494
ШЫМКЕНТТЕ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ 14.02.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!“Жұмысшы мамандықтар жылына” орай “Еңбек адамы – елдің байлығы” атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.Іс-шара 11 ақпан сағат 11:00-де Назарбаев даңғылы, 12 мекенжайындағы “Көрме” орталығында ұйымдастырылады.Жәрмеңкеде қала аумағындағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер түрлі саладағы бос жұмыс орындарын ұсынады.Іс-шара азаматтарға жұмыс табуға, жұмыс берушілер үшін білікті мамандарды таңдауға үлкен мүмкіндік береді.Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934497
ШЫМКЕНТ: БАЗАРЛАРЫНДА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 14.02.2025
Бүгінде қала аумағында 19 базар бар, оның 7-еуі модернизациялау Жол картасына енгізілген. Былтырғы жылы “Алаш”, “Самал”, “Жаңа шахар” базарларының жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал “Авто Нұр”, “Орталық Қырғы”, “Назым апа”, “Жабық ” базарларында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.“Авто Нұр” базарында 3 ғимараттың құрылысы аяқталды. Босаған орын автотұраққа айналады. Жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында бітеді.“Орталық Қырғы” базарында модернизациялау 3 кезеңнен тұрады. Наурызда трикотаж павильоны, ал желтоқсанда киім сату қатарлары жаңартылады.“Назым апа” базарының қасбеті жөнделіп, 2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларында киім сатылатын қатарлар жаңғыртылады.“Жабық базары” 2025 жылдың мамыр-қараша айларында толық жаңартылады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934894
ҚЫСҚЫ АЗИАДА: ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ФРИСТАЙЛ АКРОБАТИКАДАН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ 14.02.2025
IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыс өтіп, Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Шымкент қаласының спортшыларынан жасақталған команда сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.Командаағы Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев жалпы алғанда 235.39 балл жинады.Команда құрамында осыған дейін де ірі жарыстарда көзге түскен тәжірибелі спортшылар бар. Атап айтсақ, Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері А.Жолдас, шеберлігімен танылған Ш. Хаширбаев және А. Асылхан осы сайыста ел намысын абыроймен қорғады.Бұл жеңіс – шымкенттік спортшылардың қажырлы еңбегінің, бапкерлер мен федерацияның үйлесімді жұмысының жемісі. Сондай-ақ, бұл Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін маңызды нәтиже.Айта кетейік, фристайл акробатикасы елімізде кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Спортшыларымыз халықаралық аренада өздерін дәлелдеп, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.Қытай құрамасыҚазақстан құрамасыЖапония құрамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934899
Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болды 14.02.2025
Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысы бойынша қола жүлде жеңіп алды. 10 км қашықтыққа еркін стильде өткен жарыста нәтиже көрсетіп, жапондық екі спортшыға ғана жол беріп, қола медаль иегері атанды.Бұл – Қазақстан құрамасының шаңғы жарысындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Ақмолалық Константин Борцов спринтерлік жарыста екінші орынға ие болған.«Олжас Климинді, оның бапкерлерін, команданы және барлық қазақстандықтарды осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Бұл медаль – оның жаңа жетістіктерінің бастауы болсын, алда оны халықаралық ареналарда бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұр! Бұл марапат – қажырлы еңбектің, күнделікті жаттығулардың және үлкен жанқиярлықтың жемісі», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау жеделхатында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/935205
Астық, майлы және бұршақты дақылдар өндірушілеріне сауда стратегиясына қатысты ұсыныстар 10.02.2025 14.02.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледіДәнді дақылдарТрейдерлер бағаның көтерілуін фермерлердің егіс науқанына ақша алудың өзектілігі жоқ екенін, бағаның өсуін күтетіндігімен түсіндіреді.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +110-3САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін79+6 САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін72+5САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін69+5САТУ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін60+4 САТУ6535арпа 2 сыныпты73+3САТУ6035Дурум (прот 14+)85-САТУ12070Дурум (прот 15+)102-САТУ15090Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинауМайлы дақылдар / бұршақМайлы дақылдар тобында зығыр қымбаттады, ҚР солтүстік аймақтарында рапс құны өсті.СҚО трейдерлері жасымықтың сапасына байланысты (ҚҚС-пен) қымбаттағанын хабарлады:* қызыл-180-205 мың теңгеге дейін/тоннасына;* жасыл-350-400 мың теңге/тоннасына дейін.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр212+1САТУ200170Рапс214+6САТУ250180Күнбағыс165-САТУ190160Мақсары116-САТУ11085Соя193-САТУ285200Қыша қара/ақ215-САТУ300200Бұршақ (сары)*92-САТУ17080Жасымық қызыл**198+7САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **363+5САТУ450350* - премиум сапасы бар солтүстік аймақтар, * * - ҚҚС-сыз жаңа өнім курсивпен бөліндііТүсініктеме:Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар:Стоп – тиімдірек баға болғанға дейін сауданы тоқтату ұсынылады.Қажет болғанда сату – техникалық немесе қаржылық қажеттіліктерге байланысты сату ұсынылады.Сату – жақын болашақта тиімді перспективалар байқалмағандықтан, өнімді сату ұсынылады.Максималды баға – ағымдағы сауда маусымында баға жете алатын жоғары шек. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Минималды баға – ағымдағы маусымда дақыл бағасы жетуі мүмкін төменгі шек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934812
Жас фермер 14.02.2025
32 жастағы Тоқтарқан Қамбаров – Шығыс Қазақстан облысының жас аграршылары үшін үлгі. Ол Үлкен Нарын ауданында орналасқан «Тамерлан» шаруа қожалығының басшысы.«Тамерлан» қожалығы 3200 гектар ауыл шаруашылық жеріне ие, онда озық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Элиталық тұқымдарды пайдалану, заманауи ауыл шаруашылық техникасын қолдану және минералды тыңайтқыштарды енгізу өнімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары астық дақылдарының орташа түсімі гектарынан 40 центнерді, ал майлы дақылдардың түсімі гектарынан 60 центнерді құрайды. Бұл көрсеткіштер жоғары кәсібилікті және жаңашылдыққа деген ұмтылысты айғақтайды.Сонымен қатар, Қамбаров Тоқтарқан өз ауданының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ол 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаты ретінде жерлестерінің мүддесін қорғап қана қоймай, жергілікті спорттық және мәдени шаралардың демеушісі болып табылады.Тоқтарқан – тек табысты фермер ғана емес, сонымен бірге қоғам өміріне белсенді атсалысатын әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азамат. Оның үлгісі жас фермерлердің өз шаруашылықтарын дамытып қана қоймай, тұрақты ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік жауапкершілік идеясын ілгерілете алатынын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934834
Жаңа өнімнен 4,8 млн тонна астық экспортталды 14.02.2025
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жедел мәліметтері бойынша 2024/2025 жылғы қыркүйек-қаңтар айларында 6,1 млн тонна астық тасымалданды. Оның ішінде 1,3 млн тоннасы – ел ішінде, ал 4,8 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. Экспорт көлемінің өсуі – 47%.Экспорт бағыттары: Өзбекстан – 1,8 млн тонна (+40%); Тәжікстан – 724 мың тонна (+50%); Қытай – 659 мың тонна;Ауғанстан – 217 мың тонна (+38%); Иран – 576 мың тонна (өсім 29 есе); Әзірбайжан – 266 мың тонна (өсім 88 есе).2024 жылдың қорытындысы бойынша: 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның 2,5 млн тоннасы – ел ішінде, 8,1 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның 817 мың тоннасы – Қазақстан ішінде, 2,4 млн тоннасы – экспортқа (өсім +3%).Ұнның негізгі импорттаушылары: Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және басқа да мемлекеттер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934887
Қазақстан ядролық медицинаны дамыту бойынша ауқымды бағдарламаны бекітті 14.02.2025
В10 ақпанда Астанада Ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтіп, онда саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру басталды. Негізгі бағыттар – радиофармацевтикалық препараттарды өндірудің заманауи жүйесін құру және ядролық технологияларды медицинада қолдануды кеңейту.Отырысқа қатысушылар – министрліктердің, парламенттің және ғылыми қауымдастықтың өкілдері – Қазақстандағы ядролық медицинаны дамытудың перспективаларын талқылады. Әңгіме инфрақұрылымды жаңғырту, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін, ең алдымен онкологиялық ауруларды емдеуді енгізу, кадрларды даярлау және нормативтік базаны жетілдіру туралы болды.«Бүгінде біз күрделі міндеттермен бетпе-бет келіп отырмыз: радиофармпрепараттар өндірісінің тұрақты жүйесін құру және ядролық медицина инфрақұрылымын дамыту қажет. Бұл міндеттерді шешу үшін мемлекет, ғылым және бизнестің үйлестірілген күш-жігері қажет, сонда қазақстандықтар диагностика мен емдеудің ең заманауи әдістеріне қол жеткізе алады», – деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев ядролық медицинаны дамыту бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтты: «Энергетика министрлігімен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді. Ол озық технологияларды енгізуге, отандық радиофармпрепараттар өндірісін арттыруға және дәл диагностика әдістерін азаматтар үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді».Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова ядролық медицинаны дамытудың салааралық сипаты туралы айта келіп, табысқа жетудің маңызды факторлары – радиофармпрепараттар өндірісін арттыру мен заңнаманы жетілдіру ғана емес, сонымен қатар білікті кадрларды даярлау екенін атап өтті.Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев институттың бұл процеске белсенді қатысып, радиофармацевтика саласында жаңа технологияларды әзірлеп, енгізіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, өндірістік қуаттарды кеңейту және зерттеу базасын жетілдіру Қазақстандағы ядролық медицинаны дамытудың негізгі факторларына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/935214
Харбинде Қазақстанда биатлон спортын дамыту әлеуеті талқыланды 14.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин, Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан Биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Үсенов Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олли Даллинмен кездесті.Харбиндегі қысқы Азия ойындары аясында өткен кездесуде тараптар спорт ғылымындағы ынтымақтастықтың келешегін, жаттықтырушыларға білім беру бағдарламаларын кеңейтуді, сондай-ақ Қазақстанда IBU қолдауымен Әлем кубогі кезеңдерін өткізу мүмкіндігін талқылады.Олли Даллин IBU әртүрлі бағыттағы ынтымақтастыққа, соның ішінде Скандинавия елдері мен басқа мемлекеттердің дайындық деңгейі арасындағы алшақтықты азайтуға және бүкіл әлемде биатлонның дамуына тең жағдай жасауға ашық екенін айтты.Сондай-ақ IBU президенті қазақстандық тарапқа Азия биатлон конфедерациясын құрғаны және өңірлік біріншіліктерді өткізгені үшін алғысын білдірді.«Қазақстан биатлонды дамытуға мүдделі, сондай-ақ біз IBU-мен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау әдістемесі және ғылыми-практикалық білім мәселелерінде ынтымақтастыққа ашықпыз. Біз IBU ұйымдастыруымен Әлем кубогі кезеңдерін елімізде өткізуге ниеттіміз. Мұндай спорттық іс-шаралар елімізде биатлонды насихаттауға өз септігін тигізеді», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин спортты жан-жақты дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті.«Қазақстан Биатлоншылар одағы мен IBU арасындағы бірлескен жұмыстың жақсы нәтиже беріп жатқанына көз жеткізіп отырмыз. Біз өз тарапымыздан ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және спорттың барлық саласында кеңейтуге дайынбыз. Бұл - ел спортының сапалы дамуына ықпал етеді», — деді Геннадий Головкин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934966
Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді 14.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1Шайбалар:Кан Юн Сок (0-1) 11 минут, 08 секундАртём Лихотников (1-1) 44.58 секундРоман Старченко (2-1) 58.42 секундОсылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934970
Қазақстан мен Қытай спортының басшылары Харбинде кездесті 14.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Қытай Халық Республикасы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қытай Олимпиада комитетінің президенті және Халықаралық ушу федерациясының басшысы Гао Чжиданмен кездесті.Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ресми қабылдау рәсімі аясында өткен кездесуде Ербол Мырзабосынов Гао Чжиданға екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.«Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында спорттық байланыс жоғары деңгейде дамып келеді. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан делегациясы Харбиндегі қысқы Азия ойындарына жарыстың алғашқы күндерінен бастап келді және ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне жылы қабылдағанына, ашылу салтанаты мен қысқы Азия ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқанына алғыс айтамын»,- деді министр.Қазақстан ҰОК басшысы ауқымды жарыстарды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.«Ауқымды кешенді жарыстарды өткізу оңай емес. Харбин-2025 қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетіне қонақжайлық пен үйлесімді жұмысы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Біз Ойындар басталғаннан бері осындамыз және ұйымдастырушылардың өз қызметіне қаншалықты берілгенін көріп келеміз. Мұны логистикалық қамтамасыз етуден, еріктілер жұмысынан, техникалық қолдаудан да байқауға болады».Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы IX қысқы Азия ойындары 14 ақпанда мәресіне жетеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қорында 9 медаль (1 алтын, 5 күміс, 3 қола) бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934979
ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 10 ақпандағы жарыс нәтижесі 14.02.2025
Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс медаль жеңіп алды. Команда сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Шерзод Хаширбаев өнер көрсетті.Шаңғы жарысы: Ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде жарыста Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин қола жүлдегер атанды.Ал Владислав Ковалев мәре сызығын 6-шы, Наиль Башмаков 10-шы, Ернар Нұрысбеков 16-шы болып кесті.Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 500 метрге жарыста Евгений Кошкин 4-ші, Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Никита Важенин 15-ші және Роман Биназаров 16-орынға ие болды.3000 метрге әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 4-ші, Кристина Шумекова 6-шы, Арина Ильященко 12-ші нәтиже көрсетті.Ерлер арасында командалық спринтте Ұлттық құрамамыз 4-орыннан көрінді. Команда сапында Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин, Артур Галиев өнер көрсетті.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгінгі күніннің бірінші кездесуінбе Тайбэй спортшыларын ірі есеппен жеңсе (14:0), екінші матчта Қытай құрамасынан жеңіліп қалды.Ал керлингтен ерлер Ұлттық құрамасы Филиппинмен ойнап, жеңіліп қалды. Есеп: 1-4.Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1. Осылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935206
Қытаймен бірлесіп ірі кешендерді салу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері 14.02.2025
Бүгін, 2025 жылдың 10 ақпанында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қытайлық «Xinjiang A-LIST GLOBAL Real Estate Co., Ltd» компаниялар тобының өкілдерімен кездесу өткізді.2010 жылы көп салалы ірі компаниялар тобы құрылды. Жылжымайтын мүлікті дамытуға, коммерциялық қонақ үй бизнесіне, құрылысқа және онымен байланысты салаларға маманданған.Қатысушылар кездесуде қонақ үй мен сауда тұрғын үй алаңдарын қамтитын ірі кешендерді салу саласында инвестициялар тарту мәселелерін талқыланды.Екі тарап осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындықты білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/935181
Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды: конкурс жариялаудан бастап жұмыстың басталуына дейін – 10 күн 14.02.2025
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды. Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың бағасының көтерілу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімін барынша қысқартуды қамтитын жаңа Ережелер қабылданды.Мәселен, конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау — 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау — 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады.Рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы өткізілетін конкурс (автоматтандырылған сатып алу тәсілі, жеңімпазды веб-портал айқындайды) арқылы сатып алу жеңімпаздары жиналған ұпайлар негізінде 5 жұмыс күні ішінде (бұрын мерзімі 29 жұмыс күнін құраған) айқындалады. Олар жұмыс тәжірибесі, тұрақты салық аударымдарының болуы, кешіктірулердің болмауы және басқалары үшін беріледі.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды.Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1%-дан 2%-ға дейін ұлғайтылды. Ақмола облысы Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы бойынша байқау елімізде алғашқылардың бірі болып жаңа ережелер бойынша өткізілді. Биылғы 8 қаңтарда жарияланып, қорытындысы 6 жұмыс күні ішінде шығарылды және 16 қаңтарда құрылыс салушы жұмысқа кірісті.«Жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. Мердігер рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, жаңа мемлекеттік сатып алулар бойынша таңдалды, бұл конкурс мерзімін айтарлықтай қысқартты. Бұл бізге құрылысты 16 қаңтарда бастап кетуге мүмкіндік берді. Жоба жыл соңына дейін аяқталады және нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ біз жүйеде қосымша балл алатын жергілікті құрылыс салушыларға назар аударамыз, бұл олардың қатысуын ынталандырады», — деді Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқуанышев.Спорт мектебінің ғимараты өтпе жол арқылы бір-бірімен байланысқан екі блоктан тұрады. Мұнда тренажер залы, хоккей корты және басқа да жаттығу алаңдары жұмыс істейтін болады. Құрылыс материалдарының 90%-ын жергілікті өндірістен алу жоспарлануда. Ауылдық спорт мектебінің жалпы қабылдау мүмкіндігі – ауысымда 78 адам.Жаңа ережелер бойынша 330 адам тұратын Батыс Қазақстан облысының Жалын ауылында су құбырын салу бойынша конкурс өткізілді. Жеңілдетілген жүйенің арқасында сатып алу процедурасы алты күнде жүргізілді, бұл жергілікті құрылыс салушыға жұмысқа тез кірісуге мүмкіндік берді. Жобаның құны – 785 млн теңгеден астам. Су құбырының құрылысы ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар Түркістан облысы Сарыағаш қаласында жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы басталды. Жобаның құны – 2,7 млрд теңгеден астам. Мердігер 8 жұмыс күні ішінде рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып таңдалған жергілікті компаниялардың бірі болды.Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салу жобасы бойынша сатып алу рәсімі 7 жұмыс күні ішінде жүргізілді. Жобаның құны – 4,9 млрд теңгеден астам.Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп салу бойынша сатып алу рәсімі 5 жұмыс күні ішінде жүргізілді, мердігер жергілікті компания болды. Жаңа мектеп салу оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешеді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мектеп толып кеткен, спорт залы да жоқ. 80 орынға есептелген жаңа екі қабатты мектептің кабинеттері сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.Жаңа ережелерге сәйкес, осы жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 951,38 млрд теңге сомасына 282 703 шарт жасалды. Салыстыру үшін: өткен жылдың тиісті кезеңінде 223,2 млрд теңгеге 165 558 шарт жасалған.Берілген шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22%-дан астамға: 1700-ден 1320-ға дейін төмендеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934509
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды 14.02.2025
«Акмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2025 жылғы 6-8 ақпан күндері «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезенің өткізді. Олимпиадаға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан, «Білім-инновация» лицей-интернатынан, Астана қаласы №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан, Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан барлығы 154 оқушы қатысты. «Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізілді:1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту). Олимпиаданың қорытындысы бойынша 43 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 13, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 6 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.Атап айтсақ, «Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада. Оған 7-11-сыныпта оқитын қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) оқушылар қатыса алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934902
Көкшетауда «ТҰҚЫМ-2025 КӨКШЕТАУ» халықаралық конференция-көрмесі өтті 14.02.2025
Көкшетау қаласында «Тұқым күні, Тұқым-2025» халықаралық конференциясы өтті. Бұл шара Қазақстаннан және Еуропа мен ТМД елдерінен келген агрономдар, сарапшылар мен зерттеушілерді тоғыстырды.Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты. Ол осындай алаңдардың тәжірибе мен білім алмасудағы маңыздылығын атап өтті.Қатысушылар жоғары маржиналды дақылдардың отандық және шетелдік селекциядағы тұқымдар көрмесімен танысты.Сапалы тұқым – мол өнім алудың негізгі факторы. Өткен жылы өңірдің аграршылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл агрономиялық технологияларды қатаң сақтауға, элиталық тұқым себу алқаптарының ұлғаюына және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын тиімді іске асыруға байланысты болды.Тұқым селекциясының маңызы зор. Бұл бағытта А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы тұрақты зерттеулер жүргізіп келеді. Орталық ғалымдарының еңбегінің бір дәлелі – «Таймас» жаздық жұмсақ бидай сорты. Ол өткен жылы Қазақстанның климаттық сын-қатерлеріне бейімделу және селекция саласындағы инновациялардың символына айналды.Конференция барысында ғалымдар мен мамандар тұқым сапасын арттыру, заманауи селекциялық технологияларды енгізу, өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану және өнімділікті арттыру мақсатында дақыл сорттарын жетілдіру мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, отандық және шетелдік селекционерлер әзірлеген перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары туралы ақпарат ұсынылды.«Тұқым күні, Тұқым-2025» Көкшетау халықаралық конференциясы аграрлық ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934927
Көлік министрі «Exim Finance» директорлар кеңесінің Төрағасымен кездесті 14.02.2025
Көлік министрлігі ғимаратында ведомство басшысы Марат Қарабаев «Exim Finance» Директорлар кеңесінің төрағасы Салах Ибрагим Әл Насермен кездесті.Кездесу көлік-логистика секторы саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды.2026-2028 жылдары аралығында жүзеге асыру көзделген ауданы 10 мың шаршы метрді, жалпы құны $7,5 млн құрайтын көлік-логистика хабын (KЛХ) салу жоспары талқыланды.Ақмола облысында орналасатын көлік-логистика хабы ішкі нарыққа да, халықаралық транзиттік ағындарға да қызмет көрсетуге қабілетті заманауи ғимарат болмақ. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/935196