Жаңалықтар
Астанада адам құқықтары мен пенитенциарлық жүйені дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті 11.12.2025
Астана, 2025 жылғы 10 желтоқсан – Адам құқықтарының халықаралық күніне және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 77 жыл толуына орай «Адам құқықтары және пенитенциарлық жүйенің дамуы: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің бастамасымен, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігімен, Еуропа кеңесімен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.Іс-шара барысында бас бостандығынан айыру орындарында адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жүйесін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және құқық қорғау қоғамдастығының өзара іс-қимылын күшейтуге қатысты стратегиялық және өзекті мәселелер талқыланды.Өз сөзінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін гуманизациялау бойынша дәйекті жұмысты жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Ол адам құқықтарын қорғау түзеу мекемелерінің қабырғасынан тыс жерлерде де толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс екенін, ал гуманистік және реабилитацияға бағытталған пенитенциарлық жүйе қылмыстың қайталануын төмендетудің негізгі факторы екенін атап өтті. Қазақстан бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың құқықтарын қорғау тетіктерін жүйелі түрде нығайтып, қоғамдық бақылауды кеңейтуде, сотталғандарға қатысты халықаралық стандарттарды енгізуде, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесін кезең-кезеңімен реформалау түрме контингенті деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, елдің жабық мекемелерде адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін, Қазақстанның БҰҰ-ның азаптауларға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын түрдегі қарым-қатынас пен жазалауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамаға қосылуын және ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) құрылуын құптады. Сонымен қатар спикер оның институционалдық әлеуетін одан әрі нығайтудың, мониторингтік сапарлардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің және ұсыныстарды іс жүзінде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан заң үстемдігі мен адам құқықтары саласындағы жобалардың маңыздылығын атап өтіп, ұлттық пенитенциарлық жүйені жаңғыртуда және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың құқықтарына кепілдіктерді нығайтуда халықаралық құқық қорғау тетіктері мен стандарттарының негізгі рөлін ерекше атап өтті.БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия жөніндегі өңірлік өкілі Матильда Богнер азаптаудың алдын алуда ҰАТ тетігінің маңызына және пенитенциарлық жүйені реформалауды жалғастыру қажеттігіне назар аударды.Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, Үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ ҰАТ-тың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Олардың жүйелі мониторингі, ұсынымдары мен сараптамалық жұмысы – адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық архитектураның маңызды құрамдас бөлігі. Ол Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолу (ӘМШ) рәсімі шеңберінде Қазақстан Республикасының Төртінші ұлттық баяндамасын, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары комитетінің 144-сессиясында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы жөніндегі Үшінші мерзімді баяндамасын табысты қорғағанын еске салды. БҰҰ сарапшылары өлім жазасының күшін жоюды, Омбудсмен институты мен ҰАТ-ты нығайтуды, сондай-ақ гендерлік теңдікті, саяси инклюзияны ілгерілету және сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі қадамдарды жоғары бағалады.Іс-шара мемлекеттік органдардың, сот және құқық қорғау жүйесінің, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау және пенитенциарлық жүйені реформалау саласында жұмыс атқаратын халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдерін біріктірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1129086?lang=kk
Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау ассамблеясында Каспий мен Арал теңіздерінің кебуі талқыланды 11.12.2025
Найроби, 2025 жылғы 9 желтоқсан - 8-12 желтоқсанда Найробиде өтіп жатқан БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына қатысу аясында Қазақстан делегациясы «Теңіздер мен көлдердің кебуі - XXI ғасырдың жаһандық апаты. Каспий және Арал теңіздерінің, сондай-ақ Африка, Америка, Еуропа және Азия елдерінің мысалында мәселелерді шешудің өңірлік шаралары» тақырыбында ресми сайд-ивент ұйымдастырды.Іс-шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің делегациялары, БҰҰ басшылығы, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының Атқарушы директоры И.Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Т.Молчан, Батпақты жерлер туралы конвенцияның Бас хатшысы М.Мумба, Францияның Экологиялық өтпелі кезеңдегі бұрынғы министрі және Сыртқы істер министрлігінің қоршаған орта мәселелері жөніндегі елшісі Б.Помпили, Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы А.Оразбай қатысты.Қазақстан делегациясы бұл іс-шараны теңіздер мен көлдердің кебу мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және Орталық Азия тәжірибесінің басқа өңірлер үшін пайдалы болуы мүмкін екенін көрсету мақсатымен ұйымдастырылды.Форумға қатысушылар Африка, Латын Америкасы және Азиядағы теңіздер мен көлдердің кебуіне байланысты өңірлік қиындықтар мен мүмкіндіктерді қарастырып, экожүйелерді қалпына келтіру және қауымдастықтың тұрақтылығын нығайту үшін кешенді трансшекаралық әрекеттерге назар аударды. Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі күш-жігерін, соның ішінде 2026 жылы Астанада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитті өткізуді жоғары бағалады. Орталық Азия елдері үшін тұрақты даму мәселелерін, биоәртүрлілікті сақтау және су ресурстарын қорғау шараларын ілгерілетудегі Қазақстанның көшбасшылығы ерекше атап өтілді.Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар теңіздер мен көлдердің кебуіне қарсы тұру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін XXI ғасырдың ең үлкен экологиялық қауіптерінің бірі ретінде, экожүйені қалпына келтіру және су ресурстарын кешенді басқару саласындағы біліммен, озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасу үшін елдер мен өңірлер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру, және климаттың өзгеруіне бейімделу және әлемнің барлық аймақтары үшін су қауіпсіздігін нығайту үшін әмбебап және үнемді құрал ретінде табиғатқа негізделген шешімдерді ілгерілетудің маңыздылығын мойындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1123220?lang=kk
Вануатудың Сауда саясатын шолу рәсімі ДСҰ-да Қазақстанның төрағалығымен өтуде 11.12.2025
Женева, 2025 жылғы 10 желтоқсан – 10 және 12 желтоқсанда Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Сауда саясатын шолу органының Төрағасы Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Вануатудың Сауда саясатын шолу рәсімі өтуде.Вануату делегациясын ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Самбуйя Антас мырза басқарады. Отырыс барысында Вануату Vision 2030 ұлттық даму стратегиясының іске асырылуы, табиғи апаттар мен пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру шаралары, цифрлық сауданы дамыту, инвестициялық саясатты жетілдіру және сауда рәсімдерін оңтайландыру жөніндегі реформалар туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, туризм және қызмет көрсету салаларындағы экспорттық әлеуетті арттыру және экономика климаттық қауіп-қатерлер мен стихийлі апаттарға төзімділігін күшейту мәселелеріне назар аударылды.ДСҰ мүшелері Вануатудың көпжақты сауда жүйесіне адалдығын, ВТО органдарындағы белсенді жұмысын және реформалар жөніндегі талқылауларға, соның ішінде сауданы жеңілдету, инвестицияларды қолдау, электрондық коммерция және балық шаруашылығын орнықты басқару бастамаларына қатысуын жоғары бағалады. Вануатудың климаттық күн тәртібін ілгерілетудегі және шағын аралдық дамушы мемлекеттердің мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлі атап өтілді.Төраға Қайрат Төребаев Вануату делегациясына және ДСҰ мүшелеріне сындарлы әрі мазмұнды пікір алмасқаны үшін алғыс айтып, Сауда саясатын шолу рәсімі транспаренттілікті арттыруға, сенімді нығайтуға және орнықты экономикалық өсу мен дамуға бағытталған реформаларды қолдауға мүмкіндік беретін маңызды тетік екенін атап өтті.Вануатудың Сауда саясатын шолу рәсімі 2025 жылы жоспарланған Сауда саясатын шолулардың соңғысы болып табылады. 2025 жылы ДСҰ-ның Сауда саясатын шолу тетігі аясында барлығы 16 шолу өткізілді, бұл мүше елдердің сауда режимдерінің ашықтығы мен болжамдылығын нығайтуға үлес қосты. ДСҰ шеңберіндегі келесі Сауда саясатын шолу 2026 жылғы ақпанда өтеді және Гамбияға арналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1123229?lang=kk
Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Ақатаев провинциялық Көші-қон басқармасының директоры Дерья Эрдоганмен кездесу өткізді 11.12.2025
Кездесу барысында тараптар Қазақстан азаматтарының провинция аумағында тұруы, көші-қон есебі, сондай-ақ консулдық және көші-қон қызметтерін көрсету мәселелері бойынша пікір алмасты. Бас консулдық пен Көші-қон басқармасы арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері талқыланды.Әртүрлі жағдайларға дер кезінде әрекет ету мақсатында жұмыс байланыстары жолға қойылып, өзара іс-қимыл тетіктері айқындалды.Кездесу конструктивті және іскерлік атмосферада өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1123230?lang=kk
Вашингтонда Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөлі талқыланды 11.12.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 9 желтоқсан – Microsoft Саясат және инновациялар орталығының алаңында Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөліне арналған сараптамалық пікірталас өтті.Іс-шараға АҚШ Үкіметі мен Конгресінің өкілдері, сондай-ақ жетекші сарапшылар мен академиялық қауымдастық мүшелері қатысты.Спикерлер өңірдің АҚШ-пен қарым-қатынастарында «ренессанс» кезеңіне қадам басқанын және оның Вашингтонның сыртқы саяси күн тәртібінде маңызды орын алып келе жатқанын атап өтті. Олар 2025 жылғы 6 қарашада Вашингтонда өткен «С5+1» Саммитін, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануын және жоғары деңгейдегі делегациялар сапарларының артуын мысал ретінде келтірді.Сарапшылар «С5+1» форматының және оның «С6+1» форматына дейін кеңею мүмкіндігінің тұрақты хатшылығы бар толыққанды үкіметаралық тетік құруға негіз болатынын айтты. Осы тұрғыда Қазақстанның өңірдегі ең ірі экономика, интеграциялық үдерістердің бастамашысы және институционалдық әрі инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары мемлекет ретінде жетекші рөлі ерекше аталды.Пікірталас барысында Орталық Азияның транзит пен логистика саласындағы стратегиялық маңыздылығы да атап өтілді. Спикерлер қазіргі «Жібек жолының» жаңа конфигурациясын қалыптастырып отырған және өңірді жаһандық көлік байланысының маңызды торабына айналдырған Орта дәліздің және құрлық бағыттарының қарқынды дамуын ерекше атап өтті.Сарапшылар Орталық Азияның энергетикалық қорлар мен аса маңызды минералдардың көзі, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымның болашақ орталығы ретіндегі әлеуетін кеңінен талқылады.Америкалық сарапшылар алдағы кезеңдегі басты міндеттердің бірі ретінде АҚШ саясаты мен заңнамасын бизнестің нақты қажеттіліктеріне сәйкестендіруді атады. Олар ескірген шектеулерді жою, инвесторлар үшін неғұрлым болжамды жағдайлар қалыптастыру және АҚШ-тың жеке секторын Орталық Азиядағы жобаларға кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қатысушылар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы келешектегі ынтымақтастығы бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1123255?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ 10.12.2025
Бүгін Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қалалық Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.Концерттің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және ұрпақ сабақтастығын нығайту. Бағдарлама шеңберінде жастардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі көрсетіліп, өнер арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.Іс-шара «Ұрпақ сабақтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты поэтикалық-хореграфиялық композициямен ашылды. Сахнада студент-жастар еліміздің өркендеу жолы мен жетістіктерін бейнеледі, ал «Шамсинур» би ансамблі «Мереке» биін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов сөз сөйлеп «Бүгінгі шара – жастарымыздың шығармашылығын көрсету мен ұрпақ сабақтастығын нығайтуға арналған маңызды іс-шара. Біз жастарға сенеміз және олардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі зор деп санаймыз. Біздің міндетіміз – жас буынға дұрыс бағыт беру, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік жасау. Бұл тек мәдени іс-шара емес, сонымен қатар, тәуелсіздіктің мәнін түсіндіру, жастарды елге қызмет етуге баулу мақсатындағы маңызды бастама» – деді.Концерт барысында әр түрлі жанр мен бағыттағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ студенттері «Сән» театрының дефиле көрсетілімін өткізді. Сонымен қатар, республикалық байқаулардың лауреаты Изатуллаева Зардиана екі ән орындаса, Үркер тобының репертуарынан «Жаным» әнін республикалық байқаулардың лауреаты Олег Вименко жеткізді.Іс-шара финалында «Қазақстан – елім менің» әні шырқалып, сахнадағы барлық орындаушылар мен жалаушалар көрермендермен бірге әнге қосылды.Айта кетейік, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және топтастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі аясында жастар бастамаларын қолдау және әлеуметтік белсенділігін дамыту, мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, жастар арасында қоғамдық келісімді қалыптастыруға жәрдемдесу, жастардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге, оны танымал ету және этносаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету процесіне тарту, патриоттық бағыттағы қоғамдық-саяси іс-шараларды, этносаралық және мәдениетаралық диалогты өткізуге этномәдени және өзге де бірлестіктердің жастарын тарту, жастар арасында волонтерлік пен қайырымдылық қызметті дамытуға қолдау көрсету.
Қазақстанның Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Акатаев Измир Демокрасия университетінің ректоры Селим Карахасаноглу мырзамен кездесті 10.12.2025
Кездесуде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері және аталған университетте білім алып жүрген қазақстандық студенттердің жағдайы талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1123206?lang=kk
Қазақстан жыл сайынғы БҰҰ қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты 10.12.2025
Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер одағының (UNWG) ұйымдастыруымен Достастық сарайында өткен жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.1976 жылдан бері жәрмеңке әлемнің осал балаларын қолдау сияқты ортақ мақсатпен түрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіріп келеді. Өз тарихында ол Женевадағы халықаралық қауымдастық үшін ең күтілетін қоғамдық іс-шаралардың біріне айналып, жыл сайын жүздеген қатысушыны жинайды.ҚР Тұрақты өкілдігі ұлттық стендте қазақ шоколадтары, дәстүрлі құрт, сондай-ақ ұлттық сувенирлер, қолданбалы өнер бұйымдары және кітаптар секілді өнімдерді ұсынды.Жәрмеңке Қазақстан мәдениетін насихаттау және Женевадағы халықаралық ортадағы мәдени өзара әрекетті нығайту үшін маңызды мүмкіндік болды. Жиналған қаражат әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі балаларға көмектесетін қайырымдылық ұйымдарына берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1123189?lang=kk
Қазақстан мен Канаданың СІМ басшылары серіктестікті нығайту бағытын растады 10.12.2025
Астана, 2026 жылғы 15 маусым – Канадалық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Канаданың Сыртқы істер министрі Анита Анандпен телефон арқылы сөйлесті.Е.Көшербаев осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сұхбаттасын алдағы Канада күнімен құттықтады. Ол екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, тауар айналымының оң серпінін, сондай-ақ канадалық компаниялардың қатысуымен бірқатар ірі инвестициялық жобалардың іске асырылып жатқанын атап өтті.Өз кезегінде А.Ананд канадалық тараптың сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық, инновациялық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті, сондай-ақ жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты және өзара сапарларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Министрлер халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың өзекті қырлары бойынша да «сағаттарды теңестірді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1241248?lang=ru
Тәуелсіздік тұғырым 10.12.2025
№190 орта мектепте 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік- тұғырым”атты апталықтың ашылуы өткізілді.Мақсаты:Оқушыларды Отанды сүюге, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғынуға, ұлттық рухты дәріптеуге тәрбиелеу. Тәуелсіздік апталығы аясында өтетін іс-шараларға жол ашу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-kolaryq/press/news/details/1123137?lang=kk
Әкімнің халықпен есеп беру кездесуі 10.12.2025
Бүгін Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізіп, өткен жылда атқарылған жұмыстар, қол жеткізген нәтижелер және алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады. Ол алдымызда үлкен міндеттер тұрғанын — қала барлық бағыт бойынша дамитынын, және бұл үшін берік негіз қаланғанын атап өтті. Өткен кезеңде көптеген жұмыстар атқарылды: маңызды жобалар іске қосылып, бірқатар өзекті мәселелер шешілді, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын жақсарту мен қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру шаралары жалғасын тапты. Кездесу кезінде Болат Тансыкбаевич қала тұрғындарының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Ол мұндай кері байланыс бізге басымдықтарды дұрыс айқындап, алға сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1123143?lang=kk
Қаланы қысқы күтіп ұстаудың жаңа деңгейі: бесінші қар қабылдау полигоны іске қосылды 10.12.2025
Қалада жаңа қар қабылдау полигонының дайындығын тексеру аяқталды. Бұған дейін осындай төрт алаң жұмыс істеген, алайда биыл бесінші полигон енгізілді. Бұл жүктемені біркелкі бөлуге және қаланың әртүрлі аудандарынан қар шығаруды жеделдетуге мүмкіндік береді.Барлық бес полигонда бақылау-салмақ пункттерін орнату аяқталды. Мердігерлер жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманың бес жиынтығын сатып алып, енгізді. Таразы автоматты түрде көліктің салмағын, күнін, уақытын және фотосуретін түсіреді. Барлық ақпарат Aikey жүйесіне жіберіледі, онда әрбір рейс және әрбір мердігер ұйым бойынша есептер қалыптастырылады.Мұндай жүйе әкетілген қардың көлемін ұлғайту әрекеттерін болдырмайды. Енді сіз нақты суретті көре аласыз: қанша экспортталды, кім, қашан және қандай техникамен. Бұл бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтуге және қалалық жолдарды қысқы ұстау жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1123124?lang=kk
Есепке алу-бақылау маркаларын реттеу жөніндегі Ереже бекітілді 10.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабы 15-тармағын іске асыру мақсатында 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 жаңа бұйрығын әзірледі. Бұйрықпен Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекітуге бағытталған ереже әзірленді. Бұйрық: – есепке алу-бақылау маркаларымен құйылған шарапты (шарап материалын), сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін таңбалау тәртібі; – алкоголь өнімдерін есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау тәртібі мен мерзімдерін; – есепке алу-бақылау маркаларының нысандары, мазмұны және қорғау элементтерін; – «Алкоголь өніміне (құйылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін; – акцизді төлеу туралы өндірушінің міндеттемелері мен есебін және есепке алу-бақылау таңбаларын мақсатты пайдалану туралы импорттаушының міндеттемелері мен есебін ұсыну тәртібін; – есепке алу-бақылау маркаларын есепке алу және сақтау тәртібін; – акцизді төлеу туралы міндеттемелерді есепке алу тәртібін; – Мемлекеттік кірістер органының ақшасын уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны есепке алу тәртібін; – банк кепілдігін есепке алу тәртібін; – кепілгерлік шартын есепке алу тәртібін; – мүлік кепілін есепке алу тәртібін; – мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін; - Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлғаның акцизді төлеуі туралы және (немесе) Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын мақсатты пайдалануы туралы міндеттеменің мөлшерін белгілеуді реттейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1123061?lang=kk
Ақтөбе облысында сауда үстемесін арттырған 116 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды 10.12.2025
2025 жылдың басынан бері Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін сақтау талабын бұзған сауда субъектілеріне қатысты бірқатар жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 116 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аналитикалық әзірлемелер басқармасымен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша баға қалыптастыруға терең талдау жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде елеулі заң бұзушылықтар анықталды. «Элит Продукт» ЖШС сары май, жұмыртқа және ұн өнімдерін белгіленген шекті сауда үстемесінен бес еседен артық өсіммен сатқан. Жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін компания ӘҚБтК-нің 204-4-бабы 2-бөлігі бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. «Қазбергенова» жеке кәсіпкері де сауда үстемесін белгіленген нормадан 3,5 есе артық қолданған. Қайталама құқық бұзушылыққа байланысты ол да осы бап бойынша 10 АЕК айыппұлмен жауапкершілікке тартылды. «НуроптТорг» ЖШС сауда үстемесін 3,5 есе арттырғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы 1-бөлігі бойынша 5 АЕК айыппұл төледі.Әрбір анықталған факті бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар тағайындалды және бағаларды заңнамаға сәйкес келтіру туралы міндетті нұсқамалар берілді. Департамент барлық сауда субъектілері үшін сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау міндетті екенін атап өтеді, ал кез келген заң бұзушылық заңнамаға сәйкес қатаң бақыланады.2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы ӘҚБтК-нің 204-4-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша 412 860 теңгені, 193-бап бойынша 141 552 теңгені құрады. Департамент бөлшек сауда нарығын бақылауды жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1123027?lang=kk
"Құқық кабинетінің" жұмысы туралы 10.12.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді. Жоспардың мақсаты-құқықтық ақпаратқа қол жеткізу болып табылады.Құқықтық мәдениет қоғамның әлеуметтік өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын, заңдарды білуін және құқықтық тәртіпті құрметтеуін көрсетеді. Осы іс-шара жоспарына орай "Сарытерек ауылдық округ әкімінің аппараты" ММ-нде құқық кабинеті жұмыс істейді. Бұл азаматтарға өз құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпаратты кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 0800-1730 үзіліс 1200-1330Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan-saryterek/press/news/details/1123005?lang=kk
ШҚО бойынша МКД-нің «Өскемен – кедендік ресімдеу орталығы» кедендік бекеті «Үздік ішкі кедендік бекет» болып танылды 10.12.2025
2025 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алаңында «Үздік кеден бекеті» акциясының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.Акция Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан аумақтық бөлімшелердің жетістіктерін марапаттау, өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және мемлекеттік кеден қызметтерін көрсету саласында озық тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ Комитеттің кеден саласындағы негізгі стратегиялық мақсаттарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шараға Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, кеден бағытын қадағалайтын аумақтық мемлекеттік кірістер органдары басшыларының орынбасарлары, кеден бекеттері мен мемлекеттік қызмет көрсету басқармаларының басшылары қатысты.Есепті кезең бойынша кеден бекеттері қызметтерінің қорытындысы нәтижесінде барлық аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан 14 номинант анықталды. «Үздік ішкі кедендік бекет» аталымына ШҚО бойынша МКД-нің «Өскемен – кедендік ресімдеу орталығы» кедендік бекеті лайықты деп танылды.Бұл жеңіс – ШҚО бойынша МКД-нің «Өскемен – КРО» КБ ұжымының жоғары кәсіби шеберлігінің, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындауының және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заманауи тәсілдерді қолдануының көрінісі. «Өскемен – кедендік ресімдеу орталығы» КБ жетістігі кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге және озық тәжірибелерді енгізуге ынталандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1123018?lang=kk
Салық жүктемесінің коэффициентін есептеу ережелері 10.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салықтық жүктеме коэффициентін (бұдан әрі – СЖК) есептеу қағидаларының жаңартылған нұсқасы күшіне енеді. Жаңа нормалар Салық кодексінде (45-баптың 2-тармағы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен бекітілген «Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларында» көзделген. СЖК есептеу үшін келесі жаңалықтар енгізіледі:орташа салалық СЖК арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін және жалпыға бірдей белгіленген тәртіп қолданатын салық төлеушілер бөлек есептеледі;орташа салалық СЖК енді есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі. Аталған өзгерістер адал бәсекелестікті дамытуға, кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1122978?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік аудиттің цифрлы моделіне толығымен ауысып жатыр 10.12.2025
Қазақстанда сын-қатерді дер кезінде анықтап, кез келген кемшілікті қашықтан бұғаттауға септесетін мемлекеттік аудиттің превентивті цифрлы моделі енгізіліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров айтты.Талдаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау және нақты уақыт режімінде мониторинг жүргізу үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану ведомствоның стратегиясына айналды. «Мемлекеттік жоспарлау» жүйесіндегі жаңа онлайн-бюджеттік мониторинг есебінен бюджет бекітілгенге дейін 2026-2028 жылдарға арналған сомасы 1,5 трлн теңге болатын шығыстарды негізсіз жоспарлау анықталып, жолы кесілді.Е.Мыңжасаров айтқандай, министрліктің цифрлы шешімдері әлеуметтік салада 1,4 млрд теңгеге жалақы төлеу кезінде алаяқтық схемаларды әшкерелеуге септігін тигізді. Автоматтандырылған мониторинг тәсілі білім беру саласында жалақыны есептеу түріндегі ақша жымқыру деректерін жүйелі түрде жоюға мүмкіндік береді.Мемлекеттік сатып алуды бақылау шеңберінде биыл онлайн-мониторингпен 1,1 трлн теңгеге 5 мыңға жуық төлем қамтылды. Оның ішінде 184,2 млрд теңгеге 694 тәуекел аударымы анықталды. Аудит нәтижелері бойынша 59,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркеліп, қызмет көрсетушілерге (жеткізушілерге) 237 млн теңгеден астам сомаға тұрақсыздық айыбы салынды.2021 жылдан бастап толық енгізілген электронды аудит өз тиімділігін көрсетті. Бұл тетік іске қосылған сәттен бастап 804 аудиторлық іс-шара қашықтан өткізіліп, 120 млрд теңгеден астам сомаға кемшіліктер әшкере болды. Аталған жүйе адам факторының алдын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты және бір аудиторға жұмсалатын іссапар шығынын шамамен 4,5 есе азайтты.Қолға алынған жұмыстың тиімді модельдері халықаралық деңгейде атап өтілді. Айталық, PEMPAL ішкі аудиторлар қауымдастығы цифрландырудың қазақстандық тәжірибесін жоғары бағалады. Комитеттің «Ішкі аудиттің тиімділігі» көрсеткіші бойынша қызметі Дүниежүзілік және Азиялық даму банктерінің сарапшылары тарапынан максималды «А» бағасына ие болды.«Алдымызға қойылған ауқымды міндеттердің бірі комитеттің аудиторлық қызметін толықтай цифрлы форматқа ауыстыру. Бұл мемлекеттік қаражаттың қозғалысын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Мемлекет басшысының тапсырмасына толық сай келеді. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік органдардың жұмысын барынша ашық әрі тиімді ету», деп қорытындылады ІМАК төрағасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1122931?lang=kk
Сеулде Орталық Азия елдерінің Корея Республикасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды 10.12.2025
Сеул, 2025 жылғы 9 желтоқсан — Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Кореяның өңірлік стратегиялары форумы: жаһандық әріптестікті кеңейту» атты форум Сеул қаласында өтті.Іс-шараға Үкімет өкілдері, жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, дипломаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан 300-ден астам қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты — жаһандық жағдайдың жылдам өзгеруі аясында Кореяның сыртқы саясатының басым бағыттарын және халықаралық әріптестікті нығайту жолдарын талқылау болды.Форумның маңызды сессияларының бірі Корея Республикасының Орталық Азиямен өзара іс-қимылына арналды. Корея СІМ Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия істері бюросы Бас директорының орынбасары Нам Джин Орталық Азия Кореяның сыртқы саясатындағы басым өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. Ол Сеул Орталық Азияға қатысты саясатын қайта қарастырып, 2026 жылы өтетін C5+K Саммитіне дайындалып жатқанын жеткізді.Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың күшеюін және C5+1 форматында сыртқы әріптестермен өзара іс-қимылдың кеңеюін тілге тиек етті. Ол 2024–2025 жылдары бұл формат Мемлекет басшылары деңгейіне көтерілгенін атап өтіп, Қазақстанның дәйекті көпвекторлы саясат жүргізетінін және өңірдегі конструктивті рөл атқаратын орта держава ретінде танылатынын айтты.Елші Арыстанов парламенттік және сараптамалық байланыстарды, сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы өзара іс-қимылды және GAROK қолдауымен жүргізіліп жатқан белсенді өңіраралық дипломатияны қамтитын C5+K форматындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Ол Қазақстанда корей капиталы бар 894 компания қызмет атқаратынын жеткізді.Сонымен қатар, гуманитарлық байланыстар да қарқын алып келеді: туристік ағын артып, білім беру бағдарламалары кеңеюде, оның ішінде Woosong университеті филиалының ашылуы және Қызылорда қаласында SeoulTech университетінің AI School жобасының іске қосылуы. Елші өңірдің ашықтығы артып келе жатқанын, соның ішінде Қазақстан мен Корея арасындағы 30 күндік визасыз режимнің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларын Сеул және Пусанмен байланыстыратын 20 тікелей әуе рейсінің бар екенін атап өтті. Бұл факторлар өзара байланыстарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды.Пікірталас барысында сарапшылар Орталық Азияның өзгеріп жатқан болмысына, өңірдің стратегиялық маңыздылығы мен экономикалық әлеуетінің артуына және технологиялық даму сұранысына сәйкес Корея Республикасының өңірге қатысты жаңа, мақсатты стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, Корея ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, инновацияларға, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына және адами капиталды дамытуға бағытталған болашаққа бағдарланған тәсілді қалыптастыруға мүдделі.Форумға қатысушылар Орталық Азияның геосаяси әрі экономикалық тұрғыдан өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады. Іс-шара аясында өткен сұрақ-жауап сессиясы талқылауды тереңдетуге және қосымша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1122828?lang=kk
«Ашық есік күні» шарасы 10.12.2025
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасында көзделген іс-шараларға сәйкес, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік органнның қызметімен таныстыру мақсатында «Ашық есік күні» іс шарасы өтті.Басқарма жұмысымен танысу мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрылыс мамандығының 1 курс студенттері Құрылыс басқармасына келіп, мекеменің жұмыс барысымен жақынырақ танысты.Олар мемлекеттік қызметтің қалай ұйымдастырылатынын көріп, саланың жауапкершілігі мен маңызын өз көздерімен байқады. Осындай шаралар жастарға болашақ мамандығын таңдауда бағыт беріп, мемлекеттік қызметтің ашықтығын тағы бір мәрте дәлелдейді.Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, жауапкершілігі және қоғамға қызмет ету қағидаттары жастарға үлкен мотивация болды. Біз әрдайым жастарды қолдауға және оларды кәсіби дамуға ынталандыруға қуаныштымыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1122841?lang=kk