Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Албанияда алғаш рет өткен Қазақстан мәдениеті күндері аясында Тиранада салтанатты концерт пен фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды 23.10.2025
Тирана, 2025 жылғы 19-21 қазан – Албания астанасы Тирана қаласының орталығындағы «Шеши Италия» алаңында Қазақстан мәдениеті күндерінің ашылуына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараны Албаниядағы Қазақстан Елшілігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Албанияның Мәдениет министрлігі, Тирана қаласының әкімдігі, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы және ҚР Албаниядағы Құрметті консулының қолдауымен ұйымдастырылды.Мәдени мереке аясында еліміздің «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі және Қазақстанның «Ізгі ниет елшісі» мен танымал орындаушы ADAM-ның қатысуымен үлкен ашық аспан астында концерт өтті.Қазақ даласының бай мәдени мұрасын заман талабына сай музыкалық бағытпен үйлестірген бірегей бағдарламасы жиналған көрермендерге паш етілді. Келген тыңдармандарға Түркі әлемінің мәдени музыкалық бренді ретінде кеңінен танылған «TURAN» тобы, ұлттық аспаптарымен шебер орындауында көшпенділер әлеміне саяхат жасатты.Іс-шарада «TURAN» ансамблімен қатар қазіргі қазақ эстрадасының жарық жұлдызы ADAM да өз өнерін көрсетті. Оның әлемге танымал және хитке айналған «Жүрек» атты әні цифрлық платформаларда миллиардтаған қаралым жинаған. Қазақстандық әртістердің Тиранадағы концерті жергілікті көрермендердің зор ықыласына ие болып, кештің аса көтеріңкі көңіл-күймен өтуіне серпін берді.Бұл концерттік кеш ашық форматта өтіп, барлық келген көрермендер үшін тегін болды. Іс-шараға Албания тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ мемлекеттік және мәдени мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус пен Қазақстандықтар қатысты.Оған қоса 20-21 қазанда Қазақстан мәдениеті күндері аясында Тирананың «Agimi» арт-орталығында қазақ фильмдердің көрсетілімімен жалғасты. Бағдарламаға «Қазақфильм» киностудиясының үш көркем фильмі енді: режиссер Ақан Сатаевтың «Мың бала: Даланың жауынгерлері» тарихи драмасы, Рашид Сүлейменовтің «Набат операциясы» драмалық экшн-фильмі және қазақ халқының ән өнерін әлемге танытқан Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әміре» биографиялық драмасы.Әсіресе «Набат операциясы» фильмі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрсетілімнен кейін басты рөлді ойнаған актер Бақыт Хаджибаев келген қонақтармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді және албан БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Бұл ашық диалог албан жұртшылығының қазақ киносы мен мәдениетіне деген шынайы қызығушылығын көрсетті.Албаниядағы Қазақстан мәдениеті күндері екіжақты гуманитарлық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Іс-шара халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және мәдени алмасуға жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-albania/press/news/details/1092173?lang=kk
Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының 35 жылдығына арналған сараптамалық дөңгелек үстел Исламабад қаласында өтті 23.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай Пәкістанның Нарықтық экономика зерттеу институтымен (PRIME) бірлесіп және Қазақстанның Сауда-экономикалық стратегиялар орталығының (CTES) қатысуымен «Мемлекеттік егемендік Декларациясы тұрғысынан Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өңірлік өзара байланыс және экономикалық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, іскер топтарының және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты.Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығының тәуелсіздік пен жаңғырудың символы ретіндегі маңызын атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары туралы айтып өтті, сондай-ақ 2025 жылы өткен және жоспарланып отырған іс-шаралар туралы қатысушыларды хабардар етті.Елші Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихы мен Пәкістанмен екіжақты қатынастардың негізгі кезеңдері арасында өзара сабақтастық пен параллельдер жүргізді.Негізгі баяндамаларды Сауда-экономикалық стратегиялар орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан Тәжібаев пен PRIME институтының директоры доктор Али Салман ұсынды.Өз сөздерінде олар экономикалық байланыстарды нығайтудың, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың және Орталық пен Оңтүстік Азия арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Талқылау барысында қатысушылар тұрақты көлік-логистика дәліздерін қалыптастырудың, цифрлық сауда алаңдарын дамытудың, өзара инвестицияларды арттырудың және энергетикалық байланыстарды жолға қоюдың өзектілігіне назар аударды.Жалпы, іс-шара қатысушылары Қазақстанның даму деңгейіне және оның егемен тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жоғары баға берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1092175?lang=kk
ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының ІІІ отырысы өтті 23.10.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының ІІІ отырысы өтті. Жиынға шығыстанушы ғалымдар, сала мамандары, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.Кездесу барысында шетел архивтерінде сақталған қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты сирек қолжазбалар мәселелері талқыланды.Сонымен қатар журналист, жазушы Тынышбек Дайрабай Ұлттық кітапхана қорына филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаеваның «Қисса Дандан» қолжазбасын, фольклортанушы Мардан Байділдаевтың еңбектерін және өзінің жеке мұрағатынан  материалдар топтамасын ресми түрде табыстады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1092160?lang=kk
Елордада салалық волонтерлікті дамытуға арналған әдістемелік құралдар таныстырылды 23.10.2025
Астанада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің салалық волонтерлікті дамытуға арналған кездесуі өтті. Жиын барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы стратегиялық серіктестік аясында әзірленген әдістемелік құралдарды таныстырды.Іс-шараға волонтерлікті дамытуға жауапты салалық ведомствалар қатысты. Олардың қатарында Ішкі істер министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері бар.Қатысушылар мемлекет пен волонтерлік ұйымдар арасындағы өзара тиімді ыртымақтастықты талқылап, тәжірибе алмасты және салалық волонтерлікті ұлттық деңгейде енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берді.Әдістемелік құралдарда нұсқаулықтар мен үздік тәжірибелер жинақталған. Аталмыш басылым түрлі секторлардағы волонтерлік қозғалысты жүйелі дамытуға бағытталған. Бұл – мемлекеттік органдарға волонтерлермен ашық әрі нәтижелі байланыс орнатуға арналған көмекші кұрал.Салалық гранттар жобасы аясында төтенше жағдайлар, экология, медицина, әлеуметтік қорғау, мәдениет және зооволонтерлік салалары бойынша 60 шағын грант бөлінді. Салалық волонтерлік мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестікті нығайтып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1092159?lang=kk
Қостанайда екі жаңа демалыс орны ашылды 23.10.2025
Бүгін Республика күні қарсаңында облыс әкімінің қатысуымен екі жаңа қоғамдық кеңістік ашылды — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы саябақ және Темірбаев көшесіндегі сквер.Екі нысан да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында салынды. Университет аумағындағы саябақта спорт және демалыс аймақтары, балалар алаңдары, веложол, амфитеатр және көгалдандырылған серуен жолдары бар.Темірбаев көшесіндегі скверде жарық шамдары, орындықтар мен автотұрақтар орнатылып, ағаштар мен гүлдер егілді.Жаңа орындар қала тұрғындарына жайлы демалыс пен серуендеуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1092126?lang=kk
АИТВ-сыз әлемде өмір сүру – әркімнің таңдауы! 23.10.2025
2025 жылдың 22 қазан күні Алматы облысы Қарасай ауданының жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 2-тарауы, 1-тармағы – «АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарына интеграциялау» аясында «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының және Қарасай клиникалық көпбейінді аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен өтті.Іс-шараның мақсаты – педагогтардың АИТВ инфекциясының алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі білім деңгейін арттыру болды.Дөңгелек үстел жұмысына биология пәні мұғалімдері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен мектеп мейірбикелері қатысты. Барлығы – 70 қатысушы.Іс-шара барысында бірнеше дәрігер баяндама жасады. Атап айтқанда «Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында – Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиологы А. Сұлтанова. «Ерте жүктіліктің алдын алу» – Қарасай клиникалық көпбейінді аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері А. Өтепбергенова. «Ер балалардың репродуктивті денсаулығын сақтау» – уролог дәрігер Е. Абуов. «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу» – дерматовенеролог дәрігер Т. Кузьмина. «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында – психолог С. Сұлтанғалиева.Қатысушылар мұндай кездесулердің педагогтардың АИТВ инфекциясының алдын алу саласындағы білімін кеңейтуге және жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1092052?lang=kk
Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша «Ашық есік күні» өтті 23.10.2025
Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.Іс-шара барысында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу өткізіліп, басқарма мамандары салық заңнамасындағы өзгерістердің басты бағыттары мен жаңашыл тұстарын кеңінен түсіндірді.Кездесу кезінде қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығы бойынша енгізілетін негізгі жаңалықтарға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру бағытындағы шаралар туралы ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1092042?lang=kk
Республика күніне орай елімізде «Жанашыр жүрек» акциясы өтуде 23.10.2025
Республика күні қарсаңында 16–25 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Жанашыр жүрек» атты ауқымды акция өтіп жатыр. Игі бастама азаматтық белсенділікті дамытуға, көмекке мұқтаж жандарды қолдауға, мейірімділік пен көмек көрсету мәдениетін нығайтуға бағытталған.Алматы қаласында бастама аясында 20-дан астам қайырымдылық іс-шара жүзеге асты. Соның бірі – «Qamqor bol» акциясы. Волонтерлер баспанасы жоқ адамдарға ыстық тағам мен сусын таратты. Ұйымдастырушылар қарттар үйінде шығармашылық кеш өткізіп, қарияларға ерекше көңіл-күй сыйлады.Жетісу облысында волонтерлер түрлі қайырымдылық іс-шараларға қатысып, ардагерлерге қамқорлық жасап, тұрмыстық және әлеуметтік көмек көрсетті.Қарағанды облысында волонтерлер «Луч» нейрореабилитация орталығына, ауыр науқастарға арналған клиникаға және облыстық балалар психиатриялық орталығына барып, мәдени және тәрбиелік мәні бар бағдарламалр ұсынды.«Жанашыр жүрек» акциясына волонтерлік ұйымдар, жастар бірлестіктері мен белсенді азаматтар белсенді қатысып, атсалысуда. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1091978?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Кеген ауданында ағаш егу шарасы өткізілді. 23.10.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Кеген ауданында ағаш егу шарасы өткізілді.Аудан жұртшылығы қызу қолдаған айтулы шараға Кеген аудандық мәслихатының төрағасы А. Нұғман, аппарат басшысы У. Ақжігіт және аппарат қызметкерлері қатысты. Орталық алаңдағы сахна маңайына және З. Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің ауласына шырша және балқарағай көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1091986?lang=kk
Тиранада Қазақстан Елшілігінің ресми ашылуы өтті 23.10.2025
Тирана, 2025 жылғы 21 қазан – Албания астанасында Қазақстан Елшілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстанның Албаниядағы Елшісі Искандер Айсариев, Албанияның Еуропа және сыртқы істер жөніндегі министрінің орынбасары Меги Фино, Тирана қаласының әкімі, Қазақстанның Құрметті консулы, сондай-ақ Албания үкіметі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус, бизнес топтар, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Дәстүрлі түрде символикалық лентаның қиылу сәті, Қазақстан мен Албания арасындағы екіжақты қатынастардың жаңа кезеңінің басталуын жарқын көрінісі болды.Өз сөзінде И.Айсариев Елшіліктің ашылуы тарихи маңыздылығын атап өтіп, бұл қадам екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдеуіне жол ашатынын жеткізді. Ол аса жоғары және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың жолға қойылғанын, парламенттер мен үкіметтер арасындағы байланыстардың белсенді дамып жатқанын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасулардың біртіндеп кеңейіп жатқанын атап өтті.Албания Сыртқы істер министрінің орынбасары Меги Фино Тирана қаласында ҚР Елшілігін ашу туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін жоғары бағалап, бұл қадамды өзара сенім мен ортақ құндылықтарға негізделген серіктестікті нығайтуға деген ұмтылыстың дәлелі екенін айтты. Сонымен бірге ол елдеріміз арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға деген өзара қызығушылық, сондай-ақ халықаралық аренада өзара қолдау бар екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-albania/press/news/details/1091987?lang=kk
Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Байрағымыз желбіреп, биік етсін сенімді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды 23.10.2025
Республика күніне орай Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Байрағымыз желбіреп, биік етсін сенімді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — жастардың патриоттық рухын көтеру, мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттау және архив құжаттары арқылы ел тарихына терең үңілу. Шараға архив қызметкерлері мен Талдықорған инновациялық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері және кураторлары Р.Т. Габдуллина  қатысты. Құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Л.А. Ануарханова қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен мәні туралы баяндап, тарихи құжаттармен таныстырды. Дөңгелек үстел барысында студенттерге сұрақтар қойылды, пікір алмасты. Ұлттық мерекеге орай өткен шара жастардың тарихи санасын қалыптастыруға және елжандылықты арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1091950?lang=kk
7-8 сынып оқушылары арасында асық атудан облыстық жарыстарға қатысу туралы 23.10.2025
2025 жылғы 22 казан күні Осакаров ауданының білім бөліміне қарасты «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ командасы Қарағанды қаласында өткен 7-8 сынып ұлдары арасындағы асық ату бойынша областық жарысқа қатысты.Облыстың 11 ең мықты командасы арасында біздің оқушылар жоғары дайындық деңгейі мен командалық рухты көрсетіп, 1-орынды иеленді.Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз және бапкерлеріміз – Аульбеков К.И. пен Дюсенбаев Д.А.-ға кәсіби шеберліктері мен өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтамыз.Бұл жеңіс жаңа табыстар мен жетістіктерге жетелеуші ынта болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1091918?lang=kk
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 23.10.2025
Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға департамент қызметкерлері мен олардың отбасылары, ҚАЖ ардагерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың өкілдері қатысты. Патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері де шақырылды.Салтанатты жиында 50-ден астам адам марапатталды. Министрдің, ішкі істер Министрінің орынбасары – ҚАЖ комитеті төрағасының және департамент бастығының бұйрықтарымен қызметкерлерге грамоталар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді. Үздік қызметкерлердің ата-аналарына балаларының абыройлы тәрбиесі үшін алғыс білдірілді, ал ҚАЖ ардагерлеріне естелік медальдар табысталды.Сөз сөйлеген департамент бастығы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің құқықтық тәртіпті, заңдылық пен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің, Қазақстан халқының даму мен өркендеуге деген ұмтылысының нышаны екенін ерекше айтты.Іс-шара соңында Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әртістері мерекелік концерт қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен Отанға деген мақтаныш сезімін сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1091919?lang=kk
Республика күні қарсаңында марапаттау 23.10.2025
25 қазан - Республика күні қарсаңында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Департаменттің қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Бибигүл Мухитқызы Есекееваның ұлы, 3-сынып оқушысы Әділет Рүстемұлы Берікпен кездесті.Кездесу барысында Департамент басшысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Департаментте өткізілген іс-шараға белсене қатысып, Абай шығармашылығына арналған танымдық бейнеролик дайындағаны үшін Әділетке алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.Айта кетерлігі, баланың аты - Әділет, бұл өз кезегінде Әділет департаменті қызметімен үндес, әділдік пен парасаттылықтың нышаны іспеттес болды. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1091920?lang=kk
«Книгологично-2025» 23.10.2025
22 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және  жасөспірімдер кітапханасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды «Книгологично-2025» фестивалі өтті. Бұл ерекше шара - оқуға деген сүйіспеншілік пен табиғатты аялау идеясын біріктіретін шара.Фестиваль шығармашылыққа, білімге және экологиялық ағартуға арналған үлкен алаңға айналып, әр қатысушыға табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.Бағдарламада экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатқа ұқыпты көзқарасты дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларға толы болды:пластикалық қақпақтарды жинау және оларды қайта өңдеуге тапсыруға арналған кең көлемді экологиялық акция;қайта өңделген материалдардан арт-нысандар жасау бойынша шығармашылық шеберлік сабағы;көркем инсталляциялар көрмесі;пластикалық ластану мәселелері мен қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығына арналған ақпараттық таныстырылым.Фестиваль аясында Күршім өңірінің тумасы Оралбек Рәбилович Булжановтың қолдан жасалған туындылары қойылып, онлайн таныстырылды. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы пластикалық бөтелкелерден керемет декоративтік мүсіндер жасап, айналасындағы адамдарды экологиялық өнерге шабыттандырып келеді.Шараға арнайы шақырылған Өскемен қаласындағы қайта өңдеу зауытының өкілі Тұраров Нұрлан Асқарұлы  қатысып, балалар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңыздылығын атап өтті. Фестивальдің қорытындысы ретінде жиналған пластикалық қақпақтардан үлкен композиция жасалды.«Книгологично-2025» фестивалі оқу, шығармашылық және экологияны ұштастыру — ғаламшарды келешек ұрпақ үшін сақтау ісінде қуатты құрал бола алатынын дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1091921?lang=kk
5-6 сынып қыздары арасында бес асықтан облыстық жарыстарға қатысу туралы 23.10.2025
2025 жылғы 20 казан күні Осакаров ауданының білім бөліміне қарасты «Тірек мектеп (ресурстық орталық) №12» КММ командасы Қарағанды қаласында өткен 5-6 сынып қыздар арасындағы областық бес асық жарысына қатысты.Облыстың 10 үздік командасы қатысқан сайыста біздің спортшылар жоғары дайындық деңгейі пен командалық рух көрсетіп, 3-орынды иеленді.Біз өз оқушыларымызбен мақтанамыз және кәсібіне адалдығы мен шеберлігі үшін бапкеріміз – Ельшманов Ерталапқа алғыс білдіреміз.Бұл жеңіс жаңа жетістіктер мен табыстарға ынталандыратын бастама болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1091926?lang=kk
Дауылбай қорымынан табылған жәдігерлер қайта қалпына келтірілді 23.10.2025
2023–2024 жылдары Тарих ғылымдарының докторы Д.С.Байғұнақовтың  жетекшілігімен Қаратал ауданы аумағындағы Дауылбай қорымына дадалық зерттеу жұмыстар жүргізілген еді. Нәтижесінде алтын бұйым бөліктері, алтын моншақ, алтын сырғалар, сүйек түйме, қоладан жасалған шаш түйрегіш, қола тоға, қоладан жасалған бұйымдар және қыш құмыралар табылды. Бүгінде табылған заттар Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы.7-11 қазан аралығында «Ғылыми-эксперименттік тәжірибелік археология» ЖШС-нің кәсіби мамандары жәдігерлерге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде металл бұйымдардағы коррозиялық қабаттар мен тотығу іздері мұқият тазартылып,  Керамикалық және сүйек бұйымдардың сынықтары қайта құрастырылды.Бұл жәдігерлер – ежелгі дәуірдің өмір салты, наным-сенімі, өнері мен мәдениетінен сыр шертетін аса құнды мұра.  Жәдігерлер – өткен күннің бір бөлшегі ғана емес, бүгінгі ұрпаққа аманат етілген рухани шежіре. Алдағы уақытта бұл құнды артефактілер музей экспозициясынан лайықты орын алып, қонақтар назарына ұсынылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1091933?lang=kk
Республика күніне орай облыстық музейде шара өткізілді 23.10.2025
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде 25 қазан – Республика күніне орай «Айналайын» балалар үйінің оқушыларымен «Елдікке бастаған күн» атты қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Сондай-ақ, оқушылармен викториналық ойындар ойнатылды. Шара соңында әрбір оқушыға тарихи, тұлғатану, көркем әдеби кітаптар сыйға берілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1091939?lang=kk
ЕЛДЕ «REPUBLIC DAY» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЫҢДАҒАН ТАУАРҒА ЖЕҢІЛДІКТЕР 23.10.2025
Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты.24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда.Астанада акцияға MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Сарыарқа», «Koktal» сауда орталықтары, «Сауран» сауда үйі және Magnum, Small, АНВАР супермаркеттері қатысуда.Алматыда жеңілдіктерді «Forum», «Mega Alma-Ata», «Mega Park», Mart және Mart Village, «Maxima», «Aport Mall East», «MOSKVA metropolitan», «Grand Park», «Asia Park» және «Sputnik» сияқты танымал сауда орталықтарынан табуға болады.Шымкент қаласында «Mega Planet», «Hyper House», «Фиркан Сити», «Shymkent Plaza», «Shymkent City Mall», «RAHIMA PLAZA», «Dur Plaza», «Бекжан», «Diamond Plaza», «Royal Plaza» және «Баян сұлу» сауда үйлері жеңілдіктер ұсынады.Ақмола облысында акция «ЦУМ», «РИО», «Арбат» сауда үйлерінде өтуде.Актөбе облысында – «Алия», «Мир», «Keruen City», «Aqtobe Mall», «City Shopping Centre», «Мега Шығыс» және «Нурдаулет» орталықтарында.Алматы облысында – «Сити Плюс» сауда орталығы, «Магнум», «Биг Маркет», «Чильсон», «Таң-Шолпан» супермаркеттері мен «Ярлин» дүкені.Атырау облысында – «Насиха», «Тамаша», «Атырау», «Baizaar», «Бақдәулет», «Мұрагер» сауда үйлері, «Infinity Mall» орталығы және Sulpak, Technodom, «Мечта» дүкендері.Шығыс Қазақстан облысында – «Волна», «Колос», «Самал», «Керуен» супермаркеттері, "ТНП", "Фараон", «Император», «Гостиный двор», "Технодом" сауда орталықтары.Жамбыл облысында – «Алатау» (ЦУМ), «Grand Bazar», «Mart», «Дос-Нар», «Диана», «Дамдес», «Mart-Magnat» сауда орталықтары.Батыс Қазақстан облысында – «City Center», «Атриум», «Alem Plaza», «Орал», «Азиза», «Московский», «Галактика», «Asia Mall», «Жәңгір-Хан», «Квант», сондай-ақ Sulpak, «Технодом», «Мечта» дүкендері.Қарағанды облысында – «Абзал», «Таир», «Умай», «Global City», «City Mall», «БУМ», «Каскад», «Проспект», «Гранд Стор», «12 ай» және басқа да сауда нысандары.Қостанай облысында – «ЦУМ», «Mart», «Емшан», «Астыкжан», «Kostanay Plaza», «Солнечный», «Апельсин» және «БУМ».Қызылорда облысында – «Aray City Mall», «Жібек жолы», «Жайна», «Отырар», «Baiuzaq Plaza», «Ажар сити», Magnum, Small & Skif, «Эврика», Sulpak, Technodom және басқа да дүкендер.Маңғыстау облысында – «Актау», «AK KALA Mall», «Байтерек», «Shum», «Маңғыстау» ТРК мен Saya Park.Павлодар облысында – «Артур», «Квазар», «Тұлпар», «Мирас», «Атриум», «City Centre», «Batyr Mall», «Старый город», «Арман», «Баянмолл», «AsiaMall», «Гулливер» және басқа да орталықтар.Солтүстік Қазақстан облысында – «City Mall», «Rakhmet», «Сокол», «Айсберг», «Пирамида», «Аймер», «Семейный», «Солтүстік» супермаркеттері.Түркістан облысында – «Turan Mall», «Khanshaiym Plaza» және «Керуен Сарай».Абай облысында – «Park City», «Арғымақ», «Аркада», «Мереке», «Ақшың», «Қазына» сауда орталықтары.Ұлытау облысында – «Самаз», «Акцент», «Самади» супермаркеттері мен «Мечта», «Гармония», «Сымбат» дүкендері.Жетісу облысында – «Даулет», «Евразия», «Шаған» сауда орталықтары және Sulpak дүкені.Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды.Онлайн форматта да бірқатар танымал платформалар қосылды: Wildberries-те жеңілдіктер 90%-ға дейін, Fortemarket-те FMFEST промокоды арқылы 10 000 теңгелік бонус, Kaspi Магазин түрлі тауарлар санатына 58% дейін жеңілдік ұсынады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ 23.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің инвестициялық саясатын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік инвестициялар мен жеке бизнестің бастамаларына бірдей назар аудару – экономикалық өсудің басты шарты.Мемлекет басшысы ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын бизнес өкілдерімен де тығыз байланыс орнату қажеттігін айтты. Бұл – нақты мақсаттар мен экономикалық қажеттіліктерді айқындауға, өндіріс саласындағы сұранысты нақтылауға мүмкіндік береді. «Инвестицияға тапсырыс» ұғымы нақты өндірістік қажеттілікке сай қалыптасуы тиіс. Президенттің айтуынша, ел экономикасын дамыту үшін инвестициялық саясат нақты, мақсатты және теңгерімді болуы қажет. Бұл бағытта мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік маңызды рөл атқарады.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы банк секторы мен қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне де тоқталды. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің қаржысын нақты экономиканы дамытуға бағыттаудың тиімді жолдарын табуы тиіс. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды – шұғыл шешім қабылдау қажет.Президент банктер туралы жаңа заң қабылдау керектігін айтты. Ол заң экономиканың қазіргі сұранысына, технологиялық өзгерістерге сай болуы тиіс. Құжатта бәсекені күшейту, жаңа қаржы ұйымдарының нарыққа енуі, қаржы жүйесінің цифрлануы мен жаңғыруы, сондай-ақ цифрлық активтерді реттеу мәселелері ескерілуі қажет. Мемлекет басшысының бұл бастамалары Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады.#ПрезидентЖолдауы #ЭкономикалықДаму #Жолдау2025 #ҚаржыЖүйесі