Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

8 айдағы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады 11.09.2025
Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады.Өсудің негізгі факторлары сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика болды.Өнеркәсіп 7,6%-ға өсті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 6,5%-ды құраған өңдеу секторындағы өсім қарқынының жеделдеуі байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлері: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%) салалары.Сауда негізінен көтерме сауда есебінен 8,9%-ға өсті, оның саладағы үлесі 66,6%-ды құрайды. Ең жоғары өсу қарқыны Шымкент (+21,3%), Шығыс Қазақстан (+5,7%) және Жетісу (+0,6%) облыстарында тіркелді.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1065625?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1065894?lang=kk
Абу Дабиде Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды 11.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 10 қыркүйек – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сараптамалық қауымдастық өкілдері мен БАӘ-нің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.Дөңгелек үстелдің басында Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауындағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы қатысушыларға жан-жақты ақпарат берді.Қатысушылардың назарына реформалардың келесі бағыттары ұсынылды: бір палаталы Парламентке көшу, жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелері жөніндегі жеке ведомство құру, экономиканы әртараптандыру, атом электр станцияларын салу, әлеуметтік саланы қолдау және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту.Қазақстандық дипломат Жолдауды жүзеге асыру шетелдік серіктестер мен инвесторлар үшін, соның ішінде аталған салаларда бірлескен жобаларды құруда кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстандағы өзгерістерге үлкен қызығушылық танытып, Президент өз Жолдауында көтерген мәселелердің өзектілігін ерекше атап өтті.Мысалы, Доктор Абдулрахим Абдулвахид, "Media Hub International" компаниясының иесі және бас директоры, Жолдаудағы көптеген ережелер қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді бейнелейтінін және Қазақстан мен БАӘ арасындағы ақпараттық технологиялар мен цифрлық коммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеді.Доктор Хусния Әл Али, БАӘ Ұлттық кітапханасы мен архивінің білім беру жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан бастамаларының білім беруді цифрландыру мен кадрлар даярлаудағы маңыздылығын атап өтті. Оның пайымдауынша, Қазақстанның цифрлық экожүйелерді қалыптастыру тәжірибесі академиялық және мәдени алмасуда әмірліктердің әріптестері үшін пайдалы.Халед Мубарак Әл Кенди, "Emirates Global Education Investment Group" аналитикалық-білім беру орталығының бас директоры, Жолдаудағы адам капиталын дамытуға және инновацияларды енгізуге жасалған басымдықтар бірлескен білім беру және инвестициялық жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынына сенімін білдірді.Доктор Мохаммед Камиль Әл-Муайни, Мәдени дипломатияның халықаралық институтының (IICD) төрағасы, Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы ішкі реформаларды жаһандық күн тәртібімен ұштастыратынын және Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына берік екенін атап өтті. Ол мәдени дипломатия мен гуманитарлық байланыстардың екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің маңызды бағыты бола алатынын айтты.Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық серіктестіктің Президент Жолдауында белгіленген басымдықтармен толық үйлесетінін атап өтті. Экономика, білім, инновациялар және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық тәжірибесі екі ел халықтарының мүддесіне сай жаңа кезеңге жол ашатыны ерекше айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1065874?lang=kk
Ауыл шаруашылығының дамуы 11.09.2025
Алматы облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде өңірде 29,0 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі жұмыс істейді. Оның ішінде:1490 – заңды тұлға,845 – жеке кәсіпкер,26 696 – шаруа қожалығы.Ағымдағы жылы саланы қолдауға 27,7 млрд теңге субсидия бөлінді.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 283,8 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,3%, оның ішінде:өсімдік шаруашылығы – 47,9 млрд теңге (НКИ – 107,8%),мал шаруашылығы – 235,7 млрд теңге (НКИ – 102,4%).Облыс жалпы республикалық ауыл шаруашылығы өндірісінде 11,8% үлеспен 2-орында тұр.2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жер көлемі 434,1 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2 мың гектарға артық. Оның ішінде:дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 171,7 мың га,жүгері – 50,8 мың га,күріш – 6,0 мың га,майлы дақылдар – 32,2 мың га,картоп – 10,4 мың га,көкөніс – 15,8 мың га,бақша дақылдары – 2,3 мың га,мал азықтық дақылдар – 201,4 мың га.Тыңайтқыш және тұқым шаруашылығы2024–2028 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес облысқа 60,8 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Бүгінде 45,3 мың тоннасы алынды (74,5%).Сондай-ақ, облыста 20 тұқым өсіруші және 9 тұқым өткізуші жұмыс істейді. 2025 жылғы өнімге 63,0 мың тонна тұқым қоры дайындалған.2030 жылға дейін су үнемдеу технологияларын 186,6 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. 2025 жылы 50 мың гектарға енгізу межеленген. Қазірдің өзінде 22 318 гектарда (оның ішінде тамшылатып суару – 11 123 га, жаңбырлатып суару – 11 195 га) жаңа технологиялар қолданылуда.Ірі қара мал саны 617,8 мың басқа жетіп, 41,7%-ға артты. Қой мен ешкі – 2,7 млн бас, жылқы – 247,6 мың бас, құс – 9,5 млн басқа жетті.Өндірілген өнім көлемі:ет – 143,0 мың тонна,сүт – 162,8 мың тонна,тауық жұмыртқасы – 276,9 млн дана.Облыс республикада ет өндірісі бойынша – 1 орында (14,0%), құс еті өндірісі бойынша да – көшбасшы (30,0%).2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде құны 317,2 млрд теңге болатын 36 жоба іске асырылуда, нәтижесінде 734 тұрақты жұмыс орны ашылады. Биылғы жылы 33,5 млрд теңгеге 17 жоба жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1065870?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды! 11.09.2025
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды! 15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады!Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1065852?lang=kk
«Қоғам алдында сөйлеу, БАҚ, әлеуметтік желілер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті 11.09.2025
2025 жылғы 10 қыркүйекте Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп «Қоғам алдында сөйлеу, БАҚ, әлеуметтік желілер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін нығайту, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және цифрлық кеңістікте өзара әрекеттесу кезінде олардың жауапкершілігін арттыру.Семинар барысында мына мәселелерге ерекше назар аударылды:- Қоғам алдында сөйлеу әдебі және цифрлық мәдениет. Қатысушыларға интернеттегі әңгімелерде, ресми сөз сөйлеулерде және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарда сыпайы әрі дұрыс үн қолдану ұсынылды. Бұл – цифрлық этиканың негізгі талабы.- Лудоманияға қарсы іс-қимыл. Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы және ойынханаларға баруы жол берілмейтіні атап өтілді.- Дискриминацияға жол бермеу. Әйелдерге қатысты кез келген кемсіту түрлеріне қатаң тыйым салынатынына және барлық азаматтарға жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан құрметпен қарау қажеттігіне назар аударылды.- Ар-ождан және діни сенім бостандығы. Қызметкерлерді немесе азаматтарды діни ұйымдардың жұмысына қатысуға мәжбүрлеу – этикалық нормалар мен заңнамаға қайшы келетін өрескел бұзушылық екендігі ерекше атап өтілді.Семинар қызметтік іссапарларда, тексерулер жүргізу кезінде және қызметтен тыс уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі практикалық мәселелерді талқылаумен, сондай-ақ заңнамада көзделген шектеулер мен тыйымдарды түсіндірумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1065736?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ-ның елді мекендер жөніндегі бағдарламасы (UN-Habitat) ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 11.09.2025
Найроби, 2025 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР-ның БҰҰ Найробидегі бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Адам қоныстары бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы директоры Анаклаудия Маринейру Сентено Россбахпен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның UN-Habitat-пен өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, соның ішінде қалалар мен елді мекендерді дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын талқылады.Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мен UN-Habitat арасындағы өзара іс-қимыл айтарлықтай жанданып, бұл серіктестік қалалық және ауылдық елді мекендердегі реттеу, жоспарлау, жобалау және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, ұлттық қала құрылысы саясатының әртүрлі аспектілерін дамытуға ықпал еткені атап өтілді.Тараптар 2025 жылдың шілдесінде Қызылорда қаласында климаттық өзгерістерді ескере отырып, қалаларды тұрақты дамытуға, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы байланысқа және шағын қалалардың ел дамуына қосқан үлесіне арналған «Өңірлерден басталатын кешенді қалалық трансформация» тақырыбында өткен бірінші ұлттық қалалық форумның табысты өткенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен UN-Habitat арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін өзара кездесулерді ұйымдастыру және өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Анықтама: UN-Habitat (Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам қоныстары бағдарламасы) — тұрақты қалалық даму және елді мекендер мәселелеріне маманданған БҰҰ агенттігі. Ол 1976 жылы Ванкуверде өткен БҰҰ-ның Адам қоныстары жөніндегі бірінші конференциясынан (Habitat I) кейін, 1978 жылы құрылған. UN-Habitat үкіметтермен, жергілікті билікпен, азаматтық қоғаммен және бүкіл әлемдегі жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, урбанизация бойынша жаһандық күн тәртібінде негізгі рөл атқарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1065743?lang=kk
Бір батырмамен жедел жәрдем: цифрлық технологиялар Қостанайдағы шұғыл қызметтердің ашықтығын арттырады 11.09.2025
Енді қостанайлықтар өз шақырған жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақыт режимінде бақылай алады. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қостанай облысының әкімдігі және Yandex Qazaqstan компаниясының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды. Бригаданың қозғалысын браузердегі картадан көруге болады. Жаңа мүмкіндік диспетчерлерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуы тиіс. Бұл туралы Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунмен өткен QostanAI Investment Forum барысында айтты. Шақырылған жедел жәрдемнің қозғалысын картадан көру мүмкіндігі әзірге браузерде қолжетімді болады, ал болашақта — Яндекс Go қосымшасына енгізіледі деп жоспарлануда. Бұл да диспетчерлердің жұмысын жеңілдетеді деп күтіледі. Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін жүйе автоматты түрде картаға сілтемесі бар SMS жолдайды. Сол сілтеме арқылы бригаданың нақты уақыттағы қозғалысын көруге болады. Бұл шешім Яндекс Картаның JavaScript API технологиясы негізінде жүзеге асырылған. Жаңа жоба шұғыл қызметтердің жұмысын барынша ашық етуге, диспетчерлердің жүктемесін азайтуға және халықпен өзара әрекеттесуді жақсартуға бағытталған. Алғашқы кезеңде қызмет Қостанай аумағындағы кейбір шақыруларға қолжетімді болса, алдағы уақытта барлық шақыртуға енгізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1065689?lang=kk
Ауданық қоғамдық кеңес отырысы 11.09.2025
10 қыркүйек 2025 жылы аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті.Күн тәртібінде қаралған мәселелер:1.«Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 7 айында ауылдық округ бойынша атқарған, алда атқаратын жұмыстары     және бөлінген  бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, жергілікті қоғамдастық жиналысымен байланысы жайлы ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековтың есебі.2.Ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 8 айында аудан бойынша атқарған, алда атқарылатын жұмыстары  жайлы бөлім басшысы Т.Тәтібаевтың есебі.Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына орай, Кеген ауылынан ұлықталып келген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көше атауын беру жөнінде, сонымен қатар республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген ауданнан шыққан тарихи тұлғаларға атауы жоқ көшелермен, қайталанатын көшелерді беру туралы ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 18 тамыз 2025 жылғы 01-11/117 санды хаты.Кеген ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы  атқарып жатқан жұмыстары туралы  бөлім басшысы А.Оспановтың есебіКүн тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша:«Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 7 айында ауылдық округ бойынша атқарған, алда атқаратын жұмыстары     және бөлінген  бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, жергілікті қоғамдастық жиналысымен байланысы жайлы ауылдық округ әкімі Сабырбеков Ернұр Асанұлы баяндама жасады.Баяндаманы тыңдап, талқылай келе ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:«Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 7 айында ауылдық округ бойынша атқарған, алда атқаратын жұмыстары және бөлінген  бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, жергілікті қоғамдастық жиналысымен байланысы жайлы  ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековтың есебі  еске алынды.Бүгінгі отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, ауылдық округтегі жұмыстарды жандандыру, мамандардың жауапкершілігін арттыру, жергілікті қоғамдастық жиналысымен тығыз жұмыс істеу, ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековке ұсынылды.Қарқара ауылдық мәдениет үйінің құрылыс жұмысы толық бітпегендіктен, ол жерде жұмыс істеп отырған мекемелерді басқа жерге орналастыруға ықпал етіп, ғимаратты босатып беру ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековке ұсынылды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша:Ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және  спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 8 айында аудан бойынша атқарған, алда атқарылатын жұмыстары  жайлы бөлім басшысы Т.Тәтібаев баяндама жасады.Ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:Ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 8 айында аудан бойынша атқарған, алда атқарылатын жұмыстары  жайлы бөлім басшысы Т.Тәтібаевқа кітапхана, спорт, мәдениет үйлері басшыларын қатыстыра отырып, келесі отырыста қайта есеп беруі ұсынылды. .Күн тәртібіндегі үшінші мәселе  бойынша:Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың  тапсырмасына орай, Кеген ауылынан ұлықталып келген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көше атауын беру жөнінде, сонымен қатар республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген ауданнан шыққан тарихи тұлғаларға атауы жоқ көшелермен, қайталанатын көшелерді беру туралы ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және  спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы Ғ.Бозымбаева және тиісті ауылдық округ әкімдері  хабарлама жасады. Ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:Ұлықталған ҰОС ардагерлері Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылынан Қадыр Сәулеевке, Жалағаш ауылдық округі, Жалағаш ауылынан бойынша Әмірше Бейсенбаевқа, Тоғызбұлақ ауылынан Арғынбек Бұланбаевқа, Меркі ауылынан Оразай Көпбаевқа берілетін көшелер болмағандықтан, көше атауын беру кейінге қалдырылсын.     Республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енген А.Найманбайұлы жайлы тарихи деректерді анықтау қажет, көше атын беру кейінге қалдырылсын.    Ұсынылған тізімге сәйкес басқа тұлғаларға тиісті ауылдық округтердің  ауылдарынан көше атаулары берілсін.Күн тәртібіндегі бесінші мәселе  бойынша:Кеген  ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан  көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы  атқарып жатқан жұмыстары туралы  бөлім басшысы А.Оспанов баяндама жасады.Ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:Кеген ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы  атқарып жатқан жұмыстары туралы  бөлім басшысы А.Оспановтың есебі  толық болмағандықтан, келесі отырыста қайта есеп беру ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1065632?lang=kk
Эквадордағы ҚР Құрметті консулдығы Эквадорда жүрген Қазақстан азаматтары үшін ерекше жағдайлар жасайды 11.09.2025
Кито қ., 2025 жылғы 10 қыркүйек - Қазақстанның Эквадордағы Құрметті консулы Леопольдо Окампо мен «Club de Leones Quito Luz de América» клиникасының директоры Марсело Вискарра Эквадордағы Қазақстан азаматтарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Бұл келісімнің негізгі мақсаты – Эквадорда тұратын Қазақстан азаматтарына халықаралық ынтымақтастық пен екі елдің халықтары арасындағы өзара бірліктің қағидаттарына сәйкес, ерекше жеңілдіктермен дер кезінде медициналық көмек көрсету.Бұл бастама Қазақстан азаматтарының Эквадордағы интеграциясы мен игілігіне белсенді үлес қосқан Л.Окампоның дипломатиялық және гуманитарлық іс-қимылының арқасында мүмкін болды. «Club de Leones Quito Luz de América» клиникасы әлеуметтік жауапкершілік және гуманитарлық қызмет көрсету құндылықтарына сәйкес, қоғамға медициналық қызмет көрсету тәжірибесіне ие.Ресми қол қою рәсімі кезінде екі тарап та Эквадорда уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, екі елдің әлеуметтік және консулдық мекемелері арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Тараптардың пікірінше, қол қойылған келісім Эквадор мен Қазақстан арасындағы денсаулық сақтау саласындағы қатынастарда маңызды кезеңді білдіреді және екі мемлекет арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің негізін қалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1065621?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ 10.09.2025
Президентіміздің алға қойған міндеттері – мемлекетіміздің жаңа дәуірдегі дамуының берік іргетасы. Бұл мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз табандылықпен еңбек етіп, елдің игілігіне үлес қосуымыз қажет.Мемлекет басшысы Жолдауын талқылау жөніндегі кеңесте сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков осылай деді. Қала әкімдігінде өткен кеңеске  түрлі мемлекеттік орган өкілдері, қалалық мәлихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, білім, мәдениет және өзге де сала өкілдері қатысты.– Президентіміздің әрбір Жолдауы ел дамуының нақты бағытын айқындап, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына, ғылым мен технологияны дамытуға, әділетті қоғам орнатуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Президент жүктеген міндеттердің барлығы – халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға, мемлекетіміздің қуатын күшейтуге бағытталған, – Ғабит Әбдімәжитұлы. Кеңес барысында мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, сарапшылар мен түрлі сала өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған маңызды мәселелер жөнінде өз ойларын ортаға салды. – Президент атап өткен ең негізгі мәселелердің бірі – елімізге қомақты инвестиция тарту. Бұл – экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты тетігі. Мемлекет басшысы атап өткендей, инвестиция тарту тек орталық органдардың ғана емес, жергілікті атқарушы биліктің де тікелей міндеті болып отыр. Әкімдер өңірлердегі инвестициялық ахуал үшін жеке жауап беретінін Президент нақты айтты, – деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов. Мұнан кейін Жұмабек Тәшенов университеті директорлар кеңесінің төрағасы Оңалбай Аяшев ғылым – ел дамуының ең берік тірегі екеніне тоқталып, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар – сол ғылымның жаңа ғасырдағы қозғаушы күші екенін атап өтті.– Жасанды интеллект тек технологиялық құрал емес. Ол – білім мен ғылымның терең синтезі. Қазіргі заманда сапалы білім алған, ІТ саласын жетік меңгерген, білікті мамандарсыз ғылым да, экономика да ілгері баспайды. Сондықтан Президенттің жаңа буын мамандарын даярлау, цифрландыруды ғылыммен тығыз байланыстыру жөніндегі тапсырмалары ел дамуы үшін стратегиялық шешім болып отыр, – деді Оңалбай Аяшұлы. Оның айтуынша, елімізде білім мен ғылымды қолдауға бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асуда. Соңғы жылдары үздік шетелдік университеттердің филиалдары ашылып, халықаралық ғылыми орталықтармен ынтымақтастық нығайды. Бұл – қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануының айқын көрінісі. Сонымен бірге ғылымды қаржыландыру көлемі артып, ғылыми жобаларға бөлінетін гранттар еселеп өсуде. Бұл қадамдар жас ғалымдардың жаңа ізденістерге құлшына кірісуіне зор мүмкіндік беріп отыр.Ал, айтыскер ақын Біржан Байтуов Президент биылғы Жолдауында халқымызға үлкен ой салғанын айтты. – Әділетсіздікке төзбеу – азаматтық ардың айнасы, заңсыздыққа көз жұма қарамау – елдің еңсесін тіктейтін күш. Біз осыны берік ұстансақ қана мемлекетіміздің іргесі мықты болмақ. Заңсыздыққа төзімсіздік – тек билікке қойылар талап емес, ол – әрқайсымыздың ішкі мәдениетіміздің өлшемі. Көшеде бейберекет әрекетке, тұрмыстағы ұсақ құқықбұзушылыққа, қоғамдық орындардағы әдепсіздікке көз жұмып қарамай, соған қарсы үн қату – өркениетті қоғамға тән қасиет. Тәртіп орнаған жерде халықтың тұрмысы түзеледі, экономика дамиды, ұрпақтың болашағы жарқын болады, – деді Б.Байтуов. Кеңсті қортындылаған қала әкім Ғ.Сыздықбеков Президент Жолдауы – еліміздің жаңа даму кезеңінің нақты бағдары екенін атап өтті. Оның айтуынша, Президентіміздің тапсырмалары – әділетті қоғам құруға, экономиканы әртараптандыруға, әлеуметтік саланы жетілдіруге және ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған.– Шымкент қаласы да осы міндеттерді жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысады. Қала экономикасын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз. Әсіресе, жастарға сапалы білім беру, жаңа технологияларды енгізу, инновациялық жобаларды қолдау біздің басты басымдығымыз болмақ, – деген қала әкімі қалалық басқармаларға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, 2025 жылдың соңына дейін инвестиция көлемін кемінде 850 млрд теңгеге жеткізу, өнеркәсіп өнімін жыл соңына дейін 1 трлн теңгеден асыру, шағын және орта бизнестің үлесін қала экономикасында 46,3 пайызға дейін жеткізу міндеттелді. Ал, Цифрландыру басқармасына «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде пилоттық шешімдерді іске қосуды, жалпы цифрландыру бағытында жүзеге асырылатын жобалар санын кемінде 20-ға жеткізу тапсырылды. Сондай-ақ, қала әкімі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына – қаланың көлік-логистика саласын одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Оның ішінде қаланың транзиттік әлеуетін барынша ұлғайту керек, әуежайдың жаңа терминалының мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа ұшу-қону жолағын салу қажет. Сондай-ақ,  А-2 автомобиль жолын реконструкциялау мен Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.
Шымкентте Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті 10.09.2025
Шымкентте Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Алқалы сөзді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жүргізді. «Елбасымыз алға қойған міндеттер – еліміздің жаңа дәуірдегі дамуының берік іргетасы. Бұл мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз аянбай еңбек етіп, ел игілігіне үлес қосуымыз керек», - деді әкім. Қалалық әкімдікте өткен жиынға түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ білім, мәдениет және басқа да салалардың өкілдері қатысты. Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, Президенттің әрбір Жолдауы ел дамуының нақты бағытын айқындап, халықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылыққа, ғылым мен техниканы дамытуға, әділетті қоғам құруға қатысты өзекті мәселелерді алға тартты. Елбасы алға қойған барлық міндеттер халқымыздың өмір сүру сапасын арттыруға, мемлекетіміздің қуатын нығайтуға бағытталған. Жиын барысында мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, сарапшылар мен түрлі сала өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Мемлекет басшысы атап өткен өзекті міндеттердің бірі – елге қомақты инвестиция тарту екенін, бұл экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың басты тетігі екенін баса айтты. "Мемлекет басшысы атап өткендей, инвестиция тарту тек орталық органдардың ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың да тікелей міндеті болып табылады. Елбасы өңірлердегі инвестициялық ахуал үшін әкімдердің жеке жауапкершілікте екенін ерекше атап өтті", - деді Бахадыр Нарымбетов. Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің директорлар кеңесінің төрағасы Оңалбай Аяшев ғылым – ел дамуының ең берік тірегі, ал жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар жаңа ғасырдағы ғылымның қозғаушы күші екеніне тоқталды. "Жасанды интеллект - жай ғана технологиялық құрал емес. Ол білім мен ғылымның терең синтезі. Қазіргі заманда сапалы білім мен IT саласын жетік меңгерген білікті мамандарсыз ғылым да, экономика да ілгері жылжи алмайды. Сондықтан Елбасының мамандардың жаңа буынын даярлау және цифрландыруды ғылыммен тығыз байланыстыру жөніндегі тапсырмасы ел экономикасын дамытуға бағытталған стратегиялық шешім", - деді А. Ол елімізде білім мен ғылымды қолдау бойынша ауқымды шаралар қолға алынып жатқанын айтты. Соңғы жылдары жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып, халықаралық ғылыми орталықтармен ынтымақтастық нығая түсті, бұл қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануының айқын көрінісі. Сондай-ақ, ғылымды қаржыландыру ұлғайып, ғылыми жобаларға бөлінетін гранттар да айтарлықтай өсуде. Бұл қадамдар жас ғалымдарға жаңа зерттеулерге кең мүмкіндіктер береді. "Әділетсіздікке төзбеу азаматтық ар-ожданның айнасы, ал заңсыздықпен келіспеушілік - халықтың рухын көтеретін күш. Осы қағидаларды ұстану арқылы ғана мықты мемлекет құра аламыз. Заңсыздыққа төзбеу - билікке қойылатын талап қана емес, әрқайсымыздың ішкі мәдениетіміздің көрсеткіші. Күнделікті тәртіпсіздік пен тәртіпсіздікке жол бермеу. Тәртіп орнаған жерде халықтың тұрмысы түзеліп, экономикасы дамып, ұрпақ болашағы жарқын болатынына қарсы шығу – өркениетті қоғамға тән қасиет», - деді Біржан Байтуов «Айтыскерлердің» Жолдауына. Жиын соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Елбасы Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңінің жолындағы іс-қимылдың бағдары екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмалары әділетті қоғам құруға, экономиканы әртараптандыруға, әлеуметтік саланы жақсартуға, сондай-ақ ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған. "Шымкент қаласы осы міндеттерді жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысатын болады. Біз қала экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын боламыз. Жастарға сапалы білім беру, жаңа технологияларды енгізу және инновациялық жобаларды қолдау басты басымдылық болмақ", - деді қала әкімі мен басқармаларға маңызды тапсырмалар берді. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2025 жылдың соңына дейін инвестиция көлемін кемінде 850 миллиард теңгеге дейін ұлғайту, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 1 триллион теңгеге жеткізу, қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 46,3 пайызға жеткізу міндеті жүктелді. Цифрландыру бөлімінің алдында «Smart City» жобасын жүзеге асырудың «Smart Shymkent» жол картасы аясында цифрлық технологиялар мен шешімдерді іске қосу және жүзеге асырылып жатқан цифрландыру жобаларының санын 20-ға жеткізу міндеті тұр. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаланың көлік-логистика саласын одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастыру тапсырылды. Атап айтқанда, қаланың транзиттік әлеуетін барынша арттыру, жаңа әуежай терминалының мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа ұшу-қону жолағын салу қажет. Сондай-ақ, А-2 автожолын қайта жаңғырту және Д.Қонаев даңғылының ұзарту құрылысын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау тапсырылды.
2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының Жуалы мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы 10.09.2025
10.09.2025 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысуымен медиа-жоспар шеңберінде Жуалы аудандық әкімшілігінің акт залында, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.Іс-шараға қатысушылар – мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы семинарға 108 тындаушы қатысты.Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1065602?lang=kk
Алматы облысы цифрлық трансформация қарқынын күшейтуде 10.09.2025
Алматы облысы елдегі цифрлық трансформацияға қарқын беріп отырған жетекші өңірлердің бірі саналады. Бұл бағыт өңірде қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар арқылы дәлелденуде.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген отырыста өңірде жүріп жатқан өзгерістер мен алдағы жоспарлар жан-жақты қаралды. Жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық етті.Өңірде Алатау қаласының инновациялық инфрақұрылымы салынуда, жерді спутниктік бақылау енгізілуде, жасанды интеллект құрылыс алаңдарында және су ресурстарын басқару жүйесінде қолданыла бастады. Сонымен қатар, өнеркәсіп, логистика, туризм және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары дамуда. Бұл Президент Жолдауында көрсетілген цифрландыру мен инновацияға деген басымдықпен толық үйлеседі.Негізгі басымдық – инвестиция тарту. Бірнеше айдың ішінде өңірге жарты триллион теңгеден астам қаражат тартылды. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 1 триллион теңгеге жуықтайды деп күтілуде. Әкім Марат Сұлтанғазиев атап өткендей, инвесторлар үшін ең бастысы – ашық ережелер, жедел шешім қабылдау және кооперация алаңдарының болуы. Бұл міндеттерді Alatau АЭА мен «Қонаев» ӘКК жүзеге асырады.Алатау қаласы инновациялар орталығы әрі бүкіл облыс үшін «цифрлық полигон» ретінде қарастырылуда. Мұнда бас жоспар бекітілді, шағынаудандар қалыптасты. Болашақта қалаға ерекше мәртебе беріліп, өзгеше юрисдикция қарастырылмақ. Алатауда сынақтан өткен шешімдер ертең бүкіл өңірде, тіпті ел көлемінде енгізілуі мүмкін: «ақылды» ТКШ-дан бастап басқарудың цифрлық платформаларына дейін.Өңірдің экономикалық іргетасы энергетика мен инфрақұрылымды дамыту арқылы нығаюда. Күн және жел электр станцияларын салу бойынша ірі меморандумдарға қол қойылды. Бұл Мемлекет басшысы қойған энергетикалық қауіпсіздік міндеттеріне толық сәйкес келеді.Көлік-логистика саласында Алматы торабының жүктемесін азайтуға басымдық берілген. «Жетіген – Қазыбек бек» теміржол желісі салынып жатыр, заманауи көлік-логистикалық хаб пен жаңа логистикалық парктер құрылуда. Автожолдарға қатысты нақты межеге қол жеткізу жоспарланған – кемінде 95 пайызы жақсы немесе қанағаттанарлық жағдайда болуы тиіс.Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев атап өткендей, агросекторда негізгі басымдық – дәлме-дәл егіншілік пен суды тиімді пайдалану. Тозған желілер үлкен шығынға әкелуде. Осыған байланысты өңірде арналарды қайта жаңғырту, заманауи суару технологияларын енгізу және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайта айналымға қайтару шаралары жүзеге асырылуда.– Мемлекет басшысы атап өткендей, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері инвестиция мен жұмыспен қамтудың орталығына айналуы тиіс. 2026 жылдың ортасына дейін қайтарылған барлық жерлер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілуі қажет, – деді Рустам Исатаев.Бұл міндеттерді шешуде дрондар, спутниктер мен жасанды интеллект күнделікті бақылаудың тиімді құралына айналып келеді.Өңір әлеуметтік салада да цифрлық дәуірге қадам басуда. «Болашақ мектептері» салынып, жасанды интеллектке басымдық берілген білім беру жүйесі қалыптасуда. Жаңа медициналық мекемелер ашылып, әлеуметтік көмек нақты мұқтаж жандарға бағытталуда. Тұрғын үй құрылысы қолжетімділікке бағдарланса, коммуналдық қызметтер «ақылды» жүйеге біріктірілуде – таза сумен қамтудан бастап газдандыруға дейін.Президент атап өткендей, туризм – экономиканың маңызды драйвері. Алматы облысында осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде, әсіресе тау кластерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген.– Қазіргі таңда тау кластерін инженерлік инфрақұрылыммен және көлік қолжетімділігімен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. «Ой-Қарағай» курортына газ құбыры тартылуда, сыртқы электрмен жабдықтау жобалары әзірленуде, туристік базаларға жол салу жоспарланған. Мұның барлығы туристер ағынын жылына 850 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді «Ақ Бұлақ» шипажайының директоры Сұңқар Искаков.Қазірдің өзінде туристер саны артып келеді, жаңа курорттар салынып, инфрақұрылым жүргізілуде. Туризм жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты табыс көзіне айналып отыр.Осылайша, Алматы облысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық міндеттердің аясында жасанды интеллект дәуіріне батыл қадам жасауда. Цифрлық Алатау, жасыл энергетика, заманауи жолдар, жаңа мектептер мен медициналық нысандар, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы мен ТКШ-дағы «ақылды» технологиялар – өңірдің алдағы жылдардағы басты бағыты болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1065604?lang=kk
Ұлттық экономика министрлігінде Мемлекет басшысының Жолдауын орындау шаралары талқыланды 10.09.2025
Ұлттық экономика министрлігінде Премьер-Министрдің орынбасары – министр Серік Жұманғариннің төрағалығымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған кеңес өткізілді.Кеңес Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Үкімет отырысында берген тапсырмаларын дамытуға арналды.Серік Жұманғарин тұрақты экономикалық өсуді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Инфляция қарқынын және реттелетін қызметтер бағасын тежеу үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетіне бір апта мерзімде тарифтерді қайта қарау жөнінде ұсыныстар беру тапсырылды. Сондай-ақ инфляция деңгейін бақылау мен төмендету жөніндегі шаралар кешені жаңартылады.Негізгі бағыт — жаңа инвестициялық циклды іске қосу. Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп инвестиция тарту жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайындайды. "Бәйтерек" холдингі отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен перспективалық жобаларды талдап, құрылымдаумен айналысады.Алатау қаласын іскерлік белсенділік пен инновацияның жаңа орталығы ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Әкімшілік жүктемені азайту үшін Ұлттық экономика министрлігі бизнеске кедергілерді жою және міндетті талаптар тізілімін өзектендіру жұмысын жалғастырады. Бұл ретте негізгі міндет шағын және орта кәсіпкерлікті қорғау және қолдау болып қала бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1065536?lang=kk
Салықтық тексерулерінің түрлері 10.09.2025
ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес салықтық тексерудің екі түрі бар:- тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер- жоспардан тыс салықтық тексерулер  Салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты салық органдары тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер болып табылады . Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексеру бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Кестеге өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Кесте орналастырылған:- өткен жылдың 25 желтоқсанына дейін- ағымдағы жылдың 25 мамырына дейінЖоспардан тыс тексеру кестеден тыс келесі негіздер бойынша тағайындалады: - салық төлеушінің өтініші немесе шағымы бойынша- ҚҚС бойынша қызметті жою, тоқтату немесе есептен шығару кезінде- ҚҚС бойынша асып кетуді қайтару кезінде- халықаралық келісімдерді қолдану кезінде- қылмыстық іс жүргізу негіздері бойынша- салық органдарының хабарламасы орындалмаған кезде- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт аяқталған кезде- жалған шот-фактуралар мәселелері бойынша- дебиторлармен есеп айырысу бойынша- салық төлеушінің өтініші бойынша- уәкілетті органның немесе соттың шешімі бойынша- банктер мен қаржы ұйымдарын бақылау үшін- жалпы салық міндеттерінің орындалуын бағалау үшінКейбір жоспардан тыс тексерулер дәлелденген мерзімде қайта жүргізілуі мүмкін.Ерекшелік: егер сотқа шағым берілсе-сот шешіміне дейін қайта тексеру жүргізілмейді. Егер компания көлденең мониторингке қатысса, тексерулер жүргізілмейді (қарсы тексерулерді, ҚР ҚІЖК көзделген негіздер бойынша салық тексерулерін қоспағанда, салық төлеушінің өзі өтініші бойынша немесе салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты.)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1065499?lang=kk
Төлем көзіндегі корпоративтік табыс салығы (КТС) 10.09.2025
Төлем көзіндегі КТС – мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көздерінің бірі. Ол Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместердің кірістерінен ұсталады.Салықты кім ұстайды:Резидент заңды тұлғалар мен ұйымдар резидент еместерге табыс төлеген кезде салық агенті ретінде КТС ұстайды.Салық мөлшерлемелері:20% – белсенді кірістерге және оффшорлық аймақтардағы компаниялардың кірістеріне;15% – дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге және тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына;5% – қайта сақтандыру шарттары мен халықаралық тасымалдауға.Салықты бюджетке аудару мерзімдері:Төленген кірістер бойынша – төлем жасалған айдан кейінгі 25 күннен кешіктірмей;Есептелген, бірақ төленбеген кірістер бойынша – КТС декларациясын тапсыру мерзімінен кейінгі 10 күн ішінде;Алдын ала төлем кезінде – кіріс есептелген айдан кейінгі 25 күннен кешіктірмей.Есептілікті тапсыру:КТС бойынша есепті салық агенті тоқсан сайын тапсырады:I–III тоқсандар үшін – келесі тоқсанның екінші айының 15-іне дейін;IV тоқсан үшін – келесі жылдың 31 наурызына дейін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1065473?lang=kk
KazAID пен Швейцария Елшілігінің кездесуі 10.09.2025
KazAID пен Швейцария Елшілігінің кездесуі2025 жылғы 10 қыркүйек, Астана -  «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі өкілдері мен Швейцария Елшілігінің өкілдері кездесті.Кездесуге Швейцария Елшілігінің Қазақстандағы миссия басшысының орынбасары Тобиас Вердер және KazAID серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің директоры Бекзат Жақұпов қатысты.Кездесу барысында тараптар KazAID пен Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) арасындағы жұмыс перспективаларын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1065482?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау бойынша топ сұрақтар 10.09.2025
250 және 270 декларацияларын кім тапсыруы керек? Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынады:1) шетелде мүлікке иелік ететін ҚР азаматтары мен резиденттері, соның ішінде:- жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, жер;- шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі;- шетелдік банктердегі шоттардағы ақша, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асса;- инвестициялық алтын;- тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;- эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;- шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;- басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы дебиторлық/кредиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);- (бағалау құны болған жағдайда) құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлік (қалауы бойынша).2) сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;3) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушы мәртебесіне үміткер тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);5) цифрлық активтерге ие ҚР азаматтары мен резиденттері. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынады:1) мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылары;4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған тұлғалар;6) шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;7) шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;9) есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерде мүлікті сатып алған тұлғалар.  250 және 270 декларацияларын кімге тапсырудың қажеті жоқ? Декларация 250.00:шетелдік активтері жоқ жеке тұлғаларға;төменде көрсетілгендер болып табылмайтын жеке тұлғаларға:- сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайларына;- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);- цифрлық активтерге иелік ететін ҚР азаматтары мен резиденттері. Декларация 270.00:Салық кодексінің 633-бабында көрсетілген тұлғалардың мынадай санаттарына жатпайтын жеке тұлғаларға:1) мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылары;4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған тұлғалар;6) шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;7) шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;9) есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын, оның ішінде ҚР шегінен тыс мүлікті сатып алған тұлғалар. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1066241?lang=kk
Қазақстан мен ОАР АЭХА аясында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 10.09.2025
Претория, 2025 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжановтың ОАР СІМ Қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі директоры Кгаугела Могашоамен кездесті.Кездесу барысында тараптар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. 2025 жылғы қыркүйекте Вена қаласында өтетін АЭХА Бас конференциясының 69 сессиясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ БҰҰ Жарғысы мен АЭХА ережелерін сақтау мәселелеріндегі қадамдардың сәйкестігін растады. Барлық мүше мемлекеттердің тең және ажырамас құқықтары сенімді дамыту, жаһандық қауіпсіздікті нығайту және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалануды ілгерілету үшін негіз болатыны аталып өтті.Қазақстан мен Оңтүстік Африка ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл тарихи қадам саяси жауапкершілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға деген ұмтылысты көрсетті, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі күш-жігеріне айтарлықтай үлес қосты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды жалғастыруға және АЭХА шеңберінде серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1065461?lang=kk
Инновация – өңір дамуының жаңа серпіні 10.09.2025
Мәтін: Бүгін облыс әкімі Құмар Иргибайұлы Ақсақалов ҚР Президентінің «Инновация» Жолдауын түсіндіруге арналған кеңес өткізді.Жиында өңірдің даму бағыттары сараланып, жаңа бастамаларды жүзеге асыру үшін басым міндеттер айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1065466?lang=kk