Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛУДА 21.10.2026
Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. 2026 жылғы 17 қазанда басталған науқандар 27 қазанға дейін жалғасады. Акциялар аясында сатып алушыларға түрлі тауарлар төмендетілген бағамен ұсынылуда. Жалпыреспубликалық науқанды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Акциялардың басты мақсаты — тауарлардың халыққа қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейту.«Фиркан City» және «Mega Planet» сауда орталықтарында келушілерге арнап музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Сауда галереяларында домбыра мен баянның үні шырқалып, ұлттық әуендер әуеледі. Қазақтың халық әндерімен қатар, отандық орындаушылардың танымал шығармалары орындалды. Музыкалық бағдарлама көрермендерге ұлттық мұраның маңызын тағы бір мәрте сезіндірді.Ұлттық әндер мен дәстүрлер — тарихымыз бен рухани мұрамыздың маңызды бөлігі. Мұндай концерттер әртүрлі буын өкілдеріне төл мәдениетімізбен жақынырақ танысуға, сүйікті шығармаларын еске түсіруге және халықтың бірлігін сезінуге мүмкіндік береді. Мерекелік іс-шарада йейбір тауарларға 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Сауда сөрелерінде ерлер мен әйелдер киімі, аяқ киім, кәдесыйлар, ыдыс-аяқ және үйге қажетті түрлі бұйымдар ұсынылған. Мұнда отбасының әр мүшесіне қажетті киім-кешек таңдап, жақындарына сыйлық алуға немесе тұрмысқа қажетті заттарды сатып алуға болады. Сонымен қатар, сатып алушыларға сүт және ет өнімдерін қоса алғанда, азық-түлік, тұрмыстық химия мен үйге қажетті тауарлар ұсынылады. Олардың жекелеген түрлеріне де 50 пайызға дейін жеңілдік жасалған.Республика күні қарсаңында мұндай ұсыныстар қонақ күтіп, мерекелік дастарқан әзірлеуге дайындалып жатқан отбасылар үшін аса тиімді. Шымкент тұрғындарының айтуынша, алда үлкен мереке келе жатыр. Бұл күні ағайын-туыс бас қосып, жақындарын қонаққа шақырып, мол дастарқан жаяды. Сондықтан жеңілдіктердің дер кезінде ұйымдастырылғаны қуантады.Кәсіпкерлер үшін де акцияға қатысу өз өнімдеріне деген қызығушылықты арттырып, тауарларын арнайы бағамен ұсынуға мүмкіндік берді.«Біз Республика күніне арналған акцияға қуана қосылдық. Түрлі тауарларға арнайы ұсыныстар дайындадық. Әркім өзіне қажетті затты тауып немесе жақындарына сыйлық таңдауға мүмкіндігі бар», — дейді сатушылар.Қала әкімдігінің мәліметінше, Шымкентте өтіп жатқан екі республикалық акцияға 26 сауда нысаны қатысуда.
В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ — ПРАЗДНИЧНЫЕ СКИДКИ 21.10.2026
В преддверии празднования Дня Республики в городе Шымкент проходят республиканские акции «Republic Day» и «Bereke Fest», которые стартовали 17 октября 2026 года и продлятся до 27 октября включительно, в рамках которых покупателям предложен широкий выбор товаров по сниженным ценам. Инициаторами общереспубликанской кампании выступили Министерство торговли и интеграции РК совместно с акиматом Шымкента. Главная цель акций заключается в том, чтобы сделать товары доступнее для населения, поддержать покупательский спрос и расширить возможности реализации продукции отечественных производителей.В торговых центрах «Фиркан City» и «Mega Planet» для посетителей подготовили музыкальную программу. Звуки домбры и баяна наполнили торговые галереи национальными мелодиями. Звучали казахские народные композиции и известные произведения отечественных исполнителей. Среди них – «Сағынғанда бір келерсің», а также песни Шәмші Қалдаяқова, в том числе «Сыр бойын шарладым». Музыкальная программа напомнила зрителям о богатстве казахской культуры и значении национального наследия.Сотрудник Центра обычаев, обрядов и национальных традиций Балкашев Бакберды отметил, что подобные мероприятия помогают сохранять культурные ценности и передавать их молодому поколению.«Национальные песни и традиции – это важная часть нашей истории и духовного наследия. Такие концерты дают возможность людям разных поколений прикоснуться к родной культуре, вспомнить любимые произведения и почувствовать единство народа. Особенно важно, чтобы молодёжь знала и ценила свои традиции», – подчеркнул Балкашев Бакберды.Праздничную атмосферу оценили и посетители торгового центра. По словам зрителя Данияла Еркебая, концерт стал хорошей возможностью провести время с пользой и отметить значимый для страны праздник.«Мне понравилось, что на концерте исполняли знакомые казахские песни. Такая музыка вызывает тёплые чувства и напоминает о наших корнях. Здорово, что День Республики отмечают через культуру и творчество, объединяя людей», – поделился Даниял Еркебай.Праздничная атмосфера стала приятным дополнением к покупкам. Скидки на отдельные товары достигают 50 процентов. В торговых рядах представлены мужская и женская одежда, обувь, сувениры, посуда и различные изделия для дома. Здесь можно подобрать обновки для всей семьи, присмотреть подарки близким или приобрести необходимые в хозяйстве вещи. Покупателям также предлагают продукты питания, в том числе молочную и мясную продукцию, бытовую химию и товары для дома. На отдельные позиции цены также снижены до 50 процентов.В преддверии Дня Республики такие предложения особенно актуальны для семей, которые готовятся встречать гостей и накрывать праздничный дастархан. Шымкентцы отмечают, что впереди большой праздник, за щедрыми дастарханами будут собираться с родными и встречать гостей. Поэтому скидки очень кстати. «Еще и на концерт попали, послушали национальную музыку. Настроение сразу праздничное!» — отмечают покупатели.Для предпринимателей участие в акции стало возможностью привлечь внимание к своему товару и предложить его посетителям по специальным ценам. «Мы с удовольствием присоединились к акции ко Дню Республики. Подготовили специальные предложения на разные товары. Хочется, чтобы каждый смог найти что-то для себя или выбрать подарок близким», — говорят продавцы.По информации городского акимата, в двух республиканских акциях участвуют 26 торговых объектов Шымкента. Инициаторами общереспубликанской кампании выступили Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан и местные исполнительные органы.
В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ — ПРАЗДНИЧНЫЕ СКИДКИ 21.10.2026
В преддверии празднования Дня Республики в городе Шымкент проходят республиканские акции «Republic Day» и «Bereke Fest», которые стартовали 17 октября 2026 года и продлятся до 27 октября включительно, в рамках которых покупателям предложен широкий выбор товаров по сниженным ценам. Инициаторами общереспубликанской кампании выступили Министерство торговли и интеграции РК совместно с акиматом Шымкента. Главная цель акций заключается в том, чтобы сделать товары доступнее для населения, поддержать покупательский спрос и расширить возможности реализации продукции отечественных производителей.В торговых центрах «Фиркан City» и «Mega Planet» для посетителей подготовили музыкальную программу. Звуки домбры и баяна наполнили торговые галереи национальными мелодиями. Звучали казахские народные композиции и известные произведения отечественных исполнителей. Среди них – «Сағынғанда бір келерсің», а также песни Шәмші Қалдаяқова, в том числе «Сыр бойын шарладым». Музыкальная программа напомнила зрителям о богатстве казахской культуры и значении национального наследия.Сотрудник Центра обычаев, обрядов и национальных традиций Балкашев Бакберды отметил, что подобные мероприятия помогают сохранять культурные ценности и передавать их молодому поколению.«Национальные песни и традиции – это важная часть нашей истории и духовного наследия. Такие концерты дают возможность людям разных поколений прикоснуться к родной культуре, вспомнить любимые произведения и почувствовать единство народа. Особенно важно, чтобы молодёжь знала и ценила свои традиции», – подчеркнул Балкашев Бакберды.Праздничную атмосферу оценили и посетители торгового центра. По словам зрителя Данияла Еркебая, концерт стал хорошей возможностью провести время с пользой и отметить значимый для страны праздник.«Мне понравилось, что на концерте исполняли знакомые казахские песни. Такая музыка вызывает тёплые чувства и напоминает о наших корнях. Здорово, что День Республики отмечают через культуру и творчество, объединяя людей», – поделился Даниял Еркебай.Праздничная атмосфера стала приятным дополнением к покупкам. Скидки на отдельные товары достигают 50 процентов. В торговых рядах представлены мужская и женская одежда, обувь, сувениры, посуда и различные изделия для дома. Здесь можно подобрать обновки для всей семьи, присмотреть подарки близким или приобрести необходимые в хозяйстве вещи. Покупателям также предлагают продукты питания, в том числе молочную и мясную продукцию, бытовую химию и товары для дома. На отдельные позиции цены также снижены до 50 процентов.В преддверии Дня Республики такие предложения особенно актуальны для семей, которые готовятся встречать гостей и накрывать праздничный дастархан. Шымкентцы отмечают, что впереди большой праздник, за щедрыми дастарханами будут собираться с родными и встречать гостей. Поэтому скидки очень кстати. «Еще и на концерт попали, послушали национальную музыку. Настроение сразу праздничное!» — отмечают покупатели.Для предпринимателей участие в акции стало возможностью привлечь внимание к своему товару и предложить его посетителям по специальным ценам. «Мы с удовольствием присоединились к акции ко Дню Республики. Подготовили специальные предложения на разные товары. Хочется, чтобы каждый смог найти что-то для себя или выбрать подарок близким», — говорят продавцы.По информации городского акимата, в двух республиканских акциях участвуют 26 торговых объектов Шымкента. Инициаторами общереспубликанской кампании выступили Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан и местные исполнительные органы.
2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында адами капиталға 10,5 трлн теңге қарастырылған 21.10.2026
ҚР Құрылтайының жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды. Аталған құжат 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде дайындалып, онда бюджеттік және макроэкономикалық сын-қатер ескерілген. «Басты мақсат – экономикалық өсімді ынталандыру, қаржы жүйесіндегі тәртіп пен мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені күмәнсіз орындау арасындағы балансты сақтау. Бұл бюджеттің басты назарында адам және адамға бағдарланған инвестиция», деді Мәди Төкешұлы.2027 жылы республикалық бюджеттің кірісі 25,4 трлн теңге мөлшерінде, ал шығыстар 30,2 трлн теңге межесінде болжанып отыр. Тапшылық – 4,6 трлн теңге немесе ІЖӨ шаққанда 2,3% болмақ. 2029 жылға қарай меншікті кірісті 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған.Келесі жылы адами капиталға 10,5 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 35% бөлу қарастырылған. Оның 6,9 трлн теңгесі әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға, 2,5 трлн теңгесі денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Бұл қаржыландыру аясында тегін кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру қамтылып отыр.Білім беру мен ғылым саласында 18 мың баланы сауықтыру және оңалту, 76 мың педагогтың біліктілігін арттыру, «Келешек мектептері» жобасына сәйкес 217 мектепте білім беру әдіснамасын жетілдіру, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттарды 25 мыңға жуық жатақхана орнымен қамту көзделген. Ғылыми жобалардың жаңа пулына 60,4 млрд теңге қарастырылған.Өңірлерді қолдауға жыл сайын 7,4 трлн теңге немесе бюджеттің 24,8% бағыттау жоспарланып отыр. Жалпы сипаттағы трансферттер 12 базалық бағыт бойынша Өңірлік стандарттар жүйесімен байланыстырылған. Мұндай тәсіл халыққа қажетті әлеуметтік және коммуналды инфрақұрылымға қаражат бөлуді көздеп, жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді шешуге байланысты өңірлердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтеді.2027 жылы нақты секторды дамытуға 3,7 трлн теңге бағытталады. Бұл 2026 жылғы арналған жоспардан 600 млрд теңгеге көп. Аталған сома көлік инфрақұрылымына, агроөнеркәсіптік кешенге, өнеркәсіп пен құрылысқа, сондай-ақ кәсіпкерлік пен цифрлы дамуға жұмсалады.Экономиканың дамуын ынталандыратын шығыстардың жалпы көлемі – 7,5 трлн теңге. Ұлттық қор есебінен үшжылдық кезеңде көлік және логистика, әлеуметтік инфрақұрылым, энергетика және су ресурстары салаларында 347 стратегиялық жоба іске асырылатын болады. Бұл шамамен 31 мың жұмыс орнын ашып, 13 млн адамға инфрақұрылымдық игіліктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Заң жобасы Құрылтайдың жұмыс топтары мен комитеттерінің отырыстарында талқыланып жатыр.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1310700?lang=ru
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ТҰР 21.10.2026
Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту күн тәртібіне арналған «Реформалар мәні: Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында кітап авторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ сапар аясында Мәулен Әшімбаев жергілікті бочча федерациясының өкілдерімен және өңір жастарымен кездесті.Кітаптың таныстырылымы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өтті. Кездесу барысында автор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың тарихи маңызы мен ел болашағына ықпалы туралы өз пайымын ортаға салды.Кітапта мемлекеттік басқаруды жаңғырту, саяси және экономикалық өзгерістер, өңірлік даму, ұлттық бірегейлік, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен беделін айқындау мәселелері қарастырылады.Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Президент реформаларының мәні мен мазмұнын ашатын бірқатар негізгі мәселеге тоқталды.«Әділетті Қазақстан» идеясының түпкі мәні – «мемлекет мемлекет үшін» деген түсініктен «мемлекет адам үшін» қағидатына түбегейлі бет бұру. Ел дамуының жаңа парадигмасының негізінде адам және оның мүдделері тұр. Бұл ұстаным жаңа Конституцияда нақты көретілген», – деді Мәулен Әшімбаев.Автор Конституцияда бекітілген құндылықтар еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаттарын айқындайтынын да атап өтті.Сонымен қатар кездесуге қатысушылар елдің технологиялық әлеуетін нығайту және цифрлық дамудың жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаһандық өзгерістер Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұндай жағдайда әлемде болып жатқан үдерістерден шет қалмай, олардың белсенді қатысушысына айналу маңызды.Шымкентке сапары аясында Мәулен Әшімбаев «Металлург» спорт кешеніне барып, өңірлік бочча құрамасының спортшыларымен кездесті. Ол жаттығу барысымен танысып, параспортшылармен, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен және жаттықтырушылар құрамымен инклюзия мәдениетін ілгерілету мәселелерін талқылады.Кездесуде Мәулен Әшімбаев шымкенттік спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, соңғы екі жылда қалада бочча спортымен айналысушылар саны едәуір артқанына назар аударды. Өңірлік команданың өкілдері республикалық жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондай-ақ, Шымкентте Инклюзивті спорт орталығының салынуы спортшылардың тұрақты жаттығуына және жарыстарға дайындалуына қосымша мүмкіндіктер ашатыны айтылды.«Араларыңыздан ұлттық құраманың болашақ мүшелері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары шығатынына сенімдімін. Біз алдағы уақытта да сіздерге қолдау көрсете береміз. Жаттықтырушыларыңызбен бірлесіп, ел намысын халықаралық аренада лайықты қорғауларыңыз үшін қажетті жағдайлар жасау бағытында жұмыс істейміз»,– деді Мәулен Әшімбаев.Шымкентке сапар Достық үйінде Мәулен Әшімбаевтың қала жастарымен кездесуімен түйінделді. Ашық диалог форматында қатысушылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың өскелең ұрпаққа беретін мүмкіндіктерін, жастардың елдегі өзгерістерге қатысуын және қоғам алдындағы жауапкершілігін талқылады.Кездесуде жастардың ел дамуының жаңа кезеңіндегі рөліне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, қарқынды цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жағдайында жас буынның жаңа технологияларды меңгеруі, өз әлеуетін іске асыруы және елдің өркендеуіне нақты үлес қосуы маңызды екені сөз болды.Сонымен қатар өңір жастарының талдамалық әлеуетін нығайту мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар Шымкент қаласында Taldau экожүйесінің білім беру және қоғамдық жобаларына қызығушылық білдіріп, оны дамыту жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Салықтық міндеттемелерді орындау кезінде кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу: айырмашылығы неде? 21.10.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, Қазақстан Республикасының Салық кодексі салықтар, төлемақылар және өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту мүмкіндігін қарастырады. Бұл құралдар уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеушілерге көмектеседі, егер берілген мерзім ішінде төлеу мүмкіндігі пайда болатынына негіз болса. Айырмашылығы неде? Кейінге қалдыру — бұл барлық берешек сомасын біржолғы өтеу үшін кейінгі күнді белгілеу арқылы төлеу мерзімін ауыстыру.- Мерзімі: 6 айдан аспайды (деңгейлес мониторинг қатысушылары үшін 12 айға дейін).- Төлеу тәртібі: мерзім ішінде төлемдер жүргізілмейді, барлық сома мерзім аяқталғаннан кейін бір төлеммен төленеді. Бөліп төлеу — бұл тең үлестермен кезең-кезеңімен (ай сайын немесе тоқсан сайын) өтеу кестесін белгілеу арқылы төлеу мерзімін өзгерту.- Мерзімі: 36 айдан аспайды (деңгейлес мониторинг қатысушылары және кепілсіз және банктік кепілдіксіз берілген жағдайларда 12 айға дейін).- Төлеу тәртібі: төлемдер бірден басталады және бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде енгізіледі. Қандай жағдайларда беріледі? Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу заңнамада көзделген негіздердің бірі болған жағдайда берілуі мүмкін, оның ішінде:- еңсерілмейтін күш салдарынан залал келуі (табиғи, техногендік, әлеуметтік және өзге де сипаттағы төтенше жағдайлар);- өндіріс және (немесе) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізудің маусымдық сипаты;- жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның мүліктік жағдайы біржолғы төлеу мүмкіндігін жоққа шығаратын;- соттың қарызды қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешімі;- негізгі қызмет түрін экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатқызу және Салық кодексінде белгіленген өзге негіздер. Мерзімдерді өзгерту көзден ұсталатын салықтарға, акциздерге, ЕАЭО мүше мемлекеттерден импортталатын тауарларға ҚҚС-қа, Ұлттық қорға түсетін төлемдерге және айыппұл сомаларына қолданылмайды. Жаңартылған қағидалар 2026 жылғы 17 қазаннан бастап жаңартылған қағидалар қолданысқа енгізіледі (Қаржы министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығы). Негізгі жаңалықтар:- өтініштер 10 жұмыс күні ішінде қаралады;- цифрлық күту парағы енгізілді: қателер немесе құжаттар пакетінің толық еместігі анықталған жағдайда өтініш алғашқы жүгіну күнін сақтай отырып қабылданады, егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылса;- берешек 1500 АЕК-ке дейін және белгіленген шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда (қолданыстағы кейінге қалдыру/бөліп төлеудің болмауы, орындалмаған хабарламалардың болмауы, салық төлеушінің тіркелу мерзімі кемінде екі жыл және т.б.) кепілсіз және банктік кепілдіксіз алу мүмкіндігі сақталады. Өтініш аумақтық мемлекеттік кірістер органына (оның ішінде egov.kz порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы) беріледі. Қызмет тегін көрсетіледі. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге уақытылы кеңес алуға және заңда көзделген тетіктерді пайдалануға ұсынады, берілген шарттар сақталған жағдайда қосымша өсімпұл сомаларын есептемей міндеттемелерді орындау үшін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1310686?lang=ru
«Үлгілік оқу жоспары және жұмыс оқу жоспары - оқу процесін тиімді ұйымдастырудың негізі» тақырыбында семинар 21.10.2026
ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылы 14 қазан күні аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеті меңгерушілері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына «Үлгілік оқу жоспары және жұмыс оқу жоспары - оқу процесін тиімді ұйымдастырудың негізі» тақырыбында семинар өткізді.Семинардың мақсаты - үлгілік оқу жоспары мен жұмыс оқу жоспарын нормативті талаптарға сәйкес ұйымдастыру, оқу процесін тиімді жоспарлау және білім сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелермен бөлісу.Семинарда 2026-2027 оқу жылындағы үлгілік оқу жоспары және жұмыс оқу жоспарының орындалуына талдау: жұмыс оқу жоспарын тиімді құрастыру, оқушылардың сұранысына негізделген таңдау курстарын ұйымдастыру және вариативті сағаттарды тиімді игеру, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған чек листпен жұмыс жасау жолдары қарастырылды. Кері байланыс жасалып, қатысушылар сұрақтарына жауап алды.Семинарға 100 маман қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1310688?lang=ru
АУЫЗ СУ БЕРУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ 21.10.2026
Құрметті тұрғындар!Сьянов көшесі, 13-үй мекенжайында орналасқан диаметрі 1000 мм магистральдық су құбырынан жер астына су шығуына байланысты апаттық жағдай тіркелді.Апаттың сипатын анықтау және қажетті жұмыстарды жүргізу мақсатында 2026 жылғы 14 қазанда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ауызсу беру уақытша тоқтатылады.Апат орны: Сьянов көшесі, 13-үй.Су беру уақытша тоқтатылатын абоненттер саны — 513:Көпқабатты тұрғын үйлер — 21 үй;Жеке тұрғын үйлер — 247 үй;Әлеуметтік және коммерциялық нысандар — 17 нысан.СУ БЕРУ ТОҚТАТЫЛАТЫН МЕКЕНЖАЙЛАРКөпқабатты тұрғын үйлер — 21 үйАбай көшесі: 164, 172а, 161, 182;5 Апрель көшесі: 67;Әл-Фараби көшесі: 19, 43, 43а;Гоголь көшесі: 42, 43а, 44;Пушкин көшесі: 5, 35, 52а;Толстой көшесі: 25, 30, 32, 40, 40/1;Набережная көшесі: 49а, 49в.Жеке тұрғын үй секторы — 247 үйСьянов көшесі:13, 15, 15а, 17, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 29а, 30, 31, 32, 34, 36, 40, 41, 42, 47, 49, 49а, 49б, 64, 66, 68, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103/1, 104, 105, 107, 109, 111, 113, 115.Гоголь көшесі:8, 9, 10, 12, 16, 18.Набережная көшесі:2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22, 23, 24, 24/1, 26, 28, 31, 33, 40, 42, 42/1, 42/3, 42/4, 42/5, 43, 44, 45, 48а, 50, 51, 53, 55, 56, 56а, 56б, 56в, 58, 66, 67, 69, 72, 74, 76, 78/1, 79, 81, 83, 85, 87, 89, 91, 93, 95, 97, 99, 101, 105.Құрметті тұрғындар, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Алдын ала қажетті мөлшерде ауызсу қорын жинап алуларыңызды сұраймыз.Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1310670?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Салықтық тіркеу талаптарының сақталу мониторинг және Мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаны орындау тәртібі» 21.10.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Салықтық тіркеу талаптарының сақталу мониторинг және Мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаны орындау тәртібі» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Мұхаметқалым Ғалымжан Қуанышұлы.Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1310652?lang=ru
Алматы облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспаналы болды 21.10.2026
Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында 29 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер көпбалалы аналарға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға және асыраушысынан айырылған жандарға берілді. Түзусай ауылында өткен салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, тұрғындарды қоныстойымен құттықтады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы өз сөзінде халықты баспанамен қамтамасыз ету Президент жүктеп отырған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтарға жайлы өмір сүруге жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін үнемі айтып келеді. Оның ішінде баспана мәселесі де маңызды орын алады. Алматы облысында халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұл – өңіріміздің дамып, елдің тұрмыс-тіршілігіне қолайлы аймаққа айналып келе жатқанының бір көрінісі. Баспана – кез келген отбасы үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі табысталған кілт – әр отбасы үшін көптен күткен арманның орындалуы. Адамның өз үйі болғанда ертеңіне деген сенімі де арта түседі.  Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі әрдайым назарымызда. Алдағы кезеңде де бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, тұрғын үй қорын ұлғайтуға басымдық береміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.Бүгінде Талғар ауданында тұрғын үй кезегіне 7,5 мыңға жуық азамат тіркелген. Соңғы екі жылда аудан бойынша 459 пәтер сатып алынды. Қазіргі таңда оның  275-і өз иелеріне берілді. Бүгін тағы 29 отбасы баспана кілтін алды. Солардың бірі ерекше қажеттілігі бар балаға күтім жасап, тәрбиелеп отырған ана – Зиягүл Ержанова.«Үй кезегіне 2015 жылы тұрдық. 11 жыл бойы күткен сәт бүгін туып, баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызға облыс әкімі ортақтасып, арнайы келіп құттықтады. Үйге қажетті электр пеші мен теледидарды сыйға тартты. Бұл – бізге үлкен көмек. 2 бөлмелі үйдің жобасы, сапасы көңілімнен шықты. Терезесі – үлкен, бөлмелер – жарық, тауға қарайтын әдемі көрінісі де бар. Осындай қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс және аудан әкімдігіне алғыс айтамын», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1310654?lang=ru
«Тоқта, А гепатиті! Біл және өзіңді қорға» 21.10.2026
Шығыс Қазақстан облысында А гепатитінің алдын алуға арналған денсаулық сабақтары өтті. Іс-шараны ШҚО білім басқармасының «Örken» ақпараттандыру және білімді дамыту облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырды. Сабақтар облыс оқушыларына арналып, қазақ және орыс тілдерінде сұхбат форматында өткізілді. Бұл әртүрлі жастағы мектеп оқушыларын кең ауқымда қамтуға мүмкіндік берді. Спикер ретінде «Шығыс» профилактикалық медицина орталығы» медициналық мекемесінің қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері Батырханова Әйгерім Арманқызы сөз сөйледі.«Тоқта, А гепатиті! Біл және өзіңді қорға» тақырыбы оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сұхбат барысында дәрігер А гепатиті – бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру екенін, ол көбіне ластанған қол, су және тағам арқылы берілетінін егжей-тегжейлі түсіндірді. Аурудың белгілері ретінде әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, кейде тері мен көздің сарғаюы аталды.Негізгі назар профилактикаға аударылды. Спикер ең қарапайым әрі тиімді ереже – қолды сабынмен және ағынды сумен жуу екенін атап өтті. Әсіресе дәретханадан кейін, тамақ алдында, тағам дайындау және қабылдау алдында қол жуу аса маңызды. Қол жуу мүмкіндігі болмаған жағдайда антисептиктерді қолдануға болады. Тек қауіпсіз су ішу керек, ал судың сапасына күмәндансаңыз, оны қайнатып, суытып ішкен жөн. Жеміс-көкөністерді мұқият жуу қажет, кейбір жемістерді, мысалы қытай алмаларын, қайнаған сумен шайып алу ұсынылады.Дәрігер вакцинация туралы сұрақтарға да жауап берді. Ол А гепатитіне қарсы екпе профилактика әдістерінің бірі екенін растады. Алайда баланы егу туралы шешім ата-анамен және медицина маманымен бірлесіп, ұлттық егу күнтізбесін ескере отырып қабылданады. Егу сәтінде бала мүлдем сау болуы керек.Сондай-ақ спикер В және С гепатиттері туралы айтты. Олар парентеральді жолмен, яғни қан арқылы жұғады. Маникюр, тату салондарына, стоматологиялық клиникаларға барғанда құралдардың стерильденуіне мән беру қажет. Сондықтан сенімді шебер мен клиниканы таңдаған дұрыс.Қорытындылай келе, дәрігер А гепатитінің белгілері пайда болса, өз бетінше емделуге болмайтынын, дереу дәрігерге қаралу керектігін ескертті. Ем неғұрлым ерте басталса, асқыну қаупі соғұрлым аз болады. Оқушылар өз сұрақтарына толық жауап алып, спикерге алғыс айтты. Мұндай сабақтардың екі тілде өткізілуі жас ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және медициналық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1310643?lang=ru
Қазақстан мен Чехия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті 21.10.2026
Прага – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-чех үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ян Сехтермен кездесті.Кездесу барысында тараптар Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиштің 2026 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасына жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар мен берілген тапсырмалардың орындалу барысын, сондай-ақ сауда-экономикалық және өнеркәсіптік салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.2027 жылы өтетін Экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-чех үкіметаралық комиссиясының 13-отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар отырыстың күн тәртібін мазмұнды тұрғыдан пысықтаудың және өзара мүддеге сай ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындаудың маңыздылығын атап өтті.Брно қаласында өткен 67-ші Халықаралық машина жасау көрмесіне қазақстандық делегацияның қатысуы да жеке талқыланды. Тараптар «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің делегациясы аталған көрмеге қатысуының нәтижелеріне оң баға берді. Көрменің іскерлік байланыстарды кеңейтуге, екі елдің кәсіпорындары арасындағы әріптестікті нығайтуға және өнеркәсіп пен сабақтас салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретін маңызды алаң ретіндегі рөлі атап өтілді.Кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі сауда, энергетика және энергия ресурстарын жеткізу, цифрлық экономика (Digital Economy), көлік және логистика, сондай-ақ маңызды материалдар саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, кең ауқымды мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін елеулі әлеуетке ие осы бағыттардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.Сұхбаттастар Чех Республикасының Көлік министрі Иван Беднарик пен Ауыл шаруашылығы министрі Мартин Шебестья́нның Қазақстанға алдағы сапарлары екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін беретінін, тиісті салалардағы диалогты жандандыруға және практикалық өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға ықпал ететінін атап өтті.Жылы әрі достық жағдайда өткен кездесу Қазақстан мен Чехияның әріптестікті жүйелі түрде нығайтуға, іскерлік байланыстарды дамытуға және басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1310644?lang=ru
Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 21.10.2026
Путраджая, 2026 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин Малайзия Сыртқы істер министрлігінің Протокол басшысы, Елші Икрам бин Мохд Ибрагимге Сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Кездесу барысында тараптар қазақ-малайзия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, оның ішінде саяси диалогты одан әрі нығайту және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1310637?lang=ru
Қайтыс болған жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салық берешегін өтеу. 21.10.2026
Қайтыс болған жеке тұлғаның қайтыс болған күні немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күні пайда болған салық берешегін Мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және ол қабылданған күнгі мұрадағы үлеске барабар өтейді.Егер жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала дара кәсіпкердің және (немесе) жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебІнде тұрмаған қайтыс болған жеке тұлғаның мұрагері болып табылса, онда мұндай мұрагер мұра қалдырушының салық берешегін өтеуден босатылады, ал егер қайтыс болған адам дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса және мұра қалдырушының салық берешегі есептен шығарылады. (немесе) жеке практикамен айналысқан адам,  оның салық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме мұндай мұрагерге салық берешегін өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі негізінде ғана жүктеледі. Егер қайтыс болған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде есептен шығарады. Мұрагерлер болмаған немесе барлық мұрагерлер мұрадан бас тартқан және мүлікті коммуналдық меншікке берген кезде қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегі салық берешегін есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.Салық берешегін есептен шығару туралы шешімді салық органы қайтыс болған жеке тұлғаның мүлкін иесіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады. Жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі жойылған кезде талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, мұндай жеке тұлғаның бұрын есептен шығарылған салық берешегінің әрекетін салық органы қайта бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1310624?lang=ru
Doing Business in Kazakhstan 2026 21.10.2026
The international audit and consulting company EY has presented a new edition of Doing Business in Kazakhstan 2026, a guide for foreign companies, investors and entrepreneurs interested in entering the Kazakh market and developing business cooperation with Kazakhstan.The publication is intended to help international businesses better navigate the business environment in Kazakhstan, including key regulatory and tax aspects of working in the national market. Such analytical materials are of particular importance for companies that assess the prospects for international expansion, plan investment projects, or consider Kazakhstan as a regional business partner.Kazakhstan has consistently strengthened its position as an important economic center of Eurasia, offering opportunities for the development of international trade and economic cooperation, attracting investments and expanding business ties. In this context, up-to-date information about the country's legal and tax environment is becoming an important practical resource for foreign entrepreneurs, allowing them to make more informed decisions when planning to enter the market.For foreign companies, the Doing Business in Kazakhstan 2026 guide can be a useful starting point when studying the business environment of Kazakhstan, assessing the prospects for cooperation with Kazakhstani partners and preparing for the implementation of joint projects. It is of particular interest to enterprises considering the possibilities of expanding exports, developing investment cooperation and establishing long-term business contacts in Central Asia.The EY publication helps to make information about Kazakhstan more accessible to the international business community and provides interested companies with an additional tool for preliminary study of business conditions in the country.You can read the Doing Business in Kazakhstan 2026 guide on the official EY website: https://www.ey.com/content/dam/ey-unified-site/ey-com/en-kz/services/tax/documents/ey-doing-business-in-kazakhstan.pdfRepresentatives of the Slovenian business community who are interested in exploring investment, trade and economic opportunities in Kazakhstan are encouraged to use this guide as one of the information resources when planning further cooperation with Kazakhstani partners.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1310605?lang=ru
Қазақстанның ЭЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері ҚР СІМ-де талқыланды 21.10.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттер Көлік министрлерінің 14-кездесуіне қатысу үшін Астанаға сапармен келген ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханды қабылдады.А.Исағалиев халықаралық көлік дәліздерін дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның негізгі қатысушылардың бірі ретінде ЭЫҰ аясындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Осыған байланысты басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылдың маңыздылығын және бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.А.М. Хан Қазақстанның Ұйым қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Тараптар сондай-ақ ү.ж. 15-16 қарашада Исламабад қаласында өтетін ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысына дайындық барысын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1310600?lang=ru
Азаматтардың атынан Конституциялық Сотқа басқа тұлғалар жүгіне ала ма? Азаматтың Конституциялық Соттағы өкілі кім бола алады? 21.10.2026
Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде олардың өкілдері ретінде тек заңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдардың мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, өзге де тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті тұлғалары ғана бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1310576?lang=ru
Шұбаттан камелчиноға дейін: Қазақстанда түйе сүтіне арналған стандарт әзірленді 21.10.2026
Қазақстанда пастерленген түйе сүтіне арналған ұлттық стандарт бекітілді. Стандарт өнімге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеп, отандық кәсіпорындардың өнім түрлерін кеңейтуіне және экспортты дамытуына бағытталған. Құжат 2026 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.«Пастерленген түйе сүті. Техникалық шарттар» деп аталатын ҚР СТ 4050-2026 стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 41-НҚ бұйрығымен бекітілді.Құжатты 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары аясында «ҚазСтандарт» РМК әзірледі. Өтінім беруші — «Антиген» ғылыми-өндірістік компаниясы» ЖШС.Қазақстанда түйе сүті дәстүрлі түрде шұбат пен қымыран сияқты ашытылған сүт сусындарын дайындау үшін қолданылады. Соңғы 15–20 жылда оған деген әлемдік қызығушылық артып, одан өндірілетін өнім түрлері көбейді.Түйе сүтінен балмұздақ пен конфитюр өндіріледі. Сондай-ақ ол кофеге қосылады. Мысалы, капучиноның бір түрі — камелчино дайындау үшін пайдаланылады. Мұндай өнімдерді өндіруде пастерленген түйе сүті қолданылады.Жаңа стандарт өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, таңбалануына, қапталуына, тасымалдануына және сақталуына қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен қатар құжатта ортақ терминология, өнімдерді жіктеу және олардың сипаттамаларын бағалауға арналған көрсеткіштер айқындалған.Стандартты қолдану өндірушілерге ішкі және сыртқы нарықтарға арналған өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспортты дамытудың перспективалы бағыттары ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Қытай және Таяу Шығыс мемлекеттері қарастырылып отыр.Бірыңғай талаптар қазақстандық өндірушілерді қолдауға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бұл бағытты дамыту экспорттық өнім түрлерін көбейтіп, өнімдердің шетелде танымалдығын арттыруға да мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1310577?lang=ru
ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТЕКТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ 20.10.2026
Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға және олардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Бұл бағытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жеңілдетілген несиелеу, консультациялық сүйемелдеу және бизнесті дамытуға арналған бірқатар бағдарламаны ұсынады.Солардың бірі – «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы. Оның мақсаты – басым салалардағы кәсіпкерлік субъектілерін ұзақ мерзімді әрі қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету. Негізгі бағыттарға өңдеу өнеркәсібі, туризм, ақпараттық технологиялар және креативті индустрия жатады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді жеңілдету мақсатында «Даму» қорының базасында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Бірыңғай фронт-офисі іске қосылды. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлер холдингтің еншілес ұйымдарының қолдау құралдары туралы ақпарат алып, консультациялық және практикалық көмекке жүгіне алады. Атап айтқанда, «Даму» қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Экспорттық-кредиттік агенттік және «Qazaqstan Investment Corporation» ұйымдарының қолдау мүмкіндіктері ұсынылады.Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Шымкент қаласында «Даму» қорының өңірлік филиалы базасында Кәсіпкерлікті қолдау және сүйемелдеу орталығы жұмысын бастады. Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында іске асырылуда. Орталық кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешуге, банктер мен бюджет алдындағы берешекті реттеуге, қаржыландыруға қолжетімділікті қалпына келтіруге және өнім өткізуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар, әкімдіктер, банктер мен басқа да ұйымдар тартылады. Мамандар кәсіпкердің өтінішін қабылдап, мәселені шешу жолдарын айқындап, тиісті нәтижеге қол жеткізгенге дейін сүйемелдейді.Қор кәсіпкерлерге қаржылық қолдаумен қатар, бизнесті дамытуға арналған қаржылық емес қызметтерді де ұсынады. Олардың қатарында консалтингтік қызметтер, онлайн оқыту және отандық өнімдерді өткізуге жәрдемдесу бар. Кәсіпкерлер online.damu.kz платформасында «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша тегін оқудан өте алады. Оқу барысында қаржы, құқықтық негіздер, сату, маркетинг, басқару, цифрландыру және автоматтандыру мәселелері қамтылады. Бұдан бөлек, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін ілгерілету мақсатында маркетплейстермен жұмыс жүргізілуде. Биыл 885 кәсіпкер Halyk Market және Forte Market платформаларына қосылған. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты «Даму» қорының ресми сайты damu.kz арқылы ала алады. Сондай-ақ 1408 бірыңғай байланыс орталығы, қор сайтындағы JivoChat онлайн-чаты және ресми әлеуметтік желілердегі парақшалар ақпарат алудың қолжетімді арналары болып табылады. Аталған шаралар кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге, бизнестің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және өңірдегі кәсіпкерлік бастамалардың дамуына бағытталғанТолығырақ:https://youtube.com/live/BnO9BEob0oM?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТЕКТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ 20.10.2026
Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға және олардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Бұл бағытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жеңілдетілген несиелеу, консультациялық сүйемелдеу және бизнесті дамытуға арналған бірқатар бағдарламаны ұсынады.Солардың бірі – «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы. Оның мақсаты – басым салалардағы кәсіпкерлік субъектілерін ұзақ мерзімді әрі қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету. Негізгі бағыттарға өңдеу өнеркәсібі, туризм, ақпараттық технологиялар және креативті индустрия жатады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді жеңілдету мақсатында «Даму» қорының базасында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Бірыңғай фронт-офисі іске қосылды. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлер холдингтің еншілес ұйымдарының қолдау құралдары туралы ақпарат алып, консультациялық және практикалық көмекке жүгіне алады. Атап айтқанда, «Даму» қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Экспорттық-кредиттік агенттік және «Qazaqstan Investment Corporation» ұйымдарының қолдау мүмкіндіктері ұсынылады.Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Шымкент қаласында «Даму» қорының өңірлік филиалы базасында Кәсіпкерлікті қолдау және сүйемелдеу орталығы жұмысын бастады. Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында іске асырылуда. Орталық кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешуге, банктер мен бюджет алдындағы берешекті реттеуге, қаржыландыруға қолжетімділікті қалпына келтіруге және өнім өткізуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар, әкімдіктер, банктер мен басқа да ұйымдар тартылады. Мамандар кәсіпкердің өтінішін қабылдап, мәселені шешу жолдарын айқындап, тиісті нәтижеге қол жеткізгенге дейін сүйемелдейді.Қор кәсіпкерлерге қаржылық қолдаумен қатар, бизнесті дамытуға арналған қаржылық емес қызметтерді де ұсынады. Олардың қатарында консалтингтік қызметтер, онлайн оқыту және отандық өнімдерді өткізуге жәрдемдесу бар. Кәсіпкерлер online.damu.kz платформасында «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша тегін оқудан өте алады. Оқу барысында қаржы, құқықтық негіздер, сату, маркетинг, басқару, цифрландыру және автоматтандыру мәселелері қамтылады. Бұдан бөлек, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін ілгерілету мақсатында маркетплейстермен жұмыс жүргізілуде. Биыл 885 кәсіпкер Halyk Market және Forte Market платформаларына қосылған. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты «Даму» қорының ресми сайты damu.kz арқылы ала алады. Сондай-ақ 1408 бірыңғай байланыс орталығы, қор сайтындағы JivoChat онлайн-чаты және ресми әлеуметтік желілердегі парақшалар ақпарат алудың қолжетімді арналары болып табылады. Аталған шаралар кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге, бизнестің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және өңірдегі кәсіпкерлік бастамалардың дамуына бағытталғанТолығырақ:https://youtube.com/live/BnO9BEob0oM?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ