Enbekshi QazaQ

Қоғам

ТОП 5 сұрақ-жауап 27.11.2025
ТОП 5 сұрақ-жауап.#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113552?lang=kk
Бухгалтер күні құтты болсын 27.11.2025
Құрметті бухгалтерлер!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бухгалтер күнімен шын жүректен құттықтайды!Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің экономикасының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды тірек.Есеп пен тәртіп, нақтылық пен жауапкершілік – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің басты қағидалары.Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, мол жетістіктер және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!Есеп-қисаптарыңыз әрдайым дәл, табыстарыңыз тұрақты болсын!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті#БухгалтерКүні #ҚостанайДГД #Мемкірістердепартаменті #Құттықтау #БухгалтерлерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113561?lang=kk
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысы Е.Е. Рашкалиевпен 2025 жылдың 26 қарашасында Есіл ауданының тұрғындарымен Амангелді ауылының ауылдық әкімдіктің ғимаратында кездесу өткізілді. 27.11.2025
📌Кездесу барысында азаматтардың назарына азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентін пайдаланып, мүдделі мәселелер бойынша толық заңгерлік кеңес алу туралы ақпарат жеткізілді.▫️Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1113578?lang=kk
БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ 27.11.2025
​🔹Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті.🔹ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгеруші Марат Әзілхановтың жетекшілігімен өткен телекөпірде жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар мен іске асқан жобалар сараланып, алдағы межелі мақсат-міндеттер айқындалды.🔹Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» ұйымдастырылған телекөпірге барлық өңірлер қосылды. Елдің ішкі бірлігін бекемдеу, этносаралық татулықты тұғырынан түсірмеу жолындағы кешенді жобалар мен іске асқан мазмұнды іс-шаралар талқыланған қорытынды форумда ҚХА құрылымдарының жетекшілері сөз сөйледі. Ал атаулы жылы өңірлерде ассамблея жобалары, ассамблея жастары, қайырымдылық, этномедиация сынды түрлі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.🔹Телекөпірге қалалық ішкі саясат басқармасының басшылығы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты қызметкерлері қатысты.Айта кетейік, мерейтойлық жыл аясында Шымкентте қалалық ассамблеяның ұйытқы болуымен 334 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Қалалық ассамблея жанындағы Этномедиация кеңесінің бастамасымен «Құқық қорғау және татуласу орталығы», Достық үйінен комьюнити орталығы ашылды. Этномұражай жаңғыртудан өтті.  🔹Қайырымдылық бағытта әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 1400 отбасыға көмек ұсынылды. Түрлі форматта өткізілген іс-шаралар мен жобалар жайлы БАҚ пен әлеуметтік желіде 4 мыңнан астам материал жарияланды.🔹Межеленген жоспарлы жұмысты атқаруға қала әкімдігінің, салалық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қалалық этномәдени бірлестіктердің, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың, жоғары оқу орындары мен колледждердің және БАҚ-тың әлеуеті жұмылдырылды.#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent
Жекелеген тас өнімдерінің түрлерін әкелуге уақытша тыйым салу туралы 27.11.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тас өнімдерін әкелуді реттеуге өзгерістер енгізетін 2025 жылғы 25 қарашадағы № 506 бұйрығы қабылданғаны туралы хабарлайды.Құжатқа сәйкес, жекелеген тас өнімдерінің түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден үш ай мерзімге  әкелуге тыйым салынады.Тыйым салу табиғи тастан жасалған брусчаткаға, бордюр тастарға және төсем тақталарға (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6801000000), сондай-ақ жылтыратылған, безендірілген немесе өзге де өңдеуден өткен гранитке (нетто-салмағы 10 кг немесе одан да көп) және ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған гранитке (коды 6802939000)  қолданылады.Аталған тыйым салудың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне  жүктелген.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жеткізілімдерді жоспарлау кезінде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1113476?lang=kk
СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму бөлімінде «ҚР-дағы Авторлық құқық» атты дәріс өткізілді. 27.11.2025
🗓️Ағымдағы жылдың 25 қарашасында бөлім басшысы М.Томас СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму бөлімінде «ҚР-дағы Авторлық құқық» атты дәріс оқыды. Осы бағыттағы өзгерістер, құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері қозғалды.📌Сондай-ақ, «Заң және Тәртіп» әңгімесі аясында М.Томас дропперлік үшін жауапкершілік және онлайн кеңістікте сатып алу кезінде сақтық туралы еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1113492?lang=kk
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинарлар өткізу кестесі 27.11.2025
Халық пен бизнес қауымдастығы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының өңірлерінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған көшпелі семинарлар басталды. Мақсат – 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен қатысушыларды таныстыру, сондай-ақ оларды қолдануға қатысты практикалық ұсынымдар беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113447?lang=kk
Қазақстан бизнесі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қатысуды күшейтеді 27.11.2025
Астанада "Орталық Азия-орнықты дамуға арналған жаңа Жібек жолы" форумы өткізілді.Іс-шара ұлттық әріптестер мен бизнестің қолдауымен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, БҰҰ-ның Жаһандық шарты-Орталық Азия желісі ұйымдастырған жоғары деңгейдегі негізгі аймақтық алаңға айналды.Форум өңірдегі инновациялардың, жасыл трансформацияның және инклюзивті өсудің катализаторы ретінде жеке сектордың өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның жауапты бизнесін байланыстыратын аймақтық хаб ретінде БҰҰ Жаһандық шарты-Орталық Азия желісін таныстырды.Қазақстандағы бизнес қоғамдастық 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі қатысушының біріне айналуда. Осылайша, елде қоршаған ортаға ұқыпты қарау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы (ESG тетігі) қағидаттары бойынша 150-ден астам компания жұмыс істейді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Шегай Виктория, БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Раднаарагча Саранго, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Нұргүл және басқалар құттықтау сөз сөйледі.Виктория Шегай ХЕҰ 26 негізгі конвенциясын және БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы Факультативтік хаттамасын ратификациялау туралы, 2029 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын және 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясатты қабылдау туралы хабардар етті. Сондай-ақ Орнықты даму мақсаттары бойынша прогрестің жеделдеуін атап өтті.Жанназарова Нұргүл өз сөзінде мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін біріктіре отырып, ұлттық және жаһандық деңгейде Орнықты даму мақсаттарын іске асыруда нақты және жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлескен іс-қимылдар ғана елдің орнықты дамуына серпін береді.Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Раднаарагча Саранго өз сөзінде Қазақстанның ОДМ-ға қол жеткізудегі оң динамикасын, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның осы бағытта белсенді ынтымақтастық көрсеткенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1113449?lang=kk
2025 Ж. ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 27.11.2025
2025 Ж. ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ________________________________________‼️ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША ‼17 қараша-СЕН 400.00 – Акциз бойынша декларация-СЕН 421.00 – Құрылымдық бөлімше бойынша акциз есебі-СЕН 200.00 – Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация-СЕН 570.00 – Экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация-СЕН 710.00 – Ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация-СЕН 860.00 – Беткі су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация-СЕН 300.00 – Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша декларация-СЕН 590.00 – Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша декларация-СЕН 870.00 – Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация-СЕН 913.00 – Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация-СЕН 101.03 – Төлем көзінен ұсталған резидент табысынан корпоративтік табыс салығы бойынша есеп20 қараша-СЕН 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш‼️ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША ‼️5 қарашаға дейінгі мерзімде-Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаның жеке табыс салығы (ЖТС)20 қараша-Акциз және құрылымдық бөлімше бойынша акциз-ЕАЭО аясында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомасы25 қараша-Төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары-Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер-Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем-Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы-Экспортқа салынатын ренталық салық бойынша төлем-Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша төлем-Беткі су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем-Қосылған құн салығы-Цифрлық майнинг үшін төлем-Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем-Ойын бизнесіне салынатын салық-Бөлшек салық-Мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер-Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемнің ағымдағы төлемі-Шетелдік интернет-компаниялардан түсетін ҚҚС-Еңбекақыдан ұсталатын бірыңғай төлем-ЖБМЗЖ – Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1113430?lang=kk
«Жаңа өмірге жол» акциясы 27.11.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 26 қарашасында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің РММ «38-мекеме» базасында «Жаңа өмірге жол» атты іс-шара өтті.Сотталғандармен тәрбие және қайта әлеуметтендіру жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ҚАЖК«38-мекеме» РММ-де моральдық және рухани құндылықтарды қолдауға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, құқықтық мойынсұнушылық мінез-құлыққа уәждемені арттыруға, сондай-ақ сотталғандарды жазасын өтегеннен кейін қоғамға оралуға дайындауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға нотариустар мен сот орындаушылары қатысты. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1113417?lang=kk
Гонконгта қазақстандық экспортты ілгерілету мәселесі талқыланды 27.11.2025
Гонконг, 2025 жылғы 26 қараша –Қазақстан Республикасының Гонконг АӘА-дағы Бас консулдығы аймақтағы ең ірі және беделді дистрибьюторлық компаниялардың бірі «Uni-China Group»-пен ресми кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты екіжақты сауда байланыстарын нығайту және Қазақстанның азық-түлік экспортын Гонконг нарығына ілгерілету мәселелерін талқылау болды.Кездесу барысында Бас консул Қазақстанның сауда мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынып, экспорт мүмкіндігі жоғары салаларды атап көрсетті. Ауыл шаруашылығы секторына, азық-түлік өнімдеріне, фармацевтикаға, химиялық заттарға және жеңіл өнеркәсіпке ерекше назар аударылды. Қазақстан өнімдерінің жоғары сапасы және қажетті көлемде жеткізу сенімділігі атап өтілді.«Uni-China Group» компаниясының жоғарғы басшылығы Джеймс Линг (Төрағаның орынбасары), Эйприл Хуан (Бас директор) және Иван Тин (Аға менеджер) Қазақстан өнімдерін импорттау мүмкіндігін жоғары бағалады.Қызығушылық тудырған өнімдердің сапасымен танысу және Гонконгқа жеткізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында тараптар үлгілерді сынақтан өткізуге келісті. Бас консулдық Қазақстанның бұл ынтымақтастықты әр кезеңде ілгерілетуге дайын екенін білдірді және Азия-Тынық мұхиты аймағының Қазақстан саудасын дамытудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.«Uni-China Group» компаниясының орташа жылдық айналымы 6 миллиард АҚШ долларды құрайды. Компания 1000-нан астам сауда нүктелерін басқарады және әлемнің 30 елімен серіктестік орната отырып, нарықтың әртүрлі секторларын қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1113407?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Дания Короліне сенім грамоталарын тапсырды 27.11.2025
Копенгаген, 2025 жылғы 26 қараша – «Christiansborg» сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Олжас Сүлейменовтің Дания Королі Фредерик X-ға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Рәсім барысында Қазақстан Елшісі Корольге Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Даниямен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілді екенін атап өтті.Рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында тараптар Қазақстан-Дания қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан мен Дания арасындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны, өзара сенім мен құрметке негізделгені аталып өтті.Қазақстан Елшісі Фредерик X-ға Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді.Сұхбат барысында экология және климат мәселелеріне айрықша назар аударылды. «Жасыл көшу» тақырыптары, сондай-ақ Жоғары Мәртебелінің патронажымен жүзеге асырылатын Данияның ұлттық «State of Green» жобасы талқыланды. Король Қазақстанның экология және тұрақты даму саласындағы саясатына ерекше қызығушылық танытты.Тараптар сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінің экожүйелерін сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты, су және климат саласындағы сын-тегеуріндерді шешуде халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ білім беру, ғылыми зерттеулер және климаттық тұрақтылық салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Екі елдің іскер топтары мен ғылыми орталықтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызы аталып өтті.Король Фредерик X Қазақстан халқы мен Президентіне өзінің ең ізгі тілектерін жеткізіп, екіжақты қатынастардың оң динамикасын атап өтті және Елшіге табысты дипломатиялық қызмет тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1114342?lang=kk
Қазақстан СІМ-де «Әл-Джазира» телеарнасының өкілімен кездесу өтті 27.11.2025
Астана, 2025 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров «Әл-Джазира» халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті.Кездесу барысында сұхбаттастар медиа саласындағы өзара іс-қимылдың даму перспективаларын талқылады. Халықаралық ақпарат кеңістігін қалыптастыруда маңызды орын алатын шетелдік хабар тарату құрылымдарымен ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.А.Смадияров Қазақстанның «Әл-Джазирамен» ықпалдастықты кеңейтуге ашық екенін жеткізіп, жаһандық аудиторияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық үрдістері мен сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді диалогты жалғастыруға және ықпалдастықтың ықтимал бағыттарын қарауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1113384?lang=kk
Қазақстан мен Словения парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті 27.11.2025
Любляна, 2025 жылғы 26 қараша – Словения Ұлттық жиналысының Төрайымы Уршка Клакочар Зупанчич ханыммен (Urška Klakočar Zupančič) өткен кездесуде қазақ‑словен әріптестігінің кең ауқымды өзекті мәселелері, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағы және елдеріміздің халықаралық сахнадағы өзара ықпалдастығы талқыланды.Елші Қазақстан Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев бастаған саяси жүйені жаңғырту бойынша ауқымды саясаты мен бағдарламасы, соның ішінде алдағы парламенттік реформалар, мемлекеттің негізгі сыртқысаяси жетістіктері мен басымдықтары туралы ақпаратпен кеңінен бөлісті.А.Әбибуллаев Қазақстанның еуразиялық мәртебесі Шығыс пен Батыстың ортақ өркениеттік құндылықтарын, бай ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің үйлесімді тоғысатынын атап өтті. Қазақстан Словения және ЕО құрылымдарымен жан‑жақты қатынастарды нығайтуға зор мән беруде.Қазақ дипломаты, Словения секілді, біздің елімізде де гендерлік теңдік қағидаттарының табысты ілгерілеуін, әйелдердің мемлекеттік органдарда, бизнесте, білім беру мен медицина жүйесінде, жалпы қоғамның белсенді дамуына атсалысып келе жатқанын ерекше атап өтті.Өз кезегінде Словен парламентінің спикері У.Клакочар Зупанчич ханым Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде қарастыратынын баса айтып, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік достық тобының словениялық құрамын құруды жеделдету жоспары туралы хабарлап, 2026 жылғы наурызда өтетін парламенттік сайлаулар қарсаңында негізгі парламенттік саяси фракциялардің саясатына жете тоқталды.Ол Қазақстан мен Словения арасындағы сенімді әрі өзара тиімді ынтымақтастық пен достықтың жоғары деңгейін зор ықыласпен атап өтіп, бұл қарым‑қатынастардың биылғы 31 наурыз – 1 сәуірде Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың шақыруымен Словения Президенті Наташа Пирц Мусар ханымның ресми сапары нәтижесінде сапалы жаңа деңгейге көтерілгеніне назар аударды. Парламент спикері Қазақстан Елшісіне Словенияның Орталық Азиядағы барлық мемлекеттер үшін сенімді әрі маңызды саяси және сыртқы сауда әріптесі болып қала беретінін жеткізді.Тараптар заң шығару органдары арасындағы тікелей байланыстардың тәжірибе алмасу және ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында Ұлттық жиналыс Төрайымы Қазақстан халқы, Парламент Сенаты мен Мәжілісі басшылығы мен депутаттарына ең шынайы және ізгі тілектерін жолдап, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және әйелдердің өмірімен, халқымыздың көне мәдениетімен, дәстүрлері мен тарихымен жақынырақ жеке танысу мақсатында Қазақстанға ресми сапармен келуге ерекше қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1113387?lang=kk
Мемлекеттік қолдаумен Жамбыл облысында жаңа химия зауытының құрылысы басталды 27.11.2025
Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіруге арналған жаңа химия зауытының құрылысы басталды. Бұл өндірістік кешен елдегі химия және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды жобалардың біріне айналмақ. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылдың наурызына жоспарланған.«Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан зауыт ішкі нарықтағы сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттырады. Кәсіпорын өнімін отандық тұтынушылардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға жеткізу көзделіп отыр.Жобаны жүзеге асыру еліміздің химия саласын айтарлықтай нығайтып, аммиак пен каустикалық сода бойынша ішкі нарықты шамамен 50 пайызға кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама ілеспе салалардың дамуына да серпін беріп, жергілікті қамтудың артуына ықпал етеді.Кәсіпорын іске қосылған соң 108 тұрақты жұмыс орны ашылады, ал құрылыс кезеңінде 200-ге жуық адам уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаның экономикалық әсері де айқын: жыл сайын республикалық бюджетке шамамен 500 млн теңге көлемінде салық түседі деп күтілуде.Инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Оның нәтижесінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен өндіру өнеркәсібіне қажетті шикізатты ішкі нарықтан тұрақты түрде қамтамасыз ететін өндірістік тізбек қалыптаспақ. Айта кетейік, осы салада натрий цианидіне деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді.Құрылысты қаржыландыруды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы қамтамасыз етіп отыр. Банк пен жобаны іске асырушы компания арасында несиелік желі туралы келісімге 2023 жылдың қыркүйек айында қол қойылған. Ал 2024 жылдың мамырында алғашқы қаржыландыру ашылды. Бөлінген қаражат көлемі – 98,8 млн еуро, бұл жобаның жалпы құнының 75 пайызына тең. Қаражат жобалаудан бастап құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына дейінгі барлық негізгі кезеңдерді қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1113398?lang=kk
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті 27.11.2025
26 қараша күні, Қаскелең қаласындағы SDU University ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Алматы облысының тұрғындарымен кездесіп, ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында вице-министр өңір тұрғындарын ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен, жүзеге асырылып жатқан реформалармен, жаңа стратегиялық бастамалармен таныстырды. Сондай-ақ Алматы облысындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының даму перспективалары қарастырылды.Талғат Ешенқұловтың айтуынша, Қазақстанда 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, тең және қолжетімді білім беру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында гранттар саны мен стипендия мөлшері арттырылып жатыр, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіліп, сараланған гранттар мен жеңілдетілген білім беру несиелері іске асырылады.Вице-министр еліміздің жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын атап өтті. QS World University Rankings рейтингінде 21 отандық жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингінде 5 университет ұсынылған. Сонымен қатар Назарбаев Университеті алғаш рет әлемдік ТОП-500 қатарына енді.«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – отандық жоғары білім беру жүйесінің әлеуетін арттыруға, білім трансферін қамтамасыз етуге, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ шетелдік студенттер үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде 40 стратегиялық серіктестік бар, оның 33-і әртүрлі модель бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді Талғат Ілиясұлы.Вице-министрдің айтуынша, бұл серіктестіктер өңірлердің сұранысына сай білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға ғана емес, жоғары оқу орындарының кадрлық және ғылыми әлеуетін нығайтуға, технологиялар трансферін, соның ішінде ғылыми технологиялар мен инновацияларды тартуға жол ашады.Кездесу барысында азаматтардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, саладағы түрлі мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнатылды.Іс-шара қорытындысында вице-министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездестіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113400?lang=kk
КІТАП ОҚИТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА 26.11.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында ерекше қарқынмен жүзеге асуда.Қала бойынша жобаға 66 000 адам қатысуда. Оның ішінде: 26 099 оқушы, 18 233 студент, 6 114 педагог, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер бар.Жоба қатысушылары арасында шынайы интеллектуалды орта қалыптасып, кітап оқу күнделікті әдетке айнала бастады. Қалада жаңа мәдениет қалыптасып, әсіресе мектеп оқушылары мен отбасылар арасында қызығушылық артып отыр.Оқушылардың пікірі:М.Мәметова атындағы №35 мектептің 9-сынып оқушысы Шаттық Дидар:«Кітаптің маған ұнайтын тұсы – өмірмен байланыстылығы. Әр шығарма арқылы өзіме қажетті ой түйіп, болашақта қандай адам болғым келетінін тереңірек түсіне бастадым. Кейіпкерлердің таңдаулары өмірде дұрыс шешім қабылдаудың маңызын көрсетеді. Қазір М. Мағауиннің “Тазының өлімі” шығармасын оқудамын. Бұл кітапта адалдық, адамгершілік және табиғатпен үйлесім сияқты терең ойлар бар. Бұған дейін Ш. Мұртазаның “Қара маржан” шығармасын оқыдым – онда еңбек, адам тағдыры мен жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан. Сондай-ақ Д. Исабековтың “Дермене” повесінде отбасы, дәстүр және адам өміріндегі таңдаудың маңызы ерекше көрсетілген».«Dostyq High School» мектебінің 10-сынып оқушысы Шаяхмет Балкерім:«Кітапты жүйелі түрде оқу әдеті қалыптасып, күн сайын жаңа нәрсе үйренуге деген қызығушылығым артты. Қазіргі таңда “Қаныш және ғылыми майдан” кітабын оқып жүрмін. Бұл шығарма Қаныш Сәтбаевтай ұлы тұлғалардың ғылым жолындағы табандылығын, еңбектің және елге қызмет етудің үлкен маңызын көрсетті».Студенттердің көзқарасы:Ж. Тәшенов университетінің 2-курс студенті Салтанат Азаматқызы:«Жоба аясында ұсынылған әрбір кітап студенттер үшін берері мол. Қазақ әдебиетінің классикалық туындылары арқылы ұлт руханияты мен адамгершілік құндылықтарын терең түсіндім. Мотивациялық шығармалар өз-өзімді дамытуға, уақытты тиімді пайдалануға және мақсатқа ұмтылуға үйретуде».М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2-курс студенті Бекарыс Абылайханұлы:«Бұл жобаның пайдасы – жас ұрпақтың рухани дамуына, тіл мен мәдениетке деген құрметтің артуына ықпал етуінде. Менің ойымша, кітап оқуға дағдыланған ұлт – ең мықты ұлт, себебі ол тек сөзге емес, ойға бай ел болады. Сондықтан мен бұл жобаның алдағы жылдарда да жалғасқанын қалаймын және оны еліміздің жаңғыруының бір бөлігі деп білемін».Болашақ жоғары колледжінің 4-курс студенті Аружан Саримсак:«Қазір Дейл Карнегидің “Шешендік өнер” еңбегін оқып жүрмін. Бұл кітап көпшілік алдында еркін сөйлеуге, сенімділікке және коммуникациялық қабілетті дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және қоғаммен тиімді байланыс орнатуына ықпал етеді».«Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкентте оқуға деген қызығушылықты арттыруда. Жоба қатысушылары жаңа білім алып, ой-өрісін кеңейтіп, кітапты күнделікті өмірдің маңызды бөлігі ретінде қабылдауда. Бұл бастама жастар мен отбасыларға ойлануға, өзіне-өзі сенуге және жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік береді».Жобаны «Amanat» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Шымкент қаласы әкімдігі жүзеге асыруда. Өңірлік демеуші – «Азия Сервис» компаниясы.
ОҚАТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА. 26.11.2025
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған кітап оқу мәдениетін жаппай дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаға 66 000 адам қатысады, оның ішінде 26 099 мектеп оқушысы, 18 233 студент, 6 114 мұғалім, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер. Жобаға қатысушылар арасында шынайы зиялы қауым қалыптасып, кітап оқу күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуда. Қалада жаңа мәдени дәстүр пайда болып, әсіресе мектеп оқушылары мен отбасылар арасында қызығушылық артып келеді. Оқушылардың пікірі: Шаттық Дидар, М.Мәметова атындағы No35 мектептің 9 сынып оқушысы: "Мен кітапты өмірмен байланысы үшін жақсы көремін. Әрбір шығарма мен үшін қандай ойлардың маңызды екенін және болашақта қандай адам болғым келетінін түсінуге көмектеседі. Кейіпкерлердің таңдауы өмірде дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Мен қазір М.Мағауиннің "Тазының өлімін" оқып жатырмын. Бұл кітап терең тақырыптарды қозғайды - адалдық, адамгершілік, адамгершілік. Еңбек, адам тағдыры, жауапкершілік мәселелерін қозғайтын «Қара маржан» Д.Исабековтің «Дерменінде» де отбасы, салт-дәстүр, өмірлік таңдаудың маңыздылығына ерекше мән берілген». Шаяхмет Балкерім, Достық орта мектебінің 10-сынып оқушысы: «Үнемі кітап оқуды әдетке айналдырдым, жаңа білімге деген қызығушылығым күннен-күнге артып келеді.Қазіргі таңда «Қаныш және ғылым майданы» кітабын оқып жатырмын.Бұл маған Қаныш Сәтбаев сынды ұлы тұлғалардың қайсарлығын, қажырлы еңбек пен елге қызмет етудің маңыздылығын танытты. Оқушылардың пікірі: Салтанат Азаматқызы, 2 курс студенті Ж. Тәшенов университеті: "Жоба аясында ұсынылған әрбір кітаптың студенттер үшін құндылығы өте зор. Қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары арқылы мен ұлттық рухани мұра мен адамгершілік құндылықтарды тереңірек түсіндім. Мотивациялық кітаптар өзімді дамытуға, уақытты тиімді пайдалануға, мақсатқа ұмтылуға үйретті". Бекарыс Абылайханұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің 2 курс студенті: "Жобаның пайдасы жастардың рухани дамуы мен тілге, мәдениетке деген құрметінің артуына байланысты. Менің ойымша, кітап оқуға дағдыланған ұлт - ең күшті ұлт, өйткені ол сөзге ғана емес, ойға да бай. Сондықтан жобаның алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміздің рухани жаңғыруының бір бөлігіне айналуын қалаймын". Аружан Сарымсақ, «Болашақ» колледжінің 4 курс студенті: «Мен қазір Дейл Карнегидің «Көпшілік алдында сөйлеу өнерін» оқып жатырмын. Бұл кітап көпшілік алдында сенімді сөйлеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын және өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі. «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкентте кітап оқуды насихаттайды. Қатысушылар жаңа білім алады, ой-өрісін кеңейтеді, кітапты күнделікті өмірдің маңызды бөлігі ретінде қабылдайды. Бұл бастама жастар мен отбасыларға рефлексия жасауға, өзіне деген сенімділікті дамытуға және жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Қошқар ата өзенінің жандануы: Шымкент өзені заманауи демалыс аймағына айналуда. 26.11.2025
Шымкентте қоршаған ортаны жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік құруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы қарқынды жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға басымдық берген қала әкімдігінің бұл бастамасы қазірдің өзінде нақты нәтиже бере бастады. Қошқар ата – Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын бірегей табиғи ескерткіш. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымды жаңартуды ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтауды және халыққа қолайлы жағдай жасауды көздейді. Жоба өзеннің 3535 шақырымдық бөлігін жақсартуды қамтиды. Бұл учаскеде өзен арнасын жаңғырту және табиғи су ағынын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасы мен жағалаулары қоқыстан тазартылуда, жағалауды нығайту топырақ эрозиясының алдын алады. Абаттандыру жұмыстарының тағы бір маңызды аспектісі – жаңбырлы маусымда өзен деңгейі көтерілгенде болатын су басу қаупін азайту. Мұрат Әбдірахманов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары: "Биыл Жангелдин көшесінен бастап 3,5 шақырымдық жаға сызығын нығайту жұмыстары жүргізілді. Табиғи келбеті мен өсімдік жамылғысын барынша сақтай отырып, жағалау табиғи тастан нығайтылды. Сонымен қатар, тұрғындарға жайлы жағдай жасау үшін жаяу жүргіншілер жолы мен басқа да қажетті инфрақұрылымдар салынды", - деді ол. Абаттандыру жұмыстары тек табиғатты қорғау шараларымен шектелмейді. Өзен бойында заманауи инфрақұрылым құру – жобаның басты мақсаты. Осы мақсатта тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруін қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Сонымен қатар, жағалауды толықтай жұмыс істейтін демалыс аймағына айналдыру үшін 139 орындық пен 360 энергия үнемдейтін шамдарды орнату жоспарлануда. Бұл жарықтандыру құрылғылары түнгі уақытта өзеннің айналасын жарықтандыру арқылы қаланың көркін жақсартып, қауіпсіздікті күшейтеді. Бұл шамдардың жетпісі қазірдің өзінде орнатылған. Жобаның маңызды бөлігі - өзеннің екі жағалауын қосатын сегіз жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы. Оның үшеуі салынып, іске қосылды. Жоба толығымен аяқталған соң Қошқар ата өзені шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін тартымды демалыс аймағына айналады. Мамандар жаңартылған жағалау қаланың туристік әлеуетін арттырып, Шымкенттің заманауи мегаполис ретіндегі имиджін нығайтады деп есептейді.
Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда 26.11.2025
Шымкент қаласында экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы белсенді түрде іске асып жатыр. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселесін басым бағыт еткен мегаполис әкімдігінің бастамасы бүгінде нақты нәтижесін бере бастады.Қошқар ата — Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын ерекше табиғи нысан. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымдық жаңарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен халыққа қолайлы орта құруды көздейді. Жоба шеңберінде өзеннің жалпы ұзындығы 3,535 шақырымды құрайтын бөлігін қалпына келтіру қарастырылып отыр. Бұл бағытта арнаның құрылымы қайта жасалып, табиғи су ағымын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен табаны мен жағалауы қоқыстан тазартылады, жағалауды бекіту арқылы су шайылуының алдын алу көзделген.Абаттандыру жұмыстары тек экологиялық шаралармен шектелмейді. Өзен бойында заманауи инфрақұрылым қалыптастыру – жобаның негізгі міндеттерінің бірі. Осы мақсатта жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуына жағдай жасалуда. Сонымен бірге, өзен жағалауын толыққанды демалыс аймағына айналдыру үшін 139 орындық орнату, энергия үнемдейтін 360 шам қою жоспарланған. Бұл шамдар түнгі уақытта өзеннің айналасын жарықтандыру арқылы қала келбетін жақсартып, қауіпсіздікті күшейтеді.Мұрат Әбдірахманов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:- «Осы жылы Жангелдин көшесінен бастау алған 3,5 шақырымға созылған жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Жағалау табиғи тастармен бекітіліп, оның табиғи қалпы мен өсімдіктер жамылғысы барынша сақталды. Бұдан бөлек, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жаяу жүргіншілер жолы және өзге де қажетті инфрақұрылым элементтері салынды»,- деп атап өтті.Өзеннің екі жағын байланыстыратын 8 жаяу жүргінші көпірі салынуы да жобаның маңызды бөлігі. Қазіргі таңда соның үшеуі салынып бітті және тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Сондай-ақ 70 жарық шамы орнатылып, инфрақұрылым біртіндеп толыққанды қалалық кеңістікке айналып келеді.Қалалық мамандардың айтуынша, бұл абаттандыру жұмыстарының тағы бір маңызды аспектісі – жауын-шашын маусымында өзен деңгейінің көтерілуінен туындайтын су басу қаупін азайту. Арнаның реттелуі мен жағалаудың бекітілуі осы тәуекелді тиімді төмендетеді.Жоба толық аяқталған соң, Қошқар ата өзені шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін тартымды рекреациялық аймаққа айналады. Мамандардың пікірінше, жаңғыртылған жағалау қаланың туристік әлеуетін арттырып, Шымкенттің заманауи мегаполис ретіндегі келбетін күшейтеді. Табиғат пен қалалық инфрақұрылымның үйлесімділігі қаланың экологиялық тұрақтылығына да оң әсер етеді деп күтілуде.