Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы облысында 156 мың кәсіпкер жұмыс істейді 27.11.2025
Алматы облысында жыл соңына дейін «Kusto Logistics» көтерме-бөлу орталығы, «MP Solution» және «Еуразиялық логистикалық парк», «Imagine Apple Logistics» ірі логистикалық кешендер мен индустриялық парктер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.Әкімнің мәліметінше, осындай кәсіпорындарды орналастыру мақсатында 15 индустриалды аймақ құрылып (Талғар ауданында «Қайрат-2», Еңбекшіқазақ ауданында «Шелек», Жамбыл ауданында «Қазыбек Бек», «Үлкен», Ұйғыр ауданында «Тасқарасу», «Сұңқар», Қонаев қаласында «Қонаев», Алатау қаласында «Береке» және жетеуі Үлкен Алматы айналма жолының маңында) жатыр.Олардың ішінде «Қайрат-2» индустриалдық аймағы шетел инвесторлары есебінен салынса, Үлкен Алматы айналма жолының маңындағы аймақтарды жер иелерімен бірлесіп жүзеге асырылады.«Осылайша, облысымыздың инвестициялық потенциалын арттыру ірі кәсіпорындардың ғана емес, шағын және орта бизнестің де дамуына мүмкіндік беріп жатыр. Бүгінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 46,3%-ға жетіп, олардың саны 156 мыңнан асты (2022 жылы – 116,6 мың), өсім көлемі 33,8% болды», - деді Сұлтанғазиев.Бұл салада барлық жұмыспен қамтылған (740,3 мың адам) халықтың үштен бір бөлігі жұмыс істейді (273 мың адам).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113746?lang=kk
Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 751 млрд теңгеге жетеді 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы нәтижелері мен жоспарларын жариялады. Әкімнің айтуынша, агросектор облыс экономикасының басым бағыттарының бірі болып қала береді.2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682,3 млрд теңге болып, өңірлік өнімнің 7%-ын берген. Биыл бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Ал 2025 жылдың 10 айында жалпы көлем 649,1 млрд теңгеге жетіп, НҚИ 101,1% болды.Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да артып отыр, бұл көрсеткіш 345,2 млн АҚШ долларына жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15% көбейді (2024 жылы – 299 млн доллар).Әкім сүт-тауар фермаларының желісі мемлекеттік қолдау арқылы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті. Қазір өндірісті және сүтті қайта өңдеуді арттыруға бағытталған 13 жоба жүзеге асырылып жатыр, оған республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеге екі жоба іске асты, ал биыл 7 100 бас ірі қараға арналған 11 жаңа сүт фермасының құрылысы аяқталмақ.Бүгінде облыс ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі бойынша республикада 8-орында (38,2 млрд теңге). Соған қарамастан, жалпы өнім көлемі бойынша өңір тұрақты түрде алғашқы бестікте.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113751?lang=kk
Алматы облысында ауыл халқының табысы 22,7% көбейді 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, өңірде суармалы жерлерді кеңейту және су үнемдеу технологияларын енгізу басты басымдықтардың бірі болып отыр.Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – 9 мың шақырым ирригация желілерінің 60%-ы тозып, су шығыны 50%-ды құрап отыр.Әкімнің мәліметінше, алдағы жылдары суару желілерін жаңғыртуға Ислам даму банкі арқылы 255 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Нәтижесінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың гектар жер айналымға қосылады.Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да жалғасып жатыр. 2022-2025 жылдар аралығында 528 мың гектар пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 340 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді.Сонымен қатар, тұрғындарды ауыл кәсіпкерлігіне тартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде бүгінге дейін 11 млрд теңгеге 1 373 шағын несие берілген.Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл шаралар ауылдағы табысты да өсірген. Ауыл халқының орташа табысы 22,7% артып, 311,4 мың теңгеге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113755?lang=kk
Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй: Алматы облысында 1000-нан астам отбасы баспаналы болды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі құрылыс саласының өсу қарқыны мен тұрғын үй бағдарламалары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, құрылыс секторы тұрақты өсім көрсетіп отыр.2025 жылдың 10 айында облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.Әкім әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылғанын айтты. 2024 жылы 1 281 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 2 236 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй беріледі.Кейінгі 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда, оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйлер салынып, сатып алынып жатыр (шалғай аудандарда 350 мың теңге).Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдар мен спорт саласы өкілдеріне арналған «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылып, 120-дан астам азамат баспанамен қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113760?lang=kk
В 2025 году Алматинскую область посетили 2,2 миллиона туристов 27.11.2025
Алматинская область демонстрирует высокие результаты в развитии туризма. Об этом заявил аким области Марат Султангазиев на брифинге в Службе центральных коммуникаций. По его словам, география и природные ресурсы региона особенно благоприятны для развития туристической отрасли.По словам акима, количество туристов, посетивших область в этом году, достигло 2,2 миллиона человек, что на 36% больше, чем в прошлом году (в 2024 году — 1,6 миллиона).Капшагайское водохранилище стало главным туристическим центром города Конаев. В летний сезон 2025 года его посетили около 2 миллионов человек, что на 20% больше, чем в прошлом году. В этом году при поддержке Freedom Holding был проведен масштабный ремонт городского пляжа №5.Реализован проект по расширению горнолыжного курорта «Ой-Карагай» на плато Актас стоимостью 83,2 миллиарда тенге. Особенность этого курорта в том, что он работает круглый год, обслуживая около 600 тысяч туристов.Кроме того, на берегу озера Капшагай открылись многофункциональный туристический комплекс «АSP-Арена» стоимостью 11 миллиардов тенге, международная спортивная арена и стадион на 4000 мест. Здесь же готов принять гостей самый большой ледовый каток в Центральной Азии.Аким подчеркнул важность озёр Кольсай и Каинды для регионального туризма. В этом районе полностью благоустроены пешеходные дорожки, а также капитально отремонтирован 9-километровый участок дороги до Каинды. В результате количество туристов, посетивших этот район, достигло 600 тысяч человек, что в 1,6 раза больше, чем в прошлом году.« Город Кочевников» на берегу реки Или взято на баланс акимата. Мы планируем полностью реконструировать его в ближайшее время, и я уверен, что этот объект станет одним из любимых мест для туристов», — сказал Султангазиев.В целях популяризации кочевой культуры и развития туризма в этом году было проведено крупное культурное мероприятие «Самый большой в мире караван верблюдов — 2025». В ходе мероприятия был установлен мировой рекорд, а ферма «Даулет-Бекет» вошла в Книгу рекордов Гиннесса.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113767?lang=kk
Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр.Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.«Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық және шетелдік инвесторлады EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын», - деді Сұлтанғазиев.Өңір әкімі денсаулық сақтау және мәдениет инфрақұрылымының да дамып жатқанын атап өтті.Облыста 356 медициналық нысан бар, олардың 54%-ы тозған. 2022-2025 жылдар аралығында 55 нысанға құрылыс жұмысы жүргізілді. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Мәселен, 300 шақырым қашықтықта орналасқан Нарынқол ауылының тұрғындары Алматыға немесе облыс орталығына келместен толық медициналық қызмет ала алады.Сонымен қатар 7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113775?lang=kk
Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды.Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл – өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар.Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып жүр.Облыстың мәдени және рухани өмірінде ерекше орын алатын шаралар қатарында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бар. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіліп жатыр. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жобалар жүзеге асырып, Бейжің мен Мәскеуде концерттер ұйымдастырылған. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің есімі мәдениет үйлеріне, көшелерге және оқу орындарына беріліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113778?lang=kk
Қонаев пен Алатау жаңа экономикалық және инновациялық даму кезеңіне қадам басты – Cұлтанғазиев 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын қорытындылап, назарды Қонаев пен Алатау қалаларына аударды.Әкімнің айтуынша, Қонаев қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Smart Qonaev» тұжырымдамасы енгізілген. Қалада қоғамдық бейнебақылау камералары, iQonaev электрондық жүйесі, жолақы төлеу жүйесі және Біріңғай төлем құжаты іске асырылған.Инфрақұрылымды жаңарту аясында Қонаевта 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр беру желісі және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылды. Сонымен қатар қаладағы 65 нысан абаттандырылған. №5 қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-орынды иемденді.Ал Алатау қаласы 88 мың гектар аумақты қамтитын және 54,2 мың тұрғынға қызмет көрсететін дербес әкімшілік-аумақтық бірлікке айналды. Үкімет қаланың 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітіп, 12 негізгі өсу нүктесін анықтаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Алатау қаласына арнайы мәртебе берілу өңірді жаңа, қарқынды даму кезеңіне шығарды.Бұл мақсатта Алатау қаласын дамыту жөніндегі Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізілді. Одан әрі Президент Жарлығына сәйкес, қаланы дамыту жөніндегі Кеңес жасақталды, оны Премьер-министр басқарады. Қазір Конституциялық заң дайындалып, жыл соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр.Инвестициялық бағыт бойынша Алатау қаласында жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 42 жоба іске асырылды. Олардың қатарында PepsiCo, Mars, «Молочная долина», QazQon Hub тағы басқалары бар.Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысының әлеуметтік, экономикалық дамуы айқын нәтижелерге жетіп отыр. Әр сала бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, түйінді мәселелер кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113781?lang=kk
Салықтық әкімшілендірудегі жаңа өзгерістер: бизнес нені білуі тиіс 27.11.2025
Авто - нөлдік есептілікЕнді салық төлеуші есептілікті мерзімінде тапсырмаған жағдайда, МКК жүйесі автоматты түрде нөлдік есептілік қалыптастырады.Бұл мүмкіндік келесіні болдырмайды:— есептілікті тапсырмау туралы хабарламаларды;— әкімшілік жауапкершілікті;— екінші деңгейлі банктерде шығыс операцияларын тоқтатуды.Санкциялар азайып, қолайлылық артады.Есептілік формаларының қысқаруыСалық есептілігінің нысандары 30%-дан астам азайды — 41 ден 28 ге дейін.Бұл бизнес уақытының үнемделуіне және әкімшілендірудің жеңілдеуіне мүмкіндік береді.Жаңа нысандар Қаржы министрінің 12.11.2025 жылғы №695 бұйрығымен бекітілген.Салық есептілігін кері қайтару қызметі алынып тасталдыЖаңа жүйеде әкімшілендіру тәсілі өзгерді, сондықтан есептілікті кері қайтару енді талап етілмейді.Есептілік тапсыру мерзімін ұзарту нормасы алынып тасталдыЕнді бұл норма қажет емес — авто-нөлдік декларация механизмі жұмыс істейді.МКБ сервистік топтар құрылдыБұл — салық органдары қызметкерлерінен құралған мобильді топ, ол кейбір салық төлеуші топтарына көмектеседі:— мемлекеттік қызметтер бойынша;— декларацияларды толтыру бойынша.Сервистік топқа 1414 нөмірі арқылы шақыруға боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1113711?lang=kk
Алматы облысының экономикасы 3,4 трлн-нан 6 трлн теңгеге өсті 27.11.2025
Алматы облысының экономикалық өсімі күшейіп, өңір республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді.Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Өңір әкімінің сөзінше, Қонаев қаласы облыс орталығы болғаннан бері өңір барлық негізгі бағыт бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге ұлғайған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4% болса ал 2025 жылдың алғашқы жартысында 4,8%-ға жетті.«Ірі өнеркәсіптік облыстарды озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналдық. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7% болды. Барлық негізгі салада оң үрдіс сақталып отыр», - деді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113736?lang=kk
Бөрлі ауданы бойынша аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы Бөрлі аудандық мәслихатының хабарламасы 27.11.2025
Бөрлі ауданы бойынша аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы  Бөрлі аудандық мәслихатының  хабарламасыҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты   аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік  сайлау комиссияларының құрамына  қосымша  сайлау туралы  хабарлайды.Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер; 2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері;Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 28 қарашадан бастап 2025 жылғы 12 желтоқсанға  дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:00-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.Аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік  сайлау  комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөрлі аудандық мәслихаты мына мекенжайда қабылдайды: 090300 БҚО Ақсай  қаласы, Әл- Фараби көшесі,99, №203, 205 кабинет.Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты –аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Б.Мукашева, байланыс телефондары: 8(71133)20136, 8(71133)20808,  эл. пошта:  maslihat@maslihatburlin.gov.kz Аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік   сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәлімет№ р/сСайлау комиссиясының атауыСайлау учаскесінің нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріБос орындар саны1Аумақтық (аудандық) Ақсай қаласы, Орталық  көшесі 1, Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасының ғимараты12округтік10Бөрлі ауылы  Амангельдинская көшесі 68, «Бөрлі ауданының  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»  мемлекеттік мекемесінің  « Бөрлі ауылдық модельдік  кітапхана»    ғимараты13учаскелік85Достық ауылы, Жамбыл атындағы көшесі, 8 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.14учаскелік95Бөрлі ауылы, Садовая көшесі, 93 үй, Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі білім басқармасының "Ауылшаруашылық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты  15учаскелік103Пугачев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 20 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты  1Ұсынымдарға 5-қосымша Нысан _____________________________________________________(мәслихаттың толық атауы) Төрағасы_________________________________________________   ________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) _______________________________________________тұратын                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ, _________________________________________________________аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) ______________________________________________________(ұялы телефондардың нөмірлері)  ӨтінішМен,__________________________________________________________________________    (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ______ жыл:_____________________________________________________________________________________(комиссияның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)Төмендегілер үшін жауапты аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде _____ жылдан кем емес жұмыс өтілі бар□ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау; □ сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері үшін;□ сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелері үшін; □ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері үшін;□ сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері үшін; □сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелері үшін;□ сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері үшін),оның ішінде ұйымдардың басшылық лауазымдарында кемінде ____ жыл жұмыс өтілім бар.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін қоса тіркеймін. Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін. 20   жылғы «____»____________                                        _________________________                        (өтініш берушінің қолы)Өмірбаяндық деректер: Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________Ұлты* _______________________________Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________Білімі   _____________________________________________________________________________Мамандығы  _________________________________________________________________________Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)Мен:-          мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;-          мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін*. Ескертпе:* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Өтінішке қосымша Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) р/бЖақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)ескертпе1.                    әкесі2.                    анасы3.                    ұлы4.                    қызы5.                    ағасы6.                    әпкесі7.                    атасы8.                    әжесі9.                    немересі10.                 жұбайы (зайыбы)Ұсынымдарға 5.1-қосымшаНысан _____________________________________________________(мәслихаттың толық атауы) Төрағасы__________________________________ _________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) _______________________________________________тұратын                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ, _________________________________________________________аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) ______________________________________________________(ұялы телефондардың нөмірлері)  Өтініш Мен,__________________________________________________________________________    (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №_______ округтік / учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________( иә, ___ жыл/ жоқ) Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін. 20    жылғы «____»____________                                        _________________________                        (өтініш берушінің қолы)Өмірбаяндық деректер: Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________Ұлты* _______________________________Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________Білімі   _____________________________________________________________________________Мамандығы  _________________________________________________________________________Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**. Ескертпе:* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Өтінішке қосымша Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) р/бЖақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)ескертпе11.                 әкесі12.                 анасы13.                 ұлы14.                 қызы15.                 ағасы16.                 әпкесі17.                 атасы18.                 әжесі19.                 немересі20.                 жұбайы (зайыбы)Нысан _____________________________________________________(мәслихаттың толық атауы) Төрағасы__________________________________ _________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) _______________________________________________тұратын                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ, _________________________________________________________аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) ______________________________________________________(ұялы телефондардың нөмірлері)  Өтініш Мен,__________________________________________________________________________    (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №_______ округтік (учаскелік) сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________( иә, ___ жыл/ жоқ) Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін. 2023 жылғы «____»____________                                        _________________________                        (өтініш берушінің қолы)Өмірбаяндық деректер: Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________Ұлты* _______________________________Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________Білімі   _____________________________________________________________________________Мамандығы  _________________________________________________________________________Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**. Ескертпе:* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Өтінішке қосымша Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) р/бЖақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)ескертпе1.                    әкесі2.                    анасы3.                    ұлы4.                    қызы5.                    ағасы6.                    әпкесі7.                    атасы8.                    әжесі9.                    немересі10.                 жұбайы (зайыбы)  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1113660?lang=kk
Такси қызметін көрсететін тұлғаларға түсіндіру іс - шарасы 27.11.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жолаушыларды тасымалдау қызметін, сондай-ақ курьерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті екенін хабарлайды.ЖК тіркеу eGov мобильді қосымшасы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.Қосымша хабарлаймыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызметті жүзеге асыру заңнама талаптарын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.https://www.instagram.com/p/DRg6u4RDP36/?igsh=cWs2dHhnbXhkM3BnАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1113598?lang=kk
мемлекеттік қызмет әдебі-қоғам сенімі 27.11.2025
Мемлекеттік қызмет – жай ғана жұмыс емес, ол мемлекет пен қоғам тарапынан көрсетілген ерекше сенім. Ол ел мүддесіне адал болуды, Қазақстан халқының тілдері, дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауды талап етеді. Мемлекеттік қызметшілер міндетті: мемлекеттік саясатқа берік болуға; өз қызметін адал, тиімді және кәсіби атқаруға; қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға; жоғары қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі осы қағидаларды бекітеді және адалдық пен кәсібиліктің негізі болып табылады. #МКДҚОСТАНАЙ #ДГДКОСТАНАЙ#Салықтар #Налоги #Кеден #ТаможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113606?lang=kk
үшінші елдерден әкелінген автомобильдерді декларациялау 27.11.2025
Үшінші елдерден әкелінген автокөліктерді декларациялау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес  жеке пайдалану үшін әкелінетін көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы кез келген тәсілмен  өткізілген жағдайда кедендік декларациялауға жатады, ЕАЭО мүше мемлекеттерінде тіркелген көлік құралдарын қоспағанда 343-баптың 3-тармағына сәйкес, жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарларды, соның ішінде Кодекстің 346-бабына сәйкес кедендік транзит рәсіміне орналастырылатын тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Кодекстің 339-бабының 7-тармағына сәйкес , егер жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарлар 39-тарауға сәйкес жеке пайдалану тауарларына жатқызылмаса, онда бұл тараудың ережелері қолданылмайды. Мұндай тауарлар Кодекстің басқа тарауларына сәйкес тәртіппен және шарттармен өткізіледі .Осыны ескере отырып, ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында 8702, 8703, 8704 21 және 8704 31 тауар позицияларына жатқызылған көлік құралдарын (бұдан әрі – автомобильдер) жеке тұлғалар үшін үшінші елдерден ЕАЭО-ның Қазақстан бөлігіне әкелу кезінде кедендік декларациялау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:Жеке пайдалану үшін әкелінген жағдайда – жеңілдетілген тәртіппен жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) тапсырып және 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне сәйкес қосымша 2-де белгіленген мөлшерлемелер бойынша біріктірілген кедендік төлемді төлеу арқылы жүзеге асырылады;Кәсіпкерлік қызмет үшін әкелінген жағдайда – тауарларға декларация (ТД) тапсырып, ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсіміне орналастыру арқылы жүзеге асырылады, мұнда: кедендік декларациялау үшін төлем , салықтар және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі бойынша баждар төленеді (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімі) ;немесе Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) төмендетілген мөлшерлемесі бойынша баждар төленеді (ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімі).#Кеден #АвтоИмпорт #КеденРеттеу #ЕАЭО #Қазақстан #АвтокөлікДекларациясы #ИмпортАвто #АвтоКеден #КеденКЗ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113612?lang=kk
ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 27.11.2025
2025 Ж. ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ ‼ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ ‼ 7 қараша: 101.03 және 101.04 нысандары – 3-тоқсанға резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептер; 200.00 нысаны – 3-тоқсанға ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация; 300.00 нысаны – 3-тоқсанға ҚҚС бойынша декларация; 400.00 және 421.00 нысандары – қыркүйек айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп; 570.00 нысаны – 3-тоқсанға экспортқа рента салығы бойынша декларация; 590.00 нысаны – 3-тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация; 710.00 нысаны – 3-тоқсанға ойын бизнесі салығы бойынша декларация; 880.00 нысаны – 3-тоқсанға цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация; 913.00 нысаны – 3-тоқсанға бөлшек салықтың АСР бойынша декларация. 20 қараша: 328.00 нысаны – қазан айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ‼ ТӨЛЕМДЕР ‼ 20 қараша: Қазан айына ЕАЭО-да ҚҚC; Қазан айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда. 25 қараша: Қараша айына КТС бойынша аванстық төлемдер; Қазан айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС; Қазан айында төленген табыстардан КТС, ЖТС; Қазан айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС; 3-тоқсанға бөлшек сауда салығының АСР қолданатын салық төлеушілерге КТС, ЖТС; 3-тоқсанға ҚҚС, экспортқа ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем; Заңды тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер; Радиожиілік спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер; Қазан айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ. #МКДКОСТАНАЙ#ДГДКОСТАНАЙ #Салықтар #Налоги #Кеден #Таможня #Салықтық_күнтізбе #Налоговый_календарьАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113614?lang=kk
Акцизделетін тауарлар экспортын растау 27.11.2025
Акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:- экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);- акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларация немесе кеден органы растаған оның көшiрмесi.Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар тауарларға арналған толық декларация экспортты растау болады;- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi.Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актiсi ұсынылады;- салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түсетін түсімнің іс жүзінде түскенін растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшiрмесi.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113626?lang=kk
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында халыққа білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізілді. 27.11.2025
2026 жылғы 18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті РММ-нің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Исаканова Ж.Б. жеке сот орындаушысы А.Ж. Мұқашевамен бірлесіп, «Заң және Тәртіп» нарративі аясында халыққа білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізді.Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, заңгерлік көмек көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1164811?lang=kk
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 27.11.2025
2025 жылдың 24 қараша 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Шыңгыс Қалиев Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы 3 орынға иеленді. Жүлделі орынмен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1113514?lang=kk
Аққайың ауданының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізілді. 27.11.2025
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында 2025 жылғы 26 қарашада нотариус Пыльская Н.В., адвокат Калиева А.М. және мәжбүрлеп орындату жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімнің №2 бөлімінің аға сот орындаушысы Байтеленов М.С. Аққайың ауданының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізді.Іс-шара барысында азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тәртібі мен тетіктері түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1113527?lang=kk
ТОП 5 сұрақ-жауап. 27.11.2025
ТОП 5 сұрақ-жауап.#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1128858?lang=kk