Enbekshi QazaQ

Қоғам

Назар аударыңыз! Алаяқтық схемалары туралы ескертеміз 24.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бүгінгі таңда интернет-алаяқтар электрондық пошта мекенжайларына«Салықты шұғыл төлеу қажеттігі туралы ескерту» деген жалған хабарламалар жіберуді жалғастырып жатқанын хабарлайды. Сондай-ақ, бұрыннан белгілі әдіс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері ретінде танысып, қоңырау шалып, салықтық есептіліктің (270-нысан) жоқтығы туралы жалған ақпарат таратады.Қазіргі уақытта алаяқтар өздерін курьер ретінде таныстырып, салық төлеушінің атына салық органынан хат келгенін айтып. Хатты жеткізу қызметін МКК (салық органы) төлейді деп сендіріп, мекенжайға жеткізуді ұсынады.Содан кейін жәбірленушінің телефонына 1414 нөмірінен «Enbek.kz» атынан алты таңбалы код жіберіп, процесті аяқтау үшін сол кодты айтуын сұрайды.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, кодтар мен нөмірлерді ешкімге айтпауға, алынған ақпараттың дұрыстығын тексеруге және алаяқтардың айла-тәсілдеріне ермеуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1110872?lang=kk
Жаңа хабарландыру сервисі: азаматтар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы алдын ала біле алады 24.11.2025
      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ағымдағы жағдай мен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жөнінде жедел ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосты.Енді азаматтарға жекелеген қызметтердің уақытша қолжетімсіз болу себептерін білу үшін ХҚКО қызметкерлеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтің барлығы «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды таблоларда көрсетіледі.Сервис ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларының техникалық жай-күйін автоматты түрде көрсетіп отырады. Осылайша азаматтар мемлекеттік қызметтердің мәртебесі туралы сенімді әрі өзекті мәліметті уақытылы алып, ХҚКО немесе МХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлай алады.«ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі – азаматтардың өтініштерін қабылдап, мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын негізгі арна. Жаңа сервис осы базалар арқылы көрсетілетін қызметтердің уақытша қолжетімсіздігін алдын ала біліп, ХҚКО-ға баруды соған қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл – цифрлық ашықтықты арттыруға, айқындықты күшейтуге және мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған тағы бір қадам», - деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы. Жаңа сервис Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ашық, сенімді әрі қолайлы цифрлық шешімдерді дамытудың келесі кезеңі болды.Айта кетейік, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1118081?lang=kk
Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Қиыр Шығыс өңірлік тобына кірді 24.11.2025
Қазақстанның өңірлік топқа кіруі – Агенттіктің Жарғысына және еліміздің бастамасымен қабылданған АЭХА Бас конференциясының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі GC(67)/RES/15 қарарына сәйкес мемлекеттердің АЭХА-дағы егемендік теңдігін қалпына келтіру мәселесіндегі маңызды қадам. Сонымен бірге бұл Астананың бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге, ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайтуға бейілділігін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1110834?lang=kk
Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары заманауи ұрыс жүргізу әдістерін меңгерді 24.11.2025
68665 әскери бөлімінің базасында Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары үшін тактикалық-атыс даярлығы бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті.Іс-шара кәсіби дайындықты арттыруға, тәжірибе алмасуға және қазіргі заманғы ұрыс жүргізу тәсілдерін ескере отырып, әскери қызметшілерді оқыту үрдісін жетілдіруге бағытталды.– Нұсқаушылармен өткізілетін жиындар жеке құрамды сапалы дайындау үшін аса маңызды. Нұсқаушы жауынгердің кәсібилігі, жауынгерлік дайындығы мен тәртібінің негізін қалыптастыратын тұлға болып табылады. Оның шеберлігі бүкіл әскердің оқу жүйесінің тиімділігіне әсер етеді. Сондықтан ортақ талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқу үдерісін жетілдіру бағытында жұмыс істеу маңызды, – деп атап өтті Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Сабақтар теориялық бөлімді, оқу-жаттығу алаңындағы практикалық дайындықты және көрсетілімдік іс-шараларды қамтыды. Заманауи оқу технологияларын енгізуге, жаттығу процесінің сапасын арттыруға және бөлімшелердегі әдістемелік талаптарды біріздендіруге ерекше назар аударылды.Нұсқаушылар жауынгерлік, атыс және тактикалық дайындық, әскери педагогика мен сабақ өткізу әдістемесі бойынша кешенді оқытудан өтті. Ұйымдастырушылардың бағалауынша, олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін растап, бөлімшелерде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға толық дайын екендіктерін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1110837?lang=kk
«Қолға жұмыс –  көңілге қуаныш» көрмесі 24.11.2025
ШҚО музей-қорығында «Қолға жұмыс – көңілге қуаныш» атты стационарлық көрмесінің ашылуы өтті. Көрме ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың ортасындағы Оңтүстік-Батыс Алтай орыс шаруаларының дәстүрлі тоқымашылығына арналған және кенепті қолдан тоқу процесінің барлық кезеңдерін көрсетеді. Онда Шығыс Қазақстан облысының ауылдары мен аудандарынан жиналған музей-қорықтың қор коллекциясынан әртүрлі тоқу құралдары, сүлгілер, белбеулер, кенеп кесіндісі, дастарқандар сияқты 200-ден астам жәдігер, сондай-ақ келушілерге мата өндірісінің көп еңбекті қажет ететін процесінің қыр-сыры туралы көрнекті мағлұмат алуға мүмкіндік беретін картиналар, суреттер мен фотосуреттер ұсынылды. «Бастенки» фольклорлық ансамблі мен добырашы Қуаныш Оралбаевтың өнер көрсетуі көрменің ашылуының сәнін кіргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1110791?lang=kk
Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы жәнеерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары 24.11.2025
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»"Зейнетақының лайықтылығы" ұғымын қалай түсінуге болады?Ұдайы өзгеріп отыратын демографиялық құрылым, халықтың қартаюы және еңбек нарығының өзгеруі жағдайында лайықты қартаюды қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің біріне айналады. Сондықтан зейнетақы лайықтылығының Қазақстанда, әсіресе зейнетақының ынтымақты бөлігінің үлесінің төмендеуі және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өсіп келе жатқан рөлі аясында маңызы арта түседі. Лайықты зейнетақы табысы – бұл зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамның әдеттегі өмір сүру сапасын елеулі қаржылық шектеулерсіз сақтауға мүмкіндік беретін төлем мөлшері. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысы бойынша кірісті алмастыру коэффициенті (КАК) кемінде 40%-ды құрауы тиіс. КАК – зейнетақы төлемдерінің зейнеткерлікке шыққанға дейінгі табысқа қатынасы, яғни зейнетақы табысы еңбек табысын қаншалықты алмастырады. Қазақстанда бұл көрсеткіш қазір шамамен 41%-ды құрайды. 2)Адам зейнетақы табысының лайықтылығын өз бетінше қалай арттыра алады?Зейнетақы табысының лайықтылығын келесі амалдармен арттыруға болады:міндетті және қосымша ерікті жарналарды тұрақты аудару арқылы;неғұрлым белсенді және ықтимал табысты инвестициялау үшін зейнетақы қаражатын жеке инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру арқылы.Сондай-ақ тұрақты міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болашақта зейнетақы төлемдерінің сомасына оң әсер етуімен қатар, жалпы еңбек өтіліне байланысты мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшеріне ықпалы бар. 1998 жылдан бастап еңбек өтілі тек нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарымен расталады. Қазір базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) 70%-ын (жалпы еңбек өтілі 0-ден 10 жылға дейін), ал ең жоғарғысы 110%-ын (30 және одан да көп жыл өтілі бар) құрайды. 2027 жылға дейін ең жоғары базалық зейнетақы КД-ның 120%-на дейін ұлғайтылатын болады.Осы шаралардың барлығы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, зейнеткерлік жаста тұтынудың, бос уақыттың және өмір сапасының әдеттегі деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Ерікті зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? Мұны жұмыс беруші жасай ала ма?Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлға өздері үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат салады.Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады. Соның негізінде жұмыс беруші жарналарды өтінім берушінің пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу өтінішсіз келесі тәртіппен жүзеге асырылады:ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде;ЕЗЖ аудару кезінде жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға түскен бастапқы жарна негізінде. Ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан төлемдерді қалай және қашан алуға болады?ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұдан басқа, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан  ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, олар мүгедек адамдарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.ЕЗЖ есебінен төлемдер алу үшін өтініш БЖЗҚ-ға enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында, сондай-ақ Қордың кез келген бөлімшесінде беріледі.Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz  сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде бақылауға мүмкіндік бар."БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын аудару туралы уақтылы шешім қабылдауы өзінің зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және одан әрі жоғары төлемдер алуға көмектесетінін еске салады. Ерікті зейнетақы жарналары мұраға қалдырыла ма?Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның жинақтары Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарынмұраға беру өсиетнемесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған немесе ол бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ басқа жағдайларда заң бойынша мұрагерліккүшіне енеді. Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары қандай?Айта кету керек, азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.Өз жұмысшылары үшін ЕЗЖ төлейтін жұмыс берушілер салықтық жеңілдіктерге ие болады. Жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады. 7) Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға бола ма?Ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері инвестицияланады және салымшыларға табыс әкеледі. Жалпы зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Алайда салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударуға құқылы, олар кірістілік пен тәуекелдің әртүрлі деңгейлері бар түрлі инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға толық беруге болады.ИПБ-ға жинақтардың аударымы салымшының өтініші бойынша жүргізіледі, оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны ауыстыруға мүмкіндік бар, бірақ жылына бір реттен жиі емес. Осылайша ЕЗЖ зейнетақы активтерін басқаруда тағы бір артықшылық береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1110780?lang=kk
"БЖЗҚ" АҚ "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қаржыжурналистикасы мектебі"атты онлайн-семинар өткізді 24.11.2025
Ағымдағы жылдың 20-21 қарашасында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ, Қор) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мамандары екі күн бойына қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сыныптарын өткізді.Курс бағдарламасында әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды. Қор сарапшылары мен ҚРҰБ өкілдері әлемдегі зейнетақы жүйелерінің үлгілері, БЖЗҚ қызметі, зейнетақы активтерін инвестициялау және жинақтарды сенімгерлік басқаруға беру, зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды алу және салық салу тетіктері туралы баяндады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалды қалай жасауға болатынын, тақырып бойынша эксклюзивті түсініктемелерді қайдан табуға болатынын көрсетті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді."БЖЗҚ" АҚ аралас форматта (офлайн және онлайн) өткізілген семинарға қатысқан барлық тыңдаушыларға алғысын білдіріп, осы шара барысында алған ақпарат оларға салымшы ретінде пайдалы, өзекті деөтімді журналистік материалдар жасауға көмекші болады деп үміттенеді.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1110782?lang=kk
Аудан әкімі Индқария және Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті 24.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кезекті есепті кездесулерін өткізді. Жиындарға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, бөлім мен мекеме басшылары қатысты.Кездесу барысында аудан басшысы облыс және ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен мәлімет берді. Аудан әкімі өз сөзінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалардың қарқынды жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ауылдық округтерде жол жөндеу, ауыз су, жарықтандыру, абаттандыру бағыттары бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.Биыл Іңкәрдария ауылына “Үлгілі елді мекен” байқауында 15 млн. теңге сертификат берілсе, жақын күндері Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары басталды.Кездесулерде тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, инфрақұрылым, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады. Аудан басшысы әрбір ұсыныс назарсыз қалмайтынын, көтерілген мәселелер жүйелі түрде бақылауға алынатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1110625?lang=kk
Жастар және дін: ата‑аналар не білуі керек? 24.11.2025
Қазіргі қоғамда дін көптеген адамның, соның ішінде жастардың өмірінде маңызды орын алады. Зерттеулер көрсеткендей, жастар үшін дін рухани құндылықтар мен моральды бағыттардың негізгі көзі болып табылады. Алайда соңғы уақытта өмірдің мәнін іздеу және рухани тәжірибелерге деген қызығушылық артып келеді, бұл кейде жаңа қозғалыстар мен бағыттарға қатысу қаупімен байланысты болуы мүмкін. Мендыкарин ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, «Қостанай облыстық психологтар қауымдастығы» қоғамдық ұйымының жобасы аясында, Боровское және Первомайское елді мекендерінде жастардың діни сауаттылығын арттыру және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында кездесу өткізілді. Бұл кездесулерде жастардың діни санасын қалыптастырудың негізгі мәселелері мен ата‑ананың рөлі қарастырылды. Ю. Калюжная, деструктивті ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі, тыңдармандардың псевдорелигиоз әсерлерден қорғау факторлары туралы айтты: Ата‑аналар діни қозғалыстар туралы негізгі біліммен, олардың айырмашылықтары мен қауіптері туралы хабардар болуы керек. Бұл балаларды деструктивті ұйымдар ықпалына ерте түрде байқап, алдын алуға көмектеседі. Сенім атмосферасын құру — жасөспірімдер өз ойлары мен сезімдерін ата‑анасымен бөлісе алатын негізгі кепілдік. Ешқашан айыптамай, мұқият тыңдап, баланың ішкі дүниесіне қызығушылық таныту маңызды. Кейде жастар өмірдің мәнін табу және рухани қолдау іздеп, діндар топтарға қосылады, ол олардың деструктивті ұйымдарға осал болуына әкелуі мүмкін. Егер күдік немесе күмән пайда болса, Қостанайдағы Құрасқан орталығына +77714294221 телефоны арқылы хабарласуға болады. Онда психолог пен заңгер тегін көмектеседі. Ю. Калюжная жастарды манипуляциялау жағдайларының мысалдарын келтіріп, ерте араласудың және алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ата‑аналарға арналған бірнеше практикаға негізделген кеңес берді: Баланың қызығушылықтарына тұрақты қызығушылық танытып, үнемі сөйлесу. Діннің өмірдегі рөлі мен оның позитивті аспектілерін талқылау. Балаларды сыни ойлауына үйрету, қауіпсіз дін практикасын деструктивтілерден ажырату қабілетін дамыту, әрі басқа әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру: конструктивті қарым‑қатынас, стресс тұрақтылығы, жанжалды зорлық‑зомбылықсыз шешу, көмек сұрау мен оған жауап беру. Күмәндер болған жағдайда — кәсіби көмекке жүгіну қажет. Ата‑аналар, педагогтар мен мамандардың бірлескен күш‑жігері жастарды қауіпті дін ұйымдарынан қорғауда маңызды рөл атқарады. Тек қана ақпаратты біліп қана қоймай, сенім атмосферасын құрып, жастарымыздың рухани құндылықтар әлемінде дұрыс бағыт алуларына көмектесу — басты міндетімізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1110627?lang=kk
Брюссельде Қазақ мәдени орталығы ашылды 24.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 23 қараша - Бельгия астанасында шетелде тұратын отандастарды қолдауға және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жаңа алаң - Қазақ мәдени орталығы өз жұмысын бастады. Бұл орталықта балалар мен ересектер қазақ тілін үйреніп, ұлттық дәстүрлермен танысып, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, туған елдің мәдениетімен байланысын сақтай алады.Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко орталықтың ашылуы мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге серпін беретінін атап өтті:«Қазақ мәдени орталығының ашылуы шетелде тұратын отандастарымызды қолдаудағы маңызды қадам. Бұл жоба тілімізді, дәстүрімізді және мәдени бірегейлігімізді, әсіресе жастар арасында, сақтауға өз үлесін қосады», – деді.Орталықты құру бастамасы диаспораның көптен бергі сұранысына жауап ретінде жүзеге асты. Бельгиядағы қазақстандық отбасылармен белсенді жұмыс істеп жүрген жоба жетекшісі Ардақ Молданиязова бұл оқиғаның маңызын келесідей түсіндірді:«Көптеген ата-аналар балаларының қазақ тілін естіп, ұлттық дәстүрлерді тануға мүмкіндігі аз екенін айтып жүрді. Уақыт өте келе кейбір балалардың өз мәдениетімен байланысы әлсірей бастағаны байқалды. Сондықтан мұндай орталықтың ашылуы өте орынды болды. Енді біздің отбасыларда балалардың тілге және мәдени тамырларына біртіндеп қайта жақындауына жағдай жасайтын орта бар», – деді ол.Орталықтың ашылу күні балалар қазақ тілінің әліппесімен, дәстүрлі ойындармен, ұлттық музыка аспаптарымен танысты. Қазақстаннан асырап алынған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар да үлкен қызығушылық танытты, олар үшін балаларының өз шығу тегін түсінуі ерекше маңызды.Қазақ мәдени орталығы тұрақты негізде жұмыс істеп, тіл курстарын, шығармашылық студияларды, домбыра сабақтарын, мәдени бағдарламалар мен білім беру бастамаларын ұсынады. Орталық Еуропада тұратын қазақстандықтар үшін маңызды бас қосу орнына айналып, Бельгия мен Қазақстан арасындағы рухани-мәдени көпір болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1110582?lang=kk
Геннадий Головкин Әлемдік бокс олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалды 23.11.2025
Олимпик.кз сайтының хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (Әлемдік бокс) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды. Осы лауазымда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы World Boxing ұйымының қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық спорт ұйымдарымен өзара әрекеттесуге баса назар аударады. Комиссия төрағасы ретінде оның жұмысы боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу және Халықаралық Олимпиада комитетінің World Boxing ұйымын мойындауын қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз ынтымақтастыққа негізделеді.Мен үшін де, бүкіл Қазақстан мен спорт әлемі үшін де боксты Олимпиада спорты ретінде сақтап қалу маңызды, және бұл менің басты басымдылығым болады. Сонымен қатар, мен Халықаралық Олимпиада комитетімен бокстың адалдық, әділдік және айқындық сияқты олимпиадалық құндылықтарға адалдығы мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға ниеттімін.Мен кәсіби спортшы ретіндегі тәжірибем World Boxing ұйымында жүйелі тәсілді қалыптастыруға көмектеседі деп сенемін, және бірлескен күш-жігерімізбен бокстың дамуына жаңа серпін бере аламыз, бірақ алда әлі көп жұмыс бар», – деп баса айтты Геннадий Головкин. Дүниежүзілік бокс президенті Борис ван дер Ворст Геннадий Головкинмен ынтымақтастық ұйымның мақсаттарына тиімді жетуге көмектесетінін атап өтті.«Олимпиадалық және кәсіпқой бокста өте табысты мансап құрған адам ретінде ол боксты Олимпиада қозғалысының құрамында сақтаудың спорттың әрі қарай дамуы, әуесқой да, кәсіпқой да деңгейде қаншалықты маңызды екенін терең түсінеді. «Мен бокс өнерін дамыту және оның Олимпиада спорты ретінде сақталуын қамтамасыз ету миссиясында онымен тығыз ынтымақтастыққа асыға күтемін», – деді Борис ван дер Ворст. Айта кетерлік жайт, Геннадий Головкиннің кандидатурасы World Boxing ұйымы мақұлдаған алғашқылардың бірі болды. Жақын арада спорт әлемінің басқа да өкілдері боксты Олимпиада қозғалысының орталығында ұстауға бағытталған ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істеуге шақырылған Олимпиада комиссиясына қосылады.Ескерту үшін: World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы. Қазіргі уақытта ол әлемнің 44 елінің ұлттық федерацияларын біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1110559?lang=kk
Қазақстан мен Кувейт жер қойнауын пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады 23.11.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 23 қараша – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев қазақстандық «Phoenix Mining» компаниясы мен кувейттік «Royal Mining Company» компаниясының өкілдері арасында кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар геологиялық барлау жұмыстары мен қатты пайдалы қазбаларды барлауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Компаниялар ағымдағы жобалар, техникалық мүмкіндіктер және бірлескен жұмыстың ықтимал бағыттары туралы ақпарат алмасты.Кувейттік компания неғұрлым егжей-тегжейлі консультациялар өткізу, ынтымақтастық шарттарын зерделеу және жобаларды іске асыру үшін ықтимал орындарды бағалау үшін Қазақстанға келуге мүдделілігі мен ниетін білдірді.Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі екі елдің бизнес-топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға жәрдемдесуді және жер қойнауын пайдалану саласындағы жаңа инвестициялық бастамаларды қолдауды жалғастырады.«Phoenix Mining» – геологиялық барлау мен қатты пайдалы қазбаларды барлауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды жүзеге асыратын қазақстандық компания. «Royal Mining Company» – тау-кен секторында жұмыс істейтін және Таяу Шығыс, Африка және Орталық Америка елдерінде жетекші қызмет көрсететін қарқынды дамып келе жатқан халықаралық компания.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1110555?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ 23.11.2025
ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫШымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама Шымкент қаласының әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасында 2025-2028 жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында іске асырылып отыр.Жаңа консулдықтың ашылуы Франция мен Шымкент қаласы арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және ғылыми байланысты одан әрі нығайтуға серпін береді. Сонымен қатар, өңірге инвестиция жұмылдыруға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.Консулдық сауда-экономикалық байланыстарға көмектесу, Қазақстандағы Франция азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғауға қолдау көрсету, құжаттарды (паспорттар, визалар және т.б.) алуға байланысты көмек көрсету, француз тауарлары мен қызметтерін жергілікті нарықта ілгерілету, екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми және сауда ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ, мәдени және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға қолдау көрсету бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.Францияның Шымкент қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуы өңірдің халықаралық серіктестікке ашықтығын айқын көрсетіп, Шымкенттің жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін маңызды қадам болып саналады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1110557?lang=kk
Қазақстан Еуразиялық транзит рөлін нығайтады: екі терминал БҰҰ құрғақ порт мәртебесін иеленді 23.11.2025
Қазақстанның екі логистикалық хабы – «Достық Транс Терминал» және «Глобал Сити Трейд энд Логистикс Комплекс» – Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АТЭӘК) құрғақ порттар тізіміне қосылды. Бұл шешім Тайландтың Бангкок қаласында өткен Құрғақ порттар жөніндегі жұмыс тобының алтыншы отырысында қабылданды.Осы терминалдардың тізімге енгізілуі Еуразиялық байланыстағы Қазақстандағы өсіп келе жатқан рөлі үшін маңызды белес болып табылады, – деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 19 қарашада.Ресми өкілдердің айтуынша, жаңа мәртебе елдің БҰҰ-ның мойындаған инфрақұрылым карталарындағы орнын нығайтып, транзит және логистика мүмкіндіктерін кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.Қазақстан–Қытай шекарасында орналасқан «Достық Транс Терминал» Азия мен Еуропа арасындағы теміржол жүк ағындарын жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Қарағандыда орналасқан «Глобал Сити Трейд энд Логистикс Комплекс» кешені көліктік-логистикалық операциялар мен өңірлік сауданы қолдауға арналған ірі логистикалық хабқа айналуда. Бұған дейін Қазақстан Жасыл дәліз жүйесін енгізу және оны негізгі еуразиялық транзит хабы ретінде нығайту шараларын айқындап, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерімен көпжақты кедергісіз транзит туралы келісім дайындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1110553?lang=kk
Кедендік тексеру нәтижесіндегі бұзушылықтар 23.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы қаңтар–қазан айларында Мемлекеттік кірістер органдарымен 830 кедендік тексеру жүргізілгенін, оның қорытындысы бойынша 31 млрд теңге қосымша есептелгенін, 24 млрд теңге өндірілгенін хабарлайды.Бұзушылықтар кедендік тексерулердің 81%-да анықталды.Өткен жылмен салыстырғанда қосымша есептеу сомасы 172%-ға, өндіріп алу сомасы 266%-ға өсті.Кеден саласында бұзушылықтар жасағаны үшін 534 әкімшілік іс қозғалды. Ең жиі кездесетін бұзушылықтар:- Кедендік құнды дұрыс анықтамау - 40%.- СЭҚ ТН бойынша тауарлардың дұрыс жіктелмеуі - 20%.- Шектеулері бар тауарларды мақсатсыз пайдалану - 11%.- Кедендік рәсімдердің, оның ішінде уақытша әкелудің шарттарын бұзу - 9%. Жауапкершілік:Кедендік декларацияда мәлімделген дұрыс емес мәліметтер үшін – әкімшілік айыппұл көзделген ӘҚБтК-нің 551-бабы.Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда, ҚР ҚК 236-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1110546?lang=kk
2025 жылғы 19- 20 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. 23.11.2025
Конкурсқа 16 секция бойынша 17 бала қатысып, жобаларын қорғады.*Байқау қорытындысы бойынша*:Жер және космос туралы ғылымдар1 -орын Исабеков Алинур 11 сынып оқушысы “Н.Баймұратов атындағы ортамектебі”КММ жетекшісі: Жексенаев Мейрамгали КенеспековичОрыс тілі2- орын Абалгазинова Дарина 9 сынып оқушысы “Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі” КММ жетекшісі: Утовлинова Айша БерикболовнаЭкономика2-орын Хасен Алимжан, Нұрболатов Алимжан 8 сынып оқушысы “Глуховка орта мектебі” КММ жетекшісі: Тауырбекова Меруерт СоветовнаСекция: Информатика3-орын Мейрханов Амир 10 сынып оқушысы “№1 Жалпы білім беретін ортамектебі “КММ жетекшісі: Еркинбаева Нуржанат АмангельдиевнаФизика3-орын Пшенбай Әлихан 11 сынып оқушысы «Қоянбай орта мектебі» КММ жетекшісі: Бақатаев Айдын СерікбайұлыСекция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау3-орын Әйкен Әкежан 9 сынып оқушысы “№1 Жалпы білім беретін орта мектебі “КММ жетекшісі: Чегибаев Ерлан МаратовичТарих3-орын Жұманбаева Асылай 8 сынып оқушысы “№1 Жалпы білім беретін орта мектебі “КММ жетекшісі: Жуманбаев НурланАғылшын тілі3- орын – Айбасова Ақмарал 10 сынып оқушысы “Семеновка орта мектебі” КММ жетекшісі: Утенова Салтанат ЕргалиевнаЖеңімпаздарды жүлделі орындармен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1110542?lang=kk
2025 жылғы 21 қарашада Бесқарағай ауданы мектептеріндегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің қатысуымен кеңес өтті. 23.11.2025
Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты.Кеңес барысында білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың қазіргі жағдайына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Негізгі назар балалар мен жасөспірімдер арасындағы эмоционалдық қиындықтардың артуына, қолдау жүйесіндегі алаңдататын үрдістер мен жүйелі мәселелерге, сондай-ақ білім беру процесі қатысушыларының өзара әрекеттестігін тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына аударылды.Жиынның маңызды бөлігі – бірыңғай қолдау стратегиясын қалыптастыру. Онда педагогтердің эмоционалдық қолдау көрсету дағдыларын дамыту, ерте анықтау үшін индикаторлар мен чек-парақтарды әзірлеу, қолдау мәселелерін педагогикалық кеңестердің күн тәртібіне енгізу, сондай-ақ оқушыларға арналған жеке қолдау жоспарларын жасауда педагогтер мен психологтардың өзара ынтымақтастығы қарастырылды.Кеңес қатысушыларына орталық мамандары дайындаған «тәуекел тобына» кіретін балалар мен жасөспірімдерді сүйемелдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Бұл материалдар эмоционалдық, мінез-құлықтық және коммуникативтік қиындықтарды дер кезінде анықтауға, психологиялық-педагогикалық жұмыстың мақсаттарын белгілеуге және баланың жағдайындағы өзгерістерді жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.🔹 Сонымен қатар «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ҰҒП институтының «Мектеп психологына көмек» атты диагностикалық әдістемелер жинағын тәжірибеде қолдану мәселесі талқыланды.Кеңес мамандардың өзара ынтымақтастығын нығайтып, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызын көрсетті және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін жетілдіру бағытында маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1110543?lang=kk
Біріңғай цифрлық платформа: авторлар мен пайдаланушылар үшін негізгі өзгерістер 22.11.2025
21 қарашада «Атамекен» ҰКП Мәдениет және креативтік индустриялар жөніндегі кішікомитеті алаңында зияткерлік меншік мәселелері бойынша қабылданған түзетулердің негізгі қағидалары таныстырылды. Отырысқа ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігі, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы қатысты.Басты жаңашылдық ұжымдық құқықтарды басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) болды. Ол шығармалардың пайдаланылуын, шарттарды және сыйақы есептеуді бірыңғай жүйеде тіркеуге мүмкіндік береді, бұл авторлар мен пайдаланушылар үшін ашықтық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың айтуынша, платформаны енгізу сыйақыны жинау мен бөлуді әділ етеді.Талқылауға шығармашылық индустрияның, өңірлік палаталардың, театрлар мен филармониялардың, авторлар мен бизнес өкілдерінің 200-ден астам өкілдері қатысты. Қатысушылар платформа жұмысына қатысты түсіндірмелер алып, цифрландыру зияткерлік меншік саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыра түсетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1110490?lang=kk
«UBM Group» Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда 22.11.2025
Астана, 2025 жылғы 21 қараша - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек директорлар кеңесінің төрағасы Акош Варга бастаған мажар «UBM Group» компаниясының басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында «UBM Group» компаниясы Алматы және Қостанай облыстарында премикс және құрама жем зауыттарын салу жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. Инвесторлар серіктестермен келіссөздердің жай-күйі, бірлескен кәсіпорындар құру, дайындық жұмыстары және бірінші кезеңді іске асырудың келісілген кестесі бойынша келесі қадамдар туралы хабарлады.Бірінші кезеңнің аясында компания 58 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салып, екі зауыттың құрылысын жоспарлап отыр. Өндірістік қуат жылына 48 мың тонна премикс және 200 мың тонна құрама жем болмақ. Өнім Қазақстан, ЕАЭО және Қытай нарықтарына бағытталады.Компания «AsiaAgroFood» АҚ-мен («KazFoodProducts» тобы) премикс өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды және «Eco Broiler Ltd» компаниясымен Қостанай облысында құрама жем зауытын салу жөніндегі келіссөздерді аяқтап келеді. Сонымен қатар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен Инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселесі талқылануда.Ә.Қуантыров атап өткендей, «UBM Group» жобасы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі қайта өңдеу секторын күшейтіп, жем-шөп базасының сапасын арттырады және импортқа тәуелділікті азайтады. «UBM Group жобасын біз Қазақстандағы терең өңдеу мен заманауи жем өндірісін қалыптастырудың маңызды қадамы деп санаймыз. Компанияның технологияларды жергіліктендіруге және ұзақ мерзімді жұмысқа дайын болуы біз үшін маңызды. Мемлекет тарапынан жобаның тиімді әрі уақтылы іске асырылуы үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі», – деді ол.Өз кезегінде А.Варга жоспарланған жобаның Қазақстандағы өнеркәсіптік көлемде премикс өндіретін алғашқы және ең ірі құрама жем өндіруші кәсіпорын болатынын, бұл елдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі өңдеу деңгейін сапалы жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті: «Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және бұл өндіріс фермерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. Премикс пен құрама жемнің жергілікті өндірісі мал өнімдерінің өзіндік құнын төмендетіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жеткізілімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Біз саланы ұзақ мерзімді дамытуға инвестиция салып, үздік технологиялық шешімдерді енгізуге дайынбыз».Кездесу барысында тараптар инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін таңдау, газ және электр желілеріне қосылу, сондай-ақ жобаны іске асырудың келесі кезеңдері бойынша мәселелерді талқылады. «UBM Group» жоспарына сәйкес, алғашқы зауыттардың іске қосылуы 2027 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар компания екінші кезеңде Қарағанды және Түркістан облыстарында тағы екі құрама жем зауытының құрылысын бастауды жоспарлап отырғанын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1111041?lang=kk
Қазақстан мен Германия консулдық сала мен реадмиссия бағытында ынтымақтастықты нығайтуда 22.11.2025
Берлин, 2025 жылғы 19-20 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Данияр Ысқақовтың басшылығымен қазақ делегациясы Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінде келіссөздер өткізді. Келіссөздерге неміс тарапынан ГФР СІМ Құқықтық және консулдық мәселелер, заңды көші-қон және кері қайтару жөніндегі уәкілі Кристиан Кляйн жетекшілік етті.Тараптар консулдық өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі қадамдарды егжей-тегжейлі талқылады.Сонымен қатар ГФР Ішкі істер министрлігінде екіжақты Үкіметаралық реадмиссия туралы келісімді іске асыру мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық канцлері Олаф Шольц 2024 жылғы 16 қыркүйекте қабылдаған Ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияны орындау аясында ұйымдастырылды. Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Германия Федералдық ішкі істер министрлігінің өкілдері кірді.Отырыста тараптар Реадмиссия туралы келісімді практикалық іске асыру тетіктерін, қауіпсіздік пен көші-қон саласындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ реадмиссияға жататын тұлғаларды сәйкестендіру және қайтару рәсімдерінің тиімділігін арттыру, көші-қон процестерін бақылауды жетілдіру мақсатында цифрлық құралдарды енгізу перспективаларын қарастырды.Қазақ делегациясының Берлинге сапарының қорытындысы бойынша тараптар консулдық және көші-қон мәселелерінің барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілділігін растады, сарапшылық деңгейдегі қарқынды диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті және Қазақстан мен Германия арасындағы достық байланыстардың жүйелі түрде нығайып келе жатқанын ерекше атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110477?lang=kk