Қоғам
СУ БЕРУДІҢ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА 05.11.2025
Құрылысы жүріп жатқан «Көпқабатты тұрғын үй кешенін салу» нысанын су жүйесіне қосуға байланысты, 2025 жылғы 7 қараша күні сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша су беру уақытша тоқтатылады:Юбилейный шағынауданы 1, 4, 5, 7, 14, 15, 16 үйлері.«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1099650?lang=kk
Крестовка және Чапаево ауылдарының дәрігерлеріне демеушілік көмек 05.11.2025
Алтай ауданының мәслихаты мен ауылдық округ тұрғындары депутаттар Кайрды Айткешевич Байкубинов пен Жанатбек Какенович Бугубаевқа Крестовка және Чапаево ауылдарының медицина қызметкерлеріне демеушілік көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.Бөлінген қаражатқа құрылыс материалдары, линолеум, бояулар сатып алынды және фельдшерлік-акушерлік пункттерге (ФАП) жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сіздің қолдауыңыздың арқасында медицина қызметкерлерінің жұмысы мен ауыл тұрғындарын қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалған.Ауыл инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі, қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1099613?lang=kk
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Огнев Сергей Владимировичке алғысымызды білдіреміз 05.11.2025
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Огнев Сергей Владимирович КММ «Зубов орта мектебі» аумағын абаттандыруға демеушілік көмек көрсетті.Сергей Владимировичтің бастамасы мен қолдауының арқасында мектеп ауласына асфальт төселіп, оқу үдерісін ұйымдастыруға, демалыс пен мектеп іс-шараларын өткізуге жағдай едәуір жақсарды. Жаңартылған аумақ тек ыңғайлы және қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар көрікті және ұқыпты келбетке ие болды.Мектеп әкімшілігі мен «Алтай ауданының білім бөлімі» ММ Сергей Владимировичке ілтипаттылығы, білім саласына деген назар аударуы және балалардың білім алып, тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасауға белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.Өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлық танытқаны үшін Сергей Владимировичке алғыс айтып, қоғамдық және кәсіби қызметінде табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1099617?lang=kk
«Үздік авторлық бағдарлама»* 05.11.2025
2025 жылғы 31 қазан күні *«Үздік авторлық бағдарлама»* байқауының аудандық кезеңі өткізілді.⚡Аудандық байқаудың қорытындысы:*«Білім беру менеджменті»* номинациясы бойынша✨1 орын- Турлыбаева Гульнар Кошкынбаева «Сосновка орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; *«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш сынып»* номинациясы бойынша✨1 орын- Кешубаева Гульназ Сальвековна «Н.Баймұратов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;✨2 орын – Баймухаметова Оксана Федоровна «Сосновка орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;✨3 орын – Жасуланова Айдана Сериковна «Қ. Рысқұлбеков атындағы ортамектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі;*«Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер»* номинациясы бойынша✨1 орын- Ажикова Ляйля Сарсеновна «Канонерка орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі;✨2 орын-Калиаскарова Зульфия Дюсенбаевна «Сосновка орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі;✨3 орын – Даулетбаева Айгерим Жастлековна «№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;*«Қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндер»* номинациясы бойынша✨1 орын- Сатемирова Алия Бакпеновна «Сосновка орта мектебі» КММорыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;✨2 орын-Губайдуллина Галия Акпаровна «Сосновка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;✨3 орын- Утовлинова Айша Берикболовна «Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі»КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;Жүлдегерлерді құттықтаймыз !!!👏👏👏Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1099536?lang=kk
«Тең мүмкіндіктер» фестиваліндегі біздің чемпиондар! 05.11.2025
№1 орта мектептің оқушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған инклюзивті спорттық фестиваль — «Тең мүмкіндіктер» іс-шарасына қатысты.Жарыстар 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өтті. Біздің оқушылар табандылықтың, еңбексүйгіштіктің және командалық рухтың арқасында тамаша нәтижелер көрсетті! 💪✨ 4 «А» сынып қыздар командасы —Зәкен Аружан, Ертаева Аяла, Дармен Меруерт (команда «Алау») —мынадай жетістіктерге жетті:🥇 «Біз жеңімпаз боламыз» эстафетасында — 1 орын🥇 жеңіл атлетикалық жарыста (50 м, 100 м, 200 м) — 1 орын.🔥 4 «Ә» сынып ұлдар командасы —Әсетұлы Нұрдәулет, Бақытбек Жангир, Болатбек Айсұлтан (команда «Сұңқар») —сондай-ақ келесі жетістіктерге жетті:🥇 «Біз жеңімпаз боламыз» эстафетасында — 1 орын🥇 жеңіл атлетикалық жарыста (50 м, 100 м, 200 м) — 1 орын.Біздің жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉Жаңа табыстар мен жеңістерге жете беріңіздер!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1099519?lang=kk
Rәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті 05.11.2025
2025 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен Комиссия жұмысына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы комиссия төрағалары қатысты.Отырыс барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және қолдау, оларға атаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру көмегін көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді дамыту, білім беру ұйымдарын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету және педагогтарды даярлау маңыздылығы атап өтілді.«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында кәмелетке толмағандар арасында заңға бағынатын мінез-құлық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік, ақпараттық-түсіндіру және мәдени-сауық жұмыстарын жандандыру қажеттілігі атап өтілді.Отырыстың қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық шараларды жетілдіру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту жөнінде тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1099520?lang=kk
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді 05.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан барлық жұмысты реттейтін бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеуді ұсынған еді. Президент бұл идеяны қолдап, оның мемлекеттік құрылымдар жұмысын жүйелендіруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын.Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сөйлеген сөздерін, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге ала отырып, «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» құжатын дайындады.Тұжырымдамалық құжатты әзірлеуге Ұлттық құрылтайдың мүшелері, сарапшылар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене атсалысты.Аталған құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Оның басты мақсаты – ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеу әрі үйлестіру.Онда «Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» секілді ішкі саясат қағидаттары қамтылған.Сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырыстарында көтерілген жалпыұлттық құндылықтардың тізбесі енгізілді. Жалпыұлттық бірегейлікті танытатын ұлттық нышандар жүйесі жасалды.Құжатта қоғамдық диалог, этносаралық қатынас, дін, мәдени-гуманитарлық, отбасы, жастар, ақпарат секілді ішкі саясаттың басым бағыттары айқындалған. Қабылданған тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысын ұйымдастыруға негіз болады.
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ: САННАН – САПАҒА ҚАРАЙ 05.11.2025
2025 жылы Қазақстан экономикасы сенімді өсім көрсетуде — ЖІӨ 6,3%-ға артты. Бірақ экономикалық көрсеткіштер ең алдымен адамдардың күнделікті өміріне қалай әсер ететінімен маңызды.Соңғы жылдары еліміз айтарлықтай жанданды. Ішкі туризм 40%-ға өсіп, 10,5 миллион адамға жетті. Шетелге шыққан қазақстандықтардың саны үш есеге артты. Авиа және такси тасымалы да көбейді: таксимен жүрген жолаушылар саны 2018 жылғы 54,3 миллионнан 2024 жылы 73,3 миллионға дейін өскен – бұл 35% өсім.Азаматтардың әл-ауқатының артуы тұрғын үй нарығында да байқалады: 2020–2024 жылдары 1,1 миллионнан астам адам өз баспанасына ие болды. Бұл – табыстың өсуі мен еркіндіктің көрсеткіші.Қазақстандықтардың өмір сапасы да жақсарып келеді: тамақтану мәдениеті өзгеріп, ет пен жеміс-жидек тұтыну артты. Әлеуметтік осал топтарға арналған азық-түлік себеті 20 позициядан 43-ке дейін кеңейді.Қалалар мен ауылдарда газ тарту, жарықтандыру, жол жөндеу, аулаларды абаттандыру жұмыстары күшейді. Мұның бәрі – жаңа сапалы өмірдің іргетасы.Экономикалық өсім – мақсат емес, құрал. Бастысы – сол өсім әр отбасының тұрмысында, әр адамның мүмкіндігінде сезілетіндей болуы. Қазақстанның жаңа кезеңі – сандық өсімнен сапалы дамуға бет алу кезеңі.
Қазақстан Елшісі Лиепая қаласына барды 05.11.2025
Лиепая, 2025 жылғы 4 қараша - Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвияның ірі өнеркәсіптік және порттық орталығы Лиепая қаласына жұмыс сапарымен барды.Сапар аясында Елші өзінің бірегей технологияларымен және жоғары білікті инженерлік-техникалық персоналымен танымал, табысты қызметтің жүз жылдық тарихы бар «Liepaja Northern Shipyard» кеме жөндеу зауытына барды. Зауыт басшылығымен кездесу барысында қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.Сонымен қатар қаланың бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және елдер арасындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктері туралы пікір алмасу болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1099472?lang=kk
Диалог – өзара сенім мен келісімнің бастауы 05.11.2025
Алматы облысында медиация және этномедиация мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ұйымдастырылып, оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіби медиаторлар, педагогтар мен қоғам белсенділері қатысты.Кездесудің негізгі мақсаты – қазіргі заманғы диалог пен делдалдық тәсілдерінің түрлі этностар өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы, сондай-ақ келіспеушіліктердің алдын алудағы маңызын талқылау болды.Жиынды ашқан облыс әкімінің міндетін атқарушы Қанат Есболатов этномедиацияның қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтаудағы рөлін ерекше атап өтті.«Этномедиация келіспеушіліктерді ерте анықтап, тараптар үшін құрмет пен сенімге негізделген ашық диалог алаңын қалыптастырады. Бұл – қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайтудың маңызды тетігі», – деді Қанат Есболатов.Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Жақұпов медиация және этномедиация бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады. Биылғы жылдың он айында 70-тен астам іс-шара өткізіліп, үш мыңға жуық тұрғын қамтылған.«Көптеген даулар сотқа дейін шешімін тапты. Олардың арасында отбасылық, қаржылық және ұрпақаралық келіспеушіліктер бар. Сонымен қатар кәсіби медиаторлардың саны да артып келеді», – деп атап өтті Ерлан Жақұпов.Кездесу барысында мектеп медиациясының маңызына да назар аударылды. Грек этномәдени бірлестігі «Элефтерияның» төрайымы Наталья Тифанциди балаларда келісімге келу және өзара түсінісу дағдыларын ерте жастан қалыптастыру қажеттігін айтты.«Мектеп – балалар диалог пен келісімге алғаш қадам жасайтын орта. Егер бала кішкентайынан өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызын ұғынса, бұл болашақ бейбіт қоғамның негізін қалайды», – деді Наталья Тифанциди.Облыстық мәслихат депутаты Меруерт Молдашева «Ана медиациясы» жобасымен таныстырды. Бұл бастама отбасылық және ұрпақаралық дауларды шешуде әйелдерді бітімгер әрі кеңесші ретінде тартуға бағытталған.Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ронаи» күрд этномәдени орталығының жетекшісі Гамзе Гейдаров өңірдегі этностар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту бағытындағы жұмыстар туралы айтты. Мәселен, Іле ауданында барлық этностардың өкілдерін біріктіретін «Комитет-Курултай» құрылып, онда мәдени және спорттық іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Бұл шаралар халық арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің нығаюына ықпал етуде.Кездесу қорытындысында қатысушылар медиативтік тәжірибені кеңейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, мектеп медиаторларының желісін дамыту, этномәдени бірлестіктерді ағартушылық жұмыстарға тарту және келісім мен өзара құрмет құндылықтарын насихаттайтын ақпараттық кампаниялар ұйымдастыру көзделді.Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кәсіби медиаторлардың үйлесімді жұмысы қоғамдағы сенімді нығайтуға, диалог мәдениетін қалыптастыруға және әр азамат өзін естіген әрі қорғалған сезінетін тұрақты бейбіт қоғам құруға ықпал етуде.Медиация мен этномедиация – заманауи қоғам мәдениетінің ажырамас бөлігі. Олар өзара түсіністікке, ынтымаққа және татулықты сақтауға негізделген тұрақты даму мен бейбіт өмірдің кепілі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1099510?lang=kk
ҚДБ ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында электр желілерін тарату жұмыстарын жаңғыртуды қаржыландырады 05.11.2025
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қарағанды жарық» ЖШС-нің инвестициялық жобасының қаржылық серіктесі болды.Қаражат Қарағанды облысының электр желілік инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруға бағытталады. Бұл өңір – елдің энергетикалық жүйесіндегі негізгі аймақтардың бірі саналады.Қаржыландыру тарту өңірдің электр желілік кешенінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырудағы маңызды қадам болды. Бұл тек қаржылық шара ғана емес, сонымен қатар жабдықтарды жаңарту, апаттылықты азайту және халық пен бизнес үшін электрмен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталған стратегиялық құрал.«Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған және ол Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан өткен жылдың желтоқсан айында бекітілді. Жобаға елдің инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған инвестициялық бастамаларды іске асырып жатқан табиғи монополиялар субъектілері қатысуда.Жобаны іске асыру нәтижесінде апаттылық 20 пайызға төмендеп, энергетикалық активтердің тозу деңгейі ел бойынша орта есеппен 40 пайызға дейін қысқарады деп күтілуде. Қазақстанның Даму Банкі мен «Қарағанды жарық» ЖШС арасындағы қаржылық серіктестік осы бағыттағы жүйелі жұмыстың көрінісі болмақ.Инвестициялық жоба аясында «Қарағанды жарық» бірқатар инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асырады: 110 кВ «Мемлекеттік аудандық электр станциясы-2 – Қарағайлы» (1 және 2 тізбек) әуе желілерін қайта жаңарту, 110 кВ «Астаховка – Шоқай» желісін жаңғырту, сондай-ақ 35/10 кВ «Жосалы» және 110/6 кВ «РТИ» қосалқы станцияларын жаңарту көзделген. Құрылысты аяқтау және нысандарды пайдалануға беру 2029 жылғы 1 шілдеге дейін жоспарланған.Жоба аясында жалпы ұзындығы 58,2 шақырым әуе желісі қайта салынып, күштік трансформаторлар жаңасына ауыстырылады. Бұл өз кезегінде желілердің тозу және апаттылық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.ҚДБ қаржыландыруды 10 жыл мерзімге 16,7 млрд теңге көлемінде қайтарылмайтын несиелік желі түрінде ұсынады. Банк жобаның жалпы құнының 90 пайызын қаржыландырады. Қаражат құрылыс-монтаж жұмыстарына, жабдықтарды сатып алу мен орнатуға бағытталады.– Қазақстанның Даму Банкі «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында табиғи монополиялар субъектілерін тікелей қаржыландыратын негізгі қаржы институттарының бірі. Бұл – елдің коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту және тұрақты дамытуға бағытталған стратегиялық қадам. Биыл Банк сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы жаңғырту жобаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Бағдарлама табиғи монополиялар саласындағы инвестициялық бастамаларды іске асырудың тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, – деді ҚДБ басқарма төрағасы Марат Елібаев.«Қарағанды жарық» жобалары «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының өңірлердегі энергетикалық кешенді жаңарту жөніндегі ұзақмерзімді стратегиясының бөлігі. Топ электр және жылу желілерін жүйелі түрде жаңғыртып, энергия үнемдеу технологияларын енгізіп, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға тұрақты инвестициялар салып келеді.– Қазақстанның Даму Банкі өңір үшін маңызды инвестициялық жобаның қаржылық серіктесі атанды. Мұндай бастамаларды қолдау – энергетика саласының тұрақты дамуына және инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға қосылған үлес. Бұл – халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін бағыт. Біз энергетикалық инфрақұрылымға инвестиция салу арқылы еліміздің миллиондаған тұрғынының жайлылығына үлес қосамыз, – деді «Қарағанды жарық» ЖШС бас директоры Дидар Ахмадин.Қазақстанның Даму Банкі қазіргі уақытта табиғи монополия субъектілеріне – «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының қатысушыларына тиімді қаржыландыру шарттарын ұсынып отыр. Несие сомасы 3 млрд теңгеден бастап, мерзімі 20 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесінің 10 пайызы тариф есебінен, қалған бөлігі мемлекеттік субсидия есебінен өтеледі.Қазіргі таңда ҚДБ жалпы құны 141,8 млрд теңге болатын 7 жоба қаралу үстінде. Олардың несиелік көлемі шамамен 126,2 млрд теңгені құрайды. Бұл бастамалардың жүзеге асуы елдің коммуналдық инфрақұрылымындағы тозу деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1099434?lang=kk
Пәкістандағы ҚР-дың Елшісінің «QazTrade» қолдауымен өткізілген қазақстандық компаниялармен онлайн кездесуіне 05.11.2025
Исламабад, 2025 жылғы 4 қараша - ҚР-ның ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» Қазақстанның Пәкістандағы сауда-экономикалық миссиясы қарсаңында Қазақстандық бизнес өкілдерімен «Пәкістанның іскерлік мүмкіндіктері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.Кездесу барысында Е.Қыстафин Пәкістанның экономикалық әлеуеті, экономиканың негізгі салалары және олардың көрсеткіштері, биік және жоғары деңгейдегі өткен және алдағы іс-шаралар, сондай-ақ ү.ж. 29 сәуірінде Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысының кейбір қорытындылары туралы хабардар етті.Елші Қазақстанның бизнес-қоғамдастығын Пәкістанның іскер топтарымен байланысты белсенді дамытуға шақырды, халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік саудасы, ауыл шаруашылығы, химия және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, медициналық бұйымдар мен спорттық жабдықтар, фармацевтика, IT-инновациялар және білім беру сияқты салалардағы елеулі әлеуетті атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан дипломатиялық миссияның Басшысы Қазақстан мен Пәкістанды байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерін қалыптастыру және нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ екі елдің бизнес өкілдері үшін визаларды ресімдеу мәселелері туралы айтты.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның Исламабадтағы Елшілігі мен Пәкістанмен бизнес-байланыс орнатуға қызығушылық танытқан отандық кәсіпкерлер арасында тікелей өзара іс-қимылды жолға қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1099451?lang=kk
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында бойынша семинар өткізілді. 05.11.2025
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы СҚО бойынша Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету № 2 бөлімінің қызметкерлерімен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында бойынша семинар өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1099390?lang=kk
ШҚО мүгедектігі бар адамдардың конституциялық құқықтары қорғалды 05.11.2025
Самар ауданының прокуратурасымен мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде 39 азаматтың, соның ішінде 7 кәмелетке толмағанның, «инватакси» қызметіне мұқтаж екені анықталды. Алайда 2022 жылдан (аудан құрылған кезден бастап) бастап заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «инватакси» қызметі жүзеге асырылмаған. Аудан әкімдігімен тұтынушылар санатын және тізбесін кеңейту туралы қаулы қабылданбаған. Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады. Бюджеттен 27 млн теңге бөлініп, шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік сатып алынды, сондай-ақ тұрақты түрде көлік қызметін көрсету үшін жүргізуші жұмыс орны ашылды. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1099398?lang=kk
Аймақ басшысы Швейцарияда келіссөздер жүргізуде 05.11.2025
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Швейцариядағы жұмыс сапары аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.Аймақ басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Еуропа бойынша экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесіп, өңіраралық ынтымақтастық пен тұрақты даму бағыттарын талқылады.«Қызылорда облысының делегациясын жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сапарымыз экономикалық сипатқа ие болып, Женева мен Берн қалаларында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Шілде айында Қызылордада өткен алғашқы Урбан-форумда UN-Habitat ұйымымен ынтымақтастық декларациясына қол қойылған еді. Бұл оқиға тұрақты урбанизм мен халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Сондай-ақ, облыс әкімі Женева кантонының Мемлекеттік кеңесшісі Тьерри Апотеломен кездесіп, Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, Швейцария тарапымен құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен және машина жасау, туризм салалары бойынша екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.Женева кантоны Үкімет үйінде өткен кездесуде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Құрметті қонақтар кітабына естелік жазбасын қалдырды. Өз жазбасында аймақ басшысы Женеваға ресми сапармен келу үлкен мәртебе екенін атап өтіп, бұл сапардың екі өңір арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Швейцария арасындағы достық және өзара құрметке негізделген қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, Женева тұрғындарына бейбіт өмір мен мол табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1099415?lang=kk
Ұландық Азия чемпионатында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды 05.11.2025
27–30 қазан күндері Түркістан қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті.74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлттық құраманың және ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Тілек Тоқтасынұлы қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, ол ел намысын абыроймен қорғап, Ұлттық ұланның мерейін асқақтатты.Чемпионат «Olympic Center» спорт кешенінде өтіп, оған 12 елден келген 150-ге жуық балуан қатысты. Жарысқа Қырғызстан 🇰🇬, Өзбекстан 🇺🇿, Моңғолия 🇲🇳, Иран 🇮🇷, Үндістан 🇮🇳, Жапония 🇯🇵 және басқа да мемлекеттердің спортшылары қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.Чемпионаттың ұйымдастырушылары – «Qazaq Kuresi» Ассоциациясы және Түркістан облысы әкімдігі. Түркістан өңірі бүгінгі таңда «Túrán Barysy», Әлем кубогы және Азия кубогы сияқты ірі халықаралық турнирлер өтетін орталыққа айналды. Сонымен қатар Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде Ұлттық ұланның самбодан чемпионаты да өтті. Айта кетсек, өңірде қазақ күресімен 3000-нан астам спортшы шұғылданады, 140-тан астам бапкер жұмыс істейтін 30 спорт ұйымы бар.Елорда әуежайында чемпионаттан оралған жеңімпазды ата-анасы, жақындары, жанкүйерлері, әріптестері және қызметтестері салтанатты түрде қарсы алды. Ұландықтар Тілек Тоқтасынұлын лайықты жеңісімен құттықтап, оның жетістігі жас сарбаздар үшін үлгі болатынын атап өтті.Тілек Тоқтасынұлының Азия чемпионатындағы жеңісі – жігердің, қажырлы еңбектің және Отанға адалдықтың жарқын көрінісіне айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1099387?lang=kk
«Әскери шақырылым – 2025»: Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатары 1500-ден астам жас сарбазбен толықты 05.11.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінде күзгі шақырылым науқаны аяқталды. Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында орналасқан әскери бөлімдер мен құрамаларға 1500-ден астам жас сарбаз келіп қосылды.Қызметтің алғашқы күндерінен бастап жаңадан шақырылған сарбаздардың бейімделуіне бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастырылған. Жас жауынгерлер ротасының оқу-жаттығу жиындары барысында олар әскери қызметтің негіздерін меңгеріп, саптық, атыс, тактикалық және дене дайындығы бойынша білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар, жалпыәскери жарғылар мен ішкі тәртіп ережелерін оқып үйренуде.61993 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Даурен Төленбаевтың айтуынша, негізгі мақсат – жас сарбаздардың әскери ортаға жылдам бейімделуіне жәрдемдесу, әскердің дәстүрлерімен таныстыру және оларды Әскери ант қабылдауға дайындау. Оқыту үдерісі кешенді түрде жүргізіліп, оған дене, психологиялық және әскери-патриоттық дайындық бағыттары енгізілген.Бейімделу кезеңінде әскери психологтар маңызды рөл атқарады. Жас сарбаздармен диагностикалық тестілер, топтық жаттығулар және жеке кеңес беру іс-шаралары өткізіледі. Бұл жұмыстар жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға және бөлімдерде қолайлы ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.Жаттығу бағдарламасында жауынгерлік және атыс дайындығына ерекше назар аударылған. Оқу полигондарында сарбаздар Калашников автоматыннан алғашқы атыс жаттығуларын орындап, бөлімше құрамында іс-қимылдарды пысықтап, бронетехникамен өзара іс-қимылдан өтті.– Алғашқы атыс кезінде сәл толқыдым, бірақ кейін сенімділік пайда болып, нысанаға дәл тигізе бастадым. Бұл ретте спорттық дайындықтың көмегі зор, – деді астаналық қатардағы жауынгер, Канадада өткен Dageki World Full Contact Karate Championship 2024 әлем чемпионатының жеңімпазы Татымбек Нөгербек. – Бронетехникамен жұмыс жасау – күш пен сенімділікті сезіндіретін ерекше тәжірибе.Бейімделу кезеңі аяқталған соң жас десантшыларды парашютпен секіру, дала жаттығулары және жауынгерлік дайындықтың жаңа кезеңдері күтіп тұр. Осылайша, олар біртіндеп ел қорғанысын қамтамасыз етуге дайын, ұйымшыл әрі кәсіби әскери ұжымның толыққанды мүшесіне айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1099384?lang=kk
Димаш Құдайберген Мысырда өнер көрсетеді 05.11.2025
Танымал «Arabesque International», «Sun Public Image», «Global Conference Management» компанияларының ұйымдастыруымен және Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Мысырда өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі жоспарланған.Аталған фестивальдің өту кезеңі 24-30 қараша аралығын қамтиды. Өзінің ерекше алты октавалық диапазонымен танымал, «әлемдегі ең сирек дауыс иелерінің бірі» атанған Димаштың шығармашылық кеші фестивальдің ең әсерлі жабылу салтанатынмен ұштастырылмақ, яғни 30 қарашада өтеді деп күтілуде. Жалпы, алғаш рет өтетін «The Pyramids Echo» жобасы музыканы тек көңіл көтерудің құралы ретінде емес, тарихтың жаңғырығы, білімнің бастауы және болашақтың дәстүрі ретінде танытуды көздейді. Мысыр пирамидаларының аясында өтетін фестивальға әлем елдерінен келетін танымал әртісте өнер көрсетеді деп күтілуде.Қосымша ақпарат:Димаштың Мысырда өтетін концертіне билеттерді tazkarti.co/Dimash сілтемесі бойынша өту арқылы сатып алуға болады.Маңызды. Ескеруді сұраймыз!Осы ретте, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына қатысты Мысырға кіру үшін визалық режимге енгізілген жаңа талаптардың күшіне енгенін назарға саламыз.Жаңа тәртіпке сәйкес: 21 жасқа толмаған қазақстандықтар ата-анасының біреуінің (әкесі немесе анасы) бірге жүруінсіз Мысыр аумағына кіре алмайды; 21 жасқа толған азаматтар Мысырға туристік сапармен барғанда, егер сапар тек Шарм аш-Шейх аймағымен шектеліп, 15 күннен аспайтын болса, визаны Шарм аш-Шейх халықаралық әуежайында рәсімдей алады; Каир, Хургада немесе Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған азаматтар сапар алдында Қазақстандағы Мысыр Елшілігінен виза алуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1099357?lang=kk
Білімге апарар қауіпсіз жол 05.11.2025
Оқушыларды мектепке жеткізу – білімнің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі, әсіресе ауылдық елді мекендер үшін аса маңызды. Алыс ауылдарда тұратын тұрғындар үшін бұл мәселе ерекше мәнге ие, себебі ең жақын мектепке дейінгі қашықтық кейде бірнеше шақырымды құрайды.Бұрынғы жылдары балаларды мектепке жеткізу мәселесі өзекті болған. Көптеген оқушылар мектепке жаяу немесе кездейсоқ көліктермен, кейде ауа райының қолайсыз жағдайында баруға мәжбүр болды. Бүгінде жағдай айтарлықтай өзгерді – мемлекет білім алуға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударып, мектепке тасымалдауды жүйелі және тұрақты түрде ұйымдастырып отыр.Жамбыл ауданында барлығы 65 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 51-і – орта, 6-ы – негізгі және 8-і – бастауыш мектеп. Аудан аумағының кеңдігі мен кейбір ауылдардың шалғай орналасуын ескере отырып, орта мектебі жоқ елді мекендердің оқушылары көрші ауылдарға жеткізіледі.Аудандық білім бөлімі бас маманы Светлана Сүлейменованың айтуынша, бүгінде оқушыларды тасымалдау 12 мектепте ұйымдастырылған. Бұл мақсатта 13 автобус жұмылдырылған, олармен күн сайын 264 бала мектепке барып келеді.Мектеп автобустары оқушыларды тек ауылдық округтерден ғана емес, бау-бақша аумақтарынан да тасымалдайды. Мысалы, Үлкен ауылының мектебіне күн сайын «Энергетик» бау-бақша серіктестігінен 9 оқушы келеді, ал Қасымбек ауылындағы мектепке «Тұрар» аумағынан 25 бала қатынайды. Бұдан бөлек, өз ауылында мектеп жоқ балалар Күтпанбетұлы атындағы мектепке (21 оқушы), Қарасай негізгі мектебіне (30), Танбалытас (10) және Сұңқар (41) ауылдарының мектептеріне жеткізіледі. Үмбетәлі ауылындағы мектепке Шолаққарғалы ауылынан 22 оқушы келеді, онда тек негізгі мектеп жұмыс істейді.Оқушыларды тасымалдауға қауіпсіздік талаптарына толық сай келетін заманауи Golden Dragon маркалы автобустар пайдаланылады. Барлық балалар тек отыратын орындарда жеткізіледі, жол қауіпсіздігі мен тәртіпті сынып жетекшілері бақылайды.Ата-аналар мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдіруде. Шиен ауылының тұрғыны Айгерім Абдуахатова: «Балаларым үшін көңілім тыныш. Автобус таза, жылы, техникалық жағдайы жақсы, жүргізуші де тәжірибелі әрі мұқият», – дейді.Ал тағы бір ата-ана Айгерім Күлчинбаева: «Балаларды тасымалдау жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны қуантады. Біз, ата-аналар, балаларымыздың заманауи автобустармен қауіпсіз жүріп-тұрғанын көріп отырмыз. Жүргізушілер де жол ережелерін қатаң сақтайды. Мемлекетке өсіп келе жатқан ұрпаққа деген қамқорлығы үшін алғыс айтамыз», – деп атап өтті.Қазіргі таңда мектепке тасымалдау жүйесі – сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Осындай шаралардың арқасында әр бала, тұрғылықты жеріне қарамастан, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік алып отыр. Бұл – ел болашағына мемлекет тарапынан көрсетілген нақты қамқорлықтың айғағы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1099326?lang=kk
Қазақстандық делегацияның халықаралық крипто-симпозиумға қатысуы туралы 05.11.2025
Цуг, 3 қараша – Eлшіліктің кеңесшісі-Бас прокуратураның өкілі Б. Құрманов және Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі Агенттігінің қызметкері А. Есенғұлов Швейцарияның қаржылық барлау қызметі ұйымдастырған үшінші халықаралық крипто-симпозиумның жұмысына қатысты.Іс-шараға Еуропол, Базель басқару институты, Дүниежүзілік экономикалық форум, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі мамандар қауымдастығы, сондай-ақ қазақстандық делегациямен бірге Швейцария, Аустрия, Германия, Мальта, БАӘ, АҚШ және басқа елдердің құқық қорғау және қадағалау органдарының қызметкерлері қатарынан 280 өкіл қатысты.ҚМА қызметкері ұсынған "Виртуалды активтері бар қылмыстарды анықтаудың аналитикалық құралдары мен тәсілдері" баяндамасын қатысушылар практикалық тұрғыдан оң бағалады.Форум аясында қазақстандық делегация бейіндік мәселелер бойынша тәжірибе алмасып, қатысқан мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сараптамалық құрылымдардың өкілдерімен жұмыс байланыстарын орнатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1099291?lang=kk