Enbekshi QazaQ

Қоғам

Сабах штатындағы іскер топтармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды 05.11.2025
2025 жылғы 4 қараша, Куала-Лумпур. Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Сабах штатындағы Малайзия Халықаралық сауда және өнеркәсіп палатасының аймақтық бөлімшесінің өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар өңіраралық сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудің практикалық қадамдарын талқылады. Әңгіме өндірістік кооперацияны дамыту, логистикалық байланыстарды нығайту, туризм алмасуын кеңейту және жасыл энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне арналды.Сабах штаты елдегі мұнай, табиғи газ және пальма майын өндірудің басты орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және жаңартылатын энергетика бағыттары белсенді дамып келеді.Кездесу барысында Қазақстан мен Малайзияның, соның ішінде Сабах штатының стратегиялық географиялық орналасуы атап өтілді. Сабах Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағын жалғайтын теңіз жолдарының торабында орналасқан және заманауи порттар мен логистикалық инфрақұрылымға ие. Бұл жағдай Сабахты бірлескен жобаларды жүзеге асыру және Қазақстанның АСЕАН аймағына бағытталған экспорттық маршруттарын кеңейту үшін келешегі зор алаңға айналдырады.Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы тұрақты тікелей әуе қатынасы, сондай-ақ Қазақстандағы қолайлы іскерлік ахуал мен инвесторларды қолдау шаралары Малайзия туристері мен инвесторлары үшін Қазақстанды жаңа әрі тартымды бағыт ретінде ілгерілетуге кең мүмкіндік ашады. Бұл, өз кезегінде, малайзиялық бизнестің Қазақстан нарығына енуіне және одан әрі көршілес өңірлерге кеңеюіне жол ашады.Тараптар Сабахта Қазақстан нарығын ілгерілету және Қазақстанға іскерлік миссиялар ұйымдастыру бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1099277?lang=kk
Малай сауда палатасының алғашқы өңірлік кеңсесін ашу және Қазақстанға іскерлік миссиялар 05.11.2025
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малай сауда палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан мен Малайзияның іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша практикалық шаралар талқыланып, сауда көлемін арттыру, малайзиялық инвестицияларды тарту және бірлескен кәсіпорындарды құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Б. Сүгірбаев Елшіліктің екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға, инвестициялық жобаларды ілгерілетуге және малайзиялық бизнестің Қазақстан нарығына шығуын қолдауға бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Ол Қазақстанның малайзиялық компанияларға өндіріс орналастыру, логистикалық орталықтарды дамыту және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен цифрлық экономика салаларында бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар ұсына алатынын айтты.Малай сауда палатасының Бас хатшысы Мазрол Низам бин Абдулла Қазақстанның «Орталық Азияға қақпа» әрі негізгі әріптес ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті. Ол Малай сауда палатасының тарихында алғаш рет шетелдегі кеңсені Қазақстанда ашу туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Аталған кеңсе Малайзия Үкіметінің инвесторларды, экспорттаушыларды және кәсіпкерлерді Қазақстан мен өңірдің көрші елдерінің нарықтарына ілгерілетуге бағытталған шараларын үйлестіруге жан-жақты қолдау көрсететін болады.Кездесу барысында Малай сауда палатасының Алматы қаласына жоспарланған алдағы іскерлік миссиясы талқыланды. Іссапар аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен қала әкімдігі өкілдерімен кездесулер өткізу, сондай-ақ инвестициялар мен әріптестіктің нақты бағыттарын айқындау мақсатында қазақстандық компаниялармен келіссөздер жүргізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1099250?lang=kk
Салықтарды есепке жатқызуға және қайтаруға өтініштерді тек СӘИЖ СТК арқылы беру 05.11.2025
Құрметті салық төлеушілер!2025 жылғы 4 қарашадан бастап СӘИЖ жаңа салық төлеушінің кабинетінде (СЭИЖ СТК) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салық өтінішін беру қолжетімді болды.СӘИЖ жана СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өту қажет.Ескі салық төлеушінің кабинетінде көрсетілген нысанды беру мүмкіндігі жоқ екендігіне назар аударамыз.Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына хабарласа аласыздар. Павлодар облысы бойынша МКДмемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1099265?lang=kk
«Адал азамат» білім беру бағдарламасы аясындағы семинар 05.11.2025
2025 жылғы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» ММ алаңында білім алушылардың қаржылық сауаттылығын, салық мәдениетін, адалдық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында семинар өткізді.Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті, бұл өңірдің түрлі білім беру ұйымдарынан қатысушылардың кең ауқымын қамтуға мүмкіндік берді. Семинарға 195 адам - педагог қызметкерлер, 8-11 сынып оқушылары және ата-аналар қатысты.Департамент қызметкерлері азаматтық жетілудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде салық тәртібі мен қаржылық жауапкершіліктің маңыздылығы туралы атап өтті. «Салықтар», «Жеке тұлғаларға салық салу», «Жалпыға бірдей декларациялау», «Жеке тұлғалардың банкроттығы» пәндері бойынша бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.Бұл материалдар жалпы білім беру бағдарламасы аясында қолданылады және оқушылардың салық салу, құқықтық мәдениет және азаматтық жауапкершілік саласындағы базалық білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.Семинар салық органдары мен білім беру жүйесінің өкілдері арасында тәжірибе алмасуға ықпал ететін сындарлы атмосферада өтті.Қатысушылар «Адал азамат» бағдарламасын оқу үдерісіне әрі қарай енгізу және өңірдің білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау жолдарын талқылады.Осы бағыттағы бірлескен жұмыс «Адал азамат» бағдарламасының мақсаттарын тиімді іске асыруға және Қазақстан Республикасының өскелең ұрпағында парасаттылықтың, заңға бағынушылықтың және елдің болашағы үшін жауапкершіліктің орнықты құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1099267?lang=kk
🌿 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы 🌿 05.11.2025
🌲Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.Бұл бастама еңбек адамдарының қоғамдағы беделін арттыруға, олардың еңбегіне деген құрметті күшейтуге және жұмысшы мамандықтарының маңызын айқындауға бағытталған.🌲Осыған орай орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері арасында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған дәстүрлі спартакиада өткізілді.🌲Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және орман шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің бірлігін арттыру.🌲Қатысушылар футбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен бақ сынасып, өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.🌲Спартакиада жоғары деңгейде өтіп, орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекке деген құрметі мен кәсіби ынтымағын айқын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1099270?lang=kk
Жаңа Салық кодексін түсіндіру туралы семинары 05.11.2025
Көкшетау қаласында  «Достар» мәдениет үйінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары  Бауыржан Шәйкеновтың қатысуымен жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтеді.   Семинарда кәсіпкерлер арнайы салық режімдерінің үш санатқа дейін азаюына байланысты көкейдегі сұрақтар қарастырылады. Осы реформаға сәйкес салық есебін жүргізу мен бизнеске арналған салықты басқару қызметі жеңілдей түседі. Бұған қоса өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеуметтік жарналарды табыстың 4% мөлшерінде белгілей отырып, жеке табыс салығын төлемеу арқылы жылына 4080 АЕК-ке дейінгі кірістерді заңды түрде алуға мүмкіндік беріліп отыр. Шағын бизнес үшін белгілі бір шарттарды орындау кезінде (2% дейін төмендейтін) ең жоғары 4% мөлшерлемесі бар арнайы салық режімі белгіленді. Бұл амал кәсіпкерлерге жүктемені азайтып, салық салу жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.     Жаңа заң кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетіп, есеп-қисапты шамамен үштен біріне дейін азайтуға септесіп, декларация жылына бір рет қана өткізілетін болады. Ережелердің сақталуын бақылау тәуекелдерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қарыз сомасы аз болған жағдайда кәсіпорындардың шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Осының барлығы бизнеске қолайлы жағдай жасап, экономикалық дамуға жол ашады.Кездесуде Департамент өкілдері өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1099147?lang=kk
Пәкістан мен Қазақстан спорт және білім беру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуда 05.11.2025
Исламабад, 2025 жылғы 4 қараша - – Ү.ж. қазан-қараша айларында Пәкістанға тоғызқұмалақ, теннис, шахмат федерацияларының делегациялары, сондай-ақ Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің өкілдері іссапармен келді.Қазақстанның «Тоғыз құмалақ» федерациясының қолдауымен Пәкістанның «Тоғыз құмалақ» федерациясын құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған делегация Пәкістандық жаттықтырушылар үшін мастер-класстар ұйымдастырды, ПИР Провинцияаралық үйлестіру министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістан шахмат федерациялары арасындағы ынтымақтастық аясында Қазақстан шахмат федерациясының өкілі Ж.Аманов Исламабадта Пәкістан жастарына арналған онлайн және офлайн сабақтар мен шеберлік сабақтарын өткізді.Сонымен қатар, 25 қазаннан 9 қарашаға дейін ITF Pakistan J60 Islamabad теннисінен турнир өтуде. Бұл жарысқа Қазақстанның теннисшілері қатысуда. Чемпионат аясында біздің спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жұптық ойында Каролина Лигай мен Полина Барабанова бірінші орынды иеленді.Өз кезегінде Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің өкілі Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Қайд-е-Азам және GIKI университеттерімен келіссөздер жүргізді.Қазіргі уақытта Қайд-е-Азам университетінде Әл-Фараби ат. бірлескен орталықты ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.Өткен келіссөздер мен іс-шаралардың қорытындылары бойынша жоғарыда аталған спорт федерациялары мен ҚазҰУ өкілдері Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Қыстафинмен кездесіп, оның барысында екі ел арасындағы спорттық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы жоспарларды талқылады, өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін жоғары әлеуетті атап өтті және ынтымақтастықты практикалық тұрғыдан кеңейту жөніндегі жоспарларды белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1099069?lang=kk
Әскерге шақыру – 2025: Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатары 1500 аса жас сарбазбен толықты 05.11.2025
Қарулы күштердің элиталық бөлімдерінде күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдеріне 1500-ден астам жас жауынгер келіп қосылды.Алғашқы күннен бастап оларға бейімделу кезеңіне арналған кешенді іс-шаралар өткізілуде. Жас сарбаздардың роталық оқу жиындарында әскери қызметтің негіздерін меңгеріп, саптық, атыс, тактикалық және дене даярлығынан өтіп жатыр. Сондай-ақ жалпыәскери жарғылар мен ішкі тәртіп ережелерін үйренуде.– Біздің басты міндетіміз – жас сарбаздардың тез бейімделуіне көмектесу, жауынгерлік дәстүрлермен таныстыру және оларды Әскери ант беруге дайындау, – деді 61993 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Дәурен Төленбаев. – Оқу үдерісі кешенді түрде ұйымдастырылып, дене және психологиялық дайындықты, сондай-ақ әскери-патриоттық іс-шараларды үйлестіріп жүргізіледі.Бейімделу барысында психологтар белсенді жұмыс атқаруда. Жас жауынгерлерге диагностикалық тестілер, топтық тренингтер және жеке кеңестер өткізіледі. Мұның бәрі бөлімдердегі салауатты моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасуына ықпал етеді.Жиын бағдарламасында жауынгерлік және атыс даярлығына ерекше мән берілген. Полигондарда жас десантшылар Калашников автоматынан алғашқы атыс жаттығуларын орындап, бөлімше құрамында іс-қимыл жасауды және бронетехниканы жүргізіп тексеріп көру  тәжірибесінен өтті.– Алғашқы атыстарда сәл толқыдым, бірақ кейін нысанаға дәл тигізе бастадым, тіпті «тоғыздыққа» тигіздім. Спорттық дайындық көп көмектесті, – деді 2024 жылы Канадада өткен Dageki World Full Contact Karate Championship әлем чемпионатының жеңімпазы, Астанадан шақырылған қатардағы жауынгер Тәтімбек Нөгербек. Күн өткен сайын жас десантшылар өздерін үлкен әскери отбасының бір бөлігі ретінде сезіне түсуде. Алда оларды парашютпен секіру, далалық жаттығулар және жауынгерлік оқудың жаңа кезеңдері күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1099075?lang=kk
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары 05.11.2025
Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.Осы ретте, "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"  мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін түсіндірсек.1.Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Ауылдық округ әкімі.Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі: "электрондық үкіметтің"веб-порталы арқылыМемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.5.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.Қосымша ақпарат алу үшін: Шелек ауылы Жібек жолы көшесі, 40.Тел: 8/72776/ 2-14-30"Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1130295?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 05.11.2025
Рияд, 2025 жылғы 4 қараша – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Қадағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Мазин Әл-Кахмуспен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктері арасындағы институционалдық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және тергеу бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.Мадияр Меңілбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан үшін басымдық болып табылатынын айтып, Сауд Арабиясының әріптестерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.Өз кезегінде, Мазин Әл-Кахмус Корольдік Қазақстанмен тәжірибе алмасуға мүдделі екендігін және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету шараларының тиімділігін арттыру үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1098996?lang=kk
Қазақстан мен Словакия цифрлық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуда 05.11.2025
Братислава, 2025 жылғы 4 қараша – Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Словак Республикасының Инвестициялар, аймақтық даму және информатизация министрлігі арасында онлайн-кездесу өтті.Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Словакия арасындағы цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Тараптар IT саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ екі елдің уәкілетті ведомстволары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық даму және озық IT-шешімдерді енгізу жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1099002?lang=kk
Бельгиялық компаниялар Қазақстанға іскерлік миссияға дайындалуда 05.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 4 қараша – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде Елші Роман Василенконың Бельгия компанияларының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу AWEX және FIT мемлекеттік агенттіктерінің 2025 жылғы 19–21 қарашада Алматы мен Астанада өтетін іскерлік миссиясына дайындық аясында ұйымдастырылды.Іс-шараға John Cockerill Group, Bimex Solutions, Hydrometal-JGI, IBA Proton Therapy, Libinvest, Belgo Multimodal, UAUcollectiv 4 Architecture, Ugani Prosthetics компанияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ AWEX, FIT және Credendo агенттіктерінің өкілдері қатысты.Өз сөзінде Елші Василенко Қазақстан мен Бельгия арасындағы 33 жылдық дипломатиялық қатынастар кезеңінде қалыптасқан берік саяси және экономикалық байланыстарды атап өтіп, бүгінде екі елдің өзара іс-қимылы ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті.Ол Қазақстанның тұрақты экономикасы, айқын ережелері бар сенімді серіктес екенін атап өтті: «Біз инвесторлар үшін инновацияға ашық, серпінді және болжамды бизнес-ортаны ұсынамыз, ол өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған», – деді ол.Елші, сондай-ақ, мемлекет инвестицияларды қорғауға және салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беретінін, сонымен қатар инвесторлардың Үкіметпен тікелей инвестициялық келісімдер жасай алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.Дөңгелек үстел барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды: көлік және логистика, жаңартылатын энергетика, фармацевтика, металлургия, ақпараттық технологиялар, маңызды минералдарды өңдеу және құрылыс материалдарын өндіру.Сондай-ақ, қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Middle Corridor) аясында Қазақстанның логистикалық әлеуетін талқылады. Бұл маршрут Еуропаны Орталық Азиямен және Қытаймен тікелей байланыстырады.Бельгиялық компаниялар Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық және логистикалық орталық ретіндегі әлеуетін, сондай-ақ өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастыққа ашықтығын жоғары бағалады.Кездесудің соңында Елші Василенко бельгиялық компанияларды AWEX және FIT іскерлік миссиясына белсенді қатысуға шақырып, бұл сапардың Қазақстан мен Бельгия арасындағы өнеркәсіптік және инвестициялық серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызды қадамы болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1099004?lang=kk
Тереңөзек кентіндегі кәсіпкерлік нысандарға көркейту-көгалдандыру,санитарлық тазалық жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді 04.11.2025
2025 жылдың 4 қараша күні арнайы құрылған жұмысшы топпен аудан орталығында орналасқан бір қатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық сақтау және ғимараттарының қасбетін ретке келтіру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топ Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 112 «Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша шаралар қарастырылғандығы туралы кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірді. Тиісті талаптар сақталмағанда айыппұлдар салынатыны ескертілді.Құрметті аудан кәсіпкерлері, баршаңызға көркейту-көгалдандыру, тазалық шараларына белсенді атсалысуға және сақтауға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-terenozek/press/news/details/1098985?lang=kk
Осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау мәселелері бойынша кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі 04.11.2025
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында облыс әкімдігінің терроризмге қарсы комиссиясының алаңында террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша аңшылық және шаруашылық дүкендерінің, дәріханалар мен құрылыс базарларының құрылтайшыларымен, басшыларымен және сатушыларымен жұмыс кездесуі өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1098990?lang=kk
Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің  кейбір мәселелері туралы 04.11.2025
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізіледі: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7404 00 - мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 - алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 - қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 - қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 - құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 - химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін; Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 19 100 1 - бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 - ілмектерді және өзге шынжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін, 8607 29 000 0 - өзгелерін, 8607 12 000 - өзге де арбаларды қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 - қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын), бұрын қолданыста болған теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның құбырларын, рельстерін, элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН 7302 коды – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7303 00 коды – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7304 коды – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), ЕАЭО СЭҚ ТН 7305 коды – дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм астам, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 коды – қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 коды – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1098969?lang=kk
📌Құрметті салық төлеушілер! 04.11.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесіне» (СӘИЖ) көшуге байланысты Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салық өтініші 2025 жылғы 4 қарашадан бастап Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) қолжетімді болады.🔗 СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.📧 Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына хабарласа аласыз.⚠️ Назарларыңызға: СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты, көрсетілген нысанды ескі СТК арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1098895?lang=kk
Қазақстан СІМ-де зейнет жасындағы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары талқыланды 04.11.2025
Астана, 2025 жылғы 3 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Адами өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы өтті.Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы, мүдделі министрліктер, қазақстандық құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық сектор өкілдері, сондай-ақ, алаң қонақтары – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы мен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері қатысты.Отырыс барысында қатысушылар зейнет жасындағы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары, төтенше жағдайларда олардың құқықтарын қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуіне әсер ететін тұрғын үйдің тұрақсыздығы мен тәуелділік мәселелерін талқылады.ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен зейнет жасындағы азаматтарды қолдау, олардың еңбек қызметін жалғастыруына жағдай жасалу қажеттілігін және «күміс экономиканы» дамытудың өзектілігіне назар аударды.Елші Қазақстанда 2,5 миллионнан астам зейнеткер тұратынын, олардың медициналық көмекке қолжетімділігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қамтамасыз етілетінін, ал 2025 жылы еліміздегі Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының саны 127 мекемеге жеткенін мәлімдеді.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева 2050 жылға қарай елімізде 65 жастан асқан азаматтардың үлесі 14%-дан асып, екі есеге ұлғайғанын атап өтті. Осыған байланысты скринингтік тексерулерден өтетін топтың жас шегі 76 жасқа дейін өскен. Сонымен қатар қарт адамдарға арнап мидың қан айналымы бұзылу қаупін ерте анықтау үшін жаңа скрининг енгізілген.Зейнеткерлер санының артуына байланысты, «Kumis Khasyr» қорының атқарушы директоры Әсия Ақанова денсаулық, белсенділік және цифрлық дағдыларды біріктіретін «ақылды ұзақ өмір» концепциясына көшу қажеттілігіне мән берді.Ә.Ақанова зейнет жасындағы адамдардың «үшінші жастағы» қоғамды қалыптастыруға, атап айтқанда, әлеуметтік бейімделу және қайта әлеуметтендіруді қамтамасыз етуге, спорт пен білімге, қаржылық, құқықтық және цифрлық сауаттылыққа қолжетімділікті кеңейтуге ерекше назар аударылуы қажет деп санайды.Күн тәртібінің екінші тармағы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің басқарма бастығы Болат Құсаинов «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңы барлық азаматтарға, әсіресе, зейнеткерлерге, мүгедектерге және балаларға төтенше жағдай тәуекелдері туралы алдын ала хабардар болуға, өз өмірін, денсаулықты және мүлікті қорғау құқықтары туралы хабардар болуға ықпал ететінін атап өтті.Сонымен қатар елімізде азаматтарды төтенше жағдайлар туралы хабардар ету мақсатында «112» мобильді қосымшасын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша қандай оқиғаның болғаны туралы, оқиғаның орны туралы және азаматтарға арналған ұсыныстар туралы «push-хабарламалар» алуға рұқсат бере отырып, еліміз бойынша 10-12 секунд ішінде жалпылай қамтитын «Mass Alert» жүйесіне интеграцияланатын болады.ҚР Ішкі істер министрлігінің Отбасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы басқармасының басшысы Ақмарал Серікбаева тұрғын үйдің тұрақсыздығы, тәуелділік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуі арасындағы тікелей байланысты атап өтті.А.Серікбаева «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР заңы аясында агрессорды ортақ тұрғын үйден шығару, зардап шеккендерді дағдарыс орталықтарына орналастыру, психокоррекциялық бағдарламалар жүргізу және «ODARA» жүйесі арқылы рецидивтерді анықтау шаралары жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны 18%-ға төмендегенін, алайда аталған салада жүйелі алдын алу жұмыстарының жалғасуы қажеттілігіне назар аударды.Жалпы, күн тәртібі мәселелері ашық және конструктивті форматта талқыланды. Қатысушылар зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамның қазіргі замандағы қауіп-қатерлерге төзімділігін арттыруға ортақ мүдделілігін растады.«Адами өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылды. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал болып қызмет етеді. Алаң жұмысына адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқылау мақсатында халықаралық ұйымдардың байқаушылары да қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1098898?lang=kk
Текелі қаласында жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша "Ашық есік күні" өткізілді 04.11.2025
Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін "Ашық есік күні" ұйымдастырылып, онда жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары түсіндірілді.Іс-шара барысында қатысушыларға 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін салық заңнамасының ерекшеліктері таныстырылды. Жаңа құжатта көзделген өзгерістердің ішінде қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша жаңашылдықтар ерекше атап өтілді.Кәсіпкерлер салықтық рәсімдерді жеңілдету, шағын және орта бизнеске арналған мүмкіндіктер, сондай-ақ бизнеске түсетін әкімшілік ауыртпалықты азайтуға бағытталған шаралар жөнінде кең көлемді ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1098886?lang=kk
Сұйытылған газ баллондарын пайдаланудың қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы 04.11.2025
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп «Көп пәтерлі тұрғын үйлерде сұйытылған газы бар тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарын сақтау» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.Іс-шара барысында жадынамалар таратылып, сұйытылған газ баллондарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.Мақсат – газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1098889?lang=kk
Қостанай облысы: «Таза Қазақстан» - таза болашақ жолындағы бірлік пен жауапкершілік үлгісі 04.11.2025
Қостанай облысында қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық іс-шаралар жалғасуда.Қарабалық ауданында туған өлкені таза ұстау мен қоршаған ортаны қорғау идеясы төңірегінде тұрғындарды біріктірген сенбіліктер мен экологиялық акциялар белсенді түрде өтуде. Солардың бірі – Қарабалық ауданының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жақсылық қақпағы» атты игі бастама. Бұл акция экологиялық және қайырымдылық мақсатты ұштастырады: жиналған пластик қақпақтар өңдеуге жіберіліп, түскен қаражат ауыр науқас балаларды емдеуге бағытталады.Игі іске қолдау көрсеткен белгілі волонтёр Екатерина Афанасьева өз пікірін былай білдірді:«Бұл – мен бірнеше жылдан бері айналысып жүрген тамаша бастама. Бұрын жиналған қақпақтар көрші елге жөнелтілетін, ал қазір оларды Қостанайдағы ұйымдар қабылдайды. Өңделген қалдықтардан түскен қаражат балалардың еміне жұмсалады. Барша бейжай қарамайтын жандарды осы игі іске атсалысуға шақырамын!»Аталмыш акция 27 қазан мен 4 қараша аралығында өтті. Нәтижесінде ондаған килограмм пластик қақпақ жиналып, аудан мектептері, балабақшалары, мекемелері мен тұрғындары белсенділік танытты. Ұйымдастырушылар барша қатысушыларға табиғатты қорғауға қосқан үлестері мен белсенділігі үшін алғыс білдіріп, әрбір қақпақ – бұл тек қайта өңделетін қалдық емес, ізгілік пен үміттің белгісі екенін атап өтті.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық бастамалардың жалғасы ретінде 2025 жылғы 4 қарашада Сарыкөл ауданындағы Сарыкөл кентінде «Табиғат үшін 5 минут» атты экологиялық флешмоб өтеді. Іс-шараны Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруда. Акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және жастардың экологиялық мәселелерге деген азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.Флешмоб аясында қатысушылар аулаларды, көпшілік демалатын аймақтарды, жасыл желектер мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын жүргізіп, туған жердің тазалығы әркімнің өз ауласынан және жеке үлгісінен басталатынын көрсете алады. Іс-шараға жастар ресурстық орталығының еріктілері, жұмысшы жастар, мектеп пен колледж оқушылары және белсенді ауыл тұрғындары қатысады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, табиғатқа небәрі бес минут арнаудың өзі үлкен игі әсерін тигізіп, өзгелерге үлгі бола алады. Мұндай іс-шаралар экологиялық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамда бірлік пен бейжай қарамау рухын нығайтады.«Таза Қазақстан» бағдарламасы Қостанай облысының тұрғындарын ізгі істерге біріктіріп, туған өлкенің тазалығы мен сұлулығын сақтау жолында нақты қадамдар жасауға шабыттандырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1098868?lang=kk