Enbekshi QazaQ

Қоғам

Өңірлік ынтымақтастық кеңеюде 29.10.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов «Amazon Visto» компаниясының атқарушы директоры Жозе Кардозо Нето мырзамен кездесті.Тараптар, сауда және инвестиция салаларындағы Қазақстанның Амазония штаты­мен өңірлік ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі бірлескен жоспарларын, сондай-ақ Манаус қаласында ҚР Құрметті консулдығын ашу мәселесін талқылады. Сұхбаттасушы Елшіге штат губернаторы мен оның қаласы әкімінің ресми шақыруын табыстап, климаттың өзгеруі жөніндегі COP30 конференциясы аясында Амазонияға сапармен келуге шақырды.Бразилия тарапы Елшіні штатта іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық және экономикалық жобалармен таныстырып, оны қараша айында Амазония штатының астанасы Манаус қаласына жұмыс сапарымен келуге, халықаралық еркін экономикалық аймақты аралауға, іскер топтар және штат басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында кездесулер өткізуге шақырды.Бразилияның федеративтік құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қатынастарды нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасындағы серіктестік байланыстар Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы мен Риу-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Санта-Катарина штаты (2025 ж.) арасында орнаған.Анықтама үшін: Амазония – Бразилиядағы аумағы бойынша ең үлкен штат, ол ел аумағының 18%-дан астамын қамтитын, Амазонка өзенінің ең аз игерілген бассейн бөлігінде орналасқан. Штаттың астанасы – Манаус қаласы еркін экономикалық аймақ мәртебесіне ие және мұнда штат өнеркәсіп өндірісінің шамамен 98%-ы шоғырланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1094660?lang=kk
Мединадағы қазақстандықтар өз елін лайықты танытып келеді 29.10.2025
Медина, 2025 жылғы 27 қазан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Медина қаласында қазақстандық бизнес өкілдері және студенттерімен кездесу өткізді.Кездесуге қазақстандық инжиниринг компаниясы «Sueco», Мединадағы алғашқы қазақстандық мейрамхана «Yurt», «Jump in Goat» кофеханасының өкілдері, сондай-ақ белсенділер мен блогерлер қатысты.Бейресми форматта өткен кездесуде Бас консул қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.Жиын барысында қазақстандық диаспораның мәдени өміріне қатысты пікір алмасу өтіп, түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен бастамалар айтылды.Сонымен қатар, Медина Ислам университетінде білім алып жүрген студенттермен деструктивті идеологиялар мен ағымдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді.Іс-шараның қорытындысы ретінде Медина қаласында ашылған алғашқы қазақстандық ұлттық тағамдар мейрамханасы «Yurt»-тың ресми ашылуына орай салтанатты түрде қызыл лента қиылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1094661?lang=kk
Алматыда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада «Ашық есік күні» өтті 28.10.2025
Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада  дәстүрлі «Ашық есік күні» өтті.Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, студенттер, әлеуметтік және медициналық мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және оқырмандары қатысты.Ашық есік күні аясында «Ерекше жандарға ерекше кітаптар» және «ҚР тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыптарында тактильді кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушыларға Брайль баспаханасының жұмысы таныстырылып, жайпақ баспадан брайль қарпіне аудару, аудиокітаптарды редакциялау және басып шығару жұмыстары көрсетілді.Библиография және тифлология бөлімдерінің қызметкерлері оңалту кабинетін таныстырып, ерекше форматтағы «Саусақ ұшындағы әлем» атты іскерлік ойындарын өткізді.Сонымен қатар, «Шу өңірінің қос ақыны» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зағип жандардың күнделікті өмірі мен рухани әлемін бейнелейтін мотивациялық бейнематериалдар көрсетілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094609?lang=kk
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі 28.10.2025
Бейжің, 2025 жылғы 28 қазан – Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.Сапар барысында ол Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен конструктивті кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қытай тарапын ҚХР құрылуының 76 жылдығымен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шы шақырылымдағы IV пленумының сәтті өтуімен құттықтады.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын жан-жақты талқылады. Сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тату көршілік, өзара сенім және тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың тұрақты дамуын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайтуға дайындықтарын растады.«Қазақстан мен Қытай басшыларының жеке достық байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамытуға берік негіз болуда. Биыл көшбасшыларымыздың мағыналы өзара сапарлары мен олардың аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», – деді Е.Көшербаев.«Қазақстан – өңірдегі сенімді стратегиялық серіктесіміз, біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», – деп мәлімдеді Ван И.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы мен ауқымын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы сапарлар мен іс-шаралар кестесіне сәйкес ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі қадамдарды айқындады.Кездесу соңында қатысушылар сыртқы саяси ведомстволардың іс-қимылын үйлестіруді жалғастыруға және БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Қытай» форматы және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға дайындықтарын растады.Сапар аясында Е.Көшербаев Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында болып, мекеменің қазақ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ екі халық арасындағы гуманитарлық байланыстарды ілгерілету жөніндегі қызметімен танысты. Министр білім, туризм және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі мұндай бастамалардың өзара түсіністік пен достықты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1094604?lang=kk
«Қазақфильм» Канндағы MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық нарығына қатысты 28.10.2025
Ш. Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық киностудиясы биыл Францияның Канн қаласында өткен MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық нарығына қатысты. Іс-шара Фестивальдер мен конгрестеи сарайында (Palais des Festivals et des Congrès) және іргелес аумақтарда өтті.Киностудия павильонында «Қазахфильмнің» барлық фильмдері мен «Алтын қорындағы» үздік туындылар, сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» тарапынан қаржыландырылған заманауи фильмдер ұсынылды. Көрермендер мен халықаралық серіктестер назарына көркем, деректі және анимациялық фильмдердің кең топтамасы таныстырылды.Киностудия өкілдері қазақстандық кино және тележобаларды шетелдік дистрибьюторлар мен серіктестерге таныстырып, халықаралық ынтымақтастық орнату бағытында бірқатар келіссөздер жүргізді. Бұл қадам - отандық контенттің әлемдік нарықтағы көрінісін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды бастама болды.MIPCOM – теледидар, стриминг және цифрлық контент индустриясына арналған әлемдегі ең ірі кәсіби алаңдардың бірі. Биылғы іс-шараға 107 елден 10 600-ден астам қатысушы келді. Нарық көшбасшылары қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Канада, Испания және Италия бар.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл Каннға 3 мыңға жуық контент сатып алушы келіп, жаңа серіктестермен кездесіп, бірқатар бірлескен жобаларды талқылады. Нарық аясында 350-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094605?lang=kk
Аудандық турнир 28.10.2025
🏐 Қазақстан Республикасының күніне орай Боровское ауылында 11 әйелдер және 7 ерлер командасының арасында аудандық волейбол турнирі өтті 🇰🇿Нәтижесінде:Қыздар арасында 🥇 Karasuna (Қостанай) 🥈 Будённовка 🥉 Жаса-1Ерлер арасында 🥇 Михайловка 🥈 Жаса-1 🥉 ҚараталАл “Үздік ойыншы” номинациясында Балёнь Валерия, Захарова Дарья, Щербак Юлия, Влезько Илья және басқалары марапатталды.🎉 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 👏Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1094576?lang=kk
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қаланың ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесі мен мөлшеріне өзгерістер бекітті. 28.10.2025
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қаланың ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесі мен мөлшеріне өзгерістер бекітті.Бұл шешімді қабылдау ауылдық аумақтардың мамандарын қолдауға, олардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094526?lang=kk
2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемелері және оны медицина мен құрылыс салаларында қолдану ерекшеліктері 28.10.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына, сондай-ақ импортқа қатысты 16% мөлшерінде белгіленеді.Медицина саласында:ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі:– 2026 жылдан бастап – 5%– 2027 жылдан бастап – 10%Бұл мөлшерлеме келесіге қолданылады:медициналық қызметтерге,дәрілік заттарға,медициналық бұйымдарға,ҚҚС-тан босатылған қызметтер мен тауарлардан басқа.Үкіметпен келесі тізбелер бекітілетін болады:дәрілік заттар;медициналық бұйымдар;медициналық бұйымдардың құрамдас бөліктері;техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.Құрылыс және тұрғын үйді іске асыру саласында:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйді (пәтерді) өткізу немесе жалға беру кезінде ҚҚС-тан босату күші жойылады.Алайда келесі жағдайларда ҚҚС-тан босату қолданылады:Тұрғын үйді (пәтерді) өткізу кезінде, егер оның құрылысы басталғанжәне/немесе пайдалануға қабылдау 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса. Бұл жеңілдік тек құрылыс жүргізуші тұлғаға қатысты қолданылады.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған тұрғын үйді ұзақ мерзімдіжалға беру шарты бойынша (сатып алу құқығымен) тұрғын үй ғимаратын (немесе оның бөлігін) жалға берген жағдайда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1094528?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. 28.10.2025
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.Сессияда қабылданған шешімдер ведомствоаралық комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға және кадрлық өзгерістерге сәйкес олардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094532?lang=kk
Банктік шоттарды ашу және жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер талқыланды 28.10.2025
Қостанай қаласында екінші деңгейлі банк өкілдері мен қаладағы ПҚШК бастамашыл тобының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.Кеңес Қазақстан Республикасының банктік шоттарды ашу және жүргізу тәртібін реттейтін заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты ұйымдастырылды.Кездесу барысында қатысушылар жаңартылған талаптардың негізгі тұстарын, олардың тәжірибеде қолданылу тәртібін, сондай-ақ ПҚШК төрағалары мен бухгалтерлерінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.Сонымен қатар, кеңесте қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету және кооператив мүшелерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1094536?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс 38-ші сессия өтті, оның барысында қала бюджетін нақтылауға, кәсіпкерлікті қолдауға және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарды әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер қаралды, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. 28.10.2025
Облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес қалаға облыстық бюджеттен трансферттер ұлғайтылды. Қосымша қаражат автобус тасымалын субсидиялауға, сондай-ақ Комсомольский кентінде (Лесхоз кенті) сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жобасын аяқтауға бағытталды.Бұдан басқа, қайта бөлу есебінен қалалық бюджетті нақтылау, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу және қалалық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстар көзделген:- мүгедектерді гигиеналық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету;- ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік көмек көрсету;- қаланы абаттандыру және қысқы кезеңде саябақтарды күтіп ұстау.Аталған шараларды іске асыру қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094542?lang=kk
Экспорт, ЭСФ және ҚҚС есептілігіне қатысты жаңа талаптар 28.10.2025
Экспорт бойынша операциялар:Үшінші елдерге экспорт жасалғанда айналымның жасалу күні ретінде ЕАЭО кеден шекарасын нақты өткен күні есептеледі.Айналымды нөлдік мөлшерлемемен есепке алуды жеңілдету мақсатында тауарларға декларацияны тіркеу күні де айналым жасау күні ретінде мойындалады.Нерезиденттен алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша ЭСФ:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікке қатысты нерезиденттен алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша ҚҚС төлеуші міндетті түрде электронды счет-фактура (ЭСФ) рәсімдеуі тиіс.Бұл шара әкімшілендіруді жеңілдетеді және болашақта ҚҚС декларацияларын автоматты толтыруға көшуге мүмкіндік береді.ҚҚС-ты есепке алу (зачет) мәселелері:ҚҚС ставкасының 12%-дан 16%-ға көтерілуіне байланысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында (өндірушілер, өңдеушілер, ауылшаруашылық кооперативтері) есепке алынатын қосымша соманың мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.2026 жылдан бастап ҚҚС есепке алу мерзімі – тауарлар, жұмыстар, қызметтерді алған күнмен бірдей болады.ҚҚС төлеуші ЭСФ ақпараттық жүйесінде (ИС ЭСФ) осы қабылдауды декларацияны тапсырудан бұрын белгілейді.ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі:ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі шектеледі:декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен ерте басталмайды,декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1094549?lang=kk
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс 38-ші сессиясында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы мәселені қарады. 28.10.2025
Қабылданған шешімге сәйкес, арнайы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) ставкасының мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілетін болады.Салық ставкасын төмендету бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта құрудың негізгі шараларының бірі болып табылады. Төмендетілген мөлшерлеме-бұл кәсіпкерлер үшін жаңа кәсіпорындар ашуға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және қаланың экономикалық өміріне белсенді қатысуға ынталандыру. Ұзақ мерзімді перспективада бұл жұмыспен қамтудың өсуіне, жергілікті бюджеттің нығаюына және салық базасының ұлғаюына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094550?lang=kk
🔰Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Таза жағалау" экологиялық акциясын өткізді. 28.10.2025
Іс-шараға басқарма және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, студенттер мен белсенді экоеріктелер қатысты. Табиғатты қорғау - әрқайсысымыздың ортақ міндетіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1094476?lang=kk
«Зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес» 28.10.2025
2025 жылдың 28 қазанындаі Қостанай облысы Әділет департаменті «Бизнес Оптима» компаниясымен бірлесіп, Colgate-Palmolive Company және IWI AG (SPLAT сауда белгісінің иесі) компанияларының мүддесінде «Зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді.Іс-шараға Қостанай облысының Полиция департаментінің, экономикалық қылмыстармен күрес, мемлекеттік кірістер және сауда салаларының өкілдері қатысты.Тренингтің мақсаты - зияткерлік меншік саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің контрафактілік тауарларды анықтау бойынша біліктілігін арттыру. Іс-шара барысында құқық иеленуші компаниялардың тіркелген сауда белгілері және түпнұсқа өнімді контрафактілік өнімнен ажырату белгілері жөнінде ақпарат берілді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1094489?lang=kk
2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу және тіркеуден шығару тәртібіндегі өзгерістер 28.10.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енетінін хабарлайды.Өзгерістер қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебі мәселелерін қамтиды:ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу мынадай түрде жүзеге асырылады:ҚҚС төлеуші ретінде ерікті түрде тіркеу (ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтындардан басқа);Міндетті түрде тіркеу – күнтізбелік жыл ішінде айналым шегінен асып кеткен жағдайда (сондай-ақ сенім білдірілген басқарушы үшін де қолданылады);Шартты түрде тіркеу – шетелдік компаниялар үшін.Айналымның шекті мөлшері – 10 000 АЕК.ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге жатпайтындар:мемлекеттік мекеме;резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;жеке практикамен айналысатын тұлға;арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;жеке тұлға.Міндетті тіркеу үшін өтініш – айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.Егер ірі мәміле айналым шегінен асып кететін болса, салық төлеуші мәміле жасалғанға дейін өтініш беруі қажет.Тіркеусіз кезеңде жасалған айналым (шекті мөлшерден асқан) тиісті кезең үшін салық салынатын айналым болып саналады және салық жауапкершілігі қарастырылады.ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне өткен кезде;қызметін тоқтатқанда немесе заңды тұлға таратылғанда.Айналымның шекті мөлшеріне жетпеген жағдайда тіркеуден шығару көзделмеген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1094497?lang=kk
БКМ бойынша маңызды ақпарат. БКМ-ді 2025 жылғы 17 қарашаға дейін қайта бағдарламалау қажет 28.10.2025
Құрметті салық төлеушілер! ҚР Қаржы министрінің "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" №208 бұйрығына сәйкес бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) барлық пайдаланушылары 2.0.3 нұсқасының деректерді беру хаттамасына көшуге міндетті. Не өзгереді?Жаңа 2.0.3 хаттамасында:- Тауарлардың ұлттық каталогына БКМ-ның автоматты түрде қосылуы;- БКМ-ның нақты орналасқан орнын анықтайтын БКМ геолокациясын автоматты түрде анықтау. Ауысу мерзімі:2025 жылдың 17 қарашасынан бастап 2.0.2 нұсқасындағы құрылғылар ажыратылатын болады.Аппараттық-бағдарламалықкешендердіпайдаланатын салық төлеушілерүшінБКМ қайта бағдарламалау автоматты түрде жүргізіледі және 2025жылғы15қазанғадейінаяқталатын болады.Деректердібекітужәне(немесе)беруфункциясыбарэлектрондыққұрылғылардыпайдаланатын салық төлеушілерүшін ("теміркассалар"депаталады) қайта бағдарламалау2025жылдың15қарашасынадейін жүргізілуі керек. БКМ қайта бағдарламалауүшінБКМтехникалыққызмет көрсету орталықтарынажүгінуқажет. Маңызды:Өтуді кешіктірмеңіз! Уақтылы жаңартпау фискалдық деректердің бұғатталуына әкеледі.Құрылғыңыз көрсетілген мерзімге дейін 2.0.3 протоколына сәйкес келетініне көз жеткізу үшін FDD-ге хабарласыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1099258?lang=kk
📢 ХАБАРЛАМА 28.10.2025
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидаларына және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес төмендегідей аңшылық алқаптар бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды:«Үлкен Бурылтау» «Балқаш» «Сарыкемер» «Бүгүлкөл» «Темірбек» «Тәтті»Конкурс электрондық форматта e-qazyna.kzвеб-порталында өткізіледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 23 қазанға дейін.Толық ақпарат, қатысу тәртібі және біліктілік талаптары аталған веб-порталда орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1094444?lang=kk
Қазақстан-Пәкістан бірлескен «Достарым-V» әскери оқу-жаттығулары 28.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 26 қазан – Черат қаласында «Достарым-V» Пәкістан-Қазақстан терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуның жабылу салтанаты өтті. Маневрлер 2025 жылдың 14 қазанынан бастап өтті. Оларға Пәкістан армиясының арнайы қызметтер тобының және Қазақстандық арнайы жасақтардың командалары қатысты.Жабылу салтанатына Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Кыстафин, ҚР ҚМ әскери атташесі және ПИР Қарулы күштерінің арнайы операциялар мектебінің қолбасшысы қатысты.Оқу жаттығудың мақсаты арнайы міндеттерді бірлесіп пысықтау арқылы терроризмге қарсы күрес әдістері мен тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту болды. Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1094447?lang=kk
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 28.10.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіМемлекеттік қызметті «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі көрсетеді (көрсетілетін қызметті беруші).Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:      1 кезең:      1) нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;      2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар);      2 кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.      1 кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:      2 кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару –бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде: Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;       2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 24-бабының                       1-тармағының екінші бөлігінде және 6-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.  Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты Еңбекшіқазақ ауданыШелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 40Телефон: 87277620155Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1094450?lang=kk