Қоғам
Домбыра – қазақ халқының мәңгілік рухани мұрасы 13.07.2026
Домбыра – қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдениетін айшықтайтын қасиетті музыкалық аспап. Сан ғасырлық тарихы бар бұл аспап ұлттың рухани қазынасын, тарихи жадын және дәстүрлі күй өнерін бүгінгі күнге дейін жеткізген баға жетпес мұра болып саналады.Ғылыми және археологиялық зерттеулерге сәйкес, домбыра тектес аспаптар Еуразия кеңістігінде бірнеше мың жыл бұрын пайда болған. Түркі халықтарының алтын бесігі саналатын Алтай өңірі домбыраның тарихи отаны ретінде қарастырылады. Белгілі ғалым Ахмет Жұбанов домбыраны қазақ даласының ең қастерлі музыкалық аспабы деп бағалап, оның үні халықтың жан дүниесі мен тарихын бейнелейтінін атап өткен.Домбыра екі ішекті, көп пернелі шертпелі аспап болып табылады. Оның негізгі бөліктеріне басы, құлағы, мойны, пернелері, шанағы, бетқақпағы және тиегі жатады. Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан домбыра үлгілері жергілікті дәстүрге, орындаушылық мектепке және шеберлердің қолтаңбасына қарай ерекшеленеді.Қазақтың дәстүрлі күй өнері домбырамен тығыз байланысты. XIX ғасырда төкпе және шертпе күй мектептері кеңінен дамып, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина Нұрпейісова, Сейтек, Сүгір және басқа да көрнекті күйшілер ұлттық музыка өнерінің алтын қорын қалыптастырды.Бүгінде домбыра – Қазақстанның мәдени брендіне айналған ұлттық құндылық. Оның үні кәсіби сахналарда, халықаралық фестивальдерде және әлемдік мәдени кеңістікте кеңінен насихатталып, қазақ халқының бай музыкалық мұрасын жаһан жұртшылығына танытып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1251034?lang=ru
Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев «Жасыл желкен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, лагерь демалушыларын жаңа маусымның басталуымен құттықтады. 13.07.2026
Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев «Жасыл желкен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, лагерь демалушыларын жаңа маусымның басталуымен құттықтады.Аудан басшысы балаларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсер мен қызықты демалыс тілеп, жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін лагерь жұмысының маңыздылығына тоқталды.Салтанатты шара барысында балалар өнер көрсетіп, лагерьдің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, аудан әкімі лагерь аумағын аралап, балалардың демалысына жасалған жағдайлармен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1251040?lang=ru
Қазақстан Қарулы күштерінің сержанттар корпусына – 30 жыл 13.07.2026
1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде барлық деңгейдегі командирлердің сенімді тірегі әрі әскери қызметшілерді даярлау, тәрбиелеу және әскери тәртіпті сақтаудағы маңызды буын саналатын сержанттар күні атап өтіледі.Бұл мерекенің тарихы 1996 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусының құрылуымен байланысты. Аталған шешім тәуелсіз Қазақстанның кәсіби сержанттар корпусын қалыптастырудың негізіне айналып, кіші командирлерді даярлаудың заманауи үлгісін қалады.2021 жылы 1 шілде ресми түрде Сержанттар күні болып бекітілді. Биыл Қарулы күштердің кәсіби сержанттар корпусының құрылғанына 30 жыл толып отыр.Осы жылдар ішінде Қазақстанда Қарулы күштердің даму талаптарына сай кәсіби сержанттарды даярлаудың заманауи жүйесі қалыптасты. Бүгінде сержанттар армияның ажырамас бөлігіне айналып, жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.Қазақстан Қарулы күштерінің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықовтың айтуынша, сержанттар құрамының атқаратын міндеттері ауқымды әрі жауапты. Олар сарбаздардың тікелей командирлері ретінде әскери тәртіптің жоғары деңгейін сақтап, жеке құрамды оқытып-тәрбиелейді және офицерлерге жүктелген міндеттерді орындауда жан-жақты қолдау көрсетеді.– Сержанттардың кәсібилігі, беделі, білімі мен жеке үлгісі әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының деңгейіне, моральдық-психологиялық ахуалына және бөлімшелердің жүктелген міндеттерді орындауға дайындығына тікелей әсер етеді, – деді шебер-сержант Темірбек Халықов.Қарулы күштерде сержанттар құрамын даярлау жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік сержант» жалпыәскерлік байқауы өткізіледі. Байқауға қатысушылар өздерінің теориялық дайындығы мен қызметтік міндеттерін орындауға қажетті практикалық дағдыларын көрсетеді. Сонымен қатар жеңімпаздар Қазақстан Қарулы күштерінің атынан халықаралық жарыстарға қатысады.Сонымен бірге Қарулы күштердің оқу-әдістемелік базасы да жетілдірілуде. Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі ескеріле отырып, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығында қолданылатын нормативтер жинағы қайта әзірленді.Сержант кадрларын даярлау еліміздің бес әскери колледжінде он түрлі мамандық бойынша жүзеге асырылады. Олардың түлектері Қарулы күштердің әртүрлі түрлері мен әскер тектерінде қызмет атқарады.Сержанттар корпусы кәсіби Қазақстан армиясының берік негізі саналады. Кіші командирлердің кәсібилігі мен әскери борышқа адалдығы Қарулы күштердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің және елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың маңызды факторларының бірі екені анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1251020?lang=ru
Шағын өнеркәсіпті дамыту – аймақ экономикасының маңызды бағыты 13.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев сол жағалаудағы шағын өнеркәсіп нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты.Алдымен өткен жылы ашылған «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағына барды. Мұнда ет, сүт, кондитерлік өнімдер мен жартылай фабрикаттар өндіретін 7 өндірістік цех жұмыс істейді. Шығарылатын өнімдер жергілікті тұрғындардың сұранысына, азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай.«Syr Darya» коммуналдық базары қаладағы сауда инфрақұрылымын дамыту мақсатында ашылған. Базарда сапалы азық-түлік өнімдерін сатуға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне қолайлы жағдай жасалған. Аумағында азық-түлік, киім-кешек дүкендері мен тұрмыстық техника сататын сауда орындары бар. Қазіргі уақытта көтерме сауда орындарын орналастыру үшін ғимарат қайта жаңғыртылып бейімделуде.Келесі нысан – өткен жылы іске қосылған «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-нің шағын өнеркәсіп аймағы. Мұнда тәулігіне 15 сантехникалық бұйым өндіретін, темір тор шығаратын өндірістік цехтар бар.Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне шағын өнеркәсіпті, ондағы өндіріс ауқымын кеңейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1251023?lang=ru
Қазақстан мен АҚШ іскерлік әріптестікті кеңейтуде: инвесторларға Алатау қаласы мен АХҚО мүмкіндіктері, «Бәйтерек» АҚ қолдау тетіктері ұсынылды 13.07.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Қазақстан-Америка» іскерлік дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шара екі елдің бизнес-қауымдастығы арасындағы байланысты жандандыруға бағытталған. АҚШ-пен өзара іс-қимылды нығайту Қазақстан Үкіметінің негізгі сыртқы экономикалық басымдығының бірі болып қала береді.Ынтымақтастықтағы өзекті мәселелерді талқылауға ҚР Президентінің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан, ҚР Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев, АҚШ-тың ҚР-дағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев және АҚШ Сауда Палатасының аға вице-президенті Куш Чокси және т. б. қатысты.Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Серік Жұманғарин әріптестеріне осындай жоғары мәртебелі делегацияны қалыптастырғаны үшін алғысын білдіріп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз ауқымды ұлттық жаңғырту бағдарламасын дәйекті түрде іске асырып жатқанын атап өтті.«Ұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енеді. Бұл реформалар орнықты экономикалық өсу мен азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру үшін берік негіз жасайды. Заң мен тәртіптің конституциялық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, біз елдегі іскерлік ахуалды одан әрі жақсартуға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше мән береміз. 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың жаңартылған тұжырымдамасы шеңберінде сапалы инвестиция тарту жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда. Республиканың халықаралық қатысуы басым инвестициялық нарықтарда Kazakh Invest толыққанды кеңселерін құру есебінен күшейтілетін болады. Бас прокуратура жанынан бизнестің заңды мүдделерін қорғауды және тең жағдайларды қамтамасыз етуге арналған инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Сондай-ақ жаңа арнайы визалық режим – Altyn Visa енгізіледі. Оның иелері кірістер мен мүліктерді декларациялаудан, сондай-ақ салық төлеуден босатылады», — деп атап өтті Қазақстан вице-премьері. Серік Жұманғарин бірегей іскерлік ортаны құру аясында ағылшын жалпы құқық қағидатында жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) мүмкіндіктерін атап өтіп, жаңа ауқымды жобаны таныстырды.«Қазақстанның инвестициялық күн тәртібінде Алатау қаласы ерекше орын алады. Ол болашақтың мегаполисі және жаңа бизнес, инновация және инвестиция орталығы ретінде ойластырылған. Оның дамуын қолдау үшін салықтық жеңілдіктерді, бизнесті жүргізудің оңайлатылған ережелерін және цифрлық активтерді бөлек реттеуді көздейтін арнайы құқықтық режим енгізілді. Бұл шаралар Қазақстанда инвестициялық белсенділікті ынталандыруға және жоғары технологиялық салалардың жаңа буынын жедел дамытуға бағытталған», — деді Серік Жұманғарин.Қазақстан вице-премьері ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың төрт перспективалық бағытын атап өтті. Бірінші вектор – мыс, алюминий, сирек жер металдары, мұнай-химия және бидай өңдеу секілді шикізатты терең өңдеу. Жобалардың әлеуетті портфелі $95 млрд көлемінде. Екінші бағыт импорт үлесі 50%-дан жоғары салаларда өндірістерді жергіліктендіруді көздейтін импортты алмастыру болмақ. Мұндағы коммерциялық перспективалы жобалар пулы қазірдің өзінде $20 млрд-тан асып отыр. Үшінші маңызды бағыт – $80 млрд көлеміндегі ұлттық инвестициялық жоспардың жобаларын және тағы $25 млрд көлеміндегі энергетикалық секторды жаңғырту бағдарламасын біріктіретін инфрақұрылым мен энергетика. Төртіншіден, Қазақстан жетекші халықаралық компаниялардың қатысуымен экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік бастамаларды жан-жақты қолдауға бағытталған. Қаржыландыруға келсек, Қазақстанның даму институттары борыштық қаржыландырудың 80%-на дейін қамтамасыз ете алады. Бұл ретте «Бәйтерек» ҰИХ АҚ холдингі де жоба капиталында бірлескен инвестор бола алады. Бұл дегеніміз, стратегиялық инвесторлар икемді меншік құрылымын сақтай отырып, жоба құнының 10-20%-ын ғана инвестициялай алады.АҚШ-тың ҚР-дағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон өз тарапынан тауар айналымының өсуі аясында елдер технологиялық алмасуға баса назар аудара отырып, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырып жатқанын айтты.«Осы залда отырғандардың ішінен таныс жүздерді көргенде сауда-экономикалық әріптестігіміздің қандай деңгейге жеткені туралы зор мақтанышты сезінбеу мүмкін емес. Біз бұрынғы бизнес миссиялар кезіндегі қол жеткен нәтижелердің күшті серпінін әлі де сақтаймыз әрі бұрынғы келісімдердің қол қойылған келісімдер мен жаңа іскерлік қатынастарға қалай айналғанын көру де аса қуаныш. Бұл әсер тек статистика емес. Олардың артында мыңдаған жұмыс орындары, маңызды технологиялар мен біздің мемлекеттер арасында қалыптасқан терең, ұзақ мерзімді сенім бар», — деп атап өтті Дебора Робинсон.Дебора Робинсон сондай-ақ Қазақстанның Pax Silica халықаралық бастамасына, яғни жасанды интеллектіні дамыту мен аса маңызды технологияларды жеткізудің сенімді тізбегін қалыптастыру үшін АҚШ құрған технологиялық альянсқа қосылған Орталық Азияның бірінші елі болғанын атап өтті.Қазақстан өзінің сенімді әріптес ретіндегі мәртебесін дәлелдеуде: еліміздегі ЖІӨ $300 млрд-тан асады. Ал өткен жылы экономикалық өсім жыл сайын 5-6% болжаммен 6,5% болды. 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны $20,5 млрд-қа жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1251007?lang=ru
Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту қарқыны артып келеді 13.07.2026
Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Өңірде өндірістік қуаттарды арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жобалар қолға алынған.Соңғы жылдары облыстың агросекторына инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жалпы құны 84 млрд теңгені құрайтын 144 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 980 жаңа жұмыс орны ашылды. 2025 жылдың өзінде 26,2 млрд теңге көлеміндегі 33 жоба пайдалануға берілді.Іске қосылған жобалардың негізгі бағыттары – өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларын салу, суармалы егіншілікті дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Әрбір ірі жобаның құны 1 млрд теңгеден асады.Сүтті мал шаруашылығы саласында жалпы инвестиция көлемі 16,4 млрд теңгені құрайтын төрт жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 3,3 мың басқа арналған заманауи мал шаруашылығы кешендері іске қосылып, шамамен 140 жұмыс орны құрылды. Жаңа кәсіпорындардың жылдық өндірістік қуаты 27,2 мың тонна сүтті құрайды. Бұл өңірдегі сүт өңдеу кәсіпорындарын тұрақты шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Суармалы егіншілікті дамыту бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Жалпы құны 2,4 млрд теңге болатын екі жоба аясында 1,5 мың гектар жер суармалы алқапқа айналды. Бұл су үнемдеу технологияларын енгізуге және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жол ашты.Сонымен қатар облыста ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге бағытталған өндірістер дамуда. Инвестиция көлемі 1,1 млрд теңгені құрайтын ет-сүйек ұнын өндіру цехы іске қосылды. Бұл саладағы қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.Сүт өндірісін дамытуға басымдық берілудеҚостанай облысында сүтті мал шаруашылығын дамыту негізгі бағыттардың бірі болып отыр. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында 49 млрд теңге қарастырылып, оның 37,8 млрд теңгесі жылына 80 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік беретін 13 сүт-тауар фермасын салуға бағытталды.Қазіргі уақытта жылдық қуаты 46 мың тонна сүт өндіруге жететін жеті ферма іске қосылды. Бұл кешендерде 5,7 мың бас ірі қара мал өсірілуде. Жобалар кезең-кезеңімен толық қуатына шығарылады.Бағдарлама аясында биыл тағы да бірқатар жобаларды қаржыландыру жоспарланған. Оның ішінде «Халық Агро KST» серіктестігінің 5,2 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын салу жобасы бар. Жобаның құны – 1,2 млрд теңге.Сондай-ақ «Қостанай Осетр» серіктестігі форель өсіру және өңдеу цехын салу жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорын жылына 50 тонна өнім өндіруге мүмкіндік алады.Жаңа өндірістер мен ірі жобалар жүзеге асырыладыАлдағы жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жол картасына сәйкес, 2026–2028 жылдары облыста жалпы құны 553 млрд теңге болатын 42 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.2026 жылы құны 35 млрд теңге болатын алты жобаны іске қосу көзделген. Оның ішінде бес сүт-тауар фермасы пайдалануға беріліп, өңірдегі сүт өндірісінің көлемі артады. Сонымен қатар «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының «Кондитерлік астана» жобасы жүзеге асырылмақ.Жоба аясында кәсіпорынның кондитерлік өнім шығару көлемі жылына қосымша 16 мың тоннаға ұлғайып, 260 жаңа жұмыс орны ашылады. Толық қуатына шыққаннан кейін өндіріс көлемі жылына 68 мың тоннаға жетеді.Келер жылы облыста жалпы құны 49,1 млрд теңге болатын екі ірі өңдеу жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бейімбет Майлин ауданында астық пен майлы дақылдарды сақтау және өңдеу кешені, сондай-ақ көкөніс қоймасы бар көлік-логистикалық орталық салынады. Жобаның құны – 10 млрд теңге.Лисаков қаласында құны 39,1 млрд теңге болатын май экстракциялау зауыты бой көтереді. Кәсіпорын күнбағыс пен рапсты өңдеп, жылына 174 мың тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу күшейедіӨңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған стратегиялық жобалар да жүзеге асырылуда.Бейімбет Майлин ауданында «Qostanai Grain Industry» серіктестігі астықты терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба аясында 187 гектар жер бөлінген. Кәсіпорын іске қосылған кезде 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт жылына 415 мың тонна астық өңдеп, глютен, крахмал, аминқышқылдары, биоэтанол және басқа да өнімдер өндіреді.Сонымен қатар Рудный қаласында құны 100,5 млрд теңге болатын қант зауытын салу жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 мың тонна қант өндіруге мүмкіндік береді.Федоров ауданында жылына 50 мың тонна құс етін өндіретін заманауи құс фабрикасын салу көзделген. Жобаның инвестициялық құны – 66,3 млрд теңге. Жаңа өндіріс ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.Осылайша Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртуға бағытталған кешенді инвестициялық саясат жүзеге асырылуда. Жаңа өндірістердің іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, импортты алмастыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және өңір экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1251012?lang=ru
Қазақстан мен Бразилияның білім беру саласындағы ынтымақтастығы кеңеюде 13.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 29 маусым – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігіне «Americas Model United Nations» (AMUN) конференциясының 26-сессиясының басқарушы директорлары Родриго Карвальо, Франсиско Пессоа және Габриель Шульце келді.Кездесу барысында негізгі назар 2026 жылғы 30 қазан - 2 қараша аралығында Бразилия университетінің Халықаралық қатынастар институтында (IREL/UnB) өтетін AMUN-ның 26-сессиясына Қазақстан өкілдерінің қатысу мәселелеріне аударылды. Биылғы сессияның тақырыбы - «Латын Америкасы: тоғысатын болмыстар, сақталатын естеліктер және гүлденетін егемендіктер».Келіссөздердің жеке тармағы ретінде Қазақстан Елшісінің Бразилия университетінің Халықаралық қатынастар институтының студенттеріне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына арналған дәрісін ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Іс-шараны AMUN-ның 26-сессиясы қарсаңында өткізу жоспарланып отыр. Бұл болашақ дипломаттар мен халықаралық қатынастар саласының мамандарын Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен, халықаралық бастамаларымен және Латын Америкасы мемлекеттерімен ынтымақтастықтағы басымдықтарымен таныстыруға мүмкіндік береді.Кездесу барысында тараптар академиялық алмасулардың, жастар дипломатиясының және ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазақстандық-бразилиялық қатынастарды одан әрі нығайтудағы рөлі жөнінде пікір алмасты. Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды кеңейтудің, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асырудың және студенттердің халықаралық пікірталас алаңдарына қатысуын ынталандырудың маңыздылығы атап өтілді.Сұхбаттастар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1250991?lang=ru
Федералдық округ Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайды 13.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 30 маусым - Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Болат Нүсіповтың Бразилия Федералдық округінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Хатшысы (министрі) Пако Бриттомен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Федералдық округ үкіметі арасындағы екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты, әсіресе ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару және білім беру салаларында кеңейту мәселелері талқыланды.Қазақстан Елшісі Федералдық округ үкіметіне 2023 жылы Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Бразилиа қаласының Федералдық университеті арасында серіктестік байланыстардың орнатылуына көрсеткен достық қолдауы үшін, сондай-ақ «Бразилиядағы Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Федералдық округтің Ұлттық кітапханасында қазақ авторлары кітаптарының жыл сайынғы таныстырылымын ұйымдастырудағы тығыз ынтымақтастығы үшін және 2025 жылы Бразилия астанасының Ботаникалық бағындағы «Халықтар аллеясына» отырғызылған Алматы апорты алма ағаштарына ұқыпты күтім жасағаны үшін алғыс білдірді.Тараптар Қазақстан Елшілігі мен Федералдық округ Үкіметі арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша белсенді әрі достық диалогты жалғастыруға келісті. Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов кездесу соңында Пако Бриттоға табысты әрі достық ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастарын нығайтуға және кеңейтуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Елшілігінің Алғыс грамотасын табыс етті.Анықтама: Федералдық округ – Бразилияның астанасы Бразилиа қаласын қамтитын ерекше әкімшілік бірлік. Федералдық округ экономикасы елдегі барлық штаттардың ішінде көлемі жағынан сегізінші орында және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша көш бастап, бұл көрсеткіш Бразилиядағы орташа деңгейден шамамен 2,4 есе жоғары. Елордада жоғары білім беру жүйесі жақсы дамыған. Сонымен қатар, мұнда Бразилияның негізгі салалық конфедерацияларының штаб-пәтерлері, ғылыми-зерттеу институттары (CNI, CNN, CNM) және ауыл шаруашылығы мен ғарыш саласындағы жетекші ұлттық ғылыми ұйымдар (Embrapa, AEB) орналасқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1250992?lang=ru
Қазақстан қалалары жаһандық инновациялар бәсекесіне қосылуда 13.07.2026
Женева, 2026 жылғы 30 маусым – Бүгін Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ, WIPO) Қазақстанның бірден үш қаласының, атап айтқанда Астана, Қарағанды және Қонаев қаласының, WIPO City of Innovation Award 2026 аясында қаралуы үшін өтінімдері жолданды. Бұл бастама инновациялық, орнықты және технологиялық дамудың жаңа архитектурасын қалыптастырып жатқан қалаларды атап өтетін беделді халықаралық жобалардың бірі болып табылады.Қазақстанның үш қаласын ДЗМҰ-ның жаһандық алаңына ұсыну еліміздің ұлттық цифрлық күн тәртібінен тыс шығып, жасанды интеллект пен Smart City шешімдерінен бастап инклюзивті қалалық ортаға, орнықты туризмге, креативті экономикаға және инвестиция тартудың жаңа орталықтарына дейінгі қалалық инновациялардың өзіндік моделін әлемге танытып отырғанының маңызды белгісі.Қазақстан инновацияларды абстрактілі мақсат емес, қалаларды трансформациялаудың, азаматтардың өмір сапасын арттырудың және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың нақты практикалық құралы ретінде қалыптастырып жатқан ел ретінде танылады.Астана жаңа буын астанасы ретінде ұсынылды. Бұл цифрлық трансформация, жасанды интеллект, креативті экономика және орнықты қалалық даму заманауи басқару моделі мен өмір сапасының негізіне айналып отырған қала. Astana Smart City жобалары, astana.kz платформасы және R&D әріптестіктерін дамыту арқылы елорда Еуразиядағы жетекші инновациялық орталықтардың біріне айналу амбициясын көрсетуде.Қарағанды индустриялық әлеуеттің цифрлық серпілістің негізіне айнала алатынын көрсетеді. Қазақстанның негізгі өнеркәсіптік орталықтарының бірі ретінде белгілі қала бүгінде Smart City жобалары, жасанды интеллект, бейнеаналитика және заманауи цифрлық сервистер арқылы жаңа инновациялық болмысын қалыптастыруда.Қонаев Қазақстандағы инновациялар, инвестициялар және туризм үшін жаңа тартылыс нүктесі ретінде танылуда. Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесін алған қала дамудың жаңа кезеңіне өтіп, цифрлық муниципалдық қызметтер мен инфрақұрылымды жаңғыртудан бастап экологиялық мониторингке, туристік сервистерге және кәсіпкерлікті қолдауға дейінгі Smart Qonaev атты өршіл күн тәртібін қалыптастыруда. Бұл стратегия Қонаевты Орталық Азиядағы өңірлік өсімнің маңызды орталықтарының біріне айналдыруға бағытталған.Астана, Қарағанды және Қонаевтың WIPO City of Innovation Award 2026 байқауына қатысуы Қазақстанды инновациялар, зияткерлік меншік, цифрлық технологиялар және креативті экономика қалалық дамудың нақты драйверлеріне айналып отырған ел ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылады. Технологиялық астана, индустриялық орталық және жаңа мүмкіндіктер қаласы ретінде әртүрлі даму модельдерін ұсына отырып, қазақстандық қалалар өмір сапасын арттыруға, орнықты дамуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған тұтас әрі амбициялы күн тәртібін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1250993?lang=ru
Еуропалық Парламентте Қазақстан–ЕО ынтымақтастығы реформалар мен көлік байланыстылығы тұрғысынан талқыланды 13.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасының Еуропалық одақ жанындағы Тұрақты өкілі Роман Василенко Еуропалық парламенттің Сыртқы істер комитетінің (AFET) төрағасы Дэвид Макаллистермен (Еуропалық халық партиясы) кездесу өткізді.Кездесу барысында қазақстандық дипломат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттік басқарудың неғұрлым жүйелі әрі ұзақ мерзімді негізін қалыптастыратынын, құқықтық айқындықты арттырып, Қазақстанның, соның ішінде Еуропалық одақпен ынтымақтастық аясындағы, сенімді әріптес ретіндегі болжамдылығын күшейтетінін атап өтті.Өз кезегінде Д. Макаллистер елімізде жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалардың маңызын ерекше атап өтіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Брюссельге жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін құптады.Сонымен бірге, Елші Р. Василенко Транскаспий халықаралық көлік бағдарын («Орта дәлізді») дамыту мәселесіне арналған «дөңгелек үстелдің» жұмысына қатысты. Іс-шара Еуропалық Парламенттің Заң мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Илхан Кючюктің («Еуропаны жаңарту» фракциясы) қолдауымен ұйымдастырылды.Еуропалық одақ институттарының, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, Брюссельдің академиялық және іскерлік қауымдастықтарының өкілдері «Орта дәліздің» Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайтудағы стратегиялық маңызы артып келе жатқанын және оны одан әрі дамыту екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының біріне айналғанын растады.Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Р. Василенко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге жасаған ресми сапары барысында Қазақстан мен ЕО басшылары Транскаспий халықаралық көлік бағдарының стратегиялық маңызын ерекше атап өтіп, Еуропалық одақтың «Жаһандық қақпа» (Global Gateway) стратегиясы аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуді құптағанын еске салды. Келіссөздер нәтижесінде қол жеткізген уағдаластықтар тараптардың көлік байланыстылығын дамытуға, атап айтқанда, «Орта дәлізді», орнықты жеткізу тізбектерін және заманауи көлік инфрақұрылымын дамытуға ортақ мүдделі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Кездесуде көлік үдерістерін цифрландыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру нәтижесінде «Орта дәліз» арқылы жүк жеткізу мерзімі едәуір қысқарып, бұл бағыттың тиімділігі, бәсекеге қабілеттілігі және халықаралық тасымалдаушылар үшін тартымдылығы артқаны атап өтілді.Қазақстан Елшісі «Орта дәліздің» табысы Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдері мен Еуропалық одақтың бірлескен жұмысының нәтижесі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттың дамуы жеке бір мемлекеттің жетістігі емес, өңірлік ынтымақтастықтың, бірлескен инвестициялардың және ортақ жауапкершіліктің жемісі. «Орталық Азия елдері бірлесе әрекет еткенде, барлығы ұтады», – деді Р. Василенко. Оның пікірінше, дәл осындай өңірлік ықпалдастық Орталық Азияны Азия мен Еуропаны жалғайтын сенімді көлік-логистикалық көпірге айналдырады.Өз кезегінде Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс Еуропалық одақ үшін Орталық Азия өңірінің, әсіресе көлік байланыстылығы, энергетика, аса маңызды шикізат ресурстары, цифрлық инфрақұрылым және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету салаларындағы стратегиялық маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, осы факторлардың үйлесімі Орталық Азияның еуропалық бизнес үшін инвестициялық тартымдылығын күшейтуде.Еуропалық Парламент депутаты Катарина Неведалова Орталық Азия мемлекеттері арасындағы тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастықты, сондай-ақ 2025 жылғы сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінің қорытындысында қол жеткізілген келісімдерді жоғары бағалады. «Орталық Азия өңірі Еуропалық одақ үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан өзара байланыстарды нығайту қажет, өйткені бірлесе жұмыс істегенде ғана біз мықты серіктеске айналамыз», – деді еуродепутат.Бельгияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Анри Вантигем Бельгияда және жалпы Еуропалық одақта Орталық Азияның маңызын түсіну деңгейі артып келе жатқанын айтты. Оның пікірінше, «Орта дәліз» теңіз бағыттарына қарағанда экологиялық тұрғыдан анағұрлым тиімді жаңа Жібек жолына айналып келеді және өңір елдеріне өзара ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік береді.«Өңір елдері экономикалық, саяси және әлеуметтік даму тұрғысынан айтарлықтай табысқа қол жеткізіп отыр. Қоғамды демократияландыру үдерісі жалғасуда, заң үстемдігі, әсіресе инвестициялар саласында нығайып келеді. Сондықтан еуропалық бизнес Орталық Азияға келіп, жаңа мүмкіндіктерді іздеуі қажет», – деді ол.Кездесу қорытындысында қатысушылар «Орта дәліздің» тек маңызды халықаралық көлік бағыты ғана емес, сонымен қатар экономикалық байланыстарды нығайтудың, жаһандық жеткізу тізбектерінің орнықтылығын арттырудың, энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың және Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестікті тереңдетудің стратегиялық платформасына айналып келе жатқаны жөнінде ортақ пікірге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1250986?lang=ru
Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды 13.07.2026
Алматыдв 60-тан астам отандық өндірушінің басын қосқан «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Іс-шара қазақстандық кәсіпорындардың жетістіктерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және жергілікті өндірушілердің өнімдерін ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.Байқаудың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов пен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» директоры Шыңғысхан Маманов қатысты. Олар отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың, өнім сапасын арттырудың және бәсекеге қабілетті бизнесті дамытудың маңыздылығын атап өтті.Күні бойы қатысушылар Алматыда өндірілген түрлі өнімдерді көпшілік назарына ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша үш номинацияда жеңімпаздар анықталды.«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында I орын – «Qulpynai Production» ЖШС, II орын – «Компания «Камертон» ЖШС, ал III орын – «ЛОТТЕ Рахат» АҚ алды.«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында I орын – «БСФ» ЖШС, II орын – «Концерн Bakarassov» ЖШС, ал III орын – «СК Рахат» ЖШС иеленді.«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында I орын – «Қазақстандық Құбыр Жүйелері» ЖШС, II орын – «Жигалма» ЖШС, ал III орын – «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС-не бұйырды.Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары енді Алматының атынан «Қазақстанның үздік тауары – 2026» республикалық байқауына қатысып, еліміздің үздік өндірушісі атағы үшін бақ сынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1250923?lang=ru
Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі Almaty TechCup XII технологиялық чемпионаты басталды 13.07.2026
Алматыда қала әкімі кубогы үшін робот техникасы, бағдарламалау және инновациялық технология бойынша XII ашық Almaty TechCup XII чемпионаты басталды. Биыл өңірдегі ең ірі технологиялық дода Age of AI («Жасанды интеллект дәуірі») атауымен өтіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері хабарлады.Чемпионатқа Орталық Азияның бес елінен 3 мыңнан астам мектеп оқушысы, студент және жас инженер, яғни 400-ге жуық команда қатысып отыр. Екі күн бойы қатысушылар робот техникасы, бағдарламалау, киберқауіпсіздік, автономды жүйелерді әзірлеу және өзге де инженерлік бағыттар бойынша бақ сынайды.Чемпионаттың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті басқармасының басшысы Асыл Түймебаев, goBILDA робототехникалық платформасының зерттеуші-инженері әрі стратегиялық серіктестік жөніндегі директоры Итан Доуг (АҚШ), сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев қатысты.Биылғы бағдарлама 14 бағытты қамтиды, оның төртеуі алғаш рет енгізіліп отыр. Атап айтқанда, адам тәрізді роботтарға арналған шешімдерді әзірлеу бойынша хакатон, автономды көліктер жарысы, аэроғарыш технологиясы саласындағы инженерлік жобалар, робот техникасы турнирлері, дрондар жарысы, киберқауіпсіздік сайыстары және жасанды интеллектке арналған интерактивті алаңдар ұйымдастырылады.Ресми ашылу рәсімінен кейін қонақтарға чемпионаттың жарыс және көрме алаңдары таныстырылды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы қаласы әкімінің кубогын, білім грантын, ақшалай сыйлығын иеленіп, Қазақстан атынан АҚШ, Қытай және Гонконгта өтетін халықаралық инженерлік жарыстар мен чемпионаттарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1250916?lang=ru
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты 13.07.2026
Заманауи өнер музейінде Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джули Стаффт және АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін қатысты.Салтанатты рәсім Қазақстан мен АҚШ мемлекеттік әнұрандарының орындалуымен басталды. Қонақтарды АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт құттықтады.Алматы әкімі Дархан Сатыбалды құттықтау сөзінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін айтты.«Биыл Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 35 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде екі елдің өзара байланысы берік әрі сенімді кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді», – деді Дархан Сатыбалды.Шаһар басшысы жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың арқасында екіжақты ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Алматының Қазақстан мен Орталық Азияға шығатын америкалық бизнес үшін табиғи қақпа ретіндегі рөліне ерекше тоқталды.Қазіргі уақытта Алматыда америкалық капитал бар 400-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты.Дархан Сатыбалды Алматыда АҚШ Бас консулдығының жаңа кешенін салу жобасының маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоба қаланың өңірлік дипломатиялық, іскерлік, гуманитарлық және қаржы орталығы ретіндегі рөлін күшейтеді.Әңгіме арасында туристік және көлік байланысын дамытуға да мән берілді. 2025 жылы Алматыға АҚШ-тан 24 мыңнан астам турист келген. Ал 2027 жылға жоспарланған «Алматы – Нью-Йорк» тікелей әуе рейсінің іске қосылуы екіжақты байланыстың дамуына жаңа серпін бермек.Ресми бөлімнің шарықтау шегі ретінде іс-шараның «Let freedom ring» («Азаттық үні асқақтай берсін») тақырыбы аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, АҚШ Елшісі Джули Стаффт және Бас консул Мишель Еркин символикалық қоңырау соқты.Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың қаңтарында орнатылды. Бүгінде екі ел өзара құрметке, ортақ мүддеге және болашаққа деген сенімге негізделген кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1250894?lang=ru
Қазақстан мен БАӘ арасындағы сарапшылық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 13.07.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердің Саяси орталығының негізін қалаушы әрі президенті Ибтисам Әл-Кетбимен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы сараптамалық-талдамалық саладағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Екі елдің талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша білім алмасу, ортақ ұстанымдарды қалыптастыру және гуманитарлық байланыстарды дамыту үшін маңызды тетік екені атап өтілді.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Әмірліктердің Саяси орталығы арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.Тараптар аталған құжат аясындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде бірлескен зерттеулер жүргізуге, сарапшылық консультациялар ұйымдастыруға, конференциялар өткізуге және мамандар алмасуға қызығушылық білдірді.Кездесу аясында халықаралық және өңірлік күн тәртіптегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың дамуы жөнінде жан-жақты пікір алмасылды.Р.Жұмабек 2026 жылғы 6 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы аясында өтетін «Жаһандық тұрақсыздық дәуіріндегі діни құндылықтарға негізделген дипломатия» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысу жөнінде И.Әл-Кетбиге ресми шақыру хатты табыстады.Шақыру үшін алғыс білдірген И.Әл-Кетби алдағы іс-шараға қатысатынын растады және қазақстандық сарапшылық әрі ғылыми-талдамалық институттармен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1250877?lang=ru
701.01 нысаны туралы 13.07.2026
2026 жылы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын ұсыну міндетті есептелген мүлік салығының сомасы 300 АЕК-тен (2026 жылғы АЕК – 4325 теңге болғанда 1 297 500 теңге) асқан жағдайда жеке кәсіпкерлерде (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда) және заңды тұлғаларда туындайды.Салық төлеушілердің өзге санаттары үшін 2026 жылы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын тапсыру міндеті алып тасталды.Есептік сома салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепте көрсетілген салық салу объектілерінің баланстық құнын салық мөлшерлемесіне көбейту арқылы айқындалады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 512- бабына сәйкес жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі алып тасталды. Осыған байланысты жер салығы бөлігінде 701.01 салық есептілігі нысанын ұсыну міндеті жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1250886?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Парламент депутаттары, сыртқы саяси ведомство қызметкерлері мен қоғам өкілдерінің, қатысуымен өтті.Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қоғамдық кеңестің қоғам сенімін нығайтудағы және мемлекеттік басқарудың ашық жүйесін дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ қазақ дипломаты 2025 жылғы министрліктің қызмет қорытындыларын таныстырып, инвестиция тарту, қоғамдық дипломатияны дамыту, консулдық қызметті жетілдіру және халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бағыттарындағы нәтижелерге тоқталды.Қазақстан азаматтарын шетелде қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуі кезеңінде министрлік пен шетелдегі мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде Израильден, Ираннан, Газа секторынан, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатардан 1913 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері елге қайтарылды.Іс-шара барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Сыртқы істер министрлігі мен Парламенттің халықаралық келісімдерді ратификациялау бағытындағы бірлескен жұмысының нәтижелерін жоғары бағалады. Парламенттің төртінші сессиясы аясында Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестік, Қытай Халық Республикасымен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, сондай-ақ Тәжікстан Республикасымен одақтастық қатынастарды нығайту туралы заңдарды қоса алғанда, жеті заң қабылданды.Сонымен қатар Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Өңірлік орталығының қызметін қамтамасыз ететін заңдардың қабылдануы ерекше атап өтілді. Бұл Қазақстанның көпжақты дипломатияның өңірлік орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта түседі.Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Сыртқы істер министрі орынбасарының баяндамасын бірауыздАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255164?lang=ru
Қазақстан мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлері стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады 13.07.2026
Астана, 2026 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың қарқынды дамуын жоғары бағалап, стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) аясындағы ынтымақтастықты және 2026 жылғы қазанда Баку қаласында өтетін АӨСШК Саммитіне дайындық барысын талқылады.Министрлер саяси диалогты кеңейтуге және сауда мен инвестициялар, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ басқа да басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1250870?lang=ru
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметінінің 2025 жылға жоспарлы жұмысын бағалаудың қорытындысы туралы 13.07.2026
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ЖАО ІАҚ) қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасымен Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - ІМАД) және Маңғыстау облысының полиция Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.Кеңесте ЖАО ІАҚ жоспарлы бағалау қорытындылары, сондай-ақ аудиторлық іс-шара материалдарына жүргізілген сапа бақылауы мәселелері қарастырылды.Объектілерді сапалы алдын-ала зерделемеу, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызметін талдаудың толық болмауы, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізудің Стандарттары мен Қағидаларының жекелеген талаптарын сақтамау негізгі проблемалар мен жүйелі кемшіліктер болып табылады.Ішкі аудит қызменінің жұмысын бағалау қорытындысын ескере отырып, Комитетпен аудиторлық қызмет нәтижелілігінің сапасын арттыруға, ақпараттық дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, Аудит жөніндегі кеңестердің рөлін күшейтуге, тексеру қамтуларын кеңейтуге, сондай-ақ оларды жүргізудің электрондық форматын пайдалануға бағытталған ұсынымдар әзірленді және берілді.Комитет ІАҚ қызметін үйлестіруді, оның ішінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1250818?lang=ru
«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы ТОП-5 сұрақ 13.07.2026
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының қолданылу саласы?Жауап: Осы Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.Ал, кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасынмен реттеледі.Осы Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің қандай түрлерін көздейді?Жауап: Заңға сәйкес азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің үш түрі көзделген:Соттан тыс банкроттық;Сот банкроттығы;Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.Борышкерге қатысты банкроттық рәсімдеріне кім бастамашылық жасай алады?Жауап: Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастамашылық (инициировать) ете алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты аталған рәсімдерді бастамашылық жасауға құқығы жоқ.Азаматтар соттан тыс банкроттықты қандай жағдайда қолдана алады?банктер,микроқаржыұйымдарыжәнеколлекторларалдындағыборыш5,5млн. теңгеден(1600АЕК)аспайтын кезде;банктер,микроқаржыұйымдары,коллекторларалдындағыміндеттемелер бойынша өтініш берілген күні қатарынан 12айішіндеөтеужоқ кезде;тіркелгенмүлік,оныңішіндеортақменшіктегі мүлік жоқ; 4. мерзімі өткен берешектібанкпенреттеужүргізілген кезде;банкроттық7жылбойықолданылмаған кезде.Сонымен қатар, заң жобасында ерекше жағдайлар қарастырылған: - АӘК алушылар 6 ай ішінде;- берешегі бес жылдан артық өтелмейтін азаматтар.Қандай табыс болған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді (5 жылға дейін)? тұрақты табыс болған жағдайда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1261309?lang=ru
Әскери жоғары оқу орнының 160-тан астам түлегі офицерлік қызметке кіріседі 13.07.2026
Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында жас офицерлердің салтанатты оқу бітіру рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, институт басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам, Қарулы күштер ардагерлері, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.Жас лейтенанттарды Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтап, оларға Отанға адал қызмет ету, әскери антқа берік болу және Қазақстан армиясының үздік дәстүрлерін жалғастыру міндетін жүктеді.Салтанатты рәсім барысында 163 түлекке алғашқы офицерлік погон табысталды. Олардың ішінде ҰҚШҰ желісі бойынша білім алған үш түлек оқуын аяқтаған соң Қырғыз Республикасының Қарулы күштерінде қызметін жалғастырады.Биылғы жылдан бастап заңнамаға сәйкес, үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» әскери шені беріледі. Бұл атаққа Құрлық әскерлері әскери институтының үш түлегі – Ернар Әшімханов, Нұрдәулет Мұрат және Арман Ұндасынов ие болды. Оларға погондарды Астанада өткен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шарада Президент табыстады.Шараның көркін 100 домбырашыдан құралған ансамбльдің орындауындағы ұлттық күйлер аша түсті. Ал жас түлектердің офицерлік вальсі салтанатқа ерекше көңіл-күй сыйлады.Алдағы уақытта әскери институт түлектері Қазақстан Қарулы күштерінің бөлімдерінде қызмет атқарып, бөлімшелерді басқарып, жеке құрамды даярлау және жауынгерлік дайындықты жетілдіру ісіне өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250784?lang=ru