Қоғам
2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті 18.05.2025
2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша 2024 жыл бойынша атқарылған жұмысы туралы Меңдіқара аудандық мәслихаты төрағасының есебін тыңдады.Өзінің есебінде мәслихаттың төрағасы Қ.Р. Рахметқалиев 2024 жылдағы жұмыс мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатына және 2024 жылға арналған Меңдіқара аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес мақсатты түрде өткізілгендігін атап өтті. Заңды түрде айқындалғандай, мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады.2024 жылда 20 сессия, сонымен қатар ZOOM арқылы 6 сессия өткізілген. 20 өткізілген сессиясынан кезекті - 4, кезектен тыс - 16. Барлық кезектен тыс сессиялар аудан әкімдігінің бастамасы бойынша шақырылды.Екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н. О. Бажировтың «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады.Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Руслан Сатыбалдайұлы Байғабұловтың баяндамасын тыңдады. Үшінші сұрақ бойынша «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы О. Ю. Азизованың «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/994104?lang=kk
Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімінде ата-аналар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды 18.05.2025
Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонында әскерге шақырылушылардың туыстарымен өткен кездесуге жүзден астам адам келді.Бөлім басшылығы матростардың күнделікті өмірі, теңіз бөлімшелеріндегі қызметтің ерекшелігі туралы егжей-тегжейлі айтып, келушілердің сұрақтарына жауап берді.Қонақтар әскери бөлімнің казармасын аралап көрді. Асханаға барып, тамақтану рационымен танысты. Әскери техника мен қару-жарақ көрмесінде сарбаздарды оқытуда және күнделікті қызметте қолданылатын үлгілерді көрді.– Менің ұлым Әскери-теңіз күштерінде бір айдан астам уақыт қызмет етті. Оның элиталық әскери бөлімге келгеніне өте қуаныштымын. Сарбаздардың жатын орны жаңа. Бәрі тап-тұйнақтай таза екен. Біз оқу процесінің, тұрмыстық және тамақтану жағдайларының қалай ұйымдастырылғанын өз көзімізбен көрдік. Матростардың дастарханынан да дәм таттық. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын, – деді Ақтөбе облысынан келген Анар Смайылова.Айта кету керек, өткен жексенбіде матростар ант қабылдады. Енді олар Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде – теңіз жаяу әскерлерінің десанттық шабуылдау батальонында, коменданттық ротада және әртекті кемелер дивизионында қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/994109?lang=kk
Presight компаниясы Астанада өңірлік кеңсесін ашты 18.05.2025
Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға ресми сапары аясында Presight компаниясының Астанадағы шетелдік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы негізгі бастамаларды іске асыру мақсатында Presight компаниясы Астанада кеңсе ашып, елдегі жобаларды қолдап, операциялық қызметін кеңейтуде. ЭКСПО аумағында орналасқан жаңа кеңсе Presight компаниясының БАӘ-ден тыс шетелдік өкілдігі болып табылады және Орталық Азиядағы өңірлік хаб ретінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кеңседе 40-тан астам қазақстандық маман еңбек етуде, бұл жергілікті кадрларды дамыту мен елдің цифрлық трансформациясына компанияның қосқан үлесін көрсетеді.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бин Мохаммед бин Зайдтың қатысуымен өткен ресми рәсім барысында Presight қатысқан үш келісімге қол қойылды:– Астана қаласы әкімдігі және ҚР Цифрлық даму министрлігімен жалпы құны 190 миллион АҚШ долларын құрайтын «ақылды қала» жобасын іске асыру туралы келісім;– Қазақстанның цифрлық трансформациясы аясында жоғары өнімді есептеу орталығын құру үшін екі Nvidia H200 суперкомпьютер кластерін жеткізу жөніндегі келісім.Presight жобалары Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайта түсуде. Астанадағы Alem.AI орталығы базасында елорда инфрақұрылымының зияткерлік өзегіне айналатын жағдайлық орталық құрылады. Бұл заманауи платформа энергетика, қоғамдық қауіпсіздік және қалалық инфрақұрылымды басқару сияқты негізгі салаларда интеллектуалды мониторинг пен шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.«Presight компаниясының Астанада өңірлік кеңсе ашуы – Орталық Азиядағы инновациялар мен технологиялар орталығы ретіндегі мәртебемізді нығайтудың маңызды қадамы. Presight сияқты жетекші компаниялармен серіктестік цифрлық шешімдерді ғана емес, бүкіл қоғам мен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл елімізде жасанды интеллект дамуына қосылатын маңызды үлес, оны әртүрлі салаларда қолдануға жол ашады», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.«Астанада кеңсе ашу – Presight-тың халықаралық кеңеюіндегі маңызды кезең. Қазақстан – Presight өз қызметін БАӘ-ден тыс бастаған ел. Бұл елдің цифрлық трансформациясын қолдауға және жасанды интеллект дамуына деген берік ұстанымымызды білдіреді. ЭКСПО аумағындағы шетелдік кеңсеміз Қазақстанның стратегиялық көрегендігіне, көшбасшылығына және адами капиталына деген сенімімізді көрсетеді. Жергілікті сараптаманы дамытып, елдің ақылды және технологиялық болашағына үлес қосатынымызға қуаныштымыз», – деді Presight бас директоры Томас Прамотедхам.Астанадағы «ақылды қала» жобасы Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтады және цифрландырудың жаһандық деңгейдегі үлгісіне айналады. Жоба қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, қалалық инфрақұрылымды нақты уақыт режимінде тиімді басқаруға, тұрақты энергия тұтынуға және азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған сервистерді дамытуға бағытталған. Айта кету керек, жобаның 60%-ы қазақстандық жеткізушілердің қатысуымен жүзеге асады, бұл жергілікті бизнестің белсенділігін және ел экономикасына қосқан үлесін айқындайды.Шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға жасаған ресми мемлекеттік сапары БАӘ мен Қазақстан арасындағы сенімге, стратегиялық серіктестікке және астаналардың цифрлық трансформациясына деген ортақ ұмтылыстарға негізделген берік екіжақты қатынастардың айғағы. Бұл сапар екі елдің өмір сапасын жақсарту мен тұрақты даму мақсатында озық технологиялар саласындағы ортақ бастамаларды ілгерілетуге деген ұмтылысын паш етеді. Presight пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық екі ел басшылығының толық қолдауымен іске асуда. Бұл серіктестік жасанды интеллект мүмкіндіктерін әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму үшін пайдалану жолындағы ортақ мақсаттарды көрсетеді.АнықтамаPresight - Абу — Даби қор биржасында (ADX) тіркелген, көпшілік акционері G42-БАӘ-де орналасқан жетекші технологиялық топ. Presight-жасанды интеллект технологияларына негізделген үлкен деректерді талдау саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания экономикалық дамуға және қауіпсіз, салауатты және тұрақты қоғамды қалыптастыруға ықпал ететін шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету үшін AI, аналитика және әртүрлі деректерді түсіндіру саласындағы сараптаманы біріктіреді. Генеративті AI негізіндегі шешімдер желісінің көмегімен Presight мемлекеттік және жеке ұйымдарға AI стратегияларын тезірек жүзеге асыруға және маңызды нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/994083?lang=kk
Қауіпсіздік күзетінде: ұландықтар мен өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден тұрғындарды эвакуациялады 18.05.2025
Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өрт салдарынан қауіп аймағында қалған тұрғындарға көмекке келді.Патрульдеу кезінде әскери жасақ Әбілхайыр хан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен шыққан қою қара түтінді байқап, дереу әрекетке көшті. Лейтенант Жасурбек Абдуллаевтың басшылығымен олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қосылып, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.Сержант Мәлік Қолғанат пен қатардағы жауынгер Әбдібек Саматтың бастамасымен ұландықтар адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, көмек көрсетті. Өрт шыққан аумақты қоршауға алу үшін жақын маңдағы әскери жасақтар жұмылдырылып, оқиға орнына адамдар мен көліктердің кіруіне шектеу қойылды.– Қою түтін тұрғын үйдің ішін түгел жауып, арнайы құрал-жабдықсыз ішке кіру мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарды сыртқа шығарып, бізге тапсырды. Біз оларды қауіпсіз жердегі медицина қызметкерлеріне жеткіздік, – деді рота командирінің орынбасары Жасурбек Абдуллаев.Әскери қызметшілер өрт толық сөндіріліп, адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіп жойылғанға дейін оқиға орнында кезекшілік атқарды.Өрт сөндірушілердің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің және медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел іс-әрекетінің арқасында жергілікті тұрғындардың өмірі мен денсаулығына төнген жалын қаупі сейілді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/994042?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Атырау қаласы тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру 18.05.2025
2025 жылғы 15 мамырда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің Атырау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.📍Кездесудің мекен-жайы: Атырау қ. Н. Балғымбаева атындағы коммуникациялар дамыту орталығында.14:30 – 15:30 - азаматтарды жеке қабылдау;15:30 – 17:00 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;17:15 – 17:45 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесу барысында қоя аласыз немесе келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:WhatsApp: 8 (701) 100-44-66Электрондық пошта: s.koblashov@ecogeo.gov.kz 📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 14 мамырға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (701) 100-44-66 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!#халықпенкездесуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/994047?lang=kk
Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Оңтүстік Америка елдерінің елшілері мен дипломаттарының 4-ші жыл сайынғы кездесуі өтті 18.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде БФР СІМ-де ҚР-ға жауапты департамент басшылығының қатысуымен Қазақстан, Аргентина, Боливия, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили және Эквадор елшілері мен дипломаттарының төртінші жыл сайынғы конференциясы өтті.Аталған кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде. жан-жақты пікір алмасу өтіп, болу және қарасты елдерімен ағымдағы жылғы ықпалдастық жоспарлары, атап айтқанда кезекті саяси консультацияларды ұйымдастыру мен шарт-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов, өзінің алғы сөзінде дипломатиялық миссия басшылары мен өкілдеріне Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауы тұрғысындағы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жайында баяндап берді. Сонымен бірге Елші, қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ шарт-құқықтық базаны кеңейту перспективалары және консулдық қызметтер мен ҚР-дың Құрметті консулдары желісі бойынша ынтымақтастық жөнінде айтып өтті.Қазақ дипломаты әріптестеріне Оңтүстік Америка елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, мұндай форматтағы кездесулердің екіжақты және көпжақты диалогтың қосымша арнасы ретінде іс жүзіндегі маңызын атап өтті.Бұл ретте, Елші Президент Я.Орсиді ұлықтау рәсіміне қатысу үшін жуырда Уругвай Шығыс Республикасына және Аргентинаның жаңа СІМ басшылығымен кездесу және Қазақстан-Аргентина Іскерлік кеңесін құру туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысу үшін Аргентина Республикасына жасаған өзінің жұмыс сапарларының қорытындыларымен бөлісті. Осы орайда Уругвай және Аргентина елшіліктерінің өкілдеріне аталған елдердің астаналарында тиісті кездесулерді ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғыс білдірілді.Сондай-ақ Елші, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өткен және осы жылы Аргентина Парламентінің төменгі палатасында және Чили Парламентінің жоғарғы палатасында парламенттік достық топтарының құрылғанын атап өтіп, басқа елдердің өкілдерін өз мемлекеттерінің заң шығарушы органдарында осындай құрылымдарды құруда қолғабыс көрсетуге шақырды. Парламентаралық диалогтың оң мысалы ретінде Бразилия Парламентінің қос палатасында жұмыс істейтін «Қазақстан-Бразилия» парламенттік топтарының қызметі сөз етіліп, олардың делегацияларының Қазақстанға барып, Астанада Қазақстандық парламентшілермен бірнеше бірлескен отырыс өткізгеніне назар аударылды.Кездесу қатысушылары, өз кезегінде, Орталық Азия өңірінде Оңтүстік Америка елдерімен байланыстардағы Қазақстанның негізгі рөлін атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогты жан-жақты кеңейту мен тереңдетуге белсенді жәрдемдесуге әзірліктерін білдірді және Қазақстан Елшілігіне алдағы жоспарларды іске асыруда табыс тіледі. Тараптар, өз елдерінің дипломатиялық өкілдіктері деңгейінде тұрақты жұмыс байланыстарын сақтап тұруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/994016?lang=kk
Қазақстан Елшілігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту рәсімі өтті 18.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 12 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі «Жеңіс естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» тақырыбындағы соғыс жылдарындағы Қазақстандық батырларға арналған фотокөрмесін ұйымдастырды. Іс-шара 9 мамыр – Жеңіс күніне орайластырылып, кеңес сарбаздары мен сардарларының ерлігіне, батырлары мен олардың естелігіне арналды.Іс-шараға Бразилия Сыртқы істер министрлігі мен Оңтүстік Америка елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері, «Қазақстан-Бразилия» достық форумының мүшелері мен жергілікті журналистер қатысты. Көрме басталар алдында қонақтар Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, өзінің алғы сөзінде Қазақстан мен Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, фашизмге қарсы Жеңіске қосқан лайықты үлесі жайлы айтып, биыл еліміз атап өтіп жатқан соғыс батырларының ерлігін атап өтті. Елші, Қазақстанда отандастарымыз жауынгерлік және еңбек ерліктерін құрметтеуге аса көңіл бөлетінін және табандылық пен қайсарлық көрсеткен батырлар есімдері халық жадында мәңгі сақталатына назар салды.Көрме барысында қонақтар назарына Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, Р.Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова тәрізді Кеңес Одағының және Қазақстанның белгілі батырларының фотосуреттері, қысқаша өмірбаяндары мен олардың ерліктері жайлы португал тілінде ақпарат ұсынылды. Фотокөрмені тамашалау, қазақстандықтардың ҰОС-қа қатысуы мен тылдағы еңбеккерлер туралы бейнероликпен сүйемелденіп, шара соңында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылған фуршет ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/994017?lang=kk
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға спортты қалай қолжетімді ету мәселесі талқыланды 18.05.2025
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына орын жетіспейді – осындай мәселемен тұрғындар облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жеке кездесуінде жүгінді. Жағдайды егжей-тегжейлі талқылау үшін өңір басшысы мемлекеттік органдар өкілдері мен белсенділердің қатысуымен арнайы кеңес өткізді.Кездесуде бейімделген залдардың, арнайы жабдықтардың жетіспеушілігі мәселелері көтерілді, сондай-ақ осы әлеуметтік міндетті шешуге фитнес-бизнестің тартылуының жеткіліксіздігі туралы айтылды.Бүгінде облыста 5 мыңнан астам мүгедек спортпен шұғылданады, олардың 105-і ҚР ұлттық құрамасына кіреді. Облыстық мамандандырылған мектепте тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті бұзылған 430 адам спорттың 18 түрімен айналысады. Алайда, Ермағанбет Бөлекпаев атап өткендей, бұл жеткіліксіз: секцияға қатысушылардың көпшілігі – 18 жасқа дейінгі балалар, ал ересектер назардан тыс қалуда.– Біз мүгедектігі бар адамдар белсенді өмір салтын ұстануы үшін жағдай жасауымыз керек, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, бірақ бұл іске әсіресе фитнес және спорт саласындағы кәсіпкерлердің де араласқаны маңызды.Спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің айтуынша, жалпы бизнес бұл мәселеде байланысқа шыққысы келмейді.Белсенділер мүмкіндігі шектеулі спортшылардың атынан облыс әкіміне өз бастамаларын ұсынды.– Бізге жаттығуға арналған арнайы жабдықтар мен спорттық іс-шараларды өткізуге арналған орындар жетіспейді, – деп атап өтті бастамашыл топтың өкілі Қымбатбек Дұрлан. – Бұдан басқа, қалада тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдарға бейімделген тренажерлар жоқ. Тренажер шығаратын цех ашуға болады. Және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құру.Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды әкімі Мейрам Қожуховқа осы мәселеде көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.Облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиев мәселені уақытша шешу үшін белсенді өмір сүру орталықтары базасында мамандандырылған спорт залдары желісін құруды ұсынды.Әрбір айтылған ұсыныс бойынша нақты шаралар қабылданады – Ермағанбет Бөлекпаев осы мәселелерді шешуде жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол көп функционалды спорт кешенінің жобасы әзірленіп жатқанын, онда мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың бірнеше түрлерімен бір жерде айналыса алатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/994021?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында WorldSkills, AgroSkills және Abilympics чемпионаттары басталды! 18.05.2025
2025 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысында өңірлік чемпионаттардың салтанатты ашылуы өтті. Шараға қоғамдық, білім беру және бизнес өкілдері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өз сөзінде 2025 жылды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанын атап өтті.Ол ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жоғары білікті мамандардың аса маңызды екенін және осындай чемпионаттар жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді. 13-15 мамыр аралығында 28 колледжден 170-ке жуық студент Өскемен қаласындағы Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерде өз шеберліктерін көрсетеді. Қатысушылардың жұмыстарын өңірдегі кәсіпорындардың білікті мамандары бағалайды, бұл бағалаудың объективтілігі мен жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және чемпионат демеушілерінің атынан бағалы сыйлықтар табысталады. Барша қатысушыларға сәттілік пен табыс тілейміз! Ең мықты, өз ісінің шеберлері жеңіске жетсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994028?lang=kk
Қостанай облысында мектепке дейінгі білім беруді дамыту 18.05.2025
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы атап өткендей, әр балаға қолайлы білім беру жағдайларын жасау қажет. Қостанай облысында жаңа балабақшалар салу, кезектілікті азайту және мектепке дейінгі білім беру саласына жеке инвестиция тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.Балабақшалардағы кезектілікті азайтуСоңғы жылдары өңірде балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта:• 2-6 жас аралығындағы балалардың 92%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған,• 3-6 жас аралығындағы балалардың 100%-ы балабақшаларға барады.Қарқынды дамып келе жатқан аудандарда жаңа нысандардың салынуының арқасында мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы біртіндеп азайып келеді.Жаңа балабақшалардың құрылысы2024 жылы облыста 1 000 орындық 7 жаңа балабақша ашылды. Құрылыс жұмыстары Қостанай мен Рудный қалаларында жалғасуда.Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 280 орындық балабақша салынуда. Қазіргі уақытта нысанның 70%-ы дайын, абаттандыру жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, инженерлік желілер мен шатырды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Балабақшаның пайдалануға берілуі осы шағын аудандағы кезектілікті 75%-ға, ал қала бойынша 10%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.Рудный қаласында жаңа балабақша құрылысы жалғасуда, бұл да аталған елді мекендегі орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.Сонымен қатар, Арқалық қаласында балабақша салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.Жеке инвестицияларды тартуМемлекеттік бағдарламалардан бөлек, жеке сектор да мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға белсенді түрде үлес қосуда. Биыл жеке инвестиция есебінен бірнеше жоба жүзеге асырылмақ:• Қостанай қаласының Солтүстік-Батыс шағын ауданында «СарыарқаАвтоПром» компаниясы өз қаражаты есебінен балабақша салуды жоспарлап отыр.• Береке шағын ауданында 280 орындық балабақша салу жөніндегі жобаны жеке инвесторлар қолға алмақ.Сонымен қатар, жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында балабақшалар үшін арнайы орындар қарастырылатын болады. Бұл кезектілікті айтарлықтай төмендетіп, балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жақын орналасуын қамтамасыз етеді.Жұмыс жалғасудаМектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту – өңірдің негізгі басымдықтарының бірі. Кешенді тәсілдің арқасында облыста мектепке дейінгі мекемелер саны артып, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/949961
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ 18.05.2025
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ семинар өткізді. Іс-шараға ХҚК өзара іс-қимыл және кәріз тазарту құрылыстарын басқару жобалары департаментінің директоры Макка Шингазиева қатысты.Семинардың мақсаты – Ұлттық жобаның негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ табиғи монополия субъектілеріне арналған қаржыландыру тетіктерін түсіндіру болды.Іс-шараға табиғи монополия субъектілерінің бірінші басшылары мен қаржы директорлары, бухгалтерлері, жергілікті атқарушы органдардың қаржы басқармаларының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.Семинар барысында мемлекеттік қаржыландыру мәселелері, коммуналдық секторды жаңғыртуды қолдау тетіктері және заңнамадағы өзекті өзгерістер қаралды. Спикерлер ретінде салалық ведомстволардың өкілдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының сарапшылары сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/950020
Қарағанды облысының спортшылары Парижде көркем жүзуден алтын медальға ие болды 18.05.2025
Париждегі әртістік (синхронды) жүзуден Әлем кубогының бірінші кезеңінде Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Виктор Друзин жеке еркін бағдарламада алтын медаль жеңіп алды. Жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысты.Қазақстандық спортшыдан кейін құрмет тұғырына грекиялық екі синхроншы – Мариос Критсас пен Стильянос Фускис шықты.World Aquatics әлем кубогы жыл сайын өткізіледі және үш кезең мен суперфиналды қамтиды. 2024 жылы бірінші рет Бейжіңде өтіп, онда теміртаулық жас әрі болашағы зор жүзгіш Виктор Друзин Анна Павлецовамен дуэтте күміс медаль жеңіп алды. Ал «еркін соло» бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.Әлем кубогының екінші кезеңі Парижде өтті. Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің Теміртау бөлімінің оқушысы Виктор Друзин жеке орындауда күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші кезеңде Канадада алтын жеңіп алды. Және дуэтте қола медаль иеленді. Бұл Виктор Друзиннің ересек мансабы бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары үлгідегі алғашқы медалі болды.Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында командалық еркін бағдарламада да көзге түсті. Әлем кубогының бірінші кезеңінде олимпиадалық резервтің облыстық жүзу мектебінің оқушылары Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова және Милана Ашаханова өнер көрсетті. Осы жеңістен кейін қыздарымыз ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950066
ҚР VI жастар спорттық ойындары: Едіге Емберді күміс жүлдегер атанды 18.05.2025
ҚР VI жастар спорттық ойындарында елордалық Едіге Емберді күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Алматы қаласында ауыр атлетикадан VI Жастар спорттық ойындары басталды. Төрт жылда бір рет өтетін бұл ауқымды жарысқа еліміздің 17 өңірінен 212 спортшы қатысуда.Астана қаласының намысын қорғаған Едіге Емберді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 334 кг (149+185) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.Жастар спорттық ойындарында елордалық тағы бір спортшы жарыс жолына шығады.Айта кетейік, VI Жастар спорттық ойындары 6 наурызға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/950406
Қазақстан Президентінің Алматыда БҰҰ Орталығын құру туралы бастамасын БҰҰ-ға мүше мемлекеттер бірауыздан қолдады 18.05.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 наурыз – БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша Өңірлік орталығын құру туралы қарарды бірауыздан қабылдады. Құжатты Орталық Азия мемлекеттері атынан Қазақстан ұсынды. Біріккен Ұлттар Ұйымына 152 мүше мемлекет тең авторы ретінде қарарды қолдады. Бұл өз кезегінде бастаманың жоғары маңыздылығын және кең халықаралық консенсусін көрсетеді.БҰҰ ОМД Орталығын құру – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында алғаш рет ұсынылған бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Орталықты БҰҰ-ның 18 агенттігі жұмыс істеп тұрған Алматыдағы жаңа халықаралық ұйымдар ғимаратының базасында орналастыру ұсынылды.Мемлекет басшысы Қазақстан өңірдегі ең ірі экономика ретінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азияның орнықты дамуына, өңірлік интеграцияны ілгерілетуде шешуші рөл атқаруға мүдделі екенін атап өтті.Жаһандық басқарудағы орта державалардың өсіп келе жатқан рөлі Қазақстанның орнықты даму мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі күш-жігерінің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан әлемдегі жетекші күш орталықтары арасындағы маңызды көпір рөлін нығайтуды жалғастыруда және халықаралық ынтымақтастықтың катализаторы ретінде әрекет етуде.Сонымен бірге Ауғанстанның экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ел халқының орнықтылығы мен өркендеуі Орталық Азияның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей байланысты. Қазақстан ауған халқын тұрақты түрде қолдайды, елді қайта құру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және өңірлік ынтымақтастыққа интеграциялау үдерістерін жеңілдетуде.Орталық халықаралық және өңірлік күш-жігерді үйлестірудің, озық тәжірибе алмасудың, техникалық көмек көрсетудің және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі алаңына айналады. Ол нақты әрі қол жетімді нәтижелер үшін үкіметтермен, халықаралық ұйымдармен, жеке сектормен және азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс жасайды.Сонымен қатар Орталық БҰҰ жүйесін жандандыру процестеріне елеулі үлес қосып, өңірлік деңгейде Ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін болады. Оның жұмысы БҰҰ агенттіктері арасындағы үйлестіруді нығайтуға, жаһандық бастамаларды өңірлік қажеттіліктерге бейімдеуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған БҰҰ-ның ағымдағы реформаларына сәйкес келетін инклюзивті көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталатын болады.Бұл қарардың қабылдануы орнықты дамуға өңірлік көзқарасты жаһандық қолдауды көрсетеді және халықаралық қоғамдастықтың Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақтылық, өркендеу және жаһандық даму үдерістеріне интеграция жолындағы ілгерілеуіне жәрдемдесуге дайын екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/950911
«Алтын сапа – 2025» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды 18.05.2025
«Алтын сапа» Президенттік сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ол отандық тауар өндірушілерге өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін беріледі. Байқауға заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады.«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында еске салып өткендей, сыйлық төрт номинация бойынша беріледі:«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;«Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;«Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».Бұдан басқа, «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары қарастырылған.Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Электрондық түрде cabinet.altynsapa.kz сілтемесі бойынша беруге немесе жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.Ізденушілер сауалнама-декларацияны толтыруы, сондай-ақ кәсіпорынның тарихын, өнімнің немесе қызметтің негізгі түрлерін, негізгі өткізу нарықтарын сипаттай отырып, конкурсқа қатысушыға қысқаша шолу жасауы тиіс.Құжаттар пакетіне мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қоса беру қажет.«Атамекен» ҰКП сараптама тобы өтінімдер тізілімін қалыптастырады. Содан кейін қатысушыларды бағалау басталады. 40 финалист анықталғаннан кейін сарапшылар кәсіпорындарға барады. Нәтижесінде номинациялар мен санаттар бойынша 14 лауреат таңдалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950936
Қарқаралыда ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына орай майдангерлер туралы кітап жазылады 18.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына Қарқаралы ауданында майдангер-жерлестер туралы кітап дайындалуда. Батыр ата-бабалар туралы оқиғалар мұражай мұрағаттары мен ұрпақтарының әңгімелері бойынша естелік ретінде құрастырылмақ.Қарқаралы ауданынан соғысқа шақырылғандардың өмірбаянын жинау идеясы жергілікті тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерінде пайда болды. Отан үшін шайқасқан сарбаздардың тарихын жүйелеуді олар 2015 жылы – Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бастаған болатын.Қазір, 10 жылдан кейін, сол кезде жиналған материалды толықтырып, кітап түрінде басып шығару туралы шешім қабылдаған. Жоба бойынша музей қызметкерлерімен бірге белгілі өлкетанушы Саят Оспанов жұмыс істейді.– Бүгінгі таңда бізге 124 майдангер туралы әңгімелер келіп түсті. Бірақ біз тек ұрпақтың әңгімелерін ғана қабылдамай, әскери комиссариаттан құжаттарды, өмірбаяндарды, фотосуреттерді, басқа да айғақтарды ұсынуды сұраймыз. Біз үшін бұл кітапты басып шығару, ата-бабаларымызды еске алу өте маңызды, – дейді өлкетанушы.Материал жинау наурыз айының соңына дейін жалғасады. Кітапты мамыр айында – Жеңістің мерейтойына орай жариялау жоспарланған.Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мәліметінше, 1941–1945 жылдар аралығында майданға 2178 адам аттанған. Олардың тек 737-сі ғана оралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950934
Қарағандыда «Отбасы және әйелдер» көшпелі әлеуметтік бюросы ұйымдастырылады 18.05.2025
Ертең, 5 наурызда Қарағандыда «Таир» сауда орталығына барған кезде мамандардан отбасылық-неке қатынастары бойынша заңгерлік кеңестер, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы және басқа да мәселелер бойынша тегін ақпарат алуға болады. Отбасы және әйелдер көшпелі әлеуметтік бюросын «Құқық» қоғамдық қоры құрған Отбасын ресурстық қолдау орталығы ұйымдастырады. Акция Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, прокуратура, әділет департаменті, полиция басқармасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, аудандық әкімдіктер, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ, дағдарыс орталығы, Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасыға көмек көрсету бірыңғай орталығы өкілдерінің қатысуы күтілуде.Мамандарға құқықтық және әлеуметтік салалардағы кеңестер, қиын отбасылық жағдайларды шешуде кеңестер алуға болады.Басталуы: 15:00.«Таир» сауда орталығының мекенжайы: Космонавтар көшесі, 1/291-құрылыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950617
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ 18.05.2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫӘзербайжанның АДА университетінде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, сондай-ақ екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген АДА университетінің ректоры Хафиз Пашаев шараға қатысушыларды қарсы алып, қазақстандық оқытушы құрамның кәсібилігін атап өтті. Сонымен қатар ол Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыстардың жалғасын табатынын айтты.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек екі ел арасындағы жоғары білім мен технологиялар саласындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанына тоқталды. Министрдің пікірінше, Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық қатынастар білім беру және ғылыми ынтымақтастықта да өз көрінісін табуы тиіс.Саясат Нұрбек Қазақстанның Әзербайжанмен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуді көздеп отырғанын айтты. Ол қазіргі таңда екі елдің жоғары оқу орындарымен серіктестік жоспары мен инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Министр бірлескен жұмыстардың академиялық және зерттеу саласында жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталғанын мәлімдеді.Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев Әзербайжан мен Қазақстан арасында білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды екендігін айтты. Ол екі ел арасындағы білім беру саласындағы ұқсас модельдерді жүзеге асыру туралы шешім қабылданғанын және бұл шешімдер әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделерін ескеріп қабылданғанын атап өтті. Министр сондай-ақ жоғары білімді нығайту және университеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету басты мақсат екенін айтты. Осы орайда ол Бакуде Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру көрмесін ұйымдастырудың академиялық ынтымақтастық үшін маңызды қадам екенін ерекше атап өтті.Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Қазақстан мен Әзербайжанда білім саласында ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтып, екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға ниетті екенін атап өтті.«Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбындағы панельдік пікірталас барысында «Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қос дипломды бағдарламалар: тиімді жүзеге асыру және ықпал ету стратегиялары», «Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастық: инновацияларды дамыту және жаһандық серіктестік» және «Академиялық мобильділік пен мәдениетаралық ынтымақтастықты кеңейту» тақырыптарында пікір алмасу өтті.Талқылаулардың нәтижесінде 40 меморандумға қол қойылды, оған екі елдің 17 университетінің өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/950812
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Кения Елшісі қабылданды 18.05.2025
Астана, 2025 жылғы 5 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Кения Республикасының Қазақстандағы қоса атқарушы Елшіcі Питер Мутуку Матукидің сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.Министрдің орынбасары кениялық дипломатты жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту жолында табыс тіледі.Өз кезегінде П. Мутуки жылы қабылдау үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.Кездесу барысында тараптар Астана мен Найроби арасындағы саяси диалогтың қарқынды дамуын жоғары бағалап, бұл қарым-қатынастар өзара достық пен серіктестік қағидаттарына негізделген сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды одан әрі дамытуда айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.Сонымен қатар дипломаттар алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін талқылап, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Атап айтқанда, сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы әріптестік мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951669
Қазақстан-Канада саяси консультациялары туралы 18.05.2025
Торонто, 2025 жылғы 3 наурыз – Қазақстандық делегацияның PDAC-2025 конференциясына сапары аясында Қазақстан мен Канада арасында саяси консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры Руслан Уразалин, канадалық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Шығыс Еуропа және Еуразия департаментінің директоры Андреас Вайхерт басқарды.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты Қазақстан-Канада қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Дипломаттар бұдан бұрын қол жеткізілген саяси келісімдерді жүзеге асырудың, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Жалпы, Қазақстан-Канада келіссөздері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тараптардың өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951389