Қоғам
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдерге жатады. 01.04.2026
Осыған байланысты оны заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.Салық есептілігі нысаны 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты жаңарту 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс есептелуі үшін төлемді 401101 БСК бойынша жүзеге асыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1191711?lang=kk
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады 01.04.2026
2026 жылғы наурызда айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады, ақпанмен салыстырғанда бағаның өсу қарқыны 0,5% тармаққа баяулады. Баға өсімінің баяулауы барлық құрамдас бөліктерде де байқалды: азық- түлік тауарларының бағасы 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті. Азық-түлік арасында бір ай ішінде баға қиярға – 22,6%, пиязға – 10,9%, қызанаққа – 2,6%, қырыққабатқа – 1,9%, қарақұмық жармасына – 1,2%, шоколадқа бөккен кәмпиттерге – 0,9% төмендеді. Бұл орайда баға тәтті бұрышқа – 10,7%, бананға – 5,4%, қызылша мен сәбізге – 4,2%-дан, майлылығы 2-3% айранға – 2,3%, балға – 1,8%, қантты печенье мен сиыр бауырына – әрқайсы 1,3%-дан өскен. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш бағасы 8,2%, үтік – 7,7%, смартфон – 2,7%, автомобильдер – 2,3%, әйелдер сөмкесі – 2,1% төмендеген. Бағаның өсуі алтын сақина, ас үй пеші – 5,5%, теледидар – 4,1%, сымсыз құлаққаптар – 2,2, корвалол – 1,7%, қолға жағатын крем – 1,4%, цементке – 1,3% байқалды. Қызметтер арасында бассейнге бару (абонемент) бағасы 3,3%, электрик қызметтері – 2,1%, кариесті емдеу – 1,6%, қалааралық автобуста жол жүру – 1,1%, автомектепте оқу курстары 0,8% өскен. Жылдық инфляция мәні 2026 жылдың наурызында 11% құрады және ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 10% өскен. Жылдық мәнде қияр бағасы 40,9%, қызанақ 16,5%, баклажан 14,8%, күріш 5% арзандаған. Керісінше бір жыл ішінде алма 13,5%, сұлы 12,9%, кеспе 12%, қара шай 6,7% қымбаттаған. 2025 жылдың наурызымен салыстырғанда сусабынның бағасы 13,9%, кір сабын – 7,3%, жайма дастархан – 6,5%, тұсқағаз – 3,3%, бөлме өсімдіктері – 3,2% өскен. Қызметтер арасында сәлемдемелерді жеткізу бойынша курьер қызметінің бағасы 14,3%, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер – 10,8%, теледидарды жөндеу – 7%, балаларды дамыту орталықтарының қызметтері – 6,9% қымбаттаған. Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады. *2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1191716?lang=kk
Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы жаңа әуе қатынасы туралы 01.04.2026
2026 ж. 2 маусымнан бастап «Астана – Ұлан-Батыр – Астана» бағыты бойынша тікелей тұрақты әуе рейстері іске қосылады. Тасымалдауды қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады.Астана қаласынан Ұлан-Батыр қаласына рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Ал Ұлан-Батырдан Астанаға кері рейстер сәрсенбі және сенбі күндеріне жоспарланған.Әуе билеттері әуе компаниясының ресми сайты – «scat.kz» арқылы брондауға қолжетімді. Рейстер заманауи әуе кемелерімен орындалады, ал ыңғайлы кесте мен тұрақты ұшу жиілігі бұл жаңа бағытты туристік және іскерлік сапарлар үшін барынша қолайлы етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1191646?lang=kk
Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды 01.04.2026
Алматы облысының Іле ауданында «Өтеген батыр Арена» спорт кешені пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған аренада футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға толық мүмкіндік бар.Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов, әлемдік жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар мен тұрғындар қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген Ғани Айдарұлы жаңа нысанның стратегиялық маңызы зор екенін, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалғанын атап өтті.Спорт кешенінің жалпы аумағы – 3000 шаршы метрге жуық. Құрылыс жұмысы 8 ай бойы жүргізілген. Жеке инвестор есебінен 200 млн теңге қаржы құйылған. Қазіргі таңда 20 адам жұмыс істеуде. Бүгінде Іле ауданында бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Мыңдаған жас тұрақты түрде спортпен шұғылданып, түрлі деңгейдегі сайыстарда жоғары нәтиже көрсетуде. Алдағы уақытта да спортшылар жаңа нысанның мүмкіндігін пайдаланып, әлемдік аренада ел мерейін асыратыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1191632?lang=kk
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті 01.04.2026
Гвардейск гарнизонының танк құрамасы «Мәтібұлақ» полигонында Т-72 танкісінің қару-жарағынан жоспарлы атыстар өткізді. Сабақ барысын бақылаған Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жеке құрамға өзі үлгі көрсетті.Ол атыс сабақтары басталмас бұрын танк экипажы құрамында көздеуші оператор ретінде көрсетілімдік жүрісті орындады. Жаттығу барысында штаттық снарядтармен нысанаға дәл тигізіп, қару-жарақ пен техниканы қалай сенімді басқаруға болатынын айқын көрсетті.Атыстар калибрі 125 мм зеңбірек пен ПКТ қосарланған пулеметінен 1600, 1700 және 1800 метр қашықтықтағы нысаналарға жүргізілді.Сабақ кезінде экипаждардың үйлесімді іс-әрекетіне, атысты дәл жүргізуге және бұйрықтарды орындаудың жылдамдығына ерекше назар аударылды.Атыс жаттығуларының қорытындысы бойынша жеке құрамның даярлығы жоғары деңгейде екені атап өтілді. Барлық экипаждар тапсырмаларды «жақсы» және «үздік» деген бағамен орындады.Сонымен бірге қолбасшылық тарапынан қатардағы жауынгер Владимир Ганженконың дайындығы жоғары бағаланғанын атап өту керек. Оған келісімшарт бойынша қызметін жалғастыру жөнінде ұсыныс айтылды. Сарбаз көп ойланбастан келісімін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1191597?lang=kk
Қостанай облысының әкімдігінде қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту шеңберінде 01.04.2026
Қостанай облысы әкімдігінде құқықтық жаппай оқыту шеңберінде қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментінің маманымен кездесу өтті. Шақырылған маман кірістер мен мүлік туралы декларацияларды толтыру алгоритмдерін, цифрлық активтерді, бағалы қағаздар мен басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерді көрсету тәртібін, сондай-ақ құжаттарды «E-SalykAzamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыру жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.Міндетті декларациялау — мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етудің, қоғамның сенімін нығайтудың маңызды құралы және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.Алдағы уақытта қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін сақтау мақсатында осындай кездесулерді «тікелей диалог» форматында өткізу тәжірибесін жалғастыру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1191599?lang=kk
Семей тұрғындары мемлекеттік қызметтерді үйде ала алады 01.04.2026
Семей қаласының тұрғындары «Персоналды менеджер» қызметін үйге шақырту арқылы пайдалана алады. Бұл қызмет мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы.Қызмет аясында маман көрсетілген мекенжайға — үйге немесе кеңсеге, өтініш берушіге ыңғайлы уақытта барады. Персоналды менеджер құжаттарды қабылдап, кеңес беріп, мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы өтініш рәсімдейді. Қызмет көрсетілгеннен кейін дайын құжаттарды ХҚКО-ның беру бөлімінен алуға немесе жеткізіп беруді рәсімдеуге болады.Персоналды менеджер арқылы бірқатар қызметтерді алуға болады, оның ішінде анықтамалар алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу және АХАТ органдарының қызметтері бар. Сонымен қатар, міндетті түрде жеке қатысуды талап ететін қызметтер көшпелі форматта көрсетілмейді. Оларға паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін рәсімдеу және көлік құралдарын қайта тіркеу жатады.Бұл қызмет ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, қарт адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар, сондай-ақ ХҚКО-ға баруға уақыт таба алмайтын тұрғындар арасында сұранысқа ие.«Біз көшпелі қызметтерге деген тұрақты қызығушылықты байқап отырмыз. Мұндай формат әсіресе мемлекеттік қызметтерді қолайлы жағдайда алғысы келетіндер үшін өзекті», — деді Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Өмірзақов.«Персоналды менеджер» қызметінің үйге барып көрсету құны 7 447 теңгені құрайды және оған ұйымдастыру мен логистика шығындары кіреді.Персоналды менеджерді шақыруға өтінімді Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы беруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1191542?lang=kk
Назар аударыңыз! Бүгін көлік салығын төлеудің соңғы күні! 01.04.2026
Құрметті Павлодар облысының көлік иелері, 2025 жылғы көлік құралдарына салықты 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет екенін еске саламыз.2 сәуірден бастап борышкерлерді не күтеді- Мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.- Салық берешегі туралы хабарламалар жолданады.- Мәжбүрлеп өндіріп алу үшін төленбеген салық бұйрықтары жеке сот орындаушыларына (ЖСО) беріледі.- Полиция департаментімен бірлесіп жолдарда рейдтер жүргізіледі. Борышкерлердің көлігі «Оракул-Қорғау» жүйесі арқылы анықталып, айыппұл тұрағына жіберілуі мүмкін.Маңызды өзгерістер мен жеңілдіктер- 10 жылдан асқан жеңіл автомобильдерге салық 30%-ға төмендетілді.- 20 жылдан асқан автомобильдерге салық 50%-ға төмендетілді.- Шаруа қожалықтары бір жүк пикабына салық төлеуден босатылды.- Қозғалтқыш көлемі 3000 куб. см-ден асатын автокөліктер үшін шығарылған немесе елге әкелінген күніне байланыстылық алынып тасталды – енді есептеу барлығына бірдей.Қалай тез есептеп, төлеуге боладыНақты соманы «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында немесе kgd.gov.kz порталындағы сервис арқылы білуге болады. Төлем жасау үшін 17 таңбалы VIN-код (техпаспортта көрсетілген жеңіл көліктер үшін шанақ нөмірі немесе жүк көліктері үшін шасси нөмірі) қажет болады.Салық төлеу – әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Салық міндеттемелеріңізді уақытылы орындаңыз!Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1191547?lang=kk
Қазақстан Республикасының сауда миссиясы аясында Ұлан-Батырда бизнес-форум өтті 01.04.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасының сауда миссиясы аясында «QazTrade» АҚ, ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен экспорттаушылар, сондай-ақ жергілікті іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Іс-шараға моңғолиялық 30-дан астам компаниялар мен іскерлік бірлестіктердің өкілдері қатысты.Форум барысында ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі А.Бижанова, Моңғолия Экономика және даму министрінің орынбасары С.Даваасурэн, ҚР Елшісі А.Сейтақынов және өзге де қатысушылар сөз сөйледі.Форумның маңызды практикалық нәтижелерінің бірі оның қатысушылары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы болды.Жалпы, сауда миссиясы екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнатуға арналған маңызды алаңға айналып, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен жобаларды ілгерілетуге және Қазақстан өнімдерінің Моңғолия нарығындағы қатысуын кеңейтуге қосымша серпін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1191568?lang=kk
Қызылордада өткен патриоттық акцияға мыңнан астам оқушы қатысты 01.04.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Қызылорда қаласындағы № 6 Иван Панфилов атындағы және № 290 мектептерде, сондай-ақ Өнер үйінде әскери-патриоттық бағыттағы кездесулер мен іс-шаралар өткізді.Топ құрамында Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі полковник Даулет Бейсеков, Білім және ғылым департаментінің өкілі полковник Серік Қуатбаев, сондай-ақ Алматы қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалы Жауынгерлік даңқ музейінің басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алуа Байқадамова болды.Қорғаныс министрлігінің офицерлері жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі, Қарулы күштердегі қызметтің артықшылықтары мен мансаптық мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып берді.– Біздің басты міндетіміз – әрбір жасөспірімге әскери қызметтің тек борыш қана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын түсіндіру. Бүгінде әскерде қызмет еткен жастар үшін жоғары оқу орындарына түсу және білім гранттарын алу кезінде елеулі жеңілдіктер қарастырылған, – деді полковник Д. Бейсеков.Мыңға жуық оқушының басын қосқан ауқымды іс-шара қаладағы Өнер үйінде өтті. Акцияға қатысушылар үшін фойеде Алматыдағы Жауынгерлік даңқ музейінің экспонаттары мен атыс қаруларының үлгілері таныстырылды.Аты аңызға айналған қолбасшы Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың Ұлы Отан соғысы жылдарында 316-атқыштар дивизиясының құрылуы және панфиловшылардың ерлігі туралы әңгімесін қызылордалық жастар қызыға тыңдады.Сонымен қатар А. Байқадамова Иван Панфилов атындағы № 6 жалпы білім беретін мектептің директоры Бақытжан Дүйсенбаевқа панфиловшылар қозғалысы вымпелінің көшірмесін табыстады.Сондай-ақ, патриоттық акцияға Қызылорда өңірінің тумасы, 66597 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жүрген Альтаир Данышпан да қатысты. Ол қатарластарына әскердегі күнделікті өмір, тәртіп және қызмет барысында алған тәжірибесі туралы айтып өтті.Жандос Төлеген Қорғаныс министрлігінің «Срочники 2.0» бағдарламасына қатысушысы. Қазіргі таңда ол Қызылорда ашық университетінде мемлекеттік грант негізінде білім алып, құқықтану негіздерін меңгеруде.Кездесу акцияның «Біртұтас ел – біртұтас жер» идеясын айқын көрсеткен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымының концертімен аяқталды.Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарының елді мекендерінде жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1191496?lang=kk
Қарағанды облысында бірінші сыныпқа құжат қабылдау 29 маусымда басталады 01.04.2026
Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау тәртібі өзгертілді: қабылдау науқанының басталу мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға ауыстырылды. Сондай-ақ цифрлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өтініш қабылдаудың өңірлік кестесі енгізілді. Қарағанды облысында құжат қабылдау 29 маусым мен 31 тамыз аралығында (жұмыс күндері) жүргізіледі.Қандай құжаттар қажетҚазақстан азаматтары үшін:- ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;- медициналық құжаттар (денсаулық паспорты 026/у-3 нысаны және екпе картасы 065/у);- 3×4 см өлшеміндегі екі фотосурет.Мектепалды даярлықтан өтіп, сол мектепте қалатын балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл рәсімді айтарлықтай жеңілдетеді: құжаттардың толық пакетін қайта жинаудың қажеті жоқ. Дегенмен ата-аналар басқа мектепті таңдауға құқылы — мұндай жағдайда құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады.Шетел азаматтары үшін:Оларға да негізгі талаптар бірдей, алайда ата-аналарда Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат болуы тиіс.- өтініш;- туу туралы куәліктің көшірмесі;- денсаулық жағдайы туралы анықтама;- 3×4 см өлшеміндегі екі фотосурет;- Қазақстан аумағында заңды тұруды растайтын құжат (ықтиярхат, уақытша тұруға рұқсат, босқын немесе қандас куәлігі және т.б.);- жеке басын куәландыратын құжат және көші-қон картасы.Шетелден келген балаларды мектепке қабылдау олардың білім деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда шешімді арнайы комиссия қабылдайды.Сұрақтар бойынша (8-7212) 50-45-25 нөміріне хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1191482?lang=kk
Қазақстандық компаниялар Циндаода $125 млн келісім жасады 01.04.2026
Циндаода өткен сауда-экономикалық миссияның қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар қытайлық серіктестермен жалпы сомасы $125 млн болатын келісімдерге келді. Шаньдун - Қытайдағы ірі экономикалық өңірлердің бірі. Мұнда қуатты өндіріс базасы мен үлкен тұтыну нарығы бар. QazTrade мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Шаньдун арасындағы тауар айналымы $2,2 млрд-қа жетіп, 40 пайыздан астам өсті. Миссияға 25-тен астам отандық компания қатысты. Сапардың негізгі бөлігі қытайлық импорттаушылар мен дистрибьюторлармен тікелей B2B кездесулерге бағытталды. Қазақстан Қытай тарапына агроөнеркәсіп пен терең өңделген өнімдер ұсынды. Ұн, май өнімдері, бал, сүт және кондитерлік тауарлар қытайлық бизнес тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Сапар аясында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шаньдун провинциясының басшылығы және бизнес өкілдерімен келіссөз өткізді. Негізгі назарда жеткізілім көлемін арттыру және келіссөздерді нақты нәтижеге айналдыру. Сондай-ақ индустриялық кооперация мәселесі де талқыланды. Сапар аясында министр әлемдік ірі тұрмыстық техника өндірушілерінің бірі Haier компаниясының өндірістік алаңына барды. Сауда-экономикалық миссиясы Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade ұйымдастыруымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1191475?lang=kk
Санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 01.04.2026
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 «Балалар сауықтыру және санаторлық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес санаторлық-сауықтыру ұйымдары белгіленген санитариялық нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санаторлық объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану процестеріне қолданылады.Санаторлық ұйымдар мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:аумақтың тиісті санитариялық жағдайын, оның ішінде абаттандыру мен аймақтарға бөлуді;инженерлік жүйелердің (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен қамтамасыз ету, желдету және жарықтандыру) жарамды күйде жұмыс істеуін;санитариялық-гигиеналық режимнің сақталуын, оның ішінде ағымдағы және жалпы тазалау, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді;белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз және сапалы тамақтандыруды ұйымдастыруды;демалушыларға медициналық қызмет көрсетуді, оның ішінде денсаулық жағдайын бақылауды және эпидемияға қарсы шараларды уақтылы қабылдауды;міндетті медициналық тексерулерден және гигиеналық даярлықтан өткен персоналды жұмысқа жіберуді.Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда санаторлық объектілерді пайдалануға жол берілмейді.Санитариялық талаптарды сақтау – демалушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. ӘлмағанбетАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1191440?lang=kk
Қазақстан Қытайға экспортты күшейтуде: Шаққалиев ШЫҰ форумына қатысты 01.04.2026
Қытайға ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Қытайға экспорт – ШЫҰ іріктеуі» форумына қатысты. Бұл алаң қазақстандық экспортты Қытай нарығына ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі. Форумды ашқан министр Қазақстан Қытайды стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын және сауда, инвестиция және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті. «Мемлекет басшыларының жетекшілігімен Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Бұл тауар айналымының тұрақты өсімімен, инвестициялық ынтымақтастықтың кеңеюімен және өнеркәсіптік кооперацияның тереңдеуімен айқын көрінеді. Қазіргі таңда Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Ал Қазақстан Қытай экономикасы үшін энергетикалық ресурстардың, ауыл шаруашылығы өнімдерінің және шикізаттың сенімді жеткізушісі болып қала береді. Соңғы үш жылда екіжақты тауар айналымы тұрақты әрі қарқынды өсім көрсетіп келеді: 2023 жылғы 41 млрд доллардан 2025 жылы 48,7 млрд долларға дейін артты. Бұл көрсеткіштердің артында екі ел экономикасының өзара толықтырушы сипаты, кәсіпорындардың прагматикалық жұмысы, сондай-ақ Қытайдың Шаньдун провинциясы сияқты дамыған өңірлерінің қолдауы тұр», – деді министр Арман Шаққалиев. Оның айтуынша, «Қытайға экспорт» платформасы бизнеске тікелей байланыс орнатуға және Шаньдун провинциясы мен жалпы Қытай нарығына шығуға тиімді мүмкіндік береді.Сонымен қатар министр Шаньдун провинциясының басшылығымен – вице-губернатор Вэнь Нуаньмен және Циндао қаласының мэрі Жэнь Ганмен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бағыттарын, соның ішінде өнеркәсіптік кооперацияны, логистиканы және заманауи технологияларды енгізуді талқылады.Министр атап өткендей, «Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бүгінде бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде және тұрақты оң динамика көрсетуде». Оның сөзінше, сауда көлемін ұлғайтумен қатар, оның сапалы трансформациясын қамтамасыз ету маңызды. Жоғары қосылған құны бар өнімдерге және қайта өңдеуді дамытуға басымдық беру қажет. Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан озық әрі экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, бірлескен өндірістер құруға дайын екенін растады. «Біз үшін жаңа өндірістердің халықаралық жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес келуі және тұрақты дамуға үлес қосуы аса маңызды», – деді министр. Тараптар өңіраралық ынтымақтастықтың маңызын да атап өтті. Шаньдун провинциясы Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі әрі Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Шаньдун арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд АҚШ долларына жетіп, жоғары өсім көрсетті. Министр «өңіраралық өзара іс-қимылды жандандыру қазақстан-қытай әріптестігінің барлық кешенінің дамуына қосымша серпін береді» деген сенім білдірді. Іс-шара аясында министр отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылған Қазақстанның ұлттық павильонын да аралады. Экспозиция елдің экспорттық әлеуетін және қазақстандық компаниялардың Қытай нарығындағы қатысуын кеңейтуге дайындығын көрсетті. Министр іс-шараның практикалық бағытына да тоқталып, тікелей диалог пен B2B кездесулер форматы қысқа мерзімде нақты келісімдерге қол жеткізіп, бірлескен жобаларды іске қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Форум барысында Қазақстанның шикізаттық емес экспортты ұлғайту, электрондық сауданы дамыту және тұрақты қосылған құн тізбектерін қалыптастыру мүмкіндіктері таныстырылды. Қорытындылай келе, министр Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін айтты: «Біз Қытайды негізгі әрі басым серіктес ретінде қарастырамыз және бірлескен күш-жігер арқылы өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге көтереміз деп сенеміз».Министр сондай-ақ Циндао қаласындағы тұрмыстық техника және «ақылды үй» цифрлық шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Haier компаниясының өндірістік алаңдарын аралады. Бұдан бөлек, Шаньдун провинциясының жетекші компаниялары — Qingdao Dadu Grain Co., Ltd. және RuiXue Global Co., Ltd. басшылығымен кездесулер өтіп, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда заманауи өндірістер құру және озық агротехнологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Айта кету керек, форумның алғашқы күнінде-ақ қазақстандық компаниялар нақты нәтижелерге қол жеткізді: қытайлық серіктестермен жалпы сомасы шамамен 125 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдер жасалды. Оның ішінде жемдік ұн, майлы дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көзделген. Бұл нәтиже алаңның тиімділігін айқындап, форумның бастапқы кезеңінде-ақ қытайлық бизнестің қазақстандық экспортқа жоғары қызығушылық танытқанын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1191453?lang=kk
Кедендік бақылаудағы техникалық құралдар 01.04.2026
Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (жабдық, аспаптар, өлшеу құралдары, құрылғылар және керек-жарақтар) және өзге де техникалық құралдарды пайдалануы мүмкін. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.Кедендік бақылаудың техникалық құралдары адамның, өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз болуға тиіс және адамдарға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.Қазақстан Республикасында кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдары (КБТҚ) кеңінен қолданылады. Осы саладағы құқықтық реттеудің негізгі құжаты — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2018 жылғы 6 наурыздағы №84 бұйрығы, ол Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидаларын бекітеді. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары — бұл тауарлар, көлік құралдары мен жүктің ішін ашпай-ақ ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар.Оларға мыналар жатады:инспекциялық-тексеру кешендері (ИТК);рентген-телевизиялық қондырғылар (РТҚ);металл іздегіштер;эндоскоптар мен бороскоптар;бейнебақылау және фотофиксация құралдары;есірткі мен жарылғыш заттарды анықтайтын детекторлар;деректерді тіркеу және талдау бойынша автоматтандырылған жүйелер.КБТҚ-ны пайдалану:бұзушылықтарды физикалық тексерусіз анықтауға;кедендік рәсімдеуді жеделдетуге;шекарадағы қауіпсіздікті арттыруға;кеден органдарының аналитикалық жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.Осылайша, техникалық бақылау құралдары шекарадан өту кезінде Қазақстандағы заманауи технологияларды қолдануға құқықтық негіз жасап, «ақылды» және ашық мемлекеттік бақылау жүйесін дамытуға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1191386?lang=kk
«Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» КММ-де 2026 жылғы 01 сәуір мен 30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы 01.04.2026
Өскемен қаласы, Орджоникидзе көшесі, 35 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» КММ 2026 жылғы 01.04. бастап 2026 жылғы 30.04. дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.Сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7232) 21-54-86 телефоны немесе info@viziteast.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзара байланысты принциптердің, процедуралардың және нақты іс-шаралардың кешені болып табылады. Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары: — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық себептерін анықтау және кейіннен жою (сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы); — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету; — мекеме қызметкерлерінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру. Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеттері: — мекемеде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау және жою; — мекеме қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту қаупін азайту; — сыбайлас жемқорлық жағдайында қызметкерлер іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу; — адамгершілік нормаларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық негіздеріне оқыту әдістерін жетілдіру; — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету; — сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат іс-шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу; — қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларын білу және сақтау міндетін белгілеу. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Call-орталығы – 1424 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаменті – 8 /7232/ 23-43-32 Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы – 8 /7232/ 24-32-99 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаЕгер Сіз Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» КММ қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы келесі жолдармен хабарлай аласыз:7 7232 21-54-86 телефон нөмірі бойыншажазбаша түрде пошталық мекенжай бойынша: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, «ШҚО Туризм басқармасы» ММ немесе Өскемен қ., Орджоникидзе көш., 35жазбаша түрде электрондық мекенжайға: r.kurmusheva@akimvko.gov.kz немесе info@viziteast.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1191334?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістанның туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы 01.04.2026
Исламабад, 2026 жылғы 30 наурыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е. Қыстафин Пәкістан Премьер-министрінің туризм жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Сардар Ясир Ілияс Ханмен кездесті.Елші ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың осы жылдың ақпан айында Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарының негізгі қорытындылары туралы айтып берді. Екі тарап өткен келіссөздер мен іс-шараларға жоғары баға беріп, олардың жоғары өнімділігі мен сапалы мазмұнын атап өтті. Сонымен қатар, сапар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде туроператорлар, қонақ үй кешендері, бейінді оқу орындары арасында байланыс орнату мәселелерін талқылады. Ұлттық үйлестіруші биыл Қазақстан қалаларына бару және Қазақстанның туристік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және іскер топтармен кездесулер өткізу үшін делегация ұйымдастыруға ниет білдірді.Ержан Қыстафин Пәкістанға келген Қазақстан делегацияларына көрсеткен қолдауы мен жылы қонақжайлылығы үшін Сардар Ясир Ілияс Хан мырзаға тағы да алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1191338?lang=kk
«Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ-де 2026 жылғы 01 сәуір мен 30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы 01.04.2026
Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ 2026 жылғы 01.04. бастап 30.04. дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.Сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7232)713-268 телефоны немесе r.kurmusheva@akimvko.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.«Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзара байланысты принциптердің, процедуралардың және нақты іс-шаралардың кешені болып табылады.Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары:— сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық себептерін анықтау және кейіннен жою (сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы);— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;— мекеме қызметкерлерінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеттері:— мекемеде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау және жою;— мекеме қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту қаупін азайту;— сыбайлас жемқорлық жағдайында қызметкерлер іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу;— адамгершілік нормаларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық негіздеріне оқыту әдістерін жетілдіру;— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;— сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат іс-шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу;— қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларын білу және сақтау міндетін белгілеу.Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Call-орталығы – 1424 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаменті – 8 /7232/ 23-43-32 Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы – 8 /7232/ 24-32-99Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама Егер Сіз «ШҚО Туризм басқармасы» ММ қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы келесі жолдармен хабарлай аласыз:7 7232 713-268 телефон нөмірі бойыншажазбаша түрде пошталық мекенжай бойынша: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, «ШҚО Туризм басқармасы» ММжазбаша түрде электрондық мекенжайға: r.kurmusheva@akimvko.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1191351?lang=kk
Табиғи монополия субъектілеріне салық салу практикасы туралы 01.04.2026
Табиғи монополия субъектілеріне салық салу практикасы туралыТабиғи монополия субъектілеріне (ТМС) салық салу практикасын түсіндіру мақсатында төмендегіні хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметі бойынша, ТМС-тің реттелетін қызметтеріне тарифтер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 118-бабына және табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қалыптастырылады.Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес, реттелетін қызметтер – бұл табиғи монополия субъектілері ұсынатын және уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік реттеуге жататын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер.Аталған Заңның 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес, инвестициялық бағдарлама – бұл инфрақұрылымды кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға және қолдауға, сондай-ақ жаңа активтер құруға бағытталған, технико-экономикалық және (немесе) экологиялық нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар кешені болып табылады.Заңның 21-бабының 6-тармағына сәйкес, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ оны жүзеге асыру үшін тартылған қарыз қаражаттарын және мемлекеттік бағдарламалар мен (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға тартылған қаражаттарды қайтару тарифте ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.Осылайша, тариф құрамына енгізілген пайда мен амортизациялық аударымдар мақсатты сипатқа ие және тек бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталуы тиіс. Шығындық әдіс бойынша тариф қалыптастыру кезінде бұл қаражаттарды еркін немесе қалдық қағидатымен пайдалану көзделмеген.Сонымен қатар, тарифтік сметада реттелетін қызметті жүзеге асыруға қажетті өзге де шығындар көзделген, оның ішінде еңбекақы төлеуге арналған шығындар, міндетті аударымдар, стратегиялық ресурстарды (көмір, мазут, дизель отыны, электр энергиясы, су, тасымалдау және т.б.) сатып алу, негізгі құралдардың амортизациясы, жөндеу және инвестициялық іс-шаралар.Осыған байланысты тариф реттелетін қызмет көрсету бойынша экономикалық негізделген шығындарды өтеуді және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаражаттарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Осыған орай, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамасы табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың талаптарын және қаражаттардың мақсатты пайдаланылу ерекшеліктерін ескере отырып қолданылуы тиіс.Тариф – экономикалық негізделген шығындар негізінде қалыптастырылатын реттелетін қызметтің ақшалай көрінісі болып табылады және тарифтік реттеу мақсатында қолданылады. Бұл ретте тарифтік смета салықтық міндеттемелерді айқындау үшін негіз бола алмайды.Сонымен қатар, тарифтік сметада көзделген шығындар мен нақты жұмсалған шығындар арасында ауытқулар анықталған жағдайда, мұндай фактілер белгіленген тәртіппен көрсетіліп, тиісті талдауға жатқызылуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1191283?lang=kk
Сарбаздың пікірі – маңызды: армияда әскери киім мен жарақтарды далалық тестілеуден өткізетін бөлімшелер құрылмақ 01.04.2026
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде заттай мүлікпен қамтамасыз етудің жаңа үлгілері енгізілмекші. Мұндай шешім қабылдауда әскери қызметшілердің өз пікірлері едәуір маңызды. Көп деңгейлі тексеру жүйесі кезінде әскери киім-кешек пен керек-жарақтың жаңа үлгілерін далалық тестілеу үшін арнайы бөлімшелер құрылатын болады.Жаңғырту шеңберінде түбегейлі жаңа тәсіл енгізіледі, яғни әскерге жіберілерде барлық үлгілер арнайы құрылған эксперименттік бөлімшелерде зертханалық сынамалардан және мақұлдаудан өтетін болады. Негізгі кезеңде әскери қызметшілердің өздерінің көзқарастары ескеріледі. Егер өнім жеке құрамның күткеніне сәйкес келмесе, оған тапсырыс берілмейді.Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев атап өткендей, жарақтардың сапасы оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауда ыңғайлы болуымен тікелей байланысты:«Оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауда сарбаздар, келісімшарт қызметіндегілер және офицерлер заманауи, ыңғайлы және жоғары сапалы формамен қамтамасыз етілуі тиіс. Біз әскери қызметшінің пікірі шешуші болатындай жүйеге көшеміз. Егер сарбаз аяқ киімім ыңғайсыз немесе киімім талаптарға сай емес десе, мұндай өнім әскерге жіберілмейді».Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше назар аударылады. Әскери ант беру, запасқа шығару, демалыс беру кезінде қолданылатын кеңсе киімі енгізіледі. Бұл әскери қызметшінің бірыңғай және лайықты келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы әскери киімге сарбаздарға арналған әскери даңқтың төсбелгілері әзірленуде.Әскери қызметшілердің денсаулығына тікелей әсер ететін киім-кешектің негізгі элементтерінің бірі ретінде аяқ киімнің сапасына айтарлықтай назар аударылады. Бұл бөлімде әскерлердің іс жүзіндегі жорықтары міндетті түрде ескеріліп, қатаң іріктеу қағидасы енгізіліп жатыр.Жаңа жүйенің негізгі элементтерінің бірі «Аналар жүрегі» сарбаздар аналар комитетінің қатысуы болып табылады. Комитет тек қоғамдық бақылаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар әскерлердегі нақты жағдай туралы объективті ақпараттың тәуелсіз көзі ретінде де әрекет етеді.– Комитет өкілдері бақылау жүйесінде ерекше рөл атқарады. Сарбаздар аналары комитеті біз үшін нақты жағдайдың көрсеткіші. Сарбаз әрдайым командирге ашық айта алмайды, ал олар комитет өкілдерімен шынайы сөйлейді. Сондықтан олардың қатысуы бізге объективті көрініс алуға және проблемаларға уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті генерал-майор Алмаз Жұмакеев.Комитетпен өзара іс-әрекет тұрақты түрде қалыптасқан. Армия, тапсырыс орындаушылар және қоғам өкілдерінің қатысуымен тоқсанына кемінде бір рет кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл формат проблемалық мәселелерді тез анықтауға және шешімдерді бірлесіп жасауға мүмкіндік береді.Қазіргі заманғы күтім құралдарымен қамтамасыз етуді, инфрақұрылымды дамытуды және заттай мүлікпен қамтамасыз ету стандарттарын жетілдірумен қоса әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту бойынша қосымша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1191282?lang=kk