Enbekshi QazaQ

Қоғам

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері есірткі сатушыны ұстады 14.10.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында есірткі сатты деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді.Әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрасыл Қуанышбай, патрульшілер қатардағы Ерасыл Байнияз бен Олег Фофонов «Солтүстік-Шығыс» шағын ауданында патрульдік қызмет атқарып жүрген. Бір тұрғын үйдің ауласында ұландықтар ұялы телефон камерасының жарқылын байқап қалады. Күдікті белгісіз затты тығып, суретке түсірген сәті әскери қызметшілердің күдігін туғызды.Ұландықтар азаматқа жақындап, құжаттарын тексермек болды. Алайда ол өзін агрессивті ұстады. Тексеру барысында оның қалтасынан салмағы шамамен 10 грамм болатын есірткі заты салынған капсула табылды.Ұсталған азамат полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1079866?lang=kk
Ұстаздар күні құтты болсын! 14.10.2025
Құрметті ұстаздар!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Саналы ғұмырыңызды жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім нәрін себуге арнап, таусылмас төзім мен шексіз мейірім танытып келе жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Сіздердің арқаларыңызда еліміздің болашағы жарқын, кемел келешекке нық қадам басуда.Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің қуанышы мен жетістігіне толы күндер тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің биіктерден көрінуі — ең үлкен марапат болсын!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1079911?lang=kk
Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел 2025 14.10.2025
KGIR-2025 — 2017 жылдан бері елдің Премьер-Министрінің жетекшілігімен жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық іс-шарасы. Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын біріктіріп келеді.KGIR-2025-тің негізгі тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы». Қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен инвестициялық мүмкіндіктерді, болашақ тұрақты экономикаларды қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін, инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, технологиялар және жасыл экономиканың дамуын талқылайды.Форум тәжірибе алмасуға, жобаларды таныстыруға және Қазақстанның дамуы және инновациялардың өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтатын шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады.Биыл KGIR 40 елден 700-ден астам қатысушыны жинайды. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, іскерлік қауымдастықтар және БАҚ өкілдері бар. Қатысушылардың қатарында дәстүрлі түрде компаниялардың бірінші басшылары, инвестициялық және стратегиялық бөлімшелердің жетекшілері, серіктестер мен бизнес дамытудың жетекші мамандары күтілуде.Форум аясында панельдік сессиялар, үздік компанияларды марапаттау рәсімі, екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ B2B және B2G форматтарында кездесулер өткізу жоспарланған.Қатысушыларды тіркеу сілтеме бойынша қолжетімді: www.kgir.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1079923?lang=kk
Қазақстандықтарға 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге 14.10.2025
       2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша отандастарымызға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті. БЖЗҚ-ның МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі 12,60% құрады, инфляция мөлшері – 12,20%. ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 01.09.2025ж. – 7,64%.Қазақстандықтардың ағымдағы жылдың 8 айындағы таза инвестициялық кірісі – 1 270,99 млрд теңге. Оның ішінде 1 265,72 млрд теңгесі салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен табысқа тиесілі. Қазақстандықтардың шартты зейнетақы шоттарына (ШЗШ) есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен таза инвестициялық кіріс 5,26 млрд теңгені құрады.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.  Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан асып түседі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекке өспелі қорытындымен жинақталған кірістілік 979,95% -ды көрсетті. Бүкіл кезеңдегі инфляция – 827,78%.   Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар), сыртқы басқарудағы активтер бойынша сыйақы есебінен, сондай-ақ қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау есебінен қалыптастырылады. Зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылықты қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ)  инвестициялық портфельді тұрақты түрде әртараптандырып отырады – активтерді нарықтық жағдайларға байланысты құрылымы үнемі түзетіліп отыратын әртүрлі қаржы құралдары мен валюталарға орналастырады.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпаратты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан да алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1079925?lang=kk
Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек» 14.10.2025
 «Парламент – Тәуелсіздігімізді және мемлекеттігімізді айшықтайтын маңызды құрылым. Бұл ешқашан өзгермейтін ақиқат, алдағы уақытта да солай болып қала береді.Жалпы, реформаның негізгі мақсаты, соған сәйкес істелуге тиіс жұмыстың бағыт-бағдары туралы Жолдауда кеңінен айтылды. Референдумға дейін атқарылатын жұмыстың бәрін мұқият ойластырып, байыппен жүргізу қажет.Білікті мамандар өз ойларын ашық айтып, тиімді ұсыныстар беруі керек деп санаймын. Түпкілікті шешім, яғни қоғам пікірі дұрыс болуы үшін осы мәселеге қатысты айтылатын әрбір ой-пікір де әбден тексерілген, екшелген, жан-жақты сарапталған болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан Жұмыс тобы өз міндетін нағыз кәсіби ұстанымға сай атқаруға тиіс.Атап айтқанда, «е-Otinish» және «е-Gov» порталдары арқылы келіп түскен барлық ой-пікірді сараптап, зерделеу қажет. Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек. Ата заңға енгізілетін әрбір өзгеріс мұқият пысықталып, дайындалуға тиіс. Әр баптың, әр норманың мән-мағынасына терең бойлаған жөн, яғни құқықтық, процедуралық мәселелерді нақты айқындап алуымыз қажет.Бұдан бөлек, басқа да көптеген мәселе пайда болуы мүмкін. Қысқасы, алдымызда тұрған шаруа өте ауқымды. Жұмыс тобына үлкен сенім артылып отыр.Істеріңізге сәттілік, табыс тілеймін!»
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді» 14.10.2025
«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады.Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады.Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек.Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді».
Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» 14.10.2025
«Баршаңызға мәлім, елімізде түрлі бағытта ауқымды өзгерістер жасалуда. Бір ел болып саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырып жатырмыз. Осы өзгерістер жалғасын табуы керек. Бір орында тұрып қалуға болмайды.Мемлекетімізді түбегейлі жаңғырту стратегиясын «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай жүргізе беру маңызды. Бұл – елімізде Президенттік билік жүйесінің тиімділігі сақталады деген сөз.Жалпы, бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай парламенттік жүйе қалыптасқан. Дәл қазір бізге керегі – ортақ ұстаным және парасатты, салмақты ұсыныс. Сондықтан барлық ой-пікірді, ұсынысты мұқият зерттейміз, егжей-тегжейлі қараймыз».
Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі 14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»«Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық.Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым.Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары.Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін».
ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС КӨЛЕМІ ҚАРҚЫНДЫ ӨСУДЕ 14.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін қамтамасыз ететін қозғаушы күш болуға тиіс. Өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жеткені аймақ экономикасының тұрақты дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады.2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған азаматтар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға артты. Аталған кезеңде өндірілген өнім көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға ұлғайды. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жетті.Қазіргі таңда қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында бар 5 өндірістік алаңға («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағы, «Ордабасы» жекеше индустриялық аймағы) қосымша 438 га аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары енгізіліп, қалада жалпы 7 өндірістік алаң қызмет көрсетуде.2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын 212 жоба арқылы инвестициялық құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жобалар тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылады. Ірі жобалардың қатарында түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компанияларының заманауи жылыжай кешендері, отандық «Intertrans» ЖШС-нің алкилат пен полипропилен өндірісі және қытайлық «Shaanxi Construction Kazakhstan» ЖШС-нің қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары бар.#Шымкент #Жолдау2025 #Президентжолдауы #Инвестициялар #ӨңірлікДаму #ЭкономикалықӨсу #ӨндірістікӘлеует #ЖұмыспенҚамту #ИндустриялықАймақтар
Сауд Арабиясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысты дөңгелек үстел өтті 14.10.2025
Рияд, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Рияд қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Дүниежүзілік ислам лигасының қызметкерлері, Сауд Арабиясының жетекші талдау орталықтарының сарапшылары, сондай-ақ «әр-Рияд», «әл-Йаум», «әл-Жазира», «әс-Сада ньюс» сияқты жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.Қазақстанның Елшісі Мадияр Меңілбеков өз сөзінде Съездің халықаралық аренадағы ерекше маңызына тоқталды. Ол Қазақстанның бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға, дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға бағытталған бастамалары әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланатынын атап өтті. Елші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін тұрақты диалог алаңы ретінде дамытуға баса мән беретіндігін жеткізді.Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан бастамаларының өзектілігі мен халықаралық деңгейдегі маңыздылығын талқылады. Саудтық сарапшылар Қазақстанның бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетудегі рөлін жоғары бағалап, елдің тәжірибесі бүкіл ислам әлемі үшін маңызды екенін мәлімдеді. Дөңгелек үстел аясында Дүниежүзілік ислам лигасының Стратегиялық серіктестік жөніндегі бас директоры доктор Шайма Алукмани сөз сөйлеп, лига Бас хатшысы Мұхаммед әл-Исаның атынан іс-шараға жоғары баға берді. Ол Қазақстан бастамаларының заманауи сын-қатерлерді еңсеруде және өркениетаралық үнқатысуды дамытуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1079555?lang=kk
Қызылорда қаласының жылу жүйесі жаңғыртылуда 14.10.2025
Бүгін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қаладағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.Алдағы жауапты науқанға дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.Қызылорда жылу-электр орталығында 1 генератор мен 4 күштік трансформаторды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 10 бу қазандығы мен 20 автономды қазандық жөндеуден өтті.Желілерді жаңғырту мақсатында Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылуда. Жұмыс жылу беру маусымына дейін толық аяқталып, 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен тұрақты қамтылатын болады.Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан толық дайын.Алдағы маусымға 139 мың тонна көмір керек, оның 117 мың тоннасы халықтың, 22 мың тоннасы әлеуметтік нысандардың қажеттілігі. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп келеді.Жалпы, жылу беру маусымына дайындық облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1079557?lang=kk
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасында транзиттік сауда туралы Келісім 14.10.2025
2025 жылғы 28-29 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысында Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылы Пәкістан Ислам Республикасына сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы транзиттік сауда туралы келісімді аяқтауға және оған қол қоюға уағдаласты.Келісім жобасы көлік-логистикалық рәсімдердің негізін қалайды, онда екі тарап бір-біріне алдын ала келісілген маршруттар бойынша транзиттік сауда жасауға және елдер арасындағы кедендік әкімшілендіру шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беруге міндеттенеді.Осыған байланысты, ҚР сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы транзиттік сауда туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы транзиттік сауда туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын жариялады. Аталған жоба2025 жылдың 2 қазанынан бастап 2025 жылдың 17 қазанына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылады (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15610503 ).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1079573?lang=kk
Алматы облысында сыртқы нарықтарға шығуды кеңейтуге мүмкіндік беретін заманауи қойма пайдалануға берілді 14.10.2025
Іле ауданында заманауи қойма кешені іске қосылды. Бұл нысан тек жергілікті экономиканың дамуына ғана емес, бүкіл Алматы облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға да ықпал етпек.Damu Logistics аумағында, Байсерке ауылында салынған нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысты.— Халықаралық стандарттарға сәйкес салынған «А» санатындағы жаңа кешеннің жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Оның жұмысы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік қуаттылықты ұлғайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі.Қойма автокөлік қосалқы бөлшектерін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне жеткізумен айналысатын East Motors компаниясына тиесілі. Жаңа нысанның іске қосылуы компанияға Еуропа, Ресей және Таяу Шығыс елдеріне экспорт көлемін арттыруға жол ашады.— Мұндай инфрақұрылымдық нысандардың пайда болуы Іле ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін беріп, кәсіпкерлік әлеуеттің тұрақты өсіп келе жатқанын айқын көрсетеді, — деп атап өтті Қайыржан Жақсымбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1079577?lang=kk
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы цифрландыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілді 14.10.2025
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Төрағасы Е.Т.   Мынжасаровтың бұйрығымен Астана қаласы бойынша Департамент басшысы М.А. Оразбай Комитет қызметін цифрландыру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс тобының құрамына енгізілді.Еске сала кетейік, мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттерінің бірі – цифрлық экожүйені қалыптастыру, жасанды интеллектіні дамыту және мемлекеттік үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл басымдықтар Комитеттің Жол картасында да көрініс тапқан.Онда аудиттік рәсімдерді цифрландыру, мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік жоспарлауды бақылау, нақты секторда алдын ала бақылау жүргізу, бағалау қызметін автоматтандыру, бюджетті онлайн-мониторингтеу және қаржылық есептілік аудитін жүргізу көзделген.Аталған іс-шараларды жүзеге асыру ішкі мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттырып, елдің цифрлық трансформациясының стратегиялық міндеттеріне сай болуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1079585?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы №28 мекемесінің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. 14.10.2025
Кеңес барысында қызметтік тәртіп, қызметкерлердің міндеттерін орындау мәселелері және мекемеде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту шаралары талқыланды. Басшылық әрбір қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауының маңыздылығын атап өтіп, қызметтік әдеп пен кәсіби стандарттарды қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.Кеңес қорытындысы бойынша бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге жұмыс басымдықтары айқындалды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1079591?lang=kk
«ASTAUfest-2025» 14.10.2025
Алматы облысы студенттері «ASTAUfest-2025» халықаралық гастрономиялық фестивалінде Гран-при иеленді VI Халықаралық гастрономиялық «ASTAUfest-2025» фестивалінде отандық студенттер жоғары жетістікке жетті.Алматы экономикалық колледжі мен Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің студенттері «Бас аспаз», «Mastic Show» және «Slow Food» номинациялары бойынша Гран-при мен жүлделі орындарға ие болды. Жарыс нәтижесінде қазақстандық жастардың кәсіби шеберлігі халықаралық деңгейде мойындалып, ұлттық гастрономиялық өнерді дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.Фестивальге әлемнің түрлі елдерінен келген қатысушылар бақ сынап, кулинария саласындағы жаңа үрдістер мен инновациялар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1079593?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде өндірістік аймақта «ТОО» және «ИП» өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. 14.10.2025
Кездесудің негізгі мақсаты – өндірістік аймақта бірлескен ынтымақтастықты дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістік әлеуетті арттыру мәселелерін талқылау болды. Жиын барысында тараптар өзара тәжірибе алмасып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ортақ жобаларды қарастырды.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1079602?lang=kk
Қонаевтың келбеті жаңаруда: тұрғын үй және жол құрылысы 14.10.2025
Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Олардың басым бөлігі жеке компаниялардың қаржысына салынуда.Қала әкімі Асхат Бердіханов кезекті рет нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты. Алғашқы нысан – «Самұрық» тұрғын үй кешені. Жоба 11,6 гектар аумақта жүзеге асырылуда. Құрылыс 2029 жылға дейін жалғасады, тартылған инвестиция көлемі – 65 млрд теңге. Қазіргі таңда жобаның бірінші кезеңі орындалуда, оның аясында 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді.Келесі нысан – 10-шы шағынауданда орналасқан «NNS City» тұрғын үй кешені. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты үй салу көзделген. Қазіргі уақытта төрт үйдің құрылысы аяқталған, алдағы уақытта аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталып, одан соң нысандар қолданысқа берілмек.«Инженерлік желілерді уақытылы тарту қажет. Тұрғындар арасында сапаға қатысты шағым болмауы тиіс. Әкімдікпен бірлесе, әрбір қадамды келісіп жұмыс жасаңыздар. Үй салу – жақсы іс, алайда оның сапалы болуы одан да маңызды», – деді Асхат Бердіханов.Бұдан кейін әкім 8–10 шағынаудандардағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан жолдарды қарап шықты. Бұл жерде көше жарығын орнату мәселесі талқыланды. Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің айтуынша, жоба 2026 жылға өтпелі болады. Әкім көше жарығы тұрғындарға барынша ыңғайлы болуы қажеттігін атап өтті. Бүгінде бірқатар жұмыстар аяқталған: тротуар бордюрлары, аялдамалар орнатылып, жолдың кейбір бөлігіне асфальт төселген. Барлық жұмыс қаланың Бас жоспарына сәйкес жүргізілуде.Айта кетейік, биыл Шеңгелді ауылдық округіндегі елдімекендерде жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Көшпенділер қалашығына» жаңа жол салынуда, ал «Қарлығаш» ықшамауданында күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда.Жалпы, жыл басынан бері 18 843 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 9,7 млрд теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1079603?lang=kk
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен (бұдан әрі – Заң) сотталғандардың құқықтарын жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілді. 14.10.2025
Осыған орай, Орал қалалық сотында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты 74,27,28 мекемелер мен прокуратураның өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.      Дөңгелек үстел барысында ҚР ҚК-нің 74-бабын іс жүзінде қолдану мәселелері және жазаны өтеуді кейінге қалдыруға құқығы бар тұлғаларды барынша қамтуды қамтамасыз ету бойынша сұрақ кеңінен қаралды.      Мұндай шаралар құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің жұмысын жетілдіруге, сонымен қатар, сотталған азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1079615?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ IV-ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 14.10.2025
Ержан Қалымбекұлы Тоқтарханов, Департаменттің басшысы01.10.2025 ж., сағат 10.30-11.3015.10.2025 ж., сағат 10.30-11.3029.10.2025 ж., сағат 10.30-11.3012.11.2025 ж., сағат 10.30-11.3026.11.2025 ж., сағат 10.30-11.3010.12.2025 ж., сағат 10.30-11.3024.12.2025 ж., сағат 10.30-11.30Павлодар қ., Генерал Дюсенов к-сі, 80, 1 қабат, Азаматтарды қабылдау орталығы8 (7182) 32-13-59 Қанат Мұратұлы Ахметбеков, Департамент басшысының орынбасарыжұма, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 2018 (7182) 53-59-00 Рысбек Минаймбекұлы Минаймбеков, Департамент басшысының орынбасарысәрсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 3108 (7182) 32-07-98 Марат Жұмажанұлы Бейсенов, Департамент басшысының орынбасарыбейсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 2008 (7182) 53-59-00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1079631?lang=kk