Қоғам
Жаңғырту, инвестициялар мен сауда – қазақ-британ сұхбатының назарында 14.04.2025
ЛОНДОН, 2017 жылғы 21 қараша – «Жоғарғы деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында экономиканы жаңғырту, инвестициялар көлемі мен екі ел арасындағы сауда айналымын өсіру мақсатында Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестігін одан сайын нығайтады», - деп мәлімдеді 20 қарашада Лондонға жұмыс сапарын бастаған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.Форин-офистегі кездесу барысында Қазақстан СІМ басшысы мен оның әріптесі Борис Джонсон Қазақ-Британ Стратегиялық диалогінің кезекті отырысын өткізді. Қ. Әбдірахмановтың айтуынша, қазақ-британ дипломатиялық ынтымақтастығының орнатылуынан бері 25 жыл бойы Ұлыбритания қазақстандық экономика мен адами әлеуеттің дамуында маңызды рөл атқарып отыр. Ел қазақстандық экономикадағы ең ірі инвесторлардың алтылығына кіреді (12 млрд. долл. астам инвестициялар салынған) және Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі (2016 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 1,2 млрд. долл. құрады, 2017 жылдың 9 айы бойынша 1 млрд. долларға жуықтады) болып табылады. Бүгінгі күні британдық тәжірибе «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құруда белсенді түрде қолданылуда. Мыңдаған қазақстандық студенттер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары жыл сайын британдық жоғары оқу орындарында білім алуда.Бүгінгіде Қазақстанның экономикалық дипломатиясы бірінші кезекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауын іске асыруға, соның ішінде экономиканы технологиялық тұрғыда қайта қаруландыруға бағытталған. Оны жақын арада өтетін екіжақты үкіметаралық комиссия мен іскер тобының отырыстары, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, АХҚО, «Қазақстан инвест» Ұлттық компаниясы желілері бойынша іс-шаралар көздеп отыр.Тараптардың пікірінше, трансеуразиялық көліктің дәліздерді дамыту мен заманауи кезеңде Ұлы Жібек жолын қайта құру ынтымақтастықтың перспективалық бағытына айналуы қажет. Бұған жақсы үлгі ретінде осы жылдың қаңтарында Қытай мен Ұлыбритания арасындағы тікелей, соның ішінде Қазақстан аумағын кешіп өтетін, контейнерлік пойыздың іске қосылуын жатқызуға болады.Б. Джонсон Қазақстанның Ұлыбритания үшін үлкен маңыздылығын атап өтіп, Лондонның Астанамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетін білдірді.Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов пен Б. Джонсон жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, оның ішінде Қазақстанның 2018 жылғы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы, Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесі, Ауғанстандағы жағдай, Украина жөніндегі Минск келісімдерін жүзеге асыру, терроризмге қарсы әрекет, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық және т.б.«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Орталық Азияның тұңғыш елі болады. Жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміттіміз», - деді британдық министр.Екіжақты жоғарғы деңгейдегі байланыстарға ерекше назар аударылды. 2016 жылғы Ханчжоудағы (ҚХР) «Ұлкен жиырмалық» (G20) саммиті аясында Президент Н. Назарбаевтың Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен кездесуі екі ел көшбасшыларының стратегиялық әріптестікке қолдау көрсетуінің айқын дәлелі болып табылады. Мемлекет басшысының 2015 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін берді. Оның барасында 12 млрд. доллардан аса сомаға ірі келісімдерге қол қойылды.Қ.Әбдірахманов Қазақстанда жоғары технологиялық жобаны пысықтаған британдық «Metalysis», және АХҚО-мен белсенді ынтымақтасып жатқан «TheCityUK» компанияларының басшылығымен, сондай-ақ 2016 жылғы Қазақстанға сапарын жылы еске алған «Financial Times» газетінің бас редакторы Лайонел Барбермен де сол күні кездесулер өткізді.Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы Халықаралық қатынастар бойынша еуразиялық кеңестің (ХҚЕК) Қамқоршылық кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты. 2014 жылы құрылған Кеңес Орталық Азия мемлекеттерінің даму мәселелерін және олардың еуропалық елдермен қатынастарын зерттеуге мамандандырылған тәуелсіз талдамалық орталық болып табылады. ХҚЕК қажет етілетін «ақыл орталығы» беделіне ие, оның сараптамалық бағаларына Батыс елдерінің Орталық Азия аумағы бойынша мемлекеттік саясат пен экономикалық жобаларға әсер ететін құрылымдарда құлақ асады. Атақты саясаткерлер мен дипломаттар, еуропалық елдердің бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, Еуропа мен Орталық Азия байланыстарын нығайтуға қолдау білдіретін ғалымдар мен сарапшылар ХҚЕК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері болып табылады.Қ. Әбдірахмановтың беделді аудитория алдында сөйлеген сөзінде атап өтілгендей, «Қазақстан инвестициялық климатты одан әрі жетілдіруде айтарлықтай жұмыс атқаруда, және біз еуропалық, оның ішінде британдық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз». Осы жылы Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның 36 орынға иеленгені, бұл ретте еліміздің экономикасындағы тауар айналымы мен инвестициялардың орта шамамен 50 пайызына дейін қамтамасыз ететін Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық әріптесі мен инвесторы болып табылатыны басып айтылды. Отырыс барысында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Еуропамен қатынастарын одан әрі дамытуға тұжырымдамалық тәсілдері, көлік, логистика, энергетика, қаржылық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Еуразияның ортасындағы Қазақстанның ерекше геоэкономикалық орналасуы, оның өз транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жүйелі күш-жігерлері мен Белдеу мен Жол бағдарламасын табысты іске асыру үшін елдің маңызды рөлі атап өтілді.ҚР Сыртқы істер министрінің Лондонға екі күндік сапарының бағдарламасы 21 қарашада жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30659?lang=kk
Қ.Әбдірахмановтың Ұлыбританиядағы сапары іскерлік, саяси және академиялық топтарымен кездесуімен жалғасты 14.04.2025
ЛОНДОН, 2017 жыл 22 қараша – Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Лондондағы «Чатам Хаус» Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылы қаңтардағы төрағалығының басымдықтарына арналды.СІМ басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлемді құру, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін шақыру сияқты бастамаларына жан-жақты тоқталып өтті. Сонымен қатар, СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Африкадағы бейбітшілік пен тұрақтылық, халықаралық терроризмге қарсы тұру, Сириядағы дағдарысты реттеу, Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселелеріне және БҰҰ реформаларына ерекше назар аударатыны туралы атап өтті. Кездесуге қатысушылар «ЭКСПО-2017» мұрасына және АХҚО жобаларына, Жасыл технологиялардың халықаралық орталығына және т.б. қызығушылық танытты.Лондонға сапары барысында Қ.Әбдірахманов британдық парламентінің депутаттарымен, Боб Стюарт төрағалық ететін Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобының мүшелерімен кездесті. Министр британдық парламент мүшелерін Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерімен таныстырды, «100 нақты қадам» бағдарламасын мен жекешелендіру бағдарламасын іске асыру туралы, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту бойынша жоба туралы айтты. Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобының мүшелері қазақстандық-британдық қарым-қатынастарының даму серпінін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының Лондонға сапарының маңызды басымдылығы алдағы уақытта сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болды. Еуропа қайта құру және даму банкінің Президенті Сума Чакрабартимен кездесу барысында ағымдағы және перспективалық бірлескен жобалар талқыланды. ЕҚҚДБ басшысының айтуынша, Қазақстан Банктің үлгілі серіктесі болып табылады. Соңғы жылдары мемлекет және жеке сектормен бірлескен жобалардың саны айтарлықтай өсті және Қазақстанның аймақтағы және әлемдегі рөлі артты. ЕҚҚДБ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын және «Бір белбеу – бір жол» бастамасын іске асыруда сондай-ақ сыртқы нарықтарда ел маркетингін дамытуда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.Сыртқы істер министрінің беделді кәсіпкерлер - Британ-Қазақ Қоғамы мүшелерімен кездесуінің күн тәртібінде іскерлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының мұнай жобаларынан басқа салаларына инвестиция салуға қызығушылық танытқан «Independent Power Corporation» және «United Green» компанияларының басшыларымен жеке кездесулер барысында Қазақстан экономикасына инвестициялау және жаңа өндіріс орындарын ашу мәселелері талқыланды.Сапар соңында Қ.Әбдірахманов Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алатын қазақстандық студенттер қауымдастығымен кездесті. Сыртқы істер министрі шетелде білім алған жас қазақстандықтар кешенді жаңғырту бойынша стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда және әлемнің ең дамыған 30 ел қатарына кіруге елеулі үлес қосатындығын атап өтіп, студенттерге оқуда табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30654?lang=kk
Қазақстан мен Перу саяси консультациялардың бірінші кезеңін өткізді 14.04.2025
ЛИМА, 2017 жылғы 28 қараша - Қазақстан-Перу саяси консультацияларының бірінші кезеңі өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Перу Республикасының делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Нестор Пополизио басқарды.Консультациялар барысында екіжақты қарым-қатынасты кеңейту мен практикалық мазмұнмен толықтыру, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті нығайту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша қадамдар жасау мақсатында тараптардың алдағы уақытта саяси диалогты жандандыру туралы өзара ниеттестігі атап өтілді.Екі жақты өзара әрекеттестіктің қарқындылығын арттыру қажеттілігімен қатар, тараптар халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымен алмасты. Атап айтқанда, тараптар халықаралық саясаттың негізгі мәселелерін шешу тәсілдерінің ұқсастығы және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күрес жолындағы ынтымақтастықты кеңейтуге сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда өзара әрекеттесуге дайын екендігін растап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Қазақстандық дипломат ҚР Сыртқы саяси ведомство басшысы Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы аясында келесі жылы қаңтарда Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша БҰҰ ҚК министрлік пікірталастарына қатысу үшін Перу Сыртқы істер министріне арналған жеке шақыруын табыстады.Е. Ашықбаев Қазақстан Перумен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер сондай-ақ Кеңес аясында бірлескен мүшелік кезеңінде ортақ басымдықтар бойынша тығыз ынтымақтастық құруға сенім білдіретіндігін атап өтті. Перу дипломаты қазақстандық делегацияның Лимаға алғашқы ресми сапарын қошеметтеді және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту Перудың 2018 жылы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруіне байланысты маңызды екендігін атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері Саяси консультациялардың механизмін құру туралы меморандумға қол қойды, осылайша, Қазақстан-Перу құқықтық базасын кеңейтті.Сапар соңында Е. Ашықбаев Перу Республикасының Экспорт және туризмді дамыту агенттігі- PROMPERU директорымен кездесу өткізді және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мен екіжақты сауданы әртараптандыру мақсатында Қазақстанның басым экспорттық өнімдерінің тізімін тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30575?lang=kk
БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ҮШІНШІ ҚҰРЛЫҚ АРАЛЫҚ ЗЫМЫРАН ҰШЫРУЫН АЙЫПТАДЫ 14.04.2025
2017 жылғы 29 қараша, Нью-Йорк – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның құрлық аралық баллистикалық зымыран (КБЗ) ұшыруына байланысты төтенше кездесу өткізді. Отырыстың барлық қатысушылары соңғы алты айда үшінші рет орын алып отырған континент аралық баллистикалық зымыран сынағын табанды түрде айыптады.БҰҰ Бас xатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джефри Фельтман өз баяндамасында ү.ж. 29 қарашасына қараған түні ұшырылған солтүстік кореялық «Хвасонг-15» зымыранын 13 мың шақырымға дейінгі әрекет ету және АҚШ аумағына жету қабілетіне ие, ҚБЗ-ныңең жетілдірілген моделі ретінде мойындады.Сонымен бірге Дж. Фельтман Пхеньянның соңғы екі жыл бойғы ядролық сынақтары мен зымыран ұшырулары Корей түбегінде және одан тыс жерлерде елеулі шиеленістерге әкеп соққанын атап өтті. «Әскери қақтығыстың мүмкін салдары мен қауіп-қатерлерін есепке ала отырып, Қауіпсіздік Кеңесі өзінің басты жауапкершілік міндеттемелерін жүзеге асыру аясында дағдарыстың ушығуына жол бермеуі қажет және Кеңес арасындағы бірлік айрықша маңызға ие», - деп ескертті Фельтман.Қазақстан Пхеньянның кезекті провокациялық әрекетіне зор алаңдаушылығын білдіре отырып, оны халықаралық қоғамдастықтың талаптарына қайшы келетін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық тиісті қарарларын өрескел бұзатын теріс амал ретінде таныды. Қазақстандық делегацияның пікірінше, мұндай арандатулар одан да үлкен қақтығыстар тудырып, шиеленістің жаңа толқынына алып келеді. Осы ретте, Қазақстанның Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров Солтүстік Корея дағдарысын бейбіт жолмен шешудің өзге баламасы жоқ екеніне сенімін білдіре отырып, ол тек келіссөздер, диалог және тараптардың ерікті ниеті арқылы ғана мүмкін болатынын айтты.«Біз әскери әрекеттерге дейін барудан аулақ болып, күш-жігерімізді негізінен саяси-дипломатиялық амалдарды іздестіруге жұмылдыруымыз қажет. Сондықтан проблеманы жан-жақты және ұжымдық негізде шешу үшін Астана жаңа саяси және дипломатиялық әрекеттерді қолдайды. Сенiмдi нығайту шаралары негізінде және сындарлы өзара iс-қимыл мен бiрлескен талқылаулар арқылы ғана бұл күрмеуі қиын жағдайдан шығуға болады », - деп отандық дипломат өз ойымен бөлісті.Отырыс соңында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Корей түбегіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте мойындай отырып, Пхеньянға қарсы барлық санкциялық шаралардың тиімді орындалуымен бірге, саяси және дипломатиялық жолдарды іздестіруге бейілділігін растап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30551?lang=kk
Опера сахнасының жұлдыздары Дж. Россинидің «Шағын салтанатты мессасын» шырқайды 14.04.2025
Кештің басты кейіпкерлері – «Астана Опера» Хоры мен Симфониялық оркестрі, дирижерлық тізгінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.Мессадағы таңдандырарлық опера әуендері мен таңдаулы хор нөмерлерінің үйлесуі, елордалық көрермендітәнті етері сөзсіз.Туындының тұсаукесерінен кейін Джакомо Мейербер Россиниге: «Құдай сізге осындай жауһар туындының бірнешеуін жазу үшін, жүз жасауды бұйырсын және маған да сіздің мәңгі өлмес асқақ туындыларыңызды тамашалау үшін, дәл сонша жасқа жетуімді нәсіп етсін!»деп сүйсіне жазған хатын жолдағаны белгілі.«Шағын салтанатты месса» - Еуропаның ең атақты әрі табысты опера композиторларының бірі, 40 астам операның авторы Джоаккино Россинидің шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туынды. Оны композитор опера жолындағы қызметін аяқтағаннан кейін жазған. «Шағын салтанатты месса» – кемеңгердің оқиғаға толы өмірі мен шығармашылығының қорытындысы.«Шағын салтанатты месса» туындысының атауы оның көлеміне емес, бастапқыдағы сүйемелдеуші тақуалық құрамына – фортепиано мен органға, дәлірек айтқанда гармониумға (дыбысы фисгормонияға жақын аспап) байланысты аталған. Мұндай сүйемелдеу автор тарапынан өте дұрыс таңдалған, өйткені оркестр Россини стилінің жасыра алмайтын опералық табиғатын айтарлықтай айқындай түспек. Шығарма оркестрдің орындауында алғаш рет композитор дүниеден озған кезде ұсынылды. «Астана Опера» тыңдарманы оны осы нұсқада ташамалайды. «Шағын салтанатты месса» – ерекше жарқын,мөлдір туынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/30094?lang=kk
Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің сегізінші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы 14.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 21-22 желтоқсанда орын алады.Сіздерді 22 желтоқсанда «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 15 желтоқсанға сағат 12.00-ге дейін толтыру аккредиттеу нысанын (https://goo.gl/forms/Lo1wcRFnzdCShNmz2 ).Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/29601?lang=kk
«Астана Операдағы» жаңа дебют 14.04.2025
Аризона штаты университетінің (АҚШ) «Опералық ән айту» мамандығы бойынша магистранты, «Метрополитен-опера» байқауының (2006, АҚШ) өңірлік кезеңінің жеңімпазы Евгений Чайников театр репертуарын белсенді түрде игеріп келеді. «Астана Опера» театрындағы Евгений Чайниковтың сомдап үлгерген образдарының ішінде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Жиренше рөлі, Дж.Пуччинидің «Тоска» операсынан Скарпиа, Дж.Вердидің «Аида» операсынан Амонасро партиялары көпшіліктің әлі есінде. Американдық консул Шарплес – оның репертуарындағы жаңа кейіпкер.- Аталған партиямен жас кезімнен бастап жұмыс істедім, оны орындауды бұрыннан армандайтынмын. Алайда, менің кейіпкерімді сезініп, түсіну үшін іштей кемелдену керек еді. Есейген сайын «Мадам Баттерфляй» операсын басқаша түсіне бастадым, бұл жан тебірентер оқиға. Шарплесті бәрінен бұрын адамгершілігі мол, қамқор әке ретінде көремін: ол Пинкертонға махаббатпен ойнауға болмайтынын, өйткені жас Баттерфляй оның сөзіне сеніп, шын мәнінде ғашық болып қалуы мүмкін екенін ескертеді, соңында айтқаны дәл келеді. Шарплеске бас кейіпкермен бірге уайымдап, мұның бәрін сырттай бақылауға тура келеді. Мен қазір вокал жағынан ғана емес, образды ашу бойынша да жұмыс жасап жатырмын: көптеген әлемдік деңгейдегі қойылымдарды көріп шықтым, шындыққа жанаспайтындай болып көрінбес үшін, ең ұтымды тұстарын табуға тырысудамын, - дейді Евгений Чайников.Бір қызығы, шамамен бір жыл бұрын тұсауы кесілген бұл операда Евгений Чайниковтың ұлы – Никита Чайников Баттерфляйдың ұлының рөлін ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29533?lang=kk
Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы - бақылауда 14.04.2025
25 шілдесі күні «Батыс - 2» ауданындағы Денсаулық саябағында тұрғындармен Облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекенов, Ақтөбе облысының Экология департаментінің басшысы Ж.Иманқұлов, Ақтөбе қаласының жер қатынасы бөлімінің басшысы Ұ. Мыңбаев және «Ақбұлақ» АҚ-ның президенті А.Ибраев -тың қатысуымен кездесу өткізілді. Қаланың экологиялық жағдайы туралы тұрғындар Денсаулық саябағында өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қоя алды. Қала тұрғындары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардан жасалып жатқан іс-шаралар және қаладағы жағымсыз иістен қашан құтылатындары жайында сұрақтар мазалаған болатын. Тұрғындардың сұрақтарына мемлекет басшылары Ж.Иманқұлов, Ұ.Мыңбаев, А.Ибраев жауап берді.Облыс әкімінің орынбасары Қ. Бекенов мәлімдемесі бойынша Ақтөбе қаласындағы қоршаған ортаны ластаушы көздер тұлғаларына қатаң жаза қолданылатындығы жеткізілді. Сонымен қатар, 25 шілде күні Ақтөбе қаласы Кірпішті ауылындағы кәріздік құю стансасының құрылысында кезекті кездесу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29493?lang=kk
1 қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесіндегі төрағалығын бастайды 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жыл 29 желтоқсан – Қаңтардың 1-нен 31-не дейін Қазақстан тарихта тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттілігін орындауға кіріседі.Төраға Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне жалпы басшылық етеді, БҰҰ Хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік Кеңесінің күнделікті үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Төрағалықтың міндеттеріне Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің келісімі бойынша Кеңестің атынан, сондай-ақ бейресми консультациялар барысындағы талқылаулардың қорытындылары бойынша және Қауіпсіздік Кеңесі әрдайым қандай да бір құжаттың мәтіні бойынша келісімге қол жеткізген кезде баспасөз алдында мәлімдемелер жасау кіреді.2 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің тұрақты өкілдері қаңтар айында төрағалықтың бағдарламасын қарастырып, қабылдайды деп күтілуде. Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері болып табылмайтын БҰҰ-ға мүше елдер, баспасөз бен Үкіметтік емес ұйымдар үшін Кеңес жұмысының бағдарламасы туралы брифингтер өткізіледі. Қазақстанның бастамасымен Кеңестің тұрақты емес мүшелері ретінде екі жылдық мерзімге сайланғанына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінде алғаш рет Кот-д'Ивуар, Кувейт, Нидерланд, Перу, Польша және Экваториалды Гвинея елдерінің байрақтарын ресми түрде орнату рәсімі өтеді.18 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен БҰҰ ҚК мүшелерінің «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенімді нығайту шаралары» тақырыбында жоғары деңгейдегі тақырыптық пікірталастары өтеді.19 қаңтарда «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбында БҰҰ ҚК-нің министрлік пікірталасы өтеді. Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдері сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысады деп күтілуде.25 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдері деңгейінде «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тақырыбында тоқсан сайынғы ашық пікірталастары өтеді.Сонымен қатар дәстүрлі түрде қаңтар айында Қазақстан төрағалығының аясында Кеңесте Сирия, Либия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Дарфур, Батыс Африка және Сахель, Оңтүстік Судан, Мали, Сомали, Кипр және Колумбия елдеріндегі жағдай бойынша ашық және жабық пікірталастары өтеді. Төрағаның бірқатар қарарлары мен мәлімдемелерінің қабылдануы жоспарлануда.2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі Қазақстанның басымдықтары Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне арналған «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауында көрсетілген. Олар жетеу: I) ядролық қарусыз әлемді жақындату; II) жаһандық соғыс қатерін болдырмау және жергілікті жанжалдарды реттеу; III) өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуда Орталық Азияның мүдделерін ілгерілету; IV) терроризмге қарсы күрес; V) Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері;VI) қауіпсіздік пен орнықты дамудың арасындағы ажырамас байланыстарды қамтамасыз ету; VII) Қауіпсіздік Кеңесі мен бүкіл БҰҰ жүйесін XXI ғасырдың қауіп-қатерлеріне бейімдеу.БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету жоғары халықаралық мәртебе болып табылады, себебі Қауіпсіздік Кеңесі мәжбүрлеу шараларына, экономикалық санкцияларға немесе ұжымдық әскери әрекеттерге қатысты шешімдер қабылдай алады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басты жауапкершілікті өзіне жүктейді және БҰҰ-ның барлық мүшелері оның шешімдеріне бағынуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/29443?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫҢ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСIНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ 14.04.2025
Қызылорда облысы бойынша экология департаменті жанынан құрылған мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесі отырысымен «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-ның (бұдан әрі - АҚ) Майбұлақ, Арысқұм, Құмкөл кен орындарының 2018 жылға жасалған атмосфералық ауаға тасталынатын ластағыш заттар шығындыларының норматив жобасы қаралды.Кеңес отырысы барысында АҚ өкілі өздерінің дайындаған жобалары туралы қысқаша ақпарат берді.Кеңес мүшелері тарапынан шынайы уақыт режимінде деректерді қашықтықтан беру бойынша автоматты мониторинг жүйесін енгізуге қатысты іс-шараларды қарастыру жөніндегі мәселені жоспарға қою туралы ұсыныс берілді.Кеңесте ҚР ҰКП «Атамекен» Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының, «Табиғат тынысы» облыстық қоғамдық-экологиялық газетінің, Қызылорда облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, «Казгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының, АО «ПККР», ТОО «АртНефтьСтройПроект», ТОО «Цитрин»,Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және т.б. өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29426?lang=kk
2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 14.04.2025
2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың орындалуына бақылау жасауды күшейту мақсатында асыл газдар мониторингінің радионуклидтік станциясы түрінде мүліктей салым бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Меморандум шеңберінде Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде асыл газдарға мониторинг жасау үшін радионуклидтік станцияны жеткізуді жүзеге асырады.Станция өңірде ядролық сынақтардың салдарынан пайда болатын радиоактивті инертті газдардың болу нышанына ауа мониторингін күшейтуге мүмкіндік береді, және дүние жүзінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін күшейтуге жағдай жасайтын болады.Қазақстан Республикасы мен Канада Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТСШ) және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТТШ) мүше болып табылады, ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру режимін жан-жақты нығайту бойынша мүдделері ортақ.Қазақстан Республикасы Президентінің әлемдік қауымдастықпен мойындалған ядролық қаруды таратпау саласындағы саясатының арқасында канадалық тарап радионуклидтік станцияны Қазақстанда орнатуды ұсынды.Құны 1 600 000 канадалық долларға тең станцияны пайдалану Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына тапсырылды.ҚР Ұлттық ядролық орталығы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимін қолдау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында Қазақстандағы жетекші ғылыми ұйым болып табылады.Станцияны пайдалану барысында Канада мен Қазақстан ядролық қарусыз әлем саясатын нығайту мақсатында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымымен тығыз ынтымақтастықта болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29416?lang=kk
Аншлаг және тағы да аншлаг 14.04.2025
Қазіргі уақытта «Астана Опера» балеттік труппасыаты аңызға айналған петерборлық театрдың жаңа сахнасында репетициясын жүргізуде, ал Мариинский театрының Симфониялық оркестріқазақстандық әріптестері: спектакльдің қоюшы дирижері АрманОразғалиев, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, флейта тобының концертмейстері АлексейКосырев, арфашы Любовь Ткаченко және соқпалы аспаптар тобының үш музыкантымен бірге партитурамен жұмысты бұдан бұрын бастаған.- Дүние жүзіндегі ең атақты опералық театрлардың бірінің сахнасында өнер көрсету, біз үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Қос ұжым арасында жемісті ынтымақтастық жалғасын тапқанына бірнеше жыл болды. Петерборлық көрерменнің гастрольдік спектаклімізге қызығушылық танытқаны, сөзсіз, бізді қуантпай қоймайды.Үлкен табыспен өнер көрсетеміз деп үміттенеміз, - деді «Астана Опера» театрының директорыҒалым Ахмедьяров.Мариинский театрында Квазимодо партиясын көптеген халықаралық байқаулардың Бас жүлде иегері Бақтияр Адамжан жәнеҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітпеков орындайтынын еске салайық. Эсмеральда рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева және Мәдина Баспаева. Феб – халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов пен Арман Оразов. Клод Фролло – халықаралық байқаулардың лауреаттары Ғазиз Рысқұлов, Серік Нақыспеков. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова.Виктор Гюгоның аттас романы бойынша 1965 жылы қойылған француздық хореография жауһары, күні бүгін де өзектілігін сақтаған, бұл аталған қойылымға көрерменнің қызығушылығы шексіз екенін дәлелдейді. Оны жарыққа шығарғандардың –«Оскар» сыйлығының үш бірдей иегері, композитор-авангардшы Морис Жарр, XX ғ. атақты балет классигі Ролан Пети, барлық заманның үздік кутюрьелерінің бірі Ив Сен-Лоран және белгілі театрлық суретші Рене Аллио– нәзік те мінсізталғамы, сарқылмасқиялы мен жаңашылдыққа әуестігі дүниеге нағыз ғажайыптың –неоклассиканың нағыз «маржанының» келуіне негіз болды.«Астана Опера» сахнасында «Париж Құдай Анасының соборы» спектакліне көрермен де, қатал сыншылар да бірдей тәнті болды. Қойылым театр тепертуарында ерекше орынға ие. Өнертанушы Лира Бекболатова балетке деген таңданысын Esquire басылымында былай білдірді: ««Париж Құдай Анасының соборы» балеті «Астана Опера» театрының ең ерекше тұсаукесері екенін әсірелеместен атап өтуге болады». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29390?lang=kk
Ашық НҚА 14.04.2025
Құрметті азаматтар!Сіз «Ашық НҚА» порталында орналастырылған заң жобалары туралы өз пікіріңізді білдіре отырып, еліміздің болашағын қалыптастыруға қатыса аласызПортал әрбір адамға:- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларымен танысу- Түсініктемелер мен ұсыныстар қалдыру- Басқа азаматтармен бастамаларды талқылау- Болашақ заңдардың мазмұнына ықпал етуНеге бұл маңызды?Қоғамдық талқылау заңнаманы әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Бұл заңдарды әділ, ашық және тиімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1082044?lang=kk
Ашық бюджеттер 14.04.2025
Портал мемлекеттегі «бюджеттік жоспарлау» ұғымы туралы азаматтардың түсінігін жеңілдету және бюджеттік қаражатты жұмсауды қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позицияны дамытуды ынталандыру мақсатында құрастырылған.«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ашық бюджеттер порталында жыл сайын келесі ақпарат жарияланады: - бюджеттік есептілік;- шоғырландырылған қаржылық есептілік;- мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат;- бюджеттік бағдарламалардың жобалары.Сонымен бірге халық портал арқылы бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, өткен қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есептерін талқылай алады.Бұқаралық талқылау азаматтар мен үкіметтің өзара әрекеттестігін халықтың бюджеттік қаражатты бөлу барысында белсенді қатысуы арқылы арттыруға бағытталған. Азаматтар өз ұсыныстарын, бюджеттік бағдарламалар/бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есептер жобаларына қатысты комментарийлерді жіберуге құқылы. Мұндай ұсыныстар мемлекеттік органдарға мұндай ұсыныстарды ары қарай жұмысында есепке алуға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29376?lang=kk
2017 жылы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қызмет туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА 14.04.2025
2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - «ҰИМТ» АЭА) жұмыс істегеннен бастап инвестициялардың жалпы көлемі 185,7 млрд. теңге, оның ішінде 2017 жылы – 6,7 млрд. теңгені құрады. Жалпы 1244 жұмыс орын құрылды, оның ішінде 2017 жылы – 794 (құрылыс кезеңінде – 739). Салықтық аударымдардың көлемі 20 млрд. теңге, оның ішінде 2017 жылы – 940 млн. теңгені құрады.Мемлекет тарапынан инвестицияларды тарту мақсатында АЭА инфрақұрылымын салуды қаржыландыру, сондай-ақ жобаларды ұзақ мерзімді негізде шикізатпен қамтамасыз ету, салықтық және кедендік жеңілдіктер беру, жобалау мен салу кезінде халықаралық нормаларды тікелей қолдануға рұқсат беру, және де шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімін жеңілду сияқты мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп келеді.Анықтама:«ҰИМТ» АЭА 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейін құрылды.Қазіргі уақытта «ҰИМТ» АЭА аумағында екі ірі жоба жүзеге асырылуда: олар қуаттылығы 310 МВт болатын газтурбиналық электрстанцияның құрылысы (бұдан әрі - ГТЭС) («Karabatan Utility Solutions» ЖШС) мен қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндірісіннің («KPI Inc.» ЖШС) құрылысы, сондай-ақ полимер өнімдерін өндіру бойынша жобасы іске асырылған («Polymer Production» ЖШС).ГТЭС жобасы бойынша негізгі технологиялық қондырғылардың монтажы іске асырылды (4 дана қуаттылығы 50 МВт газтурбиналық қондырғы, 2 дана қуаттылығы 55 МВт бутурбиналық қондырғы , 4 дана жойғыш қазандықтар), бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске асырылғаннан бастап құрылған жұмыс орындарының саны 831 адамды құрайды.Анықтама:2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша АЭА I-ші кезектегі инфрақұрылымының дайындығы 31,5 % құрайды.Инфрақұрылымның келесі объектілері салынған: Зауыттық теміржол стансасы, кірме темір жолы (15,6 км), Қарабатан теміржол стансасын кеңейту, айналма автомобиль жолы бар жол өтпесі, кірме автомобиль жолы (5,3 км) және электр өткізу желісі.Полимерлік өнімдер өндірісі бойынша пайдалануға берілген зауыт (2015 жылдың соңында) 2017 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд. теңге құрайтын биаксальдық-бағдарланған полипропилен қабықша, үшқабатты полиэтилен қабықша мен полипропилендік қаптар өндірді. Қызметкерлердің саны 296 адамды құрайды.Полипропилен өндірісі бойынша жоба белсенді фазада тұр, атап айтқанда, бас мердігердің жобалық тобы жұмылдырылды, егжей-тегжейлі инжиниринг басталды. Тапсырысты орындау үшін ұзақ мерзімді әзірленетін жабдықтардың тізімін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылдың екінші жартысында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.Анықтама:Жобаға өтініш беруші «KPI Inc.» ЖШС («KPI Inc.» ЖШС қатысушылары «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС-сы табылады («Самұрық-Қазына» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы).Полипропилен өндірісі бойынша жобаның құны 2,6 млрд. АҚШ долларды құрайды.Жұмыс орнын құру: құрылыс кезеңінде - 3000 адам, пайдалануға берілгеннен соң - 500 адам.Бұдан басқа, «ҰИМТ» АЭА аумағында параксилолды полиэтилентерефталатқа (қуаттылығы жылына 430 мың тоннаға дейін) және бензолды циклогексанға (қуаттылығы жылына 150 мың тоннаға дейін) одан әрі қарай өңдейтін жобаларды іске асыру мүмкіндігі зерттелуде.Полиэтилентерефталат өндірісінің жобасы бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қазір жобаны бірлесіп жүзеге асыруға стратегиялық әріптес іздестірілуде.Циклогексан өндірісі бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүргізілуде. Осылайша, «ҰИМТ» АЭА аумағындағы көмірсутек шикізатын тереңдетіп өңдеу бойынша жоғарыда аталған жобаларды іске асыру мұнай-газ химиялық кластерді құрудың негізі болып табылады.Өз кезегінде кластерлік қарым-қатынас жоғары қосылған құнды тізбектерді ұзарту арқылы жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді.Мұнай-газ химия өнеркәсібінің дамуы экономиканың басқа салаларында мультипликативті көрініс табады.Мұнайгаз-химияға инвестициялаған әрбір доллар 2-3 долларға өсімді қамтамасыз етеді және әрбір жаңа жұмыс орны экономикада 7 жаңа жұмыс орнын құруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29371?lang=kk
Ашық Диалог 14.04.2025
Ашық Диалог – халық пен мемлекет арасында диалогты жүргізуге арналған ашық алаң және қашықтық, кезек, міндетті шарттарға сәйкестік туралы білмеу секілді барьерлерді жоюға көмектеседі.Порталдың негізіг мақсаты – мемлекеттік органдар қызметіне азаматтарды тарту. Пайдаланушылар өтінішті тікелей бере алады және нақты мемлекеттік органына немесе жергілікті әкімдікке ұсыныстарды жібере алады, ұялы байланыс сапасы туралы хабарлай алады, әлеуметтік маңызы бар сауалнамаларға қатыса алады. Портал үш негізгі сервистен тұрады:МО бірінші басшыларының блог-платформасыИнтернет-конференцияларСауалнамаларТұрақты негізде ҚР Энергетика министрдің блог-платформасы жұмыс істейді: https://dialog.egov.kz/blogs/32779/welcome.2017 жылы Ашық Үкіметтің «Ашық диалог» порталында келесі тақырыптар бойынша интернет-конференцияларды өткізді:1. ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер;2. экология саласындағы мемлекеттік қызметтер;3. электр энергетика саласындағы жаңалықтар (100 қадам);4. үш МӨЗ жаңарту барысы туралы;5. өндірушілердің (импортерлердің) кеңейтілген міндеттемелері туралы;6. Қазақстанда Энергияның жаңартпалы көздерін дамыту.7. Қазақстанның зияткерлік энергия жүйесін құру (Смарт Грид);8. халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру;9. жер қойнауын пайдалану саласын дамытуды уәждемелеу;10. жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) мен сұйытылған мұнай газына баға.Министрлік «Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша 10 сауалнаманы өткізді (https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/list?govAgency=9):1. Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензия алу;2. І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу;3. І санат объектілері үшін экологиялық рұқсаттар беру;4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензияларды беру;5. ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша қызметалушыларға арналған сауалнама.Министрліктің келесі мемлекеттік қызметтері бойынша сауалнамаларды өткізу жоспарлануда:6. Газ-желілік ұйымдар аккредитациясы;7. Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай- химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру;8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарға және қызметтер көрсетуге лицензия алу;9. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензия алу;10. Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29368?lang=kk
Алматы «Астана Операны» қошеметпен қарсы алды 14.04.2025
- «Астана Опера» гастроліне көрсеткен қолдауы үшін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысымды білдіремін. Мәдени алмасудың арқасында біз орындаушылар ретінде өсудеміз, өнерімізді түрлі қала мен елдегі көрерменге сыйлау мүмкіндігіне иеміз, біз үшін бұл аса маңызды. Бүгінгі спектакль үлкен жетістікпен өтті, біз, әртістер, алматылық тыңдарманның жылы шырайын, ықылас-шаттығын, көрермендер аудиториясын сезіне білдік, асқақ өнерге деген махаббаттары үшін мың да бір рахмет, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы.Осы кеште жетекші партияларды елордалық театрдың әртістері ұсынды. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин вокалдық әрі актерлік тұрғыдан тамаша орындап шықса, Айдар рөлінде халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнеш керемет өнер көрсете білді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера примасы Майра Мұхамедқызы Ажар бейнесінде ғажайып актерлік жұмысын көрсетті, даусы жұмсақ, нәзік әрі жарқын естілді. Қарлығаш партиясын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты Татьяна Вицинская орындады. Көкпай рөлінде – дарынды Талғат Ғалеев. Әзім – Бейімбет Таңарықов, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян Сырттан бейнесін сомдаса, Евгений Чайников Жиренше кейпінде болды. Нарымбет – Рамзат Балакишиев, Мес – Хайдар Мұстапин.- Өте қызықты қойылым болды. Сәнді-сәулетті декорациялар мен киімдері, халық ән-билерінің әуезді байлығы бар ұлттық операның классикалық үлгісі. М.Әуезов, А.Жұбанов және Л.Хамиди сынды есімдер операны мәңгі әрі ұлы етеді. Бүгін барлық әртістер жақсы деңгейде болды, оркестр мен хор керемет дыбысталды! Бір ғана айтарым: «Браво, «Астана Опера»», - деп әсерімен бөлісті Дулат Омаров есімді көрермен.«Абай» қойылымына көрнекті мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері жоғары бағасын берді. Олардың қатарында – Әлібек Дінішев, Асанәлі Әшімов және, Есмұхан Обаев т.б. бар. Үзіліс кезінде олар дирижердің асқан шеберлігін, оның тұлғасының ауқымдылығын атап өтті, вокалистердің сапалы жұмысы жайлы сөз етті.- Операның жаңа оқылымы, керемет декорациялары мен киімдері маған ерекше əсер етті. «Абай» операсының соңы өз еліңмен, тарихыңмен, əдебиетіңмен, халқыңмен мақтан еткізеді, - деп бөлісті қойылым соңынан танымал қазақстандық опера əншісі Əлібек Дінішев. - Гастроль керемет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатыр, ол барша әлемге ел мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы сапарымызға өте қуаныштымын, себебі театрларымыз шығармашылық диалог жасап, достығымызды нығайтуда. Бүгін біз Қазақстанның Оңтүстік астанасында, опера өнеріміздің қара шаңырағы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында өнер көрсеттік. 1944 жылы бұл жерде «Абай» операсының тұсауы кесілген еді. Осы қойылымды орындау – труппамыз үшін жауапты емтихан. Алматылық көрермен көзі ашық, оқыған, мәдениетті, және бүгін соғылған ду қол шапалақтар, ыстық лебіздер біз үшін үлкен марапат әрі еңбегімізге берілген жоғары баға болды, - деді маэстро Алан Бөрібаев.«Астана Операның» бас дирижері «Абай» спектаклі бойынша бұл оның алғашқы жұмысы еместігін және осы операның халықаралық маңызын атап өтті.- 2013 жылы Германияда «Абай» операсының жаңа қойылымын жүзеге асырдым, ол орасан зор жетістікке ие болды, оның үстіне сол жылы композиторлар Р.Вагнер мен Дж.Вердидің 200 жылдығы болатын, олардың туындыларынсыз әлемнің бірде-бір театрын елестетуге болмайды. Үш қойылым «Жыл қойылымы» атағына номинацияланды, олар – Р.Вагнердің «Запрет любви, или Послушница из Палермо», Дж.Вердидің «Бал-маскарад» және А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» қойылымы болатын, және Р.Вагнер мен Дж.Вердидің мерейтойлық жылында «Абай» операсы жыл қойылымы деп танылды! Туынды өз көрерменінің жүрегін жаулауда. 2014 жылы Абай атындағы МАОБТ-мен бірге бұл операны Францияда орындадық, олар да таң қалдырарлық жетістікпен қабыл алды. Мен әрдайым қазақ өнерін насихаттап жүремін, оркестрмен өнер көрсеткен кезде, бағдарламаға қазақ симфониялық музыкасын қосуға тырысамын. «Абай» операсының үшінші пердесіндегі билер – Үйлену тойының сюитасын BBC Radio 3 (Лондон) радиосына жаздым. Соңғы рет «Абай» қойылымындағы билерді Жапонияда орындадым және жетекші жапон басылымдарының бірі - «Ёмиури симбун» біздің музыкамыз жайлы сүйсіне мадақтап, пікір білдірді. Бұл операны ести сала, жұрт маған келіп: «Нотасын беріңізші! Осы опера туралы көбірек қалай білуге болады? Абай деген кім?... деп сұрайды. «Абай» операсы кілт тәрізді түрлі халықтардың жүрегіне жол тауып, ашады! – деп қосты Алан Бөрібаев.- Бұрын, қазақ опералары, ең алдымен, өзімізге қызықты деп ойлайтынмын, себебі өзімізді тану аса маңызды, бірақ, бұл операның музыкасы әмбебап, ол жер-жаһанда бірдей шаттықпен қабылданады. «Абай» операсы өнеріміздің бетке ұстарына айналды. Оны әрқашанда да орындаймыз және оған әрдайым жүрегіміз ерекше тулайтын болады. «Абай» - біз үшін қасиетті тақырып, - деп сөзін қорытындылады маэстро.Қоюшы режиссер - Джанкарло дель Монако, сценограф – қазіргі заманның атақты суретші сценографы Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, виртуалдық декорацияларды жасаған – Серджио Металли, жарық бойынша суретші – Виничо Кели. «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.Еске салар болсақ, ертең, 11 ақпан күні «Абай» қойылымының екінші көрсетілімі өтеді, Қарлығаш рөлінде болашағы жарқын жас әнші, керемет меццо-сопрано дауыс иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты Малика Минизини дебют жасайды. Сонымен қатар баритон Ержан Саипов та алғаш рет Көкпай партиясын әзірлеп жатыр. 14 ақпан күні сағат 19.00-де ХХ ғасырдың атақты хореографы Кеннет Макмилланның «Манон» балеті орын алады. Ал 17-18 ақпан күндері сағат 18.00-де өтетін Морис Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы» балет спектаклімен гастрольдік сапар өз мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29230?lang=kk
Малика Минизини: «Өнер ордасы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында дебют жасау – біздер үшін үлкен мәртебе» 14.04.2025
- Ұлттық операда өнер көрсету – әрдайым жауапты іс, себебі сен Қазақстанның мәдени өнерінің айтулы жетістіктерінің бірін лайықты ұсынып, композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамиди жасаған жауһар туындысын дұрыс интерпретациялауың қажет. Қарлығаш партиясы бойынша ұзақ жұмыс жасадым, бұл маңызды әрі актерлік тұрғыдан өте күрделі рөл. Менің кейіпкерім – әзіл-қалжыңды керемет түсіне білетін, ақылына көркі сай, кішіпейіл, нәзік. Қарлығаштың алғаш рет сахнада пайда болуы шаттық пен қуанышқа толы көңіл-күй қалыптастыруы қажет. Көкпай екеуміз қойылымға жаңа мерекелік леп әкелеміз, себебі Абай бізге беташар өткізіп, тойға дайындықты бастау бойынша тапсырма береді. Маэстро Алан Бөрібаевқа бізге артқан сенімі мен көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Осы операны бірнеше рет орындаған әріптестерімізбен жұмыс жасау өте ыңғайлы болды, олар Ержан Саипов екеумізге құнды кеңестерін берді. Осы дебют гастроль аясында өнер ордасы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында орын алғаны біз үшін аса маңызды, үлкен мәртебе, - деді өнер көрсетуінен кейін «Астана Опера» солисі Малика Минизини.Опералық жауһар туынды кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің либретто желісімен жасалған. Хикаяның негізінде – ұлы қазақ ақыны, ағартушы әрі философ Абай Құнанбаев (1845-1904) өмірінің драмалық оқиғалары жатыр.- Жолдасымыз екеуміз Абай атындағы МАОБТ-ның тұрақты көрермендеріміз. Бұл операны алматылық труппаның орындауында жиі естіп тұрамыз, бірақ бүгінгі спектакльдің есімізде ұзаққа сақталары айқын. Осы қойылымды ұлттық классика мәнінің шыңы деп атауға болады. Бір ғажабы, опера бастапқы авторлық нұсқаны сақтап қалған. Сахна төрінде керемет сәнді кітапхана айқара ашылған кезде көрермен қауымның шаттығы естіліп, зал ерекше таңданды! Әрине, біз жас вокалистерді бағаладық, бүгін орындаушылардың мықты құрамы өнер көрсетті. Олар өз партияларын нық сеніммен орындады, әртістердің дайындығы тамаша, - деп атап өтті Азамат пен Динара Саликовтар.Еске салар болсақ, бүгін басты партияларды орындағандар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Жанат Шыбықбаев, Айдар рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов, Ажар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова. Қарлығаш – халықаралық байқаулардың лауреаты Малика Минизини. Көкпай – Ержан Саипов, Сырттан – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Болат Есімханов және т.б.Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев, «Астана Опера» бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы режиссер – Джанкарло Дель Монако (Италия).«Астана Операның» Алматыдағы гастролі 10-18 ақпан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру») бағдарламасы аясындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» халықаралық жобасы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29225?lang=kk
Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссия отырысына Баспасөз релизі 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 28 наурызда Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.Мұнай және газ жөніндегі комиссияның отырысында келесі мәселелер қарастырылды:1. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарымен отандық нарықта ЖЖМ үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету бойынша жұмысты пысықтау;2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұлттық оператордан сатып алынатын тауарлық газды сату үшін құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық кемшіліктерді жою туралы есепті тыңдау;3. Қарағанды бассейнінен көмір қабаттарынан метанды өндіруді дамыту;4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекске сәйкес жаңа механизмдер және ережелер туралы.Отырысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері, Министрліктің, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағының өкілдері қатысты.Бірінші мәселе бойынша Комиссия жетекшісі Б.Ауетаевпен ішкі нарықтың қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ететін нақты уақыт туралы мәселені көтерді, сондай-ақ ресурстарды ұстаушылардан мұнай өнімдерін сататын көптеген делдалдық құрылымдарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылды. Екінші мәселе бойынша Комиссия мүшесі В.М. Борисовпен газ және газбен жабдықтау саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Министрліктің «ҚазТраснГаз» АҚ тығыз өзара байланыс механизмін пысықтау мәселесі көтерілді.Үшінші мәселе бойынша «ҚазТраснГаз» АҚ өкілдерімен көмір қабаттарынан метан өндіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы егжей-тегжейлі баяндалды және осы жобаны одан әрі зерттеу үшін қаржыландыру жолдарын іздеу мәселесін көтерілді.Осы мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29020?lang=kk
Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) бойынша баспасөз-хабарлама 14.04.2025
Еуразиялық экономикалық комиссиясы (бұдан әрі – ЕЭК) кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) (бұдан әрі – техникалық регламент) қабылданды, ол 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.Техникалық регламент ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазанындағы № 79 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістерді енгізу жоспарына сәйкес әзірленген.Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) аумағында тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың (бұдан әрі - мұнай) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оның Одақ аймағында еркін өткізуді қамтамасыз ету үшін мұнайды таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.Техникалық регламент айналымға шығарылатын және Одақ аумағындағы айналымдағы мұнайға таратылады, техникалық регламент Одақтың кеден аумағынан тыс жерге экспортталатын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақталатын, сондай-ақ дайындаушымен (өндірушімен) тек өздерінің қажеттіліктері үшін пайдаланатын мұнайға қолданылмайды.Айналымға шығарылатын және Одақ аумағындағы айналымдағы мұнай, физика-химиялық көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуға тиісті.Мұнайдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау паспортты рәсімдеумен сынау түрінде жүргізіледі.Мұнай Одақ нарығындағы өнімдер айналымы бірыңғай белгімен таңбаланады, ол паспортында жазылады.Мұнайдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде сынақ әдістері техникалық регламенттің талаптарын пайдалану мен орындау үшін және мұнай сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістері және ережелері, соның ішінде үлгілерді іріктеу ережелері бар халықаралық және аймақтық (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізіміне енгізілетін стандарттарда белгіленеді.Техникалық регламенттің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/tr/Pages/TR_EAEU_045.aspx сілтеме бойынша танысуға болады.Сондай-ақ, ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы шешімімен техникалық регламентінің өтпелі ережелері қабылданды. Аталмыш өтпелі ережелердің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/0143505/clcd_07032018_36 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29017?lang=kk