Enbekshi QazaQ

Қоғам

2017 жылдың ақпан айында шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам рұқсат берілді 10.04.2025
2017 жылдың ақпан айында, жергілікті атқарушы органдар тарапы, 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады. Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет, тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса, «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» әдісі арқылы да жүзеге асырылады.Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.Бұл ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл  290 мың мен 530 мың теңге аралығы.Аталған ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде – 70%, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде – 90%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13433?lang=kk
Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты 10.04.2025
Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тамара Дүйсенова, өңір тұрғындарына мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын ұйымдарда болды.ҚР ЕХӘҚМ басшысы бірінші кезекте Ақтөбе қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, Қурайлы ауылдық округі әкімдігіндегі «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» жобасын (әрі қарай – АРМ АСО) жүзеге асыру жайына қанықты.Тамара Дүйсенова, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған психоневрологиялық сырқаттарға шалдыққан мүгедек балаларға қызмет көрсететін әлеуметтік орталыққа және әйелдер мен балаларға көмекке арналған дағдарыстық орталыққа барды.  Сонымен қатар, министр, бүгін дуальдық және жұмыскерлерді қысқа мерзімді кәсіби оқыту жүргізілетін Ақтөбе политехникалық колледжі жұмысымен танысып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болады деп күтілуде.Еске сала кетсек, «АРМ АСО» жобасы пилоттық тұрғыда 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында іске қосылса, Ақтөбе облысында 2016 жылдың қазан айында жұмыс істей бастады. Мұндағы негізгі мақсат – ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз, аз қамтылған жандарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу. Жобаның арқасында әр нысаналы топ бойынша нақты жұмыспен қамту әрекеттерін қолға алу мүмкін болмақ. «АРМ АСО» жобасын қанатқақты түрде сынап көру нәтижесінде, республиканың барлық өңірінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13430?lang=kk
2016 жылы Қостанай облысының 23 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды 10.04.2025
2016 жылы Қостанай облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (19,4 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,7 мың адам) қатарындағы 23,1мың адам қамтылды.Оның ішінде:- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 909 адам жұмысқа орналасты;- әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мың 571 адам;- жастар тәжірибесіне 692 адам;- қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 999 адам ;- кәсіптік оқытуға 676 адам жіберілсе, оның ішінде 150 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;- 12 мың 472 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;- өздігімен 188 адам жұмысқа орналасты.Бұдан басқа, 577 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13425?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобы құрылады 10.04.2025
ҚР ЕХӘҚМ ведомствоның Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізілетінін хабарлайды.Аталған жұмыс тобына Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары мүше бола алады. Одан басқа, үміткер, сотталмаған; сот заңда белгіленген тәртіпте сыбайлас жемқорлық қылмыс пен (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған; психикалық ауруға,  маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, өмірбаянымен бірге, оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттармен қоса беріледі. Ұсыныстарын жіберген коммерциялық емес ұйымдар мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.Құжаттар мына мекен-жай бойынша 2017 жылдың 7 наурызына дейін қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 830-кабинет және электрондық пошта арқылы: a.kaiyrbekkyzy@enbek.gov.kz.Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың қарашасында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған.Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13363?lang=kk
Қоғамға қажет мамандық 10.04.2025
Салтанатты кездесуге сексенге жуық қалам мен микрофонды жанына серік еткен мамандық иелері жиналды. Олардың қатарында журналистика ардагерлері, аудандық, қалалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен республикалық БАҚ-ың меншікті тілшілері де болды. Журналистерді мерекемен құттықтаған Болат Бақауов таяуда ғана Үкімет қаулысымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні бекітілгенін және бұл қадам олардың сүйікті мамандықтарының қадір-қасиетін одан сайын арттырғанын атап өтті.– Журналистер қауымының қазақстандық қоғамдағы ролі ерекше, – деді аймақ басшысы. – Саясаткерлер болашақпен, тарихшылар өткенмен, журналистер бүгінгімен айналысады. Франция президенті Шарь де Голль айтқандай «журналист мырзалар, мен сіздердің газеттеріңізді өзімнің не туралы ойлатынымды білу үшін оқимын».Облыс әкімінің атынан журналистерге Құрмет грамоталары, алғыс хаттар мен гранттар тапсырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13281?lang=kk
Бәрі бір жерде 10.04.2025
Жаңа орталық Павлов көшесі, 48/3 мекенжайында ашылды. Орталықта еңбек мигранттары барлық мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» арқылы ала алады. Орталықтың алғашқы жұмыс күнінде мұнда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов келді.– Азаматтық алу немесе ауыстыру қызметтерінен бөлек орталықта салық бойынша қарыздарды өтеуге, сақтандыру полистерін, жеке сәйкестендіру нөмірлерін алуға болады, – деді «Азаматтарға арналған Үкімет» копорациясының өңірлік филиалының директоры Фархат Әлімов. – Сонымен қатар, орталықта миграциялық есепті ұзарту үшін өтілетін медициналық тексеру кабинеттері, тіпті дактилоскопия кабинеті де бар.  Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің айтуынша мұндай орталық ең бірінші рет астанада ашылған. Қазір миграциялық қызметтерді бір жерде алуға боалтын орталықтар еліміздің әр облысында бар. Мамандардың айтуынша бұрын миграциялық қызметтерді алуға кем дегенде бір күннен бес күнге дейін жүгіру керек болса, қазір барлық қызметтерді бір сағаттың ішінде алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13244?lang=kk
Алматыда «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды 10.04.2025
Мұражайдан «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасу тарихын, партияның маңызды құжаттарын, сонымен қатар партия Төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көруге болады.Мұнда келушілер жобадағы партия тарихының, заманауи дизайн мен жаңа технологиялардың өзара үйлесім тапқан ерекше концепциясын бағалай алады. Интерактивті панелдер (multi-touch-screen) дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырған. LED-экраннан 10 гигабайтты ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады.Мұражайды ашудағы басты мақсат-тарихи әрі мәдени, қоғамдық-саяси ақпаратты жинақталған тарихи құжаттар негізінде зерттеу және насихаттау.«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен біз Тәуелсіздікті, еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктерін, Қазақстанның халыаралық аренадағы беделін байланыстырамыз. Біз дамыған мемлекеттер қатарына енуге ұмтылудамыз, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жаңару мен реформалар бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің басты шарты. Біз партия көшбасшысы Н. Назарбаевқа тірек болуға және Қазақстанның игілі жолында бірге жұмыс істеуге тиіспіз!», - деп үн тастады жаңа партия мүшелеріне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ол сонымен қатар Алматы қаласының тәуелсіздік жылдары қолжеткен жетістіктерінің бәрі Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екенін қадап тұрып айтты.Салтанатты шара барысында партия билеттерін «Тамаша» театрының көркемдік жетекшісі Асылбек Боранбай, радиожүргізуші Диана Снегина, №140 мектеп–гимназияның педагогы, жыл мұғалімі Гүлбану Әбжанова, репродуктивті медицина Институты бас дәрігерінің орынбасары Лазат Айтқожина, «ABM GROUP» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Молдақасымов, GoSport негізін қалаушы, «Khan Consulting» ЖШС-тің бас директоры Әнуар Манабаев және «Традиции народа Семиречья» қоғамдық бірлестігінің президенті Семен Шихотов алды.Бүгінгі күні жалпы республика бойынша 1 миллиондай партия мүшелері бар. Тек Алматы қалалық филиалының өзінде ғана 90 мың адамды біріктіріп отырған 750 бастауыш партия ұйымдары ойдағыдай жұмыс істеуде. Партияның қалалық филиалы заңдылықты жетілдіру туралы 30 ұсыныс енгізген болатын, оның жартысынан астамы Парламен Мәжілісінде мақұлданды. Партия филиалында күн сайын он мыңдай өтінімдер қаралып, жүйелі шешімдер қабылдануда. 10 ай ішінде мемлекеттік органдарға 100-ден астам ұсыныс жіберілген, олардың 80%-ы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13207?lang=kk
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады 10.04.2025
«Барлық кезеңдерде, әсіресе қиын сәттерде әр халықтың тығырықтан алып шығатын әрі түрлі ұлтты ұлы мақсат жолына біріктіретін, тарихи кедергілерді жоя білетін көшбасшысы болғаны ақиқат. Біздің еліміздің осындай кемеңгер жалпыұлттық Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы заманауи қазақстандық мемлекеттің іргетасын қалады және нығайтты, дағдарыс жылдары елді түрлі сынақтан алып шықты, нарықтық экономиканы, демократиялық институттарды құрды. Елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтасыз етті», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Алматы әкімі Мемлекет басшысының аса зор халықаралық беделі арқасында ең маңызды мәселе, бүгінгі және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік шекараның бекітілгенін қадап тұрып айтты.«Жастар – Қазақстанның болашағы, олар біздің Тәуелсіздігімізді сақтауы және одан әрі дамытулары тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, празматизм, білім культі біздің басты қағидаларымыз болсын», - деді мегаполис әкімі.Өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Алматының дамып, ірі жетістіктер биігінен көрінуін ерекше атап өтті. Қаланың басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті есімінің берілуі қалалықтардың Елбасыға деген құрметін, алғысы мен ізгі ниеттерін білдіреді.Бүгін «Халық Арена» сахнасында шығармашыл ұжымдар өнер көрсетті, отандқө эстрада жұлдыздары Камшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Айдана Меденова, Нұржана Керменбаев, Әли Оқапов, «Alau», «Aumi», «Assyl» және басқалары патриоттық әндерді орындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13188?lang=kk
Павлодардағы Жағалау ұзара түсті 10.04.2025
Облыс орталығындағы жағалау – Павлодар қаласының көрікті орындарының бірі. «Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» – астана күнін мерекелеу іс-шараларының шеңберінде жағалаудың Инвесторлар үйінен Айманов көшесі аралығындағы жаңа учаскесініің тансытырылымы өтті. Құрылысшылар жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізіп, суару және суағар жүйелерін монтаждап, балалар алаңдарын құрып, кіші сәулет формаларын мен жарық шамдарын орнатты. Жаңа жағалаудың ерекшелігі мұндағы «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіші. Мұнда ашық аспан астындағы мұражай құрылып, қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі жануарлардың мүсіндері қойылды.– Біз бұл экожүйеге тиіспей, бәрін табиғи қалпында қалдыруға тырыстық, – деді аймақ басшысы Болат Бақауов. – Тек қана тас жолдар салып, ағаш қоршаулар орнаттық. Павлодарлықтар мен қала қонақтарына ескерткіштің аумағы ұнайды деп ойлаймын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13185?lang=kk
Павлодарда «Инвесторлар үйі» ашылды 10.04.2025
Астана күні қарсаңында Павлодарда кез келген кәсіпкер мен ірі инвестор үшін қызмет көрсететін кеңсе ашылды. Бұл жерде олар өз жобаларын ұсынып, оларды талқылай алады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін бір ғимараттың ішінде «Павлодар» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті адмыту қоры, «ҚазАргоҚаржы», «Аграрлық кредиттік корпорация», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ың, екінші деңгейлі банктердің  филиалдары, түрлі компаниялар мен коммерциялық ұйымдар орналастырылды.,Павлодар обылсының әкімі «Инвесторлар үйінде» қызмет көрсету залында болып, «Бизнсеке арналған Үкімет» концепциясымен танысты. Аймақ басшысы Павлодар обылсында өңірді дамытып, қаржы құюға ниет білдірген әр инвесторды құшақ жая қарсы алатынын атап өтті. Болат Бақауов Инвесторлар үйінің ашылуының нәтижесінде мемлекеттік органдар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне одан сайын жақын болатынын атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13171?lang=kk
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді 10.04.2025
«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша беріледі, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.«Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздің саяси орталығы – Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді», - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры – екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері еске түсірілді.Номинанттарды іріктеу конкурстық комиссияның http://astana.ardaq.kz сайтында ашық дауыс берулері арқылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 00:00 сағатта аяқталады.Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13157?lang=kk
Кадрлық өзгерістер 10.04.2025
Жаңа басшыны таныстыра отырып, аймақ басшысы Болат Бақауов бұған дейін ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі Министрлігі жанындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2013 жылдан 2016 жылға дейін Нариман Жүнісов орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.– Сіздің осы салада тәжірибеңіз өте зор, – деді облыс әкімі. – Жақын арада біз сіздің жұмысыңыздың нәтижесін көретінімізге сенімдімінНариман Жүнісов 1981 жылы туылған. 2003 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін, 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13132?lang=kk
«ВЗЛЕТ-ҚАЗАҚСТАН» ӨНДІРІСТІК ФИРМАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 10.04.2025
2019 жылдың 11 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Взлет-Қазақстан өндірістік фирмасы» ЖШС-нің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бас маманы Айнұр Кенжеғүлова, техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12976?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ 10.04.2025
ҚР ИИДМ техникалық байқау орталықтарында жалған техникалық байқау жүргізуді болдырмау үшін талаптарды күшейтуде2019 жылдың сәуірінде "Жол жүрісі туралы" заңға техникалық байқау операторларының бақылау-диагностикалық жабдықтарынан ақпарат беретін арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Бүгінгі таңда мамандандырылған бағдарламаларға қойылатын талаптар жобасы ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде.Бұл талаптар автомобильді техникалық байқау желісіне ұсынбай жатып техникалық байқауды өткізу фактілерін болдырмауға, сондай-ақ деректерді "қолмен" енгізуді (фотошоп) болдырмауға бағытталған.Елімізде техникалық байқауды жою мәселесі қарастырылмайды, өйткені оның мерзімді өтуі жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығының, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған.Басқа елдерде тіркелген автомобильдерге техникалық байқауды жүргізетін тұлғалардың қызметіне келетін болсақ, ҚР ИИДМ техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген операторлардың міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізетінін атап өту қажет.Министрліктің құзыретіне техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілмеген тұлғаларға қатысты тексеру жүргізу кірмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12975?lang=kk
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 25 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында Тайынша ауданының Тайынша қаласындағы «Беркат» ЖШС және «Селмурзаев» ЖК кәсіпорнында болып қайтты.«Сельмурзаев» ЖК және «Беркат» ЖШС 1998 жылы құрылған бірыңғай агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. «Беркат» ЖШС Қазақстанда сатылып, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ресейге және Ауғанстанға экспортталатын жоғары, бірінші және екінші санаттағы жоғары сапалы бидай ұнын өндірумен айналысады. Дермен айына 1 300 мың тонна бидай өңдейді.Дермен барлық қажетті құралдармен жыбдықталған.«Сельмурзаев» ЖК пісірмесі түрлі өнімдердің кең ассортиментін пісіреді.Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік қадағалау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторымен өнімдерді Қазақстан Республикасының Бірыңғай каталогына енгізу, сапа менеджменті жүйесін енгізу, сондай-ақ органикалық өнімдерді өндіру бойынша ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12973?lang=kk
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТҮСІНДІРІЛДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 13-26 маусым аралығында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Ж. Кожикова «Карагандинская обувная фабрика» ЖШС, «ЕСКО» ЖШС, «Дедал» фирмасы» ЖШС, «Стежок» ЖШС техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларындағы заң талаптарын түсіндірді.Бұдан басқа, арнайы киім, арнайы аяқ киім және шұлық өнімдері өндірілетін кәсіпорындардың назарына азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы заңнаманың мақсаты мен міндеттері жеткізілді. Осы орайда,  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы мен «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы талаптарын қатаң сақтау маңыздылығына ерекше назар аударылды.Кездесудің қорытындысы бойынша тұшымды пікір алмасу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12970?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындады 10.04.2025
Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.Министр, жыл басынан бері, Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартудың жаңа әдісі жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Ендігі уақытта, әр шақырылған маман үшін, жұмыс беруші мөлшері салалар мен жұмысшының біліктілік деңгейіне қарай есептелетін салық төлейтін болады. Бүгінде, шетелдік білікті кадрлар, Қазақстанда өздігімен келе алады және оларға экономиканың басым бағыттарында сұранысқа ие кәсіптер тізіміндегі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға жол ашық. «Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер тарапы, шетелдік мамандарға рұқсат берумен қатар, оларға жұмыс орнын ұсынуда және еңбекақысын тағайындау кезінде заңның бұлжытылмай сақталуын қамтамасыз етуі міндетті.Бізге, бәрінен бұрын білікті кадрлар тартуға бейімделген, салмақты көші-қон саясаты қажет. Қазіргі уақытта, көші-қон үдерістерімен байланысты қауіп-қатерлер кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; азаматтар мен мигранттарды ел аумағында оңтайлы орналастыруды; экономиканың қажетті жұмыс күшіне сұранысын қамтамасыз етуді қарастыратын Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындадық», - деп қосты ҚР ЕХӘҚМ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12811?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА АСЫЛ ТАСТАРДЫ ӘКЕЛУ ЖӘНЕ ӘКЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІПТЕРІН ТҮСІНДІРДІ 10.04.2025
2017 жылдың 26 мамырында VIII халықаралық тау-кен металлургиялық конгрессі және «AstanaMining&Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасында зергерлік саланы дамыту жөнінде ұсыныстар жасау мәселесі талқыланды.Талқылаудың негізгі тақырыбы: Қазақстанда зергерлік бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.Отырысқа республиканың мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҰлтСжС» АҚ сынама палатасының, Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығының, «Қазақстанның зергерлер лигасы» ЗТБ және ЖК, «Қазақювелир» АҚ басшылары және зергерлік саланың басқа да өкілдері қатысты.«Асыл тастарды, бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу және әкетудің ерекшеліктері» тақырыбына шолу ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева баяндама жасады.Баяндамада 2016 жылдан бастап енгізілген асыл тастар және зергерлік бұйымдар туралы заңнаманың 5 тармақ бөлігіндегі және жоспарланатын өзгерістердің негізгі жаңа тәртіптер айтылды. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау жаңа форматта қолданылатын болады. Осылайша, бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру аясында тексеруден ескерту сипаты бар бақылау формасына көшіру жоспарланып отыр»,-деп хабарлады ТРМК төрағасының орынбасары.Сонымен бірге, ЕАЭО кірмейтін елдерден зергерлік бұйымдарды біздің елге әкелу және өзге елдерге әкету туралы біздің отандық өндірушілерді толғандыратын мәселелер мен мемлекеттік қолдау кезінде зергерлік саланы дамыту бойынша ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Ссөз соңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева еліміздегі зергерлік саланың табысты дамуына, отандық өндірістің алға басуы мен әлемдік нарыққа шығуына, ал өндірушілерге шығармашылықтың жемісі – теңдессіз бұйымдар шығаруларына тілектестігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12810?lang=kk
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ЖӘНЕ "ASTANAMINING&METALLURGY" AMM-2017 КӨРМЕСІ ӨТТІ 10.04.2025
АстанадаVIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және "Astana Mining & Metallurgy" AMM-2017 көрмесі өтті. Биыл Конгреске Австралиядан, Австриядан, Бразилиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қазақстаннан, Канададан, Польшадан, Ресейден, АҚШ-тан, Украинадан, Франциядан, Чилиден, Чехиядан, Швейцариядан келген 750-ден аса делегат келді. Австрияның, Германияның, Қытайдың, Қазақстанның, Польшаның, Норвегияың, Ресейдің, Турцияның және Жапонның 44 компаниясы көрмеде өз экспозицияларын ұсынды.AMM-2017-нің басты тақырыбы  - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы болды. VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің пленарлық отырысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин сөз сөйледі. Ол тау-кен металлургия кешені қалыпты экономикалық өсім үшін стратегиялық маңызы зор екендігін айтты. Сонымен қатар, Асқар Ұзақпайұлы кешеннің жағымды болжамын атап өтті. Айталық, 2017 жылдың 4 ай нәтижесі бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі 107,1% құрады, соның ішінде тау-кен өндіру саласында – 107,8%, өңдеуші өнеркәсібінде – 106,8%. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында тау-кен металлургия кешені 18% құрайды.Сонымен Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыруға ұмтылу мәселесін көтерді;- 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне белсенді дайындық жұмыстары, онда тек ТКМК ғана емес, сондай-ақ, аралас салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды тартуғажәне индустрия 4.0-ге ерекше назар аударылатынын атап өтті.Клайд Расселл –Thomson Reuters Asia агенттігінің Колумнисті пленарлық отырыстың модераторы болды.Сонымен қатар, Игорь Финогенов- «Полиметалл УК» АҚ президенті, Никола Попович- «Kazzinc Holdings» ЖШСДиректорлар кеңесінің төрағасы, Парамжит Калон- «АрселорМиттал Теміртау» Бас директоры,Әбдумәлік Мирахмедов- «ATK Holdings» Бас директоры сөйлеуші спикерлер болды.Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәскеу Болат және құйма институының (МИСиС) арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылуы және «Парк инновационных технологий» автономды кластерлік фонды мен «Майкроман Центральная Азия», Metalysis Limited ЖШС арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы Конгресстің маңызды іс-шарасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12794?lang=kk
Ж.ҚАСЫМБЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің басшылық құрамының қатысуымен ведомства жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын күшейту бойынша мәжіліс өткізді.Ол ҚР ИДМ комитет төрағаларына ведомствалық ұйымдардың қызметіне, оның ішінде қаржылық қызметіне қатысты бақылауды қатаңдатуды тапсырды.Оған қоса, министрлік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет кеңесінің ведомствалық ұйымдардың қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін дайындауға қатысты жұмысын жандандыру туралы тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12788?lang=kk