Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Гонконг экономикалық әріптестікті кеңейтуде: 4 үкіметаралық меморандумға, 42 коммерциялық келісімге қол қойылды 30.06.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Гонконг пен материктік Қытай іскер топтары өкілдерімен кездесті. Іс-шараға 70-ке жуық бизнес өкілі, оның ішінде Гонконгтен 40 компания, материктік Қытайдан қаржы, логистика, технология, энергетика, өнеркәсіп пен кәсіби қызмет саласында жұмыс істейтін 30 компания қатысты.Кездесудің ашылуында сөз сөйлеген Гонконг делегациясының өкілдері сапар мақсаты – қазақстандық компаниялар мен Гонконг және материктік Қытайдың бизнес құрылымдары арасындағы әріптестік келешегін зерделеу, сондай-ақ «Гонконг-материктік Қытай-Қазақстан» форматында үшжақты ынтымақтастықтың жаңа бағытын іздеу екенін атап өтті.Кездесу барысында Гонконгтың Солтүстік мегаполисін (Northern Мetropolis) дамыту жобасы ұсынылды. Жоба Гонконг аумағының үштен бірін қамтиды. 800 гектарға жуық өнеркәсіптік аймақты қосқанда, 3 мың гектардан астам жаңа аймақ құруды көздейді. Индустриялық парк қазақстандық және орталық азиялық компаниялардың халықаралық қаржы және сауда хабы ретінде Гонконг арқылы материктік Қытай нарығына шығуы үшін алаң болатыны атап өтілді.Инвесторлар үшін әртүрлі ынтымақтастық тетігі ұсынылады. Соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, бірлескен кәсіпорындар құру, өндірістік алаңдарды жалға алу және бірлесіп инвестициялау бар. Қосымша артықшылықтар – дамыған қаржылық инфрақұрылым, ағылшын жалпы құқығын қолдану және бизнесті қолдаудың кешенді экожүйесі.Серік Жұманғарин экономикалық дамудың бірегей тәжірибесінің арқасында Гонконг әлемнің жетекші қаржы, сауда және логистикалық орталығының біріне айналғанын атап өтті.«Біз гонконгтік әріптестердің Қазақстан экономикасының басым секторындағы жобаларды іске асыруға қатысуын арттыру үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз. Қазақстан жоғары кредит қабілеті мен елеулі халықаралық резервке ие бола отырып, инвестицияның сенімді әрі тұрақты алаңы болып қала береді», — деп атап өтті Қазақстан вице-премьері.Ол Қазақстанның даму институттары ірі жобаларды іске асыру үшін шетелдік қаржыландыруды белсенді тартуға дайын екенін атап өтті. Атап айтқанда, елдің егеменді рейтингі деңгейінде кредиттік рейтингтері бар «Бәйтерек» холдингі жыл сайын $15-20 млрд-қа дейін инвестициялық қаржыландыруды қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда жобалар капиталында қатысу үлесі 49%-ға дейін қаржылық бірлескен инвестор ретінде әрекет етуге қабілетті.Серік Жұманғариннің айтуынша, Гонконгтың қаржы институттарымен және инвестициялық қоғамдастығымен ынтымақтастықты дамыту ерекше қызығушылық тудырып отыр. Перспективалы бағыттар – облигациялар шығару, қытай юанімен қаржыландыруды тарту, Гонконг қор биржасындағы қазақстандық компаниялардың листингі, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру.Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лидің айтуынша, аймақ қазақстандық бизнеске халықаралық қаржы нарығына, Қытайдың Үлкен шығанағы ауданының инфрақұрылымына және Солтүстік мегаполис – инновация, ғылым және технология жаңа орталығының мүмкіндіктеріне қол жеткізуді ұсынуға дайын.Ынтымақтастықтың сәтті мысалының бірі – Қазақстанның Даму Банкінің Гонконг және Қазақстан қор биржаларында листинг, қытай юанінде номинацияланған еурооблигациялар орналастыруы.Экспорттық ауыл шаруашылығын дамытуға, АӨК өнімдерін терең өңдеуге және отандық өндірушілерді шоғырландыруға бағытталған мақсатты көлемі $1 млрд-қа дейінгі Adal Fund L. P. қоры тағы бір тәжірибелік құрал ретінде қарастырылуда. «Соңғы 20 жылда Қазақстан $445 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестиция,  соның ішінде Қытайдан шамамен $30 млрд тартылды. Гонконгтан Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі $740 млн-ға жетті. Біз әріптестікті одан әрі нығайтуға және екі ел бизнесі үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер жасауға мүдделіміз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Гонконг сауданы дамыту кеңесінің (HKTDC) төрағасы Фредерик Ма делегация қазақстандық әріптестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын Гонконг пен материктік Қытай бизнесінің жетекші өкілдерін біріктіргенін атап өтті. Оның айтуынша, Гонконг сауданы дамыту жөніндегі кеңесі 60 жыл бойы халықаралық сауда байланысын дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде әлем бойынша 51 кеңседен тұратын желіге ие, оның ішінде Алматыдағы өкілдігі де бар. Қазақстан нарығына шығатын Гонконг инвесторларына да, Азиядағы қатысуын арттыруға мүдделі қазақстандық компанияларға да қолдау көрсетеді.Бизнес-делегация сапарының қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы 4 үкіметаралық меморандумға, Қазақстан, Гонконг және материктік Қытай компаниялары мен ұйымдары арасында 42 келісім мен меморандумға қол қойылды. Құжаттар авиация, қаржы, сауда, инновация, технология, цифрлық экономика және жасыл даму саласындағы ынтымақтастықты қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233112?lang=ru
Қарағандының Орталық саябағы маңында ақылды жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды 30.06.2026
Қарағандыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа жүйе енгізілді. Орталық саябақтың Жауынгер-Интернационалистер көшесі жағындағы кіреберісінде ақылды жаяу жүргіншілер өткелі жұмысын бастады. Бұл кешен қызыл жарыққа өту деректерін тіркеп қана қоймай, Face ID технологиясы арқылы ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтардың жүзін де анықтай алады.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық анықталған сәтте ақпарат бірден жақын маңда орналасқан полиция бекетіне жіберіледі. Осыдан кейін полиция қызметкері әкімшілік материалды жедел түрде рәсімдей алады.Қазіргі уақытта кешен пилоттық режимде жұмыс істеп тұр.Полиция департаментінде еске салғандай, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес, жолды бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткені үшін 8 650 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 43 250 теңгеге дейін өседі.Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолды тек арнайы белгіленген орындардан және бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанғанда ғана кесіп өтуге шақырады. Бұл жаяу жүргіншілердің де, жол қозғалысының өзге қатысушыларының да өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-digital/press/news/details/1233157?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА!Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді 30.06.2026
  Соңғы уақытта БЖЗҚ бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болды. Алаяқтар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, бірнеше жыл еңбек өтілі зейнетақы есептеу кезінде ескерілмей қалғанын айтып, соның негізінде зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтатын көрінеді.Алаяқтар қалай әрекет етеді?Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар.Маңызды ескерту!БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайды, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. БЖЗҚ барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін.Өзіңізді қалай қорғауға болады?∙ SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.∙ Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.∙ Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)∙ Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Қырағы болып, жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алаяқтардың әрекетінен қорғаңыз!   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1233186?lang=ru
Әлем чемпионатының жүлдегері әскер қатарында қызмет етіп жүр 30.06.2026
Қатардағы жауынгер Полатбек Теміров Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр.Ол әскери міндеттерін үлгілі орындап қана қоймай, спортта да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.Полатбек 2007 жылдың 17 маусымында Шымкент қаласында дүниеге келген. Мектепті 2023 жылы тәмамдаған соң дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша колледжге оқуға түсті. 2025 жылдың қараша айында академиялық демалыс алып, мерзімді әскери қызметке шақырылды.Спортпен бала кезінен айналыса бастады. Мектеп қабырғасында спорт секцияларына қатысып, 2022 жылдан бастап пауэрлифтингпен кәсіби тұрғыда айналысып келеді. Табандылығы мен үздіксіз жаттығудың арқасында 2024 жылы спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындады.Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, 59 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионаттарының төрт дүркін күміс және төрт дүркін қола жүлдегері атанды. 2023 жылы Азия чемпионатында күміс медаль еншілесе, ал 2024 жылы Мальтада өткен әлем чемпионатында екінші орын иеленді.Полатбек өзінің спортшы ретінде қалыптасуына зор үлес қосқан жаттықтырушылары Қахраман, Рустам және Ғайрат Садықовтарға алғысы шексіз.Бүгінде қатардағы жауынгер Полатбек Теміров әскери қызмет пен спортты қатар алып жүр. Әскерден запасқа шыққаннан кейін де оқуын жалғастырып, пауэрлифтингпен кәсіби деңгейде айналысуды жоспарлап отыр. Жауынгердің басты мақсаты – әлем чемпионы атанып, Қазақстанның абыройын халықаралық аренада асқақтату.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1233190?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады 30.06.2026
БЖЗҚ салымшылардың (төлем алушылардың), сондай-ақ БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтысболған адамдар мұрагерлерінің зейнетақы төлемдерін алуға уақтылы өтініш беруі қажеттілігітуралы тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.         Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл шара аталған азаматтардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты, еңбек өтілі үшін берілетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің бар-жоғын анықтау үшін жасалады.         Биылғы наурыз айынан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақтары бар, соның ішінде 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алуға БЖЗҚ-ға өтініш жасамаған тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз (проактивті) тағайындау тәртібі енгізілді. Бұл тәртіп те «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен жыл сайын осындай салыстырып тексеруді көздейді.         Жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорация арқылы алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта жүзеге асырады. Яғни, мемлекеттік бюджеттен зейнетақы алатын зейнеткерлердің БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары болса, олар БЖЗҚ-дан да төлемдерді автоматты түрде ала бастайды.         Статистика         2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен 279 041 адамның МЗЖ-ны есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңгені құрайды. БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтерге сәйкес, олардың ішінде:- 155 217 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлері талап ете алады;- 61 459 адам заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға (ТТЖ) кетуді ресімдеген;- 62 365 адам жасына байланысты зейнетақысын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі жүгінбеген.         Зейнетақы төлемдерін қалай алуға болады?         Еске сала кетейік, зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-дағы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сында есепке алынады, инвестициялануын жалғастыра береді және оларды алушылар немесе олардың мұрагерлері (алушы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін шотта сақталады.         Жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде         Жасына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.         Бұл ретте егер алушының БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары болып, бірақ оларды алуға бұрын (50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты) өтініш бермеген болса, оған БЖЗҚ-дан ЕЗЖ есебінен де зейнетақы төлемдері бірге тағайындалады.         Тұрақты тұруға (ТТЖ) шетелге кеткенде         Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ТТЖ-ға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдалана алады.         Жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда         БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне БЖЗҚ қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-сында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырады.         Сондай-ақ, зейнетақы және нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинағы бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті рәсімдеу және мұраға құқық туралы куәлікті алу үшін нотариусқа жүгінуі тиіс. Егер өтініш беру мерзімін өткізіп алса, мұраға құқықты қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтының «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1241780?lang=ru
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары талқыланды 30.06.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті.Күн тәртібінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары қаралып, аудандағы бірқатар ахуал талқыланды.Аудан басшысы бұл бойынша:–Адам өмірі мен денсаулығы ең басты құндылығымыз. Сондықтан барлық жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстап, тиісті жұмыстарды күшейту қажет, – деп атап өтті.Мәжілісте аудан аумағындағы еңбек заңнамасының сақталып, басқа да орын алар мәселелердің алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов атап өтті.Жиын барысында иесіз бұралқы иттер мен мысықтарды жансыздандыру жұмыстарын күшейту бойынша да бірқатар қатаң тапсырмалар берілді.Сондай-ақ алдағы мерекеге байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында мемлекеттік рәміздердің қолданылуына қатысты заң талаптарының сақталуы қажет екені айтылып, аудан көлемінде мониторинг жұмыстарын жүргізу міндеттелді.Жандос Еркінбек жауапты басшыларға көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1233210?lang=ru
«Бала күлкісі – бейбіт өмірдің белгісі» 30.06.2026
Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – бейбіт өмірдің белгісі» атты мерекелік іс-шара өтті.Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.– Сіздерге бақытты балалық шақ, зор денсаулық, білім мен өнер жолында толағай табыстар тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпесін, – деді.Мереке аясында білім, өнер және спорт салаларында, жарыстар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болған бірқатар үздік оқушылар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Мерекелік бағдарлама аясында аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1233212?lang=ru
«Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыстарын бастады 30.06.2026
  Баянды ауылында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы өз жұмысын бастады. Жасақ мүшелері елді мекендердің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарға кірісті.Жастар саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазалап, тұрғындар көп шоғырланатын аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуда.«Жасыл ел» еңбек жасағының қызметі жастарды еңбекке баулумен қатар, экологиялық мәдениетті нығайтуға және туған өлкенің көркеюіне ықпал етеді. Алдағы уақытта жасақ мүшелері тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1233274?lang=ru
«Балдаурен» орталығында Қарулы күштер әскери қызметшілерінің балалары үшін жазғы маусым ашылды 30.06.2026
Биыл әскери қызметшілердің 1100-ден астам баласы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында жазғы демалыстарын өткізеді.Алғашқылардың бірі болып орталықтың Щучинск қаласындағы филиалына Ақмола өңірлік гарнизоны әскери қызметшілерінің 5-9-сыныптарда оқитын 15 баласы келді. Олар мұнда екі апта демалады.Балалар үшін бүкіл ауысым бойы серуендер, экскурсиялар, шығармашылық және спорттық үйірмелердегі сабақтар, байқаулар, зияткерлік ойындар, би үйірмелері және басқа да көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ағзаны шынықтырып, иммунитетті нығайтуға ықпал ететін сауықтыру процедуралары мен суға жүзу де қарастырылған.Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы жанындағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет басшысы Жазира Жұмабаева атап өткендей, өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету Қарулы күштердегі әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарының бірі болып қала береді.– Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы келісім аясында әскери қызметшілердің балалары еліміздің әр өңірінде орналасқан орталық филиалдарында демалыстарын өткізу мүмкіндігіне ие. Оқу жылы барысында олар үшін мектеп бағдарламасы бойынша оқыту да ұйымдастырылады. «Балдауренде» өткізген уақыт балаларға жарқын әсерлер мен жаңа достар сыйлайтынына сенімдімін, – деді ол.Көпбалалы ана Гүлнұр Әбдікәрімова мұндай қолдау әскери қызметшілердің отбасылары үшін аса маңызды екенін айтады.– Менің ұлым алғаш рет «Балдауренге» барғалы отыр. Лагерьде болу оның денсаулығына оң әсер етіп, құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және ұжымда жұмыс істеуге үйретеді деп сенемін. Балаларымыздың пайдалы әрі мазмұнды демалысын ұйымдастырғаны үшін Қорғаныс министрлігіне алғысымызды білдіреміз, – деді Г. Әбдікәрімова.Құрлық әскерлері әскери қызметшісінің ұлы Ерасыл Рақымбеков те алдағы ауысымнан көп жаңалық күтетінін жеткізді.– Мен «Балдаурен» лагеріне алғаш рет бара жатырмын және бұл үшін өте қуаныштымын. Жаңа достар тауып, түрлі іс-шараларға қатысатын боламын , – деді оқушы. «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы көптеген жылдар бойы еліміздегі жетекші балалар орталықтарының бірі болып келеді. Жыл басынан бері орталықтың сауықтыру және білім беру бағдарламаларынан Қарулы күштер әскери қызметшілерінің 504 баласы өтті.Олардың ішінде Щучинск қаласындағы филиалда – 105 бала, Түркістан қаласында – 91 бала, Қонаев қаласында – 196 бала, ал Балқаш қаласында – 112 бала демалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1233298?lang=ru
Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді! 30.06.2026
Құрметті, Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары!⚜️Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді!📍 Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы📅 27 маусым 2026 жыл🕙 Сағат 10:00Бағдарламада:▪️ Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер▪️ Қымызмұрындық рәсімі▪️ Ұлттық спорт ойындары▪️ Қолөнер көрмелері▪️ 500 бие сауылатын тарихи көрініс▪️ Танымал өнер жұлдыздарының концерті«Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль!Келіңіздер! Ұлт рухын бірге ұлықтайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1232947?lang=ru
Жеңілдікпен әкелінген электромобильдерге шектеулер 30.06.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 35 Шешіміне сәйкес, 2022 жылғы 28 наурыз бен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер шектеулер енгізілгенін хабарлайды.Жаңа талаптарға сәйкес, мұндай электромобильдерді Ресей Федерациясының азаматтарына және (немесе) Ресей Федерациясында тұрақты тұратын тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге беруге жол берілмейді.Аталған шектеу көлік құралы еркін айналымға шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде немесе кедендік баждар мен салықтар толық көлемде төленгенге дейін қолданылады.Егер меншік иесі үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін электромобильді сатуды, пайдалануға беруді, сенімхат рәсімдеуді, жалға беруді немесе оған қатысты өзге де құқықтарды жоғарыда аталған тұлғаларға беруді жоспарласа, кедендік баждар мен салықтарды заңнамада белгіленген тәртіппен алдын ала төлеуі қажет.Электромобильдерді сату, пайдалануға беру, сенімхат рәсімдеу, жалға беру және өзге де мәмілелер жасау кезінде аталған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1233342?lang=ru
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мүмкіндіктері сараланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «China State Construction Engineering Corporation» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл – әлемдегі жетекші құрылыс және инфрақұрылымдық компаниялардың бірі.Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Айта кетейік, өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Қазір экономикалық қызметтің 18 басым түрі айқындалған. Атап айтқанда, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр жабдықтарын шығару, логистика және қоймалау, химия өнеркәсібі, автокөлік және авиациялық техника өндірісі сияқты бағыттар бар.Сонымен қатар Қызылорда облысында индустриялық инфрақұрылымды дамытуда нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыста жалпы көлемі 515 гектардан асатын 6 индустриялық аймақ жұмыс істейді, оларда 112 млрд теңгенің 37 жобасы іске қосылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Өндіріс» индустриялық аймағында құрылыс материалдары, шыны өндірісі, керамика және өнеркәсіптік өнім шығару жобалары нәтижелі жүзеге асуда.Кездесуде тараптар индустриялық парктер салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, өндірістік және логистикалық нысандарды жандандыру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Өзара тиімді әріптестікті дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі жалғастыру жоспары нақтыланып, аталған компания өкілдері Сыр өңіріне іссапармен келуге ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1233360?lang=ru
Мақсаттардан нақты іс-қимылға: орнықты даму және климаттық саясат 30.06.2026
29 мамырда Астанадағы Президенттік орталықта «Еуразиядағы орнықты даму мақсаттары» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп, Қазақстандағы БҰҰ Өңірлік өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.Пленарлық сессияға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі және ОДМ-ға қол жеткізу мәселелері бойынша арнайы өкілі Борис Титов және дипломатиялық, ғылыми және бизнес қауымдастықтың басқа да жоғары лауазымды өкілдері қатысты.Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев климаттың өзгеруі, әлемдік экономиканың трансформациясы және трансшекаралық сын-қатерлер жағдайында халықаралық диалогты нығайту және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлескен тәсілдерді әзірлеу аса маңызды екенін атап өтті.Асан Дарбаев сондай-ақ Қазақстанда климаттың өзгеруіне төзімді жаңа экономикалық даму моделі қалыптасып жатқанын айтты. Төмен көміртекті даму орнықты дамудың маңызды шарты болып табылады және жаһандық климаттың өзгеруінің апатты салдарының алдын алуға бағытталған.Сөзін қорытындылай келе, Вице-министр тек бірлескен және уақтылы қабылданған шешімдер ғана болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретінін жеткізді.Сонымен қатар конференция аясында Вице-министр мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясиннің екіжақты кездесуі өтті. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және интеграциялық үдерістерді тереңдету мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233371?lang=ru
Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын табысты іске асыру тәжірибесі жоғары деңгейдегі конференция алаңында баяндалды 30.06.2026
29 мамырда «Еуразиядағы орнықты даму мақсаттары» атты конференцияның бірінші сессиясында Нұргүл Жанназарова Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарының жүзеге  асырылуы туралы ақпаратты көпшілік назарына ұсынды.Бірінші сессия отырысында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Орнықты даму орталығының директоры Игорь Юргенс, БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясының төрағасы, 2009–2010 және 2012–2020 жылдары Словакия Республикасының Сыртқы істер министрі болған Мирослав Лайчак, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясин, Ресей Ғылым қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дмитрий Конов, БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының хатшысы Анна Жубан-Бре (Франция), Үндістан Сыртқы сауда институты жанындағы ДСҰ зерттеу орталығының доценті Анимеш Кумар (Үндістан), Нью-Йорк университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының ғылыми қызметкері, БҰҰ «Бір планета» желісінің жетекшісі Хорхе Лагуна-Селис (Мексика) сөз сөйледі.Нұргүл Жанназарова өз сөзінде 2019, 2022 және 2025 жылдары Нью-Йоркте БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі форумында ұсынылған ерікті ұлттық шолулардың негізгі басым бағыттары туралы айтып өтті.Департамент директорының айтуынша, биыл сәуір айында Қазақстан БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Женевада өткен Орнықты даму жөніндегі Өңірлік форумына белсенді түрде қатысты.ЕЭК форумы ОДМ-ға қол жеткізу, цифрлық трансформация, жасыл өсу және халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты үйлестіру, келісілген шешімдер әзірлеу және кеңейту алаңы болды.Спикер сондай-ақ Орнықты даму мақсаттарының қазіргі таңда ұлттық саясаттың ажырамас бөлігіне айналып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа реформалар мен шараларды әзірлеудің негізі болып отырғанын жеткізді.Жалпы, конференцияға қатысушылар жаһандық күн тәртібіндегі міндеттерге қол жеткізу елдердің серіктестік қағидаттарына негізделген бірлескен күш-жігерін талап етеді деген ортақ пікірге келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233374?lang=ru
Қазақстанда Азияның жетекші университеттерінің президенттері жоғары білімнің болашағын талқылау үшін бас қосты 30.06.2026
Қазақстанда Азияның жетекші университеттерінің президенттері жоғары білімнің болашағын талқылау үшін бас қостыЖоғары оқу орындары технологиялық өзгерістердің жеделдеуі, еңбек нарығы талаптарының трансформациясы және қоғам талаптарының өсуі жағдайында жаңа даму модельдерін іздеп жатыр. Осы орайда Азия елдерінің академиялық көшбасшылары Астанада өткен Asian Universities Alliance (AUA) Presidents Forum 2026 шарасында бас қосты.Форумға Азия және өзге де өңірлердегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Олардың қатарында Tsinghua University, The Hong Kong University of Science and Technology, Nazarbayev University, United Arab Emirates University, Chulalongkorn University, The University of Tokyo, Vietnam National University және Seoul National University бар.Форум қатысушыларын құттықтаған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің болашаққа бағдарланған жоғары білім жүйесін жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.«Қазақстан үшін жоғары білім мен ғылымды дамыту – ұлттық орнықтылық пен экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі мәселесі. Біз болашақ университеттері жасанды интеллектіні тек оқытумен шектелмеуі керек деп санаймыз – олардың қызметі осы технологияларға негізделуі тиіс. ЖИ жабдықталған университет үлгісі бүгінде Қазақстанда нақты жүзеге асып келеді. Төрт ұлттық университетті біріктіретін үлестірілген академиялық кластер Nazarbayev University экожүйесіне сүйене отырып дамуда», – деп атап өтті министр.Сонымен қатар министр Қазақстанның Азия университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және болашақтың ортақ қиындықтарын бірлесіп еңсеруге ашық екенін де ерекше атап өтті.Форум жоғары оқу орындарының президенттері, провосттары мен аға басшыларын біріктіріп, онда университеттердің күрделі әрі жылдам өзгеріп жатқан әлемде қалайша тұрақты, инновациялық және өзекті болып қалу керектігін талқылауға арналды. Бағдарлама аясында AUA-ның қаржылық тұрақтылығы мен үш жылдық стратегиялық жоспарын әзірлеуге арналған жұмыс сессиялары өтті. Қатысушылар альянстың осы уақытқа дейінгі жетістіктерін, болашақ бастамалардың мерзімдерін және келесі кезеңдегі ынтымақтастықтың стратегиялық басымдықтарын қарастырды. Саммит барысында Альянс төрағалығы United Arab Emirates University-ден Chulalongkorn University-ге өтті.«Болашақтың университеттерін қалыптастыру: индустриямен ықпалдастық және басқару инновациялары» тақырыбымен өткен форум бүгінгі жоғары білім беру жүйесінің алдында тұрған екі негізгі мәселеге арналды: институционалдық икемділікті қамтамасыз ету үшін басқару модельдері қалай өзгеруі тиіс және университеттер мен индустрия арасындағы әріптестікті күшейту студенттерді болашаққа қалай тиімді дайындай алады.«Бүгінде әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан әрі халықаралық деңгейде ықпалып бар зерттеу университеттерінің бірқатары Азияда орналасқан. Asian Universities Alliance құрамына Tsinghua University, Peking University, University of Tokyo, Seoul National University және Hong Kong University of Science and Technology секілді ірі университеттермен қатар, Indian Institute of Technology Bombay және Nazarbayev University сияқты ықшам әрі жоғары маманданған білім және ғылым орталықтары кіреді. Бізді біріктіретін негізгі құндылық – зерттеу мен білім беру арқылы жаһандық мәселелерді бірлесіп шешуге деген ұмтылыс», – деді NU президенті профессор Вакар Ахмад.Форум аясында екі тақырыптық сессия ұйымдастырылды. «Болашақтың университеттерін басқару модельдері» атты сессияда цифрлық трансформация, қаржылық қысым және стейкхолдерлердің жаңа талаптары жағдайында университеттердің басқару және шешім қабылдау құрылымдарын қалай қайта қалыптастырып жатқаны талқыланды. Пікірталастар институционалдық икемділікке, академиялық автономияға, басқарудағы инновацияларға және болашаққа бейімделген университеттердің көшбасшылық модельдеріне арналды.Екінші сессия – «Университеттегі білім берудегі индустрияның рөлі: тәжірибе мен сын-қатерлер» тақырыбында өтті. Қатысушылар университеттер мен индустрия арасындағы әріптестіктің оқыту сапасын арттыруға, тәжірибеге негізделген білім беруді дамытуға және академиялық бағдарламаларды еңбек нарығының сұранысына сәйкестендіруге қалай ықпал ететінін талқылады. Сондай-ақ академиялық адалдық пен ұзақмерзімді тұрақтылық мәселелері де көтерілді.Форум соңында Asian Universities Alliance мүшелері арасындағы ынтымақтастық нығайып, тәжірибелік маңызы бар бірқатар ұсыныс қалыптасты. Кездесу университеттердің өздерінің негізгі академиялық миссиясын сақтай отырып, өзгермелі әлемге бейімделу жолдары жөніндегі халықаралық диалогтың маңызды бөлігіне айналды.Asian Universities Alliance туралыAsian Universities Alliance 2017 жылы Бейжіңдегі Tsinghua University базасында құрылып, Азияның жетекші 15 университетін біріктірді. Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде 401–500 аралығында орналасқан әрі Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі үздік университет ретінде танылған Nazarbayev University – альянстың негізін қалаушы мүшелерінің бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1233412?lang=ru
Самар ауданының Жұмба ауылында спортзал ашылды 30.06.2026
Самар ауданына қарасты Жұмба ауылында жаңа спортзалдың салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан ауыл тұрғындары үшін көптен күткен маңызды жоба болды, себебі елді мекенде бірнеше онжылдық бойы жеке спорт залы болмаған.Іс-шараға Самар ауданының әкімі Серік Женисов, ауыл тұрғындары, педагогтар, оқушылар және құрметті қонақтар қатысты.Жұмба ауылындағы мектеп 1988 жылы салынғанымен, онда спорт залы болмаған. Осы уақытқа дейін дене шынықтыру сабақтары бейімделмеген жағдайда өткізілді. Бүгінде мектепте 32 оқушы білім алады, 12 бала шағын орталыққа барады.Аудан әкімі спортзал құрылысы тұрғындардың өтініштері негізінде басталғанын, бұл бастама Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов деңгейінде қолдау тауып, қажетті қаржы бөлінгенін атап өтті. Құрылыс 2025 жылдың соңында басталып, қысқа мерзімде аяқталды. Мердігер — «Өтегенова» ЖК.Спортзалдың ішкі жабдықталуы бюджетке салмақ түсірмей, демеушілік қаражат есебінен қамтамасыз етілді. Мұнда үстел теннисі үстелі, гимнастикалық төсеніштер, тренажерлар, брусья, штангалар, гантельдер, волейбол торы, турник, сондай-ақ армрестлинг пен тоғызқұмалаққа арналған жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар душ бөлмелері, санитарлық тораптар және жылы киім ауыстыратын бөлме қарастырылған.Аудан аумағын дамыту аясында Мариногорка–Жұмба бағытындағы 38 шақырымдық жолды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл алғашқы 8 шақырымда жұмыс жүргізілуде, қалған бөлігі кезең-кезеңімен жалғастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1233430?lang=ru
Мәжіліс электрондық сауданы кедендік реттеу бойынша түзетулерді мақұлдады 30.06.2026
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат электрондық сауда тауарының кейбір санатын, жаңа декларация түрін және электрондық сауда операторын енгізуді көздейді.Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, түзетулер шетелдік интернет-алаңдардағы үшінші елдерден жеке тұлғалардың атына халықаралық почта арқылы жіберілетін тауарларды «электрондық сауда тауары» деген жеке санатқа бөлуді қарастырады.Бұдан басқа, заңнамаға «электрондық сауда операторы» ұғымы, сондай-ақ электрондық сауда декларациясы сияқты кедендік құжаттың жаңа түрі енгізіледі.Азамат Әмриннің айтуынша, қазір шетелдік интернет-алаңнан сатып алынатын зат жеке пайдалануға арналған тауарға жатады. Оған бажсыз әкелу нормасынан асып кеткен жағдайда ғана декларация жасалып жүр.«Бұл ретте электрондық сауда тауары жеке тұлғаның пайдалануына арналған, яғни кәсіпкерлік қызметке байланысты емес. Бұл тауарлар сауда айналымына жатпағандықтан, ресми статистикаға енгізілмейді. Енді жөнелтімнің барлығын бірдей декларациялау шетелдік интернет-алаңда сатып алынатын тауардың толық, нақты статистикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті бірінші вице-министр.Оның айтуынша, түзетулер халыққа кедендік рәсімді жеңілдетуге, трансшекаралық электрондық сауданың ашықтығын арттыруға, тауар импортының толық статистикасын құруға арналып отыр.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233444?lang=ru
«Қостанай қаласының үздік ауласы» конкурсын өткізу туралы 30.06.2026
Ережесі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1233448?lang=ru
Серік Жұманғарин Barceló Hotel Group бас атқарушы директорымен кездесті 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Barceló Hotel Group бас атқарушы директоры Рауль Гонсалеспен кездесті.Тараптар Қазақстанда қонақ үй бизнесін дамыту перспективасын талқылады. Серік Жұманғарин атап өткендей, Үкімет туристік саланы дамытып, халықаралық инвесторлар мен жетекші қонақ үй операторларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Қазақстандық тарап қонақ үй инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін дайын нысандар сатып алу, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды жалға алу бойынша бірқатар ұсыныс дайындаған.«Біз Barceló Hotel Group әлеуетін жоғары бағалап, компанияны қонақ үй саласындағы табысты жобаларды жүзеге асыруда бай халықаралық тәжірибесі бар сенімді әріптес ретінде қарастырамыз. Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылауға және Қазақстанда өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Бұл кездесу өткен жылы Серік Жұманғариннің Севильяда (Испания) БҰҰ-ның дамуды қаржыландыру жөніндегі IV халықаралық конференциясына қатысуы шеңберінде өткізілген келіссөздердің жалғасы. Сол кезде тараптар Barceló Hotel Group-тың қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігін талқылаған болатын. Қазақстандық тарап компания өкілдерін елдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысу үшін Қазақстанға шақырған.Barceló Hotel Group өкілдері сапар шеңберінде Алматыға барады. Онда Астанадағыдай бірқатар кездесу өткізіп, қонақ үй бизнесін дамытуға қолайлы нысандармен танысады.Анықтама:Barceló Hotel Group – 1931 жылдан бері туризм саласында жұмыс істейтін отбасылық испандық компания. Штаб пәтері Майорка аралында (Испания) орналасқан. Компания қонақ үй, туристік агенттік пен авиакомпания желісіне иелік етіп және оны басқарады. Әлемнің 30 елінде 300-ден астам қонақүйді біріктіретін Испаниядағы ең ірі оператордың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233501?lang=ru
Варшава университетінде Түрік халықтары мәдениеті орталығы ашылды 30.06.2026
Варшава, 2026 жылғы 2 маусым - Варшава университетінде Түркі халықтарының мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жаңа академиялық алаң түркі әлемінің тарихын, тілдері мен мәдениетін зерделеуге жәрдемдесуге бағытталған.Орталық Варшава университетінің Азия және Африка мәдениеттері факультетінің бастамасымен, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және Польшада аккредиттелген түркітілдес мемлекеттер елшіліктерінің қолдауымен құрылды.Іс-шарада Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Раимқұлова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа құрылымның түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтті.Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі Орталықтың құрылуы академиялық зерттеулерді дамытуға, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге және Польша мен түркі мемлекеттері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Достық пен мәдени ынтымақтастықтың белгісі ретінде Елшілік Орталыққа қазақ халқының қонақжайлылық, береке мен ұлттық дәстүрлерге құрметінің нышаны саналатын дәстүрлі қазақ кәдесыйы – торсықты сыйға тартты.Салтанатты рәсімге Варшава университетінің оқытушылары мен зерттеушілері, студенттер, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1233507?lang=ru