Әлем
Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастықты жан-жақты нығайту мәселесін талқылады 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді.Тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ сауда-экономикалық салада жоспарланған іс-шараларды талқылады.Сұхбат барысында білім, энергетика, көлік, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, орнықты даму және климат күн тәртібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қолдауға өзара мүдделілік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1072856?lang=kk
Афинада Қазақстан мен Грекияның екіжақты күн тәртібі талқыланды 14.10.2025
Афина қаласы, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан мен Грек Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Иоаннис Ловердоспен кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-грек ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және саяси диалогты тереңдетуге өзара мүдделілігін растады. Сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.Диаспоралар қызметіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда шамамен 8,8 мың этникалық грек тұрады, олар елдегі мәдени көптүрлілік пен этносаралық келісімді сақтауға маңызды үлес қосуда. Сонымен қатар, Грекияда қазіргі уақытта шамамен 60 мың понтийлік грек тұрады, олар Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінен шыққан. Олардың қоғамдық, мәдени және гуманитарлық өмірге белсенді қатысуы халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, Қазақстан мен Грекия арасында сенім мен достықтың берік көпірін қалыптастыруда.Тараптар диаспоралармен ынтымақтастықты жалғастырудың және «халықтық дипломатия» аясында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасында тікелей әуе қатынасын кеңейту, тұрақты рейстерді қайта бастау және жаңа бағыттарды ашу мүмкіндіктері қарастырылды. Тараптар мәдени шараларды, соның ішінде Мәдениет күндерін, шығармашылық ұжымдардың гастрольдерін, көрмелер мен фестивальдерді бірлесіп өткізуде, сондай-ақ оқу орындары арасындағы академиялық алмасуды дамытуда қызығушылық танытты.Қазақстан Елшісі грек тарапына 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелері туралы ақпарат беріп, экономикалық жаңғырту, адами капиталды дамыту және саяси реформаларды тереңдету саласындағы басымдықтарға назар аударды.Кездесу соңында Елші Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Иоаннис Ловердосты Қазақстан Республикасына грек тарапына ыңғайлы уақытта сапармен келуге шақырды.Тараптар сыртқы саяси ведомстволар мен салалық мемлекеттік органдар деңгейінде тұрақты байланыстарды қолдауға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар мен диаспоралармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1072863?lang=kk
Еуропалық логистикалық көшбасшы Қазақстан инфрақұрылымына инвестицияларын арттыруда 14.10.2025
Антверпен, Бельгия, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко халықаралық логистика және интеграцияланған жеткізілім тізбегін басқару саласында Еуропаның жетекші провайдерлерінің бірі болып табылатын Ahlers Logistics компаниясының бас кеңсесіне барды.Ahlers компаниясының иесі Кристиан Лейсенмен және өзге де жетекші менеджерлерімен өткен кездесу барысында тараптар Ahlers пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Негізгі назар 2025 жылы Алматыда іске қосылған заманауи логистикалық орталыққа аударылды. Бұл нысан компанияның Орталық Азиядағы операциялары үшін маңызды тірек нүктесіне айналғанын атап өту керек.Ahlers өкілдерінің айтуынша, жаңа кешен өңірдің логистикалық тұрақтылығын арттырып қана қоймай, қызмет ауқымын кеңейтуге де мүмкіндік ашты. Қысқа мерзімді келешекте компания қойма қуаттарын ұлғайтып, келісімшарттық қызметтердің спектрін кеңейтуді және жеткізілімдерді икемдірек басқару үшін цифрлық платформаларды енгізуді көздейді. Басым бағыттардың қатарында энергетика, машина жасау және ірі құрылыс салалары бар.«Біз Ahlers компаниясымен серіктестікті жоғары бағалаймыз. Бұл ынтымақтастыққа шамамен отыз жылдай болды. Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі рөлі артып келе жатқан шақта мұндай бастамалар еліміздің бүкіл логистикалық экожүйесінің дамуына серпін беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Роман Василенко.Өз кезегінде Кристиан Лейсен компанияның Қазақстан нарығына стратегиялық бағдарын растады: «Қазақстан біз үшін тек транзиттік нүкте ғана емес, тұрақты өсу әлеуеті жоғары өңір. Біз инфрақұрылымға, жергілікті командаларға және ең жоғары халықаралық стандарттарға сай алдыңғы қатарлы логистикалық шешімдерге инвестиция салуды жалғастырамыз».Анықтама үшін: Ahlers Logistics – 115 жылдан астам тарихы бар халықаралық логистикалық компания, 1909 жылы Бельгияның Антверпен қаласында құрылған. Отбасылық бизнес болып табылатын компания Еуропада, ТМД елдерінде және Азияда кеңселері бар. Ол қойма және келісімшарттық логистика, жобалық және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, кедендік рәсімдеу, жеткізілім тізбегін басқару және сауда операцияларын қолдау қызметтерін көрсетеді. Қазақстанда компания 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, Алматыда кеңсесі бар. 2025 жылы Алматыда заманауи қойма кешені салынды, ол ел аумағындағы жаңа перспективалы жобалардың бастауы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1072869?lang=kk
Міржақып Дулатұлының ұрпақтары Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа алғысын білдірді 14.10.2025
Құрметті Қостанай облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы мырза!Ұлт тарихында ерекше орны бар, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің классигі Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласында еңселі ескерткішінің бой көтеруі – тарихи және ұлттық рухани маңызы зор оқиға болды.Біз, Міржақып Дулатовтың ұрпақтары, осындай игілікті іске бастамашы болып, қолдау білдіріп, Міржақып Дулатов есімін ұлықтауға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.Бұл ескерткіш – ұлт зиялысына құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі, ұлттық руханиятты дәріптеудің айқын үлгісі және жас ұрпаққа жол сілтер өнегелі іс деп білеміз.Сізге зор денсаулық, қызметіңізге өрлеу, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс тілейміз.Құрметпен, М.Дулатовтың ұрпақтары 22.09.2025 ж.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1072872?lang=kk
Қазақстан АЭХА-дағы ықпалын нығайтуда: егемендік теңдікті қалпына келтіру мәселесінде ілгерілеуге қол жеткізілді 14.10.2025
Вена, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) Бас конференциясының 69-сессиясы аясында Қазақстан делегациясы АЭХА мүше-мемлекеттерінің егемендік теңдігі қағидатын ілгерілету бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.Қазақстан дипломатиясының көпжылдық күш-жігерінің нәтижесінде АЭХА Бас конференциясы Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Вьетнам, Моңғолия, Филиппин және Камбоджа кіретін Агенттіктің Қиыр Шығыс өңірлік тобына Қазақстанның қосылуы бойынша келіссөздер үдерісінің басталуын құптады. Қазақстанның өңірлік топқа қосылуы жөніндегі келіссөздердің нәтижелері 2025 жылғы қарашада өтетін АЭХА Басқарушылар кеңесінің сессиясы аяқталғанға дейін жариялануы жоспарланған.Қазақстанның Қиыр Шығыс өңірлік тобына қосылуы елімізге АЭХА-ның 35 мемлекетінен құралатын Басқарушылар кеңесіне сайлану, сондай-ақ Бас конференция бюросы мен оның негізгі комитеттерінде жетекшілік ету мүмкіндігін ашады.Бұл перспективалар Қазақстанның үш атом электр станциясын салу, ұлттық ядролық кластерді дамыту және бейбіт атомды дамыту жөніндегі жаһандық күш-жігердегі елдің рөлін күшейту жоспарлары аясында ерекше өзекті болуда. Аталған кластер қолданыстағы АЭХА Төмен байытылған уран банкінің, зерттеу реакторлары мен Қазақстанның уран өндіру өнеркәсібінің қисынды жалғасы ретінде толықтыра түседі.Сонымен қатар, 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан бастамасымен АЭХА-ның 67-сессиясы барлық мүше-мемлекеттердің егемендік теңдігін қалпына келтіру туралы қарар қабылдаған болатын. Қарардың тең авторлары қатарына әлемнің барлық өңірінен 56 мемлекет, атап айтқанда АҚШ, Қытай, Жапония, Түркия, Сингапур және барлық Еуропа Одағы мемлекеттері қосылған.Қазақстан қарарын іске асыру нәтижесінде АЭХА өңірлік топтарына кірмейтін мемлекеттердің саны 17-ден 13-ке дейін азайды. Атап айтқанда, Бахрейн, Непал, Бруней-Даруссалам және Камбоджа Агенттіктің өңірлік топтарына қосылу мүмкіндігіне ие болды.Қазақстан делегациясы Агенттіктің Жарғысы және халықаралық құқық нормаларына сәйкес АЭХА-ның әрбір мүшесінің негізгі құқықтарын қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмысты жалғастыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1072876?lang=kk
Инновациялар тұқымы: Rijk Zwaan компаниясының Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктері 14.10.2025
Қазақстандағы тұқым шаруашылығының әрі қарай дамуы және инновациялық агротехнологияларды енгізу мәселелері Нидерландтағы Қазақстанның Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың көкөніс дақылдарын селекциялау және тұқым өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Rijk Zwaan компаниясының басшылығымен кездесуінде талқыланды.Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық аграрлық және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми ынтымақтастықты тереңдетуді қоса алғанда, бірлескен жобаларды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.Елші Rijk Zwaan компаниясының еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. 2023 жылдан бастап компания Қазақстанда көкөніс дақылдарының инновациялық сорттарын белсенді түрде енгізіп келеді. Түркістан облысында заманауи технологияларды бейімдеу мен сынақтан өткізуге арналған демонстрациялық ферма құрылуда.Компанияның Қазақстан Республикасы Ботаника институтымен ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Оның аясында төзімді дақыл сорттарын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Бұл селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы халықаралық өзара іс-қимылдың тиімді үлгісі болып табылады.Елші Қазақстанның UPOV халықаралық ұйымына қосылуға белсенді дайындалып жатқанын атап өтті. Бұл жаңа өсімдік сорттарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етіп, инновацияларды енгізу мен жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту үшін қолайлы жағдай туғызады.Қазақстан тарапынан Rijk Zwaan бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігі білдірілді. Бұл серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашып, елдің агроөнеркәсіптік секторының орнықты дамуына ықпал етпек.Нидерландта Rijk Zwaan енгізілген инновациялық шешімдердің көлемі бойынша 11-орында тұр. Бұл тек ұлттық емес, әлемдік деңгейде де зор жетістік саналады. 2024 жылы компанияға «Royal» (Корольдік) мәртебесі ресми түрде берілді. Бұл оның жүз жылдан астам табысты тарихын айғақтап, саладағы жетекші орнын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1072877?lang=kk
Қазақстанның Тұрақты өкілдігі «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО» конференциясына қатысты 14.10.2025
Париж, 19 қыркүйек, 2025 жыл – ЮНЕСКО-ның Париждегі бас пәтерінде «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО: әлемді біріктіретін ортақ мұра» атты халықаралық конференция өтті.Қазақстан Республикасының атынан іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов құттықтау сөз сөйледі.Өз сөзінде отандық дипломат әлемнің 172 тіліне аударылғаны арқылы ұлы жазушының аса өміршең образдары мен идеялары төрткүл дүниедегі миллиондаған оқырмандарына барынша жақын екенін айтты. Ш. Айтматов қырғыз халқының перзенті және мақтанышы бола отырып, оның шығармашылық мұрасы бүкіл әлемнің, әсіресе оның ең жақын көршілері – қазақтардың, басқа түркі және Орта Азия халықтарының рухани мұрасының ажырамас бөлігіне айналғаны сөзсіз.Елші Ш. Айтматов және оның бірқатар шығармаларының қазақ халқымен және оның көптеген көрнекті қаламгерлерімен етене рухани жақындығын ерекше атап өтті. Осыған орай ол қатысушылардың назарын жақында Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың екі заңғар жазушы Мұхтар Әуезов пен Ш.Айтматовқа арналған ортақ ескерткішті ашқанына назар аударды. Көпшілікке мәлім, қазақтың ұлы жазушысы жас қырғыз әріптесін алғашқылардың бірі болып көпшілік алдында белсенді қолдаған, сондай-ақ Луи Арагонмен қарым-қатынасы арқылы «Жәмила» повестінің Франциядағы алғашқы жарық көруіне ықпал етуі мүмкін.Қырғызстанның Тұрақты өкілдігі ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырған конференцияда Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Франция және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлері Ш.Айтматов прозасының бірегей ерекшеліктері мен оның гуманистік идеяларының оқырмандардың жаңа буыны үшін маңызы жайында өз пікірлерін ортаға салды.Конференцияға қатысушылар 2028 жылы ұлы қырғыз жазушысының 100-жылдық мерейтойын, соның ішінде ЮНЕСКО мен түркі әлемі ұйымдарының белсенді қатысуымен, алдағы жоғары халықаралық деңгейде атап өтуге алдын ала және сапалы бірлескен дайындықтың қажеттілігіне ортақ қолдау білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1072891?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы іскерлік ынтымақтастықты нығайтуда 14.10.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы Хасан Әл-Хувейзимен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың дамыту жолдарын, соның ішінде Сауд Арабиясы компанияларының Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысуын, сондай-ақ өзара бизнес-делегациялар сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды жүйелі түрде дамыту мақсатында Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалану қажеттігін атап өтті.Өз кезегінде, Федерация басшысы бірлескен іс-қимылды кеңейтудің үлкен әлеуетін атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті ілгерілетуге мүдделілігін растады.Кездесудің қорытындысы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу және әлеуетті әріптестермен келіссөздер жүргізу үшін 2025 жылғы қыркүйек айының соңында Корольдіктің Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1072897?lang=kk
Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы 14.10.2025
Бүгін Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында Самар аудан әкімі С. Жеңісов және мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын құттықтап, оларға ресми куәліктерін табыстады. Бұл кеңестің басты мақсаты – тұрғындар мен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1072910?lang=kk
Ұшқыштар даярлайтын жоғары оқу орнының жүзден аса түлегі офицерлік атақ алды 14.10.2025
Ақтөбе қаласында Қорғаныс министрлігіне қарасты Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектеріне арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шара "Қазақ халқына мың алғыс" стеласы орналасқан алаңда ұйымдастырылды.Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің есімі берілген әскери институт жарты ғасырдан астам уақытта мыңдаған кәсіби мамандарды даярлап, нағыз патриот, әскери антқа адал офицерлердің ұстаханасына айналды.Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, құрметті қонақтар мен түлектердің жақындары қатысты.– Бүгінгі күн – тек түлектер үшін ғана емес, Қарулы күштер үшін де үлкен мереке. Институт қабырғасында сіздер шыңдалып, білім алып, тәртіпке үйрендіңіздер. Енді Отан игілігі үшін қызмет етесіздер. Әскери қызмет – үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Сіздер – батылдық пен ерліктің символысыздар, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов.Рәсім барысында ең әсерлі сәт – дәстүрлі офицерлік вальс болды. Биылғы түлек Даниэль Дәулет өзінің сүйіктісі, медициналық ротаның 3-курс курсанты Айару есімді арумен вальс биледі.– Айарумен 2024 жылдың 21 маусымында, мен тәжірибеден оралған күні таныстым. Сол күннен бастап араласа бастадық. Бүгін мен оны ата-анама таныстырдым. Алда бізді уақытша екі жаққа кетеміз – мені Тараз қаласына қызметке жіберді. Бірақ бірге болуды, мықты әрі бақытты отбасы құруды армандаймыз, – деді Дәулет.Жас лейтенанттар үшін бұл күн тек курсанттық өмірмен қоштасу ғана емес, сонымен қатар қызметтік мансаптың бастамасы болды. Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын тәмамдаған түлектер еліміздің әскери бөлімдеріне жіберіліп, Қазақстанның әуе шебін және бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1072915?lang=kk
Қонаев қаласында «WORLD CLEAN UP DAY» халықаралық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті 14.10.2025
Қонаев қаласында «World Clean Up Day» халықаралық акциясы және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар және ардагерлер белсене қатысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегімен ағаштар отырғызылып, аулалар мен қоғамдық аумақтар абаттандырылды, бордюрлер сырланып, көшелер мен саябақтар тазартылды.Акцияның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.Мұндай игі бастамалар қала тұрғындарын біріктіріп, туған жердің тазалығы мен жайлылығын сақтауға ортақ үлес қосуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1072954?lang=kk
Аймақ басшысы «Оrda Glass Ltd» шыны зауытының басшылығымен кездесті 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі – «Orda Glass Ltd» табақша шыны өндіру зауытының бас директоры Цай Го мырзамен кездесті. Кездесуде зауыттың ағымдағы жұмысы, өндірістік қуаты және алдағы инвестициялық жобалар талқыланды.Айта кетейік, «Orda Glass Ltd» зауыты 2022 жылы Индустрияландыру бағдарламасы және «Бір белдеу – бір жол» Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жобасы аясында іске қосылған. Жылдық қуаттылығы 197,1 мың тонналық бұл кәсіпорын – республикадағы табақша шыны өндіруші жалғыз инновациялық зауыт. Жобаны жүзеге асыру үшін 42 млрд теңге шетелдік инвестиция тартылған.Зауыт іске қосылғаннан бері өнімінің 70%-ы ішкі нарыққа бағытталса, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузия елдеріне экспортталуда.2023 жылы облыс әкімінің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарының нәтижесінде былтыр жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіретін жаңа желі іске қосылды. Жобаның инвестициялық құны 15 млн АҚШ доллары.Облыс әкімдігі зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық қолдау көрсетуде кешенді шаралар атқарып келеді. Өз кезегінде қытайлық инвестор құны 55 млн АҚШ доллары болатын, екі кезеңнен тұратын жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлаған.Шыны зауытының жұмысы аймақта ілеспе өндірістердің дамуына серпін берді. Алдағы уақытта айна, бөтелке және шыңдалған шыны шығаратын зауыттар ашылмақ. Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, шыны кластерін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ импортты алмастырып, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бастамалар облыстық бюджетке қосымша кіріс әкеліп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1072736?lang=kk
Ескелді ауданының салық төлеушілеріне арналған семинар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңашылдықтар 14.10.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ескелді ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін көшпелі семинар өткізді. Іс-шара барысында 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Семинарға қатысқан жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен бухгалтерлер салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алды.Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: салық есептілігі нысандарын қысқарту, арнаулы салық режимдерін өзгерту, ҚҚС-ты реформалау, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру.Ашық диалогтың арқасында салық төлеушілер алдағы өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алып, өзекті мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1072739?lang=kk
Қазақстан мен Румыния мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 14.10.2025
Бухарест қаласы, 2025 жылғы 8–9 қыркүйек – «PetroCouncil» және «KazService» қауымдастықтарының басшылығы мен мүшелерінің Румынияға жасаған сапары аясында энергетика, ақпараттық технологиялар және логистика сияқты негізгі салаларда Қазақстан мен Румыния арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті.Делегация мүшелері «Rompetrol» компаниясы, Румыния Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесіп, стратегиялық маңызды өндірістік нысандар — «Vega Refinery» (Плоешти қаласы) және «Petromidia Refinery» (Констанца қаласы) мұнай өңдеу зауыттарын аралады.Кездесулер барысында қазақстандық мұнай-сервистік және инжинирингтік компанияларды румын жобаларына тарту мүмкіндіктері, энергетика және өнеркәсіп салаларының қажеттіліктеріне бағытталған бірлескен цифрлық жобалар мен технологиялық шешімдер әзірлеу, сондай-ақ тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Сондай-ақ тараптар мұнай-газ саласындағы ортақ жобаларды іске асыру үшін Қазақстан мен Румыниядан білікті мамандарды тарту мүмкіндігін қарастырды. Бұл екі елдің де сараптамалық деңгейі мен технологиялық жабдықталуын арттыруға мүмкіндік береді.Сапар қорытындысы бойынша стратегиялық әріптестікті нығайтуға, жаңа нарықтарға шығуға және Қазақстан мен Румынияның экономикалық өсімі мен технологиялық дамуына ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1072759?lang=kk
Қазақстандық ЖИ-жобасы Ұлыбританиядағы сертификаттау нарығын трансформациялауда 14.10.2025
Қазақстандық TrustExam.ai IT-компаниясы (жергілікті нарықта Oqylyq.kz брендімен танымал) Ұлыбританияның кәсіби жүргізушілерді даярлау және білім беру саласындағы жетекші ұйымы – Driving Instructors Association (DIA) қауымдастығымен стратегиялық әріптестік орнатқанын жариялады.Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен, TrustExam.ai компаниясы Astana Hub және басқа да қазақстандық IT-компаниялармен бірге 2025 жылғы маусымда Ұлыбританиядағы ең ірі жыл сайынғы технологиялық көрме – London Tech Week шарасына қатысты. Бұл көрмеге 90-нан астам елден 45 000-нан аса қатысушы жиналды.Қазақстанның ұлттық стенді аясында TrustExam.ai компаниясы жоғары деңгейдегі питч-сессиялар өткізіп, Ұлыбританияның жасанды интеллект және финтех салаларындағы көшбасшыларымен тікелей байланыс орнатты. Нәтижесінде, компанияның Ұлыбританиядағы сертификация нарығында DIA ұйымымен стратегиялық әріптестік орнатуына жол ашылды.Бұл серіктестік Ұлыбританиядағы көлік және мотоцикл жүргізушілеріне арналған теориялық емтихандар жүйесін цифрлық трансформациялауға бағытталған. Жасанды интеллект технологияларын енгізу тестілеу әділдігін және объективтілігін қамтамасыз етіп, емтихан процесін тез, ыңғайлы әрі кең көлемде өткізуді мүмкін етеді.TrustExam.ai мәліметінше, кандидаттар үшін бұл күту уақытын қысқартып, икемді кесте мен жүргізуші куәлігін алу жолындағы кедергілерді азайтады. Ал емтихан орталықтары мен оқу орындары үшін сапа мен сенімділікке нұқсан келтірмей, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.Carly Brookfield, DIA-ның бас атқарушы директоры: «DIA практикалық емтихандар мен нұсқаушыларды кәсіби даярлау сапасы бойынша жоғары стандарттарды ұстанады. TrustExam.ai компаниясымен жаңа серіктестік арқылы біз жүргізуші куәлігін алуға немесе нұсқаушы болуға үміткерлердің біліктілігін бағалауға арналған бұрынғыдан да сенімді, тиімді және ыңғайлы шешімдер ұсына аламыз», - деп атап өтті.TrustExam.ai – Стэнфорд университетінің StartX стартап-экожүйесіне мүше Қазақстандық AI-платформа. Жыл сайын 2 миллионнан астам қолданушыға қызмет көрсететін бұл шешім мемлекеттік органдарға, университеттерге және емтихан орталықтарына академиялық адалдықты қамтамасыз етуге көмектеседі.Driving Instructors Association (DIA) – Ұлыбританиядағы ең ірі жүргізуші нұсқаушылар қауымдастығы. Ол сала мүдделерін қорғайды және нұсқаушылардың кәсіби дамуына қолдау көрсетеді. DIA құрамындағы Diamond Advanced Motorists бөлімі – жүргізушілерді жетілдіріп оқыту саласындағы халықаралық деңгейде танылған бренд және түрлі мемлекеттік әрі жекеменшік ұйымдардың сенімді серіктесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1072511?lang=kk
Өскеменде «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтті 14.10.2025
Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан - шырайлы Шығысқа» атты Қызылорда облысының өнер күндері Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде жалғасты. Сыр елінің сәлемін еліміздің шығысына жеткізген делегацияны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастап барды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылып, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және өскемендіктерҚызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлермен танысты. Кейінгі жылдары музей қоры ежелгі қалалар орнынан табылған жәдігерлерді негізге алып қайта жаңғыртылған «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» археологиялық реконструкцияларымен толыққан болатын. Бүгінгі көрмеге келушілер осы жәдігерлерге ерекше назар аударды. Археологиялық экспедициялар кезінде табылған алтындар коллекциясы да осы жерден орын алған. Ежелгі өркениеттің бесігі саналатын Шірік Рабат және Бәбіш мола қалашықтарынан табылған алтын жапсырмалар сол дәуірдің көзіндей. Сондай-ақ, көрмеге орта ғасырларда сауда-саттық пен мәдениеті өркендеген Сығанақ қалашығынан табылған алтын сырғалар, тұмар, түймелер және маржан моншақтардың түпнұсқа коллекциясы қойылған. Шығыс жұртшылығы Жанкент, Асанас, Қышқала, Сығанақтан табылған терракоталар, глазурлі қаптамалар, қыш ыдыстар және Бидайықасар қалашығынан табылған қоссаз домбыра көшірмесін де қызыға тамашалады.Көрмедегі зергерлік және тұрмыстық бұйымдардың орны бөлек. Өңіржиек, жырға, алқа, ағаш жиһаздар, ыдыстар, тері бұйымдары Сыр бойында қолөнердің бай мұрасы сақталғанын көрсетеді. Қару-жарақ коллекциясындағы қылыш, айбалта, семсер, шоқпар, найза, қалқан, жебе тарихтан сыр шертеді.«Деде Қорқыт» кітабының Дрезден нұсқасы, нар қобыз, ЮНЕСКО сертификаты, кәдесыйлар, Марал ишанның көк асасы, Керей ерінің түпнұсқасы, Қалқай ишан, Сердалы Бекшорин, Ер Сейтпенбет, Бұқарбай батырдың мөрлердің көшірмелері де көрмеге келушілер қызығушылығын туғызды.Сондай-ақ, Абайдың 1922 жылы жарық көрген өлеңдер жинағы мен Қызылорданың астана болған кезеңінің фото және архив құжаттары көрме құндылығын арттыра түсті.Еске салайық, кеше «Сыр өңірі - түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі Абай облысының жұртшылығына ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1072581?lang=kk
QazTrade акселерациясы нәтижесінде $189 млн экспорттық келісімшарт жасалды 14.10.2025
Қазақстанның шикізаттық емес экспорты кеңейіп келеді. 2020–2024 жылдары «Экспорттық акселерация» бағдарламасы арқылы 306 кәсіпорын шетелдік нарыққа шықса, жасалған келісімшарттардың жалпы көлемі 189 млн АҚШ долларынан асты. Биыл бағдарламаға тағы 120 өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету компаниясы іріктелді. Бағдарламаның басты артықшылығы – кәсіпкерлерге нарықты зерттеу, өнімді сертификаттау, маркетинг пен қаптамада кәсіби көмек беру, сондай-ақ шетелдік алаңдарда оқыту мүмкіндігін ұсыну. Осы тұрғыда 2025 жылдың тамыз–қыркүйек айларында қазақстандық кәсіпкерлер Бейжің, Үрімші және Гуйян қалаларында білім алды. Оқыту агроөнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өңдеу және инновациялар салаларын қамтып, қатысушылар қытайлық стандарттар мен жетекші кәсіпорындардың тәжірибесін зерттеді және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. «Қытай – өндіріс пен саудада әлемдік көшбасшы. Егер қазақстандық компаниялар жаһандық нарықта бәсекеге түскісі келсе, алдымен осы елдің талаптары мен тәжірибесін білуі шарт. Сол себепті біз акселераторларды дайындау алаңы ретінде Қытайды таңдадық», – деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров. «Оқу барысында біз негізінен өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін талқыладық. Қытайлық әріптестердің жұмыс тәсілдері мен стандарттарын көзбен көріп, тәжірибеден өттік. Сондай-ақ ірі тоқыма фабрикаларына барып, мата үлгілері мен баға ұсыныстарын алдық. Ең қатты таңғалдырғаны – автоматтандыру деңгейі. Алып цехтарда бар болғаны елуге жуық адам жұмыс істейді, ал қалғанын толықтай роботтар атқарады. Бұл тәжірибеден Қазақстандағы тоқыма өндірісіне жаңа технология енгізудің маңызын түсіндік», – деді «UNIFORMA Systems» өндіріс жөніндегі менеджері Сандибек Далмаханов. Соның нәтижесінде Қытайдағы семинарлар қазақстандық өндірушілер үшін нағыз «экспорт мектебіне» айналды. Қатысушылар тек технология мен маркетинг бойынша білім алып қана қоймай, болашақ экспорттық келісімшарттарына қадам жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1072652?lang=kk
«Көлік әлемінде: Болашақ сіздің қолыңызда»- кәсіптік бағдар беру бойынша оқушылармен кездесу 14.10.2025
2025 жылдың 18 қыркүйегінде «Жұмысшылар жылы» аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Өскемен қаласы бойынша «№50 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-11- сынып оқушыларына арналған «Көлік әлемінде: Болашақ сіздің қолыңызда» атты тақырыбында іс-шара өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: «Еңбек нарығы ұсынған мамандықтарға қатысты оқушыларға кеңес беру, таңдаған мамандықтарды меңгеруге болатын оқу орындары туралы ақпарат беру; оқушыға оның бейімділігіне сәйкес еңбек қызметінің нақты түріне қатысты өз қабілеттері мен қасиеттерін бағалауға көмектесу, кәсіптік бағдар беру»Іс-шара қонақтары: Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Ластаев Талғат Тлеубекұлы, «ҚТЖ «ҰҚ» АҚ - магистральдық желінің Семей бөлімшесі филиалының директоры Шаукежанов Айдын Максутбекович, «КазАэроНавигация » АҚ Өскемен филиалы әуе қозғалысы қызметінің әуе кемелерінің қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асыратын диспетчер-нұсқаушы Ягудин Қалқаман Азаматұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жол активтері саласының ұлттық орталығы» РМК директорының м.а Мұсапиров Саяхат Оралханұлы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аға-оқытушысы Абеджанова Арай Сайлаубекқызы.Алғашқы сөз: Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Ластаев Талғат Тлеубекұлына берілді. Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Ластаев Талғат Тлеубекұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар берді.Іс – шара аясында «Менің кәсібім-теміржолшы», «Әуе қозғалысын басқару», «Мамандық -жолшы», «Көлік саласындағы оқыту бағдарламалары туралы» атты баяндамаларымен таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, қызықты да мағыналы кездесу-сұхбат болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1072674?lang=kk
Қазақстан Үндістандағы ынтымақтастық географиясын кеңейтуде 14.10.2025
Хайдарабад, 2025 жылғы 18–19 қыркүйек – Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Есқараев Хайдарабад қаласына жұмыс сапарымен барып, Телангана штатының губернаторы Джишну Дев Варма мырзамен кездесті.Келіссөздер барысында экономика, инвестициялар, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Ерекше назар Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының географиясын кеңейту мәселесіне, атап айтқанда Қазақстаннан Хайдарабад және Ахмедабад қалаларына тікелей рейстер ашу мүмкіндігіне аударылды.Сапар аясында Қазақстан Республикасының Хайдарабадтағы Құрметті Консулы Н.М. Насир Али Ханның ұйымдастыруымен Елші өңірдің бірқатар жетекші компаниялары және ұйымдарымен кездесті:Power Mech Projects Ltd. – энергетикалық және өнеркәсіптік құрылыстағы Үндістанның ірі компаниясы. Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мәселелері қаралды.NephroPlus – Үндістандағы ірі диализ клиникаларының желісі. Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу және Қазақстанда бірлескен жобаларды ашу бойынша алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.GMR Group – әуежайлар мен инфрақұрылым саласында жұмыс істейтін Үндістанның ірі конгломераты. Қазақстаннан Хайдарабад және Ахмедабад қалаларына тікелей әуе қатынастарын дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Apollo Medskills – Apollo Hospitals тобының білім беру құрылымы. Медициналық кадрларды даярлау бойынша бірлескен бағдарламалар, Қазақстанда медициналық хаб құру, телемедицина жобаларын әзірлеу және диализ бойынша заманауи орталық ашу мәселелері қаралды.KIMS Hospitals – Үндістанның оңтүстігіндегі көпсалалы клиникалар желісі. Қазақстанда тәжірибе алмасу және алдыңғы қатарлы медициналық тәжірибелерді енгізу жобалары қарастырылды.SAP Medical – медициналық технологиялар мен жабдықтар компаниясы. Медициналық жабдықтарды өндіру және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен бастамалар талқыланды.Сапар қорытындысы бойынша энергетика, медицина, инфрақұрылым, білім және туризм салаларын қамтитын Қазақстан экономикасына инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді. Бірқатар кәсіпорындар тікелей инвестиция салуға дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, Power Mech Projects Ltd. – 50–500 млн АҚШ доллары, NephroPlus – 10–15 млн АҚШ доллары көлемінде инвест-жобалармен таныстырды.Қазақстан тарапынан инвестиция тарту жұмыстары Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауында айқындалған тәсілдерге сәйкес жүргізіліп отырғаны атап өтілді.Сонымен қатар, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Елші «Big B Corporation» компаниясының негізін қалаушы Махендра Джошимен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.Атап айтқанда, М. Джоши қазіргі уақытта Алматы облысында қонақүй, университет (10 000 студентке арналған) және кампус салуды көздейтін «Kazind Medical Group» ЖШС құрылғанын хабарлады. Компания сондай-ақ 1000 төсек-орындық аурухана салуды жоспарлап отыр.Осыған орай, «Kazind Medical Group» ЖШС Алматы облысы әкімдігімен 2023 жылғы 15 тамызда өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға, сондай-ақ 2025 жылғы 2 қыркүйекте «KazakhInvest» ҰК» АҚ-мен меморандумға қол қойған. Жобаларды қысқа мерзімде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, компания Ақмола облысында да ұқсас жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруда.Сонымен қатар, Қазақстанда Медициналық Хаб құруға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіруге қызығушылық білдірілді. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1,6 млрд АҚШ долларын құрайды деп бағалануда.А. Есқараев аталған жобаларды жүзеге асыру үшін Елшілік тарапынан консультациялық және визалық қолдау көрсетілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1072675?lang=kk
«Сұлу Сырдан - шырайлы Шығысқа» атты Қызылорда облысының өнер күндері Өскеменде жалғасты 14.10.2025
Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан - Шырайлы шығысқа» атты Қызылорда облысының өнер күндері Өскемен қаласында жалғасын тапты. Сырдың бойынан Ертіс жағасына сапар шеккен делегацияны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастап барды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.Шығыс Қазақстан облыстық филармониясына жиналған көрерменге өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.Аймақ басшысы ұлт руханияты мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің қайнар бастауындағы тұлғалар түлеген Шығыс жұртшылығына ізгі тілегін білдірді.«Өз заманынан көш ілгері ойлайтын Шәкәрім Құдайбердіұлынан «Сыр – Алаштың анасы» деген нақыл қалған. Қилы заманда, зұлматқа толы күндерде, ақтабан шұбырынды кезеңінде, ел ішін ашаршылық жайлағанда бүкіл қазақ баласы көш-керуенінің басын Сырға бұрып, Сырды анасындай паналаған. Сол себепті, Алашқа ана болған Сырдың қазақ үшін орны да, жөні де бөлек. Күллі түркі әлемінің алтын бесігі саналатын Алтай төріндегі шырайлы шығыс өлкесі – түркілердің сана-сезімін қалыптастырған, рухани ұясында талай ұлы тұлғалар тәрбиеленген қасиетті мекен.Ырыс аунап, құт қонған Шығыс Қазақстан – қазақ халқының жан-дүниесінің тереңдігін айқындайтын киелі өлке.Шыңғыс тауының бөктерінде ұлы Абайдың 180 жылдығы Президентіміздің қолдауымен жоғары деңгейде атап өтілуі де осының айқын дәлелі. Мемлекет басшымыз «Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы» деген болатын.Баршаңызды қазақтың біртуар ұлы ақыны, «адамзаттың Абайы» атанған ағартушы, рухани реформатор Абай Құнанбайұлының жалпыхалықтық тойымен Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!», – деді Н.Нәлібаев.Мерекелік басқосуда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, өнер күндерін өткізуге қолдау білдірген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, атсалысқан өнерпаздарға алғысын жеткізді.Концертте Қорқыттың сарыны қылқобыздан төгіліп, «Күлтегін» жырының үзіндісі орындалды, көрермен қошеметіне ие болған «Қорқыт–қобыз» әні шырқалды.«Ұлы дала поэмасы» хореографиялық қойылымын қойған «Томирис» би ансамбліне ерекше құрмет көрсетілді.Сыр сүлейлерінің толғауларына сусаған көрерменге Нұртуған жыраудың «Өсиеті», Нартай ақынның «Өздерің білер Нартаймын», Ақ Кете Шернияздың «Сөз сөйлейін бөлмелеп» термелері ұсынылды.«Бүлдірген», «Сұрша қыз», «Сырдың қараторғайы», «Ауылың сенің іргелі» сияқты халық әндері, әлемдік классиканың жауһар туындылары орындалды.Еске салайық, кеше «Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері Абай облысында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1072685?lang=kk