Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Иордания консулдық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын айқындады 09.10.2026
Амман, 2026 жылғы 8 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Маан Мусаадпен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынастар аясында консулдық саладағы ынтымақтастыққа және оны әрі қарай дамыту перспективаларына қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.Тараптар екі ел аумағындағы Қазақстан мен Иордания азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін талқылап, консулдық ынтымақтастықты нығайтудың және азаматтарға қажетті көмек көрсетуде құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылдық тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.Осыған байланысты кездесу барысында Қазақстан мен Иордания азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету бағытында екі елдің құзыретті органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары да қарастырылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және консулдық саладағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1308610?lang=ru
ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: ФЕДОРОВ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЭКОКВЕСТКЕ ҚАТЫСТЫ 09.10.2026
Федоров ауданында «Тәуелсіздік» алаңында аудандық «Достық керуені» фестивалі мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оқушылар мен жастарға арналған экологиялық квест өтті.Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу және өскелең ұрпақты қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту.Қатысушылар бірнеше тақырыптық бекеттен тұратын арнайы маршрут бойынша тапсырмаларды орындады. Әр бекетте оларды экологияға қатысты сұрақтар, ребустар, зейін мен логиканы қажет ететін тапсырмалар, сондай-ақ командалық жұмысты талап ететін түрлі сынақтар күтті.Квесттің заманауи форматын цифрлық технологиялар да толықтырды. Келесі бекетке өту үшін қатысушылар смартфон арқылы QR-кодтарды сканерлеп, маршруттың бағытын өздері анықтап отырды.Ұйымдастырушылар экологиялық білімді тәжірибелік жұмыспен ұштастыруға ерекше мән берді. Жастар белгіленген аумақтардағы қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтіріп, жиналған қалдықтарды сұрыптады. Осылайша экология туралы алған білімдерін нақты іспен бекітіп, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға өз үлестерін қосты.«Біз жастарға экологиялық жауапкершілік әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келді. Сондықтан квест барысында білімді, ойын элементтерін және практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық», – деді Жастар ресурстық орталығының спикері Г. Б. Кабденова.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат экологиялық тақырыпты жастар үшін түсінікті әрі қызықты етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, бірлескен еңбектің нақты нәтижесін де көрді.Экологиялық квест жастар арасында күнделікті өмірде қажет пайдалы дағдыларды қалыптастыруға да ықпал етті. Атап айтқанда, қоқысты кез келген жерге тастамау, тазалықты сақтау, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау сияқты қарапайым әдеттердің маңызы түсіндірілді.«Таза Қазақстан» бастамасы аясында осындай іс-шараларды өткізу жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, оларды табиғатты қорғау және қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді араласуға ынталандырады.Федоров ауданында өткен экологиялық квест қоршаған ортаны қорғау тақырыбын білім беру, ойын және тәжірибелік жұмыс форматтарымен ұштастыруға болатынын көрсетті. Ең бастысы – экология туралы айтумен шектелмей, оны нақты әрекетке айналдыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308566?lang=ru
Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді 09.10.2026
Бүгін 09 қазанда Ақкөл ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина және Мемлекеттік қызметтер басқармасы бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова  салық салудың өзекті мәселелері мен салық заңнамасын қолдану жөнінде салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне арналған техникалық оқыту шараларын өткізді.Іс-шара барысында салық төлеушілерге салық заңнамасын қолдану және салық салу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Олар сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1308580?lang=ru
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасала береді 09.10.2026
Қазіргі таңда аймағымызда 29,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 4 мыңға жуығы – балалар. Облыста балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 41 ұйым жұмыс істейд. 2026 жылдың басынан бері 1 337 мүгедектігі бар бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста бұрынғы өңірлік резиденция базасында 60 орындық оңалту орталығы ашылды. Онда жылына 18 жасқа дейінгі 900 балаға қызмет көрсетеді.Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева өңірімізге келген сапарында Қостанай облысының әкімімен бірге Қостанайдағы оңалту орталығына арнайы барды. Ғимараттағы мамандандырылған кабинеттерді көрді. Орталық аумағында қор қаражатына салынып жатқан спорт нысандарымен танысты. Оның ішінде спорт алаңдарын салуға дайындалған учаскелер – футбол алаңы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған спорт алаңы: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын сәулет нысандарымен (ШАН) жабдықталған ойын алаңы, мектеп жасындағы балаларға арналған тренажерлармен жабдықталған спорт алаңы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308584?lang=ru
Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді 09.10.2026
07 қазанда  Шортанды  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара барысында салық төлеушілердің салық заңнамасын қолдануға, соның ішінде жеке тұлғалардың табыс салығына, әлеуметтік салыққа және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.Сондай-ақ, шара кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша сауалнама жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1308559?lang=ru
Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензиясы туралы. Кәсіпкерлер нені білуі керек? 09.10.2026
Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін өткізу лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады. Алкоголь өнімдерін көтерме немесе бөлшек саудада заңды түрде өткізу үшін кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен тиісті лицензия алуы қажет.Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары береді.Лицензия алу үшін өтінішті электрондық форматта www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Бұл құжаттарды қарау мерзімін едәуір қысқартып, рұқсат құжаттарын алу процесін бизнес үшін анағұрлым ыңғайлы етеді.Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі – өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Лицензияны қайта ресімдеу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.Лицензия алу үшін өтініш беруші электрондық өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Сонымен қатар сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және деректерді тіркеу мен беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы туралы мәліметтер ұсынылады.Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төленген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай белгіленеді және төмендегідей мөлшерде алынады:Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін) — 200 АЕК.Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін):астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда — 100 АЕК;аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде — 70 АЕК;ауылдық елді мекендерде — 30 АЕК.Біліктілік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Алкоголь өнімдерінің көтерме саудасын жүзеге асыру үшін алкоголь өнімдерін сақтау, қабылдау және босатуға арналған қойма үй-жайлары болуы қажет. Мұндай үй-жайлар білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, спорт объектілерінің, жанармай құю станцияларының, базарлардың және мәдени-демалыс мекемелерінің аумағында орналаспауы тиіс.Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу үшін заңнама талаптарына сәйкес келетін стационарлық үй-жайдың болуы міндетті. Үй-жай сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіліп, тіркелген бақылау-касса машинасымен жабдықталуы қажет.Заңнамада лицензия беруден бас тарту жағдайлары да көзделген. Оларға лицензиялық алымның төленбеуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, жалған мәліметтер ұсыну немесе лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға қатысты сот шектеулерінің болуы жатады.Өтінішті қарау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық лицензияны немесе бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауапты алады.Белгіленген талаптарды сақтау және лицензияны уақытылы рәсімдеу алкоголь өнімдерін өткізу қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады және кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1308494?lang=ru
Маңғыстауда ЮНЕСКО шешімін іске асыру бойынша өңірлік жұмыс кездесуі өтті 09.10.2026
2026 жылғы 9 қазанда Ақтау қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48 COM 8B.20 шешімін іске асыру жөніндегі өңірлік жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.Кездесудің негізгі мақсаты – Маңғыстаудың жартасты мешіттері мен олармен сабақтас киелі нысандарды сақтау, қорғау және басқару бағытындағы жұмыстарды талқылау, сондай-ақ тиісті іс-шараларды іске асыру мерзімдері мен алдағы міндеттерді айқындау. Атап айтқанда, Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Сұлтан үпі және Шақпақ ата жерасты мешіттерін сақтау, қорғау және олардың тарихи-мәдени құндылығын келер ұрпаққа жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу барысында тарихи-мәдени мұра нысандарын түгендеу, оларды консервациялау стратегиясы, интеграцияланған басқару жоспары, мониторинг жүргізу және қаржыландыру мәселелері қаралды.Сонымен қатар буферлік аймақтарды белгілеу, жерді пайдалану, қала құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту, келушілер ағынын басқару, туризм мен зиярат ету бағыттарын реттеу мәселелеріне назар аударылды.Осы кездесуге шақырылған мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың өкілдері қайырылымдық қоғамдық қорларының басшылары өңірдегі жерасты мешіттерін сақтау, қорғау бағыты бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу – Маңғыстаудың туристік әлеуетін тұрақты дамытудағы маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте халықаралық талаптарды ескере отырып, киелі нысандарды қорғау мен туристік қызметті тиімді ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру ерекше маңызға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1308541?lang=ru
Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді 09.10.2026
08 қазанда Ерейментау ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина және Мемлекеттік қызметтер басқармасы бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова  салық салудың өзекті мәселелері мен салық заңнамасын қолдану жөнінде салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне арналған техникалық оқыту шараларын өткізді.Іс-шара барысында салық төлеушілерге салық заңнамасын қолдану және салық салу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Олар сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1308548?lang=ru
Омбудсмен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ конференциясында Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін таныстырды 09.10.2026
ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференциясы аясында халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығына арналған арнайы іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жаңа Конституцияның негізгі ережелерін және олардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын таныстырды.Өз сөзінде Омбудсмен жаңа Конституцияны әзірлеуге әртүрлі әлеуметтік топтардың, өңірлердің және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері қатысқанын атап өтті. Конституциялық комиссия азаматтардан келіп түскен 10 мыңнан астам ұсынысты қарады. Нәтижесінде өзгерістер Негізгі заңның 77 бабын, яғни 84%-ын қамтыды.Жаңа Конституцияда адамға, оның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән берілген. Негізгі кепілдіктер қатарында өмір сүру құқығы, жеке басына қол сұғылмаушылық және әділ сот талқылауына құқық, өлім жазасына тыйым салу, дербес деректерді қорғау, сөз және шығармашылық еркіндігі, сондай-ақ тұрғын үйді сот арқылы қорғау құқықтары белгіленген.Уәкіл Қазақстан Халық Кеңесі атты жаңа конституциялық институт туралы да айтып, оның қоғамдық өкілдікті кеңейтуге және мемлекет пен қоғам арасында диалог орнатуға бағытталғанын атап өтті.Қорытындылай келе, Артур Ластаев конституциялық реформаның жаңа Негізгі заңды қабылдаумен ғана шектелмейтінін, оның заңнаманы жаңарту және адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін іс жүзінде қамтамасыз ету арқылы жалғасып жатқанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1308549?lang=ru
Заң мен тәртіп: Көкшетау жастары есірткіге қарсы! 09.10.2026
2026 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы «Қоғамдық келісім» КММ және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен (ЕҚҚІҚБ) бірлесіп, «Заң мен тәртіп» республикалық акциясы аясында есірткінің алдын алуға арналған профилактикалық дәріс пен кинокеш өткізді.  Іс-шара қалай өтті?🔹 Ақпараттық дәріс: ЕҚҚІҚБ өкілі жастарға есірткі заттарының денсаулыққа тигізер залалы, синтетикалық есірткінің қаупі және есірткі бизнесіне тартылудың құқықтық жауапкершілігі мен салдары туралы толық айтып берді.🔹 Ашық диалог: Қатысушылар сұрақтарын қойып, бұл мәселе төңірегінде өз пікірлерімен бөлісті. Белсенді қатысқан жастарға естелік сыйлықтар табысталды!🔹 Танымдық кинокеш: Кездесу соңында есірткіге тәуелділіктің қасіреті мен заңды бұзудың салдары туралы арнайы деректі фильм көрсетілді.  Өз өміріңіз бен болашағыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Есірткісіз болашақты бірге құрайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-kokshetauakmo/press/news/details/1308526?lang=ru
Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын нығайтып келеді 09.10.2026
Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын нығайтып келеді.ҚР Қаржы министрлігі бизнестің жұмысын жеңілдету, бюджеттің ашықтығын арттыру және жүйелік кемшіліктердің алдын алу үшін цифрлы құралдарды енгізуді мықтап қолға алды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді. Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘИЖ) ескірген жеті жүйені алмастырып, жаңа Салық кодексіне бейімделді. Айталық, декларацияларды алдын ала толтыру енгізілді және ҚҚС бойынша айналымды есептеу автоматтандырылды. Жыл басынан бері 7,9 млн салық есебі қабылданып, мемлекеттік органдармен және банктермен 75 интеграция жасалды. Ал Smart Data Finance 80 көзден алынған деректерді біріктірді. Камералды бақылау қорытындысы бойынша 322 млрд теңге салық жинақталды. Бұған қоса ЖИ тексерулер жүргізілмес бұрын тәуекелдерді анықтауға көмектесіп келеді. Оларды цифрлы сервистердің көмегімен анықтау кәсіпкерлерге бұзушылықтарды алдын ала жоюға мүмкіндік береді. Тауарлардың ұлттық каталогында шамамен 33,5 млн тауар позициясы қамтылған. Оның негізінде құрылған Баға деректер базасы бюджеттік жоспарлауда қолданылып жүр. Тиісті бағалау бойынша 2024 жылғы деректер негізінде болжамды үнемдеу жылына - 200 млрд теңге. Бұдан бөлек KEDEN жүйесі электронды кедендік декларациялауды және «бір терезе» қағидатына сәйкес құжаттарды тапсыруды қамтамасыз етсе, Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті министрліктің сервистеріне қолжетімділікті, хабарламалар мен техникалық қолдауды біріктіреді. Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін цифрлы теңгені енгізу қолға алынды. Мәселен, айналымға шамамен 339 млрд цифрлы теңге шығарылып, 20-дан астам қанатқақты жоба жолға қойылды. Digital Qazyna порталы арқылы мемлекеттік ұйымдар арасында құны 433 млрд теңгеден асатын 56 мыңнан астам нысан берілді. Бұл мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін қолда бар мүлік есебінен қамтамасыз етуге жол ашты. Сонымен қатар бұзушылықтардың алдын алу үшін Smart Audit Qazaqstan платформасы құрылып жатыр. Жыл соңына дейін оның іргесін қалыптастырып, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу жоспарланған. Биыл бюджеттік жалақы төлемдерінің онлайн-мониторингін қамту 140% ұлғайды. «Бұл деректер негізінде мемлекеттік қаржыны басқарып, превентивті бақылауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бюджеттің әр теңгесінен түсетін кірісті арттыруға көшуді айғақтайды», деді Әсет Нұрланұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1308366?lang=ru
Ирландия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 09.10.2026
Астана, 2026 жылғы 9 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Исетов Қазақстан Республикасындағы Ирландияның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Джулиан Клэрден сенім  грамоталарының көшірмелерін қабылдады.А.Исетов ирландиялық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі және Қазақстан мен Ирландия арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі күш-жігерді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ білім беру, мәдениет және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Дж. Клэр министрдің орынбасарына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ирландия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар тұрақты байланыстарды қолдауға және екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді бірлесіе пысықтауға өзара мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1308381?lang=ru
Кембридж университетінде Ботай мәдениетіне арналған көрме және Еуразиядағы ежелгі өзара байланыстарды зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми конференция ашылды 09.10.2026
Кембридж, 2026 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Ә.Бақаев Кембридж университетінің Макдональд археологиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Еуразиядағы ежелгі өзара байланыстарды зерделеудің жаңа бағыттары» (New Directions in Understanding Ancient Interactions across Eurasia) атты халықаралық ғылыми конференцияның ашылуында сөз сөйледі.Іс-шараға Қазақстан, Ұлыбритания және басқа да елдердің жетекші археологтары мен зерттеушілері қатысуда. Конференция бағдарламасы қола және темір дәуірлерінен бастап орта ғасырлар мен көшпелі қоғамдар тарихына дейінгі Еуразияның тарихи дамуына қатысты кең ауқымды мәселелерді қамтиды.Конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде қазақстандық дипломат Ұлы дала тарихын объективті ғылыми тұрғыдан зерттеудің, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтудің және заманауи пәнаралық зерттеу әдістерін қолданудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Ұлыбританияның ғылыми және музей мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына, оның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасуларды жүзеге асыруға және жас ғалымдарды даярлауға ерекше назар аударылды.Конференция аясында Елші Ә.Бақаев Қазақстанның аса маңызды археологиялық ескерткіштерінің бірінің тарихи-мәдени мұрасына арналған «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесінің салтанатты ашылуына да қатысты. Ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы және Ботай мәдениетін халықаралық деңгейде зерттеуге елеулі үлес қосқан Эксетер университетінің археология профессоры Алан Оутрам қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Ботай мәдениетінің Ұлы дала тарихындағы айрықша орнын және адам мен жылқы арасындағы өзара қарым-қатынастың алғашқы түрлерін зерттеудегі маңызын атап өтті. Ол Қазақстанның бай археологиялық мұрасы ұлттық тарихтың ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен қатар Еуразияның ортақ тарихи-мәдени мұрасының маңызды құрамдас бөлігі екенін баса айтты.Кембриджде көрме мен конференцияның өткізілуі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде дәріптеу және қазақ-британ ғылыми әрі мәдени ынтымақтастығын нығайту бағытындағы жұмыстың жалғасы болды.Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігі ұсынған экспозиция археологияны, заманауи өнерді және этнографияны тоғыстырады. Көрмеге музей қорларындағы археологиялық жәдігерлер мен этнографиялық бұйымдар, сондай-ақ 2019, 2023 және 2025 жылдары өткен халықаралық суретшілер симпозиумдарына қатысушылар жасаған 22 көркемөнер туындысы қойылды.Біздің заманымызға дейінгі IV–III мыңжылдықтарға жататын Ботай қонысы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1308297?lang=ru
«Дала дәмі» республикалық жобасы аясындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 09.10.2026
2026 жылғы 10 қазанда сағат 09:00-де Қостанай қаласында «Дала дәмі» республикалық жобасы аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.Іс-шара Войнов-Интернационалистов және Генерал Арыстанбеков көшелерінің қиылысындағы жабық сауда алаңында ұйымдастырылады.Жәрмеңкеде тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Іс-шараның мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау және халықты сапалы, қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1308309?lang=ru
Ұлыбританияның Орталық Азия бойынша Сауда өкілінің Қазақстанға сапары өтті 09.10.2026
Астана, 22 қыркүйек – 2026 жылғы 19-22 қыркүйек аралығында Орталық Азия елдеріне өңірлік турне аясында Ұлыбританияның Орталық Азия бойынша Сауда өкілі Лорд Джон Томас Алдердайстың Қазақстанға жұмыс сапары өтті.Сапар барысында Лорд Алдердайсты ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин қабылдады. Сонымен қатар, оның ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиевпен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбекпен, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ә.Қуантыровпен, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер, Энергетика министрліктері, Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, «KEGOC» АҚ және Alatau City Authority басшылығымен кездесулері өтті.Кездесулер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді практикалық іске асыруға, сондай-ақ  2026 жылғы қазанда Астанада өткізу жоспарланған Қазақстандық-Британдық сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 12-отырысына дайындыққа негізгі назар аударылдыТараптар екіжақты сауданың динамикасын талқылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 1,63 млрд АҚШ долларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 83,7%-ға өсті. 2026 жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 1,25 млрд АҚШ долларына жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,5%-ға артты.Сауданы әртараптандыруға және жоғары қосылған құны бар шикізаттық емес өнімдер экспортын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Британдық импорттаушылардың Қазақстанға сауда миссиясын ұйымдастыру, британдық нарықтың сапа мен сертификаттауға қойылатын талаптары, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне, энергетикаға, логистикаға және жоғары технологиялық салаларға британдық инвестицияларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.Британдық тарап Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына, оның ішінде электр энергиясын өндіру және беру, «жасыл» энергетика, қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді сақтау және биоалуантүрлілікті қорғау салаларына қызығушылық білдірді. Атом энергиясы жөніндегі агенттігімен және «KEGOC» АҚ-мен кездесулер барысында атом энергетикасы, энергетикалық инфрақұрылым және технологиялық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.Сапар бағдарламасында ғылыми-білім беру ынтымақтастығына маңызды орын берілді. Лорд Алдердайс Астанадағы Coventry University Kazakhstan жаңа кампусы құрылысының басталу салтанатына және британдық Ardingly Astana мектебінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, Британдық тарап бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу және өзара мүдделі бағыттар бойынша зерттеу бағдарламаларын дамыту арқылы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды.Сапар қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға, сауда мен инвестицияларды кеңейтуге, өзара сауданы әртараптандыруға және нақты бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1308256?lang=ru
Омбудсмен Варшавада соттардың институционалдық тәуелсіздігін нығайту бағытындағы Қазақстанның тәжірибесін таныстырды 09.10.2026
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференциясының құқық үстемдігі мәселелеріне арналған пленарлық отырысында сөз сөйледі.Өз баяндамасында Омбудсмен Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі жетістіктерінің бірі адам құқықтары мен бостандықтарының іргелі кепілдіктерін едәуір нығайту болғанын атап өтті. Елдің конституциялық даму тарихында алғаш рет «Миранда қағидасы» Негізгі заңда тікелей бекітілді. Сонымен қатар кінәсіздік презумпциясы, өзіне-өзі қарсы куәлік бермеу құқығы және бір әрекет үшін қайтадан жауапкершілікке тартуға тыйым салу адам құқықтарына арналған бөлімге енгізілді. Мұның барлығы жеке тұлғаның құқықтарын нақты әрі тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.Сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында 2025 жылы кассациялық соттар құрылды. Енді кассациялық шағымдар тараптардың қатысуымен өтетін сот отырысында алқалы құрамда қаралады.Адам мен мемлекет арасындағы дауларды қарайтын әкімшілік әділет жүйесі де өзін тиімді қырынан көрсетті. Сот төрелігіне қолжетімділік пен сот арқылы қорғалудың әділдігін қамтамасыз ететін маңызды кепілдіктердің бірі – соттарды толық цифрландыру және істерді автоматты түрде бөлу жүйесі болды.Сөз соңында Артур Ластаев жүргізіліп жатқан өзгерістер орталығында адам және оның сот арқылы тиімді қорғалуға деген құқығы тұрған құқықтық кепілдіктердің жаңа жүйесін дәйекті түрде қалыптастырып жатқанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1308266?lang=ru
Шығыс Қазақстан мен Үндістан туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады 09.10.2026
2026 жылғы 8 қазанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Қазақстан Республикасындағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангальмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар туризм, өнеркәсіп және инвестиция тарту салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.Халықаралық әуе қатынасын дамытуКездесудің негізгі тақырыптарының бірі Дели – Өскемен тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін қарастыру болды. Тікелей әуе қатынасын дамыту Үндістаннан келетін туристер ағынын арттыруға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және өңірдің халықаралық байланыстарын нығайтуға ықпал етуі мүмкін.Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті зор. Бірегей табиғи ландшафттар, мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ этнографиялық, сауықтыру және белсенді туризмді дамыту мүмкіндіктері шетелдік туристерді тартуға қолайлы жағдай қалыптастырады. Әсіресе Катонқарағай және Марқакөл аудандарының туристік әлеуеті ерекше.Өнеркәсіптік ынтымақтастық және инвестицияларКездесу барысында маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары, сондай-ақ Өскемен титан-магний комбинатымен ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.Сонымен қатар үндістандық инвестициялар мен технологияларды тарту, Шығыс Қазақстан облысының өнімдерін Үндістан нарығына жеткізуді кеңейту және тараптар арасында тікелей іскерлік байланыстар орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.Үндістанмен ынтымақтастықты дамыту өңірдің халықаралық әріптестігін кеңейтудің перспективалық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Туризм, өнеркәсіп және инвестиция салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру экономикалық байланыстарды нығайтуға және Шығыс Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал етуі мүмкін.Шығыс Қазақстан облысының Туризм және инвестициялар басқармасы өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруға жағдай жасау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1308273?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысы инвестициялар тарту бойынша жұмысты жалғастыруда 09.10.2026
2026 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.Отырыс барысында инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Өңірдің инвестициялық көрсеткіштері2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 511 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,6%-ға жетті.Өңірдің инвестициялық портфеліне жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 103 жоба енгізілген. Оларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген.Инвестициялық портфельдің салалық құрылымында энергетика, туризм, тау-кен металлургиясы және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы жобалар елеулі үлеске ие.2026 жылы өңірде жалпы құны 30 млрд теңге болатын 16 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.Инвестициялық әлеуетті дамытуШығыс Қазақстан облысында отандық және шетелдік инвестициялар тарту, бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеу бойынша жұмыстар жалғасуда.Экономиканың басым салаларын дамытуға, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылады.Шығыс Қазақстан облысының Туризм және инвестициялар басқармасы өңірдің инвестициялық әлеуетін ілгерілету, әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау және туризм саласын қоса алғанда, перспективалық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу бағытындағы жұмысын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1308274?lang=ru
Депутаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Алтай ауданы мәслихатының VIII шақырылым депутаты Жуваныжбаев Руфат Базырбекұлы «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 09.10.2026
Руфат Базырбекұлы — шаруа қожалығының басшысы, өзінің сайлау округінің тұрғындары арасында жақсы танымал әрі құрметке ие азамат. Депутаттық қызметінде ол жерлестерінің өтініштері мен мәселелеріне мұқият көңіл бөліп, округтің өзекті мәселелерін шешуге белсенді атсалысып келеді. Сондай-ақ мүмкіндігіне қарай демеушілік көмек көрсетіп, тұрғындардың бастамалары мен қажеттіліктерін қолдайды.Ол үшін депутаттық мандат — ең алдымен, өзіне сенім білдірген халық алдындағы жауапкершілік.Руфат Базырбекұлын лайықты марапатымен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс және Алтай ауданы тұрғындарының игілігі жолындағы қызметіне одан әрі жемісті еңбек тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1308245?lang=ru
Қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, «Социалистік Еңбек Ері», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған«Еңбегімен еленген ел анасы» тұлғатану сағаты 09.10.2026
С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, «Социалистік Еңбек Ері», "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған «Еңбегімен еленген ел анасы» тұлғатану сағаты өтті.Шараның  негізгі мақсаты – ел тарихында өзіндік орны бар дара тұлға Зылиха Тамшыбаеваның өнегелі өмірі мен еңбек жолын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа оның елге қызмет етудегі азаматтық ұстанымын, қажырлы еңбегін, іскерлік қабілетін және адамгершілік қасиеттерін үлгі ету. Сонымен қатар тұлғаның өмір жолы арқылы адал еңбек, елге қызмет ету, жауапкершілік, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік және ұрпақ сабақтастығы сынды құндылықтарды дәріптеу болды.Шара барысында кітапхана оқырмандарына Зылиха Жанболатқызының өмірі мен еңбек жолына арналған «Өнегелі өмір – ұрпаққа аманат» атты бейнеролик көрсетілді. Бейнематериал арқылы қайраткердің ел игілігі жолындағы ерен еңбегі, ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі кеңінен таныстырылды.Сонымен қатар кітапхана қорындағы әдебиеттер негізінде ұйымдастырылған «Ел игілігі жолындағы еңбек» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге Зылиха Тамшыбаеваның өмірі мен қызметі туралы деректер, тарихи-танымдық басылымдар, фотоматериалдар мен тұлғаға қатысты әдебиеттер қойылды. Арнайы шақырылған қонақтар – М. Тынышбаев атындағы музейдің бөлім меңгерушісі Айгерім Бекенқызы және Көксу ауданы, Зылиха Тамшыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Диана Елтайқызы елге еңбегі сіңген ардақты тұлғаның өмір жолы мен азаматтық болмысы жайлы ой бөлісті. Жас ұрпақты еңбекқорлыққа, елжандылыққа, туған жерді қадірлеуге және ел игілігі жолында аянбай қызмет етуге үндейтін мазмұнды кездесуде «Тарихи детектив» сұрақ-жауап алаңында оқырмандар Зылиха Жанболатқызының өмірі мен еңбек жолына қатысты түрлі сұрақтарға жауап іздеп, өз білімдерін ортаға салды. Қатысушылар тұлғаның еңбек жолындағы маңызды кезеңдерді, елге сіңірген еңбегін, марапаттары мен қоғамдық қызметін саралай отырып, тарихи деректер арқылы Зылиха Тамшыбаеваның қайраткерлік қырын тереңірек таныды. Ел анасының өнегелі ғұмырының әр кезеңі – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық тағылым екені айқын көрініс тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1308223?lang=ru