Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан халықаралық агенттіктердің инвестициялық кредиттік рейтингін сақтауда 14.03.2026
Халықаралық валюта қоры деректеріне сәйкес, Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кіреді. Экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығы жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің - Moody’s, Fitch Ratings және Standard & Poor’s - бағалауларымен де расталады. Қазақстан бұл агенттіктермен 1996 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді.2002 жылдан бастап Қазақстан Орталық Азиядағы инвестициялық деңгейдегі егемен кредиттік рейтингі бар жалғыз мемлекет болып табылады.Қолданыстағы егемен рейтингтің арқасында 2024–2025 жылдары Қазақстан тартымды қарыз алу шарттарымен халықаралық қарыз капиталы нарығына сәтті қайта шықты. Осы кезеңде ел жалпы сомасы 5,5 млрд АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды үш рет орналастырды. Бұл жаһандық инвесторлардың Қазақстан экономикасына деген сенімінің дәлелі әрі халықаралық нарық қатысушылары үшін оның сенімді, перспективалы және тәуекелі төмен екенін айқындайтын маңызды көрсеткіш.2025 жылғы 15 шілдеде Fitch Ratings Қазақстанның егемен кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады.2025 жылғы 30 қыркүйекте Moody’s Қазақстан Республикасының бұрын берілген егемен кредиттік рейтингін «Baa1» деңгейінде сақтап, болжамын «Тұрақты» деп белгіледі.2025 жылғы 22 тамызда Standard & Poor’s Қазақстанның егемен рейтингінің болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсарта отырып, рейтингті «BBB-» деңгейінде растады. Агенттіктің шешімі елдің институционалдық және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы тұрақты ілгерілеуін көрсетеді. Олардың ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің қабылдануы да бар.2026 жылғы 20 ақпанда Standard & Poor’s Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде «Позитивті» болжамын сақтай отырып растады.Рейтинг пен позитивті болжамның сақталуы фискалдық консолидацияның жалғасуымен, жоғары өтімді активтердің елеулі буферлерінің болуымен, экономиканы әртараптандырудың жалғасуымен, ауқымды цифрландыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырумен, сондай-ақ институционалдық және әкімшілік реформалардың жалғасуымен байланысты.Қатаң фискалдық ережелерді сақтау, соның ішінде Ұлттық қор қаражатын пайдалану тәртібі, сондай-ақ мұнайға жатпайтын салық базасын кеңейту мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.Standard & Poor’s сарапшылары өткен жылы басталған, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны да оң бағалады. Басым секторлардағы «Бәйтерек» холдингінің жобаларының ауқымы мен портфелі алдыңғы жылдармен салыстырғанда ЖІӨ-ге шаққандағы инвестициялар деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Болжамдарға сәйкес, экономиканы әртараптандыру процесі жалғасады. Өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ құрылымындағы үлесі екінші жыл қатарынан тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті және жедел деректер бойынша 2025 жылы 12,7%-ға жетті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1181099?lang=kk
Әскери қызметші әйел академик Нәйлә Базанова атындағы сыйлықтың лауреаты атанды 14.03.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің аға оқытушысы полковник Айсұлу Молдашева – осы беделді ғылыми марапаттың иегерлері қатарына енген тұңғыш әскери қызметші.Бұл сыйлықты 2024 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық академия отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым әйелдерді қолдау мен ынталандыру мақсатында тағайындаған болатын. Сыйлық еліміздегі тұңғыш академик әйел, көрнекті физиолог Нәйлә Базанованың есімімен аталады. Өткен ғасырдың ортасында ғалымның физиология саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектері Қазақстандағы биология ғылымының дамуына зор ықпал етті.Биыл еліміздің 66 жетекші ғалым әйелі осы сыйлықтың лауреаты атанып отыр. Олардың қатарында Қазақстан Қарулы күштерінің өкілі де бар.Полковник Айсұлу Молдашева – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әскери құқық, ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, әскери этика және қарулы қақтығыстар құқығы мәселелеріне арналған 200-ден астам ғылыми, оқу және оқу-тәжірибелік еңбектердің авторы. Оның ғылыми қызметі мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің теориялық негіздерін зерттеуге, әскери-құқықтық ғылым мен әскердегі құқық қорғау қызметін дамытуға бағытталған.Сонымен қатар, ол қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарға сараптамалық баға беруге, сондай-ақ тұжырымдамалық жобаларды әзірлеуге белсенді қатысып келеді.Беделді сыйлықтың берілуі полковник Айсұлу Молдашеваның кәсіби жетістіктерінің мойындалуы және еліміздің әскери ғылымы мен ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесінің дәлелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1181086?lang=kk
Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде 14.03.2026
Шымкент қаласындағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында кезекті сенбілік азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Апта сайын ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты – қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қолдау.Таңғы уақыттан бастап жәрмеңке алаңына тұрғындар көптеп жиналды. Мұнда Шымкенттің жергілікті өндірушілерімен қатар көршілес облыстардан келген шаруалар да өз өнімдерін ұсынды. Сатып алушылар көкөніс пен жеміс-жидек, жаңа сойылған ет, сүт өнімдері, ұн және нан өнімдері, сондай-ақ түрлі кондитерлік және тоқыма бұйымдарын нарықтағы бағадан төмен бағада сатып алды. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдердің тікелей өндірушілерден жеткізілуі.Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Жандос Ханиевтің айтуынша, жәрмеңке барысында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады.– Кәсіпкерлерге сауда орындары тегін беріледі. Жәрмеңкенің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары қатысады. Сонымен қатар көшпелі зертхана жұмыс істеп, сатылып жатқан өнімдердің сапасын тексеріп отырады, – деді ол.Жәрмеңкеге тұрақты қатысатын кәсіпкерлердің бірі – ет өнімдерін сатушы Кошгар Абдуалы. Оның айтуынша, ол апта сайын шамамен 100 келі ет өнімін әкеліп, түгелге жуық сатып кетеді.Ал жәрмеңкенің тұрақты келушілерінің бірі Жұмакүл Маханова бұл жерге тек сауда жасау үшін емес, адамдармен араласып, қоғамға пайдасын тигізу үшін келетінін айтады. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын ол кейде мұқтаж жандарға өнімдерді тегін беріп, қайырымдылықпен де айналысады.Жалпы сенбілік жәрмеңке тек сауда алаңы ғана емес, тұрғындар мен кәсіпкерлердің кездесіп, пікір алмасатын ортасына айналып отыр. Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Шымкент қаласының бес ауданында ұйымдастырылуда.
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды 14.03.2026
Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» республикалық акциясы басталды. Мерекелік науқан 13–23 наурыз аралығында ел аумағында өтіп, жүздеген сауда алаңын біріктіріп, тұрғындар мен ел қонақтары үшін көктемгі жаңару мен тиімді сауданың ерекше атмосферасын қалыптастыруда.Акция аясында сауда нысандары сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10–70 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынуда. Акциялық тауарлар арнайы мерекелік баға белгілерімен және навигациялық көрсеткіштермен белгіленген, бұл келушілерге жеңілдікпен ұсынылған тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.Акцияға шамамен 300 сауда субъектісі қатысуда. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 интернет-платформа бар. Қатысушылар арасында еліміздің ірі сауда желілері Magnum Cash&Carry, Small, Galmart, Анвар, Дина, Toimart, Астыкжан, Greenwich және басқалары бар. Акция барысында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Сауда орталықтарында қазақстандық компаниялардың өнімдері ұсынылған арнайы аймақтар ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтық бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылуда.Сатып алушылар да бірқатар тауарлар бағасының айтарлықтай төмендегенін атап өтуде.«Жеңілдіктер өте көп екенін көріп отырмын. Осы сауда желісінде акция арқылы 5 келі ұнды 1400 теңгеге сатып алдым, сондай-ақ көкөністердің бағасы да төмендеген — картоп пен сәбіз алдым. Шынымды айтсам, 100 теңгелік баға белгілерін бұрыннан көрмеп едім, бүгін шынымен мерекелік жеңілдіктер сезіледі», — деді елорда тұрғыны Ақбота Жақаева.Мерекелік көңіл күйді еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де толықтыруда. Мұнда тұрғындар жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады.«Nauryz Sale» акциясы Наурызды жалпыхалықтық мерекелеудің бір бөлігіне айналып, отандық бизнесті қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және қазақстандықтар үшін мереке қарсаңындағы сауданы одан әрі тиімді етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1181055?lang=kk
Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі өтті 14.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясындағы 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.Фестивальдің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру.Байқау барысында қатысушы отбасылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін таныстырды. Атап айтқанда, «Таныстыру» кезеңінде әр отбасы креативті таныстырылым жасап, өздерінің отбасы құндылықтары мен ерекшеліктерін көрсетті. «Отбасы — қуаныштың бастауы» кезеңінде қатысушылар ән, би және қолөнер арқылы отбасының өнерін паш етті.Сонымен қатар, «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңінде жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер арқылы мақал-мәтелдерді тауып, олардың мағынасын түсіндіру тапсырмасы орындалды. Ал «Салт-дәстүр – ұлттық рухтың тайқазаны» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері сахналық көрініс арқылы көрермен назарына ұсынылды.Фестиваль барысында кезеңдер арасында концерттік нөмірлер ұсынылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.Осындай игі шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы институтының маңызын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен рухани сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1181056?lang=kk
ЮНЕСКО алаңында Қазақстан исламофобияға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау білдірді 14.03.2026
Париж, 2026 жылғы 13 наурыз – ЮНЕСКО-да өткен «Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісімді нығайту және мәдениет пен білімді ілгерілету саласындағы тәжірибесі таныстырылды.Исламофобияға қарсы күрестің халықаралық күніне (15 наурыз) орайластырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, ЮНЕСКО мен Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілдері, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов өз сөзінде діни төзімсіздікпен күресте халықаралық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Білім беруді, ғылымды, мәдениетті және коммуникацияларды дамыту арқылы бейбітшілікті қолдауға арналған мамандандырылған БҰҰ агенттігі ретінде ЮНЕСКО төзімсіздіктің, нәсілшілдіктің және кемсітушіліктің барлық түрлеріне қарсы тұрудағы күш-жігерінің ажырамас бөлігі ретінде исламофобиямен күресте маңызды рөл атқарады», – деді отандық дипломат.Осыған байланысты ол іс-шараға қатысушыларға Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дінаралық және мәдениетаралық диалог үшін тұрақты платформа құрудағы рөлін ерекше атап өтті. Елші Қазақстандағы білім берудің сапасын, қолжетімділігін, цифрландыруын жетілдіру шаралары және азаматтарды әлеуметтік қолдау, соның ішінде Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан қайтарылған әйелдер мен балаларды қоғамға қайта интеграциялау тәжірибесі туралы айтты. Осы орайда еліміздегі практикалық жұмыс исламофобиямен және төзімсіздікдің басқа да түрлерімен күресудегі кең ауқымды шараларды жүзеге асыруға ықпал ететіні атап өтілді.Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру мен мәдениеттің қоғамдарында өзара түсіністік пен әртүрлілікті құрметтеуді ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.Сол күні кешке ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктері тіркелген дипломатиялық корпус пен Ұйымның Хатшылығы үшін бірлесе ауызашар өткізіп, іс-шара аясында өздерінің ұлттық тағамдары мен мәдени мұраларымен бейнематериалдарды таныстырды.Анықтама: ЮНЕСКО-да өткен «Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстел Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Түркияның бастамасымен өтті. 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 наурызды Халықаралық исламофобияға қарсы күрес күні деп белгілеу туралы қарар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1181036?lang=kk
Жалпыхалықтық коалиция өкілдері сауда саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады 14.03.2026
Жалпыхалықтық коалиция мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары ірі сауда желілерінің өкілдері және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституциядағы елеулі өзгерістерді талқыға салды. Жиынға жалпыхалықтық коалиция мүшесі Мария Утебаева, мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов пен профессор Венера Жексенбекова қатысты. Шараны ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ашып, жалпыхалықтық коалиция мүшелеріне елдегі маңызды құжатты сауда саласының өкілдерімен ашық талқылауға келгендеріне алғыс білдірді. «Біздің елімізде ашық әрі жетілген қоғам қалыптасты. Ұзақ уақыт бойы қоғамда жаңа Конституция жобасы талқыланып келеді. Бүгін біз референдум қарсаңында осы құжатты ашық әрі сындарлы түрде талқылап отырмыз. Алдағы жексенбіде әр қазақстандық азаматтық жауапкершілік танытып, өз ұстанымын білдіруі керек. Жаңа Конституция - бұл халқымыздың құқықтық коды», - деді министр.Мәжіліс депутаты Марат Башимов жаңа Конституциядағы Преризенттің жеті жылдық бір ғана мезгілге сайлануына тоқталды. Кешегі өткен Депутаттар форумында Президен Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл сауалға ерекше тоқталды. «Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда адамды қаралау оңай іске айналды. Жаңа Конститцуия жобасында әр азаматтың ар-намысын, қадір-қасиетін ерекше қорғау көзделген», - деді Марат Башимов. «Біз осы уақыт аралығында жай құжатты талқылап келген жоқпыз. Халық, билік, қоғам өкілдері осы уақыт аралығында ел үшін маңызды саяси құжат жобасын талқылап келеміз. Сонаулы күн ғана қалды. 15 наурз – әрбір қазақстандық үшін маңызды, тарихи күн болмақ», - деді профессор Венера Жексенбекова.Жиын барысында сауда саласының өкілдері мен министрлік қызметкерлері жалпыхалықтық коалиция мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Жиналғандар азаматтартың бостандығы мен құқығын қорғауда қандай өзгерістер болатынын, конституциялық реформадан қандай әлеуметтік-экономикалық өзгеріс күтілетінін, жаңа конститция жобасын даярлауда қандай халықаралық тәжірибе қолданылғаны, осы реформа аясында мемлекеттік қызмет саласында болатын өзгертер туралы сауал қойып, ашық диалог орнатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1180998?lang=kk
«ҚАЙСАР АРЕНА» СТАДИОНЫНДА OPEN AIR ФОРМАТЫНДАҒЫ ШАРА ӨТТІ 13.03.2026
Бүгін «Қайсар арена» стадионында жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air форматындағы шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, жалпыұлттық коалиция мүшесі Ақерке Искандерова қатысты.Аймақ басшысы мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындаудағы Конституциялық реформаның маңызына тоқталды.«Президентіміз «Халық Конституциясының жобасы ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегіне берік әрі мызғымас іргетас болады» деп атап өтті. Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Бұл – әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта мемлекеттігімізді нығайтатын маңызды қадам. Тәуелсіздігіміздің басты нышаны болатын жаңа құжатта Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы сақталған. Негізгі идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген, біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі қамтылған.Сындарлы сәтте ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Баршаңызды Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын! Еліміз аман, халқымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Жиында Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Нартай Сәрсенғалиев, Мақсат Толықбай, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, Қорқыт ата университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері  Мұхтар Ниязов сөз сөйледі.Сахна төрінде эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас,  Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.«Қайсар аренаға» жиналған жұртшылық тек қана концерт тамашалаған жоқ, елдің ертеңі туралы ой бөлісті. Өз таңдауын жасаудың, ел болашағына үлес қосудың маңызын ұғынды.  Референдум – демократиялық қоғамның ең басты тетіктерінің бірі. Сондықтан шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады. Бүгінгі кеш жауапкершілікті сезінетін белсенді жастардың, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың басын қосқан ерекше кездесу болды.@Қызылорда облысының баспасөз қызметі
Көрісу күні – Амал мерекесі 13.03.2026
14 наурыз — Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні ерекше мереке — Көрісу күні атап өтіледі. Бұл күн — жылы жүздесулердің, шынайы амандасулар мен ізгі тілектердің күні.Осы күні аудандық Мәдениет үйі қонақтарға есігін айқара ашты. Мәдениет үйінің жайлы фойесінде орталық кітапхана, өлкетану музейі, Тілдерді дамыту орталығы және мәдениет бөлімінің қызметкерлері жиналып, бір-бірін мерекемен құттықтап, қол алысып, құшақтасып, жылы лебіздерін білдірді.Көрісу күні — қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бұл күн үлкенге құрмет көрсетіп, туыс-жақындармен, көрші-қолаңмен қауышып, бір-біріне денсаулық, амандық, береке мен молшылық тілеумен ерекшеленеді. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, адамдарды жақындастырып, татулық пен бірлікті нығайтады.Мерекелік кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Қонақтар қызықты ойындар мен викториналарға қатысып, әндер шырқалып, ақжарма тілектер айтылып, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1180985?lang=kk
Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті 13.03.2026
Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті. Ауқымды іс-шара белсенді азаматтарды, ерекше балалардың ата-аналарын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Жастар ресурстық орталығында өткен форумның басты мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың отбасыларын қолдау, сондай-ақ білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік тұрғыдан өзін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.Форумды кедергісіз орта қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін «Arman Alemi» қозғалысы Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен және серіктес – «Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының қатысуымен ұйымдастырды. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба инклюзия саласында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдерді іздеуге арналған маңызды диалог алаңына айналды. Форум аясында сарапшылар мен әлеуметтік жобалар жетекшілерінің баяндамалары ұсынылып, мемлекет, бизнес және азаматтық сектор арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.Форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов іс-шараның маңыздылығына тоқталды.– Форумның басты мақсаты – ерекше жандарға қолдау көрсету, олардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіру және дарынды жастарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау. Қала әкімдігі мұндай бастамаларды әрдайым қолдайды. Өйткені олар баршаға тең мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыруға ықпал етеді, – деді ол.Іс-шараға жобаның авторы, мотиватор, әнші және қоғам белсендісі Салих Калиевтің қатысуы форумға ерекше әсер сыйлады. Ол өз сөзінде форумның басты идеясы – адамдарды шабыттандыратын және рухы мықты жандардың тәжірибе бөлісетін алаңы екенін атап өтті.– Бізді аяғанды ұнатпаймын. Иә, біз физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар болуымыз мүмкін, бірақ рухымыз шектеулі емес. Бұл форумға келген әрбір адамның артында үлкен еңбек пен өз-өзімен күрес жатыр. Менің мақсатым – біз мемлекетке пайдалы бола алатынымызды көрсету. Үнемі көмек сұрап, шағымдана беру дұрыс емес. Керісінше, қоғамға өз үлесімізді қосып, пайдалы болуға ұмтылуымыз керек. Өмір – әдемі, ал оны лайықты түрде сүре білу – әр адамның қолында, – деді Салих Калиев.Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум тең мүмкіндіктер, өзара құрмет пен қолдау құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды. Мұндай бастамалар Шымкент қаласында инклюзивті орта қалыптасып келе жатқанын және қоғам дамуына әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін көрсетеді.
ТОҚАЕВ ЕЛ ЖАСТАРЫНА: «СІЗДЕРГЕ ОТАНЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ БАР ЕКЕНІН БІЛДІРЕТІН ОРАЙЛЫ МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ» 13.03.2026
Президент Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді деп атап өтті.Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз.Қ.К.Тоқаев: «Барша азаматқа, әсіресе, жас отандастарымызға қарата арнайы үндеу жасағым келеді. Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, Сіздерге арналған.Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екеніңізді білдіретін орайлы мүмкіндік берілді. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңға үлес қосқан азаматтар ретінде ел тарихына өз есімдеріңізді жазып қалдыра аласыздар. Біраз уақыт өткен соң, өмір көріп, есейген шағыңызда: «Мен азаматтық парызымды орындадым. Елімнің жаңа Ата заңын қабылдауға өз үлесімді қостым» деп мақтанышпен айтуға толық құқыңыз бар. Қымбатты отандастар, Сіздердің таңдауларыңыз – бюллетень қағазындағы жай ғана белгі емес. Ол – нағыз Халық Конституциясы жобасына көрсеткен нақты қолдауыңыз. Жастар Қазақстанды дамудың даңғыл жолына салуға атсалысады.Күні ертең ынтымақ-бірлігі жарасқан, еңбекқор, заңға бағынатын, білім, ғылым, мәдениет және зайырлылық құндылықтары берік орныққан, жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлшегіне айналатын қоғам құру миссиясы Сіздерге жүктеледі. Сіздің дауысыңыз нағыз жасампаз отаншылдықтың, азамат ретінде ел келешегі үшін жауапкершілік арқалаудың қандай болатынын көрсетеді».Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев бүгінде 90 мыңнан астам жастарымыз шетелде кедергісіз білім алуда. Біз әр адамға зор мүмкіндік беретін елде өмір сүріп жатырмыз. Жақында өтетін референдум – сондай керемет мүмкіндіктің бірегейі. 15 наурызда әр азаматымыз Қазақ елінің жасампаздық жылнамасына өз қолтаңбасын қалдыра алады. Бұл – нағыз тарихи сәт. Мұндай сәт үнемі бола бермейді. Осы орайда, мен Қазақстан жастарына тағы да арнайы үндеу жасағым келеді.Референдумға белсене қатысу – ел тағдырына бей-жай қарамау деген сөз. Сол күні өз таңдауыңды жасау – туған елдің жарқын болашағын өз қолыңмен құру деген сөз.Уақыт өтеді, ал Қазақстан жаңа Конституцияның арқасында қарыштап дами береді. Көп ұзамай әлемдегі ең озық елдің біріне айналады. Сол кезде «Қастерлі Отанымды осы биікке жеткізген жолды таңдауға мен де атсалыстым» деп, мақтанышпен айта аласыздар. Ал, кейінгі буын өздеріңізге әрдайым ризашылығын білдіріп жүреді.
Қазақстан Елшісі Люксембург Ұлы Герцогіне сенім грамоталарын табыстады 13.03.2026
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Роман Василенко Люксембург Ұлы Герцогі Гийомға сенім грамоталарын табыстады.Герцог сарайында өткен аудиенция барысында тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Р.Василенко Ұлы Герцогке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум туралы ақпарат берді.Өз кезегінде Ұлы Герцог Гийом Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жолдап, Қазақстанның аймақтық және халықаралық саясаттағы артып келе жатқан рөлін атап өтті. Монарх Люксембургтің сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық салаларда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты тұрақты түрде дамытуда. Герцогтік Еуропаның жетекші қаржы орталықтарының бірі және еліміздің Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі болып табылады.Жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Люксембург әлемдегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін иеленеді. Халықаралық валюта қорының дерегі бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш 146 мың АҚШ долларын құраған. 2005 жылдан бері Люксембургтен Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың ағыны 3,7 млрд АҚШ долларынан асқан, бұл люксембургтік қаржы және инвестициялық құрылымдардың Қазақстан нарығына тұрақты қызығушылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1180982?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД жаңа қызметкерлеріне арналған маңызды семинар 13.03.2026
Басшының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Бейсенов Департаментке және оның аумақтық бөлімшелеріне алғаш және қайта жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін онлайн-семинар өткізді.ZOOM-кездесу барысында қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыратын негізгі тақырыптар талқыланды: ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын қатаң сақтау, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормалары мен қағидалары. Лудомания мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ойынға тәуелділік – бұл жай ғана жеке мәселе емес, бұл ашық айтылуы тиіс ауыр әлеуметтік салдарлар.– Мемлекеттік қызметті дұрыс бағдардан бастау керек. Біз ұжымдағы моральдық ахуалға қамқорлық жасаймыз және жаңа әріптестерімізге өздерінің кәсіби жолын сенімді бастауға көмектесеміз, – деп атап өтті Марат Бейсенов.Павлодар облысы бойынша МКД Адам ресурстары басқармасы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1180974?lang=kk
1 сәуірге дейін үлгеру: Павлодар облысының ӨКҚ-да көлік салығын төлеу ережелері түсіндірілді 13.03.2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жеке тұлғалардың 2025 жылғы көлік құралдарына салық төлеу мәселелеріне арналған брифинг өтті. Спикер ретінде өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Арман Уәлиев сөз сөйледі.Өз сөзінде Арман Уәлиев өңірдегі көлік иелеріне 2025 жылғы көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталатынын еске салды.Спикер 2 сәуірден бастап салықты төлемеген тұлғаларға берешек туралы хабарламалар жіберілетінін, ал кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептелетінін атап өтті.Өндіріп алу алгоритмі келесідей жұмыс істейді:- Хабарламаны алғаннан кейін салық төлеушіге қарызды өтеу үшін 30 жұмыс күні беріледі.- Талап орындалмаған жағдайда автоматты түрде салық бұйрығы қалыптастырылады (оны орындауға 5 жұмыс күні беріледі).- Егер бұйрық еленбесе, материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін Жеке сот орындаушыларының (ЖСО) палатасына беріледі.ҚР Салық кодексіне сәйкес, көлік салығын салық төлеуші дербес есептейді. Мұны электрондық сервистер арқылы жасау ең ыңғайлы жол:- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы («Калькуляторлар» бөлімі).- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz), «Көлік салығын есептеу» сервисі.2025 жылға арналған есептеу үшін 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге қолданылады. Сондай-ақ, калькуляторда көлікті іс жүзінде иеленген айлар санын, көлік түрін және қозғалтқыш көлемін көрсету қажет.Салық жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді. Екінші деңгейлі банктер немесе терминалдар арқылы төлеу кезінде келесі деректерді пайдалану қажет:- БЖК (бюджеттік жіктеу коды) – 104402;- ТМК (төлем мақсатының коды) салықтың негізгі сомасы үшін – 911;- Өсімпұл үшін ТМК – 912.Төлем жасау үшін техникалық төлқұжатта көрсетілген көлік құралының 17 таңбалы VIN-кодын (жеңіл көліктер үшін шанақ нөмірі немесе жүк көліктері үшін шасси нөмірі) білу қажет.Брифинг қорытындысы бойынша Арман Уәлиев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық түсініктеме берді. Павлодар облысы бойынша МКД-ның түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1180975?lang=kk
Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінің сотталушысына балалар үшін кейінге қалдырылды. 13.03.2026
       38 жастағы отбасы тұрғыны ұрлық жасағаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесінде екі жыл алты ай жазасын өтеген.         Мекемеге келгеннен кейін ол қызметкерлерге өзінің некеде екенін және үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын айтты: 13 және 10 жастағы екі ұл, сондай-ақ 8 жасар қызы. Олар жұбайымен 16 жылдан астам уақыт некеде тұрды.       Жазасын өтеу кезінде ер адам алкогольді асыра пайдалану және қоғамға жат өмір салты салдарынан жұбайының ата-ана құқығынан айырылғанын, ал балалар 74 жастағы анасының қамқорлығына уақытша берілгенін білді.                       Қалыптасқан жағдайға қарамастан, сотталған адам балалармен бүкіл уақыт бойы байланыста болды, оларға материалдық көмек көрсетті және оларды тәрбиелеу мен отбасын қалпына келтірумен жеке айналысу үшін оларға оралуға үмітін үзбеді.           Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі өзгерістердің арқасында сотталған адамға жазасын өтеуді бір жыл мерзімге кейінге қалдыру берілді.            Заңның бұл нормасы отбасын сақтауға және сотталғандарды әлеуметтендіруге бағытталған, бұл ата-анаға балаларға оралуға, олардың өміріне, тәрбиесіне және қамтамасыз етілуіне қатысуға мүмкіндік береді.            Бұл жағдайда дәл осы өзгерістердің арқасында отбасын біріктірудің нақты мүмкіндігі пайда болды-балалар әкесін күтеді, ал ол өз кезегінде олардың болашағы үшін толық жауапкершілікті алуға дайын.           Мінез-құлықты бақылау үшін сотталған адам Әуезов ауданының пробация қызметіне есепке қойылды. Қызмет қызметкерлері оған әлеуметтік бейімделу және толыққанды отбасылық өмірге оралу процесінде қолдау көрсетеді.           - Мен әрқашан балаларымның мені күтіп тұрғанын білетінмін. Осы уақыт ішінде мен оларға қолымнан келгенше қамқорлық жасауға тырыстым, тіпті қиын жағдайда да. Қазір мен қаладағы ЖШС-нің бірінде жұмыс істеймін және жалақымның бір бөлігін балаларыма киім, азық-түлік сатып алуға және баспана төлеуге жұмсаймын. Мен оларға қайта оралғым келеді, күн сайын қасында болғым келеді, олардың тәрбиесімен айналысқым келеді және енді ешқашан қателеспеймін. Мен үшін бұл жай ғана кейінге қалдыру емес — бұл отбасын және өзін қайтарып алу мүмкіндігі", - деп бөлісті сотталған.            - Заңнамадағы өзгерістер гуманистік көзқарасты қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда балалардың мүдделеріне және отбасын сақтауға басымдық беріледі. Біз сотталушының түзетуге ынталы екенін көріп отырмыз, сондықтан біздің міндетіміз — оның әлеуметтену үдерісін сүйемелдеу және оған тұрақты заңға бағынатын жолға түсуге көмектесу, — деп атап өтті Әуезов ауданы пробация қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Тұрарқанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1180946?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Мектепке дейінгі және мектеп білімi министрi Эъзозхон Каримовамен кездесті 13.03.2026
2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрі Эъзозхон Каримовамен кездесуі өтті.Тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өзара іс-қимылдың тұрақты оң серпіні атап өтіліп, мектепке дейінгі және мектеп білім беру жүйесін реформалау тәжірибесімен алмасудың, заманауи білім беру стандарттарын енгізудің, сондай-ақ оқушылар мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы айтылды.Кездесу барысында Елші білім беру саласының елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту сапасы қоғам мен мемлекеттің болашағын айқындайтынын ерекше атап өтті.Сондай-ақ академиялық байланыстарды нығайтуға, білім беру үдерістерін цифрландыруға, дарынды жастарды қолдауға, педагог кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және білім беруде инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Елші Министрді 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Іс-шара аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Балалар, жастар және климат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа практикалық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1180950?lang=kk
«Keden» ақпараттық жүйесінде жаңашылдықтар енгізілуде 13.03.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті.Іс-шара барысында «Электрондық декларация» модулінің «Тауарларды декларациялау» функционалдығын іске қосу, сондай-ақ «KEDEN» ақпараттық жүйесінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қамтамасыз етуді  тіркеу, екі немесе одан да көп ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға арналған навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдауды қадағалау мәселелері талқыланды.   Шара барысында кәсіпкерлердің қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1180963?lang=kk
Абай облысында сот талаптарын орындамаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. 13.03.2026
           Абай облысының 35 жастағы тұрғыны кезекті вахтаға келіп, полиция қызметкерлерімен өту пунктінде ұсталды. жеке тінту кезінде ер адамнан есірткі заты — кептірілген марихуана бар қағаз пакет табылды.                Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сотталушыға сот шешімін орындамаудың құқықтық салдары, оның ішінде айыппұлды неғұрлым қатаң жаза шарасына — қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мүмкіндігі түсіндірілді. Алайда ер адам соттың талаптарын елемеді және белгіленген мерзімде айыппұл төлемеді. Нәтижесінде сот қоғамдық жұмыстарға айыппұл түріндегі жазаны 60 сағат мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сотталған Бородулиха ауданының пробация қызметіне тіркелді.            Есепке қою кезінде онымен заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тәрбие және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында ер адам некеде тұрмайтынын және ата-анасымен бірге тұратынын хабарлады. Сот тағайындаған жазаны орындау үшін сотталған адам ауыл әкімдігіне жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта ол қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындайды — пробация қызметкерлерінің бақылауымен аумақты тазалау, қар тазалау және басқа да абаттандыру жұмыстарымен айналысады.          - Мұндай алдын алу шаралары маңызды. Пробация қызметінің негізгі міндеті жазаның орындалуын бақылау ғана емес, сонымен қатар қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Қоғамдық жұмыстарға айыппұлды ауыстыру заңды ықпал ету шарасы болып табылады және соттың талаптарын елемеу сөзсіз қатаң жауапкершілікке әкеп соқтыратынының айқын мысалы болып табылады, — деп атап өтті Бородулиха ауданының пробация қызметінің бастығы Қаскен Бодаев.        — Бұл жағдай мен үшін сабақ болды, бұл жағдай мені байыпты ойлауға мәжбүр етті. Мен заңның кез-келген бұзылуының салдары бар екенін түсіндім. Енді мен жағдайды түзетуге тырысамын және мұндай қателіктерге жол бермеймін, - деп бөлісті сотталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1180929?lang=kk
Аймақ басшысының Қостанай ауданына жұмыс сапары 13.03.2026
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қостанай ауданының Александров ауылдық округінде болып, көктемгі егіс науқанымен, Павлов ауылындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысымен және Жуков ауылында елді мекенді көркейту, баспана салу жұмыстарымен танысты.Республика бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуға 300 млрд теңге қарастырылған. Биыл осы қаражаттың 45 млрд теңгесі біздің облысқа бөлінді.Көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу аясында екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда, қаржы институттары арқылы 173 млрд теңге беру жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литрі 281 теңгеден 73,3 мың тонна дизель отыны бөлінді.Соңғы 3 жылда облыстың егіс алқаптарының құрылымы айтарлықтай өзгерді. Дәнді-бұршақты дақылдардың көлемі 84,4%-ға, майлы дақылдар 32,1%-ға ұлғайды.«Борис-Романовское» ЖШС иелігінде 10,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның ішінде егістік – 9,7 мың гектар, жайылым – 565,7 гектар. 2026 жылға арналған егіс құрылымы бойынша бидай – 3,6 мың гектар, майлы дақылдар – 3,1 мың гектар. Майлы дақылдар көлемі 2024 жылғы 1,8 мың гектардан биыл 3,1 мың гектарға дейін ұлғайтылды.«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері облыста 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы орнатылды. 600-ге жуық рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылып, 1250-ден астам ескі және қараусыз ғимарат сүрілді. Сонымен қатар 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды. Биыл облыс елді мекендерінде 77,3 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. Көктемгі көгалдандыру барысында 30 мыңнан астам ағаш пен бұта егілді. Сондай-ақ 37 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу, 31 балалар алаңын орнату және ескі, апатты үйлерді бұзу көзделген», – деді аймақ басшысы.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және ауыл инфрақұрылымын дамыту аясында «Борис-Романовское» ЖШС Павлов ауылында көлемі 0,5 гектар болатын саябақ аймағын құруға демеушілік көмек көрсетті. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 25 млн теңге, оның ішінде 20 млн теңге демеушілік қаражат. Жоба аясында асфальтталған жаяу жүргіншілер жолдары салынып, екі заманауи беседка мен мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған сахна орнатылады. Сонымен қатар белсенді демалыс пен спортпен шұғылдануға арналған жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы салынады. Аумағында балалар ойын алаңы да бар.Саябақта қазірдің өзінде 20 қарағай көшеті мен 100 пирамида тәрізді терек отырғызылды. Бұл экологиялық жағдайды жақсартып, аумақтың заманауи эстетикалық келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның бүкіл аумағында жарықтандыру жүйесі мен еуроштакетниктен жасалған металл қоршау орнатылады. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.«Демалыс аймағы тұрғындардың отбасылық демалысына, спортпен айналысуына және өмір сүру сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасайды», – деді Құмар Ақсақалов.Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын ерекше атап өтеді. Кәсіпкерлер өздері еңбек етіп жатқан ауылдардың дамуына белсенді үлес қосуы қажет.Бүгінде Жуков ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі байқалады. «Розумович» ЖШС 2021-2025 жылдар аралығында өз қаражаты есебінен ауыл тұрғындары үшін 33 пәтерлі 21 үй салды. Сонымен қатар «Өркениет» дамыту орталығы, мини-маркет, қоғамдық монша, қонақүй және балабақша бой көтерді. Қазіргі таңда 100 орындық мектептің құрылысына арналған жоба әзірленді.Кәсіпорын алдағы уақытта тағы 15 жеке тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Ол үшін көлемі 2 гектар жер телімі бөлінген.Жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында 12 басқа арналған ат қора салынды. Сонымен қатар қызметкерлерге арналған тұрғын үй де бой көтерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230521?lang=ru
Мәдени үндестік: референдум мен Наурыз қарсаңындағы Люблянадағы мерекелік концерт 13.03.2026
Любляна, 2026 жылғы 12 наурыз – Любляна университетінің Музыка академиясының концерт залы ерекше мәдени шараның орталығына айналды. Словениядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Словения арасындағы достық пен өнерге арналған музыкалық кеш өтті. Концерт Любляна университетінің профессоры, танымал қазақ‑неміс виолончелисті Эльдар Сапараев және қазақстандық студенттерден құралған «Botti‑Celli» ансамблімен бірлесе ұйымдастырылды.Кешке дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстанның достары, Люблянаға келген шетелдік қонақтар, сондай‑ақ Словенияның іскер және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты. Олардың қатысуы залға шынайы мәдени бірлік пен өзара құрмет атмосферасын сыйлады. Бұл кеш Словенияда тұратын қазақстандықтар үшін ерекше мәнге ие болды, себебі ол 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында және көктемнің жаңаруын, бейбітшілік пен келісімді білдіретін Наурыз мерекесі алдында ұйымдастырылды. Классикалық музыкалық бағдарлама осы құндылықтарды айқын бейнелеп, көрермендердің жүрегінен терең орын алды.Концерт Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосылған тағы бір жарқын үлес болды. Музыкаға, шабытқа және достыққа толы бұл кеш өнердің адамдарды біріктіріп, өзара түсіністікке жол ашатын қуатты құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1180904?lang=kk