Әлем
Салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жүзеге асырылады 10.07.2025
Құрметті салық төлеушілер!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асыратынын хабарлайды.Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі – Хабарламалар) орындау түсініктеме беру арқылы тек СӘАЖ СТК-да сілтеме бойынша қолжетімді болады https://knp.kgd.gov.kz.Бұл ретте хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН) ұсыну жөніндегі функционал салық төлеушінің ескі кабинетінде қалады (https://cabinet.kgd.gov.kz) СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.СӘАЖ СТК-де тіркелу және жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулықтар Комитеттің youtube каналында сілтеме бойынша орналастырылған https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared.СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8 (7172) 73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1032281?lang=kk
Қонаев қаласындағы алдын ала дайындық орталығы – қазақстандық еңбек мигранттарын қолдаудың жаңа алаңы 10.07.2025
Алматы облысында шетелде жұмыс істеуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарын кешенді түрде дайындауға бағытталған Алдын ала дайындық орталығы (Pre-departure Orientation Centre, PDO) өз жұмысын бастады. Жаңа орталық өңірлік Еңбек мобильділігі орталығының базасында құрылды.Бұл бастама Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны бағдарламасы (1-фаза)» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаны қаржыландыруды Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға Алматы облысының әкімдігі мен өңірлік Еңбек мобильділігі орталығы қатысуда.Орталықтың басты мақсаты – еңбек миграциясына дайындалып жатқан азаматтарға шетелде заңды, қауіпсіз және табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті білім мен дағдыларды үйрету. Бағдарлама аясында құқықтық және қаржылық сауаттылық, психологиялық бейімделу, еңбек құқықтарын түсіну, жұмысқа орналасуға өтінім беру тетіктері мен мәдениетаралық коммуникация негіздері қамтылады.Орталық, сондай-ақ, Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыспен қамту сияқты халықаралық бағдарламаларға қатысушыларды қолдауға бағытталған. Осыған орай арнайы оқыту модульдері әзірленуде.Қонаев қаласында Еңбек мобильділігі орталығының мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі бөлімі жетекшісі Кэти Коттрелл, елшіліктің экономисі Бибігүл Жұмағужина, ХКҰ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Светлана Бекмамбетова қатысты.Семинарда қазақстандықтарды маусымдық жұмыс бағдарламасына қалай дайындау, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және шетелге шығу мен жұмысқа орналасу барысында ескерілетін маңызды мәселелер талқыланды.Бұл Орталықтың құрылуы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген Ұлттық көші-қон саясатының міндеттерімен үйлеседі. Атап айтқанда, онда азаматтардың құқықтарын шетелде қорғау, шетелдегі қазақстандықтарды мемлекеттік қолдау тетіктерін дамыту, сондай-ақ халықаралық аренада ұлттық мүдделерді ілгерілету маңыздылығы айтылған.Қонаевтағы орталықтың ашылуы мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды.Ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитетінің өкілдері, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы, сондай-ақ ХКҰ-ның Қазақстандағы миссия жетекшісі Серхан Актопрак пен ХКҰ-ның еңбек көші-қоны жөніндегі субөңірлік маманы Герелтогтох Ганбат қатысты.Шара барысында олар бұл жобаның Орталық Азия өңірі үшін маңыздылығын атап өтіп, осындай алаңдардың Қазақстанның басқа да өңірлерінде құрылуы қажеттігін айтты.Қонаев қаласындағы Алдын ала дайындық орталығы еңбек мигранттарын қолдауға бағытталған инфрақұрылымның маңызды буынына айналып, еңбек көші-қонының қауіпсіз және тұрақты тетігін қалыптастыруға ықпал етпек.Азаматтарды сапалы даярлықтан өткізу арқылы бұл орталық еңбек миграциясымен байланысты тәуекелдерді азайтуға және қазақстандықтардың халықаралық еңбек нарығына тиімді бейімделуіне септігін тигізеді. Алдағы уақытта оқыту бағдарламаларын кеңейту, жаңа халықаралық серіктестерді тарту және мигранттарды сүйемелдеудің цифрлық құралдарын дамыту жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1032205?lang=kk
Салық берешегі: Қай жерден және қалай тексеруге болады? Толық нұсқаулық! 10.07.2025
Әркімде мезгіл-мезгіл туындайтын сұрақ: "Салық бойынша берешегім бар-жоғын қалай білуге болады?". Сіз әрқашан хабардар болуыңыз үшін барлық жолдарын түсіндіреміз! 👇 ❓ Салық берешегін қай жерден қарауға болады?✅ Жауап: Ыңғайлы және жылдам бірнеше тәсіл бар: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz): «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қосымша бетін таңдаңыз. Бәрі қарапайым және түсінікті! E-SalykAzamat мобильді қосымшасы: Оны App Store немесе PlayMarket-тен жүктеп алыңыз. Сіздің салық кабинетіңіз әрқашан қолыңызда! Telegram-дағы SalyqBot: Егер сіз Telegram-ды белсенді қолдансаңыз, бұл бот қажетті ақпаратты тез алуға көмектеседі. Egov.kz электрондық үкімет порталы: Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған ең танымал ресурстардың бірі. Банктердің мобильді қосымшалары: Көптеген банктер салық берешегін тексеру функциясын өз қосымшаларына біріктірген. Ыңғайлы!Міндеттемелеріңіз туралы хабардар болып, өсімпұлдардан аулақ болу үшін осы ресурстарды пайдаланыңыз! #СалықБерешегі #СалықТексеру #EgovKZ #ҚРМКК #МобильдіҚосымша #ҚаржылықСауаттылықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1032126?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. 10.07.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Енді мұндай заттарды киюге ресми түрде тыйым салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.Адамды жасыратын киім киюге тыйым салу туралы Норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы" заңға енді іс"."Қазақстан Республикасы заңдарының, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерінің талаптарын орындау үшін, медициналық мақсатта, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады және мәдени-бұқаралық іс - шараларда", - делінген заң мәтінінде.Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Сенат қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салуды көздейтін түзетуді ұсынды.ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттардың ұсынысын қолдады."Депутаттардың бұл бастамасы. Біз жалпы қолдаймыз. Себебі бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын ештеңе болмаса, неге бетті жабу керек?"- деп сұрады министр.Ол сондай-ақ тиісті ұсыныс Министрдің орынбасарлары мен ІІМ-нің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен бейінді комитет отырыстарында бірнеше рет талқыланғанын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1032120?lang=kk
Әлеуметтік және спорттық нысандар – облыс әкімінің тікелей бақылауында 09.07.2025
Қостанай облысында инклюзивті қоғамды және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жалғасуда. Әсіресе ерекше білім беру және медициналық қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруі мен дамуына жағдай жасауға басымдық берілуде.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызды нысандардың құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Бұрында резиденция болған нысан – енді ерекше балаларға арналған орталықНегізгі нысандардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы. Бұл орталық Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұрынғы облыстық резиденция базасында құрылуда.– «Бұл ғимаратты ерекше балалардың қажетіне беру – әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім. Бұрынғы әкімшілік нысанның орнында енді мыңдаған балаға қалпына келуге және дамуға мүмкіндік беретін заманауи орталық ашылады», – деді Құмар Ақсақалов нысанды аралау барысында.Жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метр болатын ғимаратты жаңғыртуға 352,4 млн теңге бөлінді. Орталық 60 төсек-орынға есептелген.Жоба 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды толық қамтуды көздейді. Реабилитация курсының ұзақтығы 14 күннен 21 күнге дейін ұзарады. Бұл орталықтың жылына 1300 балаға дейін қабылдауына мүмкіндік береді. Қазір жұмыс істеп тұрған жалғыз орталықта тек 400 бала ғана ем-шарадан өте алады.– «Бүгінде облысымызда 3808 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Біз олардың ешқайсысын назардан тыс қалдыруға хақымыз жоқ. Сондықтан кәсіби әрі сапалы оңалту ортасын құрып жатырмыз», – деп атап өтті облыс әкімі.Орталық «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 1 млрд теңгеден астам сомаға медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады. Қор сонымен қатар 3 спорт алаңын да салып береді.Ал облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлініп, жиһаз, жұмсақ мүкәммал және ыдыс-аяқпен қамтамасыз етіледі.Ғимарат мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделуде: пандустар орнатылды, есік ойықтары кеңейтілді, арнайы санитарлық тораптар мен душ кабиналары жабдықталды, көтергіш құрылғылар орнатылуда.Сондай-ақ, балаларға заңды өкілдерімен немесе еріп жүруші тұлғалармен бірге тұруға мүмкіндік жасалады. Орталықта реабилитолог, травматолог, психиатр, педиатр, логопед, дефектолог, психолог, массаж жасаушы, емдік дене шынықтыру және су терапиясы мамандары қызмет көрсететін болады.Орталықты ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланған.Келесі нысан – спортты серік еткен жастарға арналғанӘкімнің келесі барған нысаны – Қостанай қаласында салынып жатқан үстел теннисі орталығы.– «Президент бізге бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жастарды дене белсенділігіне тарту жөнінде нақты міндет қойды. Біз заманауи, қолжетімді және ынталандыратын инфрақұрылым қалыптастыруымыз керек», – деді Құмар Ақсақалов.Ауданы 2,6 мың шаршы метр болатын орталықта 12 теннис үстелі бар спорт залы, 100 орындық көрермен трибуналары және әкімшілік-тұрмыстық блок қарастырылған.Орталық 150 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда спортшылар жаттығып қана қоймай, республикалық және халықаралық жарыстар да өткізіледі.Нысан мүгедектігі бар адамдар үшін де қолжетімді болады.Орталықты 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беру көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1032043?lang=kk
«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНЕ САЯХАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ 09.07.2025
2025 жылғы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда өткен экспедиция аясында делегация Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қаланың туристік, мәдени және инновациялық әлеуетімен танысты.Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық бастамалар мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, қаладағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, өңірдің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.Бұл бастама Шымкенттің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттырып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға өз үлесін қосады.🔷Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1031960?lang=kk
СИАНЬ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 09.07.2025
«Шымкент – Сиань» бағытында жаңадан ашылған тікелей халықаралық әуе рейсі аясында Шымкент қаласының арнайы делегациясы Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырды.Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларда екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды B2B форматындағы кездесулер өтті.Мәселен, CITS Сиань шығу туризмі орталығының өкілімен туризм саласын дамыту және туристерді тарту мәселелері талқыланды.Аталған шара барысында Шымкент қаласының туристік әлеуеті жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар, Мәдениет және туризм басқармаларымен және Shaanxi China Travel Service компания өкілдерімен бірлесе отырып, Шымкентке туристер тарту мақсатында туроператорлармен ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.Сондай-ақ, кездесу барысында Сиань-Алматы халықаралық туристік пойызын Ұлы жібек жолы туристік пойызымен байланыстыру мәселесі де назардан тыс қалмай, Қытайлық әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.Бұл маңызды қадам – екі қала арасындағы туристік бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жаңа белестерге көтеруге септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1031963?lang=kk
Хронометраждық бақылау 09.07.2025
ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕГЕН НЕ?Бұл – салық органдары кәсіпкердің нақты қызметін тікелей бақылап, табыстарының шынайылығын бағалайтын әдіс.Жоспарлы немесе жоспардан тыс түрде жүргізіледі. МАҚСАТЫ: Құжатпен расталмаған кірісті анықтау Нақты табысты есептегі деректермен салыстыру Есеп жүргізудегі бұзушылықтарды анықтауСалықтық тексеріс кезінде қосымша салықтар салуға негіз дайындауҚАЛАЙ ӨТЕДІ:ұйғарым шығарыладыСалық төлеушіге хабарланады1–30 жұмыс күні аралығында бақылау жасаладыБарлық операциялар тіркеледіАкт толтырылып, қорытынды жасалады МЫСАЛЫ:Кафеде бақылау жүргізіліп,Келушілер саныОрташа чекТүскен табысесептеме деректерімен салыстырылады.ТӘУЕКЕЛДЕР:Салықтарды қосымша есептеу (ҚҚС, КТС)Айыппұл, өсімпұл Жоспардан тыс тексерісӘкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікСАЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ: Алдын ала ескерту алу Бақылау кезінде қатысу Түсініктеме беру Әрекеттерге шағымдану ҚАЛАЙ ДАЙЫН БОЛУҒА БОЛАДЫ: Кірістер мен шығыстарды нақты есепке алу Құжаттарды сақтау Есепті уақытылы тапсыру Салық кодексін сақтау Есіңізде болсын:Хронометраж — бақылау емес, кәсіптің шынайы табысын бағалауға арналған құрал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1031969?lang=kk
Көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі 09.07.2025
Ағымдағы жылғы 23 маусымдағы құқыққорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысындағы Мемлекетбасшысының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің әлеуетін қолдана отырып қылмыстық қатерлерді болжау мен оған қарсы күрес жүйесінжандандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында, ведомствомен қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қатерлерді ерте анықтау мен алдын-алуға бағытталған Комитеттіболжамдық-талдамалық орталығына трансформациялау бойынша кешенді шаралар қалыптастырылды. Оның басты міндеті – қылмыстық қауіптерді анықтайтын және алдын алатынзаманауи жүйені қалыптастыру. Осы мақсатта, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша ведомствода пилоттық режимде Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды. Алғашқы қадамдардың бірі ретінде а.ж.9 шілдеде Астана қаласында «көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба Ішкі істер Министрлігімен бірлесіп іске асырылуда, көшедегі қылмыстаржасалатын жерлерді алдын ала анықтап, уәкілетті органның сол аймақта алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған. Жүйе жаңа технологиялар мен үлкен деректер базасында жұмыс жасауда. Олқылмыс туралы мәліметтерді, яғни құқық бұзушылықтардың қашан және қай жерде жасалғанын талдайды. Елордада соңғы он жылда жасалған қылмыстар туралы деректер негізіндежүйе жасанды интеллект элементтері арқылы нақты аумақта қандай да бір қылмыстардың жасалуын болжайды. Бұл қауіпті аудандарды анықтап, алдын алушараларын қолдануға өз септігін тигізеді. Осы мәліметтердің негізінде полиция патрульдік бағыттарын тиімді жоспарлап, орын алуы мүмкін ықтимал құқық бұзушылықтарға жылдам ықпал етуге, ал жергіліктіатқарушы органдарға – қалалық инфраструктураны жақсартуға мүмкіндік береді (бейнебақылау камераларын, жарық шамдарын орнату және т.б.). Пилоттық жоба Астанада сәтті тестілеуден өткеннен соң, басқа да үлкен қалалардажүргізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1031979?lang=kk
Кез келген мәселенің шешімі – Smart Qostanai! 09.07.2025
Қаладағы проблеманы — сынған орындықты, жолдағы шұңқырды немесе жарықтың бұзылуын көресіз бе? Енді хат жазудың және қайда бару керектігін іздеудің қажеті жоқ. Smart Qostanay қосымшасын ашып, мәселені бірнеше рет басу арқылы шешіңіз!"Апелляция" бөліміне өтіп, I Komek санатын таңдап, мәселенің суретін немесе сипаттамасын жіберіңіз.Сіздің өтінішіңіз жедел және ашық түрде өңделеді және сіз оның күйін нақты уақыт режимінде бақылай аласыз.Smart Qostanai-бұл біздің қаланы таза, қауіпсіз және ыңғайлы етудің оңай жолы.Сіздің қатысуыңыз-туған Қостанайдың дамуына маңызды үлес! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1031990?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Енді мұндай заттарды киюге ресми түрде тыйым салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 09.07.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Енді мұндай заттарды киюге ресми түрде тыйым салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.Адамды жасыратын киім киюге тыйым салу туралы Норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы" заңға енді іс"."Қазақстан Республикасы заңдарының, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерінің талаптарын орындау үшін, медициналық мақсатта, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады және мәдени-бұқаралық іс - шараларда", - делінген заң мәтінінде.Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Сенат қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салуды көздейтін түзетуді ұсынды.ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттардың ұсынысын қолдады."Депутаттардың бұл бастамасы. Біз жалпы қолдаймыз. Себебі бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын ештеңе болмаса, неге бетті жабу керек?"- деп сұрады министр.Ол сондай-ақ тиісті ұсыныс Министрдің орынбасарлары мен ІІМ-нің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен бейінді комитет отырыстарында бірнеше рет талқыланғанын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1031893?lang=kk
Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты және оған қарасты барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау басталды 09.07.2025
Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.Бұл талдау:• Ішкі процестердің ашықтығын арттыру,• Тиімді басқару тетіктерін жетілдіру,• Әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын нығайту үшін қолға алынды.✉️ Қоғам белсенділері мен қала тұрғындары тарапынан да ұсыныстар мен пікірлер қабылданады.Біз бірге ашық қоғамды қалыптастыра аламыз!#Жаңаөзен #СыбайласЖемқорлықҚарсы #АшықӘкімдік #AntikorАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1031912?lang=kk
2025 жылғы 09 Шілдеде Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті 09.07.2025
2025 жылғы 9 шілдеде Алтай ауданының Қоғамдық кеңесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында жастарды жұмыспен қамту, «Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ-не келіп түскен өтініштерді талдау, сондай-ақ «Алтай қаласының Жылусуорталық» ШЖҚ КМК-ның жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша қарыздарды болдырмау жөніндегі жұмысы қаралды.Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, жеке тұлғалардан берешектерді өндіру мәселесін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Бұл мәселені қайта қарау алдында мекеме басшыларына ресми сұрау жіберіп, кейін оларды Алтай ауданы мәслихаты жанындағы қоғамдық кеңесте тыңдау ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1031879?lang=kk
Мәслихат депутаттары Алтай ауданындағы өрт сөндіру бекеттерінің жағдайын қарастырды 09.07.2025
Мәслихат депутаттары Алтай ауданындағы өрт сөндіру бекеттерінің жағдайын қарастырды. Бірлескен комиссия отырысы барысында аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы мен өрт сөндіру бекеттері орналасқан ауылдық округтердің әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, соның ішінде Мәжіліске депутаттық сауал жолдау туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1031719?lang=kk
Гонконгтың бұрынғы басшысының Қазақстанға сапары аясында денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі қадамдар талқыланды 09.07.2025
2025 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг және Макао АӘА-дағы Бас консулы Б. Досманбетов Қытай Халық Саяси Консультативтік Кеңесінің Ұлттық Комитеті төрағасының орынбасары Леун Чжун-Иннің Қазақстанға жоспарланған сапары шеңберінде кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар «Бір белдеу, Бір жол» бастамасы аясында Қазақстан мен Гонконг ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, оның ішінде денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндігін талқылады.Халықтың денсаулығын жақсартуға және Қазақстандағы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған медицина саласындағы бірқатар маңызды бағдарламалар талқыланды.Леун Чжун-Ин – «GX Foundation» коммерциялық емес ұйымының негізін қалаушы және төрағасы, сондай-ақ, 2012 жылдан 2017 жылға дейін Гонконг АӘА-ның басшысы болған.Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ортақ жоспарларды жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1031702?lang=kk
Ұлттық Домбыра Күні 09.07.2025
Домбыра күні. Домбыра-ғасырлар бойы қазақтарға өз ойлары мен сезімдерін білдіруге, халықтың жан дүниесін ашуға көмектескен музыкалық аспап. Сондықтан Домбыра Халықтың мәдени мұрасына айналды. Палатцы ауылдық кітапханасында "Алтын домбыра аңызы" атты дөңгелек үстел өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/1031703?lang=kk
«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті 09.07.2025
«Өнер орталығында» «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті.Халықаралық форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдері, еліміздің барлық өңірінен келген облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, аймақта атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр. Тұрғын саны миллионнан асатын қалалар еліміздің жаһандық бәсекелестік қабілетінің тірегі, ал облыс орталықтары өз өңірлері өсімінің өзегі болуға тиіс», – деген болатын.Бүгінгі урбанизация дәуірінде қалаларды тұрақты дамытуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – басты міндеттердің бірі. Қызылорда – дәстүрлі аграрлы аймақ! Қызылорда – мегаполис болмағанымен, қарқынды урбанизация жолына түскен, өз деңгейінде қалалық инфрақұрылым мен өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадам жасаған қала. Қала халқының үлесі өсіп, өңір тұрғындарының шамамен 50%-ға жуығы облыс орталығында тұрады.Қызылорда облысы Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келетін, нақты стратегияларға, аймағымыздың заманауи келбетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі таңда облыс бюджеті 750 млрд. теңгеден асты. Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.Мемлекет басшысының қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 МВт жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы 135 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, құрылыстың 80%-ы аяқталды. Орталық қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Катармен үкіметаралық келісім негізінде оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд. теңге болатын бу-газ қондырғысы салынады. Бұл мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылады.Бүгінгі форум – қалаларды тұрғындарға қолайлы, климатқа төзімді, инклюзивті орталықтарға айналдыру жолындағы бірлескен бастамаларымызды нығайтатын алаң. Біз үшін форум – тек талқылау емес, нақты әріптестікке бастайтын жол. Осы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге серпін беріп, қалалардың болашағын қалыптастыру жолындағы ортақ мақсаттарға жетуде маңызды қадамдар жасауға ықпал етеді деп сенеміз»,– деді Н.Нәлібаев.Форумда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бауыржан Жүнісбеков, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, UN-Habitat ұйымы атқарушы директорының орынбасары Рафаэль Тутс, БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжимитов сөз сөйледі.Сонымен қатар, UN-Habitat атқарушы директоры Анаклаудия Россбахтың бейнехабарламасы көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1031652?lang=kk
«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» форумының қорытынды пленарлық сессиясы өтті 09.07.2025
«Өнер орталығында» «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 - Қызылорда» форумының қорытынды пленарлық сессиясы өтті.Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы форумның маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға алғысын білдірді.«Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалалардың өркендеуімен тікелей байланысты. Ал, оған әсер ететін бірден-бір фактор – урбандалу процесі. Тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру, жайлы кеңістік қалыптастыру, экологиялық таза орта құру, инфрақұрылымды тұрақты жаңғырту, қалаларды жаңа технологиялардың көмегімен басқару – біздің алдымыздағы маңызды міндеттер. Бұл ретте тиімді басқару мен дұрыс жобалаудың нәтижесінде ғана тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізе аламыз.Бүгінгі форум – өңірлердің тұрақты дамуына оң серпін берудегі, урбанистика саласын жаңа деңгейге шығарудағы, ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам. Форумда айтылған тың идеялар мен мазмұнды ұсыныс-пікірлер алдағы жұмыс барысында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.Бүгінгі форумның бас демеушісі «Казпетрол Групп» компаниясына зор алғысымызды білдіреміз.Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегі жолындағы әрбір бастамаларыңыз жемісті, қызметтеріңіз нәтижелі болсын!Егемен елімізді бәсекеге қабілетті етуде, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруда Президентіміздің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап, халықтың зор құрметіне бөлене бергейсіздер! Ел іргесі берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!»,- деді Н.Нәлібаев.Қорытынды сессияда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі өз пікірлерін ортаға салды. UN-Habitat ұйымының атқарушы директорының орынбасары Рафаэль Тутс қорытынды сөз сөйледі.Соңында Қызылорда облысы мен UN-Habitat ұйымы арасында декларацияға қол қою рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1031662?lang=kk
Ұлттық қор – балаларға: 2025 жылғы 1 шілдедегі нысаналы жинақтарды пайдалану қорытындылары 09.07.2025
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады. Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (9,00 млн АҚШ долларына 69 756 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 66,52 мыңнан сәл асатын АҚШ долларына 551 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 49,84 мың АҚШ долларына 436 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,04 млн АҚШ долларына 40 517 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (454,21 мың АҚШ долларына 4 040 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (131,38 мыңнан астам АҚШ долларына 1 166 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық табыс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланыкі – 232,94 долларды құрайды.Кәмелетке толған азаматтар БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз НЖ-тарын дербес қадағалап отыруы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1032302?lang=kk
Маңғыстау облысында депутаттар Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріндегі жағдаймен танысты 09.07.2025
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар тобы теңіз жаяу әскерлерінің жеке бригадасында және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөліміндегі қызмет өткеру үшін жасалған жағдайларды зерделеді.«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов келушілерді әскери бөлімдердің инфрақұрылымымен, қару-жарақпен, техникамен және жарақтандырылумен таныстырды. – Біз үшін заң шығару жұмысын оның практикалық іске асырылуымен байланыстыру маңызды. Дәл осындай кездесулер қабылданған нормалар елдің егемендігі мен оның аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған армияның қазіргі жағдайлары мен қажеттіліктерін қаншалықты ескеретінін түсінуге көмектеседі, – деп нақтылады бейінді комитет төрайымы.Мұндай мүмкіндік мәжілісмендерге жеке құраммен кездесу барысында ұсынылды. Депутаттар әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне, қызмет кезінде де, запасқа шығарылғаннан кейін де сарбаздар үшін қолданыстағы жеңілдіктерге қатысты қабылданған заңнамалық нормалар туралы айтты. Тікелей қарым-қатынас арқылы кездесуге қатысушылар толғандырған сұрақтарға толық жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1031642?lang=kk