Enbekshi QazaQ

Әлем

«Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы 09.07.2025
ШҚО музей-қорығында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ,  «ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК және «ШҚО қолөнершілер ресурстық орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті халық қолөнері мен қолөнер кәсібін дамыту және насихаттау.Фестивальге келушілерді концерттік бағдарлама, халық кәсіпшілігі бұйымдары мен кәдесыйлар жәрмеңкесі, тоқыма, саздан тоқу, кестелеу және басқа да қолөнер түрлері бойынша шеберлік дәрістері, аквагрим күтіп тұрды. Мерекеге келушілер түрлі-түсті кестеленген әшекейлер, шарфтар, ши тоқу, үй тұрмысына қажетті ойылған және боялған заттар, киіз киім, былғары аксессуарлар, тас пен металдан жасалған әшекейлер және басқа да қолдан жасалған бұйымдарды тамашалады. Фестиваль соңында облыстық байқаудың жеңімпаз шеберлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1031524?lang=kk
Ұлттық қор – балаларға: 2025 жылғы 1 шілдедегі нысаналы жинақтарды пайдалану қорытындылары 09.07.2025
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (9,00 млн АҚШ долларына 69 756 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 66,52 мыңнан сәл асатын АҚШ долларына 551 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 49,84 мың АҚШ долларына 436 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,04 млн АҚШ долларына 40 517 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (454,21 мың АҚШ долларына 4 040 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (131,38 мыңнан астам АҚШ долларына 1 166 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық табыс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланыкі – 232,94 долларды құрайды.Кәмелетке толған азаматтар БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз НЖ-тарын дербес қадағалап отыруы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс.  kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1038835?lang=kk
Сотталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша облыстық әкімдікте жұмыс кездесуі өтті 09.07.2025
Облыстық әкімдікте жергілікті атқарушы органдардың, Кәсіпкерлер палатасының және мүдделі тараптардың қатысуымен сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, оларды жұмыс көлемімен қамтамасыз ету, өндірістік тапсырыстарды орналастыру, жаңа цехтар мен өндірістің жаңа түрлерін ашу үшін инвесторларды тарту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында әрбір басқарма өз ұсыныстарын білдіріп, бастамаларын ұсынды. Әсіресе, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанынан тұрақты жұмыс орындарын құру, өндірістік базаны кеңейту және мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлік қауымдастық арасында ынтымақтастықты жолға қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара түсіністікке келіп, сотталғандарды жұмыспен қамту, оларды әлеуметтік бейімдеу және еңбек қызметіне тарту бағытында алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1031407?lang=kk
Астана - тәуелсіз Қазақстанның жүрегі 09.07.2025
Құрметті қазақстандықтар!Сіздерді Астана күнімен құттықтаймыз!Астана - тәуелсіз Қазақстанның жүрегі, жаңа идеялар туатын, өршіл жобалар іске асырылатын және батыл армандар орындалатын қала.Осы мереке күні Сіздерге денсаулық, амандық және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз.Елордамыз бүкіл елдің болашағы үшін біздің әрқайсымызбен бірге өсіп, дамып, жақсы жаққа өзгере берсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1031423?lang=kk
Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды 09.07.2025
Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды.Құрметті қонақтарды қарсы алған Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тумыш Қанат Қобыландыұлы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достықтың тарихы Жібек жолы тұсынан бастау алатыны туралы ерекше атап өтті.Елші Димашқа Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, халықтарды байланыстыратын берік коммуникацияларды дамытудағы мәдени көпірлердің зор рөлін атап өтті.Димаш елшілік аумағында Вьетнамға арналған жұлдызды “Star Apple Tree” ағашын отырғызу рәсіміне қатысты.Өз атауын кесілген жеміс тәрізді өрнелген Вьетнамдағы каимито немесе «Vú Sữa» деп аталатын ерекше жұлдызды алма. Жұлдызды алма Вьетнамдағы молшылық пен гүлденуді білдіреді, сондықтан оны әр түрлі мерекелер мен ерекше жағдайларда жиі сыйлық ретінде ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1031388?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жедел кеңесінде 2025 жылдың жартыжылдық жұмысын қорытындылады. 09.07.2025
Кеңес барысында 2025 жылдың ағымдағы уақыт ішінде атқарылған жұмыс нәтижелері мен сотталғандарды максималды түрде еңбекпен қамту, мекемелерге тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу, пробация қызметі бойынша құқық бұзушылықтарды алдын алуы шаралары бойынша жан- жақты қарастырылды.Жеке құрамға ішкі істер министрінің талаптары мен тапсырмалары жеткізілді.2025 жылға арналған тапсырмалар беріліп, басым бағыттар белгіленді. Жеке құрамды заң талаптарын сақталуына, құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс атқаруға және кадрлық құрамды нығайтуға аса назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1031397?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Бразилияның Ұлттық футбол конфедерациясының штаб-пәтеріне барды 09.07.2025
2025 жылғы 8 шілде, Рио-де-Жанейро — Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Рио-де-Жанейро қаласына жұмыс сапары аясында Бразилияның Ұлттық футбол конфедерациясының (CBF) штаб-пәтеріне барып, оның атқарушы директоры Хелдер Мелильомен  кездесті.Кездесу барысында жас спортшылар мен бапкерлер құрамын кәсіби даярлау, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тәжірибе алмасу салаларында Қазақстан мен Бразилияның футбол федерациялары арасында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.Қазақстан Елшісі әңгімелесушіні еліміздегі спорт саласындағы жетістіктерімен, Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропалық және Әлемдік футбол федерацияларындағы замана қатысуымен, сондай-ақ жеткіншек және жас футболшыларды даярлау бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды. Хелдер Мелильо өз кезегінде, серіктестік байланыстар орнату үшін Қазақстанның Ұлттық футбол федерациясы басшылығын Бразилияға сапармен шақырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1031378?lang=kk
Димаш Құдайберген Вьетнам астанасында әлемдік опера аңыздарымен өнер көрсетті 09.07.2025
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнам астанасы Ханойда «Хо Гыом» театрының сахнасында өнер көрсетті.«A Night With The Stars» аталатын концерт театрдың екінші мерейтойына орайластырылды.Сондай-ақ, әлемдік опера аңызы Пласидо Доминго мен латвиялық сопрано Кристина Ополайс өз шығармашылығымен көрермендерді қуантты.Кеш бағдарламасында итальяндық композиторлар Джакомо Пуччини, Джузеппе Верди, Умберто Джордано және басқалардың әйгілі шығармалары орындалды.Бірақ концерттің басты ерекшелігі – көпшіліктің сүйікті «O Sole mio» - Италияның музыкалық мұрасының символына айналған композицияны орындау болды. Димаш Құдайберген, Пласидо Доминго және Кристина Ополайс үшеуі бірлесіп, бұл туындыны орындады.– «Хо Гыом» опера театрындағы концертке келушілердің барлығына сүйіспеншілігіңіз үшін алғыс айтқым келеді. Қатыса алмағандар, біліңіз, мен сіздің қолдауыңыз бен сүйіспеншілігіңізді әр қадамда сезінемін. «Бұл үшін рахмет», – деді Димаш Құдайберген.  Сондай-ақ, әнші Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы То Ламға қазақ домбырасын сыйға тартты, осы ұлттық аспаптың мерекесі күнінде.Сонымен қатар, 2025 ж. 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоарнасы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған "Idols Talk: Deep" бағдарламасының арнайы шығарылымын ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1031382?lang=kk
Қазақстанның көрнекі бейнесі Нидерландтың басты әуежайында 09.07.2025
2025 жылғы 7 шілде, Амстердам. Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің бастамасымен Астана - елорда күніне орай Схипхол әуежайында «Kazakhstan: Born Bold» мемлекеттік тұжырымдамасы аясында дайындалған көрнекі хабарлама орналастырылды.Схипхол - Еуропадағы ең ірі әуежайлардың бірі әрі күн сайын 195 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсететін маңызды көлік торабы. Бұл алаңды таңдау - Қазақстанның заманауи келбетін туристер мен кәсіпкерлерден бастап, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдеріне дейінгі кең халықаралық аудиторияға тиімді таныстыруға мүмкіндік береді.Born Bold тұжырымдамасы алғаш рет 2024 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының ашылу салтанатында таныстырылды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы табандылық, төзімділік пен даму ұмтылысы - халқымыздың ұлттық болмысының ажырамас бөлігі екенін атап өтті. «Тумысынан қайсар» деген ұғым еліміздің шетелдегі ашық әрі тұрақты имиджін қалыптастыруға бағытталған бастаманың негізіне айналды.Ұшып шығу аймағындағы орталық экрандардың бірінде орналастырылған баннер заманауи әрі ықшам стильде жасалған. Онда Астананың силуэті, жаңартылатын энергия мен технология элементтері: жел турбиналары, күн панельдері және ғарыш зымыранының ұшырылуы бейнеленген. Орталық ұран - Born Bold  - сенімді көзқараспен қараған жас қазақстандық әйелдің бейнесімен толықтырылады. Экрандағы QR-код www.boldkazakhstan.com сайтына апарады. Бұл сайтта елдің инвестициялық мүмкіндіктері, туристік бағыттары және мәдени бастамалары туралы ақпарат берілген.Еуропадағы ең көп баратын орындардың бірінде көрнекі хабарламаның орналастырылуы - Қазақстанның жаһандық коммуникациялық кеңістіктерге белсенді қатысуын көрсетіп, еліміздің дамуындағы басты бағыттарды кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1031352?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясындағы іскер топтармен байланыстарды күшейтуде 09.07.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 7 шілде – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков бірқатар жергілікті іскер топтардың басшыларымен кездесулер өткізді.Атап айтқанда, Елші Сауд Арабиясының жетекші өнеркәсіптік компанияларының бірі «Tasnee» компаниясының Атқарушы директоры Фауаз Мухаммед әл-Фауазбен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде мұнай-химия және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.Қазақстандық дипломат еліміздің энергетика саласындағы қазіргі ахуал, инвестициялық мүмкіндіктер, шетелдік инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Өз кезегінде Фауаз әл-Фауаз Қазақстан нарығына деген қызығушылығын білдіріп, «Tasnee» компаниясының мұнай-химия саласындағы тәжірибесі мен техникалық әлеуетімен таныстырды.Сонымен қатар, Елші Сауд Арабиясының ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс істейтін «Faidh International Food Co» компаниясының Атқарушы директоры Халед әл-Абудиді Елшілік қабырғасында қабылдады. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және агроөңдеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады.М.Меңілбеков Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі мүмкіндіктерге тоқталып, қазақстандық өнімнің экологиялық тазалығы мен экспорттық әлеуетін атап өтті. Өз кезегінде Халед әл-Абуди Қазақстанмен жұмыс істеуге мүдделілік танытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.Кездесулер өзара сенім мен ынтымақтастық рухында өтіп, тараптар алдағы уақытта нақты жобалар мен бастамалар аясында өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1031355?lang=kk
Қазақстан Елшісі Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер вице-министрімен кездесті 09.07.2025
Бангкок, 2025 жылғы 7 шілде - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исетовтің Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасары Русс Джаличандрамен Елшінің Таиландтағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қоштасу кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар қазақ-тай қатынастарының оң серпінін атап өтіп, саяси диалог деңгейіне және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы ынтымақтастықтың жандануына қанағаттанушылық білдірді.Елші А.Исетов Корольдікте жұмыс істеген кезеңде көрсетілген қолдау мен көмегі үшін тай тарапына алғысын білдіріп, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында қоса алғанда, екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға Қазақстанның ұмтылысын растады.Өз кезегінде Вице-министр Русс Джаличандра қазақстандық дипломатты екі ел арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары бағалап, оған алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог рухында өтіп, қазақ-тай ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге деген ортақ мүддені растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1031359?lang=kk
Скопьеде Қазақстан Елшілігінің ресми ашылуы өтті 09.07.2025
Скопье, 2025 жылғы 4 шілде – Солтүстік Македонияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунски мен Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов дәстүрлі түрде символикалық лентаны кесіп, Скопьеде Қазақстан Елшілігінің салтанатты түрде ресми ашылуын өткізді.Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өткізілген шараға Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, парламент депутаттары, үкімет, СІМ, дипломатиялық корпус, бизнес, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.Өз сөзінде Елші С.Бұршақов бұл оқиғаның тарихи маңыздылығын атап өтіп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың сапалы дамуына жол ашатынын жеткізді. 1995 жылы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап жоғары және ең жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тұрақты дамып келе жатқаны, үкіметтер мен парламенттер арасындағы байланыстардың жанданып, мәдени-гуманитарлық алмасулардың кеңейіп жатқаны атап өтілді.Маусым және мамыр айларында Президент Г.Силяновска-Давкованың, сыртқы істер, энергетика және экономика министрлерінің Астанаға сапарлары маңызды кезең болды.Министр Т.Муцунски Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Скопьеде Қазақстан Елшілігін ашу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадамды ортақ құндылықтар мен өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетудегі маңызды оқиға деп атады. Ол саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы ілгерілеуді, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара қолдауды атап өтті. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан мен Македония арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға берік негіз қаланды.Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Елшіліктің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1031362?lang=kk
Ұлттық ұлан қызметкерлері үшін қызмет орнынан анықтаманы алу енді онлайн түрде қолжетімді 08.07.2025
Қызмет тегін ұсынылады және тек ҚР Ұлттық ұланының қызметтегі әскери қызметшілеріне ғана қолжетімді. Өтінім толтырылған кезде қызметкердің қызмет орны туралы деректер ақпараттық жүйелер арқылы расталса, анықтама автоматты түрде қалыптасады және өтінімнің мәртебе бетінде жүктеу үшін қолжетімді болады.   Қызметті пайдалану үшін:пайдаланушы eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Әскери есеп және қауіпсіздік» – «Әскери қызмет» бөлімін таңдау керек;   «ҚР Ұлттық ұланының «жұмыс (қызмет) орнынан анықтама» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;«Келесі» батырмасын басып, өтінімді қол қою тәсілдерінің бірімен растау керек;қызметтің нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Егер өтініш беруші ҚР Ұлттық ұланының қатарында болмаса, жүйе себебін көрсете отырып, бас тарту туралы жауап береді. Құжаттың қолданылу мерзімі – 10 күнтізбелік күн.Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1031300?lang=kk
Ресей Федерациясына кірген кезде шетел азаматтарын «Цифрлық профильде» тіркеу 08.07.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясына сапарды жоспарлап отырған азаматтарды шетел азаматтарын тіркеу бойынша жүргізіліп жатқан эксперимент аясындағы жаңалықтар туралы хабардар етеді.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Ресей Федерациясының аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кіру және шығу тәртібі мен шарттарын сынақтан өткізу бойынша эксперимент басталды.Эксперименттің мақсаты – шетелдік азамат ұсынған деректерді қамтитын «Шетелдік азаматтың цифрлық профилі» мемлекеттік ақпараттық ресурсын құру.Эксперимент екі кезеңде өткізіледі:Бірінші кезең (2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 маусымға дейін) келесі 6 халықаралық әуежайда іске асырылады:ШереметьевоДомодедовоВнуковоЖуковский (Мәскеу облысы)сондай-ақ «Маштаково» (Самара облысы) автокөлік өткізу бекетіндеОсы кезеңде биометриялық деректер (бет-әлпеттің фотосуреті және саусақ ұштарының папиллярлық өрнектері) жиналады.Екінші кезең 2025 жылғы 30 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.Эксперимент аясында визасыз тәртіппен Ресей Федерациясына кіретін шетел азаматтары (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, Беларусь Республикасынан басқа) «RuID» мобильді қосымшасы арқылы цифрлық профильде тіркеуден өтуге міндетті. Бұл тіркеу:кіруге кемінде 72 сағат бұрынне 4 сағат бұрын, егер шұғыл жағдай болса (жақын туысының қайтыс болуы, шұғыл ем қажеттілігі және т.б.) жүзеге асырылуы тиіс.Маңызды:Эксперимент келесі тұлғаларға таралмайды:Ресей Федерациясында аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріолардың отбасы мүшелерідипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелері6 жасқа дейінгі балаларБелгіленген тәртіптің сақталмауы Ресей Федерациясына кіруден бас тартуға немесе шекарада кідірістерге алып келуі мүмкін.Болашақта «RuID» қосымшасы арқылы Ресей аумағында медициналық сақтандыру рәсімдеуден бастап мемлекеттік мекемелерге жазылуға дейінгі цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға болады.Қосымша әзірленіп, пайдалануға берілгеннен кейін толық ақпарат қосымша түрде ұсынылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1031303?lang=kk
Чжэцзян провинциясы делегациясының сапары: өңірді дамытудағы қазақстан-қытай ғылыми ынтымақтастығының жаңа кезеңі 08.07.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Чжэцзян провинциясының делегациясымен маңызды кездесу өтті. Бұл шара ғылым мен жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне өтуге жол ашып, «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитінің шешімдерін жүзеге асырудағы нақты қадамға айналды. Сонымен қатар, болашақта Еуразиялық ғылыми-технологиялық кластерді құрудың негізі қаланды.Іс-шараны ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев ашып, осы кездесудің тарихи мәніне тоқталды:– Мемлекет басшылары қабылдаған шешімдер аясында қытайлық әріптестерімізді дәл осы кезеңде қарсы алуымыз – үлкен мәртебе. Бұл сапар – ғылым мен инновация тұрақты дамудың қозғаушы күшіне айналатын жаңа ғылыми-технологиялық альянстың бастауы.Кездесудің негізгі оқиғасы – 1 млрд юань инвестиция көлемімен іске қосылатын Қазақстан-Қытай бірлескен халықаралық зертханасының тұсаукесері болды. Ол кеңістік-уақыттық жасанды интеллект және орнықты даму салаларына бағытталады. Зертхананың басты бағыттары: жасанды интеллект пен геоақпараттық жүйелер; Жерді қашықтықтан зондтау; су және энергетикалық ресурстарды басқару.Чжэцзян – Қытайдың ең қарқынды дамып келе жатқан провинцияларының бірі. Мұнда цифрлық экономиканың ЖӨӨ-дегі үлесі – 46%, ал ауыл шаруашылығын механикаландыру деңгейі – 80%. Бұл әріптестік Қазақстан үшін: ІТ және робототехника саласындағы заманауи шешімдерге; агросаланы цифрландырудың тиімді модельдеріне; ғылымға негізделген стартаптарға инвестиция тартуға жол ашады.– Алматы мен Алматы облысы – ынтымақтастық үшін ең қолайлы аймақтар. Мұнда жетекші жоғары оқу орындары, Almaty Hub технопаркі, «Алатау» АЭА орналасқан. Енді осы ортаға біздің бірлескен зертханамыз да қосылып отыр. Келесі кезең – биомедицина, смарт-материалдар мен экожүйелік жасанды интеллект шешімдеріне арналған орталықтар құру, – деді Ақылбек Күрішбаев.Кеңістік-уақыттық ЖИ халықаралық институты Чжэцзян технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің келісімі негізінде құрылды. Жыл сайын қос дипломды бағдарламалар аясында 60 маман даярланады.«Зертхана – Бизнес – Білім» моделі: зерттеулерді коммерцияландыру қағидатын енгізу; екі ел нарығына қолжетімді шекарааралық стартаптарға қолдау көрсету көзделеді.Кездесуге Чжэцзян делегациясы – жетекші университеттер, ғылыми орталықтар мен Hikvision, Alibaba Cloud сынды ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан – Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері, ЖОО ректорлары, академиктер мен инновациялық кәсіпкерлер болды.– Біздің зертхана – теория мен практиканың арасындағы көпір. Мысалы, ЖИ мен дрон технологиялары Қазақстанда су тасқынының алдын алуда қолданылуда. Ал Алматы облысында ақылды егіншілік жүйелері сынақтан өтуде, – деп атап өтті Геоақпарат институтының деканы Чэнь Си.Чжэцзян делегациясының сапары адами капиталды, технология мен инфрақұрылымды біріктіруге бағытталған өзара ұмтылысты тағы бір мәрте дәлелдеді. 2025 жылдың соңына дейін: 3 бірлескен ғылыми бағдарлама іске қосу; Қазақстан-Қытай стартаптарына арналған акселератор ашу; жасыл энергетика бойынша жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.А. Күрішбаев атап өткендей:– Президент Тоқаев жариялаған 2026 жыл – Ғылымды интеграциялау жылы. Біз оны нақты жобалармен қарсы аламыз. Бұл – тек бастамасы ғана.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1031327?lang=kk
БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. Алматы қ. сапары 08.07.2025
2025 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласына жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. - Ғаламдық шешімдер департаментінің басшысы Рафаэль Тутспен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар орнықты урбанизация, климаттың өзгеруіне бейімделу және цифрлық трансформация сияқты өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша мәселелер талқыланды.Сондай-ақ тараптар Алматы қ. БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1031334?lang=kk
Smart Kostanay: Барлығы бір қосымшада! 08.07.2025
Бүгін SmartKostanay мобильдік қосымшасына қатысты ведомствоаралық жиналыс өтті.Жиынға әртүрлі әлеуметтік салалар мен акимат бөлімдерінің мамандары қатысты.Кездесу барысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған қолжетімділік, ақпаратты өзектендіру және қосымшаны мемлекеттік органдардың басқа цифрлық жүйелерімен ықпалдастыру мәселелері талқыланды.SmartKostanay қосымшасы қазірдің өзінде қалада белсенді жұмыс істейді!Оны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға болады.Қосымшаның ресми парақшасына жазылыңыздар — барлық жаңалықтарды сонда бөлісеміз!@smart_kostanaiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1031286?lang=kk
«Қазағымның қазнасы – домбыра!» атты дөңгелек үстел 08.07.2025
1 шілде – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ!Бастаушы ауылдық кітапханасында 1 шілде Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазнасы – домбыра!» атты дөңгелек үстел өтті. Домбыра өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Бұл дөңгелек үстелге Н. Байғанинің сөзіне жазылған «Еңбек» термесін Әсия Қайноллайқызы және Беколжас Арманұлы мен Нұрай Қуанышқызының орындауында «Домбыра» әнің шырқады.Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Барша оқырманымызды ерекше мерекемен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1031227?lang=kk
Парламент депутаттарының Кеген ауданына сапары 08.07.2025
5 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ж. Жөргенбаев, Ж. Әшімжан жұмыс сапарымен Кеген ауданында болды.         Сапар аясында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы Сауда көлік-логистикалық орталығына қатысты мәселелер қаралып, талқыланды.  Қарқара ауылынан бастау алатын «Мөңкебай» каналында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты.         «Көкпек-Кеген-Түп» және «Жалағаш-Көлсай-Саты» бағытындағы автожолдың техникалық жағдайын және жол инфрақұрылымдарымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1031235?lang=kk
ТМРК: IV тоқсанда коммуналдық тарифтерге жаңа өсімдер енгізілмейді 08.07.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің реттелетін тарифтердің өсу қарқынын қайта қарау туралы қабылдаған шешімі аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұрын жоспарланған тарифтік өсімдердің бір бөлігі кейінгі мерзімдерге ауыстырылатынын хабарлайды.2025 жылдың төртінші тоқсанында коммуналдық қызметтер бойынша реттелетін тарифтерге жаңа өсімдерді бекіту көзделмейді. Сонымен қатар, олардың өсу қарқынын төмендету жоспарланып отыр:электр және жылумен жабдықтау бойынша – 35%-дан 20%-ға дейін;сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бойынша – 50%-дан 30%-ға дейін.Тарифтердің өсуін тежеуге бұған дейін жоспарланған кейбір түзетулерді кейінге қалдыру, ұзақ мерзімді қаржыландыру тарту, табиғи монополия субъектілерінің операциялық шығындарын қайта қарау, сондай-ақ уақытша өтемдік тарифтер мен өткен жылыту маусымы үшін жылу энергиясына қайта есептеу қолдану арқылы қол жеткізу мүмкін болады.Бастапқыда 2025 жылы тарифтердің өсуінің инфляцияға әсері 1,32 пайыздық тармақ деңгейінде болжанған болатын. Қабылданған өзгерістерге байланысты инфляциялық қысым 0,5 п. т. қысқарады және 0,82 п. т. құрайтын болады.Қабылданған шаралар азаматтардың сатып алу қабілетін қолдауға, бағаға қатысты күтілімдерді тұрақтандыруға және инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта тарифтерді көтеру әлеуметтік сезімталдық пен мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарын ескере отырып, теңгерімді түрде жүзеге асырылатын болады.Еске сала кетейік, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жаңа тарифтік саясатты іске асыру аясында коммуналдық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру көзделген болатын. Бұл шаралар желілерді жаңартуға инвестиция тарту, табиғи монополия субъектілері қызметкерлерінің жалақысын көтеру, сондай-ақ электр энергиясы, көмір және отын сияқты стратегиялық маңызды ресурстар бағасының өсуі жағдайында қарастырылған болатын.https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1031215?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1031238?lang=kk