Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан Республикасы Күнімен құттықтау 24.10.2025
«Republic Day» акциясы аясында Сергей екеуміз еліміздің барлық азаматтарын Қазақстан Республикасының күнімен құттықтағымыз келедіСережа Қазақстан қалалары туралы кітаптарды қызығушылықпен қарап, ашықхатқа өз бетінше қол қойды.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1098191?lang=kk
Семейде Абай музей-қорығының 85 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті 24.10.2025
Семейде «Заманауи музейтану: цифрландыру, қолжетімділік және тұрақты даму» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойына арналды.Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей ұжымына арнап құттықтау хат жолдады. Министр хатында музей-қорық – Абай Құнанбайұлының мәңгілік мұрасын зерделеп, ұлы ойшылдың даналық ілімін ұрпақ санасына сіңіруге өлшеусіз үлес қосып отырған іргелі мәдени орталықтардың бірі әрі бірегейі екенін атап өтті.Конференция жұмысына музей ісі мен мәдени мұра саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ шетелден әріптестер қатысты. Қатысушылар музей ісінің заманауи талаптары мен негізгі бағыттарын талқылап, цифрлық технологияларды енгізу, қорларды сақтау мен жүйелеу, экспозициялық қызмет, музейлік педагогика және музей негізіндегі креативті индустрияны дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Пленарлық отырыста заманауи музейтанудың теориялық және практикалық қырларын қамтитын мазмұнды баяндамалар ұсынылды.Халықаралық конференция музейлер мен ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы кәсіби әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1093004?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.    Комиссия отырысында күн тәртібі бойынша Ново-Хайрузовка ауылдық округін абаттандыру және санитарлық жай-күйі бойынша жұмыстардың іске асырылу барысы туралы мәселе қаралды.Күн тәртібі бойынша екінші мәселе аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы мәслихат сессиясының қарауына жіберілді.Отырысқа комиссия төрағасы Д. Веригин, комиссия мүшесі                        Т. Камбаров қатысты.     Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі Р.Нурмолдин 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.  Күн тәртібіндегі мәселе саралап қаралып, талқылаудың нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1092922?lang=kk
Сарқан ауданында жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістерін түсіндіру 24.10.2025
Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған ақпараттық семинар өтті.Кездесу барысында басқарма мамандары салық салудың жаңа тәсілдері, салықтық процестерді цифрландыру және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру шаралары туралы толық ақпарат берді.Талқылау кезінде шағын және орта бизнесті қолдау, жеке табыс салығына прогрессивті шкаланы енгізу, сондай-ақ қосылған құн салығына қатысты өзгерістер мәселелеріне ерекше назар аударылды.Іс-шараның басты мақсаты – салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету және салықтық сауаттылықты арттыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1112332?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті 24.10.2025
24.10.2025 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Үлкен Нарын ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы туралы» Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Маратбеков Даулет Маратбекұлының баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылдандыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1092938?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді 24.10.2025
«31 қазан күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады». Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі облыс прокуроры, мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылары және басқалары бар.Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.Акция 2025 жылғы 31 қазан күні сағат 17:00-де Көкшетау қаласында, «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында (мекенжайы: Осипенко көшесі, 1 үй) өтеді.Аталған акцияның Ақмола облысының қала және аудан орталықтарындағы өткізу мекенжайлары төменде келтірілген кестеде көрсетілген.Әр аудандағы акцияның өткізу уақыты туралы ақпарат тиісті аудандық прокуратуралардың ресми Instagram парақшаларында қосымша жарияланатын болады.Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.                                                    Қала/ауданӨтетін орныМекенжайОблыс Прокуратурасы«РИО» ССОКөкшетауКөкшетау, Осипенко 1Кокшетау қ. ПрокуратурасыДом культурыКрасный Яр, Тауелсіздік 3Степногорск қ. Прокуратурасы Халыққа қызмет көрсету орталығыСтепногорск, 3 мкр, 199Қосшы қ. ПрокуратурасыҚоғамдық мәдениет және спорт орталығыҚосшы, Республика 11Атбасар ауданының Прокуратурасы           Мәдениет үйіАтбасар қ., Валиханов қ.12  Ақкөл ауданыныңпрокуратурасыХалыққа қызмет көрсету орталығыАқкөл қ., Мәдениет үйі С.Нурмагамбетов қ. 71Астрахан ауданыныңпрокуратурасыМәдениет үйіАстраханка, Аль-Фараби 48 \Аршалы ауданының Прокуратурасы   Аудандық ауруханаӘкімдік Аршалы қ., Ташенов 12 Ижевское, Целинная 9,Бұланды ауданыныңПрокуратурасыМәдениет үйіМакинск, Сейфуллина 36Ерейментау ауданыПрокуратурасы1. Мәдениет үйі2. Әкімдік1. Ерейментау қ.   Валиханов 43 Г. 2.Майлан с., Кисилева 20 АЕгіндікөл ауданының ПрокуратурасыМәдениет үйіЕгіндікөл, Победа 10Есіл аудандық прокуратурасы1. Мәдениет үйі2. Мәдениет үйі1. Есіл, Гагарина 1  2. Ақсай Ленина 7 Біржан сал аудандық прокуратурасыӘкімдікСтепняк, Біржан сал 23 Жарқайың ауданыныңПрокуратурасы Мәдениет үйіДержавинск, Захарова 37Жақсы ауданыныңпрокуратурасы1. Әкімдік2. Әкімдік1.Жаксы с.,Дружба Әкімдік14 А 2. Қийма, Дружба қ. 3 Зеренді ауданының прокуратурасыМәдениет үйіп.Зеренды, ул.Тауелсіздік 2Қорғалжын аудандық прокуратурасыМәдениет үйіп.Коргалжын, ул.Кумисбекова 38Сандытау аудандық прокуратурасы Мәдениет үйі1. Балқашино, Аблай-хан қ.126 Шортанды аудандық прокуратурасы 1. Мәдениет үйі2. Әкімдік1.Шортанды, Аблай-хан 26 2.Дамса, Велижанцева 25 Бурабай ауданының Прокуратурасы  1. Мәдениет үйі2. Орталық алаң 1. Щучинск қ,, Абылай-хан 38;2. Бурабай қ.Целиноград ауданының Прокуратурасы1. Мәдениет үйі2. Әкімдік1. Акмол, Гагарин қ. 12 2. Талапкер а., Талапкерская қ. 12                                                                   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1092951?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы өтті 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті оналтыншы сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттары, аудан әкімі Е.Байрахметов, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы, «Нарын таңы» газетінің тілшісі шақырылып, қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды.         Сессияда аудан әкімінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген  функциялары мен міндеттерді орындауы  туралы, 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы мен 2025-2026 жылдарына дайындық барысы туралы, бюджет, қаржы және ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссиясының есебі туралы  және әртүрлі мәселелер қаралды.Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарынауданының әкімі Байрахметов Елдос Жанболатұлы баяндама жасап, есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқтатады. Ол өз сөзінде  ағымдағы жыл аудан үшін ерекше маңызды кезең болып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті. Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №4 сайлау округінің депутатыЖ.Сыдыкова ауданда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқтала келе, аудан әкімінің есепті кезеңдегі жұмысына  оң баға беріп, аудан әкімінің есебін бекітуді ұсынды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданыныңтұрғын үй - коммуналдық шаруашылық,   жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бас маманы Д.Шаухин  ақпарат берді. Оның мәліметіне сүйенсек, Үлкен Нарын ауданында жылыту маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп, бүгінгі күні «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қазандықтары  90% дайын, жылу желілерінің дайындығы 100% құрап, көмірдің 54 күндік қоры қалыптасқан.Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №5 сайлау округінің депутатыЖ.Веригин өз сөзінде өткен жылыту науқаны жедел басқарудан бастап техникалық орындауға дейін құрылған жүйенің тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Биылғы жылыту мерзімінде атқарушы органның басты мақсаты- тіршілікті қамтамасыз ету және жылыту нысандарының қыс мезгілінде тұрақты жұмысын,  әлеуметтік маңызы бар объектілерге жылу-энергияның үздіксіз берілуін қамтамасыз ету екенін баса айтып,  жөндеу мен модернизацияға құйылған қаржылық инвестициялар ағымдағы маусымға төтеп беріп қана қоймай, болашақ кезеңдердегі тәуекелдердің алдын алуға да мүмкіндік беретініне сенімі барын айтты.Бюджет, қаржы және ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамумәселелері жөніндегі тұрақты  комиссияның атқарған жұмысы бойынша комиссия төрағасы    Д.Веригин  есеп берді.   Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысыЭ.Акимбетова аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.Мәслихат  төрағасы Ж.Сыдыкова күн тәртібіндегі әр түрлі мәселелерблогындағы  мәселелермен  таныстырып, олар бойынша шешімдер қабылданды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды. Нормативтік құқықтық сипаттағы 4 шешім қабылданды.Мәслихат аппараты   Аппарат маслихатаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1092901?lang=kk
Кітапханашы күні! 24.10.2025
Елімізде 24 қазан Кітапханашылар күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай ауданымызда салтанатты іс-шара өткізілді.Кітап – адамзаттың ақыл-ойы мен парасатының жемісі. Ал кітапханашы – сол білім бұлағының шырақшысы.Кітапханашы – әр оқырманға білімнің, мәдениеттің, рухани байлықтың есігін ашатын баға жетпес тірек. Ол оқырмандарды ізденуге, кітап оқуға, ойлы пікір қалыптастыруға жетелейді. Сол себептен атаулы мереке күні сала ардагерлері мен бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара шағын концертпен аяқталды.Құрметті кітапханашылар Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылырыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1092905?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан арасында $70 млн болатын экспорттық келісім жасалды 24.10.2025
Ташкент қаласында Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырған сауда-экономикалық миссия өтті. Бүгінде Өзбекстан аумағында 876 қазақстандық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл дегеніміз 270 түрлі тауар позициясы бойынша сауда айналымышамамен $500 млн-ға тең. Миссия барысында қазақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, құрылыс материалдары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және қайта өңдеу салаларындағы өзбек әріптестерімен тікелей келіссөз жүргізді. Алаңда B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, экспорттаушылар Өзбекстанның ірі дистрибьюторларымен және сауда желілерімен байланыс орнатты. «Ташкенттегі миссия - қазақстандық компаниялар үшін өнімін таныстырып қана қоймай, көрші елдің нарығына нақты шығуға мүмкіндік берді. Біз қатысушыларға барлық кезеңде, яғни кездесулер ұйымдастырудан бастап, аударма мен логистикалық сүйемелдеуге дейін толық қолдау көрсетеміз»,- деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков. «Бұл жай ғана делегация емес, нақты сатып алушылармен жасалған келіссөздер. Қазірдің өзінде 73,5 млн доллар көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Өзбекстан нарығында қазақстанның күнбағыс майына, ет пен қантына тұрақты сұраныс бар»,- деп атап өтті QazTrade компаниясы өкілдері. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі тұрақты өсім көрсетіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 30%-ға артып, $3 млрд-тан асты. Ал Қазақстан экспортының көлемі 26,7%-дан астам өсіп, $2,2 млрд-қа жуықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1092913?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ: бейбітшілік пен дамуға ортақ бейілділігі 24.10.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қазан – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығын атап өтіп, адам құқықтарын құрметтеуге және орнықты дамуды ілгерілетуге негізделген БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділігін қуаттайды.БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 80 жылда Ұйымның адамзаттың жаһандық сын-қатерлеріне қарсы күресте шешуші рөл атқарғанын және халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала беретінін атап өтті.1992 жылы БҰҰ-ға мүше болғаннан бері Қазақстан ядролық қарусыздану, өңірлік серіктестік, өркениетаралық диалог және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу салаларындағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Елімізде БҰҰ-ның 27 агенттіктері мен мекемелері жұмыс істейтінін атап өту қажет, ал Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы өңірдегі байланыстарды нығайтуға және өркендеуге ықпал етуге маңызды қадам болды.Осы тұрғыда Қазақстан Ұйымды жаңғыртуға және неғұрлым қауіпсіз, әділ және орнықты әлем құруға үлес қоса отырып, БҰҰ Жарғысының рухында инклюзивтілік идеяларын дәйекті түрде ілгерілетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1092863?lang=kk
25 қазан – Республика күні 24.10.2025
Республика күні қарсаңында Алтай ауданының мемлекеттік қызметшілері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. мен облыс әкімі аппаратының басшысы Текешев Е.Х. алғыс хаттарымен марапатталды.Марапаттар адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, бастамашылдығы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін табысталды.Алғыс хаттар қызметкерлердің күнделікті еңбегі арқылы мемлекеттік қызметті нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан еңбектерінің мойындалуы болды.Мемлекеттік қызметшілерге өз ісіне адалдығы, жауапкершілігі және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірдім.Ауданның жетістіктері әрбір қызметкердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтіп, марапатталғандарға табыс, мықты денсаулық және туған өлкенің әрі бүкіл Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тіледім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1092793?lang=kk
24 қазан кітапханашылар күні 24.10.2025
Құрметті кітапханашылар!Сіздерді Кітапханашылар күнімен шын  жүректен құттықтаймыз! Кітап - білімінің кілті, ал оны оқырманға жеткізетін сіздердің еңбектеріңіз - баға жетпес қазына.Сіздер - руханият пен мәдениеттің жанашыры, ұрпаққа бағыт беруші асыл жандарсыздар. Шығармашылық табыс, зор денсаулық, толағай жетістіктер тілейміз. Кітапханаларымыз өркендеп, оқырмандар легі арта берсін.Ізгі ниетпен: Мәслихат төрағасы Алмасбек НөкербанұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1092774?lang=kk
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 35 жылдығына орай мемлекеттік наградамен марапатталды 24.10.2025
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Жетісу облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнің басшысы Қайратбек Жақманұлы Әлиев және Комитеттің басқарма басшысы Жанар Әбдірәсілқызы Қалиева «Ерең еңбегі үшін»  медалі мемлекеттік наградасымен марапатталды.Марапаттар көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан зор үлесі үшін табысталды.Басшылық марапатталған қызметкерлерді құттықтап, өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ олардың жетістіктері Отан мен қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі екені атап өтілді.Қазақстан Республикасы күні-еліміздің барлық азаматтарының отансүйгіштігінің, бірлігі мен жасампаз еңбегінің символы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1092777?lang=kk
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері! 24.10.2025
Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Сіздерді жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты  қаржы журналистикасының онлайн-мектебі семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2025 жылғы 20 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2025 жылғы 21 қарашада (жұма) қазақ тілінде офлайн және онлайн форматта өтеді.Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі түсініктері мен түрлері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы әңгімелейді. Семинар барысында сіздер зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы тақырыбымен танысасыздар, атап айтқанда - зейнетақы активтері қайда және қалай инвестицияланатыны туралы. Сабақ барысында зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру және инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдау керектігі туралы да толыққанды мәлімет ала аласыздар.Сіздерге жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби мамандарынан бастапқы көзден алынған материалдарды қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай дайындауға болатыны туралы ақпарат алудың таптырмас мүмкіндігі беріледі. Біздің мамандар БЖЗҚ-ға, ҚРҰБ-қа, ЕХӘҚМ-ге, ҚНРДА-ға қандай сауалдармен жүгінуге болатынын және Қордың сайтынан немесе Youtube арнасынан жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты өз бетінше қалай алу керектігін түсіндіреді.Өтетін орны: офлайн – Алматы қ., Самал-2 ықш/ауд., онлайн - Cisco WebEx вебинар платформасыСпикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшыларыӨткізу уақыты: 20 қараша - орыс тілінде және 21 қараша - қазақ тілінде сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Онда өзі туралы төмендегі ақпараттар қамтылуы тиіс:  ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, қатысу форматы (офлайн/онлайн),электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара туралы хабарлама жіберу үшін). Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.  * Толық бағдарлама осы хаттың қосымшасында берілген. Байланысуға болатын тұлға:Тимиряз Есембеков, Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары, БАҚ-пен байланыс басқармасының бастығы 8 (727) 331-66-99 ішкі 5276, ұялы 8 701 710 0734Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1093161?lang=kk
Шетелдік мамандар Қазақстандағы археологиялық ғылымның даму бағытын талқылады 24.10.2025
Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Археология саласындағы халықаралық зерттеулер: тәжірибе, нәтижелері мен басым бағыттары» тақырыбында «Есік оқулары» VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Халықаралық конференцияға Қазақстан, Қытай, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Әзербайжаннан келген археологтар мен музей ісінің мамандары қатысты.Конференция бірқатар маңызды тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келді. Атап айтсақ, биыл Алтын адамның табылғанына 55 жыл, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына 15 жыл, сондай-ақ көрнекті археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың туғанына 90 жыл толып отыр.Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов елімізде тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын және бұл бағытта мұндай ғылыми іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.Музей-қорық ашылған күннен бастап музей қызметін көрсетіп қана қоймай, ғылыми-зерттеу орталығы ретінде де белсенді жұмыстар атқаруда. 2017 жылдан бері Шэньси провинциясының Археология институтымен (ҚХР) тығыз әріптестік байланыс орнатылды, нәтижесінде бірқатар бірлескен ғылыми жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Қытайдың Солтүстік-Батыс университетінің Жібек жолы археологиясын зерттеу орталығының Қазақстандағы филиалы жұмыс істеп тұр.Пленарлық отырыстар мен секциялық сессиялар барысында Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді сақтау мен тиімді пайдалану, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау әдістері, пәнаралық зерттеулер мен музей ісіндегі заманауи міндеттер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ конференцияда археология ғылымының дамуына зор үлес қосқан Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың ғылыми жолы да сөз етілді.Бағдарлама аясында «Рахат археологиялық кешені» атты монография мен «Есік» мемлекеттік музей-қорығы жөніндегі алғашқы қытай тіліндегі нұсқаулықтың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Талғар (Талхиз) ортағасырлық қалашығының аумағында «Талхиз қазыналары» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.Конференция қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау мен тиімді пайдалану, археологиялық зерттеулердің теориялық және қолданбалы аспектілерін дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағыттарында қабылданған Резолюция жарияланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1092709?lang=kk
Алматыда Испанияның Ұлттық мерекесі аталып өтті 24.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Испанияның Ұлттық күніне орай Испания Корольдігі Қазақстандағы Елшілігінің салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Испания арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Испания арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1092727?lang=kk
Алматы қаласындағы «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Алматы қаласындағы «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның күні жәнеБіріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағыӨкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмаларжөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов,Қазақстан Республикасының бұрыңғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰжанындағы тұнғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, сондай-ақ Қазақстан,Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелеріжөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пирич, сонымен қатардипломатиялық корпус, БҰҰ агенттіктері, академиялық орта және жастар ұйымдарыныңөкілдері қатысты.Талқылау барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойына арналған халықаралық күнтәртібіндегі негізгі мәселелерін қарастырды.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесінжәне БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына адалдығын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекетбасшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтылған, халықаралықбейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларынатап өтті.Ерекше назар Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттаржөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығына аударылды.Сондай-ақ, БҰҰ мерейтойын атап өту шеңберінде Алматы қаласы Әкімдігімен бірлесіп«Көк-Төбе» телемұнарасына БҰҰ-ның тақырыптық графикасы орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1092737?lang=kk
Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазан Тарбағатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен семинар өткізді.Семинарда Салық кодексіндегі өзгерістер, КТС пен ҚҚС есептеу тәртібі, әлеуметтік салық мөлшерлемесінің 6%-ға дейін төмендеуі, ЭШФ бойынша жаңартулар және ШОБ үшін арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер түсіндірілді.Іс-шараның мақсаты – салық төлеушілердің хабардарлығын арттыру және салық заңнамасындағы соңғы өзгерістермен таныстыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1092685?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінен: ел дамуының жаңа белесі 24.10.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап, соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерге тоқталды.Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық экономиканы түбегейлі жаңғырту үшін әртараптандыру саясатын табандылықпен жүзеге асырып келеді. Ел дамуының негізгі тіректерінің бірі – көлік және логистика саласы.– «Қазақстан Еуразияның басты логистика орталығы, яғни хабы болуы керек. Оған еліміздің әлеуеті жетеді, мүмкіндігіміз де мол», – деді Мемлекет басшысы.Осы мақсатта биыл «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі пайдалануға берілді. Бұл – егемендік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Сонымен қатар 13 мың шақырым автокөлік жолы салылып, жөнделді. Әуе қатынасы саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар: жыл басынан бері 36 жаңа халықаралық рейс ашылып, жүк тасымалы (карго) жүйесін дамыту бағытында нақты қадамдар жасалуда.Өндіріс секторының өсімі 7,5 пайызға жетіп, шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жуықтады. Құрылыс қарқыны да артып, өткен жылы 19 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды – бұл Тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш.Ауыл шаруашылығы саласы тұрақты даму үстінде. Соңғы жылдары жалпы өнім көлемі 2,5 есе артты.– «Биыл да қамбамыз астыққа толды, 20 миллион тоннадан астам бидай жиналды», – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясаттың да ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.– «Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Сондықтан біз осы жауапты миссияны міндетті түрде орындаймыз. Әлеуметтік стратегиямыз тиімді әрі әділетті болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.Соңғы бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқан. Ұстаздардың еңбекақысы екі есе көбейіп, қоғамдағы мәртебесі айтарлықтай көтерілді. Ел бойынша 1200 жаңа мектеп, соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи білім ордалары ашылды.Ғылымға да айрықша қолдау көрсетіліп отыр – соңғы бес жылда ғылымға бөлінген қаржы 5 есе өсті. Қазақстанда шетелдің 33 беделді жоғары оқу орнының филиалдары жұмыс істейді.Мемлекет басшысы ұлт саулығын жақсарту бағытында да нақты нәтижелер бар екенін айтты. 2020 жылдан бері медицина саласына бөлінетін қаржы 3 есе артқан, 927 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, ал елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау, ұлттық бірлікті нығайту және ел әлеуетін арттыру жолындағы реформалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.Республика күні – Тәуелсіздігіміздің бастауы мен мемлекетіміздің қуатын айшықтайтын мереке.Еліміз өркендей берсін, Қазақстанның жарқын болашағы – бірлікте және еңбекте! 🇰🇿
Президент: «2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті» 24.10.2025
«Әділетті Қазақстанды құру жолында басқа да нақты шаралар қолға алынды. Азаматтарымыз мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға белсенді түрде араласа бастады.Ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайланатын болды. Ауыл әкімдерінің барлығы, ал аудан әкімдерінің 25 пайызы жаңарды. Осылайша, билік жүйесі айтарлықтай өзгерді.Елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті. Ашығын айтсақ, осы аймақтағы билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс ешқашан болмаған.Біз бір ел болып саяси реформаны табысты іске асырып жатырмыз, соның нәтижесі ретінде қоғамда түбегейлі жаңғыру үдерісі басталды. Реформаларымызды жүзеге асыруға барша адамзат үшін аса қиын, күрделі кезеңде кірістік.Пандемия, алпауыт елдердің санкциялық текетіресі, қалыптасқан сауда жолдарының бұзылуы, түрлі қақтығыстар мен соғыстар әлем елдерінің дамуына орасан зор шығын келтірді. Бұл жағдайлар Қазақстанға да салқынын тигізді. Дегенмен біз қажетті шараларды дер кезінде қабылдадық. Экономикамыздың әлеуетін сақтай отырып, оны тың серпінмен дамыта түстік.2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті, биыл осы көрсеткіш шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп күтілуде, бұдан да асуы мүмкін. Бұл Қазақстанның біздің аймақтағы ең үлкен экономика екенін көрсетеді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артып, 14 400 долларға жетті. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі.Қазақстанның алтын-валюта резервінің көлемі 58 миллиард долларға жетті. Жеті жылда сыртқы сауда айналымы 83 пайызға артып, бүгінде 142 миллиард доллар болды».