Enbekshi QazaQ

Әлем

ШЫМКЕНТТЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ЖҰМЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІМЕН БІРІГІП КЕЛЕДІ — 16–23 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕР 27.09.2026
Шымкентте қыркүйектің үшінші аптасында киберқауіпсіздік тақырыбы бірнеше жеке іс-шара шеңберінен шығып, білім беру жүйесінің тұрақты күн тәртібіне ене бастағанын көрсетті. 16–21 қыркүйек аралығында студенттермен, мектеп оқушыларымен және медицина саласының білім алушыларымен бірінен кейін бірі кездесулер өткізілді. Бұл шаралардың жиынтығы цифрлық қауіпсіздікті техникалық емес, ең алдымен адам капиталына қатысты мәселе ретінде қарастыру үрдісінің күшейгенін байқатады.16 қыркүйекте полицияның Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы М.Әуезов атындағы оқу орнында 400-ге жуық студентке интернет-алаяқтықтың негізгі схемалары мен қорғану тәсілдерін түсіндірді. Материалда фишинг, вишинг, жалған интернет-дүкендер мен жалған жұмыс ұсыныстары жастар жиі кездесетін қауіптер ретінде аталады.17 қыркүйекте бұл жұмыс мектеп оқушыларына кеңейтілді. Мамандар фишингтік сілтемелерді тану, SMS-кодтар мен құпиясөздерді қорғау мәселелерін түсіндірді. Материалда кибермәдениет айының Шымкентте екінші рет өткізіліп отырғаны және биыл 12–17 жастағы жасөспірімдердің де қамтылғаны көрсетілген. Осы күні қалада жыл басынан бергі сегіз айда 363 киберқылмыс бойынша қылмыстық іс тіркелгені туралы дерек жарияланды. Оның жартысына жуығы ашылғаны хабарланды.19 қыркүйекте цифрлық қауіпсіздік тақырыбы басқа білім беру ортасына — жоғары технологиялар колледжіне — ауысты. Ал 21 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында» полиция, Shymkent Hub және академия мамандары бірлескен әдістемелік іс-шара өткізді. Яғни профилактикалық жұмыс тек IT мамандарымен шектелмей, болашақ дәрігерлерге де бағытталуда. Академияның ресми хабарламасында интернет-алаяқтық, цифрлық гигиена, жеке деректерді қорғау және қауіпсіздік дағдылары нақты практикалық форматта қарастырылғаны көрсетілген.Бұл үрдістің ерекшелігі — шаралар географиясының ғана емес, аудиториясының да кеңеюі. Бұрын киберқауіпсіздік көбіне арнайы мамандардың міндеті ретінде қабылданса, қазір мектеп оқушысы, студент, болашақ медицина қызметкері және қарапайым интернет пайдаланушысы осы жүйенің бөлігі ретінде қарастырылады.16–23 қыркүйек кезеңіндегі материалдарды салыстырғанда, Шымкентте үш деңгейлі модель қалыптасып келе жатқанын көруге болады: нақты қылмыстарға құқық қорғау органдарының реакциясы, білім беру орындарында профилактикалық оқыту және күнделікті цифрлық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. 363 қылмыстық істің тіркелуі мәселенің ауқымын көрсетсе, бірнеше оқу орнында қатар жүргізілген сабақтар оған жауаптың институционалдық сипат алып келе жатқанын аңғартады.Демек, үшінші тоқсандағы негізгі өзгеріс — киберқауіпсіздікті бір реттік түсіндіру науқанынан тұрақты цифрлық мәдениет қалыптастыруға қарай жылжыту. Бұл модельдің нәтижесі тек өткізілген сабақтар санымен емес, болашақта азаматтардың қауіптің алдын ала тану қабілетімен өлшенеді. 
Әндері ел жадында, үні сахнада 27.09.2026
Шымкент қаласының өнердегі қара шаңырағы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 98-маусымын жаңа қойылыммен ашты. Жаңа маусымның шымылдығы елге танымал әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған «О, қала» қойылымымен түрілді.Бұл қойылымның көрермен үшін орны бөлек. Өйткені Ержан Серікбаевтың әндері оңтүстік өңірінің ғана емес, күллі қазақтың жүрегінен орын алған. Арада жылдар өтсе де, оның әуезді әндері сахнадан түспей, халықтың жадында жаңғырып келеді. Өкінішке қарай, жалындаған шағында өмірден озған өнер иесінің ғұмыры қысқа болғанымен, артында қалдырған шығармашылық мұрасы мәңгілікк.Маусымашар кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, театр ұжымына ізгі тілегін білдірді.Композитордың ұлы Бейбарыс Серікбаев, жары, туған-туыстары мен жақындары да кеш төрінен орын алды. Театр директоры Дархан Балажановтың айтуынша, Ержан Серікбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған қойылымды сахналау көптен бері ойда жүрген үлкен мақсаттың бірі.-Бұл қойылымды бір жылдан астам уақыт дайындадық. Ержан Серікбаевтың өміріне тоқталуымыздың басты себебі оның әндерін қайта жаңғыртып, жастардың есіне салу. Туыстарымен, достарымен, көзін көрген азаматтармен кездесіп, көптеген деректер жинадық. Ел арасында Ержан ағамызды “екінші Шәмші” деп атаған. Сондықтан оның шығармашылығы сахнада қайта өмір сүруі керек деп көркемдік кеңеспен шешім қабылдадық. Театрдың қалыптасқан дәстүріне сай жаңа маусымды жаңа қойылыммен ашуды жөн көрдік. Көрерменді қуантқымыз келді, – деді театр басшысы.Ал, қойылым режиссеры Әли Бидахмет үлкен бір арманының орындалғанын айтады. - Ержан ағаның шығармашылығына арналған қойылымды сахналау көптен бергі арманым еді. Бүгін сол арманым орындалды. Ержан ағамыздың жетпіске жуық әні бар. Соның 17-сін осы қойылымға енгізіп, әр әнді сахналық көрініспен сабақтастыра отырып жеткізуге тырыстық. Біздің мақсатымыз композитордың шығармашылығын қайта жаңғыртып қана қоймай, оның әндерін бүгінгі көрерменге, әсіресе жастарға жаңаша таныту, – деді қойылым режиссері Әли Бидахмет.Қойылым барысында шырқалған әр ән арқылы Ержан Серікбаевтың шығармашылық болмысы, өмір жолы, арманы мен өнерге деген махаббаты көрініс тапты.Жаңа маусымда Шанин театры көрерменіне бірқатар жаңа туындылар ұсынбақ. Театр басшысының айтуынша, биылғы репертуарда ауқымды әрі тарихи-танымдық тақырыптарға басымдық берілген. Соның бірі мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған спектакль.Сахна төрінде Ержан Серікбаевтың әндері шырқалып, оның өнердегі ізі қайта жаңғырған кеш көрермен көңілінен шықты. Қойылым соңында залдағы ұзақ қол шапалақ өнер иесіне деген құрметті,  сағыныштты аңғартты.Ержан Серікбаевтың әндері өлген жоқ. Оны бүгінгі кеш дәлелдеді. Әуенімен ел жадында қалған өнерпаздың шығармалары енді театр сахнасында жаңа тыныс алып, кейінгі буынға қайта жол тартты.Салтанат Жамалдинова
Айдос Мырзахметов жаңа Қорғаныс министрі болып тағайындалды 27.09.2026
Мемлекет басшысының Жарлығымен генерал-майор Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.Айдос Мырзахметов — әскери қызметке жиырма жылдан астам уақытын арнаған кадрлық офицер.1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік аяқтаған. Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел және командалық даярлық бойынша бірқатар курстан өткен.Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.2022 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.Үйленген, үш баласы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1299377?lang=ru
Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін анықтады 27.09.2026
Аршалы ауданында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті.Г. есімді азамат басқарған «Газель» автокөлігін тексеру кезінде қызметтік ит «Айза» артқы көріністі көрсететін айнаның оң жақ тұсында күмәнді заттың болуы мүмкін екені туралы белгі берді.Тереңдетілген тексеру барысында айна қуысының ішінен жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған жасырын орама табылды.Тексеру тобының құрамында ефрейтор Тимур Қожабеков пен кинолог-маман кіші сержант Береке Дөненбай қызмет атқарды. Олардың үйлесімді әрекетінің арқасында күмәнді түйіншек дер кезінде анықталып, тәркіленді.Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.Ұлттық ұлан ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, режимдік объектілерге тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдарды жеткізу әрекеттерінің жолын кесу бойынша тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1299352?lang=ru
ШҚО-да Ұлттық ұланның кинологы тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолын кесті 27.09.2026
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен бірлесіп, ҚАЖ мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетін тоқтатты.ҚАЖ мекемесіне іргелес аумақта патрульдеу кезінде ефрейтор Еламан Сапашев Рэмма есімді қызметтік итімен бірге ҚАЖ қызметкерлерімен бірлесіп, қоршау маңынан күдікті ер адамды байқаған. Ол қоршау арқылы белгісіз заттарды лақтырмақ болған. Алайда оның әрекеті дер кезінде тоқтатылды.Тексеру барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адамнан екі ұялы телефон, ішінде ақ түсті капсулалары бар ыдыс, сондай-ақ Ішінде белгісіз сұйықтығы бар құты табылды.Анықталған заттар тәркіленіп, әрі қарай тексеру және процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға тапсырылды.Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бірлескен жұмысы күзетілетін нысандарға тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеттерін дер кезінде анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста кинология есептоптарының да маңызы зор. Олар бақылауды күшейтіп, ҚАЖ мекемелеріндегі қауіпсіздікті сақтауда елеулі рөл атқарады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1299353?lang=ru
Ұлттық ұланның артиллериялық-зениттік дивизионы атыс дайындығын жетілдіруде 27.09.2026
21-25 қыркүйек күндері Шымкент қаласы маңындағы Қаратау оқу-жаттығу орталығында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының артиллериялық-зениттік бөлімшелері далалық оқу-жаттығу өткізіп жатыр.6506 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында миномет және зениттік батареялардың құрамындағы жүзден астам әскери қызметші дайындығын жетілдіріп, атыс тапсырмаларын орындау кезінде өзара іс-қимыл мен дәлдікті пысықтауда.Далалық шығудың негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттырып, бөлімшелердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз ету.Қаратаудың күрделі шатқалы бекер таңдалған жоқ. Тау-тасты, ойлы-қырлы жоталар жауынгерлердің түрлі жағдайда әрекет ету машығын шыңдайды.Сондықтан сарбаздар жер бедерін жылдам бағалап, жағдайға тез бейімделіп, өзара үйлесімді әрекет етуді үйреніп жатыр. Мұның бәрі қойылған жауынгерлік тапсырманы дәл орындауға бағытталған.Айта кетейік, бұл өңірдің құқықтық тәртіп әскерінің тарихында өзіндік орны бар. Себебі дәл осы Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің базасында Ұлттық ұланның алғашқы артиллериялық-зениттік бөлімшесі құрылған. Кейін мұндай бөлімшелер Петропавл мен Ақтөбеде де құрылды.Қаратаудың күрделі қыраттары ұландықтардың даярлығын шыңдай түсетін қосымша факторға айналды. Далалық жағдайда әр есептоп мүшесінің іс-қимылы маңызды. Өйткені атыс тапсырмасының дәл әрі нәтижелі орындалуы жауынгерлердің шеберлігі мен өзара үйлесімді әрекетіне байланысты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1299354?lang=ru
«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді 26.09.2026
📌Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бойынша шаралар қабылдауда.Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды.Ақжайық шағынауданында 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталық салынуда. Медициналық мекеме жылына 7 мың босануға арналған және ана мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді. Акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, мұнда күрделі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерге ем жүргізуге арналған неонаталдық хирургия қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері қарастырылған.📱 @KZgovernment
🛫 Шымкентте екінші ҰҚЖ салынып жатыр 26.09.2026
📌 Басты жаңалық Шымкент әуежайының екінші ұшу-қону жолағының құрылысын жалғастыруға қосымша 23,5 млрд теңге бөлінді.📊 Нақты көрсеткіштер• жаңа ҰҚЖ ұзындығы — 3 900 м• ені — 75 м• құрылыс 2025 жылғы қазан айынан бері жүргізіліп келеді🎯 Бұл неліктен маңыздыЖаңа жолақ әуежайға инфрақұрылымын одан әрі дамыту кезінде жұмысын тоқтатпауға және жолаушылар мен жүк ұшақтарын қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.⚠️ Екінші ҰҚЖ не үшін қажетМәселеҚолданыстағы жолақ күрделі жөндеуден 2007 жылы өткен. Кезекті жөндеуді 2027 жылы жүргізу қажет. Жөндеу жұмыстары әуежай жұмысын ұзақ уақытқа шектеуі мүмкін.Тағы бір фактор: қолданыстағы ҰҚЖ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің нұсқамасына сәйкес ұзартылуы қажет.🛬 Әуежай жұмысы тоқтамайдыНе өзгереді:Екінші ҰҚЖ инфрақұрылымды одан әрі дамыту кезінде әуежайдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни бір жолақтағы жұмыстар бүкіл әуежайдың жұмысын тоқтатпауға тиіс.🌫 Күрделі метеожағдайларда қонуЖаңа ҰҚЖ заманауи жарық-сигналдық жабдықпен жарақтандырылып, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес болады.✅ НәтижеӘуежай әуе кемелерін:• күрделі метеорологиялық жағдайларда• көру мүмкіндігі шектеулі кезде қабылдай алады.🌍 Шымкент үшін күтілетін нәтижеЖаңа ҰҚЖ әуежай мүмкіндіктерін бірнеше бағыт бойынша кеңейтеді.✈️ Ауыр әуе кемелеріЖолаушылар және ауыр жүк әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігі кеңейеді.📦 Жүк тасымалыХалықаралық жүк тасымалдарын кеңейту.🌐 ТранзитШымкенттің транзиттік әлеуетін арттыру.🔎 Жалпы көрініс23,5 млрд теңге тек қосымша ұшу-қону жолағын салуға бағытталып отырған жоқ. Екінші ҰҚЖ әуежайдың резервтік қуатын арттыруға, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және жолаушылар, жүк және транзиттік авиация үшін мүмкіндіктерді кеңейтуі тиіс.📱 @KZgovernment
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанның машина жасаушылары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді 26.09.2026
Дәстүр бойынша, бұл күн КСРО құрылғаннан бері атап өтіледі. Бай дәстүрлерге адалдықты сақтай отырып, машина жасау күнін қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде – бұрынғы кеңестік республикаларда да атап өту жалғасуда.Дәстүр бойынша мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының астанасында мұнай-газ, тау-кен металлургия, темір жол, қорғаныс, ауыл шаруашылығы, электротехникалық, оптикалық-электрондық машина жасау, автомобиль жасау және басқа да салалардың басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Қазақстан машина жасаушыларының форумы өтеді.Машина жасаудың қандай да бір саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың едәуір бөлігі "Қазақстан машина жасаушылар Одағына"біріктірілген. Бұл бірлестік кәсіпорындардың интеграциясына, олардың қызметін үйлестіруге, өнімдерді ішкі және сыртқы нарықта жылжытуға ықпал етуге арналған.Қазақстанның машина жасауын посткеңестік кеңістік мемлекеттерімен, бірінші кезекте ЕАЭО бойынша серіктестермен тығыз байланыста ұстайды. Қазақ машина жасаушылар форумы бұған қосымша дәлел болып табылады, өйткені мұнда әр түрлі мемлекеттерден машина жасау өкілдері кездеседі, тек ішкі ғана емес, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық жобалары да талқыланады.Машина жасау кез-келген заманауи индустриалды дамыған мемлекет экономикасының маңызды саласы болып табылады. Қазақстанда машина жасаудың негізін тау-кен өндіру және мұнай-газ өнеркәсібі үшін өнім шығаратын кәсіпорындар құрайды. Сондай-ақ, нарықта экономиканың әртүрлі секторлары үшін өнім шығаратын көптеген кәсіпорындар бар.Қыркүйек айында өтетін машина жасаушылар форумына ұқсас ресми іс-шараларда машина жасау кәсіпорындарының жетістіктері атап өтіледі және өндіріс озаттарына марапаттар беріледі. Сала қызметкерлерінің өздері өздерінің кәсіби мерекелерін жұмыс ұжымдарымен, сондай-ақ отбасы шеңберінде атап өтеді.
Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл күн адал еңбектің, кәсіби шеберліктің маңызын атап, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтардың ел дамуына қосқан үлесін бағалауға арналған. 26.09.2026
Мемлекет басшысы жариялаған 2025 жылғы Жұмысшы мамандықтар жылы бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін берді. Сол жылы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, еңбек құндылықтарын дәріптеуге, кәсіби дағдыларды дамытуға және еңбек адамдарының жетістіктерін мойындауға ерекше көңіл бөлінді.2026 жылы да еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған жұмыс жалғасып келеді.Еліміздің әр жетістігінің артында күн сайын адал еңбек етіп жүрген миллиондаған адам тұр. Бүгін өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбегімен Қазақстанның бүгіні мен болашағына үлес қосып жүрген әр азаматқа алғыс білдіреміз.
Латвия қазақстандықтармен бірге аза тұтуда. 26.09.2026
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі қазақстандық әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтып, қаралы күні қасымыздан табылып, олардың рухтарына тағзым еткен Латвияның барлық тұрғындарына шынайы ризашылығын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1299290?lang=ru
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің V слёті 26.09.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес, мобильді топпен бірлесе отыра, 2026 жылғы 24–25 қыркүйек күндері облыстың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің V слётін өткізіп, тағылымды шараға мектепке дейінгі ұйымдардан 200 педагог қатысты.✨ Слёттің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтерінің кәсіби қызметін қолдау, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, кәсіби ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту, педагог мамандығының беделін арттыру.Слёт жұмысы Риддер қаласының бүлдіршіндерінің «Балабақша – бақытты балалар мекені» атты музыкалық сәлемімен басталып, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Козыбаева Булбул Жомарткызы құттықтау сөз сөйлеп, слет жұмысына сәттілік тіледі. 🌷 Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының ардагерлеріне арналған «Үлкенге құрмет!» рәсімі өтіп, салаға сіңірген еңбегі, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі және қоғам дамуына атқарған абыройлы қызметтері үшін Алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.Слеттің «Біз біргеміз!» айдарында облыстың аудан-қалаларынан келген командалар өздерін таныстырып, шығармашылық қабілеттері мен ұйымшылдықтарын көрсетті.⚡ «Педагогикалық батл» барысында педагогтер блиц-сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.💡 Слет барысындағы «Шабыт алаңы» педагогтердің кәсіби ой-пікірлерімен бөлісіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызы туралы ой толғауына мүмкіндік берді.🎶 «Ойнай отырып, дамимыз!» музыкалық-интерактивті бағдарламасы қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, баланың дамуы мен ойынның өзара байланысын тағы бір мәрте көрсетті.Слёттің екінші күнінде қатысушылар үшін Риддер қаласының «Ласточка», «Болашақ», «Қуаныш» балабақшаларында тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылып, қаланың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының педагогтері өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, кәсіби шеберліктерін танытты.📌 «Слёт педагогтер көзімен...» атты қорытынды бөлімде қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылып, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.Слёт жұмысына белсенді қатысқан педагогтер мен командалар Алғыс хаттар және Мадақтамалармен марапатталды. 🏆💚 V облыстық слёт – тәжірибе алмасу, кәсіби шабыттану, жаңа идеялар мен достық байланысты нығайтқан мазмұнды алаң болды!Барша қатысушыларға белсенділіктері мен кәсіби үлестері үшін алғыс білдіреміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1299282?lang=ru
«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне шығарылған ауылшаруашылық өнім көлемі 3 жарым мың тоннаға дейін ұлғайды 26.09.2026
Өткен аптадан бері Қазақстанның барлық өңірінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен «Дала дәмі» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өткен аптада жәрмеңкеде ел бойынша 2 мың тоннадан астам тауар саудаланған. Ал осы демалыс күндері өтетін «Дала дәмі» жәрмеңкесіне шығарылған отандық ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2 есе артып, 3 жарым мың тоннаға жуық өнім саудалануда.Астана қаласында өтіп жатқан «Дала дәмі» жәрмеңкесіне осы демалыста Абай, Маңғыстау және Алматы облыстарының шаруалары қатысып, өнімдерін ұсынуда. Ал Алматы қаласында бір мезетте 4 нүктеде ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерде 600 тонна ауылшаруашылық өнімі сатылып жатыр. Елдегі ең үлкен жәрмеңкелердің бірі Шымкент қаласында өтіп жатыр. Онда фермерлер 500 тоннадан астам өнім әкелген.«Дала дәмі» жәрмеңкелерінде етке сұраныс жоғары. Сондықтан шаруалар сиыр, жылқы, қой және құс етінің кең ассортиментін ұсынуда. Мәселен Қарағанды облысындағы жәрмеңкеге 52 тонна сиыр еті сатылуда. Астана қаласында тұрғындар Абай облысының шаруалары әкелген сиыр және жылқы етінің келісін 3500 теңгеден сатып алуда. Өзге өңірлердегі «Дала дәмі» жәрмеңкесіндегі ірі қара мал етінің бағасы да осындай. Мәселен Қостанайдағы жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 3200-3500 теңгеден, жылқы мен қой етінің келісі 3000 теңгеден бастап сатылуда.«Дала дәмі» жәрмеңкелері өткен аптадан бастап еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырыла бастады. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – шаруалар ауылшаруашылығы өнімін делдалсыз тікелей сатады. Одан бөлек жәрмеңкеге бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шығарылады. Жәрмеңкедегі орындар шаруаларға тегін беріледі. Баға нарықтағы бағадан кемінде 20 пайызға дейін төмен.Жәрмеңкелер қазақстандықтардың тағатсыздана күтетін сауда форматына айналған. Биылғы қыркүйектен бастап елдегі жәрмеңкелер «Дала дәмі» деген ортақ атаумен ұйымдастырылуда.«Жәрмеңке халық үшін сауданың жақсы орталығы болып тұр. Демалыс күндері келеміз. Бағасы төмен. 5-10 мың теңге болса да үнемдейміз. Сонда халық қаншама қаржысын үнемдеп жатыр», - деді Ақтау қаласының тұрғыны Сәбит Сапарғұл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1299260?lang=ru
Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды 26.09.2026
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды.Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді.2006-2010 жылдары «Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарды.2010-2014 жылдары Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болды.2015-2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.2017-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы болды.2019-2023 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.2023 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарып келді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1299228?lang=ru
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты 26.09.2026
📌Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты.Онда жұмыспен қамтылмаған азаматтарды автоматты түрде анықтайтын және оларға жұмыс ұсынатын Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі платформасы көпшілік назарына ұсынылды. Пилоттық жоба Павлодар және Маңғыстау облыстарында 59 мыңнан астам азаматты қамтыды. Қараша айынан бастап жүйе басқа өңірлерге кеңінен таратылмақ.Астана әкімдігі Joltap бағдарламасының нәтижелерімен таныстырды, жоба шеңберінде бизнесті немесе фрилансты одан әрі іске қосу үшін 22,2 мың адам жұмыс және цифрлық дағдылар бойынша білім алды. Оның 60%-ы жұмысқа орналастырылды, 2 мыңға жуық адам өздерінің шағын бизнесін ашты.ТжКБ-ның цифрлық дуальды оқыту платформасы жобасы студенттердің, оқытушылар мен жұмыс берушілердің тікелей байланысын қамтамасыз етеді: Астана қаласының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі түлектерінің білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы 93%-ға жетті.Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында цифрлық шешімдер кешені, электрондық наряд-рұқсаттар, жүргізушілердің жағдайын бақылау жүйелері, сондай-ақ нысандарды салу кезінде жарақаттанудың алдын алуға арналған бейнеаналитикасы бар «Ақылды каска» сияқты жасанды интеллект шешімдері ұсынылды.Бүгінгі таңда Қазақстанда 9,4 млн адам еңбек қызметімен қамтылды, жыл басынан бері 475 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты, электрондық еңбек биржасында 800 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Үкімет өндірістің нақты қажеттіліктері мен еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, кадрларды даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Кәсіптік оқытуды және технологиялық әрі экономикалық өзгерістерді ескере отырып, мамандарды даярлауды озық қарқынмен дамытуды көздейтін жаңа Жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленуде. Цифрлық құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл соңына дейін кәсіптік стандарттармен 600 жұмысшы мамандықты қамту жоспарлануда. ТжКБ жүйесінде жұмыс берушілермен бірлесіп мамандар даярлау күшейтіледі. Дуальды оқытуға 552 колледждің 138 мың студенті және 11 мыңға жуық кәсіпорын қатысады, тағы 43 мың студент жұмыс берушілердің мақсатты тапсырысы бойынша білім алуда.Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Еңбек адамына ерекше мән беретінін атап өтті. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, отбасын адал еңбекпен асырауына және Отанына пайдасын тигізуге жағдай жасау – ортақ міндетіміз» деп айқындап берді. «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес еңбекқорлық, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс маңызды қасиеттер ретінде анықталды.Іс-шара қорытындысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан түрлі кәсіп өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді.Марапатталғандар:«Құрмет» ордені иегерлері🟦Тұрғынжан Аутов – «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, еңбек өтілі – 44 жыл;🟦Айдарбек Ақтанбердиев – «Метрополитен» КМК монтері, еңбек өтілі – 44 жыл;🟦Арыстанқали Байымбетов – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бөлім басшысы, еңбек өтілі – 39 жыл;🟦Константин Башкиров – «Степногорск подшипник зауыты» АҚ станокшысы, еңбек өтілі – 43 жыл;🟦Айжан Беркінбаева – Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, еңбек өтілі – 28 жыл;🟦Сәкен Ділдәбаев – «KARLSKRONA LC AB» ЖШС токарі,  еңбек өтілі – 44 жыл;🟦Валентина Зенкина – «Galex Plus» СТТФ» ЖШС шебері, еңбек өтілі – 52 жыл;🟦Шайхула Зиганшин – «Galanz bottlers» АҚ аға машинисі, еңбек өтілі – 47 жыл;🟦Кеңес Ысқақов – «Жәйрем» кен-байыту комбинаты» АҚ «Жәйрем» кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі, еңбек өтілі – 36 жыл;🟦Аян Қайыр – «Кедентранссервис» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының бас инженері, еңбек өтілі – 30 жыл;🟦Владимир Крайсман – «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы» құрылтайшы-директоры, еңбек өтілі – 53 жыл;🟦Оралбай Кұсайынов – «Семізбай-U» ЖШС «Семизбай» кенішінің слесарі, еңбек өтілі – 33 жыл;🟦Салмен Нұрмағанов – «Астана-Зеленстрой» ЖШС машинисі, еңбек өтілі – 47 жыл;🟦Өркен Станбеков – «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Шу ауданы электр монтері, еңбек өтілі – 34 жыл;🟦Бекжан Сыздықов – «Сәтпаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС жүргізушісі, еңбек өтілі – 37 жыл;🟦Қанатбек Теміров – «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалының слесарь-жөндеушісі, еңбек өтілі – 40 жыл;🟦Қайрат Шағырбай – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Түркістан пайдалану локомотив депосының машинисі, еңбек өтілі – 15 жыл;🟦Бейбітгүл Шонкенова – «Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік жұмыскері, еңбек өтілі – 36 жыл.ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені иегерлері🟦Қанат Темірбеков – «Астана су арнасы» КМК экскаватор жүргізушісі, еңбек өтілі – 44 жыл;🟦Вячеслав Тюков – «Силикат» ЖШС слесарь-сантехнигі, еңбек өтілі – 26 жыл.«Ерен еңбегі үшін» медалі иегерлері🟦Арыстан Әбішев – «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС электр-газбен дәнекерлеушісі, еңбек өтілі – 31 жыл;🟦Берік Акылбеков – «Қарағанды Су» ЖШС тракторшысы, еңбек өтілі – 30 жыл;🟦Талғат Байымбетов – «Жаңажол» ЖШС механизаторы, еңбек өтілі – 43 жыл;🟦Мұрат Дүкебаев – «Интергаз Орталық Азия» АО «Тараз» магистралды газ құбырлары басқармасы филиалының операторы, еңбек өтілі – 40 жыл;🟦Бейсенғазы Жұмабеков – «Агрофирма «Приречное» ЖШС механизаторы, еңбек өтілі – 38 жыл;🟦Баратбай Қиясов – «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС токарі, еңбек өтілі – 40 жыл;🟦Саятхан Құдайбергенов – «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Талдықорған қаласы №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы, еңбек өтілі – 37 жыл;🟦Орынбасар Кұжантаев – «АтырауНефтеМаш» ЖШС газбен кесушісі, еңбек өтілі – 44 жыл;🟦Ермек Майқынов – «Майкынов Е» ШҚ механизаторы, еңбек өтілі – 37 жыл;🟦Мырза Малкенов – «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ тас қалаушысы, еңбек өтілі – 31 жыл;🟦Мұрат Мұрзатаев – «Агротехника-Жамбыл» ЖШС бас инженері, еңбек өтілі – 40 жыл;🟦Шалғымбай Мырзалиев – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының слесарі, еңбек өтілі – 42 жыл;🟦Татьяна Олейникова – «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС ревизоры, еңбек өтілі – 37 жыл;🟦Сергей Петрунин – «Варваринское» ЖШС учаске басшысы, еңбек өтілі – 46 жыл;🟦Мұрат Сабитов – «Атырау мұнай өндей зауыты» ЖШС машинисі, еңбек өтілі – 44 жыл;🟦Есен Сұлтанов – «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының токарі, еңбек өтілі – 40 жыл;🟦Таңат Шонқалов – «Қаражанбасмұнай» АҚ бөлім басшысы, еңбек өтілі – 45 жыл.📱 @KZgovernment
Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті 26.09.2026
Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына барды.Кездесулер қаралы көңіл-күйде өтті. Министр қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шынайы әрі терең көңіл айтты. Ол орны толмас қазаға байланысты отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді. Министр жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысын ешбір сөзбен жеңілдету мүмкін емес екенін атап өтті.«Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес – біздің қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде олармен бірге боламыз», – деді Қорғаныс министрі.Мейрамбек Бердіханов, Азамат Мәдіхан және Дастан Бегей Жаңаөзен қаласынан, Мирас Тұрдыбекұлы Жетібай ауылынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын.Қызмет өткеру барысында олар өздерін жауапты әрі тәртіпті әскери қызметшілер ретінде танытып, әскери борыштарын адал атқарды.Министр отбасыларды Қорғаныс министрлігі оларды қайғымен жалғыз қалдырмайтынына сендірді. Оларға жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетіледі. Ведомство туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесуді жалғастырып, отбасылармен тұрақты байланыста болады.Қаза болған әскери қызметшілердің есімі туған-туыстары мен жақындарының, қаруластарының және барша Қарулы күштер жеке құрамының жүрегінде мәңгі сақталады. Олардың өмірі мен әскери борышына деген адалдығы ешқашан ұмытылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1299183?lang=ru
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысымен кездесті 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді.Министр БҰҰ Бас хатшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Мемлекет басшысының атынан күрделі халықаралық жағдайдағы А. Гутерриштің қызметіне, оның көпжақтылық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына дәйекті бейілділігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады.М. Тілеуберді Бас хатшының Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын растады. Осы тұрғыда Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының қызметіне көпжақты ынтымақтастықтың өңірлік өлшеміндегі негізгі алаң ретінде ерекше назар аударылды.Бас хатшы қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемдегі Қазақстанның рөлінің артып келе жатқанын ерекше атап өтіп, елімізді «көпірлер салушы» ретінде бағалады және Қазақстанның негізгі халықаралық серіктестермен сындарлы қарым-қатынастарды сақтай алу қабілетіне назар аударды.Кездесу барысында Министр БҰҰ Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып, Бас хатшының көпжақтылықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті және Қазақстанның Ұйым аясындағы одан әрі өзара іс-қимылға деген өзгермес бейілділігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1300486?lang=ru
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның сыртқы саяси ведомствосының өкілдерімен кездесу өткізді 26.09.2026
Найроби, 2026 жылғы 24 қыркүйек. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Еуропа және Достастық мәселелері жөніндегі дирекциясы Бас директорының орынбасары, Елші Табу Ирина MBS, сондай-ақ Экономикалық және коммерциялық дипломатия мәселелері жөніндегі директорының орынбасары Элизабет Мигудамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Кения Президенті Уильям Рутоның 2026 жылғы 19-20 мамырдағы Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі практикалық қадамдарды талқылады.Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, оның ішінде шай және кофе саудасы, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, авиация, қаржы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ғарыш салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайту және басым бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және ынтымақтастықты практикалық тұрғыдан дамыту мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1299169?lang=ru
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесу өткізді 26.09.2026
Найроби, 2026 жылғы 25 қыркүйек. 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының (KNCCI) Президенті д-р Эрик К. Руто, Ұлттық директоры және Экономикалық дипломатия мәселелері жөніндегі төрағасы Синтия Ньявира, сондай-ақ Азия өңірінің KNCCI төрағасы және өкілі Джоэл Черуйиот Суммен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытудың перспективалары жөнінде пікір алмасу болды. Екі елдің іскер топтары өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге, екіжақты B2B кездесулерін ұйымдастыруға және өзара тиімді бизнес-жобаларды дамытуға жәрдемдесуге ерекше назар аударылды.Тараптар өзара бизнес мүдделері мен ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, сауда, инвестициялар, көлік және логистика, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да салаларды талқылады.Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі мен KNCCI арасындағы одан әрі өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде қазақстандық және кениялық компаниялар арасында байланыстар орнатуға жәрдемдесуге, нақты жобаларды ілгерілетуге және Кениядағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы институтын дамытуға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік байланыстарды жандандыруға және Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1299170?lang=ru
Астанада Akashi Data Center деректер орталығының құрылыс алаңында баспасөз туры өтті 26.09.2026
Астанада Akashi Data Center деректер орталығының құрылыс алаңына техникалық баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараға Astana Invest басқарма төрағасының орынбасары Сұлтан Достанов қатысты.Баспасөз туры барысында қатысушылар құрылыс жұмыстарының қазіргі барысымен, нысанның энергетикалық және инженерлік инфрақұрылымымен, сондай-ақ жобаны іске асырудың алдағы жоспарларымен танысты.Akashi Data Center – жалпы инвестиция көлемі шамамен 354 млн АҚШ долларын құрайтын ауқымды инвестициялық жоба. Жоба аясында төрт деректер орталығын салу, 4 мыңға жуық серверлік тіректі орналастыру және кешеннің жобалық қуатын 100 МВт-қа дейін арттыру көзделген. Жобаның бірінші кезеңін коммерциялық пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.Өз сөзінде Сұлтан Достанов жобаның стратегиялық маңызын атап өтіп, оның елорданың цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы, халықаралық технологиялық компанияларды тартудағы және жоғары білікті мамандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашудағы рөліне тоқталды.Akashi Data Center жобасының іске асырылуы Астананың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның өңірлік технологиялық орталық ретіндегі орнын нығайтуға ықпал етеді. #AstanaInvest #AkashiDataCenter #Астана #Инвестициялар #ЦифрлықИнфрақұрылымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1299153?lang=ru