Әлем
Астана Tourism EXPO Japan 2026 көрмесінде алғаш рет туристік әлеуетін таныстырды 26.09.2026
Астана алғаш рет әлемдегі ең ірі Халықаралық туристік көрмелердің бірі – «Tourism EXPO Japan 2026» көрмесіне қатысуда. Іс-шара 24–27 қыркүйек аралығында Токио қаласындағы Tokyo Big Sight көрме орталығында өтуде.Бұл Астананы қарқынды дамып жатқан іскерлік орталық, әрі MICE-туризмнің болашағы зор бағыты ретінде Жапония мен Халықаралық нарыққа таныстыруға бағытталған стратегиялық қадам.Делегация құрамына Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ, «Air Astana» әуе компаниясының өкілдері мен Қазақстанның жетекші туроператорлары кірді. Олар көрмеде елорданың заманауи инфрақұрылымын, әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтарының мүмкіндіктерін және кез келген ауқымдағы іс-шараларды ұйымдастырудағы кәсіби әлеуетін таныстыруда.B2B бағдарламасы аясында қазақстандық делегация халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды келіссөздер өткізді. Негізгі серіктестер қатарында The Telegraph (Tokyo Correspondent), Club Tourism International Inc., Informa Markets Japan / WHX Osaka, TIC Travel Center Co., Ltd., Innovative Space Carrier Inc., Japan National Tourism Organization (JNTO) және Visit Monaco бар.Кездесулер барысында тараптар Астананы халықаралық деңгейде ақпараттық тұрғыдан ілгерілету, Қазақстанды жапон саяхатшыларына арналған туристік бағдарламаларға енгізу, халықаралық салалық іс-шараларды тарту, сондай-ақ туристік бағыттарды ілгерілету және туризм саласын цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.Tourism EXPO Japan Халықаралық алаңына жыл сайын 80 елден 120 мыңнан астам қатысушы жиналады. Көрме іскерлік келісімдер жасауға, серіктестік байланыстар орнатуға, сондай-ақ конференциялар, іскерлік кездесулер, ынталандыру турлары мен өзге де корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы негізгі үрдістерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1299152?lang=ru
Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында кездесті 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.Тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Ресейдің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1299142?lang=ru
Исламабадта Қазақстан Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің қайғылы қаза болуына байланысты қазақ халқына көңіл айтылды 26.09.2026
Исламабад, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Әскери қызметшілердің қайғылы қаза табуына және Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялануына байланысты Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп, көңіл айту кітабы ашылды.Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде орын алды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы жағдайының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті, олардың 14-і қаза тапты.Қаза тапқандарды еске алып, Қазақстан халқына қолдау білдіру үшін Елшілікке дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, шет мемлекеттердің әскери қолбасшылық өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.Көңіл айту кітабына Пәкістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Елші Б. Хайи, Беларусь Республикасының Пәкістандағы Елшісі А. Метелица, Ресей Федерациясының Пәкістандағы Елшісі А. Хорев, Әзербайжанның Пәкістандағы Елшісі И. Давудов, Тәжікстанның Пәкістандағы Елшісі Ю. Шарифзода, Түркияның Пәкістандағы Елшісі И. Незироглу, Румынияның Пәкістандағы Елшісі Д. Стоенеску, Палестинаның Пәкістандағы Елшісі З. Заид, АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Н. Бейкер, Қырғызстанның Уақытша сенімді өкілі А. Тілебалиев, Ресей Федерациясының әскери атташесі В. Фенченко, Ирактың әскери атташесі генерал-майор М. Аббас, АҚШ-тың әскери атташесі бірінші рангты капитан Н. Амирал, Жапонияның әскери атташесі Т. Такэси, Малайзияның әскери атташесі Н. Бинотман, Әзербайжанның әскери атташесі Э. Мовсумов, Мысырдың әскери атташесі М.Файез, ЮНИСЕФ өкілі әрі БҰҰ-ның Пәкістандағы Тұрақты үйлестірушісінің м.а. П. Айронсайд, Малайзия, Оман, Мысыр, Өзбекстан, Түрікменстан және Непал елшіліктерінің дипломаттары, сондай-ақ Пәкістанның сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көңіл айту жазбаларын қалдырды.Келушілер қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына терең көңіл айтып, осынау қаралы сәтте Қазақстан халқымен ынтымақтастықтарын білдірді.Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі орны толмас қазаның қайғысын бөлісіп, көңіл айту және қолдау сөздерін жеткізген баршаға шынайы ризашылығын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1299127?lang=ru
Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері АҚШ-та бас қосты 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81 сессиясы аясында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты.Ұйымға мүше мемлекеттер Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.Қазақстан СІМ басшысы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында түркі мемлекеттері арасындағы өзара қолдау мен үйлесімді іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Отырыс барысында тараптар ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың практикалық мазмұнын арттыруға және түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай келетін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өз дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1299118?lang=ru
Қазақстан мен Чехия көші-қон саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 26.09.2026
24 қыркүйекте Елшілік өкілдері Чех Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон саясаты және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Томаш Урубeкпен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Чехия арасындағы көші-қон саясаты саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасып, сондай-ақ, Чех Республикасының аумағында жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Ерекше назар қолданыстағы реадмиссия туралы келісім шеңберінде Чехия аумағында заңсыз жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті түрде қайтарылуы мәселелеріне аударылды.Т. Урубек қазақстандық тараппен өзара іс-қимылдың оң динамикасы мен сындарлы сипатын атап өтіп, осы саладағы қалыптасқан ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ортақ мүддені білдіретін мәселелерді жедел қарау және тиімді диалогты қамтамасыз етудегі Елшіліктің ерекше рөлін де атап өтті.Сонымен қатар, ҚР азаматтарының Шенген аймағы елдеріне виза рәсімдеу кезінде визалық рәсімдерді одан әрі жеңілдету мәселесі талқыланып, осы бағыттағы өзара іс-қимылды, оның ішінде Еуропалық одақ бағыты бойынша жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстар мен ақпарат алмасуды қолдауға дайын екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1299124?lang=ru
№28 мекемесінде спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар апталығы қорытындыланды 26.09.2026
№28 мекемесінде 2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған сотталғандар арасында спорттық, мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралар кешені бір апта бойы өткізілді. Апта барысында сотталғандар арасында қол күресінен, арқан тартудан, гір көтеруден, асық атудан және ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар аясында А.Н. Островский атындағы Орал драма театрының әртістері мекемеге келіп, сотталғандар алдында өнер көрсетті. Театр қойылымы қатысушылардың мәдени демалысын ұйымдастырып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. Апта бойы өткізілген спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға сотталғандар белсенді қатысып, өздерінің ептілігін, күшін, төзімділігін, зейінділігін және ұйымшылдығын көрсетті. Апталықтың қорытындысы бойынша бүгін мекемеде сотталғандарды салтанатты түрде марапаттау және көтермелеу рәсімі өткізілді. Спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған, сондай-ақ мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқан сотталғандарға марапаттар табысталып, көтермелеу шаралары қолданылды. Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық спорт пен мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1299109?lang=ru
№28 мекемесінде асық атудан жарыс өтті 26.09.2026
2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған сотталғандар арасында спорттық іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес, №28 мекемеде ұлттық ойын асық атудан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар өздерінің мергендігін, зейінділігін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және төзімділігін көрсетті. Сайыс қызықты әрі достық жағдайда өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Асық ату – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын мергендікке, ептілікке және зейінді шоғырландыруға тәрбиелейді. Мұндай іс-шараларды өткізу ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды насихаттауға, сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1299105?lang=ru
Құжаттандыру 26.09.2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметі есебінде тұрған кәмелеттік жасқа толмаған сотталған 16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алуға пробация қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, сотталған азаматқа ХҚКО-нан жеке куәлігін алып беруге жәрдемдесті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1299098?lang=ru
KazAID пен Назарбаев Университеті: халықаралық даму саласындағы жастармен диалог 26.09.2026
2026 жылғы 24 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Назарбаев Университетінің студенттері үшін «Даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің ассистент-профессоры, доктор Артан Каринидің ұйымдастыруымен өтті.Студенттерге даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, Қазақстанның халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылы және одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Дәріс студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, халықаралық даму мен ынтымақтастық мәселелері бойынша мазмұнды пікірталас пен пікір алмасу түрінде жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1299047?lang=ru
Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту 26.09.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.Қостанай қаласының тұрғындары атынан және өз атымнан қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.Қала әкімі М. ЖүндібаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1299023?lang=ru
Әлемдік тәжірибе: әлеуметтік қолдау барған сайын мұқтаждық деңгейін ескере отырып көрсетіледі 26.09.2026
В мировой практике всё шире применяется принцип адресности социальной поддержки - когда при назначении отдельных видов помощи учитывается материальное положение гражданина или семьи. Главная задача такого подхода - обеспечить предоставление государственной помощи тем, кто действительно в ней нуждается, с учётом установленных законом критериев.Механизмы оценки нуждаемости различаются в зависимости от страны. В одних государствах учитываются доходы семьи и её имущественное положение непосредственно при определении права на пособие. В других размер выплаты может зависеть от уровня дохода и постепенно уменьшаться по мере его роста.Подобные подходы применяются и в странах, близких Казахстану.В России единое пособие семьям с детьми назначается с учётом комплексной оценки нуждаемости, включая доходы и имущественное положение семьи.В Кыргызстане пособие «үй-бүлөгө көмөк» предоставляется малообеспеченным семьям с детьми с учётом совокупного дохода семьи. С 1 сентября 2026 года в стране также расширены критерии адресности при определении нуждаемости.В Узбекистане оценка нуждаемости применяется в рамках системы социальной защиты и используется при определении права граждан на соответствующие меры поддержки.В Казахстане принцип адресности также является одним из инструментов социальной политики. В частности, адресная социальная помощь предоставляется семьям с доходами ниже установленной черты бедности, а её размер определяется исходя из разницы между среднедушевым доходом семьи и чертой бедности.При этом социальная политика Казахстана включает широкий спектр государственных выплат и пособий.Практика оценки материального положения применяется и в других странах. Например, в Великобритании при назначении Universal Credit учитываются доходы, сбережения и инвестиции семьи. При определённом уровне капитала размер выплаты снижается, а при превышении установленного порога право на выплату утрачивается.В Австралии для ряда социальных выплат применяются одновременно тесты доходов и имущества. Например, при назначении JobSeeker Payment учитываются доходы и активы получателя и его партнёра.Таким образом, международная практика показывает: адресность социальной поддержки является распространённым инструментом социальной политики и применяется в разных формах с учётом национального законодательства и особенностей каждой страны.При этом важнейшим ориентиром остаётся обеспечение социальной защиты граждан. По данным Международной организации труда, более 4 миллиардов человек в мире не охвачены ни одной формой социальной защиты, а пособия по безработице получают менее одной пятой безработных.Казахстан последовательно развивает систему социальной защиты, сохраняя предусмотренные законодательством государственные гарантии. Совершенствование подходов к социальной поддержке направлено на повышение её адресности, эффективности и справедливого распределения государственных ресурсов - с тем чтобы помощь в первую очередь доходила до граждан и семей, которые объективно в ней нуждаются.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1299008?lang=ru
Қазақстан Испанияның Азиямен экономикалық байланыстарының жаңа архитектурасында 26.09.2026
Мадрид, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері елшілері тобының (ASPAC) Төрағасы ретінде ASPAC елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен бірлесіп, Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ампаро Лопеспен кездесу өткізді.Кездесу барысында Испанияның 2026–2029 жылдарға арналған Азия-Тынық мұхиты өңірі жөніндегі стратегиясын іс жүзінде іске асыру аясында Мадридтің АТР елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасылды.Д. Мұсаев Испанияның азиялық бағытқа артып келе жатқан назарын құптап, экономикалық өзара іс-қимылға неғұрлым практикалық сипат беруге деген ортақ мүдделілікті атап өтті. Перспективалы бағыттар қатарында сауда ағындары мен жеткізу тізбектерін әртараптандыру, көлік байланыстылығын дамыту, өзара инвестицияларды ынталандыру және испан бизнесінің өңір елдеріндегі жобаларға белсенді қатысуы атап өтілді.Орталық Азия тұрғысында қазақстандық дипломат өңірдің Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыстылықты нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтті. Қазақстан өзінің географиялық орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы және инвестициялық әлеуеті арқасында Испанияның өңірмен экономикалық байланыстарын кеңейтуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Испания мен Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1298969?lang=ru
Жалпыұлттық аза тұту күні 26.09.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1298888?lang=ru
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды 26.09.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды.Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1298869?lang=ru
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізілді 26.09.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 22 - 24 қыркүйек аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Кедендік әкімшілендіру департаментінің Валюталық бақылау басқармасымен бірлесіп «Ұлттық және (немесе) шетел валютасының репатрияциясын бақылау (экспорттық-импорттық валюталық бақылауды іске асыру рәсімдері, құжаттық тексерулер мен валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі)» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – Smart Data Finance ақпараттық жүйесінің «Валюталық бақылау» модулін пайдалану ережелерін сақтау. Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:- Наурзбаев Жанибек Мергенбайулы - Комитеттің Кедендік әкімшілендіру департаменті Валюталық бақылау басқармасының бас сарапшысы;- Бектурганов Ернур Ермуханович – Комитеттің Кедендік әкімшілендіру департаменті Валюталық бақылау басқармасының бас сарапшысы қатысты. Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша 66 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1298817?lang=ru
ЖОО жатақханасында жастармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді 26.09.2026
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттер жатақханасында жастармен профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шараға Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садық, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Полиция өкілдері жастарға құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік түрлерін түсіндіріп, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетіне, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударды.Сонымен қатар, жатақханада тұратын жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді.«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясындағы мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз жастар ортасын қалыптастыруға бағытталған.Алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1298808?lang=ru
«Жалпыұлттық аза тұту күні» 26.09.2026
Каспий теңізінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні Бостандық ауданы әкімінің аппараты қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.Орны толмас қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасып, оларға шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1298765?lang=ru
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ 26.09.2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР1. Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды. Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады. 2. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады? Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 3. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма? Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады. 4. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады? Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:· ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;· ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;· ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;· басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін. 5. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады? БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі. Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1298715?lang=ru
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: 8–15 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕР 25.09.2026
Шымкенттегі білім беру жүйесінің цифрлануы тек электрондық күнделік немесе онлайн платформа енгізумен шектелмей, білім беру ұйымдарын басқарудан бастап IT мамандарын даярлауға дейін кеңейіп келеді. 8–15 қыркүйек аралығындағы үрдістер осы өзгерістің бірнеше деңгейде қатар жүріп жатқанын көрсетті.Бұл бағыттағы маңызды жобалардың бірі — AIQYN платформасы. 1 қыркүйекте Шымкент мектептерінде жүйенің толыққанды жұмыс режиміне көшуі туралы ақпарат жарияланып, платформа арқылы білім беру ұйымдарын басқаруды цифрландыру нәтижелері көрсетілді. Атап айтқанда, алғашқы тоғыз айда 10,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеу көрсеткіші келтірілді. Бұл көрсеткіш AIQYN-ның тек оқу процесін емес, білім беру инфрақұрылымын басқару тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастырылып отырғанын көрсетеді.Білім беруді цифрландырудың екінші деңгейі — оқушы мен мұғалімнің цифрлық дағдыларын дамыту. Шымкентте цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған оқу сыныптарын көбейту және оқу бағдарламасына жасанды интеллект сервистері мен киберқауіпсіздік негіздерін енгізу жоспарлары айтылған. Бұл дәстүрлі компьютерлік сауаттылықтан жаңа кезеңге өтуді білдіреді: қазіргі оқушы технологияны пайдаланумен қатар, оның қауіпсіздігі мен мүмкіндіктерін де түсінуі қажет.10 қыркүйекте Shymkent Hub-та бағдарламашыларға арналған жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану бойынша воркшоп ұйымдастырылды. Мұндай формат университеттік теорияны нақты IT құралдарымен толықтыруға мүмкіндік береді.Бұған дейінгі материалдарда Tomorrow School бағдарламасы бойынша Шымкенттегі түлектердің 70 пайыздан астамының жұмысқа орналасқаны көрсетілген. Бұл цифрлық білім берудің нәтижесін тек сертификат немесе оқу сағаттарымен емес, еңбек нарығындағы нақты нәтижемен өлшеу қажеттігін көрсетеді.Осы жобаларды бір-бірімен салыстырғанда, Шымкенттегі цифрлық білім берудің үш түрлі деңгейі қалыптасып келе жатқанын байқауға болады. AIQYN — мектеп басқаруын өзгертсе, цифрлық сауаттылық бағдарламалары — оқушының дағдысын қалыптастырады, ал IT воркшоптар мен Tomorrow School тәрізді жобалар — еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған.Демек, білім саласындағы цифрландырудың негізгі ерекшелігі — технологияны сабаққа енгізу емес, білім беру жүйесінің өзін цифрлық экономика талаптарына бейімдеу. 8–15 қыркүйектегі үрдістер Шымкентте бұл өзгерістің мектеп деңгейінен кәсіби IT даярлығына дейін жалғасып жатқанын көрсетті.
ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісімен кездесті 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының Жоғарғы деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесті.Кездесу барысында тараптар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰДБ-ға ү.ж. сәуір айында өткен Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен белсенді қолдауы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы желісі аясындағы жобаларды жүзеге асырудағы БҰҰДБ-ның маңызды рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орнықты даму мен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде жан-жақты әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298690?lang=ru