Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстандық бітімгерлер Сирияның Хан-Арнаба қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті 12.07.2026
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштері (UNDOF) құрамында қызмет атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссиясының далалық госпиталінің медицина қызметкерлерімен және Сирия Араб Республикасының денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірлесіп гуманитарлық медициналық акция өткізді.Акция аясында дәрігерлер Эль-Кунейтра провинциясындағы Хан-Арнаба қаласының тұрғындарын амбулаториялық қабылдаудан өткізді. Медициналық тексеру нәтижесінде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан әрі ем қабылдау бойынша ұсынымдар берілді. Әсіресе балаларға, егде жастағы адамдарға және тұрақты медициналық бақылау мен сүйемелдеуді қажет ететін азаматтарға ерекше көңіл бөлінді.Қазақстандық бітімгерлердің, БҰҰ миссиясының далалық госпиталі медицина қызметкерлерінің және сириялық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде тұрғындар уақытылы әрі білікті медициналық көмек алды. Хан-Арнаба қаласының тұрғындары қазақстандық бітімгерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, қамқорлығы және жанашырлығы үшін алғыс білдірді.Мұндай гуманитарлық іс-шаралар бітімгерлер мен жергілікті халық арасындағы өзара байланысты нығайтып, БҰҰ миссиясының қызметіне деген сенімді арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1249091?lang=ru
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы іскерлік әріптестікті тереңдетуге ниетті 12.07.2026
Сеул, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) төрағасы Юн Чжин Шикпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.Бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға, Қазақстан экономикасына корей инвестицияларын тартуға, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Тараптар алдағы алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» Саммиті аясында экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар бірлескен бастамаларды ілгерілетуде және Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға іскер топтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея мүддесі үшін әріптестікті одан әрі нығайтуға, іскерлік байланыстарды дамытуға және жаңа бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүдделілігі расталды.1946 жылы құрылған Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) Корея Республикасындағы ең ірі бизнес-қауымдастық болып табылады. Қауымдастық 77 мыңнан астам мүше компанияны біріктіреді және халықаралық сауданы дамытуда, корей бизнесін шетелдік нарықтарда қолдауда, сондай-ақ халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1249077?lang=ru
Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге 12.07.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%).Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 13,3%-ға ұлғайып, 754,69 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 маусымға оның көлемі 10,13 млрд теңге  болып, 12 айда 19,8% өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 маусымына 1097,48 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 5 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 487,96 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,4%-ға (немесе 186,95 млрд теңгеге) артық.  МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 143,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 63,14 млрд теңге (өсім – 10,3%), ЕЗЖ – 815,51 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 280,19 млрд теңгені құрады.     Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.06.2026ж. жағдай бойынша 834,86 млрд теңгені құрады.Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 693,53 млрд теңгені құрады.   Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 115,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 890 теңге.   2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 307,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 47,55 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 17,54 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,48 млрд теңге, жерлеуге – 3,93 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 199,91 млрд теңге аударылды.ЖЗШ саны2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,68 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 маусымында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,34 млн - МЗЖ бойынша, 781,88 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,21 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,34 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,90 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1255657?lang=ru
Қазақстан мен Беларусь азаматтық қорғау кадрларын даярлау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда 12.07.2026
Минск, 2026 жылғы 26 маусым - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь ТЖМ Азаматтық қорғау университеті мамандарының 32-ші шығарылымына арналған салтанатты іс-шарасына қатысты.Жас лейтенанттарды Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявский жоғары оқу орнын бітіруімен құттықтады. Ол түлектердің жетістіктерімен мақтанатынын және ертең олар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына сенімін.Т.Жақсылықов өзінің құттықтау сөзінде барлық түлектерді диплом алуымен құттықтап, Қазақстан мен Беларусь көптеген жылдар бойы ТЖ саласында кадрлар даярлау саласында табысты ынтымақтасып келе жатқанын атап өтті.Қазақстан Елшісі Университет түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табыстап, оларға қызметте табыс тіледі.Биылғы жылы түлектер арасында толық даярлық циклынан өткен және бірінші офицерлік атағын алған алты қазақстандық – лейтенант, сондай-ақ Қазақстаннан жеті магистранты бар, олардың екеуі үздік диплом алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1249070?lang=ru
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. 12.07.2026
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.Облыс тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі инватакси қызметтерін көрсету бағыттарына, мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың сапасы бойынша "Әлеумет" әлеуметтік қызметтер порталына, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мәселелеріне қатысты болды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу бағытында жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.Сонымен қатар,  «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитация және оңалту орталығы,  «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «WORLD GREEN COMPANY» ЖШС жылыжай кешені, «Стекло-Сервис» ЖШС және «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС жұмыс барысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1249053?lang=ru
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Әзербайжан Республикасының Елшісін қабылдады 12.07.2026
Астана, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Агалар Атамоглановты орай қабылдады.Сыртқы саяси ведомствоның басшысы әзербайжандық дипломатқа екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған нәтижелі қызметі үшін алғысын білдірді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен Ермек Көшербаев өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.«Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде Әзербайжан Республикасын лайықты түрде танытып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қостыңыз. Сіз қазақ-әзербайжан қатынастарының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуінің тікелей қатысушысы болдыңыз», – деді Министр.Өз кезегінде Елші А.Атамогланов дипломатиялық миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді.Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Елші А.Атамоглановқа Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тату көршілік қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға, қосқан үлесі үшін II-ші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1249041?lang=ru
Жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды 12.07.2026
        Құрметті салық төлеушілер!       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан 2026 жылғы 27 маусым сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 05:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.        Көрсетілген кезеңдерде «ЗТ МДБ (Заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы)», «ЭҮШ (Электрондық үкімет шлюзі)», «ЭҮТШ (Электрондық үкіметтің төлем шлюзі)», «DID (Digital ID)» жүйелерінің мерзімді түрде қолжетімсіз болуы байқалады, осыған байланысты «КГД» ақпараттық жүйесінің сервистері де қолжетімсіз болуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1249016?lang=ru
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды 12.07.2026
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Инвестициялық жобаларды іске асыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында «Сарыарқа» ауданы прокурорының міндетін атқарушымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, инвесторлармен және кәсіпкерлермен кездесу өтті.Кездесу барысында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Инвестициялар тарту және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жолдасбек Жүсіп инвесторлардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.Кәсіпкерлер мен инвесторлар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер мен әкімшілік кедергілерді ортаға салды. Өз кезегінде мемлекеттік органдар мен прокуратура өкілдері көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсіндірмелер беріп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынды. Барлық көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Әрбір өтініш бойынша нақты шешімдер әзірлеу және анықталған әкімшілік кедергілерді жою мақсатында тиісті жұмыстар жалғасатын болады. https://www.instagram.com/p/DZ9JsNSIP2_/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1249001?lang=ru
Астанада She Impact Kazakhstan жобасы аясында әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған оқыту өтті 12.07.2026
Астанада «She Impact Kazakhstan» жобасы аясында заманауи технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, зияткерлік меншік құралдарын және инклюзивті тәсілдерді пайдалану арқылы әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған оқыту іс-шарасы өтті. Іс-шараның спикері ретінде «Білім беру және жұмыспен қамту» салалық кеңесі жанындағы «Инклюзия» кіші комитетінің төрайымы Елена Куликова» сөз сөйледі.Ол қатысушыларға әлеуметтік кәсіпкерлікті бастау жолдары, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуметтік әсері жоғары бизнес-модельдерді табысты жүзеге асырып жүрген қазақстандық жобаларды таныстырды.Бағдарламаның жекелеген бөлімдері креативті экономика мен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналды. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерді табыс көзіне айналдыру, цифрлық бағыттарды дамыту, онлайн-сауданы ұйымдастыру, жеке брендті ілгерілету және кәсіпкерлікті жүргізудің заманауи тәсілдері туралы мағлұмат алды.Оқыту барысында инклюзивті кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инклюзивті бизнес-модельдерді енгізу, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын экономикалық қызметке тарту және инклюзивті жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.Сонымен қатар қатысушылар кәсіпкерлікте жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктерімен танысты. Олар маркетинг пен сатуға арналған AI-құралдарын, бизнес-процестерді автоматтандыру шешімдерін және шағын және орта бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық сервистерді пайдалану бойынша тәжірибелік ақпарат алды. Оқыту барысында әйел кәсіпкерлер пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ өз бизнес-жобаларын дамытуға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар мен пайдалы кеңестерге ие болды. https://www.instagram.com/p/DaAkdByIV2C/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1249003?lang=ru
Астанада INVEST CARAVAN жобасы аясында жұмыс кездесуі өтті 12.07.2026
INVEST CARAVAN жобасы аясында Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы және палата өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.Іс-шараға «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, инвесторлар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Кездесу барысында аудан аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар әкімшілік рәсімдерден өтуге байланысты проблемалық мәселелерді, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін өзге де мәселелерді талқылады.Ашық диалог барысында бизнес өкілдері қосымша пысықтауды қажет ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Нұржан Тохмет уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, келіп түскен өтініштер бойынша қажетті түсіндірмелер беріп, оларды жедел шешу мақсатында алдағы өзара іс-қимыл тетіктерін айқындады.Кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласында бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға және инвестициялық бастамаларды іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. https://www.instagram.com/p/DaBGjPNsqvR/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1249005?lang=ru
Қазақстан мен Словакия өңіраралық ынтымақтастығы жаңа мүмкіндерге жол ашуда 12.07.2026
23-24 маусым күндері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов бастаған Қарағанды облысының делегациясы Словак Республикасына жұмыс сапарымен барды.Сапардың басты мақсаты – Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өзін-өзі басқаратын өлкесі арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ экономика, инвестиция, технологиялар трансфері және инновациялар салаларындағы серіктестікті нығайту болды.Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Банска-Быстрица өзін-өзі басқаратын өлкесінің төрағасы Ондрей Люнтермен және Словак Республикасы Президенті Кеңсесінің өңірлік бөлімшесінің басшысы Михал Фричпен кездесті. Кездесулер барысында тараптар өнеркәсіп, кәсіпкерлік, білім беру, жастар алмасуы және туризм салаларындағы әріптестікті қамтитын өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков Матей Бел университетінде, Зволен техникалық университетінде және Словакия мемлекеттік ғылыми кітапханасында болып, ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ халықаралық білім беру және мәдени бағдарламаларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Сапар аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өлкесінің іскер топтарының қатысуымен өткен Қазақстан –Словакия бизнес-форумы болды. Форумда О.Люнтер, М.Фрич және Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова сөз сөйледі.Олар өз сөздерінде Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өлкесі арасындағы өңіраралық әріптестікті дамытудың маңызын атап өтіп, екі өңір экономикасының өзара толықтырушы сипаты мен салалық ынтымақтастықты кеңейтуге мол мүмкіндік бар екенін айтты.Форум барысында екі өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Іс-шара аясында B2B және B2G форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында Қазақстан мен Словакияның 30-дан астам компаниясының басшылары екіжақты кооперацияны дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, технологиялар алмасу және жаңа нарықтарға шығу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.Сапар қорытындысы бойынша өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған үш құжатқа қол қойылды.Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өзін-өзі басқаратын өлкесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға негіз қалады.Сондай-ақ Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Банска-Быстрица өлкесінің Кәсіпкерлер палатасы іскерлік белсенділікті қолдау және екі өңірдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті мен Матей Бела университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім академиялық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.Сапардың екінші күні делегация Банска-Быстрица өлкесінің бірқатар жетекші кәсіпорындарында болып, Словакияда өнеркәсіп, көлік және энергетика салаларында қолданылатын заманауи технологиялармен және инновациялық шешімдермен танысты.Аталған сапар Қазақстан мен Словакия арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға және өңіраралық байланыстарды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1248986?lang=ru
Көмір химиясы мен АӨК-тегі жаңа жобаларға инвестиция: Серік Жұманғарин Қытайдың ірі корпорацияларымен келіссөз жүргізді 12.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік холдингтерінің топ-менеджментімен бірқатар маңызды кездесу өткізді. Қазақстан экономикасына ауқымды инвестиция тартуға арналған келіссөздер Үрімші қаласындағы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдігінің алаңында өтті.Кездесудің негізгі бір түйіні – Қытайдың көмір өндіру, көмір химиясы және жаңа материалдар өндіру саласындағы ірі өнеркәсіптік холдингінің бірі China Рingmei Shenma Holding Group Co., Ltd. басшылығымен жасалған келіссөздер. Қытайлық компания Қазақстанда инвестиция көлемі $1,5 млрд-қа дейінгі заманауи көмір-химия кешенін салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда. Жоба қосылған құны жоғары өнім шығарып, көмірді терең өңдеудің толық циклін құруды көздейді. Кездесуде China Рingmei Shenma Holding Group өкілдері Қазақстанда толық циклді заманауи интеграцияланған көмір-химия кешенін құру ниеті бар екенін мәлімдеді. Олар біздің республиканы Орталық Азиядағы негізгі топтың инвестициялық алаңы ретінде қарастыруда. Серік Жұманғарин бұл бастаманы қолдап, Қытай тарапын Қазақстанға шақырды.«Біз көмір химиясы саласындағы жобаларды қызу қолдаймыз. Жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингімен және Қазақстанның даму банкімен бірлесіп, қаржыландыру тетігін пысықтауға дайынбыз. Абай облысы да ынтымақтастық үшін ашық және жобаны жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайын», — деп атап өтті Қазақстан вице-премьері.Келіссөздердің нәтижесінде China Рingmei Shenma Holding Group және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Қазақстанның көмір ресурстарын игеру және көмір химия өнеркәсібін дамыту саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Тағы бір стратегиялық әріптес – биотехнология, мал шаруашылығы, ветеринарлық вакцина өндірісі, жем-шөп және ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу саласында құзыреті мол Қытайдың Xinjiang Zhongxinjian Animal Husbandry Co. Ltd. өнеркәсіптік тобы.  Тараптар ветеринарлық препарат өндірудің заманауи технологиясын Қазақстанға беру, ветеринария, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласында кешенді шешім енгізу мүмкіндігін талқылады. Қазіргі заманғы агротехнологияға, суару жүйелеріне және жоғары ақуызды жүгеріні өсіруге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, қытайлық компания «Қорғас» АЭА аумағында жүзеге асырылатын мал азығы жүгерісін өсіріп, жылына 1 млн тонна жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк салу жобасын ұсынды. Қытайлық әріптестер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастықтың арқасында нарықты егжей-тегжейлі зерттей алғанын атап өтті.Келіссөздер барысында Серік Жұманғарин компанияға Абай облысын агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың базалық алаңы ретінде қарастыруды ұсынды.Қазақстан вице-премьері Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы соңғы ветеринарлық шектеуді алып тастағаннан кейін Қазақстан мал шаруашылығы өнімін әлемдік нарыққа экспорттауға қосымша мүмкіндік алғанын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық тарап ҚХР стандарттары бойынша жұмыс істейтін мамандандырылған зертхана құруды, экспорт үшін нормативтік базаны жетілдіруді және шекара маңындағы логистикалық инфрақұрылымды дамытуды көздейтін кешенді ынтымақтастық моделін ұсынды.«Бүгінде Қазақстан тірі малды экспорттауға емес, терең өңделген дайын өнімді жеткізуге мүдделі. Сапаны бақылау мен заманауи логистика инфрақұрылымын құру қытай нарығына қайта өңделген өнім экспортын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Кездесу соңында тараптар жобаларды егжей-тегжейлі пысықтауды жалғастырып, ынтымақтастықтың жол карталарын дайындауға және инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға көшу үшін мамандардың өзара сапарын ұйымдастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1248988?lang=ru
Қазақстан мен Испания ядролық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті нығайтуда 12.07.2026
Мадрид, 2026 жылғы 25 маусым – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің төрағасы Хуан Карлос Лентихомен кездесу өткізді.Қазақ дипломаты сұхбаттасын еліміздің ұлттық атом саласын дамытуға қатысты ұстанымдарымен таныстырып, алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті.Атом энергетикасын дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі, сондай-ақ ғылыми-технологиялық дамуды ілгерілетудің, жоғары білікті кадрлар даярлаудың және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудың маңызды факторы ретінде қарастырылатыны атап өтілді.Д. Мұсаев Қазақстанның ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарына бұлжымас бейілділігін де атап өтті. Осы тұрғыда тараптар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) аясындағы өзара іс-қимылдың келешегі мен тиісті халықаралық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады.Сұхбаттасушылар атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, Қазақстан мен Испанияның бейінді мекемелері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды пысықтауға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1248977?lang=ru
26.06.2026: Абай облысында жылдың ең әдемі күндерінің бірінде 150-ге жуық жұп неке қиды 12.07.2026
     2026 жылғы 26 маусым Абай облысының тұрғындары үшін ерекше күн болды. Сандардың ерекше үйлесімі көптеген ғашық жандардың назарын аударып, дәл осы күні өз тағдырларын ресми түрде қосуды жөн көрді. Нәтижесінде өңірдің АХАТ бөлімдерінде 150-ге жуық неке тіркелді.Әдемі күндер дәстүрлі түрде жас жұбайлар арасында үлкен сұранысқа ие. Көптеген жұптар мұндай күндерді алдын ала таңдап, оны отбасылық өмірдің бақытты басталуының және ұзақ жылдар бойы есте сақталатын маңызды күннің белгісі деп есептейді.Тіркелген некелер саны бойынша Семей қаласы көш бастады. Дәл осы күні – 26.06.2026 – ең көп жаңа отбасы Семей қаласында құрылды. Бұл облыс орталығында салтанатты неке қию рәсімдеріне деген сұраныстың дәстүрлі түрде жоғары екенін көрсетеді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында бұл күн мерекелік көңіл күйде өтіп, жас жұбайлардың қуанышты жүздерімен, туған-туыстары мен жақындарының құттықтауларымен және шынайы эмоцияларымен ерекшеленді.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Жібек Жадринаның айтуынша, мұндай ерекше күндер әрдайым АХАТ күнтізбесіндегі ең сұранысқа ие күндердің бірі болып табылады.«Отбасын құру – әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Көптеген жас жұбайлардың бұл күнді одан әрі ерекше етуге ұмтылып, әдемі әрі мәні зор күндерді таңдайтынын көру өте қуантады. Бүгін Абай облысында 150-ге жуық неке тіркелді және әрбір санның артында махаббатқа, үмітке және бақытты болашаққа толы өзіндік ерекше оқиға жатыр. Барлық жас отбасыларды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға өзара сүйіспеншілік, сыйластық, бақ-береке және ұзақ жылдар бойы бақытты ғұмыр кешуді тілейміз», – дейді Жібек Жадрина.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы барлық жас жұбайларды өмірлерінің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтайды. 26.06.2026 күні олардың жүрегінде әрдайым жарқын естелік болып сақталсын, ал бүгін құрылған отбасылар берік, бақытты болып, жылулыққа, өзара түсіністікке және махаббатқа толы болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1248937?lang=ru
Петропавл қайтадан жаздың музыкалық астанасына айналады: Халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады 12.07.2026
 5–10 шілде аралығында Петропавл өңірдегі ең ірі музыкалық оқиғаның орталығына айналады. Қаланың басты алаңында жыл сайын мыңдаған көрерменді жинайтын халықаралық QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі өтеді. Фестиваль үздік дәстүрлерді, заманауи өнерді және жарқын шығармашылық жобаларды тоғыстырады.Ашық аспан астында өтетін алты ұмытылмас кеш қала тұрғындары мен қонақтарына музыка, шығармашылық пен шабытқа толы мерекелік көңіл күй сыйлайды. Күн сайын сағат 19:00-де қаланың басты алаңы түрлі музыкалық бағыттар, мәдениеттер мен ұрпақтар тоғысатын ауқымды концерттік алаңға айналады.Фестиваль 5 шілдеде этникалық музыка кешімен салтанатты түрде ашылады. Сахнада ұлттық дәстүрлер мен заманауи әуендерді үйлестіре отырып көрермендердің ықыласына бөленген Hassak фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді.6 шілдеде фестиваль қонақтарын заманауи би мен қозғалыс энергиясына толы бағдарлама күтеді. Арнайы қонақ ретінде халықаралық Red Bull Dance Your Style жобасының финалисі Руфина Карева қатысады.7 шілдеде алаң диджейлердің музыкалық батлының қуатты ырғағы мен ерекше атмосферасына бөленеді. Заманауи әуендер, жарық шоуы және би мәдениеті жастар мен электронды музыканы сүйетін қауым үшін нағыз мерекеге айналады.Фестивальдің ерекше оқиғаларының бірі 9 шілдеде өтетін ашық аспан астындағы классикалық музыка кеші болмақ. Көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарина Алтынбаева өнер көрсетеді. Бағдарламаның арнайы қонағы ретінде әлемнің көптеген сахналарын бағындырған әйгілі италиялық опера әншісі Angelo Forte (Италия) қатысады.Фестивальдің жарқын шарықтау шегі 10 шілдеде өтетін үлкен гала-концерт болады. Концертте танымал қазақстандық орындаушы Alem өнер көрсетіп, көрермендерге сүйікті әндері мен ұмытылмас әсер сыйлайды.QYZYLJAR MUSIC FEST бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының мәдени өмірінің айрықша брендіне айналды. Бұл тек концерттер топтамасы ғана емес, адамдарды музыка, өнер және шынайы қарым-қатынас арқылы біріктіретін ауқымды мәдени жоба. Фестиваль әлемдік деңгейдегі өнерпаздардың шығармашылығымен танысуға, жаңа музыкалық бағыттарды ашуға және жазғы кештерді ерекше атмосферада өткізуге мүмкіндік береді.Қала тұрғындары мен қонақтарын музыкаға, эмоцияларға және жарқын әсерлерге толы осы айтулы оқиғаның бір бөлігі болуға шақырамыз.Өтетін күні: 2026 жылғы 5–10 шілдеБасталу уақыты: күн сайын сағат 19:00-деӨтетін орны: Петропавл қаласының басты алаңыКіру тегін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1248970?lang=ru
Қазақстан AI-инфрақұрылым мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін Pax Silica бастамасына қосылды 12.07.2026
Вашингтон қ., 2026 жылғы 25 маусым -  Қазақстан өңірдегі алғашқы мемлекет ретінде халықаралық Pax Silica бастамасына ресми түрде қосылды. Қазақстан Республикасының Pax Silica-ға қосылуы туралы декларацияға, сондай-ақ AI Opportunity Partnership бойынша бірлескен мәлімдемеге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды. Қол қою рәсімі Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен өтті. Бұл құжаттарға қол қою Қазақстанды 15 мемлекеттің (Австралия, Финляндия, Грекия, Үндістан, Израиль, Жапония, Норвегия, Катар, Корея Республикасы, Сингапур, Швеция, Филиппин, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания және Тайвань) басын қосқан халықаралық технологиялық альянс құрамына ресми түрде енгізеді. Pax Silica - жаңа AI-экономика үшін сенімді жеткізу тізбектерін дамытуға бағытталған технологиялық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық бастама. Ол серіктес елдерді жасанды интеллект, маңызды минералдар, жартылай өткізгіштер, деректер орталықтары, энергетикалық инфрақұрылым, жоғары технологиялық өндіріс, зерттеулер және кадрлар даярлау төңірегінде біріктіреді. Қазақстанның Pax Silica-ға қатысуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық ел құру және экономиканы, мемлекеттік басқаруды, ғылымды, білім мен өнеркәсіпті жаңғыртудың негізгі факторларының бірі ретінде жасанды интеллектті жедел дамыту жөніндегі күн тәртібіне сәйкес келеді.Қазақстан үшін Pax Silica-ға қосылу инвестициялар тарту, технологиялық серіктестікті кеңейту, жоғары технологиялық өндірісті дамыту және елдің жаһандық жеткізу тізбегіндегі рөлін нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстан бұл бастамаға бірқатар стратегиялық артықшылықтарды ұсынады: маңызды минералдар саласындағы айтарлықтай әлеует, энергетикалық ресурстар, Еуропа мен Азия арасындағы тиімді географиялық орналасу, дамып келе жатқан цифрлық инфрақұрылым, өсіп келе жатқан IT-экожүйе және жасанды интеллектті дамытудың айқын ұлттық бағыты. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі маңызды минералдарды қайта өңдеу және қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту болуы мүмкін. Қазақстан шикізат экспорттаудан тысқары шығып, технологиялық тізбектің күрделірек буындарын, оның ішінде аккумуляторларға, жартылай өткізгіштерге, энергия жинақтау жүйелеріне, AI-инфрақұрылымға және басқа да жоғары технологиялық шешімдерге арналған компоненттерді дамытуды мақсат етеді.АҚШ Үкіметі сондай-ақ бастамаға қатысушы елдерде Foundry Schools желісін құруды көздейтін Стэнфорд университетімен меморандумға қол қойды. Бағдарлама жоғары технологиялық салалар үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Оның ішінде есептеу материалтануы, өнеркәсіп пен жер қойнауын пайдалануда жасанды интеллектті қолдану, сондай-ақ инженерлік және цифрлық бағыттар бойынша өзге де озық салалар қамтылады.Pax Silica-ға қатысу инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларды қаржыландыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызуы мүмкін. «Бүгінде жаңа AI-экономика қалыптасуда, онда жасанды интеллект тек цифрлық технология ғана емес, сонымен қатар жаңа өнеркәсіптік жүйенің негізіне айналуда. Әрбір AI-шешімнің артында энергия, маңызды минералдар, есептеу қуаттары, деректер орталықтары, жартылай өткізгіштер, инженерлік кадрлар және қорғалған жеткізу тізбектері тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан жасанды интеллект экономиканы, мемлекеттік басқаруды, ғылымды, білім мен өнеркәсіпті дамытудың практикалық құралына айналатын цифрлық елді дәйекті түрде қалыптастыруда. Біздің мақсатымыз - тек жекелеген технологияларды енгізу емес, жаңа AI-экономиканың толыққанды экожүйесін құру. Қазақстанның бұл жүйеде мықты орын алу үшін айтарлықтай әлеуеті бар. Біз шикізат жеткізуші рөлінен шығып, ел ішінде маңызды минералдарды қайта өңдеуді дамыту, жоғары технологиялық өндірістерді оқшаулау, деректер орталықтарын салу, R&D-платформаларға қатысу, инженерлік және AI-кадрларды даярлау, сондай-ақ технологиялық шешімдер экспортын кеңейту сияқты технологиялық қосылған құнды көбірек жасауға ұмтыламыз», - деп Жаслан Мәдиев атап өтті. AI Opportunity Partnership бірлескен мәлімдемесі ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын айқындайды. Біріншісі - жасанды интеллектті, стартаптарды, әзірлеушілерді және бұлттық платформаларды дамытуға ықпал ететін инновациялық реттеуші ортаны қолдау. Екіншісі - ЖИ саласындағы, зерттеулер мен әзірлемелер, энергетикалық және есептеу инфрақұрылымы, маңызды минералдар, кадрлар даярлау және AI-технологияларын бірлесіп ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты кеңейту. Үшіншісі - жеке секторды, соның ішінде венчурлік инвестицияларды, R&D-серіктестіктерін, жаңа буын деректер орталықтарын, есептеу ресурстарына және сенімді AI-модельдерге қолжетімділікті жұмылдыру. Сондай-ақ, бастама жетекші әлемдік университеттермен бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламалары арқылы адами капиталды дамытуға ықпал ете алады. Мұндай бағдарламалар есептеу материалтануын, шикізатты өндіру мен қайта өңдеуде ЖИ қолдануды, деректер қауіпсіздігін, деректер орталықтарының инженериясын, өнеркәсіптік ЖИ мен жоғары технологиялық өндірісті қамтуы мүмкін. Қазақстанның Pax Silica-ға қосылуы Президенттің цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы тапсырмаларын іске асыру бойынша кең ауқымды жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Қазақстан технологиялар экономикалық өсудің, сапалы мемлекеттік басқарудың, өнеркәсіптік дамудың, ғылым мен адами капиталдың негізіне айналатын цифрлық ел моделіне қарай дәйекті түрде жылжуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1249052?lang=ru
Павлодар облысы бойынша МКД-да «KEDEN» АЖ жұмысы талқыланды 12.07.2026
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ZOOM бейнеконференция форматында «Дөңгелек үстел» отырысы өтті. Іс-шара МКД басшысының орынбасары Марат Бейсеновтың төрағалығымен, департаменттің бейінді басқармалары мен кеден бекеттері басшыларының, сондай-ақ өңірдегі сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) ірі қатысушылары мен кедендік брокерлердің («Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «ТНК «Қазхром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «KSP Steel» ЖШС және т.б.) өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.Кездесудің басты тақырыбы «KEDEN» жаңа ақпараттық жүйесінің (АЖ) жұмыс істеуі, жаңашылдықтары мен негізгі артықшылықтары болды.Отырысты аша отырып, Марат Бейсенов «KEDEN» АЖ штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, ал кедендік рәсімдер ашық әрі заңға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында «Тауарларға арналған декларация» модулі іске қосылған сәттен бастап кедендік декларациялаудың статистикасы жарияланды.Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Тілектес Түсетаев жаңартылған жүйенің функционалдық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді және жоғарыда аталған модуль аясында көлік құралдарының кедендік тазартудан өткендігін VIN-код бойынша тексеру функциясы жүзеге асырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, жүйеде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, дәрі-дәрмектердің, зияткерлік меншіктің, мемлекеттік тіркеу туралы және т.б. тізілімдер қолжетімді.Өңірдегі ірі кәсіпорындардың өкілдері, атап айтқанда, «ҚЭЗ» АҚ мен «Қазақстан Алюминийі» АҚ жаңа жүйенің тұрақты жұмысын және ағымдағы мәселелерді шешуде мемлекеттік кірістер органдарының жеделдігін растады. Өз кезегінде, «ТНК «Қазхром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары жүйеге құжаттарды салу және ұсыну процесін оңтайландыру бойынша сындарлы ұсыныстар білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша СЭҚ қатысушыларының жүйе функционалын жақсарту жөніндегі барлық ұсыныстары мен ескертулері Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілетін болады. МКД басшылығы бизнес-қоғамдастыққа сындарлы диалог үшін алғыс айтып, бұдан былай да белсенді түрде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1248926?lang=ru
Қазақстанның Тұрақты өкілі ДСҰ-ны реформалау жөніндегі фасилитатор болып тағайындалды 12.07.2026
Женева, 2026 жылғы 26 маусым – Бүгін Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ең маңызды процестерінің бірін – оның реформасын жетекшілікпен алып жүретін бес дипломат айқындалды.ДСҰ Бас кеңесінің төрайымы Клэр Келли (Жаңа Зеландия) реформалау бойынша келіссөздердің мазмұнды кезеңіне өтуге жәрдемдесетін бес фасилитаторды таныстырды. Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Малайзия, Жапония, Ботсвана және Перу Тұрақты өкілдерімен бірге фасилитатор ретінде тағайындалды.Тағайындау ДСҰ Бас кеңесі төрайымы мүшелерге кандидатуралар ұсыну туралы өтінішінен кейін жүргізілді. Консультациялар нәтижесінде мүше мемлекеттер жоғары беделге ие, айтарлықтай тәжірибесі бар және ұйым жұмысына белсенді қатысатын бес Тұрақты өкілдің тағайындауын бірауыздан қолдады. Барлық фасилитаторлар өз міндеттерін жеке тұлға ретінде және тең негіздерде атқарады.ДСҰ-ны реформалау ұйым жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады және қазіргі жаһандық экономика жағдайында оның тиімділігін арттыруға бағытталган. Талқылаулардың орталығында шешім қабылдау тетіктерін жетілдіру, көпжақты келіссөздерді дамыту, барлық мүшелердің мүдделерін теңестіру, арнайы және дифференциалды режим мәселелері, тең бәсеке жағдайларын қамтамасыз ету және көпжақты сауда жүйесінің негізгі қағидаттарын нығайту мәселелері тұр.Қайрат Төребаевтың тағайындалуы ДСҰ мүшелерінің жоғары сенімінің және оның ұйым қызметіне қосқан белсенді үлесінің мойындалуының айқын дәлелі болып табылады. 2025-2026 жылдары ол ДСҰ Сауда саясатын шолу жөніндегі органына төрағалық етіп, Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шыққаннан кейінгі алғашқы сауда саясатын шолуын қоса алғанда, бірқатар маңызды шолуды жетекшілікпен өткізді.Қазақстан ашық, болжамды және ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесін нығайтуды жүйелі түрде қолдап келеді және Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауда конструктивті диалогты ілгерілетуге белсенді үлес қосуды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1248927?lang=ru
«Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне қатысушылар үшін қосымша автобус рейстері ұйымдастырылады 12.07.2026
Катонқарағай ауданында өтетін «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне келетін қонақтар мен қатысушылар үшін көлік қатынасы күшейтіледі.Қазіргі таңда Катонқарағай ауданына қатынайтын тұрақты автобус бағыты – «Өскемен – Катонқарағай». Автобус күн сайын жүреді.Бағыт кестесі:* Өскемен қаласынан шығу – 08:10;* Катонқарағайға келу – 12:30;* Катонқарағайдан кері шығу – 14:00;* Өскеменге келу – 18:30.Жол жүру құны – 4500 теңге.Билеттерді Өскемен қаласындағы автовокзал кассасынан (Абай даңғылы, 8) немесе [https://autovokzal.kz/](https://autovokzal.kz/) сайты арқылы онлайн сатып алуға болады.Автовокзал кассасы күн сайын 06:00-ден 20:30-ға дейін жұмыс істейді. Анықтама телефоны: 8 (777) 189-00-03.Фестиваль күндері қатысушылар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жолаушылар ағынына байланысты «Өскемен – Катонқарағай» бағыты бойынша қосымша рейстер ұйымдастыру қарастырылған.Қосымша ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан алуға болады:Қабылдау бөлімі: 8 (7232) 70-23-54Жолаушылар көлігі бөлімі: 8 (7232) 70-16-98.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1248912?lang=ru
Кәсіби мерекеде өңірлік БАҚ қызметкерлері баспаналы болды 12.07.2026
Бүгін «Өнер орталығында» 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам – 2026» салтанатты шарасы өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.Аймақ басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі бастамалар мен жаңашылдықтарды халыққа шынайы жеткізудегі еңбектерін жоғары бағалады.«Бүгін – мерзімді басылымдар мен телеарналарда, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда қызмет істейтін шығармашылық өкілдерінің, журналист жасаған сюжет пен жазған мақаланың жарыққа шығуына еңбек сіңіретін мамандардың мерейлі күні.Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Ақорда төрінде қабылдап, мемлекеттік наградалар табыстады.«Qyzylorda» телеарнасының ардагері Қарабала Жағыппар Аманжолұлы «Парасат» орденімен наградталды. Бұл – Сыр журналистикасына берілген жоғары баға.Мемлекет басшысы: «Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды» деп ерекше атап өтті. Ұлттық журналистика тарихында Сыр өңірінің айрықша орны бар. Ғасырлық белесіне жақындаған басылымдар мен тәуелсіздік жылдарында шыққан газеттер – аймақтың сыр-шежіре сандығы. Облыстың тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени-рухани жаңғыруының айқын дереккөзі.Биыл аймағымыздың жетекші арнасы – «Qyzylorda» телеарнасы 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Телеарна өңіріміздегі оқиғалар мен ақпараттарды жылдам таратып, ел өміріндегі саяси маңызды жаңалықтардың жаршысы болып келеді.Отыз жылға жуық көрермен көзайымына айналған «Қоғам ТВ» телеарнасының да ақпараттық саясаттағы орны ерекше. Аймақ телевизиясының бүгінгі биігі – өткен мен бүгінді жалғаған ардагерлер еңбегінің жемісі. Ақпарат айдынында өз қолтаңбасын қалдырған майталман мамандардың табандылығы мен қажырлы еңбегі тележурналистика тарихында лайықты ізін қалдырды.Бүгінде тағылымды жолдан өтіп, ұстаздарының өнегесін жалғаған мамандар елімізге белгілі ірі медиахолдингтерде, телеарналарда еңбек етіп, Сыр журналистикасы мектебінің мерейін үстем етуде.Тәуелсіздік шежіресін, Сыр өңірінің жылнамасын, қалыптастырудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Кеше Ақорда төрінде өткен рәсімде Мемлекет басшысы журналистерді қолдауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілетінін айтқан еді. Кейінгі үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болса, енді бұл бастаманың ауқымы кеңейді. Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін ақпарат саласының 66 қызметкеріне пәтер кілті берілді.Біздің аймақта «Сыр медиа» серіктестігі директорының орынбасары Әзиз Батырбековке және «Qyzylorda» телеарнасының телеоператоры Рамазан Жүсіпбекке пәтер кілттері табысталды.Салтанатты рәсімде ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан қалам иелері «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен, Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағымен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының, Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамотасымен және түрлі номинациялармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1248896?lang=ru