Әлем
«Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық науқанның жеңімпаздары анықталды 22.08.2025
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, мамырда «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.Акцияның ұйымдастырушысы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақмола облысы әкімінің қолдауымен және Halyk Bank демеушілігімен өткізіліп жатыр. Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау болып табылады.Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алады. «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең белсенді 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз.10 қазанда Instagram тікелей эфирінде amianapp желісінде «Бәйге» акциясының екінші кезеңінің ұтыс ойыны өтіп, Ақмола облысындағы Ляззат қолданушысы жеңімпаз атанды.Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады. Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз.Ақмола облысында қыркүйек айының қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды – көкшетаулықтар Евгения Дзюба, Динара Мухамбеталина, Олжас Сыздық, Оксана Зайцева, Ақкөл ауданының тұрғындары Жанна Канапинова мен Валентина Зайцева, Жақсы ауданынан тұрғыны Динара Тлеубаева, Сандықтау ауданының тұрғыны Валерий Ловягин, атбасарлық Елена Чертакова, Степногорск қаласының тұрғыны Наталья Дятел.Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Құрметті салықтөлеушілер акцияға қатысып, сыйлықтар ұтып алыңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1088831?lang=kk
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық ахуалы туралы 22.08.2025
2025 жылғы 1 шілдеге Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 599,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 374,3 мың (62,4%), ауылдықтар – 225,2 мың адам (37,6%). 2025 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,3 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.Халықтың табиғи қозғалысы2025 жылғы қаңтар-маусымда Абай облысы халқының табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-маусымда салыстырғанда (2086 адам) 38,4%-ға азайды, 1286 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,33 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2025 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 3956 адамды құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 17,0%-ға аз (4767). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 13,31 туылғандарды құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2670 адамды құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусым қарағанда 0,4%-ға аз (2681 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,98 қайтыс болғандарды құрады.2025 жылғы қаңтар-маусымда облыста 1 жасқа дейін шетінеген 28 нәресте тіркелді және 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (47 шетінеген нәресте) 40,4% есе азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,08 оқиғаны құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2025 жылы қантар-маусымда облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 6326 адамды, елімізден кеткендердің саны - 10995 адамды, көші-қонның айырымы – 4669 адамды құрады.Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны -31 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 77 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 64,6% және 87,5% құрады. Осының келгендермен және кеткендердің көп бөлігі Рессей Федерациясына тиесілі.Алыс шетел елдерімен оң сальдо, облысқа келгендер - 17 адам құраса, кеткендер саны - 11 адам.Облыс ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 6278 адамға азайған, келгендер - 10907 адам құраса, кеткендер - 4629 адам құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистикаӘлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің басшысы: С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1055679?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған Ашық есік күндері: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтарды талқылаймыз 22.08.2025
Аққулы ауданы және Павлодар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер үшін Ашық есік күндері өткізілді, оның барысында 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды. Ашық есік күнінің мақсаты-салықтық өзгерістер туралы хабардар ету, салықтық сауаттылықты арттыру, жеке мәселелер бойынша кеңес беру. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1055680?lang=kk
ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ЛАГЕРІНДЕ 2500 ДАРЫНДЫ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ Жаттығуға мүмкіндік алады. 22.08.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ұстаздардың тамыз конференциясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап Шымкенттегі Президент резиденциясының дарынды балаларға арналған лагерь ретінде жұмыс істей бастайтынын мәлім етті. Бұл орталыққа олимпиада жеңімпаздары, жас өнертапқыштар, ғылымға, мәдениетке, өнерге құштар дарынды мектеп оқушылары қатысады. Мұнда олар өз қабілеттерін ашып, пікір алмасып, пікірлес адамдарды таба алады. Лагерь жыл бойы жұмыс істейтін болады. Әр ауысым 50-60 балаға есептелген және жылына 2500-ге жуық жас талант арнайы білім беру бағдарламасын аяқтайды. Балалар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады: заманауи білім беру және мәдениет залдары, спорт алаңдары, кітапхана, медициналық пункт, жайлы жатын бөлмелері және экологиялық таза аула. Мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, қауіпсіздік талаптарына толық сай болады. «Бұл бастама еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеудегі маңызды қадам және Мемлекет басшысының жастарға деген қамқорлығының нақты көрінісі», - деді Ғабит Сыздықбеков. Осы сөзді айтқан ұстаздардың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіпі маман» атты тамыз конференциясы 2100-ден астам қатысушының басын қосты. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев, жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты. Конференция барысында жаңа оқу жылының міндеттері, оның ішінде мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және әлеуметтік жауапты жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері қаралды. Шымкентте 2025-2026 оқу жылы 397 мыңнан астам бала оқитын 1352 білім беру мекемесінде басталады. Бірінші сыныпқа 28 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарлануда. Қазір қалада алты білім нысанының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі жаңа мектеп, үш қосымша ғимарат және бір жатақхана. Оқу жылы басталғанға дейін үш нысан – екі мектеп пен қосымша ғимарат пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, білім ошақтарының он ғимараты күрделі жөндеуден өтуде.
ШЫМКЕНТТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛАГЕРЬ АШЫЛАДЫ 22.08.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тамыз педагогикалық кеңесінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы Президент резиденциясы жаңа оқу жылынан бастап дарынды балаларға арналған лагерь ретінде жұмыс істейтінін хабарлады.Бұл лагерьде олимпиада жеңімпаздары, үздік оқушылар, өнертапқыштар мен ғылымға құштар және мәдениет пен өнерде ерекше жетістіктері бар балалар бас қосып, шеберліктерін ұштауға мүмкіндік алады.Лагерь жыл бойы тұрақты қызмет етеді. Әр ауысымда 50-60 бала қамтылып, жылына 2500-ге жуық жас дарын ерекше бағдарламамен тәрбиеленеді.Лагерьде заманауи жабдықтар қойылып, қауіпсіздік талаптары толық қамтамасыз етіледі және барлық қажетті жағдай жасалады. Сонымен қатар лагерьде жатын бөлмелері, оқу және мәдени залдары, спорт алаңдары, экологиялық таза аула, кітапхана мен медпункт қарастырылған.Қала басшысының айтуынша, бұл бастама – Мемлекет басшысының жастарға деген қамқорлығын іске асыра отырып, еліміздің келешек көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы ұстаздардың тамыз конференциясы 2100-ден астам қатысушыны жинады. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты.Конференция барысында жаңа оқу жылының негізгі міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру мәселелері қаралды.Шымкент қаласында 2025–2026 жаңа оқу жылы 1352 білім беру ұйымында 397 мыңнан астам оқушымен басталады. Биылғы жылы бірінші сыныпқа шамамен 28 мың бала қабылданады. Қалада қазіргі таңда алты білім нысанының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі жаңа мектеп, үш қосымша ғимарат және бір жатақхана бар. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін үш нысан – екі мектеп және бір қосымша корпус пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 10 білім беру ұйымының ғимараты күрделі жөндеуден өтуде.
Семейде колонияға екі келі гашиш кіргізбек болған ер адам ұсталды. 22.08.2025
Екі келі гашишті Семей қаласындағы колонияға тасымалдауға тырысқан адам ұсталды. Семейдегі аралас қауіпсіздік колониясына екі келі шамасында гашишті тыйым салынған аймақтан лақтыру әрекеті тоқтатылды. Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын бейнебақылау бекетінің қызметкерлері байқап, оны Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №19 мекемесінің қызметкерлері ұстады. - Ер адам рюкзагын негізгі қоршау арқылы лақтыруды жоспарлаған, оған скотчпен оралған алты түйіншік салынған. Әр түйіншікте ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болған. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы екі келіге жуық гашиш есірткісі болып шықты, – деп хабарлады жедел бөлім бастығы Елжас Айтқалиев. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Есірткі заттарын заңсыз жөнелту немесе өткізу үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1055609?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде спорттық іс-шара өтті. 22.08.2025
Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері Халықаралық спорт күніне орай іс-шара ұйымдастырды. Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме ұжымы Халықаралық спорт күнін атап өту үшін спорттық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның алғашқы бөлімінде екі командаға бөлінген қызметкерлер Ұлы Жеңістің тарихы мен деректері туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп жарысса, екінші бөлімде бірнеше ойыннан құрастырылған эстафеталық жарыстар өтті. Бұл жарыстарда қызметкерлердің жылдамдығы, ептілігі, топтық рухы және бір-біріне қолдау көрсету қабілеттері сынға түсті. Биылғы спорт күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Қызметкерлердің жас ерекшеліктеріне қарамастан, іс-шараға белсенді қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. - Денсаулық – әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Спорт бар жерде денсаулық та бар, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов. Іс-шараның соңында командалар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1055616?lang=kk
Судьяға оралып, Семейде сотталған 100 сағат қоғамдық жұмыс алды. 22.08.2025
Судьяға оралып, Семейде сотталған 100 сағат қоғамдық жұмыс алды. Семейдің 30 жастағы тұрғыны ұялы телефондарын ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сот оған үш жылға жуық бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда, семейлік үкіммен келіспеді және судьяға балағат сөздер айтты, ол үшін оған тағы 100 сағат қоғамдық жұмыстар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотталған адам орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін ол сот тағайындаған қоғамдық жұмыстарды пысықтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1055622?lang=kk
Жеке қызмет түрлерін тіркеу есебі бойынша семинар 22.08.2025
Жеке қызмет түрлерін тіркеу есебі бойынша семинарҰлан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке қызмет түрлерін тіркеу есебі бойынша түсіндірме семинарын өткізді. Семинарда Е-салық жүйесі арқылы өзгерістер енгізу, ЭЦҚ арқылы рәсімдеу, салық заңнамасының талаптары талқыланды.Мақсат – салықтық сауаттылықты арттыру және кәсіпкерлік қызметті жеңілдету. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1055623?lang=kk
Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын жаңа зауыт ашылды 22.08.2025
Алматы облысы өңдеуші өнеркәсіп саласында өз позициясын нығайтып келеді. Жамбыл ауданындағы «Қазыбек бек» индустриалды аймағында автокомпоненттер мен автоаксессуарлар шығаратын «QazElastoPlast» зауытының ашылу салтанаты өтті. Жаңа өндіріс орны өңірдегі жұмыспен қамтуды арттыруға және бейресурстық секторды дамытуға бағытталған.Зауытқа 600 миллион теңге инвестиция құйылып, алғашқы кезеңде аудан тұрғындары үшін 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жылына 150 мыңнан астам автомобиль кілемшесін шығаруға қауқарлы. 2027 жылға қарай өнім түрлерін 100 үлгіге дейін кеңейтіп, өндіріс көлемін 230 мыңнан астам жиынтыққа жеткізу жоспарланып отыр.Жұмыспен қамтудың өсуі өндірістік кәсіпорындардың ашылуы мен кеңеюімен тікелей байланысты. Соңғы үш жылда Алматы облысында 176 320 жаңа жұмыс орны құрылды: 2022 жылы – 37 198, 2023 жылы – 68 440, 2024 жылы – 70 682.Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлы зауыттың өңір үшін маңызын атап өтті: «Алматы облысы дәстүрлі түрде агроиндустриялық аймақ болып саналады. Соған қарамастан, біз жаңа өнеркәсіп кластерлерін белсенді түрде дамытып келеміз. Теміржол ауылдық округінде ашылған бұл зауыт осы бағыттағы маңызды қадам болды. Ол жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Қазыбек бек станциясына жақын орналасуы және ірі автомагистральдардың торабында орналасуы жобаның облыс үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді», – деді ол.Зауыттың ашылу рәсімі аясында «Астана Моторс» және «Hyundai Auto Kazakhstan» сияқты жетекші компаниялармен ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055625?lang=kk
Мысырда Абайдың мәдени мұрасы мерейтойлық іс-шаралар аясында таныстырылды 22.08.2025
Каир, 2025 жылғы 20 тамыз – Мысыр астанасыдағы «Бостандық» саябағында орналасқан қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткішіне оның туғанына 180 жыл толуына орайластырылған салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Аталған шара Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс және Каирдегі «Citadel Festival» халықаралық іс-шарасы аясында өнер көрсеткен «Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының» өнер майталмандарының қатысуымен жүзеге асырылды.Іс-шара Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Өз кезегінде, Елші Абайдың мәдени мұрасы, оның қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ оның шығармашылығының қазіргі заманғы әлемдегі өзектілігіне тоқталды. Іс-шараға қатысқан өнерпаздар Абайдың бірқатар өлеңдерін ұлттық аспаптарда сүйемелдеп, әндерін шырқады.Осыған дейін «Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының» өнер майталмандары Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен 2025 жылғы 18 тамызда Каирде өткен «Citadel Festival» халықаралық іс-шарасына қатысты. Аталған іс-шара Мысырдың Мәдениет министрлігінің қолдауымен, «Cairo Opera House» жергілікті беделді театры тарапынан ұйымдастырылды.Қазақстан мен Мысыр арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға үлкен серпін берген іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.Қазақтың бай фольклорының бай мұрасын көрсете білген өнерпаздар жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленді.Қазақ өнерпаздардың шығармашылығына деген Мысыр халқының қызығушылығын ескере отырып, МАР Мәдениет министрлігі ү.ж. 20 тамызда Ніл өзенінің бойында орналасқан әйгілі «Мысыр қоғамдық кітапханасының» сахнасында қосымша концерт ұйымдастырды.Аталған концертке жергілікті зиялы қауым және беделді БАҚ өкілдері қатысып, өткен іс-шара туралы мақалалар жарық көрді.Өз кезегінде, Елшілік пен ұйымдастырушы тарап осы бағыттағы жұмыстарды белсенді жалғастыруға уағдаласты.Учитывая интерес египетского народа к творчеству казахских артистов, Министерство культуры АРЕ организовало дополнительный концерт 20 августа т.г. на сцене знаменитой «Египетской публичной библиотеки», расположенной на берегу реки Нил.На концерте присутствовали представители местной интеллигенции и авторитетных СМИ, о мероприятии были опубликованы статьи.В свою очередь Посольство и организаторы договорились активно продолжить работу в этом направлении.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1055627?lang=kk
Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті 22.08.2025
Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды.Отырысқа мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің өкілдері және тиісті мемлекеттік органдардың мамандары қатысты. Кездесу барысында қаланың инфрақұрылымын дамыту, жолдарды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстардың сапасын жақсарту, сондай-ақ абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларындағы ағымдағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылу барысы қаралды. Депутаттар тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды да назарға алып, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды.Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді. Қатысушылар қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1178108?lang=kk
Қазақстан Елшісі Бурайдадағы құрма карнавалының ашылу рәсіміне қатысты 22.08.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 20 тамыз – Сауд Арабиясының әл-Қасим провинциясының губернаторы, Фейсал бен Мишал Әл-Саудтың шақыруымен Қазақстанның Елшісі Мадияр Меңілбеков Бурайда қаласындағы құрма карнавалының ресми ашылу рәсіміне қатысты.Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Елшіні орталық әл-Қасим аймағында өсірілетін әртүрлі құрма сорттарымен таныстырып, олардың өндірілу ерекшеліктерін көрсетті. Жергілікті БАҚ-пен сұхбатында Елші Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту маңыздылығын атап өтті.Бурайдадағы құрма карнавалы әлемдегі ең ірі фестиваль болып есептеледі және Гиннестің рекордтар кітабына енген. Өткен жылы сатылым 3,2 миллиард сауд риалына (шамамен 850 млн АҚШ долларына) жеткен.Фестиваль ү.ж. 20 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өтеді және дәстүрлі түрде шаруаларды, кәсіпкерлерді және өңір мен шетелден келген сатып алушыларды тартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1055571?lang=kk
Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша семинар 22.08.2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда Тарбагатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкерлерге арналған 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін салық кодексіндегі өзгерістер бойынша семинар өткізілді:корпоративтік табыс салығы бойынша алдын ала төлемдердің есептелу тәртібінің өзгеруі;қосылған құн салығындағы (ҚҚС) өзгерістер;электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) үшін жаңа функциялар мен міндеттер;әлеуметтік салық мөлшерлемесінің 6%-ға дейін төмендеуі;өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін әлеуметтік салық режимінің тізімі мен шарттарының өзгеруі;салық режимдері арасында өту тәртібінің өзгеруі.Семинар барысында салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1123038?lang=kk
Үндістан мен Қазақстан «Орталық Азия – Үндістан» Парламентаралық тобының іске қосылуын талқылады 22.08.2025
Нью-Дели қ., 2025 жылғы 22 тамыз – Екіжақты саяси диалогты дамыту аясында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Парламентінің Халықпен жұмыс, құқық және әділет мәселелері жөніндегі Тұрақты парламенттік комитетінің Төрағасы Бридж Лалмен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші А.Есқараев Қазақстан мен Үндістан арасындағы 2009 жылы орнаған стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуын ерекше атап өтті.Сонымер қатар, тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асыру жолдарын талқылады. Осы ретте «Орталық Азия – Үндістан» Диалогы аясында Парламентаралық топ құру бастамасына ерекше назар аударылды.Қазақ дипломаты өз кезегінде парламентаралық диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, парламенттік делегациялар алмасуын, оның ішінде «Достық тобы» аясындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға дайын екенін растады. Сондай-ақ Үндістанның заң шығару тәжірибесін және озық парламенттік тәжірибелерін зерделеуге қызығушылық білдірді.Өз тарапынан Парламент комитетінің Төрағасы Бридж Лал Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды тетіктерінің бірі ретінде парламентаралық байланыстарды нығайтудың маңызын атап өтіп, Парламентаралық топ құру бастамасына қолдау білдірді және бірлескен өңірлік жобаларды іске асыруға жәрдем көрсетуге дайын екенін жеткізді.Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Үндістан Парламентінің Жоғарғы палатасының депутаты Б.Лалды Астана қаласына сапармен келіп, парламентаралық ынтымақтастық перспективаларын және өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылауға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1055544?lang=kk
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакыновтың Моңғолияның Көлік және жолдар министрі Дэлгэрсайхан Борхумен келіссөздері туралы 22.08.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 21 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Моңғолияның Көлік және жол министрі Д.Борхумен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар автомобиль, әуе және теміржол көлігі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандырудың туризмді, сауданы және гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін айрықша маңызға ие екені атап өтілді.Сондай-ақ, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және екіжақты тасымалдар көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің, сондай-ақ осы бағыттағы нақты бастамалар мен жобаларды іске асыруды қолдаудың қажеттілігі туралы ортақ түсінікке қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1055548?lang=kk
Қонаев қаласында жыл соңына дейін екі жаңа зауыт ашылады 22.08.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қонаев қаласында инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері Қонаев экономикасына 308,8 млрд теңге инвестиция құйылып, нәтижесінде «Оспанова Девелопмент» балық өңдеу зауыты іске қосылды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жаңғыртылуда. Сонымен қатар туризм саласында қонақ үйлер мен демалыс аймақтарының құрылысы жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың қарқынды дамуына ықпал етуде.Ресми деректерге сәйкес, Қонаев қаласының инвестициялық портфелі жалпы құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 39 жобадан тұрады. Олар 2030 жылға дейін жүзеге асырылып, 17 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 11 жоба туризмді дамытуға бағытталған.«Биыл біз 650 млн теңге инвестиция есебінен «Текемет» мейрамхана-қонақ үй кешенін және 10,1 млрд теңгелік «АСП Арена» отбасылық-ойын-сауық орталығын аштық. Жыл соңына дейін екі зауытты – сусын өндіретін «Run Planet» пен май, ұн және құрама жем шығаратын «Қапшағай бидай өнімдері» кәсіпорнын іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді қала әкімі Асхат Бердіханов.Оның айтуынша, 2026 жылы Қонаев қаласында 48 төсек-орынға арналған, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілетін кардиологиялық орталық пайдалануға беріледі. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге.Қазіргі уақытта қалада жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» зауытының өндірісі кеңейтіліп жатыр, сондай-ақ жаңа жобаларға қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Бүгінде Қонаев қаласында 12 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істеп, облыс құрылғаннан бері жалпы өндіріс көлемі 410,2 млрд теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055535?lang=kk
ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНА СІҢІРІЛГЕН МАҢДАЙ ТЕР МЕН АДАЛ ЕҢБЕК 22.08.2025
Темір жол – ел экономикасының күретамыры, ал осы салада еңбек етіп жүрген мамандар – оның сенімді тірегі. Осындай тәжірибелі теміржолшылардың бірі – Хосанов Нұрғали Оралбайұлы. Ол бұл салада табан аудармай 32 жыл еңбек етіп келеді.Нұрғали Оралбайұлы 1967 жылғы 12 қарашада дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Ташкент станциясында машинист көмекшісі лауазымынан бастап, алғашқы кәсіби тәжірибесін темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуден бастаған. Кейіннен Сарыағаш станциясында бас кондуктор, пойыздар құрастырушысы, белгі беруші секілді жауапты қызметтер атқарып, осы арқылы өндірістік процестердің барлық сатысынан өтті.Бүгінде ол тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор ретінде жұмыс істеп, темір жол арқылы жүк пен жолаушылар тасымалының сапалы әрі уақытылы орындалуына үлес қосып келеді. Көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында әріптестері арасында зор құрметке ие.Нұрғали Хосановтың еңбек жолы – жас мамандар үшін үлгі, ал темір жол саласына сіңірген еңбегі ерекше бағалауға лайық.
Алакөл ауданы бойынша МКБ-нің Ашық есік күні: Жаңа Салық кодексін талқылау 22.08.2025
Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тұрғындар мен кәсіпкерлердің қатысуымен Ашық есік күні өткізіліп, 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.Кездесу барысында мамандар негізгі салықтарды – қосылған құн салығын, корпоративтік және жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібін қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізді. Сондай-ақ шағын және орта бизнеске қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.Жаңа нормалардың мақсаты – салықтық рәсімдерді барынша жеңілдетіп, түсінікті ету, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін артық әкімшілік кедергілерді азайту екендігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1055459?lang=kk
Қостанай облысында XII Азаматтық форум 22.08.2025
21 тамызда Қостанайда XII Азаматтық форум өтіп, азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар, сарапшылар, журналистер мен белсенді тұрғындар бас қосты. Форумның негізгі тақырыбы – елдің дамуына азаматтық белсенділік пен қоғамдық бақылаудың ықпалы болды. Қатысушылар бюджет ашықтығы, ұлттық жобаларды мониторингтеу, адам құқықтарын қорғау және азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуының жаңа тетіктерін талқылады.Форум барысында өткен жылы қабылданған «Қоғамдық бақылау туралы» заңның маңызына ерекше назар аударылды. Бұл құжат азаматтарға шешім қабылдау үдерістеріне қатысуға жаңа мүмкіндік беріп, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етеді. Алайда заңның тиімділігі өңірлік бастамалардың белсенділігіне және азаматтық сектор жұмысына тікелей байланысты екені айтылды.Форумға Қазақстан азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева арнайы келіп, қоғамды шешім қабылдау үдерістеріне тарту тәжірибесімен бөлісті. «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаева өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтты. Олардың қатарында балаларға арналған оңалту орталығын жабдықтау, медициналық мекемелерді заманауи құралдармен қамтамасыз ету, Арқалықтағы «Горняк» мәдениет сарайын қайта жаңғырту және ондаған білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бар.Форумда сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың белсенді жұмысы атап өтілді. Қазіргі таңда облыста шамамен 1500-ге жуық ҮЕҰ жұмыс істейді. Соңғы үш жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 34%-ға өсіп, 2025 жылы 1 млрд теңгеге жетті. «Үміт-Надежда», «Мама Про», «Перекрёсток» сияқты ұйымдар халыққа тікелей көмек көрсетсе, «Регион 10», «Барс», «Дос» еріктілер-құтқарушылар жасақтары төтенше жағдайларда қолғабыс етіп жүр.Бұдан бөлек, 14 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «ҮЕҰ үйінің» тәжірибесі де назардан тыс қалмады. Бұл орталық әлеуметтік идеялар жәрмеңкесін ұйымдастырып, шағын гранттар арқылы бастамаларды қолдап келеді. Соңғы екі жылда ондаған жоба жүзеге асты: Рудныйда жастарға арналған подкаст-студия, Жангелдин ауданында скверді абаттандыру, Қостанайда инклюзивті спорт залы, сондай-ақ түрлі әлеуметтік стартаптар.Жастар бастамалары тақырыбы да форумда кеңінен талқыланды. «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауы аясында алты жобаға 1 млн теңгеден грант берілсе, тағы үш костанайлық жоба республикалық деңгейде жеңімпаз атанып, әрқайсысы 3 млн теңгеден қаржыландырылды. Инклюзивті эко-жылыжай құруға бағытталған «Өсіп келеміз» жобасы ел бойынша үздік 30 жобаның қатарына енді.Сонымен қатар қоғамдық кеңестердің қызметі сөз болды. Облыста 21 кеңес жұмыс істейді, олардың құрамының шамамен 17%-ын жастар құрайды. Биыл алғаш рет мәслихат депутаттары кеңестер құрамына кірмей, олардың қоғамға бағытталған сипаты күшейтілді.Форум қорытындысында сарапшылар азаматтық қоғам институттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосып отырғанын атап өтті. Қостанайлық ҮЕҰ-дың бастамалары қоғамды нығайту мен халықтың өмір сапасын арттырудың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1055498?lang=kk