Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстанда әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүлкіне билік етуге рұқсатты қалай алуға болады 12.02.2026
       Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекітті.Жаңа қағидаларға сәйкес, 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап мемлекеттік қызметті әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.Қызмет тегін көрсетіледі және оны Мемлекеттік корпорация арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық не қағаз түрінде рәсімдеуге болады.Рұқсат алу үшін өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжатты, мүлікке құқықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ қамқорлықтағы немесе қорғаншылықтағы адамның табыстары туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтініш тапсыруы тиіс. Егер өтінішті үшінші тұлғалар берсе, сенімхат ұсынылуы қажет. Барлық құжаттарды «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта тапсыруға болады.Өтініш тапсырылғаннан кейін қызмет бес жұмыс күні ішінде қаралады. Құжаттар тексерілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мүлікке билік етуге немесе әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1159972?lang=kk
Ақмола гарнизонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік дайындығы тексерілді 12.02.2026
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков жұмыс сапарымен Ақмола гарнизонында орналасқан 44813 әскери бөлімінде болды.Сапар барысында ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі буындарының бірі саналатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшесінің жауынгерлік дайындығына ерекше назар аударылды. Министрдің орынбасары жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуымен, әскери бөлім инфрақұрылымының жай-күйімен және жеке құрамның қызмет өткеру жағдайымен жан-жақты танысты.Сапар аясында бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы іс жүзінде тексерілді. Кезекші күштердің еліміздің әуе кеңістігін қорғау кезіндегі іс-қимылдары барынша шынайы жағдайда пысықталды. Жеке құрамның үйлесімділігі мен кәсібилігін атап өткен генерал-майор Асқар Мұстабеков қырағылық, тәртіп және тұрақты дайындық мемлекеттің әуе кеңістігін сенімді қорғаудың негізі екенін атап өтті.Жеке құраммен кездесу барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Қорғаныс министрлігінің өкілдері әлеуметтік пакетке енгізілген соңғы өзгерістерді, соның ішінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген жаңа түзетулерді жан-жақты түсіндірді.– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары мен тұрғын үй мәселелерін шешу тетіктері кезең-кезеңмен жетілдірілуде. Бұл жеке құрамның ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, Отанға адал қызмет етуіне жағдай жасайды, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков.Жұмыс сапары аясында министрдің орынбасары мерзімді әскери қызметшілермен кездесіп, «Сарбаз 2.0» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады. Аталған бастама жастардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, әскери қызметтен кейін білім алу мен кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейтетіні айтылды.Өткен жылы әскерге шақырылған бірқатар әскери қызметшінің қызметін келісімшарт негізінде жалғастыру туралы шешім қабылдағаны ерекше атап өтілді. Солардың бірі – 20 жастағы кіші сержант Ерасыл Мұратов.– Мен өткен жылдың мамыр айында мерзімді әскери қызметке шақырылдым. Бірнеше айдан кейін келісімшарт бойынша қызметімді жалғастыруға шешім қабылдадым. Қазір бөлімше командирімін және бағыныстыларым үшін жауапкершілікті саналы түрде атқарып келемін, – деді кіші сержант.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша әскери бөлім қолбасшылығына тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіру, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайту және елдің әуе шебінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұлжытпай орындау туралы нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1159941?lang=kk
📢АҢДАТПА! 12.02.2026
📢АҢДАТПА!📌2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Салық кодексін түсіндіру туралы семинары өтеді.⏰ Өту уақыты мен күні:20.02.2026 ж., 10:00-де📍 Өтетін орны: Шымкент қаласы, Нұрсат тұрғын алабы 119, Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1159944?lang=kk
Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі 12.02.2026
Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі📌 5 ақпанға дейін 🔹Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы 📌 16 ақпанға дейін ұсынылады:🔹101.03 нысанРезиденттің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп🔹200.00 нысан Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша декларация 🔹300.00 нысан Қосылған құн салығы бойынша декларация 🔹400.00, 421.00 нысандар Акциздыі салық декларациясы 2026 жылдың желтоқсанына, құрылымдық бөлімшелер бойынша есеп🔹701.01 нысан Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерге арналған салық есебі🔹710.00 нысанОйын бизнесі салығы бойынша декларация 🔹860.00 нысанЖер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация🔹870.00 нысанҚоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация🔹880.00 нысанЦифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация 🔹910.00 нысанШағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация 🔹913.00 нысан Арнайы бөлшек сауда салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация📌 20 ақпанға дейін ұсынылады:🔹328.00Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш🔹851.00 нысанЖер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомаларының есебі🔹Акциз/құрылымдық бөлімшелер үшін акциз🔹ЕАЭО шеңберінде импортталатын тауарларға жанама салықтар.📌 25 ақпанға дейін төленеді:🔹Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер.🔹Жеке (копоративтік) табыс салығы (910.00, 913.00 нысандар бойынша)🔹Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы 🔹Әлеуметтік салық🔹Қосылған құн салығы 🔹Ойын бизнесі салығы 🔹Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер 🔹Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдері 🔹Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы 🔹Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем 🔹Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы 🔹Әлеуметтік аударымдар🔹Міндетті зейнетақы жарналары 🔹Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 🔹Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар 🔹Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналары   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1159935?lang=kk
Берешекті қайта құрылымдау рәсімі 12.02.2026
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес борышкер оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істер болмаған жағдайда, уақытша төлем қабілетсіздігі туындаған кезде өз берешегін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдауға құқылы. Борышкер уақытша төлем қабілетсіздігі туралы куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.Борышкерге қатысты берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап борышкерге мүлікті иеліктен шығару бойынша қандай да бір мәмілелер жасауға тыйым салынады.Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасуға міндетті.Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімде келісімнің шарттары, борышкердің кредитор (кредиторлар) алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы ережелер қамтылуға тиіс. Берешекті қайта құрылымдау туралы Келісім үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдыр басталады:Борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу және сыйақы тоқтатылады;Борышкердің шоттары бойынша мемлекеттік органдар қойған барлық шектеулер оларды қойған тиісті органдардың шешім қабылдауынсыз алып тасталады;Төлеу мерзімі берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерін орындау тоқтатылады;Борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салуға және оның мүлкіне билік етуге өзге де шектеулер қоюға мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алуды талап ету туралы борышкерге қойылған талап қоюлар бойынша ғана жол беріледі.ЩҚО бойынша 2024 жылы қайта құрылымдау рәсімінде жалпы берешек сомасы 2,3 млрд. тенгеге 6 кәсіпорын болды, оның ішінде ағымдағы сәтте 5 кәсіпорын бекітілген өтеу кестесіне сәйкес берешекті тұрақты түрде өтейді, 1 кәсіпорын бойынша берешекті өтеу кестесін орындамауға байланысты рәсім тоқтатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159905?lang=kk
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер: ЖТС және әлеуметтік салық бойынша маңыздысы 12.02.2026
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша маңызды өзгерістер күшіне енеді. Ең бастысы ⬇️🔹 ЖТС: прогрессивті мөлшерлеме енгізіледіЕнді мөлшерлеме табыс деңгейіне байланысты болады:▪️ 8 500 АЕК-ке дейінгі табыс — 10%▪️ 8 500 АЕК-тен жоғары — 15% (тек асқан бөлігіне)👉 Табыс жоғары болған сайын салық мөлшері де артады. Бұл салық салудың әділ жүйесіне көшу қадамы.🔹 Жеке тұлғаларға арналған салықтық шегерімдерЖеке тұлғалар төмендегі шегерімдерді қолдана алады:✔️ Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар)✔️ Негізгі шегерім — айына 30 АЕК, бірақ жылына 360 АЕК-тен аспайды✔️ Әлеуметтік санаттарға арналған қосымша шегерімдер:мүгедектігі бар адамдармүгедек балалары бар ата-аналар мен қамқоршыларҰОС және жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріасырап алушылар, қабылдаушы ата-аналар және т.б.❗ Негізгі шегерім тек бір салық агенті арқылы және қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.🔹 Әлеуметтік салық: жаңа тәсілдер📍 Салық салу объектісі — жұмыс берушінің қызметкерлер табысы бойынша шығыстары📍 Объектіден МЗЖ, МӘМС жарналары және Салық кодексінде көзделген кейбір табыстар алынып тасталады📊 Әлеуметтік салық мөлшерлемелері:▪️ 6% — жалпы мөлшерлеме (әлеуметтік аударымдарға байланыссыз)▪️ 1,8% — ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өз өнімін қайта өңдеу үшін👤 ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғаларӨзі үшін — 2 АЕКӘр қызметкер үшін — 1 АЕК🌾 Шаруа қожалықтары (ШҚ)Өзі үшін — 0,6 АЕКӘр қызметкер үшін — 0,3 АЕК📎 Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Табыс пен салық жүктемесін жоспарлау кезінде осы нормаларды ескеру маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159871?lang=kk
Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолдану ерекшеліктері 12.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді, оған сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ең тиімді режимдердің бірі – арнаулы салық режимі (АСР) сақталды.✅ Кімдер қолдана алады:Меншік немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар шаруа және фермер қожалықтары.📏 Жер көлеміне шектеулер:Аумақтық аймаққа байланысты –5 000 / 3 500 / 1 500 / 500 гектарға дейін.Егер жер учаскелері әртүрлі аймақтарда орналасса – ең жоғары лимит қолданылады.🌱 АСР қолданылатын қызмет түрлері:ауыл шаруашылығы өнімін өндіруөз өнімін өткізуөз өндірген өнімді қайта өңдеу және сату🚫 Акцизделетін тауарларға қолданылмайды.💸 Салықтар мен төлемдер:🔹 ЖТС (жеке табыс салығы) – табыстың 0,5%🔹 жер, мүлік, көлік және әлеуметтік салықтардан босату🔹 ҚҚС-тан босату (импорт пен резидент еместер үшін ҚҚС-тан басқа)🔹 қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем жоқ🗓 Есептілік:Декларация жылына 1 рет – 31 наурызға дейін.📌 2026 жылы АСР фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың тиімді әрі қолайлы құралы болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159850?lang=kk
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы 12.02.2026
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. 2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.   3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының                Президенті                                                                 Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан                   № 1170Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1159822?lang=kk
Қостанай облысында жеті ірі инвестициялық жоба жүзеге асты 12.02.2026
Қостанай облысы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикадағы жетекші өңірлердің бірі ретінде оң динамиканы сақтап келеді. Мемлекет басшысы алға қойған жыл сайынғы экономикалық өсімді кемінде 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету міндетін Тобыл өңірі 8 пайыздық нәтижемен орындап, жоспарлы көрсеткіштен жоғары межеге қол жеткізді.Соңғы үш жылда облыс бюджеті 1,5 есеге ұлғайды. Орташа жалақы көлемі де 1,5 есеге өссе, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,6 есеге артты. Осы кезеңде өңірге тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша да облыс экономикасының өсімі республикалық деңгейден жоғары қалыптасты.Жұмыспен қамту саласында да оң өзгерістер бар. Өткен кезеңде 47 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 26,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 23,7 пайызға қысқарды.Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 3,5 трлн теңгеге жетті. Өңірде жалпы құны 322 млрд теңгені құрайтын жеті ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Солардың ішіндегі ең ауқымдысы – КІА автозауыты. Кәсіпорында кореялық брендтің 13 түрлі моделі құрастырылып, 1500 жаңа жұмыс орны құрылды.2025 жылы тағы екі ірі жоба – жүк көлігі бөлшектерін шығаратын зауыт пен өндірісті желіліктендіру орталығы пайдалануға берілді. Аталған жобалар аясында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.Қазіргі уақытта облыс орталығында «Тобыл» халықаралық көлік-логистика кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 64 млрд теңгені құрайды. Бүгінде оның 6 млрд теңгесі игеріліп, 26 мың шаршы метр жүк тиеу-түсіру алаңы салынды, 2,7 шақырым теміржол желісі төселді. Аталған кешен іске қосылғаннан кейін жүк тасымалы көлемін 20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Өңірде 7 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы ашылды. Биыл тағы 5 ферма пайдалануға беріледі. Бұл шаралар сүт өндірісін екі есеге арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, елдегі ең ірі кондитерлік кәсіпорын – «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа өндіріс орны өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға серпін бермек.Қостанай облысында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1159784?lang=kk
Үздік жауынгерлердің керемет жекпе-жегі! 12.02.2026
Қарағандыда 13-15 ақпан аралығында жекпе-жектен облыстық ашық чемпионат өтеді. Жеңімпаздар белбеуі үшін Алматы, Астана, Қостанай және Павлодардан спортшылар келеді. Турнирдің өтетін орны – «Basket Hall» спорт клубы (Механическая көшесі, 4). Біздікілерге жанкүйер болуға келіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1159711?lang=kk
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Германия Федералдық Президентімен кездесті 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерін «Орталық Азия – Германия» (С5+1) форматындағы кездесуде қабылдады. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысты.Кездесу барысында Орталық Азияның тұрақтылық, сындарлы диалог және өсіп келе жатқан халықаралық жауапкершілік өңірі ретіндегі айрықша маңыздылығы аталып өтті. Федералдық Президент Германияның өзара құрмет, сенім және ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделген Орталық Азия елдерімен серіктестікті дамытуға дәйекті назар аударғанын ерекше айтты.Өңір елдерінің сыртқы істер министрлері «С5+1» форматын Германия мен аймақ мемлекеттері арасындағы жүйелі диалогты қалыптастыруға ықпал ететін маңызды саяси алаң ретінде жоғары бағалады. Бұл формат өңірлік мәселелерді кешенді түрде, Орталық Азия елдерінің ортақ мүдделері мен басымдықтарын ескере отырып қарастыруға мүмкіндік беретіні аталып өтті.Өз сөзінде Министр Е.Көшербаев Германияның Орталық Азия үшін негізгі еуропалық серіктес әрі өңірдің тұрақты дамуын қолдаушы ел екенін атап өтті. Қазақстанның «С5+1» форматына нақты практикалық мазмұн енгізуге белсенді үлес қосуға дайындығы расталды.Министр Қазақстанның биыл 35 жылдық Тәуелсіздігін атап өтуде екенін, осы жылдар ішінде елдің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, модернизация мен ауқымды реформалар жолында нық қадам жасағанын, нәтижесінде әлемдегі 50 ірі экономика қатарына енгенін жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан саяси модернизацияның жаңа кезеңіне қадам басып отыр.«Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде өзінің рөлін тұрақты түрде күшейтіп келеді. Германиямен ұзақ мерзімді және көпқырлы ынтымақтастықтың тұрақты дамуын қуана бағалаймыз. Сонымен қатар Казахстан сыртқы экономикалық байланыстарды әртараптандыру, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру және экономиканың негізгі салаларында – энергетикада, өнеркәсіпте, мобильділікте, цифрландыруда – «жасылға» көшу үдерісін ілгерілету бағытында еліңіз үшін жетекші серіктес болуға барлық алғышарттарға ие», – деді Е.Көшербаев.Сонымен қатар Министр 11 ақпанның символдық мәніне тоқталды. Дәл осы күні, 34 жыл бұрын Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылған.Берлин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда сайланғаннан кейін барған алғашқы еуропалық астанасы болғанына назар аудара отырып, Е.Көшербаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Мемлекет басшысының жолдауын табыс етті.Кездесу барысында тараптар экономикалық және инвестициялық, энергетикалық және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және технология, транспорттық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, климат және қоршаған орта мәселелері, сондай-ақ адам капиталын дамыту, білім беру және ғылыми алмасу бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Арнайы назар өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік, сондай-ақ Орталық Азияның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды байланыстырушы рөлі мәселелеріне аударылды. Кездесуге қатысушылар көпжақты диалог пен өзара әрекеттің геосаяси күрделі жағдайда маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Германия мен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдіріп, «Орталық Азия-Германия» форматында жоғары деңгейлі тұрақты диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160679?lang=kk
Белградта халықаралық қауіпсіздік мәселелері саласындағы ынтымақтастық талқыланды 12.02.2026
Белград, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Сыртқы істер министрінің халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі Милош Йончичпен кездесу өткізді.Тараптар екі ел арасындағы саяси байланыстардың белсенді серпінін және жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған дипломатиялық бастамаларға өзара қолдауды атап өтті.Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың кең ауқымы бойынша екіжақты жобалардың белсенді ілгерілеуіне қанағаттанушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты деңгейде тығыз диалог пен консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1159724?lang=kk
Қазақстан мен Германия CІМ басшылары Берлинде кездесу өткізді 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Берлинге сапары аясында Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен кездесу өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Германия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады. Саяси диалогты кеңейтуге, экономикалық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ тұрақты даму бағытындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.«Германия – Қазақстанның Еуропада ғана емес, жаһандық деңгейдегі де негізгі серіктесі. Сонымен қатар қазіргі геосаяси жағдайларда Қазақстан өзара тиімді дипломатияны ілгерілете отырып, халықаралық қатынастар жүйесінде барған сайын белсенді рөл атқаруда. Еліміз сенімді әрі жауапты актор, Орта держава ретінде өңірлік және халықаралық негізгі мәселелер бойынша теңгерімді ұстанымда. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша неміс тарапымен жұмыс істеуге дайынбыз», – деді келіссөздер барысында Е.Көшербаев.Й.Вадефуль Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық, саяси және стратегиялық тұрғыдан тірек ел екенін атап өтті.Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, көпжақты алаңдарда күш-жігерді үйлестіруге мүдделілігін растады.Министрлер саяси алмасуды одан әрі нығайтуға, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлин арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаластыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160682?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Орталық Азия – Германия» форматындағы кездесуге қатысты 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Орталық Азия – Германия» (С5+1) форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты.«Орталық Азия әлемдік экономиканың жаңа өсу нүктесіне айналды. Оның халықаралық субъектілігі мен жаһандық үдерістердегі рөлі артып келеді. «Орталық Азия – Германия» форматын ортақ сын-қатерлерге бірлескен жауаптар әзірлеу және бүкіл өңірдің игілігіне бағытталған нақты жобаларды іске асыру үшін стратегиялық платформа ретінде қарастырамыз», – деді Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз сөзінде.Е.Көшербаев Орталық Азия елдерінің экономикалары бірін-бірі толықтыратынын, алказах олардың жиынтық ресурстық әлеуеті Германияның озық технологияларымен ұштасқанда өзара тиімді серіктестік үшін қуатты негіз қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан үшін энергетика және табиғи ресурстарды игеру салаларындағы экономикалық өзара іс-қимыл мен өзара байланыстылық ерекше маңызға ие екені айтылды.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз сөзінде Германиямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, герман инвестицияларын тартуға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға мүдделілікті растады. Германияның жетекші технологиялық серіктес әрі маңызды инвестор ретіндегі рөлі, сондай-ақ энергетика саласындағы, оның ішінде энергия ресурстарын жеткізу, «жасыл» энергетиканы дамыту және декарбонизация жобалары бойынша ынтымақтастықтың перспективалары ерекше аталып өтті.ҚР СІМ басшысы Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі артықшылықтарына назар аударып, орнықты көлік-логистикалық дәліздерді, оның ішінде Орта дәлізді дамыту мәселелері бойынша Германиямен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.Сонымен қатар кездесу барысында Орталық Азияның стратегиялық тұрақтылық өңірі екені аталып өтті. Қазақстан үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайту – сыртқы саясаттың басымдығы, ал Германиямен өзара іс-қимыл – орнықты дамуды қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару және трансшекаралық тәуекелдердің алдын алу тұрғысынан маңызды бағыт.Қазақстан климаттық күн тәртібіне бейілділігін растап, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық таза технологияларды енгізу салаларында Германиямен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Гуманитарлық өлшемді дамытуға, оның ішінде білім беру, ғылым, кадрларды кәсіптік даярлау және академиялық алмасуларға ерекше назар аударылды.Пленарлық кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар «Орталық Азия – Германия» форматын нақты бастамалармен және практикалық жобалармен одан әрі толықтыруға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160686?lang=kk
Мексика Бас конгресінің депутаттарына Қазақстандағы конституциялық реформалар таныстырылды 12.02.2026
Мехико, 2026 жылғы 10 ақпан – «Қазақстан – Мексика» парламенттік достық топтарының 2025 жылғы қарашадағы алғашқы онлайн-кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбековтің мексикалық достық тобының төрайымы, депутат Марибель Мартинес Руиспен жұмыс кездесуі өтті.Келіссөздер барысында қазақ-мексика ынтымақтастығының қазіргі деңгейі талқыланып, 2026 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, саяси және мәдени диалогты дамытуға, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Өз кезегінде М.Мартинес Руис 2025 жылы екі елдің парламенттерінде «Қазақстан – Мексика» достық топтарының құрылуы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.А.Тұрғанбеков Қазақстан мен Мексика арасындағы қатынастардың бірізді дамуын атап өтіп, бірлескен бастамаларды ілгерілетудің тиімді құралы ретінде парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар, Елші Қазақстандағы конституциялық реформаның қазіргі барысы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, институттарды нығайтуға және орнықты экономиканы қалыптастыруға бағытталған саясаты туралы жеке ақпарат берді.Бұдан бөлек, мексикалық тарапқа Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласындағы стратегиясы таныстырылды. Елшінің айтуынша, 2026 жыл елде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланып, оның негізгі басымдықтары еңбек өнімділігін арттыру, экспортқа бағдарланған салаларды қалыптастыру және Қазақстанды цифрлық экономиканың жаһандық тізбектеріне интеграциялау кезеңі болмақ.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы іс-қимыл жоспары жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеуге және тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1159740?lang=kk
Kazakhstan — UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы 12.02.2026
Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті.Қазақстан құрамасына еліміздің күш құрылымдарынан құралған "Kazakhstan А", "Kazakhstan B", "Kazakhstan C", "Kazakhstan D" командалары және "Kazakhstan Tomiris" әйелдер командасы қатысты. Айта кетейік, Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков Дубайда болып, әскери қызметшілерге қолдау көрсетіп, өз тәжірибесі мен тағылымын бөлісті.Жарыстың бесінші күнінде қатысушылар ең серпінді кезеңдердің бірі — Obstacle Course (кедергілер жолағын) бағындырды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша "Kazakhstan B" командасы І орын иеленді, ал "Kazakhstan A" бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке кірді.Турнирдің басты жаңалығы "Kazakhstan С" командасының тамаша жеңісі болды, ол барлық жарыс күндерінің қорытындысында UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.Жалпы рейтингте екінші орынды "Kazakhstan А" командасы жеңіп алды.Сонымен қатар қорытынды кестеде қазақстандық командалар арасында позициялар келесідей бөлінді: "Kazakhstan B" - 8 орын; "Kazakhstan Tomiris" - 18 орын; "Kazakhstan D" - 20 орын. Қазақстандық командалардың жеңісі мен жүлделі орындары — отандық арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дағдыларының, дене дайындығы мен кәсібилігінің көрсеткіші. UAE SWAT CHALLENGE-2026-да сәтті өнер көрсету Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты және біздің жауынгерлеріміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1159753?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия – Германия» Экономикалық форумына қатысты 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Орталық Азия елдері мен Германияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының C5+1 форматындағы қатысуымен өткен Экономикалық форумға қатысты. Іс-шараны Германия экономикасының шығыс комитеті ұйымдастырды.Форум Орталық Азия мемлекеттері мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылды нығайту бағытында мазмұнды диалог алаңына айналды.Іс-шараның пленарлық бөлігінде ГФР Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефул, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері сөз сөйледі. Өз мәлімдемелерінде олар C5+1 форматының стратегиялық маңызын, Орталық Азияның халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіндегі рөлінің артып келе жатқанын және неміс бизнесімен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің өзектілігін атап өтті.Экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыру, өзара тиімді серіктестікті дамыту және басым салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тақырыптық сессиялар шеңберінде неміс бизнес өкілдерінің төрт негізгі бағыт бойынша баяндамалары ұсынылды: - Шикізат материалдары – табиғи ресурстарды өндіру, өңдеу және орнықты пайдалану саласындағы ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ сенімді әрі тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыру; - Энергетика – дәстүрлі энергетика, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергетикалық көшу салаларындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері; - Ауыл шаруашылығы – агроөнеркәсіптік сектордағы бірлескен жобалардың әлеуеті, инновациялық технологияларды енгізу және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру; - Логистика және көлік қолжетімділігі – көлік дәліздерін дамыту, өңірлік байланыстылықты жақсарту және Орталық Азияның транзиттік әлеуетін нығайту.«Аталған алаң C5+1 форматын Мемлекеттер басшылары деңгейінде толықтыратын маңызды тетікке, сондай-ақ елдеріміз арасындағы сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтудың тиімді құралына айналатынына сенімдімін», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Форумға қатысушылар Орталық Азия мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту өзара мүдделерге сай келетінін, өңірдің орнықты дамуына және жеткізу тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінін атап өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар C5+1 форматындағы сындарлы диалогты жалғастыруға және Орталық Азия мен Германия елдерінің мемлекеттік құрылымдары мен іскер топтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160696?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Германияға сапары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді 12.02.2026
Берлин, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасына сапары аясында Германияның Федералдық экономика және энергетика министрі Катарина Райхемен кездесу өткізді.Тараптар қазақ-неміс ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, индустриялық-технологиялық сала, энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы өзара іс-қимылға баса назар аударды.«Қазақстан Германиямен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән береді және оны Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Германиямен екіжақты деңгейде де, Еуропалық одақ пен Орталық Азияның өңірлік форматтары шеңберінде де экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілетуге дайынбыз және келісілген бастамаларды нақты жобалар мен нәтижелерге айналдыруға ниеттіміз», – деп мәлімдеді Е.Көшербаев.Ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін және Халықаралық валюта қорының деректеріне сәйкес 300 млрд АҚШ доллары көлеміндегі көрсеткішпен әлемнің жетекші 50 экономикасының қатарына кіргенін, бұл жан басына шаққанда 15 мың АҚШ долларына сәйкес келетінін, сондай-ақ 2000-2025 жылдар аралығында нақты ЖІӨ-нің орташа өсім қарқыны 3,6% жетіп, көшбасшы бес елдің қатарына енгенін атап өтті.«Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы сенімді серіктес. Тұрақты даму мен инновациялар негізінде экономикалық және энергетикалық ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз», – деп мәлімдеді К.Райхе.Кездесу барысында тараптар энергетикалық ынтымақтастыққа, оның ішінде қазақстандық мұнайды Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу мәселесіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ Қазақстаннан Германия мен ЕО елдеріне «жасыл» сутегі өндіру және экспорттау саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.Индустриялық-технологиялық салада машина жасау, химия өнеркәсібі және тау-кен металлургия секторындағы бірлескен жобалар, сондай-ақ неміс технологиялары мен олардың үздік тәжірибесін трансферлеу мәселелері талқыланды.Министрлер Транскаспий халықаралық көлік бағытын қоса алғанда, логистикалық дәліздерді дамытудың маңыздылығын растады және көлік пен өнеркәсіптік процестерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайындық расталып, бірлескен бастамалар бойынша мазмұнды диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Сонымен қатар Қазақстан СІМ басшысы «Deutsche Bahn», «Noble Elements», «Lanxess», «Rhenus Group» және «DIHK» (Германияның өнеркәсіп және сауда палатасы) компаниялары мен іскерлік бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар қазақстан-неміс сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіп, химия саласы, логистика, машина жасау, денсаулық сақтау және кәсіптік білім беру бағыттарындағы өзара іс-қимылды нығайту мүмкіндіктерін талқылады.Министр Астана мен Берлин арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, Қазақстан жоғары технологиялық инвестициялар тартуға, озық өндірістік шешімдерді енгізуге және герман бизнесімен кооперацияны тереңдетуге мүдделі екенін айтты.Өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансфері, тұрақты даму және «жасыл» экономика мәселелеріне ерекше назар аударылды.Неміс компаниялары мен қауымдастықтарының өкілдері Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, қазақстандық нарықтағы қатысуын ұлғайтуға дайын екендіктерін білдірді. Талқылау барысында ынтымақтастықтың нақты бағыттары, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру және кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері қарастырылды.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және қазақстандық мемлекеттік органдар мен неміс бизнес қауымдастығы арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жандандыруға ниетті екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1160692?lang=kk
Вашингтонда Қазақстанның Орта дәлізді дамытудағы стратегиялық маңызы атап өтілді 12.02.2026
National Press Club алаңында Еуразияның транзиттік әлеуетіне, соның ішінде Орта дәлізге және «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп жолына» (TRIPP) арналған сараптамалық баяндама таныстырылды.Іс-шараға АҚШ Үкіметінің өкілдері, сондай-ақ жетекші сараптамалық орталықтар мен академиялық қауымдастықтың мамандары қатысты.Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов Шығыс-Батыс бағытындағы көлік-логистикалық жолдарды дамыту орнықты экономикалық өсімге қол жеткізуге, өңірлік өзара байланыстылықты нығайтуға және жаһандық жеткізу тізбектерін әртараптандыруға бағытталған ұзақмерзімді мүдделерге сай келетінін атап өтті. Ол Қазақстанның теміржол, порт және цифрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ сауда және кедендік рәсімдерді оңтайландыруға инвестиция сала отырып, транзиттік және логистикалық әлеуетін жүйелі түрде дамытып келе жатқанына назар аударды.Спикерлер Қазақстанды институционалдық тұрақтылығы, стратегиялық көзқарасы және еуразиялық өзара байланыстылық пен инвестициялық жобаларды дамытуда жүйеқұраушы рөл атқару әлеуеті бар АҚШ-тың өңірдегі негізгі серіктестерінің бірі ретінде қабылдайтынын мәлімдеді.Америкалық сарапшылар жаһандық сауда бағыттарының трансформациясы мен геосаяси ортадағы өзгерістер аясында Орта дәліздің маңызы айтарлықтай артқанын атап өтті. Сарапшылардың бағалауынша, бұл бағыт Еуразияны байланыстыратын негізгі құрлықтық бағыттардың бірі ретінде қарастырылып, жүк жеткізу мерзімдерін қысқартуға және жеткізу тізбектерінің орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда Қазақстан дәліздің сенімділігі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ететін орталық буын ретінде аталды.Іс-шара барысында Қазақстанның аса маңызды минералдар мен энергетикалық ресурстарды жеткізу тізбектерін қамтамасыз етудегі сенімді серіктес ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Орталық Азияның өзге де елдерінің жоғары технологиялық салалар үшін сұранысқа ие шикізат қоры мол екені және сонымен қатар өңдеу мен өндірістік қуаттарды өз аумағында дамытуға бағыт ұстанып отырғаны аталып өтті.Талқылау барысында Еуразия бағытындағы көлік байланысын дамыту логистика шеңберінен шығып, өңір елдерінің экономикаларын әртараптандыруға, егемендігін нығайтуға және ұзақмерзімді тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін факторға айналып отырғаны айтылды. Орталық Азияның Оңтүстік Кавказ, Қара теңізбен және одан әрі батыс нарықтармен байланысы қалыптасып келе жатқан жаңа аймақаралық экономикалық кескіндеменің маңызды элементі ретінде қарастырылды.Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, оның барысында қатысушылар Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттары арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1159756?lang=kk
ҚР Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Алмаз Тасболат Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігінің Дубайдағы кеңсесі директорының орынбасары Рашид Абдулла Аль Касирмен кездесті. 11.02.2026
ҚР Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Алмаз Тасболат Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігінің Дубайдағы кеңсесі директорының орынбасары Рашид Абдулла Аль Касирмен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимыл және консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР азаматтарының БАӘ аумағындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылды.Қазақстан тарапы БАӘ, атап айтқанда Дубай қаласы, Қазақстан азаматтары үшін маңызды туристік және іскерлік бағыттардың бірі екенін атап өтті. Туристік ағынның артуына байланысты екі елдің құзыретті органдары арасындағы үйлестіруді одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.Өз кезегінде, эмираттық тарап Қазақстан Республикасымен достық және стратегиялық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, елдің тұрақты дамуы мен екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларда кеңеюін жоғары бағалады.Тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1159693?lang=kk