Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қазақстандық май өңдеу зауыттары Қытайдағы терең өңдеудің озық технологияларымен танысты 29.07.2026
26–30 шілде аралығында Майлы Дақылдарды Өңдеушілердің Ұлттық Қауымдастығы (МДӨҰҚ) Қазақстан делегациясының Қытайдың Хэнань провинциясы Хуасянь қаласында орналасқан Henan Huatai Cereals and Oilseeds Machinery Co (Huatai) компаниясының өндірістік алаңымен танысты. Huatai – май өңдеу саласына арналған жабдықтарды өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Сапар МДӨҰҚ пен Huatai арасында жасалған ынтымақтастық меморандум аясында өтті.Делегация құрамына МДӨҰҚ өкілдері, Қауымдастыққа мүше тоғыз май өңдеу кәсіпорнының өкілдері, Қазақстанның жетекші ғылыми ұйымдары – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) және Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының (ҚазҚӨТӨҒЗИ) мамандары кірді.Сапар барысында қатысушылар кәсіпорынның өндірістік қуаттарымен, май өңдеу саласына арналған жабдықтарымен және майлы дақылдарды терең өңдеуге арналған заманауи технологияларымен танысты. Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындардың өкілдері Huatai басшылығымен перспективті инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша B2B форматындағы келіссөздер өткізді.Сапардың негізгі іс-шараларының бірі – 28 шілдеде өткен астық және майлы дақылдарды терең өңдеуге арналған озық технологиялар мен интеллектуалды жабдықтар жөніндегі II Қазақстан–Қытай семинары болды. Семинарды Huatai компаниясы Chinese Cereals and Oils Association ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға бизнес қауымдастығының, ғылыми ортаның және жабдық өндірушілердің өкілдері қатысты. Ухань политехникалық университеті мен Хэнань технологиялық университетінің жетекші профессорлары сөз сөйлеп, өңдеу өндірістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи ғылыми әзірлемелер мен технологиялық шешімдерді таныстырды.Семинар аясында ҚазҚӨТӨҒЗИ мен Huatai компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және өңдеу өнеркәсібіне жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды іске асыруды көздейді.МДӨҰҚ-ның мәліметінше, екінші бірлескен семинардың өткізілуі майлы дақылдарды терең өңдеу саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестікті нығайтудың кезекті кезеңі болды. Мұндай өзара іс-қимыл заманауи технологиялардың трансферіне, қолданбалы ғылымның дамуына, отандық кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға және халықаралық өндірістік кооперацияны кеңейтуге ықпал етеді.Айта кетейік, қазақстандық делегацияның Huatai өндірістік алаңына алғашқы сапары МДӨҰҚ тарапынан 2025 жылы ұйымдастырылған. Тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, іс-шара осы құжат аясында жүзеге асып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1265332?lang=ru
Меңдіқара ауданында тағы бір сүт-тауарлы ферма салынады 28.07.2026
Меңдіқара ауданында қазіргі таңда екі сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеп тұр. Соның бірі Каменскуральск ауылында 1 200 басқа арналған ферма. Жылына 6,7 мың тонна сүт өңдеу мүмкіндігі пайда болды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Меңдіқара ауданына барған сапарында ферманың жұмысымен және өңірде атқарылып жатқан басқа да шаруалардың жай-күйімен танысты.«Каменскуральск» серіктестігі алдағы уақытта 800 басқа арналған тағы бір сүт-тауарлы фермасын салуды жоспарлап отыр. Жылдық өндірістік қуаты 8 мың тоннаны құрайды.«Ауданда екі сүт-тауар фермасының іске қосылуының нәтижесінде жылдық сүт өндірісі 14,4 мың тоннадан 30,8 мың тоннаға дейін, яғни екі еседен астам өсті», – деді аймақ басшысы.Өндірістік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Каменскуральск ауылынан құрғақ бие сүті зауыты мен сүт-тауар фермасына дейін ұзындығы 10,4 км кіреберіс автожолдың құрылысы жүргізілуде.Меңдіқара ауданында экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және туризм әлеуетін арттыру мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.Аудандағы 32 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Былтыр Архипов және Михайлов ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, 1 365 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды.2023–2025 жылдары аудан бойынша 96,5 шақырым автожол мен 45 көше жөнделді. Архипов, Ұзынағаш, Степанов, Борки, Михайлов, Иванов, Красносельское ауылдарының кіреберіс жолдары жаңартылды. Қазіргі уақытта Молодежное, Харьков және Қасқат ауылдарына баратын жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Архипов ауылындағы Монгольская көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты.Биыл ауданда 333,5 мың га алқапқа егін егілді. Оның ішінде 224,4 мың га – дәнді дақылдар, 102,6 мың га – майлы дақылдар, ал 5,9 мың гектары – мал азығы дақылдары.Сапар қорытындысында облыс басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарын баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1264546?lang=ru
Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады 23.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және зиялы қауым өкілдері Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде. Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», - деді аймақ басшысы. Шарада тыл ардагері Өмірбек Сағындықов сөз сөйлеп, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және газ тарту жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады. Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд. теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды. Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі. Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады. Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1262747?lang=ru
Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өтті 23.07.2026
Бүгін «Ақ шаңырақ» демалыс аймағында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Таза ойындар» экологиялық акциясы өтті.Іс-шараға «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының 100 сарбазы қатысып, бес командаға бөлініп, аумақты тазалау бойынша өзара сайысқа түсті.Қатысушылар демалыс аймағына іргелес аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жиналған қоқысты сұрыптады. Экологиялық сайыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды. Нәтижелерді бағалау кезінде жиналған қалдықтардың көлемі мен оларды сұрыптау сапасы ескерілді. Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.Акция қорытындысы бойынша қатысушылар шамамен жарты тонна тұрмыстық қалдық жинап, оларды сұрыптап, әрі қарай қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға жіберді.Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Абай Дүйсековтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.«Таза ойындар» – қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың қызықты, бірлікке үндейтін әрі нағыз командалық форматта жүзеге асатынын көрсететін мүмкіндік. Бүгін жастар тек аумақты тазалап қана қоймай, «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға өздерінің жеке үлесін қосты. Табиғатқа және туған өлкеге жанашырлық дәл осындай бастамалардан басталады, – деді Абай Дүйсеков.«Таза ойындар» форматы пайдалы экологиялық бастаманы командалық сайыспен ұштастырып, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттауға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1262491?lang=ru
Тау-кен өнеркәсібін дамыту жобалары қаралды 21.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Liaoning Hongda Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тан Цзюганды және аталған компанияның өкілдерін қабылдады.Кездесуде облыс әкімі компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, Жаңақорған ауданында іске асырылатын жалпы құны 1,3 млрд АҚШ доллар болатын қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешендері жобасының өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті.Жоба аясында екі карьер, екі тау-кен байыту фабрикасы және кейіннен металлургиялық зауыт салу жоспарланған. Өңір басшысы облыс әкімдігі тарапынан жоба «Жасыл дәліз» тетігіне енгізілгенін айтып, оны іске асыру барысында қажетті әкімшілік қолдау көрсетілетінін, жан-жақты сүйемелденетінін жеткізді.Өз кезегінде компания басшылығы жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі, инфрақұрылым жеткізу және металлургиялық зауыт құрылысына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық жобаларды уақытылы әрі тиімді іске асыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Айта кетейік, бүгінде компания Жаңақорған ауданында кен орнын игеру бағытындағы жобаның алғашқы кезеңін бастап, онда 260 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық, өндірістік әлеуетін арттырудағы маңызды жоба. Тау-кен саласын өркендетудегі бастамалар табысты әрі жүйелі жүзеге асып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1260964?lang=ru
Заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу мәселесі талқыланды 20.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдады.Тараптар облыс орталығында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын талқылап, алдағы жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру жайын қарастырды.«Өткен аптада Қызылорда облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сол жолы заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуға қатысты жоспарды жан-жақты талқылаған болатынбыз.Баршамызға белгілі, «Казстройподряд» – халықаралық деңгейде танылған, күрделі құрылыс жобаларын табысты жүзеге асырып келе жатқан бірегей компания. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз Қызылорда қаласында заманауи сауда-ойын-сауық кешенін салуға мүмкіндік береді деп сенеміз.Облыс әкімдігі жер телімі, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен келісу рәсімдеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді аймақ басшысы.А.Хикмет өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, қолдау үшін алғысын білдірді.Айта кетейік, «Казстройподряд» ЖШС – 2005 жылы құрылған отандық құрылыс компаниясы. Негізгі қызметі – заманауи құрылыс индустриясын дамыту, жоғары сапалы әрі сенімді стандарттарды қалыптастыру. Компания осы уақытқа дейін сауда-ойын-сауық орталықтарын, кеңсе ғимараттарын, заманауи тұрғын үй кешендерін, қонақ үйлерді, білім беру ұйымдарын, спорт кешендерін және болат конструкциялардан тұратын түрлі нысандарды салған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1260799?lang=ru
Жылу беру маусымына дайындық пысықталды 17.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында бой көтерген жаңа жылу-электр орталығының жұмысымен танысты. 240 мегаватт электр, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін орталық құрылысына түркиялық «AksaEnergy» компаниясы 215 млрд теңге инвестиция салды.Жоба аясында қуаттылығы 185 мегаватт 3 газ турбиналық қондырғы, 55 мегаваттық 1 бу турбинасы, 3 бу және 2 су жылыту қазандығы орнатылған. Жаңа орталықты тамыз айында толық іске қосу жоспарлануда.Бұдан кейін облыс әкімі «Қызылордажылу-электр орталығына» барды. Қазіргі мұндағы жылу энергия көздерінің 85 пайызы,жылу желілерінің 40 пайызы тозған. Станция 67 мегаватт электр, 355 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаражат есебінен 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және №2 газ турбиналық қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина, 10 автономды қазандық, негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді.Облыс әкімі «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне де барды. Мекемеге қарасты 10 608 шақырым электр желісі, 2 058 қосалқы станция бар, ал трансформаторлардың жалпы қуаты 1 350 мегаватт.Тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау қорытындысымен жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Олар – алдағы жылу беру маусымына дайындықты уақытылы, сапалы жүргізу, тұтынушыларға электр энергиясын тұрақты жеткізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1259746?lang=ru
Федоров ауданының 2 ауылы көгілдір отынға қосылды 17.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барды.Бұған дейін аудандағы 44 елді мекеннің 5-еуі ғана табиғи газға қосылған еді. Енді Лесное және Березов ауылдарының тұрғындарына көгілдір отын берілді. Осылайша, ауданда газбен қамтылған ауылдар саны 7-ге жетіп, газдандыру деңгейі 36%-ті құрады.«Федоров ауданы әкімдігі мен «Капитал Партнерс Астана» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында кәсіпорын қаражаты есебінен Пешков және Владыкин ауылдарына газ құбырларын тарту жоспарланған. Тағы 18 ауылда магистральдық және газ тарату желілерінің жобалау жұмыстары қолға алынды», – деді облыс басшысы.Бұдан бөлек, аудандағы барлық 44 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішке 2025 жылы Лесное, Березов және Новошумное ауылдарында су құбырының салынуы нәтижесінде қол жеткізілді.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кәсіпорындардың қолдауымен аудан бойынша 3 хоккей корты мен 4 балалар ойын алаңы орнатылды, сондай-ақ саябақтар мен скверлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.Лесное ауылындағы «Бек+» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік аясында 4 тұрғын үй салып, 2 пәтерлі және 4 пәтерлі баспананы қалпына келтірді. Биыл кәсіпорын балалар ойын алаңын орнатуда. Инвестиция көлемі – 17,3 млн теңге.Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша Федоров ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты оң өсімді көрсетіп келеді.Аймақ басшысы аудан халқымен кездесу өткізіп, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Тұрғындардың сауалына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1259586?lang=ru
Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 16.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Сёке Сабольчпен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Облыс әкімі Қазақстан мен Мажарстанды тарихи-мәдени байланыстар мен өзара сенімге негізделген серіктестік қатынастар біріктіретінін атап өтіп, Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына серпін бергенін жеткізді.–Аймағымызға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Бізді ресми құжаттар ғана емес, ортақ тарихи-мәдени тамырымыз, дәстүрлеріміз байланыстырады.Инвестициялық ынтымақтастық бағытында да маңызды қадам жасалуда. «UBM Group» компаниясы еліміздің бірқатар өңірінде белсенді жұмыс істейді. Компания жобаның екінші кезеңіне өтіп, тағы екі құрама жем зауытын салуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта осы екі зауытты орналастыру мәселесі талқыланып жатқандықтан, оның біреуін Қызылорда облысында салуды ұсынамыз. Өйткені ауыл шаруашылығы – өңірлік экономиканың негізі, – деді аймақ басшысы.Айта кетейік, республикадағы күріш пен ас тұзы өндірісінің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысының үлесіне тиесілі. Кейінгі жылдары мал және құс шаруашылығы, сүт өндірісі қарқынды дамып, құрама жемге деген сұраныс тұрақты өсіп келеді.Бүгінде «Harvest Agro» компаниясының қатысуымен ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жылына 150 мың тонна жүгері мен 40 мың тонна соя өндіруге мүмкіндік береді және құрама жем өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді.Өңірде 1,3 миллионнан астам мал басы тіркелген. Ал көршілес Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының әлеуетін ескерсек, 12 миллионнан асады.Облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы, арнайы экономикалық аймақтың және инженерлік инфрақұрылым тартылған алты индустриялық аймақтың болуы инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1258359?lang=ru
Қостанай ауданында жаңа өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді 16.07.2026
Қостанай ауданында төтенше жағдайларға ден қою жүйесін күшейтуге бағытталған тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Тобыл қаласы маңындағы қарқынды дамып келе жатқан «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының аумағында жаңа №28 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа өрт сөндіру бөлімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға және өңірдегі азаматтық қорғау жүйесінің әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Болашақта халық саны 60 мыңнан асатын жаңа тұрғын алаптарына қызмет көрсететін бөлім жақын маңдағы елді мекендер мен әлеуметтік және өндірістік нысандарды қамтиды.Облыстың өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жаңа арнайы техникалардың кілттері табысталды. Жалпы облыстың бірнеше өрт сөндіру бөліміне заманауи 12 арнайы автокөлік берілді. Оның ішінде жаңадан ашылған №28 өрт сөндіру бөлімі де жаңа техникамен қамтамасыз етілді.Өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғау қызметін дамыту бағытында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жыл ішінде бұл салаға 3 миллиард теңге бөлініп, өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару бекеттері жаңғыртылды, ондаған арнайы техника мен қызметтік автокөлік сатып алынды. Биылғы жылы аталған мақсаттарға 1,4 миллиард теңге бағытталды. Сонымен қатар мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын күшейтуге шамамен 8 миллиард теңге инвестиция тартылып, өңірдің орман және өрт қауіпсіздігі қызметтері жаңа техникамен толықтырылды.Жаңа өрт сөндіру бөлімінің іске қосылуы жақын маңдағы елді мекендерде, әлеуметтік нысандар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жедел жою мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ өрттен келетін экологиялық және экономикалық шығындарды азайтуға, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау деңгейін көтеруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1258194?lang=ru
Облыста орман өртінің орташа ауданы 2,5 есеге қысқарған 16.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен орман алқаптарындағы өрт қаупі жағдайы жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы орман алқаптарын кеңейтуді және оларды қорғауды жалпыұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындады.Облысымызда орман күзетінің кадрлық құрамы күшейтілді. Үш жыл бұрын орман шаруашылығы мекемелерінде 825 адам жұмыс істесе, бүгінде олардың саны 1 242 адамға жетті.«Соңғы үш жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға шамамен 8 млрд теңге бағытталды. Осы қаражатқа 51 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 36 орман өртін сөндіру кешені және 78 патрульдік техника сатып алынды. Нәтижесінде орман мекемелерінің техникамен қамтылу деңгейі 90%-ке жетті. Оның ішінде өрт сөндіру автокөліктерімен қамтылу көрсеткіші – 100%», – деді облыс әкімі.2025 жылы Әулиекөл ауданында соңғы 30 жылда алғаш рет биіктігі 35 метрлік өртті бақылау мұнарасы салынды. Алдағы үш жылда тағы 20 мұнара орнатылады. 2028 жылдың соңына дейін облыстың орман алқаптары 100% мұнарамен қамтылады.Бүгінде орман алқаптары 70%-ін қамтитын 40 бейнебақылау камерасы бар. 2022 жылы небәрі 8 камера ғана жұмыс істеді.Қабылданған шаралардың нәтижесінде бір орман өртінің орташа ауданы 2,5 есеге қысқарып, 11,4 гектардан 2025 жылы 4,6 гектарға дейін төмендеді. Ал биыл бұл көрсеткіш 1,5 гектарды құрап отыр.Орман өрттерінің орташа ауданының азаюының арқасында бір өрттен келетін орташа материалдық залал да едәуір төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 есеге қысқарып, 849,1 мың теңгеден 73,2 мың теңгеге дейін азайды.Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, өрт қаупінің 4-ші немесе 5-ші деңгейі жарияланған кезде азаматтардың орманға баруына шектеу қойылады, ауыл шаруашылығы және жүк көліктерінің орманға кіруіне, өрт шығу қаупін арттыратын жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1257893?lang=ru
Шомылу маусымы қауіпсіз өтуі тиіс 16.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жазғы маусымда судағы қауіпсіздік мәселесі жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Бүгінде өңір аумағында шомылуға арналған 23 ресми орын белгіленген. Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – ата-аналардың балаларды тиісті деңгейде бақыламауы, алкогольдік масаң күйде суға түсу және өз мүмкіндігін асыра бағалау. Балалар міндетті түрде ата-анасының немесе ересектердің бақылауымен ғана шомылуы тиіс. Егер кәмелетке толмаған баланың ересектердің қарауынсыз су айдынының маңында жүргені анықталса, оның ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.«Жаз – демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар ересектер үшін жауапкершілігі жоғары кезең. Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен ата-аналарға байланысты. Облыс аумағында тыйым салатын тағы 217 ескерту белгісін орнату қажет. Біздің міндетіміз – осы белгілерді орнату арқылы тұрғындарды қауіп туралы ескерту. Алайда әр азамат өз өмірі мен қауіпсіздігіне өзі жауапты», – деді аймақ басшысы.Қазіргі уақытта құтқару қызметіне қарасты 35 автокөлік, 21 жүзу құралы, 30 суасты сүңгуір жабдығы, 97 байланыс құралы, 30 бірлік құтқару жабдығы бар. Қостанай қаласы Тобыл өзенінің жағалауындағы су-құтқару станциясының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.«Біздің ортақ негізгі мақсатымыз – табиғат аясындағы қауіпсіз демалыс мәдениетін қалыптастыру және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайту», – деп атап өтті облыс әкімі.Аймақ басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі органдарға қауіпсіздік талаптары жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1257880?lang=ru
Қостанай облысында өңірлік форсайт орталығы ашылды 15.07.2026
Қостанай қаласында ғылым мен өндірістің өзара ықпалдастығын нығайтуға бағытталған маңызды жоба – өңірлік форсайт орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды өңірлік деңгейде дамыту және оны экономиканың нақты секторымен ықпалдастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен жүзеге асырылды.Іс-шара А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Smart-орталығында ұйымдастырылып, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.Өңірлік форсайт орталығы ғылым, бизнес және мемлекеттік сектор арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін алаң ретінде құрылды. Оның негізгі мақсаты – өңір кәсіпорындарының технологиялық қажеттіліктерін айқындап, ғылыми әлеуетті нақты өндірістік міндеттерді шешуге бағыттау, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін экономиканың нақты секторына енгізу тетіктерін жетілдіру.Форсайт-сессия барысында елімізде ғылымды басқарудың жаңа тәсілдері таныстырылып, өңірлердің ерекшеліктеріне негізделген ғылыми-техникалық міндеттерді қалыптастыру тетіктері талқыланды. Сонымен қатар өңірлік деңгейде ғылыми жобаларды іріктеу мен қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етуге арналған әдістемелік құралдар ұсынылды.Жиын барысында Қостанай облысында ғылым мен инновацияларды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бүгінде облыста ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейді. Ұлттық ғылым академиясының ұсыныстары негізінде ғылымды дамытудың бес басым бағыты айқындалған. Олар – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, минералдық шикізатты қайта өңдеу және қалдықтарды кәдеге жарату, машина жасаудағы зияткерлік жүйелерді дамыту, ақпараттық технологиялар мен өнеркәсіпті цифрландыру.Сонымен қатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстардың нысаналы көрсеткіші Қостанай облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген. Қазіргі таңда өңірдің жоғары оқу орындары өндіріс орындарымен бірлесіп жалпы құны 5,5 миллиард теңгеден асатын сегіз ғылыми жобаны жүзеге асырып келеді.Форсайт-сессия аясында өңірдің жетекші өнеркәсіп кәсіпорындары өздерінің өндірістік міндеттері мен технологиялық сұраныстарын таныстырды. Атап айтқанда, тау-кен өндірісіндегі инновациялық шешімдер, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетіктері, көміртекті егіншілікті дамыту, цифрлық агротехнологияларды енгізу, сондай-ақ өсімдік негізіндегі құрғақ сүт алмастырғышын өндіріске енгізу жобалары талқыланды.Іс-шараның екінші бөлігінде жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен ғылыми гранттарды бөлу тәртібі, конкурстық рәсімдерді өткізу ерекшеліктері және ғылымды қаржыландыруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері қарастырылды.Өңірлік форсайт орталығының ашылуы Қостанай облысында ғылым мен инновациялық қызметті жаңа деңгейге көтеруге, ғылыми әзірлемелерді өндіріске тиімді енгізуге және өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1257687?lang=ru
Қарағандылық жас шахматшы Орталық және Солтүстік Азия чемпионы атанды 15.07.2026
Он екі жасар қарағандылық Альбина Қайырбекова шахматтан Орталық және Солтүстік Азия жасөспірімдер чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.Ыстықкөл жағасында өткен халықаралық турнирге Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден келген 479 үздік жас шахматшы қатысты.Бұл туралы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.Қатысушылар классикалық шахмат, рапид және блиц түрлері бойынша бақ сынады. Альбина Қайырбекова 14 жасқа дейінгі қыздар (G14 санаты) арасында блицтен үздік нәтиже көрсетіп, Орталық және Солтүстік Азия чемпионы атанды.Қазақстандық шахматшылар халықаралық турнирде табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 33 медаль жеңіп алды. Оның 13-і – алтын. Альбина да ұлттық құраманың жүлделер қоржынының толығуына өз үлесін қосты.Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, чемпионат қорытындылары еліміздің үздік жас шахматшыларын қолдау бағдарламасы аясында есепке алынады.Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында жас спортшыны жоғары жетістігімен құттықтап, халықаралық аренада жаңа жеңістер тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1257654?lang=ru
Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды 15.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесуде өңірдегі уран өндіру саласының қазіргі ахуалы, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Аймақ басшысы компанияның әлемдік уран нарығындағы, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы орнын атап өтті.«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялар тобы біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өңірде уран өндіру жылдар бойы тұрақты дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестік алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде аймақта уран өндірумен «ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамындағы еншілес кәсіпорындар айналысады. Олар – «Байкен-U», «Тураниум», «Семізбай-U» және «РУ-6» серіктестіктері. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургия саласының үлесі 39,4%.Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257580?lang=ru
«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті 15.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдары, азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті.Форумда жаңа Конституция аясында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы әріптестікті нығайту және қоғамдық диалог мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.«Халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға кеңінен тарту – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын әрі қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтатын озық тәжірибе.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деп атап өткен болатын.Өңіріміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттік бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысып, халықтың мүддесін қорғауға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге нақты үлес қосып келеді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Аймақта мыңға жуық қоғамдық ұйым тіркелген, 2023-2026 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 555 әлеуметтік жоба жүзеге асты. Облыстық, аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 200-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілі бар.Форумда «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов, «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зейнар Тәжиева, «Ел-Арай» қоғамдық қорының төрағасы Асхат Байдәулетов және «Жас толқын» еріктілер жасағының жетекшісі Әнуар Тоқтамысов баяндама жасап, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Конституцияның жаңа редакциядағы арнайы басылымы табысталды. Өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері облыс әкімінің Алғыс хатымен және арнайы қаржылай сыйақы сертификатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257250?lang=ru
Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды 15.07.2026
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал ауданына жұмыс сапары барысында мотоцикл құрастыру зауытының жұмысымен танысты.«Тоғыс-Аралотын» ЖШС бұл жобаға 1 млрд теңге бағыттаған. Жылына 20 мың компонент шығаруды жоспарлауда. Зауытта өндірілген өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа шығарылады, қалған 50 пайызы шетелге экспортталады.Өндірістік жобалардың өңір экономикасын әртараптандырудағы, жаңа жұмыс орындарын ашудағы және экспорттық әлеуетті арттырудағы маңызы зор.Бұдан кейін облыс әкімі «Бейнеу – Сексеуіл» бағытындағы автомобиль жолының құрылысына қатысты мәселелерді пысықтады. Еске салсақ, Мемлекет басшысы V Ұлттық құрылтай отырысында «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысын жеделдетуді тапсырған болатын.Осыған сәйкес қазіргі уақытта салалық министрлік жобаны қаржыландыру көздерін айқындап, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жол құрылысына 780 млрд 285 млн теңге қаржы бөлінеді. Жалпы ұзындығы 559 шақырым, Қызылорда облысына 189 шақырымы тиесілі. Құрылысы толық аяқталғаннан кейін Еуропа – Кавказ – Азия халықаралық көлік дәлізі бойындағы бағыт шамамен 900 шақырымға, Қытай мен Ақтау арасындағы жүк жеткізу мерзімі екі тәулікке қысқарады. Бұл жол өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға және теміржол бойындағы елді мекендердің дамуына оң әсерін тигізеді.Аудан орталығынан шалғайда жатқан Құланды, Ақбасты, Ақеспе, Қосаман және Беларан елді мекендеріне қатынайтын автомобиль жолының мәселесі түбегейлі шешіледі. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне жұмыс сапасы мен мерзіміне қатысты талаптарды басты назарда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257239?lang=ru
Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі. «Баршаңызды жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Сондай-ақ маңызды жобаны Арал ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін. Бұл - еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын, жаңа жұмыс орындары ашылатын маңызды жоба. Өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға тың серпін береді деп сенемін», - деді Мұрат Нәлқожаұлы. «Тоғыс - Аралотын» серіктестігі жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытына 1,8 млрд. теңге қаржы салған, жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау аясында 4 гектар жер телімі беріліп, қажетті инфрақұрылым тартылды. Зауыт өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспортталады.Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Имамадин Оңғарбаев, Нұралы Оспанов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257147?lang=ru
Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды 15.07.2026
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі бұл бастама өңірдің өндірістік қуатын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. «Баршаңызды аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – түйе сүтінен ұнтақ шығару зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Бұл өңір экономикасының дамуына тың серпін, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек», - деген болатын.Осы ретте аймағымызда ірі инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі - 3 млрд теңгеге салынған «Қазақ Кэмел» компаниясының түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты. Жалпы, елімізде түйе сүтін өңдейтін кәсіпорындар бар болғанымен, өнеркәсіптік деңгейде құрғақ ұнтақ өндіретін зауыттар өте аз. Сондықтан бұл - бірегей әрі маңызды бастама», - деді Мұрат Нәлқожаұлы. Жылына шамамен 400 тонна өнім өндірілетін бұл зауытта 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдыру үшін күніне 20 мың литр сүт қажет. Бұл жергілікті тұрғындар үшін тиімді болмақ. Түйе сүтін күнделікті өткізіп, тұрақты табыс табады. Жергілікті өнімге сұранысты арттыру мақсатында келісімшарт жасалып, алдағы 10 жылда Қытай нарығына экспортталады. Мемлекеттік қолдау аясында индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі берілген. Сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы Қытайдан қажетті технологиялық жабдықтарды сатып алуға 1,8 млрд. теңге қаржы қарастырылды.Рәсімде облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Айтбай Көшербай, Әділбек Айымбетов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Өңірде экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд. теңгеге 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биыл 100 млрд. теңгеге 21 жоба іске қосылады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257142?lang=ru
Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапарымен барды. Қосжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты. Жарты ғасырдан астам тарихы бар питомник бағалы балық қорын сақтап, табиғи популяциясын көбейтіп келеді. Мұнда тұқы, ақ амур, дөңмаңдай секілді теңіз маржандары өсіріледі. Мемлекеттік тапсырыс аясында жыл сайын 12 млн бір жаздық, 420 мың екі жаздық шабақ өсіріліп, Арал теңізі мен Сырдария өзеніне жіберіледі. Бұл өңірдегі су айдындарының балық қорын молайтуға ықпал етеді. Облыс әкімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Арал ауданы аумағында балық шаруашылығын дамытуға қолайлы Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл бар. Кіші Аралды балықтың 19 түрі мекендейді. Өндірістік қуаты шамамен 30 мың тонна болатын 10 балық өңдеу зауыты аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуда.Сапар кезінде аймақ басшысы Аралқұм, Шөміш, Сапақ, Көктем ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257131?lang=ru