Бизнес
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ТЕҢІЗДЕР ҚОРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 13 қыркүйегінде Санкт-Петербург (Ресей) қаласында 13-і RAO/CISO ffshore 2017 халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында «Геологиялық құрылым және арктикалық, Қиыр шығыс пен ішкі Еуразия теңіздер қорының әлеуетін зерттеу жөніндегі халықаралық жобалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев қатысты. Жиын барысында «Каспий өңірінің геологиялық құрамы ГИС – Атлас картасы» жобасының техникалық сипаты, ғылыми методикалық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10965?lang=kk
ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Арнайы экономикалық және индустриялды аймақтар туралы», сонымен қатар, «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты ілгерілету мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына енгізілген жаңалықтарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жауап берді.Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, негізгі Заң жобасының аясында АЭА құру мәселелері мен олардың қызметінің басым түрлері; АЭА басқарма органының қызметін қаржыландыру; АЭА-ты басқару өкілеттілігін анықтау; ИА-тың құрылуы, қызмет түрлері мен жұмыс істеуі (республикалық, өңірлік, жеке және шағын индустриалды аймақтар) реттеледі.Ілеспе заң жобалары Салық, Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізуді қарастырады. Салық кодексіне енгізілетін түзетулер келесі мәселелерді қамтиды:- Белгіленген әр АЭА-дағы басым бағыттарды талдап тексеруді жою;- АЭА-на қатысушылардың жалпы кірісінің құрылымына қойылатын талаптарды өзгерту;- «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық бойынша жұмыс істемейтін жеңілдіктерді жою;- АЭА-ның нысандары аяқталмаған жер учаскелері бойынша салық жеңілдіктерін қолданбау;- АЭА территориясында іске асырылатын тауарларға салынатын артық ҚҚС-н қайтарудың мүмкін еместігі туралы шешім;- Инфрақұрылымды құру кезеңінде жаңадан қатысушылардың АЭА-на қол жетімділігін шектеу;- АЭА басқару компаниялары үшін салық жеңілдіктерін кеңейту;-АЭА территориясынан тауарларды экспорттау үшін кедендік жеңілдіктерді кеңейту;Жер кодексінде АЭА және ИА үшін жер учаскелерін алудың жеңілдетілген тәртібін регламенттеу, яғни, мүмкіндігінше қысқа мерзімде әрі аз процедуралар қарастырылған. АЭА және ИА аумағындағы жер учаскелерін игерудің мерзімі мен талаптарын анықтау процедураларын регламенттеу арқылы мақсатты түрде пайдаланылмаған жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу процедуралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, АЭА және ИА қатысушылары үшін жер учаскелері «бір терезе» қағидаты бойынша беріледі.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылдың жалпы мәселелерін реттейтін Кәсіпкерлік кодексінің нормалары қайта қарастырылады. Оның ішінде, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелері, салалық заңнамаға сүйене отырып, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылаудың болуы туралы норманың мақсатсыз болуына сәйкес оны алып тастау көзделеді.Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлік әкімдіктермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Министрлік әзірлеген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары қолдау тапты.2017 жылғы 3 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия отырысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлданды.Анықтама.Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске асты.АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды. Бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10959?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННАН НОРВЕГИЯҒА АСТЫҚ ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ 10.04.2025
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келісім жобасымен автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық норма орнатылады. Осы құжатқа сәйкес, екіжақты транзиттік тасымалдар, сонымен қоса үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымалды рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Аталған шарттар отандық тасымалдаушылар үшін тиімді. Өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің өкілдері, яғни Беларусь және Ресей көлік компаниялары іске асыруда»,-деді министр «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымал көлемі 53 пайызға ұлғайды.Бұдан бөлек, заң жобасын талқылау барысында министр аталған елмен жүк тасымалы деңгейін арттырудың болашағы зор екенін атап өтті.«Бүгінде тауар айналымында артықшылық бар, яғни негізінен бұл балық өнімдеріне байланысты. Осыған дейін бізде астық тасымалдауда жақсы көрсеткіш болды, бұл өнім темір жол көлігімен жеткізіліп жүр. Алайда өткен жылы астық көлемі біршама төмендеді. Бүгінде біз Норвегияға қазақстандық астықты жеткізу көлемін жандандыруды бағытында жұмыстарды жүргізіп жатырмыз»,-деді Ж. Қасымбек.Оның айтуынша, жүк Санкт-Петербордың портына дейін жеткізіліп, ары қарай пароммен Норвегияға өтеді. «Жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімі қайта қалпына келеді деп үміттенеміз»,-деді ол.Ақпарат көзі: http://www.kazinform.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10924?lang=kk
ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ШЕКТІ ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІН БЕКІТТІ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өтінімін қарау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енетін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде реттелетін қызмет көрсетулер туралы 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлерін бекітті.Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызмет көрсетулер тарифтерінің көтерілуі келесіні құрады: кәсіпорынның өтімге шыққан 145,7% и 131,8%-нан ішкі әуе желілері (тұрақты) үшін – 36,7%, ішкі әуе желілері (тұрақты емес) үшін – 21,9%. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифтері 2010 жылдан бері қайта қаралмаған.Заманауи тексеру құралдарымен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын іске асыру, қызметкерлер санының көбеюі және орташа жалақының индексациялануы, сонымен қатар өндірістік шығындардың көбеюі (шикізат, материалдар, отын, электрэнергиясы) тарифтердің өзгеруіне себеп болып отыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірігіп бекітілген «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестициялық бағдарламасында екі проекциялық рентген телевизиялық құрылғысы, жарылғыш және есірткі заттардың портативті және үстел үсті талдауышы, химиялық, жауынгерлік уландырғыш заттардың және уытты өнеркәсіптік заттардың портативті (қол) талдауышы, стационарлық арқалық металл детектор, қол металл детекторы, автоқорғауыштар және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль сатып алуды қарастырады.Аталған шаралар маңызды мекемелерді, халық көп шоғырланатын нысандарды қорғауды күшейту қажеттілігі бойынша Елбасының тапсырмасына және ICAO стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Рейс құнының құрылымында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары шамамен 0,1-0,3% құрайды.Бекітілген тарифтер авиабилет құнына айтарлықтай әсер етпейді.Утвержденные тарифы окажут незначительное влияние на стоимость авиабилетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10882?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУҒА ҮЙРЕТТІ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жалпы құқықтық окыту бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.Лекция барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау, оған қоса анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, талдау жүргізу көрсеткіштерінің критерилері (бақылау-қадағалау функцияларының, қаржы қорының айналымының болуы, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару) түсіндірілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10880?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ СТИВЕН ХОКИНГПЕН КЕЗДЕСТІ 10.04.2025
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауы жүлдегері Исаак Мустопуло атақты физик Стивен Хокингпен кездесті.Балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы Исаак Мустопуло 2015 жылғы «ТДҰА» АҚ мен British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауының арнайы жүлдесімен марапатталған.Байқаудың мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық қызметті кеңінен насихаттау.Исаак атақты британиялық физик Стивен Хокингпен 2017 жылдың 4 қазанында Ұлыбританияға оқу-танысу сапары барысында кездесті.Бұл кездесуді «Эйр Астана» компаниясының атқарушы директоры Питер Фостер British Council-мен бірлесіп ұйымдастырды.«Стивен Хокингтің ғылыми ізденістері, ғылымға қосқан үлесі мені әрдайым жігерлендіреді. Адам баласы физикалық жағдайына қарамастан үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын Стивен Хокинг үлгі етіп көрсетті. Осылайша, мен «Үйлесім теориясы» бойынша көп еңбектендім. Инновация байқауы туралы естігенде, бұл мен үшін өз еңбегімді, қабілетімді көпке көрсететін, мүмкіндігім шектеулі болса да, оның арманыма жетуіме еш тұсау бола алмайтынын дәлелдегім келді», - дейді Исаак Мустопуло.Исаак Ұлыбританияға сапары барысында Стивен Хокингпен кездесуден бөлек Лондондағы атақты Ғылым музейімен, Кембридж университеті және British Council бас кеңсесімен танысты.Жас ғалымның байқауға ұсынған бейнеролигі «Үйлесім теориясы» деп аталады. Бұл бейнероликте Исаак ғарыш аппаратына арналған электр энергиясын өндіру барысы туралы баяндаған, сондай-ақ, Стивен Хокингпен кездесуді армандайтынын айтқан.Жас данышпан байқаудан кейін де ізденісін арттырып, астрофизика және астрономияны зерттей бастады. OYLA атты ғылыми журналымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген «Астрофизика мен астрономияның бүгінгі мәселелері» атты конференцияға қатысты.2015 жылы «ТДҰА» АҚ мен British Council «Ньютон – Әл-Фараби» және «Эксон Мобил Казахстан» серіктес бағдарламасының қолдауымен оқушылар арасында ең үздік инновациялық жоба байқауын ұйымдастырған еді. Бұл шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «ТДҰА» АҚ бастамасымен өткен Ұлттық инновациялар байқауының жалғасы болатын.Естеріңізге сала кетейік, биылғы Ұлттық инновациялар байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2017 жылдың 15 қазанына дейін созды.Өтініміңізді «ТДҰА» АҚ ресми сайтындағы http://natd.gov.kz Байқау бөліміне қалдыра аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10784?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГРУЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 39,1%-ҒА АРТТЫ 10.04.2025
Қазақстандық тарапты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, грузиялық тарапты Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария басқарды. Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтын және шешетін алаң болғанын атап өтті. Қол жеткізілген келісімдер үкіметаралық құжаттар мен бірлескен іс-шараларда айқын көрініс тауып отыр.Үкіметаралық кеңес отырысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық технология мен инновация, ғылым, туризм, денсаулық сақтау, электронды өнеркәсіп және тағы басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Тараптар 2017 жылы өзара сауда өсімінде оң динамика байқалғанын атап өтті. 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға артып, 32,4 млн. АҚШ долларынқұрады.Анықтама:2017 жылдың 7 айында сауда айналым 39,1%-ға өсіп, 32,4 млн. АҚШ долларын құрады.Экспорт – 19,3 млн. долл., өсім 90 % (10,6 млн.долл.).Импорт – 13,1 млн. долл., 1,5%-ға төмен (13,3 млн.долл.).2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда грузиндіктердің қатысуымен 221 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың 114-і жұмыс істейді.2005 жыл мен 2017 жылдың 1 қыркүйегі аралығында Грузиядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 39 млн. АҚШ долларын құрады, ал, кері инвестиция 344,4 млн. АҚШ долларын құрады.Тараптар екіжақтың қазіргі сауда-экономикалық ынтымақтастығын қосымша жандандыруға мүмкіндіктер барын атап өтті.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек өзара экспортты ілгерілетуге және экспорттық-импорттық тізілімді кеңейтуге күш салу керектігін айтты. Мысалы, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары жаңа өндірістер пайда болды, жұмыс істеп тұрған зауыттар жаңғыртылды. Бізде халықаралық сапа стандартына сай келетін жаңа өнімдер шығарылып, алыс және жақын шет елдерге сәтті экспортталуда.Қазақстандық тарап электровоздарды, автобустарды және басқа да коммуналдық техникаларды, сонымен қатар, өңделген агроөнеркәсіп кешен өнімдерін, металлургиялық өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын және басқа да өнімдерді жеткізу ісін ұйымдастыруға мүдделі.Бұдан бөлек, екі елдің іскерлік ортасының тікелей байланысын қалыптастыру, Грузиядан «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдігін ашу, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының бағдарламасы бойынша ұзақмерзімді саудалық қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Екіжақты ынтымақтастықтың тағы бір маңызды саласы транзиттік-көлік әлеуетін күшейту мәселесі.Жалпы, экспорттық-импорттық бағытта жүк ағыны көлемінің өсімі байқалып отыр. Осыған орай, транзиттік тасымал көлемін арттыру шаралары қолданылуда.Халықаралық Транскаспийлік көлік бағыты (ХTКБ) аясында 2016-2017 жылдары «Номад Экспресс» пилоттық контейнерлік пойыздарды және Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия (Ляньюньган (ҚХР)-Достық-Ақтау-Баку порты (Алят) (Әзірбайжан)-Батуми/Поти (Грузия)-Ыстамбұл (Туркия) ХTКБ бойынша түрлі жүктерді тұрақты жіберу контейнерлік қызметі жолға қойылды.Контейнерлермен жүк тасымалдау үшін шығындар мен шарттарды оңтайландыруда, сондай-ақ, Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мен Украина елдерінен ХTКБ бағыттарында көлік қызметтерінің тартымдылығы мен клиентке бағдарлануын арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылды.Тараптар келесі Үкіметаралық отырысты 2018 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.Үкіметаралық отырыстың қорытынды хаттамасына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27158?lang=kk
КӨЛІК КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың төрағалығымен бейнеконференц байланыс режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мобильді тобы мен көліктік бақылаудың аумақтық орган өкілдері қатысты. Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Абзал Божбанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпараттандырды. ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесудің және жоюдың маңыздылығын атап өтіп, аумақтық органдарға қоғамдық бақылау механизмін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10775?lang=kk
«КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылғы 11 қазаннан 31 желтоқсанға дейін «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» атты жыл сайынғы акцияның басталғанын жариялайды.Аталған акцияның негізгі мақсаты - шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім мен ҚР көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.Жыл сайын, шет мемлекеттерінің құзырлы органдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған. Бекітілген үлестер көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушылар тапсырыстарын ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10732?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ 10.04.2025
Токио қаласында «Қазақстанның өңірлері: Жапондық Инвестициялар үшін жаңа белестер» Қазақстан-Жапон бизнес-форумы өтті. Форум ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі мен Жапониядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтуде. ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров бастаған қазақстандық делегация құрамына ҚР үкіметінің, инвестициялар және даму министрлігінің, облыстық әкімдіктер өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер кірді.Форум қатысушылары Қазақстан-Жапон іскерлік қатынастары саласындағы жетістіктердің нақты мысалдарын, қазақстандық өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін, Қазақстанның инвестициялық саясатының мәселелерін және Жапониямен экономикалық қатынастардың даму перспективаларын талқылады.ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Хаиров өз сөзінде Жапония Шығыс Азияда Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Елдеріміздің арасындағы қатынастар стратегиялық, достық және сенімге негізделген.«Бізде Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді. Одан басқа, жапондық азаматтар үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілді. Қазақстан мен Токио, Осака қалаларының арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша нормативтік-құқықтық база құрылды. Осы шаралардың барлығы іскерлік байланыстардың артып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Жапония Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 10 жылда Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың түсімі 5,5 млрд.АҚШ долларын құрады», - деп мәлімдеді Е. Хаиров.Оның айтуынша, соңғы 10 жылда инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың арқасында, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының түсімі 250 млрд. АҚШ долларынан асты.Сонымен бірге, вице-министр биыл Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартумен айналысатын Kazakh Invest ұлттық компаниясының құрылғандығын атап өтті. Аталмыш компания «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобалардың ойлап табылғаннан бастап жүзеге асырылғанға дейін оларға ілесу бойынша қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының жұмысын бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет ететін болады. «Жапония технология жағынан неғұрлым дамыған ұлт болып табылатыны сөзсіз. Біздің еліміз Жапон компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға жоғары қызығушылық танытады. Бүгінгі бизнес-форум тікелей инвестицияларды Қазақстан өңірлеріне тартуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз», - дейді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Нұрланов.Форум жұмысына Жапонияның саяси және қоғамдық қайраткерлері, дипломаттары, сарапшылары, Marubeni Corp, METI, NEC, JOGMEC, Tokyo Rope, NYK Group, JETRO және т.б. сияқты 150 астам ірі жапондық компаниялардың басшылары қатысты. Форумға қатысқан жапондық компаниялар автомобиль жасау, авиация, космонавтика, электроника, химия өнеркәсібі, қаржы, жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдаулары, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б. салаларды қамтиды.Одан басқа, Форум барысында қазақстандық тараптың өкілдері көпқабаттық көлік тұрақтары құрылысымен айналысатын NH Parking компаниясы, SMBC ірі банкі, Sojitz, Panasonic, Fujifilm сауда корпорациялары сияқты компаниялармен және ұйымдармен, сондай-ақ бірқатар басқа бизнес құрылымдардың өкілдерімен бірқатар В2В кездесулерін өткізуде.Қазақстандық делегациясы сапарының бағдарламасында сондай-ақ Haneda Pipe Works Co. болат құбырларын өндіру зауытына, «Mitsubishi Materials» корпорациясына, NEC әлемдегі ірі телекоммуникациялық корпорациясына және Sumitomo, Itochu, Mitsui сияқты белгілі компанияларға бару жоспарланған.Сондай-ақ, сапар барысында тау-металлургиялық кешенді дамыту саласында елдердің ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа JOGMEC мұнай, газ және металдар бойынша жапондық ұлттық корпорациясында жеке шағын форум және семинар өткізу жоспарланған.Форумның қорытындылары бойынша облыстық әкімдіктердің Tokio Rope компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум және екі елдің ынтымақтастығы жөніндегі басқа да бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.Анықтама үшін:2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1 жартыжылдығына дейінгі кезең ішінде Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 5,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Қазақстанда жапондық қатысумен 53 өкілдік әрекет етеді. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 мрд. АҚШ долларын құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10479?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛДАРЫНДАҒЫ АУЫР САЛМАҚТЫ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ МАУСЫМ АЙЫНДА 50 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ 10.04.2025
ҚР ИИДМ Көлік комитеті арқылы 2019 жылғы 21 мамырдан 31 тамызға дейін «Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік!» акциясы өткізілуде. Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады.Көліктік бақылау органдары арқылы акция аясында 2019 жылғы21 мамыр мен 30 маусым аралығында 19 605 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстан Республикасының Көліктік заңнамаларын бұзғандығы үшін 390 құқық бұзушылық (оның ішінде ҚР ӘҚБ К 348 бабы 6 тармағы және 571 бабы 42 тармағымен – 8 бөлігімен) анықталды. Оның ішінде 344 бұзушылық Қазақстандық және 46 шетелдік тасымалдаушыларға қатысты.54,7 миллионнан астам теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, жүргені үшін алым сомасы 24,6 миллионнан астам теңгені құрады.Акцияның мақсаты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың алдын алу мен ескеруді, сондай-ақ ауыр салмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау болып табылатындығын атап кету қажет.Сонымен қатар автомобиль жолдарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Көлік комитетімен 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында инертті жүк тасымалдайтын өзі аударғыш ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өту фактілері бойынша ахуалдық орталықтың +77080880800 нөмірлі «Whats app» мессенджеріне халықтың белсенді бөлігі тарапынан бейне өтініштер қабылдау акциясы басталды. Келіп түскен барлық бейне өтініштер бойынша Комитеттің аймақтық органдарымен әкімшілік сипаттағы шара қолданылуда. Акция басталғаннан бері «Whats app» мессенджерге 1 366 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10478?lang=kk
«Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен Акмола облысында 15-ші спорт кешені ашылды 10.04.2025
Бүгін Қайырымдылық күнінде Ақмола облысының Қажымұқан ауылында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жаңа спорт нысаны ашылды. Бұл «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары тобы атынан іске қосылған 15-ші спорт кешені.Ауа тірек құрылымындағы кешеннің жалпы ауданы 1,7 мың ш.м. Мұнда шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар, теннис корты, жүгіру жолдары және қажетті құрал-жабдықтар бар. Қазіргі таңда дзюдо, қазақ күресі, бокс, волейбол, футбол бойынша секциялар ашылып, оған 188 бала тегін қатысуда.Шараға Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Асқар Нұртазин, спорт басқармасына қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар өз сөздерінде «Самұрық-Қазына» қорына спорттық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі мен спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдірді.«Өңірлердегі спорт инфрақұрылымын дамыту – қайырымдылық қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі. Қордың қолдауымен күні бүгінге дейін 15 дене шынықтыру-сауықтыру және көпфункционалды спорт кешендері, 30-ға тарта спорт алаңдары пайдалануға беріліп отыр. Осылайша еліміз бойынша 90 мың азаматтың салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде спортпен айналысуына жағдай жасалған. Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғасатын болады», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директорының орынбасары Досбол Көшербаев.Целиноград ауданы әкімінің орынбасары мұндай жобалардың жүзеге асырылуы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлкен үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол жаңа спорт кешені жас спортшылар мен белсенді демалысты ұнататындар үшін тартылыс орталығы болатынына сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/958551
«Алтын жас»: Қарағанды облысында жыл басынан бері 317 зейнеткер жұмысқа орналастырылды 10.04.2025
Қарағанды облысында «Алтын жас» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Көптеген ұйымдар зейнеткерлік жастағы қызметкерлерді жұмысқа алып жатыр. Бағдарлама оларға жұмыс табуға ғана емес, өздерін қоғамға қажетті екенін сезінуге де көмектеседі.Светлана Жармағамбетова – «Алтын жас» байқауына қатысушылардың бірі. Ол Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 41 жыл жұмыс істеген. Еңбек жолын 18 жасында хатшы болып бастаған, содан кейін зертханашы, аға зертханашы болды. 2015 жылы зейнетке шықты. Қазір ол 68 жаста, және ол Qamqor plus-та іс жүргізуші болып жұмыс істейді.– Жұмыстың маңыздылығы – пайдалы екеніңді сезіну. Өмір бойы студенттерге көмектестім. Қазір де осыны жалғастырудамын. Бағдарламаның арқасында өзімді қоғамнан алшақ сезінбеймін. Адамдармен қарым-қатынас жасартады, – дейді Светлана Жармағамбетова.Жаныл Рысқұлова 10 жыл бұрын зейнетке шыққан. Ұзақ уақыт бойы кадрлар жөніндегі инспектор болып жұмыс істеді. Қазір ол «ТАТ Logistic» ТК-не жұмысқа орналасты.– Балаларым басқа қалаларда тұрады, мен жиі жалғыз боламын. Ал бағдарлама мен үшін сүйікті жұмысыма оралудың жақсы мүмкіндігі болды. Егер денсаулық мүмкіндік берсе, неге жұмыс істемеске? Мен өз күшімді және өз әлеуетімді білемін, – дейді Жаныл Рысқұлова.Бағдарлама облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Зейнеткерлерді қабылдайтын жұмыс берушілер қызметкердің жалақысынан 50%, бірақ ең төменгі бір жалақыдан аспайтын мөлшерде өтемақы алады (2025 жылы – 85 мың теңге). Бұл лимитке қарамастан, зейнетақының өсімі елеулі болып шығады, себебі жалақының қалған бөлігін жұмыс берушінің өзі төлейді.Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы Нұржан Сыздықов бағдарлама аясында 317 адам жұмысқа орналастырылғанын атап өтті. Олардың арасында мұғалімдер, бухгалтерлер, менеджерлер, күзетшілер бар. Биыл 400 зейнеткерге жұмыс табу жоспарланған.«Алтын жас» бағдарламасына қатысуға облыс қалалары мен аудандарының мансап орталықтарынан өтініш беруге болады.Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының байланыс телефондары: (8-7212) 60-50-50, 8-775-644-35-80 (Call-орталық).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/956707
Lasselsberger Group Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді 10.04.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құрылыс материалдарын өндіруге және минералдық шикізат өндіруге маманданған австриялық Lasselsberger Group компаниясының бас директоры Йозеф Ласселбергермен кездесті.Келіссөздер барысында Астанада керамикалық плиткалар, құрылыс қоспалары мен желім шығаратын зауыт салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы талқыланды. Кәсіпорынның іске қосылуы 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға және импорттың тәуелділігін төмендете отырып, Қазақстанның ішкі нарығын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Министр Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға қызығушылық білдіріп, мемлекет осындай жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін инвесторлармен диалогқа дайын екенін атап өтті.Тараптар ынтымақтастық шарттарын толық пысықтау және Қазақстандағы Lasselsberger Group инвестициялық бастамаларын одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/954556
2025 жылы 1,5 трлн теңгеге 190 жоба енгізілетін болады 10.04.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Экономиканың нақты секторын қаржыландыру туралы» тақырыбындағы Үкімет отырысында баяндама жасады.«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу өнеркәсібінің өсу үрдісін «бекітуді» тапсырды. Осы саланы дамыту үшін ағымдағы жылы 1,5 трлн теңгеге 190 жоба енгізілетін болады», – атап өтті Министр.Сонымен қатар жалпы бағасы 15,3 трлн теңге тұратын 417 жоба бойынша жұмыс басталды. Жобаларды қаржыландыру жеке инвестициялар, екінші деңгейлі банктер және даму институттары есебінен көзделуде.Ерсайын Нағаспаев 1,1 трлн теңгеден аса сомаға өңдеу өнеркәсібі жобалары қаралуда. Атап айтқанда, Қазақстан Даму банкі арқылы ірі жобаларды іске асыруға 183 млрд теңге қажет. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы орта және шағын жобалар үшін 800 млрд теңге қаралуда. Соның ішінде биыл шағын бизнес тарапынан ерекше сұранысқа ие шағын өнеркәсіптік аймақтарды қаржыландыруға шамамен 100 млрд теңге қажет.Аталған шаралар өнеркәсіптің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономика салаларының дамуына мүмкіндік береді.Одан бөлек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы қоғамдық көлік пен арнайы техниканы жаңарту үшін лизингке шамамен 109 млрд теңге қажет. Нәтижесінде, алдағы екі жылда 900 жуық жаңа автобус, сондай-ақ шұғыл және коммуналдық қызметтерге арналған 800 астам арнайы техника жеткізілетін болады.«Биыл 19 млн ш. м. тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда», – түйіндеді Министр. Оның 21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 300 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды орнатуға 120,6 млрд теңге, «Отбасы Банкінің» «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламаларын қаржыландыруға 80 млрд теңге бағытталады. Сурет: primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/950210
1465 байланыс орталығы іске қосылған сәттен бастап 35 мыңнан астам өтініш қабылдады 10.04.2025
Іске қосылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 байланыс орталығы 35 мыңнан астам өтініш қабылдадыӨтініш берушілерге ыңғайлы және жедел ақпараттандыру үшін байланыс орталығында жеделхат-боттар жұмыс істейді. Байланыс орталығы экспорттық бақылау және лицензиялау, жер қойнауын пайдалану, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды, сондай-ақ порталдар бойынша техникалық қолдау көрсетеді nadloc.kz, ggk.kz және minerals e-kazyna. Бүгінгі күні ББО (бұдан әрі-бірыңғай байланыс орталығы) 5 арна бойынша өтініштерді қабылдайды: 1465 біріңғай байланыс нөмірі, support@qazindustry.kz ( электрондық пошта), Telegram Bot IDos, Telegram чат EPN).1465 байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Нөмір қалалық және ұялы телефондар үшін ақысыз қол жетімдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/950299
Заңсыз бизнеске тосқауыл: Ақмола облысының әкімдігі жер қойнауын пайдалану бақылауын күшейтті 04.03.2025
Ақмола облысы табиғи ресурстарға бай өңірлердің бірі. Мұнда кең таралған пайдалы қазбалардың қоры мол, олардың қатарында қиыршық тас, құм, каолин, саз, әктас, кварцит және доломит бар. Алайда соңғы жылдары бұл байлықты заңсыз игеру күрделі мәселеге айналды. Кейбір кәсіпкерлер жергілікті биліктің рұқсатынсыз карьерлерді иемденіп, пайдалы қазбаларды өз беттерінше өндіріп жатады.Бүгінде облыстың 19 ауданының 17-сінде жүздеген кен орны игеріліп жатыр. Әсіресе, Астананың қарқынды құрылысы заңсыз жер қойнауын пайдаланудың артуына ықпал етуде. Құрылыс материалдарына деген жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін кейбір кәсіпкерлер құжатсыз, бақылаусыз әрекет етеді. Бұл мемлекет бюджетіне залал келтіріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына кедергі жасап, жер бедерінің бұзылуына және қоршаған ортаның ластануына алып келеді.Осыған байланысты Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аппараттық кеңесте барлық жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін заңдылық тұрғысынан тексеруді тапсырды.«Маркшейдерлік түсірілім нәтижесінде келтірілген шығын көлемі анықталды, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл деректерді қарастырып жатыр. 2025 жылдың ақпан айында пайдалы қазбаларды заңсыз игеруге және жер қойнауын өз бетінше пайдалануға қатысты үш қылмыстық іс тіркелді. Бұл істердің барлығы мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірумен байланысты», – деп хабарлады Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.Атап айтқанда, заңсыз құм өндіру Қабанбай батыр ауылдық округінде, Нұра өзенінің маңында анықталды. Кәсіпкер қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп, құмды цемент зауытына жеткізген. Сол аумақта тағы үш кәсіпкер дәл осындай әрекет жасаған.Қазіргі уақытта тиісті құжаттары жоқ кәсіпорындарға қатысты келісімшарттарды бұзу шаралары қолға алынды. Бұл – өңірдегі жер қойнауын пайдаланудағы тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған заңды қадам.«Тергеу амалдары жалғасуда, құқық қорғау органдары барлық заңбұзушылықтарды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заңсыз кен өндірушілермен күресті жалғастырады», – деп мәлімдеді уәкілетті мемлекеттік орган.Сонымен қатар тексеріс барысында көптеген компанияның өңірден тыс жерде тіркелгені белгілі болды, бұл оларды бақылауды қиындатады. Осыған орай, бірқатар кәсіпорындар қайта тіркеуден өтіп, заңды жұмыс істеуге көшті.«Бүгінде Ақмола облысында 11 келісімшарттық аумаққа тексеру жүргізілді, нәтижесінде төрт заңсыз кен өндіру дерегі анықталды. Оның ішінде Көкшетау және Биржан сал ауданының маңындағы жерлер бар. Жалпы, тексерілген 15 аумақтың көлемі 500 гектарды құрады. Бұл жұмыстарға 17 млн теңге бөлінді», – деп толықтырды басқарма.Жалпы экономикалық шығын көлемі 65 млн теңгені құрады.Жер қойнауын пайдалануда тәртіп орнату – бір күнде шешілетін мәселе емес. Дегенмен қолға алынған шаралар өз нәтижесін беруде. Маңыздысы – заң бұзушылықтарды тоқтатып қана қоймай, адал кәсіпкерлер үшін ашық әрі әділ жағдай жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/949888
Торонтода PDAC 2025 көрмесі ашылды 04.03.2025
Торонто қаласында Канаданың кеншілер мен барлаушылар қауымдастығының ең ірі халықаралық көрмесі – PDAC 2025 басталды.Іс-шара аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, АХҚО басқарушысы Рүстем Бектұров, Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов, Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасының Ұлттық Банкінің вице-президенті Қазақстанның геологиялық әлеуетін көрсететін ұлттық павильонның ашылу рәсімін өткізді.Бірінші күннің маңызды шарасының бірі «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» халықаралық форумы болды. Вице-министр 1-сессияда сөз сөйледі.«Қазақстанның тарихи мұрасы мен геологиялық барлау мен өндірудің дәстүрлері, бай табиғи ресурстары, оның ішінде литий, ниобий және тантал сияқты сирек металдардың әлеуетті кен орындары бар. Біз жергілікті және халықаралық серіктестермен инвестиция және ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз. Осы саланы дамыту аясында біз барлау мен өндірудің жаңа технологияларын белсенді түрде тартудамыз және геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу аясындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері де біздің басымдылығымыз екенін атап өткім келеді», – атап өтті Иран Шархан.Спикерлер құрамына Канаданың Жер және минералдық ресурстар министрінің орынбасары Риналдо Гианти, «Cove Capital» компаниясының негізін қалаушы-серіктесі Пини Альтхаус, «Neo Performance Materials» корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті Василейос Цианос, «HATCH» минерадар жөніндегі директоры Конрад Блейк, Еуропалық комиссиядағы делегация басшысының орынбасары Мадалина Иваника сияқты тау-кен металлургия саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар спикерлер тобының құрамында бар.PDAC 2025 көрмесі 5 наурызға дейін жалғасады, ал қазақстандық делегация серіктестерімен және жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың өкілдерімен белсенді кездесулерді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/949614
Қарағандылық өндірушілерді қолдау: Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясымен меморандумға қол қойылды 04.03.2025
Бүгінде Қарағанды облысының бірқатар компаниялары мұнай саласындағы ірі оператор – Karachaganak Petroleum Operating B.V. ынтымақтасады. Серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылау үшін өңірге бас директор Марко Марсили бастаған консорциум делегациясы келді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен меморандумға қол қойылды, оның мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.Делегация бірқатар кәсіпорындарда болып, өндіріспен танысты. Сондай-ақ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік тауар өндірушілердің өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Одан кейін өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.– Қарағанды облысы – еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының бірі. Мұнда қазақстандық жалпақ прокат, тас көмірдің үштен бір бөлігінен астамы және барлық кокс көмірі, тазартылған күміс пен алтын, мыс, ферроқорытпалар және т. б. өндіріледі. Шикізат бағытына қарамастан, біз экономика құрылымын өзгерту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Машина жасау, құрылыс индустриясы салаларында импортты алмастыратын өндіріс ашамыз. Өнеркәсіптік алаңдарды кеңейту бойынша жұмыс жүргізудеміз. Өнеркәсіптік әлеует Қазақстанның ірі компанияларын, оның ішінде Karachaganak Petroleum Operating B.V. де қамтамасыз етуге қабілетті, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды қолдау барлық деңгейде: бастапқы циклдан бастап өндірісті толық іске қосуға дейін жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Өткен жылы инвестиция көлемі 1,4 трлн теңгеден асты.Кездесуде жергілікті қамтуды дамытудың басымдығы туралы айтылды.– Қазақстан өнеркәсіп секторында орасан зор әлеуетке ие және біз жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастығымызды кеңейтуге тырысамыз. Біз бүгін көріп отырған өндіріс деңгейі өңірлік компаниялардың сенімді бизнес-серіктес бола алатынын растайды, – деді Марко Марсили.Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын ҚПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев таныстырды.– Бүгінде бізде ҚПО деректер базасында Қарағанды облысынан 86 компания тіркелген. 23 компаниямен бізде 49 млн долларға жуық сомаға келісім-шарт жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлады ол. – Қызықты кейс бар – инжинирингтік қызметтерді оқшаулау: жобалау, іздестіру жұмыстары және т. б. Қарағанды облысындағы бірлескен кәсіпорын біздің тарихымызда алғаш рет жоғары технологиялық инжинирингтік жұмыстарды жүргізуге ұзақ мерзімді байланыс алды. Біз қарағандылық әріптеске өте жақсы жағдай жасадық. Қазір Қарашығанақ кен орнында жұмыс басталды.Ол сондай-ақ жарықдиодты шамдар жеткізетін компанияны мысалға келтірді. Ал «ҚарағандыКаздорпроект» кәсіпорны жол және құрылыс жұмыстарын авторлық қадағалауды жүзеге асырады.Қарағандылық тауар өндірушілер консорциум басшылығына өз ұсыныстарымен тікелей жүгіне алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/949014
Теміртаулық студенттер катальпа мен сағызқарағай көшеттерін өсіреді 04.03.2025
Қарағанды индустриалды университетінің студенттері тұқым мен қалемшеден ағаш пен бұта көшеттерін өсіреді. Көшеттер өсіп, нығайған кезде оларды ЖОО аумағында егеді.ҚИУ жанында жұмыс істейтін Alive экологиялық клубында Теміртауды көгалдандыру жобасы басталды. Студенттер ЖОО аумағында әдеттегі және жергілікті климатқа тән емес ағаштардан аллея құруды жоспарлап отыр. Олар катальпа, ырға, шырша, сағызқарағай, мамыргүл және шетен бұталарының көшеттерін өздері өсіреді. Осылайша ағаштар ауыспалы ауа райына және қыстың қатаңдығына төзімді болады.– Жапырақты бұталар мекендейтін табиғи ареал – Қытай, Солтүстік Америка және Кариб теңізі аралдары. Алайда, ол аязға төтеп бере алады. Егер көшеттер сол жерде өсірілсе, бейімделу кезеңі қысқарады. Бір жазда катальпа биіктігі бір жарым метрге дейін өсуі мүмкін. Ағаштың пішіні қызықты және ол әдемі гүлдейді. Бұл ретте катальпаның жапырақтары өте үлкен, бұл біздің қала үшін өте маңызды. Жапырақтар көлемі неғұрлым үлкен болса, атмосфералық ауадан зиянды заттарды соғұрлым көп аулайды, – деді Alive экоклубының мүшелеріне кеңес беретін эколог Елена Варганова.ҚИУ студенттері көшеттердің бірінші партиясын өсіру үшін тұқымдар мен қалемшелердің өміршеңдігін анықтауды, ағаштарды кесу әдісімен көбейтуді және өскіндерге күтім жасауды үйренді. Тиісті күтім кезінде алынған көшеттер келесі көктемде ғана толыққанды көшеттерге айналады.Қарағанды индустриялық университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/949099