Экономика
Заманауи цифрлық өңірге айналу – маңызды міндет 03.04.2026
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Қостанай облысының Цифрлық штабының отырысы өтті.Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады.Күн тәртібі аясында Қостанай облысында «ақылды қалалар» құру стратегиясын іске асыру мәселесі қаралды.Баяндамамен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар ретінде Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев, Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Сабыржан, сондай-ақ «ЭКОСЕРВИС-2030» ЖШС директоры Виталий Сиухов баяндама жасады.Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «Smart City» эталондық стандарты аясында жүзеге асырылып жатқан Қостанай қаласы мен облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландырудың ағымдағы нәтижелері ұсынылды.2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында жалпы сомасы шамамен 242 млн теңгені құрайтын 6 негізгі цифрлық жоба іске асырылғаны атап өтілді. Басым бағыттардың қатарында – Ситуациялық орталық пен «AiKey» ақпараттық жүйесін дамыту, коммуналдық салада цифрлық бақылау сервистерін енгізу, сондай-ақ тұрғындарға арналған 78 қызметті біріктіретін «Smart Qostanai» қалалық цифрлық платформасын дамыту бар.Отырыс барысында қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көшелерді жарықтандыруды автоматтандыру, бағдаршам нысандарын жаңғырту, «ақылды» аялдамаларды енгізу, коммуналдық қызметтерді есепке алуды цифрландыру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қаралды.Сонымен қатар 2026 жылға жоспарланған жобалар талқыланды. Олар жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізуді, бейнебақылау жүйелерін дамытуды, сондай-ақ «ақылды» көлік пен қалалық ортаны мониторингтеу саласындағы пилоттық шешімдерді іске асыруды қамтиды.Отырыс барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірді цифрландырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Біз заманауи цифрлық өңірге айналу үшін жоспарлы түрде күш салуымыз керек. Осы жылдың аясында кәсіпорындарда озық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект саласындағы шешімдерді енгізу бойынша бірқатар жобаларды іске қосу көзделіп отыр. Бұл ретте олардың сапасы мен өңір экономикасына әкелетін нақты пайдасы да маңызды. Облыста 900-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, KIA және KamlitKZ зауыттарында 117 өнеркәсіптік «ақылды» робот жұмыс істейді (2023 жылы – небары 3). Тау-кен өндіру кәсіпорындарында да 28 робот енгізілген. Бүгінде егістік жерлердің 100%-і, жайылымдардың 90%-і және шабындықтардың 95%-і цифрландырылған. Мал шаруашылығында 7 заманауи «ақылды» сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді, ал өсімдік шаруашылығында дәлме-дәл егіншілік технологиялары енгізілген. Smart City бағыты бойынша да айтарлықтай ілгерілеу байқалады – соңғы үш жылда облыстың Жедел басқару орталығына қосылған камералар саны 2023 жылғы 102-ден 2025 жылы 285-ке дейін өсіп, 2,8 есеге артты».Отырыс қорытындысы бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қалалық басқару тиімділігін күшейтуге және заманауи, қауіпсіз әрі технологиялық қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193644?lang=kk
Мемлекеттік қызметке орналасу бойынша бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз 03.04.2026
Іс-шара аясында сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз: мемлекеттік органдардағы ағымдағы бос орындармен танысу;мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы кеңестер алуға;үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурстық іріктеу кезеңдері туралы білу;мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қою. 📅 Күні: 2026 жылғы 10 сәуір📍 Орналасқан жері: Пушкин көшесі, 98 (Ай-көмек ғимараты)🕒 Уақыты: 11:00 Қатысуға оқу орындарының түлектері, жас мамандар, жұмыссыз жастар, барлық ниет білдірген азаматтар шақырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193620?lang=kk
180 жылдыққа 180 көшет отырғызылды 03.04.2026
Алматы облысындағы Жамбыл ауылында жыр алыбының 180 жылдық мерейтойына орай игі шара өтті. Ақынның мұражай-үйі маңына 180 түп жеміс ағашы отырғызылды. Экологиялық акцияға 40-қа жуық тұрғын атсалысты,-деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ауыл әкімі Бақытжан Жайламысов бұл бастама Жамбыл Жабаевтың айтулы мерейтойына орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілгенін айтты.- «Шараға ақсақалдардан бастап, жастар, түрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Бұл – тұрғындардың ауызбіршілігінің, ауылға деген сүйіспеншілігінің көрінісі. Алдағы уақытта жол жиегіне қайың ағашын отырғызу жоспарда бар. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады», – деді ауыл әкімі.Отты жырларымен халық жүрегіне жол тапқан Жамбыл Жабаев осы мұражай маңында жерленген. Ал, оның жанында өзінің өтініші бойынша әйгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиев те тыныштық тапқан. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мұнда алыс-жақын елдімекендер мен шетелдерден қонақтар көп келеді. Сондықтан да мұндай экологиялық шараларды жиі өткізу өте маңызды.Акцияға қатысқан Шолпан Ахмедиева бұл жай ғана ағаш отырғызу емес, Жамбыл Жабаевтың әруағына көрсетілген құрмет екенін айтты. Осындай мәнді шараға өз үлесін қосқанына қуанышты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193466?lang=kk
Егіс алқаптарына соқа түсті 03.04.2026
Жамбыл ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына қарқынды кірісіп кетті. Биыл ауа райының қолайлы болуынан егістік ертерек басталған, –деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Тойшыбековтың айтуынша, биыл аудан бойынша 106,4 мың гектар жерге дән себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1702 гектарға көп.Оның ішінде 50 мың гектардан астам алқапқа дәнді дақыл, 46 мыңнан астамына мал азығы, 5500 гектар жерге майлы дақылдар және қалған аумаққа картоп, көкөністер мен бақша дақылдары егіледі. Көктемгі егіс науқанына 1065 техника жұмылдырылды. Оның 75 пайызы жаңартылған.«Топырақ құнарын арттыру үшін барлық егіс алқабына 13,6 мың тонна минералды тыңайтқыш керек. Қазіргі таңда оның 4200 тоннасы сатып алынды. Биыл аудан бойынша 13,3 мың тонна тұқым себіледі. Сондай-ақ қазіргі таңда тұқым өндіру бағыты бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мысалы, Бозой ауылының шаруашылығы майлы дақыл мен жүгерінің тұқымын өндірумен айналысуды жоспарлап отыр. Құжаттарын толық рәсімдегеннен кейін іске қосылады», – деген агроном арзандатылған жанар-жағармай алу жайына да тоқталды. Айтуынша, биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстары үшін 46 шаруадан жалпы көлемі 751 тонна дизель отынына өтінім түскен. Шаруалар қажетті жанармайды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға сатып алады.Шаруашылық иелері тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын пайдалануға бет бұрып келеді. Ауданда барлығы 22 мың гектар суармалы жер бар болса, бүгінде оның тең жартысына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Биыл тағы 1500 гектар аумақ қосылады деп жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттен арнайы субсидия бөлінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193459?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Моңғолия Елшісін қабылдады 02.04.2026
Астана, 2026 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дорж Баярхууды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Кездесу барысында тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогтың оң серпіні, сондай-ақ басым бағыттардағы өзара іс-қимылдың дәйекті түрде кеңеюі атап өтілді.Ағымдағы жылы жоспарланған екіжақты сапарлар мен түрлі деңгейдегі іс-шаралардың кестесіне, сондай-ақ тараптардың көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастығына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде, Елші дипломатиялық миссиясы кезеңінде көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдіріп, Моңғолияның Қазақстанмен өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Дорж Баярхууға екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192937?lang=kk
Арқалықта 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді 02.04.2026
Арқалық қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында биыл тағы бір маңызды жоба жүзеге асты.Атап айтқанда, Шақшақ Жәнібек көшесі, №51 мекенжайында орналасқан 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, баспанаға мұқтаж отбасылар қоныс тойын атап өтуде.Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар қалада кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2025 жылы Байтұрсынов көшесі, №13 мекенжайындағы 48 пәтерлі тұрғын үй жөндеуден өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген болатын. Ал 2026 жылы Байтұрсынов көшесі, №12 мекенжайында орналасқан 55 пәтерлі тұрғын үй 983 миллион теңгеге сатып алынып, тиісті санаттағы азаматтарға табысталды.Жаңа пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй де заман талаптарына сай толықтай қайта жаңғыртудан өтті. Нысан әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 281 миллион 967 мың теңгеге сатып алынған. Үйде 12 екі бөлмелі және 6 үш бөлмелі пәтер қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192474?lang=kk
Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті 02.04.2026
Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегіүйлестіру кеңесінің отырысы өтті.Отырыс барысында халықтың аз қозғалатынтоптары үшін әлеуметтік және көлікинфрақұрылымы нысандарын бейімдеу, инклюзивтібілім беруді енгізудің мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеуліадамдар үшін мәдениет мекемелері мен мәдени-көпшілік іс-шаралардың қолжетімділігі және басқа да өзекті мәселелер қаралды.Отырысқа Алматы облысы бойынша мүгедектігібар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелеріжөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстықбасқармалар басшылары, аудан және қала әкімдерініңорынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімдерінің басшылары, әкімдердіңмүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыскеңесшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуорталықтарының басшылары қатысты.Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттікоргандардың өкілдеріне қаралған мәселелербойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1192455?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданы: тасқыннан қауіп жоқ 02.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет және Варваринка ауылдарында жұмыс сапарымен болып, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты. Аймағымыздың елді мекендерін су тасқынынан қорғау мақсатында жағалауды бекіту жұмыстары, қорғаныс валдарын салу және нығайту, су бұру арналарының құрылысы, сондай-ақ жер үйінділерін тұрғызу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта ықтимал су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Облыста бірде-бір аула су астында қалған жоқ.Өңірдегі сыйымдылығы 1,4 млрд м³ екі ірі су қоймасының толуы 70% (939,51 млн м³) деңгейін сақтап тұр.Су тасқыны мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы және 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы айқындалды.Ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап су өткізу құрылыстары тазартылды. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.Бейімбет Майлин ауданы аумағындағы Әйет өзенінде екі жерде мұз кептелісі болған, біріншісі Әйет селосы тұсында, екіншісі Май ауылында.Өткен жылы тазалау мен түбін тереңдету және биылғы алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 1 сәуір күні кешке Әйет өзеніндегі екі аумақтың да мұзы қозғалып, судың ағысы қалпына келді. Жоғары тәуекел кезеңнің шарықтау шегінен өттік. Жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192361?lang=kk
Шонжы ауылындағы кітапхана заманауи талаптарға сай жаңартылды 02.04.2026
Шонжы ауылындағы аудандық кітапхана жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде заманауи талаптарға толық сай келетін нысанға айналды. Кітапхана жаңа технологиялармен жабдықталып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалды.Ғалия Тоқабаева, Алматы облыстық Орталық әмбебап кітапханасының директоры: «Ұйғыр ауданында, Шонжы ауылында үлкен аудандық кітапхананың модернизациядан өтіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Жалпы облыс бойынша бұл – екінші кітапхана. Былтыр мұндай жоба Қонаев қаласында жүзеге асса, биыл Шонжыда жалғасын тапты. Алдағы уақытта, келесі аптада Қарасай ауданындағы Жандосов ауылында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылдық кітапханаларында да осындай жаңғыртылған нысандар ашылады».Жаңартылған кітапхана тек кітап оқитын орын ғана емес. Мұнда балаларға арналған бөлімдер, оқу залдары, сондай-ақ жастарға арналған коворкинг орталығы жұмыс істейді.Мақсат Кенешов, Алматы облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры: «Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Осы жерде олар өздерінің шығармашылық идеяларын дамытып, жаңа бастамаларын жүзеге асырып, тіпті бизнес жобаларын да қолға ала алады. Мұндай орталықтар жастардың мақсаттарына жетуіне жол ашады».Кітапхананың жаңаруы аудан тұрғындары үшін үлкен серпін болып отыр. Енді бұл нысан түрлі мәдени және білім беру шаралары өтетін маңызды орталыққа айналады. Аудандық кітапхана қоры 68 мыңнан астам кітаптан тұрады, қазіргі таңда 10 мың оқырман тіркелген. Жалпы кітапханада 39 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 29-ы – кітапханашы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1192237?lang=kk
Қазақстан мен Украина Астанада ведомствоаралық консультациялар өткізді 01.04.2026
Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенконың төрағалығымен екіжақты ведомствоаралық консультациялар өтті.Іс-шара барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Кездесу аясында өзара тауар айналымын ұлғайтудың маңыздылығына, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, логистиканы жақсартуға және экспортты әртараптандыруға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192136?lang=kk
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісін қабылдады 01.04.2026
Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелерді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.Е.Көшербаев аймақта қалыптасқан қауіпті әскери шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдіріп, жанжалды халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Корольдіктің шиеленісті тоқтату мен жағдайды тұрақтандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.ҚР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы аумағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға көмектескені үшін Елшіге алғысын білдірді. Отандастардың қауіпсіздігін және Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету біздің еліміз үшін басымдық болып табылатыны атап өтілді.Өз кезегінде, саудтық дипломат сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдету үшін Қазақстанның сыртқы саяси мекемесімен тығыз серіктестікті одан әрі қуаттауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192128?lang=kk
Өңірдегі су тасқыны кезеңіне әзірлік жұмыстары 01.04.2026
Көктемгі су тасқыны кезеңінің басталуына байланысты облыс аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Облыстағы су тасқыны жағдайы аймақ басшысының бақылауында.“Бүгінгі таңда сыйымдылығы 1,4 млрд текше метрді құрайтын екі ірі су қоймасындағы судың жалпы көлемі 939,5 млн м³ (толу деңгейі 70%). Тасқын мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы, 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы анықталды”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Автомобиль жолдарында 3 жерде су басу дерегі тіркелді: 1 республикалық, 2 аудандық маңызы бар жолдар. Амангелді ауданы Қарынсалды ауылына баратын автожолдағы су қайтып, көлік қатынасы қалпына келтірілді.Қазіргі уақытта көлік қатынасынсыз қалған – Арқалық қаласының Мирный елді мекені.Облыс аумағында жолдардың шайылуы мен жеке тұрғын үйлерді су басу жағдайы да анықталған жоқ. Салынған бөгеттер судың жақын маңдағы үйлерге жетуіне жол бермеді.Өңір бойынша 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.3 арық пен 51 су бұру каналы тазартылды, 2 515 метр қорғаныс біліктері нығайтылды, 1 578 ауладан қар шығарылды, 8 500-ден астам қап инертті материал төселді.Өзендер мен су айдындарында мұзды қопсытуға арналған жарылыс жұмыстары толық аяқталды. Жұмыстар көлемі 225 мың текше метрді құрады.Су тасқынының алдын алу және қол күші мен құралдарды алдын ала шоғырландыру мақсатында 16-27 наурыз аралығында Арқалық қаласына, Амангелді, Жангелдин, Науырзым, Қарасу және Әулиекөл аудандарына 272 адам, 32 техника, 7 жүзу құралынан тұратын топтар жіберілді.Су басу қаупі бар ауылдық елді мекендерде эвакуация, тамақтандыру және халықты уақытша орналастыру пунктері дайындалды. Қазіргі уақытта облыстың тасқын қаупі бар учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192124?lang=kk
Қарасу ауданы: су тасқынынан қауіп жоқ 01.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы Қарамырза және Октябрь ауылдарында жұмыс сапарымен болып, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты. Ауданда 20 мың қап, 450 мың инертті материал дайындалды, 110-нан астам адам, 20 техника жұмылдырылған.Қазіргі уақытта Қарамырза ауылында тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.2025 жылдың көктемінде Қарамырза ауылындағы су басу қаупі бар 56 аулаға қорғаныс үйінділері жасалды. Қазіргі таңда ауылды қосымша қорғаныс жұмыстарымен нығайту жалғасуда. 1000 қап төселді.Сонымен қатар, Тімтуір өзеніне ағатын арналар тазартылуда. Тімтуір өзенінде бірінші және екінші табалдырық гидротехникалық құрылыстары су жүру жүйесін реттеп отыр.Бірінші табалдырық 1956 жылы, екіншісі 1972 жылы пайдалануға берілген.Ұзақ жылдар пайдаланылуына байланысты нысандар айтарлықтай тозған. Тасқын суды қауіпсіз өткізу және су басудың алдын алу мақсатында 2025 жылы гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанында аяқталды. Нысандар қалпына келтіріліп қана қоймай, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға және жақын аумақтарды су басу қаупінен қорғауға мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта гидротехникалық құрылыстардағы кезекшілікте 8 ауыр техника мен 10 адам жұмылдырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192123?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті 01.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың алғашқы екі айында есірткіге қатысты тіркелген құқық бұзушылықтар саны төмендеді, сонымен бірге айналымнан алынған заттардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 есеге (220 кг-нан астам) өсті, қылмыстық схемаларға тартылған 2,3 мыңнан астам банк картасы және 703 криптоәмиян бұғатталды, 38 қылмыстық іс бойынша 371 млн теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.Мұндай динамика профилактикалық іс-шаралар нүктелі жедел жұмыстармен бірге қылмыстық белсенділікті бейтараптандырып, есірткі таратудың ірі арналарын, соның ішінде криптовалютаны пайдаланатын арналарды бұғаттап, жақсы нәтиже беретінін көрсетеді. 2026 жылғы 2 наурызда күшіне енген «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңды іске асыру шеңберінде өңір басшысы жазалау шараларынан гөрі профилактика мен «тәуекел тобындағы» жастарға көмек көрсетуге баса назар аударылуы тиіс екенін атап өтті. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне үкіметтік емес ұйымдардың аталған іс-шараларға нақты қатысуын қамтамасыз ету, жастар ресурстық орталықтарының есірткі граффитиі мен интернет-жарнаманы бұғаттау жөніндегі қызметін күшейту, есірткі тұтынуға қатысты саналы иммунитетті қалыптастыру үшін қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшыларды тарту тапсырылды.Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың күш-жігерін біріктіре отырып, қазіргі заманғы, атаулы және неғұрлым тиімді кешенді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, біз есірткі қаупіне тиімді қарсы тұра аламыз және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192086?lang=kk
Қостанай облысының әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті 01.04.2026
Қостанай облысының әкімдігінде Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен және құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өтті.Отырыс барысында өңір үшін өзекті мәселелер қаралды: Қостанай және Рудный қалаларында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыс.Қостанай және Рудный қалаларының әкімдері жүргізіліп жатқан жұмыс, өз өңірлеріндегі проблемалар, қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша Қостанай облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Н.З. Бәсенова, облыстың Полиция департаменті бастығының орынбасары К. А. Меңдібаев және білім басқармасының басшысы А. Е. Ибраева тыңдалды.Комиссия төрағасы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, жеке адамға бағытталған профилактикалық іс-шараларды арттыру және «тәуекел тобындағы» адамдарды уақтылы анықтау бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге ала отырып, жүргізілетін профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырмалар берілді.Қылмыстың алдын алу, анықтау және жазаның бұлтартпастығы – әрбір құқық бұзушылық бойынша бірыңғай шаралар кешені болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192080?lang=kk
Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды 01.04.2026
Бүгін Алматы облысының Бақбақты ауылында сужаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Салтанатты рәсімге ауыл жұртшылығы тегіс жиналып, қуанышты сәттің куәгері болды. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев те айтулы шараға арнайы барып, халықтың қуанышына ортақтасты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жаңа нысан ауылына жанашыр жомарт жандардың жеке қаржысына салынған. Ғимараттың жалпы аумағы –1007.05 шаршы метр. Кешенде футбол, баскетбол және волейболға арналған әмбебап алаң, жекпе-жек түрлерінен шынығатын күрес залы, техникалық жайлар бар. Ашық аспан астындағы заманауи жаттығу алаңы да қарастырылған. 250-ге жуық спортшыны қабылдай алады.Марат Елеусізұлы жаңа нысан жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, ел мерейін асыратын спортшылар тәрбиеленіп шығатынына сенім білдірді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі өз сөзінде «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша» деп атап көрсетеді. Осылайша Президентіміз бұқаралық спортты дамытуға, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымынарттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінгі ашылып отырған спорт кешені осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Балқаш ауданынан еліміздің абыройын асқақтатып жүрген көптеген дарынды спортшылар шыққан. Ауыл жастарының игілігіне беріліп отырған спорт кешені алдағы уақытта жаңа чемпиондарды тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруына жол ашады деп сенеміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын межелі уақытында тапсырып, ел алғысына бөленген «Bereket-ТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына, осындай сүбелі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.Ауыл жастары жаңа спорт кешені жыл бойы тоқтаусыз жаттығып, биік шыңдарды бағындыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар тұрғындар ауылда мұндай заманауи спорт нысанының ашылуы жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1226853?lang=ru
Қостанай облысының әкімдігінде қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту шеңберінде 01.04.2026
Қостанай облысы әкімдігінде құқықтық жаппай оқыту шеңберінде қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментінің маманымен кездесу өтті. Шақырылған маман кірістер мен мүлік туралы декларацияларды толтыру алгоритмдерін, цифрлық активтерді, бағалы қағаздар мен басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерді көрсету тәртібін, сондай-ақ құжаттарды «E-SalykAzamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыру жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.Міндетті декларациялау — мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етудің, қоғамның сенімін нығайтудың маңызды құралы және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.Алдағы уақытта қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін сақтау мақсатында осындай кездесулерді «тікелей диалог» форматында өткізу тәжірибесін жалғастыру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1191599?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық тандемді нығайтуды жалғастыруда 31.03.2026
Ташкент қ., 2026 жылғы 31 наурыз – Ташкентке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады.Сұхбаттасу барысында Ш.Мирзиёев екі мемлекет арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізін және ізгі тілектерін жеткізіп, жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы туралы хабардар етті.«Бүгінде қазақ-өзбек қатынастары халықаралық аренадағы сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылады. Бұған, ең алдымен, жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сенімді саяси диалог ықпал етуде», – деді Е.Көшербаев.Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де талқыланды.Қазақстан мен Өзбекстанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, сондай-ақ өңірлік кооперацияны одан әрі дамытудың, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1191158?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан одақтастық қатынастарды дамытуды және стратегиялық диалогты нығайтуды жалғастыруда 31.03.2026
Ташкент қ., 2026 жылғы 30 наурыз – Ташкентке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары көп қырлы қазақ-өзбек ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін қарастырып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.Тараптар достыққа, өзара түсіністікке және тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастықты тереңдетуге бейілділіктерін растады.«Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында соңғы жылдары қазақ - өзбек қатынастары сапалық жаңа деңгейге көтеріліп, барлық деңгейлерде жоғары даму қарқынын көрсетуде», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Өз кезегінде Б.Саидов екі ел президенттері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейтуге ұзақ мерзімді бағытты айқындағанын растады.Осы тұрғыда сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2024-2025 жылдары өткен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші және екінші отырыстары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру шараларын жан-жақты талқылап, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.«Соңғы жылдары экономикалық ынтымақтастықты тереңдету бағытында елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Қазақстан Өзбекстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарында тұрақты түрде орын алады. 2025 жылы өзара сауда көлемі 16,2 пайызға артып, 5 млрд АҚШ долларына жуықтады», – деді Е. Көшербаев. Қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары деңгейде іске асыру аясында министрлер экономикалық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, оның ішінде өзара сауда көлемін 10 млрд долларға дейін ұлғайтуға жәрдемдесу ниеттерін растады.Сондай-ақ, тараптар қазіргі таңда жалпы көлемі 1,8 млрд долларды құрайтын 78 инвестициялық жобаны қамтитын өнеркәсіптік кооперация саласындағы жетістіктерді атап өтті.Осы тұрғыда «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салу, Астана қаласындағы «Ташкент» және Ташкент қаласындағы «Астана» қонақ үйлерінің, сондай-ақ «Янги Ташкенттегі» «Астана» орамының құрылысы сияқты жобаларды іске асыру барысы қаралды.Кездесу барысында екі елдің Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Еуропа нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін көлік дәліздерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді. Осы бағыттағы жемісті өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктері білдірілді.Сонымен қатар, екі ел арасындағы берік және ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың негізі болып табылатын мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі атап өтілді.Сондай-ақ, тараптар білім беру саласындағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын, атап айтқанда, Алматы қаласындағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты мен Шыршық қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалдарының жұмысын атап өтті.Министрлер сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделіліктерін растады және екі мемлекеттің бастамаларын ілгерілетуде өзара қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік ынтмақтастықты дамыту мен Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026-2027 жылдарға арналған Казақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1191166?lang=kk
Астана мен Скопье саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді 31.03.2026
Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары саяси консультациялардың 3-ші раунды күн тәртібінің негізгі тақырыбына айналды.Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Солтүстік Македония Сыртқы істер және сыртқы сауда министрінің орынбасары Зоран Димитровски екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын атап өтті, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Дипломаттар Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің 2025 жылы Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларына жоғары баға берді.Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді талқылады.Келіссөздердің маңызды тақырыбы өзара сауданы жандандыру және оның құрылымын ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, білім, мәдениет сияқты салаларда әртараптандыру болды. Шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары, оның ішінде ұлттық паспорт иелері үшін визасыз режим енгізу мүмкіндігі қарастырылды.Солтүстік Македония Сыртқы істер министрлігінің басшылығы Қазақстанды 15 наурызда өткен референдумда жаңа Конституцияның сәтті қабылдануымен құттықтап, реформалар елдің одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.А. Исетов: «Қазақстан Солтүстік Македония Республикасымен көпқырлы қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге ерекше мән береді. Былтыр 30 жылдығы аталып өткен елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап басым салалардағы өзара іс-қимылдың оң динамикасы сақталуда», – деп атап өтті.Қорытындылай келе, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі белсенді дамуына ықпал етуге дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық шараларына және екі ел экономикасының әртүрлі секторларына өзара инвестиция тартуға ерекше назар аударылатын болады.Осыған байланысты дипломаттар биыл сәуір айында Скопьеде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастыруды және оның аясында жоспарланған сауда-өнеркәсіп палаталары арасында Іскерлік кеңес құруды құптады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1190543?lang=kk