Экономика
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді 08.04.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді.Жұмыс сапарына орталық мемлекеттік органдардың, Үкімет аппаратының өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.Тексеру барысында Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайлар мен «ASP Arena» көпфункционалды кешені қаралды. Облыс әкімдігі мен бейінді қызметтер санитариялық дайындық, қауіпсіздік шаралары, медициналық, құтқару және құқық қорғау қызметтерінің жұмысы, сондай-ақ демалушыларға қолайлы жағдай жасау жөнінде баяндады.Аида Балаева нысандардың толық дайындығын дәл қазірден бастап қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар халықпен уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, судағы қауіпсіздікті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Сонымен бірге барлық жағажайлар мен демалыс аймақтары әкімдіктердің қарауында емес екені де арнайы айтылды. Осыған байланысты Аида Балаева жекеменшік нысандардың иелері де тазалыққа, қоғамдық тәртіпке, инфрақұрылымның жай-күйіне және ең алдымен адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауға тиіс екенін айтты. Облыс әкімдігіне демалыс аймақтары иелерінің атына қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитариялық талаптарды сақтау және жазғы маусым кезеңінде жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар қамтылған тиісті хабарламалар әзірлеу тапсырылды.Бұдан бөлек, туризм және спорт министріне туристік нысандар иелері мен жеке компаниялардың қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуіне, қауіпсіздік талаптарын сақтауына және белгіленген нормаларды орындауына қатысты жауапкершілігін реттейтін құқықтық тетіктерді пысықтау тапсырылды. Жекеменшік демалыс аймақтары азаматтар мен мемлекет алдындағы тиісті жауапкершіліксіз тек коммерциялық қызметпен ғана шектелмеуге тиіс екені баса айтылды.Премьер-министрдің орынбасары туристік аймақтарда жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де сервистік нысандар қызметінің заңдылығын бақылау қажеттігіне де айрықша назар аударды. Уәкілетті органдарға еңбек заңнамасының сақталуын, қызметкерлермен, оның ішінде жұмысқа тартылатын жастармен және студенттермен жасалған еңбек шарттарының болуын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды. Азаматтардың құқықтары толық көлемде сақталуға тиіс екені атап өтілді. Бұл демалушылардың да, жергілікті тұрғындар мен қызметкерлердің де құқықтарына бірдей қатысты.Сонымен қатар көлік логистикасы, автотұрақтардың жеткіліктілігі, жол қозғалысын ұйымдастыру және жаппай демалыс орындарындағы көлік ағынын реттеу мәселесі де көтерілді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзуға қатаң әрекет ету қажеттігі бөлек көрсетілді. Аида Балаева барлық белгіленген талаптар мүлтіксіз сақталуға тиіс екенін, ал құқық бұзушыларға қатысты шаралар уақтылы әрі заңнамаға сәйкес қабылдануы қажет екенін атап өтті.«“Таза Қазақстан” идеологиясы жай ұран болып қалмай, туристік нысандардың жай-күйінен көрініс табуы керек. Ол тазалықтан, тәртіптен, кеңістіктің түсінікті ұйымдастырылуынан және ортақ демалыс орнына деген құрметтен байқалуға тиіс. Ал “Заң мен тәртіп” қағидаты барлық қызметтің нақты әрі үйлесімді жұмысынан және қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзғандарға қатысты шаралардың бұлтартпай қолданылуынан көрінуі қажет», — деді Аида Балаева.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары аумақтардың санитариялық жағдайын күшейтуді, инфрақұрылым мен қауіпсіздік қызметтерінің дайындығын қамтамасыз етуді, халықпен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ коммуналдық және жекеменшік демалыс нысандарына жүйелі бақылау орнатуды тапсырды. Сонымен бірге заңдылықтың сақталуына, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғалуына және меншік иелерінің қауіпсіздік, тәртіп пен көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілігіне ерекше мән берілді.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1196761?lang=kk
Жолаушы жолы жеңілдейді 08.04.2026
Алматы облысында көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында қоғамдық көліктерді кезең-кезеңімен жаңарту, бағытын кеңейту бойынша да нақты жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Елді мекендердің қоғамдық көлікке қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту шаралары басты назарда. Мысалы, Алатау қаласы мен Ұйғыр ауданында екі жаңа автобус бағыты ашылды. Соның арқасында халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, өзге маршруттардың жүктемесі азайды. Сонымен қатар «Алматы облысы Автобус паркі» ЖШС екі жаңа маршрутты іске қосты.Қоғамдық көлікті жаңартуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автопарктің техникалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Биыл 31 жаңа автобус сатып алынады деп жоспарланған. Қазіргі таңда оның 9-ы Талғар ауданында іске қосылған. 5 бірлік Yutong және 4 бірлік Isuzu жаңа автобустары халық игілігіне қызмет етуде.Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1195450?lang=kk
Шомылу маусымына дайындық күшейеді 08.04.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы жағажайдағы қауіпсіздік пен тәртіп, демалыс орындарының талаптарға сай болуы басты назарда болуы тиіс екенін айтты.«Адам шығынының болмауын қатаң бақылауда ұстау керек. Көбіне адам өлімі рұқсат етілмеген аймақтарда болады. Сондықтан мұндай орындарды қадағалап, жер иелерімен де жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Шомылуға рұқсат етілген аймақтар тексеріліп, қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшалары орнатылуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, шомылу маусымына орай су түбін тазалау, санитарлық жағдайды бақылау және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау камералары жұмыс істейді. Қазіргі таңда демалыс орындарының 80 пайызы шомылу маусымына дайын. Жергілікті атқарушы орган, облыстық прокуратура, Полиция департаментімен бірігіп кешенді тексеру жұмысы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1195463?lang=kk
Қазақстан мен Германия сыртқы саяси диалогты нығайтуда 08.04.2026
Астана, 2026 жылғы 6 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Астанаға жұмыс сапармен келген Германия Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі статс-министрі Гюнтер Крихбауммен кездесті.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму әлеуетін талқылады.Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылға, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, сондай-ақ Германия компанияларының Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуына ерекше назар аударылды.Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру бойынша пікір алмасылды.Кездесу қорытындысы бойынша серіктестікті одан әрі нығайтуға және барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195839?lang=kk
ҚР СІМ-де БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілімен кездесу өтті 08.04.2026
Астана, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самекпен кездесті.Кездесу барысында қазақ дипломаты БҰҰ өкіліне Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы ретіндегі белсенді қызметі үшін, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен Парламентімен БҰҰ-ның елдік командасының қызметін жариялау бағытындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қойғаны және БҰҰ қызметіне тартылған барлық ұлттық және халықаралық серіктестермен тығыз байланыс орнатқаны үшін алғысын білдірді.Өз кезегінде В.Самек Қазақстандағы қызметі жылдарында БҰҰ Ақпараттық бюросы Үкімет үшін БҰҰ-мен өзара іс-қимылды дамытуда сенімді серіктеске айналғанын, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ қызметіне байланысты оң өзгерістер туралы ақпаратты белсенді таратқан қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Е.Ашықбаев ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан В.Самекке Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасын табыс етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195864?lang=kk
Қазақстан мен Молдова консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі 08.04.2026
Кишинёв, 2026 жылғы 7 сәуір – Консулдық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті.Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, Молдова тарапын СІМ Консулдық істер жөніндегі бас басқармасының басшысы Лилиан Морару басқарды. Сонымен қатар кездесуге екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері қатысты.Дипломаттар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық нормаларын сақтау қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады. Кездесу барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ халықаралық конвенцияларға сәйкес азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар бұл форматтардың маңыздылығына және олардың екіжақты қатынастардың дамыуына үлес қосатынын атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуға дайын екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195874?lang=kk
Облыста жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайды 08.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жылыту маусымының өтуі және аяқталуы жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы жылытумаусымын кедергісіз өткізу туралы бірнеше рет тапсырма берді.Біздің облыста жылыту маусымы штаттық режимде өтуде және де аяқталуға жақын. Ірі апаттар тіркелмеді. Бұл, әрине, былтырғы жазда алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі.Жыл сайын жылумен қамтамасыз ету нысандарын және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға айтарлықтай қаражат жұмсалады.Нәтижесінде, облыс бойынша жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайып, 2022-2023 жылыту маусымындағы 830-дан биыл 134-ке дейін төмендеді.Ел Президенті 2029 жылдың аяғына дейін жылу желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету міндетін қойды.2022-2025 жылдары біз желілердің тозуын 50%-тен 43%-ке дейін азайттық.«Тағы бір мәселе – тарифке қатысты. Адамдар жылу, су және электр энергиясын тұтынғаны үшін әділ тариф төлеуі тиіс. Бұл жылу, су және электр энергиясын есептейтін, деректерді қашықтан беру функциясы бар заманауи есептеу құралдарын орнату арқылы мүмкін болады. Заманауи есептеу құралдарын қолдану тұтыну көлемін дәл есептеуге, сондай-ақ есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етеді. Автоматты құралдарды қолданысқа енгізу өсіп келеді: 2023 жылы автоматты есептегіш 433 үйде болса, 2025 жылы 1 132 үйге орнатылып, өсім 3 есеге жетті. Есептегіш құралдар тұтынуды реттеу арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде тұрғындар көктемнің жылы күндері басталғанда терезелерін ашып, жылу далаға кетіп жатыр. Соған қарамастан, олар жылу үшін толық көлемде төлем жасауды жалғастыруда. Бұл дұрыс емес. Біздің міндетіміз – өз кәсіпорындарымыздың, жергілікті өндірушілердің қатысуымен жылу есептеу тораптарын көбірек орнату. Мұндай құрылғылар қазірдің өзінде облыс аумағында жұмыс істеп тұр», – деді аймақ басшысы.Биылғы жылыту маусымында бір көпқабатты үйдегі үнемділік 890 мың теңгені құрады. Бұл – азаматтарымыздың қалтасында қалатын қаражат. Облыс әкімі есепке алу құралдарын орнату жұмыстарын осы қарқынмен жалғастырып, 100% қамтамасыз ету керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196263?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың су тасқыны кезеңінің аяқталуына орай аймақ тұрғындарына жасаған үндеуі 08.04.2026
Құрметті аймақ тұрғындары! Облысымызда су тасқыны кезеңі аяқталды.Осы ретте барлық уәкілетті органдардың үйлесімді жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қабылданған шаралардың арқасында елді мекендер көктемгі су тасқынынан қорғалды. Бірде-бір тұрғын үйді су баспады. Төтенше жағдайлар тіркелмеді.Алдын ала қорғаныс инженерлік құрылыстары жүргізілді:- 92 елді мекенде ұзындығы 54 км болатын 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылды және нығайтылды; - 38 су өткізу құбыры орнатылды; - 78 км кәріз жүйесі тазартылды; - облыс бойынша 1600-ден астам жеке тұрғын үй қардан тазартылды. Аталған жұмыстарға 3600 адам және 500-ден астам техника күш салды. Өзендерде тәулік бойы гидробекеттер жұмыс істеп, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстады.Осылайша, Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар кезең қалыпты режимде өтті.Мұның барлығы біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі.Осы орайда барша атсалысқан азаматтарға, төтенше жағдайлар қызметіне, әскерилерге, волонтерлерге және жастарға ерекше алғыс білдіремін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196315?lang=kk
Астанада Қазақстан-Бавария өнеркәсіптік кооперациясын дамытуы талқыланды 08.04.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Баварияның халықаралық ынтымақтастық және Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министрі Эрик Байсвенгермен кездесті.Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қазіргі жағдайын және екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Әлібек Қуантыров маңызды шикізатты өндіру және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру саласындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуетін атап өтті.«Біз Германияны өнеркәсіптік әлеуетімізді жаңғыртудағы негізгі серіктес деп санаймыз. Германия инвестицияларының шамамен 90%-ы өнеркәсіп секторына бағытталғанын атап өткен жөн», – деді министрдің орынбасары.Ол Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлін үнемі нығайтып келе жатқанын атап өтті.Қазақстан халықаралық қатынастардағы рөлін үнемі нығайтып келеді. Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда, қазіргі көпжақты күн тәртібі бойынша Германиямен екіжақты ынтымақтастыққа дайын екенін растады. Жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер және бірқатар екіжақты іс-шаралар арқылы саяси диалогты нығайтып, бірнеше деңгейдегі серіктестік қатынастардың дамуына жемісті әсер етеді деп күтілуде.Эрик Бейсвенгер екі ел арасындағы жоғары өңделген өнімдерді әзірлеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын сипаттап, Германияның шикізатты өңдеудегі оң тәжірибесі туралы айтты.Келіссөздерден кейін тараптар экономикалық серіктестікті екіжақты және Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның аймақтық форматтары аясында одан әрі дамытуға деген міндеттемелерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1196134?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан одақтастықты жан-жақты нығайтып, ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға ниетті 08.04.2026
Баку, 2026 жылғы 8 сәуір – Бакуге ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады.Кездесу барысында Е.Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді. «Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне ең әуелі жоғары деңгейдегі сенімді диалогтың арқасында қол жеткізілді», – деп атап өтті Министр.Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы наурызда Бакуге, Әзербайжан Президенті И.Әлиевтің 2025 жылғы қазанда Астанаға жасаған өзара мемлекеттік сапарлары, сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің (ЖМК) Екінші отырысының өткізілуі елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға жаңа серпін беріп, оларды сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етті.«Қазақ-әзербайжан қатынастары орнықты әрі кезең-кезеңімен даму сипатына ие және айтарлықтай әлеуеті бар. Біз бауырлас Әзербайжанмен одақтастықты одан әрі жан-жақты нығайтуға және ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға берік ниеттіміз», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де талқыланды. Қазақстан мен Әзербайжанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1196410?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығып келеді 08.04.2026
Баку, 2026 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасына ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөздер жүргізді.«Мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында соңғы үш жылда қазақ-әзербайжан қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді», - деп атап өтті Е. Көшербаев.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, атап айтқанда екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық, транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қарастырылды.Екіжақты қатынастарда басты ден сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қойылуда. Экономикалардың ресурстары өзара сауда ауқымын соның ішінде инвестициялар мен өнеркәсіптік кооперация есебінен ұлғайту әлеуетіне ие.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты іске асырылу барысын егжей-тегжейлі қарастырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда өзара сауда көлемі 5 есе өсіп, 2025 жылы 470,7 млн АҚШ долларын құрағаны аталып өтті, сонымен бірге министрлер осы көрсеткіштің 1 млрд АҚШ долларына дейін жетуіне жәрдемдесуге келісті.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты, сондай-ақ Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін және терең су асты электр кабелін тарту сияқты флагмандық инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын талқылады.Қазақстандық энергоресурстардың әлемдік нарықтарға Әзербайжан аумағы арқылы транзиті, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация және телекоммуникация салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Осыған байланысты қазақ-әзербайжан Тікелей инвестициялар қорының өсіп келе жатқан рөлі аталып өтті.Сұхбаттастар мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына қанағаттанушылық білдіріп, Қазақстанда өткен Әзербайжан мәдениетінің күндері мен Әзербайжанда өткен Қазақстан мәдениеті күндерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың жандануы, атап айтқанда, қазіргі уақытта Әзербайжанда өтіп жатқан Қазақстанның жоғары білім күндері оң бағаланды. Туризм саласында да оң серпін байқалады: екі елдің қалалары арасында аптасына шамамен 30 әуе рейсі жүзеге асырылады.Кездесу барысында Министрлер өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «ұстанымдарын» салыстырып, көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ТМҰ, АӨСШК, ТМД, ИЫҰ, Каспий саммиті шеңберіндегі одан арғы тығыз ынтымақтастыққа деген бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1196572?lang=kk
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту – маңызды қадам 07.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жылыту маусымының аяқталу қарсаңында Қостанай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің жылумен жабдықтау желілерінің жай-күйімен танысты.«Мемлекет басшысы жылыту маусымын кедергісіз өткізу туралы бірнеше рет тапсырма берген. Біздің облыста жылыту маусымы штатты режимде өтуде. Ірі апаттар тіркелмеді. Болған жағдайда да олар жылу сапасына әсер етпеді. Бұл, әрине, алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі. Бұл өткен жылыту маусымында қазандық жабдықтарына байланысты және магистральдық желілердегі апаттық жағдайлар орын алғанын ескере отырып, біз дұрыс қорытынды жасағанымызды көрсетеді», – деді аймақ басшысы.Мемлекет басшысы энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртудың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Ол 2029 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету міндетін қойды.Жыл сайын жылумен жабдықтау нысандары мен инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінуде. Нәтижесінде:жылу желілеріндегі ақаулар саны 84%-ға азайды: 2022–2023 жылғы маусымдағы 830 жағдайдан осы жылыту маусымында 134 жағдайға дейін төмендеді; тозу деңгейі 2022 жылғы 50%-дан 2025 жылы 43%-ға дейін қысқарды.Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұұлттық жоба аясында бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады. Ал қазіргі маусым аяқталуға жақындаған тұста келесі жылыту кезеңін сәтті бастау үшін қажетті қадамдарды қазірден жоспарлау маңызды.«Келесі тоқталғым келетін мәселе – тариф мәселесі. Халық жылу, су және электр энергиясы үшін нақты тұтынған көлемі бойынша төлеуі тиіс. Бұл тек «ақылды» есептеу құралдарын орнату арқылы мүмкін болады. Егер стационарлық есептегіш құралдармен қамту деңгейі жоғары болса, автоматтандырылған жүйелер бойынша біз әлі бастапқы кезеңдеміз. Қазіргі таңда облыста мұндай есептегіштерді орнату қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, 2023 жылы 433 үйге орнатылса, 2025 жылы 1 132 үйге орнатылып, шамамен 3 есеге өсті. Есептегіштерді орнату тұрғындарға жылу қызметін үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда бізде бұл мүмкіндік толық пайдаланылып жатқан жоқ. Мысалы, көктемгі жылы күндер басталғанда көптеген тұрғындар терезелерін ашып, жылуды сыртқа шығарады, яғни «көшені жылытады». Соған қарамастан, жылу үшін толық көлемде төлем жасайды. Бұл дұрыс емес», – деді Құмар Ақсақалов.Халықта пәтерішілік және жалпыүйлік есептегіш құралдар болуы тиіс. Олар автоматтандырылған болуы қажет, яғни көрсеткіштер адам араласуынсыз қашықтан берілуі керек. Бұл деректерді бұрмалау, нақты көрсеткіштермен сәйкессіздік және соның салдарынан қызмет құнының негізсіз жоғарылауын болдырмайды. Ал мұндай жағдайлар халықтың сенімсіздігіне, наразылығына және төлем жасаудан бас тартуына әкеледі.«Біздің міндетіміз – жылу есептеу тораптарын барынша көп орнату. Бұл іске кәсіпорындар мен жергілікті өндірушілер де белсенді қатысуы тиіс. Облыс аумағында мұндай кәсіпорындар бар. Барлық бұл шаралар үнемдеуге бағытталған. Қазіргі жылыту маусымында бір көпқабатты үйден 890 мың теңгеден астам үнемделді. Бұл – тұрғындардың қалтасында қалатын қаражат», – деді облыс әкімі.Сонымен қатар, жылу өндіруші кәсіпорындар да аз шығын жұмсайтын болады. Есептегіштер саны артқан сайын отын шығыны мен жылу шығындары да азаяды. Бұл жылуды 100% есепке алу кезінде мүмкін болады.Есептеу құралдарын орнату жұмыстары осы қарқынмен жалғасады. Бұл алдағы 5 жыл ішінде 100% қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1195181?lang=kk
Рудныйда жалпы қалалық сенбілік өтті 07.04.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Рудный қаласында алғашқы жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.Ауқымды тазалық шарасына мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, жастар, еріктілер және қала тұрғындары бар. Әртүрлі буын өкілдері бір мақсатқа бірігіп, туған қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Сенбілік барысында қала аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде шамамен 280 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды. Жұмыстарға 18 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.Іс-шара барысында ардагерлер ұйымының белсенділігі ерекше атап өтілді. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдары мен туған жерге деген жанашырлықтарын нақты істерімен көрсетті.Мұндай игі бастамалар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1195101?lang=kk
Қазақстан мен Иордания көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуда 06.04.2026
Астана, 2026 жылғы 6 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иордания Королі сарайындағы саяси департаменттің директоры Моаз Аз-Зубимен кездесті.Кездесу барысында тараптар көпжақты әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін, соның ішінде жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.Ә.Бақаев Қазақстан өкілдерінің «Акаба процесі» жұмысына (2025 жылғы 14–15 қазан, Рим) қатысу мүмкіндігі үшін иордан тарапына ерекше ризашылығын білдірді.Өз кезегінде М.Аз-Зуби қазақстандық тарапқа қонақжайлылық үшін алғыс айтып, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195037?lang=kk
Алматы облысында сақман басталды 06.04.2026
Алматы облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ата кәсіптің өркендеуіне жер жағдайы мен ауа-райы да өте қолайлы. Өңірде мал басы бойынша Жамбыл ауданы бірінші орында тұр. Қазір мұнда сақман басталып кетті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Дүйсеналы Еңкелешовтың айтуынша, биыл 23 ауылдық округте 588 мыңнан астам саулық қой тіркелген. Оның 18500-і ауыл шаруашылық құрылымдарына, 455 мыңнан астамы шаруа қожалықтарына, 113800-і жеке тұрғындарға тиесілі. Биыл Жамбыл ауданындағы шопандар төлден шашау шығармай, жарты миллионнан астам (530 000 мың) қозы алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 295 000 тонна шөп, 48 000 тонна жем азығы дайындалған.«Жыл сайын Жамбыл ауданындағы мал басы 5-10 пайызға артып келеді. Былтыр қой саны 1 млн 95 мың болса, биыл 1 млн 102 мыңға жетті. Төрт түлікті асылдандыру жұмысы тыңғылықты жүріп жатыр. Ауданда қазіргі таңда 260 мың бас асыл тұқымды қой бар. Негізгісі – қазақтың қылшықты, биазы және жартылай биазы жүнді қойлары. Жалпы санына шаққандағы үлесі – 18,6 пайыз. Оның 164 мыңы – саулық. Ендігі жоспар бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу», – деді маман.Шопандардың айтуынша, биылғы қыс төрт түлікті өте жайлы болыпты. Мәтібұлақ, Талап, Үңгіртас, Ұзынағаш, Жамбыл, Теміржол, Қарасу, Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, Үлгілі ауылдық округінің шаруалары ақпан айының орта шегінен мал төлдететін қора-жайларына көшіп келген. Солардың бірі – Алмат Әлжанов. Ол өткен жылы 500 бас асылтұқымды гиссар қойын алып, шаруашылығын бастаған. Алдағы уақытта қой санын 3000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияға да өтініш беріпті.Айта кетейік, елімізде мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Еті, сүті мен жүніне, мал бордақылау ісіне де жеңілдіктер қарастырылған. Әсіресе мал асылдандыруға ерекше қолдау көрсетіледі. Алматы облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1194419?lang=kk
Алматы облысының 29 дәрігері шетелде кәсіби біліктілігін арттырды 06.04.2026
Алматы облысының денсаулық сақтау саласының мамандары Ресей мен Беларусьтегі жетекші медициналық орталықтар мен оқу орындарында кәсіби тәжірибесін жетілдірді. Биыл облыстық медициналық ұйымдардан 29 дәрігер шетелдік озық тәжірибе мен жаңа технологияларды меңгеру мақсатында іс‑сапарға жіберілді.Дәрігерлер Санкт‑Петербургтегі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Санкт‑Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті және Беларусьтегі «Мать и дитя» республикалық ғылыми‑тәжірибелік орталығы сияқты жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарда білімдерін арттырды. Олар балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте белгілері, ерте даму және араласу, жедел кардиология, сондай-ақ хирургиялық ауруларды емдеудегі аз инвазивті технологиялар бағыттары бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов: «Дәрігерлердің шетелдік тәжірибеден өтуі өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Алынған білім мен тәжірибені әрбір аудан мен қалада тиімді қолданамыз, бұл әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар науқастар үшін өте маңызды», — деді.Барлық іс‑сапарлар облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, дәрігерлер алған білімін тұрғындардың денсаулығын жақсарту мен жаңа емдеу әдістерін енгізу үшін қолданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1194106?lang=kk
Бакуде түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету мәселелері талқыланды 04.04.2026
2026 жылғы 3 сәуір, Баку - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі мәдениеті және мұрасы қорының (Қор) штаб-пәтеріне барып, Қор Президенті Ақтоты Раиымқұловамен келіссөздер өткізді.Келіссөздер барысында тараптар Қордың ағымдағы қызметін, перспективалық жобаларды іске асыру барысын, сондай-ақ түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету мәселелерін талқылады.Тараптар түркі мәдениетін әлемнің түрлі өңірлерінде танытуға бағытталған ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.Кездесу аясында сұхбаттастар Қордың институционалдық нығаюын одан әрі қамтамасыз ету және оның қызметін орта және ұзақ мерзімді кезеңге кешенді жоспарлау қажеттілігі жөнінде пікір алмасты.Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қоры 2012 жылғы 23 тамызда құрылған. Қордың негізгі міндеттері – түрлі іс-шаралар, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1194010?lang=kk
Заречный ауылындағы жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын 04.04.2026
Қостанай облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның жарқын мысалдарының бірі – Қостанай ауданының Заречный ауылында салынып жатқан 250 орынға арналған жаңа емхана.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстары, жертөле және кәріз жүйесін ретке келтіру жұмыстары ғана қалды. Мамандардың айтуынша, барлық жұмыстар жақын бір жарым ай ішінде толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Жаңа емхана пайдалануға берілгеннен кейін Қостанай ауданында медициналық қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарады. Бүгінде Қостанай аудандық ауруханасы 51 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Жаңа заманауи емхананың іске қосылуы бұл мәселелерді толық шешуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасы арта түседі.Осылайша, Заречный ауылындағы жаңа емхана – өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193943?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрі Шығанақ елдерінің және Иорданияның елшілерін қабылдады 04.04.2026
Астана, 2026 жылғы 3 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Шығанақтағы араб елдерінің және Иорданияның елшілерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, өңірдегі шиеленіс төңірегінде пікір алмасты.СІМ басшысы эскалацияның жалғасуына, оның ішінде достас араб елдеріне жасалған соққыларға байланысты елеулі алаңдаушылық танытты.Ол аймақтағы бейбіт тұрғындардың қаза табуына және азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп жатқан барлық соғыс қимылдарын тез арада тоқтатудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық дипломат миссия басшыларына ҚР азаматтарын эвакуациялауға және олардың елімізге аман-есен оралуына жәрдем үшін алғыс білдірді.Министр Қазақстан тарапы Шығанақ елдері көшбасшыларының бейбіт саяси диалог орнату жөніндегі күш-жігерін, сондай-ақ Қытай мен Пәкістанның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған бірлескен бастамасын құптайтынын айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер үшін алаң ұсынуға дайын екеніне назар аударды.Өз кезегінде араб дипломаттары аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық күш-жігердің, соның ішінде Астанамен байланыстар мен үйлестіруді одан әрі нығайтудың маңыздылығын жеткізді. Олар саяси диалогты нығайту, жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1193931?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы таныстырылды 03.04.2026
Астана, 2026 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық тақырыбында дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның халықаралық басым бастамалары, оның ішінде Су жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасын ілгерілету және БҰҰ-ның сайланбалы органдарына мемлекеттің кандидатурасын ұсыну бағытындағы ағымдағы жұмыс таныстырылды.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Саммиттің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шақырылып отырғанын атап өтіп, оның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, тұрақты дамуды ілгерілетуге және экология мен климат саласында практикалық шешімдер әзірлеуге бағытталғанын жеткізді.Қазақстандық дипломаттың пікірінше, елдің климаттық бейтараптыққа көшу, атом энергетикасын дамыту, сондай-ақ Арал теңізін қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы ауқымды жобалары Қазақстанды «жасыл» күн тәртібі көшбасшыларының қатарына шығарады. Іс-шара БҰҰ-мен серіктестікте жүзеге асырылуда, 17-ден астам құрылым тақырыптық сессиялардың тең ұйымдастырушысы және салалық бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы ретінде қатысады.Орталық Азия климаттық қоры Жобалық офисінің басшысы Ерлік Қаражан мазмұндық күн тәртібінің негізгі бағыттарын, оның ішінде өңірлік экологиялық жобалар портфелін қалыптастыру және «жасыл» инвестицияларды тарту мәселелерін таныстырды. Сондай-ақ, Саммитке дайындық барысы туралы хабарлап, халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін және жоғары деңгейдегі шетелдік делегациялардың қатысуы күтілетінін атап өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Зүлфия Сүлейменова Мемлекет басшысының БҰҰ жанынан Су жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасы бойынша жүргізіліп жатқан консультациялар туралы хабарлап, климаттық сын-қатерлер мен су ресурстары тапшылығы жағдайында халықаралық күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығына назар аударды.Сонымен қатар дипломатиялық корпусқа Ләззат Қалтаеваның 2027–2030 жылдар кезеңіне БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетіне сайлану үшін ұсынылған кандидатурасы таныстырылды.Л.Қалтаева өз қызметінің басымдықтарын баяндап, білім алуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік интеграцияға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге баса назар аударды, сондай-ақ инклюзивтілік, кемсітпеушілік қағидаттарына және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ілгерілетуге бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1193867?lang=kk