Экономика
Облыс әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы 22.03.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақ тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.Бүгін – халқымыз үшін ерекше мәні бар күн. Шуақты көктемде жер-дүние қайта жаңарады. Әз-Наурыз – береке мен бірліктің бастауы, молшылықтың мейрамы. Жаңару күні адамдар бір-бірін құттықтап, амандық-саулық сұрасады. Осы үрдістің бастауында үлкенге құрмет, кішіге ізет өнегесі жатыр. Әрбір үйде ақ дастархан жайылады. Бұл күні мейірімділік пен жанашырлық қасиеттер ерекше дәріптелген. Өткен жылғы өкпе-реніштің бәрі ұмытылады. Біз ежелден Ұлыстың ұлы күніне айрықша мән беріп келеміз.«Қазақстан ауқымды саяси реформалар кезеңінен өтуде. Оның маңызды қадамы – Әділетті мемлекет құруға бағытталған жаңа Конституцияны қабылдау болды. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың арқасында еліміз тұрақтылықты сақтап, экономиканы нығайтып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға жағдай жасап келеді. Әртүрлі ұлт өкілдері бірлікте, татулықта өмір сүруде. Қостанай жеріндегі ұлттар достығы құр сөз бен бос ұран емес, күнделікті өмірдегі өзара құрмет пен сыйластықтың айқын көрінісі», – деді облыс әкімі.Бүгінде Қостанай облысы – еліміздің тұрақты дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Әсіресе, облысымыздың аграрлық өңірден индустриялық-аграрлық бағытқа табысты түрде трансформацияланып жатқанын ерекше атап өту керек. Қазіргі таңда Қостанай облысы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі бойынша еліміздің жиырма өңірі ішінде төртінші орында. Өңіріміз – машина жасау саласының орталығы, бұл еліміздегі машина жасау өндірісінің жалпы көлемінің 25%-ын құрайды. Сонымен қатар, аймағымыз ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу экспорты және азық-түлік өндіру бойынша да жетекші орындардың бірін алады. Ал биыл «Кондитерлік астана» жобасының іске қосылуымен, Қостанай облысы еліміздегі ірі кондитерлік өнім өндіруші аймаққа айналады.Ауыл шаруашылығы саласында облысымызда 7 заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, сондай-ақ тағы 7 осындай ферма салынуда. Оның ішінде 5-еуі ағымдағы жылдың өзінде іске қосылады. Автожол саласында өткен жылы 1 300 км жол жөнделді. Былтыр 50-ден астам әлеуметтік нысан іске қосылды: оның ішінде 20-сы білім беру, 12-сі медициналық нысан және 19-ы спорт кешендері. Биыл Қостанайдағы 2 мектептің, Заречный ауылындағы емхананың құрылысы аяқталады.Кедергісіз қоғам қалыптастыруға бағытталған жобаларды ерекше атап өту керек:бұрынғы резиденция базасында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды;мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталуда;Қостанай қаласында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған облыстағы алғашқы желілік үдеткіш іске қосылды.Сондай-ақ Үстел теннисі орталығы, «Осьминог» жаңа аквапаркі және триатлон парк аумағында көпфункционалды стадион салынуда. Әлемдік деңгейдегі үш қонақүй кешені – «Мэрриот», «Новотель», «Холидэй Инн» салынып, 300 жаңа жұмыс орны ашылады.«Бізде барлық бағыттар бойынша еліміздің жетекші облыстарының біріне айналуға нақты мүмкіндіктер бар екенін атап өткім келеді. Мұның барлығы әрқайсыңыздың өңір мен елімізді дамытуға қосқан үлестеріңіздің арқасында деп білемін. Осы жетістіктерді сақтай отырып, болашаққа сеніммен қарай аламыз. Жарқын болашаққа, әділеттілік пен өркендеуге басталған жолымыз ұзағынан болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен қуаныш тілеймін», – деді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1186804?lang=kk
ЖЕР-ДҮНИЕ ЖАҢАРҒАН КҮН 21.03.2026
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!Ардақты ағайын!Баршаңызды Әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Наурыз мейрамы – қазақ халқына және көптеген елге ортақ, сан ғасырлық тарихы бар қастерлі қазына әрі ұлттық құндылығымыздың бір көрінісі. Күн мен түн теңеліп, Жер-дүние қайта түлейтін шақ. Табиғаттың қайта жаңару кезеңі. Бабаларымыз Ұлыстың ұлы күнін әрдайым ізгілік пен берекенің бастауы деп ұлықтаған.Мейірімділік, жанашырлық пен жасампаздық – ұлтымыздың асыл мұрасы. Осы бір ізгі қасиеттер туған өңіріміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдырып, ел бірлігін бекемдеп отыр. Тұрақтылық пен өзара түсіністік – біздің ең басты байлығымыз.Қадірлі жерлестер!Көреген халқымыз Наурызды әрдайым жақсылықтың жаршысына балаған. Биылғы мейрам ерекше мәнге ие. Цифрландыру және жасанды интеллект жылында тарихы мыңжылдықтарға ұласқан ұлы мейрамымыз да жаңаша сипатта тойланып отыр.Баршаңызға мәлім, жуырда ғана референдум өтіп, көпшіліктің қолдауымен жаңа Ата Заң қабылданды. Мемлекет басшысы қол қойған Жаңа Конституция – еліміздің жаңғыру жолындағы басты құқықтық негізі. Түбегейлі өзгерістер мемлекетіміздің дамуына, өлкеміздің өркендеуіне тың серпін берері сөзсіз.Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, игі бастамаларымыз оңынан болсын!Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1186613?lang=kk
Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды 21.03.2026
Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні «Digital Nauryz» бағдарламасы аясында жаңа форматта аталып өтті. Негізгі шара Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Жасанды интеллект пен цифрлық мүмкіндіктер кеңінен қолданылып, мейрам мазмұны жаңа деңгейге көтерілді.Орталық алаңдағы роботтар көрмесі халық қызығушылығын тудырды. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұсаукесер, қыз айттыру, сүйінші сұрау, бастаңғы, беташар, төс қағыстыру, сүйек жаңғырту және басқа да қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те ұлттық мәдениеттің жаршысы болған мерекеге қатысып, тұрғындарды құттықтады. Ал, Сенатор Жанболат Жөргенбаев енді ғана тәй-тәй басқан балақайдың тұсауын кесіп, бата берді.Мерекелік шараға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімі айтулы күннің маңызы жайлы сөз қозғады. «Наурыз мерекесі – халқымыздың бай мәдениеті мен ізгі дәстүрінің терең мәні мен ұлылығын айшықтайды. Табиғат түлеп, тіршілік жаңаратын осы кезеңде адамзат та рухани серпіліп, жан дүниесі жаңарып, үміт пен ізгілікке толы ерекше күйге бөленеді. Осы тұрғыдан алғанда, Наурыз – тек мереке ғана емес, жаңғыру мен жаңарудың символы. Игі дәстүрді жаңа мазмұнмен байыту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесі жаңаша сипатқа ие болды. Мейрамды бір күнмен шектемей, мазмұнын кеңейтіп, «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 10 күндік мерекеге айналдыру – ұлттық құндылықты дәріптеудің жарқын көрінісі. Бүгін біз осы Наурызнама аясындағы маңызды күндердің бірі – «Ынтымақ күнін» атап өтудеміз.Айтулы күнге орай еліміздің барлық өңірінде этноауылдар бой көтеріп, жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Мәдени және спорттық іс-шаралар кеңінен өткізілуде. Наурыз – тек рухани жаңғыру ғана емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең», – деген Марат Елеусізұлы жыл басы алға қойылған мақсаттарды айқындап, тың бастамаларға серпін беретінін айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айтулы нәтижелерге тоқталды. Айтуынша, үш жылда өңірдің өнім көлемі 3,4 трлн. теңгеден 6,0 трлн. теңгеге дейін өсіп, республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілген. Өткен жылы негізгі капиталға 29,4% өсіммен 1 трлн. 355 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,1% өсіммен 2 трлн. 598 млрд. теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 798,4 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 102,0%-ды құраған. Оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 3,6%-ға өскен. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 18,4%-ға көбейген. 1 млн. 69 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Облыс әкімі мұның барлығы өңірімізде жүргізіліп жатқан жүйелі саясат пен нақты жоспардың нәтижесінде қол жеткізілген маңызды жетістіктер екенін айтты. Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.Шара барысында сахнада театрландырылған қойылым көрсетіліп, Роза Рымбаева, Нұрболат Абдуллин, Өмірқұл Айниязов, Тамара Асар сынды эстрада жұлдыздары, «Қоңыр» тобы, «Құлансаз» ансамблі және басқа да өнерпаздар халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Саябақ аумағында қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық ойындар және тақырыптық аймақтар жұмыс істеді. «Жеті қазына» интерактивті кітабы арқылы ұлттық мұра жаңа сипатта дәріптелді. «Face of Nauryz» алаңында келушілердің бейнесі жасанды интеллект көмегімен өңделіп, заманауи стильде ұсынылды. Сондай-ақ роботтардың қатысуымен қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Тіпті құлтемірлер бауырсақ пісіріп, тұрғындарға ұсынды. Жалпыхалықтық мерекеге айналған Ұлыстың ұлы күні осылайшы Алматы облысында кең көлемде тойланды. Қонаев қаласындағы орталық алаңға бес мыңнан астам халық жиналып, мерекелік шара «Digital Nauryz» тұжырымдамасына сай тікелей эфирде көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1186589?lang=kk
Парламент Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады 21.03.2026
2026 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.Құжат Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленіп, Алатауды заманауи, экологиялық таза әрі технологиялық тұрғыда дамыған қала ретінде қалыптастыруға бағытталған. Заң жобасы қаланы өзіндік қаржы моделі, арнайы салық режимі және жаңартылған басқару жүйесі бар дербес экожүйе ретінде дамытуды көздейді.Жаңа басқару моделінің негізгі тетігі – қаланың даму бағыттарын айқындайтын және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін арнайы қала кеңесі болмақ. Оның құрамы Мемлекет басшысы тарапынан бекітіліп, төрағасы ретінде Премьер-Министр белгіленген.Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл құжат Алатау қаласының жедел әрі тұрақты дамуына жағдай жасау мақсатында әзірленген.Заң жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе, соның ішінде Сингапур мен Дубайдың озық үлгілері ескерілген. Бұл қалаға басқару, салық және инвестиция тарту мәселелерін өз бетінше шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық стандарттар мен техникалық регламенттерді енгізуге жол ашады.Заң жобасы келесі бағыттарды қамтиды:* жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттігін жетілдіру;* цифрлық активтердің айналымын реттеу;* төмен биіктіктегі әуе кеңістігін пайдалану және ұшу аппараттарын дамыту;* инвестициялардың қорғалуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;* арнайы салық режимін және ерекше бюджет қатынастарын қолдану.Қазіргі таңда жалпы құны 1,8 трлн теңге болатын 44 инвестициялық жоба бар. Оларды іске асыру шамамен 30 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада, 2050 жылға дейін, қала инфрақұрылымын дамытуға шамамен 10 трлн теңге қажет болады. Сонымен қатар 50 млрд АҚШ долларына дейін шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отыр.Инновациялық көліктерді енгізуге ерекше көңіл бөлінген. Олардың қатарында аэротакси мен жүк дрондарын іске қосу, Алатауды Алматы, Қонаев қалаларымен және туристік аймақтармен байланыстыратын вертопорттар салу, сондай-ақ әуе көлігін пайдалану арқылы туристік бағыттарды дамыту бар. Болашақта туристер Алматы халықаралық әуежайы арқылы «Медеу» спорт кешеніне жедел жету мүмкіндігіне ие болады.Заң жобасының екінші оқылымы 2026 жылдың 27 наурызында өтеді. Ай соңына дейін құжатты Мемлекет басшысының қарауына беру жоспарланған.Бұл бастама Алатауды инвестициялар мен инновациялар тартатын жаңа орталыққа айналдырып, оны тұрақты даму мен тиімді мемлекеттік басқарудың заманауи талаптарына сай қала ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1186504?lang=kk
Ақмола облысында Аймақтық инвестициялық штабтың отырысы өтті 20.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ақмола облысының аймақтық инвестициялық штабының отырысына қатысты. Отырысты облыстық әкімдік ұйымдастырды, оған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының қатысты.Өңірлік инвестициялық штаб үкімет пен бизнестің тиімді өзара әрекеттесуіне арналған алаң ретінде қызмет етеді, онда инвесторлардың сенімі қалыптасады және жобалар жүзеге асырылады.Сыртқы істер министрінің орынбасары кездесуде сөз сөйлеп, аймақтың берік экономикалық негізін атап өтті, оны жаңа инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру үшін пайдалануға болады.«2025 жылдың соңына қарай Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар 926,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ақмола облысы өңірлер арасында инвестициялардың өсуі бойынша бірінші орында, бұл аймақтың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалайды», – деп мәлімдеді Ә.Қуантыров.Кездесуден кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, азық-түлік өндірісін дамытуға, логистикаға және құрылыс индустриясына баса назар аудара отырып, аймақта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Аймақтың туристік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды, бұл жаңа инвестицияларды тарту жолдарын тудырады.Сапар барысында министрінің орынбасары Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановпен кездесті.Сұхбат барысында қатысушылар аймақтың инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ облыс экономикасының өсуі мен дамуын қамтамасыз ету жобаларын іске асыру және қолдау артықшылықтарын талқылады.Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақмола облысындағы «Kazrost Engineering», «Qazaq Kaolin» және «КирЗавод» өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. «Kazrost Engineering» ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын негізгі компания. Компания меншікті әзірленген дестелегіштер (ЖВУ-9) сериясын шығару үшін металл өңдеу жабдықтарын сатып алуды және тракторлар мен комбайндар желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, компания қосалқы бөлшектер мен компоненттерді сатумен айналысатын «Механика KZ» филиалын ашты. «Qazaq Kaolin» компаниясы «Ақмола облысындағы Алексеев кен орнынан каолин негізінде кен-байыту комбинатын салу» инвестициялық жобасы жылына 80-100 мың тонна өнім өндіру қуатына ие. Жобаның жалпы құны шамамен 12 500 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын қағаз және шыны өндірісі, керамика өнімдері, бояу және лак толтырғыштары, резеңке-техникалық бұйымдар, мұнай-газ өнеркәсібі және басқа да салалар үшін қам каолинді шығарып, өңдейді. Жоба ішкі және халықаралық нарықтардың каолинге деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын кәсіпорын құрады. «КирЗавод» компаниясы «Көкшетау қаласында кірпіш зауытының құрылысы» жобасын да аралап көрді. Зауыттың жоспарланған қуаты жылына 60 млн кірпіш, ал қажетті инвестиция шамамен 13,7 млрд теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1185946?lang=kk
«Құрмет» ордені 20.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президенті атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен марапатталғандар: Важничая Ирина Михайловна −Денисов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы; Қожабеков Ержан Иманжанұлы −«Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;Мамедов Рихсибай Абдурахманович −«М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесінің президенті; Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы −«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның проректоры; Өтебаева Динара Қайырбекқызы − «Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорының басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185794?lang=kk
Қостанай облысында AI-mektep мультисервистік платформасы іске қосылмақ 20.03.2026
AI-Mektep — жасанды интеллект негізінде құрылған жаңа буындағы білім беру платформасы. Ол мектеп оқушыларын емтихандарға (ҰБТ) дайындауға және заманауи оқу дағдыларын дамытуға арналған. Жоба цифрлық AI-платформаны және білім беру кеңістігін біріктіреді, мұнда оқушылар виртуалды AI-тәлімгердің көмегімен пәндерді өз қарқынымен меңгере алады.Платформа интерактивті сабақтарды, бейне және аудио түсіндірмелерді, тесттердің автоматты түрде жасалуын және оқу үлгерімін талдауды ұсынады. Жобаның негізгі мақсаты — сапалы білімге қолжетімділікті арттыру, оқушылардың ынтасын күшейту және өңірдің білім беру ортасына жасанды интеллекттің заманауи технологияларын енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185647?lang=kk
Қазақстан мен Грузия инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады 19.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесті.Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, әсіресе өзара қатысу арқылы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) логистикалық инфрақұрылым жобаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кооперация жобаларын талқылауға ерекше назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1185376?lang=kk
Ағымдағы жылдың 19 наурызында облыстың мемлекеттік органдары басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті 19.03.2026
Күн тәртібінде ұлттық экстремизмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және кәмелетке толмағандар арасында және дене шынықтыру және спорт саласында 2024 – 2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол карталарын іске асырудың аралық нәтижелері туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша облыс әкімдігінің мемлекеттік органдары мен басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185300?lang=kk
«Алатау аманаты» жобасы аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде 19.03.2026
Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Қастек шатқалынан бастап, Шарын ұлттық табиғи паркінің аумағына дейін жалпы ұзындығы 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут кешенді түрде зерттелді.Зерттеу барысында табиғи нысандар, тарихи-мәдени көрікті жерлер, инфрақұрылым мүмкіндіктері толық қамтылып, барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Зерттеу қорытындысы бойынша маршруттар жүйеленіп, 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты заманауи цифрлық платформаларға енгізілді.Аталған жобаның іске асырылуы маршруттарды оңай жоспарлауға, нақты бағыт-бағдарды айқындауға және қауіпсіз саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама экологиялық туризмнің дамуына, табиғи мұраны сақтауға және жергілікті халықтың табысын арттыруға ықпал етеді.«Алатау аманаты» жобасы тұрақты даму қағидаттарына негізделген және халықаралық стандарттарға сәйкес өңірдегі туризмді дамытудың кешенді тәсілінің үлгісі болып есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1185010?lang=kk
Алматы облысында агроөнеркәсіпке 44,6 млрд теңгенің 7 жобасы іске асады 19.03.2026
Алматы облысында биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында жалпы құны 44,6 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аталған жобалар агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – «СҚО тәжірибесімен АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы». Бағдарлама аясында 4 млрд теңге қарастырылып, екі жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған «Alfalfa» ЖШС жобасына 1,5 млрд теңге, ал жүгеріні қайта өңдеу зауытын кеңейту жобасына «Азия агро фуд» АҚ-на 2,5 млрд теңге бөлінді.Бұдан бөлек, 2026 жылы осы бағдарлама шеңберінде 5 млрд теңгеге тағы 4 жобаны іске асыру жоспарланған.Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықовтыңайтуынша, өңірде агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі.«Биыл іске асатын жобалар өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады», – деді Димаш Сыдықов.Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бірлесіп қалыптастырған «Инвестицияға тапсырыс» аясында жалпы құны 708,7 млрд теңгені құрайтын 26 жобаны қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Айта кетейік, 2025 жылы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі (алкогольді сусындарды есепке алмағанда) 178,2 млрд теңгені құрап, жоспар 145,4%-ғаорындалды. Жоспар бойынша 122,6 млрд теңге көзделген еді.Сондай-ақ, бекітілген Жол картасы аясында өткен жылы жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылды. Олардың қатарында 9 сүт фермасы, 1 жылыжай кешені, 1 балық шаруашылығы, 1 көкөніс қоймасы, 1 вафельді нан өнімдерін өндіретін зауыт және 1 құс фабрикасы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1184704?lang=kk
Іле ауданында 30 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылуда 19.03.2026
Іле ауданында көгалдандыру жұмысы қарқынды жүруде. Ақши ауылынан бастап, 15 шақырымға созылған жол жиегіне 30 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылуда.Одан бөлек 10 мың қылқанжапырақты ағаш елдімекендер көркін аушға пайдаланылмақ.Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Бөкенаевтың айтуынша, өткен жылы мамыр айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға «Алматы» стансасы торабын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасы аясында 8500-ге жуық ағашты кесуге рұқсат берген.Аталған жұмыстар соның өтемі ретінде жүргізілуде. Мердігер мекеме – ¬«Ақбастау Gardens» ЖШС. Келісімге сәйкес ағаш биіктігі 2,5 метрден, ал қылқанжапырақты түрі 2 метрден кем болмауы керек.– Осы уақытқа дейін 6 мың ағаш көшеті отырғызылды. Біз табиғат ерекшелігін де назарға алдық. Бұл ағаш түрі ыстық ауа райына бейімделген. Ылғал ұстап тұратын гидрогель қоспасын пайдаланудамыз. 30 жұмысшы еңбек етуде.Бірнеше техника жұмыс істеп тұр. Күніне 2000-ға жуығын отырғызып жатырмыз. 1 жарым айда толық бітеміз деген жоспар бар. Сондай-ақ біз 3 жыл бойы күтіп-баптау шараларын да жүргізетін боламыз. Кейін жергілікті әкімдікке тапсырамыз, – деді «Ақбастау Gardens» ЖШС-ның учаске басшысы Сәбит Қарақұлов. Осылайша жұмыс толық аяқталған соң аудан жасыл желекке оранып, тұрғындар игілігіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1184693?lang=kk
Алматы облысында дәрігерлер ауыр тамыр патологиясы бар 64 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды 18.03.2026
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында шұғыл түрде жеткізілген науқасқа күрделі ота сәтті жасалды. Дәрігерлер оған қолқа аневризмасының жарылу қаупімен асқынған жедел аорталық синдром диагнозын қойды. Сонымен қатар, ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылып, төменгі аяқта сыни ишемия дамыған.Шұғыл түрде дәрігерлер консилиумы өтіп, хирургиялық араласу туралы шешім қабылданды. Мамандар аневризманы алып тастап, заманауи тамырлық протезді қолдана отырып, аорто-сандық бифуркациялық шунттау операциясын жүргізді.Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында аневризманың жарылу қаупі жойылып, науқастың жағдайы тұрақтандырылды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, екі аптадан соң науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.Барлық тексеру мен емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1184320?lang=kk
Облыс әкімі емхана құрылысымен танысты 18.03.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай ауданының Заречный кентінде салынып жатқан емхана құрылысын тексерді.Мемлекет Басшысы денсаулық сақтау саласы еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі болып қалатынын атап өтті.Ағымдағы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 129,4 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылға қарағанда 1,6 есеге жоғары.Бүгінгі таңда облыста 440 медициналық ұйым жұмыс істейді. Маңызды мәселелердің бірі – ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызмет көрсету. Облыс халқының 36%-ын немесе 296 мыңнан астам адамды ауыл тұрғындары құрайды.Соңғы 3 жылда ауылдық жерлерде 34 бастапқы медициналық көмек нысаны салынды, оның ішінде 11 нысан сіздің ауданда орналасқан. Олар ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиотерапиялық аппараттармен жабдықталған. Бұрын мұндай мүмкіндіктер ауыл деңгейінде болмаған.Бүгінде Қостанай ауданының Заречный ауылында 250 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 3,3 млрд теңге.Жалпы ауданы 4,7 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты емхана рентген аппаратымен, флюорографпен, маммографпен, ультрадыбыстық диагностика аппаратымен, ЛОР-комбайнмен, стоматологиялық қондырғымен, биохимиялық анализатормен жабдықталады.Жаңа емхана бастапқы қабылдаудан бастап кешенді диагностикаға дейінгі амбулаториялық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді.Мұнда кардиологтар, хирургтар, онкологтар, невропатологтар, эндокринологтар және басқа да бейінді мамандар кең ауқымда қабылдау жүргізеді, сонымен қатар балаларға ерекше көңіл бөлінеді.Емхана келесі функционалдық бөлімдерге бөлінеді:келушілерге арналған жалпы орындар;жалпы дәрігерлік практика бөлімі;оңалту бөлімшесі бар күндізгі стационар;консультациялық-диагностикалық көмек бөлімі;зертхана, биохимиялық бөлім;жалпы қызметтік бөлмелер;функционалдық диагностика;ультрадыбыстық зерттеу кабинеті;рентген-флюорографиялық және рентген-маммографиялық кабинеттер;орталық стерилизация бөлімі.Бұл мекемеде шамамен 300 адам жұмыс істейтін болады.Айта кету керек, қазіргі уақытта емхана бейімделген ғимараттарда орналасуға мәжбүр.Жаңа емхананың пайдалануға берілуі халыққа медициналық қызметтерді қолжетімді етіп, облыс орталығына бару қажеттілігін азайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1184558?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Мысыр Елшісімен кездесу өтті 18.03.2026
Астана, 2026 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысыр Араб Республикасының Елшісі Ибтиссам Ракха Хассанмен кездесті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында екі ел арасындағы серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар Астана мен Каир арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1183835?lang=kk
Үкімет тарапынан жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет: Олжас Бектенов жоспарды жүзеге бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды 18.03.2026
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыруға бағытталған жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет екеніне назар аударды.«Үкімет тарапынан «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 15 сәуірге дейін конституциялық заңдардың жобаларын әзірлеп, Үкіметке енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар жаңа Конституцияға сәйкес, кейбір өңірлердің жедел экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін екені атап өтілді.«Парламентте “Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасын қарауды жеделдетіп, Мемлекет басшысына наурыз айының соңына дейін қол қоюға ұсыну қажет. Президент “Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды. 7 сәуірге дейін жаңа Конституцияны ілгерілету жоспарын бекітуіміз керек. Әділет министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспар жобасын әзірлеп, 1 сәуірге дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жоспарды іске асыру бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шараларды қабылдасын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1183886?lang=kk
Астанада дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған дәстүрлі «Наурыз балы» өтті 18.03.2026
Елорданың театрында Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен жыл сайынғы «Наурыз балы» өтті.«Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара бірлік пен жаңаруды айшықтайтын мәдени дипломатияның маңызды платформасына айналды.Салтанатты кештің ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамының биылғы ерекше маңызына тоқталды. Ол мерекенің жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдуммен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Министр халықтың реформаларды қолдауы Қазақстанның әділдік пен инклюзивті қоғам құру принциптеріне адалдығын дәлелдейтінін жеткізді.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев өз сөзінде Наурыздың халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы мәдени дипломатияның негізгі элементі ретіндегі рөлін баса айтты. Дипломаттың айтуынша, мерекенің басты құндылықтары – ынтымақ пен жаңару халықаралық ынтымақтастықтың іргетасы.Сонымен қатар іс-шара бағдарламасы шетелдік қонақтарды қазақтың мәдени кодымен таныстыруға бағытталды. Қонақтар киіз үй құру үдерісін тамашалап, ұлттық билер бойынша шеберлік сағаттарына қатысты. Сондай-ақ, дипломаттар дәстүрлі сайыстарға қатысып, қазақ дастарқанының ерекшеліктерімен танысты, бұл оларға халқымыздың қонақжайлылық атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Музыкалық бөлімде әлемдік классика мен қазақ фольклорының синтезі ұсынылып, танымал туындылар ұлттық аспаптарда орындалды.Мерекелік кешке дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНИСЕФ, ДДСҰ, ХКҰ, ЕҚЫҰ және Дүниежүзілік банк) 70-тен астам басшылары мен өкілдері қатысты.Салтанатты шара соңында дипломатиялық миссия басшылары мұндай мәдени бастамалар халықаралық қоғамдастықты жұмылдыруда және ортақ құндылықтарды ілгерілетуде зор маңызға ие екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1183995?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты 17.03.2026
Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1183402?lang=kk
Қостанай облысында «National Robotics Games» робототехника бойынша облыстық жарыс өтті 17.03.2026
Қостанай ауданында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша облыстық ұлттық «National Robotics Games» жарысы өтті.Жарысқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан келген 200-ден астам оқушы мен педагог қатысты.Іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың инженерлік және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ робототехника және заманауи технологиялар саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.Жарыс дарынды жастарды қолдауға, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға және оқушылар арасында инженерлік мамандықтарды насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Турнирдің ерекшелігі – заманауи технологиялық бағыттарды ұлттық мәдениет элементтерімен ұштастыруы болды.Қатысушылар бірнеше санат бойынша бақ сынады. Олардың қатарында: «Aero Nomad» (дрондар), «Асық ату», «Мерген», «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Lego-аударыспақ», «Теңге алу», сондай-ақ шығармашылық «StoryCraft AI» санаты бар.Осындай жарыстарды өткізу мектеп оқушыларының инженерияға, бағдарламалауға және инновациялық технологияларға қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың цифрлық дәуірде сұранысқа ие дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1182646?lang=kk
Көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлік 16.03.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқыны кезеңі қарсаңында Қостанай қаласы көшелерін қардан уақытылы әрі сапалы тазарту жұмысымен танысты.Қыс мезгілінде қаладан 313 мың тонна қар шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (95 мың тонна). Негізгі жүктеме 5 қар полигонына түсуде. Қазіргі уақытта олардың толу деңгейі 60%-дан 90%-ға дейін жетіп отыр.Қостанай-2 ауданында су басуы ықтимал 44 тұрғын үй орналасқан. Осы аумақтан 40 мың тоннадан астам қар шығарылды.«Қазіргі уақытта біздің басты міндетіміз – көшелерден, аулалардан, жол қиылыстарынан және еріген қар суы жиналу қаупі бар аумақтардан қарды шығаруды барынша жеделдету. Еріген судың еркін ағуы үшін суағарларды, арықтарды және су бұру арналарының тазалығына ерекше назар аудару қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Еріген қар суын өткізу үшін 110 км суағар жүйесі жұмыс істейді, оның 4,9 шақырымы Қостанай-2 ауданында орналасқан. Сонымен қатар суды Тобыл өзеніне бағыттауды қамтамасыз ететін 5 гидротехникалық нысан бар.«Жұмыстар жүйелі түрде және күшейтілген режимде жүргізілуі тиіс. Барлық қажетті техниканы жұмылдыру, тәулік бойы бақылау ұйымдастыру және проблемалық учаскелерге жедел әрекет ету маңызды. Бұл жұмыстың тиімділігі тұрғындардың қауіпсіздігіне, қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысына және қаланың көктемгі кезеңге дайындығына тікелей әсер етеді. Біздің міндетіміз – қаланың көктемді дайын күйде және су басу қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау», – деді аймақ басшысы.«КапиталГруппСоюз» ЖШС қарды күшейтілген режимде шығаруда. Жұмысқа 18 бірлік техника тартылған. Сонымен қатар облыстық ТЖД жеке құрамы, ІІМ академиясының 80 курсанты, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының 50 еріктісі жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1182191?lang=kk