Технология
Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды 29.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат мәселелері жөніндегі өңірлік директоры Абебе Адугнамен кездесті.Тараптар ағымдағы экономикалық жағдайды, реформалардың одан арғы бағыттарын, инфрақұрылымды дамытуды және ынтымақтастық перспективасын талқылады.Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен әріптестігінің стратегиялық сипатын атап өтті. Ынтымақтастықтың 33 жылы ішінде банктің қолдауымен көлік, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, жасыл технология және цифрландыру саласында жалпы сомасы $8 млрд-тан асатын қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.Абебе Адугна Қазақстан экономикасының өсу мен инвестициялық белсенділіктегі оң динамикасын атап өтті.Кездесудің едәуір бөлігі инфрақұрылымды дамытуға және оны қаржыландыру тетіктеріне арналды. Дүниежүзілік банк өкілдері инфрақұрылымдық инвестицияларды олардың тиімділігін арттыратын және өнімділік пен инновацияның өсуіне жағдай жасайтын институционалдық және реттеуші реформалармен сүйемелдеу маңызды екенін атап өтті.Серік Жұманғарин Қазақстан инфрақұрылымды дамытуды тек ішкі қажеттілік тұрғысынан ғана емес, аймақтық контексте де қарастырып отырғанын айтты. Сөз Орталық Азияны басқа аймақтармен байланыстыратын көлік бағыттарын одан әрі дамыту туралы.«Қазақстанның инфрақұрылымы – Орталық Азияның ірі бірыңғай инфрақұрылымдық тізбегін құрудағы алғашқы қадам ғана. Сөз тек біздің ішкі жолдарымыз бен теміржолдарды жақсарту туралы ғана болып отырған жоқ. Бұл жолдардың барлығы біз үшін және көрші елдер үшін тиімді болуын қамтамасыз етуіміз керек», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Дүниежүзілік банк халықаралық тәжірибені ескере отырып, инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктері бойынша қазақстандық тараппен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1300506?lang=ru
Үкіметте 9 айдағы экономика дамуының алдын ала қорытындысы қаралды 29.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында 9 айдағы экономикалық өсімнің алдын ала нәтижелері қаралды.Жалпы ішкі өнімнің өсіміне негізгі үлесті құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймаға жинау, сауда және ауыл шаруашылығы салалары қосып отыр.Өңдеу өнеркәсібінде қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша нақты көлем индексінде оң өсім сақталады деп күтілуде. Өсімдегі негізгі үлесті машина жасау және химия өнеркәсібі қамтамасыз етуде.2026 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша машина жасау саласында жеңіл автомобиль өндірісі 34,2%-ға өсіп, 117,2 мың бірлікке жетті. Жүк және арнайы техника өндірісі 18,5%-ға, теміржол платформаларын шығару 76,6%-ға, жолаушылар вагоны өндірісі 40,9%-ға ұлғайды. Химия өнеркәсібінде күкірт қышқылы өндірісі 4%-ға, полипропилен 24,5%-ға, аммофос 10,3%-ға өсті.Бұл ретте металлургияда НКИ 97,5% деңгейінде сақталуда. Көрсеткіштерді жақсарту үшін шикізат базасын кеңейту шаралары қабылданып жатыр. Ел ішінде және шетелде әлеуетті жеткізушілермен келіссөз жүргізілуде.Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп кәсіпорындарды шикізаттың қосымша көлемімен қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы ақпаратты тыңдады. Талқылау қорытындысы бойынша металлургия саласы үшін шикізат базасын кеңейту жұмысын жалғастыруды тапсырды.Құрылыста да оң динамика сақталуда. Қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының көлемі 6,1 трлн теңге немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 115,6% болды. Өсім 18 өңірде байқалды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы болжануда. Мәселен, тұрғын үй құрылысында өсім сақталып отыр: сегіз айда 11,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,6%-ға артық. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 12,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп болжануда.Көліктік-логистикалық сектор оң динамиканы сақтап отыр. Жүк тасымалының өсуіндегі негізгі үлесті астық пен көмір темір жол тасымалы қамтамасыз етеді. Астық тасымалдау көлемі 3 млн тоннаға артып, 13,6 млн тоннаға жетті, көмір 1,1 млн тоннаға, темір рудасы 2,8 млн тоннаға ұлғайды. Бұл қарқын мұнай мен газ тасымалдау көлемін сақтау және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы орындалуда.Сауда экономиканың өсуіне айтарлықтай үлес қосуды жалғастыруда. Қаңтар-тамыздағы сауда саласындағы НКИ – 106%. Айналым 51,5 трлн теңгеге жетті. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім болжануда. Негізгі салымды көтерме сауда қамтамасыз етуде. Мұдағы айналым 34,7 трлн теңгеге жетті. Ол металлургия өнімі, астық және отын саудасының өсуі есебінен орындалды. Бөлшек саудада айналым 17 трлн теңгеге жетіп, бұл ретте азық-түлік тауары бойынша ең жоғары қарқын байқалды.Кеңесте өңірлердегі сауданы дамыту мәселесі де қаралды. Вице-премьер әкімдіктерге Премьер-министрдің сауданы дамытудың өңірлік жол карталарын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Агроөнеркәсіптік кешенде қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша көрсеткіштер тұрақты өсуі мүмкін. Болжам бойынша оң динамика жыл соңына дейін сақталады. Биыл егін жинау қарқыны былтырғыдан жоғары. Негізгі үлесті майлы дақылдың жалпы жиналуының ұлғаюы есебінен егін шаруашылығы қамтамасыз етіп отыр. Мал шаруашылығындағы өсім заманауи тауарлы сүт фермаларының жобалық қуатқа жетуі есебінен сүт өндірісінің артуымен, сондай-ақ бордақылау алаңдарын жеңілдікпен несиелеудің нәтижесінде ет өндірісінің өсуімен орындалмақ.Азық-түлік өнеркәсібі экономиканың өсуіне қосымша үлес қосуда. Қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша жаңа қуаттарды енгізу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірісті кеңейту есебінен өндірісте оң серпін күтілуде.Серік Жұманғарин үш тоқсанның соңында барлық негізгі салалар бойынша болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.«Біздің міндетіміз – жыл соңына дейін қарқынды жеделдету емес, бекітілген жұмыс кестесін нақты орындау. Сегіз айдың ішінде барлық негізгі ресурстар таратылып, қажетті резервтер құрылды. Ендігі міндет оларды тиімді пайдалану, қаражатты уақтылы және сапалы игеру және негізгі салаларда белгіленген жұмыс кестелерін сақтау. Басты назарды өндірістік тізбектерге аудару керек. Бұл құрылған қуаттарды қажетті ресурстармен және жиынтықтауыштармен (бөлшектермен) қамтамасыз ету үшін маңызды», — деп түйіндеді штаб отырысын вице-премьер.#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1300142?lang=ru
Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен ынтымақтастықты кеңейтеді 23.09.2026
Құрылтай «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады.Құжатқа сәйкес, Банк қаржыландыратын жобалар енді оның қағидалары негізінде іске асырылады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, банк тәжірибесі, қаражат бөлу, қаржылық бақылауды жүзеге асыру, ақпаратты ашу, сатып алуды жүргізу, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік стандарттарға қатысты талаптар сақталуға тиіс.Осылайша, Негіздемелік келісім Қазақстанда Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің болашақ жобалары үшін бірыңғай құқықтық нормалар қалыптастырады. Бұл әрбір жаңа жоба бойынша бірдей талаптарды жеке-жеке белгілемеуге және болашақта сын-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.Құжаттың негізгі міндеттері – инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту, қаржыландырудың басым секторларын айқындау және жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыру.Келісімді ратификациялау Қазақстанға көлік, энергетика, цифрлық байланыс және экономиканың басқа да секторларындағы жобаларды қаржыландыру үшін инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1297196?lang=ru
«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады 23.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин фронт-офистің ашылуына қатысып, бизнесті қолдаудың жаңа форматымен танысты.Бірыңғай фронт-офис «Бәйтерек» тобы ұйымдарының қолдау құралдарын «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Мұнда кәсіпкерлер кеңес алып, қолайлы қолдау құралын таңдай алады. Өтінім беріліп, қаржыландыру қарастырылуға дейін жоба сүйемелденеді.Фронт-офистер Қазақстанның барлық өңірінде «Даму» қорының филиалдары базасында жұмыс істейді. Шалғай жатқан аудандар мен ауылдардағы кәсіпкерлер үшін мамандардың аудандарға баруына арналған мобильді кеңселер – автобустар қарастырылған. Осылайша, өз өкілдіктері жоқ кейбір даму институттарының қажетті кеңесі мен қолдауын облыс орталығына бармай-ақ алуға болады.Фронт-офис консультанттары «Бәйтерек» тобының ұйымдарға көрсететін қолдау құралдары бойынша ақпарат береді:«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және қолдаудың қаржылық емес шаралары;Қазақстанның Даму банкі – ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру;Qazaqstan Investment Corporation – тікелей инвестициялар және венчурлық қаржыландыру құралдары;Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі – экспорттық несиелерді сақтандыру;Өнеркәсіпті дамыту қоры – кәсіпорындарды жаңғыртуға арналған жеңілдікті және лизингтік қаржыландыру.«Бүгінгі таңда біздің мамандарымыз тек Қордың құралдарымен жұмыс істеп қоймай, “Бәйтерек” холдингінің басқа да ұйымдары ұсынатын шешімдерді таңдауға көмектеседі. Шын мәнінде, “Даму” қорының өңірлік желісі жеңілдікпен несиелендіру мен кепілдіктерден бастап, инвестициялық қаржыландыруға, экспортты сақтандыру мен лизингке дейінгі қаржылық және қаржылық емес құралдардың кең ауқымына қол жеткізудің бірыңғай терезесіне айналып келеді», — деді «Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.Бірыңғай фронт-офистің техникалық іске қосылуы осы жылғы ақпанда өтті. Осы уақыт ішінде консультанттар кәсіпкерлердің 30 мыңға жуық өтінішін қабылдаған. Фронт-офис арқылы 1 250 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды.Бірыңғай фронт-офис базасында Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары да пилоттық режимде жұмыс істеуде. Олардың міндеті – кәсіпкерлерге мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды талап ететін нақты мәселелерді шешуге жәрдемдесу.Орталық мамандары мәселені бастапқы талдаудан өткізіп, оны шешудің ықтимал жолын анықтайды. Қажет болған жағдайда жұмысқа салалық мемлекеттік органдар, қаржы институттары, әкімдіктер мен «Бәйтерек» тобының ұйымдары тартылады. Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларын, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарын қамтуда.«Мұндай қолдаудың барлық өңірде болуы маңызды. Біз кәсіпкерлерді қолдау тәсілін неғұрлым тиімді ете отырып, “Іскер аймақ” бағдарламасын ауылдарға таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте “Даму” қорының өңірлік филиалдары мен мобильді фронт-офистері үлкен рөл атқаруы тиіс. Консультанттардың міндеті – бизнестің қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңін сүйемелдеу. Тағы бір маңызды бағыт – бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары. Кәсіпкерлер проблемалармен жиі бетпе-бет келеді. Бірақ қайда жүгінуді, қалай шешуді білмей жатады. Орталықтар осыны жолға қою үшін құрылуда. Әзірге олар еліміздің бес өңірінде пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1296836?lang=ru
Астанада бизнеске қойылатын міндетті талаптар бойынша AI-навигатор таныстырылды 23.09.2026
Астанада Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан" атты Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімінің пилоттық жобасы таныстырылды.Жобаның тұсаукесері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында өтті. Жобаны Ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков таныстырды.Жасанды интеллект жүйесі нормативтік құқықтық актілердегі бизнеске қойылатын талаптарды бір жерге жинап, олардың қайсысы қай қызмет түріне жататынын анықтауға көмектеседі.Бүгінгі таңда бизнеске қойылатын талаптар заң, кодекс, қаулылар және ведомстволық бұйрықтар тәрізді мыңдаған нормативтік құқықтық актілерде бар. Бір міндет бірнеше құжатта болуы мүмкін. Ал норма үнемі өзгеріп отырады. Нәтижесінде кәсіпкер қай кезде қандай талапты сақтау керектігін анықтай алмай қиналады."Кәсіпкер көп заңнамадағы өз қызметіне қатысты талапты табу үшін көп уақыт кетіреді. Біздің міндетіміз — бұл процесті жеңілдетіп, ұғынықты ету. Жасанды интеллект көмегімен тізілім қажетті талапты бір жерде жинап, оның кімге қатысты екенін, не істеу керектігін, мерзімін және орындалғанын растауды көрсетеді. Бұл бизнеске заңнаманы тез түсініп, өзінің негізгі қызметімен айналысуына мүмкіндік береді", - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.Жасанды интеллект нормативтік құқықтық актілердің мәтінін талдап, міндеттемелерді анықтайды. Орындаушыны, міндеттеменің мәнісін, мерзімін, орындалғанын растауды, бақылаушы органды, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершілікті талдап көрсетеді.Бұл ретте әрбір талап бойынша түпкілікті шешімді адам қабылдайды. Ешқандай норма автоматты растау мәртебесіне ие болмайды. Уәкілетті мемлекеттік орган әрбір талапты тексеріп, редакциялайды немесе қабылдамайды. Барлық әрекет жүйеде жазылғандықтан, бұл өзгерістер кезеңін бақылауға мүмкіндік береді.Бизнесте қалай жұмыс істейдіТізілім кәсіпкер үшін заңнама талаптары бойынша навигатор болады. Пайдаланушының ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрін таңдап, БСН, саланы немесе тиісті сценарийді көрсетіп, бірнеше сұраққа жауап беруі жеткілікті.Осыдан кейін жүйе нақты қызмет аясында жеке профиль қалыптастырады. Онда eGov.kz және eLicense.kz.сілтемесі арқылы қажетті рұқсат құжаттары, бизнес жұмысының түрлі кезеңіндегі талаптар, сондай-ақ тиісті реттеу саласындағы жалпы міндеттер көрсетіледі.Қалыптасқан профиль негізінде кәсіпкер PDF форматында анықтамалық қорытынды ала алады. Ол тілдік модельді қолдана отырып, тек профильге енгізілген нормалар негізінде, қосымша болжамдарсыз дайындалады. Құжат ақпараттық сипатта болып, қолданыстағы ережелерді тезірек парақтауға көмектеседі.Осылайша, бизнес қажетті ақпарат табу уақытын қысқарта алады. Талаптарды бұзу қаупі азайып, жобаны бастау немесе дамыту үшін қажетті рұқсаттар мен міндеттемелер тезірек анықталмақ.Тізілім заңнамадағы өзгерістерді қадағалайдыЖүйе заңнамадағы өзгерісті де қадағалап отырады. Нормативтік құқықтық актінің жаңа редакциясы пайда болған кезде ол оны алдыңғы нұсқамен салыстырып, қандай норма қосылғанын, өзгергенін немесе алынып тасталғанын көрсетеді.Күші жойылған актілер қолданыстағы тізілімнен алынып тасталады. Бұл ретте өзгерістер тарихы сақталады.Бірыңғай жүйе реттеушілік жүктемені азайтадыМемлекет үшін тізілім бизнеске реттеуші жүктемені талдау құралына айналады. Жүйе әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде қайталанатын талаптарды, сондай-ақ олардың арасындағы ықтимал қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.Талдау кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі нормалардың мазмұны, сандық параметрлер, субъектінің санаты және құжаттың заңды күші ескеріледі.Байланысты актілердегі өзгерістер немесе ықтимал қайталанулар мен қайшылықтар анықталған кезде жүйе норманы қосымша қайта қарау туралы ұсыныс қалыптастырады. Түпкілікті шешімді жауапты мемлекеттік орган қабылдайды.Бұл реттеуші жүктемені дәйекті түрде төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар талаптардың қай жерде артық екенін, қай сала неғұрлым егжей-тегжейлі реттелетінін және қандай норма қайта қарауды талап ететінін көре алады.Сондай-ақ, жүйе нормативтік актілерді қайта қарау мерзімін қадағалап, жауапты органдарға тиісті жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы алдын ала хабарлайтын болады.Алдағы уақытта Тізілімді басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және цифрлық сервистермен біріктіру жоспарлануда. Бұл бірыңғай цифрлық экожүйеде міндетті талаптар туралы дәлелденген деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1296636?lang=ru
Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері World Cleanup Day акциясына қатысты 19.09.2026
19 қыркүйек күні Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткен Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day акциясына қатысты.Министрліктің 250-ден астам қызметкері Астанадағы Орынбор көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аумағын тазалауға шықты. Бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде қоғамдық аумақ абаттандырылып, елорданың тазалығына үлес қосылды.World Cleanup Day акциясына еліміздің түкпір-түкпірінен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, волонтерлер, бизнес өкілдері, жастар мен тұрғындар қатысты.Осындай ортақ бастамалар қаланы таза ұстауға ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294828?lang=ru
Ауылға қолдау көрсетуге 7 млрд теңге: Ерлан Сагнаев Жуалы ауданының тұрғындарымен бизнесті қолдау шараларын талқылады 19.09.2026
18 қыркүйек күні Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы ауылында аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халықты мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлікті және ауылдық аумақтарды дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.Жуалы ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамиканы сақтап отыр. 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 20,5 млрд теңгені, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7 млрд теңгені құрады.2026 жылы Жамбыл облысының ауылдық елді мекендеріндегі тұрғындарды қолдауға «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 млрд теңге көзделген. Қаражат кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға, ауыл шаруашылығын дамытуға және халық үшін жаңа табыс көздерін құруға бағытталады.Ауылдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де жеке талқыланды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылы Жамбыл облысында жобаларды іске асыруға 4 млрд теңге бөлінді. Жалпы бағдарлама аясында 18,1 млрд теңге сомасына 72 жоба іске асырылды. Жуалы ауданында мектептерге қосымша ғимарат құрылыстары мен мәдениет үйлерін салу, сондай-ақ спорт мектептерін реконструкциялауды қамтитын төрт жоба іске асырылды.Кездесу барысында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері де қозғалды. 2026 жылғы қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша ауданда шамамен 5,9 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде қаржыландыру және субсидиялау құралдарын пайдалана алады.Ерлан Сағынаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында мобильді фронт-офистерді дамытуды жалғастырып жатқанын атап өтті. Олар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда, барлық 17 өңірде жұмыс істейді және шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультация алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Жуалы ауданының 25 тұрғынына консультация берілді. Тұрғындар кредиттеу және кәсіпкерлікті қаржыландырудың өзекті мәселелеріне, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алу шарттарына, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау құралдарының қолжетімділігіне белсенді қызығушылық танытты. Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру, бизнестің жаңа бағыттарын дамыту және аудан тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселелері көтерілді.Бұған қоса, аудан тұрғындары елді мекендердің инфрақұрылымы мен абаттандырылуын дамыту, коммуналдық қызметтердің сапасы және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігіне қатысты мәселелерді атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294796?lang=ru
Қазақстан ШЫҰ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды 19.09.2026
Душанбеде сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер министрлерінің 25-ші кеңесі өткізілді. Кездесуде Қазақстанды ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев таныстырды.Қатысушылар өзара сауданы, инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты, көліктік-логистикалық байланысты дамытуды, сауданы цифрландырып, сауда рәсімін жетілдіруді талқылады. Өндірістік кооперацияны және қосылған құнды құрудың өңірлік тізбегін дамытуға ерекше назар аударылады.Асан Дарбаев Қазақстан ШЫҰ-ны сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру үшін маңызды алаң ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ұйым елдері арасындағы өзара сауданың әлеуеті елеулі болып қала береді.2025 жылы Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы бір жылда 7%-ға артып, 72,5 млрд АҚШ долларына жетті. 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өзара сауда көлемі 35,9 млрд доллар. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 9,8%-ға артық.«Осыған байланысты сауда рәсімдерін жеңілдету, тауарлардың шекара арқылы өту уақытын қысқарту және бизнеске әкімшілік жүктемені азайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру маңызды. Бұл өзара сауданың одан әрі өсуі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр.Қазақстан сондай-ақ қағазсыз және электрондық сауданы одан әрі дамытуды, сауда рәсімдерін цифрландыруды және электрондық құжаттарды өзара тануды жақтады. Еліміз ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімін дайындауға ерекше назар аударады.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар кейіннен ұйым елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысында бекіту үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын келісті. Сондай-ақ, Креативті экономиканы дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобы туралы ереже бекітілді.Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлерінің келесі кеңесі 2027 жылы Өзбекстанда өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294404?lang=ru
2025 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде инвестициялық модель қалай өзгеруде 18.09.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде инвестициялық саясатты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.2025 жылғы желтоқсанда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданып, «Бәйтерек» холдингі ұлттық инвестициялық холдинг болып қайта құрылды. Жаңа модель жеке және шетелдік капиталды тартуға, отандық өндірісті, инфрақұрылымды, технологияларды және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған. 2029 жылға дейін холдинг құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр.Капитал тарту тәсілдері де жетілдірілуде. Мемлекет инвесторларды белсенді іздеу және нысаналы түрде тарту моделіне көшуде. Мәселен, өңірлер басым салалық бағыттарды айқындап, алдын ала пысықталған инвестициялық ұсыныстар әзірлейді.Инвесторларды сүйемелдеу жүйесі қайта құрылып, енді сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде жұмыс істейді. Жобаларды жедел жүзеге асыру үшін Fast Track тетігі қолданылып, Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың мүмкіндіктері кеңейтілуде. Инвесторлардың құқықтарын қорғау күшейтілді: «прокурорлық сүзгі» қолданылады, проблемалық мәселелер мен шағымдардың бірыңғай тізілімі қалыптастырылуда, инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеу тетіктері жетілдірілуде. 2025 жылы инвестициялар туралы 30 келісім жасалса, 2026 жылы жалпы сомасы шамамен 5,2 трлн теңге болатын 26 келісім жасалды.Сонымен қатар негізгі шетелдік әріптестерді сүйемелдеу үшін task force жұмыс топтарының тетігі қалыптастырылып, қажетті рәсімдерден жедел өтуге арналған «жасыл дәліз» қолданылады. Жаңа модельдің цифрлық бағыты Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны дамытуды, сондай-ақ деректерді талдау құралдары мен жасанды интеллект элементтерін қамтитын инвестициялық жобаларды мониторингтеудің интеграциялық талдау жүйесін әзірлеуді көздейді.2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16,7%-ға арттыҚазақстандағы инвестициялық белсенділік оң қарқынын сақтап отыр. 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 19,4 трлн теңгеден асып, нақты өсім 8%-ды құрады. 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 23,5 трлн теңгеге дейін ұлғайып, нақты өсім қарқыны 16,7%-ға жетті.2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға 13,5 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға көп. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ЖІӨ-дегі үлесі 2024 жылғы 14,2%-дан 2025 жылы 14,7%-ға дейін өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 13,4%-ды құрады.Сонымен қатар жаңа инвестициялық портфель қалыптастырылуда. Kazakh Invest базасында Астанада «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Kazakhstan Investment House бірыңғай ақпараттық орталығын құру көзделген. Бүгінде жалпы инвестиция көлемі $162,5 млрд болатын 667 нақты жоба іріктелді. Бұдан бөлек, шикізат базасын дамытуға бағытталған жалпы құны $42,6 млрд болатын жобалар пулы қалыптастырылуда.2024-2025 жылдары тартылған жаңа жобалардың қатарында терең өңдеу, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені және көлік инфрақұрылымы салаларындағы өндірістер бар. Жамбыл облысында Fufeng Group құны $350 млн болатын жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылы басталды, жобаның бірінші кезеңін 2026 жылы іске қосу жоспарланған.Ақмола облысында Dalian Hesheng Holding Group құны $500 млн болатын бидайды терең өңдеу кешенін салуда. Испаниялық Roca Group Қызылорда облысында құны $70 млн болатын санитариялық-техникалық өнім өндіру және құрастыру зауытының жобасын жүзеге асыруда.Алматы облысында Solico Group тәулігіне 155 тонна өнім өндіруге қауқарлы, құны $58,8 млн болатын ірімшік өндірісінің құрылысын бастады. 400-ге жуық жұмыс орны ашылатын кәсіпорынды 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Guoyou Materials Group Қазақстанның Каспий теңізі жағалауында жылына 15 млн тоннаға дейін жүк өткізуге қауқарлы, құны $1,1 млрд болатын жаңа порт салу жобасын пысықтауда. Швейцариялық Harvest Group SA құны $700 млн болатын агроиндустриялық кластерді іжүзеге асыруға кірісті. Жоба аясында 300 мың гектар жерді кезең-кезеңімен суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыру көзделген. Бюджет қаражатының үлесі 14%-ға дейін төмендеді, бюджеттен тыс қаржы көздер 86%-ға дейін өстіЕлеулі өзгерістердің бірі – инвестициялардың қаржылық құрылымы. 2024 жылы мемлекеттік бюджет қаражатының үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 21,6%-ын, 2025 жылы 21,5%-ын құрады. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ол 14%-ға дейін төмендеді.Осы кезеңде бюджеттен тыс қаржы көздері инвестициялардың 86%-ына жетті. Оның негізгі көзі, яғни 66,7%-ы кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып қалып отыр. Банк несиелерінің үлесі – 5,6%, өзгедей қарыз қаражатының үлесі – 13,7%.Ағымдағы динамика бюджеттен тікелей қаржыландыру азайғанын, ал бизнестің меншікті және қарыз қаражаттарының үлес салмағы ұлғайғанын көрсетеді. Бұл модель мемлекеттік құралдарды капиталдың жалғыз көзі ретінде емес, қосымша жеке ресурстарды тарту механизмі ретінде пайдалану міндетіне сәйкес келеді.Инвестициялардағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14,1%-ға дейін өсті2025 жылы инвестициялардың ең жоғары нақты өсу қарқыны энергетикада 61,8%, агроөнеркәсіп кешенінде 51,8%, өңдеуші өнеркәсіпте 39%, ақпарат және байланыс секторында 32% болды.Бұл үрдіс 2026 жылы да жалғасты. Қаңтар-тамыз айларында энергетикадағы нақты инвестициялар 49,3%-ға, ақпарат және байланыста 45,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 39,9%-ға, АӨК-те 17,6%-ға өсті.Инвестициялардың жалпы көлемінде жекелеген салалардың үлесінің өзгеруі ерекше байқалады. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 2024 жылғы 10,7%-дан 2025 жылы 12,7%-ға және 2026 жылғы қаңтар-тамызда 14,1%-ға дейін жетті. АӨК-те 3,8%-дан 5,6%-ға, энергетикада 6,9%-дан 9,7%-ға, ақпарат және байланыста 1,8%-дан 2,3%-ға дейін көтерілді.Десе де тау-кен өнеркәсібінің үлес салмағы 2024 жылғы 18,7%-дан 2026 жылғы сегіз айда 13,9%-ға дейін қысқарды.Өзгерістер экономиканың құрылымында да көрініс тапты. ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2024 жылғы 12,4%-дан 2025 жылы 12,8%-ға дейін өсті, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 14%-ға жетті. Осы кезеңде мұнай-газ секторының үлесі ЖІӨ-нің 8,1%-дан 7,8%-ға дейін, жалпы тау-кен өнеркәсібінің үлесі 12%-дан 11,7%-ға дейін қысқарды.Нақты секторға 8 трлн теңге: «Бәйтерек» холдингі қаржыландыру жүйесін қайта құрудаЖаңа инвестициялық архитектурада басты рөл «Бәйтерек» холдингіне берілмек. 2026 жылы нақты секторды оның құралдары арқылы қаржыландыру көлемін 8 трлн теңге деңгейінде сақтау жоспарлануда, оның ішінде Холдингті капиталдандыру есебінен қосылатын 1 трлн теңге де бар.Бұл ретте қаржыландыру параметрлері де өзгереді. Қазақстан Даму банкі ірі стратегиялық бастамаларға ерекше ден қоя отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландырудың ең төменгі шегін 15 млрд теңгеге дейін, экспорттық операциялар бойынша 3 млрд теңгеге дейін арттырды. Өнеркәсіпті дамыту қоры машина жасауға баса назар аударып отыр: мұндай жобаларды қаржыландырудың ең аз сомасы 1 млрд теңге деңгейінде болады деп айқындалды, ал машина жасаудан тыс жүзеге асатын құр инвестициялық жобаның өзінің ең төменгі жалпы құны 15 млрд теңге болмақ.Жыл басынан бері тұрғын үй секторын қоса алғанда қолдаудың жалпы көлемі 7,4 трлн теңгеге жетті, оның 5,4 трлн теңгесі кәсіпкерлікке бағытталған. «Даму» қоры арқылы 1,4 трлн теңгеге 5 мыңға жуық ШОБ жобасына қолдау көрсетілді. Аграрлық кредиттік корпорация мен ҚазАгроҚаржы желісі бойынша АӨК-ке 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазақстанның Даму банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры және Qazaqstan Investment Corporation арқылы шамамен 2,5 трлн теңге ірі бизнес пен инвестициялық бастамалардың 504 жобасын қаржыландыруға бағытталған. Экспорттық-кредиттік агенттіктің 522 млрд теңгеден астам қолдауына 78 экспорттаушы ие болды.Жобаға 7 млрд теңгеге дейін қаржы және 85%-дық кепілдік: шағын бизнесті қолдау кеңейтілдіШағын және орта бизнес үшін негізгі бағыт қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту болып қала бермек. Кепілдік қоры шеңберінде 7 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржыландыру сомасының 85%-на дейін кепілдік беріледі, бірақ ол 3,5 млрд теңгеден аспауы керек. Бұл тетікті инвестициялық мақсаттар үшін, айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыру үшін пайдалануға болады.«Өрлеу» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы жалғасуда: қаржыландыру 7 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде, жылдық 12,6% түпкілікті мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Басым бағыттардың қатарында өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустриялар бар. Өндірістік қуаттарды жаңғырту үшін бір қарыз алушыға 500 млн теңгеге дейін қаржыландыру қарастырылған «Өрлеу Лизинг» бағдарламасы жұмыс істейді.Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы – «Іскер аймақ» іске қосылды. Бағдарлама бойынша несиенің ең жоғары сомасы – 200 млн теңге. Қаражат инвестициялық мақсаттарға да, айналым капиталын толықтыруға да бағытталуы мүмкін. Субсидиялау мөлшері номиналды пайыздық мөлшерлеменің 40%-ын, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін 50%-ын құрайды. Субсидиялау мерзімі – үш жылға дейін. Бағдарламаның негізгі бағыты ретінде өңдеу және қайта өңдеу салалары айқындалған.Сонымен қатар бизнестің даму институттарымен өзара іс-қимылы жеңілдетілуде. Бірыңғай фронт-офис құрылып, 1408 байланыс орталығы, CRM жүйесі және бірыңғай ЖИ көмекші іске қосылды. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформамен интеграция қамтамасыз етілді.Жалпы құны 884,6 млрд теңге болатын 346 жоба коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталдыХолдингтің инвестициялық тетіктері инфрақұрылымды жаңғыртуға да бағытталған. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Бәйтерек» еншілес ұйымдар, екінші деңгейдегі банктер және халықаралық қаржы институттары арқылы қаржыландыруды ұйымдастырып, үйлестіре отырып, қаржы операторы қызметін атқарады.Бүгінде осы тетік аясында жалпы құны 884,6 млрд теңгені құрайтын 346 жоба мақұлданды. Олар коммуналдық желілерді жаңартуға, апат деңгейін төмендетуге, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.Жарты жылда 250,5 млрд теңге: агролизинг көлемі былтырғы көрсеткіштен екі есеге жуық арттыТағы бір бағыт – ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту. 2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша 10 393 бірлік техника сатып алуға 268,9 млрд теңгеге лизинг келісімшарттары жасалды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржыландыру көлемі 250,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 126,6 млрд теңгеден екі есеге жуық жоғары. Компания қызметтерін 3 931 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші пайдаланды.Машина-трактор паркін жаңарту үшін лизингтік бағдарламалар желісі жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тағы бір бағдарлама бойынша жылдық 5% мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге, кемінде 10% аванспен қаржыландыру ұсынылады.«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша отандық техника мен көлік жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді. Дәл осындай шарттармен «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы жемшөп дайындайтын техника мен жылжымалы суару жүйелерін қамтиды. Жеңілдетілген бағдарламаларға жатпайтын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жылдық мөлшерлемесі 12,6%-бен 10 жылға дейінгі мерзімге «Агролизинг» бағдарламасы қарастырылған.Лизинг алу процесі толықтай онлайн форматта қолжетімді: ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінімді қашықтан бере алады, ал ЖИ-сервис құжаттарды сараптап, өтінім бойынша 10 минут ішінде шешім шығарады. Сондай-ақ жеңілдетілген бағдарламалар бойынша Telegram-бот арқылы электронды кезек және жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, лизинг нысандарына онлайн мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылды.2025 жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің құралдары арқылы барлық бағыт бойынша көрсетілген қолдаудың жалпы көлемі 10,4 трлн теңгені құрады. 2026 жылы негізгі басымдық нақты секторды қаржыландыруға, өндірістерді іске қосуға, инфрақұрылымдық жобаларға, кәсіпкерлікті, АӨК және экспортты қолдауға бағытталуда.#ЗАҢменТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294087?lang=ru
Құрылтай депутаттарына 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды 18.09.2026
Құрылтай депутаттарына 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы таныстырылды. Жоба Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның төрағалығымен өткен отырыста таныстырылды. Жиынға Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева және Үкіметтің жауапты мүшелері қатысты.Өз сөзінде Дания Еспаева 2027–2029 жылдар бюджет тапшылығын қысқарту және мұнай кірістеріне тәуелділікті біртіндеп төмендету арқылы қатаңырақ бюджет саясатына көшу кезеңі ретінде белгіленгенін атап өтті. Жаңадан құрылған Құрылтай үшін бұл алғашқы бюджеттік цикл әрі ең жауапты заң шығару процестерінің бірі.Вице-спикердің айтуынша, Құрылтайға жаңа Бюджет кодексінде көзделген ауқымды материалдар ұсынылды. Бұл депутаттарға тек кірістер мен шығыстарды ғана емес, жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінің тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының елді дамыту жөніндегі барлық тапсырмаларын мүлтіксіз әрі тиімді орындауға ерекше назар аударылатын болады, - деді Дания Еспаева.– Біздің мақсатымыз проблемалар туралы айтып қана қоймай, оларды шешуге өз үлесімізді қосу. Кәсіби Құрылтай тарапынан бақылау одан әрі кеңейе түсуі керек. Егер біз қандай да бір мәселені көтерсек, оны шешудің ықтимал жолдарын да ұсынуымыз қажет. Үкіметтен де осындай жұмыс тәсілін күтеміз. Егер депутаттар есептеулерге, шығыстардың тиімділігіне немесе белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге қатысты күмән келтірсе, біз мазмұнды жауап күтетін боламыз: мұндай шешім неге қабылданды, қандай балама нұсқалар бар, қандай нәтиже күтіледі және оған кім жауап береді, -деді Құрылтай Төрағасының орынбасары.Өз кезегінде Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина республикалық бюджет жобасын қарау барысында депутаттар қаражаттың игерілуіне қатаң бақылау жүргізуді талап ететінін атап өтті. Алдағы үш жылға арналған бюджеттің негізгі басымдықтары макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу, сондай-ақ мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау болып айқындалды.Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырған Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин оның негізіне экономиканың жыл сайын орта есеппен 5%-дан астам өсуі алынғанын хабарлады. Негізгі өсім көздері мұнай емес салалар болуы тиіс. Азамат Әмриннің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны (орташа жылдық өсім – 5,9%) тау-кен өнеркәсібінің өсімінен (2,0%) жоғары болады. Экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы да болмақ, оның өсімі кемінде 5% деңгейінде болжанып отыр.«2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының негізгі ережелерін депутаттарға Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы таныстырды. Оның мәліметінше, 2027 жылға арналған түсімдер 25,4 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның 19,9 трлн теңгесі трансферттерді есепке алмағанда түсетін кірістер. Бюджет шығыстары 30,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Осылайша, бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,3%-ын құрайды. Бұл ретте 2029 жылға қарай бюджет тапшылығын 0,4%-ға дейін төмендету, ал меншікті кірістерді 23,4 трлн теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр.– Бюджет шығыстарының бірінші әрі негізгі бағыты – адам капиталына инвестиция салу. 2027 жылы адами капиталды дамытуға 10,5 трлн теңге немесе бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 35%-ы қарастырылған. Бұл цифрлардың артында нақты адамдар тұрғанын түсіну өте маңызды. Әлеуметтік сала бюджеті адамға бағдарланған, яғни оның әлеуметтік қорғалуын, денсаулығын, білім алуын және даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаражаттың негізгі бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтауға жұмсалады, деді қаржы вице-министрі.Презентация қорытындысы бойынша заң жобасы талқыланды. Депутаттар Үкіметтің экономикалық өсім болжамдары мен халықаралық сарапшылардың бағалауы арасындағы айырмашылықтарға, бюджет тапшылығын жоспарлы түрде төмендетуге, Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуге және олардың қажетті бюджеттік рәсімдерден өтуіне қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын қаржыландырудың тиімділігіне, «Аграрлық несие корпорациясының» жарғылық капиталын ұлғайтудан күтілетін нәтижелерге, сондай-ақ ғылымға жұмсалатын шығыстардың тиімділігіне, ғылыми әзірлемелерді енгізу мен коммерцияландыруға назар аударылды.– Ресурстар шектеулі болған кезде тиімсіз шығындарға жол беруге құқымыз жоқ. Бюджет қаражаты нақты бағыттарға жұмсалуы тиіс: экономика мен азаматтарға барынша пайда әкелу, толық ашықтық және негізгі міндеттерді қатаң іріктеу қажет. Түзетулер енгізу кезінде барлық әріптестерімді осы тәсілді басшылыққа алуға, сондай-ақ бюджеттің теңгерімділігін ескеруге шақырамын: егер сіз «плюс» ұсынсаңыз, онда қандай да бір бағыттағы шығысты қысқартуға тура келеді, деп атап өтті бейінді комитет басшысы Ольга Перепечина.Құрылтайда республикалық бюджет жобасы бойынша одан әрі жұмысты депутат Татьяна Савельева басқарады. Талқылау барысында депутаттар айтқан ұсыныстар мен пікірлер ескерілетін болады.Заң жобасының таныстырылымынан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына жұмыс тобының жетекшісі Татьяна Савельева, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин және қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы жауап берді.#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294071?lang=ru
Субсидиялар, 5 млн-ға дейінгі гранттар мен жеңілдікті кредиттер: "Іскер аймақ" бағдарламасының жаңа шарттары 18.09.2026
Бүгінгі таңда аудан кәсіпкерлерінің қандай мүмкіндіктері бар, мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады және қандай жобалар жаңа жұмыс орындарын құрады деген мәселе Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғындарымен және бизнес өкілдерімен кездесуіндегі негізгі тақырыпқа айналды.Кездесуде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту сөз болды. 31 тамыздан бастап, әлеуметтік кәсіпкерлер "Іскер аймақ" бағдарламасына салалық шектеулерсіз қатыса алады. Бағдарлама шеңберінде үш жыл мерзімге 200 млн теңгеге дейінгі кредиттер сыйақысы номиналды мөлшерлемесінің 50% - на дейін субсидиялауды, сондай-ақ 5 млн теңгеге дейінгі гранттарды, жеңілдікті үй-жайларды және қаржылық емес қолдауды алуға болады. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің жанынан қолдау шараларын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайтын жұмыс тобы құрылды.Кәсіпкерлерге тікелей қатысты тағы бір мәселе заңнаманың талаптарына қол жеткізумен байланысты. Кездесуде жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімі ұсынылды. Яғни белгілі бір қызмет түріне қатысты талаптарды бір жерден табуға мүмкіндік бар.Ауданда бизнесті дамыту нақты жобалармен қатар жүруде. Төлеби ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын "KazPlast" тігін фабрикасы жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 90 мыңға дейін қысқы арнайы жұмыс киімін шығарады.Ірі жобалардың бірі - "QazCoilPro" ЖШС алюминий орамдарын шығаратын зауыт салу. Жобаға салынған инвестиция 115 млрд теңге. Кәсіпорын Киелітас ауылдық округінде 120 жұмыс орнын құрып, 24 га аумаққа орналастырылмақ.Аудан экономикасының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығына арналған. Өндірілген өнім көлемі 17,4 млрд теңге. "Fish House" ЖШС балық шаруашылығы мен жалпы құны 5,1 млрд теңге "Abzal Group" ЖШС құс сою пункті 2025 жылы іске қосылды. 2026 жылы осындай сомаға тағы екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін суды тиімді пайдалану мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиялары 2 761 гектарға қолданылса, биыл оны тағы 412 гектарға енгізу жоспарлануда.Тұрғындар мен кәсіпкерлердің сұрақтары "Ауыл аманаты" жобасына да қатысты. Кездесуге қатысушылар қатысу шарттарына, мемлекеттік қолдау тетіктеріне және өз ісін бастау және кеңейту мүмкіндігіне қызығушылық танытты.#ЗАҢменТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1293976?lang=ru
Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын ілгерілету тәжірибесін ЭСКАТО форумында таныстырды 18.09.2026
16–17 қыркүйек күндері Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның оныншы көпжақты форумы өтті.Форумға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков басқарды.Форум барысында сөз сөйлеген вице-министр Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларға енгізу жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Ол инклюзивті өсуді қамтамасыз ету мен инновацияларды дамытудағы цифрлық трансформацияның рөліне ерекше тоқтады.«Осы тұрғыда біз ЭСКАТО аясында Цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасын ұсындық», – деді Бекболат Молдабеков.Форумның негізгі тақырыптарының бірі Қазақстанның ОДМ-ды іске асыру тәжірибесі болды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Орнықты даму мақсаттарын үйлестіру басқармасының басшысы Гүлзира Ерболова елдің Ерікті ұлттық шолуларды дайындау тәсілдерін таныстырды. Атап айтқанда, ол үшінші шолуды әзірлеу барысы туралы айтып, онда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына және жаһандық мақсаттарға өңірлік деңгейде қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылғанын жеткізді.Бас сарапшы Ербол Жұмабай Қазақстанның ОДМ 10 – «Теңсіздікті қысқарту» мақсатына қол жеткізу тәжірибесін таныстырды.Форум қатысушылары Қазақстанның Ерікті ұлттық шолуды әзірлеу, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау және орнықты дамудың басымдықтарын қалыптастыру, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету шаралары жөніндегі тәжірибесін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1293628?lang=ru
Ұлттық экономика вице-министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі 15.09.2026
Құрметті, Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғындары!2026 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездеседі.Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 15:00-де басталады.Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ)Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1291611?lang=ru
Ұлттық экономика вице-министрінің Жамбыл облысының халқымен кездесуі 15.09.2026
Құрметті, Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары!2026 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 10 үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 11:00-де басталады.Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ)Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1291607?lang=ru
Астанада Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті 2026 өтті 12.09.2026
Астанада «Тұрақты болашаққа арналғанәлеуметтік инвестициялар» тақырыбында Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлердің саммиті2026 өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, бизнестің, халықаралық ұйымдардың, сарапшыларқоғамдастығы мен әлеуметтік кәсіпкерлер өкілдерінбіріктірді.Саммитті ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Social Innovation Hubжәне ҚР Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығыұйымдастырды.Саммитте сөйлеген сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев тәжірибеалмасудың және әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрідамыту бойынша нақты ұсыныстардыталқылаудың маңыздылығын атап өтті. Оныңайтуынша, мемлекет бизнеске қолайлы жағдай жасаужұмысын жалғастыруда. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілертізілімінде 1 776 субъект тіркелген. Бір жылдаолардың саны екі есе өсті. Мемлекеттік қолдау шеңберінде 31 тамызданбастап әлеуметтік кәсіпкерлер «Іскер аймақ» бағдарламасына салалық шектеулерсіз қатысады. Үшжылға дейін 200 млн теңгеге дейінгі кредит бойыншаноминалды мөлшерлеменің 50%-ын субсидиялаукөзделген. Сондай-ақ, 5 млн теңгеге дейін гранттар, жеңілдікті үй-жайлар және қаржылық емес қолдаушаралары беріледі.Саммитте цифрлық құралдарға ерекше назараударылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Кәсіпкерлік саласындағыміндетті талаптар тізілімі ұсынылды. Сервис бизнеске қойылатын заңнаманың талаптарынжүйелеп, кәсіпкерлерге өз қызметінің түрі бойыншаөзекті ақпаратты бірыңғай көзден алуға мүмкіндікбереді.«Сервис бизнеске арналған цифрлықAI-платформада қолжетімді. Жақын арада eGovBusiness порталында да іске қосылады. Әлеуметтіккәсіпкерлер үшін бұл өте маңызды. Әдетте, штаттажеке заңгер жоқ болғандықтан бұрын реттеушіталаптарды зерделеуге кететін уақытты енді тікелейжобаларды дамытуға және әлеуметтік міндеттердішешуге бағыттауға болады», - деп атап өтті ЕрланСағынаев.Қолдау шараларын одан әрі жетілдіру үшінҰлттық экономика министрлігінде әлеуметтіккәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі жұмыстобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттікоргандардың, «Атамекен» ҰКП, бейінді ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері кірді. Топ жұмысының негізгі бағыттары-құқық қолданупрактикасын жетілдіру, Тізілімге енгізудің бірыңғайтәсілдерін әзірлеу және Кәсіпкерлік кодексі мен қолдау құралдарына өзгерістер енгізу бойыншаұсыныстар дайындау.Саммиттің халықаралық сессиясы шетелдіктәжірибеге, әлеуметтік инвестицияларға жәнехалықаралық әріптестік мүмкіндіктеріне арналды. Оған БҰҰ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, Канада мен Жапония елшіліктерінің, TIKA, CatalystNow, Impact Hub Network, Senior Expert Service жәнебасқа ұйымдардың өкілдері қатысты.Information Fair аясында әлеуметтік кәсіпкерлергеқаржылық, білім беру және консультациялық қолдауқұралдары ұсынылды. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, ЕҚДБ, QazInnovations, SES, AstanaHub, «Kazakh Export» АҚ және басқа да ұйымдарқатысты.Саммиттің басты оқиғаларының бірі Best SocialEntrepreneur 2026 Awards болды. Инновация саласында Дәурен Бекғожаев (ITMLab), инклюзия саласында Гүлбақыт Балмағамбетова (Neurolink), экология саласында Андрей Зелевский(«Пластикалық қоқысты қайта өңдеу»), білім беру саласында Алексей Кирюхов («Барлығына арналғанVALEO») жеңімпаз атанды. «Елеулі әлеуметтікимпакт» арнайы номинациясын Ирина Ким (ISTINAби және спорт академиясы) иеленді.Сонымен қатар, 10 әлеуметтік кәсіпкергеәлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және қоғамдықмаңызы бар бастамаларды іске асыруға қосқан үлесіүшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғысхаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1290612?lang=ru
Қазақстандағы климаттық жобаларды іске асыруға $4 млн-нан астам қаржы тартылуы мүмкін 11.09.2026
Қазақстанда жоспарланып отырған климаттық жобаларды іске асыруға $4 млн-нан астам қаржы бағытталуы мүмкін. Климаттық технологияларды енгізу және экологиялық жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) өкілдерімен Баку климаттық іс-қимыл апталығы аясында талқылады.UNEP сарапшыларымен өткен кездесуде IGTIC-тің Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірлесіп іске асырып жатқан Технологиялық қажеттіліктерді бағалау (TNA) жобасын іске асыру нәтижелері талқыланды. Қазіргі уақытта жобаның қорытынды компоненті – Технологиялар жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ тараптар CCAC қаржыландыратын метан жобасын талқылады. Бұған дейін IGTIC Климаттың өзгеруі жөніндегі үйлестіру орталығымен бірлесіп, аграрлық сектордағы, атап айтқанда, мал шаруашылығындағы метан шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаны гранттық қаржыландыруға өтінім берген болатын. Сонымен қатар Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде орман-климаттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Талқылаулар тараптардың серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін көрсетті.ЮНИДО сарапшысы Томаш Павелецпен өткен кездесуде тараптар Жасыл климат қорының қолдауымен Readiness III бағдарламасы аясында ұлттық климаттық инвестициялық платформаны құру мәселесін талқылады. ЮНИДО платформаның практикалық жұмыс істеу тетіктерін дамытуда Орталыққа техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Readiness IV бағдарламасының келесі кезеңі аясында ынтымақтастық орнату перспективалары қарастырылды.Платформаны құру климаттық инвестицияларды ұлттық деңгейде үйлестіруге мүмкіндік беріп, жасыл акселерация жөніндегі өңірлік хаб арқылы тәжірибені Орталық Азия елдеріне таратуға негіз қалайды. Бұл бастама IGTIC-тің ЮНИДО-мен бірлесіп соңғы үш жылда жүзеге асырып келе жатқан GCIP жобасының жалғасы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1290400?lang=ru
Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтары пилоттық режимде іске қосылды 08.09.2026
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтарының жұмысын пилоттық режимде бастады.«Даму» қоры жұмыс форматын кеңейту және бизнесті кешенді сүйемелдеу тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл тәсіл кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға қатысты мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Орталықтардың жұмысы мынадай тәртіппен ұйымдастырылады: кәсіпкер алдымен «Даму» қорының өңірлік филиалына жүгінеді. Мұнда мамандар жағдайға бастапқы талдау жүргізіп, мәселені шешудің ықтимал тетіктерін айқындайды және одан әрі сүйемелдеу бағытын белгілейді. Өтініштің сипатына қарай кейсті қарауға бейінді мемлекеттік органдар, қаржы институттары, жергілікті атқарушы органдар және «Бәйтерек» холдингі тобына кіретін ұйымдар тартылады. «Даму» қоры қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіріп, кәсіпкердің мәселесі бойынша шешім қабылданғанға дейін оны сүйемелдейді. Осылайша, кәсіпкерге әрбір мемлекеттік органға немесе ұйымға жеке-жеке жүгінудің қажеті болмайды.Пилоттық жоба аясында бизнестің қаржылық тұрақтылығына және оның қызметін жалғастыруына тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық беріледі.Атап айтқанда, кәсіпкерлерге мынадай мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі:берешекті қайта құрылымдау және қаржыландыруға қол жеткізу;мемлекеттік қолдау шараларын алу;салық берешегін реттеу;өткізу нарықтарына қолжетімділікті қалпына келтіру және өнімді ілгерілету;кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту;агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау және қаржыландыру.Бұл бағыттар «Атамекен» ҰКП тізіліміндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 2,4 мыңнан астам проблемалық өтінішін талдау нәтижесінде айқындалды. Олардың 600-ден астамы пилоттық жоба іске асырылатын бес өңірден түскен. Кәсіпкерлердің басым бөлігі қаржыландыру және берешекті қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық салу, өнімді өткізу және бизнесті дамыту мәселелері бойынша жүгінген.Басты өлшем: мәселенің шешілуіДәстүрлі консультациялық форматтан айырмашылығы, Орталықтардың тиімділігі ең алдымен нақты нәтижеге қарай бағаланады. Негізгі көрсеткіш ретінде кәсіпкерлердің шешімін тапқан өтініштерінің үлесі, бизнестің қаржыландыру мен өткізу нарықтарына қолжетімділігін қалпына келтіруге көрсетілген жәрдем, проблемалық кредиттер мен салық мәселелерін шешу, сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы ескерілетін болады.Сонымен қатар Орталықтар бизнесте жиі қайталанатын мәселелер бойынша талдау жүргізеді. Бұл жүйелі кедергілерді анықтауға және қолданыстағы қолдау шаралары мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.Пилоттық жоба 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігі бағаланып, оны еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі енгізу және ауқымын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.Бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталығына пилоттық жоба іске асырылатын бес өңірдегі «Даму» қорының өңірлік филиалдары арқылы жүгінуге болады. Өңірлік филиалдардың мекенжайлары мен байланыс деректері Қордың ресми сайтында қолжетімді. Сондай-ақ ақпаратты 1408 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1287250?lang=ru
Үкіметте сәндік көшет шаруашылығының дамуы талқыланды 07.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі – Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте отандық сәндік көшет шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды.Мемлекет басшысының орман алқаптарын одан әрі қалпына келтіру және ұлттық саябақтар инфрақұрылымын дамыту жөніндегі алға қойған міндеті шеңберінде отандық сәндік өсімдіктерді өсіру шаруашылығын дамыту ерекше маңызға ие. Олар елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша жобаларды отырғызу материалымен қамтамасыз етеді. Кеңесте саланың негізгі мәселелері және отандық өндірісті кеңейту үшін қажетті шаралар қарастырылды.Қазіргі таңда Қазақстан импорттық отырғызу материалына тәуелділікті сақтап отыр. Сонымен қатар отандық көшет шаруашылықтарында өсірілген өсімдіктер жергілікті климаттық жағдайларға жақсы бейімделген және өмір сүру деңгейі жоғары. Сондай-ақ олар химиялық өңдеуге және өсу стимуляторларын қолдануға аз шығындарды қажет етеді. Бүгінде ішкі нарықтың көлемін және импортқа тәуелділік деңгейін бағалау қиын: ресми статистика сәндік өсімдіктердің өндірісін бөлек ескермейді.Сәндік көшет шаруашылығы – белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген стандартталған отырғызу материалын өндіруге бағытталған өсімдік шаруашылығының жас, жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін кіші саласы. Бүгінгі таңда жасыл кеңістіктер абаттандыру элементі ғана емес, сонымен қатар экологиялық, инженерлік және эстетикалық функцияларды орындайтын қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып саналады. Орталық Азия өсімдіктер питомнигі қауымдастығының өкілдері атап өткендей, салада сәндік дақылдарға стандарттар жоқ. Жерді пайдалану мәселесі де реттелмеген: ҚР Жер кодексінде сәндік көшет өсіруге арналған жердің жеке санаты жоқ. Жердің нысаналы мақсатының қолданыстағы түрлері, оның ішінде орман өсіру және бау-бақша өсіру, кейіннен қазу және трансплантациялау арқылы өсімдіктерді өсіруді көздейтін көшетжайлар қызметінің ерекшелігін ескермейді. Ауылшаруашылық жерлерінде жұмыс істеу кезінде күрделі жылыжайлар, қоймалар мен автоматты суару жүйелерін салуға шектеулер туындайды.Тағы бір мәселе сәндік көшет шаруашылығы саласындағы қызмет түрлерін жіктеуге қатысты. Сала өкілдерінің пікірінше, қолданыстағы жіктеу өсіру ерекшелігі мен отырғызу материалына қойылатын талаптарды ескере отырып нақтылауды қажет етеді. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар отандық питомниктер желісін дамыту және экспорттық нарықтарға шығу үшін айтарлықтай әлеуетті атап өтті. Қазақстанның географиялық жағдайы климаттық жағдайлары ұқсас елдерге бағдарлануға мүмкіндік береді. Күрт континентальды климатта өсірілген өсімдіктер бейімделу мен өмір сүрудің бәсекелестік артықшылығына ие.Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Экология министрлігіне Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктерімен, әкімдіктермен және сала өкілдерімен бірлесіп сәндік көшет шаруашылығының жай-күйіне кешенді талдау жүргізуді тапсырды. Ол отандық өндіріс пен импорттың көлемін, өңірлердің қажеттіліктерін, сондай-ақ саланы дамыту үшін барлық кедергілерді қамтуы тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік органдар бизнестің осы саладағы экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуін жетілдіру және СЭҚ ТН егжей-тегжейін жетілдіру мәселелерін пысықтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1286854?lang=ru
Қазақстанда «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша шағын бизнесті субсидиялау шарттары жаңартылды 01.09.2026
Қазақстанда шағын бизнесті қолдауға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың жаңа ережелері күшіне енді. Бағдарламаны «Даму» КДҚ жүзеге асырады. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №729 қаулысымен бекітілді. Не өзгерді? Қолдау шараларына салалық шектеусіз әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілді. Олар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде көрсетілген қызмет түрлері бойынша бағдарламаға қатыса алады. Бұл ретте жобаны іске асыру орны мен кәсіпкердің тіркелген жері ескеріледі. Әлеуметтік кәсіпкерлер үшін субсидиялау мөлшері сыйақының номиналды мөлшерлемесінің 50%-ы, ал басқа кәсіпкерлер үшін 40%.Өңір әкімдіктері Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандары бойынша экономикалық қызметтің басым түрлері ретінде қосымша алты ЭҚЖЖ кодын айқындай алады.Инвестициялық жобалардың отандық өнімге бағытталуы күшейтілді. Инвестициялық шығындарға коммерциялық жылжымайтын мүлік, техника және көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ бизнес нысандарын салу, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жатады. Бұл ретте инвестициялық жоба аясында жабдық, техника, көлік құралдары, құрылыс материалдары және басқа да активтер тиісті Тізілімге енгізілген қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынуы тиіс. Егер Тізілімде қажетті тауар болмаса, оны басқа өндірушілерден сатып алуға рұқсат етіледі.Инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі субсидиялау басталған күннен бастап 24 айдан 18 айға дейін қысқартылды. Заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілген немесе күтпеген техникалық, экономикалық және өндірістік жағдайлар туындаған жағдайда бұл мерзім алты айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.Жобалардың тиімділік критерийлерін бағалау тәртібі нақтыланды. Өзгерістер кіріс деңгейі мен еңбекақы төлеу қорының (ЕТҚ) көрсеткіштеріне қатысты. Енді кіріс пен ЕТҚ-тың нақты өсім деңгейінің жинақталған инфляция деңгейінен төмен ауытқуына 1 пайыздық тармақтан аспайтын шекте жол беріледі. Сонымен қатар, кәсіпкерге байланысты емес объективті жағдайлар туындаған кезде жоба іске асырылып, қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны расталған жағдайда, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қосымша бір қаржы жылына дейінгі мерзім беріледі. Инфляция деңгейі, оның ішінде жинақталған инфляция туралы ақпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланады.Субсидия беру тетігі өзгертілді. Екінші деңгейдегі банктер мен лизингтік компаниялар (ЛК) арасында лимиттерді бөлу алынып тасталды. Енді кәсіпкер Қордың серіктес кез келген екінші деңгейдегі банкіне немесе лизингтік компаниясына жүгіне алады. Қаржыландыру мақұлданғаннан кейін жоба «Даму» қорына жолданады. Қор 5 жұмыс күні ішінде субсидия беру туралы шешім қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда «Даму» қоры, екінші деңгейдегі банк немесе лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау туралы үшжақты шарт жасалады.Сонымен қатар, Ережелерге кәсіпкерге Қордың субсидия беруден бас тарту туралы шешіміне ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға мүмкіндік беретін норма енгізілді.Қаржылық емес қолдау шаралары аясында «Даму» қоры шағын және моноқалаларда, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде мобильді фронт-офистер жобасын жүзеге асырып жатыр.Мобильді фронт-офистер көшпелі консультациялық алаң ретінде жұмыс істейді. Мұнда кәсіпкерлер мен бизнес бастағысы келетін азаматтар қолданыстағы қолдау құралдары туралы тегін ақпарат алып, сондай-ақ қаржыландыруға өтінімді сол жерде бере алады. Бағдарламаның негізгі шарттары · Қатысушылар – микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері, ауыл шаруашылығы кооперативтері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;· Несие сомасы – 200 млн теңгеге дейін;· Мақсаты – инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға;· Номиналды мөлшерлеме – ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 4%;· Субсидия мөлшері – номиналды мөлшерлеменің 40%-ы. Бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі кемінде 12,6% болады. Әлеуметтік кәсіпкерлер үшін – 50%;· Субсидиялау мерзімі – 3 жылға дейін. Қалай қатысуға болады? Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкер «Даму» қорының серіктес екінші деңгейдегі банкі немесе лизингтік компаниясына жүгініп, қаржыландыруға өтінім беруі қажет. Қаржыландыру мақұлданғаннан кейін жоба субсидия беру туралы шешім қабылдау үшін «Даму» қорына қарауға жіберіледі.Кәсіпкерлер бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша кеңес алу үшін жоба іске асырылатын өңірдегі «Даму» қорының филиалына жүгіне алады. Қосымша ақпаратты Қордың ресми сайтынан алуға болады. Сондай-ақ 1408 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі арқылы кеңес алуға мүмкіндік бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1283282?lang=ru
2029 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтері $70,6 млрд-қа дейін ұлғаяды 25.08.2026
Экономиканы дамытудың базалық сценарийіне сәйкес, ҚР Ұлттық қорының валюталық активтерінің көлемі 2027 жылы $65,2 млрд-тан 2029 жылы $70,6 млрд-қа дейін өседі. Мұндай есептерді Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.«Базалық сценарий кезінде Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2027 жылы 5,1 трлн теңге, 2028 жылы 5,5 трлн теңге және 2029 жылы 5,7 трлн теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ұлттық қорға түсетін таза түсімдер 2027 жылы 0,5 трлн теңге, 2028 жылы 1,4 трлн теңге және 2029 жылы 2,0 трлн теңге мөлшерінде болжануда», – деді өз баяндамасында Серік Жұманғарин.Республикалық бюджетке аударылатын кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес айқындалды, ол 2027 және 2028 жылдары жыл сайын 2,4 трлн теңгені құрайды, кейіннен 2029 жылы 2 трлн теңгеге дейін төмендейді.Аса маңызды инфрақұрылымдық нысандар мен жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделген, оның көлемі 2027 жылы 2 трлн теңге және 2028 және 2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1279482?lang=ru