Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан Президентінің Алматыда БҰҰ Орталығын құру туралы бастамасын БҰҰ-ға мүше мемлекеттер бірауыздан қолдады 18.05.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 наурыз – БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша Өңірлік орталығын құру туралы қарарды бірауыздан қабылдады. Құжатты Орталық Азия мемлекеттері атынан Қазақстан ұсынды. Біріккен Ұлттар Ұйымына 152 мүше мемлекет тең авторы ретінде қарарды қолдады. Бұл өз кезегінде бастаманың жоғары маңыздылығын және кең халықаралық консенсусін көрсетеді.БҰҰ ОМД Орталығын құру – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында алғаш рет ұсынылған бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Орталықты БҰҰ-ның 18 агенттігі жұмыс істеп тұрған Алматыдағы жаңа халықаралық ұйымдар ғимаратының базасында орналастыру ұсынылды.Мемлекет басшысы Қазақстан өңірдегі ең ірі экономика ретінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азияның орнықты дамуына, өңірлік интеграцияны ілгерілетуде шешуші рөл атқаруға мүдделі екенін атап өтті.Жаһандық басқарудағы орта державалардың өсіп келе жатқан рөлі Қазақстанның орнықты даму мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі күш-жігерінің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан әлемдегі жетекші күш орталықтары арасындағы маңызды көпір рөлін нығайтуды жалғастыруда және халықаралық ынтымақтастықтың катализаторы ретінде әрекет етуде.Сонымен бірге Ауғанстанның экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ел халқының орнықтылығы мен өркендеуі Орталық Азияның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей байланысты. Қазақстан ауған халқын тұрақты түрде қолдайды, елді қайта құру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және өңірлік ынтымақтастыққа интеграциялау үдерістерін жеңілдетуде.Орталық халықаралық және өңірлік күш-жігерді үйлестірудің, озық тәжірибе алмасудың, техникалық көмек көрсетудің және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі алаңына айналады. Ол нақты әрі қол жетімді нәтижелер үшін үкіметтермен, халықаралық ұйымдармен, жеке сектормен және азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс жасайды.Сонымен қатар Орталық БҰҰ жүйесін жандандыру процестеріне елеулі үлес қосып, өңірлік деңгейде Ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін болады. Оның жұмысы БҰҰ агенттіктері арасындағы үйлестіруді нығайтуға, жаһандық бастамаларды өңірлік қажеттіліктерге бейімдеуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған БҰҰ-ның ағымдағы реформаларына сәйкес келетін инклюзивті көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталатын болады.Бұл қарардың қабылдануы орнықты дамуға өңірлік көзқарасты жаһандық қолдауды көрсетеді және халықаралық қоғамдастықтың Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақтылық, өркендеу және жаһандық даму үдерістеріне интеграция жолындағы ілгерілеуіне жәрдемдесуге дайын екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/950911
«Алтын сапа – 2025» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды 18.05.2025
«Алтын сапа» Президенттік сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ол отандық тауар өндірушілерге өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін беріледі. Байқауға заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады.«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында еске салып өткендей, сыйлық төрт номинация бойынша беріледі:«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;«Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;«Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».Бұдан басқа, «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары қарастырылған.Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Электрондық түрде cabinet.altynsapa.kz сілтемесі бойынша беруге немесе жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.Ізденушілер сауалнама-декларацияны толтыруы, сондай-ақ кәсіпорынның тарихын, өнімнің немесе қызметтің негізгі түрлерін, негізгі өткізу нарықтарын сипаттай отырып, конкурсқа қатысушыға қысқаша шолу жасауы тиіс.Құжаттар пакетіне мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қоса беру қажет.«Атамекен» ҰКП сараптама тобы өтінімдер тізілімін қалыптастырады. Содан кейін қатысушыларды бағалау басталады. 40 финалист анықталғаннан кейін сарапшылар кәсіпорындарға барады. Нәтижесінде номинациялар мен санаттар бойынша 14 лауреат таңдалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950936
Қарқаралыда ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына орай майдангерлер туралы кітап жазылады 18.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына Қарқаралы ауданында майдангер-жерлестер туралы кітап дайындалуда. Батыр ата-бабалар туралы оқиғалар мұражай мұрағаттары мен ұрпақтарының әңгімелері бойынша естелік ретінде құрастырылмақ.Қарқаралы ауданынан соғысқа шақырылғандардың өмірбаянын жинау идеясы жергілікті тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерінде пайда болды. Отан үшін шайқасқан сарбаздардың тарихын жүйелеуді олар 2015 жылы – Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бастаған болатын.Қазір, 10 жылдан кейін, сол кезде жиналған материалды толықтырып, кітап түрінде басып шығару туралы шешім қабылдаған. Жоба бойынша музей қызметкерлерімен бірге белгілі өлкетанушы Саят Оспанов жұмыс істейді.– Бүгінгі таңда бізге 124 майдангер туралы әңгімелер келіп түсті. Бірақ біз тек ұрпақтың әңгімелерін ғана қабылдамай, әскери комиссариаттан құжаттарды, өмірбаяндарды, фотосуреттерді, басқа да айғақтарды ұсынуды сұраймыз. Біз үшін бұл кітапты басып шығару, ата-бабаларымызды еске алу өте маңызды, – дейді өлкетанушы.Материал жинау наурыз айының соңына дейін жалғасады. Кітапты мамыр айында – Жеңістің мерейтойына орай жариялау жоспарланған.Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мәліметінше, 1941–1945 жылдар аралығында майданға 2178 адам аттанған. Олардың тек 737-сі ғана оралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950934
Қарағандыда «Отбасы және әйелдер» көшпелі әлеуметтік бюросы ұйымдастырылады 18.05.2025
Ертең, 5 наурызда Қарағандыда «Таир» сауда орталығына барған кезде мамандардан отбасылық-неке қатынастары бойынша заңгерлік кеңестер, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы және басқа да мәселелер бойынша тегін ақпарат алуға болады. Отбасы және әйелдер көшпелі әлеуметтік бюросын «Құқық» қоғамдық қоры құрған Отбасын ресурстық қолдау орталығы ұйымдастырады. Акция Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, прокуратура, әділет департаменті, полиция басқармасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, аудандық әкімдіктер, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ, дағдарыс орталығы, Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасыға көмек көрсету бірыңғай орталығы өкілдерінің қатысуы күтілуде.Мамандарға құқықтық және әлеуметтік салалардағы кеңестер, қиын отбасылық жағдайларды шешуде кеңестер алуға болады.Басталуы: 15:00.«Таир» сауда орталығының мекенжайы: Космонавтар көшесі, 1/291-құрылыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950617
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ 18.05.2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫӘзербайжанның АДА университетінде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, сондай-ақ екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген АДА университетінің ректоры Хафиз Пашаев шараға қатысушыларды қарсы алып, қазақстандық оқытушы құрамның кәсібилігін атап өтті. Сонымен қатар ол Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыстардың жалғасын табатынын айтты.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек екі ел арасындағы жоғары білім мен технологиялар саласындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанына тоқталды. Министрдің пікірінше, Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық қатынастар білім беру және ғылыми ынтымақтастықта да өз көрінісін табуы тиіс.Саясат Нұрбек Қазақстанның Әзербайжанмен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуді көздеп отырғанын айтты. Ол қазіргі таңда екі елдің жоғары оқу орындарымен серіктестік жоспары мен инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Министр бірлескен жұмыстардың академиялық және зерттеу саласында жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталғанын мәлімдеді.Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев Әзербайжан мен Қазақстан арасында білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды екендігін айтты. Ол екі ел арасындағы білім беру саласындағы ұқсас модельдерді жүзеге асыру туралы шешім қабылданғанын және бұл шешімдер әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделерін ескеріп қабылданғанын атап өтті. Министр сондай-ақ жоғары білімді нығайту және университеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету басты мақсат екенін айтты. Осы орайда ол Бакуде Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру көрмесін ұйымдастырудың академиялық ынтымақтастық үшін маңызды қадам екенін ерекше атап өтті.Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Қазақстан мен Әзербайжанда білім саласында ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтып, екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға ниетті екенін атап өтті.«Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбындағы панельдік пікірталас барысында «Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қос дипломды бағдарламалар: тиімді жүзеге асыру және ықпал ету стратегиялары», «Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастық: инновацияларды дамыту және жаһандық серіктестік» және «Академиялық мобильділік пен мәдениетаралық ынтымақтастықты кеңейту» тақырыптарында пікір алмасу өтті.Талқылаулардың нәтижесінде 40 меморандумға қол қойылды, оған екі елдің 17 университетінің өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/950812
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Кения Елшісі қабылданды 18.05.2025
Астана, 2025 жылғы 5 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Кения Республикасының Қазақстандағы қоса атқарушы Елшіcі Питер Мутуку Матукидің сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.Министрдің орынбасары кениялық дипломатты жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту жолында табыс тіледі.Өз кезегінде П. Мутуки жылы қабылдау үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.Кездесу барысында тараптар Астана мен Найроби арасындағы саяси диалогтың қарқынды дамуын жоғары бағалап, бұл қарым-қатынастар өзара достық пен серіктестік қағидаттарына негізделген сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды одан әрі дамытуда айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.Сонымен қатар дипломаттар алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін талқылап, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Атап айтқанда, сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы әріптестік мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951669
Қазақстан-Канада саяси консультациялары туралы 18.05.2025
Торонто, 2025 жылғы 3 наурыз – Қазақстандық делегацияның PDAC-2025 конференциясына сапары аясында Қазақстан мен Канада арасында саяси консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры Руслан Уразалин, канадалық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Шығыс Еуропа және Еуразия департаментінің директоры Андреас Вайхерт басқарды.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты Қазақстан-Канада қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Дипломаттар бұдан бұрын қол жеткізілген саяси келісімдерді жүзеге асырудың, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Жалпы, Қазақстан-Канада келіссөздері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тараптардың өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951389
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысының су тасқыны қауіпті учаскелерін инспекциялауда 18.05.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов еліміздің батысына барып, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексеруде. Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап, өткен жылы су тасқыны тіркелген Орал қаласының бес ауданы мен жайылмалы аумақтарына ерекше назар аударды. Министр қарды шығару, мұзды босату үшін сулардың бетін бұрғылау, мұз кесу жұмыстары мен қамысты шабу сияқты су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралармен танысты. Осы іс-шаралардың барлығы су деңгейін төмендетуге және су басу қаупін азайтуға бағытталған."Су тасқыны кезеңіне дайындық халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметтердің барынша жұмылдыра отырып, іс — қимылдарын үйлестіруді талап етеді", - деп атап өтті министр өзінің жұмыс сапары барысында. Ведомство басшысы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесіп, халықты қорғау және өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығын жақсарту үшін бірлесе қабылданып жатқан шараларды талқылады. Кездесу барысында туындаған проблемаларды тиімді шешу үшін әртүрлі мемлекеттік және жергілікті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Шыңғыс Әрінов өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарының дайындығын, авариялық материалдар мен жабдықтардың резервтерін тексерді. Ол Жайық өзенінің маңындағы аудандар және Орал қаласындағы саяжай учаскелері сияқты елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғауға арналған қорғаныс инженерлік құрылыстарын аралады. Теректі ауданының Подстепное ауылындағы бөгетке ерекше назар аударылды, онда құрылыстарды нығайту үшін геокаркастар мен бетондалған беткейлер пайдаланылды. Елімізде су тасқынына қарсы жұмыстардың белсенді кезеңі жүріп жатыр. Өңірлерде өзен арналарын тазарту, қорғаныш бөгендерін нығайту, қар жамылғысы мен су деңгейін бақылау жалғасуда. Су басу қаупін азайту және елді мекендерді қорғау үшін алдын ала шараларға ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/951695
Қазақстан мен Финляндия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 18.05.2025
2025 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Янне Хейсканенмен кездесті.Тараптар көлікті декарбонизациялау және экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Сонымен қатар Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі фин бизнес өкілдері делигациясының алдағы уақытта Ақтауға іс-сапары туралы айтты. Іс-сапар аясында Ақтау мен Құрық порттарын аралап, нысандардың жұмысымен танысу жоспарланған. Сапардың мақсаты — теңіз тасымалы саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/951572
Қарағанды облысында 6 наурызда шұғыл құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі 18.05.2025
Қарағанды облысында «Баршаның назарына!» белгісі бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында 6 наурызда сағат 11:00-де барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті сабырлық сақтауды және үрей мен дүрбелеңге бой бермеуді сұрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/951017
Қазақ ұлттық хореография академиясы дарынды балаларды іріктеуді бастады 18.05.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясы 3–4-сынып оқушылары арасында іріктеу басталғанын хабарлайды. Дарынды балаларды қабылдау Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді және 2025 жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.Академия кәсіби балет әртістерін, хореография педагогтарын және осы саладағы зерттеушілерді даярлайтын еліміздегі жетекші оқу орны болып табылады. Оқыту көп деңгейлі жүйе бойынша жүргізіледі – бастауыш сыныптан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына дейін қамтиды. Білім беру процесінде классикалық және заманауи хореографияны тереңдетіп оқытумен қатар, жалпы орта және жоғары білім беру бағдарламалары да ұсынылады. Бұл түлектерге әлемнің жетекші театрлары мен оқу орындарында кәсібін жалғастыруға мүмкіндік береді.Іріктеу барысында кәсіби хореография саласында оқуға бейімі бар дарынды балалар анықталады. Академияның қабылдау комиссиясы балаларды қарау үшін аймақтарға арнайы барады. Алдын ала іріктеуден сәтті өткен үміткерлер 2025 жылдың маусым–шілде айларында Астанада өтетін түсу емтихандарына шақырылады. Емтиханды сәтті тапсырған оқушылар Академияның толыққанды білім алушылары қатарына қосылып, хореография өнерінің қыр-сырын меңгеру мүмкіндігіне ие болады.Іріктеу өткізілетін күн, уақыт және орын туралы толық ақпарат Академияның ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады: https://www.instagram.com/balletacademy_kz, https://balletacademy.edu.kz/kz, https://www.facebook.com/BALLETACADEMYKZ/ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/952077
ҚР АШМ және БҰҰДБ Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын дамыту және экожүйелерді сақтау бойынша жобаны іске асыруда 18.05.2025
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен серіктестікте, сондай-ақ Жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен, Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын дамыту және экожүйелерді сақтау бойынша жобаны іске асыруды бастады.Қазақстанда ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің шамамен 75%-ы түрлі деградация түрлеріне ұшыраған. Олардың қатарында шөлейттену, тұздану, эрозия, жердің ұзақ мерзімді пайдаланылуынан тозуы және басқа да факторлар бар.Қазақстан Үкіметі бұл мәселелерді шешу үшін заңнаманы жетілдіруде. Жердің тозуы мәселелері Жер және Экологиялық кодекстерге енгізілген, сондай-ақ жерді қорғау және қалпына келтіруге бағытталған «Топырақты қорғау туралы» заң жобасында қарастырылған.«АӨК дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға дейін еңбек өнімділігін арттыруға, өнімділікті ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен тұқыммен қамтамасыз етуге, өңделген өнім үлесін көбейтуге және экспорт мәселелерін шешуге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы алқаптарындағы эрозияға ұшыраған жерлердің көлемін азайту шаралары қарастырылуда», – деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.ҚР АШМ мен БҰҰДБ бірлескен жобасы аясында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты жер пайдалану әдістері мен тәжірибелері сыналады.«Жердің тозуымен күресу үшін экономикалық даму мен табиғи ресурстарды сақтаудың теңгерімін қамтамасыз ететін кешенді орнықты аумақтық жоспарлау қажет», – деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерния.Жоба аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты өндіруді, маңызды өндірістік-өткізу тізбектерін қолдау, жайылымдарды қалпына келтіру және аумақтық жоспарлауды оңтайландыру үшін агроэкологиялық ынталандырулар мен қаржылық құралдар енгізу жоспарланған.Жоба Қазақстанның жер ресурстарын қалпына келтіруге, орнықты ауыл шаруашылығының дамуына және ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/952045
Шығыс Қазақстанда "Көктем-2025"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды 18.05.2025
Оқу-жаттығу 2025 жылғы 6-7 наурыз аралығында өтеді. Өңірдің азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардың алдында су тасқынына байланысты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау міндеті тұр.ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау қызметтерін басқаруды және өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін штаб жедел түрде орналастырылды. Оқу-жаттығу барысында облыста құлақтандыру жүйесін тексеру және шұғыл ден қою жасағының дайындығын қарау жүргізілді. Жаттығудың практикалық бөлігі Самар ауданында өтті. Алдын ала ойластырылған оқиға бойынша, Лайлы су қоймасындағы шлюздің ақаулығына байланысты платина арқылы су тасқыны болды, Самар ауылын су басу қаупі туындады. "112" қызметіне тұрғындардан аула аумағы мен шаруашылық құрылыстарын су басу туралы қоңыраулар түсе бастады.ТЖ орнына полиция экипаждары келеді, олар дауыс зорайтқыш байланыстың көмегімен тұрғындарды алдағы эвакуация туралы хабардар етеді.ШҚО ТЖД құтқарушылары жоғары өтімді техникамен азаматтарды қауіпсіз аймаққа тасымалдайды, эвакуациялау үшін көлік қызметінің техникасы да жұмылдырылған. Азаматтарды зардап шеккен халықты қабылдау пункттеріне жеткізеді, онда медициналық қызмет тексеруді жүзеге асырады. Тамақтану және азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. ТЖД психологтары зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді. Қоғамдық тәртіп қызметі зардап шеккендерді орналастыру орындарының күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті.Су басу аймағынан үй жануарларын қауіпсіз жерлерге жеткізеді.Коммуналдық қызметтер электр беру желілерін ажыратады, жағалауды нығайту жұмыстарын, қапшықтарды төсеуді жүзеге асырады. Арнайы жабдық суды су қоймасынан Ешкебай су қоймасына тасымалдау каналына жүргізеді. Оқу-жаттығудың екінші күні еліміздің басқа өңірлерінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жіберілетін инженерлік техниканы тиеу пысықталатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/952249
ҚР Көлік министрі мен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло арасында кездесу өтті 18.05.2025
Кездесу барысында тараптар саланы дамытудың негізгі мәселелерін, атап айтқанда ұлттық жоспарда көзделген бірлескен СО2 шығарындыларын азайту және тұрақты авиациялық отынға (SAF) біртіндеп көшу жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін жоспарлау және дамыту жөніндегі бас-жоспарды әзірлеуді талқылады.EUR/NAT ИКАО бюросының басшысы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін және халықаралық стандарттарды іске асырудағы жұмысын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ бірлескен бастамалар мен бағдарламалар аясында ИКАО одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/951791
Үкіметте газ өнеркәсібі жобалары мен Ақтөбе облысының инвестициялық-экономикалық дамуы қаралды 18.05.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында газ өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар мен Ақтөбе облысының инвестициялық дамуы талқыланды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, жобадағы мерзімі 2026 жылы белгіленген «Талдықорған–Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысын биыл аяқтау жоспарлануда. Бұл құны 123 млрд теңге болатын жоба 2025 жылдың өзінде-ақ газ саласының қосылған құнына өз үлесін қосуы тиіс дегенді білдіреді. 2027 жылы «КС-14–Қостанай» жаңа магистралды газ құбырының құрылысы аяқталады. 2029 жылға дейін Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты құрылысының екі кезеңі және «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісі аяқталмақ. Штаб отырысында жобаларды дамытудың барлық түйткілдері мен олардың орындалу мерзімін ұзартатын кедергілерді жою мүмкіндігі талқыланды.Ақтөбе облысында өнеркәсіптік және инвестициялық өсімнің айтарлықтай жоғары қарқыны байқалады. Өткен жылғы қорытынды бойынша өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,5%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгеге жетті (2023 жылы 2,5 трлн). 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 901,1 млрд теңгені құрады. Оның 78%-ы жеке, 22%-ы – бюджеттік. 53%-ы тау-кен өнеркәсібіне, 42%-ы өңдеу өнеркәсібіне салынған. 2024 жылғы 9 айда тікелей шетелдік инвестиция көлемі $337,4 млн-ды құрады. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің айтуынша, бүгінде өңірде 74 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2025 жылы 460 млрд теңгелік 10 жоба бойынша 1,2 мың жұмыс орны ашылған. Олардың қатарында «ПЗТМ Ltd» ЖШС рельс дәнекерлеу кәсіпорны, Лиманное кен орнын игеру, «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының екінші кезегі, «KAZFELTEC» ЖШС жүн өңдеу және тоқыма емес материалдар өндірісі, «Хромтау 1» жел электр стансасы құрылысы бар.Облыста Ақтөбе облысының инвестициялық бағдарламасы әзірленген. 46 іс-шарадан тұратын инвестиция тарту бойынша кешенді іс-қимыл жоспары жасалған. Инвестицияларға тапсырыс беру үшін тауашалық жоба анықталып, 265 млрд теңгеге 13 инвестициялық ұсыныс берілген. Олардың қатарында тау-кен техникасы, санфаянс, аяқ киім, балық өнімдері, құс фабрикасы, мұнара фермалары және басқалары бар.2026-2028 жылдарға жоспарланған негізгі жобалардың қатарында инвестиция көлемі 207 млрд теңгені құрайтын «AltynEx Company» ЖШС алтын құрамды кендерді өңдеу бойынша байыту фабрикасын салу, «Қазпошта» АҚ көлік-логистикалық хабы (25 млрд теңге), «Batys Bitum» ЖШС битум зауыты (111 млрд теңге) және басқалары бар. Аммиак пен карбамид, шыны ыдыстар өндіру, диатомит шикізатын өңдеу жобалары пысықталуда.Штаб отырысында өңірді газбен және сумен жабдықтау, ТЖ шеңберінде білім беру объектілері мен автожолдарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Вице-премьер облыс әкімдігіне «Бәйтерек» холдингі арқылы ұсынылатын шағын және ірі бизнес үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы өңірдің бизнес-ортасын хабардар етуді ұсынды. Осылайша олар өз жобаларын қаржыландыруға тезірек өтінім бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/952543
Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды 18.05.2025
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шалқар Болатұлы Амантұров цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Шалқар Болатұлы 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін «Есептеу техникасы мен автоматтық жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету», Алматы экономика және статистика институтын «Қаржы және несие», Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, 2009-2013 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының CERT қызметінің жетекші маманы, «Электрондық үкімет қауіпсіздігі мониторингі орталығы» бөлімінің жетекші инженері, 2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Эксплуатация басқармасы техникалық қолдау қызметінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК Эксплуатация басқармасының Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, директоры, 2017-2018 жылдары Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ Орталық аппаратының «Желілерді жаңғырту және дамыту» бағытының басшысы, 2018-2019 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ның Архитектураны дамыту департаменті Цифрлық трансформация бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары Астана қаласындағы «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ Кірістерді цифрландыру, есепке алу және бақылау департаментінің директоры, 2021-2022 жылдары «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Жобаларды басқару департаментінің директоры, директорының орынбасары, 2022 жылы Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеді. 2022 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/952599
Қарағанды облысында оқушылар арасында қазақ тілін үздік білетіндер анықталды 18.05.2025
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 7–11 (12) сынып оқушылары арасында өңірдің қазақ тілді және қазақ тілді емес мектептерінің 158 оқушысы қатысты. Олардың оны жеңімпаз атанды.Олимпиада бес пән бойынша өткізілді:1. «Бейнелеушілер».2. «Білгірлер бәйгесі».3. «Жас қаламгер».4. «Сөз шеберлері».5. «Әнші-бұлбұлдар».«Сөз шеберлері» номинациясында № 4 Теміртау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шұғыла Үсен (қазақ тобы) және Осакаров ауданы № 9 гимназиясының базасындағы тірек мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Камила Доминова жеңімпаз атанды.«Жас қаламгер» санатында С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының он бірінші сынып оқушылары Аружан Бөкенова (қазақ тобы) мен Қарағанды № 2 лицейінің оқушысы Даная Корытникова үздік деп танылды.Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Набисалық Ержанат (қазақ тобы) және № 1 «BILIM-INNOVATION» лицейінің тоғызыншы сынып оқушысы Саид Ибрагимов халық ауыз әдебиетін білетіндер арасында жеңімпаз атанды.Суретші-иллюстраторлар арасында ең үздіктер – Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Мұратұлы (қазақ тобы) және Қарағанды қаласындағы № 1 гимназияның сегізінші сынып оқушысы София Тумаева.«Әнші-бұлбұлдар» номинациясында Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы Еркеназ Талғатова (қазақ тобы) және № 2 «BILIM-INNOVATION» лицейінің оныншы сынып оқушысы Мария Тен жеңіске жетті.Барлық жеңімпаздар биыл мамыр айында Астанада өтетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінде Қарағанды облысының атынан өнер көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/951809
Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды 18.05.2025
Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері Тілеукүл Әбдірайымоваға «Құрмет» орденін табыстады.Президент атынан Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» кәсіпорынының Қ.Сәтбаев атындағы канал филиалының Павлодар пайдалану басқармасының инженер-гидрологы Татьяна Авдееваға «Құрмет» орденіін табыстады. «Құрмет» орденімен Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас экономисі Цой Роза марапатталды.«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазсушар» кәсіпорынының «Оңтүстікауызсу» филиалы өндірістік бөлімінің басшысы Әлия Құлжабаева және Батыс Қазақстан филиалы «Камен» өндірістік учаскесінің зертхана меңгерушісі Светлана Түменова марапатталды.Бұдан бөлек, 4 қызметкер «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен, 12 маман Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды.Қазақстанда су саласында екі жарым мыңға жуық әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 2258 адам «Қазсушар» кәсіпорнында, 142 маман Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Комитеттерде және 119 әйел бассейндік инспекцияларда қызмет атқарады.«Су саласында еңбек етіп жүрген барша аруларымызды «Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге қажырлы және адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Қызметте де, жеке өмірде де мол табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін. Еліміздің су ресурстарын сақтау және қорғау бағытындағы ортақ мақсатқа сіздердің білім-тәжірибелеріңіз, күш-жігерсіз қол жеткізу мүмкін емес. Дәл осы ажарлы күнде гүлдей жайнап, ерекше құлпырып жүре беріңіздер. Отбасында жылылық пен махаббат ұялап, жақын адамдарыңыз әрдайым жаныңызда болсын», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/953193
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ 18.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймалары салынып жатырАқтөбе су қоймасын реконструкциялау аяқталдыБиыл 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Ақмола, Қалғұты (Жамбыл облысы), Қараөзек (Қызылорда облысы) және Үлкен Өзен (БҚО)Жеке инвестиция есебінен Жетісу облысында Покатилов су қоймасын салу мәселесі пысықталуда6 облыста 12 су қоймасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр (Ақмола, БҚО, Жетісу, Түркістан, Ақтөбе, ШҚО)Жыл соңына дейін топтық су құбырын салу бойынша 12 жоба аяқталады. Нәтижесінде 423 мың тұрғыны бар 153 ауыл сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі және 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосыладыСу ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» жерасты суы орнынан Атырау және Маңғыстау облыстарының елді мекендеріне дейін топтық су құбырын салу мүмкіндігін пысықтап жатырҚ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмысы басталды. 17 трансформаторды жеткізуге келісімшарт жасалды, 9 бірлік жиынтықтаушы жабдық сатып алындыСу тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық нысан жөнделді2024 жылы 84 гидротехникалық нысанға көп факторлы зерттеу жүргізілді. Биыл 105 коммуналдық және 29 республикалық нысан зерттеледіБылтыр 158 мың гектар жерде жаңбырлатып және тамшылатып суару, лазерлік тегістеу қолданылды. Бұл 30%-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік берді2024 жылы Министрлік суды заңсыз пайдаланудың 268 фактісін анықтады. Құқық бұзушылар жауапқа тартылдыӨткен жылы трансшекаралық су мәселелері бойынша 66 іс-шара өтті. Биыл 48 бірлескен комиссия отырысы жоспарланғанСу ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының еңбекақысын 50%-ға дейін ұлғайту үшін жұмыс жасауда. Ведомство сушылардың айлығын электр және жылу энергетикасы салалары қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін сәйкестендіруге ниетті«Қазсушар» филиалдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 150 бірлік арнайы техника сатып алынды16 облыста коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылып, олардың иелігіне 809 нысан берілдіҚызылорда облысында су бекеттерін реконструкциялау және жалпы ұзындығы 232 шақырым болатын 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнату жобасы іске асырылудаБұдан бөлек, жалпы ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық каналдарды автоматтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Түркістан облысында Қызылқұм магистральдық каналын автоматтандыру жоспарланып отырАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/952984
Қостанай облысының Оперативтік штабы су тасқыны кезеңіне дайындықты үйлестіруде 18.05.2025
Қостанай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Оперативтік штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, көктемгі су тасқынына дейін уақыт аз қалды, ал «Қазгидромет» болжамына сәйкес, биылғы көктем жылы және жауын-шашынды болады, бұл өз кезегінде су тасқыны қаупін күшейтеді.«Алдын ала болжам бойынша, көктем жылы және жауын-шашынды болады. Аймақтарда су тасқыны жағдайына толық дайындық әлі қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты, су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою бойынша шараларды үйлестіру үшін Оперативтік штаб құру туралы шешім қабылданды», – деді Құмар Ақсақалов.Оперативтік штабтың міндеттеріҚұрылған штаб азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша негізгі міндеттерді орындайды. Оның негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:• су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;• су тасқынына қарсы күреске қажетті күштер мен құралдарды орналастыру;• су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын бақылау;• тұрғындарды өміріне және денсаулығына қауіп төнген жағдайда көшіруді ұйымдастыру;• зардап шеккен аудандардағы инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үйлерді қалпына келтіру;• су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.Дайындық жұмыстарын күшейту қажетОблыс әкімі су тасқыны кезеңіне дайындықты бүгіннен бастап күшейту қажет екенін атап өтті. Әрбір елді мекенде қар шығару, жолдарды кеңейту, су өткізу арналары мен су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуі тиіс. Су басу қаупі жоғары аудандарда ауыр техника мен мотопомпалар алдын ала орналастырылуы қажет.Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының да бұл жұмыстарға белсенді қатысуы қажет екенін айтты:«Агроқұрылымдардың басшылары сырт қалмауы тиіс. Халыққа жан-жақты көмек көрсетіп, қар тазалау жұмыстарын күшейту қажет, еріген судың алдын алу шараларын ертерек қолға алу маңызды».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953286