Қуқық
Қорғаныс министрі "Мектепке жол" акциясына бастау берді 26.08.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Аягөз гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Сапар жауынгерлік дайындық, әскери инфрақұрылымның жай-күйі және әскери қызметшілердің отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселелерін қамтыды.Қорғаныс ведомствосының басшысы "Майлин" оқу-жаттығу полигонында болып, танк атыс қалашығын, оған қоса "Оңтүстік" әскери қалашығындағы оқу корпусын аралады. Министр оқу сабақтарын бақылап, жеке құрамның тұрмыстық жағдайымен танысып, оқу процесін жетілдіру және қызметті ұйымдастыру жөнінде бірқатар нұсқаулар берді. Сонымен қатар, гарнизонда ол әскери техниканың жағдайын, оқ-дәрілерді сақтау шарттарын да тексерді.Министр әлеуметтік салаға ерекше назар аударды. "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында ол №4 жалпы білім беретін орта мектепте болып, көп балалы әскери қызметшілер отбасыларының балаларына мектепке керек-жарақ заттарды табыс етті.– Сендердің ата-аналарың елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүр, ал сендер мемлекеттің болашағысыңдар. Бұл оқу құралдары сендердің болашақтарыңа тамшыдай үлес. Сендерге зор денсаулық, оқуда озат және үлкен жетістіктер тілеймін, – деді Дәурен Қосанов балаларға.Гарнизон басшылығымен сөйлескен министр жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін сақтаудың және әскери қызметшілерге қамқорлық жасаудың маңыздылығына назар аударды:– Әскери қызметшілердің өмір сүру жағдайы мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері үнемі назарда болуы тиіс. Тамақтану сапасын, казармадағы тазалық пен жайлылықты, медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді қадағалау, сол секілді әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау шараларын күшейту қажет, – деп атап өтті ол.Шығыс Қазақстанға сапарының соңында авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Өскемен гарнизонында болып, облыс әкімімен және Қарулы күштер ардагерлері кеңесінің өкілдерімен кездесті. Қорғаныс министрі ардагерлер жастармен жиі кездесіп, өз тәжірибелерін беруі керек екенін атап өтті.– Бүгінгі таңда біздің басты міндеттеріміздің бірі – жастарды патриотизм рухында, адал және тәртіпті етіп тәрбиелеу. Сендердің білімдерің мен дәстүрлерің – әскеріміздің берік негізі, – деді министр.Сапар қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы гарнизондар қолбасшылығының алдына жауынгерлік әзірлікті нығайту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру және әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау сапасын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1056636?lang=kk
Алматы облысында 150 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген 26.08.2025
Бүгінгі күнге Алматы облысында тіркелген кәсіпкерлер саны 150 мыңнан асты. Жыл басынан бері бизнеске 4 мыңнан астам консультация берілді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасында 10 финалист анықталды, олардың үшеуі республикалық кезеңге шығып, 5 миллион теңгеге дейінгі грантқа үміткер бола алады.Аймақтың интерактивті инвестициялық картасында жалпы құны шамамен 2 трлн теңге болатын 90 жоба іске асырылуда, бұл 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл қаражаттар несиелерді субсидиялау, қарыздар мен лизинг бойынша кепілдіктер беру, сондай-ақ жастар мен әлеуметтік кәсіпкерлікті гранттар арқылы қолдау үшін бағытталған.Соңғы үш жылда облыстың экономикасына салынған инвестициялар 60%-ға артты және шамамен 2,5 трлн теңгеге жетті. Аймақта алты индустриалды аймақ жұмыс істейді, тағы тоғызы қалыптасу сатысында. Жаңа жобалар арасында зауыттар, фабрикалар, логистикалық хаб және балық шаруашылығы кәсіпорындары бар. 2026 жылы жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056632?lang=kk
Тұрақты өсім мен жоғары нәтижелер 25.08.2025
Алматы облысы спортты дамытуда тұрақты өсім мен жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2022 жылмен салыстырғандағы көрсеткіштер дәлелдейді: халықаралық аренадағы спортшылар жетістіктері де, бұқаралық спортты дамыту да жаңа сапалық деңгейге көтерілді.2022 жыл Алматы облысы спорты үшін маңызды кезең болды: 23 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын, 111-і – ҚР спорт шебері, 586-сы – спорт шеберіне кандидат, 146-сы – бірінші спорттық разряд иегері атанды. Сол жылы облыс спортшылары барлығы 1783 медаль жеңіп алды, оның ішінде 560-ы алтын, 512-сі күміс, 721-і қола. Халықаралық жарыстарда да айтарлықтай жетістіктерге жетті: әлем чемпионаттарында – 45, Азия чемпионаттарында – 114 медальға қол жеткізілді.2023 жыл да өңір спорты үшін табысты болды: облыс спортшылары 1742 медаль иеленді (610 алтын, 458 күміс, 674 қола). Ең басты оқиға – Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындары болды. Бұл жарыста облыстан қатысқан 10 спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына 2 алтын және 4 қола медаль салды. Жоғары нәтижелерге Асем Орынбай (алтын және қола), Эдуард Ещенко (алтын), сондай-ақ Эртуған Зейнуллинов, Аян Тұрсын мен Мәриян Урдабаева (қола медаль иегерлері) жетті.2024 жыл Алматы облысының спорт жылнамасына жарқын жетістіктерімен енді. Парижде өткен Олимпиада ойындарында Демеу Жадраев грек-рим күресінен (77 кг дейін) күміс медаль жеңіп алып, өңір тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізді. Облыс спортшылары өзге де халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетті: Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2 алтын, VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарында 2 күміс пен 2 қола медаль иеленді. Жалпы, бір жыл ішінде 2131 медаль жеңіп алынды (771 алтын, 604 күміс, 756 қола).Маңызды оқиғалардың бірі – «Алатау» лигасының құрылуы болды. Соның арқасында 15 мыңға жуық жас спортпен айналысуға тартылды. Ауылдық аудандарда 150 спорт секциясы ашылып, бұқаралық спортты дамытуға және NEET санатындағы жастарды спортқа тартуға жаңа серпін берді.2025 жылы да облыс спортшылары жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып, жылдың алғашқы жартысында 1289 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 492-сі алтын, 378-і күміс, 419-ы қола. Халықаралық жеңістердің мәні ерекше. Асет Дюсенов Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы болды. Қасымбек Едіге жастар арасындағы еркін күрестен (20 жасқа дейін) әлем чемпионы атанды. Облыстың боксшылары жастар және 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 4 алтын медаль иеленді. Демеу Жадраев Германияда өткен «Гран-при» турнирінде алтын, Ербол Камалиев күміс медаль алды.Жыл қорытындысы бойынша 166 спортшы бірінші спорттық разряд алды, 862 спортшы спорт шеберіне кандидат атанды, 20 спортшы ҚР спорт шебері, 4 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.Бүгінде өңірде 34 спорт түрі дамып, 54 аккредиттелген федерация жұмыс істейді. Бұл спорт инфрақұрылымын нығайтуға және кадрлық әлеуетті арттыруға ықпал етуде.Соңғы төрт жылдағы динамиканы талдау көрсеткендей, Алматы облысы спорт саласында сапалы серпіліс жасады. Халықаралық аренадағы жеңістер, бұқаралық спорттың дамуы және спорт инфрақұрылымының нығаюы өңірді елдің көшбасшылары қатарына шығарды. Болашаққа деген сенім спортшылардың нәтижелерімен нығайып отыр: олар Қазақстанды беделді әлемдік жарыстарда абыроймен танытып, өңір спортының жаңа жетістіктеріне жол ашуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056574?lang=kk
Салық реформасы: әкімшілендіру ісін жеңілдету мен кен өндіруші компанияларға арналған жаңа ережелер 25.08.2025
Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетуді көздейді. Осы арқылы әкімшілік жүктеме мен өткізілетін есеп түрлері азайып, цифрлы сервистер енгізілетін болады. Бұл бизнеске артық бюрократиядан арылып, ашық және тиімді жұмыс істеу арқылы кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Саладағы өзгерістер жайлы кәсіпкерлерді құлақтандыру үшін ҚР Қаржы министрлігі ағартушылық бағыттағы семинарлар мен кездесулерді өткізіп келеді. Осындай іс-шаралардың бірі Қызылордада «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен ұйымдастырылып, оған облыстың іскер азаматтары жиналды. Қасиетті Сыр өңірінің тұрғындары көкейдегі сұрақтарын қойып, заңда қарастырылған негізгі жаңашылдықтар жөнінде біле алды.Семинарда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов салықтық әкімшілендірудегі өзгерістер туралы, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайту мен салық төлеушілерге рәсімдерді жеңілдету жөнінде айтып берді. Бұған қоса цифрландыру мен кәсіпкерлік қызметке заманауи сервистерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қызылорда – минералды-шикізат ресурстарының мол қоры сақталған облыстардың бірі, мұнда әсіресе уран өндіру мен мұнай-газ өнеркәсібі жолға қойылған. Сол себепті семинарда өндіруші компанияларға салық салу мәселелеріне баса мән берілді. Сарапшылар шикізат секторындағы салықтарды есептеудің жаңа тәсілдерін түсіндіріп, ережелердің ашықтығы мен болжамдылығын, сондай-ақ олардың бизнесте ұзақмерзімді жоспарлаудағы маңыздылығын атап өтті.Ж.Нұржанов айтқандай, жаңа реформаға сәйкес нақты жүргізілген шығыстарды есепке алу есебінен салық салынатын базаны азайтуға септесетін корпоративті табыс салығы (КТС) бойынша шегерімдер қарастырылған. Бұған еңбек шығындары, негізгі құралдардың амортизациясы, маркетингтік науқандар, қызметкерлерді оқыту мен басқа да операциялық шығындар жатады.Қосылған құн салығын (ҚҚС) оңтайландырудың негізгі тетіктерінің бірі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде төленген кірістен ҚҚС есепке алу құқығы болып саналады. Бұл шығыстар құжатталған әрі заң талаптарына сәйкес болған жағдайда бизнеске бюджетке төленетін салық сомасын азайтуға жол ашады. Сонымен қатар ҚҚС төлеуші ретінде дұрыс және уақтылы тіркелу қосарланған салықтан сақтанып, жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде салық жүктемесін оңтайландыруға көмектеседі.«Салық жүйесіндегі өзгерістер мемлекет пен бизнестің мүдделері арасындағы балансты сақтауға бағытталған. Бұдан басқа жаңа заң электронды сервистердің қолданылуын кеңейтіп, салық есептілігін автоматтандыруды және кәсіпкерлердің мемлекеттік кірістер органдарымен өзара байланысын бірыңғай платформаның көмегімен реттеуді көздейді. Бұл компанияларға уақытты үнемдеуге, құжаттардың қайталануын болдырмауға және бюрократиялық кедергілерден құтылып, кәсіптерін дамытуға септігін тигізеді», деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1056547?lang=kk
Қазақстан мен Жапония стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті 25.08.2025
Астана, 2025 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу алғашқы ресми сапарымен Астанаға келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесу өткізді.Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады, саяси өзара іс-қимылды, халықаралық және өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ «Орталық Азия +» форматындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Астана мен Токио БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділігін білдіріп, көпжақты ынтымақтастықты нығайтудың және халықаралық құқық нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.М.Нұртілеу «Орталық Азия + Жапония» диалогы шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытудың және осы форматтағы алғашқы саммитке дайындықтың маңыздылығына тоқталып, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды қолдаудың қажеттілігіне ерекше назар аударды.Өз кезегінде Т.Ивая Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі Жапония үшін ортақ мақсаттар мен ұмтылыстарды бөлісетін маңызды серіктес екенін атап өтті. Ол көп қырлы ынтымақтастықты нығайту үшін берік негізі бар қазақ-жапон серіктестігінің қазіргі жай-күйін жоғары бағалады.Сауда-экономикалық өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан көмірді (жылына 115 млн тонна – әлемдегі ең ірі көрсеткіш), металлургия, мұнай-химия және азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, экспортты ұлғайтуға дайын екенін білдірді.Қазақстан СІМ басшысы атап өткендей, Жапонияның еліміздің экономикасына салған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 9 млрд АҚШ долларына жетіп, он ірі инвестордың қатарына кіреді. Жапон компаниялары тау-кен металлургия өнеркәсібі, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы жобаларға белсенді қатысуда.2024 жылғы екіжақты тауар айналымы шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрады, ал биылғы жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 800 млн долларға жуықтады.«Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалдарының шамамен 80%-ын қамтамасыз етіп отыр. Біз жапон инвесторларының қатысуымен Транскаспий бағытын дамыту және жасанды интеллектті қоса алғанда, цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – деді М.Нұртілеу.Авиация саласында тараптар «Air Astana» және «Japan Airlines» әуе компаниялары серіктестігінде 2026 жылғы наурызда Алматы-Токио тікелей әуе бағытын іске қосу жоспарын құптады. Сондай-ақ жапон әуе компанияларының транзиттік рейстеріне қазақстандық әуежайларда қызмет көрсету және логистикалық терминалдар құру мүмкіндіктері қарастырылды.Гуманитарлық салада ядролық медицина, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында Қазақстан Жапонияны 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырды.Қазақ тарапы медициналық мамандардың біліктілігін арттыру үшін заманауи жапондық технологияларды тартуға, сондай-ақ ерте хабарлау жүйелері мен тәуекелдерді мониторингтеу саласында тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдай отырып, қарусыздану саласында ілгерілеудің қажеттілігін атап өтті. Тараптар БҰҰ, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі және Ядролық қаруды таратпау туралы шарт шеңберінде халықаралық аренадағы тығыз ынтымақтастық пен өзара қолдауға бейілдігін растады.Келіссөздердің қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік дамуды жүзеге асыруға арналған грантқа қатысты келісімге қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1056518?lang=kk
Алматы облысында ұстаздардың тамыз кеңесі өтті 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы басым бағыттарды айқындады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Облыста бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.«Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деді облыс әкімі.Биыл Алматы облысының білім саласына 487,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа білім нысандарын салуға, педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталуда.Президенттің тапсырмасына сәйкес, облыстағы 35 мыңнан астам педагогтің жалақысы екі есеге дейін өсті. Жергілікті бюджеттен жалақы қорына 238,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 28 923 мұғалімге біліктілік санаты үшін 34,2 млрд теңге қосымша ақы төленуде.Әкімнің айтуынша, оқушылар саны жыл сайын 10-12 мыңға артып отырғандықтан, мұғалім тапшылығы мәселесін шешу өзекті. Бұл ретте жыл сайын педагогтердің жалақы қорына қосымша 6 млрд теңге бөлініп келеді. Биыл үздік мамандарды тартуға арнайы 200 млн теңге қарастырылған.Мектепке дейінгі тәрбие саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы бұл бағытқа 69,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірде 1168 балабақша жұмыс істейді, оның 997-сі – жекеменшік. Алайда, әкім атап өткендей, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру әлі де басты міндеттердің бірі болып отыр.«Балабақшадағы кадр сапасын көтеру келешектің кепілі. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен шығармашылық әлеуетін дамыту білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы облысында білім саласын дамытуға, ұстаздардың жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056165?lang=kk
Білім беру саласындағы негізгі басымдықтар белгіленді 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы басым бағыттарды айқындады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Облыста бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.«Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деді облыс әкімі.Биыл Алматы облысының білім саласына 487,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа білім нысандарын салуға, педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталуда.Президенттің тапсырмасына сәйкес, облыстағы 35 мыңнан астам педагогтің жалақысы екі есеге дейін өсті. Жергілікті бюджеттен жалақы қорына 238,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 28 923 мұғалімге біліктілік санаты үшін 34,2 млрд теңге қосымша ақы төленуде.Әкімнің айтуынша, оқушылар саны жыл сайын 10-12 мыңға артып отырғандықтан, мұғалім тапшылығы мәселесін шешу өзекті. Бұл ретте жыл сайын педагогтердің жалақы қорына қосымша 6 млрд теңге бөлініп келеді. Биыл үздік мамандарды тартуға арнайы 200 млн теңге қарастырылған.Мектепке дейінгі тәрбие саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы бұл бағытқа 69,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірде 1168 балабақша жұмыс істейді, оның 997-сі – жекеменшік. Алайда, әкім атап өткендей, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру әлі де басты міндеттердің бірі болып отыр.«Балабақшадағы кадр сапасын көтеру келешектің кепілі. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен шығармашылық әлеуетін дамыту білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы облысында білім саласын дамытуға, ұстаздардың жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056259?lang=kk
Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы қарқын алды 25.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруді, үш ауысымды оқытуды жоюды және оқушы орындарының тапшылығын шешуді Үкіметке нақты тапсырған еді. Осы мақсатта елімізде қолға алынған «Келешек мектептер» ұлттық жобасы Алматы облысында жүйелі жүзеге асырылып жатыр.Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі білім беру саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Президенттің тапсырмасына сәйкес, басты міндетіміз – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Облыс бойынша 24 900 орындық 26 «Келешек мектептің» құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 10 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған нысандар да оқушыларға есігін айқара ашады. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай қысқарады», – деді облыс әкімі.2022–2025 жылдар аралығында Алматы облысында 45 325 орындық 50 жаңа мектеп салынды. Бұл көрсеткіштің арқасында үш ауысымды білім ошақтарының саны 52-ден 30-ға дейін азайды. Бұған қоса, соңғы үш жыл ішінде 73 мектеп пен білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтті.Дегенмен, кейбір мердігер ұйымдардың жұмысты уақытында аяқтамауына байланысты төрт нысанда Талғар ауданының Белбұлақ және Нұра ауылдарындағы мектептерде, Қонаев қаласындағы №4 мектеп пен облыстық мектеп-интернатта жөндеу жұмыстары кешігіп отыр. Бұл бойынша жауапты мердігерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданып, сотқа жолданған.Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы толық орындалғанда, үш ауысымды білім беру түйткілі түбегейлі шешіліп, оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігі арта түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056273?lang=kk
Тамыз кеңесінде білім саласының жаңа міндеттері талқыланды 25.08.2025
Алматы облысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылдың өзінде 1 млрд 021 млн теңге бөлінді. Бұған қоса, мектеп кітапханаларын заманауи форматқа көшіруге 193,1 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев дәстүрлі тамыз кеңесінде баяндады.Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Кеген ауданындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қаипов атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде мектептердің инфрақұрылымы жаңартылып, ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге арналған бағдарламалар іске қосылды. Бұл ауылдық мектептердің мүмкіндігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік бермек.«Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту – балаларымыздың жарқын болашағына жасалған инвестиция. Президенттің тапсырмасына сәйкес біз оқушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұстаздардың кәсіби дамуына да жол ашып отырмыз. Осы игілікті іске үлес қосқан Күләш Ноғатайқызына және «Қазақстан халқына» қорына алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімі.Жаңғыртылған мектептерде жаңа оқу кабинеттері, кітапханалар мен зертханалар ашылып, білім алушылардың ынтасын арттыратын жағдай жасалды. Тамыз кеңесінде де айтылғандай, мұндай бастамалар өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056283?lang=kk
Балалардың болашағы – басты назарда 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2024 жылы қабылданған білім сапасын арттырудың «Жол картасы» аясында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп қолға алынған «Табысты 50 мектеп» жобасы алғашқы нәтижелерін беріп жатқанын айтты.Әкімнің айтуынша, аталған мектептерде оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасы 4-тен 12 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ, 17 оқушы республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен.«Бұл – білім саласындағы нақты қадамдардың, педагогтерге көрсетілген әдістемелік және материалдық қолдаудың жемісі. Өңір мектептерінде жаңа тәсілдер енгізіліп, оқушылардың білім деңгейі артып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз», – деді облыс әкімі.Жоба аясында 5 200 педагог негізгі және ілгері деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оған жергілікті бюджеттен 701 млн 120 мың теңге бөлінді.Осы орайда мектеп басшыларына үш негізгі міндет жүктелді: басқару мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді оқу-тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу; курстан өткен педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру; білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін оқу процесін заманауи талаптарға сай жетілдіру.Сонымен қатар, өңірде шалғай елді мекендерде тұратын балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалуда. 35 081 оқушы күнделікті арнайы автобустармен мектепке жеткізіледі. Ал 176 390 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бұл мақсатқа биыл 16 млрд 727 млн теңге қарастырылған.Балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуге арналған жазғы демалыс та дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Жергілікті бюджеттен 282,3 млн теңге, «Қазақстан халқына» қорынан 166,8 млн теңге бөлініп, облыста 27 лагерь жұмыс істеді. Соның нәтижесінде 335 923 бала, яғни оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылды.Тамыз кеңесінде атап өтілгендей, Алматы облысында алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында білім сапасын көтеру, педагогтерді жан-жақты қолдау және балалардың болашағына салынатын инвестицияны еселеу басты міндет болып қала бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056295?lang=kk
Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жаңа серпін алды 25.08.2025
Алматы облысында кәсіби білім беру жүйесін дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Колледждер – кәсіби маман даярлаудың негізгі буыны ретінде жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбек нарығы талап ететін жаңа дағдылармен қаруландыруда маңызды рөл атқарып отыр.2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласына облыста ерекше назар аударылып, бұл мақсатқа 16,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қаражат колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, сондай-ақ ел экономикасы мен еңбек нарығы сұранысына сәйкес білікті мамандар даярлауға бағытталды.«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Алматы облысындағы 4 колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашылды. Бұл жастарды ерте жастан еңбекке баулып, кәсіби бағыт-бағдар беру жолындағы маңызды қадам болды. Сонымен бірге, облыс студенттері «WorldSkills» ұлттық чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола және 5 медальон жеңіп алып, өздерінің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.Биылғы облыстық тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға қатысты тапсырмаларына айрықша назар аударылды. Президент жастарды заманауи еңбек нарығына даярлау, ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою міндеттерін нақтылап берді.Осыған орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев педагогтармен кездесуде өңірде білім беру саласын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті. Әкімнің айтуынша, колледждер мен мектептердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауылдағы білім ошақтарының материалдық базасын жақсарту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.Жиын барысында ұстаздардың жетістіктері де лайықты бағаланды. Атап айтқанда, халықаралық деңгейде шәкірт тәрбиелеп жүрген Алатау қаласындағы №47 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Светлана Бекмухамбетова, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицейінің география пәнінің мұғалімі Тамара Ещанова, Іле ауданындағы №38 мектептің құқық пәнінің мұғалімі Лейла Нарымова, Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат №1 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Нұртай Ерназар және өзге де үздік педагогтар кәсіби шеберліктерімен ерекшеленді.2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша облыста білім сапасы 68,9 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға жоғары (2023–2024 ж. – 67,2%). Мұндай өсім өңірдегі білім беру сапасының тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді.Алдағы уақытта да Алматы облысында білім беру саласына қолдау жалғасып, ұстаздар қауымына жан-жақты жағдай жасалмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056312?lang=kk
«Тіл – әр халықтың байлығы» форумы 25.08.2025
2025 жылдың 21 тамызында Бейімбет Майлин ауданында Тілдер күніне орай «Тіл – әр халықтың байлығы» атты форум өтті.Аталған іс-шара еліміздегі түрлі этностар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, мемлекеттік тілді насихаттау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.Форум жұмысына Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тіл жанашырлары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар, сондай-ақ мәдениет және өнер саласының өкілдері қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар тілдің қоғамдағы орны мен маңызына тоқталып, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында тілдердің біріктіруші рөл атқаратынын атап өтті. Форумда мемлекеттік тілді дамытудағы жетістіктер, этностардың тілі мен мәдениетін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндамалар оқылды, пікір алмасулар ұйымдастырылды.Сондай-ақ форум аясында Бейімбет Майлин ауданының мәдени өміріне белсене атсалысып жүрген, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға және бейбітшілік идеяларын насихаттауға айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан алғыс хаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1056326?lang=kk
Қостанай облысында жаңа спорттық кешендер мен қалалық субұрқақтар ашылды 24.08.2025
Қостанай облысының Рудный қаласында өткен Қала күні мерекесіне орай екі заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені – «Sokol» және «Sarybai», сондай-ақ жаңа қалалық субұрқақтар пайдалануға берілді.Аталған жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама өңір елді мекендерінде көгалдандыру, абаттандыру және заманауи қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл бастамалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және салауатты әрі белсенді ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері 11-шағын ауданда салынды. Жобаның жалпы құны — 1 млрд 266 млн теңге. «Sokol» кешенінің ауданы — 1 536 шаршы метр, «Sarybai» кешенінікі — 1 872 шаршы метр. Әр нысан бір мезетте 470 адамға дейін қабылдауға есептелген. Кешендерде волейбол, мини-футбол, баскетбол, гандбол және күрес секілді спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылған. Жоба аясында 23 жаңа жұмыс орны ашылды.Жаңа нысандардың ашылуы өңірдің спорттық инфрақұрылымын кеңейтіп, бұқаралық спорттың дамуына және тұрғындардың, әсіресе жастардың белсенді демалысына қосымша жағдай жасайды.Осы күні Рудныйда екі жаңа субұрқақ та іске қосылды: оның бірі жаңа спорттық кешендердің жанында, екіншісі Гагарин мен Ленин көшелерінің қиылысында орналасқан. Субұрқақтардың ашылуы қаланы абаттандыру және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру бағдарламасының бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1055840?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеудегі Қызыл алаңда зор қошеметке ие болды 23.08.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбльдің музыканттары мен әртістері Мәскеуде өткен XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы – 2025» әскери-музыкалық фестивалінде табысты өнер көрсетті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.Ресей Федерациясының басты сахнасы — Қызыл алаңда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы қазақ әндерінен құралған попурри әуенінің сүйемелдеуімен әсерлі дефиле ұсынды. Бұл көрініс көрермендер тарапынан ыстық ықылас пен зор қошеметке бөленді.Орталық әскери оркестрдің орындауындағы дала сарыны — қазақтың ұлттық әуендері мен кеңестік кезеңнен танымал шығармалар Ресей жұртшылығына да етене таныс болып шықты. Көрермендер ерекше әсер алғанын жасырмады.Биыл Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Жасмина Түзелова «Әлия» әнін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сейдолла Бәйтерековтің бұл туындысы осыдан 50 жыл бұрын Болгарияда өткен халықаралық фестивальде «Жыл әні» атанып, қазақ музыкасының шетелге кең таралуына жол ашқан еді.Қазақстан Қарулы күштері әскери оркестрлер қызметінің бастығы – бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимов:«Фестивальдің тақырыбына сай, біз Мәскеуге Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларынан құралған попурри — “Туған ел”, “Саржайлау” және “Өз елім” әндерін ала келдік», — деп атап өтті.Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан Қарулы күштері Орталық әскери оркестрінің бұл өнер көрсетуі Қызыл алаңдағы көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды. Этникалық сарындарға бай композициялар көрермендер үшін тосын болмаса да, шынайы әсер мен ерекше эмоция сыйлады.Айта кетейік, XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы» әскери-музыкалық фестиваліне Ресеймен қатар Азия, Африка және Еуропа елдерінен келген 25 шығармашылық ұжым қатысуда. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Ресейдің Мемлекеттік туы күніне орай ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1055816?lang=kk
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қатарын жас офицерлер толықтырды 23.08.2025
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жоғары әскери оқу орындарын аяқтаған 24 түлек үшін оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Жоғары оқу орындарында олар командалық-тактикалық мотоатқыштар, әуе-десанттық, танк әскерлері, артиллерия, әскери барлау, сондай-ақ тәрбие жұмысы мен әскери психология бағыттары бойынша оқудан өтті. Жас лейтенанттар взвод командирлері, батальондық психологтар, рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары лауазымдарына тағайындалатын болады. Он күндік оқу-әдістемелік жиын теңіз жаяу әскерлері бригадасының базасында өтеді. Жас офицерлер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін зерделейді, қарауылдар мен әскери нарядтар қызметінің негіздері, сондай-ақ взводтардағы тәрбие жұмысы бойынша дәрістер тыңдайды. Бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік қызметін реттейтін нормативтік және басшылық құжаттарға ерекше назар аударылады. Қызметін енді бастаған командирлер жалпыәскери жарғылар, дене шынықтыру, тактикалық және атыс дайындығы бойынша сынақ тапсырады. Нұсқаушылардың айтуынша, лейтенанттар сенімді білім мен қызметке дайындықтың жоғары деңгейін көрсетуде. – Өзімнің байсалды көзқарасым бар. Болашақта өз ісіне лайықты командир болғым келеді, – деді Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі лейтенант Медет Серікбаев. – Бөлімдерде бізді жақсы қарсы алды, қолбасшылық біздің тез бейімделуіміз үшін бәрін жасап жатыр. Жас офицерлер Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Бейнеу гарнизондарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1055797?lang=kk
Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты 23.08.2025
Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде өңірдегі медициналық мекемелердің заманауи техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 79 пайыздан 92 пайызға дейін өсті.2024 жылы облыстағы денсаулық сақтау мекемелері 239 бірлік медициналық техникамен және 15 бірлік санитарлық автокөлікпен толықтырылды.Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде:Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде, 1 магнитті-резонанстық томография (МРТ) аппараты, 1 ангиограф, 10 бейнеэндоскопиялық кешен, 2 маммограф, 2 сараптамалық санаттағы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты бар.Сондай-ақ, Жаһандық қордың қолдауымен Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығы құны 51,5 млн теңге болатын жаңа рентген аппаратымен қамтамасыз етілді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады:«Медициналық техникамен жабдықтау – бұл тұрғындарға сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсету кепілі. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі ілгерілеу бар. Жаңа жабдықтар диагностика мен емдеудің тиімділігін арттырады. Алдағы уақытта бұл жұмысты одан әрі жандандырамыз», – деді Ержан Сүлейменов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055779?lang=kk
Qostanai Investment Forum 2025: Қостанай облысы жасанды интеллектке басымдық бере отырып, цифрлық трансформация стратегиясын ұсынды 22.08.2025
21–22 тамыз күндері Қостанайда Qostanai Investment Forum 2025 өтті. Ол аймақта цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және жоғары технологиялық жобаларға инвестиция тарту мәселелеріне арналған ең ірі өңірлік алаңға айналып, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастық пен IT-индустрияның өкілдерін біріктірді.Форум қарсаңында, 21 тамызда, өңірдің цифрлық инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған маңызды бастамалар іске қосылды. Атап айтқанда, ұялы байланыс базалық станциялары жобасының екінші кезеңіне старт берілді. Оның бірінші кезеңі өткен жылдың желтоқсанында іске қосылып, облыстың 15 ауылында тұрақты ұялы байланыс қамтамасыз етілген болатын. Инициативаны жалғастыру мақсатында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Beeline Қазақстан компаниясының басшылығы, соның ішінде Рауан Қабдрахимов, телекоммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс басшысы бұл жобаның мемлекет пен бизнестің әріптестігі нәтижесінде жүзеге асып жатқанын және әрбір тұрғынның өзін бірыңғай цифрлық кеңістіктің бір бөлігі ретінде сезінуіне бағытталғанын атап өтті.Сол күні, 21 тамызда, Qostanai Hub алаңында стартап-қоғамдастыққа арналған іс-шаралар өтті. Дәстүрлі Pizza Pitch форматында жас кәсіпкерлер өз жобаларын сарапшылар алқасына және инвесторларға таныстырды. Сондай-ақ Forbes «30 under 30» тізімінің үздіктерімен кездесу ұйымдастырылды. Олардың арасында EasyTap платформасының негізін қалаушы Мазгұм Толеш, Спорттық бағдарламалау федерациясының бас хатшысы Адина Магавина және IGPS Tech компаниясының теңқұрушысы Мирас Байжігіт бар. Бұл бастамалар өңірлік технопарктың инновациялар мен IT-қоғамдастықты қолдаудағы маңызын айқындады.Форумның негізгі бөлігі 22 тамызда KIA Qazaqstan зауытында өтті. Мұнда өңір кәсіпорындарының цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект саласындағы әзірлемелері ұсынылған технологиялық көрме ұйымдастырылды.Пленарлық отырысты қазақстандық сарапшы Рахым Ошақбаев ашты. Талқылауларда жасанды интеллектіні дамыту және цифрландырудың негізгі мәселелері қаралды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірде бірқатар бағыттар бойынша жасанды интеллектінің іс жүзінде қолданылып жатқанын атап өтті. Жұмыс Мемлекет басшысы Үкіметтің жақында өткен кеңейтілген отырысында қойған – жасанды интеллектіні өңірлерде белсенді енгізу жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, ол агроөнеркәсіптік кешенде «ақылды фермалар» тұжырымдамасын іске асыруды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта жылу желілерінің құбырішілік диагностикасы сияқты технологияларды қолдануды қамтитын басым бағыттарды айқындады. Әкімнің айтуынша, Қостанай облысы инвесторлар мен IT-компаниялардың назарын аударып отыр және инновациялар саласында көшбасшы өңірлердің біріне айналуға әлеуеті жеткілікті.Пленарлық отырыста халықаралық және ұлттық сарапшылар сөз сөйледі. Қазақстандағы ЕО елшісі Алешко Симкич 2025 жылдың 1 тамызында күшіне енген Еуропалық Одақтың Жасанды интеллект туралы жаңа заңына шолу жасап, бет-әлпетті тану, предиктивті талдау және генеративті технологиялар сияқты жүйелерді реттеу қағидаларын түсіндірді. Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Astana Hub технопаркінің және оның Қостанайдағы филиалы – Qostanai Hub-тың маңызын атап өтіп, Startup Garage бағдарламасы аясында Қостанай облысы өтінім саны бойынша елде үшінші орын алғанын хабарлады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров цифрлық, «жасыл» және технологиялық жобаларға шетелдік инвестиция тарту тетіктерін айқындады.Телекоммуникация саласының перспективалары туралы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин айтып, ұлттық бейнемониторинг жүйесі, AI-Mektep білім беру платформасы, орман өртін ерте анықтауға арналған дрондар мен жасанды интеллект технологиялары бойынша бастамаларды таныстырды. KIA Qazaqstan зауытының бас директоры Ким Дэ Ки өндірісте шамамен 70 өнеркәсіптік роботты енгізу жоспарын жариялап, автоматтандыру деңгейі мен өнім сапасын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді. METOS компаниясының өкілі Sergiu Smocinschi заманауи егіншілікте цифрлық деректердің маңызын, олардың өсімдік ауруларын болжауда және автономды техниканы қолданудағы рөлін атап өтті. Қазақстандағы IT-компаниялар қауымдастығының президенті Ирина Сулименко мал шаруашылығында жасанды интеллектіні қолданудың тәжірибесімен бөлісіп, жануар ағзасына енгізілетін сенсорлар негізінде фермерлерге алдын алу ұсынымдарын жіберетін «цифрлық ветеринар» жүйесін мысалға келтірді. Өз шешімін Мазгұм Толеш те таныстырып, бөлшек сауда және HoReCa секторы үшін сағаттық қызметкерлерді іздеуге арналған EasyTap онлайн-сервисін ұсынды.Qostanai Investment Forum 2025 өңірдің цифрлық трансформация бағдарламасын іске асырудағы маңызды кезең болды. Шара Қостанай облысының цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп қана қоймай, стартаптар мен инвесторларға арналған толыққанды экожүйе қалыптастырып жатқанын көрсетті және жалпыұлттық даму басымдықтарына сәйкес инновациялар мен технологиялар саласында алдыңғы қатарлы позицияларды иеленуге ұмтылысын айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1055661?lang=kk
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық ахуалы туралы 22.08.2025
2025 жылғы 1 шілдеге Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 599,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 374,3 мың (62,4%), ауылдықтар – 225,2 мың адам (37,6%). 2025 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,3 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.Халықтың табиғи қозғалысы2025 жылғы қаңтар-маусымда Абай облысы халқының табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-маусымда салыстырғанда (2086 адам) 38,4%-ға азайды, 1286 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,33 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2025 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 3956 адамды құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 17,0%-ға аз (4767). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 13,31 туылғандарды құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2670 адамды құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусым қарағанда 0,4%-ға аз (2681 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,98 қайтыс болғандарды құрады.2025 жылғы қаңтар-маусымда облыста 1 жасқа дейін шетінеген 28 нәресте тіркелді және 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (47 шетінеген нәресте) 40,4% есе азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,08 оқиғаны құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2025 жылы қантар-маусымда облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 6326 адамды, елімізден кеткендердің саны - 10995 адамды, көші-қонның айырымы – 4669 адамды құрады.Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны -31 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 77 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 64,6% және 87,5% құрады. Осының келгендермен және кеткендердің көп бөлігі Рессей Федерациясына тиесілі.Алыс шетел елдерімен оң сальдо, облысқа келгендер - 17 адам құраса, кеткендер саны - 11 адам.Облыс ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 6278 адамға азайған, келгендер - 10907 адам құраса, кеткендер - 4629 адам құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистикаӘлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің басшысы: С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1055679?lang=kk
Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын жаңа зауыт ашылды 22.08.2025
Алматы облысы өңдеуші өнеркәсіп саласында өз позициясын нығайтып келеді. Жамбыл ауданындағы «Қазыбек бек» индустриалды аймағында автокомпоненттер мен автоаксессуарлар шығаратын «QazElastoPlast» зауытының ашылу салтанаты өтті. Жаңа өндіріс орны өңірдегі жұмыспен қамтуды арттыруға және бейресурстық секторды дамытуға бағытталған.Зауытқа 600 миллион теңге инвестиция құйылып, алғашқы кезеңде аудан тұрғындары үшін 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жылына 150 мыңнан астам автомобиль кілемшесін шығаруға қауқарлы. 2027 жылға қарай өнім түрлерін 100 үлгіге дейін кеңейтіп, өндіріс көлемін 230 мыңнан астам жиынтыққа жеткізу жоспарланып отыр.Жұмыспен қамтудың өсуі өндірістік кәсіпорындардың ашылуы мен кеңеюімен тікелей байланысты. Соңғы үш жылда Алматы облысында 176 320 жаңа жұмыс орны құрылды: 2022 жылы – 37 198, 2023 жылы – 68 440, 2024 жылы – 70 682.Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлы зауыттың өңір үшін маңызын атап өтті: «Алматы облысы дәстүрлі түрде агроиндустриялық аймақ болып саналады. Соған қарамастан, біз жаңа өнеркәсіп кластерлерін белсенді түрде дамытып келеміз. Теміржол ауылдық округінде ашылған бұл зауыт осы бағыттағы маңызды қадам болды. Ол жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Қазыбек бек станциясына жақын орналасуы және ірі автомагистральдардың торабында орналасуы жобаның облыс үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді», – деді ол.Зауыттың ашылу рәсімі аясында «Астана Моторс» және «Hyundai Auto Kazakhstan» сияқты жетекші компаниялармен ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055625?lang=kk
Қонаев қаласында жыл соңына дейін екі жаңа зауыт ашылады 22.08.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қонаев қаласында инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері Қонаев экономикасына 308,8 млрд теңге инвестиция құйылып, нәтижесінде «Оспанова Девелопмент» балық өңдеу зауыты іске қосылды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жаңғыртылуда. Сонымен қатар туризм саласында қонақ үйлер мен демалыс аймақтарының құрылысы жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың қарқынды дамуына ықпал етуде.Ресми деректерге сәйкес, Қонаев қаласының инвестициялық портфелі жалпы құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 39 жобадан тұрады. Олар 2030 жылға дейін жүзеге асырылып, 17 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 11 жоба туризмді дамытуға бағытталған.«Биыл біз 650 млн теңге инвестиция есебінен «Текемет» мейрамхана-қонақ үй кешенін және 10,1 млрд теңгелік «АСП Арена» отбасылық-ойын-сауық орталығын аштық. Жыл соңына дейін екі зауытты – сусын өндіретін «Run Planet» пен май, ұн және құрама жем шығаратын «Қапшағай бидай өнімдері» кәсіпорнын іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді қала әкімі Асхат Бердіханов.Оның айтуынша, 2026 жылы Қонаев қаласында 48 төсек-орынға арналған, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілетін кардиологиялық орталық пайдалануға беріледі. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге.Қазіргі уақытта қалада жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» зауытының өндірісі кеңейтіліп жатыр, сондай-ақ жаңа жобаларға қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Бүгінде Қонаев қаласында 12 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істеп, облыс құрылғаннан бері жалпы өндіріс көлемі 410,2 млрд теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055535?lang=kk