Қуқық
28 тамыз – Қарулы Күштердің Тыл мамандары күні 28.08.2025
28 тамызда Қазақстанда Қарулы Күштерінде Тыл мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл – әскерді жан-жақты қамтамасыз ету қызметінде тұрған жандардың күні.Дәл осы күні, 1992 жылы, әскерді басқарудың орталықтандырылған органы құрылып, сол уақыттан ол әскерді қару-жарақпен, жанар-жағармай материалдарымен жабдықтауға, техниканы қалпына келтіруге, нысандар салуға және инфрақұрылымды қызмет көрсетуге қызмет етіп келеді.Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің Тылы заманауи әрі жоғары технологиялы тетік құралы болып табылады. Соңғы жылдары тыл қызметі цифрлық серпіліс жасап, армияны қамтамасыз ету тәсілін түбегейлі өзгертті. Электрондық құжат айналымы қағаз құжаттардан арылтып, әскерлердің қажеттіліктерін жедел жабуға мүмкіндік берген қорларды цифрлық есепке алуға көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, әр тауардың қоймадан сарбазға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау енгізіледі деп күтілуде. Әскери мүліктің әрбірін орынсыз пайдалануды болдырмайтын және сапалы бақылауға кепілдік беретін бірегей цифрлық код болады. Барлық тасымал түрлерін біріктіретін әскери логистика жүйесі дамып келеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі қарастырылуда, бұл тасымалдау құжаттарын ресімдеуді жеделдетіп, шығындарды азайтады. Тыл мамандары өздерінің жоғары кәсіби деңгейін жаттығуларда үнемі дәлелдеп келеді. 2024 жылы олар Беларусьтегі «Брест» полигонында өткен «Эшелон-2024» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысып, әскерді жанар-жағармаймен, азық-түлікпен, заттай мүлікпен және техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын орындады. 2025 жылдың көктемінде тыл мамандары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді сәтті атқарды.Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тыл бастығының басқармасы – армияның сенімді тірегі, заманауи әрі тиімді жұмыс істейтін тетік, әскердің жауынгерлік қабілеті мен дайындық деңгейін қамтамасыз ететін жүйе.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1058084?lang=kk
«Бір белдеу – бір жол»: Алматы облысы мен Цинхай провинциясы ынтымақтастықты нығайтады 28.08.2025
Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясы жеті меморандумға қол қойды. Құжаттар экономика, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және достық қатынастарды дамыту салаларын қамтиды. Келісімдер бес жылға жасалып, ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.Бүгінде өңірде қытайлық капиталмен 143 кәсіпорын жұмыс істейді, ал тауар айналымы жылына 1 млрд АҚШ долларынан асып отыр.Кездесу барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Цинхай провинциясы КПК комитетінің бірінші хатшысы У Сяоцзюнь стратегиялық серіктестікті кеңейтуге уағдаласты. Тараптар ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, медицина, трансшекаралық сауда және білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Бұған дейін Алматы облысының 37 жасы Синьцзян университетінде толық грант негізінде білім алған. Жаңа келісімдер аясында студенттік алмасу жалғасын табады.ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй Қазақстан мен Қытайды достық пен ынтымақтастық рухы байланыстыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1058054?lang=kk
Латвияның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады 27.08.2025
Астана, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Даце Руткадан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.Министрдің орынбасары Латвия дипломатын құттықтай отырып, екіжақты және көпжақты форматтарда Қазақстан мен Латвия серіктестігінің үдемелі дамуына қанағаттанушылығын білдірді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы даму перспективалары туралы пікір алмасты.Кездесудің соңында А. Исетов Астана мен Рига арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа Елшінің жұмысына жан-жақты қолғабыс көрсетуге қазақ тарапының дайын екенін білдіріп, Д.Руткаға Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057853?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Грузияның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 27.08.2025
Астана, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Грузияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Леван Диасамидзеден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Е.Қоныспаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметіне табыстар тіледі және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына оның ықпал көрсететініне сенім білдірді.Сұхбат барысында дипломаттар саяси, сауда-экономикалық, көлік, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-грузин ынтымақтастығының өзекті жағдайы мен перспективаларын, ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылады.Грузия Елшісі жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, достық пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделген екі елдің көпжоспарлы ынтымақтастығын дәйекті түрде дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057809?lang=kk
Іріктеу аяқталды: Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына 1700-ден аса талапкер қабылданды 27.08.2025
Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындары мен колледждерінің қабылдау комиссиялары дене шынықтыру даярлығы мен жалпы білім беру пәндері бойынша тесттерден сәтті өткен барынша дайындалған талапкерлерді іріктеп алды.Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына (ҚӘӘИ) түсуге ниетті 590-нан аса үміткердің 350-ден көбі қабылданды. Конкурстық іріктеу Құрлық әскерлері үшін дайындық бағыттарының кең спектрін қамтитын 7 мамандық және 16 біліктілік бойынша өтті. Олардың ішінде «барлау бөлімшелерін басқару» және «мотоатқыштар бөлімшелерін басқару» мамандықтарын талапкерлер көбірек таңдаған.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының тізіміне 360 үміткердің 200-ден астамы ілінді. Осы жылдан бастап осы жоғары оқу орнына «әскери істегі криптология» және шығыс тілдері бойынша «халықаралық әскери қатынастар және аударма ісі» атты жаңа білім беру бағыттары ашылды. Мамандарды даярлау қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесіп екі дипломдық білім беру форматында жүзеге асырылатын болады. Конкурстық іріктеу 7 мамандық және 12 біліктілік бойынша өтті. Биылғы жылы осы оқу орнында ең көп сұранысқа ие мамандық «ақпаратты қорғау технологиясы және ұйымдастыру» болды.Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына 600-дің үстінде өтініш келіп түсті, алайда оның тек 260-тан астамы ғана курсант атанды. Конкурстық іріктеу 7 мамандық және 15 біліктілік бойынша өтті.Әскери білім ордасында оқығандар ұшқыштар, инженер-техниктер, теңізшілер және әскери дәрігерлер мамандықтарын алады. Медициналық бейіндегі мамандарды оқыту Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базасында жүзеге асырылатын болады. Ал теңіз кафедрасының курсанттары Ақтөбе әскери жоғары оқу орнында екі жыл оқығаннан кейін Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде мамандықты игеруді жалғастырады. Бұл оқу орнында «мемлекеттік авиациядағы әуе кемелерін ұшуға пайдалану» және «әскери медицина» мамандықтары ерекше танымал.«Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында әскери институттарға түскен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен борышын өтеген азаматтардың жалпы саны 128 адамды құрағанын айта кетелік.ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ынтымақтастығы шеңберінде Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары ҚӘӘИ-да оқудан өтеді. Олар жас жауынгер курсын игеріп, өз Отанында ант қабылдағаннан кейін Алматыға келеді. Айта кетер болсақ, рейтинг негізінде курсанттар іріктеліп, шет мемлекеттердің әскери жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі. Бұдан бөлек, әскери оқу орындарына кәсіби сержанттарды даярлау бойынша 900-ден астам адам қабылданды. Олар Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі, Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі, Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі және Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде оқитын болады.Әскери оқу орындарының тізіміне енген үміткерлерді алда жас жауынгер курсы күтіп тұр. Бір ай ішінде олар саптық, атыс және дене шынықтырудан дайындықтарынан өтеді, жалпы әскери жарғылармен танысады, практикалық атыстарды орындайды, содан кейін әскери ант береді. Өз өмірін Отанға қызмет етуге арнауға дайын жастар осылайша кәсіби дамудың жаңа кезеңін бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1057780?lang=kk
Құрметті Қарағанда облысының тұрғындары! 27.08.2025
2025 жылғы 28 тамыз күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев бизнес өкілдерімен, тұрғындармен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке қабылдайды.Өтетін орны: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлихан Бөкейханов көшесі, 13, 5-қабат, конференц-залыХалықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 14:00;Азаматтарды қабылдау – сағат 15:30.Сіз Сауда және интеграция Вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 708 767 6959 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 708 767 6959 (Тойгүл Жубанисова).Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияны вице-министрі Арман Шаққалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1057787?lang=kk
ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Иорданияның Стандарттау және метрология ұйымы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 27.08.2025
Мәртебелі Иордания Хашимит Корольдігінің Королінің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (ҚР МТИ) мен Иорданияның Стандарттау және метрология ұйымы (JSMO) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Құжат стандарттау, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Меморандумға қол қою екі ел арасындағы тәжірибе алмасуға, тәсілдерді үйлестіруге, сауда-экономикалық байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Келісім бизнесті қолдауға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өзара сауданы дамытуға жәрдемдесуге бағытталған екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1057763?lang=kk
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) Сотының делегациясымен кездесті 27.08.2025
Әділет министрі ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған конференциясы аясында өткен кездесуде ЕАЭО Сотына алғыс білдіріп, Одақтың құқықтық базасын дамытудағы оның маңызды рөлін атап өтті. Министрдің пікірінше, Соттың қызметі тұрақты құқықтық ортаны қалыптастыруға және интеграциялық үдерістерге деген сенімді арттыруға ықпал етеді.Кездесу барысында тараптар Одақ құқығын қолдану және дамыту мәселелерін талқылады. Сот төрағасы Әділет министрлігінің Сотпен өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жұмысын ерекше атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар интеграцияның құқықтық негіздерін нығайту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Кездесу достық және іскерлік жағдайда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1057660?lang=kk
АДБ Қазақстанда $7,5 млрд-тан астам сомаға жобаларды қаржыландырды 27.08.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Азия даму банкінің (АДБ) өкілдігінің директоры Кумар Утсавпен кездесті.АДБ – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. 30 жылға жуық ынтымақтастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, цифрлық даму, тұрғын үй инфрақұрылымы және әлеуметтік саладағы жобаларды $7,5 млрд-тан астам сомаға қаржыландырды. Қолданыстағы портфельде ел үшін маңызы зор жобалар бар, олардың қатарында «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолын қайта жаңарту, «Қызылорда – Павлодар – Үспен – РФ шекарасы» трассасының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі бар.Тараптар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және жаңа бастамаларды талқылады. Олардың ішінде «Сарыағаш қаласын айналып өтетін автожол құрылысы», «Инклюзивті және жасыл тұрғын үй қаржыландыруға жәрдемдесу» жобасы, сондай-ақ Фискалдық басқару бағдарламасы мен қаржы секторының реформасы бар.Әсіресе Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында университеттік ауруханалар салу жобаларының әлеуметтік маңыздылығы атап өтілді.Ынтымақтастықтың маңызды бағыты – Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасына белсенді қатысуы. Қазақстан бағдарламаға 2001 жылы қосылып, негізінен көлік саласындағы 32 жобаға $10 млрд тартты. Бағдарламаға 11 мемлекет пен халықаралық институттар, соның ішінде АДБ, ЕҚҚДБ, ХВҚ, ИДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк және АИИБ қатысады.Кездесу барысында қатысушылар 20 қарашада Бішкекте өтетін Министрлік конференциясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды.«Бұл іс-шара жылды қорытындылап қана қоймай, ОАӨЭЫ-ның болашақтағы басымдықтарын айқындайды, сондай-ақ көлік пен транзитті дамыту мәселелері жөніндегі жаһандық диалогтың ажырамас бөлігіне айналады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасының орнықты дамуына бағытталған әріптестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екенін растады.https://primeminister.kz/news/adb-kazakstanda-75-mlrd-tan-astam-somaga-zhobalardy-karzhylandyrdy-30444 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1057351?lang=kk
Алматы облысында жылыту маусымына дайындық бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде 27.08.2025
Бүгінде өңірде 348 жылыту қазандығы пайдаланылады: олардың 165-і қатты отынмен, 107-сі газбен, 44-і сұйық отынмен, 21-і электр қуатымен жұмыс істейді, ал тағы 11-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.Алдағы маусымға облыстың жалпы қажеттілігі 2 181 тонна көмірді, шамамен 1,94 млн литр сұйық отынды және 98 текше метр отынды құрайды.Қазіргі уақытта өңірдегі барлық медициналық ұйымдарда отын сатып алу конкурстары аяқталып, жеткізушілер анықталып, келісімшарттар жасалды. Бірқатар медициналық мекемелер қажетті отынмен қамтамасыз етілді. Сұйық және қатты отынды жеткізу 1-15 қыркүйек аралығына жоспарланған. Барлық нысандарда қысым сынақтары мен техникалық жұмыстар жүргізіліп, жабдықтарға сервистік қызмет көрсетілді, сондай-ақ қазандықтардың ақаулы қосалқы бөлшектері ауыстырылды.Жылыту маусымына дайындық жоспарлы түрде атқарылып жатыр, ал әлеуметтік нысандарды отынмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1057273?lang=kk
Бельгияның жаңа Елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 26.08.2025
Астана, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Эрик Де Майерден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Министрдің орынбасары Бельгия дипломатын Қазақстандағы жаңа қызметімен құттықтай отырып, Астана мен Брюссель арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың және өзара диалогті тереңдетудің жоғары маңыздылығын атап өтті.Сұхбат барысында Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының өзекті бағыттары мен алдағы екіжақты, соның ішінде парламентаралық диалогының желісі бойынша іс-шараларды талқыланды.Сонымен қатар өзара тиімді экономикалық серіктестікті арттыруға және Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды одан әрі қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057229?lang=kk
Құрметті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары! 26.08.2025
2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков Қызылорда облысының халқы мен бизнес өкілдерімен кездеседі. Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылы, Әбдікәрімов көшесі, 8-үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 17:20 басталады.Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Ұлттық экономика вице-министріне кездесуде қоя аласыз немесе сауалдарыңызды алдын-ала WhatsApp-қа жібере аласыз +7 776 662 6575 (ҰЭМ):Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ).Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековке сұрақтар қоюға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1057214?lang=kk
Алматы облысында Talgar Eco City жобасы таныстырылды: әкімдік халықаралық ынтымақтастықты күшейту үстінд 26.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жоғары мәртебелі шейх Абдулла бен Мохаммед бин Бутти Әл Хамед пен Talgar Eco City жобасының бастамашысы және иесі Бақыт Атайбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауқымды Talgar Eco City жобасының бас жоспары таныстырылды. Келіссөздер Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек қолдауымен өтті және өңірдің инфрақұрылымын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне арналды.Talgar Eco City жобасы Талғар қаласы мен Ақдала ауылын қамти отырып, шамамен 600 гектар аумақты алады. Жоба аясында тұрғын үй кешендері, мектептер, медициналық мекемелер, сауда-ойын-сауық орталықтары салу және жасыл қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр. Концепция экологиялық тазалық және «жасыл» технологияларды қолдану қағидаларына негізделген.Бас жоспарды БАӘ-нің AE7 халықаралық компаниясы әзірледі. Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2025 жылғы шілдеде Алматы Халықаралық Қаржы Орталығының базасында қазақстандық Dinar Holding Ltd. пен әмірліктерлік 44Degree компанияларының қатысуымен Talgar Development Ltd. бірлескен кәсіпорны құрылды.Алматы облысының әкімдігі жобаның іске асуын жан-жақты қолдап отыр, оның ішінде инженерлік желілерге қосылу және 2028 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасы аясында сыртқы инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қамтылады.Сапар барысында EXIM Finance компаниясының басшысы Салах Ибрагим Әл Нассермен кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы Алматы облысының жобалары талқыланды. 2017 жылы Дубайда құрылған EXIM Finance компаниясы экспорттық-импорттық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен танымал. Оның және БАӘ іскер топтарының қатысуы Қазақстанға деген сенімділіктің жоғары екенін көрсетеді.Сонымен қатар, Дубайда орналасқан малайзиялық International Investment Consortium (IIC) инвестициялық банкі мен оның жетекшісі Dato Dr. Arshad Mahmood мырзамен жеке кездесу өткізілді. Тараптар Алматы облысындағы жобалар мен ірі инфрақұрылымдық бастамаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1057178?lang=kk
Түркістанда салық саясатындағы тың тәсілдер талқыланды 26.08.2025
ҚР Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге байланысты жүйелі жұмысты қолға алып, реформа жайлы кәсіпкерлер мен халықты құлақтандырып келеді. Ведомство бизнес өкілдерімен кездесу арқылы енгізілетін жаңашылдықтар жөнінде ақпарат жеткізіп, тиісті нормалардың практикалық қолданысқа және реформаның артықшылықтарына баса мән беруде. Осы жұмыстың аясында Түркістан облысында «Атамекен» ҰКП қолдауымен 2026 жылы күшіне енетін Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған көшпелі семинар өтті.Жиынға ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов пен МКК қызметкерлері қатысты.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты серпіні байқалып келеді. Биылғы қаңтар-шілде аралығында өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қазіргі бағамен шаққанда 852 050,6 млн теңгеге жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12, 3% артқан. Ал өңірлік жалпы өнім көлемі (биылғы қаңтар-наурыз айларында) 1 053 912,6 млн теңгеге жетіп, нақты өсім 9,1% межесінде байқалды. ӨЖӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі 37,1%, ал көрсетілетін қызметтердің көлемі 57,7% көрсеткен.Кәсіпкерлер үшін ерекше маңызды өзгерістердің бірі – ҚҚС әкімшілендіру ісін жетілдіру мен корпоративті табыс салығы әрі ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерге көшуге байланысты болып отыр. ҚҚС әкімшілендіру ісін жетілдіру рәсімдерді жеңілдетіп, әкімшілік жүктемені азайту мен бизнес пен мемлекет арасындағы даулы жағдайларды барынша төмендетуге бағытталған. Бұл компанияларға уақыт пен ресурстарды үнемдеп, өз істерін дамытуға назар аударуға мүмкіндік береді.«Корпоративті табыс салығы мен ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу салалардың ерекшеліктері мен кәсіпорындардың табыс деңгейін ескеретін неғұрлым икемді тәсілді қарастырады. Мұндай тетік әділ салық жүйесін орнатып, шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ экономиканың басым секторларын дамытуға жол ашады», деді Ж.Нұржанов.Семинарға өңірдің шамамен 400 кәсіпкері мен БАҚ өкілдері қатысты.Келесі семинар 27 тамызда Шымкент қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1057142?lang=kk
Құрлық әскерлерінде үздік мергендік жұп анықталды 26.08.2025
Ақтөбе гарнизонындағы «Алға» оқу полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің мергендері арасында жарыс өтті. Іс-шара Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.Жарысқа Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінен үздік мергендік командалар қатысып, кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, дәлдік пен үйлесімді әрекет ету қабілеттерін көрсетті.Сайыс бағдарламасы түрлі қашықтықтардағы нысаналарды жою, күндізгі және түнгі атыс, шектеулі көріну жағдайларында тапсырмаларды орындау және бүркемелеу құралдарын қолдануды қамтыды.– Мергендік жұптар арасындағы бұл жарыстар олардың жауынгерлік шеберлігін арттырып, жеке және топтық жұмыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл спорт түрі мергеннен жоғары дене дайындығын, психологиялық төзімділікті және өзгермелі жағдайларға жедел бейімделу қабілетін талап етеді, – деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жауынгерлік дайындық бас басқармасы бөлімшесінің бастығы полковник Жасұлан Мусин.Тартысты сайыс нәтижесінде Ақтөбе гарнизонындағы 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің командасы, үшінші орынды Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің мергендері иеленді.Жеңімпаз команда Құрлық әскерлері атынан ҚР Қарулы күштері деңгейіндегі жарыстарға қатысатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1056810?lang=kk
Павлодар облысы 2028 жылға қарай өзін-өзі қамтамасыз етеді 26.08.2025
Таяудағы үш жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қаражат бөлу қағидаттары Үкімет отырысында қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа бюджет кодексінің тәсілдерін ескере отырып әзірленген «2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобасын ұсынды.Оның айтуынша, 2026 жылға арналған жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамы 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін өсумен 10,7 трлн теңге көлемінде айқындалған, жергілікті бюджеттердің шығыстары 2026 жылы 14,9 трлн теңге деңгейінде болжанып, 2028 жылға қарай 18,7 трлн теңгеге жетеді.Кірістер мен шығыстардың болжамын ескере отырып, бюджетаралық трансферттердің көлемі айқындалды. Республикалық бюджеттен өңірлерге жіберілетін субвенциялар көлемі 2026 жылы 5,1 трлн теңгені құрайды. Донор өңірлерден республикалық бюджетке қаражат алу көлемі 879,9 млрд теңге деңгейінде айқындалды.Болжамды есептеулер негізінде 2028 жылы Павлодар облысы қаржылық жағынан өзін-өзі қамтамасыз етеді және субвенция алушылар санатынан шығады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056750?lang=kk
2030 жылға қарай нөлдік бюджет тапшылығына қол жеткізіледі 26.08.2025
Президенттің мемлекеттік қаржының ұзақмерзімді теңгерімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет отырысында елдің 2026-2035 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму болжамы қаралды. Құжаттың негізгі параметрлері туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Оның айтуынша, дамудың үш нұсқасы қарастырылды: негізгі, қалыпты және балама. Базалық нұсқада 10 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4,5%-ды құрайды, бұл 2035 жылға қарай номиналды ЖІӨ-ді 473,2 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Болжамға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кірісі 2035 жылы 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл ретте шикізат секторына тәуелділікті төмендету үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2029 жылдан бастап біртіндеп 2,0 трлн теңгеге дейін төмендетіледі.«2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Кепілдендірілген трансферт 2029 жылдан бастап 2 трлн теңгеге дейін төмендетумен көзделген. Бюджет тапшылығы 2029 жылы ЖІӨ-нің 0,4%-ға дейін біртіндеп төмендеумен және 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетумен айқындалды», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056745?lang=kk
Алматинская область усилила профилактику инфекционных заболеваний 26.08.2025
Алматы облысында ағымдағы жылдың өткен 33 аптасында 7 нозология бойынша инфекциялық аурулардың 27 жағдайы тіркелді.Алдыңғы аптамен салыстырғанда 4 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалды (туберкулез, бруцеллез, эхинококкоз, желшешек). Сонымен қатар, 4 нозологияда төмендеу тіркелді (менингококкты жұқпа, қызылша, скарлатина, жіті ішек инфекциясы), ал вирустық А гепатиті бір деңгейде қалды.Барлығы 27 жұқпа ошағы бақылауға алынып, 61 адам қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың 57-сі зертханалық әдіспен тексеріліп, медициналық бақылау орнатылды. Санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Есепті кезеңде оба, тырысқақ, туляремия, безгек, іш сүзегі сияқты қауіпті 57 инфекция тіркелген жоқ. Қызылша, көкжөтел, вирустық А гепатиті және жаппай тамақтан уланулар бойынша сырқаттанушылық төмендеген. Ал туберкулез, бруцеллез, кене энцефалиті, менингококкты жұқпа жағдайларының өсімі байқалды.Қызылша және қызамық бойынша облыстағы жағдай тұрақты. Биыл қызылшаның 150 жағдайы анықталып, оның 80-і зертханалық расталды. Науқастардың 87%-ын екпе алмаған балалар құрады. 2023–2024 жылдары жүргізілген қосымша иммундау сырқаттанушылықты тұрақтандыруға ықпал етті.Көкжөтелдің 14 жағдайы тіркеліп, оның 11-і зертханалық жолмен нақтыланды. Аурудың басым бөлігі екпе алмағандар арасында анықталды.Кене энцефалитіне күдікті 8 жағдай тіркеліп, оның 4-і зертханалық расталды. Маусымдық белсенділік кезеңінде 2 739 адам кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінген, оның 58%-ын балалар құрады. Алдын алу мақсатында 2 719 адам иммуноглобулинмен қамтылды.Эндемиялық аудандарда (Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Кеген) жалпы көлемі 738 гектар аумақта дезинсекциялық өңдеудің екі кезеңі жүргізілді. Сонымен қатар, 70 га су айдынында безгекке қарсы, 2 228 га аумақта туляремия ошақтарына дератизациялық шаралар жүзеге асырылды.Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында:• 129 мыңнан астам адам профилактикалық екпемен қамтылды;• жануарлар тістеген 9 124 адам құтырмаға қарсы вакцина алды;• 2 мыңға жуық адам кене энцефалитіне қарсы екпемен қамтылды;• 733 инфекциялық ошақ қорытынды дезинфекциядан өтті.Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу және қорғану шаралары жүйелі түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056747?lang=kk
Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды 26.08.2025
Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет отырысында елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Негізгі макроэкономикалық индикаторлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Болжам негізгі сценарий негізінде қалыптасады. Оған сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,4%-ды құрайды, ал үш жылдағы орташа жылдық қарқын 5,3%-ға жетеді. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі.Экономиканың өсуінің негізгі драйверлері нақты сектор мен қызмет көрсету саласы болады. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаюы болжанады. Құрылыстағы үш жылдағы орташа өсім 11,0%, көлік саласында – 10,1%, саудада – 6,7% деңгейінде күтілуде.Министр болжамды кезеңде оң сауда балансы сақталатынын атап өтті. Экспорт 2026 жылы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт – $67,7-дан $75,2 млрд-қа дейін өседі.Макро болжамның негізінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлері қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің кірістері 2026 жылы 19,2 трлн теңгені құрайды, кейіннен 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге дейін өседі деп болжануда. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2, 77 трлн теңге мөлшерінде айқындалаы.Бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5% деңгейінде айқындалды, 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 4,9%-дан 2,7%-ға дейін қысқарады.«Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдерінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тартудың қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056735?lang=kk
NU білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті – министр Саясат Нұрбек 26.08.2025
NU білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті – министр Саясат НұрбекҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Nazarbayev University (NU) ұжымын 15 жылдық мерейтойымен құттықтады.Университеттің 15 жылдығына арналған таун-холл өтіп, оған университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысты. Шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнеүндеу жолдады.Министрдің айтуынша, идеядан өрбіген университет қазақстандық білім беру жүйесін түбегейлі жаңартты. Бұл – жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің, әлемнің үздік ғалымдарының қатарындағы профессорлардың және жоғары деңгейдегі ғылыми жарияланымдардың нәтижесі.«NU Қазақстан бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мен жаңашылдықтың басты қозғаушы күшіне айналды. Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатып, жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамамызды жүзеге асыруда жарқын үлгі көрсетті. NU еліміздің білімге және инновацияға негізделген экономикаға көшу үдерісінде орталық рөл атқарды. Бүгінде ірі тілдік модельдер, суперкомпьютерлер мен генеративті жасанды интеллект арқылы ол тағы да көш бастап, Қазақстанның жасанды интеллектке негізделген экономикаға өтуіне жол ашып отыр», – деді министр.Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек NU-дің Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдары үшін жоғары білікті оқытушылар мен зерттеушілер даярлайтын негізгі орталыққа айналатынына сенім білдірді.NU Президенті, профессор Вакар Ахмад университет жетістіктерінің қатарында жаңа академиялық бағдарламалардың іске қосылуын, халықаралық сапа стандарттарына сай екенін растайтын Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігінің аккредитациясын, Times Higher Education жаһандық рейтингіндегі табыстарды, ғылыми зерттеулер мен студенттік жобаларды атады.«Ғылыми зерттеулер, білім беру, студенттік тәжірибе және әлеуметтік әсер саласындағы жетістіктеріміз болашаққа берік негіз қалап отыр. Бүгінде бізде жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беретін платформа бар. Бұл – университеттің ғана емес, тұтас елдің мақтанышы. Алдағы даму бағытын айқындау үшін жаңа институционалдық стратегияны аяқтауға жақынбыз», – деді ол.Салтанатты жиында білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаты мен дипломдарын иеленді.Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушысы Katherine Erdman, қауымдастырылған профессорлар Paula Dupuy мен Nikolay Tsyrempilov «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды. Филология профессоры Айгүл Исмақова «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісін алды.Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары Ferhat Karaca, Zhumabay Bakenov, ассистент-профессор Айбек Ниеткалиев және Медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Jonas Crus «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.20-дан астам оқытушы мен қызметкер «Ғылым үздігі» ведомстволық дипломдарымен, алғыс хаттармен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы құрмет белгілерімен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ университетте 10 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлерге құрмет көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1056720?lang=kk