Қуқық
ШҚО әкімі Pro Hokei Ligasy финалына жанкүйер ретінде қатысты (фоторепортаж) 15.04.2025
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Спорт сарайында өткен Pro Hokei Ligasy ақтық ойынына «Торпедо» хоккей командасына қолдау білдіру үшін арнайы келді.«Торпедо» (Өскемен) мен «Арлан» (Көкшетау) командаларының арасындағы тартысты ойында 3:2 есебімен қонақтар басым түсті.Келесі матч тағы да Өскеменде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975122?lang=kk
14-20 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 15.04.2025
✅14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатыБіріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады.Өтетін орны: Орал қаласы.✅16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңіЖарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Атырау қаласы.✅17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатыЕл чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды.Өтетін орны: Астана қаласы.✅17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионатыТурнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогіЖарысқа 450-ден астам спортшы қатысады.Өтетін орны: Қарағанды қаласы.✅17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатыҚазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады.Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.✅18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогіОтандық 8 спортшы өнер көрсетеді.Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.✅18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турниріЕл намысын 13 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.✅19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турниріЖарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңіҚазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975118?lang=kk
Түркістан облысында туризм және спорт инфрақұрылымының даму барысы таныстырылды 15.04.2025
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар маңызды туристік және спорттық нысандарын аралады.Сапар аясында министр Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, киелі орынға келушілерге арналған инфрақұрылыммен танысты. Сонымен қатар, тарихи туризмнің маңызды бөлігі саналатын Күлтөбе қалашығына аялдап, археологиялық нысанды сақтау және оны туристік айналымға енгізу бағытындағы жұмыстарды көрді.Министр «Керуен сарай» туристік кешеніне де барып, ондағы сервистік қызмет сапасын, мәдени-ойын-сауық инфрақұрылымының жұмысын және жалпы туристерге ұсынылатын жағдайларды саралады.Сапар барысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған есу арнасына (гребной канал) барды. Бұл – еліміздегі жалғыз олимпиадалық стандарттарға сай салынған есу арнасы. Мұнда болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Нысан су спорты түрлерін дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.Сапар барысында министр Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап, студенттерге жасалған спорттық жағдайлармен және оқу базасымен танысты.Министрлік тарапынан Түркістан өңіріндегі туризм мен спорт саласын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, сапалы сервисті қамтамасыз ету және кәсіби кадрларды даярлау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975117?lang=kk
Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік нысандарын аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Маңғыстау облысына жасаған сапары аясында өңірдің негізгі туристік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады.Министр ең алдымен Каспий теңізі жағалауындағы курорттық аймақты дамыту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Жылы жағажай» зәкірлік туристік жобасының жүзеге асу барысымен, сондай-ақ Кендірліде салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылысымен танысты. Бұл жобалар өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, логистиканы жақсартуға және туристер ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов туристер арасында кеңінен танымал өңірдегі бірегей табиғи ескерткіш — Бозжыра шатқалына барды. Министр онда визит-орталық пен қонақ үй кешенін салу жоспарланып отырған орынды қарап шықты. Бұл нысандар экологиялық стандарттарды сақтай отырып, туризмді тұрақты дамыту аясында жүзеге асырылады.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің туристік саласында қол жеткізілген оң нәтижелер аталған жобалардың өзекті әрі маңызды екенін көрсетті.Қазіргі таңда өңірдегі орналастыру орындарының саны 106-ға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 нысанға көп. Жалпы туристік ағын 462 723 адамды құрады (+19%), оның ішінде резиденттер – 419 854 адам (+20%), резидент еместер – 42 869 адам (+6%). Ал төсек-орын саны 8 665-ке дейін ұлғайды (+6%), туристерге көрсетілген қызмет көлемі 18,6 млрд теңгеге жетті (+23%).Сондай-ақ туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 52%-ға артты (2023 жылы — 5,7 млрд теңге).Министр Маңғыстау облысының Қазақстанда туризмді дамыту үшін басым өңірлердің қатарына кіретінін атап өтті. Туристік инфрақұрылымды қалыптастыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану бағытындағы кешенді жұмыс аймақтың туристік тартымдылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975116?lang=kk
Туризм және спорт министрі Ақтаудағы спорт кешенін аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барып, өңірдегі спорт инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Сапар аясында министр спорт нысанын аралап, спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға куә болды.Министр 2023 жылы пайдалануға берілген BS ARENA заманауи спорт кешені барды. Жалпы ауданы 11 000 м² құрайтын кешен – қала тұрғындары мен спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Мұнда түрлі спорттық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.Спорт кешенінің аумағында үлкен футбол және футзал алаңы, теннис корты, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арналған әкімшілік ғимарат орналасқан. Ішкі бөлігінде волейбол, баскетбол, жүзу секциялары мен жаттығу залы жұмыс істейді. Спорт кешенінің негізгі бағыты – футбол, шағын футбол, баскетбол сынды спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда кешенде 600-ге жуық бала мен жасөспірім спортпен тұрақты түрде шұғылданады.Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт инфрақұрылымының даму қарқынына оң бағасын беріп, болашақта спорттық нысандар желісін кеңейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жастарды бұқаралық спортқа тарту – мемлекет үшін стратегиялық маңызды бағыт екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975114?lang=kk
ШҚО әкімі жұмыс сапары барысында Алтай ауданындағы су тасқынына дайындықты тексерді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары барысында Алтай ауданына барып, су басу қаупі жоғары аймақтарды аралап, тасқындарға дайындықты тексерді.Соловьево ауылында облыс әкімі Березовка өзені арқылы жаңадан салынған көпір мен бөгетті қарап шықты. Бұл жерде өзен арнасын тереңдету, тазарту жұмыстары және ұзындығы 1000 метрлік бөгетті нығайту шаралары жүргізілген.Сондай-ақ, ол 1968 жылы салынған және ағын суды реттеуге арналған Екінші өзендегі гидротехникалық нысан мен су ағынын реттейтін құрылғылардың (шлюздердің) жай-күйін тексерді. Қазіргі уақытта бұл ГТС қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, барлық су өткізу құбырлары тазартылған.Сапар барысында облыс әкімі тасқын қаупі кезеңіне арналған техникалардың дайындығын да бақылап шықты. Алтай ауданында жедел әрекет ету жасағының 105 қызметкері мен 44 техника дайын тұр.– Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Себебі Алтай және Марқакөл аудандарында қар мөлшері өте көп түсті, сондықтан бұл аймақтар ерекше бақылауда. Алтай ауданында су басу қаупі бар аймаққа Богатырев су қабылдағышының бір бөлігі мен 13 елді мекен кіреді. Бұл елді мекендерді қорғау үшін 18 бөгет жасалған, алдын алу шаралары жүргізілді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.Сапар аясында облыс әкімі Алтай қаласындағы екінші өрт сөндіру бөлімшесінің құрылыс орнына да барды. Ол бұл нысанның төтенше жағдайларға жедел әрекет ету уақыты мен қызмет көрсету аумағын арттыру үшін қажеттігін атап өтті.Барлық гидробекеттерде күнделікті мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауына алынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975068?lang=kk
Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесі бойынша «2018 жылдың үздік педагогі» республикалық конкурсының жеңімпаздары 15.04.2025
№Аты-жөніЖұмыс орны, лауазымы1. Тердікбай КүшайАстана қаласындағы № 9 «Зерде дарынды балаларға арналған мектептің математика пәнінің мұғалімі2. СабанбаеваЖанар МұхаметбайқызыАстана қаласындағы № 68 орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі3. ЖақыповҚабанбай БекетұлыАстана қаласындағы Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының география және қосымша білім беру мұғалімі4. ИбраеваЛаззат ШәріпханқызыАстана қаласындағы № 22 мектептің математика пәнінің мұғалімі5. АрынЕржан ОмарұлыАлматы қаласындағы № 159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі6. СадықоваБахтыгүл СейтсұлтанқызыАлматы қаласындағы № 173 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі7. СүлейменоваМанзура РахматуллақызыАлматы қаласындағы № 69 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі8. ТәуекеловаГүлбану ҚонысбайқызыАлматы қаласындағы № 57 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі9. ЖүнісбековаДана ДүйсебайқызыШымкент қаласындағы М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 8 гимназияның физика пәнінің мұғалімі10. АлмабековЕрмек АлмабекұлыАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Абылай хан атындағы № 4 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі11. БаймуратоваЗарема МаженқызыАлматы облысы Жамбыл ауданы Ү.Кәрібаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталықтың химия және биология пәндерінің мұғалімі12. ҚабдығалиеваАйман ТөлепбергенқызыАлматы облысы Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі13. ЗакироваНазифа АнваровнаАқмола облысы Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп-гимназияның физика пәнінің мұғалімі14. ИскаковаДана МанапқызыАқмола облысы Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаттың химия пәнінің мұғалімі15. СаржановОрынбасарАқтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі16. ҚаражановаГүлсім БуржанқызыАқтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің дефектологы17. ҚыдырбаеваБотагөз ЖенісқызыАқтөбе облысы Хромтау қаласындағы № 6 гимназияның информатика пәні мұғалімі18. МынжасароваГүлназ ІзтілеуқызыМ.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың биология пәнінің мұғалімі19. НурғановаХадиша ЕдресқызыАтырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі20. ЗұлқашеваАйзада ДүйсенбайқызыАтырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның биология пәнінің мұғалімі21. ШаяхметоваҚарлыға ІңкәрбекқызыШығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының география пәнінің мұғалімі22. КивинаЕлена СтепановнаШығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі23. БутурлинаТамара СергеевнаШығыс Қазақстан облысы Дарынды балаларға арналған «Восток» зерттеу орталығы-мектеп-кешенінің математика пәнінің мұғалімі24. КиялбековНариман МәлікұлыЖамбыл облысы Тараз қаласындағы Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттың математика пәнінің мұғалімі 25. ПолухинаНаталья АлександровнаЖамбыл облысы Тараз қаласындағы № 24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі26. СүгірбековаҮміт ІзбасарқызыЖамбыл облысы Байзақ ауданындағы № 1 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі27. ВологинНиколай ВасильевичБатыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының С. Жақсығұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі28. СиражеваСветлана ХаленқызыБатыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандағы «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының әдіскері29. СаматовАбылай МаратұлыҚарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 1 «Білім инновация» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі30. БалапановаҚұндыз СерікқызыҚарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 92 гимназияның биология пәнінің мұғалімі31. ЖақсылықоваӘсемкүл МұқашқызыҚызылорда облыстық дарынды балаларға арналған Е. Әуелбеков атындағы №4 мектеп-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі 32. ПрахнауВиктор ИвановичҚостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-лицейдің физика және информатика пәнінің мұғалімі33. СейдағалиеваГүлмира ҚасымханқызыҚостанай облысы Жангелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі34. ТарасоваСветлана ВикторовнаҚостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі35. СаржановаКүнімкүл АманкосқызыМаңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы Оңды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі36. БегейбайДина МедетқызыМаңғыстау облысы Ақтау қаласындағы № 8 орта мектептің герграфия пәнінің мұғалімі37. ДосмагамбетоваСалтанат СейітжанқызыПавлодар облысы Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі38. ТерёшкинаАлина ГенриховнаПавлодар облысы Павлодар қаласындағы № 29 «Мерей» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі39. ЖақсылықоваЖанара ЖұмагұлқызыПавлодар облысы Павлодар қаласындағы №16 мектп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі40. ЕсқалиеваАйнагүл ЖұмабекқызыСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Әбу Досмұхамедов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі41. ШрайберЕлена ИосифовнаСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі42. ЗемляковаЕлена НиколаевнаСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің физика пәнінің мұғалімі43. КаюповаСәбира ЖылгелдіқызыТүркістан облысы Келес ауданы Ә. Жангелдин атындағы № 100 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі44. ЖұмабековАсхат Советханұлы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Семей қаласындағы математикалық бағыттағы филиалының физика пәнінің мұғалімі45. МұнарбаеваДариха Абсаматқызы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалының Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы филиалының биология пәні мұғалімі46. ҚаппасоваСандуғаш ЕлтайқызыРеспубликалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының «Балдәурен-Қапшағай» филиалының математика пәнінің мұғалімі47. ЖақыповаГүлнара АмангелдіқызыАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының математика пәнінің мұғалімі48. ҚасымоваЛазим ТалғатқызыАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының биология пәнінің мұғалімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25244?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ 15.04.2025
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатыр. Кешенді жарыс 24 ақпан мен 1 қазан аралығында спорттың 34 түрінен ұйымдастырылуда. Аталған додаға 2000-нан астам спортшы қатысады.Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ спорт саласының құрметті мамандары қатысты.Ербол Мырзабосынов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мұндай жарыстар жас спортшылар үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.«Баршаңызды киелі Түркістан топырағында көргеніме қуаныштымын! Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарына қош келдіңіздер! Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетіп, бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлады. Батырлардың ерлігі мен еңбегін ұмытпауымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы спорт саласының дамуына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде отандық спорттың деңгейі жылдан жылға артып келеді. Біздің спортшылар халықаралық жарыстарда жарқын жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Ал Жастар спорт ойындары сияқты кешенді іс-шаралар отандық спортты жаңа деңгейге көтеруге серпін береді. Сондай-ақ жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға баулиды. Биылғы бәсекеде бағы мен бабы қатар шапқан ең үздік спортшылар жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін», – деді Туризм және спорт министрі.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті.«Тарихи шаһарға қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спорт саласын жан-жақты дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай, бүгін Түркістан қаласында VІ Жастар ойындары басталды. Бұл – ел болашағы саналатын жастарымыздың шеберлігін шыңдап, жаңа чемпиондар тәрбиелейтін маңызды жарыс. Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам жас спортшы қатысуда. Ал Түркістан облысынан спорттың 34 түрінен 300-ден астам спортшы қатысады. Мұндай ірі іс-шараның Түркістанда өтуі заңдылық. Себебі аймақта спорт инфрақұрылымы жақсы дамып жатыр. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталды. 2025 жылы заманауи үлгідегі 51 спорттық нысан пайдалануға беріледі. Оның ішінде атшабар мен ескек есу каналы бар. Сіздер спорт сайыстарында облыс қана емес, тұтас Қазақ елінің намысын қорғайсыздар. Бұл жарыс арқылы үлкен белестерге қадам жасайсыздар. Араларыңыздан Әлем, Олимпиада чемпиондары шыға берсін! Баршаңызға әділ бәсеке, сәттілік және жарқын жеңістер тілеймін!», – деді Нұралхан Көшеров.VI Жастар спорт ойындары еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оның ішінде Түркістанда баскетболдан, байдаркада және каноэде есу спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады.Биылғы Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, ұлттық құрама команданы жасақтау және халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2025 жылы Бахрейнде өтетін жастар арасындағы жазғы Азия ойындарына дайындық аясында өткізілуде.Сондай-ақ министр Түркістан облысына сапары барысында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974968?lang=kk
Қазақстан мен Ресей энергетикалық ресурстар транзиті және стратегиялық серіктестікті талқылады 15.04.2025
ҚР Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев пен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері қозғалды.Талқылау Қазақстанның мұнай және газ құбырларының транзиттік әлеуетін кеңейту мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ, экономикалық тиімділік пен ұлттық басымдықтарды ескере отырып, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру нұсқалары қарастырылды. Күн тәртібіне ОПЕК+ аясындағы үйлестіру, электр энергиясы, гидроэнергетика, жаңартылған энергия көздері салаларындағы ынтымақтастық, мұнай-газ жобаларындағы компаниялардың қатысуы және бейбіт атом мен қаржылық-банктік сектордағы бірлескен жұмыс мүмкіндіктері не қатысты жалпы энергетикалық ынтымақтастық мәселелері кірді.Кездесу барысында сондай-ақ, жаңа жылу электростанцияларын салу жобаларын қоса алғанда, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ҚР-ның ұлттық басымдықтары талқыланды. Оның жүзеге асырылуына әсер ететін негізгі факторлар мен қаржыландырудың қолайлы шарттары мәселелері де көтерілді. Тараптар көмір генерациясындағы технологиялық шешімдер жөнінде пікір алмасты.«Біз Ресейлік әріптестерімізбен энергетикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша мазмұнды және конструктивті диалог өткіздік. Қазақстан үшін өз энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеткізілімнің сенімділігін арттыру және саланы жаңғырту жоспарларын жүзеге асыру – басты басымдық болып табылады. Барлық бірлескен жобалар мен бастамаларды экономикалық тиімділік пен өзара пайда негізінде ұлттық мүдделер аясында қарастырамыз», – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов кездесудің қорытындысында.Тараптар стратегиялық серіктестік пен конструктивті ынтымақтастыққа деген ұстанымдарын тағы бір мәрте атап көрсетті. Қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында барлық талқыланған мәселелер бойынша белсенді диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/974893?lang=kk
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! 15.04.2025
Әділет органдары өткізетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясы шеңберінде 2025 жылғы 10 сәуірден бастап 10 мамыр аралығында «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбында республикалық фотосуреттер конкурсы өтеді.Конкурсқа қатысуға 14 жастан 18 жасқа дейінгіжас санатындағы Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.Конкурс контрафактілік өнімге теріс көзқарасты қалыптастыруға, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және ең жақсы контетті ілгерілетудегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.Конкурстық жұмыстарды бағалау қорытындысы бойынша, конкурс жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапатталады.Қатысу шарттары осы анансқа қоса берілген республикалық конкурс туралы ережеде баяндалған.Котрафактіге «жоқ» деп бірге - айтайық. ЕрежеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/975268?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ, ҚР СІМ ЖӘНЕ ҚР ИДМ ИНВЕСТОРЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшелері, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың, шетелдік және қазақстандық іскер топтардың, халықаралық қаржы институттардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.Форумда инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвесторлардың құқығын қорғау, Инвестициялық омбудсменнің жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бизнестің шығындарын төмендету сияқты басқа да мәселелер талқыланды.Бизнес-форум барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында өзара іс-қимыл Меморандумына қол қойылды. Инвестициялық қызмет субъектілерін тексеру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан заңнаманың бұзылуна жол бермеу үшін бірлескен мониторинг жүргізу, жедел ақпарат алмасу, тұрақты негізде бірлескен отырыстар өткізу үшін «Protecting Investments» арнайы жобасын құру қарастырылуда.2017 жылы Инвестициялық Омбудсменге 43-тен астам өтініш келіп түскен. Оның ішіндегі заңды инвесторлардың құқықтарын қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуге қатысты түскен 11 өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданды (мәселелер инвесторлардың пайдасына шешілді). 18 өтініші бойынша оларды шешу үшін ұсынымдар енгізіліп, түсініктемелер берілді және кездесулер өткізілді. 14 өтініш инвестициялық омбудсменнің құзыретіне кірмейді. Олар - шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы дау, сотта қарау және т.б.Көп жағдайда инвесторлар салық, кеден және еңбек заңнамасы, лицензиялау мен жер қатынастары салалары бойынша кедергілерге жиі кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24952?lang=kk
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру 15.04.2025
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «(«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс конкурсына құжаттарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары ағымдағы жылғы 11 сәуірден бастап 30 сәуір күнгі сағат 18:30-ға дейін KDGO-2025@mail.kz электрондық мекенжайына қабылданады.Конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/826508?lang=kk сілтемесі бойынша танысуға болады Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032852), сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Қағидалардың 3-тарауының 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар жиыны Қағидалардың 3-тарауының 10-тармағында көрсетілген.Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (7172) 74-00-78, 74-10-08, 74-09-97.Ескертпе! Өтінімді KDGO-2025@mail.kz электрондық мекенжайына жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында 8 (7172) 74-00-78 нөмірі арқылы бізге міндетті түрде хабарласуды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974752?lang=kk
Қарағандыда министрлік жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті 15.04.2025
Қарағанды қаласында «Қарағанды көктемі» республикалық ұлттық проза фестивалі аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті.Жиынға министрлік өкілдері, еліміздің әр аймағынын келген белгілі ақын-жазушылар, өңір қаламгерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысты.«Қарағанды көктемі» фестивалінің ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.Алқалы жиында бүгінгі әдебиет саласының бағыт-бағдары, оның ішінде, аударма ісі, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару, әдеби байқаулар ұйымдастыру, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы иегерлері, белгілі жазушы Асқар Алтай, Думан Рамазан, Нұржан Қуантайұлы, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова бүгінгі прозаның жай-күйі, кітап нарығын, әдеби сын, аударма саласын дамыту мәселелері жөнінде сөз қозғады.Жиынға қатысушылар әдебиетті дамытуда өздерін толғандырған ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, өзара пікір алмасты.Айта кетейік, дәстүрлі «Қарағанды көктемі» фестивалі биыл тұңғыш рет проза жанрына арналып отыр. Жиын аясында ең үздік әңгімеге арналған байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974664?lang=kk
Жаңа халықаралық әуе маршруттарына қатысты ақпарат 15.04.2025
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан халықаралық әуе қатынасы 28 елмен аптасына 660 рейс жиілігімен 121 әуе бағыттары бойынша орындалады.Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу жұмыстарын жүргізуде.Осылайша, «SCAT» әуе компаниясы биыл Шымкент қаласының әуежайынан келесі жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:27 мамырдан бастап: Шымкент – Будапешт (Венгрия), аптасына 2 рейс;Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;28 мамырдан бастап: Шымкент – Сиань (Қытай), аптасына 2 рейс;29 мамырдан бастап: Шымкент – Каир (Мысыр), аптасына 2 рейс;Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;30 мамырдан бастап: Шымкент – Үрімші (Қытай), аптасына 2 рейс. «Air Astana» әуе компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық бағыттарды іске қосуды жоспарлауда:30 наурыздан бастап ашылған рейстер:Алматы – Гуанчжоу (Қытай), аптасына 3 рейс;Алматы – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;31 наурыздан бастап ашылған рейстер: Астана – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;Жоспарлануда:20 сәуірден бастап: Алматы – Мумбай (Үндістан), аптасына 3 рейс;14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзірбайжан), аптасына 3 рейс;1 маусымнан бастап: Алматы – Франкфурт (Германия), аптасына 3 рейс;4 маусымнан бастап: Алматы – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс. «Qazaq Air» әуе компаниясы биылғы жылы 1 мамырдан бастап Астана – Түркістан – Самарқанд жаңа халықаралық бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен іске қосуды жоспарлануда.«Fly Arystan» әуе компаниясы биылғы жылы келесі жаңа бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:18 мамырдан бастап: Алматы – Инин (Құлжа), аптасына 2 рейс;4 маусымнан бастап:Қарағанды – Ыстанбұл (Түркия), аптасына 2 рейс.Сондай-ақ, бірқатар шетелдік әуе компаниялар Қазақстан Республикасына жаңа рейстер ашуда:«Eastar Jet» (Корея):7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;«TWay» (Корея):Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс;«Spice Jet»:Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс;«Air Cairo» (Мысыр):3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;«Thai Air Asia X» (Таиланд):2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.Жаңа әуе бағыттарының ашылуы жолаушылар үшін таңдау мүмкіндігін арттыруға, әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тасымал бағасына оң әсер етіп, қызмет көрсету сапасының артуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/974647?lang=kk
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4,4 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі 15.04.2025
Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын 4,4 млн гектар аумақта жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 3,3 млн гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 760 мың гектарға майлы дақылдар, 392 мың гектарға мал азықтық дақылдар себіледі. Сонымен қатар 6,5 мың гектар жерге картоп, 1,3 мың гектарға көкөніс дақылдары егіледі.Егіс науқанына дайындық аясында 3 млн гектар алқапта жерді жырту жұмыстары, 1,5 млн гектарда қар тоқтату шаралары жүргізілді.Тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2025 жылы тұқым жаңарту үлесін 11,2%-ға дейін жеткізу жоспарланған, бұл 52,6 мың тоннаны құрайды.Қазіргі таңда 470 мың тонна тұқым себуге дайындалған, оның ішінде 460,2 мың тонна жаздық дәнді дақылдардың тұқымы тексеріліп, бұл жоспардың 98%-ын құрайды.Облыста 40 аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді, олардың ішінде 25-і тұқым шаруашылығы, 15-і тұқым таратушы ұйымдар.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан литрі 254 теңгеден 52,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.Өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасының техникалық дайындық деңгейі 91%-ды құрайды. 219 машина-трактор шеберханасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.2025 жылдың басынан бері аграршылар 9,7 млрд теңгеге 275 бірлік техника сатып алды, оның ішінде 93 техника “ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы лизингке 5,9 млрд теңгеге алынған.2025 жылға минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары – 333,5 мың тонна.Көктемгі егіс жұмыстарын жедел бақылау және үйлестіру мақсатында облыста жедел штаб құрылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/974608?lang=kk
2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан газ саласын нығайту және мұнай-газ химиясын дамыту үшін ауқымды жобаларды іске қосады 15.04.2025
Қазақстан газ саласын айтарлықтай нығайтуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға кірісті. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «Energy Trends: Gas & Petrochemicals» халықаралық конференциясында төрт жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу, магистральдық инфрақұрылымды кеңейту және мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі нақты қадамдар туралы баяндады.Бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі газ тұтыну сұранысын қанағаттандыру және жоғары технологиялық газ-химия өнеркәсібінің негізін қалау мақсатында әзірленген кешенді стратегияның бір бөлігі болып табылады.Вице-министрдің айтуынша, шикі газ өндірісі өсіп келеді: 2024 жылы 59 млрд текше метрден 2025 жылы 62,8 млрд текше метрге дейін артады деп күтілуде. Бұған Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сияқты ірі кен орындарының тұрақты жұмысы мен Рожковское, Анабай және Үріхтау сияқты жаңа кен орындарының іске қосылуы ықпал етпек.«Біздің мақсатымыз – 2030 жылға қарай газ өндіру көлемін 74 млрд текше метрге жеткізу. Бірақ басты міндет – газды ел ішінде барынша тиімді өңдеп, халық пен өнеркәсіпті үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ газ-химия өнеркәсібі үшін сенімді шикізат базасын қалыптастыру», – деп атап өтті энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.2024 жылы өндірілген тауарлық газдың 79%-ы ішкі нарыққа бағытталды, бұл отандық тұтынушыларды қамтамасыз етуге басымдық берілетінін көрсетеді.Алдағы уақытта төрт жаңа ГӨЗ салу жоспарланған: Қашағанда екі кезеңмен (жалпы қуаты 3,5 млрд м³/жыл), Қарашығанақта (4 млрд м³/жыл) және Жаңаөзенде жаңа ҚазГӨЗ (0,9 млрд м³/жыл).Мұнай-газ химиясын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта карбамид, аммиак, метанол, сондай-ақ сұйытылған мұнай газы (СНГ) негізінде алкилат пен полипропилен өндіру бойынша ірі жобалар әзірленіп жатыр. Бұл жобалар ауқымды инвестиция тартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.«Газ саласын дамыту – кешенді міндет. ГӨЗ бен газ құбырларын салу елді мекендерді газдандырумен және мұнай-газ химиясында жаңа өндірістерді іске қосуды қатар қамтиды», – деді Әлібек Жамауов.Оның айтуынша, осы бағыттардың барлығы 2025-2029 жылдарға арналған газ саласын дамытудың кешенді жоспарында көрініс табады. Жоспарды іске асыру 2029 жылға дейін салаға 25 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұл ел экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қоспақ.Сонымен қатар, газ тасымалдау жүйесін дамыту жалғасады. Жоспарда «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін, «Ақтөбе – Қостанай» және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырларын салу қарастырылған. Сондай-ақ, өңірлерді газдандыру жұмыстары жалғасады (қазіргі деңгейі – 62,4%). Министрлік газ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/974536?lang=kk
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті 15.04.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты.Фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей халықаралық жобалар ұйымдастырылуда.Фестивальдің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов министр Аида Балаеваның құттықтау сөзін оқыды.«Бүгінгі байқау тек шығармашылық жарыс емес, жас әртістердің өнер арқылы ата-бабаларының ерлігіне құрмет пен ризашылық білдіруге мүмкіндік беретін маңызды оқиға», – делінген құттықтау хатта.Гала-концерт барысында фестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды:- Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанованың жүлдесін Анастасия Третьякова (Қазан, Ресей) иеленді.- «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриеваның жүлдесі – Абай Юсуповқа (Астана, Қазақстан) берілді.- «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың жүлдесі – Елизавета Трашковаға (Ташкент, Өзбекстан) табысталды.- Қазақстан халқы Ассамблеясының жүлдесі – Давид Компанецке (Астана, Қазақстан) берілді.- «Astana Tourism» Туризмді Дамыту Орталығының жүлдесі — Ирина Капустинаға (Минск, Беларусь) табысталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974492?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ 15.04.2025
Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.Өнертабыс эксперименттік механика түріне жатады. Эксперимент қорытындыларын жол саласымен қатар басқа салаларға да қолдануға болады. Ұсынылған құрылғылар материалдардың созылу кезіндегі механикалық сипаттамасын анықтауға арналған. Сондықтан, осы тектес циклды, үнемі немесе сатылап түсетін салмақтан болатын сырғығыштыққа және ұдайы жылдамдық салмағынан болатын өзгерістерге қатысты да зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.Құрылғылардың айырмашылығы тек қана зерттелетін үлгінің жұмыс температурасына байланысты, яғни ҚҰРЫЛҒЫ-1 зерттеулерді -30 ±1ºС до +20 ±1ºС температурасында жүргізсе, ҚҰРЫЛҒЫ-2 +20 ±1ºС до +60 ±1ºС температураларында жүргізеді. Басқа айырмашылығы жоқ, сынақтардың жүргізілуі бірдей.Себебі, сырғығыштық пен релаксацияға сынақ жүргізу — тұтқыр серпімді материалдардың механикалық сипатын анықтаудың негізгі әдістемесі екендігі баршаға мәлім.Асфальтбетон автомобиль жол жамылғысы құрылымының негізгі материалдарының бірі болып келеді. Асфальтбетонның механикалық сипаты оған түскен күштің әсеріне, жылдамдығы, ұзақтығы, көлемі мен температурасына қатты тәуелді. Нақты жол жағдайында жол жамылғысының асфальтбетонды қабаттарындағы температура қоршаған орта температурасының өзгеруіне, автокөлік доңғалақтарынан түскен салмаққа, олардың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты көлемді шамада өзгеріп тұрады. Cондықтан, асфальтбетонның механикалық сипатын анықтау барысында жоғарыда аталған факторлар өзгерістерін ескерудің практикалық маңызы зор.Осы жаңа құрылғылар негізінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарының жұмыс жағдайының шарттарын жасауға септігін тигізеді.Аталмыш құрылғы өзіндік бастама негізінде құрастырылып, іске қосылды. Осы өнертабысқа тапсырыс 06.10.2017 жылы жіберіліп, бүгінгі күні аталған тапсырысқа оң нәтиже берілетіндігі туралы хабарландыру алынды.Қазіргі кезде «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да осы аталған жаңа құрылғылардың көмегімен экспериментті зерттеулер жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24546?lang=kk
Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады 15.04.2025
Су саласын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесінің II отырысы аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ислам даму банкінің Қазақстандағы өңірлік өкілдігі басшысының міндетін атқарушы Али Хан және БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.Тараптар «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты талқылады. Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген. Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүзеге асырылады.Сондай-ақ Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына еліміздің су және өзен бассейндерін зерттеуге, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауға және «Қазсушар» кәсіпорнын техникалық жарақтандыруға Ислам даму банкінің грантын бөлу көзделген.Қазіргі уақытта барлық қажетті құжатты әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу жүргізіліп жатыр.«Қысқа мерзім ішінде Үйлестіру кеңесі аясында үлкен жұмыс атқарылды. Ислам даму банкінің инвестициялары Қазақстанның су инфрақұрылымын жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар біз еліміздің су саласын дамыту жобаларына жаңа серіктестер тарту үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/974256?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ПАВЛОВНИЯ АҒАШЫНЫҢ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҒЫ АШЫЛДЫ 15.04.2025
Түркістан облысы, Жетісай ауданында 1 гектар аумақ тұқымбаққа павловния ағашын дән арқылы өсіру ісі қолға алынып отыр.Биыл Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар көше бойларына және қала, кент, ауылдық округтерде 40 мыңнан астам тал отырғызылды. Соның 1 мыңға жуығынпавловния көшеттері құрап отыр.Жалпы павловния ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі.Табиғи жағдайда Қытайда өсіріледі. Күншығыс елінде бүгінде бұл ағаштың 10-ға жуық түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 метерге жуықтайды.Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлшоғыры гүлдейді. Гүлдері күлгін-қызғылт түсті болады.Бұдан басқа, алдағы жылы ауданда 1 гектар жерге зәйтүн ағашын отырғызу жұмыстары басталмақ. Қазіргі таңда 1 гектар аумаққақажетті зәйтүн көшеттері жылыжайдағы құтыларға отырғызылып, арнайы күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін көршілес Өзбекстан Республикасынан алып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/24350?lang=kk