Қуқық
Қонаевта ауқымды газдандыру жобасы жүзеге асырылуда 19.08.2025
Қонаев қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл іс-шаралар қаланы дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында іске асырылып, газдандыру басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бірден бес шағын ауданда – Арна, Спутник, 19, 20 және Рауан аумақтарында жүргізілуде.Жобаның жалпы инженерлік желілерінің ұзындығы 89 шақырымды құрайды, оның ішінде 7 шақырымы салынды. 7 мыңнан астам стояк орнатылып, қалған жұмысты атқаруға қажетті құбырлар сатып алынды. Қазіргі уақытта құрылыс көлемінің 20 пайыздан астамы игерілді.Құрылыстың жалпы ұзақтығы 14 айға есептелген. Негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін іске қосу-реттеу кезеңі басталады. Табиғи газды үйлерге қосу 2026 жылдың наурыз айына белгіленген. Барлық рәсімдер аяқталған соң желілер пайдаланушы ұйымның балансына беріліп, техникалық шарттар беру басталады. Газға қосылу құны тұрғындар үшін 200–220 мың теңге аралығында болады.Сонымен қатар, Кешенді жоспар аясында ауылдарды, бау-бақша серіктестіктері мен жаңа шағын аудандарды газдандыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Алдағы маңызды міндеттердің бірі – автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) салу, бұл өз кезегінде отын жеткізудің сенімділігін және тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінде Қонаевта 6 618 тұтынушы табиғи газға қосылған. Оның ішінде 5 699 пәтер, 28 кәсіпорын және 78 шағын коммуналдық нысан бар. Жақын маңдағы елді мекендерді ескере отырып, қаланың газдандыру деңгейі 42 пайызға жетті.Аталған жобаларды жүзеге асыру қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызуға, дәстүрлі энергия көздеріне түсетін жүктемені азайтуға және қаланың коммуналдық инфрақұрылымын тұрақты дамытуға ықпал етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053562?lang=kk
Қостанай облысының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде жаңа оқу жылындағы жұмыс бағыттары мен перспективалары талқыланды 19.08.2025
19 тамызда өңірдің педагогтары «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында өткен Қостанай облысының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық кеңесінде бас қосты. Жұмысшы мамандықтары жылына және «Адал азамат» бағдарламасының іске асырылуына орай ұйымдастырылған көрме педагогтердің үлкен қызығушылығын тудырды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов: «Білім мен технология тез өзгеріп жатқан уақытта елдің болашағы білім сапасына тікелей байланысты. Мұндағы басты тірек – педагогтердің кәсібилігі мен дамуы болып келеді», - деп атап өтті. Білім басқармасының басшысы Айман Ибраева өз сөзінде өткен оқу жылын қорытындылап, мектепке дейінгі білім беруден бастап колледждерге дейін барлық деңгейдегі білім беру жүйесінің өзгерісін көрсетті, жаңа оқу жылына жұмыс перспективаларын белгіледі.Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Тимур Темірғалиұлы Әбілмәжінов өз бандамасында басты бағыттар және стратегиялық мақсаттар мен міндеттермен бөлісті.«KIA Qazaqstan» бас директоры Ким Де Ки мырза және Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Иванович Павленко өңір экономикасын дамыту үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жетекші кәсіпорындар мен колледждердің әлеуметтік әріптестігі мен өзара іс қимылының өзекті мәселелері жөнінде баяндады.«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен Қостанай қаласының № 28 мектеп-гимназиясының директоры Жансая Бахытбекқызы Исмаилова бөлісті. Кеңес әдеттегі дәстүр бойынша педагогтерді марапаттаумен жалғасты.«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен Қостанай қаласының құрметті азаматы Беген Каженұлы Копеш марапатталды, педагогикалық еңбек ардагеріне марапат жеке табыс етіледі.4 педагогке «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, 25 педагог облыс әкімінің грамотасына ие болды.«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Үздік мектеп ауласы» облыстық конкурсының жүлдегерлері ақшалай сертификаттармен марапатталды. 3 орынды иеленген Әулиекөл ауданының Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі 200 мың теңге, Қостанай қаласының № 19 ЖББМ күміс жүлдегер атанып 300 мың теңге жеңіп алды. Конкурс жеңімпазы атанған Қарабалық ауданының Абай атындағы ЖББМ директорына 500 мың теңгеге сертификат табыс етілді.Сарыкөл ауданының білім бөлімі «Ауданның үздік білім беру жүйесі» номинациясы бойынша және Қостанай қаласының білім бөлімі «Қаланың үздік білім беру жүйесі» номинациясы бойынша рейтингтік бағалаудың жеңімпаздары және 5 млн.теңгеге сертификат иегерлері атанды. Марапаттау рәсімі «Орта білім берудің үздік ұйымы» жеңімпазы - Бейімбет Майлин ауданының Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебіне және «ТжКБ үздік ұйымы» конкурсының жеңімпазы - Қостанай жоғары политехникалық колледжіне 68 миллион теңгеге екі сертификат табыстаумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1053531?lang=kk
Алматы облысының экономикасына инвестициялар қарқынды өсуде 19.08.2025
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысының экономикасына салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артты. Шетелдік капиталдың ағымы шамамен бір жарым есе өсті. Бұл өңірге тартылған қаражат көлемі бойынша республикада тоғызыншы орын алуға және қолайлы инвестициялық ахуалы бар аймақ ретіндегі мәртебесін растауға мүмкіндік берді.Алты айдың ішінде облыс экономикасына жалпы 421,6 млрд теңге бағытталды. Оның үштен төрт бөлігі бюджеттік емес қаражаттан құралды. Бұл жеке инвесторлар мен бизнес тарапынан өңірге деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.Инвестициялардың басым бағыттарыНегізгі қаржы өнеркәсіпке, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, құрылыс саласына және білім беру саласына тартылуда. Шикізаттық емес сектор тұрақты өсім көрсетуде: мұнда негізгі капиталға салынған инвестициялар 298 млрд теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға жоғары болды.Шетелдік инвестиция тартуда да айтарлықтай нәтижелер байқалады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында олардың көлемі 210,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл қаражаттың жартысынан астамы өңдеуші өнеркәсіпке бағытталды. Бұл қадам өндірістік сектордың ұзақ мерзімді дамуына және халықты жұмыспен қамтудың артуына негіз болады.Ірі жобалар және жаңа жұмыс орындары2030 жылға дейін Алматы облысында жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 221 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Олардың іске асырылуы шамамен 84 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Тек 2025 жылдың өзінде 35 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде – MP Solution логистикалық кешенінің, LC Waikiki көтерме-тарату орталығының, «Шин Лайн» балмұздақ фабрикасының және «Автодром Sokol» спорт кешенінің құрылысы бар.Биылдың өзінде өңірдің 540 тұрғынын жұмыспен қамтыған төрт ірі нысан пайдалануға берілді. Олар – Gas Line тас өңдеу зауыты, KT&G темекі өнімдері өндірісі, LC Waikiki көтерме-тарату орталығы және «Лабасы-А» кооперативінің асыл тұқымды шаруашылығы.Халықаралық брендтер мен отандық жобаларИнвестициялық саясаттың маңызды бағыты – халықаралық брендтерді тарту. БАКАД бойында PepsiCo, Focus Logistics пен OZON, «Строитель 98» және KT&G компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Келісімдердің жалпы құны шамамен 655 млн АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде кейбір жобалар іске асырылып үлгерді, соның бірі – биылғы сәуірде ашылған KT&G зауыты.Сонымен қатар, отандық бастамалар да белсенді дамып келеді. Маңызды жобалардың қатарында – «Алтын Таға» темірбетон бұйымдары зауыты мен Imagine Apple Logistics логистикалық орталығының құрылысы бар. Бұл жобалар 1,7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.Индустриалды аймақтардың рөліЭкономикалық өсімді ынталандырудың маңызды құралдарының бірі – индустриалды аймақтар. Алматы облысында жалпы аумағы 1,6 мың гектардан асатын алты индустриалды аймақ жұмыс істейді. Бұл жерлерде негізінен экспортқа бағытталған өндірістер шоғырланған.«Береке» индустриалды аймағында жылына 25 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін өңдеуге қауқарлы FruitArt сублимациялық зауыты іске қосылды. «Қайрат» индустриалды аймағында шойын бұйымдарын, болат сымын және жылу оқшаулағыш материалдарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Ал «Шелек» пен «Қазбек бек» индустриалды аймақтарында жеміс қоймалары мен металл құрылымдарын өндіру жобалары жүзеге асуда.Алдағы жылдары индустриалды инфрақұрылымды кеңейту жоспарланған. Қолданыстағы алаңдарға қосымша тоғыз жаңа индустриалды аймақ ашылады. Сондай-ақ, аумағы 100 мың гектарға жуық арнайы экономикалық аймақ құрылады. Мұнда тамақ өнеркәсібі, тоқыма, құрылыс материалдары өндірісі және логистика салаларындағы жобалар жүзеге асырылатын болады.2025 жылға арналған жоспарлар2025 жылы Алматы облысына тартылатын инвестицияның жоспарлы көрсеткіші – 1,35 трлн теңге. Бұл өткен жылғы деңгейден 23%-ға жоғары. Бірінші жартыжылдықтағы серпінді ескере отырып, өңірдің жоспарды орындап қана қоймай, асыра орындауына да барлық негіз бар. Бұл Алматы облысының инвесторлар үшін Қазақстандағы ең тартымды өңірлердің бірі мәртебесін одан әрі нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053436?lang=kk
Сарбаз аналарының форумы: Шымкентте ата-аналармен ашық диалог өтті 19.08.2025
Шымкент гарнизонында қарулы күштердің өкілдері сарбаз ата-аналарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараның басты мақсаты әскери қызметшілердің қызмет жағдайын, моральдық-психологиялық ахуалын, сондай-ақ отбасылар мен бөлім қолбасшылығы арасындағы сенімді нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды. Жиынға қатысушылар сарбаздарды қамтамасыз ету, олардың құқықтық қорғалуы мен білім беру мүмкіндіктері, сонымен бірге әскери қызметтің беделін арттыру үшін ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға Шымкент қаласы мен Түркістан облысында орналасқан әскери бөлімдердің қолбасшылығы, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери полиция бөлімінің бастықтары және «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті» РҚБ өкілі Шарифа Момынова қатысты.Тараптар мерзімді қызмет өткеру жағдайына, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне және бөлімшелер қолбасшылығы мен сарбаздар отбасыларының арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты мәселелерді талқылады.Дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Биболатов қоғамның армияға деген сенімінің маңыздылығына тоқталып, әскерге шақырылушылардың моральдық-патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы ата-аналардың рөлін атап өтті.– Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің бөлімдердің өміріне қатысы бар екенін сезінуі маңызды. Ата-аналардың қолдауы сарбаздарды тәрбиелеуде және әскери қызметтің беделін арттыруда шешуші рөл атқарады, – деді ол.Кездесу барысында жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері мен әскери бөлімдердің командирлері сарбаздарды заттай мүлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыруды ұйымдастыру, құқықтық қорғау, олардың білім алу мүмкіндіктері және моральдық-психологиялық қолдау туралы баяндамалар ұсынды.Сарбаз аналары комитетінің өкілі Шарифа Момынова ата-аналардың сенімі мен қолбасшылықтың ашықтығы армияның беделіне тікелей әсер ететінін атап өтті. – Қызмет қауіпсіз, әлеуметтік қорғалған және беделді болуы тиіс. Жастар армияға ерік-жігермен баруы керек, ал олардың отбасылары балаларының алаңсыз қызмет етіп жатқанына сенімді болуы керек, – деп атап өтті ол.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасында моральдық-психологиялық ахуалды нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053395?lang=kk
Экономикалық өсім және экспорт:Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымындағы 10 жылды қалай пайдаланды 19.08.2025
2025 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында ел өзін халықаралық сауда жүйесінің белсенді және жауапты қатысушысы ретінде танытты. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 2015 жылдың 76,5 миллиард АҚШ долларынан 2024 жылдың 134,7 миллиард долларға дейін өсті. Экспорт көлемі 45,8 миллиардтан 77,6 миллиард долларға дейін артты. Қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 98 пайызы ДСҰ-ға мүше елдермен жүзеге асырылады. Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етті. Тікелей шетелдік инвестициялар 2015 жылы4,1 миллиард доллардан 2024 жылы 12,7 миллиард долларға дейін ұлғайды. Бұл – бизнесті реттеу саласындағы ашықтық пен болжау саясатын тұрақты жүргізудің нәтижесі. Қазақстан үшін маңызды кезеңдердің бірі 2022 жылы Женева қаласында өткен ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына төрағалық етуі болды. Бұл іс-шара ДСҰ конференцияларының тарихындағы ең табысты шаралардың бірі ретінде танылды. Конференция барысында әлемдік сауданы дамытуға бағытталған оннан астам негізгі шешім қабылданды. 2024 жылдың қыркүйегінде Женевада Қазақстанның сауда саясатына алғашқы шолу жүргізілді. Шолу қорытындысында ДСҰ-ға мүше елдер Қазақстанның сауда саясатын реформалау бойынша атқарған жұмыстарын жоғары бағалады. Оған рәсімдерді оңайлату, ашықтықты арттыру, экономиканы әртараптандыру және жаһандық сауда жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға қосқан үлесі жатады. Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі елге дауларды шешу тетігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ұлттық экономикалық мүдделерді тиімді қорғап, біржақты сауда шектеулерінің енгізілуіне жол бермеуге жағдай жасайды. Осы арқылы басқа мемлекеттер Қазақстанды ДСҰ мүшесі ретінде құрметтеп,мәселелерді көпжақты жүйе аясында шешуге басымдық береді. Кеден әкімшілігінде де маңызды реформалар жүргізілді. ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімін орындау шеңберінде Қазақстан электрондық декларациялауды, «Бірыңғай терезе» жүйесін енгізді және деректерді автоматты өңдеуге көшті. Кеден бекеттерінің жаңа моделін енгізу және пост-бақылау қағидатын қолдану рәсімдерден өту уақытын екі күннен 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. ДСҰ-ға мүшелік - Қазақстанның экономикалық саясатын жаңғыртудың маңызды факторы. Ел халықаралық саудаға тереңірек интеграциялануды жалғастырып, әділ әрі тиімді жаһандық экономикалық архитектураны қалыптастыруға белсенді атсалыса береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1053311?lang=kk
Мемлекеттік органдар елге тауық жұмыртқасын әкелуге және сатуға бақылауды күшейтті 19.08.2025
2025 жылдың 15 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтың төрағалығымен тауық жұмыртқасын заңсыз әкелуге және оны ішкі нарыққа сатуға қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Техникалық реттеу және метрология және аумақтық бақылау комитетінің, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері қатысты.Жиында өнімдерді заңсыз әкелу фактілеріне ден қоюдың тиімді және жедел тетіктерін әзірлеу, шекаралық бақылауды күшейту, ішкі нарықта тауық жұмыртқасын сатуда заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.Ішкі нарықты қорғау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Құс өсірушілер одағымен өзара іс-қимыл нәтижесінде ішкі нарыққа тауық жұмыртқасын заңсыз әкелді деген күдікпен 6 факт анықталды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 3 жағдайда қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес шаралар қабылданды, қазіргі уақытта 1 іс бойынша тексеру шаралары жүргізілуде, 2 жағдай бойынша заңбұзушылықтар дәлелденбеді.«Тауық жұмыртқасының заңсыз әкелінуі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді, бәсекелестік ортаны бұзады және мемлекет қабылдап жатқан шараларға деген сенімді әлсіретеді», - деді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.Биылғы жылдың 17 ақпанында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Құс өсірушілер одағымен, Жұмыртқа өндірушілердің салалық қауымдастығымен және бөлшек сауда желілері одағымен бірлесіп, тауық жұмыртқасының бағасын тұрақтандыру бойынша келісілген іс-шараларды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау шаралары аясында биылғы жылдың 4 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды. Бұл тыйым Ауылшаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі үйлестірілген жұмыс және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігі туралы ортақ түсіністікке қол жеткізілді. Қабылданған шаралар тұтыну нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға және елдегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1053277?lang=kk
ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек? 19.08.2025
Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты өзгерістер күшіне енеді.Енді барлық басқару субъектілері кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ.Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндеті болып енгізілді.Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат меншік иелерінің жиналысының хаттамасы болып табылады. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.Сонымен қатар қосымша, басқару субъектілері тұрғын үй-инспекцияларын объектідегі қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлау, объектінің мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге міндетті.Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053261?lang=kk
ЕАЭО елдері ауыр жүк көліктерінің жол жүруін жеңілдетеді 19.08.2025
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еуразиялық көлік дәліздері мен бағыттары тізбесіне енгізілген автомобиль жолдары бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттарды тіркеу және беру тәртібін жеңілдету бойынша бірлескен жұмысты бастады. Еске салайық, 2024 жылы 29 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразия көлік дәліздері бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттарды тіркеу және беру рәсімдерін үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген (ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 214 бұйрығы). Қабылданған жоспар 5 негізгі бағытты жүзеге асыруды көздейді: - арнайы рұқсаттарды берудің мүмкін болатын ең жоғары келісілген мерзімінанықтау; - алдын ала өтініш (жоспарланған сапардың басталукүніне дейін) берудің мүмкін болатын ең жоғары келісілген мерзімін анықтау; - арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін анықтау; - үлгі өтініш формасын анықтау; - арнайы рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың ең аз тізбесіне қойылатын талаптардың жақындасуы. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру арнайы рұқсаттарды алуүдерісін жеңілдету және жеделдету, оны ашық, болжамды және халықаралық тасымалдауға қатысушылар үшін ыңғайлы етуге бағытталған. Осылайша, тіркеудің нақты мерзімдерін белгілеу ЕАЭО елдерінің тасымалдаушыларына бағыттарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді және ұзақ күтпейді. Міндетті ақпараттың ең аз көлемімен өтініштің жеңілдетілген форматы әкімшілік жүктемені азайтады және құжаттарды жедел тапсыруға ықпал етеді. Мысалы, бүгінгі таңда тараптар арнайы рұқсаттарды берудің келесі мерзімдері туралы келісті: - маршрутты келісу қажеттілігі болмаса – жұмыс уақытының 24 сағаты ішінде; - маршрутты келісу қажет болған жағдайда – 10 жұмыс күні ішінде; - төтенше жағдайда – 3 сағат ішінде. Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімі 135 күнтізбелік күннен аспайды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және оның нәтижелері бойынша ЕЭК Алқасының тиісті ұсынымдары қабылданады. Тұтастай алғанда, қабылданған шешімдер бизнесті қолдауға, халықаралық тасымалдау процедураларын жеңілдетуге және ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін ЕАЭО-ның бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жолындағы тағы бір қадамы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1053231?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагері Леонид Подколзинді 99 жасқа келуімен құттықтады 19.08.2025
Ардагерді Наурызбай ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ қалалық филиалы төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин құттықтап барды. Олар майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтауын тапсырып, қарияға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрі қарт майдангерге соғыс жылдарындағы шығармаларды орындап берді.Леонид Подколзин Новосібір облысының Тула селосында дүниеге келген. Беларусь майданында зеңбірекші болып соғысқан. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Георгий Жуков және басқа да медальдармен марапатталған.Соғыстан соң сержант шенімен Кенигсбергке жіберіліп, әскерге шақырылушыларды артиллериялық іс бойынша оқытты. 1952 жылы Алматыға көшіп келіп, машинистің көмекшісі, жүргізуші болып жұмыс істеді, депо шеберханасын басқарды.Леонид Никитович соғыс туралы аз айтады. Көбіне өз ойлары мен сезімдерін проза не өлең тілінде қағазға түсіреді. Шығармаларында өмірдің мәні, адамгершілік және Отанға деген сүйіспеншілік туралы айтылады.Ардагердің қызы мен ұлы, үш немересі және төрт шөбересі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053226?lang=kk
ҚР Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеуде "Спасск мұнарасы" фестивалінде өнер көрсетеді 19.08.2025
XVII Халықаралық "Спасск мұнарасы" әскери-музыкалық фестиваліне аттанып жатқан қатысушыларымен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев кездесті.– Сіздер ең танымал орындардың бірінде өнер көрсеткелі тұрсыздар. Әр нотамен, қимылмен және көзқараспен көрермендерге еліміздің біртұтастығын және оның ерекше мәдениетін жеткізулерің керек. Сіздерге шалқыған шабыт тілеймін және өнерлеріңді жарқын әрі үйлесімді көрсетеді деп сенемін, – деді вице-адмирал С. Борамбаев.Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы алғаш рет "Спасск мұнарасы" фестиваліне қатысуда. Әскери музыкалық өнер мерекесінде Беларусь, Буркина-Фасо, Италия, Моңғолия, БАӘ, Сербия, Эфиопия және өзге елдердің оркестрлері де өнер көрсетеді деп күтілуде.Қазақстандық делегация құрамында Орталық әскери оркестр, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы, би тобы және Орталық ансамбльдің фольклорлық-этнографиялық оркестрі де бар.Фестивальде әскери музыканттар қазақстандық композиторлардың туындыларын айтады. Олар Темірхан Қожабековтың "Торжественное шествие", Нұрғиса Тілендиевтің әуендерінен попурри, әйгілі "Әлия" және "Я шагаю по Москве" әндерін орындайды. Фольклорлық-этнографиялық оркестрдің бишілері "Ақсауыт" би композициясымен өнер көрсетеді.– Біз көрерменге классикалық, заманауи және ұлттық музыканың әсем әуезін көрсетіп, сол арқылы мәдениетіміз бен дәстүріміздің өзіндік ерекшелігін жеткізуге тырысамыз. Әрине, Отанымызға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті жеткізу бастысы, – деді ҚР Қарулы күштері әскери-оркестр басқармасының бастығы – бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимов.Естеріңізге сала кетсек, "Спасск мұнарасы" фестивалі биыл 22-31 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық делегацияның оған қатысуы халықаралық ауқымды мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті арттырудың символы болмақ. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әскери музыкалық мәдениетті ілгерілетуге ықпал ететін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053184?lang=kk
Қазақстандықтарға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады 19.08.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады. Бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен - 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады.Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді. Атап айтқанда, Астанада тұтынушыларға 224,5 млн теңге, Алматыда - 74,2 млн теңге, Қарағанды облысында - 457,0 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында - 257,2 млн теңге, Маңғыстау облысында - 176,7 млн теңге, Қостанай облысында - 106,9 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында - 74,8 млн теңге, Ақмола облысында - 44,3 млн теңге, Павлодар облысында - 34,8 млн теңге, Қызылорда облысында - 23,9 млн теңге, Ақтөбе облысында - 24,1 млн теңге, Жамбыл облысында - 21,4 млн теңге, Абай облысында - 19,9 млн теңге, Атырау облысында - 11,0 млн теңге, Батыс Қазақстан облысы - 3,4 млн теңге, Алматы облысында - 0,5 млн теңге, Түркістан облысында - 0,1 млн теңге, ал Жетісуда - 0,03 млн теңге қайтарылады.Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған.Айта кету керек, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілді, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді.Осылайша, жүргізілген жұмыс бүкіл ел бойынша тұтынушылар үшін тарифтердің ашықтығы мен есеп айырысудың әділдігін қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефондар арқылы жүгіне алады:Астана - (7172) 79-58-97;Алматы - (727) 279-31-39;Шымкент - (7252) 32-15-07;Абай облысы - (7222) 52-17-91;Ақмола облысы - (7162) 50-43-63;Алматы облысы - (7273) 05-91-29;Атырау облысы - (7122) 21-10-38;Ақтөбе облысы - (7132) 55-73-38;Шығыс Қазақстан облысы - (7232) 61-04-88;Жамбыл облысы - (7262) 45-94-68;Батыс Қазақстан облысы-(7112) 24-01-76;Қарағанды облысы - (7212) 90-03-40;Қостанай облысы - (7142) 54-28-76;Қызылорда облысы - (7242) 26-22-93;Маңғыстау облысы - (7292) 42-16-20;Павлодар облысы - (7182) 32-12-02;Солтүстік Қазақстан облысы - (7152) 53-42-55;Түркістан облысы - (7253) 35-30-12;Ұлытау - (7102) 76-07-24;Жетісу - (7282) 24-28-05.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1053124?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары гарнизондардағы цифрлық офицерлердің жұмысын тексерді 19.08.2025
Абай және Аягөз гарнизондарында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің нәтижелілігін зерделеді. 28738, 10810 әскери бөлімдерінде ол жауынгерлік дайындықты есепке алу мен талдауды ақылды жоспарлайтын «Бес қару» бағдарламалық модулін тәжірибелік пайдалану барысын тексерді.Жаңа модул іске қосылысымен барлық деңгейдегі қолбасшылық жекелеген әскери қызметшілердің де, бөлімшелердің де дайындық барысы туралы сенімді ақпарат ала алады. Жасанды интеллект таңдалған кезеңге терең талдау жүргізіп, атыс, физикалық немесе арнайы дайындық сияқты нақты көрсеткіштерді жақсарту бойынша ұсыныстар береді.Бағдарламалық модульді тестілеу Абай, Аягөз және Жетісу гарнизондарының әскери бөлімдерінде де өтуде. Оны енгізу жеке құрамның оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін болады.Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиев 36803 әскери бөлімінің әкімшілік аумағына бейнебақылау ұйымдастыруды тексеріп, оны өрістетуге бұйрық берді. Келесі қадам осы бөлімнің әскери техника паркінің аумағын бейнекамералармен жабдықтау болып отыр.Жергілікті әскери басқару органындағы цифрлық трансформациясының негізгі аспектілері туралы министрдің орынбасарына Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров баяндады. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қарулы күштердің қызметіне ақпараттық жүйелерді уақтылы және сапалы енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053010?lang=kk
«Небо Байсерке – 2025» 18.08.2025
Ауқымды мерекелік шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Таңертеңнен бастап Байсеркеге балаларымен келген отбасылар, жастар мен үлкендер ағылып, үлкен авиациялық мерекенің ерекше атмосферасына куә болды.Авиашоуды ұйымдастырушылар – Қазақстанның шағын авиация қауымдастығы (КАМА), «Тянь-Шань» авиациялық орталығы, «Отан» әуе клубы мекемесі, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Visit Alatau туристік ақпараттық орталығы. Іс-шара қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп, онда авиациялық спортты дамыту мен жастар арасында техникалық шығармашылықты насихаттаудың маңызы атап өтілді.Ашық алаңда авиациялық техника музейі ұйымдастырылып, әр кезеңнің куәсі болған тарихи және заманауи ұшақтар мен тікұшақтар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Балалар ұшақ кабиналарын қызыға тамашалап, қонақтар естелік суретке түсті. Ресми ашылуға дейін мерекелік көңіл-күйді Қазақстанның мемлекеттік үрмелі оркестрі қалыптастырды, ал көк жүзінде әуе шарлары көтерілді. Шараның ресми жүргізушісі Роман Жуков авиашоудың ашылғанын хабарлап, әуеге алғашқы болып авиамодельдер көтерілді.Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігілген тікұшақтың Әнұран әуенімен көкке көтерілуімен айшықталды. Бұл сәт патриоттық рухты күшейтіп, аспанның елді біріктіруші құндылық ретіндегі символдық мәнін көрсетті.Авиашоу бағдарламасына енгізілгендер:жоғары пилотаж шеберлерінің өнер көрсетуі;заманауи және тарихи әуе кемелерінің әуеге көтерілуі;облыс әкімдігінің, Visit Alatau мен түрлі ұйымдардың жалауларымен парашютшілердің секіруі;Қазақстан авиациялық спорты федерациясы вице-президенті Тимофей Меркуловтың түтін гирляндасымен әсерлі секірісі;ҚР Қарулы күштері парашюттік даярлық орталығы спортшыларының көрсетілімі;Socata ұшақтарының топтық ұшуы;ҚР әуе спорты чемпионы Владимир Анцуповтың, нұсқаушы Дмитрий Кияновтың және басқа да ұшқыштардың жоғары пилотаждық маневрлері;Pilatus PC-12, Partenavia P.68, Як-55 ұшақтарының және Ми-2 тікұшағының көрсетілімдері;екі Ан-2 ұшағынан бір мезетте 24 парашютшінің десантталуы;Як-18Т, Як-52 және Як-55 әуе кемелері орындаған «Ромб» топтық пилотажы.Жердегі бағдарлама да ерекше әсер қалдырды: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы әртістерінің концерттік қойылымдары, жәрмеңке, фотозоналар, балалар алаңдары, сондай-ақ авиациялық техника музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Көрермендердің жайлылығы үшін шаттлдар, автотұрақтар, фудкорттар, ақпараттық орталықтар және санитарлық аймақтар қарастырылды.«Небо Байсерке – 2025» Қазақстандағы авиациялық спорт саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі ретінде өз мәртебесін тағы да дәлелдеп, технологияны, шеберлікті және көкке деген сүйіспеншілікті тоғыстырған нағыз отбасылық әрі шабыт сыйлаған мерекеге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1052856?lang=kk
CISM-мен қорытынды кеңес: Қазақстанның әскери спорты жаңа деңгейге шығады 18.08.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде әскери спортты дамыту мәселелеріне арналған маңызды кеңес өтті. Кездесуге ҚР Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) Президенті Нилтон Гомес Ролим Филью қатысты.Қорғаныс министрі кеңеске қатысушыларға әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатын дайындау және өткізу барысында көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.- Сіздердің жеке үлестеріңіз және осы іс-шараға ерекше назар аударуларыңыз халықаралық деңгейдегі жарысты сәтті өткізуге ықпал етті. Әртүрлі елдердің әскери спортшылары арасындағы спорттық және достық байланыстарды нығайтты, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал етті. Біздің өзара іс-қимылымыз спорттық әріптестікті одан әрі дамытуға және CISM-ге мүше елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, – деп атап өтті авация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі әлемдік аренада ұлттық спорт түрі – Қазақ күресін одан әрі дамыту болды. Кеңес барысында Қазақ ұлттық күресін 2027 жылғы әскери қызметшілер арасындағы ойындар бағдарламасына енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл спортты халықаралық деңгейде насихаттаудағы маңызды қадам.Сонымен қатар, тараптар 2026 жылы Ресей Федерациясы аумағында қазақ күресінен келесі әлем чемпионатын өткізу туралы сұрақты талқылады. Бұл шешім қазақ күресіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді және әртүрлі елдердің әскери қызметшілері арасындағы спорттық және достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Қабылданған шешімдер ҚР Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық әскери спорт кеңесі арасындағы сенімнің жоғары деңгейін және табысты ынтымақтастықты куәландырады. Бұл халықаралық аренада Қазақстан Қарулы күштерінің имиджін нығайтуға елеулі үлес қоспақ.Іс-шара соңында Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Мемлекет басшысының атынан қонақтарға армия спортын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, "Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалін табыс етті. Өз кезегінде CISM Президенті Нилтон Гомес Ролим Филью кеңес мүшелерін армия спортының дамуына қосқан үлесі үшін "Спорт арқылы достық" орденімен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052574?lang=kk
Алматы облысында түлектерге жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу барысында қолдау көрсетілуде 18.08.2025
Биыл Алматы облысында 17 940 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 1 432 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 1 513 оқушы үздік аттестат алды. Көпшілігі үшін бұл тек мектеп кезеңінің аяқталуы ғана емес, жоғары және орта кәсіптік білім жолындағы үлкен бастаманың алғашқы қадамы. Ал осы жолда өңір түлектеріне айрықша қолдау көрсетіп келеді.Байқау нәтижелері бойынша облыс түлектерінің 44 пайызы — 7 681 жас мемлекеттік білім гранттарының иегері атанды. Оның ішінде өңір үшін басым бағыттарға ерекше көңіл бөлінген: 1 440 грант – педагогикалық мамандықтарға, 770 грант – медициналыққа, 543 грант – аграрлыққа бөлінді. Ал қалған 4 928 грант елімізде сұранысқа ие өзге салаларға тиесілі болды.Халықаралық ынтымақтастық та мақтаныш тудырады: биыл Алматы облысының 37 түлегі Қытайға — Синьцзян университетіне оқуға барады. Барлық шығынды қабылдаушы тарап өз мойнына алған. Бұл – әлемдік деңгейдегі білім алуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық құзыреттерге ие жаңа буын мамандарының қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік.Дарынды жастарды қолдауда жергілікті биліктің де рөлі ерекше. Биыл облыс әкімі 30 атаулы грант бөлді:17 грант – медициналық мамандықтарға,17 грант – аграрлыққа,6 грант – педагогикалыққа.Бұл тек студенттерге көрсетілген қолдау ғана емес, өңірдің адами капиталына жасалған стратегиялық инвестиция. Күтілгендей, мұндай грант иегерлері туған өлкесіне оралып, Алматы облысының мектептерінде, ауруханаларында және ғылыми мекемелерінде еңбек ететін болады.Бұл жас мамандардың өңірдің дамуына тірек боларына сенеміз. Білімді қолдау – бір реттік шара емес, бүкіл облыс үшін тұрақты болашақ қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс», — деді облыстық білім басқармасында.Мемлекеттік гранттар мен халықаралық бағдарламалардан бөлек, өңірде мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары және колледждермен мақсатты оқыту жөнінде меморандумдар жасалуда. Бұл түлектерге қай мамандықтың сұранысқа ие екенін алдын ала түсінуге әрі оқуды аяқтаған соң кепілді жұмыс орнына ие болуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1052549?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштері ұлттық Aitu мессенджеріне көшуде 18.08.2025
Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыс жалғасуда. Осы стратегия аясында елдің Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған бұл шешім шетелдік платформаларды пайдаланған кездегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған.Отандық мессенджерге көшу – мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде қорғаныс саласында да қызметтік ақпаратты қорғау деңгейін арттыру бойынша негізгі қадамдардың бірі. Бұған дейін деректерді жіберу үшін көбінесе шетелдік мессенджерлер қолданылып келген. Бұл өз кезегінде қауіпсіздікке белгілі бір қатер төндіруі мүмкін еді. Қазақстан юрисдикциясында орналасқан және деректерді сақтау мен өңдеу талаптарына толық сай келетін Aitu мессенджерін пайдалану ақпарат ағынын толық бақылауға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Даурен Косанов ҚР Қарулы күштерінің барлық бөлімшелерін Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшіруді тапсырды.Көшу процесі 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл ретте армияның ұйымдық-штаттық құрылымы мен қолданыстағы байланыс арналары ескеріледі. Мұндай тәсіл қызметтік процесті бұзбай, жүйелі әрі біртіндеп интеграцияны қамтамасыз етеді.– Ұлттық IT-өнімдерді қолдану – цифрлық кеңістіктегі дербестікті қорғауға бағытталған жаһандық үрдіс. Қарулы күштердің Aitu мессенджеріне көшуі қызметтік деректердің сыртқа таралуын болдырмай, қызметтік мақсаттағы ақпаратты тиісті деңгейде қорғауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев.Жаңа мессенджер кең ауқымды міндеттерді шешу үшін қолданылатын болады. Оның ішінде жедел ақпарат алмасудан бастап, жиналыстар өткізу мен іс-қимылдарды үйлестіру шаралары да бар. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, ішкі коммуникацияны да оңтайландыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052525?lang=kk
Қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті енгізу жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрды 18.08.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды.Жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементі болмақ. Бөлімшенің негізгі міндеті – деректердің үлкен массивтерін талдау, басқаруды автоматтандыру, жедел сценарийлерді модельдеу және қазіргі әскери жағдайда басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығын арттыру үшін жасанды интелект шешімдерін әзірлеу және енгізу.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жасанды интеллект технологияларын армия қызметіне интеграциялау жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылатынын және қорғаныс саласындағы әлемдік үрдістерге сәйкес келетінін атап өтті.Бөлімше отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, жетекші университеттермен және бейінді IT-компаниялармен өзара іс-қимыл жасайтын болады. Бұл тәсіл қорғаныс саласына озық әзірлемелерді енгізіп қана қоймай, жасанды интеллектті әскери қолданудың ұлттық мектебін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бөлімшені құру кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған.Осыған сәйкес, қазіргі заманғы алгоритмдермен және жүйелермен жұмыс істеуге қабілетті офицер-талдаушылар мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жоспарлануда.Осылайша, Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект ұлттық қорғаныстың тиімділігін, қауіпсіздігін және тәуелсіздігін арттыру құралы болатын жаңа басқару архитектурасын қалыптастыруға стратегиялық қадам жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052391?lang=kk
Әу шебін қорғаушылар кәсіби мерекесін атап өтуде 18.08.2025
18 тамызда Ұлттық қауіпсіздік жүйесі негізгі компоненттерінің бірі - ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 27 жыл толып отыр.Бүгінде Қарулы күштердің бұл түрі Қазақстан әскерінің қуатты, жоғары технологиялық және ұтқыр құрамдас бөлігіне айналған.Олардың құрамына Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштері кіреді. Олар әуе шебін сенімді қорғауды, стратегиялық маңызды мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді бүркемелеуді қамтамасыз етеді. Қарулы күштердің басқа түрлері мен әскер тектерін авиациялық қолдау міндеттерін орындайды.Мамандарды даярлау бейінді әскери оқу орындарында жүргізіледі. Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты ұшу және инженерлік-техникалық құрамның мамандарын, ал Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және байланыс әскерлері үшін инженерлік кадрлар даярлайды.Әскери-әуе күштерінде аэродинамикалық, ұшу және жауынгерлік сипаттамалары бойынша әлемдегі ең жақсы деп танылған заманауи жауынгерлік, әскери-көліктік, жаттығу ұшақтары мен тікұшақтар бар. Өткен жылы авиациялық парк 37 тоннаға дейін немесе 100-ден астам әскери қызметшіні ұзақ қашықтыққа тасымалдауға қабілетті көпфункционалды А400М әскери-көліктік ұшағымен толықты. Әуе кемесін пайдаланған жарты жыл ішінде экипаж жеке құрамды тасымалдауда бірқатар міндеттерді орындады. Оның ішінде Голан жоталарындағы бітімгерлерді ротациялау, қазақстандық командалардың Біріккен Араб Әмірліктеріне UAE SWAT Challenge-2025 халықаралық жарыстарына апарып келу, "Айбын-2025" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын көлікпен қамтамасыз ету бар.Әуе қорғанысы күштерін дамытудың маңызды басымдығы автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып отыр. Бұл әуе қаупі жағдайында барлық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, оның ішінде жедел ақпарат жинаудан бастап жауынгерлік іс-қимылдарды үйлестіруге және ұшуды басқаруға мүмкіндік береді.Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік дағдыларды арттыру, ұшу құрамын күрделі міндеттерді орындауға дайындау, жоғары пилотаж дағдыларын игеру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Әскери ұшқыштар әрқашан бейбіт тұрғындарға көмекке келуге дайын. Армиялық авиация экипаждары адамдарды эвакуациялауға, 2024 жылғы су тасқыны кезінде азық-түлік пен гуманитарлық жүктерді жеткізуге, Абай облысындағы орман өртін сөндіруге және жедел ден қоюды қажет ететін басқа да міндеттерге тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052301?lang=kk
Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мереке – кәсіпкерлер күні белгіленді 18.08.2025
Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке— Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылды.Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.Бүгінде елімізде 2 миллион 300 мыңнан аса бизнес субъектісі тіркелген.Кәсіпкерлерді қолдау экономикалық саясаттың басымдығының бірі болып қала береді. Жыл басынан бері 288 миллиард теңгеге 2 мыңнан астам жоба субсидияланып, 61 миллиардқа 737 жобаға кепілдік берілді. Тоғыз мыңға жуық кәсіпкер оқытылды.2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 270 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. 12,6% мөлшерлемемен "Өрлеу" жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы да іске қосылды. Қолдаудың жалпы көлемі 750 миллиард теңге. Оның ішінде 300 миллиарды - "Даму" қаражаты, 450 миллиарды - банк ресурсы. Қазірдің өзінде 200 миллиард теңгеге 400-ге жуық жоба қаржыландырылды.Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында "Бизнестің цифрлық картасы"жобасы іске асырылуда. 100-ден астам қолдау шарасы бар тізілім бекітілді. "EGov Business" қосымшасымен "Бәйтерек" холдингін қолдау шараларын қамтитын "Bgov" АЖ интеграциясы аяқталып, оны 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1052310?lang=kk
Ақтауда Әскери-теңіз туының көтерілген күні атап өтілді 17.08.2025
1996 жылғы 17 тамызда Ақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз туы алғаш рет көтерілді.Бұл оқиға егемен еліміздің Әскери-теңіз күштерін құру жолындағы маңызды қадам болды. Осы тарихи датаның 29 жылдығына орай Ақтаудағы амфитеатрдың ашық алаңында салтанатты шара өтті. Іс-шараға әскери қолбасшылық, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы билік өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталып, Мемлекеттік және Әскери-теңіз тулары көтерілді. Әскери-теңіз базасының командирі, бірінші дәрежелі капитан Есенғали Байботаев жиналғандарды атаулы күнмен құттықтады.– Бүгін біз Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүддемізді қорғауды қамтамасыз ететін Әскери-теңіз күштерінің іргетасын қалаған тарихи оқиғаны атап өтудеміз. Қазіргі буын әскери қызметшілер алғашқы теңізшілер салған дәстүрлерді бағалап, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін арттыру мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолында қызмет етуде, – деді ол.Іс-шараға 2000-нан астам қала тұрғыны мен қонақтар жиналды. Олар теңіз жаяу әскерлері, арнайы жасақтары мен авиация бөлімшелерінің көрсетілімдерін тамашалады. Әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық элементтерін, десант қону кезіндегі тактикалық іс-қимылдарды және қоян-қолтық ұрыстың тәсілдерін көрсетті.Мерекенің шарықтау шегі Каспий теңізі акваториясындағы Әскери-теңіз күштері кемелерінің шеруі мен Ақтау гарнизоны жеке құрамының салтанатты сап түзеп өтуі болды.Сонымен қатар, заманауи теңіз техникасының, қару-жарақ пен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. Концертке әскери оркестр мен Әскери-теңіз күштерінің шығармашылық ұжымы қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052262?lang=kk