Enbekshi QazaQ

Қуқық

Тобыл станциясындағы вокзал күрделі жаңғыртудан кейін қайта ашылды 22.08.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда 125 теміржол вокзалын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жоба жолаушылар инфрақұрылымын жаңартуға, жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.Жаңартылған вокзалдың ашылу рәсіміне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов қатысты.«Қостанай облысында алты теміржол вокзалын — Қостанай, Арқалық, Тобыл, Железорудный, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларындағы нысандарды кешенді реконструкциялау жоспарланған болатын. Бұған дейін жаңғыртудан кейін Аманқарағай, Құсмұрын, Рудный және Арқалық вокзалдары пайдалануға берілді. Ендігі кезекте кешенді жаңғыртудан Тобыл станциясының вокзалы өтті. Бұл жұмыс өңірдегі көлік инфрақұрылымын жүйелі дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған», — деді облыс әкімінің орынбасары.Тобыл вокзалының тарихы 80 жылдан асады. 1942 жылы салынған ғимарат ондаған жыл бойы Қостанай облысының теміржол желісіндегі маңызды нысандардың бірі болып келеді.Жаңғырту аясында вокзалдың ішкі және сыртқы инфрақұрылымы толық жаңартылды. Нысанның жалпы ауданы 420,8 шаршы метрді құрайды. Жүргізілген жұмыстар жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, ғимараттың энергия тиімділігін арттыруға және нысанды азаматтардың түрлі санаттары үшін қолжетімді етуге бағытталды.Тобыл станциясы екі жолаушылар платформасына қызмет көрсетеді. Мұнда тәулігіне орта есеппен 235 жолаушыға қызмет көрсетіліп, 13 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Негізгі бағыттар қатарында Семей – Маңғыстау, Нұрлы жол – Атырау, Нұрлы жол – Орал, Қостанай – Алматы, Ақтөбе – Нұрлы жол және Қостанай – Арқалық бағыттары бар. Сонымен қатар қала маңы және өңірлік жолаушылар қатынасы қамтамасыз етіледі.Жаңғырту жұмыстары барысында вокзал маңы аумағы да абаттандырылып, жолаушыларға, жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылды.Тобыл станциясы вокзалының жаңаруы — Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы кезекті маңызды қадам. Бұл ретте басты назар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, заманауи талаптарға сай жағдай жасауға аударылып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1278439?lang=ru
В Костанае открылся самый крупный в Казахстане крытый аквапарк 22.08.2026
В Костанае состоялся технический запуск самого большого крытого аквапарка в Казахстане. Новый объект становится частью формирующейся туристической инфраструктуры региона и, как ожидается, даст новый импульс развитию внутреннего туризма.В церемонии открытия принял участие аким Костанайской области Кумар Аксакалов. По его словам, новый объект должен стать частью современной городской среды и расширить возможности для отдыха жителей региона.«Глава Государства постоянно уделяет внимание формированию комфортной городской среды, развитию современной инфраструктуры и обеспечению качественного отдыха граждан. Наша задача - создать условия, чтобы жители от детей и молодежи до старшего поколения могли качественно проводить свободное время, не выезжая за пределы региона», - сказал Кумар Аксакалов.Площадь двухэтажного комплекса превышает 9 тыс. кв. м, одновременно он сможет принимать до 500 посетителей. Для региона с продолжительным холодным сезоном принципиально, что объект будет работать круглый год. Для посетителей аквапарк начнет работу с сентября 2026 года.В центре комплекса - водная зона с семью бассейнами общей площадью около 1,5 тыс. кв. м. Здесь предусмотрены волновой бассейн с искусственными волнами, детская зона, «Акватоник» и водные аттракционы.«Осьминог» станет не только местом семейного отдыха, но и новой городской достопримечательностью, способной привлечь в Костанай гостей со всей страны и ближнего зарубежья. Объект должен стать одной из особенностей туристического предложения областного центра.Вместе с развитием туристической инфраструктуры в Костанае последовательно формируется современная и комфортная городская среда. Новыми точками притяжения  становятся триатлон парк, центральный сквер, парк на территории университета А.Байтұрсынұлы, благоустраиваются парки и скверы, создаются аллеи, прогулочные, спортивные и рекреационные зоны.Параллельно в Костанае формируется современная гостиничная инфраструктура. В городе будут построены гостиничные комплексы международных брендов Marriott, Novotel и Holiday Inn. Как отмечал глава региона, рост деловой активности и приход новых инвесторов повышают спрос на современные места размещения. В совокупности такие проекты расширяют возможности для отдыха, общения и самореализации молодых людей, создавая в регионе более комфортную среду для жизни и работы.«Наряду с развитием экономики, запуском новых фабрик и заводов необходимо создавать условия для комфортной жизни людей и содержательного семейного отдыха. В Костанайской области должно быть больше уникальных объектов, интересных как для жителей, так и для гостей региона. Одним из таких мест станет наш самый крупный в стране крытый аквапарк», – отметил аким области.Открытие «Осьминога» в этом смысле выходит за рамки одного объекта. Он дополняет туристическое предложение Костанайской области и создает новый повод для поездки в регион, укрепляя роль областного центра как точки притяжения для туристов из разных регионов страны.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1278425?lang=ru
Ұйғыр ауданында жалпы құны 87 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда 22.08.2026
Алматы облысының Ұйғыр ауданы – еліміздегі жүгері өндірісінің жетекші орталықтарының бірі. Құнарлы жер, қолайлы климат, шаруалардың мол тәжірибесі мен соңғы жылдары тартылған инвестициялар ауданның аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп келеді.Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының жетекші салаларының бірі. Биыл жалпы егістік алқабы 27,4 мың гектарға жетіп, бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,3 мың гектарға немесе 14,1 пайызға ұлғайды. Ал дәндік жүгері алқабы 9 080 гектарды құрап, Алматы облысындағы жүгері алқабының 16,3 пайызын иеленіп отыр.Жүгері өндірісін дамытуда ірі инвестициялық жобалардың маңызы ерекше. Солардың бірі – «Assem Kaljat» ЖШС-нің жүгері өсіру жобасы. Кәсіпорын 2 487 гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізіп, заманауи суару жүйелерін іске қосты. Қазіргі таңда шамамен 2,5 мың гектарға тамшылатып суару технологиясы енгізіліп, 50 суару ұңғымасы бұрғыланып, 303 шақырым магистральдық су құбыры тартылды. Жобаға 1,3 млрд теңге инвестиция игерілді.Осы жоба аясында ауданның ірі және шағын шаруа қожалықтарының өкілдері бас қосып, жүгері өсірудің заманауи технологиялары бойынша тәжірибе алмасты. Шаруалар өндіріс барысын тікелей алқапта көріп, суару жүйелерінің тиімділігі, тұқым таңдау, агротехникалық жұмыстарды ұйымдастыру және өнімділікті арттыру тәсілдерімен танысты.Бұл – ірі шаруашылықтарда жинақталған тәжірибені шағын және орта шаруашылықтарға таратудың тиімді жолы. Өз кезегінде мұндай тәжірибе алмасу ауданның аграрлық секторындағы технологиялық жаңғыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.Жүгері өндірісін одан әрі ұлғайту бағытындағы тағы бір маңызды жоба – «АА Агро Қонаев» ЖШС мен «QS Logistics Systems LTD» ЖШС бірлескен жобасы. Серіктестік 4 400 гектар жерді игеруді жоспарлап, заманауи суару технологияларын енгізуде. Алдағы кезеңде 18,2 млрд теңгелік жүгері мен соя өсіруге арналған агроөнеркәсіптік кластер құру көзделген.Ауданда су үнемдеу технологияларын енгізуге де басымдық берілуде. 2024 жылы бұл технологиялар 450 гектарға енгізілсе, 2028 жылға қарай 19 790 гектарға жеткізу жоспарланған. Ал 2026–2028 жылдары 17 187 гектар жайылымды суармалы егістікке айналдыру және суару желілерін жаңғырту арқылы тағы 6 396 гектарды ауыл шаруашылығы айналымына қосу көзделіп отыр.Жоспарланған жобалар толық жүзеге асқан жағдайда ауданның егістік алқабы 45 196 гектарға дейін ұлғаяды.Агросекторға тартылатын инвестиция көлемі де жыл сайын артып келеді. 2025–2029 жылдары ауданда жалпы құны 87 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобалардың қатарында жүгері өсіру, гибридті тұқым өндіру және өңдеу, астық сақтау, құс шаруашылығы және агроөнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту бағыттары бар.Сонымен қатар шаруаларды қаржылай қолдау тетіктері де кеңейіп келеді. 2026 жылы «Кең Дала» бағдарламасы аясында 10 шаруашылық 772,9 млн теңге несие алды. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыста Қонаев қаласы мен Балқаш ауданынан кейінгі үшінші орында тұр.Ұйғыр ауданындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жетістігі – жердің берекесі мен диқан еңбегінің, инвестиция мен инновацияның, тәжірибе мен заманауи технологияның тоғысуының нәтижесі.Жүгері өндірісінде республика көлемінде көш бастап тұрған Ұйғыр ауданы аграрлық әлеуетін одан әрі арттырып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1278421?lang=ru
Әскери-тарихи музей алғаш рет археологиялық экспедицияға қатысты 22.08.2026
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі алғаш рет археологиялық экспедиция жұмысына қатысты.Зерттеу жұмыстары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Тарбағатайдың солтүстік беткейіндегі элиталық сақ қорғандарын кешенді зерттеуге бағытталған ғылыми жоба аясында жүргізілді.25 сәуір мен 15 тамыз аралығында мамандар Абай облысының Тарбағатай, Аягөз және Абай аудандары аумағында жұмыс жүргізді. Экспедиция құрамына Әскери-тарихи музейдің ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі, археолог ефрейтор Дидар Жармұхаметов кірді. Далалық зерттеу барысында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, тарихи-мәдени мұра нысандары құжаттандырылды. Сондай-ақ сақ дәуіріндегі әскери мәдениетке қатысты материалдық жәдігерлер зерделенді.– Экспедицияға қатысу Қазақстанның әскери тарихын археологиялық ескерткіштер арқылы тікелей зерттеуге жол ашады. Жинақталған материалдар сақ дәуіріндегі әскери мәдениеттің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және оны келешек ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді, – деді ефрейтор Дидар Жармұхаметов.Экспедиция нәтижелерінің Әскери-тарихи музей қорын толықтыру үшін де маңызы зор. Ғылыми құндылығы бар жәдігерлер тиісті өңдеуден өткізіліп, белгіленген тәртіппен мемлекеттік есепке алынғаннан кейін музей қорына беріледі.Экспедицияға қатысу Әскери-тарихи музейдің ғылыми-зерттеу бағытын кеңейтті. Ғалымдармен бірлескен жұмыс тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның әскери тарихын одан әрі насихаттауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278408?lang=ru
33 ЖЫЛДАН КЕЙІН АРҚАЛЫҚТА АУА ҚАТЫНАСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ 22.08.2026
2026 жылғы 22 тамызда 33 жылдық үзілістен кейін Арқалық пен Астана арасында қайтадан тұрақты әуе рейстері жолға қойылды. Бүгін Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсі орындалды.Әуе қатынасын қайта жандандыру Арқалық әуежайын қалпына келтіру мен жаңғыртудың арқасында мүмкін болды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді.Жобаның басты міндеті – Арқалық қаласы мен маңайдағы аудандардың тұрғындары үшін қолайлы әрі қолжетімді әуе қатынасын қамтамасыз ету.Әуежайда жаңа жолаушылар терминалы, апаттық-құтқару станциясы, арнайы техникаға арналған гараж, бақылау-өткізу пункті және диспетчерлік мұнара салынды. Сондай-ақ ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы мен перрон реконструкцияланды.Әуежай авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын алды. Қазақстанның AIP (Авиациялық ақпарат жинағында) аспаптар бойынша қонуға кіру схемалары жарияланды.Бүгінгі таңда жаңадан салынған әуежай барлық сертификаттау процедураларынан өтті. 3 тамызда әуежай №8/26 авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын алды. 18 тамызда «Қазаэронавигация» РМК-дан аэронавигациялық қызмет көрсетуші ретінде №21 сертификат алынды. 21 тамызда АРД сериялы №KZ01VKC00000389 аэродромның жарамдылық сертификаты берілді.Қазіргі уақытта Арқалық әуежайы CRJ200 үлгісіндегі өңірлік жолаушылар әуе кемелерін қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге дайын. Арқалық пен маңайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін үш бағыт қолжетімді:Астана – Арқалық – Астана;Алматы – Арқалық – Алматы;Қостанай – Арқалық – Қостанай.Конкурс қорытындысы бойынша тасымалдаушы болып SCAT авиакомпаниясы белгіленді. Мемлекеттік субсидиялаудың арқасында Астана мен Қостанайға билет құны 10 мың теңгені, ал Алматыға 25 мың теңгені құрайды.Жаңа бағыт Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарының, сондай-ақ Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғындары үшін көлік қатынасын жақсартады.80 мыңнан астам адам елдің басқа өңірлеріне, соның ішінде медициналық, білім беру және мемлекеттік қызметтерді алу үшін тезірек жету мүмкіндігіне ие болады.Сонымен қатар жаңа бағыт Торғай өңірінің бизнесін дамытуға, инвестициялар тартуға және экономикасының өсуіне қосымша мүмкіндіктер туғызады. Жоба шеңберінде 136 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.Әуе бағытының ашылуы Астана әуежайында, ұшақ бортында және Арқалыққа ұшып келгеннен кейін ұйымдастырылған театрландырылған-музыкалық перформанспен сүйемелденді.Арқалықта алғашқы рейстің жолаушыларын әуенмен, әнмен және шашу шашып қарсы алды.33 жылдан кейін тұрақты рейстердің қайта оралуы Арқалық пен бүкіл Торғай өңірі үшін маңызды оқиға болды. Енді тұрғындарда елдің ірі қалаларымен қолайлы әуе қатынасы, ал өңірде бизнесті дамыту мен инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1278388?lang=ru
«Жүйе біртіндеп сала үшін жұмыс құралына айналуда»: Қоғамдық кеңес отырысында сауда мәселелері талқыланды 22.08.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Министр Арман Шаккалиев пен Кеңес төрағасы Руслан Шаекиннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.Іс-шараға ҚР СИМ басшылық құрамы, Қаржы министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастықтың басшылары қатысты.«Үй жанындағы дүкен» форматына мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смаилов жеке кәсіпкерлікті қолдау шараларын көрсету қағидаларын жетілдіру мәселесін көтерді. Қолданыстағы қағидаларда халыққа қолжетімді жерде орналасқан жұмыс істеп тұрған сауда нүктелерін сатып алуға берілетін кредиттерді субсидиялау мүмкіндігі қарастырылмаған.Қоғамдық кеңес Қағидаларға жұмыс істеп тұрған «үй жанындағы» дүкендерді сатып алуға берілетін кредиттерді субсидиялау және кепілдендіру мүмкіндігін енгізуді, сондай-ақ кәсіпкерлерге бір жоба аясында инвестициялық кредитті айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитпен қатар пайдалануға рұқсат беруді ұсынды.«Сауда – отандық өндірісті дамытудың маңызды ынталандырушысы. Сауда саласында шамамен 1,5 млн адам жұмыспен қамтылғанын, ал саланың өзі ЖІӨ құрылымында екінші орында тұрғанын үнемі айтып келемін. Сондықтан мемлекеттік қолдау – саламызды одан әрі дамыту, оның тиімділігін арттыру және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудың маңызды құралы», – деп атап өтті Арман Шаккалиев.Цифрландыру және Ұлттық тауарлар каталогының жұмыс істеуі мәселелері бойынша Саудаға жәрдемдесу қауымдастығының өкілі Нұрлан Нұрмағамбетов бұрын әкелінген өнімдер бойынша шетелдік өндірушілер туралы мәліметтерді алу кезінде импорттаушылар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің тап болып отырған мәселелерін айтты.Бизнестің қаржылық шығындарын, азық-түлікке жатпайтын тауарлар ассортиментінің қысқаруын және шамадан тыс әкімшілік жүктемені болдырмау мақсатында Кеңес 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең енгізуді ұсынды. Бастама бұрын әкелінген тауарларды ҰТК-да жеңілдетілген тәртіппен тіркеуді, 2027 жылға дейін қалдық тауарларға қатысты айыппұл санкцияларын қолданбауды және импорттаушы туралы деректерді көрсету құқығын уақытша сақтауды көздейді.«Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде мемлекеттік органдардың жұмысында нақты практикалық нәтиже беріп жатқан мәселелер туралы жиі айта бермейтінімізді атап өткім келеді. Ұлттық тауарлар каталогын енгізу – осындай мысалдардың бірі. Қоғамдық тамақтану саласы үшін бұл жеткізушілермен жұмыс істеуде ашықтықты, қадағалануды және тәртіпті арттырып, бизнес үшін тәуекелдерді азайтады. Әрине, енгізу үшін уақыт пен пысықтау қажет. Дегенмен жүйенің біртіндеп сала үшін жұмыс құралына айналып келе жатқаны маңызды. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға және ҰТК-ны дамытуға қатысып отырған барлық азаматтарға алғыс айтқым келеді», – деді қоғамдық тамақтану саласының төрайымы Вероника Даугалиева.Талқылауға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Атамекен» ҰКП және ҚР СИМ Тауарларды цифрлық трансформациялау және таңбалау департаментінің басшылығы қатысты.Ағынды суларды есепке алуды метрологиялық қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Қазақстандық тіркеу» ӨРҰ өкілі Василий Михальченко қысымсыз ортадағы өлшеулердің нақты әдістемелерінің болмауына байланысты туындайтын мәселелерге назар аударды. Бұл су пайдаланушылар мен су арнасы ұйымдары арасында қаржылық дауларға алып келеді.Нәтижесінде ҚР Су кодексінің нормаларын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамамен үйлестіруді, қысымсыз жүйелер үшін өлшеулерді орындау әдістемелерін (ӨӘ) әзірлеуді және сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану қағидаларын өзектендіруді қамтитын шаралар кешені әзірленді.Талқылауға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «ҚазОрталықТКШ» АҚ, Қазақстан су қауымдастығының өкілдері және ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Бауыржан Қасымов қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278383?lang=ru
Егіз ұлдарын әскерге шығарып салған ана олардың таңдауын мақтан тұтады 22.08.2026
Шолпан Тілеубаева үшін биыл ұлдарын әскерге шығарып салу екі есе толқынысқа толы болды. Егіздері Айбол мен Нұрбол мектеп бітірген соң бірден жоғары оқу орнына түсуге асықпай, алдымен Отан алдындағы борышын өтеуді жөн көрген екен. Олар әскери тәжірибе жинап, мамандық меңгеріп, кейін білім гранттарының мүмкіндігін пайдаланып, оқуын жалғастыруды жоспарлаған.Қазір ағайынды егіздер Гвардейск гарнизонындағы 30212 әскери бөлімінің кіші мамандарды даярлау орталығында дайындықтан өтіп жатыр. Олар бұл жерден жүк көліктерінің жүргізушісі мамандығын меңгереп шығады.Егіздер болашақ жоспарын да бірге құрып отыр. Әскерден кейін жоғары білім алуды көздейді. Ал әзірге әскери қызметтің өздеріне көп нәрсе үйретіп жатқанын айтады.– Алғашында оңай болған жоқ. Жаңа күн тәртібіне, тәртіп пен жауапкершілікке үйрену керек. Қазір бұл тәжірибенің әскерден кейін де пайдасы тиетінін жақсы түсіндік. Алда әлі бірнеше ай қызмет бар. Одан кейін оқуымызды жалғастырғымыз келеді. Жоспарымыз көп, ал әскери қызмет – сол мақсатқа жету жолындағы бір кезең, – дейді Айбол мен Нұрбол Ұлдахан.Мерзімді әскери қызмет барысында егіздер азаматтық өмірде де қажет болуы мүмкін мамандықты меңгеріп жатыр. Оқу орталығында әскери қызметшілерге армияда да, азаматтық салада да сұранысқа ие қос мақсатты мамандықтар оқытылады.Мұнда жүк көліктері мен арнайы техниканың жүргізушілері, көп мақсатты тартқыштар мен жер қазу машиналарының механик-жүргізушілері, әскери аспаздар, саперлер, сондай-ақ танк пен жаяу әскер жауынгерлік машиналары экипаждарына арналған мамандар даярланады.Айбол мен Нұрбол КамАЗ және «Орал» маркалы әскери жүк көліктерін басқаруды үйреніп жүр. Қызметтен кейін бұл дайындық олар үшін жақсы кәсіби негіз болмақ. Себебі жүк көлігінің жүргізушілеріне логистика, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналдық және көлік салаларында сұраныс жоғары.Алайда егіздердің анасы үшін олардың алған мамандығынан бұрын, әскери қызмет кезінде азамат ретінде қалыптасуы маңызды. Ұлдарымен кездескенде Шолпан Тілеубаева олардың бойындағы өзгерісті бірден байқаған.– Ұлдарымды көргенде олардың қаншалықты есейгенін бірден сезіндім. Екеуі де жинақы, салмақты, өзіне сенімді болыпты. Әрине, екі ұлымды бірдей әскерге шығарып салу оңай болған жоқ, әрқайсысы үшін алаңдадым. Ал қазір оларға қарап, әскери қызметтің пайдасы тигенін түсінемін. Ана үшін балаларының есейіп, азамат болып қалыптасқанын көру – ерекше қуаныш, – дейді Шолпан Тілеубаева.Анасының айтуынша, ұлдарының алға қойған жоспары көп. Олар әскери қызметін абыроймен аяқтап, жоғары оқу орнына түсіп, білім алып, болашақ мамандығын таңдауды көздейді.– Бүгінде оларға беріліп отырған барлық мүмкіндікті дұрыс пайдаланса екен. Алдымен Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, кейін білім алып, өмірден өз орнын тапса екен. Ең бастысы – осы өзара татулығын сақтап, бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп, жақсы азамат болып қалыптасса екен деймін. Мен оларды мақтан тұтамын, – дейді егіздердің анасы.Оқу орталығындағы дайындықты аяқтаған соң Айбол мен Нұрбол меңгерген мамандығын растайтын сертификат алады. Одан кейін олар әскери бөлімге жіберіліп, мерзімді әскери қызметін жалғастырады.Ал оқу орталығында алған білімі мен тәжірибесі егіздердің әскери қызметімен бірге аяқталмайды. Бұл дағдылар оларды азаматтық өмірде де жаңа мүмкіндіктерге бастайтын кәсіби негіз болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278358?lang=ru
Президенттің ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау: қолжетімді қаржыландырудан бастап инфрақұрылымды жаңғыртуға дейін 22.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту, халықтың табысын арттыру және қажетті инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде шаралар қабылдауда. Әсіресе, шекара маңындағы елді мекендердің экономикалық әлеуетін ашуға ерекше назар аударылып отыр.«Ауыл аманаты»: ауыл кәсіпкерлігін дамыту үшін қаржыландыру қолжетімді бола түстіҚазақстанда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және ауылдар мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Негізгі құрал – жеңілдікті микрокредит беру, соның арқасында тұрғындар өз ісін ашып, жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтіп, кооперативтерге бірігіп, тұрғылықты жері бойынша жаңа жұмыс орындарын құра алады.Қарыздар жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша беріледі: ауыл шаруашылығы емес бағыттар үшін 5 жылға дейінгі және ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге. Жеке бастамалар үшін ең жоғары сома 2 500 АЕК немесе 10,8 млн теңге, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен қайта өңдеу жобалары үшін 8 000 АЕК немесе 34,6 млн теңгені құрайды.Оған қосымша кәсіпкерлерге жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге техника мен жабдықтардың жеңілдікті лизингі қолжетімді. Бұл ауыл шаруашылықтарына артық қаржылық жүктемесіз өндірістік базаны жаңартуға, өнім шығару мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ауылдық жерлерге білікті кадрларды  тарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жалғасуда, оның шеңберінде жас мамандарға кемінде үш жыл жұмыс істеген жағдайда 15 жылға дейінгі жылдық мерзіммен 1% көтерме төлемдер мен жеңілдікті тұрғын үй кредиттері беріледі.Сонымен қатар шағын қалалар да дамытылуда. 2025 жылы 21 шағын қалада 40 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 11,9 млрд теңге бағытталды, бұл 42 шақырым автомобиль жолдары мен 40 шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуға мүмкіндік берді.Қаржыландыру кезінде басым бағыттар әр аумақтың экономикалық ерекшеліктеріне қарай анықталады. Бұл тәсіл белгілі бір елді мекенді ең бір сұранысқа ие және перспективалы бағыттар бойынша, мәселен, мал мен егін шаруашылығынан бастап өңдеу мен қызмет көрсету саласына дейін қолдауға мүмкіндік береді. Тұрғындар үшін бұл өз ауылында жүріп жұмыс істеп, табыс табуға, жергілікті жерде бизнесті дамытуға жол ашады, әрі ауылдар мен шағын қалаларда қажетті тауарлар мен қызметтердің пайда болуын білдіреді.20 мыңнан астам шағын несие беріліп, 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 150 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осы кезеңде 20 мыңнан астам шағын несие беріліп, 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.мал шаруашылығы саласында 102 млрд теңгеге 14,8 мың жоба қолдау тапты;өсімдік шаруашылығында — 9,1 млрд теңгеге 1,1 мың жоба;ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде — 10,5 млрд теңгеге 915 жоба;ауыл шаруашылығына жатпайтын бағыттар, оның ішінде қызмет көрсету саласы және шағын бизнестің басқа да түрлері бойынша – 29 млрд теңгеге 3,4 мың жоба қолдау тапты;техника мен жабдықтардың лизингі — 3,8 млрд теңгеге 215 жоба.2026 жылы 5,4 мың жоба жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 33,7 млрд теңгеге 3 132 жоба қаржыландырылды.Қолдау ауыл шаруашылығының дәстүрлі бағыттарын да, өңдеуді де, қызмет көрсету саласын және кәсіпкерліктің басқа түрлерін де қамтиды, бұл тікелей ауылдық елді мекендерде жаңа табыс көздері мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.Бір мезгілде қолдау көрсету тетіктері жетілдірілуде: жаңа тәсілдер, ауылдарда және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг ережелері әзірленді.Микрокредиттеу мен лизингтің жаңартылған қағидалары ауылдық елді мекендердің экономикалық мамандануының алдын ала скринингін көздейді, бұл әрбір аумақтың әлеуетін ескеруге және неғұрлым перспективалы салаларға қолдауды бағыттауға мүмкіндік береді.Қаржыландыру құрылымында ауыл экономикасын қайта өңдеуді дамытуға және әртараптандыруға баса назар аударылады. Қаражатты неғұрлым теңгерімді бөлу үшін шектеу белгіленді: өнімді қайта өңдеу жөніндегі жобалардың үлесі кемінде 20%-ды құрауы тиіс. Бұл ретте микрокредиттік портфельдің 50%-дан аспайтын бөлігі ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға бағытталуы мүмкін.Белгіленген лимиттер қаржыландыру бағыттарын әртараптандыруға, өнімді өңдеуді және өндірістік-өткізу тізбектерін дамытуға ынталандыруға бағытталған.Экономиканы әртараптандыру: туризмді және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамыту2025 жылдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері ауыл шаруашылығына тікелей қатысы жоқ жаңа қызмет түрлерінің есебінен кеңейтілді. Туристік әлеуеті бар өңірлерде тұрғындар қонақ үйлер ашуға, этно және агротуризмді дамытуға, сондай-ақ тамақтану және орналастыру қызметтерін көрсетуге жеңілдетілген қаржыландыру ала алады.Бұл әрбір аумақтың экономикалық мүмкіндіктерін кеңірек пайдалануға, қызмет көрсету саласында жұмыс орындарын құруға, шағын бизнесті дамытуға және ауылдықтарға дәстүрлі ауыл шаруашылығынан бөлек қосымша табыс көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тағы бір қолдау тетігі – «Даму» қоры арқылы қарыздарға мемлекеттік кепілдік беру енгізілді. Бұл өзінде жеткілікті кепіл мүлкі жоқ кәсіпкерлерге қарыз қаражатына қол жеткізіп, ауылдық жерлерде жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жаңа құралды іс жүзінде қолдану жақын арада басталады.Мұндай тәсіл жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауылдағы отбасыларының табыс көздерін кеңейтуге және өңірлерде қосымша өсу нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Шекара маңындағы аумақтарды дамыту: инфрақұрылым, жұмыспен қамту және халықты тұрақтандыруға жағдай жасауМемлекеттік саясаттың жеке бір бағыты – шекара маңындағы аумақтарды дамыту. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тиісті бағыт Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына енгізілді.Негізгі басымдық шекара маңындағы елді мекендерді кешенді дамытуға берілді. Атап айтқанда, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын ашу, туризм мен шекара маңындағы сауданы дамыту көзделген. Бұл шаралар жергілікті жерлердегі экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп, тұрғындардың табысын арттыруға, сондай-ақ шекара маңындағы аудандардың тұрақты дамуы мен халықтың сол аумақта тұрақтап қалуына жағдай жасауға бағытталған.Шекара маңындағы ауылдардың инфрақұрылымын жаңартудың негізгі құралы – «Ауыл – Ел бесігі» жобасы болып қала береді. 2025 жылы оны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 73 млрд теңге бөлініп, 226 ауылда 255 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 150 әлеуметтік нысан және 67 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны салынып, жаңғыртылды, 180 шақырым жол және шамамен 1 мың шақырым инженерлік желі жаңартылды.2026 жылғы сәуірде Өңірлерді дамыту тұжырымдамасына өзгерістер енгізіліп, бағдарлама аясында қаржыландырылатын жобалардың тізбесін одан әрі кеңейту көзделді. Мемлекеттік қолдау білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы нысандарын салуға және жаңғыртуға, сондай-ақ ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті және жаңа жұмыс орындарын дамытуға жағдай жасауға бағытталады.Сонымен қатар шекара маңындағы аудандардың экономикалық дамуын күшейтуге басымдық берілуде: жаңа өндірістер мен сервистік нысандарды іске қосуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді, сауданы, логистиканы және туристік қызметтерді кеңейтуге жағдай жасалып жатыр.Бұл инфрақұрылымды жаңартуды жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттырумен ұштастырып, тұрғындардың тұрғылықты жерінде жұмыспен қамтылуына және кәсіпкерлікпен айналысуына кең мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1278356?lang=ru
S&P Global Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты» 22.08.2026
 S&P Global Ratings халықаралық рейтингтікагенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейінкөтерді. Агенттіктің шәкілі бойынша рейтингтіңосы деңгейіне                       2016 жылдан беріалғаш рет қол жеткізіліп отыр.Тәуелсіз кредиттік рейтингтің көтерілуі елдіңэкономикалық дамуының орнықтыперспективаларын, экономиканыңәртараптандырылуы жалғасып жатқанын жәнесыртқы және фискалдық буферлердіңайтарлықтай жинақталғанын көрсетеді.Агенттіктің бағалауы бойынша, Қазақстанныңэкономикасы сыртқы  сын-қатерлерге жәнеәлемдік тауар нарықтарындағы бағаныңқұбылмалылығына қарамастан, орнықты болыпқалады және орта мерзімді перспективада өсудіжалғастырады. Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылыЖІӨ-нің нақты өсуі 5,1%-ды құрайды, болашақтаҚазақстанның экономикасы мұнай экспорттаушыелдер арасында салыстырмалы түрде жоғарықарқынмен өсетін болады.S&P экономиканы әртараптандыруғабағытталып, іске асырылып жатқан ауқымдыинвестициялық бағдарламаның рөлін атап өтеді. Шикізат өңдеуді және инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ арқылы дамыту жөніндегі жобалардыңқаржыландырылуы келешекте инвестициялардеңгейін ЖІӨ-нің 30%-на дейін ұлғайтуғамүмкіндік береді.S&P пікірінше, бюджет шығыстарыныңқалыпты қарқынмен өсуі және салықтық базаныкеңейту жөніндегі шаралар бюджет тапшылығынқысқартуға мүмкіндік береді.Қазақстан валюталық активтерінің мөлшерісыртқы борышының қалыпты көлеміненасатындай едәуір мөлшерде болғанда, сыртқыкредитор ретінде мықты позициясын сақтайды.Сондай-ақ, агенттік банк секторыныңмакроэкономикалық күйзелістергеорнықтылығын атап өтті. Реттеу және қадағалаужөніндегі саясаттың біртіндеп жетілдірілуі банк секторының орнықтылығының артуына жәнеактивтер сапасына байланысты жүйеліктәуекелдердің төмендеуіне ықпал етті.Бұнын алдында елдің тәуелсіз кредиттік рейтингі «BBB-» деңгейінде болған.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1278343?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісін қабылдады 21.08.2026
Астана, 2026 жылғы 21 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Елшісі Алимирзамин Аскеровты қабылдады.Е.Көшербаев Әзербайжан Елшісін тағайындалуымен құттықтап, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясына табыс тіледі.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Мемлекеттер басшылары арасындағы тұрақты байланыстар мен сенімді диалог қазақ-әзербайжан қатынастарының дәйекті дамуының берік негізі екені атап өтілді.Сыртқы саясат ведомствосының басшысы сұхбаттасын Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етіп, еліміздің дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Осыған байланысты 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы жаңа конституциялық модельді іс жүзінде іске асырудағы маңызды кезең болатыны айтылды.Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Екіжақты саудадағы жоғары динамика, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өзара инвестицияларды ұлғайту үшін зор әлеует атап өтілді. Тараптар транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі кеңейтудің маңыздылығын да атап өтті. Қазақстан Әзербайжанды Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытудағы негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастырады.БҰҰ, ТМҰ, АӨСШК, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.Кездесу соңында Әзербайжан Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1278294?lang=ru
Алматы облысында былтырдан бері 2536 отбасы баспаналы болды 21.08.2026
Алматы облысында 2025 жылдан бері 3181 пәтер сатып алынып, осы уақытқа дейін оның 2536-сы әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға үлестірілді. Одан бөлек жыл соңына дейін тағы 645 пәтер кілті табысталады. Аталған баспаналардың барлығы көпбалалы аналарға, қамқоршысынан немесе ата-анасынан айырылған жандарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беріледі, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бүгін өңірде 54 отбасы баспана бақытына кенелді. Кілт табыстау рәсімінің бірі Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында өтті. Бұл шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы барып, тұрғындар қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ 21 отбасыға сужаңа пәтер кілтін тарту етті.Өңір басшысы өз сөзінде азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Марат Елеусізұлының сөзінше, бүгінде өңірде пәтер кезегінде тұрған 74 839 азамат бар. Оның ішінде Талғар ауданы бойынша 10 мыңға жуық адам тіркелген. Соңғы екі жылда Талғар ауданында 459 пәтер сатып алынған. Оның 252-сі өз иелеріне берілді. Ал бүгін 21 отбасы баспаналы болды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтарға жайлы өмір сүруге жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін үнемі айтып келеді. Оның ішінде баспана мәселесі де маңызды орын алады.Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі әрдайым назарымызда. Алдағы кезеңде де бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, тұрғын үй қорын ұлғайтуға басымдық береміз. «Үйі бардың – күйі бар» дейді дана халқымыз. Әр отбасының өз шаңырағы, өз үйі болғаны – елдің әл-ауқатының жақсарғанының бір көрсеткіші екені анық», – деді аймақ басшысы.Баспаналы болған тұрғындардың бірі – 6 баланың анасы Гүлмира Құдайбергенова. «2012 жылдан бері үй кезегінде тұрып, бүгін үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздім. Алты перзентім бар. Бір балам ерекше болып дүниеге келді. Жаңа пәтеріміз көңілімізден шықты. Іші кең, жарық әрі жайлы. Баспаналы болатынымды алғаш естігенде сенер-сенбесімді білмедім. Қатты толқыдым. Балаларымның да қуанышында шек жоқ. Осындай мүмкіндік сыйлаған жандарға алғыс айтамын», – деді тұрғын.Айта кетейік, бүгін облыстың өзге аудандарындағы тұрғындар да қоныс тойын тойлады. Мәселен, Қарасай ауданында 20, Іле ауданында 13 азамат пәтер иесі атанды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1278296?lang=ru
Алматы облысында суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде күшейтілуде 21.08.2026
Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігі жанындағы суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева, сондай-ақ Алматы облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова қатысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Отырыс барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, өңірде суицидтің алдын алу жүйесін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің психоэмоционалдық жай-күйін ерте кезеңде бағалау, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, қолжетімді психологиялық көмек көрсету тетіктерін кеңейту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жиында суицидтік тәуекелдердің алдын алуда қауіп-қатер факторларын дер кезінде анықтау мен психологиялық қолдауды қажет ететін азаматтарды үздіксіз сүйемелдеудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағытта Облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары аудан-қалаларда көшпелі консультациялық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, дағдарыстық жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау көрсетуде. Сонымен қатар медициналық және білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік көмек беріліп, олардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.Күн тәртібінде халыққа психологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, сенім телефондары мен цифрлық байланыс арналарының тиімділігін күшейту, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.Отырыста білім беру ұйымдарында жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға ерекше басымдық берілді. Қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, буллингтің алдын алу, педагогтердің, ата-аналардың және оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балалардың эмоционалдық әл-ауқатындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, қажетті қолдау көрсету – профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екені атап өтілді.Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар суицидтің алдын алу мәселесі барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен әрі үйлесімді іс-қимылын талап ететін маңызды бағыт екенін атап өтті. Медициналық ұйымдардың, білім беру мекемелерінің, психологтердің, әлеуметтік қызметтердің, құқық қорғау органдарының, ата-аналар мен жұртшылықтың өзара ықпалдастығы өңір тұрғындарының, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен психикалық саулығын сақтаудың басты кепілі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1277812?lang=ru
Бес ӘКК «Игілік», «Береке», «Жайлау» бағдарламаларына қосылды: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды 21.08.2026
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағыттары бойынша жалпы сомасы 48,7 млрд теңгеге бес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны (ӘКК) қаржыландырды. Қаражат кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге асыл тұқымды мал басын сатып алуға кредит беруге арналған. Бағдарламаға қатысатын ӘКК тізбесі кеңейтілуде.Ақмола облысындағы «KOKSHE» ӘКК, Жамбыл облысындағы «Тараз» ӘКК, Батыс Қазақстан облысындағы «Aqjaiyq» ӘКК және Солтүстік Қазақстан облысындағы «Солтүстік» ӘКК, Ұлытау облысындағы «Ұлытау» ӘКК қаржыландыруға қол жеткізді.«Игілік» пен «Береке» шеңберінде фермерлер қарыз қаражатын асыл тұқымды мал сатып алуға жұмсай алады. Қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 6%, қарыз сомасы 5 млрд теңге. Қаржыландыру мерзімі 84 айға, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 айға дейін.«Игілік» және «Береке» кредиттеу бағдарламалары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде іске асырылуда. Үкімет жоспарды саланы жаңғыртудың, оның өнімділігін арттыру мен экспорттық әлеуетті кеңейтудің негізі ретінде анықтап отыр.2026 жылы мал шаруашылығын жеңілдікпен несиелендіруге 300 млрд теңге қарастырылған. Кешенді жоспар шеңберінде саланы дамытудың түрлі бағытын қамтитын «Игілік», «Береке» және «Жайлау» кредиттік өнімдері іске қосылды.Мал шаруашылығы үшін бұл ең алдымен малдың сапасы мен өнімділігі тұрғысынан маңызды. Кешенді жоспар оның санын көбейтуді ғана емес, сонымен қатар генетикалық әлеуетті арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын, мал басын көбейтудің заманауи технологиялары мен өндірістік инфрақұрылымды дамытуды көздейді.«Жайлау» бағыты да жаңа фермалар құрып, жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған. Бағдарлама бойынша негізгі құралдарды сатып алу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру беріледі. Осылайша, мемлекеттік қолдау саланың бірнеше буынын қамтиды: «Игілік» пен «Береке» асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыруға, ал «Жайлау» нөлден бастап, жаңа фермалар мен репродукторлар құруға бағдарланған. «Жайлау» бағыты бойынша жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 120 айға дейінгі мерзімге 350 млн теңгеге дейін қаржыландыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1277753?lang=ru
Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауын байқау жөніндегі ТМҰ және ТүркПА байқаушы миссияларын қабылдады 20.08.2026
Астана, 2026 жылғы 20 тамыз – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) және Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Құрылтай депутаттарын сайлауын байқау жөніндегі миссияларын қабылдады.Кездесу барысында тараптар алдағы сайлауды әзірлеу және өткізу, сондай-ақ халықаралық байқаушылардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.А.Исағалиев миссия өкілдерін халықаралық байқаушылардың қызметіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, Қазақстанның ұлттық заңнама мен елдің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ашық әрі айқын сайлау процесін өткізуге бейілдігін атап өтті.Халықаралық байқаушылар өз жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, оның қызметін ұйымдастыруға көрсетілген қолдау үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.Тараптар ТМҰ және ТүркПА бағыты бойынша ынтымақтастық тетіктерін де талқылап, өзара қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1277719?lang=ru
Қазақстандағы электронды сауда үш жылда 50%-дан астам өсті 20.08.2026
Қазақстанда электронды сауда қарқынды дамып келеді. Үш жыл ішінде нарық көлемі 2023 жылғы 2,4 трлн теңгеден 2025 жылы 3,7 трлн теңгеге дейін өсіп, 50%-дан астам өсімді көрсетті. Сонымен қатар бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі онлайн-сауданың үлесі 12,7%-дан 14,3%-ға дейін артты.Нарықтың негізгі драйвері - маркетплейстер. Бүгінде олардың үлесіне бөлшек электронды сауданың жалпы көлемінің 86%-ы тиесілі. Kaspi.kz, OZON, Wildberries, Halyk Market, Forte Market және басқа да платформалар сауданың жаңа форматын қалыптастырды. Енді сатып алушы қажетті тауарға бірнеше рет басу арқылы қол жеткізсе, кәсіпкер үшін бүкіл ел бойынша миллиондаған әлеуетті клиентке тікелей шығуға мүмкіндік пайда болды.Тұтынушылардың сатып алу дағдылары да айтарлықтай өзгеріп келеді. Бүгінде онлайн арқылы тек электроника немесе киім-кешек қана сатып алынбайды. 2025 жылы маркетплейстердегі барлық сатылымның 17,1%-ын телефондар мен гаджеттер, 12,4%-ын киім, аяқ киім және спорт тауарлары, 12,1%-ын үй мен саяжайға арналған тауарлар, 10,3%-ын тұрмыстық техника, ал 7,4%-ын азық-түлік құрады. Бұл электрондық сауданың қазақстандықтардың күнделікті тұтыну мәдениетінің бір бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді.Сонымен қатар тауарларды жеткізу тәсілдері де өзгеріп жатыр. Бұған дейін сатып алушы тапсырысын бірнеше күн күтуге дайын болса, бүгінде жекелеген тауар санаттары бойынша экспресс-жеткізу бір сағаттан аз уақытты алады. Азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын жылдам жеткізуді қамтамасыз ететін e-grocery бағыты да қарқынды дамуда. Тек 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында бес Dark Store жобасы іске қосылды. Ал тапсырыстарды алуды одан әрі ыңғайлы ету үшін маркетплейстер 2 300 жаңа постамат орнатты.Электрондық сауда енді жай ғана тауар сатып алудың жаңа тәсілі емес. Бұл тұтынушылардың әдеттерін өзгертіп, бизнеске жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін, сауданы жылдам, қолжетімді әрі ыңғайлы ететін экономиканың толыққанды саласына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1277488?lang=ru
Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орнына 200-ден астам үміткер іріктелді 20.08.2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында үміткерлерді іріктеу кезеңі аяқталды. Мандаттық комиссияның қорытындысы бойынша 230-ға жуық азамат әскери жоғары оқу орнында білім алады. Олардың қатарында «Срочники 2.0» бағдарламасы аясында төрт мерзімді әскери қызметші бар. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Қарулы күштерден бөлек басқа да күштік құрылымдар үшін білікті мамандар дайындайды.Мемлекеттік квота шеңберінде мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына байланыс, автоматтандырылған басқару жүйелері, радиоэлектрондық барлау, мемлекеттік құпияларды қорғау және радиотехникалық әскерлер бағыттары бойынша әскери мамандар оқытылады. Үміткерлердің барлығы бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Келесі кезеңде олар бір айлық бастапқы әскери даярлық курсынан өтеді. Онда саптық, дене және атыс дайындығы, жалпыәскери жарғыларды зерделеу, сондай-ақ практикалық атыстар қарастырылған.– Іріктеу талаптары қатаң болғандықтан, нәтижесін алаңдап күттік. Мен үшін әскери жоғары оқу орнына түсу – офицер болам деген арманымның орындалуы. Сондықтан барлық сынақтан өтуге дайын болдым, – деді кандидат Георгий Зазуляк.Курс аяқталып, даярлықтан сәтті өткеннен кейін жас сарбаздар әскери ант қабылдайды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастық аясында институтта Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары да білім алады.Шетелдік курсанттар өз елдерінде жас жауынгер курсынан өтіп, әскери ант қабылдағаннан кейін институтқа келеді. Сонымен қатар қазақстандық үміткерлердің бір бөлігі Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Череповец, Краснодар және Смоленск қалаларындағы бейінді әскери жоғары оқу орындарында білімін жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1277444?lang=ru
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР 20.08.2026
Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты заңнамалық өзгерістерді кімдер пайдалана алады? Беру үрдісі қалай жүзеге асырылады?Қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ-ға бере алады. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді. Салымшыларға ИПБ-ны таңдау кезінде қолайлы болуы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz интернет-платформасында ай сайын барлық қажетті ақпарат жарияланады. Атап айтқанда, онда қаржылық көрсеткіштер, зейнетақы активтерінің кірістілігі, сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы және оның динамикасы көрсетіледі.Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы «Менің төлемдер/аударымдар/ЕЗЖ қайтаруға қатысты өтініштерім» бөлімінен бақылауға болады.ИПБ-ға беру туралы өтініштерді қабылдау, сондай-ақ оларды БЖЗҚ-да өңдеу үрдістері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады. ИПБ салымшыларға не ұсына алады?2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, ИПБ-ға аудару мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар, егер сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болса, МЗЖ және/немесе МКЗЖ бойынша жинақтардың бүкіл сомасын аударуға болады.2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ басқаруына беру салымшыларға ИПБ-лардың көрсеткіштері мен инвестициялық стратегияларын зерделеу негізінде, өздерінің жеке қалауларын ескере отырып, капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді. Қандай компанияларға зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілуі мүмкін?Зейнетақы активтерін басқаруға, қолданылатын стратегиясына қарамастан, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізіліміне енгізілген компанияларға ғана рұқсат беріледі.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ИПБ-ларға арнайы талаптар әзірлеген. Атап айтқанда, олардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы, нарықта және клиенттердің активтерін басқаруда табысты жұмыс тәжірибесі, соңғы бірнеше жылдағы қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелері, зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты шығындарды өтеуге жеткілікті меншікті капиталы және т.б. болуы тиіс.Сонымен қатар, ИПБ БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуы, сондай-ақ БЖЗҚ және кастодиан-банкпен үшжақты кастодиандық шарт жасасуы қажет.Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқаруға алты компания жіберілген. Олар:«Alatau City Invest» АҚ;«BCC Invest» АҚ;«Halyk Global Markets» АҚ;«Halyk Finance» АҚ;«Сентрас Секьюритиз» АҚ;«Tansar Capital» АҚ.«Halyk Global Markets» АҚ 2025 жылғы 30 желтоқсанда БЖЗҚ-ға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ИПБ бастамасымен шартты бұзу туралы хабарлады. Осыған байланысты БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы активтерін оның басқаруына аудару туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды. Компания тізілімнен шығарылған жағдайда, салымшылардың жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады. Зейнетақы жинақтарын басқаруды қай компанияға сеніп тапсыру керектігін қалай таңдауға болады?Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдамас бұрын, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізімімен мұқият танысып, олардың БЖЗҚ сайтында орналастырылған инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз. Сондай-ақ ИПБ-лардың қаржылық көрсеткіштерін, сонымен бірге ИПБ-ға қатысты реттеуші орган — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар және ықпал ету шаралары туралы ақпаратты (егер олар болған жағдайда) талдау қажет.ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі.БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz порталында әртүрлі ИПБ қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді салыстыруға болады. Олардың қатарында: кірістілік, УЕ (зейнетақы активтерінің инвестициялау нәтижесінде өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы, оның бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болады), портфельдің құрылымы және ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері бар.Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа — салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:ИПБ-ға/ИПБ-дан/ҚР Ұлттық Банкіне беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелерімен және шарттарымен таныса алады;ИПБ-ны таңдау (өзгерту) немесе ҚР Ұлттық Банкіне қайтару туралы өтініш бере алады және оның мәртебесін бақылай алады;басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.Осылайша, invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды элементіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға неғұрлым саналы түрде қатысуына және өздерінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді.Сондай-ақ таңдалған ИПБ инвестициялық портфелі бойынша өзекті ақпаратпен БЖЗҚ сайтындағы тиісті бөлімнен (Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару) танысуға болады. БЖЗҚ-ның дерекқорлары зейнетақы жинақтарының ірі сомаларын аударуға және болашақта бірнеше портфельді жүргізуге/есепке алуға бейімделген бе? ИПБ жүйелерімен интеграция қалай жүзеге асырылады?БЖЗҚ-ның әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өз ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Осыған сәйкес, БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері ИПБ-мен өзара іс-қимыл барысында барлық деректерді есепке алуға мүмкіндік береді.Бұл ретте БЖЗҚ барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкі және/немесе ИПБ), олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып қала береді.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1277376?lang=ru
Қазақстан жылқы етін халықаралық стандартқа шығаруды көздейді 20.08.2026
19 тамызда Астанада ISO/TC 34/SC 6 «Ет, құс еті, балық, жұмыртқа және олардан жасалған өнімдер» техникалық комитетінің пленарлық отырысы аясында ет өнімдерінің сапасына арналған форум өтті.Іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «ҚазСтандарт» РМК ұйымдастырды. Форум жұмысына ISO өкілдері, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, ғылыми ұйымдар мен салалық сарапшылар қатысты.Негізгі тақырыптардың бірі Қазақстанның халықаралық стандарттау жұмысына қатысуын кеңейту болды. Биыл еліміз ISO Кеңесінің сайлауына қатысып, халықаралық техникалық комитеттердегі қазақстандық сарапшылардың санын арттыруды көздеп отыр.Қазақстанның басты бастамасы – жылқы етінен дайындалатын өнімдерге арналған алғашқы халықаралық ISO стандартын әзірлеу туралы ұсыныс болды. Бүгінде бұл өнімдер санатына арналған бірыңғай халықаралық құжат жоқ. Соның салдарынан терминологияға, жіктеуге, таңбалауға және сапаны бағалауға қойылатын талаптарда айырмашылықтар туындап, экспортқа кедергі келтіруі мүмкін.Болашақ стандарттың негізіне ГОСТ 34921–2023 «Ұлттық жылқы етінен жасалған өнімдер. Техникалық шарттар» құжатын алу ұсынылды. Стандарт дәстүрлі өнімдерді – қазы, шұжық, жал, жая, сондай-ақ ысталған және шұжық өнімдерін қамтуы мүмкін.Қазақстан стандарт жобасын әзірлеу үшін халықаралық жұмыс тобын құрып, оған жетекшілік етуге және құжатты өндіруші елдермен одан әрі талқылауға дайын.ҚР СИМ ТРМК төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков Қазақстанның ISO Кеңесі сайлауына қатысуы халықаралық шешімдер қабылдау үдерістеріне белсенді араласуға және отандық экономиканың мүддесіне сай келетін бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Форум аясында Қазақстан мен Қытайдың стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері де талқыланды. Оның ішінде бірлескен зерттеулер жүргізу, зертханааралық салыстырулар ұйымдастыру және сынақ жүргізу әдістерін жетілдіру мәселелері қаралды.Форум қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалды: жылқы етінен жасалған өнімдерге арналған ISO стандартын әзірлеу, қазақстандық сарапшылар мен бизнестің халықаралық стандарттау жұмыстарына қатысуын кеңейту, зертханалық базаны дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1277178?lang=ru
IT көш бастап тұр: «сарбаз» грантын иеленгендер қандай мамандықты таңдайды? 20.08.2026
Қазақстанда белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген 1 745 азаматқа еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттары берілді. Ең көп сұранысқа ие ақпараттық технологиялар болып отыр. Бұл мамандықты 234 адам, яғни грант иегерлерінің 13,4 пайызы таңдаған. Екінші орында – орман шаруашылығы. 136 адам (7,8%) болашақ мамандығын табиғатты қорғау саласына арнағысы келеді. Үшінші орында 134 адаммен (7,7%) коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар мамандығы тұр. Ал тағы 119 адам (6,8%) ақпараттық қауіпсіздік бағытын таңдаған. Жоғары оқу орындары арасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті көш бастап тұр. Мұнда 156 грант иегері (8,9%) білім алуға ниет білдірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 144 адам (8,3%) таңдаған. Үшінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бөлісті. Олардың әрқайсысына 134 адамнан (7,7%) түскен.Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің бірі – Әлихан Жамбылов. Ол ақпараттық қауіпсіздік мамандығын таңдаған.– Ақпараттық қауіпсіздік мамандығын саналы түрде таңдадым. Бүгінде цифрлық технологиялар барлық салада қолданылады. Сондықтан ақпаратты қорғау саласы маманына сұраныс жоғары. Әскери қызметті өтегеннен кейін грант алу мүмкіндігі мен үшін үлкен ынталандыру болды. Ендігі міндетім – сапалы білім алып, білікті маман атану, – деді Әлихан Жамбылов.Әскери қызметшілерді іріктеу «Срочники 2.0» цифрлық жобасы аясында жүргізіледі. Мерзімді қызмет барысында әскери қызметшінің цифрлық рейтингі қалыптастырылады. Онда жауынгерлік даярлық нәтижелері, әскери тәртібі және басқа да көрсеткіштері ескеріледі. Рейтинг қорытындысы бойынша ақпараттық жүйе білім беру гранттарын автоматты түрде бөледі. Бұл іріктеу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, адами фактордың ықпалын болдырмайды.2024 жылы мерзімді әскери қызметшілерге шәкіртақы төленетін мемлекеттік білім беру гранттарын алу және жатақханадан орын беруде басым құқыққа ие болу мүмкіндігі заңнамалық тұрғыда бекітілді. Сонымен қатар белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар тікелей әскери қызмет барысында өткен іріктеу нәтижелері бойынша жоғары әскери оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие.Білім алуға берілетін жеңілдіктер мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Олар жастардың запасқа шыққаннан кейін білім алып, кәсіби тұрғыдан дамуына қосымша мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1277057?lang=ru
«Даму» қорының мобильді фронт-офистері 2,6 мыңнан астам ауыл кәсіпкеріне консультациялық қолдау көрсетті 20.08.2026
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Президенттің тапсырмасымен іске қосылған шағын бизнесті қолдаудың «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мобильді фронт-офистер жобасын дамытуды жалғастыруда. Мобильді фронт-офистердің жұмысы мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерлер үшін барынша қолжетімді етіп, шалғайдағы қалалар мен ауылдарда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге облыс орталықтарына бармай-ақ, бизнеске арналған қолданыстағы бағдарламалар бойынша кеңес алуға мүмкіндік беріп отыр.Мобильді фронт-офистер Қазақстанның барлық 17 өңірінде жұмыс істейді (Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда). Жоба іске қосылғаннан бері (2026 жылғы 17 тамыздағы жағдай бойынша), Қор мамандары 2 439 бірегей кәсіпкерлік субъектісіне 2 657 консультация өткізді.Мобильді фронт-офистердің қызметіне ең белсенді жүгінгендердің қатарында - Түркістан облысының кәсіпкерлері. Бұл өңірде 252 консультация өткізілді. Одан кейін Ақтөбе облысы - 222, Солтүстік Қазақстан облысы - 220, Павлодар облысы - 217 және Атырау облысы - 215 консультациядан келеді. Қалған 12 өңірде тағы 1 531 консультация өткізілді. Мобильді фронт-офистің көшпелі тобы 80-ге жуық аудан орталығында болды.Ең көп сұранысқа ие болған консультация бағыттарының қатарында «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі ұсынатын бағдарламалар мен өнімдер болды - осы бағыт бойынша 721 өтініш түсті. Сондай-ақ кәсіпкерлер «Іскер Аймақ» субсидиялау бағдарламасына - 593 өтініш, Бірінші кепілдік қоры аясындағы кепілдік беру құралдарына - 480 өтініш, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдікті кредиттеуге - 329 өтініш, сондай-ақ моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі ішкі сауда субъектілерін қолдау шараларына - 177 өтініш білдірді.Мобильді фронт-офис - кәсіпкерлерге бизнестің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін көшпелі консультациялық орталық. Көшпелі топ құрамына «Даму» қорының мамандары, әкімдіктердің, банктердің, «Атамекен» ҰКП-ның, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның және консалтингтік компаниялардың өкілдері кіреді. Олар кәсіпкерлерге «Бәйтерек» холдингі тобының бизнеске арналған мемлекеттік қолдаудың барлық бағдарламалары, соның ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ ұсынатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат береді. Мұндай формат кәсіпкерлерге Холдинг тобының қолданыстағы қаржылық құралдары бойынша бір жерден кешенді кеңес алуға мүмкіндік береді.Бұған дейін мобильді фронт-офистердің негізгі міндеті кәсіпкерлерге консультациялық қолдау көрсету болса, қазір Қор жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін сүйемелдеуге кезең-кезеңімен көшіп жатыр. Әрбір кезеңде мамандар кәсіпкерге ең қолайлы қаржыландыру құралын таңдауға көмектесіп, бағдарламаларға қатысу талаптарын түсіндіреді және жобаны қарау барысында қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда қаржыландыруға 4 өтінім қабылданды.Мобильді фронт-офистер желісін дамыту - бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Осы бағытта Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын (БҚСО) іске қосу да жоспарлануда.Пилоттық жоба аясында мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері БҚСО қызметтерін стационарлық форматта ғана емес, мобильді фронт-офистердің көшпелі сапарлары кезінде де ала алады.Мобильді фронт-офистердің өзекті жұмыс кестесімен «Даму» қорының www.damu.kz ресми сайтындағы «Мобильді фронт-офис» бөлімінен танысуға болады. Егер қажетті аудан немесе елді-мекен кестеде көрсетілмесе, кәсіпкерлер Online Damu порталы арқылы көшпелі сапар ұйымдастыруға өтінім қалдыра алады. Барлық өтініштер Қордың өңірлік филиалдарында қаралып, кейінгі маршруттарды қалыптастыру кезінде ескеріледі.Қосымша ақпаратты «Даму» қорының 1408 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі арқылы алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1277020?lang=ru