Enbekshi QazaQ

Қуқық

Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Бақылау кеңесінің құрамы жаңарды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. Біртанов Елжан Амантайұлы   Толғырақ>>  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры..Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы   Толғырақ>>   Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті.Шарман Алмаз    Толғырақ>>  "Resmi" компаниялар тобы» ЖШС-ның президенті.Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы    Толғырақ>>  "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасыӘбілқасымов Ерасыл   Толғырақ>>  "Capital partners" ЖШС-ның Бас директоры. Сарыбеков Владимир Евгеньевич  Толғырақ>>ҚР-дағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Локшин Вячеслав Нотанович    Толғырақ>>  Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Ахметов Уәлихан Исаұлы    Толғырақ>>  Бизнес кеңесші.Джангильдин Алиби Чингисович    Толғырақ>>  Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының директорлар Кеңесі төрағасы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы   Толғырақ>>  Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталінің директор орынбасары Тәжиев Есентай Бөдесұлы   Толғырақ>>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/21618?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ «САМАЛ ЖЕЛ» АТТЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Құжатқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо қол қойды.«САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасы көлік және логистика, құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, тау-кен металлургия және жер қойнауын пайдалану, сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, инновация және АКТ, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау мен мәдениет, туризм және білім беру сияқты салаларда нақты 58 жобаны іске асырудың және 10 өрісте кешенді өзара іс-қимылды қамтиды.Бұған қоса, қазіргі уақытта пакеті 7,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Корей индустриалды-инновациялық 40 жоба бар. Оның ішінде жалпы сомасы1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 19 жоба іске асырылды, 2,1 млрд АҚШ долларының 6 жобасы іске асырылуда және 3,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 перспективалық жобаны іске асыру «САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасында қарастырылған.Корея белсенді бизнес-ынтымақтастық және бизнестегі екі жақты түрлі байланыстарды орнату арқылы қамтамасыз етілетін бірлескен кәсіпорындардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21524?lang=kk
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Қ.Өскенбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар мен аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді.Бірінші вице-министрдің айтуынша, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс алаңдарын құру үшін инженерлік желілер тарту қаржысын 100 млрд.теңгеге дейін арттыру қарастырылды және халықтың ипотекасын субсидиялау алынып тасталды.Сонымен қатар, өңірлерде алғашқы тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана емес, екінші деңгейдегі банк салымшыларына да кредиттік тұрғын үйді сату қарастырылған.Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің займдары бойынша бастапқы жарна 30%-тен 20%-ке дейін төмендетілді.«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін өңірлермен бірлесіп жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды тұрғын үй сертификаттары түрінде ішінара субсидиялау механизмі әзірленді. Тұрғын үй сертификаттарын беру әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде қарастырылады», - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.Кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды ұлғайту үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілетін өзгерістер аясында қаражатты инвестициялау туралы нормалар көзделген. Соның ішінде «Баспана» бағдарламасын жергілікті атқарушы органдардың облигациялары бойынша іске асыру қарастырылған.Сыйақының нарықтық ставкасын жабу үшін әкімдіктер салынған тұрғын үйді Құрылыс құнынан асатын бағамен сатуға құқылы (шамамен өңірлерде 176 мың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 220 мың).Бұл ретте, әкімдіктер бюджет мүмкіндіктерін, қарыз лимиттерін және жобалардың болуын ескере отырып, сатып алуды айқындайтын болады. Елбасының «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмасын іске асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары әзірленді.Жыл сайын көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға өңірлерге 50 млрд.теңгеден бөлу көзделіп отыр. Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасын, ал 2025 жылға дейін 40 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Биылғы жылға 3 130 пәтерлі құрылыс жобаларының тізімі жасалды. Лимит сома бойынша әр өңір үшін әкімдіктер кезегіндегі көп балалы отбасылар санына пропорционалды түрде белгіленген (28 126).Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көп балалы, толық емес отбасыларды және мүгедек балалары бар отбасыларды жылдық ставкасы 2% болатын, бастапқы жарнасы 10%-тен басталатын 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен несиелендіру енгізілуде.Бастапқы жарнаның бір бөлігі тұрғын үй сертификатымен жабылады.Аталмыш механизмді іске асыру үшін 3 жыл ішінде 150 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл жыл сайын 6 мың займ беруді қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21469?lang=kk
Сьерра-Леоне Қазақстанмен аграрлық секторда ынтымақтастық орнатуға мүдделі 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Сьерра-Леоне Республикасының сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Кабба Тимоти Мусамен кездесті. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы экономикалық және аграрлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі екенін атап өтті.«Қазақстан бидай экспорттаушы әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді және ұн экспортында алдыңғы орындарда. 2024 жылы уақтылы қабылданған шаралар мен қолайлы ауа райының арқасында біз рекордтық 26,7 миллион тонна астық жинадық, оның ішінде шамамен 20 миллион тоннасы – бидай. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа экспорттық нарықтарды ашу және екіжақты байланыстарды нығайту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Біз Сьерра-Леонемен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деді министр.Кабба Тимоти Муса аграрлық сектордың ел үшін маңыздылығын, әсіресе жаһандық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің күшеюі жағдайында ерекше атап өтті.«Біз Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастық біздің аграрлық секторымыздың тиімділігін арттырып, Сьерра-Леонеде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз. Біз Қазақстанның үздік тәжірибелері мен технологияларын қабылдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді ынтымақтасуға дайынбыз», – деді ол.Кездесу соңында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларында бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971069?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы көктемгі егіс жұмыстарына дайындалуда 15.04.2025
Өңірде егіс науқанына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде: ауыл шаруашылығы дақылдарын 612,7 мың гектар алқапқа егу көзделген.Егіс алқаптарының негізгі бөлігін дәнді дақылдар алады — 290,6 мың гектар. Майлы дақылдар 118,9 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 4,2 мың гектарға егіледі. Жем-шөп дақылдары 199 мың гектарды құрайды.2024 жылдың күзіне қарай егіс жұмыстарына дайындық аясында 91,5 мың гектар алқапқа күздік дәнді дақылдар егілген. Оның ішінде 83,9 мың гектарға күздік бидай, 6,7 мың гектарға қара бидай және 0,9 мың гектарға тритикале себілген.Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 29,4 мың тонна тұқым қажет. Облыс қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етілген, олар зертханалық тексерістен өтіп, егуге жарамды жағдайға келтірілген.Егіс науқанын сәтті жүргізу үшін 8,4 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына 3 136 трактор, 2 097 тұқым сепкіш, 646 культиватор және басқа да арнайы техника тартылатын болады.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін 2 есе арттыру тапсырмасын орындау аясында өңірде ғылыми негізделген нормаларға сәйкес минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру жоспарланған. 2025 жылы облыс аграршылары жоғары өнім алу үшін 8 500 тонна тыңайтқыш сатып алады.Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық пен олардың өткізілуі барлық жоспарға сай қатаң түрде жүргізілуде. Бұл аграрлық маусымның сәтті басталуына және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/970977?lang=kk
ҚР АШМ мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мәселелері талқыланды 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың төрағалық етуімен ауыл шаруашылығында мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері мен оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының басшылары қатысты.ҚР АШМ Мемлекеттік қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков 2024 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындысын шығарды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.Кеңес қорытындысы бойынша Баглан Бекбауов жергілікті атқарушы органдар мен министрлік комитеттеріне ауыл шаруашылығында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, заңнаманың қатаң сақталуы мен мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылаудың жүйелі түрде жүргізілуі қажеттілігі ерекше атап өтілді.«Біз қызмет көрсету саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуіміз керек, әрбір фермер мемлекеттік қолдау шараларын толық пайдалана алуы қажет», — деп атап өтті Бағлан Бекбауов.Кеңес мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жақсарту және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/970809?lang=kk
Шығармашылық көрме ашылды 15.04.2025
Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шығармашылық кеш өтті.Аталған кешті М.Мәметова атындағы педагогикалық  жоғары колледжінің 85 жылдық мерекесіне тарту ретінде осы білім ордасының «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» және «Дизайн» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері ұйымдастырды. Кеш «Өрнекпен өрілген өнер» деген тақырыппен ұйымдастырылды.Көрмеге «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының оқытушылары мен студенттерінің қолынан шыққан 80-нен астам кескіндемелік және сәндік – қолданбалы өнер шығармалары қойылды.Оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын қолдау, өнерлерін насихаттау және көрме қонақтарына еліміздің мәдениетіне, өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлау мақсатында өткізілді.Айта кетейік, көрме 30 маусымға дейін жұмыс жасайды.  Жұмыс уақыты: сағат 9.00-дан 19.00  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/20894?lang=kk
Алматы облысындағы балабақша тәрбиешісінде туберкулез ауруының анықталғандығы жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңа-Қуат ауылында мектепке дейінгі балалар мекемесінде әйелден туберкулез ауруының анықталуы жағдайының тіркелуіне байланысты тексеруді бастады.Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша және балабақшада ауру ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Жұмыс орны бойынша 368 азаматтың қарым-қатынаста болғаны анықталды, оның ішінде 38-і балабақша қызметкері және 330-ы балалар. Балабақшаның барлық қызметкерлері флюорографиялық тексеруден өтті, ауру анықталған жоқ.  Бүгінгі күннен бастап мамандар балаларға Манту сынамасын жасау арқылы (зерттеу нәтижелері 72 сағаттан кейін) тексеруге кірісті. Ағымдағы жылғы 28 сәуірдегі сағат 14:00-гі жағдай бойынша Манту сынамасы 103 балаға жасалды. Ауру ошағында қорытынды дезинфекциялау ұйымдастырылды.Тұрғылықты жері бойынша тексеруден өтетін қарым-қатынаста болған 7 адам, оның ішінде 3-і бала.Сондай-ақ, барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволарға тиісті шаралар қабылдау үшін хабар берілді.Ауру ошағында жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/20855?lang=kk
Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады 15.04.2025
Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 млрд текше метр су алады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен осы жөнінде келісімге келді.Самарқандта Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті.Ал, «Достық» мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.«Қазір біз тасқын суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда, оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды. Жазғы суару кезеңіне дайындық аясында біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасынан жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Былтыр суды тиімді бөлу, су үнемдеу технологияларын енгізу және көрші елдермен уақтылы келіссөз жүргізу арқылы біз шаруа қожалықтарының суармалы суға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алдық. Биыл да осыған қол жеткізуге ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айынан бері осы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберген болатын. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/970607?lang=kk
Бакуде өткен кездесуде “жасыл энергетикалық дәліз” мәселелері талқыланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында өткен «Жасыл энергетикалық дәліз – Оңтүстік газ дәлізі» министрлік кездесуіне қатысты.С. Есімханов өз сөзінде Оңтүстік газ дәлізін энергетикалық ресурстарды жеткізудің тұрақты бағыты ретінде дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Қазақстан табиғи газдың қомақты қорына ие бола отырып, жаңа экспорттық нарықтарға шығу үшін инфрақұрылым мен логистиканы белсенді дамытуда. 2024 жылы елімізде газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрді құрады, ал 2030 жылға қарай жылына 68 млрд текше метрге дейін ұлғаю перспективасы бар. Бұл бағыттағы негізгі жобалар Қашаған және Қарашығанақ кен орындары болып қала береді.Вице-министр экологиялық тұрақтылық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазақстан ілеспе газды кәдеге жарату технологияларын және «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі перспективалы жобаларды қоса алғанда, төмен көміртекті шешімдерді дамытуды белсенді қолдайды. Жақында қол қойылған үшжақты келісім шеңберінде Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан арасында «жасыл энергетикалық дәліздің» бөлігі ретінде Каспий теңізі арқылы суасты жоғары вольтты кабелін салу бастамасы іске асырылуда.Сондай-ақ, вице-министр еуропалық энергетика жөніндегі комиссары Дэн Йоргенсенмен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Энергетикалық ресурстар бюросының аға кеңесшісі Эрик Джейкобспен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, онда тараптар трансшекаралық инвестициялар мен тұрақты даму мәселелері бойынша пікір алмасты.Соңында вице-министр Қазақстанның өңірлік және халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, «жасыл» энергетика компоненттерін қоса алғанда, энергия ресурстарын жеткізудің әртараптандырылған және экологиялық қауіпсіз бағыттарын дамытуға міндеттемесін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970584?lang=kk
Биыл ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуға тиіс 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов өңірде 2025 жылы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын жоспарлар туралы айтты. Басты назар ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, кредиторлық қарыздарды өтеуге және жаңа кадрларды тартуға аударылады.Кредиторлық қарыздар жойылады– Денсаулық сақтау жүйесінің басты мәселелерінің бірі – медицина ұйымдарының кредиторлық қарыздары. Бұл жағдай біздің өңірге де тән, – деді Дархан Сапанов.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі медицина ұйымдарының жалпы қарызы 2,5 миллиард теңгені құрады, оның 1,3 миллиард теңгесі – мерзімі өтіп кеткен берешек.Қарыздарын толық өтей алған сегіз мекеме бар: Катонқарағай аудандық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемен қаласының №4 ауруханасы, Күршім аудандық ауруханасы, Риддер қалалық ауруханасы, Психикалық денсаулық орталығы, Облыстық жедел жәрдем станциясы және Самар аудандық ауруханасы.Ал кредиторлық берешегі сақталған ұйымдарға Медицина орталығы, Алтай ауданаралық ауруханасы, Шемонаиха аудандық ауруханасы, Серебрянск қалалық ауруханасы және Үлкен Нарын аудандық ауруханасы жатады. Алайда бұл ұйымдарда жалақы мен салық бойынша қарыздар туындамаған.Жаңа қарыздар Өскемендегі Балаларға арналғанстоматологиялық емханада және ШҚО Фтизиопульмонология орталығында пайда болды.Дархан Сапанов медицина мекемелерінің басшыларына осы жылдың соңына дейін барлық қарыздарды жою туралы тапсырма берді. Өлім-жітім азайдыБылтыр ШҚО-да жалпы өлім көрсеткіші 2%-ға өсіп, туу2,6%-ға азайды. Дегенмен обырдан (ісік) қайтыс болу 4,2%-ға, ал туберкулезден өлім 18,2%-ға азайған.Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 3,4%-ға артқан, ал жарақаттан қайтыс болу 1,4%-ға төмендеген.Ана мен нәресте өлімі де азайды. 2024 жылы өңірде бір әйел босану кезінде қайтыс болған. Бұл жағдай облыс орталығында тіркеліп, алдағы уақытта республикалық штабта қаралатын болады.Нәрестелер өлімінің негізгі себептері: перинаталдық кезеңдегі асқынулар, туа біткен ақаулар және тыныс алу органдары аурулары.– Аналар өлімі 65%-ға, нәресте өлімі 31,5%-ға азайғаны – медицина мекемелерінің жаңартылып, алдын алу шараларының күшеюінің нәтижесі. Осы жылы аудандық ауруханалардың деңгейін көтеріп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу көзделіп отыр, – деді Сапанов.Денсаулық сақтау басқармасы бұл көрсеткіштерді төмендету үшін жүйелі жұмыстар атқарып жатыр: мамандарды оқытуға жібереді, материалдық-техникалық базаны нығайтады, сирек аурулары бар балаларға арналған дәрілер мен арнайы тағамдар сатып алады.Бүгінде ШҚО-да 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді: 9-ы – І деңгейлі, 2-еуі – ІІ деңгейлі, 2-еуі – ІІІ деңгейлі. Осыжылдың І тоқсанында Тарбағатай аудандық ауруханасын ІІ деңгейге ауыстыру жоспарланған.Қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 8,25%-ға өсті. Обыр аурулары 4,29%-ға төмендеді. Жарақаттар мен улану 7,63%-ға артты, ал туберкулезбен сырқаттанушылық 4,44%-ға азайды. Кадр мәселесі – басты назардаҚазіргі кезде өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 маман жұмыс істейді, оның ішінде 3 021-і – дәрігер, 7 821-і – орта буын медицина қызметкері.Облыста 152 маман тапшы, оның ішінде 75-і ауылдық жерлерге қажет.– Осы жылдың 13 ақпанында Денсаулық сақтау басқармасы 150-ден астам интерн мен резидентпен кездесу өткізді. «Семей» медицина университетінің 42 түлегімен алдын ала келісімдер жасалды, – деді әкім орынбасары.Сондай-ақ биыл облыс 70 маманды шетелге оқуға жібереді. Бұл мақсатқа 420 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оқыту бағыттарын Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың бас мамандарынан құралған комиссия анықтайды.Материалдық-техникалық база нығайып келедіӨткен жылы өңірде 21 медицина ұйымының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 3,3 миллиард теңге бөлінді. 7 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңге қарастырылып, 6 нысанда жөндеу аяқталды. Қалған бір нысанда жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.Осы жылдың соңына дейін 18 денсаулық сақтау ұйымы жаңа медициналық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін 4,8 миллиард теңге бөлінді.Сондай-ақ 16 нысанды күрделі жөнделмек, оның құны – 3,8 миллиард теңге.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 36 медицина нысаны салынып жатыр. Оның 35-і пайдалануға берілді, қалған біреуі биыл аяқталады.Өңір үшін маңызды бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Солардың қатарында Өскемендегі гематология орталығы, Риддер қаласындағы200 орындық көпсалалы аурухана мен 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы, сондай-ақ Онкология және хирургия орталығы хирургиялық корпусының 1-3 қабаттарын жаңғырту, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі ауысымына 150 адам қабылдайтын емхана құрылысы бар.Төсек-орын қорын тиімді қолданған жөн2024 жылғы талдау барысында өңірдегі кейбір ауруханаларда төсек-орындардыңжоғары жүктемемен, ал кейбірінде төмен жүктемемен қолданылып отырғаны анықталды.Күршім аудандық ауруханасы мен облыстық реабилитациялық орталықта төсек-орындаржоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр.Ал Защита теміржол ауруханасында (10 төсек-орнының 5-і бос), Ұлан аудандық ауруханасында (15 орынның 7-і бос) керісінше төмен жүктеме байқалды.– Медициналық мекеме басшылары уақытылы сараптама жасап, науқастар ағынын реттеп, төсек-орын қорын тиімді пайдалану үшін қайта бейіндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс, – деп түйіндеді Дархан Сапанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/970525?lang=kk
Отандық спортшылар қысқы Олимпиада және Паралимпиадаға жеке жоспар бойынша дайындалады 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпия және Паралимпия ойындарына дайындықты бастады.2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер спортшы ретінде іріктеліп алынды. Әр спортшы үшін жеке дайындық жоспары бекітілді. Бұл жоспар халықаралық тәжірибеге, ғылымға негізделген кешенді әдістерді қамтиды.Әр спортшы үшін жеке қадағалау жүргізіліп, инвентарь, медициналық қолдау (WADA талаптарына сай дәрі-дәрмек пен спорттық тамақтану), психологтың көмегі, нутрициолог пен дәрігер кеңесімен қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ арнайы спорттық жабдықтар, бағдарламалар дайындау, қажет болса жеке жаттықтырушылардың іссапары қамтамасыз етіледі.Бұдан бөлек, Performance Hub платформасы арқылы әр спортшының физикалық және функционалдық жағдайы тестіленіп, дайындық циклдары ғылыми негізде жоспарланады. Бұл жаттығу жүйесінің тиімділігін арттырып, жарақаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.Олимпиадаға дайындық барысын қолдау үшін федерациялар, өңірлік спорт басқармалары және министрлікке бағынысты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Олар спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына кедергісіз қатысуын, барлық құрал-жабдық пен медициналық қызметтердің уақтылы көрсетілуін және бәсекеге қатысу кестесінің нақты орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.Министрлік тарапынан қолға алынған кешенді жұмыс отандық спортшылардың қысқы Олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970504?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА 5 ЖЫЛ ІШІНДЕ ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2,3 ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРДЫ 15.04.2025
Қатысушылар KIOSH конференциясы алаңында еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларына сандық технологияларды енгізу, жеке қорғану құралдарының жаңа жүйелері, еңбек қорғауды басқару жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік және ішкі бақылау сияқты саланы дамытудың өзекті мәселелерін қарастыруда.Спикерлер Конференцияның пленарлық сессиясында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс орындарындағы проблемаларды, оларды шешу жолдарын, сондай-ақ ең үздік әлемдік тәжірибені енгізу мәселелерін талқылады. Конференцияны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов ашты."ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің негізгі міндеті өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік нысандарында еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіруді болдырмау және өндірістік жарақаттануды азайту болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау 8 мыңнан астам кәсіпорында, оның ішінде 211 мыңнан астам нысандар мен қауіпті техникалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Бес жыл ішінде жарақаттануды талдау барысы көрсеткендей, қызметкерлердің жарақаттануының негізгі көрсеткіштер саны көмір және тау - кен саласына тиесілі, бұл республика бойынша 49% -дан астам көрсеткішті құрайды", - деп атап өтті Қанат Баитов.Осы мәселені шешу үшін министрліктің бастамасы бойынша аумақтық органдар кәсіпорындар басшыларымен бірлесіп жыл сайын техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарларын әзірлейді, оның шеңберінде 2015-2018 жылдар кезеңінде 8663 бірлік жабдық пен 350 технологиялық желі ауыстырылды.Қабылданған шаралар нәтижесінде нысандардың қауіптілік деңгейін және өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін жыл сайын төмендетудің белгілі бір үрдісі байқалды. Атап айтқанда, соңғы бес жылда (2014-2018 жылдар) тіркелген өндірістік апаттар мен жазатайым оқиғалардан қаза болғандардың саны 2,3 есеге азайды.ҚР ИИДМ әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорындардың өндірістік бақылауының рөлін арттыру мақсатында өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының қызметін регламенттеу және олардың мәртебесін күшейту ұсынылды.Осы бағытта белгіленген шараларды іске асыру қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі апаттар мен өндірістік жарақаттанудың төмендеуін және біздің республика экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20667?lang=kk
КҮН ТӘРТІБІНДЕ -ТКШ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР 15.04.2025
Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 570 қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыруда.Өз сөзінде Қайырбек Өскенбаев заң жобасы келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталғандығын атап өтті:Бірінші."Бір үй - бір бірлестік - бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі"коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу.Екінші. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу.Үшінші. Кондоминиум объектілерін басқару органына үй-жайлардың меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету және басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту.Төртінші. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ және газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.Бесінші. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметін және азаматтардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіруі арқылы тұрғын үй сатып алу тетігінің ашықтығын реттеу.Заң жобасының негізгі ұсынысы – көп пәтерлі тұрғын үйді басқару үшін "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру, ол "бір үй – меншік иелерінің бір бірлестігі-бір шот"қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.Көп пәтерлі тұрғын үйде, егер ондағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар саны отыздан аспайтын болса, заңды тұлға құрмастан (жай серіктестік) пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне КПТҮ тікелей бірлесіп басқаруына жол беріледі.Іс жүзінде ПИК көп үй болып, барлық үйлерге бір есеп шот ашады, бұл жиналған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді.Осылайша, ұсынылған принцип әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді көздейді. Әрбір мүлік иелерінің бірлестігі жеке ағымдағы және жинақ шоттарын ашады.КПТҮ басқару қағидаты бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар "бір үй – мүлік иелерінің бір бірлестігі – бір шот" тұрғындарға қаражаттың түсуін және осы ақшаның мақсатты жұмсалуын мониторингілеу мүмкіндігі арқылы өз үйлерін ғана күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді.Осы мақсаттар үшін меншік иелері ай сайын күрделі жөндеу үшін Жинақ шотына пайдалы алаңның 1 шаршы метріне есептегенде 0,005 еселенген АЕК мөлшерінде соманы енгізеді, бұл 12,6 теңгені құрайды. Бұрын жарна пайдалы алаңның 1 шаршы метріне шаққанда 0,02 еселенген АЕК құрады, бұл 50,5 теңгені құрайды. Жарнаның төмендеуі-25% құрады.Заң жобасында барлық қатысушылардың бизнес процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін Бірыңғай тұрғын үй қоры мен ТКШ ақпараттық жүйесін құру қарастырылған.Ақпараттық жүйеде тұрғындар үй бойынша шығындар мен табыстарды бақылай алады, есептеулер мен есеп айырысулардың дұрыстығын тексере алады, өз басқару органының қызметіне мониторинг жүргізе алады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер бере алады.Сонымен қатар, тұрғындарда электрондық дауыс беруді өткізу және оларға үйдегі барлық мәселелер бойынша қашықтықтан қатысу мүмкіндігі пайда болады.Сондай-ақ, вице-министр түзетулер енгізу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің өзара қарым-қатынасын ретке келтіретінін, сондай-ақ халықтың жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын жақсартатынын атап өтті.Кездесу соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдрахимов тапсырма берді:1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. А. Өскенбаевтың ақпараты назарға алынсын.2. Шымкент қаласының әкімдігі жоғарыда көрсетілген заң жобасы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде:- Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісі ретінде барлық көп пәтерлі тұрғын үйлерді тіркеу;- кондоминиум объектілерінің құрамына оларды орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті жер учаскелерін, оның ішінде үй маңындағы аумақтар берілмеген бұрын тіркелген Кондоминиум объектілері үшін де енгізу;- көп пәтерлі тұрғын үйді басқару нысанын таңдау үшін пәтер иелері мен тұрғын емес үй-жайлардың жиналыстарын өткізу, тұрғын үйлерді басқаратын жалдамалы жеке тұлғалар арасында кондоминиум және т. б. тиісті нысандарды басқару құқығына байқау өткізу.3. Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғын халықты, сондай-ақ қолданыстағы басқару органдарын, сервистік компанияларды заң жобасында көзделген өзгерістермен таныстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20653?lang=kk
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Бұланды ауданында болды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Үкімет басшысының тапсырмасымен Бұланды ауданындағы ахуалмен танысты.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловпен бірге Макинск қаласындағы су тасқыны қаупі бар барлық аумақтар араланып, жағдай жіті тексерілді.Бүгінде ауданда су тасқынының салдарын жою бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Макинск қаласында қалпына келтіру іс-шаралары белсенді түрде атқарылуда. Облыстық жедел тасқынға қарсы штабтың шешімімен су еркін өтуі және тұрғын үйлерді су басудан сақтау мақсатында облыстық маңыздағы автожолдың белгілі бір бөлігі бұзылып, суға жол ашылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында су деңгейі бір метрге төмендеді.Қазіргі таңда Макинск қаласының 12 учаскесінде жұмыс жүріп жатыр. Құтқару шараларына Көкшетау, Қарағанды, Астана және Атбасар қалаларынан келген ТЖ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары жұмылдырылған. Барлығы 319 адам, 86 техника, 30 мотопомпа, 5 ПНС және 2 жүзу құралы тартылған.Сапар қорытындысы бойынша су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жедел жүргізу, аулалар мен жеке тұрғын үйлерден суды толық сорғызып, бағыттау, су деңгейі түскеннен кейін бүлінген жол учаскелерін қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.Аталған мәселе Үкіметтің жіті бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/970448?lang=kk
Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберді 15.04.2025
Өзбекстан өткен жылдың қазан айынан бері 1 сәуірге дейін Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберді. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Ол Самарқандтағы форумның үшінші пленарлық сессиясында сөз сөйледі.«Бұл су суару кезеңінде еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Су дипломатиясы және халықаралық ынтымақтастық - біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Трансшекаралық суларды бөлу және басқару, тәжірибе алмасу, озық технологияларды бірлесіп енгізу бүкіл Орталық Азияның су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске салсақ, Өзбекстанда «Орталық Азия — Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан Президенттерінің, Еуропалық Кеңес Төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия Төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен Самарқанд халықаралық климаттық форумы өтті.Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрі климаттық өзгерістерге бейімделу, су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу, сондай-ақ су тапшылығы мәселесін бірлесіп шешу үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызына тоқталды.Айта кету керек, екіжақты су ынтымақтастығын нығайту жөніндегі бірлескен жұмыс тобының XII отырысында Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қазанына дейін Қазақстанға 16 млрд текше метрден артық су жіберіледі деп келіскен болатын.Солтүстік Арал теңізіне шамамен 1,8 млрд текше метр су жіберілді, бұл жоспарланған көлемнен 120 млн текше метрге артық. Ал, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 490 млн текше метр су келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/970401?lang=kk
Қырғызстандық шебер-қолөнершілер Маңғыстау тұрғындарына өз шығармашылығын таныстырып жатыр 15.04.2025
Шетелдік қонақтар үшін арнайы тігілген киіз үйлерде Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қолөнершілер өз жұмысын ұсынып жатыр. Бауырлас елдердің шеберлері Ақтау тұрғындары мен қонақтарына халық қолөнерін таныстырды.Гүлсан Атамқұлова – Қырғызстаннан келген кесте тігу шебері. Оның айтуынша, қазір елімізде ұлттық кесте өте танымал. Кесте әртүрлі күнделікті заттар мен киімдерге тігіледі. Заманауи сөмкелер, әмияндар, төсек-орындар мен шапандар ұлттық ою-өрнекпен кестеленген. Сонымен қатар, шебер киіз элементтері бар жібек матадан ерекше шәлі жасайды.«Мен бұл іспен бала кезімнен айналысып келемін. Жалпы, қырғыз әйелдерінің барлығы дерлік тігін мен кестелеуді біледі. Кесте өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Менің мамандығым – дизайнер. Соңғы бес жылда дәстүрлі элементтері бар киім тігіп жүрмін. Ұлттық киім туралы, яғни ою-өрнектердің мағынасы мен ерекше кесте туралы, оны не үшін және қалай қолданғаны жөнінде ғылыми мақала жазуды жоспарлап жүрмін. Өйткені, қырғыздардың кез келген ұлттық киімі, оның әрбір элементі әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды», - деп атап өтті Гүлсан Атамқұлова.Құрманбек Сартыматов – тері илеуші шебер. Ол былғарыдан сөмке, қамшы, белдік жасайды. Оның қолынан шыққан мерекелік жиынтық адамның көз жауын алады. Мұны жасау үшін шебер былғары, күміс, жез, табиғи тасты қолданған.«Мен 25 жылдан бері теріден ұйым жасап келемін. Менің ұлым - зергер, әйелім кесте тігеді. Өзім терімен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені оны металмен, сүйекпен, таспен біріктіруге болады. Менің бұйымдарыма қазақстандықтар жиі тапсырыс береді, бірақ мен мұнда ешқашан болған емеспін. Қазір біз Ақтауда - түркі әлемінің мәдени астанасындамыз. Жергілікті шеберлермен танысып, тәжірибе алмасамыз деп үміттенеміз», - дейді Құрманбек Сартыматов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970390?lang=kk
Легионерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға тыйым салу 15.04.2025
Қазақстанда енді шетелден келген спортшыларға (легионерлерге) мемлекеттік бюджеттен қаржы берілмейді. Егер олар отандық командаларда ойнағысы келсе, шығындарын тек демеушілер немесе жеке инвесторлар өтейді.Бұл шешім – отандық спортшыларға жағдай жасау, өзіміздің кадрларды өсіру және спортқа жеке қаражат тарту үшін қабылданды. Яғни, енді басты назар – өзіміздің спортшыларда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970370?lang=kk
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ 15.04.2025
Түркістан қаласында премьер-министр облыс орталығындағы құрылыс барысын қадағалады. Үкімет басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және 2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда.Одан әрі Асқар Мамин облыс орталығының құрылыс барысын тексеріп, салынып жатқан әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи нысандарды аралап көрді. Үкімет басшысы облыс әкімдігі ғимараттарының құрылыс нысандарын, медиа-орталықты, конгресс-холлды, "Нұр-сұлтан" алаңын, Халыққа қызмет көрсету орталығын аралады. Әлеуметтік маңызы бар нысандар арасында Асқар Мамин спорттық және музыкалық мектептер, туристік бағыттағы колледж, стадион, оқушылар сарайы мен спорт сарайлары құрылысының барысын қарап шықты. Сонымен қатар, ол салынып жатқан қазақ драма театры, Неке сарайы, сондай-ақ аттракциондары бар саябақ, музыкалық субұрқақ және амфитеатр ғимараттарын аралап көрді.ҚР премьер-Министрі қаланың тарихи-мәдени орталығында, Х. А. Яссауи мұражайын, "Ұлы Дала Елі" орталығын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, Шығыс моншасын, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығының ғимараттарын қайта жаңарту, Визит-орталық, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Одан соң премьер-министр жаңа саябақтың және қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарына барды.Шымкентте Асқар Мамин қалалық кәріздік-тазарту құрылыстарының аумағында болып, сарқынды суларды тазарту жүйесі мен электр энергиясын өндіруге арналған тұнбаны өңдеу кешенінің (биогаз қондырғысы) жұмысын қарап шықты.  Жұмыс сапарын аяқтай келе премьер-министр "Shymkent Bus" бірінші автобус паркіне барды, онда тұрақты қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту туралы баяндалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20414?lang=kk
Қазақстан мен Қатар спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытады 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы Геннадий Головкин Қатар ҰОК президенті, ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани және Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусалламмен кездесті. Бұл туралы Ербол Мырзабосынов өзінің әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.Келіссөз барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы спорт және олимпиадалық қозғалыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ World Aquatics ұйымымен бірлесіп елімізде су спорт түрлерін дамыту және осы саладағы шетелдік тәжірибелі мамандарды тарту талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970151?lang=kk