Қуқық
АҚШ делегациясымен кездесу туралы 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 30 қазан – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға Астана процесіне бақылаушы ретінде қатысуға келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Дэвид Саттерфилдті қабылдады.Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестіктің ілгері дамуын атап өтті. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары ағымдағы жылғы қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың телефон арқылы байланыс нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.Тараптар Сириядағы дағдарысты шешу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. АҚШ өкілдері Сириядағы шиеленісті төмендету және қантөгісті тоқтатуда Астана процесінің рөлін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30860?lang=kk
Шетелдік журналистер Қазақстан мәдениетімен танысуда 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 20 қараша – Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің жетістіктерімен танысу үшін Қазақстанға шетелдік журналистер тобы келді. Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған апталық баспасөз туры барысында журналистер Астана, Алматы, Шымкент пен Түркістанға барып келді.Турға мәдениет және өнер саласында маманданған Австралия, Австрия, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Канада, Мысыр, Сербия, АҚШ, Франция, Оңтүстік Африка Республикасы және Жапонияның жиырмадан астам тілшілері мен блогерлері қатысуда.Баспасөз турының қатысушылармен кездесу барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов түсіндіргендей, Қазақстан қазіргі қазақстандық мәдениетті шетелде тиімді жылжытуын қамтитын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Баспасөз туры келген журналистерге Қазақстандағы мәдени әртүрлілік пен әлеуеттің кең көрінісін қалыптастыруға көмектеседі.Астанада тілшілерге Ұлттық музей мен ЭКСПО-2017 қазақстандық павильонының экспозициялары ұсынылды. Ұлттық академиялық кітапханасында баспасөз туры қатысушыларының алдында Үмітхан Мұналбаева, Тұрсын Жұртбай, Болат Көмеков, Әлімжан Баянғали, Тұржан Оңайгүл және Ұлықбек Есдәулет сияқты қазақстандық әдібиеттанушылар мен ғалымдар сөз сөйлеген. Профессор Әділ Ахметовпен, сондай-ақ жебеуші және саяхатшы Сапар Ысқақовпен кездесулер өтті. «Астана-Опера» театрында шетелдік тілшілер «Кармен» операсының премьерасын тамашалады.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, баспасөз турының қатысушыларына Отырар көне шахары, Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелеріне, сондай-ақ Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына сапарлары ұйымдастырылды.Алматыға сапар бағдарламасы Алматы қалалық әкімшілігінің қолдауымен әзірленіп, оған көркемсурет мұражайы, Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайы, Алматы мұражайы, «Трансформа» театр алаңы, «Esentai Gallery» өнер галереясы, Дәстүрлі музыканың мультимедиа орталығы, «Qazaq-Oner» қолөнер орталығы, жас қазақ ақындарымен кездесу, басқа да іс-шаралар кіреді.Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы саяси және экономикалық оқиғаларды жариялау үшін шетелдік тілшілердің баспасөз турларын тұрақты түрде ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде өтіп жатқан бұл бірінші баспасөз туры туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыпуға атсалысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30661?lang=kk
Жаңғырту, инвестициялар мен сауда – қазақ-британ сұхбатының назарында 14.04.2025
ЛОНДОН, 2017 жылғы 21 қараша – «Жоғарғы деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында экономиканы жаңғырту, инвестициялар көлемі мен екі ел арасындағы сауда айналымын өсіру мақсатында Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестігін одан сайын нығайтады», - деп мәлімдеді 20 қарашада Лондонға жұмыс сапарын бастаған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.Форин-офистегі кездесу барысында Қазақстан СІМ басшысы мен оның әріптесі Борис Джонсон Қазақ-Британ Стратегиялық диалогінің кезекті отырысын өткізді. Қ. Әбдірахмановтың айтуынша, қазақ-британ дипломатиялық ынтымақтастығының орнатылуынан бері 25 жыл бойы Ұлыбритания қазақстандық экономика мен адами әлеуеттің дамуында маңызды рөл атқарып отыр. Ел қазақстандық экономикадағы ең ірі инвесторлардың алтылығына кіреді (12 млрд. долл. астам инвестициялар салынған) және Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі (2016 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 1,2 млрд. долл. құрады, 2017 жылдың 9 айы бойынша 1 млрд. долларға жуықтады) болып табылады. Бүгінгі күні британдық тәжірибе «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құруда белсенді түрде қолданылуда. Мыңдаған қазақстандық студенттер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары жыл сайын британдық жоғары оқу орындарында білім алуда.Бүгінгіде Қазақстанның экономикалық дипломатиясы бірінші кезекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауын іске асыруға, соның ішінде экономиканы технологиялық тұрғыда қайта қаруландыруға бағытталған. Оны жақын арада өтетін екіжақты үкіметаралық комиссия мен іскер тобының отырыстары, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, АХҚО, «Қазақстан инвест» Ұлттық компаниясы желілері бойынша іс-шаралар көздеп отыр.Тараптардың пікірінше, трансеуразиялық көліктің дәліздерді дамыту мен заманауи кезеңде Ұлы Жібек жолын қайта құру ынтымақтастықтың перспективалық бағытына айналуы қажет. Бұған жақсы үлгі ретінде осы жылдың қаңтарында Қытай мен Ұлыбритания арасындағы тікелей, соның ішінде Қазақстан аумағын кешіп өтетін, контейнерлік пойыздың іске қосылуын жатқызуға болады.Б. Джонсон Қазақстанның Ұлыбритания үшін үлкен маңыздылығын атап өтіп, Лондонның Астанамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетін білдірді.Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов пен Б. Джонсон жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, оның ішінде Қазақстанның 2018 жылғы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы, Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесі, Ауғанстандағы жағдай, Украина жөніндегі Минск келісімдерін жүзеге асыру, терроризмге қарсы әрекет, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық және т.б.«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Орталық Азияның тұңғыш елі болады. Жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміттіміз», - деді британдық министр.Екіжақты жоғарғы деңгейдегі байланыстарға ерекше назар аударылды. 2016 жылғы Ханчжоудағы (ҚХР) «Ұлкен жиырмалық» (G20) саммиті аясында Президент Н. Назарбаевтың Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен кездесуі екі ел көшбасшыларының стратегиялық әріптестікке қолдау көрсетуінің айқын дәлелі болып табылады. Мемлекет басшысының 2015 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін берді. Оның барасында 12 млрд. доллардан аса сомаға ірі келісімдерге қол қойылды.Қ.Әбдірахманов Қазақстанда жоғары технологиялық жобаны пысықтаған британдық «Metalysis», және АХҚО-мен белсенді ынтымақтасып жатқан «TheCityUK» компанияларының басшылығымен, сондай-ақ 2016 жылғы Қазақстанға сапарын жылы еске алған «Financial Times» газетінің бас редакторы Лайонел Барбермен де сол күні кездесулер өткізді.Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы Халықаралық қатынастар бойынша еуразиялық кеңестің (ХҚЕК) Қамқоршылық кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты. 2014 жылы құрылған Кеңес Орталық Азия мемлекеттерінің даму мәселелерін және олардың еуропалық елдермен қатынастарын зерттеуге мамандандырылған тәуелсіз талдамалық орталық болып табылады. ХҚЕК қажет етілетін «ақыл орталығы» беделіне ие, оның сараптамалық бағаларына Батыс елдерінің Орталық Азия аумағы бойынша мемлекеттік саясат пен экономикалық жобаларға әсер ететін құрылымдарда құлақ асады. Атақты саясаткерлер мен дипломаттар, еуропалық елдердің бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, Еуропа мен Орталық Азия байланыстарын нығайтуға қолдау білдіретін ғалымдар мен сарапшылар ХҚЕК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері болып табылады.Қ. Әбдірахмановтың беделді аудитория алдында сөйлеген сөзінде атап өтілгендей, «Қазақстан инвестициялық климатты одан әрі жетілдіруде айтарлықтай жұмыс атқаруда, және біз еуропалық, оның ішінде британдық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз». Осы жылы Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның 36 орынға иеленгені, бұл ретте еліміздің экономикасындағы тауар айналымы мен инвестициялардың орта шамамен 50 пайызына дейін қамтамасыз ететін Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық әріптесі мен инвесторы болып табылатыны басып айтылды. Отырыс барысында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Еуропамен қатынастарын одан әрі дамытуға тұжырымдамалық тәсілдері, көлік, логистика, энергетика, қаржылық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Еуразияның ортасындағы Қазақстанның ерекше геоэкономикалық орналасуы, оның өз транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жүйелі күш-жігерлері мен Белдеу мен Жол бағдарламасын табысты іске асыру үшін елдің маңызды рөлі атап өтілді.ҚР Сыртқы істер министрінің Лондонға екі күндік сапарының бағдарламасы 21 қарашада жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30659?lang=kk
Қ.Әбдірахмановтың Ұлыбританиядағы сапары іскерлік, саяси және академиялық топтарымен кездесуімен жалғасты 14.04.2025
ЛОНДОН, 2017 жыл 22 қараша – Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Лондондағы «Чатам Хаус» Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылы қаңтардағы төрағалығының басымдықтарына арналды.СІМ басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлемді құру, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін шақыру сияқты бастамаларына жан-жақты тоқталып өтті. Сонымен қатар, СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Африкадағы бейбітшілік пен тұрақтылық, халықаралық терроризмге қарсы тұру, Сириядағы дағдарысты реттеу, Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселелеріне және БҰҰ реформаларына ерекше назар аударатыны туралы атап өтті. Кездесуге қатысушылар «ЭКСПО-2017» мұрасына және АХҚО жобаларына, Жасыл технологиялардың халықаралық орталығына және т.б. қызығушылық танытты.Лондонға сапары барысында Қ.Әбдірахманов британдық парламентінің депутаттарымен, Боб Стюарт төрағалық ететін Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобының мүшелерімен кездесті. Министр британдық парламент мүшелерін Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерімен таныстырды, «100 нақты қадам» бағдарламасын мен жекешелендіру бағдарламасын іске асыру туралы, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту бойынша жоба туралы айтты. Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобының мүшелері қазақстандық-британдық қарым-қатынастарының даму серпінін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының Лондонға сапарының маңызды басымдылығы алдағы уақытта сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болды. Еуропа қайта құру және даму банкінің Президенті Сума Чакрабартимен кездесу барысында ағымдағы және перспективалық бірлескен жобалар талқыланды. ЕҚҚДБ басшысының айтуынша, Қазақстан Банктің үлгілі серіктесі болып табылады. Соңғы жылдары мемлекет және жеке сектормен бірлескен жобалардың саны айтарлықтай өсті және Қазақстанның аймақтағы және әлемдегі рөлі артты. ЕҚҚДБ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын және «Бір белбеу – бір жол» бастамасын іске асыруда сондай-ақ сыртқы нарықтарда ел маркетингін дамытуда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.Сыртқы істер министрінің беделді кәсіпкерлер - Британ-Қазақ Қоғамы мүшелерімен кездесуінің күн тәртібінде іскерлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының мұнай жобаларынан басқа салаларына инвестиция салуға қызығушылық танытқан «Independent Power Corporation» және «United Green» компанияларының басшыларымен жеке кездесулер барысында Қазақстан экономикасына инвестициялау және жаңа өндіріс орындарын ашу мәселелері талқыланды.Сапар соңында Қ.Әбдірахманов Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алатын қазақстандық студенттер қауымдастығымен кездесті. Сыртқы істер министрі шетелде білім алған жас қазақстандықтар кешенді жаңғырту бойынша стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда және әлемнің ең дамыған 30 ел қатарына кіруге елеулі үлес қосатындығын атап өтіп, студенттерге оқуда табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30654?lang=kk
Қазақстан мен Перу саяси консультациялардың бірінші кезеңін өткізді 14.04.2025
ЛИМА, 2017 жылғы 28 қараша - Қазақстан-Перу саяси консультацияларының бірінші кезеңі өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Перу Республикасының делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Нестор Пополизио басқарды.Консультациялар барысында екіжақты қарым-қатынасты кеңейту мен практикалық мазмұнмен толықтыру, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті нығайту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша қадамдар жасау мақсатында тараптардың алдағы уақытта саяси диалогты жандандыру туралы өзара ниеттестігі атап өтілді.Екі жақты өзара әрекеттестіктің қарқындылығын арттыру қажеттілігімен қатар, тараптар халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымен алмасты. Атап айтқанда, тараптар халықаралық саясаттың негізгі мәселелерін шешу тәсілдерінің ұқсастығы және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күрес жолындағы ынтымақтастықты кеңейтуге сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда өзара әрекеттесуге дайын екендігін растап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Қазақстандық дипломат ҚР Сыртқы саяси ведомство басшысы Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы аясында келесі жылы қаңтарда Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша БҰҰ ҚК министрлік пікірталастарына қатысу үшін Перу Сыртқы істер министріне арналған жеке шақыруын табыстады.Е. Ашықбаев Қазақстан Перумен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер сондай-ақ Кеңес аясында бірлескен мүшелік кезеңінде ортақ басымдықтар бойынша тығыз ынтымақтастық құруға сенім білдіретіндігін атап өтті. Перу дипломаты қазақстандық делегацияның Лимаға алғашқы ресми сапарын қошеметтеді және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту Перудың 2018 жылы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруіне байланысты маңызды екендігін атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері Саяси консультациялардың механизмін құру туралы меморандумға қол қойды, осылайша, Қазақстан-Перу құқықтық базасын кеңейтті.Сапар соңында Е. Ашықбаев Перу Республикасының Экспорт және туризмді дамыту агенттігі- PROMPERU директорымен кездесу өткізді және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мен екіжақты сауданы әртараптандыру мақсатында Қазақстанның басым экспорттық өнімдерінің тізімін тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30575?lang=kk
БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ҮШІНШІ ҚҰРЛЫҚ АРАЛЫҚ ЗЫМЫРАН ҰШЫРУЫН АЙЫПТАДЫ 14.04.2025
2017 жылғы 29 қараша, Нью-Йорк – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның құрлық аралық баллистикалық зымыран (КБЗ) ұшыруына байланысты төтенше кездесу өткізді. Отырыстың барлық қатысушылары соңғы алты айда үшінші рет орын алып отырған континент аралық баллистикалық зымыран сынағын табанды түрде айыптады.БҰҰ Бас xатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джефри Фельтман өз баяндамасында ү.ж. 29 қарашасына қараған түні ұшырылған солтүстік кореялық «Хвасонг-15» зымыранын 13 мың шақырымға дейінгі әрекет ету және АҚШ аумағына жету қабілетіне ие, ҚБЗ-ныңең жетілдірілген моделі ретінде мойындады.Сонымен бірге Дж. Фельтман Пхеньянның соңғы екі жыл бойғы ядролық сынақтары мен зымыран ұшырулары Корей түбегінде және одан тыс жерлерде елеулі шиеленістерге әкеп соққанын атап өтті. «Әскери қақтығыстың мүмкін салдары мен қауіп-қатерлерін есепке ала отырып, Қауіпсіздік Кеңесі өзінің басты жауапкершілік міндеттемелерін жүзеге асыру аясында дағдарыстың ушығуына жол бермеуі қажет және Кеңес арасындағы бірлік айрықша маңызға ие», - деп ескертті Фельтман.Қазақстан Пхеньянның кезекті провокациялық әрекетіне зор алаңдаушылығын білдіре отырып, оны халықаралық қоғамдастықтың талаптарына қайшы келетін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық тиісті қарарларын өрескел бұзатын теріс амал ретінде таныды. Қазақстандық делегацияның пікірінше, мұндай арандатулар одан да үлкен қақтығыстар тудырып, шиеленістің жаңа толқынына алып келеді. Осы ретте, Қазақстанның Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров Солтүстік Корея дағдарысын бейбіт жолмен шешудің өзге баламасы жоқ екеніне сенімін білдіре отырып, ол тек келіссөздер, диалог және тараптардың ерікті ниеті арқылы ғана мүмкін болатынын айтты.«Біз әскери әрекеттерге дейін барудан аулақ болып, күш-жігерімізді негізінен саяси-дипломатиялық амалдарды іздестіруге жұмылдыруымыз қажет. Сондықтан проблеманы жан-жақты және ұжымдық негізде шешу үшін Астана жаңа саяси және дипломатиялық әрекеттерді қолдайды. Сенiмдi нығайту шаралары негізінде және сындарлы өзара iс-қимыл мен бiрлескен талқылаулар арқылы ғана бұл күрмеуі қиын жағдайдан шығуға болады », - деп отандық дипломат өз ойымен бөлісті.Отырыс соңында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Корей түбегіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте мойындай отырып, Пхеньянға қарсы барлық санкциялық шаралардың тиімді орындалуымен бірге, саяси және дипломатиялық жолдарды іздестіруге бейілділігін растап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30551?lang=kk
Опера сахнасының жұлдыздары Дж. Россинидің «Шағын салтанатты мессасын» шырқайды 14.04.2025
Кештің басты кейіпкерлері – «Астана Опера» Хоры мен Симфониялық оркестрі, дирижерлық тізгінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.Мессадағы таңдандырарлық опера әуендері мен таңдаулы хор нөмерлерінің үйлесуі, елордалық көрермендітәнті етері сөзсіз.Туындының тұсаукесерінен кейін Джакомо Мейербер Россиниге: «Құдай сізге осындай жауһар туындының бірнешеуін жазу үшін, жүз жасауды бұйырсын және маған да сіздің мәңгі өлмес асқақ туындыларыңызды тамашалау үшін, дәл сонша жасқа жетуімді нәсіп етсін!»деп сүйсіне жазған хатын жолдағаны белгілі.«Шағын салтанатты месса» - Еуропаның ең атақты әрі табысты опера композиторларының бірі, 40 астам операның авторы Джоаккино Россинидің шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туынды. Оны композитор опера жолындағы қызметін аяқтағаннан кейін жазған. «Шағын салтанатты месса» – кемеңгердің оқиғаға толы өмірі мен шығармашылығының қорытындысы.«Шағын салтанатты месса» туындысының атауы оның көлеміне емес, бастапқыдағы сүйемелдеуші тақуалық құрамына – фортепиано мен органға, дәлірек айтқанда гармониумға (дыбысы фисгормонияға жақын аспап) байланысты аталған. Мұндай сүйемелдеу автор тарапынан өте дұрыс таңдалған, өйткені оркестр Россини стилінің жасыра алмайтын опералық табиғатын айтарлықтай айқындай түспек. Шығарма оркестрдің орындауында алғаш рет композитор дүниеден озған кезде ұсынылды. «Астана Опера» тыңдарманы оны осы нұсқада ташамалайды. «Шағын салтанатты месса» – ерекше жарқын,мөлдір туынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/30094?lang=kk
Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің сегізінші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы 14.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 21-22 желтоқсанда орын алады.Сіздерді 22 желтоқсанда «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 15 желтоқсанға сағат 12.00-ге дейін толтыру аккредиттеу нысанын (https://goo.gl/forms/Lo1wcRFnzdCShNmz2 ).Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/29601?lang=kk
«Астана Операдағы» жаңа дебют 14.04.2025
Аризона штаты университетінің (АҚШ) «Опералық ән айту» мамандығы бойынша магистранты, «Метрополитен-опера» байқауының (2006, АҚШ) өңірлік кезеңінің жеңімпазы Евгений Чайников театр репертуарын белсенді түрде игеріп келеді. «Астана Опера» театрындағы Евгений Чайниковтың сомдап үлгерген образдарының ішінде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Жиренше рөлі, Дж.Пуччинидің «Тоска» операсынан Скарпиа, Дж.Вердидің «Аида» операсынан Амонасро партиялары көпшіліктің әлі есінде. Американдық консул Шарплес – оның репертуарындағы жаңа кейіпкер.- Аталған партиямен жас кезімнен бастап жұмыс істедім, оны орындауды бұрыннан армандайтынмын. Алайда, менің кейіпкерімді сезініп, түсіну үшін іштей кемелдену керек еді. Есейген сайын «Мадам Баттерфляй» операсын басқаша түсіне бастадым, бұл жан тебірентер оқиға. Шарплесті бәрінен бұрын адамгершілігі мол, қамқор әке ретінде көремін: ол Пинкертонға махаббатпен ойнауға болмайтынын, өйткені жас Баттерфляй оның сөзіне сеніп, шын мәнінде ғашық болып қалуы мүмкін екенін ескертеді, соңында айтқаны дәл келеді. Шарплеске бас кейіпкермен бірге уайымдап, мұның бәрін сырттай бақылауға тура келеді. Мен қазір вокал жағынан ғана емес, образды ашу бойынша да жұмыс жасап жатырмын: көптеген әлемдік деңгейдегі қойылымдарды көріп шықтым, шындыққа жанаспайтындай болып көрінбес үшін, ең ұтымды тұстарын табуға тырысудамын, - дейді Евгений Чайников.Бір қызығы, шамамен бір жыл бұрын тұсауы кесілген бұл операда Евгений Чайниковтың ұлы – Никита Чайников Баттерфляйдың ұлының рөлін ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29533?lang=kk
1 қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесіндегі төрағалығын бастайды 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жыл 29 желтоқсан – Қаңтардың 1-нен 31-не дейін Қазақстан тарихта тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттілігін орындауға кіріседі.Төраға Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне жалпы басшылық етеді, БҰҰ Хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік Кеңесінің күнделікті үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Төрағалықтың міндеттеріне Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің келісімі бойынша Кеңестің атынан, сондай-ақ бейресми консультациялар барысындағы талқылаулардың қорытындылары бойынша және Қауіпсіздік Кеңесі әрдайым қандай да бір құжаттың мәтіні бойынша келісімге қол жеткізген кезде баспасөз алдында мәлімдемелер жасау кіреді.2 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің тұрақты өкілдері қаңтар айында төрағалықтың бағдарламасын қарастырып, қабылдайды деп күтілуде. Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері болып табылмайтын БҰҰ-ға мүше елдер, баспасөз бен Үкіметтік емес ұйымдар үшін Кеңес жұмысының бағдарламасы туралы брифингтер өткізіледі. Қазақстанның бастамасымен Кеңестің тұрақты емес мүшелері ретінде екі жылдық мерзімге сайланғанына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінде алғаш рет Кот-д'Ивуар, Кувейт, Нидерланд, Перу, Польша және Экваториалды Гвинея елдерінің байрақтарын ресми түрде орнату рәсімі өтеді.18 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен БҰҰ ҚК мүшелерінің «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенімді нығайту шаралары» тақырыбында жоғары деңгейдегі тақырыптық пікірталастары өтеді.19 қаңтарда «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбында БҰҰ ҚК-нің министрлік пікірталасы өтеді. Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдері сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысады деп күтілуде.25 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдері деңгейінде «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тақырыбында тоқсан сайынғы ашық пікірталастары өтеді.Сонымен қатар дәстүрлі түрде қаңтар айында Қазақстан төрағалығының аясында Кеңесте Сирия, Либия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Дарфур, Батыс Африка және Сахель, Оңтүстік Судан, Мали, Сомали, Кипр және Колумбия елдеріндегі жағдай бойынша ашық және жабық пікірталастары өтеді. Төрағаның бірқатар қарарлары мен мәлімдемелерінің қабылдануы жоспарлануда.2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі Қазақстанның басымдықтары Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне арналған «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауында көрсетілген. Олар жетеу: I) ядролық қарусыз әлемді жақындату; II) жаһандық соғыс қатерін болдырмау және жергілікті жанжалдарды реттеу; III) өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуда Орталық Азияның мүдделерін ілгерілету; IV) терроризмге қарсы күрес; V) Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері;VI) қауіпсіздік пен орнықты дамудың арасындағы ажырамас байланыстарды қамтамасыз ету; VII) Қауіпсіздік Кеңесі мен бүкіл БҰҰ жүйесін XXI ғасырдың қауіп-қатерлеріне бейімдеу.БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету жоғары халықаралық мәртебе болып табылады, себебі Қауіпсіздік Кеңесі мәжбүрлеу шараларына, экономикалық санкцияларға немесе ұжымдық әскери әрекеттерге қатысты шешімдер қабылдай алады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басты жауапкершілікті өзіне жүктейді және БҰҰ-ның барлық мүшелері оның шешімдеріне бағынуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/29443?lang=kk
Аншлаг және тағы да аншлаг 14.04.2025
Қазіргі уақытта «Астана Опера» балеттік труппасыаты аңызға айналған петерборлық театрдың жаңа сахнасында репетициясын жүргізуде, ал Мариинский театрының Симфониялық оркестріқазақстандық әріптестері: спектакльдің қоюшы дирижері АрманОразғалиев, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, флейта тобының концертмейстері АлексейКосырев, арфашы Любовь Ткаченко және соқпалы аспаптар тобының үш музыкантымен бірге партитурамен жұмысты бұдан бұрын бастаған.- Дүние жүзіндегі ең атақты опералық театрлардың бірінің сахнасында өнер көрсету, біз үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Қос ұжым арасында жемісті ынтымақтастық жалғасын тапқанына бірнеше жыл болды. Петерборлық көрерменнің гастрольдік спектаклімізге қызығушылық танытқаны, сөзсіз, бізді қуантпай қоймайды.Үлкен табыспен өнер көрсетеміз деп үміттенеміз, - деді «Астана Опера» театрының директорыҒалым Ахмедьяров.Мариинский театрында Квазимодо партиясын көптеген халықаралық байқаулардың Бас жүлде иегері Бақтияр Адамжан жәнеҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітпеков орындайтынын еске салайық. Эсмеральда рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева және Мәдина Баспаева. Феб – халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов пен Арман Оразов. Клод Фролло – халықаралық байқаулардың лауреаттары Ғазиз Рысқұлов, Серік Нақыспеков. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова.Виктор Гюгоның аттас романы бойынша 1965 жылы қойылған француздық хореография жауһары, күні бүгін де өзектілігін сақтаған, бұл аталған қойылымға көрерменнің қызығушылығы шексіз екенін дәлелдейді. Оны жарыққа шығарғандардың –«Оскар» сыйлығының үш бірдей иегері, композитор-авангардшы Морис Жарр, XX ғ. атақты балет классигі Ролан Пети, барлық заманның үздік кутюрьелерінің бірі Ив Сен-Лоран және белгілі театрлық суретші Рене Аллио– нәзік те мінсізталғамы, сарқылмасқиялы мен жаңашылдыққа әуестігі дүниеге нағыз ғажайыптың –неоклассиканың нағыз «маржанының» келуіне негіз болды.«Астана Опера» сахнасында «Париж Құдай Анасының соборы» спектакліне көрермен де, қатал сыншылар да бірдей тәнті болды. Қойылым театр тепертуарында ерекше орынға ие. Өнертанушы Лира Бекболатова балетке деген таңданысын Esquire басылымында былай білдірді: ««Париж Құдай Анасының соборы» балеті «Астана Опера» театрының ең ерекше тұсаукесері екенін әсірелеместен атап өтуге болады». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29390?lang=kk
Алматы «Астана Операны» қошеметпен қарсы алды 14.04.2025
- «Астана Опера» гастроліне көрсеткен қолдауы үшін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысымды білдіремін. Мәдени алмасудың арқасында біз орындаушылар ретінде өсудеміз, өнерімізді түрлі қала мен елдегі көрерменге сыйлау мүмкіндігіне иеміз, біз үшін бұл аса маңызды. Бүгінгі спектакль үлкен жетістікпен өтті, біз, әртістер, алматылық тыңдарманның жылы шырайын, ықылас-шаттығын, көрермендер аудиториясын сезіне білдік, асқақ өнерге деген махаббаттары үшін мың да бір рахмет, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы.Осы кеште жетекші партияларды елордалық театрдың әртістері ұсынды. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин вокалдық әрі актерлік тұрғыдан тамаша орындап шықса, Айдар рөлінде халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнеш керемет өнер көрсете білді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера примасы Майра Мұхамедқызы Ажар бейнесінде ғажайып актерлік жұмысын көрсетті, даусы жұмсақ, нәзік әрі жарқын естілді. Қарлығаш партиясын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты Татьяна Вицинская орындады. Көкпай рөлінде – дарынды Талғат Ғалеев. Әзім – Бейімбет Таңарықов, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян Сырттан бейнесін сомдаса, Евгений Чайников Жиренше кейпінде болды. Нарымбет – Рамзат Балакишиев, Мес – Хайдар Мұстапин.- Өте қызықты қойылым болды. Сәнді-сәулетті декорациялар мен киімдері, халық ән-билерінің әуезді байлығы бар ұлттық операның классикалық үлгісі. М.Әуезов, А.Жұбанов және Л.Хамиди сынды есімдер операны мәңгі әрі ұлы етеді. Бүгін барлық әртістер жақсы деңгейде болды, оркестр мен хор керемет дыбысталды! Бір ғана айтарым: «Браво, «Астана Опера»», - деп әсерімен бөлісті Дулат Омаров есімді көрермен.«Абай» қойылымына көрнекті мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері жоғары бағасын берді. Олардың қатарында – Әлібек Дінішев, Асанәлі Әшімов және, Есмұхан Обаев т.б. бар. Үзіліс кезінде олар дирижердің асқан шеберлігін, оның тұлғасының ауқымдылығын атап өтті, вокалистердің сапалы жұмысы жайлы сөз етті.- Операның жаңа оқылымы, керемет декорациялары мен киімдері маған ерекше əсер етті. «Абай» операсының соңы өз еліңмен, тарихыңмен, əдебиетіңмен, халқыңмен мақтан еткізеді, - деп бөлісті қойылым соңынан танымал қазақстандық опера əншісі Əлібек Дінішев. - Гастроль керемет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатыр, ол барша әлемге ел мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы сапарымызға өте қуаныштымын, себебі театрларымыз шығармашылық диалог жасап, достығымызды нығайтуда. Бүгін біз Қазақстанның Оңтүстік астанасында, опера өнеріміздің қара шаңырағы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында өнер көрсеттік. 1944 жылы бұл жерде «Абай» операсының тұсауы кесілген еді. Осы қойылымды орындау – труппамыз үшін жауапты емтихан. Алматылық көрермен көзі ашық, оқыған, мәдениетті, және бүгін соғылған ду қол шапалақтар, ыстық лебіздер біз үшін үлкен марапат әрі еңбегімізге берілген жоғары баға болды, - деді маэстро Алан Бөрібаев.«Астана Операның» бас дирижері «Абай» спектаклі бойынша бұл оның алғашқы жұмысы еместігін және осы операның халықаралық маңызын атап өтті.- 2013 жылы Германияда «Абай» операсының жаңа қойылымын жүзеге асырдым, ол орасан зор жетістікке ие болды, оның үстіне сол жылы композиторлар Р.Вагнер мен Дж.Вердидің 200 жылдығы болатын, олардың туындыларынсыз әлемнің бірде-бір театрын елестетуге болмайды. Үш қойылым «Жыл қойылымы» атағына номинацияланды, олар – Р.Вагнердің «Запрет любви, или Послушница из Палермо», Дж.Вердидің «Бал-маскарад» және А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» қойылымы болатын, және Р.Вагнер мен Дж.Вердидің мерейтойлық жылында «Абай» операсы жыл қойылымы деп танылды! Туынды өз көрерменінің жүрегін жаулауда. 2014 жылы Абай атындағы МАОБТ-мен бірге бұл операны Францияда орындадық, олар да таң қалдырарлық жетістікпен қабыл алды. Мен әрдайым қазақ өнерін насихаттап жүремін, оркестрмен өнер көрсеткен кезде, бағдарламаға қазақ симфониялық музыкасын қосуға тырысамын. «Абай» операсының үшінші пердесіндегі билер – Үйлену тойының сюитасын BBC Radio 3 (Лондон) радиосына жаздым. Соңғы рет «Абай» қойылымындағы билерді Жапонияда орындадым және жетекші жапон басылымдарының бірі - «Ёмиури симбун» біздің музыкамыз жайлы сүйсіне мадақтап, пікір білдірді. Бұл операны ести сала, жұрт маған келіп: «Нотасын беріңізші! Осы опера туралы көбірек қалай білуге болады? Абай деген кім?... деп сұрайды. «Абай» операсы кілт тәрізді түрлі халықтардың жүрегіне жол тауып, ашады! – деп қосты Алан Бөрібаев.- Бұрын, қазақ опералары, ең алдымен, өзімізге қызықты деп ойлайтынмын, себебі өзімізді тану аса маңызды, бірақ, бұл операның музыкасы әмбебап, ол жер-жаһанда бірдей шаттықпен қабылданады. «Абай» операсы өнеріміздің бетке ұстарына айналды. Оны әрқашанда да орындаймыз және оған әрдайым жүрегіміз ерекше тулайтын болады. «Абай» - біз үшін қасиетті тақырып, - деп сөзін қорытындылады маэстро.Қоюшы режиссер - Джанкарло дель Монако, сценограф – қазіргі заманның атақты суретші сценографы Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, виртуалдық декорацияларды жасаған – Серджио Металли, жарық бойынша суретші – Виничо Кели. «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.Еске салар болсақ, ертең, 11 ақпан күні «Абай» қойылымының екінші көрсетілімі өтеді, Қарлығаш рөлінде болашағы жарқын жас әнші, керемет меццо-сопрано дауыс иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты Малика Минизини дебют жасайды. Сонымен қатар баритон Ержан Саипов та алғаш рет Көкпай партиясын әзірлеп жатыр. 14 ақпан күні сағат 19.00-де ХХ ғасырдың атақты хореографы Кеннет Макмилланның «Манон» балеті орын алады. Ал 17-18 ақпан күндері сағат 18.00-де өтетін Морис Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы» балет спектаклімен гастрольдік сапар өз мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29230?lang=kk
Малика Минизини: «Өнер ордасы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында дебют жасау – біздер үшін үлкен мәртебе» 14.04.2025
- Ұлттық операда өнер көрсету – әрдайым жауапты іс, себебі сен Қазақстанның мәдени өнерінің айтулы жетістіктерінің бірін лайықты ұсынып, композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамиди жасаған жауһар туындысын дұрыс интерпретациялауың қажет. Қарлығаш партиясы бойынша ұзақ жұмыс жасадым, бұл маңызды әрі актерлік тұрғыдан өте күрделі рөл. Менің кейіпкерім – әзіл-қалжыңды керемет түсіне білетін, ақылына көркі сай, кішіпейіл, нәзік. Қарлығаштың алғаш рет сахнада пайда болуы шаттық пен қуанышқа толы көңіл-күй қалыптастыруы қажет. Көкпай екеуміз қойылымға жаңа мерекелік леп әкелеміз, себебі Абай бізге беташар өткізіп, тойға дайындықты бастау бойынша тапсырма береді. Маэстро Алан Бөрібаевқа бізге артқан сенімі мен көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Осы операны бірнеше рет орындаған әріптестерімізбен жұмыс жасау өте ыңғайлы болды, олар Ержан Саипов екеумізге құнды кеңестерін берді. Осы дебют гастроль аясында өнер ордасы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында орын алғаны біз үшін аса маңызды, үлкен мәртебе, - деді өнер көрсетуінен кейін «Астана Опера» солисі Малика Минизини.Опералық жауһар туынды кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің либретто желісімен жасалған. Хикаяның негізінде – ұлы қазақ ақыны, ағартушы әрі философ Абай Құнанбаев (1845-1904) өмірінің драмалық оқиғалары жатыр.- Жолдасымыз екеуміз Абай атындағы МАОБТ-ның тұрақты көрермендеріміз. Бұл операны алматылық труппаның орындауында жиі естіп тұрамыз, бірақ бүгінгі спектакльдің есімізде ұзаққа сақталары айқын. Осы қойылымды ұлттық классика мәнінің шыңы деп атауға болады. Бір ғажабы, опера бастапқы авторлық нұсқаны сақтап қалған. Сахна төрінде керемет сәнді кітапхана айқара ашылған кезде көрермен қауымның шаттығы естіліп, зал ерекше таңданды! Әрине, біз жас вокалистерді бағаладық, бүгін орындаушылардың мықты құрамы өнер көрсетті. Олар өз партияларын нық сеніммен орындады, әртістердің дайындығы тамаша, - деп атап өтті Азамат пен Динара Саликовтар.Еске салар болсақ, бүгін басты партияларды орындағандар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Жанат Шыбықбаев, Айдар рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов, Ажар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова. Қарлығаш – халықаралық байқаулардың лауреаты Малика Минизини. Көкпай – Ержан Саипов, Сырттан – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Болат Есімханов және т.б.Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев, «Астана Опера» бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы режиссер – Джанкарло Дель Монако (Италия).«Астана Операның» Алматыдағы гастролі 10-18 ақпан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру») бағдарламасы аясындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» халықаралық жобасы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29225?lang=kk
Айзада Капонованың Қыз Жібек партиясындағы дебюті 14.04.2025
- Қыз Жібек секілді мен де Ақжайық өңірінің тумасымын. Ұлттық опералардың ішіндегі маған ең жақыны осы. Сол өлкеде туып-өскендіктен, мен жергілікті салт-дәстүрлерді жақсы білемін. Бұл музыка біздің қанымызға сіңген, кішкентай кезімізден бастап бәрімізге де таныс. Үш жасымда-ақ қолыма орамал алып, «Қыз Жібек» операсына енген әндерді шырқайтын едім. Ауданымызда «Қыз Жібек» операсы қойылған кезде, әкем жастық шағында әрдайым Төлеген рөлінде өнер көрсететін. Студент бола тұра, осынау ұлы эпостың екі нұсқасын оқыған едім, ал Қыз Жібек бейнесінде алғаш рет сахнаға төртінші курста шықтым. Бүгінде Жібек партиясын әртістік тұрғыдан ғана емес, вокалдық жағынан да жаңаша орындайтын боламын: осы рөлді соңғы орындау сәтімнен бастап менің дүниетанымым, көзқарасым өзгерді, ойымда жаңа реңктер пайда болды, - деді Айзада Капонова.Орындаушының алдында атқарар көп міндет бар, бейнені жеткізу аса маңызды. Қыз Жібек – сұлулықтың нышаны. Ол ақылдылық, батылдық және мінездің қайраты сынды қасиеттерге ие болған, ат құлағында ойнаған. Осы партиядағы ең күрделісі – опера соңында қаза тапқан сүйіктісін Жібектің жоқтауы. Өзіннің ішкі-жан дүниеңді қадағалай отырып, көрерменге сезіміңді жеткізе білуің қажет.Айзада Капонова «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық музыка академиясын тамамдады (профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ.Н.Омарбаевтың сыныбы). Әншінің шеберлігі көптеген халықаралық байқаулардағы жеңісімен атап өтілді, ол – «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваль-байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Астана қ.); Халықаралық вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты (Алматы қ.); Н.Тілендиев атындағы Халықаралық фестиваль-байқауының Бас жүлде иегері (Астана қ.). Солистің репертуарында опера спектакльдеріндегі басты партиялар, атап айтқанда – М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Сара, Алтынай, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Ажар, Б.Қыдырбектің «Қалқаман-Мамыр» операсынан Мамыр, Дж.Вердидің «Травиата» операсынан Виолетта, «Риголетто» операсынан Джильда, Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Олимпия, В.А.Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсынан Түн патшайымы, Г.Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсынан Лючия рөлдері бар.Қазақтың алғашқы «Қыз Жібек» операсы 83 жыл бұрын атақты драматург әрі жазушы Ғабит Мүсірепов либреттосының желісі бойынша жасалған еді. Спектакльдің негізіне Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббаты жайлы аттас лиро-эпостық жыры арқау болды. Композитор Евгений Брусиловский партитурада қазақ халық әндерін, күйлерін және Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет сынды халық сазгерлерінің туындыларын пайдаланды. Осындай шығармалардың ең маңыздысы Қыз Жібек ариясы болды, ол шын мәнісінде Ыбырай ақынның «Гәкку» әні болып табылады.Атап өтер болсақ, Жібек партиясын сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай да әзірлеп жатыр. Төлеген рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Шотабаев, Жан Тапин, Бекежан – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, Талғат Ғалеев өнер көрсетеді. Шеге – Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев, Базарбай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Болат Есімханов, Қамқа – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Гүлжанат Сапақова, Қарлығаш – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, Мәдина Исламова, Батсайы – Малика Минизини, Дүрия – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, Елена Ганжа.«Астана Опера» Симфониялық оркестрі, хоры және балалар хоры, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театрының бас режиссері Михаил Панджавидзе, кеңесші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD) Асхат Маемиров, қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов, қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри, балалар студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова.Спектакльдердің басталуы сағат 18.00-де.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/28846?lang=kk
ХХІ ғасыр үлгісіндегі «Біржан – Сара» 14.04.2025
Қ.Жұмалиевтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың лирикалық-драмалық операсы алғаш рет 1946 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында ұсынылған еді. 72 жыл ішінде «Біржан – Сара» операсы халықаралық атаққа ие болды: 1958 жылдың 6 желтоқсанында Мәскеудегі қазақ өнерінің он күндігінде көрсетілді. Берлин мен Дрезденде үлкен жетістікке ие болды (1986). Кейін либретто түрік тіліне аударылды да, спектакль 2013 жылы Самсунде, сондай-ақ 2014 жылы Ыстамбұл, Бурса, Эскишехир мен Анкарада өтті. Сол жылы «Астана Опера» театрының труппасы бұл операны Ресейдегі Мариин театрында орындады.«Біржан – Сара» қазақ опера өнерінің төлтума мұрасы. Елордалық театр ұлттық классиканың осынау жауһар туындысына жаңа тыныс, жаңа дем беріп, жандандыруға бел буды. Соңғы заманауи театралдық технологиялардың арқасында, опера сахнаның техникалық мүмкіндіктеріне бейімделіп, қойылым тобының бүгінгі таңдағы бірегей шешімдері іске асырылады.Қойылым тобының құрамықоюшы режиссер: – PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров және кеңесші режиссер – Беларусь Үлкен театрының бас режиссері, Г.Тукай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Панджавидзе, қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов, балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Тәти. Қоюшы режиссердің ассистенттері – Е.Нұрсұлтан, Е.Тойкенов. Қоюшы суретшілер мен сценографтар – С.Тасмағамбетова мен П.Драгунов. Музыкалық редактор – Т.Жармұқамет. Жарық бойынша суретші – Я.Пантани. Проекциялар бойынша дизайнер – С.Металли. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Дәуітов.Жаңа режиссерлік нұсқа бұрынғыларынан көлемінің ауқымдылығымен өзгешеленеді. Демек, барлық сахна кеңейтіледі деген сөз. Көрермен назарына жәрмеңке серуенінің барлық түрлі атрибуттары ұсынылады деп күтілуде, ал шын мәніндегі тыныс-тіршілікті жеткізу үшін спектакльге жануарлар қатысатын болады.Бұдан өзге, спектакльдің тұжырымдамасы барлық кейіпкер бейнелерін біржақты баяндаудың жоқтығымен ерекшеленеді. Бұл дүниеде орын алмаған Біржан мен Сараның махаббаты жайлы оқиға көрерменге ұсынылады. Дәстүр бойынша, опера басты қаһарманның қазасымен аяқталады, дегенмен қоюшылар үміт отын жағып, құрбандыққа шалынған махаббаттың бекер еместігін көрерменге жеткізуді қалайды. Біржан мен Сараның хикаясы мыңдаған ұрпақтың бірігуіне мүмкіндік беріп, ерекше іс-қимылға қозғау салатын махаббаттың ұлы құдіреті туралы естелікпен халық жадында мәңгі қалады.Мүмкін еместің бәрі де іске астыЭскиздерге қарап, декорациялардың осыншама кереметін іс жүзінде жасап шығу мүмкін еместей көрінеді. Спектакльде алғаш рет таңғаларлық технологиялар қолданылды: адам сенгісіз, бірақ сахнада бірнеше тонна су пайдаланылатын болады. Қазақ жерінің сұлу табиғаты қатты декорацияларда да, сонымен қатар 3D проекцияларда да көрініс табады, бұл спектакльдің кинематографиялық әдіспен жасалғанын бір атап өткен жөн.Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов 2017 жылдың күзінде-ақ эскиздер бойынша жұмысты бастап кеткен еді. Суретшілердің айтуынша, ұлттық қойылымды қолға алу оңай болмаған. Сценографтардың қателікке жол беруіне құқығы жоқ, олар ұлттық стилистиканы бұзбай, оған жаңалықты енгізіп, көрерменнің таңданысын тудыруы қажет.- Әрқайсысы 48 әртістен тұратын үш балет көрінісіне арналған киімдерді жасау бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Хор әртістеріне арналған киімдер бай әрі керемет жарқын жасалды. Сондықтан алдымызда басты міндет болды – бас кейіпкерлердің бейнелерін одан әрі қанық, әсерлі, көркем ету. Біржанның бекзат киімі оның мәртебесі мен жасын көрсетуде. Сараның той көйлегі өте нәзік жасалды. Қамзолы ұлттық нақышта тігіліп, алтын түсті металл әшекейлермен көмкерілген. Қалыңдықтың өзі асыл тастай болғанын қаладық. Маталардың фактурасы жаңа технологиялық мүмкіндіктердің есебімен таңдалған, заманауи материалдар өте сапалы және олардың түс гаммасы сан алуан, - деді Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов.Бутафорияны жасау үшін жарты жылға жуық уақыт жұмсалды. Шеберлер жаңартылған технологиялар бойынша жұмыс жасады. Орындықтар, шкаф, сандықтар салынған өрнектермен емес, фрезер станогы арқылы жасалып, оюлары кесілген бедерлі айшықтармен әшекейленген. Бұдан бөлек, металл бойынша, сонымен қатар он шақты құмыра жасау бойынша күрделі қыш жұмыстары атқарылды. Осынау спектакльде бедер салу көп қолданылады: барлық белбеу, белдік, қайыстар күрделі өрнекпен безендірілген, әрбір бөлшекті жасауда бутафорлар 3 сағаттан астам қажырлы еңбек етеді. Ал осындай белдіктердің саны жүзден асады. Найзалар мен жебелер – осыларды да бутафорлардың ерлер тобы жасауда. Таза ағаштан жасалған еден үсті сағаты ерекше назарда. Ұсақ бөлшектерін қолмен жасау үшін шеберлерге ұсталық икемдері қажет болды. Патефон да айрықша көзге түсуде, ойнамаса да ол өте шынайы көрінеді, оның міндеті – сол дәуірдің бейнесін жеткізу.Жоғары мәнге ие майталмандықӘртістердің әртүрлі көріністерде тұрмыстық заттарды пайдалана отырып, бейнеге бой үйретуі үшін бутафория дайындық залдарына жөнелтілді.Біржанның рөлін кез келген әнші алып шыға алмайды, ол соншалықты күрделі, ауқымды, барлық күшті жұмылдыруды талап етеді. Оны көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Мейір Байнеш пен Бейімбет Таңарықов дайындауда. Ерекше дарынды әнші Мейір Байнеш бұл партияны «Астана Опера» сахнасында бірнеше рет тамаша орындаған. Бейімбет Таңарықов шығармашылық мансабы жолында Біржанның рөлінде өнер көрсетіп келеді. Солист ым-ишараны сәтті қолданып, әр сөзге мән береді. Вокалистің партияға дайындығын алмазды өңдеп, гауһар тасқа айналдыру үдерісімен салыстыруға болады. Солист әдемі тембр мен таңғаларлық әртістік шеберлікке ие.Сараның рөлі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера сахнасының примадоннасы Майра Мұхамедқызы үшін дебют болмақ. Тамаша сопрано, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай бұл операда қызғаншақ Алтынайдың партиясын орындаған еді, ол да Сараның бейнесін алғаш рет сомдайтын болады.- Менің армандарым орындалады, бұрыннан осы рөлде өнер көрсеткім келген, бірақ бұл үшін өзімді әлі пісіп-жетілген жоқпын деп есептейтінмін, өйткені аталған бейнені сомдау үшін жеткілікті тәжірибе қажет екендігін түсінетінмін. Сара өр мінезді батыл қыз. Вокалдық тұрғыдан бұл классикалық орындаушылықты талап ететін күрделі партия. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсын Дж.Пуччинидің үлкен динамикаға толы операларымен салыстырамын. Әрбір сөз түсінікті болуы үшін, итальяндық мәнерде орындап шығуға тырысамын, - деді Майра Мұхамедқызы.Қоюшы дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов кез келген сахналық музыкалық спектакль өміршеңдігін сақтап, қажеттілігін жоймауы үшін уақыт талабына толыққанды түрде сай болуы тиіс екендігін атап өтті.- Бір жылдан астам уақыт бұрын қойылған «Абай» және «Қыз Жібек» опералары әлі күнге дейін аншлагпен өтуде. Алайда, «Біржан – Сара» операсы үшін жаңа сахналық шешім қабылдайтын мерзім жетті. Композитор Мұқан Төлебаевтың музыкасы табиғатынан өте жарқын, әсем әрі әуезді, оның кәсіби түрде вокалмен айналысқаны белгілі. Композитор «Біржан – Сара» операсында халық ақынының музыкалық дәйексөздерін пайдаланған, «Айтпай» әні бас қаһарман бейнесінің экспозициясы болып табылады, - деп бөлісті Абзал Мұхитдинов. Сонымен қатар, маэстро «Астана Операның» репертуарында жоғары әлемдік деңгейде қойылған қазақ опера өнерінің үш бірдей жауһары бар екендігін, бүгінгі таңда қазақ операсы гүлдену кезеңін өткеріп, тыңдармандардың сұранысына ие болып отырғандығын ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/28726?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай жасалған КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеміз.Өткен ширек ғасыр аралығында барлық салалардағы ынтымақтастық сенім мен үздіксіз даму деңгейінде және екіжақты өзара іс-қимыл ауқымында өтті. Сенімді саяси диалог орнатылды, өзара сауда көлемі бірнеше есе ұлғайды, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасы кеңейтілді, мәдени-гуманитарлық және білім берумен алмасу өсіп келеді.Екі жақты қарым-қатынастар дамуының басты кезеңдеріне 2004 жылы Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаустың Қазақстанға, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Чех Республикасына, 2014 жылы Чех Республикасының Президенті Милош Земанның Қазақстанға ресми сапарлары және 2017 жылы Чех көшбасшысы М.Земанның Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу мақсатында Қазақстанға жұмыс сапары кіреді.Екі ел арасында парламентаралық достық тобының қызметіне негізделе отырып жоғары заң шығарушы органдар деңгейінде белсенді ынтымақтастық орнатылды. Чехия Парламенті Еуропалық Одақ елдерінің арасында 2016 жылы 15 қыркүйекте ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы елдердің бірі.Энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, логистика, білім және туризм кіретін экономикалық өзара іс-қимылдың аса басым салалары айқындалған және жоспарлы игерілуде.Осы бағыттағы жұмыстың ілгерілеуінің басты механизмі 2005 жылы құрылған экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. 2009 жылы Чехияның Қазақстанды сауда-экономикалық 12 басым әріптестерінің тізіміне енгізуінің арқасында сауда және инвестиция саласындағы мүмкіндіктер едәуір кеңейтілді.Екі ел арасында өзгеше көпір ретінде қазақстандық туристердің Чехияға тұрақты түрде келуін атап өтуге болады. Чех Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандық жастар үшін тартылыс орталығына айналды. Өз кезегінде чех азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға 30 күн ішінде визасыз келіп кетуге мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы БҰҰ, ЕҚЫҰ ж2не басқа ұйымдар желісі бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Қазақстан Чех Республикасымен одан әрі достық пен сенім қатынастарын жан-жақты дамытуға және нығайтуға бағдарланған сыртқы саяси бағытын жалғастыруды ниет етіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28404?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай жасалған КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.Достық пен әріптестіктің ширек ғасыры ішінде екі ел арасында сенімді саяси диалог орнатылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды, шарт-құқықтық база кеңейтілді.Словак Республикасының Президенті Р.Шустердің 2001 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған бірінші ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді маңызды кезеңі болды. Аталған сапар барысында екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас негіздері туралы Декларацияға қол қойылды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы қарашада Словакияға жасаған ресми сапары және Словак Республикасының Президенті И.Гашпаровичтың 2010 жылғы наурызда Қазақстанға жасаған ресми сапары, сондай-ақ оның 2010 желтоқсанда ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жасаған жұмыс сапары ынтымақтастықты нығайтуға елеулі серпін берді.Парламенттік дипломатия екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға маңызды үлес қосуда. Екі елдің жоғарғы заң шығарушы органдарында достық парламенттік топтар құрылған. Депутаттар арасында тұрақты түрде сапар алмасулар жүзеге асады. Словакия Парламенті Еуропалық Одақтың елдері ішінде алғашқы елдердің бірі болып, ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.Саяси диалогты одан әрі күшейтуге маңызды үлесін Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі М.Лайчактың 2016 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары қосты. Сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар басшыларының тұрақты кездесуі мен СІМаралық консультациялардың өткізілуі екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетудің тиімді тетігі болды. Сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынастар дәйекті және үдемелі түрде дамып келеді. Энергетика, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көліктік инфрақұрылымды дамыту, білім және туризм салалары экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары болып табылады. Екі елдің іскер топтарының жақындасуын ілгерілетуде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының рөлі зор, бүгінге оның 6 отырысы өтті.Қазақстан мен Словакия негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарды қабылдайды және БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдар аясында жаһанды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлестерін қосу үшін халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.ҚР азаматтары үшін ЕО тарапынан визалық тәртіпті жеңілдету мәселесі бойынша Словакия ресми түрде Қазақстанға қолдау көрсетіп отыр. Өз кезегінде, 2017 ж. 1 қаңтардан бастап словак азаматтарына Қазақстанда 30 күн бойы визасыз болу мүмкіндігі берілді.Қазақстан мен Словакия екі ел халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағдарланған сыртқы саяси бағытты одан әрі жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28403?lang=kk
«Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» – Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі төрағалығының басты тақырыбы 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жыл 4 қаңтар – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі қызметі туралы айтты.Е. Ашықбаев БҰҰ ҚК-дегі төрағалығы барысында қазақстандық делегация Президент Нұрсұлтан Назарбаетың Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Саяси үндеуінде айқындалған жеті басымдықты іске асыруды жалғастыратын болады.Бірінші жұмыс күні БҰҰ ҚК мүшелері Кеңестің қаңтарға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, қабылдады және оның толықтығын, мазмұндылығын, өзектілігі мен теңгерімділігін атай отырып, жан-жақты қолдау білдірді. Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК тәжірибесіне Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелерінің туларын көтеру салтанатын енгізгенін атап өтті.Баспасөз конференциясы барысында Е. Ашықбаев 18 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбында жоғары деңгейдегі брифинг өтетініне назар аударды. Іс-шарада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, сондай-ақ БҰҰ ҚК мүше елдерінің жоғары деңгейдегі өкілдері өз баяндамаларын таныстырады деп күтілуде. «Тақырыптық брифинг қазақстандық дипломатияның дәстүрлі басымдықтарымен және Мемлекет басшысының сыртқы саяси бастамаларымен айқын үйлеседі», - деді министрдің орынбасары.БҰҰ ҚК төрағалығы барысындағы басқа маңызды іс-шара Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың қатысуымен өтетін «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбындағы министрлік пікірталастары болады.Ауғанстанға қатысты Е. Ашықбаев басқа жанжалды облыстарда қолдану үшін үлгі болуы мүмкін, ауған проблемасын шешудің үш негізгі аспектісін атады, олар: қауіпсіздік пен даму арасындағы тығыз байланыс, әртүрлі проблемаларды шешу үшін өңірлік көзқарас және БҰҰ құрылымдары арасындағы кешенді даму стратегиясы. Сонымен қатар ол ауған проблемасын реттеу өңірдегі елдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызы бар екенін атады.Дәстүрлі түрде қаңтарда Қазақстанның төрағалығымен Кеңесте Сирия, Ливия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Батыс Африка мен Сахель, Оңтүстік Судан, Мали, Сомали, Кипр және Колумбия елдеріндегі жағдайлардың ашық және жабық талқылаулары өтеді. 25 қаңтарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің деңгейінде «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тақырыбындағы тоқсандық ашық пікірталастар болады. Төрағаның бірқатар қарарлары мен мәлімдемелері қабылданады деп жоспарланған.Сонымен қатар министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі мүшелігінің бірінші жылы туралы әңгімеледі. Қазақстан делегациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының 61 қарарын қабылдауда, оның ішінде 11 тең авторлықта және 27 мәлімдемесінде өз үлесін қосты. Қазақстан үшін басты мәселелер, соның ішінде превентивті дипломатия, сенім шараларын нығайту, таратпау, жанжалдарды реттеу, халықаралық терроризмге қарсы тұру және т.б. мәселелер айтылды. Осылайша, Қазақстан әділ медиатор ретінде бүкіл әлемнің жалпы мүддесі үшін әрекет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28401?lang=kk
Вокал өнеріне деген сүйіспеншілік 14.04.2025
XIX ғасырдың вокалдық лирикасындағы жеке жан толқынысы мен көңіл-күй әлемін тыңдармандарға тамаша өнерпаз әртістер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмилә Жарқымбаева (сопрано) және Жан Тапин (тенор), халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская (меццо-сопрано), Азат Мәлік (баритон) ашады. Көрермендер сондай-ақ дарынды виолончельші, халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Мұқановтың өнерін бағалай алады. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова.Мазмұнды концерттік бағдарламада Михаил Глинканың, Петр Чайковскийдің, Николай Римский-Корсаковтың, Сергей Рахманиновтың опералық және камералық-вокалдық шығармашылығы ұсынылатын болады. Осындай ұлы композиторлардың көптеген туындылары бүгінгі күнге дейін әртүрлі елдердің көрермендері арасында үлкен сұранысқа ие болып, өзінің құндылығымен тыңдармандар мен музыканттарды таңдандырып келеді.Барлығымыздың сүйікті романстарымыз – М.Глинканың «Сомнение», «В крови горит огонь желанья», «Адель» П. Чайковскийдің «Скажи, о чем в тени ветвей», «Средь шумного бала», «Примирение», Н. Римский-Корсаковтың «Нимфа» және тағы басқа көптеген туындылар шырқалады. Атақты опералардан үзінділер де орындалатын болады, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы, Н.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсынан Марфаның ариясы, «Садко» операсынан үндістандық қонақтың жыры, «Мамыр түні» операсынан Левконың ариясы және т.б.Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған шығармалар шынайылығымен, тереңдігімен, көркемдігімен, эстетикалық әсерлілігімен ерекшеленеді. Солистер осы кеште Камералық зал сахнасына ерекше сезіммен шығатынын атап өтті. Олардың міндеті– көрермендерге автордың түпкі ойына сәйкес туындының бар қыр-сырын жеткізу, әрбір шығарманың өзгешелігін, шағын бөлшегін немесе музыкалық екпінін барынша дәл беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/28357?lang=kk
Қазақстан мен Африкалық Одақ Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді 14.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 15 қаңтар - Қазақстанның Африкалық Одақ жанындағы Тұрақты Өкілі Ерлік Әли Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету туралы Келісім рәсіміне қатысты.Аталған келісімге сәйкес Қазақстан Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Африкалық Одақтың Комиссиясына 215 мың АҚШ долл. жолдайды. Атап айтқанда, мемлекеттің Оңтүстік-Батыс облыстарына таза суды қамтамасыз ету бойынша екі жобаны іске асыру мақсатында бөлінетін қаржы болып табылады.Келісімнің талаптарына сәйкес 2018 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан тарапы аталмыш жобалардың іске асырылуын тексеру мақсатында Сомалиге сапар ұйымдастыратын болады.Африкалық Одақтың құрылымдары арқылы Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету шешімі мемлекетте «Аш-Шабаб» террористік топтардың істері мен азаматтық соғыс салдарынан пайда болған қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты қабылданды.Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық ұйымдарға ерікті жарналар жолдау бағдарламасына сәйкес аталған келісімге қол қойылды.Сонымен қатар, Қазақстанның Сомалиге гуманитарлық көмек көрсетуі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Саяси жолдауында айтылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарында ұсынылған БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі ретінде еліміздің бастамаларына (Африканың бейбіт және тұрақты дамуына жәрдемдесу) сәйкес болып келеді.Сомалидегі жағдай Сомали мен Эритрея бойынша БҰҰ ҚК санкциялар комитетінің (Комитет 751/1907) төрағасы ретінде Қазақстанның жауапкершілік аймағына кіреді.Оған қоса, зардап шеккен халықты сумен қамтамасыз ету бойынша аталған жобалар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі ядролық, су, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі төрт бағдарламаларына сәйкес келеді.Қазақстан 2014 жылдың қараша айынан бастап 1 млрд. астам тұрғыны бар құрлықтың 55 мемлекетті біріктіретін Африка одағының байқаушысы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28285?lang=kk