Enbekshi QazaQ

Қуқық

Парламент Мәжілісі «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметі туралы келісімді мақұлдады 14.02.2025
2025 жылдың 5 ақпанда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы Келісімді мақұлдады.Қазақстандағы «Атамекен» және Өзбекстандағы «Гулистан» бақылау-өткізу бекеттерінің жанында орналасады. Оның құрамына өндірістік алаңдар, қоймалар және көлік инфрақұрылымы кіреді. Бұл жүк тасымалының жылдамдығын арттыруға, логистикалық шығындарды азайтуға, жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға, тұтынушылар үшін өнімнің соңғы құнын төмендетуге, жеткізу жылдамдығын арттыруға және «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді.«Келісімге сәйкес, Орталықтың жалпы аумағы 100 гектарды құрайды, оның 50 гектары – Қазақстанға, ал 50 гектары – Өзбекстанға тиесілі. Белгілі бір аумаққа өңірлік индустриялық аймақ мәртебесі беріледі. Орталықтың инфрақұрылымы бюджеттен тыс қаражат есебінен салынады», – деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жалпы отырыста.Министр Түркістан облысының әкімдігі ашық конкурс ұйымдастырып, Орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салатын негізгі инвесторды таңдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта инвестор Орталықты қажетті инфрақұрылымдық нысандармен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр.Техникалық және құрылыс жұмыстары 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқталып, 2027 жылдың бірінші жартысында орталықтың ресми ашылуы жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/931917
Сауда министрі Арман Шаққалиев қазақстандық кондитерлік фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды 14.02.2025
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қостанай облысына жұмыс сапарында өңірдің бірнеше нысандарын аралап, жергілікті өнеркәсіптің даму барысымен танысты.Министр KIA автомобиль зауытында болып, онда жылына 70 мың автомобиль шығаруға қауқарлы жаңа өндіріс құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ, шойыннан жүк техникасына арналған автокомпонет шығарытын "KamLitkz" зауытында болды. Министр мұндай кәсіпорындардың өңір өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін маңызды рөл ойнайтынын айтты.Сондай-ақ, Қостанайдың символына айналып, отандық өндірістің мақтанышы болып саналатын "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасын да назардан тыс қалдырмады. 1974 жылдан бастап зауыт кондитерлік өнімдердің кең ассортиментін ұсына отырып, тәулігіне 240 тоннадан астам өнім шығарады. Өз кезегінде Арман Шаққалиев ақпан айында өтетін Қазақстанның Тегерандағы сауда-экономикалық миссиясы аясында фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды."Сату географиясын кеңейту зауытқа қуаттылықты арттыруға көмектеседі және «Made in KZ" брендін халықаралық аренада ілгерілетуге қолдау көрсетеді", - деп атап өтті сауда министрі.Сондай-ақ, министр танымал ірімшіктер мен сүзбелермен қоса, «Новый день» брендімен өнім шығаратын "Милх" ЖШС жаңа зауытына барды. Арман Шаққалиевтың айтуынша қазақстандық сүт өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Осы тұста министр отандық өндірісті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Одан бөлек Жол картасына сәйкес жаңартылған «Саяхат» базарына да ат басын тіреді. Модернизация сауда мен тұтынушыларға қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл Қостанайдағы 3 базар жаңартылады.Қостанайға сапары барысында министр өңірдің бизнес өкілдерімен кездесіп, сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау және салық реформасы туралы сұрақтарға жауап берді. Арман Шаққалиев сауда субъектілері үшін мемлекеттік көмектің шараларын, соның ішінде сауда объектілерін салу және жаңғырту үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы баяндады. Осы мақсатта бюджеттен 5.27 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Қостанай облысында «Даму» қорымен 22 жобаның пулы құрылып, оның 18-і мақұлданған. 6 жоба бойынша кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден 529 млн теңге несие алған, оның 57 млн теңгесі субсидияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/933704
Арман Шаққалиев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады 14.02.2025
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жақында дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық электрондық платформалар саласындағы өзара ынтымақтастықты талқылады.Кездесуде қос тарап онлайн-сауданы дамытуға баса назар аударды. Әңгіме барысында Қытайдың JD.com, Alibaba және Douyin секілді жетекші маркетплейстері платформаларындағы табысты бастамалар қарастырылды. 2022 жылы іске қосылған Alibaba платформасындағы Қазақстанның ұлттық павильоны 290 қазақстандық компанияны біріктіріп, 7500-ден астам тауар түрін ұсынады. Осы алаңдағы жалпы сатылым көлемі 260 миллион АҚШ долларынан асты. 2023 жылы JD.com платформасында Қазақстан павильоны ашылып, 60-тан астам өнім түрі ұсынылды. Платформаның жазылушылар саны 960 миллионнан асып, JD.com-да Қазақстан тауарларының сатылымы 2023 жылы 1 миллион юаньнан 2024 жылы 1,3 миллион юаньға дейін өскен.Арман Шаққалиев 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы тарихи көрсеткішке жеткенін атап өтті. Министр Қазақстан экспортын белсенді түрде әртараптандыру және жеткізілетін өнімдердің ассортиментін кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин сауда байланысында оң динамика барын мәлімдеді.«Қытайдың Бас кеден басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауда көлемі 43,8 миллиард АҚШ долларына жетті. Қазақстанның Қытайға экспорты 15,8 миллиард АҚШ долларын құрап, 9% өсті. Бұл тенденция бізді алдағы уақытта сауда айналымын екі есе арттыруға деген амбициялық мақсатымызды жүзеге асыруға бағытталған сенімді қадамымызды растайды», - деді дипломат.Елші сондай-ақ энергетика, ауыл шаруашылығы, трансшекаралық сауда және қызмет көрсету салаларында ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Ол қазақстандық кәсіпкерлерді биылғы жылдың шілде айында өтетін Қытайдың халықаралық импорттық тауарлар көрмесіне қатысуға шақырды.«Биыл біз жеті мамандандырылған аймақты ұйымдастырамыз. Олар өндірістік блок, таза энергетика, ақылды көліктер, цифрлық технологиялар, салауатты өмір салты, медицина және АӨК экологиялық таза өнімдері», - деді Хань Чуньлин.Сонымен қатар, тараптар онлайн-сауда үшін заманауи инфрақұрылым құруды, оның ішінде қойма орындарын дамыту мәселелерін талқылады.Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Қазақстан 2025 жылы бірқатар сауда-экономикалық миссиялар өткізіп, Қытайда өтетін ең ірі көрмелерге қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/934164
Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды 14.02.2025
Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Грузия мемлекетімен жұмысты бастап кеттік. 2023 жылы біз ол елге бидай да, ет те шығармаған болатынбыз. 2024 жылы олармен қарым-қатынасты түзеп, бидай, сиыр еттерін экспорттадық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 71 млн долларға экспорт жасалды. Бидай мен етті экспорттау бойынша жұмыс биыл да жалғасатын болады, - деді министр Қазақстан және Грузия Үкімет басшыларының келіссөзінен кейін БАҚ өкілдеріне.  АШМ басшысының айтуынша, биыл бидайдың бағасы былтырғы жылға қарағанда төмен. Сол себепті екі ортадағы логистикаға субсидия төленеді. Грузияға биыл 80 мың тонна бидай экспорттауға келістік. Олардың жылдық тұтыну қажеттілігі 80-100 мың тонна. Ал ет бойынша, олардың тарапынан қанша сұраныс болса, біз сонша ет жеткізуге дайынбыз, - деді Айдарбек Сапаров. Айта кетейік, бұған дейін 20 жыл ішінде ел экономикасына грузиялық инвесторлар қанша қаржы құйғанын жазған едік.  Сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдау көлемі өткен жылы 62 пайызға артты.  Дереккөз: www.inform.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/932103
АШМ-де мал қыстағының өту барысы талқыланды 14.02.2025
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің төрағалығымен ҚР АШМ-де мал шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.Жиынға Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің, облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының басшылары қатысты.Кеңестің негізгі тақырыптары өңірлердегі қыстау барысы, жем-шөп өндірісін дамыту жөніндегі Жол картасын өзектендіру, ветеринарияны цифрландыру және басқа да мәселелер болды.«Қысқы қорада ұстау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерін орындау қамтамасыз етіледі. Кейбір өңірлерде табиғи-климаттық жағдай қолайсыз болып тұр. Осындай кезеңде басты міндетіміз – мал басының азаюына жол бермеу», – деді вице-министр.Мал шаруашылығы департаментінің директоры міндетін атқарушы Бағлан Аймырзаевтың айтуынша, әкімдіктердің мәліметіне сәйкес, барлық өңірлер шөп, сүрлем, пішендеме, сабан және құрама жеммен толық қамтамасыз етілген, жем-шөп қорының қалған көлемі 65%-ды құрайды. Бұл мал басының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеу, экспортқа шығаруды бақылау үшін жаңа функционалды енгізу шаралары туралы баяндады.2024 жылы өңірлерде 220-дан астам мал қорымы, ветеринариялық және сою пункттері салынды, 8 инсинератор сатып алынды.Қазіргі уақытта «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулі барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда пилоттық режимде іске асырылып жатыр, ал 2025 жылғы наурыздың соңында толық көлемде іске қосылады.Жиын қорытындысы бойынша Аманғали Бердалин жергілікті атқарушы органдарға қыстауды ұйымдастыру және аурулардың алдын алу бойынша шаруашылықтармен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, ауа райының қолайсыздығы жағдайында жылқыларды мұз қатқан жерлерден жем-шөпке қолжетімді жайылымдарға айдауды ұйымдастыруды, сондай-ақ мал шаруашылығының индикативтік көрсеткіштерін орындауды және жалпы өнім көлемін екі есе арттыру жөніндегі Жол картасы аясында жұмыстарды қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/932276
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» мал шаруашылығы кәсіпорындарын жемдік астықпен қамтамасыз етуге дайын 14.02.2025
Мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарының жемшөп базасын құруға қолдау көрсету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» жемдік астықты сатуға дайын. Мемлекеттік оператор тұрақты жұмыс істейтін 200 мың тонна астық көлеміндегі жемдік қорды қалыптастырды.Жемшөп сатып алу үшін фермерлер жергілікті атқарушы органдарға жүгінуі керек, олар сатып алушылардың тізімін қалыптастырады және Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына жем сатып алуға өтінімдер жібереді. Жемдік астық шаруашылықтарға белгіленген бағамен сатылады. Шикізатты жөнелту Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының элеваторларынан жүргізіледі.2022 жылдан бастап ішкі нарықты қолжетімді азықпен қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы маусымаралық кезеңде мал шаруашылықтарына беретін жемдік астықтың резервтік қорын құрады. 2024 жылы астық операторы кәсіпорындарға 120 мың тонна жемдік бидай жөнелтті.Естеріңізге сала кетейік, ақпан айы мал өсірушілер үшін ең қиын айлардың бірі болып қала береді, өйткені оның климаттық сипаттамалары мен айналым ерекшеліктері қаңтарға өте жақын.Ауа-райына назар аударуды және шалғайдағы малдың қыстауын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/932336
Еңбек адамы 14.02.2025
Сіздердің назарларыңызға Григорий Алексеевич Селивановты ұсынамыз.Григорий Алексеевич 76 жаста, оның 49 жылдық өмірі ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты.Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін «Березовское» шаруа қожалығын басқармас бұрын, ол еңбек жолында көптеген қиындықтарды еңсерді: экспедитор, жем цехының меңгерушісі, МТМ механигі, партия комитетінің хатшысы, сондай-ақ Калинин атындағы колхоздың ең ірі шаруашылықтарының бірінің төрағасы болды.Көп жылдық еңбегінің нәтижесінде Григорий Алексеевич өз ісін жетік меңгерген, жұмыс барысын тиімді ұйымдастыра алатын және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін білікті басшы ретінде танылды. Оның мол тәжірибесі мен терең білімі түрлі мәселелерді шешуде тың әрі оңтайлы жолдарды табуға көмектеседі.Григорий Селиванов үлкен беделге ие, жинақтаған білімі мен тәжірибесін жастарға үйретуден жалықпайды.Ол – «Ауданның құрметті азаматы», сондай-ақ мемлекеттік марапаттардың, құрмет грамоталарының және түрлі мемлекеттік әрі қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттарының иегері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/932940
Атырау облысында қуаты 144 мың тонна болатын қант зауыты салынады 14.02.2025
«Голдбридж халықаралық компаниясы» ЖШС өңірде жылына 144 мың тонна қант өндіретін ірі қант зауытын салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда.Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.Аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 000 тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады.Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, ол қант қызылшасын өсіруге дайын.Жобаның құны – 58 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/933127
Алтынды заңсыз өндіргені үшін жауапқа тартылды 14.02.2025
Департаментом по управлению земельными ресурсами Костанайской области КУЗР МСХ РК совместно с прокуратурой и органами внутренних дел Житикаринского района пресечен факт незаконной добычи золота на земельном участке, предназначенном для пастбища.В ходе проверки установлено, что ТОО приобрело права на земельный участок с целевым назначением «для ведения сельскохозяйственного товарного производства». Однако фактически участок использовался для нелегальной добычи драгоценных металлов путем вымывания грунта.Во время осмотра территории обнаружены спецтехника, металлоискатели и другие инструменты для незаконной добычи полезных ископаемых.Кроме того, был зафиксирован факт уничтожения плодородного слоя почвы. Департаментом был наложен штраф на сумму 2,6 млн тенге.Также ТОО обязано восстановить плодородный слой почвы, нарушенный в результате незаконных действий.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/933371
Көкшетауда «ТҰҚЫМ-2025» тұқым күні өтті 14.02.2025
Көкшетауда агрономдар, сарапшылар және Қазақстан, Еуропа мен жақын шетелден келген зерттеушілерді жинаған «ТҰҚЫМ-2025» халықаралық конференциясы өтті.Сапалы тұқымдар жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Өткен жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы мамандары агрономиялық технологияларды қатаң сақтаудың, элиталық тұқымдардың егіс алқаптарын ұлғайтудың және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын табысты іске асырудың арқасында айтарлықтай жетістіктерге жетті.Тұқым сұрыптау бұл үдерісте маңызды рөл атқарады. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығарумен белсенді айналысады. Орталық ғалымдарының еңбегінің айқын нәтижесі ретінде «Таймас» жаздық жұмсақ бидай сорты атап өтуге болады. Өткен жылы бұл сорт Қазақстанның климаттық өзгерістеріне бейімделуімен және селекциядағы инновациялық жетістіктерімен ерекшеленіп, үлкен маңызға ие болды.Конференция барысында ғалымдар мен мамандар тұқым сапасын арттыру, қазіргі заманғы селекциялық технологияларды енгізу, өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану және өнімділікті арттыруға бағытталған сорттарды жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдік және отандық селекционерлер әзірлеген болашағы зор жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары туралы ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934200
Республикалық флешмоб аясында қазақстандықтар 300-ден астам қайырымдылық шара ұйымдастырды 14.02.2025
«Игі істі бөліс» республикалық флешмобының алғашқы аптасында 300-ден астам қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланды.Акцияға елдің түкпір-түкпірінен еріктілер топтары мен ұйымдары белсенді түрде қосылды. Алматыда жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат балалар үйлеріне көмекке жұмсалды.«Jaiyk Jastary» (Орал) еріктілері коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шай мен тамақ таратып, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауға көмектесті. Астана мен Шымкент жастары қарттар үйінде арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Флешмобты «Jastar Oskemen» (Шығыс Қазақстан облысы), «Zheltorangy_zhastary» (Алматы облысы) және «Biz_birgemiz_dulaty» (Тараз) еріктілер ұйымдары да қолдады.Айта кетейік, флешмобқа қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/931481
Қазақстандық делегация БРИКС елдерінің креативті индустриялар саммитіне қатысты 14.02.2025
Бүгін, 5 ақпанда, Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен БРИКС елдерінің креативті индустриялар саммитіне қатысты.Алаң Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка және 2025 жылдан бастап ұйымның серіктес елдерінің бірі болатын Қазақстан өкілдерін біріктірді.Саммит аясында «Жаһандық трансформация кезеңіндегі креативті индустриялар» атты пленарлық отырыс өтті, оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты.Ол әріптестеріне Қазақстанда креативті индустриялардың дамуы мен бұл секторды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол БРИКС аясындағы ынтымақтастық креативті экономиканы одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Қазақстандық делегация құрамында креативті секторды қадағалайтын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен креативті хабтардың басшылары да болды.Халықаралық кездесудің мақсаты – креативті сектордың экономикалық әлеуетін талқылау және дамыту, нетворкинг пен тәжірибе алмасу. Бұл бағыттарға сәулет және урбанистика, IT, кино, видео және фотография, музыка, дизайн және сән, заманауи өнер кіреді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/931797
Бейжің декларациясының 30 жылдығы: Астанада жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтті 14.02.2025
Астанада Бейжің декларациясының 30 жылдығына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысының 25 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтті. Бұл –әйелдердің құқықтарын кеңейтуге және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі халықаралық құжаттар.Кездесуге Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің өңірлік директоры Белен Санс Луке және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.Кездесуде Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева сөз сөйлеп, Қазақстанның 1995 жылы Бейжің декларациясына қосылған сәттен бастап, ұлттық және халықаралық басымдықтарды ұштастырып, тұрақты гендерлік саясат қалыптастыру бағытын берік ұстанғанын атап өтті.«Бұл процесс ең алдымен нақты құрылған институционал тетіктердің жүйесіне негізделеді. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ауқымды конституциялық реформа Конституциялық сотты қайта қалпына келтіріп, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын бекітті. Мен бұл өзгерістердің маңызын ерекше атап өткім келеді, өйткені құқық қорғау институттарының күшеюі гендерлік теңдікті ілгерілетіп, қорғау үшін сенімді жағдай жасайды», – деді Айда Балаева.Осы мақсатта Қазақстанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс істейді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылы өңір басшылары жанынан гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесші институты құрылды. Ал Қазақстандағы гендерлік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға жауапты негізгі мемлекеттік орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі. Министрлік құрамында арнайы комитет жұмыс істейді.Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің өңірлік директоры Белен Санс Луке Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің гендерлік саясатын жоғары бағалады. Ол оң өзгерісті атап өтіп, Бейжің декларациясының мақсаттары әлемде толық жүзеге асатынына сенім білдірді.«Елдегі әйелдер мен қыз балалардың құқығын кеңейту бойынша қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін қуаныштымын. Біз барлық әйелдер мен қыз балалар еркін, мүмкіндіктері мен құқықтарының бар болуы үшін күш саламыз. Үкіметаралық деңгейде келісілген уағдаластықтар аясында жеткен жетістіктеріңізді жоғары бағалаймыз», – деді Белен Санс Луке.Бейжің декларациясы 1995 жылы Әйелдер жағдайы жөніндегітөртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Құжатта әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын кеңейту бойынша 12 негізгі салада стратегиялық іс-қимылдар белгіленген. «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысы 2000 жылы қабылданып, әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесіне қатысты тиімді шешімдер қабылдауын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/932536
Аида Балаева: 2025 – идеологиялық тұрғыда ерекше атаулы жыл 14.02.2025
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2025 жылғы жұмыстың бағыт-бағдарына, мақсат-міндеттеріне тоқталды.«2025 жыл – идеологиялық тұрғыда ерекше атаулы жыл», – деді министр.Биыл бірқатар атаулы мерейтойлар мен мәдени іс-шаралар өткізіледі. Олардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бар. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы және басқа да көрнекті тұлғалардың мерейтойлары аталып өтпек.Аталған мерейтойлық әрі маңызды іс-шаралармен қатар, белгілі тұлғалардың мерейтойларын да жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр.«Бұл іс-шараларға қатысты кешенді жоспар бекітілді. Дегенмен атқарылар жұмыстар формальды түрде өтпеуі керек. Әр іс-шараның мәні мен мазмұны, тағылымы терең болуға тиіс», – деді Аида Балаева.Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар жоспарлануда. Сондай-ақ, «Батырларға тағзым» онлайн-платформасы іске қосылады. Порталға 1 млн-ға жуық қазақстандық жауынгердің есімі бойынша мәліметтер, сондай-ақ жеке құжаттары мен фотосуреттері енгізілді.Аида Балаева саланы цифрландыру мәселесіне де жіті назар аудару қажетін айтты. Цифрландыру – мәдениет пен ақпарат саласындағы тың мүмкіндіктер алаңы.Министрлік мәдени мұраларды сақтау және қолжетімді ету үшін цифрландыруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. «E-museum» веб-порталы іске қосылып, Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі жасақталмақ. Бұл жоба тарихи-мәдени мұраларға 3D-модельдеу технологиясын қолдану арқылы онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз етеді.Кино саласына қатысты өзекті мәселелер де ұдайы назарда. Солардың бірі – «Қазақфильмді» дамыту. Президент қол қойған заңға сай, енді мемлекеттік қаржыландырудың кемінде 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады.«Бұл жерде ерекше атап өткім келетіні – мемлекеттен бөлінетін әр тиынның есебі, сұрауы бар. Сондықтан, бұл қаражат сараптаудан өткен лайықты туындыларға ғана бөлінеді», – деді Аида Балаева.2024 жылы алғаш рет ұлттық мүддемізге, идеологиямызға сай келетін басым тақырыптар бекітіліп, жаңа форматтағы конкурс өткізілді. Былтыр 16 ұлттық фильм прокатқа шықса, 2025 жылы 14 жаңа кинотуынды жарық көреді.Сондай-ақ, анимация саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. 2025 жылы 10 анимациялық жоба жасалып, балаларға арналған қазақша мультфильмдер өндірісі артады.Телеарналардағы сериалдардың да сапасы артып келеді. 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 41 сериал дайындалып, көрсетілді.Министрлік ұлттық кино мен сериалдарды шетелге экспорттау мәселесіне де назар аударып, ұлттық стриминг платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.Бұдан бөлек, кинопрокатқа шығатын отандық және шетелдік фильмдердің мазмұнына байланысты прокаттау куәлігін беру бойынша заңнаманы күшейту жұмыстары жүргізілуде.Кино саласын бұдан әрі кезең-кезеңмен жетілдіру жұмыстары жалғасады.Бүгінде жалпы мәдениет саласында 8 мыңға тарта мәдениет ұйымында 58 мыңнан астам адам қызмет етеді. Былтыр театрларда өткен 16 мыңға жуық іс-шараға 3 млн-ға жуық көрермен келсе, музейлерде ұйымдастарылған іс-шараға 2 млн-нан аса адам қатысқан.Бұл ретте министр мәдени ұйымдарда өтетін коммерциялық іс-шаралардың да мазмұнына мән беру керек екенін айтты.«Өйткені киелі сахна – талғам мен тағылымның ордасы. Сол себепті де мәртебелі өнердің қадір-қасиетін түсірмей, бәріміз де жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. Мәдениет ошақтары саяси лозунгтар мен ұрандардан ада болып, нағыз өнердің кең қанат жаюына жағдай жасауы керек», – деді Аида Балаева.Сонымен қатар, министр ел ішінде алауыздық туғызып, діни, этносаралық араздықты қоздыру фактілерін болдырмау үшін жауапкершілікті күшейту керек екенін де атап өтті. Қазіргі кезде елімізде 18 конфессияны білдіретін 4 мыңға жуық тіркелген діни бірлестік бар. Сондықтан, қоғамның рухани мәселелерін шешуде бұл салада да бірлесе жұмыс істеу орынды.Сондай-ақ этномәдени бірлестіктерді гранттық қолдау этносаралық келісім мен бірлікті дамытуға ықпал етеді. Аида Балаева осы мәселенің құқықтық қамтамасыз етілуін пысықтау қажетін айтты.Жалған ақпаратпен күресу және ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін арттыру үшін «Масс-медиа туралы» жаңа заң қабылданды. Өткен жылы онлайн-платформаларда заңнаманы бұзған 67 мыңнан астам факті анықталып, 18 мыңнан астам материал жойылды. Министрлік журналистердің біліктілігін арттыру, медиа сауаттылықты көтеру және фактчекинг бойынша тренингтер ұйымдастыруды қолға алды.2025 жылы Орталық Азия медиафорумы өтеді, онда медиа саласының өзекті мәселелері талқыланбақ.Тағы бір маңызды бағыт – креативті индустрияларды дамыту. Мемлекет басшысы таяуда креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша заңға қол қойды. Енді креативті индустрияларды дамыту қоры жұмысын бастайды. Әр өңірде креативті хабтар ашылуда. Бүгінде республика бойынша 12 креативті орталық жұмыс істейді, ал 2025 жылы тағы 8 орталық ашу жоспарланған.Министрлік мәдениет саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 2024 жылы ел өңірлерінде мәдениет нысандарына қатысты 255 жөндеу және 45 құрылыс жұмыстары аяқталды.Ұлттық музей, Мұхтар Әуезов атындағы драма театры, Наталья Сац атындағы театр және басқа да мәдениет нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Сөз соңында, министр 2025 жылға арналған ауқымды жоспарларды іске асыруда барлық сала мамандарын, қоғамдық кеңестер мен журналистерді белсенді қатысуға шақырды.«Халықтың бірлігін нығайтып, еліміздің тұрақты дамыту –баршамызға ортақ мүдде. Ендеше, ортақ мақсат жолында бірлесе қызмет ете берейік», – деді Аида Балаева. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/932846
Астанада Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті 14.02.2025
Бүгін, 7 ақпанда Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті. ҚР Ұлттық музейінде өткен жиынға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің Мәдениет министрлері қатысты. Кеңес отырысында «Түркі әлемінің келешегі – 2040» стратегиялық құжатындағы түркі мемлекеттері басшыларының тапсырмаларына сәйкес түркі мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және оны халықаралық аренада насихаттау бойынша стратегиялық қадамдар талқыланды. Аида Балаева Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры аса құнды мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңызды миссиясын атқарып келе жатқанын атап өтті. «Бүгінде біздің елдер үшін тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі өзекті. Ежелгі ескерткіштер мен артефактілердің жағдайына уақыт, климаттың өзгеруі және өкінішке қарай антропогендік фактор әсер етуде. Сондықтан қазір мұндай нысандарды консервациялау және реставрациялау саласындағы білікті мамандарға қажеттілік өсуде», – деді министр. Сондай-ақ, Аида Балаева Түркістан қаласында реставраторларды оқыту жобасын іске асыруды ұсынды. Семинар әртүрлі елдер реставраторларының тәжірибе алмасуына және бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етеді. Бұдан бөлек, түркі өркениеті дамуының түрлі тарихи кезеңдерін қайта жаңғырту мақсатында биыл «Ботай және Тұран – түркі әлемінің негіздері» тақырыбында семинар-тимбилдинг ұйымдастырылатынын айтты. Жиында Ақтоты Райымқұлова қордың 2024 жылы атқарған қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ, 2025-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды. Іс-шара түркі елдерінің мәдени ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам болды. Аталған кездесу мәдени мұраны сақтау саласындағы өзара байланысты нығайтып, халықаралық жобаларға жаңа серпін берді. Сонымен қатар, кеңес отырысы аясында ҚР Ұлттық музейінде ҚР МАМ қолдауымен «Тіл – ізгіліктің бастауы: Диуан луғат әт-түрк» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Диуан луғат әт-түрк» энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығына орай ашылған көрме түркілердің өркениет құрушы қырына баса назар аудара отырып, бүгінге жеткен бірегей қазынаны таныстыруды мақсат етеді. Айта кетейік, 2025 жылы Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесіне Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.   ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/933895
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 14.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылау бастау алғандығын хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15430946 сілтемесі бойынша қолжетімді.Сізден жобаны талқылауға қатысуды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/933987
Астанада Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды 14.02.2025
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті.Іс-шарада Үкімет қаулысымен қабылданған 2025 жылы Жеңістің 80 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу бойынша «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты республикалық іс-шаралар жоспарын бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.Отырысқа ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты атқарылатын идеологиялық жұмыс туралы хабардар етті.Министрлік жыл сайын ардагерлер ұйымымен бірлесіп ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, тарихқа құрметпен қарауға, патриоттық сезім мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуде.Айта кетейік, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру аясында өңірлерде 260 мыңнан астам жасты қамтитын 9 мыңға жуық ұйым қызмет етеді. Өткен жылдың өзінде 2 млн-нан астам бала мен жас қатысқан 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/934036
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды 14.02.2025
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті.Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.Әннің премьерасы «Qazaq Radiosy» және «Shalqar Radiosy» радиостанцияларының эфирінде орындалды.Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/934272
Энергетика саласының басым бағыттары талқыланды 14.02.2025
Астана қаласы Аманат партиясының «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаевтың қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің «Энергетика» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті. Жиында еліміздің энергетика саласындағы маңызды міндеттер мен стратегиялық бағыттар кеңінен қарастырылып, Мемлекет басшысының осы салаға қатысты айтқан бастамаларына ерекше назар аударылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, еңбек адамдарына айрықша көңіл бөлуді тапсырған болатын. Бұл бастама ел экономикасының маңызды салаларында еңбек етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыруға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ кәсіби даярлық деңгейін жоғарылатуға үлкен мүмкіндік береді. Энергетика, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да өндірістік салалардағы жұмысшылар – ел дамуының негізгі тірегі. Осыған орай, жұмысшылардың біліктілігін арттыру, олардың еңбегін әділ бағалау және еңбек жағдайын жақсарту – басты басымдықтардың бірі болмақ. Кездесу барысында еліміздің энергетика саласын дамыту жолдары, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін енгізу, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа технологияларды игеру және отандық мамандарды даярлау мәселелері де сөз болды. Әсіресе, елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі талқыланып, оның энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы ерекше атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, АЭС – тұрақты әрі экологиялық таза энергия көзі ретінде Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді. 2025 жылға арналған бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/931845
Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры тағайындалды 14.02.2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып Толқын Жолдыбайқызы Исақова тағайындалды.Толқын Жолдыбайқызы Исақова 1977 жылы 1 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2021 жылы Еуразия гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.Еңбек жолын 1999-2008 жылдары Жамбыл облысының Байзақ ауданында бастаған.2008-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде қызмет атқарған.2011-2016 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитетінде бас сарапшы, басқарма басшысы.2016-2019 жылдары Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнде сектор меңгерушісі болған.2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында қызмет атқарған.2025 жылғы 3 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/931956