Қуқық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі 01.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926224
Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды 01.02.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев:«Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық.Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/925941
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан 01.02.2025
Президент:«Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп.Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін.Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады.Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек» Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/925954
Президент: Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет 01.02.2025
Президент:«Енді көлік-логистика инфрақұрылымына тоқталайық. Транзит – жүк тасымалына қатысты халықаралық бәсекедегі біздің орасан зор артықшылығымыз. Мұны толықтай әрі тиімді пайдалануымыз керек.Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет. Бұл жоба Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болмақ. Осы бағыттағы маңызды жобалардың біразы қазір жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала қамданып, жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беру керек.«Мойынты – Қызылжар» бағытында жаңа темір жол құрылысын бастауды тапсырамын. Сондай-ақ Қызылжар бекетінен Ақтау портына дейінгі күре жолдың қозғалысы аса көп учаскелерін жаңғырту керек.«Алтынкөл – Жетіген» темір жолын да кеңейту қажет. Бұл Қытай мен Орталық Азия арасындағы көлік дәлізінің әлеуетін едәуір арттырады. Бұдан бөлек, темір жол тасымалын цифрландыру жобаларын уақтылы аяқтау маңызды. Мультимодальды көлік тораптарын дамытуға баса мән берген жөн. Сол арқылы тасымалдың барлық түрін өзара кіріктіруге мүмкіндік туады. Биыл және келесі жылы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуға тиіс»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/926039
Астанада арнайы компанияда жұмысшы мамандардың жұмыс киімі әзірленеді 01.02.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» етіп жариялады. Елордада осы бағытта түрлі шаруалар жүзеге асып келеді. Мәселен, Астана қаласы маңындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан тігін өндірісімен айналысатын «ASTANA Ютария LTD» серіктестігі бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Тігін компаниясы бір жылда әр мамандыққа арналған 200 мың дана киім өндіруге қауқарлы.«Кеңсеге арналған классикалық үлгімен қатар, «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай өндірістегі басшылық құрамның және жұмысшылардың жұмыс киімін тігеміз. Нақтырақ айтқанда, шахтер, мұнай-газ бен теміржол саласындағы жолсерік азаматтардың және дәнекерлеушілерге арналған арнайы топтамаларымыз бар. Бұлардың кейбірінде жаздық және қыстық үлгідегі нұсқасы қатар дайындалады», - деді компаниядағы өндіріс бөлімінің басшысы Дінайша Бектібаева.«Индустриялық парк – өз өнімдерін шығаруға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға, қаланың дамуына жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін елорданың басты өндірістік алаңы. №1 Индустриялық парктің өнеркәсіптік нысандарының инвестициялық портфелі шамамен 121 жобаны қамтиды. Оның ішінде 67 жоба толыққанды жұмыс істеп,5 347-ден астам жұмыс орны ашылды», - дейді бас директордың технология және әзірлеме жөніндегі орынбасары Гүлнар Игембаева. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/925597
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы мен 1600-ден астам арнайы техника қар күреуге жұмылдырылды 01.02.2025
Елордада қар тазалау жұмысы жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.28 қаңтар күні таңертең елордада қар тазалауға 2 603 жол жұмысшысы мен 1 647 арнайы техника жұмылдырылды.28 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 50 мың текше метрге жуық қарды 3 809 ауыр жүк рейсімен шығарды.Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан полигондарға 4,18 млн текше метрден астам қар 329 238 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/925637
Елордалық жастар жеңілдетілген шарттармен баспана сатып ала алады 01.02.2025
Астанада бүгінде сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйде тұрып жатқан жұмысшы жастар «Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Осы жаңашылдық аясында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйде тұратын жастар үшін жас шектеулері мен мамандыққа қойылатын талаптар алынып тасталды, одан жалға алушылар жалдау мерзімі, яғни 5 жыл өткеннен кейін шығарылады.«Қазір олар үшін басты шарт – төлем қабілеттілігін банк арқылы растау. Егер табыс жеткіліксіз болса, бірлескен қарыз алушыларды тарта аласыз. Жұмыс істейтін жастар санатындағы негізгі жұмыс берушінің тұрақты табысы болмаған жағдайда (мысалы, декреттік демалыста немесе жұмыссыз болса), несие алуға өтініш беруге жұбайының қатысуы (болған жағдайда) рұқсат етіледі», - деп хабарлайды Астана тұрғын үй орталығы.23 қаңтардан бастап елордалық Тұрғын үй орталығында «Отбасы Банкі» АҚ қызметкерлері сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға алу шарты 2025 жылдың наурыз айында аяқталатын жастарға кеңес беріп, төлем қабілеттілігін алдын ала тексеруде. Осы санаттағы жастарға арналған бағдарламаны іске асыру және «Елорда жастары» бағдарламасы аясында несиелеуді одан әрі рәсімдеу Астана қаласының Тұрғын үй орталығында және «Отбасы Банкі» АҚ филиалдарында осы жылдың ақпан айының бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады.Елорда тұрғындары арасында басқа санаттар үшін қызмет саласына қарай «Елорда жастары» бағдарламасының талаптары өзгеріссіз қалады. Бағдарламаға Астанадағы мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдардың жас қызметкерлері тартылады.«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша жастарға баспана алу үшін жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беріледі. Несие сомасы жинақтау мерзіміне қарамастан тұрғын үйдің нарықтық құнының 10% мөлшерінде бастапқы жарнаны жинақтау шартымен 18 млн теңгеге дейін. Несие мерзімі – 19 жылға дейін. Жастар пәтерді бастапқы және нарықтан сатып ала алады.Биыл «Елорда жастары» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасына жалға беру шарттары 2025 жылы бітетін азаматтар жіберіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/925827
Елордада Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті 01.02.2025
Елордада Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.Бұл – Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралардың бастауы. Алдымен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, соңыра әскерилер мен жиналған жұртшылық сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.Іс-шараға қатысқан генерал-майор Алсай Жұманов жеңіске жетуге жауынгерлермен қатар бүкіл халық жұмылып, көмек көрсеткенін атап өтті.«Бүгінгі жиын Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына байланысты өтіп отыр. Мұндай іс-шаралар келер ұрпақты батырларымызды құрметтеуге үйрету мен тарихымызды ұмытпауына ықпал етеді деп ойлаймын», - деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/925900
«Таза Қазақстан»: елордада қарт кісілердің ауласының қарын күреу акциясы өтті 01.02.2025
Елордада қыстыгүні қар мол жауады. Мұндай күндері жер үйде тұратын қарт кісілерге қиын. Оларға көмектесу үшін Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Сарайшық ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында зейнеткерлердің ауласының қарын күреу шарасын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараны ұйымдастырушылар Сарайшық ауданының қарт тұрғындарын аралап, аулаларының қарын күреді.«Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шарбақты көшесінің бойындағы аулаларды қардан күреу арқылы қарттарға көмек көрсетілді. Басқа бөлімшелердегі әріптестерімізді акцияға қосылып, қарт азаматтарға қолдау көрсетуге шақырамын», - деді №23 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Манас Қадырбаев.Аудан тұрғыны қар күреуге көмектескен қызметкерлерге алғыс білдірді. Қар күреу қарт кісілер үшін оңай шаруа емес, сондықтан мұндай көмекке үнемі қуанып қалады.Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Жастардың, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, мәдениет және спорт қайраткерлері ауа райының қолайсыз кезінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ таратып, қар күрейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/925901
Елорданың 100-ге жуық студенті Оңтүстік Кореяда жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын меңгерді 01.02.2025
Астана мен Сеул арасындағы келісімшарт бойынша 100-ге жуық студент жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын меңгерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Айта кетерлігі, 2004 жылы Кореяның Сеул қаласындағы технология және білім беру институтында астаналық университет және колледж студенттерін тағылымдамадан өткізу бойынша меморандумға қол қойылған.Онда еліміздің жас мамандары автоматмеханик, дәнекерлеу, аспазшы, тігінші, шаштараз жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып, тәжірибелерін арттырады.20 жыл уақыт ішінде 100-ге жуық ел студенттері шекара асып, Корея елінің жұмысшы мамандықтарының қыр-сырын меңгеріп, тағлымдамадан өткені бойынша арнайы куәліктерге қол жеткізген.Бұл ынтымақтастықтың ықпалының арқасында қазақстандық жастар үздік маманға айналып, алған тәжірибелерінің арқасында елімізде кәсіп ашып, оны дөңгелетіп отыр.Соңғы рет 2024 жылы қаламыздағы колледждің үш студенті «Шаштараз мамандығы» бойынша білім алып келді. Қазіргі таңда олар осы салада елімізде қызмет етіп, тәжірибелерін табыс көзіне айналдырып отыр.Бұл бағдарлама бойынша студенттерді Кореяда оқыту конкурстық негізде әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады. Комиссия аталған бағдарлама бойынша лайықты қатысушыларды таңдайды. Конкурстық іріктеудің басты критерийі ағылшын және корей тілдерін еркін меңгеру, болашақта таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеуге деген ұмтылыс болып саналады.Айта кетейік, Сеул қаласының білім басқармасы тағылымдамадан өтушілерді екі жаққа билеттермен, оқытумен (оқулықтар, материалдар, экскурсиялар), жатақхана, тамақтанумен, медициналық қызмет көрсетумен және сақтандырумен қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926071
Астанада білім беру нысандарындағы қауіпсіздік бойынша онлайн кеңес өтті 01.02.2025
Астана қаласы білім басқармасының бастамасымен қаланың жеке және мемлекеттік білім беру мекемелерінде қауіпсіздік бойынша онлайн кеңес өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиынға білім беру меккемелерінің бірінші басшылары, басқарма басшысының орынбасары М.Қайырбаева, сол сияқты Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.Оқушылардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ету уәкілетті органдар қабылдайтын іс-шаралар жүйесін қамтиды.Мәжілісте түрлі салалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелер қаралды:* Террористік қауіп жағдайындағы алғашқы әрекеттер және терроризмнің алдын алу шаралары;* Терроризмге қарсы қорғау паспорттары бойынша түсіндіру;* Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат, ҚР ҚК 273-бабы;* Білім беру мекемелерінде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері;* Қысқы уақыттағы су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі мәселелері.Сондай-ақ, қауіпсіздікті жақсарту және нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар үшін ұсыныстар әзірленді.Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Басқарма осы бағыттағы қауіпсіздікті жақсартуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұдайы жүргізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926120
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті 01.02.2025
Елімізде биыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай, Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде түрлі саладағы 90 ұйымнан 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды.«Қоғамдағы жұмыссыздықты жою мақсатында бүгін осындай жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Дәл қазір мұнда өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету компаниялары және білім беру мекемелері өз ұсыныстарын таныстырып жатыр.Сонымен қатар Joltap бағдарламасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының және қаржы ұйымдарының өкілдері жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді. Жәрмеңке алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады», - деді Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926128
Мемлекет басшысы: Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет 01.02.2025
«Келесі кезек күттірмейтін мәселе. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр.Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет.Туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек. Маңғыстауда әйгілі Бозжыраға байланысты сондай жағдай болғанын білесіздер.Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдері іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс. Мен экономикаға инвестиция тарту мәселесін бекерден-бекер басты орынға қойып отырған жоқпын. Мұның да стратегиялық маңызы зор. Экономикамыздың болашағы мен еліміздің әлем картасындағы орны, ең алдымен, осыған байланысты»t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/926353
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді 01.02.2025
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақмола облысында экологиялық іс-шаралар жалғасуда.Каменка ауылының агротехникалық колледжінде экология мәселелері талқыланды.28 қаңтарда Сандықтау ауданы Каменка ауылының агротехникалық колледжінде «Эко-сана-елдің өркендеуіне жол!» атты дөңгелек үстел өтті. Оған әкімдік, мәслихат өкілдері, сарапшылар, студенттер, оқушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.Аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жаиылғанова жастардың бойында экологиялық сананы қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Колледж директоры Константин Кудин бұл үдерістегі білім беру мекемелерінің рөлі туралы айтып берді, ал аға шебер Игорь Причипеев «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.Оқушылар өздерінің экологиялық бастамаларын ұсынды: мультфильмдер, презентациялар және табиғатты қорғауға бағытталған жобалар. Сонымен, Белгород мектебінің оқушылары «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» акциясы туралы айтты, ал Лесное ауылының оқушысы Арина Ким «планетаны бірге сақтайық» жобасын таныстырды.Кездесу барысында қатысушылар қоршаған ортаның ластану проблемаларын, «Таза Қазақстан» бағдарламасының бастамаларын және волонтерліктің маңыздылығын талқылады. Көптеген студенттер экологиялық жобаларға қосылуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/926360
Балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйрету 01.02.2025
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері балалармен белсенді жұмыс істеп, оларға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік негіздерін үйретеді. Құтқарушылар балаларға қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін жақсы түсінуге көмектесетін тренингтер, тақырыптық сабақтар, әңгімелер және интерактивті әрекеттер сияқты әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Жарыстар мен ашық есік күндері де өткізіледі, онда балалар құтқарушылардың құрал-жабдықтарымен және жұмысымен танысады, сондай-ақ жаттығуларға қатысады, қауіпсіздік дағдыларын жаттықтырады. Бұл балалардың білімін шыңдап қана қоймай, олардың күнделікті өмірде қауіпсіздік мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақсу өрт сөндіру бөлімінде мектеп оқушыларына таныстыру экскурсиясы өтті, оның барысында жас қонақтар қызмет көрсету ерекшеліктері мен өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысып, өрт сөндірушілермен араласудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Құтқарушылар қонақтарға техникаларын, өрт сөндіру машиналарын, арнайы құралдарды анық көрсетті. Экскурсияның ең есте қалған сәті форманы киіп көру және арнайы көліктердің салонында отыру мүмкіндігі болды. Әңгімелесу барысында оқушылар өрт сөндірушілердің жұмысы туралы көп мағлұмат алды. Көкшетау қаласындағы балабақша бүлдіршіндері үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі тақырыбында театрландырылған көрініс ұйымдастырды. Театр әртістері өрт сөндірушілердің рөлін сомдап, балаларға отпен ойнаудың қауіптілігін, өрт болған жағдайда не істеу керектігін ойын түрінде айтып берді. Балаларға түсінікті тілде өрт қауіпсіздігі ережелері айтылды. Балалар қойылымды тамашалап қана қоймай, сонымен қатар скидкадағы кейіпкерлерге алаңдай отырып, тікелей қатысты. Елорда мектептерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге бағытталған іс-шаралар өтуде. Пьесалар қойып, өлеңдер жазып, сурет байқауларына қатыса отырып, балалар қауіпсіздік шаралары аясында пайдалы ақпаратты оңай меңгереді. Осы әдістерді қолдана отырып, мұғалімдер өрттің салдарынан туындайтын жағдайларды зерттеп, олардың алдын алу жолдарына назар аударады, мұнда қауіпсіздік мәдениеті мен бала санасында жауапкершілік стандарттарын қалыптастыруға жағдай жасалады. Сондай-ақ іс-шара барысында «Өрт қауіпсіздігі» бұрышы ұсынылды, онда қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ жас құтқарушылардың жұмысы туралы еске салатын жадынамалар ілінді, мысалы, өрт сөндіру депосы мен өрт сөндіру автокөлігінің макеті. Тәртіп бойынша. балабақшада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Түркістан облысында оқу-жаттығулар өткізді. Осы шара аясында ашық сабақтар өткізіліп, балаларға өрт қауіпсіздігі туралы бейнероликтер көрсетілді. Балалардың танымдық тәрбиесінде өрт сөндірушілер және өрт сөндірушілер туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында арнайы суреттер мен мозаика жасау жұмыстары жүргізілді. Шара соңында балабақша қызметкерлеріне өрт кезінде дұрыс әрекет ету шаралары түсіндірілді. Құтқарушылардың айтуынша, қауіпсіздік мәдениетін мүмкіндігінше жастайынан енгізу керек. Дәл тәрбие процесінде бала өрт қауіпсіздігі ережелерін меңгеруі керек. Осындай кездесулер мектепке дейінгі мекемелерде тұрақты түрде өткізіліп тұрады және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/926289
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі 01.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/926303
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ АЛҒАШҚЫ ОТАНДЫҚ КӘСІБИ ДЕФЕКТОЛОГ ҮСТЕЛІН ӘЗІРЛЕДІ 01.02.2025
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ АЛҒАШҚЫ ОТАНДЫҚ КӘСІБИ ДЕФЕКТОЛОГ ҮСТЕЛІН ӘЗІРЛЕДІСәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің коммерцияландыру жобасы аясында әзірлеген алғашқы отандық кәсіби дефектолог үстелі «Қазцинк» компаниясының спонсорлық қолдауымен Ұлан ауданындағы Педагогикалық қолдау және түзету кабинетіне табыс етілді.Алдағы уақытта аудандағы Педагогикалық қолдау және түзету кабинетіне баратын балалар кәсіби құралдар арқылы заманауи әдістемелер бойынша білім алады. Еске салайық, ШҚУ-дың бір топ ғалымдары арнайы білім беру саласындағы тәжірибелік оқытушылармен бірлесіп, «Ғылым қорының» осы бағыттағы коммерцияландыру жобасын жеңіп алды.Досым Ерболатұлы жетекшілік ететін жоба тобында Рауан Байчинов, Алима Алипова, Салтанат Адиканова, Мадина Ауренова, Сәуле Жакупова еңбек етті. Жоба бойынша 5 құрылғыға патент және 14 әдістемелік ресурстар мен жаттықтырғыштарға авторлық куәлік алынды. Олардың арасында логопедтер мен дефектологтарға көмектесу үшін арнайы оқу бағдарламалары, сенсорлық моноблогы бар, сондай-ақ қағаздан және ағаштан жасалған оқу құралдарын қамтитын кәсіби дефектолог үстелі бар.Отандық әзірлеменің артықшылығы кейбір бөліктерінің реттелуі автоматтандырылған, сынақтан өткен және арнайы білім беру ұйымдарымен ұсынылған қазақ және орыс тілдеріндегі әдістемелердің болуында.– Әзірлеуші топ ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышевамен бірге Ұлан Педагогикалық қолдау және түзету кабинетінде болып, кәсіби дефектолог үстелін қолдану бойынша шеберлік сабағын өткізді. Педагогтер балаларды түзетуде тиімді көмектесетін жаңа құралды жоғары бағалады, – Алима Алипова.Атап өтейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мәселесі экономиканың нақты секторында және ұлттық ғылыми жүйені кезең-кезеңімен өзгертуде маңызды рөл атқарады деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/926171
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы соңғы 3 жылда 2000-ға жуық диқанды қолдады 01.02.2025
2022 жылдан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2000-ға жуық фермер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қолдау көрсетті. Ең көп көмек 2024 жылы көрсетіліп, 832 ауыл шаруашылығы өндірушісі мемлекеттік оператордан қолдау алған.Аграрларды қолдаудың негізгі құралдары ретінде маусымдық дала жұмыстарын форвардтық қаржыландыру бағдарламасы, тауарлық несие беру, соның ішінде тұқымдармен қамтамасыз ету және шағын мен орта фермерлерден артық астықты тікелей сатып алу жүзеге асырылды.2023-2024 жылдары форвардтық сатып алу және тауарлық несие беру аясында 590 агроөндіруші жеңілдетілген шарттармен 129,1 млрд теңгеге қаржыландырылды.Қызылорда облысындағы күріш өндірушілермен алғаш рет 6 мың тонна күрішті форвардтық қаржыландыру келісімшарттары жасалды.Фермерлердің астықты кепілдендірілген түрде өткізуін қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы соңғы екі жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алып келеді.Атап айтқанда, 2023 жылы мемлекеттік оператор аграршылардан 350 мың тонна төмен сапалы бидайды 27 млрд теңгеге сатып алды. Бұл шара ауа райының қолайсыздығынан астық сапасы мен өнімділігі төмендеген жағдайда, қиын жағдайға тап болған ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржылай қолдауға мүмкіндік берді.Аграршылар алынған қаражатты көктемгі егіс жұмыстарына және өзге де өндірістік қажеттіліктерге жұмсады.2024 жылдың желтоқсанында мемлекеттік оператор интервенциялық астық сатып алу бағдарламасы аясында бидай жеткізген агроөндірушілерге 3,5 млрд теңге мөлшерінде алғашқы төлемдерді жасады. Алдымен, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы резервіндегі қаражат шағын фермерлік шаруашылықтарға беріліп, олардың рентабельділігін сақтауына көмектесті.Астық бағдарламаларына қатысу және қаржыландыру бөлу процесінің ашықтығы өңірлік үйлестіру кеңестері арқылы қамтамасыз етіледі.«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, аграршыларды қолдау арқылы корпорация тек ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, аграрлық сектордың дамуына жағдай жасайды.«Мемлекеттік қолдау шаралары агроөнеркәсіп кешені үшін мультипликативтік әсер береді: агроөндірушілердің тұрақты жұмысы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне оң әсер етеді. Астықты сатып алу арқылы мемлекеттік резерв жаңартылады. Қажет болған жағдайда Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықты диірмен, құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарына төмендетілген бағамен ұсынады, бұл азық-түлік бағасын қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Бұл – жүйелі жұмыс», – деді Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшысы.Мәселен, 2023 жылы әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы диірмен кәсіпорындарына 89 мың тонна бидай жеткізді. Бұл диірмендер 162 млн бөлке әлеуметтік нан өндіру үшін арзандатылған ұнмен наубайханаларды қамтамасыз етті.Асылхан Джувашевтің айтуынша, ұқсас жүйе бойынша Қытай, АҚШ, Үндістан және басқа да ірі астық импорттаушы және экспорттаушы елдердің мемлекеттік операторлары жұмыс істейді.«Ірі мемлекеттік корпорациялар фермерлерді қолдау және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары арқылы өз елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Геосаяси және климаттық сын-қатерлер жағдайында бұл өте маңызды», – деп түсіндірді басқарма төрағасы.Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қоймаларындағы астық көлемі 1,7 млн тоннаны құрайды. Бұл қор Қазақстанның азық-түлік және мал азығы астығына деген ішкі қажеттілігін толықтай өтеп, шетелге тұрақты көлемде астық экспорттауға мүмкіндік береді.Нарықтағы бағаның тұрақсыз жағдайында мемлекеттік оператор ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін астық қорын сақтауға ерекше назар аударады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/926021
2025 жылдың 28 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге картоп шығаруға тыйым салынды 01.02.2025
Қазіргі уақытта көршілес елдер тарапынан қазақстандық картопқа жоғары сұраныс сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 605 мың тоннаға жуық картоп экспортталған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (411 мың тонна) 1,5 есе артық. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы рекордтық деңгейге жетіп, ішкі нарықтағы бағаларға айтарлықтай әсер етті.Осыған байланысты, нарықтағы жағдайды тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен картопты үшінші елдерге экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен басқа, 6 ай мерзімге шектеу енгізілді.Ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде 2025 жылғы 27 қаңтардағы №26 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағынан картопты экспорттау мәселелері туралы» бұйрығымен үшінші елдерге барлық көлік түрлерімен картопты шығаруға тыйым салынды.Қабылданған шаралар картоп бағасының алыпсатарлық жолмен өсуіне және нарық қатысушылары тарапынан орын алуы мүмкін спекулятивті әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндік береді.Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:http://zan.gov.kz/client/#!/doc/206795/kaz. БұйрықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/926250
ОТӨ, IT-индустрия, медицина және ғылымды қолдау: Олжас Бектенов Президентке салаларды дамыту жұмыстарының тиімділігі туралы баяндады 01.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді, IT-секторды, әлеуметтік сала мен ғылымды қолдау шараларының нәтижелері туралы баяндады.Өткен жылы Үкімет негізінен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық берді. Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде тек қана қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлық позициялардың тізбесі 4,5 мың атауға дейін – яғни, үш есеге ұлғайтылды. Реттелетін сатып алулар аясында отандық кәсіпорындармен жалпы құны 1 трлн теңгеден астам сомаға ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш 2,5 есеге өсті.Өз кезегінде, қазақстандық өндірушілер кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту, өнімнің сапасын және жергілікті өндіріс көлемін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бойынша міндеттемелер алуда. Мысалы, автомобиль өндірушілердің локализациялауды биыл 30%-ға дейін, ал 2027 жылға қарай 50%-ға дейін арттыру бойынша міндеттемелері белгіленді. Биыл екі ірі автомобиль зауытын, атап айтқанда Қостанай облысы мен Алматы қаласында жалпы өндірістік қуаттары жылына 160 мың автокөлікті құрайтын KIA және мультибрендті зауыттарын іске қосу жоспарланып отыр.Өткен жылы импорттық тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тарту туралы қабылданған шешімнің нәтижесінде осыған дейін Қазақстанда өз зауыттарын ашқан шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер неғұрлым тиімді жағдайға тап болды. Атап айтқанда, Петропавлдағы Claas неміс концернінің зауытына жасалған тапсырыс көлемі 2 есеге өсті. Басқа да ауылшаруашылығы техникаларын өндірушілер Қазақстанда өндірістерін локализациялауды бастады.Электровоздар мен локомотивтер өндірісінде Alstom және Wabtec зауыттары елеулі технологиялық жетістіктерге қол жеткізді. Өткен жылы Атырау облысында құны $350 млн, ал жылдық қуаты 6 мың вагонды құрайтын зауыт іске қосылды. Биыл Астанадағы Stadler зауыты алғашқы 50 жолаушылар вагонын шығаруды бастайды.Бұл ретте отандық өндірушілерді қолдау көміртегі бірліктерінің саудасы сияқты жаңа перспективалы бағыттарға да қолданылады. Осындай бірінші жоба Алматы облысында іске асырылып жатыр, 3 млн түп көшеттің 200 мыңы отырғызылды. Жоба аясында 1 млн-нан астам көміртегі кредиті алынады. Аталған тәжірибе бүкіл ел аумағына таратылатын болады. Бұл ретте осы секілді басқа да жобалар «Таза Қазақстан» кең ауқымды ағартушылық-идеялық платформасының құрамдас бөлігі ретінде саналады. Олжас Бектенов отандық бизнес экологияға деген қамқорлықты өзінің әлеуметтік жауапкершілігінің бір бөлігі ретінде қарастыруы керек екенін атап өтті. Бұл соның ішінде мемлекеттік қолдау шараларына ие болған бизнестің міндеттемелерінде де көзделетін болады.Жалпы, бүгінгі таңда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар шағын және орта бизнесті өзіне тартатын өнеркәсіптік алаңдарға айналуда, оны қолдау Үкімет жұмысының басымдығы болып қала береді. Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіптік-техникалық білім беру сапасын және техникалық мамандықтардың беделін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сұранысқа ие техникалық мамандар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдікті бағдарламалары іске қосылды.Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ауқымды енгізу маңызды бағыт болып саналады. Үкімет әлеуметтік қорғау, экология, төтенше жағдайлар, өнеркәсіп салаларындағы үлкен деректер негізінде шешім қабылдауда жасанды интеллектіні пайдалануға кірісті. Биыл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде виртуалды көмекшіні толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. Жасанды интеллектінің алғашқы «KazLLM» тілдік моделі құрылды. Осы жылы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. «AI-Sana» бағдарламасы аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады. 20 ЖОО базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталды, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілді.Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды. Бүгінде онда өнімдерін әлемнің түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген. Сәтті мысалдардың бірі – алақан арқылы пайдаланушыларды анықтауға мүмкіндік беретін Alaqan жүйесі. Жоба 300 мектепте енгізіліп, жақында Үкімет ғимаратында орнатылды. Бірінші жартыжылдықта оны Сауд Арабиясы, Сингапур, Кувейт және тағы басқа 6 елге экспорттау жоспарлануда.Тағы бір жасанды интеллектіге негізделген стартап – Higgsfield AI мәтіннен бейне жасайды және өңдейді. Жоба $100 млн-ға бағлаланып отыр. Балаларды бағдарламалауға үйрету бойынша Codiplay жобасы қазірдің өзінде әлемнің 13 елінің мектептерінде қолданылады, олардың қатарында Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Қатар және басқалары бар. Сондай-ақ Grand Mobile, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX табысты қазақстандық жобалар саналады.Қазақстанда 217 жайлы және 200 тірек мектептерден тұратын озық мектептер желісі құрылуда. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылы еліміздің барлық жалпы білім беру мектептерінде білім сапасын кезең-кезеңмен теңестіру. Биыл 10 жетекші технологиялық колледж құрылып, олар басқа да кәсіптік білім беру ұйымдары үшін тірек ресурстық орталықтарына айналады.Елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 23 филиалы жұмыс істеп жатыр, олардың 5-уі өткен жылы ашылды. Биыл тағы 11 филиал ашу жоспарланған. Университеттік ғылымды дамыту және оны коммерцияландыру ісіне назар аударылуда. Сәтбаев университетінде «Қазақмыс» корпорациясының тапсырысы бойынша медицинада, электроникада және басқа да жоғары технологиялық салаларда кеңінен қолданылатын таза селен алудың жаңа әдісі әзірленді. Назарбаев университетінің базасында тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарды оңалтуға арналған экзоскелет өндірісі белсенді дамуда. Қажетті сертификаттарды алғаннан кейін өндіруші Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тапсырыстармен қамтамасыз етіледі.Медициналық қызметтердің сапасы мен қамту деңгейін арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Баланың шетінеп кетуі 6,7%-ға, ана өлімі 11,4%-ға азайды. Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингпен қамту бір жылда 38%-ға кеңейтілді. Нәтижесінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін 3,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Сонымен қатар бір топ қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарды. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Оны аяқтау және препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған. Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсыОТӨ, IT-индустрия, медицина және ғылымды қолдау: Олжас Бектенов Президентке салаларды дамыту жұмыстарының тиімділігі туралы баяндады - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/925958