Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстанда инвесторларды сүйемелдеудің кешенді жүйесі жұмыс істейді 30.06.2026
Қазақстанда инвестициялық белсенділіктің артып жатыр. 2026 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға ұлғайып, 4,9 трлн теңгеге жетті, ол экономиканың өсу қарқынынан жоғары. Бұл ретте 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны былтырмен салыстырғанда 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.Спикер халықаралық Moody’s, Standard & Poor's және Fitch рейтингтік агенттіктері Қазақстанның егеменді рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде жүйелі түрде растап отыратынын атап өтті.«Қазақстанға инвестиция тарту үшін шетелдік мекемелерді, орталық мемлекеттік органдарды және өңірлік деңгейді қамтитын инвесторларды сүйемелдеудің кешенді жүйесі қалыптастырылды. Әрбір өңірде инвестициялар тартуды қажет ететін нақты жобаларды көздейтін инвестициялық бағдарламалар әзірленді. Жобалар іріктеліп алынғаннан кейін, Қазақстанның шетелдегі өкілдіктері арқылы инвесторларды іздеу бойынша атаулы жұмыстар жүргізіледі», – деп атап өтті вице-министр.Қолайлы инвестициялық климат құру мақсатында бизнесті қорғау тетіктері іске асырылуда. Бақылаушы органдардың негізсіз араласуын шектейтін «прокурорлық фильтр» енгізілді. Басымдығы бар жобалар үшін қажетті рұқсаттар мен мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеделдетуге мүмкіндік беретін Fast Track тетігі қолданылады.Туындаған мәселелерді жедел шешу үшін әрбір өңірде өңірлік инвестициялық штабтар жұмыс істейді, сондай-ақ Инвесторлардың проблемалық мәселелерінің бірыңғай тізілімі жасақталуда.  Компанияларды тіркеу eGov порталы арқылы онлайн-форматта қолжетімді. Инвестициялық келісімшарт жасасу аясында инвесторларға салықтық және кедендік преференциялар, инвестициялық субсидиялар, заттай гранттар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары беріледі. Елде 18 арнайы экономикалық аймақ пен 67 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Олар инвесторларды дайын инфрақұрылыммен және бизнес жүргізуге арналған жеңілдікті шарттармен қамтамасыз етеді.«Ірі жобаларды қолдаудың негізгі құралдарының бірі – Инвестициялар туралы келісім. Бұл тетік құны кемінде 7,5 млн АЕК болатын жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларының кешенін және 25 жылға дейінгі мерзімге заңнама тұрақтылығының кепілдіктерін алуға мүмкіндік береді. 2025 жылы 30 келісім,ағымдағы жылы 12 келісім жасалды. Қосымша тетік ретінде Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қарастырылған, ол өндірістерді құру және жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды іске асыратын ірі отандық өндірушілер үшін 10 жылға дейінгі мерзімге салық заңнамасының тұрақтылығын көздейді», –  деп толықтырды Арман Қасенов. Бөлек тоқтала кететін жайт, мұнай-газ саласы үшін күрделі жобаларға арналған арнайы фискалдық ынталандыру және дауларды халықаралық арбитражда шешу мүмкіндігін көздейтін жақсартылған модельдік келісімшарт қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1237432?lang=ru
«Сыр суы» филиалының директоры тағайындалды 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бұйрығымен «Сыр суы» филиалының директоры лауазымына тағайындалған Әмиша Ержан Шынтемірұлы таныстырылды.Облыс әкімі жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, халықты сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдауды жүктеді. Өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту, ауызсу жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етіп, су жеткізу қызметінің сапасын арттыруды тапсырды.Ержан Шынтемірұлы 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құрылыс», «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.Еңбек жолын «СМП-Қызылорда» серіктестігінде инженер ретінде бастаған.Әр жылдары жеке секторда, мемлекеттік мекемелерде жауапты қызмет істеген.Кейінгі жылдары «Қазсушар» мекемесінің «Сыр суы» филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237442?lang=ru
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Жақсылық Жанерке Алмасқызы таныстырылды.Облыс әкімі жаңа басшыға өңірде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын қатаң бақылауда ұстап, медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруда нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.Жанерке Жақсылық 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Медицина»,«Жалпы медицина» мамандықтары бойынша білім алған.Еңбек жолын 2017 жылы Қызылорда қалалық № 3 емханасында дәрігер ретінде бастаған. Әр жылдары осы емханада бөлім меңгерушісі, аймақтық дәрігер, бас дәрігердің орынбасары болған. 2023 жылдан осы күнге дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237447?lang=ru
Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.  Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1237541?lang=ru
Қостанай облысы әкімінің аппаратында өтініштерді қарау кезіндегі әкімшілік рәсімдер мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді 29.06.2026
2026 жылдың 28 мамырында «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер мен процессуалдық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерді ескере отырып, өтініштерді қарау кезіндегі әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібін түсіндіру жөніндегі құқықтық білім беру жұмысы аясында оқу өткізілді.Іс-шара спикері – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті департаментінің бөлім басшысы Дәулет Тұрарұлы Жидебаев.Оқу барысында қатысушыларға өтініштерді тіркеу, есепке алу және қарау, келіп түсетін құжаттардың түрін анықтау, құзыреттілікті тексеру, дубликаттармен жұмыс жасау, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» АТЖ-де тиісті әрекеттерді көрсету ерекшеліктері туралы мәселелер түсіндірілді.Жеке қабылдауға түсетін өтініштерді ескеру, ЛП-1 нысанының қолданылуы, жаңа әріптік индекс «ЖҚ», сондай-ақ өтініштер бойынша есеп беру тәртібімен байланысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.Жалпыға бірдей құқықтық оқудың қорытындысы бойынша қатысушыларға азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерімен күнделікті жұмыс істеуде өзгерістерді дұрыс қолдану бойынша практикалық ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230389?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ жыл басынан бері 21,5 миллионнан астам қызмет көрсетті 28.05.2026
БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жарналарын жинақтау және болашақта олардың төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинақтап қана қоймай, олардың болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ өз қызметінде отандастарымызға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2026ж. мен 30.04.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 21,5 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 11,7 млн-ы электрондық форматта, 9,4 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,8%-ын құрады. Салымшыларға 267,4 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 260,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ¬— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 790,0 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 12,3 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 10,8 млн-ы – электрондық, ал 1,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Жыл басынан бері салымшылардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруға аударуға 32,2 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта. Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 38,4 мың өтініш қабылданды. Оның 36,2 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 20,5 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 413,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 13,4 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 159,0 мың өтініш түсті.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1229494?lang=ru
Ауылдық аумақтарды ОДМ тұрғысынан дамыту: өңірлердің жаңа бастамалары талқыланды 28.05.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарованың Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің орынбасарымен, «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі мен «SDG Hub «Қамбаш» өкілдерімен кездесуі өтті.Кездесудің негізгі мақсаты – Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергілікті деңгейде енгізу аясында Арал ауданында табысты жүзеге асырылып жатқан «GLocal» жобасын таныстыру болды.Нұргүл Жанназарова ОДМ-ды Қазақстанда іске асыру жөніндегі үйлестіруші орган ретінде Ұлттық экономика министрлігінің негізгі басымдықтарын жеткізді. Сондай-ақ, ол өткен жылы жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерінің тиімділігін арттыру мақсатында Қарқаралы қаласында іске қосылған осыған ұқсас пилоттық жобаның оң тәжірибесін ерекше атап өтті.Қызылорда облысының өкілдері ауыл кәсіпкерлерін қолдау бағытындағы «SDG Hub «Қамбаш» қызметі, Еуропалық Одақтың өңірлік институттарымен және БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) өзара іс-қимыл және ОДМ-ды ауылдық деңгейде іске асыру тәжірибесін таратуға дайын екендіктері туралы жан-жақты баяндады.Сонымен қатар, делегаттар әлеуметтік маңызы бар басқа да өңірлік бастамаларды таныстырды. Олардың қатарында Қамбаш көлінің экожүйесін қорғауға бағытталған «Таза Қамбаш» экологиялық жобасы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және Қамыстыбас ауылын көгалдандыру кезінде «жасыл» технологияларды енгізуге бағытталған «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жобасы бар.Аталған бастамалар Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «GLocal» жобасы аясында жүзеге асырылуда.Кездесу соңында Нұргүл Жанназарова қонақтарға тәжірибе алмасудағы пайдалы ұсыныстары үшін алғыс білдіріп, Министрлік өңірлердің ОДМ-ды дамытуға бағытталған бастамаларын әрдайым қолдауға дайын екенін атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1229349?lang=ru
Әскери кафедраның 300-ден аса түлегі оқу-жаттығу жиынына тартылды 28.05.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын тәмамдап, екі жылдық қызметке шақырылған запастағы офицерлермен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Жалпы жиынға 309 офицер жұмылған.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында 109 запастағы офицер тактикалық даярлықтың базалық курсынан өтті. Осыған орай Тараз гарнизонының Офицерлер үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылып, оған Қарулы күштердің ардагері, интернационалист-жауынгер, отставкадағы генерал-майор Әлімжан Ерниязов қатысты.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір айлық қарқынды дайындық барысында тыңдаушылар кәсіби тұрғыда едәуір шыңдалған. Әскери қызметшілер «Айбын» тактикасының бастапқы курсын меңгеріп, тактикалық, атыс, инженерлік және техникалық дайындық, байланысты ұйымдастыру, әскери техниканы жүргізу, барлау ісі секілді пәндер бойынша білім алды.Запастан әскери қызметке шақырылған кейбір офицерлер үшін қызметтің басталуы тосын жағдай болған жоқ.– Маған офицер ретінде екі жылдық әскери қызметке шақырылу – үлкен жауапкершілік, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 63563 әскери бөлімінде қызмет ететін лейтенант Санжар Тұрдәлиев. – «Тактик» жиыны әскери пәндерді терең меңгеруге және тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар майдангер атам, Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Тоқатаевтың жолын жалғастырып, әскери әулеттің дәстүрін сабақтастыру мен үшін зор мәртебе.Қарағанды техникалық университетінің түлегі лейтенант Ерболат Өмірбек те өз пікірін айтты.– Азаматтық мамандығым логистика және көлік саласына байланысты. 28349 әскери бөлімінде автомобиль және сауытты техника қызметінің бастығы лауазымына тағайындалдым. Екі жыл ішінде кәсіби әрі өмірлік тәжірибе жинап, өз мамандығым бойынша білімімді тереңдетемін деп отырмын, – деді ол.Алматы қаласындағы 29219 әскери бөлімінде азық-түлік, киім-кешек, жанар-жағармай қызметтері, тамақтандыру пункттері, монша-кір жуу және коммуналдық-пайдалану бағыттары бойынша 22 маман даярлықтан өтті. Жас лейтенанттар күнделікті қызметті ұйымдастыру, құжат жүргізу тәртібі және тылдық қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамымен сабақ өткізу әдістемесін меңгерді.Десанттық-шабуылдау әскерлерінің «Жағалау» полигонында 26 офицер негізгі әскери пәндер бойынша кешенді дайындықтан өтті. Бағдарламаға тактикалық, атыс және дене даярлығы, әскери топография мен бөлімшелерді басқару сабақтары кірді.Қазіргі уақытта запастағы офицерлер базалық дайындық кезеңін аяқтап, мамандандыру курстарын оқып жатыр. Оқу толық аяқталғаннан кейін олар тағайындалған лауазымдарына қарай әскери бөлімдерде қызметтік міндеттерін атқаруға кіріседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1229376?lang=ru
Қостанай облысында «EcoSchool: идеядан іске» экологиялық форумы өтті 28.05.2026
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға және экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған «EcoSchool: идеядан іске дейін» экологиялық форумы өтті.Іс-шара аудан оқушыларын біріктірген интерактивті экологиялық квест форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар экология саласындағы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.Форум аясында оқушылар үшін биоалуантүрлілікті сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық жауапты мінез-құлық мәселелеріне арналған арнайы экологиялық алаңдар ұйымдастырылды. Оқушылар бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау ерекшеліктерімен танысып, сирек кездесетін жануарлардың бірі – ортаазиялық тасбақаны сақтау мәселелері туралы мәлімет алды, сондай-ақ материалдарды қайта өңдеу бойынша тәжірибелік шеберлік сабақтарына қатысты.Қатысушылардың ерекше қызығушылығын қайта өңделген материалдардан сәндік кірпіш тақташаларын жасауға арналған шығармашылық және тәжірибелік тапсырмалар тудырды. Сонымен қатар, оқушылар тұрмыстық материалдарды қайта пайдаланудың заманауи тәсілдерімен танысты.Форум барысында қатысушылар жоғары белсенділік, командалық ынтымақтастық және үздік нәтижеге ұмтылыс көрсетті. Сонымен қатар, іс-шараның басты нәтижесі – оқушылардың экологиялық жауапкершілігін нығайту және қоршаған ортаны сақтауда әр адамның жеке үлесінің маңыздылығын түсінуі болды.Мұндай бастамаларды өткізу жастар арасында экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге және тұрақты даму қағидаттарын қолдауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1229274?lang=ru
Еуразиялық энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстан Астанадағы форумда өзара іс-қимыл перспективаларын айқындады 28.05.2026
Астана, 2026 жылғы 28 мамыр — Өзара тиімді экономикалық әріптестік, технологиялық кооперация және өңірлік отынмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету ЕАЭО елдері үшін негізгі бағдарларға айналуда. Ортақ энергетикалық нарықтардың жұмыс істеу перспективалары туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы Еуразиялық экономикалық форум аясында айтты.Ведомство басшысы «Еуразиялық энергетикалық интеграция. Қозғалыс векторы» атты панельдік сессияда сөз сөйледі. Министрдің пікірінше, серіктестік қатынастарды дамыту және сауданың бірыңғай алгоритмдерін қалыптастыру сенімділікке, реттеудің болжамдылығына және өзара тиімділікке негізделуі тиіс.Мұнай, мұнай өнімдері, газ және электр энергиясы бойынша ортақ нарықтарды кезең-кезеңімен қалыптастыру мәселесіне тоқталған Министр конструктивті макроэкономикалық ұстанымды атап өтті. Бұл ашық энергетикалық кеңістікті дамыту болашақтағы макроөңірлік интеграцияға жасалған сенімді қадам ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттер бұл жұмысты бір-бірінің ұлттық мүдделерін, қолданыстағы екіжақты келісімдерді міндетті түрде ескере отырып және өз азаматтары мен өнеркәсібін сенімді қамтамасыз ету басымдығын сақтай отырып үйлестіруі қажет.«Біз шынайы тұрақты, реалистік әрі өзара тиімді тетіктер қалыптастырылған жағдайда еуразиялық энергетикалық интеграцияның кең мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Дәл осындай прагматикалық әрі жан-жақты есептелген бірлескен жұмыс Одағымыздың ұзақ мерзімді іргетасын қалыптастырып, ортақ нарықтық үдерістерді жасанды немесе формалды жеделдетуге байланысты тәуекелдерден қорғайды», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.Ортақ тұрақты энергетикалық архитектураны қалыптастырудың маңызды негізі — Одақ елдері арасында бүгінде қалыптасқан берік практикалық байланыстар. Қазіргі таңда Қазақстан Ресей Федерациясымен мұнай-газ кешені мен электр энергетикасы саласында нәтижелі ынтымақтастық орнатқан, сондай-ақ Қырғыз Республикасымен су-энергетикалық теңгерімді табысты үйлестіруде. Сонымен қатар Беларусь пен Армениядағы серіктестермен инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері бойынша сараптамалық тәжірибе алмасу жолға қойылуда.ЕАЭО-ның болашақ нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі жоғары технологияларды дамыту болуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы Қазақстанның энергетика саласы үшін нақты тәжірибеге айналды. Бүгінде жасанды интеллект технологиялары отандық энергетиканың барлық негізгі бағыттарына белсенді енгізілуде. Осы тәжірибеге сүйене отырып, Министрлік серіктестерді заманауи IT-шешімдерді ЕАЭО-ның ортақ нарығына кеңінен енгізуге шақырады. Диспетчерлік болжау деңгейінде жасанды интеллект элементтерін қолдану Одақ мемлекеттеріне ең жоғары жүктеме кезеңдерінде өз энергетикалық жүйелерін қауіпсіз әрі тиімді басқаруға, ұлттық мүдделер теңгерімін толық сақтауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1229235?lang=ru
Астана «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларды анықтады 28.05.2026
Елордадағы 68665 әскери бөлімінің базасында XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық іріктеу кезеңі өтті.Іс-шараға Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері және Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа, Нұра, Есіл және Сарайшық аудандарынан келген 130 жас патриот қатысты.Жарыс бағдарламасына пневматикалық винтовкадан ату, күш жаттығулары, автоматты жартылай бөлшектеу және жинау, арқан тарту, әскери-спорттық эстафета, кросс, Smart Sarbaz робототехника жарысы секілді әскери-қолданбалы және интеллектуалдық сайыстар енді.– «Айбын» әскери-патриоттық жиыны жасөспірімдерде патриотизм мен жауапкершілік сезімін қалыптастырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Бұл жастар форумы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде тәжірибе алмасуға арналған халықаралық алаңға айналды, – деді Қарулы Күштер ардагерлері РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов.Астаналық «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы филиалының төрағасы Айдархан Маханбет те жастардың халықаралық жиында Астананың намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдірді. Өйткені олардың мұндай жарыстарға қатысу тәжірибесі бар.– Өткен жылы мен Ақтөбе қаласында өткен халықаралық жиынға қатыстым. Енді Щучинск қаласында елорданың намысын қорғаймыз. Бұл жарыстарға қатысу менің мамандық таңдауымда үлкен рөл атқарды. Құқық қорғау органдарында қызмет еткім келеді, – деді №87 мектеп оқушысы Асылым Тоқыбаева.Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Есіл – Нұра аудандарының командасы бірінші орынды иеленді, Сарыарқа – екінші, Байқоңыр – Сарайшық – үшінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, ал қатысушылар медальдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Іріктеуден сәтті өткен командалар 21–27 маусым аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің Щучинск қаласындағы «Амандық» полигонында өтетін «Айбын» халықаралық жиынының финалында Астана намысын қорғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1229181?lang=ru
Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарында БҰҰ рөлін нығайтуды жақтады 27.05.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қытайдың төрағалығымен өткен «БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын сақтау және БҰҰ-ның орталық рөлі бар халықаралық жүйені нығайту» тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі ашық пікірталастарына қатысты.Қазақстан өкілі өз сөзінде пікірталастар белгісіздіктің артуы, халықаралық құқықтың әлсіреуі және құқықтық нормалардың іріктемелі қолданылуы жағдайында өтіп жатқанын атап көрсетті. Осыған байланысты, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның орталық рөлін жан-жақты қолдауы және әлемдік көшбасшыларды халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне зор жауапкершілікпен қарауға шақыруы атап өтілді.Қазақстан тарапы БҰҰ орнықты бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етудің алмастырылмас тетігі болып қала беретінін мәлімдеді. Осы тұрғыда Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік сенім мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, бейбіт процестерге жәрдемдесу, ядролық қарусыздануды, дінаралық диалогты ілгерілету және БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қатысу бағытындағы үлесі көрсетілді.БҰҰ-ны реформалау, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесін қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімдеу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Қазақстан дамушы елдер мен орта державалардың кеңінен өкілдік етуін, сондай-ақ БҰҰ-ның тиімділігін және мүше мемлекеттердің үміттеріне жауап беру қабілетін арттыруға бағытталған эволюциялық реформалау тәсілін қолдайды.Жаһандық сын-қатерлер аясында қолданыстағы тетіктердің қайталануын еңсеру және БҰҰ су мандатының тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстанның Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық коалицияны және Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру бастамалары да айтылды.Министрдің бірінші орынбасары көпжақты ынтымақтастықты сапалы дамыту және БҰҰ Жарғысының қағидаттарын одан әрі нығайту мақсатында Қазақстанның барлық мүше мемлекеттермен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысы аясында қазақ дипломаты ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен және Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылау үшін кездесулер өткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1229122?lang=ru
Бизнес пен мемлекеттік органдар ЕАЭО аясындағы өзара саудада ТЖАР жүйесін қолдану тәртібін талқылады 27.05.2026
26 мамыр күні Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Ресей Федерациясында тауар жеткізуді алдын ала растау жүйесін (ТЖАР) енгізу мәселелеріне арналған кеңес өтті. Талқылауды ұйымдастыру бастамасын қазақстандық тарап көтерді. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері, бизнес қауымдастықтар мен салалық бірлестіктер қатысты. Жалпы жиынға экономиканың түрлі салаларының 100-ден астам өкілі қатысты.Кеңес барысында Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметі мен Федералдық кеден қызметінің өкілдері жаңа жүйені енгізу және қолдану тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Ресей аумағына тауар жеткізуге қатысты практикалық мәселелер бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.ТЖАР — ЕАЭО елдерінен Ресей Федерациясына тауар тасымалдау кезінде қолданылатын тауар жеткізілімін алдын ала растаудың ұлттық жүйесі. Жүйе аясында жеткізілімді алдын ала тіркеу, тауардың алдағы жеткізілімі туралы құжатты (ДОПП) рәсімдеу, жанама салықтар бойынша кепілдік төлем енгізу, сондай-ақ жүйеде қажетті мәліметтердің тіркелгенін растайтын QR-код алу көзделген.ТЖАР жүйесі Ресей Федерациясының 2026 жылғы 17 сәуірдегі №101-ФЗ «Тауар жеткізілімін алдын ала растаудың ұлттық жүйесі туралы» федералдық заңы және Ресейдің салық заңнамасына енгізілген тиісті өзгерістер негізінде енгізілді. 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп келеді, ал 2026 жылдың 1 маусымнан бастап оны міндетті түрде қолдану жоспарланған.Ресей тарапының мәліметінше, аталған жүйені енгізудің негізгі мақсаты — тауар айналымының ашықтығын арттыру, жанама салықтардың толық әрі уақытылы төленуін қамтамасыз ету және тауар қозғалысын барлық кезеңде тиімді қадағалау. Сонымен қатар бақылау рәсімдерінің негізгі бөлігі шекарадан өтпей тұрып жүзеге асырылатын болады.Талқылау барысында бизнес өкілдері жүйеде тіркелу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу мерзімдері, кепілдік төлемдерді қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ жаңа талаптардың логистика мен жеткізу мерзімдеріне ықпалы жөнінде бірқатар сұрақ көтерді. Қатысушыларға барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.Сонымен қатар Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі жаңа талаптарды кезең-кезеңімен және барынша жеңілдетілген тәртіпте енгізу көзделіп отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, жүйені енгізу процесін сүйемелдеу үшін Қазақстан–Ресей бағыты бойынша 30 өткізу бекетінде, сондай-ақ Беларусь–Ресей шекарасындағы 11 учаскеде мобильді топтар құрылып, олар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға консультациялық және практикалық қолдау көрсететін болады.Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемінің ауқымдылығын ескерсек, ТЖАР жүйесінің жұмысы нарық қатысушыларының кең ауқымы үшін маңызды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Ресейге экспорты шамамен 8,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жеткізілімдердің басым бөлігі автомобиль көлігі арқылы жүзеге асырылады, сондықтан жаңа жүйенің талаптары осы тасымал түріне тікелей әсер етеді.Кеңес қорытындысында қатысушылар ЕАЭО аясындағы өзара сауданың жаңа талаптарына сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың дер кезінде бейімделуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы ашық әрі тұрақты диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1229119?lang=ru
Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады 27.05.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады. Онда су құбырын орнату, газбен қамту, жер телімін рәсімдеу, автомобиль жолын салу, балабақшаны ваучерлік қаржыландыру мәселелері бойынша сауалдар қойылды. Жауапты мамандар түйткілдердің мән-жайын түсіндіріп, қабылдау барысында оны шешу жолдары қарастырылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, Қонаев қаласының тұрғыны 2023 жылы жер телімін сатып алған. Бірақ рұқсат құжатын алмай жатып, үй салған. Бұл қаланың бас жоспарына сәйкес келмейтіндіктен тұрғыннан жер телімін қайтару талап етілген. Марат Елеусізұлының айтуынша, жер әлі игерілмесе, басқа аумақтан жер телімі берілуі мүмкін. Ал егер үй салынып қойған болса, оны бұзбай, қалдыру мүмкіндігін қарастыруға болады. Дегенмен аймақ басшысы құжаттарды толық рәсімдемей, үй салу заңға қайшы әрекет екенін баса айтты.Жамбыл ауданынан келген азамат «Ұзынағаш – Күрті» автомобиль жолының тозуы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға және күнделікті көлік қозғалысына қиындық келтіріп жатқанын жеткізді. Аудан әкімдігінің мәлімдеуінше, биыл «Ұзынағаш – Күрті» автомобиль жолының 47-64 шақырымы және 64-71 шақырым аралығындағы учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша құжаттама әзірленген. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда мердігер анықталып, құрылыс жұмысы басталады.Талғар ауданы Көктал ауылы «Ай-Абылай» ықшам ауданының тұрғыны ауызсу және жол мәселесі бойынша туындаған қиындықтарды айтты. Жауапты мамандардың хабарлауынша, былтыр аталған шағын ауданда газ жүйесі орнатылған. Ал биыл ауызсу желісін тарту бойынша бюджеттен қаражат бөлінген. Яғни биыл ауызсу мәселесі шешіледі. Ал жол салу жұмысы келесі жылы басталады. Себебі қазіргі таңда ауданда сараптаманың оң қорытындысын алған 250 шақырымға жуық жол бар. Ал тұрғындар атап өткен Мәметова көшесіндегі 1200 метр жолдың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға жіберілген. Марат Елеусізұлы тасжол төселгенше оқу жылы басталғанда оқушылардың мектепке барып-келуіне ыңғайлы жағдай жасалып, ал су қысымының тұрғындарға жеткілікті болуына назар аудару керегін айтты.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1229086?lang=ru
Еділ Оразов: өнегелі өмір жолы 27.05.2026
 Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қарулы күштердің ардагері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының бастығы отставкадағы генерал-майор Еділ Оразовтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерейтой иесін құттықтауға Қорғаныс министрлігінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, елордалық әскери колледждің оқытушылары мен кадеттері, сондай-ақ туған-туыстары мен жақындары жиналды.Қарулы күштер Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов өз сөзінде Еділ Оразовтың ел алдындағы еңбегіне ерекше тоқталды.– Еділ Лұқпанұлы әрдайым принципшілдігімен, жауапкершілігімен және Отанға адал қызметімен ерекшеленді. Ол әскери қызметшілердің бірнеше буыны үшін офицерлік абырой мен патриотизмнің нағыз үлгісіне айналды, – деді генерал-майор Асан Жүсіпов.Мерейтой иесіне жылы лебізін отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев та білдірді. Халық қаһарманы Еділ Оразовтың өмір жолы әскери борыш пен таңдаған мамандыққа адалдықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті.– Сіздің саналы ғұмырыңыз Қарулы күштердің дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналды. Бұл – елге сіңірген зор еңбек, – деді генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та мерейтой иесін құттықтап, ардагердің әскери білім мен ғылым саласындағы еңбегін жоғары бағалады. Осы орайда Еділ Оразовқа университеттің «Күлтегін» медалі табыс етілді.Өз кезегінде Еділ Оразов қорғаныс ведомствосының басшылығына, әріптестеріне, туған-туыстары мен жақындарына көрсеткен құрметі мен ыстық ықыласы үшін алғысын жеткізді.– Өмірдегі ең басты құндылық – халықтың құрметіне ие болу, еліңе адал қызмет ету және қоғамға пайдаңды тигізу, – деді ардагер.Салтанатты жиынның мерекелік көңіл-күйін Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарлама толықтырды.Еділ Лұқпанұлының әскери қызметтегі жолы – кәсібилік пен табандылықтың айқын үлгісі. Ол Энгельс жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесінің курсантынан бастап, жетекші әскери оқу орындары мен қорғаныс ведомствосының маңызды құрылымдарын басқарды.Әр жылдары бірқатар өңірлерде әскери комиссар қызметін атқарған ол Қарулы күштер Әскери академиясын, Ұлттық қорғаныс университетін, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын басқарды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы болды.Бұдан бөлек, Еділ Оразов Қазақстан қорғаныс ведомствосының өкілі ретінде Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасында әскери атташе қызметін атқарды. 2018 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасын басқарып келеді.Еділ Лұқпанұлының ел қауіпсіздігін нығайтуға және әскери білім беру саласына қосқан үлесі жоғары бағаланды. Ол II дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірқатар ведомстволық медальдармен наградталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1229083?lang=ru
Қазақстан мен Таиландтың алғашқы сауда-экономикалық миссиясында 101 млн АҚШ долларына келісімдер жасалды 26.05.2026
2026 жылғы 25 мамырда Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы аясында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық миссиясы өтті. Іс-шара екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және тай серіктестерімен тікелей іскерлік байланыстар орнатуға бағытталды.Сауда-экономикалық миссия Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі делегациясының Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы мен THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесіне қатысуы аясында өтті. Сапар бағдарламасына іскерлік кездесулер, бизнес-форумға қатысу, B2B-келіссөздер, сондай-ақ халықаралық көрмені аралау кірді.Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус, Таиланд сауда палатасы, даму институттары, салалық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан мен Таиландтың іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өтті. Қатысушылар өзара сауданы кеңейту, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кооперацияны дамыту, электрондық коммерция, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Таиланд нарығында өткізу және ілгерілету мәселелерін талқылады.Қазақстан делегациясының құрамында мемлекеттік органдардың, даму институттарының өкілдері және экспорт көлемін ұлғайтуға, жаңа серіктестер табуға, сауда арналары мен тай компанияларымен бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі 20 отандық компания болды.Бангкокта өткен сауда-экономикалық миссия Қазақстан мен Таиланд арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға бағытталған маңызды практикалық қадам болды. Іс-шара екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей диалог орнатуға, нақты жеткізу мүмкіндіктерін талқылауға, серіктестік байланыстарды кеңейтуге және қазақстандық өнімдерді Таиландтың сауда желілеріне шығаруға мүмкіндік берді.Форум барысында Таиландтың Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы перспективалы сауда-экономикалық серіктестердің бірі екені атап өтілді. Ал Қазақстан Азия, Орталық Еуразия және Еуропа арасындағы маңызды транзиттік-логистикалық торап ретінде қарастырылып, сауда мен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға зор әлеуетке ие ел ретінде бағаланды.Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты сауда тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларын құрап, 7,9%-ға өсті. Қазақстанның Таиландқа экспорты 6,3 есеге артып, 38,6 млн АҚШ долларына жетті.2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында тауар айналымы 77,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,2%-ға артты. Қазақстанның Таиландқа экспорты 22,1 есеге өсіп, 27,8 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштер екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге елеулі әлеует бар екенін көрсетеді.Сауда-экономикалық миссия аясында қазақстандық және тай компаниялары арасында B2B-кездесулер өтті. Тараптар қазақстандық өнімдерді жеткізу, ұзақмерзімді іскерлік байланыстар орнату, дистрибуция арналары мен бірлескен бизнес-бастамаларды дамыту мәселелерін талқылады.Форум қорытындысында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Таиланд сауда палатасы (The Board of Trade of Thailand) арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат институционалдық өзара іс-қимылды нығайтуға, іскерлік ақпарат алмасуға, Қазақстан мен Таиланд компаниялары арасында тікелей байланыстар орнатуға және бірлескен сауда-экономикалық бастамаларды дамытуға бағытталған.Сонымен қатар іс-шара қорытындысы бойынша бизнес өкілдері арасында жалпы сомасы 101 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар экспорттық жеткізілімдерді дамытуға, іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге және екі ел компаниялары арасындағы практикалық өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.Қазақстан тарапы отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін таныстырды. Делегация құрамында азық-түлік және агроөңдеу саласындағы компаниялар, оның ішінде ұн, макарон өнімдері, бакалея, ет, сүт, кондитерлік және функционалдық өнімдер өндірушілері, сондай-ақ сусындар, жеңіл өнеркәсіп, дизайнерлік киім, парфюмерия мен косметика, IT және цифрлық шешімдер, цифрлық инфрақұрылым, мұнай-химия және тұрмыстық химия салаларындағы кәсіпорындар болды.«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қазақстандық шикізаттық емес экспортты сыртқы нарықтарға ілгерілету жұмыстарын жалғастырып келеді. Сауда-экономикалық миссиялар отандық экспорттаушыларды қолдау құралдарының бірі болып саналады және шетелдік сатып алушылармен, дистрибьюторлармен, сауда желілерімен және салалық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға ықпал етеді.Бангкокта өткен сауда-экономикалық миссия Қазақстан мен Таиланд арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және қазақстандық өнімдерді Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына ілгерілетуге қосымша мүмкіндік жасады.Анықтама үшін:THAIFEX – Anuga Asia — Азиядағы азық-түлік, сусындар, HoReCa, food service, ритейл және сабақтас салаларға арналған ірі халықаралық көрме алаңдарының бірі. Қазақстан делегациясының Бангкоктағы іс-шараларға қатысуы отандық өнімдердің Оңтүстік-Шығыс Азия нарығындағы үлесін кеңейтуге және шетелдік серіктестермен тұрақты іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1229025?lang=ru
Биыл аймағымызда 113 мыңнан астам оқушы білім алды 26.05.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2025-2026 оқу жылының аяқталуы және каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.Облысымызда мектеп оқушыларының саны артуда. Мысалы 2022 жылы 111 мың бала оқыса, биыл 113 мыңнан астам оқушы білім алды.Оқушылар саны артқан сайын, түлектердің саны да өсуде. Биыл 11-нші сыныпты 5 213 оқушы аяқтайды, бұл 2022 жылға қарағанда шамамен 900 оқушыға артық.«Алтын белгіге» 231 түлек, ал үздік аттестат алуға 302 оқушы үміткер. 4 мыңнан астам оқушы Ұлттық тестті тапсыруды жоспарлап отыр, бұл өткен жылға қарағанда 10%-ке көп. Отандық жоғарғы оқу орындарында білім алғысы келетіндер санының өсіп жатқаны байқалады. Төрт жыл бұрын оқушылардың 52%-і елімізде білім алса, 2025 жылы - 63% (2022 ж. – 2263 бала, 2025 ж. – 2993 бала). Жыл сайын мемлекеттік грант саны көбеюде. 2022 жылы 1 131 бала грантпен түссе, 2025 жылы 1 485 түлек грант ұтып алды, өсім 31,3%.«Мемлекет Басшысы «Білім мен ғылым – әлемді өзгертуге қабілетті қозғаушы күш», – деп атап өткен болатын.Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айналуда. Елімізде шетелдің үздік университеттердің 30-дан астам филиалы ашылды. Түлектерде елімізден кетпей, шетелдік білім алуға мүмкіндік бар. Әр жетістіктің артында оқушы мен ұстаздың еңбегі жатыр. Сондықтан біз балалардың еңбегін бағалап қана қоймай, оларға қолдау көрсетуіміз қажет.», – деді аймақ басшысы.Биыл облысымыздың қоржынында 86 медаль бар, оның ішінде 17 халықаралық және 69 республикалық олимпиада медалі. Халықаралық олимпиадаларда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты 8 медальмен көш бастады. «Озат» лицейі мен Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-лицейі бір-бір медальдан иеленді. Халықаралық жобалар конкурстарында Ы. Алтынсарин атындағы гимназия, Қостанай қаласындағы «Озат» лицейі және Рудный қаласындағы №10 гимназия жүлделі орындарға ие болды.«Мектеп бітіру іс-шараларын өткізуге ерекше назар аудару қажет. Олар мектеп форматына сай ұйымдастырылуы тиіс.Түлектер кеші балалардың жадында жылы әрі есте қаларлық оқиға болып қалуы керек, артық шығындар мен қауіп-қатерге себеп болмауы тиіс. Ең бастысы, бітіру іс-шаралары балалар үшін ұйымдасқан, мәдениетті және ең маңыздысы — қауіпсіз түрде өтуі қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1228700?lang=ru
Биыл аймағымызда 103 мың бала сауықтыру және жазғы демалыспен қамтылады 26.05.2026
Бүгін аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2025-2026 оқу жылының аяқталуы және каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.Оқушылардың жазғы демалысы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Биыл сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламасымен 103 мыңға жуық бала қамтылатын болады (98,5%). Бұл мақсатқа 457 млн қарастырылған, бұл 2022 жылға қарағанда 1,8 есе артық.«Мұндай өсімге қала сыртындағы екі лагерді ашудың арқасында қол жеткіздік, сондай-ақ балаларды жазғы демалыспен қамту 74%-тен 98,5%-ке дейін артты. Мектеп жанындағы лагерлердің 55%-ті тегін тамақпен қамтылады. Жазда 12 саяжай лагері мен 617 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Ең алдымен, әлеуметтік осал санаттағы балаларды толыққанды және сапалы жазғы демалыспен қамту керек», – деді Құмар Ақсақалов.Биыл әлеуметтік санаттағы балаларды, сондай-ақ дарынды балаларды сауықтыруға 300 млн теңге қарастырылған, бұл 2022 жылға қарағанда 33,3%-ке көп.Биылғы жылы шамамен 103 мың бала (98,5%) сауықтыру және жазғы демалыспен қамтылады. Бұл мақсаттарға 457 млн теңге қарастырылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп.«Менің тапсырмам бойынша қараусыз қалған лагерьлерді қалпына келтіру үшін инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Меңдіқара ауданында «Аллюр» зауыты бұрынғы «Солнечный» лагерін қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Мұнда зауыт қызметкерлері отбасыларымен бірге демала алады. Кейіннен кәсіпорын балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін коммерциялық лагерь ашуды жоспарлап отыр. Осындай жұмыстарды барлық қалалар мен аудандарда жүргізу қажет», – деді облыс әкімі.Жазғы демалыс нысандарының барлығы санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы тиіс. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің бағдарламаларына спорттық, шығармашылық және дамытушы іс-шаралар енгізілуі қажет, олар мазмұнды әрі әртүрлі болуы керек.«Біз форумдар мен түрлі іс-шаралар аясында Қостанай қаласындағы машина жасау зауыттарына өндірістік экскурсияларды сынақтан өткіздік. Қазіргі уақытта осы экскурсияларды туроператорларға беру мәселесі қарастырылуда. Жазғы демалыс жоспарларына бұл экскурсияларды енгізу қажет. Болашақта мұндай іс-шаралар балалардың кәсіби бағдар алуына және мамандық таңдауына көмектеседі. Балалардың жазғы демалысы тек қызықты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы тиіс», – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1228717?lang=ru
Кәсіпкерлікті дамытуға 14,2 млрд теңге: бөлінген қаражат Қарағанды облысында белсенді іске асырылуда 26.05.2026
Ерлан Сағынаев Қарағанды облысының бизнес қауымдастығымен кездесті. Ашық диалогқа бизнестің, салалық қауымдастықтардың, "Атамекен" ҰКП және мемлекеттік органдардың 150-ден аса өкілі қатысты.Қатысушылардың назарына бизнесті күн сайын толғандыратын мәселелер шығарылды: салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, мемлекеттік сатып алуға қол жеткізу, көлік логистикасын дамыту, АӨК және құрылыс секторын қолдау."Шағын және орта бизнес Қарағанды облысының экономикасында шешуші рөл атқарады. Тұрақты жұмыспен қамтып, өңір табысының едәуір бөлігін қалыптастырады. Министрлік ретіндегі біздің міндетіміз — іс жүргізуге барынша қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және оларға жүз пайыз қол жеткізуді қамтамасыз ету", - деді Сағынаев.Қарағанды өңірі кәсіпкерлікті дамытуда сенімді серпін танытып отыр. Бүгінгі таңда мұнда 246,4 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 94,4 мыңға жуық ШОК субъектісі жұмыс істейді (экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығы).2025 жылғы қорытынды бойынша жалпы өңірлік өнімдегі ШОК үлесі 23,2% - ға өскен. Ал өндірілген өнім көлемі 4,9 трлн теңгеге жетті (2024 жылғы 3,6 трлн теңгемен салыстырғанда). ШОБ секторынан түсетін салық түсімі 11,3%-ға, 409,5 млрд теңгеге жетті.Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың айтуынша, жаңа бизнесті тіркеу және кәсіпкерлер санының сапалы өсуі үшін негізгі ынталандырудың бірі арнайы бөлшек салық режимін қолдану. Осының арқасында өңірде оны төлеушілер саны 139 - дан 4,1 мыңға дейін өскен. Яғни 29 есеге жуық.2026 жылы Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қаржылық және қаржысыз қолдауға 14,2 млрд теңге бөлінді (11,6 млрд - республикалық және 2,6 млрд - жергілікті бюджеттен). Бөлінген қаражат қазірдің өзінде белсенді жұмыс істеуде: ондаған ірі жобалар қаржыландырылып, "Өрлеу", "Кәсіпкер" және "Ауыл аманаты"бағдарламалары бойынша қарыз беру мақұлданған.Сонымен қатар, министрлік өзара іс-қимылдың проактивті сервистік моделіне көшуді ауқымдандыруда. Вице-министр қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізу туралы айтып, "Даму" қорының өңірлік филиалдары базасында "Бәйтерек"холдингінің барлық бағдарламалары бойынша бірыңғай фронт-офистер іске қосылғанын атап өтті. Шалғай аудандардан келген кәсіпкерлер үшін мобильді фронт-офистер (арнайы жылжымалы кешендер) іске қосылады.Операциялық немесе қаржылық қиындықтарға тап болған бизнес үшін кәсіпорындардың тұрақтылығын кешенді сүйемелдеу және қалпына келтіру үшін мамандандырылған "оңалту орталықтары" құрылады.Кездесу форматы қатысушыларға отандық тауар өндірушілерді (ОТӨ) қорғау шараларын күшейтуді және олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуін арттыруды қосқанда, жүйелі шешімді талап ететін мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.Ерлан Сағынаев Қарағанды облысындағыдай, қолдау құралдарын қолдану тәжірибесін егжей-тегжейлі талдауға дайын екенін білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша вице - министр кездесуге қатысушылардың барлығынан — мемлекеттік қолдауды пайдаланып жүргендерден де, ықтимал әкімшілік кедергілерді анықтау және жою үшін өтінім беруді жоспарлап отырғандардан да ұсыныстар тізілімін қалыптастыруды тапсырды.Жұмыс сапары аясында Ерлан Сағынаев бірқатар өңірлік кәсіпорындарға барды. Отандық экологиялық тұрмыстық химия өндірушісі "WEC Trade" ЖШС ерекше назар аударады. 2016 жылы құрылған компания бүгінде 40 маманды жұмыспен қамтып, бүкіл Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Өзбекстанға да 30-дан астам қауіпсіз өнім түрін экспорттайды.Кәсіпорынның өндірістік қуаты ішкі нарықты сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бренд онлайн-дүкендер мен ірі маркетплейстер арқылы сату арналарын белсенді және сәтті дамытуда. Бұл ретте компания өзінің қатысу географиясын кеңейте әрі отандық тұтынушыға үздік әлемдік стандартқа толық сәйкес келетін қолайлы бағамен сапалы өнім ұсына отырып, елдің ірі сауда желілеріне тауар жеткізуге ұмтылуда.Сондай - ақ, вице-министр Бекбаев ЖК базасындағы "АСЕТ inclusive" ҚБ интеграциялық орталығының қызметімен танысып, электрондық коммерция және логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңірдің технологиялық көшбасшыларының бірі-TEEZ инновациялық компаниясына барды."Бүгінгі кездесу алдағы жұмысымыздың перспективалық бағытын ашық талқылауға тамаша мүмкіндік берді. Бизнестің барлық айтылған бастамалары мен қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар нақты жүйелік шешімдерді әзірлеу үшін егжей - тегжейлі зерделенеді", - деді Сағынаев сапар қорытындысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1228987?lang=ru
Қостанай облысында «Таза ойындар» өткізілді 26.05.2026
Бүгін «Таза ойындар» экоквест форматында «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бастама аймақ тұрғындарын маңызды мақсатқа – су объектілерінің тазалығын сақтауға және практикалық іс-әрекеттер арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға біріктірді.Акцияның басты алаңы Қостанайда «Ақ шаңырақ» маңындағы Тобыл қаласының жағалау аймағы болды. Облыстың аудандары мен қалаларында іс-шаралар ұйымдастырушылармен бірлесіп белгіленген су айдындарында өтті.Экологиялық акцияны Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы, «Neco» экологиялық клубы» ҚҚ және өңірдің жастар ресурстық орталықтары ұйымдастырды.Іс-шараның ерекшелігі «Таза ойындар» форматы болды — экологиялық жарыс барысында командалар аумақты қоқыстардан тазартып қана қоймай, жиналған қайта өңделетін заттар үшін ұпай жинап, қалдықтарды сұрыптады. Бұл тәсіл ластанған жерлерді тазалауға ғана емес, сонымен қатар қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттауға көмектесті.Қатысуға 5-тен 10 адамға дейінгі командалар шақырылды. Акцияға оқушылар, студенттер, еріктілер, жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сондай-ақ облыстың барлық белсенді тұрғындары қатысты. Әр команда өз атауын және капитанын таңдады.Бәсекелестік кезеңінде қатысушылар қоқыстарды жинап, оларды санаттар бойынша сұрыптап, қаптарды арнайы қабылдау орындарына жеткізді. Тапсырмаларды орындауға бір сағат бөлінді.Жиналған қалдықтар бірнеше санатқа бөлінді: пластмасса, шыны, металл, аралас және қайта өңделмейтін қалдықтар. Қоқыстың әр түрі үшін жеке баллдық жүйе қарастырылды. Командалар пластик жинағаны үшін ең көп ұпай алды, бұл қалдықтардың осы түрін қайта өңдеудің қоршаған орта үшін маңыздылығын көрсетті.«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және болашақ ұрпақ үшін туған өлкенің тазалығын сақтауға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1228590?lang=ru