Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті 02.10.2026
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті. Жиынға екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттарының өкілдері мен кәсіпкерлер, инвесторлар, компания басшыларынан құралған 100-ден астам адам қатысты. Онда инвестициялық жобаларды нақты іске асыру  жолдары талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі. Шара барысында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен және ҚР Сыртқы істер вице-министрі құттықтау сөз сөйлеп, форумның екі ел арасындағы байланысты жандандырудағы маңызына тоқталды. Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде аймақта бизнес үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Облыс әкімінің айтуынша, соңғы сегіз айда облысқа 747 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ке көп. Сондай-ақ жалпы құны 7,1 трлн теңге болатын 293 инвестициялық жоба іске асу сатысында.«Өңірде жаңа өндіріс ошақтарын орналастыру үшін аумағы 9 мың гектар жерде жалпы инвестициялық портфелі шамамен 1 трлн теңгені құрайтын 22 индустриялық аймақ құрылуда. Агроөнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күні жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын 44 инвестициялық жоба бар. Біз әсіресе ет пен сүтті, астық пен майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдеуге басымдық беріп отырмыз. Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерінде баламасы жоқ, аумағы 98 мың гектар болатын «Alatau» арнайы экономикалық аймағы дамып келеді. Өнеркәсіп, логистика, заманауи технологиялар және іскерлік инфрақұрылым қатар дамитын Алатау қаласын жаңа экономикалық орталық ретінде қарастырамыз», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Сондай-ақ Дания Корольдігі мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, энергетика және заманауи технологиялар саласында бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.Мәртебелі мейман Ларс Лёкке Расмуссен Дания Корольдігі үшін Орта Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды.  «Біздің басты мақсатымыз – инвестициялық жобаларды іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандардың кәсібилігін шыңдап, қос тарапқа да тиімді бизнесті дамыту. Табысты экономикалық ынтымақтастық технология мен капиталға ғана емес, өзара сенімге де байланысты. Сондықтан Қазақстан мен Дания арасында бұдан да берік байланыс орнағанын қалаймыз», – деді Ларс Лёкке Расмуссен.ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ардақ Зебешев Қазақстан мен дат компанияларының логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика саласындағы мол тәжірибесі мен қызығушылығын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға ұластыруға мүдделі екенін айтты.  Форум нәтижесінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Данияның ең ірі кәсіпкерлік ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Айта кетейік, қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 19,7 млн АҚШ долларына жетіп, 43,9%-ға артты. Бүгінде екіжақты байланыс жаңа бастамаларымен толығып келеді. Мәселен, бүгін Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 1 млрд литр сусын өндіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302916?lang=ru
Қазақстан мен Дания жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті 02.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссеннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан–Дания бизнес-форумына қатысты.Форум жұмысына екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының және іскер топтарының 70-тен астам өкілі қатысты.«Қазақстан Даниямен экономикалық ынтымақтастықтың практикалық сипатқа ие болуына мүдделі. Біз сауда көлемін ұлғайту ғана емес, бірлескен жобаларды іске қосу, өндірістерді жергіліктендіру және озық технологияларды енгізу үшін де мүмкіндіктер көріп отырмыз. Бұл ретте логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика салаларына басымдық беріледі. Аталған бағыттарда дат компаниялары озық тәжірибеге ие. Біздің міндетіміз – бизнестің қызығушылығын Қазақстанда жүзеге асырылатын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға айналдыруға қажетті жағдай жасау», – деді А.Зебешев.Форум аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Дания өнеркәсібі конфедерациясы (DI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум дат іскерлік қауымдастығымен тікелей жұмыс істеу, перспективалы жобалармен алмасу және Қазақстанда қызметін дамытуға мүдделі компанияларға қолдау көрсету үшін қосымша тетік қалыптастырады.Қазіргі таңда дат бизнесі Қазақстанда бірқатар салаларда қызметте. Компаниялар өнеркәсіп пен логистикадан бастап фармацевтика, су технологиялары, энергетика және агроөнеркәсіптік кешенге дейінгі жаңа бағыттарды қамтиды.Өндірісті жергіліктендіру мен өндірістік кооперацияға ерекше назар аударылды. Қазақстан үшін дат бизнесімен ынтымақтастық тек капитал тарту тұрғысынан ғана емес, отандық өндірісті дамытуға, заманауи технологиялар мен басқару шешімдерін енгізуге, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар мен халықаралық компаниялар арасында жаңа байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік беретіндіктен маңызды.Табысты ынтымақтастықтың нақты мысалы ретінде сол күні Алматы облысының Боралдай кентінде Carlsberg Group пен PepsiCo компанияларының алкогольсіз сусындар өндіретін зауытының ашылуын атап өтуге болады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 344 млн АҚШ долларын құрады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына шамамен 1 млрд литр өнімді құрайды. Жоба аясында 230-дан астам жұмыс орны құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302899?lang=ru
Талғат Ахметов Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды 02.10.2026
Талғат Ахметов 29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды. Биыл сәуір айынан бастап ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды, кейін басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.Талғат Ахметов 1990 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақстан-Американдық еркін университетін тәмамдаған. Аспап жасау, экономика, құқықтану және құрылыс салалары бойынша білімі бар.Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік мүлік және Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылауы салаларында еңбек еткен.2018-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы басқармасының бөлімін басқарды. Кейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1302851?lang=ru
Берік Солтанбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды 02.10.2026
29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған Берік Солтанбаев тағайындалды.Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. «Парасат» Қазақстан көпсалалы институтын, Халықаралық білім беру корпорациясын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Нархоз университетін тәмамдаған. Құрылыс, техника және технологиялар, құқық және іскерлік әкімшілендіру салалары бойынша білімі бар.Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында, «Қоғамдық келісім» КММ-де, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында қызмет атқарған.2017-2018 жылдары Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімін басқарды. 2018 жылы қазаннан 2022 жылы маусымға дейін Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылы маусымнан 2024 жылы маусымға дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасын басқарды. Ал биыл 6 мамырдан бастап Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1302842?lang=ru
Қазақстан Беларуське $30 млн-ға коммерциялық техника жеткізеді 02.10.2026
«Иннопром. Беларусь» форумы аясында Қазақстан–Беларусь іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында қазақстандық компаниялар беларусьтік серіктестерімен өнім жеткізуді ұлғайтуға бағытталған бірқатар келісімге келді. Жұмысқа Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қолдау көрсетті.Негізгі келісімдердің бірі – қазақстандық коммерциялық техниканы Беларуське жеткізу. «Hyundai Trans Auto» ЖШС мен Беларусьтің «Эр Си М» ЖШҚ 2027–2028 жылдары 790 бірлік техника жеткізу туралы келісімге келді. Келісімнің жалпы құны кемінде $30 млн болады. Сонымен қатар қазақстандық автокөлік өндірушілерінің Беларусь нарығындағы экспорттық әлеуеті жылына 4 500 бірлік техникаға дейін жетеді.Қазақстандық өнімді Беларусь нарығында ілгерілету мақсатында  тағы 1 келісім жасалды. Қазірдің өзінде экспорттаушылар пулы қалыптастырылып, жылына 20 жүк көлігіне дейін тауар жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Екі ел арасындағы сауда көлемі де тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, $1,2 млрд-тан асты. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында өзара сауда тағы 20,5%-ға өсіп, $723 млн болды. Оның ішінде Қазақстан экспорты $180,3 млн, импорт $542,7 млн құрады. Осы кезеңде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің Беларуське экспорты 34,9%-ға өсіп, $24,9 млн-ға жетті.Ендігі міндет – осы өсімді нақты экспорттық жобалармен бекіту. Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіп, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірқатар жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазақстан өнімдерінің Беларусь нарығындағы қосымша экспорттық әлеуеті $80,1 млн-ға бағаланады.2026 жылдың қаңтарында Минскіде Қазақстанның «Қазақ Трейд Хаус» сауда үйі жұмысын бастады. Ол қазақстандық тауарларды Беларусь нарығына шығаруға және экспорттық жобаларды сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Қазір мұнда сегіз қазақстандық өндірушіден тұратын жеткізушілер пулы қалыптастырылған. Оның ішінде жылына 20 жүк көлігіне дейін, жалпы құны $300 мыңға дейін өнім жеткізу мүмкіндігі бар.Азық-түлік өнімдері бойынша Беларусьтің ең ірі сауда желілерінің бірі «Еврооптқа» тауар жеткізу мәселесі пысықталуда. Қазірдің өзінде өсімдік майы, сүт өнімдері, сусындар, минералды су, ұн, жарма және ет консервілерін жеткізу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.Теміржол-машина жасау саласында да байланыс жолға қойылған. «Проммашкомплект» ЖШС Беларуське тұтас илемделген теміржол дөңгелектерін жеткізіп келеді. Ал «Railways Systems Holding» ЖШС вагондар, рельсті автобустар, қосалқы бөлшектер және басқа да өнімдерді жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.Бұдан бөлек, Қазақстанда бірлескен өндірістер құруға бағытталған екі жоба пысықталуда. «ПОЖСНАБ» ЖШҚ мен «Автокомпоненты КЗ» ЖШС арнайы өрт сөндіру техникасын өндіруді жоспарлап отыр. Ал «Qaz-Bel Лифт» ЖШС мен «Могилевский завод лифтового машиностроения» ААҚ Ақтөбеде лифт өндірісін іске қосу мүмкіндігін қарастыруда.Алдағы кезеңде тараптар нақты келісімшарттарға басымдық беріп, қазақстандық өнімдердің Беларусь нарығына жеткізілу көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1302820?lang=ru
Жеңілдетілген режіммен жұмыс істейтін бизнестің табысы 19% артты 02.10.2026
Мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін жайлы жағдайлар жасауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бизнесті жүргізудің түсінікті ережелерін бірізді түрде қалыптастыруға бағытталған.Салық заңнамасын жетілдіру бұл бағытта қолға алынған жұмыстардың бірі. Биыл қаңтар бастап жаңа Салық кодексі күшіне еніп, бұған сәйкес арнайы салық режімдері оңтайландырылған болатын. Оның ішінде жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімі ең сұранысқа ие тетіктердің біріне айналды. Айталық, бұл тәртіпті қолданудың алғашқы нәтижелері кәсіпкерлердің қызметіндегі оң динамиканы байқатып отыр.Атап айтсақ, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сәйкес осы режімді қолданған бизнестің табысы 9,4 трлн теңгеге ұлғайған. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 18,9%, яғни 7,9 трлн теңгеге артып отыр.Осы режімге сәйкес қызмет ететін кәсіпкерлердің жұмыспен қамту көрсеткіштері де оң серпінді көрсетіп отыр. Жалдамалы қызметкерлер саны 14,2%, яғни 445 мыңнан 509 мың адамға дейін өскен. Сәйкесінше еңбекақы қоры да 7,2% ұлғайған.Жалдамалы жұмыскерлері жоқ бизнес субъектілері 30,5% азайған. Декларацияларда табысын нөлден бес млн теңгеге дейін көрсеткен кәсіпкерлердің үлесі үштен бірге төмендеді. Бұл деректер жаңартылған режім шеңберіндегі алғашқы есептіліктің қорытындысы бойынша алынды. Тамыз айында кәсіпкерлер алғаш рет биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған декларацияны тапсырды.Осы ретте жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімін жылдық табысы 600 мың АЕК болатын Салық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алатынын айта кетейік.Жеке немесе корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі – 4%. Бұл орайда жергілікті өкілді органдар оның мөлшерін заңнамада белгіленген шекті деңгейде азайтуға немесе ұлғайтуға құқылы. Салық және есепті кезең жартыжылдық болып саналады.Осы режімді қолданатын кәсіпкерлер (импортталатын тауарларға арналған ҚҚС және бейрезиденттерге байланысты ҚҚС есепке алмағанда) әлеуметтік салық пен ҚҚС төлеушілері болып саналмайды.Алғашқы нәтижелер бизнес пен жұмыспен қамтудың декларацияланатын кірістердің өсімін көрсетіп отыр. Сонымен бірге жалдамалы жұмыскерлері жоқ кәсіпкерлер мен ең төменгі кірісті декларациялайтын субъектілер азайған.Алынған мәліметтер АСР-дегі өзгерістің алғашқы оң нәтижелері туралы айтуға толық мүмкіндік беріп отыр. Олардың әрмен қарай нәтижелері кейінгі есепті кезеңдердегі деректердің жинақталуына қарай бағаланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1302790?lang=ru
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырып келеді 02.10.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев екіжақты кездесу өткізді. Жиында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өзара сауданың өсуі және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жол картасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин екі мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы сындарлы ұстанымы мен жүйелі жұмыстары үшін Өзбекстан Үкіметіне алғысын білдірді.«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға сапары және Үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысы біздің стратегиялық әріптестігіміздің берік негізін айқындады. Бүгінде бізде нақты уағдаластықтар мен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқан Жол картасы бар», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары.Екі елдің сауда-экономикалық байланысы өсіп келеді. 2026 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,8%-ға артып, $3,25 млрд-қа жетті.Екі ел алдында $10 млрд-тық тауар айналымына шығу міндеті тұр. Осы мақсатқа жету үшін өзара сауданы дәйекті түрде кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету маңызды.Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев өз кезегінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті. Ол Қазақстан Өзбекстан үшін бауырлас ел әрі сенімді әріптес екенін атап өтті. Тараптар өзара сауда мен инвестицияны дәйекті түрде арттыруда, көлік тасымалы көлемін ұлғайтуда. Өзбекстан Қазақстанмен кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.Жиын соңында тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1302784?lang=ru
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды 02.10.2026
Алматы облысының Боралдай ауылында  «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Зауытта жылына 1 млрд литрге дейін сусын өндіріледі. Мұнда 230-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейтін болады. Дайын өнім Қазақстан нарығынан бөлек ТМД елдеріне экспортталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен, ҚР Сыртқы істер вице-министрі мен компания өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа кешеннің ашылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын елеулі қадам екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатынжақсарту», – деп алдымызға нақты міндеттер қойған болатын. Экономиканың өркендеуі ең алдымен елдің әр өңіріндегі жүзеге асып жатқан нақты жобалардан көрінеді. Сондықтан өндірісті дамыту мен инвестиция тарту біздің өңіріміз үшін де маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы жолдағы ірі жобалардың бірі – «Carlsberg Kazakhstan» компаниясыныңжаңа өндіріс орнын іске қосуы. Бұл өңір экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім көлемін көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Игі шараға арнайы келген Ларс Лёкке Расмуссен кәсіпорынның іске қосылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда үлкен маңызға ие екенін жеткізді. «Қазақстан мен Дания географиялық тұрғыдан бір-бірінен алыс орналасқан мемлекеттер болғанымен, бұл бірлесіп жұмыс істеуге кедергі емес. Бүгін ашылған жаңа кәсіпорын – соның айқын дәлелі әрі болашаққа салынған ортақ инвестиция. Сондай-ақ зауыт сауда-саттықты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа технологияларды өндірісте пайдалануға мүмкіндік береді», – деді мәртебелі мейман.Шара барысында қонақтар жаңа өндіріс желісін іске қосу түймесін бірлесе басып, кешеннің жұмысын бастап берді. Одан кейін зауытты аралап, оның өндірістік қуатымен танысты. Жобаның бірінші кезеңінде түрлі дәмдегі сусындар әзірлеп, оның қаптамасын дайындау үшін бес өндірістік желі жұмыс істейді. Кейін өнімді қоймаларда сақтау, тасымалдау сияқты логистикалық мүмкіндіктерді де дамыту көзделіп отыр. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, жергілікті тауарға сұранысты арттырады. Зауытта су, жарық, жылу көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін озық технологиялар қолданылған.Айта кетейік, кәсіпорынның ашылуынан бөлек бүгін Қонаев қаласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында  «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтіп жатыр. Алқалы жиында инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары талқылануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302710?lang=ru
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Алимирзамин Аскеровпен кездесті 02.10.2026
Министр Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтердің цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктерімен таныстырды.Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1302711?lang=ru
Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте соңғы он жылдағы ең үздік нәтиже көрсетті 02.10.2026
Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) елеулі ілгерілеу көрсетіп, бірден 8 сатыға көтерілді және әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі.Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға, ал Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орынға ие болды. Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты. Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бойынша Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі (Innovation Inputs) бойынша 75-орыннан 73-орынға жақсарды.GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала таныстырылымы аясында ұсынылды.Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс негіз болды. 2026 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі GII мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне және деректердің сапасына басымдық берді.Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайынғы мониторингтеуден нақты көрсеткіштер, дереккөздер және мемлекеттік саясаттың қажетті шаралары бойынша мазмұнды жұмыс форматына көшіруге мүмкіндік берді.Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302614?lang=ru
Дүниежүзілік күнтізбеде 1 қазан - Халықаралық қарттар күні ретінде белгіленген. 02.10.2026
Еліміз әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі болғандықтан аталған датаны назардан қалдырмай игі дәстүрге сай атап өтіп жүр.Ұрпақ сабақтастығы мәселесінде оның маңыздылығы тіптен ерекше.«Көп білгеннен емес, көпті көргеннен сұра», деген тәмсілді ескерсек, мұның буын алмасу мәселесінде пайдасы зор.Қартты қадірлеген ел - қатардан қалмайды. Көнекөз қарияларымызды ғұмыр ғибратымен сүйіншілесін!ҚР Қаржы министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1302563?lang=ru
Әскери қызметшілер аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтады 01.10.2026
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Халықаралық қарттар күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруды әдетке айналдырған.Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарт кісілермен кездесті.Әскери қызметшілер еңбек ардагерлері мен қарияларды мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады.– Қарттар күнінде аға буынға деген құрметімізді білдіріп, олардың еңбегі мен еліміздің дамуына қосқан үлесіне алғысымызды білдіреміз. Үлкендердің батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдау – біз үшін үлкен мәртебе, – деді 27943 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Самат Айдарбаев.Әскерилермен болған жүздесу орталық тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әскери қызметшілер аға буынға, олардың өмірлік тәжірибесі мен біліміне құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын және қоғамның адамгершілік құндылықтарын сақтаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.Өз кезегінде қарттар елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілерге қызметтеріне табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде де өңір ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Департамент бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге алғыс хаттар табыстап, ұзақ ғұмыр тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1302407?lang=ru
Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті 01.10.2026
Қазақстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан (CASA) бағыты бойынша Пәкістанның теңіз порттарына шығатын жаңа теміржол бағытының жобасын бірлесіп пысықтауды көздеп отыр.CASA теміржол жобасы аясындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі және Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрлігі қол қойды.CASA жобасы Орталық және Оңтүстік Азияның көлік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа теміржол бағытын қалыптастыруды, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды, сауда, логистика және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашуды көздейді. Меморандум аясында тараптар техникалық, экономикалық зерттеулер мен талдау жұмыстарын жүргізуді, қажетті теміржол инфрақұрылымын және онымен байланысты нысандарды дамытудың орындылығын зерделеуді көздейді.Қазақстан мен Өзбекстанның дамыған теміржол инфрақұрылымы және айтарлықтай транзиттік әлеуеті бар. Біріккен Араб Әмірліктері көлік инфрақұрылымы, логистика және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру саласында халықаралық тәжірибеге ие. Осылайша тараптардың ынтымақтастығы CASA жобасын жан-жақты пысықтауға және оны іске асырудың оңтайлы тетіктерін айқындауға мүмкіндік береді.Тараптар одан әрі атқарылатын қадамдар мен бірлескен жұмыстың нақты бағыттарын да талқылады. Атап айтқанда, жобаның техникалық, экономикалық және қаржылық мәселелерін кешенді түрде пысықтау үшін Жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1302349?lang=ru
Аймақ басшысы Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті 01.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті.Онда елді мекендердің инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларын дамыту,халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.Ауылдық округтерде көшелерге асфальт төселген, аяқсумен қамтылған және жарықтандырылған. Тұрғындар мал ұстайды, кәсіпкерлікпен айналысады.Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Аймақ басшысы Бәйгеқұм ауылындағы учаскелік полицияның жаңа пунктінің жұмысымен танысты. Нысанды демеушілік қаражат есебінен 22 млн теңгеге «Сәт-Сервис» серіктестігі салып, қыркүйек айында пайдалануға берілген.Бұл ауылда 2330 тұрғын бар. Учаскелік полиция пунктінің ашылуы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға және полиция қызметкерлерінің халықпен тікелей байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.Одан кейін облыс әкімі «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігінің қаржыландыруы есебінен 1,2 млрд теңгеге салынып жатқан 4,3 шақырым «Самара-Шымкент-Еңбекші» автомобиль жолының құрылысын көрді. Бас мердігер «Орда АвтоДор» ЖШС қолға алған құрылысты авторлық қадағалауға «Димаш-Сервис», техникалық қадағалауға «Опора Строя» серіктестіктері жауапты. Қайта жаңғыртудан өткен жол Еңбекші ауылы тұрғындарының көлік қатынасын жайлы етеді.Шиелі кентіндегі жол жөндеу жұмыстары, мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер мектебі де назардан тыс қалмады. Биыл Қожа Ахмет Яссауи, Бәкіров және Есабыз көшелерін, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінен канал көпіріне дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 544,6 млн теңге, аудандық бюджеттен 350 млн теңге бөлінді. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.№9 Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі күрделі жөндеуден өткен. Жалпы 249,9 млн теңге бөлінген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мектеп ғимараты жаңартылып, спортшылар мен жаттықтырушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.Айта кету керек, Шиелі ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 325,9 шақырым болса, оның 80 шақырымы республикалық, 100,5 шақырымы облыстық және 145,4 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар санатында.Аудандық маңызы бар 145,4 шақырым жолдың 138,1 шақырымы (94,9 пайыз) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал облыстық және республикалық маңызы бар жолдар 100 пайыз асфальтталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1302249?lang=ru
Қазақстан мен Ауғанстан екіжақты, өңірлік және көпжақты өзара іс-қимылды дамытуды талқылады 01.10.2026
Қабыл қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовтың Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхаммед Найммен және Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының (AWCCI) өкілдерімен кездесулері өтті.М. Найммен өткен кездесу барысында тараптар қазақстандық делегацияның Гератқа сапарының қорытындылары бойынша пікір алмастырып, жылы қабылдау мен өткен келіссөздердің сындарлы сипатын атап өтті. Е. Тұқымов Гератқа сапары ү.ж  20-21 маусымында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болғанын атап өтті.Қазақстандық тарап транзиттік дәліздерді салу, сондай-ақ Оңтүстік Азия елдерімен сауда жасау бойынша Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестікте Ауғанстанмен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.Ауғанстандық тарап БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің сөз сөлеуінде  халықаралық алаңның орталық рөлін сақтай отырып, Ауғанстанмен кезең-кезеңімен халықаралық өзара іс-қимылды қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының қызметіне қатысуға мүдделілігін атап өтті. Екі ел арасындағы тікелей авиациялық қатынастардың перспективалары да бөлек талқыланды.Сапар аясында Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының өкілдерімен де кездесу өтті. Қатысушылар екі елдің әйел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ білім беру, кәсіби даму, медицина және әлеуметтік жобалар салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.Палата өкілдері қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді. Е. Тұқымов тікелей іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен бастамаларды пысықтау үшін Палата өкілдерін Қазақстанға шақырды.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тікелей диалогты жалғастыруға және өңірлік және көпжақты ынтымақтастық форматтарын тарта отырып, бірлескен бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302227?lang=ru
Шиеліде күн-электр станциясы іске қосылды 01.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Vigor Holding» компаниясының Шиелі ауданындағы қуаттылығы 20 МВт күн-электр станциясын іске қосу рәсімі өтті. Оған облыс прокуроры-инвестициялық омбудсмен Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аталған компанияның және жобаға қаржылай қолдау көрсеткен «Қазақстанның Даму Банкінің» өкілдері арнайы қатысты.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, оның ішінде индустрия, энергетика және құрылыс салаларында заманауи өндірістер ашуды тапсырған болатын.Жаңа жобаларды іске асыруға, өнеркәсіпті дамыту үшін жеке капитал тартуға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасап келеді.Осының айқын көрінісі ретінде, бүгін отандық инвестордың қатысуымен жүзеге асқан жоба – «Vigor Holding» компаниясының күн-электр станциясын іске қосу рәсіміне жиналдық.Біз отандық және шетелдік инвесторлармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс жасауға әрдайым дайынбыз! Жаһандық бәсеке күшейіп тұрған қазіргі заманда бұл – өте маңызды бастама. Өндірістер ашуға, жаңа технологияларды дамытуға салынған инвестицияның міндетті түрде қайтарымы болады. Осы ретте, ұтымды әлеуетімізді және мүмкіндіктерді тиімді пайдалануымыз қажет. Жаңа станцияның жұмысы табысты болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және жобаның нәтижелі жүзеге асуына атсалысқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ризабек Кәрімұлы, «Vigor Holding» компаниясының бас директоры Айтуған Ахметұлы құттықтау сөз сөйлеп, ардагер Өркен Әзімханұлы ақ батасын берді.Бүгінде өңірде жалпы қуаттылығы 151 мегаватт болатын 11 күн-электр станциясы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта қуаттылығы 225 мегаваттан асатын тағы 7 күн-электр станциясын іске қосу жоспарланған.Қазір Арал және Жаңақорған аудандарында 30 мегаваттық станциялар құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында 15 мегаваттық, ал Шиелі ауданында әрқайсысының қуаттылығы 60 мегаватт болатын екі күн-электр станциясының жобасы әзірленуде. «ҚызылордаЭнерджиГаз» мекемесінің 10 мегаваттық станциясының құрылысы алдағы айда басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1302233?lang=ru
Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады 01.10.2026
Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-сыныпты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде хабарлады.«Нарық конъюнктурасын, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың ұсынысын ескере келіп, Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын айқындады. Атап айтқанда, 3-сыныпты бидай бағасын сапалық көрсеткішіне байланысты 92-ден 115 мың теңгеге дейін белгілеу жоспарлануда. Осылайша, баға өткен жылғы деңгейде қалады», — деді Серік Жұманғарин.Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.Тағы бір қолдау шарасы – астық трейдерлеріне ҚҚС-ты қайтару. Тиісті шешім Салық Кодексін енгізу бойынша жобалық кеңсе отырыстарының бірінде қабылданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «пирамида әдісі» деп аталатын тәсілді қолдана отырып, салықтық тексерумен расталатын болады. Тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтарып ала алады.Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.Өткен жылдары астық жөнелтушілердің көлік шығындарын субсидиялау қазақстандық астықты жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды. Азық-түлік корпорациясы сонымен қатар Қытай арқылы мультимодальды маршрут бойынша Вьетнамға астық жеткізуді сынап көрді.Бұл шараларды жүзеге асыру астық бағасын тұрақтандыруға және демпинг тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті. Логистика, қайта өңдеу, машина жасау және сервистік қызметтер сынды сабақтас салаларға да қосымша әсер берді.Кездесудің тағы бір тақырыбы мал шаруашылығын дамытуға арналды. Қостанай облысының үш оңтүстік өңірі – Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгінде 1 132 фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Жалпы егіс алқабы 581,1 мың гектар. Оның ішінде дәнді дақыл 501,4 мың гектар, майлы дақыл 65,9 мың гектар. Соңғы үш жылда майлы дақыл алқабы 1,3 есеге ұлғайды. Негізгі дақыл – мақсары: ол 51,2 мың гектарға немесе облыстағы осы дақылдың барлық ауданының 47%-ына егілді.Фермерлер кезінде Қостанай облысы бастамашы болған «Жайлау» бағдарламасын қайта жүзеге асыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, жайылымдарды міндетті түрде суландыру және мал шаруашылығы базаларын салу жөніндегі талаптар туралы сөз болды. Оңтүстік аудандардың шаруашылықтары негізінен табиғи су көздері бар өзендер мен көлдердің жайылмаларында орналасқан, көптеген фермерлерде мал шаруашылығына қажетті инфрақұрылым бар. Осыған байланысты бағдарлама талаптарын орындау кезінде бұрыннан бар объектілерді есепке алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Сондай-ақ, мал өсірушілер асыл тұқымды ірі қара малдың шекті құнын оны сатып алуды жеңілдетілген несиелеу кезінде қайта қарауды ұсынды. Өйткені олардың бағалауы бойынша бағдарламада белгіленген баға нарықтық бағадан төмен.Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыстағы құжаттарға қажетті өзгерістерді пысықтауды, сондай-ақ асыл тұқымды мал құнының анықтамалығын әзірлеуді тапсырды.«Zengi Group» ЖШС директоры Жәнібек Кенжебаев Арқалықта эмбриондар өндіру бойынша генетикалық орталық құру жоспарын ұсынды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тартылды.«Бұл жоба – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейту мүмкіндігі. Эмбриондарды қолдану арқылы біз асыл тұқымды мал ала аламыз. Сонымен қатар Арқалықта мал тасымалдау бойынша логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істейміз. Біз асыл тұқымды малды өндіру мен сатуды кәсіби деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1301951?lang=ru
Қазақстан Ауғанстанға $21 млн-ға бидай мен күнбағыс майын жеткізеді 01.10.2026
Герат қаласында Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Қазақстандық бизнес-делегацияны ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов басқарды. Форумға Ауғанстан нарығына шығуға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі 12-ге жуық қазақстандық компания қатысты. Форум барысында екі елдің кәсіпкерлері B2B форматында кездесіп, өзара сауданы кеңейту, қазақстандық өнім экспортын арттыру және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық WAYSTAR және Kim Rail International компаниялары ауғандық OSMAN KHALID компаниясымен бидай жеткізуге қатысты жалпы құны $11 млн болатын екі келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар Қазақстанның Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының қатысуымен құны шамамен $10 млн болатын күнбағыс майын жеткізу туралы келісім жасалды. Сапар аясында «Хаф–Герат» теміржолының үшінші учаскесінің ашылу рәсімі де өтті. Оның құрылысына қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС қатысты.Тараптар өзара сауданың басқа да бағыттарындағы ынтымақтастықты жалғастыруға және екі елдің бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытуға келісті. Қазақстандық делегация Герат провинциясындағы индустриялық аймақтың өндірістік әлеуетімен де танысты. Ірі кәсіпорындардың өкілдері мәрмәр өндіру және өңдеу, металл прокатын шығару, фармацевтика және алкогольсіз сусындар өндірісіндегі кәсіпорындардың жұмысымен таныстырды. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда көлемі де өсіп келеді. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $581,1 млн болды. Бұл 2025 жылдың бүкіл қорытындысындағы $541,6 млн көрсеткіштен жоғары. Қазақстанның Ауғанстанға экспортында ұн, бидай, күнбағыс майы, металл өнімдері және минералды тыңайтқыштар негізгі орын алады. Сауда көлемінің өсуіне екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстың нығаюы да ықпал етіп отыр.Қазақстан екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін тұрақты түрде сауда-экономикалық миссиялар, бизнес-форумдар және B2B кездесулер өткізеді. Ал Кабул мен Гераттағы Қазақстанның Сауда үйлері отандық өнімдерді Ауғанстан нарығында ілгерілетуге және қазақстандық кәсіпкерлердің ауғандық серіктестермен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік береді.Гераттағы бизнес-форум нәтижесінде жасалған келісімдер Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауданы кеңейтіп, қазақстандық өнім экспортын арттыруға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1302522?lang=ru
Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды 01.10.2026
Алматы облысында шренк шыршасы, жиде және өзге де ағаш түрлерінен тұқым алынуда. Қазірдің өзінде мамандар бір жарым тоннаға жуық дәнек жинады. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазан айының ортасынан бастап қара сексеуіл тұқымын жинау басталады. Биыл оның көлемін 10 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірде жалпы аумағы 130 гектарға жуық 2 тұрақты және 10 уақытша тәлімбақ жұмыс істейді. Ол жерден жиналған тұқым орман қорын молайтуға бағытталады.  Мәселен, Балқаш ауданындағы «Күрті орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп, бір күнде 200 келі жиде тұқымын жинады. Ол үшін 50-ге жуық адам жұмыла жұмыс істеді.«Күрті орман шаруашылығы» КММ директоры Ғабит Ақшабақовтың айтуынша,  Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2 миллиард түп ағаш отырғызу жоспары біртіндеп орындалып келеді. 2028-2035 жылдар аралығында 80 гектар жерге 266 664 түп жиде көшетін отырғызу көзделіп отыр. Қазіргі таңда жиналып жатқан жиде тұқымы осы жоспарға сәйкес көшет дайындау мақсатында уақытша орман тұқымбағына себіледі. Табиғат аясында өткен шара оқушылардың таным-түсінігін тереңдетіп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретеді. Игі іске белсене қатысқан Д.Қонаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Баукен Ерғали табиғатты қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.«Желтораңғы ауылының жастары да, қарттары да  мұндай шаралардан қалыс қалған емес. Мен – осы ауылдың тумасымын. Мұндай  игі істерге қатысуды азаматтық парызым деп білемін. Себебі «Таза Қазақстанды» қалыптастыру – әрбір адамның жауапкершілігіндегі іс», – деді жас табиғат жанашыры.Тұқым жинау, оны күтіп-баптау – табиғат байлығын көбейтіп, орман қорын сақтаудың негізі. Сондықтан Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1301724?lang=ru
ЭТИКА 01.10.2026
Қостанай облысы әкімінің аппараты мен облыстық мәслихат аппаратында құқықтық оқудың кезекті дәрісі өткізілді. Спикері - Қ. Сюндиков, Костанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі. Оқу мақсаты - қызметшілердің құзыреттерін арттыру, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың новеллаларымен танысу, этикалық теріс қылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу. Басты назарда мемлекеттік қызметте құндылықтарды, "Адал азамат", "Таза Қазақстан" және "Заң және тәртіп" қағидаттарын енгізу. Жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте цифрлық әдептілік және мінсіз бедел сияқты ұғымдар енгізіледі. Спикер Мемлекет басшысының қоғамдық әдеп тақырыбына және Қазақстан Республикасы қызметінің іргелі қағидаттарына арналған сөздері туралы хабардар етті. Жаңа Конституция ел азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін бекітті. Сондай-ақ, Қ.Сюндиков тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбайдың "Результат важнее процесса" атты "Казахстанская правда" газетіндегі соңғы мақаласының мазмұнына аударды. Елімізде "Ең алдымен адамдар" қағидатына негізделген мемлекеттік қызметтің сервистік моделі дамуын жалғастыруда.Спикер халықпен, мемлекеттік қызмет алушылармен қарым-қатынас кезінде әдеп стандарттарын сақтаудың және жанжалдардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1301711?lang=ru