Қуқық
Қазақстан СІМ-де Латвиямен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 16.01.2026
Астана, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Елшісі Даце Руткамен кездесу өткізді.Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары талқыланды.Өзара сауда көлемін ұлғайту үшін шешуші маңызға ие көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Қызығушылық тудыратын түрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірілді, сондай-ақ 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар мазмұнды диалогты жалғастыру және екі ел арасындағы жан-жақты өзара ынтымақтастықты тереңдету ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1142955?lang=kk
Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық бақылау 16.01.2026
Облыстыққұрылыс,сәулетжәне қала құрылысы,мемлекеттіксәулет-құрылысбақылауы басқармаларында "АДАЛДОСПревенция"ҚБбасшысыА.БайлинменӘдепжөніндегі уәкіл Қ. Сюндиковтың қатысуыменсеминар-кеңесөтті.ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынжәнеҚазақстанРеспубликасымемлекеттікқызметшілерініңӘдепкодексініңнормаларын сақтау, құқық бұзушылықтардың,тәртіптік теріс қылықтардыңалдын алу, "Адалазамат"тұжырымдамасын іске асыру,заңсызойынбизнесіменлудоманияға қарсы іс-қимыл, "Заңжәнетәртіп"тұжырымдамасы, зайырлымемлекетқағидаттарынсақтаумәселелеріқаралды.Әдепжөніндегі уәкіл қызметшілердіңназарынкәсібилікпен клиентке бағдарланудыарттыруға аударды.Облыстыққұрылыспрактикасыныңкейстеріқаралды:«БЕРЕКЕ шағын ауданындағымектепқұрылысы»,НазарбаевдаңғылыменТолстой көшесі бойындағы облысорталығыныңнысандары. 2025жылыБейімбетМайлинаудандықмәслихатдепутаттарықатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықжөніндегісоттыңшешімі шықты.А.Байлинқоғамдықмониторингжүргізуарқылымемлекеттікоргандарменквазимемлекеттіксекторда, мемлекеттік сатып алу саласындасыбайласжемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдықбірлестіктіңжүргізіп жатқан жұмысытуралыхабардар етті.Олсондай-ақ қызметкерлердіңқылмыстықжауапкершіліккеәкелетінқателікжібермеуіненазараударды.Қазақстан сыбайлас жемқорлықтықабылдауиндексіндегіөзпозициясынжақсартты, әлемнің180еліарасында88-орынғажетті.Осыған "Қоғамдықбақылаутуралы"Заңныңқабылдануыдаықпал етті.Мемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдануда. 2025 жылы Қостанай облысында сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жергілікті атқарушы органның бір лауазымды адамы, 2 полиция қызметкері, Рудный қаласының прокуроры, 2 аудандық мәслихаттың депутаты, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 5 қызметкері (ҚР АШМ шекаралық фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау және қадағалау), квазимемлекеттік сектор – 6 адам ("Қарабалық ауыл шаруашылығы станциясы " ЖШС – 4 адам,, орман шаруашылығы – 2 адам).Семинар қорытындысы бойынша қызметшілерге ұсыныстар беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Әдеп жөніндегі уәкіл Қ. Сюндиков "Қостанай облысы әкімінің аппараты"ММ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1142934?lang=kk
Қазақстан және Таиланд сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 16.01.2026
Астана, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткео арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Таиланд қатынастарының үдемелі даму қарқынын жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективаларын талқылады.Тараптар саяси диалогты кеңейтуге, сауда және инвестициялар, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, цифрлық даму, туризм салаларындағы және өзге де басым бағыттардағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге одан әрі қолдау көрсетуге дайындықтарын білдірді.Сонымен қатар министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұстанымдарды одан әрі үйлестіру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1142739?lang=kk
Президенттің Алматы облысын дамыту жөніндегі тапсырмалары: 1 трлн теңгеден астам инвестиция, агросектордағы көшбасшылық және Алатау қаласындағы серпінді жобалар 16.01.2026
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес және Үкіметтің жоспарлы жұмысы шеңберінде 2025 жылы Алматы облысын дамыту халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталды. Жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды кешенді жаңғыртуға, ең алдымен облыс тұрғындарының 80%-дан астамы тұратын ауылдық жерлерде баса назар аударылды.Жыл қорытындысы бойынша өңір экономикасының нақты көлем индексі 110,6%-ды құрады, бұл барлық негізгі салалар бойынша тұрақты өсім барын көрсетеді.Алатау қаласы және индустрия саласындағы көшбасшылықМемлекет басшысы белгілеп берген стратегиялық міндеттердің бірі – жаңа Алатау қаласын халықаралық индустриялық және іскерлік хаб ретінде дамыту. Бұл жобаны жүзеге асыру бүкіл облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға қуатты серпін береді.2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,1%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгеге жетті. Алматы облысы азық-түлік өндірісі бойынша елімізде бірінші орынға берік орныққан. Экономиканың шикізаттық емес секторы да қатар дамып келеді.Жылдың маңызды жобаларының қатарында Galanz Bottlers компаниясының өндіріс ауқымын кеңейту, сондай-ақ Қарасай ауданында алюминий радиаторларын шығаратын «SL Group» ЖШС зауытын іске қосу оқиғалары бар. Жобаға салынған инвестициялар 7,3 млрд теңгені құрады, 100 тұрақты жұмыс орны құрылып, өнімнің импортын алмастыруға қол жеткізілді.Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев атап өткендей, Алатау қаласында 32 негізгі инвестициялық жобадан тұратын пул құрылған.Бекітілген даму тұжырымдамасына сәйкес олардың 25-і төрт кластерге бөлінген: өндірістік-тамақ, логистикалық, туристік, сондай-ақ академиялық және фармацевтикалық. Ауқымды фармацевтикалық кластер құру үшін Hanteng BioPharma халықаралық конгломератына жер телімін бөлу стратегиялық маңызды қадам болды.Агроөнеркәсіп кешені – экономиканың іргетасыАгроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі секторы және облыстың ірі жұмыс берушісі болып қалып отыр. Оның тиімділігі рекордтық көрсеткіштерге жетті: бюджеттік субсидиялардың әрбір теңгесіне 17 теңге жалпы өнім өндірілді.Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 798,4 млрд теңгені құрады. Өңір елімізде балмұздақ өндірісі бойынша көш бастап тұр (республикалық көлемнің 63%-ы), сондай-ақ сусындар, жүгері және алма шығару бойынша жетекші орындарға ие.2025 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 148 млрд теңге инвестиция тартылды. Қазіргі заманғы агротехнологиялар қарқынды енгізілуде: суды үнемдейтін суармалы жер көлемі 3,3 есеге ұлғайып, 66 мың гектардан асты. Бұл аймақтың жүгері, алма және соя өсірудегі көшбасшы орынын сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр.Алматы облысы еліміздегі құс еті өндірісінің жалпы көлемінің 28,7%-ын қамтамасыз етеді және ет өндіру бойынша республикада екінші орында тұр – 133,9 мың тонна.Қосылған құны жоғары және өсу әлеуеті зор жобаларАлматы облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар кешені өңір экономикасын дамытудың тұтас тетігі ретінде қалыптасқан: бұл аймақты шикізатқа тәуелді модельден өңдеуші экономикаға көшіруге, экспортты ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және қала мен ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.Облыста 9 сүт өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Онда дайын өнім өндіру көлемі 9,3%-ға өсіп, 241 мың тоннаға жетті, сауылған сүт көлемі – 313 мың тонна (+7,9%), ал экспорт – 31,8 мың тонна (+15,7%).Қосылған құны жоғары тауарлар сегменті қарқынды дамып келеді. Бұл бағытта «Дәулет-Бекет» ЖШС (түйе сүтінен жасалатын өнімдер) және «NEO Milk» ЖШС (балаларға арналған және арнайы тағам өнімдері) сияқты кәсіпорындар табысты жұмыс істеп отыр. Аталған өндірістер фермерлерге тұрақты өткізу нарығын қамтамасыз етсе, халыққа сапалы өнім ұсынады, ал ел үшін экспорт көлемін арттырып, валюталық түсім әкеледі.Өңір еліміздегі жүгері егіс алқаптарының 28%-ын қамтиды (49 мың гектар). Жалпы өнім көлемі – 347 мың тонна. Қазіргі таңда оның 20%-ы өңделеді, алайда «Азия Агро Фуд» ЖШС, «Көк Теңіз» ЖШС, «Qaz Eco Dan» ЖШС және Harvest Agro Holding жобаларының іске асырылуы нәтижесінде бұл көрсеткіш 67%-ға дейін өсіп келеді. Бұл крахмал, сироптар, сондай-ақ тамақ және фармацевтика өнеркәсібіне арналған ингредиенттердің экспорттық әлеуетін айтарлықтай күшейтеді. Крахмал экспорты қазірдің өзінде 34,1%-ға артып, 27,3 мың тоннаға жетті.Жеміс өндіру көлемі бойынша облыс елде 2-орында тұр — 97 мың тонна. Өңдеумен «Fruit Art» ЖШС (сублимация) және «Агрофирма «Керуен» ЖШС (алма, шырындар, консервілеу) айналысады. Қуаттылығы 80 мың тонна болатын «QAZAQ Global Food JV» ЖШС зауыты салынуда. 2028 жылға қарай өңдеу көлемі 37 мың тоннадан 54 мың тоннаға дейін артады. Бұл өнім шығынын азайтып, бағаны тұрақтандыруға және өнімді жыл бойы экспорттауға мүмкіндік береді.Облыс елдегі құс еті өндірісінің 28%-ын қамтамасыз етеді. Жалпы өндіріс көлемі 133,8 мың тонна, экспорт – 11,9 мың тонна ($16,6 млн). «Прима Құс» ЖШС өндіріс қуатын 105 мың тоннаға дейін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.«Балық мектебі» орталығы жұмыс істеп тұр, жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 6 жоба іске қосылды. Тауарлы балық өндірісі 16%-ға, экспорт көлемі 27%-ға артты. Балық өнімі Дания, Нидерланд және Польшаға экспортталады.«Айдарбаев» ШҚ және «Asia Pets» ЖШС балыққа және үй жануарларына арналған жем өндіреді. Жалпы облыс бойынша 423,8 мың тонна жем өндіріліп, соның 187 мың тоннасы экспортталды ($39,9 млн).Жалпы құны 12 млрд теңге «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС жобасының іске қосылуы 150-ден астам жұмыс орнын құрып, өсімдік майы, ұн және құрама жем өнімдерін экспорттауға мүмкіндік берді.Бұл жобалардың барлығы өзара тығыз байланысты: егіс алқаптары мен фермалар өңдеумен қамтылады, зауыттарға – шикізат, халыққа – жұмыс орындары мен сапалы өнім, ал мемлекетке – экспорт пен салық түсімі.Осылайша, Алматы облысы ауыл шаруашылығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық өсімді жеделдетуге және Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған заманауи индустрияға айналып жатқанын көрсетіп отыр.Өнімді қайта өңдеу саласындағы жетекші позицияларЖалпы облыстың тамақ өнеркәсібінде 504 млрд теңгеге дайын өнім өндірілді. 2025 жылы аймақ өз көрсеткіштерін дәйекті түрде жақсарта отырып, жетекші орынға шықты. 2023 жылы облыс 11% үлесіпен екінші орынды, 2024 жылы да 12,7% үлеспен екінші орынды, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13% үлеспен бірінші орынды иеленді.Бұдан басқа, Алматы облысы Қазақстанда балмұздақ жасау бойынша көш бастап тұр – 63%: ел бойынша жалпы көлемі 61 мың тонна болса, оның 38 мың тоннасы осы өңірден шығады. Бұл ретте таяу және алыс шет елдермен сыртқы сауда айналымында оң сальдо қалыптасып отыр. Мәселен, республика бойынша балмұздақ экспорты 11,5 мың тонна болса, импорт 13,2 мың тонна құрайды, ал Алматы облысы бойынша экспорт 12,9 мың тонна, импорт – 167 тонна.Өңір сонымен қатар көкөніс шырындарын өндіру бойынша да жетекші орынға ие, бұл – ел бойынша көрсеткіш: 3,8 мың тоннаның 55%-ы немесе 2,1 мың тоннасы.Тамақ өнеркәсібі үшін маңызды оқиға: 2026 жылғы наурызда PepsiCo компаниясы зауытының іске қосылуы, сол кезде Lay's чипстерінің бірінші партиясы шығарылатын болады. Жоба бойынша Алматы, Павлодар және солтүстік облыстардың фермерлерімен терең кооперация жасау қарастырылған. Үш жыл ішінде арнайы картопты жеткізуді толықтай оқшаулау жоспарлануда, бұл бүкіл аграрлық сектор үшін елеулі мультипликативті әсер бермек.Инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту Өнеркәсіптің қарқынды дамуы ауқымды құрылыс жұмыстарымен қатар жүріп жатыр. Өңірдің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 29,4%-ға артып, 1,3 трлн теңгеден асты. Қаражаттың едәуір бөлігі тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталды.Жыл ішінде 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 10,2%-ға көп. Құрылыс жұмыстарының көлемі 18,4%-ға артты.Алматы агломерациясын дамыту аясында ҮАААЖ-ға дейін тартылатын алты радиалды автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде, олар кейіннен Алматы қаласының қарамағына беріледі.«Алматы – Бішкек» автожолын сегіз жолаққа, ал «Алматы – Талғар» автожолын төрт жолаққа дейін кеңейтуге бағытталған стратегиялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл көлік дәліздерінің өткізу қабілетін едәуір арттырады.Логистика саласында құрылыс қарқыны айқын байқалады: 2025 жылы «А» санатындағы 159 мың шаршы метр қойма пайдалануға берілді. Бұл ҮАААЖ іске қосылғанға дейінгі орташа жылдық көрсеткіштерден 16-17 есе жоғары. Қазіргі таңда еліміздегі «А» санатындағы барлық қойма алаңдарының 70%-дан астамы Алматы агломерациясының үлесіне тиесілі.Бизнестің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Алатау қаласында 46 инфрақұрылымдық нысан салуды көздейтін Жол картасын бекітті. Индустриялық аймақтар мен жаңа өндірістерді іске қосу үшін қажет үш қосалқы станция салу және «Ынтымақ» су тарту нысанын қайта жаңғырту жобалары басымдықпен жүзеге асырылуда.Әлеуметтік басымдықтар: білім беру, медицина және өмір сүру сапасы Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты жастардың дамуына жағдай жасау және халық денсаулығын нығайту болып қала береді. Облыста үш ауысымды оқытуды жою мақсатында 25 білім беру нысаны, соның ішінде 17 «Жайлы мектеп» салынуда.Сонымен қатар ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 37 медициналық пункт салынуда. Әлеуметтік шаралар кәсіпкерлікті қолдаумен толықтырылып отыр: өз ісін дамытуға мемлекет тарапынан 27,5 млрд теңге бағытталып, соның нәтижесінде жүздеген сервистік кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтар ашылды.2025 жылы экономиканың барлық салаларында 72,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 58,5 мыңы – тұрақты жұмыс орындары.Президент тапсырмасы бойынша өңірде сумен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 30,5 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл халқының таза ауыз суға қолжетімділігі 99,4%-ға жеткізілді, ал газдандыру деңгейі 80%-ға жетті.Жалпы алғанда, жергілікті бюджет қаражатының 60%-дан астамы әлеуметтік салаға бағытталады. Қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударылуда: «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру нәтижесінде облыста қылмыс деңгейі 10,7%-ға төмендеп, бұл халықтың өмір сүру сапасына тікелей оң әсерін тигізді. primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1142563?lang=kk
Олжас Бектенов Президенттің «Алатау» ИТП» АЭА аумағындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 16.01.2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды дамыту және олардың қызметінің тиімділігін арттыру есебінен өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.Алматыда «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Үкімет басшысы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, локализацияларды тереңдету және АЭА инфрақұрылымын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан инфрақұрылым құру жұмыстарымен танысты.Арнайы экономикалық аймақты инфрақұрылым жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов баяндады. «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА жоғары технологиялық өндірістерге және R&D-ге арналған алаң ретінде дамуда. Оның қатысушыларының саны – 203 компания. Жұмыс істеп бастаған уақыттан бері резиденттер шамамен 399 млрд теңге инвестиция салған, 7,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 1 трлн теңге сомасында өнім өндірілген және қызметтер көрсетілген. Бүгінгі таңда АЭА аумағында құны 265 млрд теңге болатын 1000 жұмыс орны бар 24 жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде 2025 жылы 355 жұмыс орны құрылған 19 млрд теңгелік 6 жоба іске қосылды.Алматы қаласы әкімдігінің деректері бойынша АЭА аумағы іс жүзінде 94% толған, бос учаскелер 7,7 га құрайды, бірақ жұмыс істеу мерзімі 2027 жылдың аяғымен шектеліп отыр, бұл капиталды көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруды қиындатады және инвесторлар үшін тартымдылықты төмендетеді. Осыған байланысты, өсу қарқынын сақтау және жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру үшін Премьер-министр АЭА-ның пайдалану мерзімін ұзартуды және оның аумағын кеңейтуді, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістерді әртараптандыру және іске қосу жөніндегі міндеттерді ескере отырып, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін толықтыруды тапсырды.Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық тартымдылықтың негізгі факторы ретінде АЭА мен инфрақұрылымдық дайындықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асыру қажет. Бұл мақсатта Үкімет болашақ инвестициялық жобалар үшін инфрақұрылымдарды жаңа сапада жақсарту жөнінде шаралар қабылдауда. Әкімдіктер осы бағытқа жекеменшік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыруы тиіс.«Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында жоғары технологиялық жобаларды іске қосу үшін жағдай жасау қажет. Бұған қосалқы станциялар мен көлік желілерін қоса алғанда, қосымша инфрақұрылым құру кіреді.“Алатау” инновациялық технологиялар паркі" АЭА бүгінде технологиялық алаң ретінде жұмыс істеп тұр. Бірақ инвестициялық сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, аймақты одан әрі дамыту қажет. Әкімдік Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен бірлесіп республикалық бюджетке тәуелділікті азайту үшін, бюджеттен тыс қаражаттар тартып, халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуы тиіс», – деп атап өтті Премьер-министр.«Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында орналасқан NERO Group өндірістік алаңының базасында Премьер-министрге есептегіш құралдарының отандық өндірісін дамыту туралы баяндалды.Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік желісіне жылу, су, электр энергиясы мен газды есепке алу жүйелері мен құралдары кіреді. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 10 мың бірліктен асады. 65 жұмыс орны ашылды, қызметкерлердің жалпы саны – 150 адам. Компания өндірістік және инженерлік құзыреттерді, соның ішінде бухгалтерлік есеп пен мониторинг жүйелеріне арналған бағдарламалық жасақтаманы біріктіреді.NERO Group құрылтайшысы Ерлан Нәбиев жалпы құны шамамен 44,8 млрд теңгені құрайтын 2025-2027 жылдарға арналған жоғары технологиялық өндірістерді локализациялаудың кешенді жобасын ұсынды. Бастама 650-ден астам жұмыс орнын ашуды, өндірістік алаңдарды 21 068 шаршы метрге дейін кеңейтуді және кабельдік өнімдер мен компоненттер өндірісін, газ есептеу құрылғыларын шығаруды кеңейтуді, сондай-ақ пилотсыз жүйелер мен робототехника шығаруды қоса алғанда, жаңа бағыттарды іске қосуды көздейді. Жоба инженер кадрларды даярлауды көздейді: бакалавриат бағдарламалары бойынша жылына 60 адам және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша 200 адамға дейін.Сондай-ақ білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды, дуальды білім беруді енгізуді және инженер мамандарды даярлауды көздейтін АЭжБУ мен ТКШ Қазорталығының қатысуымен Smart Energy ғылыми-білім беру кластерінің жобасы таныстырылды.UBTECH Robotics (Қытай) компаниясымен бірлесіп ЖИ базасында білім беру және сервистік роботтар өндірісін локализациялау жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Осы бағыт бойынша сұраныс қалыптасып, AI-зертханаларды енгізуге офтейк-келісімшарттар жасалды. Қуаты – жылына шамамен 25 мың жиынтық. Кейіннен ұлғайта отырып, 80 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.Бұдан бөлек, Премьер-министрге жылумен жабдықтауды бақылау үшін компанияның цифрлық шешімі ұсынылды. Жүйе автоматты түрде үйдегі есеп тораптарынан көрсеткіштерді жинайды және оларды «бағдаршам» аналитикасы бар веб-картада көрсетеді: жылынбау немесе қызып кету, жылуды тұтыну және ыстық су шығыны бойынша ауытқулар бар жерде. Бұл диспетчерлік қызметтер мен табиғи монополиялар субъектілеріне проблемалық мекен жайларды тезірек анықтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Шешім Қарағанды, Сәтбаев және Жезқазғанда енгізілді. Ерлан Нәбиев бастаманы кеңейтудің және оны табиғи монополиялар субъектілері үшін жылумен жабдықтау сапасын бақылаудың міндетті цифрлық контуры ретінде бекітудің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1142560?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Иранның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасарымен кездесулер өтті 15.01.2026
Астана, 2026 жылғы 15 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Казем Гарибабадимен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.2025 жылғы 10-11 желтоқсанда Иран Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сұхбаттастар қол жеткізілген келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асыруға және екіжақты ынтымақтастыққа басым бағыттар бойынша қосымша серпін беруге өзара мүдделілік растады.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың Иран делегациясымен келіссөздері өтіп, көпжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Дипломаттар Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде өтетін алдағы іс-шаралар, сондай-ақ Каспий теңізі мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы және әлемдегі жалпы ахуалдың дамуына қатысты өзекті мәселелер қозғалды.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Тегеран арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға және жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жоғары өзара қызығушылықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1142189?lang=kk
Қазақстандық әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды 15.01.2026
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев 70 келіден аса салмақ дәрежесінде ересектер арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Лучжоу қаласында өткен дүбірлі додаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.Қадырбек бұл сында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын сенімді түрде жеңді.– Қарсыластарым мықты болды. Тәжірибелері де жеткілкті. Әр жекпе-жек ерік-жігер мен күш-қуатты талап етті. Әйтсе де, жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды желбірету үлкен абырой болды, – деді чемпион.Қадырбек Шынбаевтың халықаралық арендағы бұл жетістігі әскери спорттың жоғары әлеуетін тағы бір дәлелдеді. Турнир алдағы Азия ойындарына іріктеу кезеңі болып саналатынын да айта кету керек. Ал жарыстар бағдарламасына ММА алғаш рет енгізіліп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1142142?lang=kk
Қазақстан Елшісі Чехия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 15.01.2026
Прага, 2025 жылғы 14 қаңтар – Прага Қамалында Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех Республикасының Президенті Петр Павелге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім аясында қазақ дипломаты мен чех мемлекет басшысы сұхбаттасып, екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін растап, оларды одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықтарын білдірді.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу барысында жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы аталып өтті. Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны қанағаттанушылықпен айтылды.Елші чех тарапының назарын Қазақстандағы жаңғырудың жаңа кезеңіне аударып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген жаңа жылдық сұхбатында айқындалған орнықты экономикасы, тұрақты саяси жүйесі және қоғамдық игіліктерді әділ бөлу қағидаты бар құқықтық мемлекет құру басымдықтарын атап өтті. Чех кәсіпкерлері Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге, әсіресе энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларына ерекше қызығушылық танытып отыр. Себебі, чех компаниялары дәл осы салаларға қажетті, ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза озық технологиялармен жабдықталған.Осы және өзге де өзара тиімді қазақ-чех ынтымақтастығының бағыттары бойынша биік және жоғары деңгейдегі кездесулерді әзірлеу мақсатында екі елдің үкіметтері, іскер және қоғамдық топтары желісі арқылы үйлестірілген жұмыс жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1142006?lang=kk
Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады және тартылған инвестициялардың көлемімен танысты 15.01.2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президент белгілеген экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту, терең өңдеу үлесін арттыру және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту жөніндегі мақсаттарға сай келетін бірқатар инвестициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылғанын, бір жылдағы өсім 29,4% болғанын баяндады. Экономиканың барлық салаларында 72 541 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 58 528-і тұрақты жұмыс орны. Алматы облысы еліміздің негізгі индустриялық-логистикалық орталықтарының бірі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді. Мұнда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту өңірдің өңдеуші секторының өсуін ынталандыруда маңызды рөл атқарады.Сапар аясында Премьер-министр Қарасай ауданының Көкөзек ауылында орналасқан, шикізаттық емес секторды дамытумен айналысатын «Imagine Apple Logistics» ЖШС-нің логистикалық орталығын аралады. Жоба қойма, көлік және басқару процестерін біріктіруге, дистрибуциялық ағындарды шоғырландыруға, сондай-ақ, ішкі және аймақаралық нарықтар үшін тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыруға бағытталған. Оның аясында 50 млрд теңгеден астам инвестиция тарту және 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу, сондай-ақ іргелес жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарастырылып отыр. Танысып шыққан соң Олжас Бектенов аталған логистикалық орталықты кеңейтуге және дамытуға жәрдемдесуді тапсырды. Өңірде логистикалық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде соңғы үш жылда қойма үй-жайларының жиынтық ауданы 17,5 есеге, яғни, 8,8 мың шаршы метрден 153,9 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.Сондай-ақ, Үкімет басшысы Алматы облысында салынған, инвестиция көлемі 74 млрд теңге болатын KT&G компаниясының заманауи зауытының жұмысымен танысты. Өндірістің экспортқа бағдарлануына және Еуропа мен ТМД елдерінің нарықтарына шығу жоспарларына ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің шамамен 4%-ын қамтамасыз етті, бұл оның облыс бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастырудағы елеулі үлесін көрсетеді.Өңірдің негізгі кәсіпорындарының қатарында тамақ өнімдерін өндіру бойынша жүйе құраушы болып саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы бар. Кәсіпорынның қазіргі таңдағы қуаттылығы жылына 160 мың тонна дайын өнімді құрайды, экспорт көлемі – 20 мың тоннадан асады. Жалпы, 2025 жылы өндірісті жаңғыртуға 35 млрд теңге инвестицияланды, 700-ге жуық жұмыс орны ашылды, бұл ретте қызметкерлердің 95%-ы жергілікті тұрғындар. 2026 жылы компания жаңа өндірістік желіге қосымша 4,5 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Бұл өндірістік қуатты 170 мың тоннаға дейін, ал қызметкерлер санын 780 адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал жалпы 2030 жылға дейін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өндірісті кеңейтуге тағы 21 млрд теңге инвестиция салуға ниетті. Нәтижесінде 1 мыңға дейін жұмыс орнын ашу жоспарлануда, бұл жергілікті экономиканың дамуына және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін болады.Сапар барысында агроөңдеуді дамытуға көңіл бөлінді. Премьер-министр «Қапшағай бидай өнімдері» зауытының базасында агроөнеркәсіптік кластердің қызметімен танысты, онда жаңғырту нәтижесінде ұн, өсімдік майы және мал азығын өндіру бойынша 1 млн тоннадан астам қуаттылық қалыптасты. Инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын тек жергілікті шикізат базасын пайдаланады және экспортқа бағдарланған: бір жарым айда шамамен 110 мың тонна өнім өндірілді, оның 98%-ы ҚХР нарығына, өнімдер ҚХР нарығына, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жеткізілді, өткен жылы алғаш рет қазақстандық астықты Вьетнамға жөнелту жүзеге асырылды. Ендігі жоспар – өндірістік қуатты екі есеге арттыру.Жобаны жүзеге асыру Алматы облысының экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып, астық экспортының көлемін 10%-дан астам ұлғайтуға мүмкіндік берді.Кәсіпорындарды аралау қорытындысында Премьер-министр қайта өңдеу өндірістерін, логистиканы және қосылған құны жоғары өнім экспортын дамытудың басымдығын атап өтті, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне тұрақты жұмыс істеу және кәсіпорындарды одан әрі кеңейту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді тапсырды.Жалпы алғанда, экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын дамыту және арттыру өңдеу өнеркәсібінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді, тек 2025 жылдың 8 айында оның көлемі $618,5 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ға артық, осылайша экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі шамамен 90%-ға жетіп отыр.«Біздің мақсатымыз – қосылған құны жоғары өнім шығару. Сондықтан кәсіпорындарға өсуі үшін тұрақты және болжамды жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қайта өңдеуді, логистиканы және экспортты дәйекті түрде дамыту маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов. primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1141937?lang=kk
Президент тапсырмаларын орындау: Олжас Бектенов Алатау қаласының инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларымен танысты 15.01.2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты.Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Премьер-министрді Алатау қаласының аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, қала құрылысы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайындық туралы, сондай-ақ өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ету, оның ішінде қажеттіліктерді ескере отырып жаңа өндірістерді іске қосу бойынша хабардар етті.ҰЭМ деректері бойынша бүгінгі таңда Алатаудың Бас жоспарына түзету енгізілді, инженерлік желілердің салалық схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және инфрақұрылымдық дамудың Жол картасы бекітілді.Жол картасының бірінші кезеңі 365,1 млрд теңге сомасына 21 жобаны жүзеге асыруды көздейді. 2026-2027 жылдары қосалқы стансаларды, су жинау торабын және газ құбырларымен қатар, инженерлік инфрақұрылымның қолданыстағы нысандарын реконструкциялау мен жаңа объектілер салу жоспарланған. 2028-2030 жылдардағы екінші кезең 312,5 млрд теңгеге 9 жобаны қамтиды, оның ішінде екі қосалқы станса, автоматтандырылған газ тарату стансасы бар газ құбыры, кәріз тазарту және 49 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы қамтылады.Тұтастай алғанда, 2050 жылға дейін инвестициялардың жалпы көлемі 10,4 трлн теңге деңгейінде инфрақұрылымдық жобалар пулы қалыптастырылды, оның 3,1 трлн теңгесін 2030 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Инфрақұрылымды дамыту бюджет қаражаты есебінен ғана емес, сонымен қатар жеке инвестициялар мен EPC-келісімшарттарды тарта отырып қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ тартылатын инвестициялар туралы ақпарат ұсынылады. Бүгінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 32 инвестициялық жоба қалыптастырылды. Аталған жобалардың 20-сы белсенді жүзеге асыру сатысында, оның 8-і – логистика, 6-уы – құрылыс және өнеркәсіп, 3-уі – туризм, 3-уі – тамақ өнеркәсібі саласында. Бұл жобаларды жүзеге асыру шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция тартуға және 22 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Тамақ өнеркәсібі саласында Олжас Бектенов инвестицияларының жалпы көлемі шамамен $360 млн болатын PepsiCo Central Asia ауқымды жобасы бойынша жұмыстардың қарқынымен танысты. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылуда және қосылған құнның жаңа тізбегін қалыптастыруға, агроөнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. 900-ге дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда, кәсіпорынның өндірістік қуаты 21 мың тоннаны құрайды.Премьер-министр Алатау қаласында «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-нің үй жануарларына арналған дайын азық өндіру зауытына барды. Өндірістерді локализациялау және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту саясаты шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жоба жылдың ортасында басталады.Iconic Towers зәкірлік жобасына арнайы назар аударылды. Оны салу туралы келісімге 2025 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылған болатын. Инвестиция көлемі $800 млн-нан асады. Архитектуралық тұжырымдаманы әзірлеу үшін америкалық SOM компаниясы тартылды. Кешеннің жалпы ауданы 276,8 мың шаршы метрді құрайды және оған екі мұнара, кеңселер, пәтерлер, қонақ үй мен сауда орындары кіреді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді 2027 жылдың сәуіріне дейін аяқтау жоспарлануда, құрылыс жұмыстарын биылғы мамыр айынан бастап, 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Алатау қаласының жобаларын жүзеге асыруға байланысты, Алматы облысында электр энергиясын орташа тұтыну көлемі өсуде: қазір ол 750-800 МВт-ты құрайды. Бұл ретте 2030 жылға қарай болжамды өсім 2 064 МВт, 2050 жылға қарай – 4 164 МВт болуы мүмкін деп бағаланып отыр. Қолданыстағы қуат көздерінің тапшылығы қосалқы стансалар құрылысы мен реконструкциясын талап етіп отыр. Үкімет қазірдің өзінде 15 қосалқы станса салу туралы шешім қабылдады, бұл жаңа трансформаторлық қуат көлемін іске қосуға және инвесторларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Алатау қаласы бойынша бекітілген Жол картасы аясында шамамен құны 162 млрд теңге болатын тағы 11 қосалқы станса салу және реконструкциялау көзделгені атап өтілді, бұл – қаланың тұрақты дамуы мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі шарты.«Инфрақұрылым әрқашан озық қарқынмен дамуы керек, бірақ біз сәл кешігіп келеміз. Жалпы мұндай мәселе еліміз бойынша бар. Қазір Президент бұған үлкен көңіл бөлуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қажетті қаражат бөліп жатыр. Біз мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру үшін салық реформасын жүргіздік. Бұл қаражат бізге инфрақұрылымға салу үшін қажет. Бұл ақша ешқайда кетпейді, тікелей экономикаға салынады. Егер мемлекет инфрақұрылымға инвестиция салса, онда инвесторлардың сенімі артып, келе бастайды. Даму осыдан басталады. Басқа жол жоқ. Сондықтан, біз инвестиция саламыз және осы жылдан бастап бюджеттің мүмкіндіктері басқаша болады. Бірге жұмыс істейтін боламыз», — деді Олжас Бектенов.Үкімет барлық қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта қала арнайы мәртебеге және қосымша институционалдық жағдайларға ие. Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың назарын қаланы дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне аударды. Президент белгілеген міндеттер шеңберінде Алатау бүгінде іскерлік белсенділік пен инновацияның жаңа орталығы ретінде қалыптасуда, сондықтан қаланың сәулеті адам игілігіне бағытталған және бизнес үшін ыңғайлы болуы тиіс.Осыған байланысты Alatau City Authority Қоры мен Алматы облысының әкімдігіне инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, индустриялық, логистикалық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін қарастыра отырып, қаланы дамыту бойынша мемлекеттік қолдаудың жан-жақты шараларын қабылдау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1141917?lang=kk
Сарбаз үні: әскерде кері байланыс қалай ұйымдастырылған 15.01.2026
Қазақстан Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына арналған кері байланыс жүйесі жолға қойылған. Жасанды интеллектке негізделген AiSulu Telegram-боты мен Armykz сервисі арқылы Қорғаныс министрлігіне 11 700-ден астам өтініш түсті. Әскери бөлімдердің бақылау-өткізу пункттерінде орналастырылған «Ашық армия» QR-кодтары кері байланыс формаларына жедел өтуге және Telegram арқылы, соның ішінде анонимді түрде хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Барлық өтініштерді Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті талдайды.Armykz платформасында әскери қызмет мәселелері бойынша кеңес беретін жасанды интеллект негізіндегі кеңесші жұмыс істейді. 2025 жылдан бері ол 11 000-нан астам сауалға жауап берді. Сонымен қатар бөлімшелерде қолбасшылықтың, әскери прокуратураның және әскери полицияның байланыс нөмірлері орналастырылған.«Біздің мақсатымыз – мәселе ушығып кетпей тұрып, сарбаздың үнін есту. Әрбір өтініш – міндетті түрде жауап беруді талап ететін сигнал», – деді Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті психология және әскери-әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы подполковник Арман Қалышев.AiSulu Telegram-боты іске қосылғалы бері әскери қызметшілер мен олардың жақындарынан 700-ден астам өтініш қабылдады. Сондай-ақ сарбаздар демалыс және мереке күндері «Отбасымен бейнеқоңырау» арқылы жақындарымен байланыс орната алады. Әрбір әскери бөлімде бөлімше командирлері сарбаздар ата-аналарына арналған WhatsApp чаттарын құрып, қызмет барысы туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жауап береді.Қазіргі заманғы байланыс құралдары әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға, жанжалдардың алдын алуға және командирлер, сарбаздар мен ата-аналар арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1141692?lang=kk
Әдепті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу 15.01.2026
Кәсіпкерлік, энергетика және коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдары облыстық басқармаларында Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау, мемлекеттік мекемелерде құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардын алдын алу тақырыбында әдеп жөніндегі уәкіл Қ. Сюндиковтің қатысуымен семинар-кеңестер өтті.2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасын, Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды, Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын алдын алу бойынша мемлекеттік мекемелерінде жұмысты ұйымдастыру мәселері талқыланды.Қ.Сюндиков мемлекеттік мүлік, соның ішінде бағынысты мекемелердің қызметтік көлікке бақылауды ұйымдастыру (GPS-жүйесі, қызметтік көлікті пайдалану регламенті, және т.б.) мәселесіне назар аударды.Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (СЖТІТ - ВАКР), мемлекеттік қызметтегі ескертпелер мен ұсынымдарды сақтау, құқықтық оқуды ұйымдастыру, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу және волонтерлік бастамаларды дамыту мәселері қаралды.Мемлекеттік мекемелердің ұжымдары 2025 жылғы анонимдік сауалнаманың нәтижелері туралы ақпарат алды. Қ. Сюндиков «Қостанай облысы әкімі аппараты» ММәдеп жөніндегі уәкіліАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1141733?lang=kk
Жергілікті өндірістен сатуға: сауда желілеріндегі БАБӨ өнімдері 15.01.2026
"Бір ауыл – бір өнім" жобасы (БАБӨ) жергілікті өнім өндірушілерді қолдау бағыты бойынша іске асырылады. Ол кеңес беру, көрме ұйымдастыру, перспективалық өнімдерді іріктеу, бренд әзірлеу, оқыту мен маркетинг секілді қаржысыз қолдауды көздейді.2025 жылы БАБӨ шеңберінде 1058 кеңес беріліп, 20 өңірлік көрме өткізілген. Оған 821 өндіруші қатысты. 20 өңірлік бренд-комитет отырысы қорытындысы бойынша 200 өнім түрі іріктеліп, жобаның 60 жеңімпазы анықталды.2025 жылғы басты оқиғаның бірі 21-23 наурызда Астанада өткізілген "Наурыз базары" халықаралық жәрмеңкесі. Оған 14 өңірден 2023-2024 жылдардағы БАБӨ 24 финалисі қатысты. Өндірушілер бал, сүт өнімін, гастрономиялық ет, тәттілер мен сусын сияқты шамамен 2 тонна өнім ұсынды. Бұл халықтың жергілікті өнімге деген зор қызығушылығын көрсетеді.2025 жылғы наурызда Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен жергілікті өнім өндірушілердің өнімі Токиодағы FOODEX JAPAN 2025 халықаралық көрмесінде ұсынылды. Көрмеге Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының өндірушілері қатысты. Көрмеде Қызылорда облысынан келген жантақ балы "Жапонияның үздік балы" беделді байқауына қатысуға шақыру алса, Алтай шөп шайы шетелдіктердің көзайымына айналды. Көрмеге әлемнің 75 елінен өндіруші келген. Жаһандық аренада қазақстандық өнім жоғары деңгей көрсетті.Жобаның финалистері 2025 жылғы қыркүйекте Франциядағы Mondial du Fromage - 2025 байқауында ешкі және түйе сүтінен жасалған ірімшік пен сүт өнімі, сондай-ақ ұлттық өнімдер үшін алтын және қола медальға ие болды.Маңызды инфрақұрылымдық қадам 2025 жылғы 8 қазанда Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш тұрақты халықаралық сауда нүктесі - NOMAD Bazaar-дың ашылуы болды. Көк базарда орналасқан алаң сату, логистик, маркетинг пен бухгалтерлік есепті орталықтан сүйемелдей отырып, Қазақстан мен аймақтағы елдердің БАБӨ өнімін сатудың тұрақты арнасына айналды.БАБӨ ұлттық жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарының өнімі нарықты сенімді түрде жаулап алуда. Бұл өнімдерді елдегі барлық тұрғын сатып ала алады. Қазақстандық қолөнер иелері мен түрлі өңірдің өндірушілері жасаған тауарлар Қазақстанның басты сауда желілерінде ұсынылған. Мәселен, Marwin желісінде Атырау облысы жеңімпазының қазақ өнерінің үздік үлгісінің бірі домбыра, сондай-ақ Қызылорда облысының өндірушісі жасаған түйе сүтінен жасалған косметикалық өнім бар. Алматыдан келген қатысушының кәдесыйы да осы желінің дүкен сөрелерінен табылады. Солтүстік Қазақстан облысының өндірушілері Galmart желісінде табиғи, ешкі ірімшігін ұсынса, Астаналық өнім – табиғи пастила – "ВкусМаркет"желісінде сатылады.Жылдың соңғы шымылдығын 2025 жылғы 12-13 қарашада Астанада 18 өңірден 48 финалисттің қатысуымен өткізілген республикалық БАБӨ көрмесі жапты. Көрмедегі жиынтық түсім — 8 226 168 теңге.Жалпы, 2025 жылы жоба шеңберінде 53 жаңа бизнес субъектісі құрылып, 131 кәсіпкер қызметін кеңейткен. 410 сату нүктесі, 236 жұмыс орны құрылды. Кредит пен грант түріндегі қаржылық қолдауды жалпы сомасы 593 935 600 теңгеге 93 қатысушы алды.2025 жылғы БАБӨ 60 финалистінің 44 қатысушысы 5 млн теңгеге грант алуға өтінім берсе, оның ішінде 39 финалист 191 312 000 теңге сомасына қолдау алды. Бұл финалистердің жалпы санының 65%-ы.Жыл бойы жобаның қатысушылары мен финалистері үшін маркетинг, SMM, қаржылық сауаттылық, салық салу, инвестиция тарту, ЖИ-құралдарын пайдалану, сондай-ақ қолөнер, сүт, ет және т. б. өндіріс технологиялары бойынша оқыту семинарлары мен курстары өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1141628?lang=kk
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ТУРАЛЫ: ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА БИЛІК АРХИТЕКТУРАСЫ НЕ ҮШІН КЕРЕК 15.01.2026
Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси реформалардың түпкі мақсаты – шамадан тыс орталықтандырылған басқару үлгісінен арылып, билік пен қоғам арасындағы теңгерімді, ашық әрі бәсекелі жүйе қалыптастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылған бір палаталы Парламент құру идеясы – осы жаңғырудың логикалық жалғасы әрі «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының өзегі.Қазақстан Парламентіне биыл 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде заң шығарушы билік елдің нарықтық экономикаға көшуіне, мемлекеттіліктің нығаюына және саяси тұрақтылықтың сақталуына шешуші үлес қосты. Қос палаталы Парламент, әсіресе Сенат, өтпелі кезеңде тұрақтандырушы институт рөлін атқарып, өңірлер мүддесін қорғау, заңнаманың сапасын қамтамасыз ету және саяси жүйенің эволюциялық дамуына жағдай жасау миссиясын абыроймен орындады.Алайда уақыт өзгерді. Қоғамның саяси мәдениеті өсті, азаматтар өздерін биліктің объектісі емес, толыққанды саяси субъект ретінде сезіне бастады. Осы жаңа қоғамдық сұраныс билік архитектурасын қайта қарауды талап етеді. Бір палаталы, ықпалды Парламентке көшу – өткенге оралу емес, керісінше, жетілген қоғамға сай келетін жаңа саяси кезеңге қадам.Жаңа Парламент партиялық, пропорционалды негізде қалыптасуы тиіс. Бұл көп партиялылықты нығайтып, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін барынша кең қамтуға мүмкіндік береді. Пропорционалды жүйе саяси бәсекелестікті арттырып, партияларды сайлауаралық кезеңде де белсенді жұмыс істеуге ынталандырады. Күшті партияларсыз және пәрменді парламенттік дебаттарсыз Әділетті Қазақстан құру мүмкін емес.Парламенттік реформаның тағы бір маңызды қыры – цифрлық трансформация. Электрондық Парламент, жасанды интеллект пен деректерге негізделген талдау құралдары заң шығару сапасын арттырып, ашықтықты қамтамасыз етеді. Цифрлық демократия қоғам мен билік арасындағы кері байланысты жеделдетіп, Парламентті «тұрақты диалог» алаңына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде депутаттың рөлі тек заң қабылдаумен шектелмей, қоғаммен үздіксіз коммуникация орнататын саяси көшбасшы ретінде айқындалады.Бір палаталы Парламентке көшу өңірлердің мүддесін ескеретін жаңа тетіктерді де талап етеді. Осы мақсатта Парламент жанынан Өңірлер кеңесін құру, мәслихаттармен институционалдық байланысты күшейту ұсынылып отыр. Бұл «халық – мәслихат – ұлттық Парламент» тізбегін қалыптастырып, жергілікті мәселелердің ұлттық деңгейде естілуіне жол ашады.Жалпы алғанда, парламенттік реформа – тек құрылымдық өзгеріс емес. Бұл – билік жүйесінің философиясын жаңарту, қоғамның үнін шешім қабылдаудың орталығына шығару. Ықпалды, көп партиялы, технологиялық тұрғыдан дамыған Парламент Қазақстанның егемендігі мен тұрақты дамуының берік тірегіне айналуы тиіс.Билік тармақтары арасындағы жаңа теңгерім, ашық саяси бәсекелестік және цифрлық мүмкіндіктерге сүйенген демократия – елдің жарқын болашағына бастар жол. Біртұтас әрі ықпалды Парламент – сол болашаққа қарай жасалған нық әрі жауапты қадам.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр 15.01.2026
Биылғы жылдың 4 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұған дейін тізбе 19 атаудан тұрса, қазіргі уақытта ол 31 атауға дейін кеңейтілді. Аталған тауарлардың қатарына қияр, қызанақ, алма, шай, қаймақ, балық, сиыр еті (сүйекті және сүйексіз), тауық еті, тауық, жылқы еті және қатты ірімшік кірді.Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биылғы жылдың бірінші аптасының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 0,2 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде де бұл көрсеткіш 0,2 пайыз деңгейінде тіркелген. Сонымен қатар, биыл аталған көрсеткіш кеңейтілген тауарлар тізбесін ескере отырып қалыптасқанын атап өткен жөн, бұл бірінші кезектегі азық-түлік өнімдері бағасының тұрақты екенін көрсетеді.Кеңейтілген тізбеге енгізілген бірқатар жаңа тауар позициялары бойынша бағаның 0,1–0,5 пайыз аралығында төмендегені байқалуда. Бұл төмендеу көлемі жағынан шамалы болғанымен, бағаны тұрақтандыру үдерісінің басталғанын және қысқа мерзім ішінде алғашқы нәтижелерге қол жеткізілгенін көрсетеді. Атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімдері бойынша алма бағасы 0,5 пайызға, қияр мен қызанақ бағасы 0,4 пайызға арзандады. Бакалея өнімдері сегментінде қатты және жартылай қатты ірімшіктердің бағасы 0,3 пайызға, қара шай бағасы 0,2 пайызға төмендеді. Сондай-ақ ет және балық өнімдері тобы бойынша баға 0,1 пайызға төмендеді, ал сүт өнімдері ішінде қаймақ бағасының 0,1 пайызға арзандауы тіркелді.Бағаны тежеу мақсатында жыл басынан бері сауда нысандарында бағаға тұрақты мониторинг жасалып, бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда 13 қаңтарда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Даулен Кабдушев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп елордадағы базарларда баға мониторингін өткізіп, сатушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізді.«Осындай жұмыстарды өңірлердегі әріптестеріміз де тұрақты жүргізіп жатыр. Қазір сатушыларға бұрын ӘМАТ тізбесінде болмаған тауарлардың енді тізімге қосылғанын түсіндіріп жатырмыз. Бұл дегеніңіз Сауда комитеті тарапынан жаңадан тізімге қосылған тауарлардың сауда үстемесіне мемлекеттік бақылау жүргізіледі деген сөз. Айта кету керек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік тауарларға қойылатын максимал сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы керек», - деді Даулен Кабдушев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1141505?lang=kk
Заманауи мектеп — балалардың табысты дамуының берік негізі 14.01.2026
Қостанай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту және сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Өңірде 5 860 оқушыға арналған 9 мектеп салынды, оның ішінде 7 мектеп 2025 жылы пайдалануға берілді. Жаңа білім беру ұйымдары Қостанай қаласының «Береке» және «Әуежай» шағын аудандарында, Арқалық және Рудный қалаларында, Қостанай ауданының Заречное және Еңбек ауылдарында, Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында, сондай-ақ Жангелдин ауданының Көлқамыс ауылында ашылды. Қазіргі уақытта жалпы сыйымдылығы 1,9 мың орын болатын тағы 2 мектептің құрылысы жалғасуда.Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үш жылда облыста 2,2 мың орынға арналған 14 балабақша салынды. Нәтижесінде 2–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 2023 жылдың басындағы 90,5 пайыздан 96,4 пайызға дейін артты, ал 3–6 жас аралығындағы балаларды қамту 100 пайызға жетті.Өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға да басымдық берілуде. Қостанай қаласында «IQostanay» SMART-орталығы, Тобыл қаласында «Балалар әлемі» балалар шығармашылық орталығы, Жангелдин ауданының Торғай ауылында «Жас өркен» шығармашылық үйі табысты жұмыс істеп келеді.Заманауи жағдай қалыптастыру – балалардың табысты дамуы мен өңірдің болашағының берік негізі. Білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың өзін-өзі жүзеге асыруына қажетті білім, дағды мен құндылықтар қалыптасады. Қолайлы, қауіпсіз және технологиялық тұрғыдан жабдықталған білім беру ортасын құру сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1141165?lang=kk
Қостанай облысының автомобиль жолдары саласына бағытталған инвестициялар 14.01.2026
Соңғы үш жылда Қостанай облысының автомобиль жолдары саласына қомақты инвестициялар бағытталды.2023-2025 жылдар аралығында бұл салаға жалпы көлемі 236 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 174 шақырым республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Сонымен қатар, елді мекендердің көше-жол желісіндегі 1 070 учаске жаңартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1141071?lang=kk
Алматылық майдангер байланысшы 100 жасқа толды 14.01.2026
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповты ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Әскери ведомство өкілдері ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыстады. Олар Анатолий Назаровичке көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен әскери борышына адалдығы үшін алғыс айтып, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Ғасыр жасаған қарт майдангер көру, есту қабілеттерінің әлсірегеніне қарамастан, қонақтарды жылы қабылдады. Ардагердің қызы әскерилерге отбасының алғысын білдірді. – Әкемізге көрсетілген қамқорлық пен ерекше құрмет үшін әскери қызметшілерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл әкеміз үшін де, отбасымыз үшін де өте маңызды, – деді Наталья Косолапова. Анатолий Попов 1926 жылғы 13 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдарында әскери байланысшы мамандығын меңгеріп, 2-ші Прибалтика майданының құрамында шайқасқан. Рига түбіндегі ұрыстарға қатысты. Анатолий Назарович «Риганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған. Соғыстан сол ол Саратов әскери-медициналық училищесін бітіріп, Германияда әскери қызметін жалғастырды. Алматыға оралған соң зейнеткерлікке шыққанға дейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметте фельдшер болып еңбек етті. Ардагерді ғасырлық мерейтоймен құттықтау – оның Жеңіске қосқан елеулі үлесі мен бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегіне білдірілген зор құрмет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1141046?lang=kk
12 мың сағаттан астам ұшу: әскери ұшқыштар оқу-жаттығу ұшуларын бастады 14.01.2026
Жаңа оқу жылында Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық бөлімдері оқу-жаттығу ұшуларын орындауға кірісті. 2025 жылы экипаждардың жалпы ұшу уақыты 12 мың сағаттан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.Оқу іс-шаралары ұшу экипаждарының, инженерлік-техникалық құрамның және қамтамасыз ету бөлімшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарламаға тренажерларда сабақтар өткізу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру, штаттан тыс жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтау, ұшу құрамының, ұшуды басқару топтарының және авиациялық техниканың дайындығын бақылау кіреді. Ұшулар барысында экипаждар әуе шайқасын жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгеріп, жерүсті және теңіз нысандарына авиациялық соққылар жасауды пысықтайды. Әсіресе әуе барлауын жүргізу және радиоэлектрондық күрес құралдарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.«Бұл жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін сақтауға және жаңа тактикалық тәсілдерді күнделікті тәжірибеге уақтылы енгізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті 19132 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Тимур Сандыбаев.Ұшу экипаждары жабдықталған және жабдықталмаған алаңдарға десантты тасымалдау және түсіру, шартты түрде жараланғандарды эвакуациялау, іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету, түрлі жүктерді, соның ішінде сыртқы аспаға бекітілген жүктерді тасымалдау міндеттерін де орындайды. Ұшу тапсырмаларының орындалу сапасын объективті бақылау материалдары негізінде нұсқаушылар қадағалайды. Ұшулар көріну шектеулі, жауын-шашынды, ауа температурасы күрт өзгеретін күрделі метеорологиялық жағдайларда өтеді.Таулы аймақта ұшулар құбылмалы жел ағындары мен атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты қиындайды, ал су үстінде визуалды бағдарлардың болмауы әсер етеді. Түнгі уақытта ұшқыштар түнгі көру құралдарын қолданады, ал жасырын әрекет элементтерін пысықтау кезінде борттық жарық шамдары өшірілген күйде ұшады. Әуе қорғанысы күштерінде авиациялық бөлімдердің жауынгерлік даярлығына бөлінетін уақыттың жыл сайын тұрақты түрде артып келе жатқаны атап өтіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1140780?lang=kk
Қара теңізде танкерлермен болған оқиғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми хабарламасы 14.01.2026
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, КҚК теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кемеде тіркелген келеңсіз оқиғалар туралы ақпаратты ресми түрде растайды.Мальта туымен жүрген «Matilda» танкері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қосалқы ұйымы арқылы жалға алынған және ҰҰА шабуылына ұшырағаны расталды. Кемеде жарылыс тіркелгенімен, өрт шықпаған. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Техникалық қызметтердің алдын ала бағалауына сәйкес, танкер теңізде жүзуге қабілетті, кеменің корпусында аса қауіпті зақымданулар анықталмаған.Либерия туымен жүрген «Delta Harmony» танкері де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылына ұшырағаны расталды. Салдарынан өрт шығып, жедел сөндірілген. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Оперативтік штаб деректеріне сәйкес, оқиға кезінде кемеге мұнай тиеу жұмыстары жүргізілмеген, жүк цистерналары бос болғандықтан, Қазақстан Республикасының экспорттық ресурстарына зиян келтірілмеген.Энергетика министрлігі логистикалық тізбектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «ҚазМұнайГаз» ұлттық операторымен, консорциум әкімшілігімен және кемелер иелерімен іс-қимылдарды жедел түрде үйлестіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1140688?lang=kk